Enbekshi QazaQ

Қоғам

Дайын құжаттарды жеткізу қызметі: Абай облысының тұрғындары оларды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша ала алады 07.08.2026
     Абай облысының тұрғындары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде дайындалған құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжайға – үйіне, жұмыс орнына немесе көрсетілген кез келген басқа орынға жеткізіп алу қызметін пайдалана алады. Бұл сервис Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе Мамандандырылған ХҚКО-ға қайта барудың қажеті жоқ, ал қызметке деген сұраныс өңір тұрғындары арасында артып келеді. Бұл туралы Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы хабарлайды.Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде жеткізу қызметіне өтінімді бірден құжаттарды тапсыру барысында беруге болады. Құжат дайын болғаннан кейін оны курьер көрсетілген мекенжайға жеткізеді. Қызмет құны – 1 036 теңге. Дайын құжаттарды жеткізу 15 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді. Олардың қатарында архивтік анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру және қайталама куәліктер беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.Сонымен қатар, Мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды алу мүмкіндігі кеңейтілді. Енді өңір тұрғындары дайын жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (техпаспортты) немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін алу үшін Мамандандырылған ХҚКО-ға қайта бармай-ақ қоя алады. Егер өтініш Мамандандырылған ХҚКО арқылы немесе онлайн берілген болса, 1414 нөмірінен құжаттың дайын екені туралы SMS-хабарлама келгеннен кейін ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы жеткізу қызметіне тапсырыс беріп, өзіңізге ыңғайлы мекенжайды көрсету жеткілікті. Абай облысында Мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу құны – 6 306 теңге.Бұл сервис әсіресе жұмыс істейтін азаматтар, кішкентай баласы бар ата-аналар, егде жастағы адамдар және шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін өте қолайлы. Себебі олар дайын құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта бармай-ақ ала алады.«Бүгінде облыс тұрғындары дайын құжаттарды алудың өздеріне ең қолайлы тәсілін таңдай алады. Біз мемлекеттік қызметтерді әрбір азамат үшін барынша қолжетімді әрі ыңғайлы етуге ұмтыламыз. Сондықтан дайын құжаттарды жеткізу қызметіне деген сұраныс алдағы уақытта да арта береді деп сенеміз», – деді Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының директоры Жібек Жадрина.Еске сала кетейік, құжаттарды табыстау кезінде курьер жеке куәлікті көрсетуді және SMS-хабарламада келген растау кодын атауды сұрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1270462?lang=ru
Ұлттық руханиятты ұлықтаған бастама: Қарулы күштерде Абай шығармаларын оқудан челлендж басталды 07.08.2026
Абай күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттауға бағытталған республикалық челлендж басталды.Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілер арасында ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, жеке құрамның мәдени-танымдық деңгейін арттыру, сондай-ақ Абай шығармалары арқылы отансүйгіштік, білімге құштарлық, адамгершілік және елге адал қызмет ету қағидаттарын кеңінен насихаттау.Челленджге Қарулы күштердің барлық түрлерінен, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардан, әскери бөлімдер мен мекемелерден әскери қызметшілер қатысады. Олар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, бейнеүндеулерін әлеуметтік желілерде жариялап, эстафетаны әріптестеріне жолдайды.Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы – қазақ халқының рухани қазынасының алтын арқауы. Оның шығармаларында білім мен ғылымға ұмтылу, адал еңбек, бірлік, әділдік, жауапкершілік және Отанға қызмет ету секілді жалпыадамзаттық құндылықтар көрініс тапқан. Бұл қағидаттар әскери қызметтің мәнімен үндесіп, Отан қорғаушылардың кәсіби әрі рухани болмысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.Абай күніне арналған челлендж әскери бөлімдерде мәдени-ағартушылық іс-шаралар кешені аясында өтеді. Бастама жеке құрамның рухани дүниесін байытуға, ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыруға және әскери ортада тарихи-мәдени мұраны насихаттауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1270426?lang=ru
Қосылған құн салығы бойынша камералдық бақылау хабарламаларын орындау 07.08.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында камералдық бақылауды жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енгізілген жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, салықтық тәуекелдерді уақтылы анықтау және салық төлеушілерге салықтық тексеру жүргізілместен анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.2026 жылы қосылған құн салығының (ҚҚС) дұрыс есептелуіне ерекше назар аударылуда. 2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларымен ҚҚС бойынша 300.00-нысанындағы декларациялар бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің төмендетілуі және сатып алу сомаларының негізсіз жоғарылатылуы фактілері бойынша салық төлеушілерге камералдық бақылаудың 822 хабарламасы жолданды. Хабарламаларды жолдауға салықтық есептілік, электрондық шот-фактуралар және өзге де дереккөздер арасындағы ақпараттық жүйелер арқылы анықталған сәйкессіздіктер негіз болды.Салық заңнамасына сәйкес, салық төлеуші хабарламаны алған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде оны орындауға міндетті. Хабарламаны орындау анықталған бұзушылықтарды жою арқылы қосымша салықтық есептілікті ұсыну не бұзушылықтардың жоқтығын құжаттармен расталған дәлелді түсіндірмелерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.ҚҚС бойынша камералдық бақылау хабарламаларын жолдаудың ең көп таралған себептері мыналар болып табылады:Салық төлеушілермен жазып берген электрондық шот-фактуралармен, сондай-ақ 300.07 тізілімдерімен және (немесе) деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерімен салыстыру барысында анықталған өткізілген тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасының төмендетілуі;Камералдық бақылау барысында есепке жатқызылған ҚҚС сомаларының негізсіз жоғарылатылғаны анықталуы;Кедендік ресімдеу кезінде ҚҚС төленген импортталған тауарлар бойынша (тауарларға арналған декларациялар негізінде) есепке жатқызылған ҚҚС сомасының негізсіз жоғарылатылуы;ҚҚС декларациясын толтыру кезінде бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасының төмендетілуіне немесе есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуінің негізсіз ұлғаюына әкеп соққан арифметикалық қате.Егер салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелерімен келіссе, оған қосымша салықтық есептілікті уақтылы ұсынып, қажет болған жағдайда қосымша есептелген салықтар мен өсімпұл сомаларын төлеу ұсынылады.           Түсіндірмелерді немесе түзетілген салықтық есептілікті ұсыну камералдық бақылауды аяқтауға негіз болады.Белгіленген мерзімде хабарламаны орындамау салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, сондай-ақ салық заңнамасында көзделген жағдайларда салықтық тексерудің тағайындалуына әкеп соғуы мүмкін.2026 жылғы тәжірибе көрсеткендей, камералдық бақылау хабарламаларын уақтылы орындау салық төлеушілерге салықтық тәуекелдерді барынша азайтуға, салықтық тексерулерді болдырмауға және ұсынылатын салықтық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік кірістер органдары үшін камералдық бақылау салықтық құқық бұзушылықтардың алдын алудың және бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз етудің ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1270428?lang=ru
Астанада қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті 07.08.2026
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметшілері Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысына қатысты. Сонымен қатар, отырысқа әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері мен мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты. Отырыс Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейірханның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде өтті.Отырыс барысында Астана қаласының әкімдігі, жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері және аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында 2024–2026 жылдарға арналған Қалалық келісімнің іске асырылу барысы туралы есептер тыңдалды. Сондай-ақ қатысушыларға «Астана қаласының кәсіподақтары» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі туралы таныстырылым ұсынылды.Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын одан әрі нығайтуға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар жауапты мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестік тараптарына жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1270340?lang=ru
Салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге байланысты алдын ала шаралар 07.08.2026
Салық органы ҚР Салық Кодексінде көзделген жағдайларда салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғанға дейін салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін алдын ала шараларды:- салық органының хабархаттарын;- салық органының ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламаларын;- салық органының міндетті сипаттағы хабарламаларын ұсыну арқылы жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1270323?lang=ru
Бурабайда «100 Sarbaz» әскери реалити-шоуы басталды 07.08.2026
Еліміздің ең көрікті демалыс орындарының бірі – Бурабай курорттық аймағында «100 Sarbaz» атты ауқымды әскери реалити-шоу басталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырып отырған бұл жоба әскери қызметтің беделін арттыруға және жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған.Жобада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және түрлі спорт клубтарының командалары бақ сынайды. Сайыс Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің «Амандық» оқу орталығынында өтіп жатыр.Реалити-шоу аясында қатысушылар әскери дайындықты, төзімділікті, күш-жігерді және командалық бірлікті талап ететін түрлі сынақтардан өтеді. Жарыс алаңындағы тартысты сәттер мен шатырлы қалашықтағы қатысушылардың күнделікті тыныс-тіршілігі тәулік бойы бейнебақылау камералары арқылы таспаға түсіріліп, көрермен назарына ұсынылып отырады. Бағдарлама Jibek Joly телеарнасынан эфирге шығады. Жобаның жүргізушісі – белгілі театр және кино актері Дәурен Серғазин.Әр команда құрамына 10 әскери қызметші енген. Қазақстан Қарулы күштері атынан жобаға бес команда қатысады. Олар – Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, Десанттық-шабуылдау әскерлері және Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің командасы.Жоба сегіз бөлімнен тұрады. Әр шығарылымның қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған команда жобамен қоштасады. Мұндай формат қатысушылар арасындағы бәсекені күшейтіп, әр кезеңнің тартымдылығын арттыра түседі.«100 Sarbaz» жобасының басты мақсаты – жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру, Отан қорғау міндетіне деген құрметті арттыру және әскери қызметтің маңызын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, жоба әскери мамандықтың жауапкершілігі мен маңызын таныстырып, қоғамның Қарулы күштерге деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.Әскери реалити-шоу 2026 жылғы 11 тамызға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1270254?lang=ru
Хабарландыру Көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу туралы 07.08.2026
ХабарландыруКөзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу туралыҚазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) - (әсер ету скринингі) 1-кезеңін жүргізу үшін мынадай құжаттар (әрі – қарай материалдар) келіп түсті:- түсіндірме жазба Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу үшін көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингі- графикалық материалдар (сипатталатын аумақтың орналасқан жері, тірек жоспары);СЭБ материалдарын әзірлеуші: "ГРАДО" жобалық фирмасы "ЖШС.СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: Бастамашы - «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіСкрининг нәтижелері туралы қорытындылар бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіЖұртшылықты (барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды) мынадай мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:Сіздің пікіріңізше, Жобаны іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер ете ала ма және егер солай болса, онда бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге елеулі деп есептейсіз?Сіз СЭБ-тың одан арғы кезеңдерін өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?Сізде әзірленіп жатқан Жобаға, оның ішінде Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты ескертулер мен ұсыныстар бар ма? Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: (15 жұмыс күні) Байланыс деректері:Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 8Экологиялық саясат департаментіТел. 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kzЕскертулер мен ұсыныстарды:- Экология министрлігі Кеңсесінің эл.адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжаттарыңызды Кеңседен мына телефон арқылы алғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44);- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kzСЭБ бойынша материалдар орналастырылған:Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі) Әкімшілік сайтында:   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1270251?lang=ru
Қазақстан мен Сауд Арабиясы көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады 07.08.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдуррахман Әл-Рассимен кездесті.Кездесуде достық пен өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген қазақ-сауд қатынастарының оң даму серпіні аталып өтті.Қазақстан мен Сауд Арабиясының халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылына, атап айтқанда, көпжақты алаңдарда ұстанымдарды үйлестіруге және екі елдің бастамаларын өзара қолдауға ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың кестесін қарастырып, оларды нақты уағдаластықтармен және практикалық нәтижелермен толықтырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді әрі сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1270752?lang=ru
2026 жылы мүлікті сатудан алынатын салық: сатудан түскен пайдадан салық қашан туындайды 06.08.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің (№ 214-VIII) күшіне енуімен мүлікті сату кезінде жеке подоходтық салықты (ЖПС) төлеу ережелері өзгерді, бірақ жұмсақ өтпелі кезең қарастырылған.«Құн өсімі» деген не және салық қашан туындайды?Егер сіз мүлікті кезінде сатып алған бағаңыздан қымбатқа сатсаңыз, пайда болған айырмашылық - бұл сіздің кірісіңіз (құн өсімі). Дәл осы таза пайдадан 10% салық төлеу қажет.Дегенмен, салықты әрдайым төлеу міндетті емес. Барлығы сіздің нақты не нәрсеге иелік еткеніңізге және объектінің қанша уақыт меншігіңізде болғанына байланысты.Жылжымайтын мүлікті сату: жаңа мерзімдер және өтпелі кезең2026 жылдың басты өзгерісі -тұрғын үйді салықсыз сату үшін иеленудің ең төменгі мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін ұлғаяды.Бұл азаматтар үшін күтпеген жағдай болмас үшін өтпелі кезең ережесі енгізілді (2026-2027 жылдарға):Егер сіз пәтерді 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алсаңыз: сіз үшін бәрі бұрынғыша қалады. 1 жыл иеленгеннен кейін сатсаңыз - салық 0 теңге.Егер сіз пәтерді 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алсаңыз: салық төлемеу үшін меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 2 жыл күтуге тура келеді.2028 жылдан бастап: 2 жылдық ереже мүлдем бәрі үшін бірыңғай болады.Алаңдағы жаңа құрылыстар ше?Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу (ҮҚШ) шарты бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі талап ету құқығын басқаға берген кезде, егер ҮҚШ шарты жасалған күннен бастап 3 жыл немесе меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 2 жыл өтсе, салық төленбейді.Қандай жағдайда салықтан босату мүлдем қарастырылмаған:Егер сіз мыналарды сатсаңыз, кез келген пайдадан салық төлеуге тура келеді (объектіге қанша жыл иелік еткеніңізге қарамастан):Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті (офистер, дүкендер, қоймалар, бизнес-үй-жайлар);Шетелдегі кез келген тұрғын үйді немесе жылжымайтын мүлікті.Автокөліктерді сату:Қазақстандық есептегі машиналарға: ереже бұрынғыша. Егер автокөлік сіздің меншігіңізде 1 жыл және одан да көп уақыт болса, сату кезінде ешқандай салық төлеудің қажеті жоқ.Бір жылға жетпейтін уақытта және сатып алған бағасынан қымбатқа сатсаңыз - салықты тек айырмашылықтан төлейсіз.Шетелдік есептегі машиналар - құн өсімінен алынатын салықты оған қанша уақыт иелік еткеніңізге қарамастан төлеуге тура келеді.Криптовалюта және бағалы қағаздарЕгер сіз цифрлық активтерге (криптовалютаға) инвестиция салсаңыз, есіңізде болсын: олар бойынша салық иелену мерзіміне қарамастан төленеді. Бағалы қағаздар бойынша тек пайданы емес, сонымен бірге инвестициядан шеккен шығындарды да есепке алуға мүмкіндік беретін арнайы ережелер қолданылуын жалғастырады.Чектер мен шарттар болмаса, бастапқы баға қалай есептеледі?Заң бойынша сіздің пайдаңыз - бұл «сату бағасы алу бағасын шегергенде». Бұрынғы пәтерді сатып алу-сату шарты жоғалып кетсе не істеу керек? Мұндай жағдайда салық органдары объектінің ресми бағалау немесе кадастрлық құнын негізге алады.Ал егер сіз автокөлікті шетелден әкеліп, кедендік рәсімдеуден өткізсеңіз, оның бастапқы құнына сіз төлеген баждар, ҚҚС, акциздер мен утилизациялық алым ресми түрде қосылады - бұл салықтың түпкілікті сомасын азайтады.Әркімге арналған қысқаша мәлімет:ҚР-дағы пәтер / үй / сажай / гараж: салықсыз 2 жылдан кейін сатамыз (немесе 01.01.2026 ж. дейін сатып алып үлгерсеңіз, 1 жылдан кейін).ҚР нөмірлеріндегі машина: салықсыз 1 жылдан кейін сатамыз.Коммерция, шетелдегі пәтерлер және криптовалюта: салық пайдадан әрдайым төленеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1270202?lang=ru
Қазақстан мен Түркия саяси диалогты дамытуда 06.08.2026
Анкара, 2026 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Анкараға жұмыс сапары барысында Түркия Республикасының Сыртқы істер министр орынбасарлары Айше Беррис Екинжимен және Муса Кулаклыкаямен келіссөздер өткізді.Кездесулерде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың ауқымын қамтитын кеңейтілген стратегиялық серіктестікке негізделген қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың даму барысын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді.Халықаралық платформалардағы, оның ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту жолдары қолға алынды.Кездесулердің қорытындылары бойынша талқыланған бағыттарда тиімді өзара іс-қимылды жүйелі негізде жалғастыруға бейімділік қуатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1270184?lang=ru
Қазақстан мен Румынияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті 06.08.2026
Астана, 2026 жылғы 6 тамыз - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Румынияның Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Оана Цойумен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан-Румыния ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға өзара мүдделілігін растады.Екіжақты қатынастар үшін стратегиялық маңызы бар энергетикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар Қазақстан мұнайының халықаралық нарықтарға экспортын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) айналасындағы ахуал да талқыланды. Тараптар энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуінің және еуропалық нарыққа көмірсутектердің сенімді жеткізілуін қамтамасыз етудің стратегиялық маңызын атап өтіп, КҚК инфрақұрылымының жұмысына және энергетикалық жеткізілімдердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекетті айыптады.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан мен Румынияның энергетика саласындағы практикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, сондай-ақ қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерінің орнықтылығын нығайтуға өзара мүдделілігін атап өтті.Сұхбат соңында О.Цойу Е.Көшербаевты Румынияға ресми сапармен келуге шақырып, тұрақты саяси диалогты жалғастырудың және жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.  https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1270165?lang=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1270188?lang=ru
Сауда комитеті жартыжылдықты қорытындылады: Әлеуметтік тауарлар бағасының өсу қарқыны 4 есе баяулады 06.08.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланды. Жиын барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары мен өңірлік департаменттердің жұмыс тиімділігі талқыланды.Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының өсу қарқыны өткен кезеңмен салыстырғанда 4,6%-ға баяулаған.Бұл көрсеткішке мемлекеттік бақылауды күшейту, тауарлар тізбесін кеңейту және отандық өндірушілерді қолдау шаралары арқылы қол жеткізілді. Барлығы 3 907 әкімшілік іс тіркелді, оның ішінде 2 391-і рұқсат етілген сауда үстемесін асыруға қатысты болса, өңірлік комиссиялардың жұмысы арқылы 2 322 заңбұзушылық анықталып, жеткізу тізбегінен 164 тиімсіз делдал шеттетілді.Сонымен қатар, бақылау шаралары аясында заңсыз әкелінген 46,5 мыңнан астам жұмыртқа тәркіленіп, цифрлық азық-түлік ваучерлері мен 31 тауар позициясына баға мониторингі енгізілді. Сондай-ақ, апта сайын 132 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 25 сауда базарын жаңғырту жұмыстары мен ақпаратты уақытылы ұсыну бойынша атқарушылық тәртіпті нығайту шаралары ерекше бақылауға алынды.Алайда маусым айының қорытындысы бойынша кейбір өңірлерде бағаны бақылау жұмыстарының әлсірегені байқалады. Мемлекеттік бақылау бағытында Атырау және Солтүстік Казахстан облыстарының жұмысы сынға алынды,. Әсіресе, Атырау облысында жарты жыл ішінде 12 заң бұзушылық дерегі анықталған, бұл бақылау жұмысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен қатар Абай, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Астана қаласында жыл басынан бері бірде-бір тиімсіз делдал нарықтан шеттетілмеген.«Есеп үшін өткізілетін жиындардың бізге қажеті жоқ. Нақты нәтиже керек – заң бұзушылықтарды анықтау, тиімсіз делдалдарды нарықтан шығару және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу басты міндет болып қала береді» - деді сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жаутыкбаев бақылау жұмыстарының сапасына қатысты қатаң талап қойды.Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша 2026 жылдың соңына дейін сауда базарларын жаңғырту жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Екінші жартыжылдықтағы негізгі басымдықтар – баға тұрақтылығын сақтау, «үй жанындағы» шағын жәрмеңкелерді дамыту және цифрлық азық-түлік ваучерлері жобасын іске асыру болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1270158?lang=ru
Қазақстанның Ұлттық тауарлар каталогы: тіркелген тауарлар саны бойынша киім-кешек пен көлік құралдары көш бастап тұр 06.08.2026
2026 жылдың тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанның Ұлттық тауарлар каталогында (ҰТК) 29 миллионнан астам тауар тіркелген. Тіркелген тауарлардың ең үлкен үлесін киім-кешек пен күнделікті тұтыну тауарлары құрайды.Ұлттық тауарлар каталогындағы ОКТРУ санаттары бойынша жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, көш басында – киім-кешек пен күнделікті тұтыну тауарлары. Бұл санатта 8 миллионнан астам тауар тіркелген, бұл каталогтағы барлық тауарлардың елеулі бөлігін құрайды. Екінші орында – көлік құралдары мен көлік жабдықтары. Бұл санатта 2 миллионнан астам тауар есепке алынған. Үшінші орында инженерлік жүйелерге арналған жабдықтар мен материалдар орналасқан, онда 1 миллионнан астам тауар тіркелген.Алғашқы ондыққа сондай-ақ құрылыс бұйымдары, жиһаз және интерьер тауарлары, азық-түлік пен сусындар, құрылыс материалдары, зергерлік бұйымдар, машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ баспа өнімдері енді.Мұндай көрсеткіштер Қазақстанның тұтыну тауарлары нарығының құрылымын айқын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл Ұлттық тауарлар каталогының ең алдымен жаппай тұтынылатын тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар арасында кеңінен қолданылатынын дәлелдейді. Себебі дәл осы сегменттерде тауар айналымы жоғары әрі өнімнің қадағалануына қойылатын талап та жоғары.Ұлттық тауарлар каталогы (ҰТК) – Қазақстан Республикасында өндірілетін және елге импортталатын барлық тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе. ҰТК-ны бірыңғай мемлекеттік тауар анықтамалығы ретінде міндетті түрде пайдалану 2025 жылғы 18 шілдедегі №215-VIII Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.Каталогтағы әрбір тауарға бірегей NTIN сәйкестендіру коды беріледі. Бұл – 13 таңбадан тұратын нөмір. Ол тауардың бүкіл өмірлік циклі барысында: өндіріс кезінде, импорттау, сақтау, өткізу, электрондық шот-фактураларды рәсімдеу және бақылау-касса машиналарында пайдаланылады. NTIN коды тегін беріледі және мерзімсіз жарамды.2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық тауарлар каталогының талаптарын енгізуге арналған өтпелі кезең толық аяқталды. Соңғы кезеңде бұл талаптар шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде үй маңындағы дүкендерге де енгізілді. Қазіргі таңда сауда саласының барлық қатысушылары – ірі импорттаушылар мен өндірушілерден бастап шағын сауда орындарына дейін – Ұлттық тауарлар каталогын бірыңғай тауар анықтамалығы ретінде пайдалануға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1270147?lang=ru
2026 жылы 22 шілдеде Ақтауда «Өзбекстан – Ұлы Жібек жолының жауһары» туристік форумы өтті 06.08.2026
2026 жылы 22 шілдеде Ақтау қаласында Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігі мен Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырған «Өзбекстан – Ұлы Жібек жолының жауһары» туристік форумы өтті.Форум барысында Өзбекстанның туристік индустрия өкілдері елдің туристік, инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстырып, туризмді дамытудың басым бағыттары, перспективалы жобалар және ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы баяндады.Өз кезегінде Маңғыстау облысы өңірдің туристік әлеуетін, туризм саласында жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарды таныстырды.Форум Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм саласындағы әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға арналған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270124?lang=ru
Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» әні Маңғыстаудағы Қызылқұп шатқалында скрипкамен орындалды 06.08.2026
2026 жылы Батырхан Шүкеновтің аңызға айналған «Отан Ана» әні Маңғыстау облысындағы Қызылқұп шатқалында скрипкамен орындалды. Ерекше музыкалық жоба өңірдің бірегей табиғатын кеңінен насихаттап, Маңғыстаудың туристік әлеуетін көрсетуге бағытталды.Қызылқұп шатқалы түрлі түсті төбелерімен және қызыл-ақ жолақты жоталарымен танымал. Миллиондаған жыл бұрын бұл аумақты ежелгі мұхит сулары басып жатқан. Бүгінде табиғи ландшафтының ерекшелігіне байланысты бұл орын халық арасында «Тирамису аңғары» деген атаумен де белгілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270115?lang=ru
Ақтаудан Үрімшіге алғашқы тікелей әуе рейсі ашылды 06.08.2026
2026 жылы FlyArystan әуе компаниясы Ақтау қаласынан Қытайдың Үрімші қаласына алғашқы тікелей халықаралық рейсті сәтті орындады. Жаңа бағыт Маңғыстау өңірінің халықаралық көлік байланыстарын кеңейтіп, туристік және іскерлік ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.Алғашқы рейстің жолаушылары қатарында Маңғыстау облысының тұрғындары, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Сапар инфотур форматында ұйымдастырылып, қатысушылар Үрімшінің туристік, мәдени және іскерлік әлеуетімен танысты.Ақтау – Үрімші бағытының ашылуы халықаралық сапарларды қолжетімді етіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік және экономикалық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270119?lang=ru
KazAID пен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі ынтымақтастық перспективаларын талқылады 06.08.2026
2026 жылғы 6 тамызда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Н. Арыстанов Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (AIIB) Операциялық серіктестік департаменті Бас директорының міндетін атқарушы Бин Ванмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын және ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1270120?lang=ru
Маңғыстауда туристік нысандар мен жағажай иелеріне арналған семинар-кеңес өтті 06.08.2026
2026 жылғы 29 мамырда Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында өңірдегі туристік нысандар мен жағажайлардың меншік иелеріне арналған семинар-кеңес өтті.Іс-шараға Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Туризм басқармасы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері қатысты.Семинарға Ақтау және Жаңаөзен қалалары, сондай-ақ Түпқараған және Қарақия аудандарындағы 45 жағажай мен демалыс орнының басшылары онлайн форматта қосылды.Палата директорының орынбасары Ақиқат Шарапатдинов жүргізген жиында жазғы туристік маусым қарсаңында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.Кездесу барысында мамандар демалыс орындары мен жағажайлардың санитарлық жағдайына қойылатын талаптарды, қоғамдық дәретханалардың тазалығын сақтау, жағажай аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаз мезгілінде жиі кездесетін жіті ішек инфекцияларының, тағамнан уланудың, ботулизм мен паразитологиялық аурулардың алдын алу шараларын жан-жақты түсіндірді.Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақты жауаптар алып, өзара пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270108?lang=ru
Қаржы министрлігінің белсенді жұмысы: қателіктердің алдын алу мақсатында салықтық және кедендік тексерулердің сапасы талқыланды. 06.08.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде салық және кеден аудиттерінің сапасын арттыруға және оларды жүзеге асыру кезіндегі қателіктердің алдын алуға бағытталған кеңес өтті. Кеңес Қаржы министрлігінің құқық қорғау тәжірибесін жетілдіру және бұзушылықтар санын азайтып, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыратын бірыңғай тәсілдерді әзірлеу бойынша белсенді күш-жігерінің бөлігі болды. Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың төрағалығымен өткен іс-шара 2026 жылдың 3 тамызында Мемлекеттік кіріс комитетінде өтті. Күн тәртібінде салық және кеден аудиттерінің сапасы, сондай-ақ олардың шағымдарының нәтижелері талқыланды. Іс-шара Мемлекеттік кіріс комитетінің орталық аппараты мен салық және кеден аудиттерін тікелей жүргізетін аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференция арқылы өтті. Қаржы министрлігінің белсенді күш-жігерінің бөлігі ретінде жүйелік қателіктердің алдын алуға және аудит тәжірибесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Кеңестің негізгі мақсаты салық және кеден заңнамасын қолдануға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, сондай-ақ аудит нәтижелерінің күшін жоюға әкелетін себептерді жою болды. Қаржы министрлігінің Апелляциялық департаментінің директоры Серік Айсин Апелляциялық комиссияның шағымдарды қарауы кезінде анықталған ең көп таралған бұзушылықтардың талдауын ұсынды. Сенімсіз салық төлеушілермен есеп айырысу, салық және кеден заңнамасын қолдану және тауарларды жіктеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар 2026 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа Салық кодексінің ережелерін, соның ішінде ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдетуге бағытталған түзетулерді дұрыс қолдануға ерекше назар аударды. ҚҚС қайтарудың жаңа ережелерін қолдану да талқыланды. Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдері аудит сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар, соның ішінде соттық қарауды қолдану, алдын ала аудит нәтижелері бойынша салық төлеушілердің жазбаша дәлелдерін қарау рәсімін оңтайландыру және іс-қимылдар тізбегін бақылаудың автоматтандырылған тетіктерін енгізу, рәсімдік мерзімдерді сақтау және Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес құжаттарды жеткізу кезеңдерін тіркеу туралы хабарлады. Кеңесті қорытындылай келе, Қаржы министрінің орынбасары аудиторлардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бойынша жүйелі күш-жігерсіз, үнемі оқытусыз, ұйымдастырушылық және мотивациялық іс-шараларсыз аудит қызметінің сапасын жақсарту мүмкін емес екенін атап өтті. Мұндай кездесулер бұзушылықтардың алдын алуға, салық және кедендік тексерулер кезіндегі қателіктер санын азайтуға, бірыңғай құқық қорғау тәжірибесін дамытуға және салық төлеушілердің құқықтарын қорғауды арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1270100?lang=ru
2026 жылы Ақтау қаласы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туристік астанасы болып жарияланды 06.08.2026
2026 жылы Ақтау қаласы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) туристік астанасы мәртебесіне ие болды. Бұл туралы 29 сәуірде ЭЫҰ-ның туризм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының IX отырысында жарияланды.27–29 сәуір аралығында өткен кездесуде туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, трансшекаралық туристік маршруттарды қалыптастыру, инвестициялар тарту және ұйымға мүше мемлекеттердің туристік әлеуетін ілгерілету мәселелері талқыланды.Ақтауға берілген бұл мәртебе өңірдің халықаралық туристік имиджін нығайтып, жаңа инвестициялар тартуға, туристік ағынды ұлғайтуға және халықаралық серіктестікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270092?lang=ru