Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» жаңа директоры тағайындалды 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» директоры лауазымына Пазылбек Қайрат тағайындалды. Бұған дейін ол қазақ күресі бойынша аға жаттықтырушы қызметін атқарған.Пазылбек Қайрат қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, ұлттық санаттағы төреші, қазақ күресінен төрешілер алқасының төрағасы, сондай-ақ «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің бас төрешісі болған.Сондай-ақ ол «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2023 ж.) және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.) марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/965012?lang=kk
Жазушы Айгүл Кемелбаеваның шығармашылығына арналған «Қазіргі заманның прозасы» атты дөңгелек үстел өтті 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, әдебиетші, кинодраматург Айгүл Кемелбаеваның шығармашылығына арналған «Қазіргі заманның прозасы» атты дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға еліміздің белгілі әдебиеттанушылары, ақын-жазушылары, сыншылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Кеш барысында қатысушылар жазушының шығармашылығы туралы өз ойларын бөлісіп, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін атап өтті.Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтау хаты табыс етілді. «Айгүл Кемелбаева – қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармалары ұлттық мәдениетіміз бен рухани мұрамыздың маңызды бір бөлігіне айналды. Әдебиетіміздің өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін, шығармашылық табыс тілеймін!»,-делінген құттықтау хатта.Дөңгелек үстел аясында жазушының шығармашылығы кеңінен талқыланып, оның әдебиеттегі орны мен көркемдік ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/965001?lang=kk
Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті ауысты 15.04.2025
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен өткен Қазақстан су спорты түрлері федерациясы былтырғы маусымды қорытындылау және жаңа маусымға дайындық жиынында федерацияның жаңа президенті сайланды.Іс-шараға федерация басшылығы, облыстық федерация басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.Жиында федерацияның бас хатшысы Сергей Дроздов кейінгі бірнеше жылда атқарған жұмысы туралы баяндап, су спорты саласындағы маңызды жетістіктерді атап өтті. Кейінгі жылдары отандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, елімізде су спорты түрлерін дамытуға бағытталған жаңа бастамалар айтылды.Жиында федерация президенті Андрей Крюков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді. Оның орнына федерация президенттігіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың кандидатурасы ұсынылып, жиынға қатысушылар, оның ішінде облыстық федерация басшылары мен спорт қауымдастығы өкілдері бірауыздан қолдады.Министр Ербол Мырзабосынов 2019 жылдан бері федерацияны басқарған Андрей Крюковке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Нұрлан Жақыповтың жаңа қызметіне сәттілік тіледі.«Туризм және спорт министрлігі атынан Андрей Крюковке елдегі су спорты түрлерінің дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығымды білдіремін. Су спорты – Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі. Бүгінде 120 мыңнан астам адам осы спорт түрімен айналысады. Ұлттық құраманың халықаралық аренадағы жетістіктері осы спорттың ел ішінде кеңінен танымал болуына ықпал етті. Дмитрий Баландиннің 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы тарихи жеңісі және былтырғы әлем чемпионатында көркем жүзуден Эдуард Ким мен Наргиза Болатованың жеңісі – су спортының еліміздегі әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеді. Федерацияның жаңа басшылығы бұл жетістіктерді одан әрі нығайтып, жаңа белестерге жетеді деп сенемін», – деді министр.Жиын соңында Ербол Мырзабосынов Нұрлан Жақыповқа еліміздегі су спорты түрлерінің халықаралық ынтымақтастығын арттыруға, спортшылардың дайындық деңгейін жақсартуға және спорттық резервті даярлауға ерекше көңіл бөлетініне сенім білдірді.Сондай-ақ федерация вице-президенті болып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Маратұлы Өтепов сайланды.Айта кетейік, Қазақстан су спорты түрлері федерациясы 1998 жылы құрылған. Оның құрамына жүзу, су добы, көркем жүзу, суға секіру және ашық суда жүзу кіреді. Осы жылдар ішінде федерация көптеген талантты спортшыларды тәрбиелеп, халықаралық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/964998?lang=kk
Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысымен кездесті 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Мұхаммед Хасан Джалуд әл-Шаммари және Азия ауыр атлетика федерациясының техникалық комитеті төрайымы Ольга Соловьевамен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстанда және халықаралық деңгейде ауыр атлетиканы дамыту әлеуетін талқылады. Әсіресе, елімізде өтетін ірі турнирлерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, шілде айында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Сондай-ақ 2028 жылы Лос-Анджелесте алауы тұтанатын Олимпия ойындарына рейтингтік ұпай беретін әлем чемпионаты да елімізде ұйымдастырылмақ.Министр Қазақстанда өтетін халықаралық жарыстардың отандық спорт үшін маңызды екенін атап өтті.«Ауыр атлетика – еліміздегі ең танымал әрі жанкүйері көп спорт түрінің бірі. Жанкүйерлердің қолдауы нәтижесінде біздің спортшыларымыз халықаралық ареналарда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшылығына бізге сенім артып, елімізде беделді жарыстар өткізу мүмкіндігін бергені үшін алғыс білдіреміз. Өз тарапымыздан, аталған жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатысушылар мен қонақтар үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз», – деді Ербол Мырзабосынов.Мұхаммед Хасан Джалуд әл-Шаммари Қазақстанмен ауыр атлетика спортын дамыту бағытында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстанның ауыр атлетиканы әлемдік деңгейде насихаттауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Кездесуден кейін Мұхаммед Хасан Джалуд әл-Шаммари мен Ольга Соловьева елордадағы спорттық нысандарды аралап, алдағы жарыстарға дайындық барысымен танысты. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты елдегі ең ірі спорт кешендерінің бірі – Qazaqstan жеңіл атлетика аренасында өтеді.Айта кетейік, бұл – IWF басшысының соңғы бірнеше айда Қазақстанға жасаған екінші сапары. 2025 жылдың қаңтарында Мұхаммед Хасан Джалуд әл-Шаммари елімізге ресми сапармен келіп, Мемлекет басшысының қабылдауында болған еді. Сол кездесуде ауыр атлетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанның осы спорт түріндегі халықаралық ықпалын арттыру мәселелері қарастырылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/964982?lang=kk
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жетілдіру туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2025 жылғы 20 наурызда Агенттік Басқармасының «Білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша есептеу сомасын есептеу қағидаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың есептемесі мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 12 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) қабылданғанын хабарлайды.Қаулы «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленді.«Келешек» бағдарламасының енгізілуіне байланысты Қаулымен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде сақтандыру шарттары бойынша есептік соманы айқындау тәртібі нақтыланады.Енді жинақ сомасы мемлекеттің біржолғы бастапқы білім беру капиталымен толықтырылады (барлығы үшін 60 АЕК, жетім балалар үшін 120 АЕК), ол да инвестицияланады және инвестициялық кіріс есептеледі. Бұл білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жинақтардың жалпы мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді және тиісінше, МБЖЖ қатысушылары үшін жағдайларды жақсартады.Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 наурызда № 35858 болып тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.«Келешек» – бұл жоғары, техникалық және кәсіптік білімді қоса алғанда, елде және шетелде білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін пайдалануға болатын Қазақстанның 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалары үшін қаражат жинақтауға бағытталған мемлекеттік қолдау бағдарламасы.Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарынан шыққан балалар үшін кемінде 12 АЕК және қалған балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ата-аналардың жыл сайынғы ең төменгі жарнасы бағдарламаның міндетті талабы болып табылады. Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/964981?lang=kk
Аудан әкімі қарт аналарды мерекемен құттықтады 15.04.2025
Тамылжыған көктемнің шуаққа толы шырайлы мерекесі – 8 наурыз  Халықаралық  әйелдер  күніне орай аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудандық мәслихат төрағасы Базарбай Төрахметов және ел азаматтарымен бірге ақжаулықты аналардың отбасыларына барып, мерекемен құттықтады.Аудан әкімі алдымен қаладағы Төле би көшесінің тұрғыны І топ мүгедегі Күміс Нұралиева мен Д.Жолымбетов көшесінде тұратын жалғызбасты ана Ғалия Галяутдиноваларға барып аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың және аудан азаматтарының құттықтады.Ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқан аналардың еңбегі ешқашан ұмыт болмайтындығын жеткізді.Өз кезегінде кейуаналар ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсеткен ер азаматтарға ризашылығын білдірді.Арнайы келген азаматтарға кейуаналар елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/964965?lang=kk
Құрметті шахмат сүйер қауым! 15.04.2025
ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстан шахмат федерациясы және облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 6 сәуірінде «Senat Open» 2-ші ашық Кубогының іріктеу туры ұйымдастырылады.Турнирдің мақсаты: Шахматты саяси қайраткерлер, барлық деңгейдегі депутаттар жане қоғам өкілдері арасында танымал ету;Қазақстан Шахмат Федерациясының атқарушы дирекциялары мен жергілікті жерлердегі өкілді билік органдары арасындағы берік байланысты нығайту;Шахмат спортын дамытуға жергілікті атқарушы органдардың назарын аудару;Жарысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдері, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер және білім, мәдениет саласының қызметкерлері қатыса алады. Алматы облысы бойынша 2-ші Ашық Кубогының іріктеу кезеңі сағат 10.00-де Талғар ауданы Бесағаш ауылының мәдениет үйінде өтеді.Байрақты бәсекеден қапы қалмаңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/964947?lang=kk
Аңдатпа (Шет ауд. СЭББ) 15.04.2025
Шет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  2025 жылғы 10 сәуір мен 27 мамыр аралығында 2024 жылғы және 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызмет қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/964940?lang=kk
Аңдатпа (Шахтинск қ. СЭББ) 15.04.2025
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  2025 жылғы 10 сәуір мен 27 мамыр аралығында 2024 жылғы және 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызмет қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/964932?lang=kk
Ескелді ауылдық округінде сенбілік өтті 15.04.2025
🍀🍀🍀«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылдың 28 наурызында Ескелді ауылдық округінде сенбілік өтті. Сенбілік барысында «Ескелді би» кесенесінің маңындағы аумақты және Ескелді би ауылына апаратын жолдар бойын тазалау жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты – халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және округ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/964930?lang=kk
Аңдатпа (Теміртау қ. СЭББ) 15.04.2025
Теміртау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  2025 жылғы 10 сәуір мен 27 мамыр аралығында 2024 жылғы және 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызмет қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/964922?lang=kk
Халық сұранысына сай 15.04.2025
Халық сұранысына сай Жақында аудан орталығында визит-орталық салынатынын хабарлаған едік.  Аудан орталығына  арнайы мамандар келіп, геодезиялық жұмыстарды жүргізуді бастады.  Құрал-жабдықтар әкелініп, нысан салынатын жерді зерделеу жұмыстары басталды. Жоба - 2 жылдық. Өлкенің тарихын көрсетіп, келушілер үшін ақпарат беретін орынның құрылыс барысы назарда болады.  Сонымен қатар, аудан әкімі Құндыкөл ауылында шағын футбол алаңы мен Ж.Аймауытов ауылында балалар ойын алаңын салатын мердігермен кездесті. Екі жобаны “Электро лидер” ЖШС жүзеге асырады. Жұмыстар мамыр айында басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/964911?lang=kk
Халыққа қызмет 15.04.2025
Халыққа қызмет Аудан әкімі А. Ксентаев жоспарға сәйкес және кестеден тыс жеке қабылдаулар өткізеді.  Тұрғындардың жеке бас мәселесі және қоғамдық сауалдарды тыңдап, әрекет етуге қашанда әзір. Көп жағдайда қандай да бір мәселе құзырлы органға жетпей, айтылмай жатады. Дер кезінде әрекет болмағандықтан халық арасында түсініспеушілік болатыны анық. Сол себепті, мәселеңіз заңнамаға сәйкес жедел әрі жүйелі шешілуін қаласаңыз, құзырлы органға жүгінуді ұсынамыз.  Аудан әкімі және аппараты мәселені назардан тыс қалдырмайды. Бүгін де аудан басшысы азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, мәселелерді шешудің тетігі жан-жақты қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/964907?lang=kk
ҚР Үкіметінде білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды 15.04.2025
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен білім беру мекемелерінде балалардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңес өтті.Кеңес барысында қаржыландыру, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, тамақ өнімдерінің сапасын бақылау, сондай-ақ оны тасымалдау шарттары мәселелерімен қатар мектеп және мектепке дейінгі тамақтандыру жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі аспектілері қаралды.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептер мен балабақшалардағы тамақтандыру жүйесінің қазіргі жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті. Ведомство басшысының сөзінше, бүгінде 1,8 миллион оқушы тегін тамақпен қамтылған. Ол үшін 2024 жылы республикалық бюджеттен 205 миллиард теңге бөлінді. 2025 жылдан бастап білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарттары мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсыныстарын ескере отырып әзірленген типтік ас мәзірі енгізіледі.Мониторинг нәтижесінде 677 білім беру ұйымында санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуы дерегі анықталды. Мұндай фактілер балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіретіні алаңдаушылық тудырады. Сондықтан жедел әрекет етуді қажет етеді.Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мектеп оқушыларын сапалы және қауіпсіз тамақтандырумен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі екенін, сондай-ақ санитарлық нормаларды бұзуға жол берілмейтінін жеткізіп, өнімнің сапасын қатаң бақылап қана қоймай, оларды сақтау және дайындау шарттарына мұқият қарау қажеттігін де атап өтті.«Гигиеналық талаптарды сақтамаумен байланысты кез келген тәуекелдерді жою маңызды. Біз мониторингтің заманауи сандық технологияларын енгізуге, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және сапасыз қызмет көрсеткен жеткізушілер үшін қарастырылған жауапкершілікті күшейтуге міндеттіміз», — деді Ермек Көшербаев.Мектеп және мектепке дейінгі тамақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында бейінді мемлекеттік органдарға мынадай тапсырмалар берілді:цифрлық шешімдер мен мониторинг жүйесін мемлекеттік деректер базасымен интеграциялауды енгізу механизмін әзірлеу;білім беру ұйымдарында азық-түлікті сақтау және тасымалдауды бақылауды күшейту;қосымша әкімшілік және ведомстволық шараларды әзірлеу, оның ішінде жоспардан тыс тексерулер жүргізу және жеткізушілердің шарттық және санитарлық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігін арттыру.Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері балалардың тамақтану саласын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жаңарту, сондай-ақ бұзушылықтарды бақылау мен алдын алудың жүйелі тетіктерін енгізу бойынша ұсыныстарын жеткізді.Кеңес нәтижесінде Премьер-министрдің орынбасары анықталған бұзушылықтарға дер кезінде ден қою үшін ведомствоаралық, оның ішінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту бойынша қосымша кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Тамақтандыру қызметтерін ұйымдастыруға тартылған персоналдың біліктілігін арттыру, барлық деңгейдегі үрдістерге тұрақты мониторинг жүргізу қажеттілігіне назар аударылады.Үкімет білім беру ұйымдарында заманауи сапа, қауіпсіздік және ашықтық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады. Цифрлық шешімдерді енгізу, бақылауды арттыру және қоғамның белсенді қатысуы тәуекелдерді барынша азайтуға, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/965566?lang=kk
Аңдатпа (Ә.Бөкейхан ат. ауд. СЭББ) 15.04.2025
Қарағанды ​​қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  2025 жылғы 10 сәуір мен 27 мамыр аралығында 2024 жылғы және 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызмет қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/964895?lang=kk
Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың аудан жұртшылығын Рамазан айының басталуымен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті ағайын!Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де, қадірлі Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!Он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы – сабыр мен сыйластықтың, мейірім мен кешірімнің, игілік пен ізгіліктің айы. Бұл айда мұсылман жамағаты рухани тазару жолына түсіп, қайырымдылық пен жақсылық жасауды басты орынға қояды.Ораза – тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, ол жан мен тәннің тазаруы, сабыр мен шүкіршілікке тәрбиелейтін үлкен сынақ әрі сауапқа толы мүмкіндік.Ата-бабамыз Рамазан айында ынтымақ пен бірлікті ту етіп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасауды парыз санаған. Бұл игі дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.Қадірлі ағайын!Осы айда жасаған әрбір ізгі амалдарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңызға құт-береке, мол ризық, мызғымас ынтымақ орнасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, келесі Рамазан айына есен-сау жетуді жазсын!Ниеттеріңіз қабыл болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/964883?lang=kk
Аңдатпа (Қарқаралы ауд. СЭББ) 15.04.2025
Қарқаралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  2025 жылғы 10 сәуір мен 27 мамыр аралығында 2024 жылғы және 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызмет қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/964881?lang=kk
Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті жерлестер!Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 1 наурыз Алғыс айту күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!Алғыс айту күні – халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілін дәріптейтін, мейірім мен ризашылықтың, татулық пен бірліктің мерекесі. Бұл күн ел тарихындағы күрделі кезеңдерді еске алып, қиын-қыстау заманда бір-біріне қолдау көрсеткен ұлттар арасындағы достық пен сыйластықты айшықтайды.Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы атаулы мейраммен тұспа-тұс келіп отыр. Ассамблея үш онжылдық бойы халықтар достығы мен ынтымағын бекемдеп, бейбітшілік пен келісімнің берік тұғырын қалыптастырып келеді. Бүгінде сан ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Тарихтың күрделі кезеңдерінде Арал өңіріне түрлі этнос өкілдері қоныс аударып, жергілікті халықтың кең пейілі мен қамқорлығының арқасында жаңа өмір бастады. Қазір де олардың ұрпақтары ел игілігі үшін аянбай қызмет етуде.Бірлігіміз бен берік ынтымағымыздың арқасында өңіріміз әрдайым өркендеп, ортақ мүдде жолында нық алға басуда. Мерейлі мерекеде туған жердің дамуына елеулі үлес қосып жүрген барша аралдықтарға, түрлі сала өкілдеріне риясыз алғысымды білдіремін!Қадірлі ағайын, бірлігімізді нығайтып, ортақ дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды бағалай отырып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық!Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, молшылық пен береке тілеймін!Ел бірлігі мәңгі жасай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/964880?lang=kk
Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Армат Жалғасбайұлы Жетібай және Мұнайшы ауылдарында қоғамдық қабылдау өткізді 15.04.2025
⚜️Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Армат Жалғасбайұлы мен аудан әкімінің орынбасары Санат Теңелұлы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетібай және Мұнайшы ауылдарын аралады.⚜️Алдымен, департамент басшысы Мұнайшы ауылындағы қордаланған тарихи қалдықтарды жедел тазалау қажеттігін атап өтіп, қыркүйек айында тексеріс жүргізілетінін ескертті. Жетібай ауылындағы полигон аумағына бақылау жүргізіліп, тиісті ескертулер берілді. Сондай-ақ, «Жасыл белдеу» жобасын тиімді іске асыруды тапсырды және тарихи қалдықтарды тазалау жұмыстарының барысын қадағалады.⚜️Сонымен қатар, «Jupiter Energy Pte. Ltd.» ЖШС, «BECTURLY ENERGY OPERATING» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ЭКО СЕРВИС НЕФТЕГАЗ» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізіліп, қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.⚜️Қабылдау барысында Армат Жалғасбайұлы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаты тек сенбілік жұмыстарымен шектелмейтінін, басты назар экологиялық мәселелерді шешу мен тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге бағытталатынын атап өтті. Ол мекеме өкілдеріне тарихи қалдықтарды жою, сенбілікке белсенді қатысу, көгалдандыру және ауылдың архитектуралық келбетіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.⚜️Өндірістік аймақтардағы экологиялық ахуал, табиғатты қорғау шаралары және қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды. Департамент басшысы барлық мекемелерге қоршаған ортаны қорғау талаптарын қатаң сақтауды ескертті.⚜️Жиын соңында экология департаментінде мердігер мекеме экологтарының, аудан әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен қосымша талқылау өткізілетіні хабарланды.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/964875?lang=kk
Аңдатпа (Қазыбек би ауд. СЭББ) 15.04.2025
Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  2025 жылғы 10 сәуір мен 27 мамыр аралығында 2024 жылғы және 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызмет қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/964872?lang=kk