Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады 29.03.2026
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіппен ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бұрын 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу туралы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінбеген зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тәртібі (олар болған жағдайда) келесіні көздейді:• ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ тарапынан автоматты түрде тағайындау Мемлекеттік корпорацияға белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (рлік жасына жетуіне байланысты төлемдер алуға өтінішпен жүгінген кезде;• проактивті қызмет шеңберінде ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру  Мемлекеттік корпорациямен жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болған кезде.Өтінішсіз тәртіп зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында қабылданды. Жаңашылдық ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін оңтайландырады және жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына жеткен, бұрын БЖЗҚ-ға 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу үшін жүгінбеген адамдардың ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының талап етілмеу тәуекелін жояды.Егер ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828588 теңге (12*69049)), бір реттік төлем ретінде жасалады немесе ай сайынғы кесте бойынша таусылғанға дейін жарналардың міндетті түрлерімен бірге жүзеге асырылады. Алайда алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлем шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіне алады.Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында, сондай-ақ Қор кеңсесінде ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға БЖЗҚ-ға өтініш бере алады.ЕЗЖ есебінен төлемдер алу тәртібі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында "қызметтер"/"ЕЗЖ есебінен төлемдер" бөлімінде танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1200234?lang=kk
Робот техникасы бойынша «Robotek Grand Tournamment» жарысының қорытындысы 29.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда Қарағанды қаласында «Robotek Grand Tournament» робототехника жарысы өтті. Аталған додаға Осакаров ауданынан 7 команда қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз келесідей орындарды иеленді:I орын – «Мерген» санаты: «Ертемір» командасы. Құрамы: Семей Айбота, Делегат Таңжарық («Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: Б. Болат);I орын – «Жеткізуші робот» санаты: «BitRobotics» командасы. Құрамы: Виталий Паромов, Владислав Исаков («№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: Ю.В. Федоров);I орын – «Роботек» санаты: «FALCON» командасы. Құрамы: Жандарбек Жаңабай, Алғыс Қизаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай);I орын – «РобоБаскетбол» санаты: «DRAGON» командасы. Құрамы: Диас Кенжебаев, Аслан Сансызбаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай).II орын – «Сұрыптаушы робот» санаты: Мирхат Ибраев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушысы, жетекшісі: С.Т. Темірбай).Қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды:«Туды жеткізу» санаты: «FALCON» командасы. Құрамы: Айдын Әбілов, Мирас Кенжебаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай);«Инверстік сызық бойымен жарыс» санаты: «Жебе» командасы. Құрамы: Ақтілек Заханай, Заңғар Сапар («№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: А.В. Пак).Жеңімпаздарды құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1188898?lang=kk
Осакаров ауданының мектептеріне 1 сыныпқа қабылдау туралы білуіңіз керек барлық нәрсе 29.03.2026
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2023 жылғы 07 тамыздағы №248 бұйрығына сәйкес 2026-2027 оқу жылында 1-сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, 31 тамызға дейін жалғасады.1-сыныпқа 6 жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.Осакаров ауданының мектептерінде 1 сыныпқа қабылдау «egov.kz» «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.Осы жылы баланы бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар (заңды өкілдер) 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында «egov.kz» порталына кіріп, өтініш беруі керек.Өтінім кез келген компьютерден, гаджеттен болашақ бірінші сынып оқушысының ата-анасының (заңды өкілінің) электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып беріледі.Өтінім үшін қажетті құжаттар:1.) Баланың 3х4 см сандық фотосуреті.2.) «Бала денсаулығы паспорты» 052-2/у анықтамасының электрондық көшірмесі;3.) «Профилактикалық егу картасы» 065/у анықтамасының электрондық көшірмесі.4) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның (ПМПК) қорытындысы (қажет болған жағдайда).Егер осы мемлекеттік қызметті алу кезінде сұрақтар туындаса, онда ата-аналар (заңды өкілдер) тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына жүгіне алады, сондай-ақ «egov.kz» «электрондық үкіметтің» 1414 нөмірі бойынша call-орталығына жүгіне алады.Ата-аналар (заңды өкілдер) тізбеге және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда мектеп өтінішті қабылдаудан бас тартады.Ата-аналарға (заңды өкілдерге) 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат Facebook, Instagram, Telegram парақшаларында жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1188903?lang=kk
Қалалық көлік қатынасын жақсарту аясындағы №24 маршруттың жаңартылуы 29.03.2026
Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында №24 қалалық автобус бағытының қозғалыс схемасына өзгерістер енгізілді. Жаңартылған бағыт тұрғындардың сұранысын ескере отырып әзірленді және қаланың негізгі аудандары мен әлеуметтік нысандарға қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.Енгізілген түзетулер жол жүру уақытын қысқартуға және қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1188906?lang=kk
Мысыр Араб Республикасы баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды 29.03.2026
Астана, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мысыр Араб Республикасының баруға ұсынылмайтын мемлекеттер тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Бұл шешім аталған елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылымның, оның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып қабылданды.Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы ахуалдың әлі де шиеленісті болып қалуына, сондай-ақ өңірдің бірқатар мемлекеттерінде әуе кеңістігінің мезгіл-мезгіл жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі келесі елдерге жағдайдың толық тұрақтануына дейін сапарлардан бас тарту жөніндегі ұсынымдарын сақтайды: Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Оман және Сирия.Өңірде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, ықтимал қауіпті аймақтарға барудан бас тарту, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға (қорғаныс орындарына) бару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу қажеттігі тағы да еске салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1188910?lang=kk
Есіл ауылындағы «Мектеп-интернат колледжі» КММ кәсіби сынақтарға қатысу 29.03.2026
Қарағанды облысы білім басқармасының кәсіптік сынақтар кестесіне сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданының білім бөліміне қарасты № 12, № 6, № 31 және № 17 орта мектептерінің 9-сынып оқушылары Есіл ауылындағы мектеп-интернат-колледжінде кәсіби сынақтарға қатыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1188921?lang=kk
Болгариядағы Құрметті консулдар институты дамуда 29.03.2026
Монтана, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның солтүстік-батысындағы маңызды әкімшілік және өнеркәсіптік өңірі – Монтана қаласына ресми сапармен барды.Сапар аясындағы негізгі іс-шара – Қазақстанның Құрметті консулдығын салтанатты түрде ашу рәсімі болды. Құрметті консул болып аймақтағы ірі инвестициялық-құрылыс компанияларының қатарына кіретін «Idea Home» компаниясының басшысы Ивайло Митев тағайындалды.Іс-шараға қалалық муниципалитет басшылығы, бизнес қауымдастық, ғылыми және мәдени топтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.Елші В.Темірбаев екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, Болгарияның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Қазақстанның ірі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін айтты. Салтанатты ашылу барысында құттықтау сөз сөйлеген Монтана қаласы мэрінің орынбасары Тихомир Антонов Қазақстанның жоғары экономикалық және инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ еліміздің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.Құрметті консул И.Митев көрсетілген жоғары сенім үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен өзіне бекітілген өңірлер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға дайын екенін жеткізді.Бұдан бұрын қалалық муниципалитет басшылығымен өткен кездесуде Елші В.Темірбаев болгар тарапын Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістермен таныстырып, 2026 жылғы 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытындыларына арнайы тоқталды. Бұл ретте, жаңартылған Ата заңның адамға бағдарланған сипатқа ие екендігін, қазіргі қоғамдық құндылықтар мен мемлекеттік қағидаттарды бейнелейтінін, сондай-ақ ҚР-дың саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын ерекше атап өтті.   Сонымен қатар әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты және өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Қазақ дипломаты қатысушыларды Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен және шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларымен, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар аясындағы преференциялармен таныстырды.   Болгар тарапына іскерлік қауымдастық өкілдері арасында тарату үшін еліміздің инвестициялық әлеуеті мен перспективалы тауашалы жобалар туралы ақпараттық-презентациялық материалдар ұсынылды. Монтана – Дунай өзені арқылы өтетін «Жаңа Еуропа» көпірімен байланысқан, №4 пан-еуропалық дәлізінде орналасқан Болгарияның маңызды логистикалық торабы. Қала ауыл шаруашылығы дамыған және Орталық Еуропа нарықтарына шығу мүмкіндігі бар жоғары өнеркәсіптік әлеуетке ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/1188924?lang=kk
Қазақстан Елшісі Словакияның Баснска-Быстрица өлкесіне барды 29.03.2026
Банска-Быстрица, 2026 жылғы 25 наурыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Банска-Быстрица қаласына барып, қаланың азат етілуінің 81 жылдығына арналған еске алу іс-шарасына қатысты.Рәсімге Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегрини, Ұлттық Кеңес депутаттары, қала басшылығы мен тұрғындары, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Іс-шара Қызыл Армияның қаза тапқан сарбаздарына арналған монументке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.Іссапар аясында Банска-Быстрица өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы Марина Спировамен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Словакия өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Елші словакиялық әріптестерге ұлттық іскерлік ұйымдармен тікелей жұмыс байланыстарын орнатуды ұсынды. Ынтымақтастықтың нақты бағыттары ретінде өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою, бірлескен бизнес-форумдар ұйымдастыру, сондай-ақ іскерлік делегациялармен алмасу атап өтілді. М.Спирова қазақстандық тараптың ұсыныстарын қолдай отырып, өңірлік сауда-өнеркәсіп палаталарының бірімен ынтымақтастық туралы меморандумға бастамашылық жасауға және Қазақстан Республикасынан келетін кәсіпкерлер делегациясын қабылдауға дайын екенін білдірді.ҚР Елшісі Банош маңындағы орта кәсіптік мектепке барды. Аталған оқу орнында Қазақстан Республикасынан 32 оқушы білім алуда. 70 жылдық тарихы бар бұл бірегей оқу орны ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және ауылдық қызмет көрсету салалары үшін мамандар даярлауға бағытталған. Дипломат қазақстандық оқушылармен кездесіп, оқу үдерісімен және олардың тұрмыс жағдайларымен танысты, сондай-ақ оқу орны басшылығымен алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Матея Бела университетінің ректоры Владимир Хиадловскиймен кездесу барысында қазақстандық жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстар орнату перспективалары қарастырылды. Ректор оқу орнының қызметі мен жетістіктері туралы ақпарат беріп, қазіргі таңда университетте Қазақстан Республикасынан келген 61 студент білім алып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытушылар мен студенттер алмасуы жүзеге асырылатын халықаралық байланыстар жөнінде мәлімет берді. В.Хиадловский Қазақстанға сапар жасап, отандық жоғары оқу орындарының әлеуетімен танысуға және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.Сапар аясында Елшілік қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Банска-Быстрица шабуыл операциясы барысында (1945 жылғы 10-30 наурыз) қаза тапқан Қызыл Армия жауынгерлерін еске алып, Зволен қаласындағы әскери-мемориалдық зиратқа гүл шоқтарын қойды.Анықтама: Зволен қаласындағы Орталық әскери-мемориалдық зиратта 320 жеке және 18 бауырластар зиратында Қызыл Армияның 17 280 сарбазы мен офицері жерленген. Аталған зират 1946 жылы ашылып, мемлекет қорғауына алынған мәдени ескерткіш болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1188963?lang=kk
Алматыда өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Үндістанның фармацевтика саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды 29.03.2026
Алматы, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «Kazakhstan–India Pharma Business Meeting» бизнес-форумына қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету.Аталған форумға жетекші фармацевтикалық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері, соның ішінде «Acies Pharmaceutical Pvt. Ltd.», «Abaris Healthcare Pvt. Ltd.», «Akriti Pharmaceuticals Pvt Ltd.», «AMTEC Health Care Pvt Ltd.» қатысты. Бұл екі елдің бизнес қауымдастықтарының Қазақстан мен Үндістан арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.«Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мыңнан астам үндістандық студент білім алуда, олардың көпшілігі медициналық университеттерде оқиды. Бұл қазақстандық білім беру жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді және денсаулық сақтау мен медициналық зерттеулер саласындағы болашақ байланыстар үшін берік негіз қалайды. Мұның айқын мысалы – жақында үнділік MSN Group-тың Алматы облысында толық циклді фармацевтикалық зауыт салу бойынша инвестициялық жобасы», –  Ә. Қуантыров деп атап өтті.Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды фармацевтика саласының даму қарқынына, атап айтқанда, қалада заманауи салалық кластерлердің қалыптасуына, ғылыми орталықтардың ашылуына және дәрілік заттарды өндіру жобаларының іске қосылуына қанағаттанушылық білдірді.Қазақстандағы Үндістан Елшісі Я.К. Сайлас Тангал бизнес-форумды өткізудің маңыздылығын және екі ел арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық қатынастарды дамыту мүмкіндіктерін атап өтті.Іс-шара аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тарапынан Қазақстанның инвестициялық және фармацевтикалық әлеуеті таныстырылды. Таныстырылым барысында үндістандық кәсіпкерлерге еліміздің аумағында дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар өндірісін жерсіндіруге белсенді қатысу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1189554?lang=kk
Яундеде ДСҰ-ның 14-ші Министрлік конференциясы басталды 29.03.2026
Яунде, 2026 жылғы 26 наурыз – Камерун Республикасының астанасында 2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 14-ші Министрлік конференциясының (МК-14) ресми ашылу рәсімі өтті.Ашылу рәсімі МК-14 төрағасы болып табылатын Камерунның Сауда министрі Л. М. Мбарга Атанганың төрағалығымен өтті. Құттықтау сөздерімен Камерун Республикасының Премьер-министрі, ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала және қабылдаушы тараптың өкілдері сөз сөйледі.Іс-шараға сауда, экономика және даму министрлері, сондай-ақ ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің делегация басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Конференция жұмысына ДСҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушыларды қоса алғанда, шамамен 166 елдің делегациялары қатысуда.Қазақстан Республикасының делегациясын ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкіл Қайрат Төребаев басқарады.Ашылу барысында Конференцияның жаһандық сауда үшін елеулі сын-қатерлер жағдайында өтіп жатқаны атап өтілді, олардың қатарында геосаяси шиеленістер мен жаһандық экономиканың фрагментациясының күшеюі бар. ДСҰ Бас директоры мүше елдерді көпжақты сауда жүйесін нығайту және оны жаңғырту бойынша практикалық шешімдер әзірлеу үшін белсенді жұмыс істеуге шақырды.МК-14 аясындағы талқылаулардың негізгі бағыты қазіргі сауда күн тәртібінің өзекті мәселелерін қамтиды, оның ішінде ДСҰ-ны реформалау және оның тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, балық аулау субсидиялары бойынша келіссөздер, электрондық коммерция және оған қатысты қағидалар, инвестицияларды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ дамушы елдерді, оның ішінде ең аз дамыған елдер мен теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерді қолдау мәселелері бар.Конференция қорытындысы бойынша ашық, инклюзивті және ережелерге негізделген көпжақты сауда жүйесін нығайтуға, сондай-ақ ДСҰ-ны қазіргі жаһандық экономикалық жағдайларға бейімдеуге бағытталған шешімдер қабылданады деп күтілуде.Қазақстан делегациясы Конференция жұмысына белсенді қатысуда, оның ішінде пленарлық отырыстарға, тақырыптық талқылауларға және екіжақты кездесулерге қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1188969?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия экономика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда 29.03.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 27 наурыз - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның экономика Министрі Сакари Пуистомен кездесті.А.Әбдіраимов Министрге Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жақында өткен республикалық Референдумның қорытындылары туралы хабардар етіп, бұл қадамның елдің одан әрі саяси және экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.Қазақ дипломаты Қазақстанның Финляндиямен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін және туризм мен экономика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді түрде жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Ол екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуеті қазіргі деңгейден әлдеқайда жоғары екенін айтып, жаңа бастамалар серіктестікті дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.Келіссөздердің негізгі өзегі туризм саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды. Тараптар фин азаматтарының Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасына деген қызығушылығы артып отырғанын, сондай-ақ екі ел арасындағы туристік ағынды ұлғайту үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Тікелей бағыттарды кеңейту, бірлескен туристік өнімдерді ілгерілету және заманауи туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды. Министр С.Пуисто Финляндияның тұрақты туризм саласындағы серіктестікті тереңдетуге және инновациялық шешімдерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті.Туризмнен бөлек, тараптар экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын да талқылады. Инвестициялық өзара іс-қимыл, инновацияларды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, «жасыл» экономика және жоғары технологиялық салалардағы технологиялармен алмасу мәселелері сөз болды.Тараптар белсенді диалогты жалғастыру және Қазақстан мен Финляндия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілету жөнінде нақты қадамдар әзірлеу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1188970?lang=kk
Будапештте Түркі мемлекеттер ұйымы аясындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды 29.03.2026
Будапешт, 2026 жылғы 27 наурыз - Мажар тарапының бастамасымен Будапешт қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелеріне жауапты жоғары лауазымды тұлғаларының басқосуы өтті.Қазақстан тарапынан жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ернар Лазар қатысты.Кездесу барысында жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу орын алды. Әсіресе, жаһандық жеткізу тізбектерінің орнықтылығы тұрғысынан көлік-транзит саласындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңыздылығы атап өтілді.Осы орайда қазақ тарапы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) өңірлік экономикалық ықпалдастықты ілгерілетудегі рөлін жоғары бағалады. Сауда, инвестиция, энергетика және көлік-логистика бағыттарындағы байланыстарды тереңдете түсудің өзектілігіне назар аударылып, бұған дейін осы мәселелер бойынша жоғарғы деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру маңызына ерекше тоқталды.Е.Лазар Қазақстанның ТМҰ-ға мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 13 миллиард долларға жеткенін айтып, мұны экономикалық ынтымақтастықтың сапалық тұрғыдан жаңа белеске көтерілгенінің айғағы екеніне наза аударды.Басқосу аясында өңірлік өзара ынтымақтастықты күшейтудің басты тетіктерінің бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі шеңберіндегі ынтымақтастыққа ерекше мән берілді. Бұл стратегиялық бағыт сауда ағындарын ұлғайтып, инвестиция тартуға жол ашатын маңызды фактор болып табылатыны баса айтылды.Е.Лазар алдағы кезеңде түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында ТМҰ бейресми саммиті өтетінін хабарлап, оның жасанды интеллект пен цифрлық даму тақырыптарына арналатынын жеткізді.Сонымен қатар іс-шара шеңберінде Қазақстан мен Мажарстан делегациялары арасында екіжақты келіссөздер өтті.Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы және Мажарстан Президенті Тамаш Шуйоктың 2025 жылғы өзара сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы мен нәтижелерін талқылады.Кездесу соңында Е.Лазар Мажарстан Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі Марцел Бироны Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1188986?lang=kk
Қазақстан мен Кения тау-кен өндіру және теңіз порттарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті 29.03.2026
Найроби, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Тау-кен өнеркәсібі, көгілдір экономика және теңіз істері министрі Хассан Джохомен кездесіп, минералдық ресурстарды барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен Кения теңіз порттарын пайдалану мәселелерін талқылады.Х.Джохо Кенияның минералдық ресурстарының үлкен қоры және Қазақстанмен ынтымақтастық үшін зор әлеует бар екенін атап, Найробидің минералдық ресурстарды өндіру және Кенияның инфрақұрылымын, соның ішінде теңіз порттарын дамыту саласындағы Астанамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібіндегі, транзиттік және көліктік бағыттарды дамытудағы, оның ішінде Кения порттарын пайдаланудағы ынтымақтастықты жандандыру және екі елдің сарапшыларының қатысуымен кездесулер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1188987?lang=kk
Қазақстан CERAWeek конференциясында мұнай саласын дамытудың басым бағыттарымен таныстырды 29.03.2026
Хьюстон, 2026 жылғы 25 наурыз – CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Мұнай нарығының жаһандық болжамы: іргелі факторлар және геосаяси турбуленттілік» атты сессияға қатысты.Өз сөзінде министр Қазақстанның мұнай саласының қазіргі жағдайын таныстырды. Елдің әлемдік нарыққа сенімді энергия ресурстарын жеткізуші ретіндегі жайғасымын сақтап отырғаны атап өтілді.Министр сала алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді, соның ішінде энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, атап айтқанда Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортталатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін белгіледі. Бұл бағыттың ұлттық экономика үшін аса маңызды екені және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігі ерекше атап өтілді.Сондай-ақ, баяндамада мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр салықтық жеңілдіктерді көздейтін және геологиялық барлау мен көмірсутектер өндіруге жаңа инвестициялар тартуға бағытталған Жетілдірілген үлгілік келісімшарттың қолданыста екенін атап өтті.Сонымен қатар, мұнай-газ химиясын дамыту бойынша стратегиялық жоспарлар да айтылды. Қазақстан мұнай өңдеу қуаттарын екі есеге арттыруды көздейді, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азия өңіріндегі мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі елдің жайғасымын нығайтуға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, CERAWeek конференциясы аясында Энергетика министрі Е.Ақкенженов АҚШ Энергетика министрі К.Райтпен және америкалық ірі мұнай-газ компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1188988?lang=kk
Қазақстан мен Лимбург провинциясы өнеркәсіп, энергетика және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 29.03.2026
Синт-Трёйден – Хасселт – Генк, 2026 жылғы 27 наурыз – Лимбург провинциясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко өңірдің іскерлік қауымдастығы өкілдерімен, Фландрия Сауда-өнеркәсіп палатасының (VOKA, Лимбург филиалы) басшылығымен кездесулер өткізіп, сондай-ақ «EnergyVille» зерттеу орталығына барды.Сапар барысында ұшқышсыз авиациялық жүйелер саласындағы жетекші бельгиялық компаниялар – DronePort, ZSE Technology NV және Citymesh Safety Drone басшыларымен кездесулер өтті. Тараптар дрон өндірісі, ұшқышсыз қауіптерге қарсы іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған технологияларды енгізу салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Елші Қазақстанда ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды мониторингтеу және төтенше жағдайларға әрекет ету салаларында дрондарды қолдануды қамтитын ұшқышсыз авиация экожүйесі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда антидрон жүйелері мен шұғыл қызметтерге арналған автоматтандырылған платформаларды қоса алғанда, бельгиялық компаниялардың кешенді шешімдер әзірлеудегі тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады.Өндірісті жергіліктендіру және технологиялар трансфері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру, жинақтау өндірістерін құру, сондай-ақ мамандар даярлау және құзыреттер алмасу мүмкіндіктері қарастырылды.Хасселт қаласында VOKA – Фландрия Сауда-өнеркәсіп палатасының (Лимбург филиалы) басқарушы директоры Йоханн Летенмен кездесу өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.Тараптар екіжақты сауда мен инвестициялардың тұрақты өсімін, сондай-ақ Қазақстан мен Фландрия экономикаларының өзара толықтырушылығын атап өтті. Қазақстан мұнай-химия, агроөнеркәсіптік кешен, логистика және қайта өңдеу салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға фламанд компанияларын тартуға мүдделілік білдірді.Елші халықаралық консалтингтік компаниялардың қатысуымен құрылымдалған дайын инвестициялық жобалар пакетін ұсынуға және бельгиялық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Сапар аясында Елші Генк қаласындағы «EnergyVille» зерттеу орталығына барып, ол тұрақты энергетика және энергетикалық ауысу саласындағы Еуропаның жетекші орталықтарының бірі болып табылады.Орталық басшылығымен кездесу барысында «жасыл» энергетиканы дамыту, зияткерлік энергия желілері, сутегі технологиялары және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қазақстан тарапы 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі басымдықтарын таныстырды.Қазақстан энергетикалық секторды жаңғырту бойынша ауқымды жобаларды іске асырып жатқаны, соның ішінде «таза көмір» генерациясын дамыту, заманауи экологиялық технологияларды енгізу және атом электр станциясын салу атап өтілді. Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және технологиялар трансферіне, сондай-ақ энергетика және тұрақты даму салаларында пилоттық жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.Сапар қорытындысы бойынша тараптар өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылықтарын растады және нақты инвестициялық және технологиялық жобаларды іске асыруға бағытталған практикалық диалогты жалғастыруға келісті.Анықтама: Лимбург провинциясы Фландрияның өнеркәсіп, логистика және инновацияларға бағытталған әртараптандырылған экономикасы бар қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады. 2024 жылы провинцияның ЖІӨ шамамен 32 млрд еуроны (Бельгия ЖІӨ-нің шамамен 6%-ы) құрады. Өңірде EnergyVille орталығын қоса алғанда дамыған инновациялық экожүйе қалыптасқан және ол Еуропаның өндірістік және логистикалық тізбектерінде маңызды орын алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1188989?lang=kk
Алтынсарин ауданында «Қарлы десант» акциясы өтті 29.03.2026
Қостанай облысының Алтынсарин ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және аумақтарды абаттандыруға бағытталған «Қарлы десант» акциясы ұйымдастырылды.Іс-шара аясында аулалар мен жеке тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияға ауданның барлық ауылдық округтерінің тұрғындары, жастар, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер қозғалысының өкілдері қатысты.Акция ауданның барлық елді мекендерінде бір мезгілде өтіп, жергілікті қауымдастықтың кең ауқымды қамтылуы мен белсенді қатысуын қамтамасыз етті.Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың тазалық пен тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру мәселелеріне назар аудару.«Қарлы десант» акциясын өткізу аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1188991?lang=kk
Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы «Жібек жолы» Халықаралық туризм және мәдени мұра университетіне барды 29.03.2026
         2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов «Жібек жолы» Халықаралық туризм және мәдени мұра университеті ректорының міндетін атқарушы Мухсинжон Холмухамедовпен кездесті.         Кездесуде ғылыми-білім беру, академиялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-өзбек ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, оның ішінде екі елдің жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыс орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.         Сұхбаттасушылар бірлескен іс-шаралар ғылыми конференциялар, академиялық алмасулар, білім беру бағдарламалары мен мәдени бастамаларды ұйымдастыруға өзара қызығушылық танытты.         Кездесу соңында Талғат Шәріпов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылым, білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1188993?lang=kk
Абыроймен өтелген борыш: батылдық пен жауынгерлік достық жолы 29.03.2026
Қонаев гарнизонында 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының саптық алаңында 26363 және 32363 әскери бөлімдерінің мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілерін салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Көк береттер сап алдында Жауынгерлік туды ұстап қатарласа, зор мақтанышпен салтанатты маршпен жүріп өтті.Іс-шараға гарнизон басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері және әскери бөлімдердің жеке құрамы қатысты.Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен шамамен 600 мерзімді қызмет әскери қызметшісі Жауынгерлік Тумен қоштасты. Бұл рәсім әскери бөлімнің абыройын, ерліктің және ұрпақтар сабақтастығының нышаны.– Әскерде жүріп сендер шынығып шыңдалып, қажетті дағдылар мен тәжірибе жинадыңдар. Отанға адал қызметтерің үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сендер конституциялық борыштарыңды абыроймен орындап, десанттық-шабуылдау әскерлерінің даңқты дәстүрлерін лайықты жалғастырушы атандыңдар. Сендерге зор денсаулық, отбасыларыңа амандық және сәттілік тілеймін, – деді 32363 әскери бөлімінің командирі гвардия полковнигі Бейбіт Аманқалиев.Қызмет барысында үздік көзге түскен бірқатар әскери қызметшілер грамоталармен, естелік сыйлықтармен және ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды.Саптық алаңда әндете жүріп өткен соңғы марш, командирлер мен қарулас достарының жылы лебіздері әр жауынгердің жадында жарқын із қалдырары сөзсіз.– Бүгін үйге ораламыз. Десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет өткергенімді мақтан тұтамын. Көк ала жейде мен көк беретті абыроймен мақтана киіп жүремін. Біздің жауынгер болып қалыптасуымызға қосқан үлесі үшін командирлерге ерекше алғыс айтқым келеді, – деді гвардия кіші сержанты Инабат Мұқатай.Он екі ай бойы сарбаздар әскери істің қыр-сырын меңгеріп, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен техниканы үйренді. Білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көрді, дене шынықтыру және моральдық-психологиялық даярлықтарын жетілдірді. Әскерден алған дағдылар олардың алдағы өміріне де қажет болары анық. Жігіттер жоғары оқу орындарына түсіп, күштік құрылымдарда, мемлекеттік органдарда қызмет етеді немесе азаматтық саланың маманы бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189001?lang=kk
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық республикалық акциясы 29.03.2026
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық республикалық акциясы аясында 2026 жылы 28 наурызында  Алматы облысы Қонаев қаласында сенбілікке Алматы облысы Қаржы басқармасының қызметкерлері өз үлестерін қосты. Сенбілікте жалпы 300 тал ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karzhy/press/news/details/1189002?lang=kk
Курсанттардың қос жетістігі: әскери білім ордасы бағдарлама жасақтау олимпиадасында көш бастады 29.03.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары республикалық бағдарлама жасақтау олимпиадасында бірінші және екінші орындарды еншілеп, барынша дайындалғандарын көрсетіп, елдің жетекші университеттерінің командаларынан сенімді түрде басып озды.Интеллектуалды жарыс Алматы қаласындағы Алматы технологиялық университетінің базасында өтті. Сайысқа 15 команда қатысты. Олардың құрамында азаматтық және күштік құрылымдардың оқу орындары да болды, соның ішінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің академиялары да бар.Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Кезеңдер қатысушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бағалауға бағытталды. Бірінші турда конкурсанттар тест тапсырмаларын орындап, логикалық есептерді жылдамдыққа шешті. Екінші кезеңде командалар бағдарлама жасақтау бойынша практикалық тапсырмаларды орындап, заманауи тілдер мен алгоритмдік ойлауды шектеулі уақытта көрсетті.Барлық сынақтар қорытындысы бойынша бірінші орынды подполковник Рахматулла Шәкіровтың жетекшілігімен курсант Мирас Әбсалықов пен кіші сержант Әмір Қарпықовтың командасы жеңіп алды. Екінші орын подполковник Асқар Аишевтің жетекшілігімен курсанттар Дінмұхамед Есіркепов пен Диас Ахмаджановтың командасына берілді.– Мұндай жарыстар тек білімді ғана емес, мінезді де шыңдайды. Әскери оқу орнындағы дайындық бізге жоғары жүктеме мен жауапкершілікте тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деді екінші курс курсанты Мирас Әбсалықов.Мұндай жақсы нәтижелер курсанттардың дайындық деңгейін жоғары екенін және ақпараттық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласында мамандар даярлауға бағытталған әскери білім беру жүйесінің тиімділігін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189041?lang=kk