Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Заң мен тәртіп: Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 15.04.2025
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде облыстық және қалалық деңгейдегі судьялармен кездесу өткізді, оған БКБ режимінде аудандық соттардың жүзден астам өкілі қатысты.Семинар барысында фемида қызметкерлеріне елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы негізгі өзгерістер жеткізіліп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары түсіндірілді.Қатысушылардың ерекше назары судьялар үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар едәуір күшейтілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға, азаматтармен өзара іс-қимылда парасаттылық пен адалдық қағидаттарын сақтауға аударылды.Сот саласында заңды мүлтіксіз сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі шарттарының бірі болып табылатыны, ал қабылданатын бастамаларды тиімді іске асыру заң үстемдігін сенімді бекітуде ғана емес, қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейінде де оң әсер ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-sko/press/news/details/963155?lang=kk
Премьер-министр коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау жүйесін цифрландыруды тапсырды 15.04.2025
Үкімет отырысында коммуналдық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.«Жыл сайын отандық кәсіпорындарда 1 млрд тоннаға жуық қалдық жинақталып қалады. Оларды қайта өңдеу көлемі шамалы, небәрі 11%-ды құрайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80%-ға жетеді. Сонымен қатар кен орындарындағы үйінділердің құрамында бағалы және сирек кездесетін металл қоспалары бар. Оларды алу үшін тиімді жаңа технологияларды қолдану қажет. Энергетика кәсіпорындарының күл үйінділері де көбейіп барады. Барлық қалдықтарды тиімді басқарудың айқын жүйесін жасап, оны цифрландыру қажет. Дұрыс тәсілдерді қолдану арқылы қалдықтарды жойып қана қоймай, олар өңделіп, қайтадан кәдеге жаратылуға тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Экология, Өнеркәсіп, Энергетика және Цифрландыру министрліктеріне коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау саласында цифрлық шешімдер әзірлеу тапсырылды.Премьер-министр бүгінде отандық тау-кен компаниялары қалдықтарды қайта өңдеп, оның ішінде құрылыс материалдары мен тыңайтқыштар және басқа да 30-ға жуық өнім түрін шығаратын жобаларды бастағанын атап өтті.Сонымен қатар, Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін қалдықтарды басқару процестерін орталықтандыруға, барлық мүдделі тараптарды тартуға, циклдік экономика моделін құруға бағытталған қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарды қолдау мен ынталандырудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды. Бұл көмір химиясы, құрылыс материалдарын жасау, жерде сирек кездесетін металдарды алу салаларында жаңа өндірістер құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Экология, Энергетика министрліктері  әкімдіктермен бірлесіп, екі апта мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы жобалар тізбесін анықтауы қажет. Әлеуетті инвесторлар тарту үшін сәуір айында аукцион ұйымдастыруы керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/964028?lang=kk
Экстремизм-қазіргі заман мәселесі 15.04.2025
Экстремизм сөзі «шеттеу», яғни «орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету» деген мағынаны береді. Бұл ұғым қоғам ішіндегі жеке тұлғаның немесе топтардың жалпы тәртіпті мойындамауы, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасауы сипатында көрініс табады. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі – радикализм. Ал терроризм – сол экстремизмнің барар нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-ekiasha/press/news/details/963113?lang=kk
22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні 15.04.2025
Шанханай ауылдық округі Игібай Базарбаев атындағы мәдениет үйінің алаңында "Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз" мерекесі атап өтілді. Осы мерекелік іс-шараға ауылымыздың әр жылғы азаматтары және шаруа қожалық басшыларының демеушілігімен үлкен іс-шара болып өтті. Шара барысында округ әкімі О.И.Сатқалиев ауыл тұрғындарын осы мерекемен құттықтап осы іс-шараға ат салысып ұйымдастырып жүрген жігіттерді Алғыс хатпен марапаттады. Іс-шарамызға мекемелер дайындап келген ән, би, көрініс тысау кесер рәсімдерімен концерттік бағдарлама көрсетілді. Ары қарай спорттың барлық түрлері яғни қол күрестіру, арқан тарту, жүгіру, күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру т.б әр түрлі іс-шарамен жалғасты. Осы спорттық іс-шарада спорттық түрінен жеңімпаз атанған жастарға демеушілік еткен әр жылғы ауыл азаматтары және шаруа қожалықтары ақшалай сыйлық және бағалы сыйлықтар табыс етті. Шараның соңында әр мекемелер дайындап келген наурыз көжеден ақ дастарханнан ауыл тұрғындары дәм татты.Мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін дарыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-shanhanai/press/news/details/963100?lang=kk
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы 15.04.2025
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында  өрт қаупі бар және су тасқыны кезеңдері, сондай-ақ жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік объектілерінде газ жабдықтарын пайдалану мәселелері талқыланды.Көктемгі уақытта Екібастұз өңірінде төтенше жағдайларды жою үшін әртүрлі модификациядағы барлық қажетті техника, су айдау құралдары бар, сондай-ақ қосымша тасымалданатын мотопомпалар мен жылжымалы радиостанциялар сатып алынды.«Су өткізгіш құрылыстарға ерекше назар аударған жөн. Сондай-ақ өрттің алдын алу үшін минералданған тірек жолақтарды уақтылы құру қажет», - деп атап өтті Екібастұз қаласының әкімі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz/press/news/details/963093?lang=kk
Құрметті Шемонаиха қаласының тұрғындары, жеке кәсіпкерлер және барлық меншік нысандарының басшылары! 15.04.2025
Сіздердің назарларыңызды Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру ережелерін сақтау қажеттілігіне аударамыз.Көктемгі кезеңде заңды және жеке тұлғалар апта сайын іргелес аумақты тазалап, қаланың барлық аумағында, соның ішінде жеке үй иелерінің аумағын таза және тәртіпті ұстауы, абаттандыру элементтерінің (жолдардың, тротуарлардың, көгалдардың, шағын сәулет нысандарының, жарықтандырудың, су бұру жүйелерінің) бүлінуіне және бұзылуына жол бермеуі тиіс.Объектілердің меншік иелері жасалған шарт негізінде не коммуналдық шаруашылық ұйымдарының күшімен іргелес аумақты санитарлық тазалауды және жинауды қамтамасыз етуге міндетті.Іргелес аумақ-бұл ғимараттың, құрылыстың, қоршаудың, құрылыс алаңының, сауда, жарнама объектісінің және заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алған немесе балансындағы басқа да объектілердің шекараларына тікелей іргелес аумақ, периметрі бойынша 5 метр шегінде.Шемонаиха қаласының әкімдігі аталған талаптар орындалмаған жағдайда кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 – бабына сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар, атап айтқанда жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қолданылатынын ескертеді.Таза тазаланатын жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде!Біздің қаланы бірге таза етейік!          Құрметпен,Шемонаиха қаласы әкімінің аппаратыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-shemonaiha/press/news/details/963092?lang=kk
Қаратомар ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында "Электронды үкімет" порталы арқылы мелекеттік қызмет алу арқылы қажетті анықтамаларын алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және жадынамалар таратылды. 15.04.2025
Қаратомар ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында  "Электронды үкімет"  порталы арқылы мелекеттік қызмет алу арқылы қажетті анықтамаларын алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және жадынамалар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-karatormar/press/news/details/963091?lang=kk
Медициналық тексерулер мен эпидемиологиялық жағдай 15.04.2025
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шет ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ақадыр станциясының ауылдық ауруханасы ұйымдастырумен болған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ - «Қарағанды магистралдық желі бөлімшесі» филиалының және  «ҚТЖ «ҰК» ЖШС– «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының Ақадыр станциясының көлік жұмыскерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытындылау отырыстарына қатысты.Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қарағанды өңірінің көлік қызметкерлері арасында мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу және терінің жұқпалы аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдайды талқылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында туберкулездің және бүгінгі күнге өзекті басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар ұсынылды. Қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/963086?lang=kk
Бақтыбай ауылдық округі Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. 15.04.2025
«Наурыз мейрамы» - табиғаттың жаңаруын, достық пен махаббатты бейнелейтін көктемнің басты мейрамы болып табылады. Бұл мереке көктемгі күн мен түннің теңесуі, көктемнің толығымен өз күшіне ие болуы кезінде тойланады. Дәстүр бойынша халқымыз бұл мерекеде ұлттық киімдерін киіп, туыстары мен жақындарына ізгі тілектерін айта отырып, көктемнің келуімен құттықтауға барады.Бақтыбай ауылдық округі Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Ауыл тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін ерекше көніл-күймен қарсы алды. Мейрамға орай ақ дастархан жайылып, оған ұлттық тағамдар мен дәмді ас мәзірі қойылды. Жиналған ауыл тұрғындарына наурыз көже ұсынылып, мерекелік атмосфера ерекше сезілді. Сонымен қатар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, Наурыз мерекесінің қызығын арттыра түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-baqtybai-jolbarysuly/press/news/details/963083?lang=kk
Өскеменде 30 наурызда өтетін сайлауға дайындық жұмыстар жүргізілуде 15.04.2025
Өскемен қаласында №22 округ бойынша шығып қалған депутаттың орнына мәслихатқа өтетін қосымша сайлау қарсаңында сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді.Тексеруге ШҚО әкімі аппаратының басшысы Текан Текешов пен қалалық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлыбек Шерубаев қатысты. Учаскелердің техникалық жарақтандырылуы, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік, комиссия қатысушыларын даярлау сияқты аспектілерге ерекше назар аударылды.Естеріңізге сала кетейік, 22-ші округ аумағында сайлау 30 наурызда өтеді. Округ аумағында барлығы бес сайлау учаскесі орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/963080?lang=kk
ВЕНАДА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІМІЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Австриядағы Елшілігінің шақыртуымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Вена қаласында Наурыз мейрамына арналған Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы жанындағы «Мұрагер» фольклорлық және «Інжу-Маржан» би ансамбльдерінің концерті өтті.Вена филармониясының (Музикферайн) залында ұйымдастырылған іс-шараға дипломатия, мәдениет, бизнес, БАҚ және Австриядағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.Ең алдымен Қазақстанның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхтар Тілеуберді, Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және Австриядағы қазақтар қауымдастығының өкілі Анар Әділбекова құттықтау сөздерін сөйлеп, Наурыз мейрамының халықтар арасындағы өзара достық пен сенімнің символы екеніне тоқталып өтті.Әрмен қарай атыраулық өнерпаздар ұсынған кеште қазақ ән өнерінің айрықша өкілдері – Ықылас, Есбай, Дәулеткерей, Қазанғап, Абай, Ғ.Құрманғалиев, Н.Тілендиев және Э.Сантеухини, Меркьюри, И.Штраус сынды шетелдік танымал композиторлардың шоқтығы биік шығармалары орындалды.Австриялық көрермен алдында өнер көрсеткен – «Мұрагер» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров, «Інжу-Маржан» би ансамблінің көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Гүлвира Тұрақбаева. Сонымен бірге, ансамбльмен тандемде және жеке орындауда республикалық конкурстардың лауреаты – дәстүрлі әншілер Жасұлан Базарбаев пен Алида Хуанова және күйшілер Айнур Сакупова мен Санжар Қатапов өнер көрсетті.Тұтастай алғанда, Венадағы Наурыз тойы аясында Атырау филармониясының ұлттық өнерді паш етуі Австрия жұртшылығының ыстық ықыласына бөленіп, жоғары бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/963077?lang=kk
Наурызнама аясындағы Тазару күні 15.04.2025
Тазалық – табалдырықтан басталады! Жанама ауылдық округінде Наурызнама аясындағы Тазару күні сенбілік ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбіріміздің міндетіміз! Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылды Ағаштар отырғызылып, жасыл желек көбейтілді Қоқыс пен қалдықтар жиналып, арнайы орындарға шығарылды Ауыл тұрғындары сенбілікке белсене атсалысып, өз үлестерін қосты. Таза ауыл – жарқын болашақ! Әрдайым туған жерімізді таза ұстайық! Бірге тазалықты сақтайық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/963076?lang=kk
Су тасқынына қарсы шаралар 15.04.2025
Малеев ауылдық округінде Қасым Қасенов атындағы No68303 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерімен Лесной, Октябрьский және Бұқтырма көшелерінің бойындағы су өткізгіш құбырларды тазалау бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-maleevsk/press/news/details/963062?lang=kk
22 наурыз Жайнақ батыр ауылдық округі "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" мекрекесін тойлатты 15.04.2025
Қазақ халқының ежелден келе жатқан мейрамы Наурыз  - көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың  оянатын уақытымен тұспа-тұс келеді.Наурыз парсы тілінен  аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді.  Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп те атайды.  Мерекенің басты тағамы - жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көже. Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңелуі кезіне келеді.Наурыз мерекесі Жайнақ батыр ауылдық округінде жылдағы дәстүр бойынша атап өтілді. Ауыл тұрғындары көшелерге бөлініп дастархан жайды. Салт дәстүр, өнер және түрлі спорттық сайыстармен бақ сынасып орындарға лайықты сыйлықтар табысталды. Жайнақ батыр әкімдігі келесі Наурыз мерекесін округі көлемінде бір ауылда тойлауды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-zhainak-batyr/press/news/details/963058?lang=kk
Қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 15.04.2025
Ағымдағы жылдың 24-29 наурыз аралығында Тараз қаласында өткен қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ю.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің 9 сынып оқушысы Токенов Ерназ 55 кг салмақ дәрежесінде 2- орын алып Азия, Әлем чемпионаттарына жолдама алды. Ерназды жеңісімен құттықтап, алдағы чемпионатта сәттілік тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/963057?lang=kk
Армысын - Әз Наурыз атты мерекелік шара 15.04.2025
Қазақ халқының ежелден келе жатқан мейрамы Наурыз - көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың оянатын уақытымен тұспа-тұс келеді. Наурыз парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп те атайды. Мерекенің басты тағамы - жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көже. Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ақжарма мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен 21 наурыз күні сағат 11: 00 де 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурызым - жыл басы, төрлет!» атты мәдени-көпшілік шара болып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aqzharma-district/press/news/details/963034?lang=kk
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолданысқа енгізілуіне байланысты өңірдің білім беру ұйымдарында лицензиялар мен лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда. 15.04.2025
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолданысқа енгізілуіне байланысты өңірдің білім беру ұйымдарында лицензиялар мен лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары лицензиялар мен оларға қосымшаларды қайта ресімдеді.2025 жылдың 1 сәуiрiнен 31 мамырына дейiнгi кезеңде лицензияларды қайта ресiмдеу рәсiмiн меншiк нысанына қарамастан бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары жүргiзуi қажет.Жекеменшік мектеп басшыларымен жиналыс өткізіліп, лицензиялар қайта ресімделді.Қайта ресімдеу кестеге сәйкес аудандар бойынша жүргізіледі.Департамент мамандары ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, лицензияны қайта ресімдеудің алгоритмі мен тетігін түсіндіру бойынша қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларымен, сондай-ақ мектеп директорларымен кеңестер өткізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/963033?lang=kk
«Тазалық эстафетасы» 15.04.2025
⚜️«Тазару» Наурызнамының оныншы күні және «тазалық эстафетасы» жалпыұлттық экологиялық акция аясында Достық саябағында мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың өкілдері қатысқан эко — сенбілік өтті. Іс-шара аумақты қардан тазартуға және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға арналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut/press/news/details/963032?lang=kk
Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті 15.04.2025
Өткен аптада мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетовтың қатысуымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті, онда «Сәтбаев қаласында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шараларының тиімділігі туралы» және «Сәтбаев қаласында дене шынықтыру мен спорттың жай-күйі және оны дамыту жөніндегі шаралар туралы» мәселелер қаралды. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының м.а. А.Маманованың баяндамасына сәйкес Сәтбаев қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2025 жылғы 1 наурызға 4592 бірлікті құрады (оның ішінде: заңды тұлғалар 275 бірлік, жеке кәсіпкерлер 3853 бірлік, шаруа қожалықтары 114 бірлік). ШОБ саласында 6703 адам жұмыспен қамтылған. Қалада кәсіпкерлерді қолдаудың түрлі бағдарламалары жүзеге асырылуда. Мемлекет ұсынатын жеңілдікті несиелер мен гранттар кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді. Бұдан әрі депутаттар «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Н.Тобағұловтың есебін тыңдады, қалада спортпен шұғылдану үшін тиісті инфрақұрылым бар, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік мекеме басшыларына қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/963030?lang=kk
👶🪪Баланың туу туралы куәлігі – адамның өміріндегі ең алғашқы құжаты. Оны қалай және қайдан алуға болады? 15.04.2025
👶🪪Баланың туу туралы куәлігі – адамның өміріндегі ең алғашқы құжаты. Оны қалай және қайдан алуға болады? Толығырақ карусельден оқыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/963023?lang=kk