Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Абай облысының 2025 жылғы қаңтар - ақпан айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы 15.04.2025
Өнеркәсіпте 375,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 99,1% құрады.Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 102,3% өсіммен 20,2 млрд. теңгеге жетті.Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 112,7%.13,8 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді немесе 49,1%.Облыс экономикасына 31,1 млрд. теңгеге инвестиция салынды, нақты көлем индексі - 97,5%.Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54,8 мың бірлікті немесе 103,1% құрады.Ішкі сауда көлемі 116,6 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 109,5%.2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыс бюджетіне 26,6 млрд. теңге көлемінде меншікті кірістер түсті, өсу қарқыны - 121,2%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ekonomika/press/news/details/963403?lang=kk
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі 15.04.2025
      Бүгін Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жоспарына сәйкес Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органы тарапынан қала әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара халыққа мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу мәселелері бойынша түсіндіру және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.    Жәрмеңке барысында қала тұрғындары ең өзекті әрі сұранысқа ие мәселелер бойынша кеңес алды. Курчатов қаласының тұрғындары жер учаскесін жеке меншікке алу тәртібі, тұрғын үй-жайларды қайта жоспарлау, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты өзге де мәселелер бойынша жүгінді.    Іс-шара қорытындысы бойынша барлық келушілер өздерін толғандырған мәселелерге жан-жақты жауаптар мен қажетті ұсыныстар алды. Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1151518?lang=kk
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі Төрағасының орынбасары Алмас Бақытбекұлы Бейбітбековке (2025ж. 31 наурыздағы №Б – 76) Бұйрығына сәйкес актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/968010?lang=kk
Криминалистер мен курсанттар жаңа жабдықтың көмегімен білімдерін тереңдетті 15.04.2025
Солтүстік Қазақстан университетінде ерекше сабаққа студенттер, криминалистер және ҚР ІІМ-нің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары қатысты. Олар өздерінің кәсіби білімдерін жоғары технологиялық «Пирогов» интерактивті анатомиялық үстелінің көмегімен жетілдірді.Бұл оқу бағдарламалық құралы 3D кескіндер арқылы адам анатомиясының барлық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Медицина факультетінің оқытушысы студенттерге адам қаңқасының құрылымын, ішкі ағзалардың, қан айналымы және бұлшықет жүйесінің орналасуын көрсетті, сондай-ақ қаңқаланған сүйектерді зерттеу арқылы жынысы мен жасын анықтау әдістерін түсіндірді.Сабақ заңгерлік мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен алғашқы қызметтік қадамдарын жасап жүрген курсанттарға бағытталғанымен, тәжірибелі криминалистердің де қызығушылығын тудырды.Практикалық сабақ Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері мұндай кездесулер оқиға орнын тексеру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізетініне сенімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/963351?lang=kk
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ 348 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ 15.04.2025
✔️Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мейрамы қарсаңында түркістандықтар қуанышқа кенелді. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 348 отбасына «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен пәтер кілттерін табыстап, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Баспана иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты.📌– Алдымен баршаңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Бүгін біз ерекше қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Өзіміздің бауырларымыз, тұрғындарымыз қоныс тойын тойлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды. Өңірде осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде. 2024 жылы шаһарда 961 отбасы баспаналы болды. 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 3519 тұрғын баспанамен қамтамасыз етілген. Ипотекалық және жеке үйлер де тапсырылуда. Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Таяуда еліміздің рухани астанасы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді. Енді қаламыз, облысымыз бұдан да жоғары қарқында дамиды. Ал бүгін, Наурыз мерекесі қарсаңында тұрғындарға жаңа баспаналар табысталуда. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам. Біз алдағы уақытта да тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырамыз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! – деді Нұралхан Көшеров.✔️Осы күні Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан қала аумағынан сатып алынған 5 қабатты 348 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, 168 баспана көпбалалы отбасыға, 180 пәтер әлеуметтік әлсіз топ санатына жататын азаматтарға табысталды. Аймақ басшысы тұрғындармен бірге жаңа пәтерлерді аралап көрді. Қоныс тойын тойлаған азаматтар қуаныштарымен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Баспана кілттерін табыстау рәсімі алдында қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі өткізіліп, концерттік бағдарламаға ұласты. Киіз үйлер тігіліп, Наурыз мейрамы да атап өтілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/963347?lang=kk
Ұзынкөл ауылының көшелерін абаттандыру. 15.04.2025
Қоғамдық қызметкерлердің күшімен "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында балалар алаңын, тротуарларды қардан тазарту және Ұзынкөл ауылының көшелерін қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-uzinkol/press/news/details/963325?lang=kk
Үйірлі шегірткелер. 15.04.2025
Қазақстанда шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейді, олардың 10-15 түрі дәнді, көкөніс дақылдарының, жайылымдар мен шабындықтардың қауіпті зиянкестері болып табылады. Шегірткелердің ең қауіпті және зиянды түрлері - азиялық, мароккалық және итальяндық прус. Үйірлі шегірткелер кулигаларға (дернәсілдер шоғыры) және отарға (ересектер шоғыры) топтасуға және шоғырланып өмір сүруге тұрақты бейімділікке ие. Кулигалар мен отарлар айтарлықтай қашықтыққа көші-қон жасайды. үйірлі шегірткелер жергілікті халықтың азық-түлік қауіпсіздігі мен тіршілігін қамтамасыз ету үшін ауыр зиян келтіруі және қауіп төндіруі мүмкін. Шегірткеге қарсы өңдеудің қиындығы - олардың өршуін болжау қиын.Кейінгі үш-төрт жылдың ішінде аудан көлемінде зиянкестер арасында ұялы шегірткелердің, Соның ішінде аса қауіпті деп танылған шегіріткелер Итальяндық прус және де Азиялық деп аталатын екі түрі біздің аудан көлемінде 2000 жылдан бастап бой көрсетіп келеді. Шегіріткелер жылына бір ұрпақ береді. Ол жыл сайын күзде жұмырткасын жерге салып, өз ұрпағын артына молынан қалдыратын зиянкес. Қыстың аязы, күздің қара суығы, жаздың аптап ыстығымен, көктемнің ылғалды ызғарына төтеп беретін шегірітке жұмыртқалары келер жылы күн қыза қайта дернәсілдері шыға бастайды. Оның өсуі бес сатыдан тұрады. Сондықтанда оны жұмыртқа салу мерзімінен жеткізбей 2-3 сатыда химиялық жолмен шара қолдану керек. Бұл үшін газогенератормен, ұшақпен ,дельтапланмен жұмыс атқару тиімді болады. Аса қауіпті ұялы шегірткемен күрес шараларының ең бастысы , оның личинкалары бар жерін анықтап, тұқымын  жоюдың шараларын жедел жүргізу қажет личинкаларын көрген сәтте хабарласыңыздар. 2025 жылға Жангелдин ауданында үйірлі шегірткелер бойынша мониторингтік тексеру 765,675 га құрайды. олардың 365,0 га көктемгі-жазғы зерттеу. 395,675 га жазғы зерттеу. 2025 жылы Жангелдин ауданы бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін болжамды аумақ 145.712 мың гектарды құрайды (итальяндық прус- 142,215 мың га, азиялық шегіртке-3,0 мың га,).. Шегірткемен күресу кезінде дернәсілдер негізгі нысан болып табылады және оларға қарсы өңдеу көктемде жүзеге асырылады. Өңдеу сонымен қатар жұмыртқа капсулаларына (ерте көктем) немесе имагоға (кеш көктем мен жаз) бағытталуы мүмкін. Кейде механикалық және агротехникалық шаралар қолданылады. Химиялық заттармен бүрку (Инсектицидтер) шегірткелермен күресудің негізгі әдісі болып табылады. Ол негізінен жердегі және авиациялық әдіспен жүзеге асырылады. Шегірткелерге қарсы әртүрлі өңдеу әдістері қолданылады: толық-зиянкестермен қоныстанған барлық аумақ өңделеді; тосқауылдар - шегірткелердің қозғалыс бағыты бойынша белгілі бір жолақтар өңделеді, тосқауыл аралық кеңістікті өңдеусіз қалдырады; жергілікті - тек дернәсілдердің шоғырлану ошақтары (кулигалар) өңделеді; Шеткі-ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінің айналасында орындалады.   Биылғы жылы аудандық «Республикалық Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемлік орталығы» РММ  Байланыс телефондары 8-71439-21-205, 21-5-80 хабаласыңыздар.  Биылғы жылы мемлекет қарауындағы жерлерде  үйірлі шегіріткелер бой көтереді деп алдын ала болжам бар. Сондықтан да осы шегірткелермен күресте тек арнаулы мамандар ғана емес ,тұтас ауданның әр азаматы ат салысса, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады дегім келеді. Ауыл әкімдері, жем-шөп дайындайтын пішеншілер мен малшылар үйірлі шегіртке білінген сәтте дереу тиісті орындарға хабарласса ұтпасақ ұтылмаймыз. Үйірлі шегірткелерге химиялық өңдеу жұмыстары басталмас бұрын ауыл тұрғындарына ескерту мақсатында, әр ауылдың әкімшілігіне өз округтернің аумағында жүргізілген жұмыстардың көлемі мен қай елді мекенде, қай бағытта химиялық өңдеу жүргізілетіндігі  жөнінде хабарламалар жолданады. Өйткені ескертетін жағдай зиянкестерге қарсы химиялық жұмыстар жүргізген алқапқа     40-45 күнге дейін мал жаюға тыйым салынады. Малдардың жайылатын өрісін сол кездерде өзгерту керек. Сіздерден өңдеу жұмыстары кезіңде малдың жайылымын, малдың топтасып бақташы арқылы бағылуын қадағалауларыңызды сұраймыз. Үйірлі шегірткелерге химиялық жұмыстар таңертеңгілік және кешкі уакытта жасалады.  Үйірлі шегірткелер.  Итальяндық  прус.Таралуы: Бұл зиянкестер Қазақстанда жусанды-дәнді алаңдарды, көбіне Қазақстанның  далалық  және шөлейт аймақтарының құм далалы өңірлерін қ кең таралған, бірақ солтүстік және Батыс Қазақстанда ең көп шоғырланған. Қазақстанның дала және шөлді аймақтарының дәнді-жусанды, жиі құмды дала учаскелерін мекендейді. Бұл әртүрлі мекендеу орындарына оңай бейімделе алатын өте экологиялық пластикалық түр.Сыртқы құрлысы: Артқы қанат үстінен біраз қысқарақ,алыстырмалы  түрде жіңішкелеу. Қоңыр- қызыл қоңыр, сұрғылт қоңыр қоңырқай, аздап ашық және ақшыл түстілер  мен көп ұшырасады. Артқы сирақтары  қызыл немеме  қызғылт қоңыр  кейде ақшыл түске айналады.Күбіршектері: негізі екі бөліктен тұрады:көбіктен және жұмыртқа  капсуласынан.  Олар жирен  түсті буалдыр  бекітуші  көбікпен  толтырылған.Таңдаулы жем өсімдіктері - негізінен шөп болып табылады, дегенмен іс жүзінде барлық дақылдар; соның ішінде жоңышқа, мақта, күнбағысты, көкөніс пен дәнді дақылдарды өсіп-өну кезінде зақымдалуы мүмкін. Алғашқы дернәсілдері сәуірдің аяғынан маусымның ортасына дейін болады. дернәсілдердің дамуы 40-55 күнге созылады және бес жас кезеңнен өтеді. Ересек жәндіктер әдетте шілде айының басынан бастап болады. Шілдеден тамызға-қыркүйекке дейін дейін ұрықтанады. Аналықтары жусанды даланың құрғақ топырақтарында, сондай-ақ борпылдақ, құрғақ топырақтарда бір-төрт жұмыртқа капсуласы (ең көбі 120 қыстайтын жұмыртқа) салады. Ересектер жаздың соңында өледі.         Азиялық шегіртке.Таралуы: Бұл зиянкестер Қазақстанда Азиялык, шегіткенсінің каркынды көбейетін мекен- жайлары Алматы облысында- Балхаш, Алакөл көлдері мен Іле өзенінің жағалуларындағы қамыс қопалары, Атырау облысында Каспидің аралдары мен жағалауы, Жамбыл облысында Шу, Талас өзендерің жағалулары мен Мойынкұм өңipi, Батыс Казакстанда Камыс-Самар көлдерi жүйесінің Балыкты қызылсу жиналатын аймақтары, Кызылорда облысында Телікөл, Караөзен алабы, Костанай облысының Жангелдин, Наурызым аудандары аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады.. Ауылшаруашылық дақылдарының  әр алуан түрлеріне және шабындық пен  жайылымдағы  астық тұқымдасты өсімдіктерге зиян келтіреді. Қоректенетін негізгі  өсімдігі –қопа қамыс Олар  4 – 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Азиялық шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. Азия шегірткесінің ұшатын тобы «ұшпашегірткелер» деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. Азия ұшпа шегірткесінің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 – 10 жылда байқалып тұрады.Сыртқы құрлысы: Ересектері (имаголары)- ірі  бунақденелі. Маңдайы тік.  Жоғары жақтары көкшіл. Алдынғы арқасында Х-тәріздес таңбасы  бар. Үстінгі қанаттары  ұзын, көптеген қоныр дақты, жылтыр. Артқы қанаттары мөлдір, тек түп бөлімі ғана сарғыш  жасыл ренді болып келеді. Артқы бөксесінің  ішкі жағының түп бөлімі көкшіл-қара түсті. Артқы сирағы сарғыш немесе қызыл түсті.  Кеудесінің астынғы жағын  қысқа және  қалың  түк басқан.Күбіршектері: ұзындығы 58-75 мм, пішіні аздап доғаша иілген цилиндр тәрізді Күбішіктің төменгі бөлігінде жұмырқалар жатады. Олар төрт-бес қатарға орналасқан, саны 55-115 дейін жетеді. Күбішіктің жоғарғы бөлімі мөлдір көбікті қоңыр немесе қызғылттау затпен толтырылған.   «КР АШМ АӨК МИК ЖангелдинААИ» ММ бас маман-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор                                                      Б.М. КудабаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/963318?lang=kk
ТІЖ 15.04.2025
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі-ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қағидаларына сәйкес(ҚР ҚМ 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығы) 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап құрылыс материалдарын сату кезінде ТІЖ ресімдеу және Виртуалды қойма модулін қолдану қажет. ТІЖ ресімдеу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» 32-жолда NON SNT көрсете отырып, ТІЖ-сінсіз ЭШФ жазып беру мүмкіндігі бар (ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба қағидаларының 30-1-т.). Пилоттық жобаның мақсаты ТІЖ-ны енгізуге жұмсақ көшу және салық төлеушілерге ТІЖ-ны міндетті түрде қолдануға дайындалу мүмкіндігін беру болып табылатынын атап өтеміз. Пилоттық жоба кезеңінде ТІЖ уақтылы ресімдемегені, расталғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары көзделмеген.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/963315?lang=kk
Наурызнаманың онкүндігі Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде өтті. 15.04.2025
ҚАЖ департаментінде 2025 жылғы 14-23 наурыз аралығында Наурызман онкүндігі өтті, оның шеңберінде Ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті сақтауға және насихаттауға бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Мереке күндері облыс бойынша департамент пен мекеме қызметкерлері арасында қойылымдар, концерттер, спорттық жарыстар өтті. Әр күн белгілі бір тақырыпқа, тиісті іс-шараларға арналды. "Көрісу-Амал мерекесі" (сәлемдесу, жылы кездесулер және ізгі тілектер күні), "қайырымдық" (қайырымдылық күні), "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" (мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні), "Шаңырақ" (Отбасы күні), "Ұлттық киім" (Ұлттық киім күні), "Жаңару" (жаңарту күні), "Ұлттық спорт" (ұлттық спорт түрлері күні), "Ынтымақ" (бірлік және ынтымақтастық күні), "Жыл бассы" (Жаңа жыл) және "Тазару" (тазарту күні) қазақстандық мәдениет пен құндылықтардың маңызды аспектілерін көрсетеді.Он күнге созылған Наурыз мейрамы тек қуаныш пен көңілді уақыт қана емес, сонымен қатар салт-дәстүрлер мен салт-дәстүрлерді құрметтейтін терең рухани тәжірибе болды. Әр күн ерекше мағынаға толы болды, ежелгі әдет – ғұрыптарды сақтау ең маңызды құндылықтардың бірі. Наурызнаманы мерекелеу қоғамның барлық топтары үшін маңызды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskaraganda/press/news/details/963307?lang=kk
Павлодар облысында мүмкіндігі шектеупі жандарға арнапған ноутбуктер мен телефондар жоғары бағамен сатып алынды. 15.04.2025
ҚМА «Қамқор» жедел алдын алу шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізілген өнімдердің құнын негізсіз асыра бағалау фактілері анықталды.          «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары және «Арт-Class» ЖШС атқарушы директорына қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.          Басқарма мемелекеттік сатып алу негізінде «Арт-Class» ЖШС  және «Аюм и Д»  ЖШС-мен мүгедектерге ноутбук, ұялы телефондарды зағип және саңырау адамдарға арналған бағдармалық қамтамасыз етуге бірқатар шарттар жасағаны анықталды, жалпы сомасы 476 теңден асты.          Бұл арқылы жеткізушіге жалпы сомасы  133 млн теңгеге жуық екенін мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін арзан аналогтарды сатып алу түрінде залал келтірілген.          Сарапшылардың қорытындысы бойыншы қосалқы техникалық құралдардың сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық шарттарында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмеді.          Сонымен қатар, жеткізушіге қатысты банктегі шотқа айырбастау жолмен алынған қаражатты заңдастыру және кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 25 млн теңгеден астам пайда табу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.          Сот үкімімен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайыдалды, ал тауар жеткізуші кінәлі деп танылып, оған 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.          Техниканы жеткізушіден мемлекет пайдасына 133 млн теңгеге жуық сомасында азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/963300?lang=kk
Абайлаңыз жұқа мұз! 15.04.2025
Құрметті Біржан сал ауданының тұрғындары мен қонақтары! Көктемгі мұз өте жасырын екенін есте ұстаған жөн.Балаларыңызға назар аударыңыз, мұзға шығу қаупі туралы айтыңыз. Сіздің балаңыз бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыз, көктемгі кезеңде су айдындарында балалардың өтуіне және болуына жол бермеңіз. Әсіресе мұз үстіндегі ойындар қауіпті!Мұз тез ағатын жерлерде, ағынды суларда және соққы кілттерінде, сондай-ақ су өсімдіктерінің өсетін аймақтарында, ағаштар мен бұталардың жанында берік емес екенін есте ұстаған жөн.Қар мен қардың астында, сондай-ақ жағалауда мұз өте қауіпті.Сондай-ақ, жарылыс жұмыстарын жүргізуге және ауа температурасының жоғарылауына байланысты облыстың су айдындарында мұздың мол еруі байқалады.Осыған байланысты Сізден мұзға шықпауыңызды сұраймызҚұрметпен Біржан сал ауданының ТЖ бөліміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal/press/news/details/963289?lang=kk
Павлодар бала-бақшаларына азық-түлік жеткізуші ӘМАТ бағасын 300%- ға қымбаттатқан. 15.04.2025
Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде ӘМАТ бағасын негізсіз қымбаттату фактілерінің жолын кесті.          Жүргізілген мониторинг барысында ЖШС-нің өңірдегі 158 мектепке дейінгі мекеменің 108-нің негізгі жеткізуші болғаны анықталды.          Мектепке дейінгі мекемелермен (бала-бақшалармен) жасалған шарттарда өндіруші зауытынан алған бағадан ӘМАТ-тың түпкілікті тұтынушысына дейінгі баға айырмашылығы:- күнбағыс майы – 286% үстемақымен (453 тг/л-ден 1300 тг/л дейін),- қарақұмық жармасы – 150% (240 тг/кг-нан 600 тг/кг дейін),- қант – 93% (325 тг/кг-нан 630 тг/кг дейін),- тауық жұмыртқасы-79% (430 тг/онд-тан 770 тг/онд дейін),- тұз-66% (60 тг/кг-нан 100 тг/кг дейін),- күріш – 36% (490 тг/кг-нан 670 тг/кг дейін),- сары май – 22% (2075 тг/кг-нан 2550 тг/кг дейін).          Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.          Жеткізушімен жасалған шарттар күшін жойды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде ӘМАТ жеткізу шарттары қайта қаралып, жаңа келісім-шарттар жасасу мәселесі қаралуда. Осылайша үнемделген қаражат сомасы 30 млн теңгеден асты.          ӘМАТ тауарларына баға белгілеудің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар шеңберінде Агенттік бюджеттік ұйымдарға жеткізілетін азық-түлік бағасына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.          Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.Анонимділікке кепілдік беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/963276?lang=kk
Наурыз Тельман ауылдық округінде 15.04.2025
Тельман ауылдық округінде, Антоновка ауылында бүгін Наурыз Мейрамы қуанышпен атап өтіледі. Ауыл орталығында әдемі киіз үй орнатылып, түрлі спорттық іс-шаралар мен конкурстарды қамтитын мерекелік бағдарлама өтуде.Қонақтар мен ауыл тұрғындарына ыстық шай мен хош иісті бауырсақтар беріледі, олар жылулық пен жайлылық атмосферасын жасайды. Жеке кәсіпкер Валерий Катериничевке ерекше алғыс білдіреміз, ол барлық қатысушыларды дәмді палаумен емдейді, біздің мерекеге жарқын дәм ноталарын қосады.Наурыз Мейрамы-жаңару, бірлік пен көңілді уақыт. Бұл күн барлығына қуаныш, бақыт және амандық әкелсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-telman/press/news/details/963258?lang=kk
Баланың туу туралы куәлігін қалай алуға болады? 15.04.2025
👶🪪Баланың туу туралы куәлігі – адамның өміріндегі ең алғашқы құжаты. Оны қалай және қайдан алуға болады? Толығырақ карусельден оқыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/963224?lang=kk
Бала шұғыл түрде медициналық мекемеге ҚР ТЖМ тікұшағымен жеткізілді 15.04.2025
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары Анатолий Козловский мен Бауыржан Бутенбаев шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, баланы Үлкен Нарын ауданынан Өскеменге "Ми-8" тікұшағымен тасымалдады. Бортта кішкентай пациентті санавиация дәрігерлерінің бригадасымен сүйемелдеуі жүзеге асырылды. Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында ұшу қауіпсіз өтті және 2021 жылы туған бала  медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауында болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/963205?lang=kk
Адам саудасына байланысты жағдайлардың алдын алу бойынша ақпараттық бюллетеньдер 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы хабарлайды. Адам саудасына байланысты жағдайлардың алдын алу мақсатында Сіздердің назарларыңызға дайындалған ақпараттық бюллетеньдерді ұсынамыз Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Winrock International және Ақмола облысының прокуратурасы туристер, еңбек мигранттары, Қазақстан Республикасына келетін/кететін басқа да адамдар үшін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/963182?lang=kk
ШҚО студенттері отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы оқу сотын өткізді 15.04.2025
Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің (ҚАЕУ) заң мамандығының студенттері "Заң және тәртіп" қағидаты аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында сот процесінің үлгісін өткізіп, өз шешімдерін шығарды.Жыл басынан бері облыстық жастар ресурстық орталығы өңір жастарына есірткімен күрес, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды әлеуметтік маңызды тақырыптар бойынша түрлі кездесулер, жиындар, тренингтер мен семинарлар ұйымдастырып келеді. Осындай ауқымды іс-шаралардың бірі – ҚАЕУ студенттерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін заңнамалық тұрғыда талқылауы болды.– Бұл шара «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында өткізіліп отыр. Оның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ашық сот процесі арқылы студенттерге қоғамдағы өзекті мәселені түсінікті әрі тәжірибелік тұрғыда көрсетуге тырысамыз, – деді ШҚО Жастар ресурстық орталығының маманы Ермек Асқаров.Іс-шара барысында заң мамандығының студенттері теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану үшін арнайы сот залында шынайы сот процесінің үлгісін қойды. Олар ҚР заңнамасы аясында құқықтарын қорғап, теориялық тұжырымдарын дәлелдеуге тырысты.– Біз оқу-сот процесін өткізу арқылы студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейміз. Сонымен қатар, елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты қандай бағдарламалар қолданылып жатқанын зерттеп, түсіндіруге тырысамыз, – деді ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Қайрат Әлімбаев.Студенттер мұндай тәжірибелік сабақтардың пайдалы екенін атап өтті. Олар сот процесі барысында қорғаушы, прокурор, судья рөлдерін өзара бөлісіп, шынайы жағдайларды талдады.– Мұндай тәжірибелік сабақтар бізге көп нәрсе үйретеді. Өткен жолы мен судья рөлін атқарсам, бұл жолы жауапқа тартылушының орнында отырмын. Бүгінгі сот процесі барысында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты істер қалай қаралатынын, қандай мәселелер көтерілетінін және неге баса назар аудару керектігін жан-жақты талқыладық, – деді 3-курс студенті Салауат Ешимгелдиев.Оқу-сот процесі студенттердің құқықтық білімдерін жетілдіруге және заң саласындағы кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/963181?lang=kk
Әйтеке би ауданы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы 15.04.2025
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖАҢА ҚҰРАМДААғымдағы жылдың 26 наруыз күні Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы Б.Д.Сейлхановтың төрағалығымен Әйтеке би ауданы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:1. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау;2. Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;3. Қоғамдық кеңестің комиссиясын бекіту туралы.Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып, Әйтеке би аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Смагулова Раушангүл Смағұлқызы сайланды. Отырыста аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері кеңес жұмысын жандандыру, аудан тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген мәселелерді кеңес отырысында уақытылы қарап, жергілікті атқарушы органға ұсыныстарын жеткізу, қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру мәселелеріне байланысты өз ой пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізіп, кеңес мүшелерімен бірге талқылайтындығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aytekebi/press/news/details/963179?lang=kk
ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударады 15.04.2025
Өңірде жылыту маусымы кезінде 276 өрт тіркелді. ШҚО ТЖД мамандары өрттердің негізгі себептері ретінде электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, отпен абайсыз әрекет жасау және пештерді пайдалану кезіндегі немқұрайдылықты атап өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қауіпсіз емес тәсілмен күлді жою салдарынан тұрғын үйлерде өрттің жиі орын алғаны айтылды.Жылыту маусымындағы өрттер салдарынан 18 адам көз жұмды. Пештерді уақытында тазаланбағаннан және қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан улы газбен улану салдарынан 21 адам зардап шекті. Тұрғындар арасында өрттің алдын алу және жағдайды тұрақтандыру мақсатында құтқарушылар тұрақты жұмыс жүргізуде. Осылайша, шамамен 146 000 үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 33 000 үйде анықталса, құтқарушылардың алдын алу шараларының нәтижесінде 44 000 үйдегі кемшіліктер тұрғындар тарапынан жойылды.ШҚО ТЖД азаматтарға келесі ережелерді сақтауды ескертеді:Қорғаныс қабаты зақымдалған немесе тозған сымдар мен кабельдерді пайдалануға болмайды;Үйде және пәтерде шылым шегуге және отпен абайсыз әрекет жасауға тыйым салынады;Пештерді кемінде үш айда бір рет тазалау қажет;Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды бақылауды балаларға тапсыруға болмайды;Пештерді шамадан тыс қыздырмау керек;Жарықтары бар немесе ақаулы пештерді пайдалануға тыйым салынады;Пештен алынған күл мен шлакты арнайы бөлінген, өрт шығу қаупі жоқ орынға төгіп, сумен сөндіру қажет.Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/963161?lang=kk
Заң мен тәртіп: Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 15.04.2025
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде облыстық және қалалық деңгейдегі судьялармен кездесу өткізді, оған БКБ режимінде аудандық соттардың жүзден астам өкілі қатысты.Семинар барысында фемида қызметкерлеріне елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы негізгі өзгерістер жеткізіліп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары түсіндірілді.Қатысушылардың ерекше назары судьялар үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар едәуір күшейтілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға, азаматтармен өзара іс-қимылда парасаттылық пен адалдық қағидаттарын сақтауға аударылды.Сот саласында заңды мүлтіксіз сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі шарттарының бірі болып табылатыны, ал қабылданатын бастамаларды тиімді іске асыру заң үстемдігін сенімді бекітуде ғана емес, қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейінде де оң әсер ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-sko/press/news/details/963155?lang=kk