Қоғам
Ашық Диалог 14.04.2025
Ашық Диалог – халық пен мемлекет арасында диалогты жүргізуге арналған ашық алаң және қашықтық, кезек, міндетті шарттарға сәйкестік туралы білмеу секілді барьерлерді жоюға көмектеседі.Порталдың негізіг мақсаты – мемлекеттік органдар қызметіне азаматтарды тарту. Пайдаланушылар өтінішті тікелей бере алады және нақты мемлекеттік органына немесе жергілікті әкімдікке ұсыныстарды жібере алады, ұялы байланыс сапасы туралы хабарлай алады, әлеуметтік маңызы бар сауалнамаларға қатыса алады. Портал үш негізгі сервистен тұрады:МО бірінші басшыларының блог-платформасыИнтернет-конференцияларСауалнамаларТұрақты негізде ҚР Энергетика министрдің блог-платформасы жұмыс істейді: https://dialog.egov.kz/blogs/32779/welcome.2017 жылы Ашық Үкіметтің «Ашық диалог» порталында келесі тақырыптар бойынша интернет-конференцияларды өткізді:1. ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер;2. экология саласындағы мемлекеттік қызметтер;3. электр энергетика саласындағы жаңалықтар (100 қадам);4. үш МӨЗ жаңарту барысы туралы;5. өндірушілердің (импортерлердің) кеңейтілген міндеттемелері туралы;6. Қазақстанда Энергияның жаңартпалы көздерін дамыту.7. Қазақстанның зияткерлік энергия жүйесін құру (Смарт Грид);8. халықаралық жасыл технологиялар орталығын құру;9. жер қойнауын пайдалану саласын дамытуды уәждемелеу;10. жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) мен сұйытылған мұнай газына баға.Министрлік «Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша 10 сауалнаманы өткізді (https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/list?govAgency=9):1. Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензия алу;2. І санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу;3. І санат объектілері үшін экологиялық рұқсаттар беру;4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензияларды беру;5. ҚР Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша қызметалушыларға арналған сауалнама.Министрліктің келесі мемлекеттік қызметтері бойынша сауалнамаларды өткізу жоспарлануда:6. Газ-желілік ұйымдар аккредитациясы;7. Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай- химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру;8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарға және қызметтер көрсетуге лицензия алу;9. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензия алу;10. Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29368?lang=kk
Алматы «Астана Операны» қошеметпен қарсы алды 14.04.2025
- «Астана Опера» гастроліне көрсеткен қолдауы үшін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына алғысымды білдіремін. Мәдени алмасудың арқасында біз орындаушылар ретінде өсудеміз, өнерімізді түрлі қала мен елдегі көрерменге сыйлау мүмкіндігіне иеміз, біз үшін бұл аса маңызды. Бүгінгі спектакль үлкен жетістікпен өтті, біз, әртістер, алматылық тыңдарманның жылы шырайын, ықылас-шаттығын, көрермендер аудиториясын сезіне білдік, асқақ өнерге деген махаббаттары үшін мың да бір рахмет, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы.Осы кеште жетекші партияларды елордалық театрдың әртістері ұсынды. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин вокалдық әрі актерлік тұрғыдан тамаша орындап шықса, Айдар рөлінде халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнеш керемет өнер көрсете білді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера примасы Майра Мұхамедқызы Ажар бейнесінде ғажайып актерлік жұмысын көрсетті, даусы жұмсақ, нәзік әрі жарқын естілді. Қарлығаш партиясын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты Татьяна Вицинская орындады. Көкпай рөлінде – дарынды Талғат Ғалеев. Әзім – Бейімбет Таңарықов, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян Сырттан бейнесін сомдаса, Евгений Чайников Жиренше кейпінде болды. Нарымбет – Рамзат Балакишиев, Мес – Хайдар Мұстапин.- Өте қызықты қойылым болды. Сәнді-сәулетті декорациялар мен киімдері, халық ән-билерінің әуезді байлығы бар ұлттық операның классикалық үлгісі. М.Әуезов, А.Жұбанов және Л.Хамиди сынды есімдер операны мәңгі әрі ұлы етеді. Бүгін барлық әртістер жақсы деңгейде болды, оркестр мен хор керемет дыбысталды! Бір ғана айтарым: «Браво, «Астана Опера»», - деп әсерімен бөлісті Дулат Омаров есімді көрермен.«Абай» қойылымына көрнекті мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері жоғары бағасын берді. Олардың қатарында – Әлібек Дінішев, Асанәлі Әшімов және, Есмұхан Обаев т.б. бар. Үзіліс кезінде олар дирижердің асқан шеберлігін, оның тұлғасының ауқымдылығын атап өтті, вокалистердің сапалы жұмысы жайлы сөз етті.- Операның жаңа оқылымы, керемет декорациялары мен киімдері маған ерекше əсер етті. «Абай» операсының соңы өз еліңмен, тарихыңмен, əдебиетіңмен, халқыңмен мақтан еткізеді, - деп бөлісті қойылым соңынан танымал қазақстандық опера əншісі Əлібек Дінішев. - Гастроль керемет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатыр, ол барша әлемге ел мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы сапарымызға өте қуаныштымын, себебі театрларымыз шығармашылық диалог жасап, достығымызды нығайтуда. Бүгін біз Қазақстанның Оңтүстік астанасында, опера өнеріміздің қара шаңырағы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында өнер көрсеттік. 1944 жылы бұл жерде «Абай» операсының тұсауы кесілген еді. Осы қойылымды орындау – труппамыз үшін жауапты емтихан. Алматылық көрермен көзі ашық, оқыған, мәдениетті, және бүгін соғылған ду қол шапалақтар, ыстық лебіздер біз үшін үлкен марапат әрі еңбегімізге берілген жоғары баға болды, - деді маэстро Алан Бөрібаев.«Астана Операның» бас дирижері «Абай» спектаклі бойынша бұл оның алғашқы жұмысы еместігін және осы операның халықаралық маңызын атап өтті.- 2013 жылы Германияда «Абай» операсының жаңа қойылымын жүзеге асырдым, ол орасан зор жетістікке ие болды, оның үстіне сол жылы композиторлар Р.Вагнер мен Дж.Вердидің 200 жылдығы болатын, олардың туындыларынсыз әлемнің бірде-бір театрын елестетуге болмайды. Үш қойылым «Жыл қойылымы» атағына номинацияланды, олар – Р.Вагнердің «Запрет любви, или Послушница из Палермо», Дж.Вердидің «Бал-маскарад» және А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» қойылымы болатын, және Р.Вагнер мен Дж.Вердидің мерейтойлық жылында «Абай» операсы жыл қойылымы деп танылды! Туынды өз көрерменінің жүрегін жаулауда. 2014 жылы Абай атындағы МАОБТ-мен бірге бұл операны Францияда орындадық, олар да таң қалдырарлық жетістікпен қабыл алды. Мен әрдайым қазақ өнерін насихаттап жүремін, оркестрмен өнер көрсеткен кезде, бағдарламаға қазақ симфониялық музыкасын қосуға тырысамын. «Абай» операсының үшінші пердесіндегі билер – Үйлену тойының сюитасын BBC Radio 3 (Лондон) радиосына жаздым. Соңғы рет «Абай» қойылымындағы билерді Жапонияда орындадым және жетекші жапон басылымдарының бірі - «Ёмиури симбун» біздің музыкамыз жайлы сүйсіне мадақтап, пікір білдірді. Бұл операны ести сала, жұрт маған келіп: «Нотасын беріңізші! Осы опера туралы көбірек қалай білуге болады? Абай деген кім?... деп сұрайды. «Абай» операсы кілт тәрізді түрлі халықтардың жүрегіне жол тауып, ашады! – деп қосты Алан Бөрібаев.- Бұрын, қазақ опералары, ең алдымен, өзімізге қызықты деп ойлайтынмын, себебі өзімізді тану аса маңызды, бірақ, бұл операның музыкасы әмбебап, ол жер-жаһанда бірдей шаттықпен қабылданады. «Абай» операсы өнеріміздің бетке ұстарына айналды. Оны әрқашанда да орындаймыз және оған әрдайым жүрегіміз ерекше тулайтын болады. «Абай» - біз үшін қасиетті тақырып, - деп сөзін қорытындылады маэстро.Қоюшы режиссер - Джанкарло дель Монако, сценограф – қазіргі заманның атақты суретші сценографы Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, виртуалдық декорацияларды жасаған – Серджио Металли, жарық бойынша суретші – Виничо Кели. «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.Еске салар болсақ, ертең, 11 ақпан күні «Абай» қойылымының екінші көрсетілімі өтеді, Қарлығаш рөлінде болашағы жарқын жас әнші, керемет меццо-сопрано дауыс иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты Малика Минизини дебют жасайды. Сонымен қатар баритон Ержан Саипов та алғаш рет Көкпай партиясын әзірлеп жатыр. 14 ақпан күні сағат 19.00-де ХХ ғасырдың атақты хореографы Кеннет Макмилланның «Манон» балеті орын алады. Ал 17-18 ақпан күндері сағат 18.00-де өтетін Морис Жаррдың «Париж Құдай анасының соборы» балет спектаклімен гастрольдік сапар өз мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29230?lang=kk
Малика Минизини: «Өнер ордасы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында дебют жасау – біздер үшін үлкен мәртебе» 14.04.2025
- Ұлттық операда өнер көрсету – әрдайым жауапты іс, себебі сен Қазақстанның мәдени өнерінің айтулы жетістіктерінің бірін лайықты ұсынып, композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамиди жасаған жауһар туындысын дұрыс интерпретациялауың қажет. Қарлығаш партиясы бойынша ұзақ жұмыс жасадым, бұл маңызды әрі актерлік тұрғыдан өте күрделі рөл. Менің кейіпкерім – әзіл-қалжыңды керемет түсіне білетін, ақылына көркі сай, кішіпейіл, нәзік. Қарлығаштың алғаш рет сахнада пайда болуы шаттық пен қуанышқа толы көңіл-күй қалыптастыруы қажет. Көкпай екеуміз қойылымға жаңа мерекелік леп әкелеміз, себебі Абай бізге беташар өткізіп, тойға дайындықты бастау бойынша тапсырма береді. Маэстро Алан Бөрібаевқа бізге артқан сенімі мен көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Осы операны бірнеше рет орындаған әріптестерімізбен жұмыс жасау өте ыңғайлы болды, олар Ержан Саипов екеумізге құнды кеңестерін берді. Осы дебют гастроль аясында өнер ордасы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында орын алғаны біз үшін аса маңызды, үлкен мәртебе, - деді өнер көрсетуінен кейін «Астана Опера» солисі Малика Минизини.Опералық жауһар туынды кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің либретто желісімен жасалған. Хикаяның негізінде – ұлы қазақ ақыны, ағартушы әрі философ Абай Құнанбаев (1845-1904) өмірінің драмалық оқиғалары жатыр.- Жолдасымыз екеуміз Абай атындағы МАОБТ-ның тұрақты көрермендеріміз. Бұл операны алматылық труппаның орындауында жиі естіп тұрамыз, бірақ бүгінгі спектакльдің есімізде ұзаққа сақталары айқын. Осы қойылымды ұлттық классика мәнінің шыңы деп атауға болады. Бір ғажабы, опера бастапқы авторлық нұсқаны сақтап қалған. Сахна төрінде керемет сәнді кітапхана айқара ашылған кезде көрермен қауымның шаттығы естіліп, зал ерекше таңданды! Әрине, біз жас вокалистерді бағаладық, бүгін орындаушылардың мықты құрамы өнер көрсетті. Олар өз партияларын нық сеніммен орындады, әртістердің дайындығы тамаша, - деп атап өтті Азамат пен Динара Саликовтар.Еске салар болсақ, бүгін басты партияларды орындағандар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Жанат Шыбықбаев, Айдар рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов, Ажар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова. Қарлығаш – халықаралық байқаулардың лауреаты Малика Минизини. Көкпай – Ержан Саипов, Сырттан – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Болат Есімханов және т.б.Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев, «Астана Опера» бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы режиссер – Джанкарло Дель Монако (Италия).«Астана Операның» Алматыдағы гастролі 10-18 ақпан күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру») бағдарламасы аясындағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» халықаралық жобасы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29225?lang=kk
Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссия отырысына Баспасөз релизі 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 28 наурызда Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.Мұнай және газ жөніндегі комиссияның отырысында келесі мәселелер қарастырылды:1. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарымен отандық нарықта ЖЖМ үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету бойынша жұмысты пысықтау;2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұлттық оператордан сатып алынатын тауарлық газды сату үшін құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық кемшіліктерді жою туралы есепті тыңдау;3. Қарағанды бассейнінен көмір қабаттарынан метанды өндіруді дамыту;4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекске сәйкес жаңа механизмдер және ережелер туралы.Отырысқа Қоғамдық кеңестің мүшелері, Министрліктің, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағының өкілдері қатысты.Бірінші мәселе бойынша Комиссия жетекшісі Б.Ауетаевпен ішкі нарықтың қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ететін нақты уақыт туралы мәселені көтерді, сондай-ақ ресурстарды ұстаушылардан мұнай өнімдерін сататын көптеген делдалдық құрылымдарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау ұсынылды. Екінші мәселе бойынша Комиссия мүшесі В.М. Борисовпен газ және газбен жабдықтау саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Министрліктің «ҚазТраснГаз» АҚ тығыз өзара байланыс механизмін пысықтау мәселесі көтерілді.Үшінші мәселе бойынша «ҚазТраснГаз» АҚ өкілдерімен көмір қабаттарынан метан өндіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы егжей-тегжейлі баяндалды және осы жобаны одан әрі зерттеу үшін қаржыландыру жолдарын іздеу мәселесін көтерілді.Осы мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29020?lang=kk
Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 045/2017 ТР) бойынша баспасөз-хабарлама 14.04.2025
Еуразиялық экономикалық комиссиясы (бұдан әрі – ЕЭК) кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 045/2017 ТР) (бұдан әрі – техникалық регламент) қабылданды, ол 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.Техникалық регламент ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазанындағы № 79 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістерді енгізу жоспарына сәйкес әзірленген.Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) аумағында тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың (бұдан әрі - мұнай) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оның Одақ аймағында еркін өткізуді қамтамасыз ету үшін мұнайды таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.Техникалық регламент айналымға шығарылатын және Одақ аумағындағы айналымдағы мұнайға таратылады, техникалық регламент Одақтың кеден аумағынан тыс жерге экспортталатын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақталатын, сондай-ақ дайындаушымен (өндірушімен) тек өздерінің қажеттіліктері үшін пайдаланатын мұнайға қолданылмайды.Айналымға шығарылатын және Одақ аумағындағы айналымдағы мұнай, физика-химиялық көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуға тиісті.Мұнайдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау паспортты рәсімдеумен сынау түрінде жүргізіледі.Мұнай Одақ нарығындағы өнімдер айналымы бірыңғай белгімен таңбаланады, ол паспортында жазылады.Мұнайдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде сынақ әдістері техникалық регламенттің талаптарын пайдалану мен орындау үшін және мұнай сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістері және ережелері, соның ішінде үлгілерді іріктеу ережелері бар халықаралық және аймақтық (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізіміне енгізілетін стандарттарда белгіленеді.Техникалық регламенттің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында http://www.eurasiancommission.org/ru/act/texnreg/deptexreg/tr/Pages/TR_EAEU_045.aspx сілтеме бойынша танысуға болады.Сондай-ақ, ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы шешімімен техникалық регламентінің өтпелі ережелері қабылданды. Аталмыш өтпелі ережелердің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/0143505/clcd_07032018_36 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29017?lang=kk
Қазақстанда заманауи стратегиялық экологиялық бағалауды енгізу жөніндегі заңнамалық түзетулердің алғашқы жобасы әзірленді 14.04.2025
2018 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіне елімізде стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) заманауи жүйесін құруға бағытталған, халықаралық стандарттарға, атап айтқанда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының СЭБ жөніндегі Хаттамасына сай заңнамалық түзетулердің алғашқы жобасы таныстырылды.СЭБ – бұл мемлекеттік жоспарлау кезеңінде қолданылатын және стратегиялық мемлекеттік құжаттарды (мемлекеттік жоспарларды, бағдарламаларды, стратегияларды, тұжырымдамаларды және т.б.) әзірлеу және бекіту барысында экологиялық факторларды ескеруге арналған тиімді құрал. СЭБ қоршаған орта мен адам денсаулығына деген қайтымсыз кері әсердің күні бұрын алдын алуға септігін тигізеді. Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеушілер СЭБ нәтижесі бойынша экономикалық қана емес, сондай-ақ экологиялық аспектілерді ескеретін нақты ұсыныстарға ие болады.Ұлттық және халықаралық сарапшылар әзірлеген СЭБ жөніндегі экологиялық кодекстің жаңа тарауының алғашқы мәтіні Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, БҰҰ ЕЭК және ЕҚЫҰ қатысқан сараптау отырысында талқылаудан өтті (2018 жылғы 26 сәуірде).Пікірталасқа мемлекеттік биліктің салалық органдарының мамандары, БҰҰ ЕЭК және ЕҚЫҰ халықаралық кеңесшілері, ұлттық кеңесшілер және жұртшылық қатысты. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер сарапшылардың алдағы жұмысында ескерілетін болады және 2018 жылғы күздегі қарауға, 2019 жылғы бекітуге шығарылатын болады.Жақында, 2018 жылғы 25 сәуірде жұмыс тобы Қазақстандағы қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны кешенді түрде реформалау тұжырымдамасына оң баға берді. Аталмыш тұжырымдама халықаралық стандарттар мен Эспо Конвенциясы талаптарына сай келетін жаңа, заманауи ҚОӘБ жүйесін енгізуді көздейді. Осы негізде ол аталған тұжырымдаманы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының қарауы мен келісімдеуіне жолдауды ұсынды.Еске салсақ, ҚОӘБ пен СЭБ саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бастамасымен өткізіліп отыр және ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ-ның «Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуін қолдау» атты бірлескен жобасының, ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің және Швейцария үкіметінің қолдауымен іске асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28985?lang=kk
ҚР Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың Қоғамдық кеңестің алдында есеп беру кездесуіне БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 14.04.2025
2018 жылғы 31 мамырда Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың 2017 жылғы Министрлік жұмысының нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес алдында есебі өтті. Министр өз баяндамасында мұнай-газ, электр энергетикасы, көмір, атом өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау салаларында мемлекеттік орган жүргізетін жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады. Мұнай-газ саласында секторлар көрсеткіштерінің айтарлықтай өсімі атап өтілді. 2017 жылға мұнай және газ өндіру көлемі 2016 жылмен салыстырғанда тиісінше 10,5% және 14%-ға өсті. ҚР Энергетика министрі мұнайгаз-химия саласының дамуына үлкен мән берді. Соңғы жылдарда мұнайгаз-химия өндірісін ұйымдастыруға жағдай жасау үшін заңнама айтарлықтай жетілдірілді. Полипропилен (қуаты жылына 500 мың. тонна, құны 2,6 млрд. АҚШ долл.) және Полиэтилен (қуаты жылына 1,2 млн. тонна, құны 6,5 млрд. АҚШ долл.) жобаларын іске асыру шамамен 9 млрд. АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді, құрылыс кезеңінде 10 000 және пайдалануға беру кезінде 1 000 жұмыс орны пайда болады. Электр энергетикасы секторы тұтынудың өсуі аясында электр энергиясын өндірудің алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өсім көрсетті. 2018 жылдың соңына қарай «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» өңіраралық жобасының 500 кВ желісі құрылысының II-ші кезеңі толығымен аяқталады. Жоба Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған. Министрлік бизнесті жасыл технологияларды пайдалануға ынталандыру мәселесіне ерекше мән береді. Ағымдағы жылдың мамыр айында әлеуетті инвесторларды іздестіру, жобаларды техникалық талдау және үздік «жасыл» технологиялар трансферті мүмкіндігімен төмен көмірсутекті инвестициялық жобаларды қолдау және енгізу үшін Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ашылды.Энергетика министрі жаңа Экологиялық кодексті әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Министрлік табиғат пайдаланушылар қызметінің ерекшелігін ескере отырып, тексерулер санын екі есеге жуық азайтуға мүмкіндік беретін қоршаған орта саласындағы тәуекел деңгейін бағалау жүйесін енгізді: тексерістер 2016 жылғы 3177-ден 2017 жылы 1753-ге дейін төмендеді.2017 жылы Министрлік 3 салалық заңнамалық акт әзірледі. Ағымдағы жылы Министрлік 5 заңнамалық акттің жобасын әзірлеуде, атап айтқанда ҚР Парламенті депутаттары бастама жасаған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қабылдау күтілуде.1. Мұнай өндірудің өсімі 3 ірі кен орны есебінен жүзеге асырылады: Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз. Теңіз, Қарашығанақ, Қашағанды кеңейту және одан әрі игеру бойынша жобалар орта мерзімде елдің экономикалық өсіміне елеулі үлес қосады. Мұнай өндіру көлемі біртіндеп өсетін болады және 2025 жылға қарай жылына 104 млн.тонна деңгейіне жетеді.Мұнай өңдеу саласына келетін болсақ, қазіргі уақытта Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталды. Нарықтың мотор отындарына импортқа тәуелділік үлесі азайды. 2018 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аяқталатын болады. Осы жылдың басынан бастап К-4 және 5 стандарттарына сәйкес келмейтін мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салатын Кеден одағының Техникалық регламенті күшіне енді. Өнімділікті арттыру үшін үш МӨЗ-де техникалық жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуде (ТОРО). Жөндеудің жыл сайынғы мерзімі 45 күннен 20 күнге қысқарады, ал 45 күнге тоқтату үш жылда бір рет іске асырылатын болады. Бұл әрбір МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемін жылына орта есеппен 300 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жаңа МӨЗ-ді салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зауыттың орналасатын жерін, параметрлері мен қаржыландыруды анықтау мақсатында а.ж. 1 шілдесіне дейін алдын ала ТЭН-ді әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.2. Қазіргі уақытта елімізді газдандыру деңгейі 47,4% құрайды, 1320 елді мекен газға қол жеткізді. Өңірлерді дамыту трансферттері шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен шамамен 13 млрд. теңге бөлінуде.Мемлекет басшысының 5-ші әлеуметтік бастамасының арқасында Астана мен солтүстік өңірлерді газдандыру мәселесі шешілетін болады.«Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастау ағымдағы жылдың шілдесіне жоспарлануда. «Қызылорда – Жезқазған - Қарағанды –Теміртау - Астана» бағыты бойынша 1-ші кезең 2019 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады. Ұзындығы 1081 км 1-ші кезеңнің құны - 267,3 млрд. теңгені құрайды.3) Жаңартылатын энергия нарығы қарқынды дамуда. Өткен жылы 5 ЖЭК объектісі (3 ГЭС, 1 ЖЭС, 1 КЭС) пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы жалпы қуаты 123 МВт болатын 10 объектіні іске қосу жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 1,08% -ды құрады.4) Министрлік 2017 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асырудың аукциондық механизмін енгізу бойынша заңнамалық және институционалдық негіз құрды.Қазіргі уақытта (а.ж 23 мамыры - 7 маусымы) 245 МВт көлеміндегі сатып алынатын бекітілген қуатқа көктемгі аукциондық сауда-саттық жүргізіліп жатыр. Аукциондық сауда-саттықтың бірінші күнінде ЖЭС тарифі 20% -ға дейін төмендеді.2017 жылы көмір өндіретін компаниялар 106,7 млн. тонна көмір өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 8,3% -ға өсім деңгейін көрсетті.Сонымен бірге 2017 жылы табиғат пайдаланушылармен табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру көлемі 129,6 млрд. теңгені құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары (87 млрд. теңге).Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту мақсатында жүргізілген тексерулердің нәтижесінде бақылау және қадағалау функциялары 30% -ға азайды.Қалдықтарды басқару саласында өңделген және кәдеге жаратылған қалдықтардың үлесі 31%, ТҚҚ - 9%, сонымен бірге 2015 жылдан бастап өндірістік қалдықтар бойынша аталған индикатор 1,3 есеге өсті, ТҚҚ – 5 есеге өсті. 2018 жылы өндірістік қалдықтарды өңдеу үлесін 32%-ға, ал ТҚҚ - 11% жеткізу жоспарлануда. 2016 жылы автокөліктерге және олардың компоненттеріне, 2017 жылы электр жабдықтар мен қаптамаға ӨКМ енгізілді. ӨКМ-ді іске асыру кезеңінде (2016-2017 жылдары) 136,1 мың тонна қалдық жиналып, өңделді. Өңдеушілерге төлем мөлшері 5,2 млрд. теңгені құрады.ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28977?lang=kk
Айзада Капонованың Қыз Жібек партиясындағы дебюті 14.04.2025
- Қыз Жібек секілді мен де Ақжайық өңірінің тумасымын. Ұлттық опералардың ішіндегі маған ең жақыны осы. Сол өлкеде туып-өскендіктен, мен жергілікті салт-дәстүрлерді жақсы білемін. Бұл музыка біздің қанымызға сіңген, кішкентай кезімізден бастап бәрімізге де таныс. Үш жасымда-ақ қолыма орамал алып, «Қыз Жібек» операсына енген әндерді шырқайтын едім. Ауданымызда «Қыз Жібек» операсы қойылған кезде, әкем жастық шағында әрдайым Төлеген рөлінде өнер көрсететін. Студент бола тұра, осынау ұлы эпостың екі нұсқасын оқыған едім, ал Қыз Жібек бейнесінде алғаш рет сахнаға төртінші курста шықтым. Бүгінде Жібек партиясын әртістік тұрғыдан ғана емес, вокалдық жағынан да жаңаша орындайтын боламын: осы рөлді соңғы орындау сәтімнен бастап менің дүниетанымым, көзқарасым өзгерді, ойымда жаңа реңктер пайда болды, - деді Айзада Капонова.Орындаушының алдында атқарар көп міндет бар, бейнені жеткізу аса маңызды. Қыз Жібек – сұлулықтың нышаны. Ол ақылдылық, батылдық және мінездің қайраты сынды қасиеттерге ие болған, ат құлағында ойнаған. Осы партиядағы ең күрделісі – опера соңында қаза тапқан сүйіктісін Жібектің жоқтауы. Өзіннің ішкі-жан дүниеңді қадағалай отырып, көрерменге сезіміңді жеткізе білуің қажет.Айзада Капонова «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық музыка академиясын тамамдады (профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ.Н.Омарбаевтың сыныбы). Әншінің шеберлігі көптеген халықаралық байқаулардағы жеңісімен атап өтілді, ол – «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваль-байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Астана қ.); Халықаралық вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты (Алматы қ.); Н.Тілендиев атындағы Халықаралық фестиваль-байқауының Бас жүлде иегері (Астана қ.). Солистің репертуарында опера спектакльдеріндегі басты партиялар, атап айтқанда – М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан Сара, Алтынай, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан Ажар, Б.Қыдырбектің «Қалқаман-Мамыр» операсынан Мамыр, Дж.Вердидің «Травиата» операсынан Виолетта, «Риголетто» операсынан Джильда, Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсынан Олимпия, В.А.Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсынан Түн патшайымы, Г.Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсынан Лючия рөлдері бар.Қазақтың алғашқы «Қыз Жібек» операсы 83 жыл бұрын атақты драматург әрі жазушы Ғабит Мүсірепов либреттосының желісі бойынша жасалған еді. Спектакльдің негізіне Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббаты жайлы аттас лиро-эпостық жыры арқау болды. Композитор Евгений Брусиловский партитурада қазақ халық әндерін, күйлерін және Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса, Тәттімбет сынды халық сазгерлерінің туындыларын пайдаланды. Осындай шығармалардың ең маңыздысы Қыз Жібек ариясы болды, ол шын мәнісінде Ыбырай ақынның «Гәкку» әні болып табылады.Атап өтер болсақ, Жібек партиясын сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай да әзірлеп жатыр. Төлеген рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Шотабаев, Жан Тапин, Бекежан – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, Талғат Ғалеев өнер көрсетеді. Шеге – Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев, Базарбай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Болат Есімханов, Қамқа – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Гүлжанат Сапақова, Қарлығаш – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова, Мәдина Исламова, Батсайы – Малика Минизини, Дүрия – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, Елена Ганжа.«Астана Опера» Симфониялық оркестрі, хоры және балалар хоры, дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театрының бас режиссері Михаил Панджавидзе, кеңесші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD) Асхат Маемиров, қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов, қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри, балалар студиясының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова.Спектакльдердің басталуы сағат 18.00-де.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/28846?lang=kk
2018 жылғы 29 маусымда Женева қаласында қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде ҚР Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 14.04.2025
2018 жылғы 29 маусымда Женева қаласында (Швейцария) қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.Құжатқа қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, CERN тарапынан – осы ұйымның Бас директоры Фабиола Джанотти қол қойды.Ынтымақтастық туралы халықаралық келісімге бар ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасының ғалымдары, инженерлері, студенттері мен техникалық мамандарына CERN ғылыми-зерттеу жобаларына ұзақ мерзімді негізде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін негіз салу мақсатында қол қойылды.Қазақстанның CERN шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастығы еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта оң имиджін қолдау үшін үлкен мәнге ие екендігін атап өту қажет, ол өз кезегінде елдің ғылыми және инновациялық потенциалының дамуына әсерін тигізеді.Жалпы CERN-мен ынтымақтастық теория мен тәжірибені біріктіруге, осылайша жүргізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Маңызды тұсы: CERN-ге қатысушы елдердің жылдық жарнасы жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Мүше-мемлекеттің жыл сайынғы белгіленген жарнасы 13-14 млн.долларды құрайды. Бүгінде Германия (200 млн. евродан жоғары), Франция, Ұлыбритания және Италия (100 млн. евродан жоғары) ірі донор болып табылады.Қазақстан, өз кезегінде осындай ірі соманы төлемей-ақ CERN-нің түрлі қондырғыларында бірегей зерттеулер жүргізуге қатысатын мүмкіндікке ие болады, осылайша ядролық физика саласындағы озық әрі ең жаңа технологияларды қамтамасыз етеді.Келісімге қол қойғаннан кейін Қазақстанның жас ғалымдары мен мамандары қолданыстағы қондырғыларда тағылымдама өтуге және ең ірі жобасы үлкен адрон коллайдері болып саналатын Ұйымның қондырғыларында жүргізілетін бірлескен тәжірибелеріне қатысуға мүмкіндік алады.Жыл сайын еліміздің 50-ден аса магистр мен PhD докторлары CERN-ң түрлі қондырғыларында бірегей зерттеулер жүргізетін болады, осылайша ядролық физика саласындағы озық әрі ең жаңа технологияларды қамтамасыз етеді.Сапар барысында қазақстандық делегация әлемдегі ең ірі эксперименталды қондырғы үлкен адрон коллайдерімен танысты. Аталған қондырғыны құру және зерттеу жұмысына 100-ден астам мемлекеттен құралған 10 000 астам ғалым мен инженерлер тобы қатысады.ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз сөзінде: «Қазақстанда казіргі уақытта ядролық ғылым мен техника саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер дамуда. Зерттеулерде Ядролық физика институты және ҚР Ұлттық ядролық орталығымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Физика-техникалық институтының ғалымдары белсенді қатысады. Осы келісім үлкен мәртебеге ие болып, іргелі ядролық физика саласындағы ынтымақтастықтың деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін болады», - деді.Сондай-ақ, ол Қазақстан ғалымдарының атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қызметтің негізгі бағыттары ядролық физика бойынша іргелі зерттеулер, қарапайым бөлшектер физикасы және жоғарғы энергиялар физикасы, қатты денелердің радиациялық физикасы, ядролық физика бойынша қолданбалы зерттеулер, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және медицинада ядролық технологияларды әзірлеу және қолдану болып табылатынын атап өтті.Министр «Ядролық физика институты 2010 жылдан бастап Қазақстанның және ТМД жас мамандары үшін бірлескен CERN мектептерін ұйымдастырады. Астана, Дубна және CERN қалаларында 3 мектеп өткізілді (барлығы 80 артық жас ғалымдар тағылымдамадан өтті). Қазақстанда тағы келесі 4-ші мектепті ұйымдастыру жоспарлануда. Экзотикалық ядролар қасиетін зерттеу, сондай-ақ болашақ ядролық реакторлардың конструкциялық элементтеріне жоғары дозалы сәуленің тигізетін әсерін зерттеу бойынша бірлескен тәжірибелерді талқылау жүргізілуде» - деп қорытындылады.Анықтама.Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы қарапайым бөлшектер физикасын зерттеу саласындағы жетекші халықаралық ұйым болып табылады. Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан.Соғыстан кейінгі физиканың пионерлері Рауль Дотри, Пьер Оже, Лев Коварски, Эдоардо Амальди и Нильс Бор физикалық тәжірибелерді зерттеу үшін біртұтас ұйым құрудың қажеттігі туралы мәлімдеді. Еуропа мәдениет конференциясында (Лозанна қаласы, Швейцария, 1949ж.) Луи де Бройль еуропалық зертхана құруды ресми түрде ұсынды. 1951 жылы желтоқсанда Париж қаласында өткен ЮНЕСКО үкіметаралық кездесуінде Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымын құру туралы шешім қабылданды. 1953 жылғы 29 маусым 1 шілде аралығында Парижде 12 еуропа мемлекеттерінің өкілдері CERN құру жөніндегі келісімге қол қойды. Ұйым 1954 жылы 29 қыркүйекте құрылды.Қазіргі уақытта CERN-ге 22 мемлекет мүше болып табылады. Одан басқа, кейбір елдер және халықаралық ұйымдар бақылаушы статусына ие. CERN-де 2400 жуық адам тұрақты жұмыс істейді, және 113 елдің 580 университеттері мен институттарынан 10 мыңнан астам физик пен инженерлер CERN-ң халықаралық тәжірибелеріне қатысып, сонда уақытша жұмыс істеуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28813?lang=kk
Қазақстан игілігін сақтайық 14.04.2025
Қазақстан үшін киік – ол ұлттық игілігі мен мақтанышы. Тек бізде ғана әлемдегі популяцияның негізі бөлігі мекендеуде. Ол жануардың көшпелі түрі. Киіктердің Бетпақдалалы популяциясын тұрақты даму мен молайту, қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде жер бетіндегі су қоймалар, булақтарынан су, атмосфералық ауа, топырақ сынамаларын іріктеп алу үшін «Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынама зертханасының мамандарымен Қостанай облысының Амангелді мен Жангелді аудандар аумақтарында жұмыстар жүргізілген.2018 жылындағы жүргізілген іс-сапарлар барысында Амангелді ауданының Қайнар-Жолоба, Обалы жерлерінде, Жаргуй тұрағында және Жангелді ауданының Көколат жерінде киік суатынан, бұлақ көздерінен, жер үсті су қоймалар суының, атмосфералық ауаның топырақтың 68 сынамасы қызметкерлерімен іріктелініп алынған болатын. Реңінің есепке алуымен атмосфералық ауаның, сонымен қатар топырақтың жүргізілген мемлекеттік мониторинг нәтижелері бойынша анықталмаған. Су қоймаларында жалпы темір, ХПК, БПК5, сульфаттар, мыс, марганец шоғырлануы бойынша аз асырулар анықталған болатын.Зертхана мамандарымен қоршаған ортаның дозиметриялық бақылауы жүргізілген болатын. Радияциялық реңі бойынша асырулар анықталмаған.Мемлекеттік мониторинг ауа, су мен топырақ бойынша зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынама зертханасымен тұрақты негізінде жүзеге асырылады. Тулепбергенова А.А – «Қазақстан Республикасы Энергетика Министірілігі бақылау комитеті Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынама зертханасының бас маманы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28807?lang=kk
Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік тақырыбында семинар 14.04.2025
2018 жылғы 20 шілде күні «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбындағы семинар-жиналыс өткізілді. Семинар-жиналыста Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Бақыт Әбділдаұлы Маханов «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысы туралы», KAZENERGY» қауымдастығының Әлеуметтік - еңбек қатынастары департаментінің директоры Айман Құдайбергенқызы Құсаинова «2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімнің негізгі ережелері туралы», Кәсіподақ төрағасы Пірімқұлов Керім Пірімқұлұлы «Химия, мұнай-химия және өндірістің ұксас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімді іске асыруы бойынша қызметі туралы», Кәсіподақ төрағасының орынбасары Көпбаев Сайран Ізтілеуұлы «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімді іске асыруы бойынша қызметі туралы», «Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Елемесұлы Әуесханов «Әлеуметтік әріптестік пен кәсіподақтардың негізгі рөлі» тақыптарында баяндамалар жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28773?lang=kk
Баспасөз хабарламасы 2018 жылы 26 шілдесінде ҚР Премьер-Министрі Б.А. Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. 14.04.2025
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тарапынан, Батыс Қазақстан облысының мұнай-химиялық кешенін дамыту міндеттері талқыланды.Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Б.О. Ақшолақов өз сөзінде аймақтағы газ және электр энергиясын жеткізу жобалары бойынша әкімдікпен, оның ішінде «Нұрлы-жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында бірлескен жұмыс туралы айтып берді.Батыс-Қазақстан облысының газдандыру деңгейі 94% (тоқсан төрт) пайызды құрайды, бұл шамамен 614 (алты жүз он төрт) мың тұрғын газбен қамтамасыз етілген (барлығы 642,2 мың тұрғын). Барлығы 444 (төрт жүз қырық төрт) елді мекен ішінен 328 (үш жүз жиырма сегіз) елді мекенде газға қол жеткізілді (газдандырылмаған - 116).2018 жылы республикалық бюджеттен Бөкей орда ауданының 11 елді мекен, Ақжайық ауданының 11 ауылын, Қазтал ауданының 5 ауылын және Теректі ауданының 7 ауылын газдандыру үшін 1,8 (бір де сегіз) млрд. теңге бөлінді (2018-2020 жж.). «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде Жанғалы ауданының Жаңағал ауылында (мерзімі 2018 жылы) және Орал қаласының «А» тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету үшін (мерзімі 2018-2018 жж.) 2 газдандыру жобасын іске асыруға 410,6 млн. теңге бөліндіРеспубликалық бюджетті қалыптастыру кезінде 2019-2021 жылдары Қазтал ауданының 9 елді мекенінде және Теректі ауданының 7 елді мекенінде 1,7 млрд. теңге көлемінде газдандыру жобаларын іске асыру аяқталды.Облыс әкімдігі тиісті бюджеттік өтінімдерді жасады.Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім ҚР Қаржы министрлігінде қаралуда, деп хабарлады энергетика вице-министрі.Облыстың энергетикалық жүйесін дамытуға қатысты Болат Ақшолақов «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 2018 жылға республикалық бюджеттен 5 жобаға шамамен 1,1 млрд. теңге қаржы бөлінгенін айтты. Бөлінген қаржы Орал қ. «А» тұрғын үй ауданын электрмен жабдықтауға, Ақжайық ауданындағы Чапаево ауылында жүзеге асырылатын Жанғалы ауданының Жаңағал ауданы, Бөкейорда ауданы Сайхин ауылының шығыс бөлігі және Зеленов ауданы Даринское ауылындағы тұрғын үй құрылысы сияқты жобаларға жұмсалады.Бұл жобаларды іске асыру 1,5 мыңнан астам тұрғын үй мен 13,5 мың пәтерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы электр энергиясының 4 жаңа жобаларын іске асыруды аяқтау және іске қосу үшін Қаржы министрлігіне 1,8 млрд. теңге (2019-2021 жж.) бюджеттік өтінім берілді, оның ішінде құны 15,2 млн. теңгені құрайтын (2019ж.) Бөкейорда ауданы Сайхин ауылында электр желілерін салу жобасы қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28759?lang=kk
"Парниктік газдар шығарындыларын реттеу" тақырыбына интернет-конференция 14.04.2025
2018 жылғы 7 тамыз бен 16 тамыз аралығында Қазақстан Респубикасының Энергетика министрлігі «Парниктік газдар шығарындыларын реттеу» тақырыбына интернет-конференция өткізеді.Шараға белсенді түрде қатысып, тақырып бойынша сауалдарыңызды қоюларыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28731?lang=kk
ХХІ ғасыр үлгісіндегі «Біржан – Сара» 14.04.2025
Қ.Жұмалиевтің либреттосына жазылған М.Төлебаевтың лирикалық-драмалық операсы алғаш рет 1946 жылдың 7 қарашасында Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында ұсынылған еді. 72 жыл ішінде «Біржан – Сара» операсы халықаралық атаққа ие болды: 1958 жылдың 6 желтоқсанында Мәскеудегі қазақ өнерінің он күндігінде көрсетілді. Берлин мен Дрезденде үлкен жетістікке ие болды (1986). Кейін либретто түрік тіліне аударылды да, спектакль 2013 жылы Самсунде, сондай-ақ 2014 жылы Ыстамбұл, Бурса, Эскишехир мен Анкарада өтті. Сол жылы «Астана Опера» театрының труппасы бұл операны Ресейдегі Мариин театрында орындады.«Біржан – Сара» қазақ опера өнерінің төлтума мұрасы. Елордалық театр ұлттық классиканың осынау жауһар туындысына жаңа тыныс, жаңа дем беріп, жандандыруға бел буды. Соңғы заманауи театралдық технологиялардың арқасында, опера сахнаның техникалық мүмкіндіктеріне бейімделіп, қойылым тобының бүгінгі таңдағы бірегей шешімдері іске асырылады.Қойылым тобының құрамықоюшы режиссер: – PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров және кеңесші режиссер – Беларусь Үлкен театрының бас режиссері, Г.Тукай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Панджавидзе, қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов, балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Тәти. Қоюшы режиссердің ассистенттері – Е.Нұрсұлтан, Е.Тойкенов. Қоюшы суретшілер мен сценографтар – С.Тасмағамбетова мен П.Драгунов. Музыкалық редактор – Т.Жармұқамет. Жарық бойынша суретші – Я.Пантани. Проекциялар бойынша дизайнер – С.Металли. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Дәуітов.Жаңа режиссерлік нұсқа бұрынғыларынан көлемінің ауқымдылығымен өзгешеленеді. Демек, барлық сахна кеңейтіледі деген сөз. Көрермен назарына жәрмеңке серуенінің барлық түрлі атрибуттары ұсынылады деп күтілуде, ал шын мәніндегі тыныс-тіршілікті жеткізу үшін спектакльге жануарлар қатысатын болады.Бұдан өзге, спектакльдің тұжырымдамасы барлық кейіпкер бейнелерін біржақты баяндаудың жоқтығымен ерекшеленеді. Бұл дүниеде орын алмаған Біржан мен Сараның махаббаты жайлы оқиға көрерменге ұсынылады. Дәстүр бойынша, опера басты қаһарманның қазасымен аяқталады, дегенмен қоюшылар үміт отын жағып, құрбандыққа шалынған махаббаттың бекер еместігін көрерменге жеткізуді қалайды. Біржан мен Сараның хикаясы мыңдаған ұрпақтың бірігуіне мүмкіндік беріп, ерекше іс-қимылға қозғау салатын махаббаттың ұлы құдіреті туралы естелікпен халық жадында мәңгі қалады.Мүмкін еместің бәрі де іске астыЭскиздерге қарап, декорациялардың осыншама кереметін іс жүзінде жасап шығу мүмкін еместей көрінеді. Спектакльде алғаш рет таңғаларлық технологиялар қолданылды: адам сенгісіз, бірақ сахнада бірнеше тонна су пайдаланылатын болады. Қазақ жерінің сұлу табиғаты қатты декорацияларда да, сонымен қатар 3D проекцияларда да көрініс табады, бұл спектакльдің кинематографиялық әдіспен жасалғанын бір атап өткен жөн.Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов 2017 жылдың күзінде-ақ эскиздер бойынша жұмысты бастап кеткен еді. Суретшілердің айтуынша, ұлттық қойылымды қолға алу оңай болмаған. Сценографтардың қателікке жол беруіне құқығы жоқ, олар ұлттық стилистиканы бұзбай, оған жаңалықты енгізіп, көрерменнің таңданысын тудыруы қажет.- Әрқайсысы 48 әртістен тұратын үш балет көрінісіне арналған киімдерді жасау бойынша қыруар жұмыс атқарылды. Хор әртістеріне арналған киімдер бай әрі керемет жарқын жасалды. Сондықтан алдымызда басты міндет болды – бас кейіпкерлердің бейнелерін одан әрі қанық, әсерлі, көркем ету. Біржанның бекзат киімі оның мәртебесі мен жасын көрсетуде. Сараның той көйлегі өте нәзік жасалды. Қамзолы ұлттық нақышта тігіліп, алтын түсті металл әшекейлермен көмкерілген. Қалыңдықтың өзі асыл тастай болғанын қаладық. Маталардың фактурасы жаңа технологиялық мүмкіндіктердің есебімен таңдалған, заманауи материалдар өте сапалы және олардың түс гаммасы сан алуан, - деді Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов.Бутафорияны жасау үшін жарты жылға жуық уақыт жұмсалды. Шеберлер жаңартылған технологиялар бойынша жұмыс жасады. Орындықтар, шкаф, сандықтар салынған өрнектермен емес, фрезер станогы арқылы жасалып, оюлары кесілген бедерлі айшықтармен әшекейленген. Бұдан бөлек, металл бойынша, сонымен қатар он шақты құмыра жасау бойынша күрделі қыш жұмыстары атқарылды. Осынау спектакльде бедер салу көп қолданылады: барлық белбеу, белдік, қайыстар күрделі өрнекпен безендірілген, әрбір бөлшекті жасауда бутафорлар 3 сағаттан астам қажырлы еңбек етеді. Ал осындай белдіктердің саны жүзден асады. Найзалар мен жебелер – осыларды да бутафорлардың ерлер тобы жасауда. Таза ағаштан жасалған еден үсті сағаты ерекше назарда. Ұсақ бөлшектерін қолмен жасау үшін шеберлерге ұсталық икемдері қажет болды. Патефон да айрықша көзге түсуде, ойнамаса да ол өте шынайы көрінеді, оның міндеті – сол дәуірдің бейнесін жеткізу.Жоғары мәнге ие майталмандықӘртістердің әртүрлі көріністерде тұрмыстық заттарды пайдалана отырып, бейнеге бой үйретуі үшін бутафория дайындық залдарына жөнелтілді.Біржанның рөлін кез келген әнші алып шыға алмайды, ол соншалықты күрделі, ауқымды, барлық күшті жұмылдыруды талап етеді. Оны көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Мейір Байнеш пен Бейімбет Таңарықов дайындауда. Ерекше дарынды әнші Мейір Байнеш бұл партияны «Астана Опера» сахнасында бірнеше рет тамаша орындаған. Бейімбет Таңарықов шығармашылық мансабы жолында Біржанның рөлінде өнер көрсетіп келеді. Солист ым-ишараны сәтті қолданып, әр сөзге мән береді. Вокалистің партияға дайындығын алмазды өңдеп, гауһар тасқа айналдыру үдерісімен салыстыруға болады. Солист әдемі тембр мен таңғаларлық әртістік шеберлікке ие.Сараның рөлі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера сахнасының примадоннасы Майра Мұхамедқызы үшін дебют болмақ. Тамаша сопрано, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай бұл операда қызғаншақ Алтынайдың партиясын орындаған еді, ол да Сараның бейнесін алғаш рет сомдайтын болады.- Менің армандарым орындалады, бұрыннан осы рөлде өнер көрсеткім келген, бірақ бұл үшін өзімді әлі пісіп-жетілген жоқпын деп есептейтінмін, өйткені аталған бейнені сомдау үшін жеткілікті тәжірибе қажет екендігін түсінетінмін. Сара өр мінезді батыл қыз. Вокалдық тұрғыдан бұл классикалық орындаушылықты талап ететін күрделі партия. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсын Дж.Пуччинидің үлкен динамикаға толы операларымен салыстырамын. Әрбір сөз түсінікті болуы үшін, итальяндық мәнерде орындап шығуға тырысамын, - деді Майра Мұхамедқызы.Қоюшы дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов кез келген сахналық музыкалық спектакль өміршеңдігін сақтап, қажеттілігін жоймауы үшін уақыт талабына толыққанды түрде сай болуы тиіс екендігін атап өтті.- Бір жылдан астам уақыт бұрын қойылған «Абай» және «Қыз Жібек» опералары әлі күнге дейін аншлагпен өтуде. Алайда, «Біржан – Сара» операсы үшін жаңа сахналық шешім қабылдайтын мерзім жетті. Композитор Мұқан Төлебаевтың музыкасы табиғатынан өте жарқын, әсем әрі әуезді, оның кәсіби түрде вокалмен айналысқаны белгілі. Композитор «Біржан – Сара» операсында халық ақынының музыкалық дәйексөздерін пайдаланған, «Айтпай» әні бас қаһарман бейнесінің экспозициясы болып табылады, - деп бөлісті Абзал Мұхитдинов. Сонымен қатар, маэстро «Астана Операның» репертуарында жоғары әлемдік деңгейде қойылған қазақ опера өнерінің үш бірдей жауһары бар екендігін, бүгінгі таңда қазақ операсы гүлдену кезеңін өткеріп, тыңдармандардың сұранысына ие болып отырғандығын ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/28726?lang=kk
Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысы 14.04.2025
2018 жылғы 16-17 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың және Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі М.Д. Абилгазиевтың төрағалығымен Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің кезекті 7-ші отырысы өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің және транзиттік-көлік, су-энергетика, туризм және өзге де салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың алдағы жоспарлары талқыланды.Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 6-шы отырысының хаттамасының орындау нәтижелерін қарастырып, сауда, көлік, инвестициялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ туризм мен цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуының қорытындылары талқыланды.Кездесу барысында екі елдің Премьер-Министрлері деңгейінде Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы Келісімге және Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы Хаттама қабылдандыҚазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің келесі 8-ші отырысы 2019 жылы Бішкек қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28725?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай жасалған КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеміз.Өткен ширек ғасыр аралығында барлық салалардағы ынтымақтастық сенім мен үздіксіз даму деңгейінде және екіжақты өзара іс-қимыл ауқымында өтті. Сенімді саяси диалог орнатылды, өзара сауда көлемі бірнеше есе ұлғайды, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасы кеңейтілді, мәдени-гуманитарлық және білім берумен алмасу өсіп келеді.Екі жақты қарым-қатынастар дамуының басты кезеңдеріне 2004 жылы Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаустың Қазақстанға, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Чех Республикасына, 2014 жылы Чех Республикасының Президенті Милош Земанның Қазақстанға ресми сапарлары және 2017 жылы Чех көшбасшысы М.Земанның Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысу мақсатында Қазақстанға жұмыс сапары кіреді.Екі ел арасында парламентаралық достық тобының қызметіне негізделе отырып жоғары заң шығарушы органдар деңгейінде белсенді ынтымақтастық орнатылды. Чехия Парламенті Еуропалық Одақ елдерінің арасында 2016 жылы 15 қыркүйекте ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған алғашқы елдердің бірі.Энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, логистика, білім және туризм кіретін экономикалық өзара іс-қимылдың аса басым салалары айқындалған және жоспарлы игерілуде.Осы бағыттағы жұмыстың ілгерілеуінің басты механизмі 2005 жылы құрылған экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия болып табылады. 2009 жылы Чехияның Қазақстанды сауда-экономикалық 12 басым әріптестерінің тізіміне енгізуінің арқасында сауда және инвестиция саласындағы мүмкіндіктер едәуір кеңейтілді.Екі ел арасында өзгеше көпір ретінде қазақстандық туристердің Чехияға тұрақты түрде келуін атап өтуге болады. Чех Республикасының жоғары оқу орындары қазақстандық жастар үшін тартылыс орталығына айналды. Өз кезегінде чех азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға 30 күн ішінде визасыз келіп кетуге мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы БҰҰ, ЕҚЫҰ ж2не басқа ұйымдар желісі бойынша жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Қазақстан Чех Республикасымен одан әрі достық пен сенім қатынастарын жан-жақты дамытуға және нығайтуға бағдарланған сыртқы саяси бағытын жалғастыруды ниет етіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28404?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай жасалған КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.Достық пен әріптестіктің ширек ғасыры ішінде екі ел арасында сенімді саяси диалог орнатылып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды, шарт-құқықтық база кеңейтілді.Словак Республикасының Президенті Р.Шустердің 2001 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған бірінші ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді маңызды кезеңі болды. Аталған сапар барысында екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас негіздері туралы Декларацияға қол қойылды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы қарашада Словакияға жасаған ресми сапары және Словак Республикасының Президенті И.Гашпаровичтың 2010 жылғы наурызда Қазақстанға жасаған ресми сапары, сондай-ақ оның 2010 желтоқсанда ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жасаған жұмыс сапары ынтымақтастықты нығайтуға елеулі серпін берді.Парламенттік дипломатия екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға маңызды үлес қосуда. Екі елдің жоғарғы заң шығарушы органдарында достық парламенттік топтар құрылған. Депутаттар арасында тұрақты түрде сапар алмасулар жүзеге асады. Словакия Парламенті Еуропалық Одақтың елдері ішінде алғашқы елдердің бірі болып, ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.Саяси диалогты одан әрі күшейтуге маңызды үлесін Словак Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі М.Лайчактың 2016 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған ресми сапары қосты. Сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар басшыларының тұрақты кездесуі мен СІМаралық консультациялардың өткізілуі екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетудің тиімді тетігі болды. Сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынастар дәйекті және үдемелі түрде дамып келеді. Энергетика, машина жасау, электротехника, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көліктік инфрақұрылымды дамыту, білім және туризм салалары экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары болып табылады. Екі елдің іскер топтарының жақындасуын ілгерілетуде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының рөлі зор, бүгінге оның 6 отырысы өтті.Қазақстан мен Словакия негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарды қабылдайды және БҰҰ, ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдар аясында жаһанды қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлестерін қосу үшін халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.ҚР азаматтары үшін ЕО тарапынан визалық тәртіпті жеңілдету мәселесі бойынша Словакия ресми түрде Қазақстанға қолдау көрсетіп отыр. Өз кезегінде, 2017 ж. 1 қаңтардан бастап словак азаматтарына Қазақстанда 30 күн бойы визасыз болу мүмкіндігі берілді.Қазақстан мен Словакия екі ел халықтарының игілігі үшін алдағы уақытта екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағдарланған сыртқы саяси бағытты одан әрі жалғастыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28403?lang=kk
«Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» – Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі төрағалығының басты тақырыбы 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жыл 4 қаңтар – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі қызметі туралы айтты.Е. Ашықбаев БҰҰ ҚК-дегі төрағалығы барысында қазақстандық делегация Президент Нұрсұлтан Назарбаетың Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты Саяси үндеуінде айқындалған жеті басымдықты іске асыруды жалғастыратын болады.Бірінші жұмыс күні БҰҰ ҚК мүшелері Кеңестің қаңтарға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, қабылдады және оның толықтығын, мазмұндылығын, өзектілігі мен теңгерімділігін атай отырып, жан-жақты қолдау білдірді. Министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ ҚК тәжірибесіне Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелерінің туларын көтеру салтанатын енгізгенін атап өтті.Баспасөз конференциясы барысында Е. Ашықбаев 18 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбында жоғары деңгейдегі брифинг өтетініне назар аударды. Іс-шарада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, сондай-ақ БҰҰ ҚК мүше елдерінің жоғары деңгейдегі өкілдері өз баяндамаларын таныстырады деп күтілуде. «Тақырыптық брифинг қазақстандық дипломатияның дәстүрлі басымдықтарымен және Мемлекет басшысының сыртқы саяси бастамаларымен айқын үйлеседі», - деді министрдің орынбасары.БҰҰ ҚК төрағалығы барысындағы басқа маңызды іс-шара Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың қатысуымен өтетін «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру» тақырыбындағы министрлік пікірталастары болады.Ауғанстанға қатысты Е. Ашықбаев басқа жанжалды облыстарда қолдану үшін үлгі болуы мүмкін, ауған проблемасын шешудің үш негізгі аспектісін атады, олар: қауіпсіздік пен даму арасындағы тығыз байланыс, әртүрлі проблемаларды шешу үшін өңірлік көзқарас және БҰҰ құрылымдары арасындағы кешенді даму стратегиясы. Сонымен қатар ол ауған проблемасын реттеу өңірдегі елдердің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызы бар екенін атады.Дәстүрлі түрде қаңтарда Қазақстанның төрағалығымен Кеңесте Сирия, Ливия, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Батыс Африка мен Сахель, Оңтүстік Судан, Мали, Сомали, Кипр және Колумбия елдеріндегі жағдайлардың ашық және жабық талқылаулары өтеді. 25 қаңтарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінің деңгейінде «Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі» тақырыбындағы тоқсандық ашық пікірталастар болады. Төрағаның бірқатар қарарлары мен мәлімдемелері қабылданады деп жоспарланған.Сонымен қатар министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі мүшелігінің бірінші жылы туралы әңгімеледі. Қазақстан делегациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының 61 қарарын қабылдауда, оның ішінде 11 тең авторлықта және 27 мәлімдемесінде өз үлесін қосты. Қазақстан үшін басты мәселелер, соның ішінде превентивті дипломатия, сенім шараларын нығайту, таратпау, жанжалдарды реттеу, халықаралық терроризмге қарсы тұру және т.б. мәселелер айтылды. Осылайша, Қазақстан әділ медиатор ретінде бүкіл әлемнің жалпы мүддесі үшін әрекет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28401?lang=kk
Вокал өнеріне деген сүйіспеншілік 14.04.2025
XIX ғасырдың вокалдық лирикасындағы жеке жан толқынысы мен көңіл-күй әлемін тыңдармандарға тамаша өнерпаз әртістер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жәмилә Жарқымбаева (сопрано) және Жан Тапин (тенор), халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Вицинская (меццо-сопрано), Азат Мәлік (баритон) ашады. Көрермендер сондай-ақ дарынды виолончельші, халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Мұқановтың өнерін бағалай алады. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова.Мазмұнды концерттік бағдарламада Михаил Глинканың, Петр Чайковскийдің, Николай Римский-Корсаковтың, Сергей Рахманиновтың опералық және камералық-вокалдық шығармашылығы ұсынылатын болады. Осындай ұлы композиторлардың көптеген туындылары бүгінгі күнге дейін әртүрлі елдердің көрермендері арасында үлкен сұранысқа ие болып, өзінің құндылығымен тыңдармандар мен музыканттарды таңдандырып келеді.Барлығымыздың сүйікті романстарымыз – М.Глинканың «Сомнение», «В крови горит огонь желанья», «Адель» П. Чайковскийдің «Скажи, о чем в тени ветвей», «Средь шумного бала», «Примирение», Н. Римский-Корсаковтың «Нимфа» және тағы басқа көптеген туындылар шырқалады. Атақты опералардан үзінділер де орындалатын болады, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы, Н.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» операсынан Марфаның ариясы, «Садко» операсынан үндістандық қонақтың жыры, «Мамыр түні» операсынан Левконың ариясы және т.б.Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған шығармалар шынайылығымен, тереңдігімен, көркемдігімен, эстетикалық әсерлілігімен ерекшеленеді. Солистер осы кеште Камералық зал сахнасына ерекше сезіммен шығатынын атап өтті. Олардың міндеті– көрермендерге автордың түпкі ойына сәйкес туындының бар қыр-сырын жеткізу, әрбір шығарманың өзгешелігін, шағын бөлшегін немесе музыкалық екпінін барынша дәл беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/28357?lang=kk
Қазақстан мен Африкалық Одақ Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді 14.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 15 қаңтар - Қазақстанның Африкалық Одақ жанындағы Тұрақты Өкілі Ерлік Әли Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету туралы Келісім рәсіміне қатысты.Аталған келісімге сәйкес Қазақстан Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Африкалық Одақтың Комиссиясына 215 мың АҚШ долл. жолдайды. Атап айтқанда, мемлекеттің Оңтүстік-Батыс облыстарына таза суды қамтамасыз ету бойынша екі жобаны іске асыру мақсатында бөлінетін қаржы болып табылады.Келісімнің талаптарына сәйкес 2018 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан тарапы аталмыш жобалардың іске асырылуын тексеру мақсатында Сомалиге сапар ұйымдастыратын болады.Африкалық Одақтың құрылымдары арқылы Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету шешімі мемлекетте «Аш-Шабаб» террористік топтардың істері мен азаматтық соғыс салдарынан пайда болған қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты қабылданды.Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсету бойынша халықаралық ұйымдарға ерікті жарналар жолдау бағдарламасына сәйкес аталған келісімге қол қойылды.Сонымен қатар, Қазақстанның Сомалиге гуманитарлық көмек көрсетуі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Саяси жолдауында айтылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталастарында ұсынылған БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі ретінде еліміздің бастамаларына (Африканың бейбіт және тұрақты дамуына жәрдемдесу) сәйкес болып келеді.Сомалидегі жағдай Сомали мен Эритрея бойынша БҰҰ ҚК санкциялар комитетінің (Комитет 751/1907) төрағасы ретінде Қазақстанның жауапкершілік аймағына кіреді.Оған қоса, зардап шеккен халықты сумен қамтамасыз ету бойынша аталған жобалар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі ядролық, су, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі төрт бағдарламаларына сәйкес келеді.Қазақстан 2014 жылдың қараша айынан бастап 1 млрд. астам тұрғыны бар құрлықтың 55 мемлекетті біріктіретін Африка одағының байқаушысы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28285?lang=kk