Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай жасалған КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеміз.Өткен ширек ғасыр аралығында барлық салалардағы ынтымақтастық сенім мен үздіксіз даму деңгейінде және екіжақты өзара іс-қимыл ауқымында өтті. Сенімді саяси диалог орнатылды, өзара сауда көлемі бірнеше есе ұлғайды, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасы кеңейтілді, мәдени-гуманитарлық және білім берумен алмасу өсіп келеді.Екі жақты қарым-қатынастар дамуының басты кезеңдеріне 2004 жылы Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаустың Қазақстанға, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Чех Республикасына, 2014 жылы Чех Республикасының Президенті Милош Земанның Қазақстанға ресми сапарлары және 2017 жылы Чех көшбасшысы М.Земанның Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысу мақсатында Қазақстанға жұмыс сапары кіреді.Екі ел арасында парламентаралық достық тобының қызметіне негізделе отырып жоғары заң шығарушы органдар деңгейінде белсенді ынтымақтастық орнатылды. Чехия Парламенті Еуропалық Одақ елдерінің арасында 2016 жылы 15 қыркүйекте ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған алғашқы елдердің бірі.Энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, логистика, білім және туризм кіретін экономикалық өзара іс-қимылдың аса басым салалары айқындалған және жоспарлы игерілуде.Осы бағыттағы жұмыстың ілгерілеуінің басты механизмі 2005 жылы құрылған экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия болып табылады. 2009 жылы Чехияның Қазақстанды сауда-экономикалық 12 басым әріптестерінің тізіміне енгізуінің арқасында сауда және инвестиция саласындағы мүмкіндіктер едәуір кеңейтілді.Екі ел арасында өзгеше көпір ретінде қазақстандық туристердің Чехияға тұрақты түрде келуін атап өтуге болады. Чех Республикасының жоғары оқу орындары қазақстандық жастар үшін тартылыс орталығына айналды. Өз кезегінде чех азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға 30 күн ішінде визасыз келіп кетуге мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы БҰҰ, ЕҚЫҰ ж2не басқа ұйымдар желісі бойынша жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Қазақстан Чех Республикасымен одан әрі достық пен сенім қатынастарын жан-жақты дамытуға және нығайтуға бағдарланған сыртқы саяси бағытын жалғастыруды ниет етіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28404?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай жасалған КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.Достық пен әріптестіктің ширек ғасыры ішінде екі ел арасында сенімді саяси диалог орнатылып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды, шарт-құқықтық база кеңейтілді.Словак Республикасының Президенті Р.Шустердің 2001 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған бірінші ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді маңызды кезеңі болды. Аталған сапар барысында екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас негіздері туралы Декларацияға қол қойылды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы қарашада Словакияға жасаған ресми сапары және Словак Республикасының Президенті И.Гашпаровичтың 2010 жылғы наурызда Қазақстанға жасаған ресми сапары, сондай-ақ оның 2010 желтоқсанда ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жасаған жұмыс сапары ынтымақтастықты нығайтуға елеулі серпін берді.Парламенттік дипломатия екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға маңызды үлес қосуда. Екі елдің жоғарғы заң шығарушы органдарында достық парламенттік топтар құрылған. Депутаттар арасында тұрақты түрде сапар алмасулар жүзеге асады. Словакия Парламенті Еуропалық Одақтың елдері ішінде алғашқы елдердің бірі болып, ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.Саяси диалогты одан әрі күшейтуге маңызды үлесін Словак Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі М.Лайчактың 2016 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған ресми сапары қосты. Сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар басшыларының тұрақты кездесуі мен СІМаралық консультациялардың өткізілуі екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетудің тиімді тетігі болды. Сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынастар дәйекті және үдемелі түрде дамып келеді. Энергетика, машина жасау, электротехника, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көліктік инфрақұрылымды дамыту, білім және туризм салалары экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары болып табылады. Екі елдің іскер топтарының жақындасуын ілгерілетуде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының рөлі зор, бүгінге оның 6 отырысы өтті.Қазақстан мен Словакия негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарды қабылдайды және БҰҰ, ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдар аясында жаһанды қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлестерін қосу үшін халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.ҚР азаматтары үшін ЕО тарапынан визалық тәртіпті жеңілдету мәселесі бойынша Словакия ресми түрде Қазақстанға қолдау көрсетіп отыр. Өз кезегінде, 2017 ж. 1 қаңтардан бастап словак азаматтарына Қазақстанда 30 күн бойы визасыз болу мүмкіндігі берілді.Қазақстан мен Словакия екі ел халықтарының игілігі үшін алдағы уақытта екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағдарланған сыртқы саяси бағытты одан әрі жалғастыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28403?lang=kk
«Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» – Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі төрағалығының басты тақырыбы 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жыл 4 қаңтар – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі қызметі туралы айтты.Е. Ашықбаев БҰҰ ҚК-дегі төрағалығы барысында қазақстандық делегация Президент Нұрсұлтан Назарбаетың Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты Саяси үндеуінде айқындалған жеті басымдықты іске асыруды жалғастыратын болады.Бірінші жұмыс күні БҰҰ ҚК мүшелері Кеңестің қаңтарға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, қабылдады және оның толықтығын, мазмұндылығын, өзектілігі мен теңгерімділігін атай отырып, жан-жақты қолдау білдірді. Министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ ҚК тәжірибесіне Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелерінің туларын көтеру салтанатын енгізгенін атап өтті.Баспасөз конференциясы барысында Е. Ашықбаев 18 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбында жоғары деңгейдегі брифинг өтетініне назар аударды. Іс-шарада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, сондай-ақ БҰҰ ҚК мүше елдерінің жоғары деңгейдегі өкілдері өз баяндамаларын таныстырады деп күтілуде. «Тақырыптық брифинг қазақстандық дипломатияның дәстүрлі басымдықтарымен және Мемлекет басшысының сыртқы саяси бастамаларымен айқын үйлеседі», - деді министрдің орынбасары.БҰҰ ҚК төрағалығы барысындағы басқа маңызды іс-шара Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың қатысуымен өтетін «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру» тақырыбындағы министрлік пікірталастары болады.Ауғанстанға қатысты Е. Ашықбаев басқа жанжалды облыстарда қолдану үшін үлгі болуы мүмкін, ауған проблемасын шешудің үш негізгі аспектісін атады, олар: қауіпсіздік пен даму арасындағы тығыз байланыс, әртүрлі проблемаларды шешу үшін өңірлік көзқарас және БҰҰ құрылымдары арасындағы кешенді даму стратегиясы. Сонымен қатар ол ауған проблемасын реттеу өңірдегі елдердің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызы бар екенін атады.Дәстүрлі түрде қаңтарда Қазақстанның төрағалығымен Кеңесте Сирия, Ливия, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Батыс Африка мен Сахель, Оңтүстік Судан, Мали, Сомали, Кипр және Колумбия елдеріндегі жағдайлардың ашық және жабық талқылаулары өтеді. 25 қаңтарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінің деңгейінде «Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі» тақырыбындағы тоқсандық ашық пікірталастар болады. Төрағаның бірқатар қарарлары мен мәлімдемелері қабылданады деп жоспарланған.Сонымен қатар министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі мүшелігінің бірінші жылы туралы әңгімеледі. Қазақстан делегациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының 61 қарарын қабылдауда, оның ішінде 11 тең авторлықта және 27 мәлімдемесінде өз үлесін қосты. Қазақстан үшін басты мәселелер, соның ішінде превентивті дипломатия, сенім шараларын нығайту, таратпау, жанжалдарды реттеу, халықаралық терроризмге қарсы тұру және т.б. мәселелер айтылды. Осылайша, Қазақстан әділ медиатор ретінде бүкіл әлемнің жалпы мүддесі үшін әрекет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28401?lang=kk
Вокал өнеріне деген сүйіспеншілік 14.04.2025
XIX ғасырдың вокалдық лирикасындағы жеке жан толқынысы мен көңіл-күй әлемін тыңдармандарға тамаша өнерпаз әртістер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жәмилә Жарқымбаева (сопрано) және Жан Тапин (тенор), халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Вицинская (меццо-сопрано), Азат Мәлік (баритон) ашады. Көрермендер сондай-ақ дарынды виолончельші, халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Мұқановтың өнерін бағалай алады. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова.Мазмұнды концерттік бағдарламада Михаил Глинканың, Петр Чайковскийдің, Николай Римский-Корсаковтың, Сергей Рахманиновтың опералық және камералық-вокалдық шығармашылығы ұсынылатын болады. Осындай ұлы композиторлардың көптеген туындылары бүгінгі күнге дейін әртүрлі елдердің көрермендері арасында үлкен сұранысқа ие болып, өзінің құндылығымен тыңдармандар мен музыканттарды таңдандырып келеді.Барлығымыздың сүйікті романстарымыз – М.Глинканың «Сомнение», «В крови горит огонь желанья», «Адель» П. Чайковскийдің «Скажи, о чем в тени ветвей», «Средь шумного бала», «Примирение», Н. Римский-Корсаковтың «Нимфа» және тағы басқа көптеген туындылар шырқалады. Атақты опералардан үзінділер де орындалатын болады, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы, Н.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» операсынан Марфаның ариясы, «Садко» операсынан үндістандық қонақтың жыры, «Мамыр түні» операсынан Левконың ариясы және т.б.Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған шығармалар шынайылығымен, тереңдігімен, көркемдігімен, эстетикалық әсерлілігімен ерекшеленеді. Солистер осы кеште Камералық зал сахнасына ерекше сезіммен шығатынын атап өтті. Олардың міндеті– көрермендерге автордың түпкі ойына сәйкес туындының бар қыр-сырын жеткізу, әрбір шығарманың өзгешелігін, шағын бөлшегін немесе музыкалық екпінін барынша дәл беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/28357?lang=kk
Қазақстан мен Африкалық Одақ Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді 14.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 15 қаңтар - Қазақстанның Африкалық Одақ жанындағы Тұрақты Өкілі Ерлік Әли Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету туралы Келісім рәсіміне қатысты.Аталған келісімге сәйкес Қазақстан Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Африкалық Одақтың Комиссиясына 215 мың АҚШ долл. жолдайды. Атап айтқанда, мемлекеттің Оңтүстік-Батыс облыстарына таза суды қамтамасыз ету бойынша екі жобаны іске асыру мақсатында бөлінетін қаржы болып табылады.Келісімнің талаптарына сәйкес 2018 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан тарапы аталмыш жобалардың іске асырылуын тексеру мақсатында Сомалиге сапар ұйымдастыратын болады.Африкалық Одақтың құрылымдары арқылы Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету шешімі мемлекетте «Аш-Шабаб» террористік топтардың істері мен азаматтық соғыс салдарынан пайда болған қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты қабылданды.Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсету бойынша халықаралық ұйымдарға ерікті жарналар жолдау бағдарламасына сәйкес аталған келісімге қол қойылды.Сонымен қатар, Қазақстанның Сомалиге гуманитарлық көмек көрсетуі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Саяси жолдауында айтылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталастарында ұсынылған БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі ретінде еліміздің бастамаларына (Африканың бейбіт және тұрақты дамуына жәрдемдесу) сәйкес болып келеді.Сомалидегі жағдай Сомали мен Эритрея бойынша БҰҰ ҚК санкциялар комитетінің (Комитет 751/1907) төрағасы ретінде Қазақстанның жауапкершілік аймағына кіреді.Оған қоса, зардап шеккен халықты сумен қамтамасыз ету бойынша аталған жобалар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі ядролық, су, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі төрт бағдарламаларына сәйкес келеді.Қазақстан 2014 жылдың қараша айынан бастап 1 млрд. астам тұрғыны бар құрлықтың 55 мемлекетті біріктіретін Африка одағының байқаушысы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28285?lang=kk
Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің алғашқы жобасы таныстырылды 14.04.2025
Нью-Йорк, 2018 жылы 19 қаңтар - 18 қаңтарда БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің алғашқы жобасы таныстыруға арналған жоғары деңгейдегі арнайы іс-шара өтті. Құжатты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ресми түрде жариялады.Іс-шара БҰҰ-да қызығушылық тудырды. Жобаны таныстыру мен оны талқылауға ұйымның 100-ден аса мүше-мемлекетінің делегациясы қатысты. Жоғары дәрежедегі қатысушылар арасында Кувейттің премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Сабах аль-Халед ас-Сабах пен Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Хикмет Карзай болды. БҰҰ Бас хатшының орынбасары – Контртеррористік басқарма басшысы Владимир Воронков пен БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча баяндама жасады.Қазақстаннның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қ. Әбдірахманов отырысты аша отырып, Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы күреске қосқан үлесі ретінде бастамашылық жасаған кодекс бойынша жұмыстың мақсаттары мен негізгі мазмұнын атап өтті. Құжаттың негізгі мақсаты – терроризмнен азат әлем құру мақсатында 2045 жылы БҰҰ-ның жүз жылдығына қол жеткізу және контртерроризм бойынша серіктес-елдердің кең халықаралық коалициясын құру.В. Воронков қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оны тұрақты дамыту жолындағы Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Астананың рөлі мен жұмысын, әсіресе осы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі басты жаһандық органдағы табысты төрағалығын және террористік құрылымдармен қарсы күрес мәселелерімен байланысты үш санкциялық комитетке басшылығын ерекше атап өтті. Жоғары лауазымдағы БҰҰ дипломатының пікірінше, контр-терроризм Бас хатшы Антониу Гутерриштің реформалары бағдарламасының ең негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Ол Жаһандық контртеррористік стратегияның (ЖКТС) іске асыру жақсы келісімділікті, әлеуетті нығайтуды және берік әріптестікті қамтамасыз ететініне сенім білдіреді.Осыған байланысты В. Воронков ЖКТС іске асыру бойынша Орталық Азиядағы Бірлескен іс-қимыл жоспарын (БІҚЖ) қабылдауды және Қазақстанның оның доноры ретінде қосқан үлесін құптады. Сонымен қатар, ол ЖКТС іске асырылуын кезекті екі жылдық шолуында және 2018 жылы маусым айының соңында БҰҰ ұйымдастырып отырған мүше мемлекеттердің контртеррористік құрылымдары басшыларының кездесуі барысында одан әрі пысықталатын Тәртіп кодексінің дайындығы бойынша Астананың бастамасына жоғары баға берді.М. Енча өзінің баяндамасында контртерроризм бойынша Қазақстан мен БҰҰ мақсаттарының сәйкес келетінін тілге тиек етіп, осы бастамада Астанаға сәттілік тіледі. Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықты басқарған кезінде қабылдаған БІҚЖ 2011 жылғы тәжірибесімен бөлісе отырып, ол әлемнің басқа түпкірлері үшін үлгі ретінде жоспарды жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол ұзаққа созылған қақтығыстардың, зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмнің арасындағы байланысқа, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемдегі қарулы қақтығыстарды алдын алу жөніндегі кешенді шараларды, атап айтқанда превентивті дипломатияны қолдану арқылы үнемі жаңарту қажеттілігіне басты назар аударылды.Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Тәртіп кодексінің жобасына жоғары баға беріп, халықаралық ынтымақтастық пен БҰҰ контртеррористік архитектурасын нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Террористік актілер үшін аумақты бермеу, терроризмге нөлдік толеранттылық, тұтастық көзқарас және терроризмді болдырмау сияқты құжаттың бірнеше маңызды тармақтары оған ерекше әсер қалдырды. Х.Карзай Тәртіп кодексі халықаралық қоғамдастықтың ұжымдық қолдауына лайық екенін атап, осы құжаттың мәтіні бойынша ашық пікірталастарға үміт білдірді.Отырыста сөз сөйлеген Қауіпсіздік Кеңесінің мүше-елдері делегациялары Қазақстанның бастамасын қолдады және болашақта жобаны жетілдіру мақсатында талқылауға, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды негізі болуға бағытталған кешенді құжатты мақұлдауға дайын екендіктерін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28253?lang=kk
Қайрат Әбдірахманов Су мен бейбітшілік мәселелері жөніндегі ғаламдық жоғары деңгейлі топ қызметіне қолдау білдірді 14.04.2025
19 қаңтарда Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Су мен бейбітшілік мәселелері жөніндегі ғаламдық жоғары деңгейлі топ төрағасы, Словения Республикасының бұрынғы президенті Данило Тюркпен кездесуі өтті.Д. Тюрк жаһандық су проблемасы даму және адам құқықтарымен қатар, әлемдегі ең өзекті бейбітшілік, қауіпсіздік және жер бетінде өмірдің болуымен байланысты екендігі және шұғыл түрде кешенді және жан-жақты шешім қабылдауды талап ететіндігі атап өтілген топтың «Күн көріс мәселесі» атты есебін ұсынды.Қазақстанның сыртқы саяси ведомство басшысы су мәселесінің еліміз және Орталық Азия өңірі үшін маңыздылығын растай отырып, Жоғары деңгейлі топ қызметіне қолдау білдірдіСонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің арасында және Бас Ассамблея шеңберінде қол жеткізілген тұжырымдарды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді. Халықаралық құқық пен түрлі өңірлердің тәжірибесі негізінде трансшекаралық өзендер мен су ресурстарын пайдалануға байланысты мәселелерді шешу маңызды болып табылады.Су мен бейбітшілік мәселелері жөніндегі ғаламдық жоғары деңгейлі топ (High Level Panel on Water and Peace) Швейцарияның бастамасымен 2015 жылы құрылды. Бүгінгі күні Мажарстан, Гана, Иордания, Испания, Қазақстан, Камбоджа, Колумбия, Коста-Рика, Марокко, Оман, Сенегал, Словения, Швейцария, Франция және Эстония топқа мүше мемлекеттер болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27932?lang=kk
Сомалидегі жағдай Қазақстанның төрағалығымен өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің брифингінде талқыланды 14.04.2025
Нью-Йорк, 2018 жылғы 24 қаңтар - Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сомалидегі жағдай бойынша брифинг өтті.Бас хатшының Сомалидегі Арнайы өкілі Майкл Китинг және Африка одағы Комиссарының Арнайы өкілі Франциско Мадейра негізгі баяндамашылар болды.Спикерлер Сомалидің жаңа федералдық билігінің халықаралық қоғамдастықтың көмегімен қол жеткізген жетістіктері туралы хабардар етті. Осылайша, ағымдағы қиындықтарға қарамастан, қаржылық реформаны жүргізу, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты саяси процеске қатыстыру, қақтығысты шешу және қауіпсіздік секторын реформалауды көздейтін ұлттық күн тәртібі әзірленді. Саясатты қайта құру және орталық үкімет (Сомали Үкіметі) пен жергілікті биліктің өзара іс-қимылдың күшейту, сондай-ақ күрделі гуманитарлық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.Спикерлер «Аш-Шабаб» террористік тобы елде бейбітшілік орнату мен егемендікті нығайтуға нұқсан келтіріп, елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндігін атап өтті. Сомали азаматтары үшін бірқатар күрделі саяси, гуманитарлық, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері туындайтындығы атап өтілді. Осыған орай, баяндамашылар елдегі прогресске үлес қосқан Сомалидағы Африка одағының миссиясы, ұлттық қауіпсіздік күштері мен халықаралық әріптестерінің рөлін атап өтті.Сонымен қатар, арнайы өкілдер Кеңеске өткен жылы Сомалидегі аштыққа жол берілмегендігін хабарлады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта құрғақшылықтың салдарынан гуманитарлық жағдайдың нашарлауы байқалады.Брифингтен кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері өз баяндамаларында ұлттық қауіпсіздіктің жүзеге асырылуын жеделдету және жауапкершіліктің Сомалидегі Африка одағы миссиясынан елдегі ұлттық қауіпсіздік күштеріне біртіндеп көшу маңыздылығын растады.Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Кеңес мүшелерімен бірге Сомалидің экономикалық және саяси реформаларын және қауіпсіздік саясат айнымастығын құптады, сондай-ақ Сомали үкіметін Конституциялық шолу, сайлау, бюджеттік федерализм және билік пен ресурстарды үйлестіру сияқты негізгі мәселелер бойынша прогреске қол жеткізу үшін федерация субъектілерімен жоғары деңгейдегі диалогпен қамтамасыз етуге шақырды.Сомалиде аштық қаупіне байланысты миллиондаған адамдардың әсіресе, балалар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар осалдығының жалғасуына алаңдатушылық білдірді, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету жоспарына елеулі қолдау көрсету қажеттілігі анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27925?lang=kk
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІНДЕ» 30 СТАРТАП-КОМПАНИЯ АКСЕЛЕРАЦИЯДАН ӨТТІ 14.04.2025
2016 жылы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры («ИТП» ДКҚ) инновациялық компаниялар мен стартаптарға арналған акселерация бағдарламасының өзектілігін арттыру мақсатында жетілдірілді. Акселерацияны жетілдіруде басқа елдердің тәжірибесі ескерілді. Аталған бағдарлама іріктеуден өтіп, «ИТП» ДКҚ жеделдеу бағдарламасының резиденттері болған стартаптардың дамуы мен жеделдеуі үшін қолайлы алаң болып табылады. Бағдарлама клиенттерді тарту жолдарын таңдап бағыттауға, нарық сарапшыларымен кездесулер ұйымдастыруға, жұмысқа қабілетті бизнес-моделді анықтауға, өнімді әзірлеу әдістерін зерттеуге көмектеседі.Акселерация бағдарламасына стартаптарды тарту мақсатында 2016 жылы «ИТП» ДКҚ 4 рет Startup Day инновациялық байқау өткізді. Байқаулардың барысында инновациялық компаниялар мен стартаптар өз шешімдерін жер қойнауын пайдаланушыларға ұсынуға мүмкіндік алды. Сонымен бірге, 2016 жылы үздік компаниялардың технологиялық тапсырыстарын шешуге бағытталған Tech Garden Cup хакатоны өткізілді. Осы байқаулардың жеңімпаздары «ИТП» ДКҚ жеделдеу бағдарламасынан өтуге мүмкіндік алды.Нәтижесінде, 2016 жылы 30 стартап-компания акселерациядан өтті. Бағдарламасы аясында 2016 жылдың 1 қаңтары мен 15 қарашасы аралығында «ИТП» ДКҚ 10 курс, 11 семинар, 12 тренинг және 25 мастер-класс өткізді. Сондай-ақ, 5 ірі іс шара ұйымдастырды. Бұл халықаралық дәрежеге сай оқыту әдістерін қолдануда мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.Акселерация бағдарламасына қатысатын стартаптар келесі бағыттар бойынша бөлінеді: «Ақылды индустрия, Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар», «Ақылды орта», «Жаңа энергетика және таза технологиялар»,  «Fintech, E-commerce және жаңа медиа».Қазіргі кезде стартаптардың даму деңгейі әртүрлі. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, инновациялық стартаптардың дамуы белгілі бір уақытты қажет етеді. Қазіргі кезде аталған стартаптардың көбі серпінді дамуда. Бірқатар стартаптар 24 млн. теңгеден 180 000 АҚШ доллары шамасында жекеменшік инвестиция тартты. Өзге стартаптар үздік салалық компаниялармен ынтымақтастық орнатып, ортақ жобаларын іске асыруда.2015 жылы қабылданған 25 компанияның ішінен 15 компания акселерацияны сәтті аяқтады. 2016 жылы  қабылданған 30 компанияның барлығы жеделдеу бағдарламасын сәтті аяқтады. Нәтижесінде 7 компания «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының резиденті болып, тағы 1 компания кіруге дайын.Акселерация бағдарламасының тиімділігін арттыру мақсатында негізгі екпін инновациялық жобаларды инвестициялауға қызығушылық танытатын жеке инвесторлар желісін сондай-ақ, индустриялды сарапшылар желісін дамытуға бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27923?lang=kk
ТЕМІРЖОЛДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 14.04.2025
Қарағанды бөліміндегі Бабатай стансасында теміржолды қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты 12 жолаушылар пойызы уақытынан кешіктірілді.Қазіргі уақытта пойыздардың бөгелу уақытын созбау үшін стансаның негізгі жолдарындағы қозғалысты ашу жөнінде Ұлттық тасымалдаушылар тиісті шараларды қолға алды.Теміржолды қалпына келтіру жұмыстарына Қарағанды-Сұрыптау және Астана стансаларынан екі қалпына келтіру пойызы мен 150-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.Осыған орай, 27 желтоқсан күні сағат 23:05-тен бастап Бабатай стансасының 3-ші жолымен пойыздарды өткізу іске асырылды.Өз кезегінде, Инвестициялар және даму министрлігі «Теміржол көлігі туралы» Заңның 80 бабы 3 тармағына және жолаушыларды, теміржол көлігімен багаж және жүк багажын тасымалдауды бөгелту, сонымен қатар, белгіленген стансаға дейін келе жатқан жолаушыларды, пойызды кешіктіргені үшін тиісті Ережеге сәйкес  тасымалдаушы жолаушыларға жол жүру құжаты (билеті) құнының үш пайызы көлемінде әр сағатына айыппұл төлеуі керек екенін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27922?lang=kk
ЕАЭО КӨЛІК САЯСАТЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 14.04.2025
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің Мемлекет басшылары Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттарын қабылдады.Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары бірыңғай көлік кеңістігі мен жалпы нарықта көлік қызметтерін кезең-кезеңмен қалыптастыру жолымен жаңа ынтымақтастық деңгейін қарастырады.Дамудың негізгі бағыттары көлік стратегияларының түйіндесуі мен заңнамаларды сәйкестендіруге негізделген мүше-мемлекеттер арасында көлік тасымалдауды дамытуға бірыңғай бастау мүмкіндігін белгілеумен қатар, көлік қызметтерінің теңдік және паритетті қызметтер көрсетуіне бағытталған.Автомобиль көлігінде – 2025 жылдан бастап автомобильмен тасымалдау қызметтерін ырықтандыру, интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу, көлік әлеуетін тиімді пайдалану және автомобильмен тасымалдау сапасын арттыру.Әуе көлігінде – әділ және әділетті бәсекелестікті қамтамасыз ету, авиациялық қауіпсіздікті және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе хабарламаларды кеңейту.Су көлігінде – кадрларды дайындау бағдарламасын сәйкестендіру, ішкі су жолымен кемелердің өту тәртібін жетілдіру, мүше-мемлекеттердің порттарында (үшінші мемлекеттерден кіру/шығу) тасымалдауды ұйымдастыру процедураларын жеңілдету.Теміржол көлігінде – қағазсыз технологияларды енгізу және пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру, икемді тариф саясатын жүргізу, шапшаң және өте шапшаң жолаушылар қатынасын дамыту мен құру бойынша келісілген мәселелерді қабылдау мен әзірлеу.Сондай-ақ, көлік саласында ұзақ және қысқа мерзімді ұлттық стратегияларды дамытуды іске асыру мен әзірлеу кезінде Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты есепке алынатын болады және мүше-мемлекеттер 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тасымалдауды іске асыруда қолданыстағы шектеулерді алып тастау шараларын қабылдайды.Аталмыш Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттеріне тығыз интеграциялау формасы, бизнеске және жалпы нарықтағы көлік құралдарына тең қолжетімді мүмкіндік беретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27919?lang=kk
ҚР ИДМ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН АЛУ БАСТАМАСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ 14.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Арқалық-Шұбаркөл және Шығыс Қазақстан облысы аумақтары бойынша  жер қойнауының толық зерттелмеген учаскелеріне арналған барлау жұмыстары үшін жеңілдетілген тәртіпте Жер қойнауын пайдалану құқығын алу бастамасы туралы хабарламасы.Өтініш қабылдау мына: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр к., 32/1 үй мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.Өтінішті қабылдау күні - 2017 жылғы 1 ақпан, Астана қаласының уақыты бойынша 09.00.Өтінішті беру мерзімі - шектелмейді.Барлауға арналған оңайлатылған тәртіп бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңына сәкес беріледі.Барлауға арналған оңайлатылған тәртіп бойынша тікелей келіссөздер өткізу жағдайларымен: http://dep-nedra.mid.gov.kz/ru/kategorii/pervyy-prishel-pervyy-poluchil веб-сайтында танысуға болады.Арқалық-Шұбаркөл және Шығыс-Қазақстан облысы аумақтары бойынша барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскілері тізімі, сонымен қатар осы блоктар бойынша геологиялық ақпарат есептерінің тізімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті сайтында, сонымен қатар http://www.imap.geology.gov.kz/ адресі бойынша Интеркативті картасында жарияланды.Байланыс үшін телефондар: (8 7172) 754467,754468.Өтінімдерді беру және қарау тәртібі жөнінде мәселелер туындаған жағдайда, ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінеt.syzdyhanova@mid.gov.kz., m.kapenova@mid.gov.kz хабарласуыңызға болады.Интерактивті тақта жұмысы бойынша мәселелерді мына: imap@geology.kz электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27916?lang=kk
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДАН ШАМАМЕН 900 МЛН. ТЕҢГЕ ТАРТЫЛДЫ 14.04.2025
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ҚР нарығында жер қойнауын пайдаланушылар мен инновациялық компаниялар ынтымақтастығының жаңа моделін ұсынады. Бұл модель бойынша инновацияларға деген сұранысты инновациялық өнімдердің басты тұтынушыларының бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар қалыптастырады. Модель бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің нақты мақсаттары мен шарттарын белгілеп, Техникалық тапсырмаларын әзірлейді. Инновациялық компаниялар мен стартаптар берілген техникалық тапсырмаға сәйкес өз шешімдерін жетілдіреді. Сараптамалық бағалаудан өткен жобаларды қаржыландыру мәселесін тапсырыс берген жер қойнауын пайдаланушылар қарастырады. Осылайша, «ИТП» ДКҚ жер қойнауын пайдаланушыларға олардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТҚЖ) жылдық жиынтық табыстарының 1%-ын бағыттау жөніндегі міндеттерін орындауға мүмкіндік алады.2016 жылы «ИТП» ДКҚ жер қойнауын пайдаланушылардан 14 технологиялық тапсырма қабылдады. Орындаушылар іріктеуді «ИТП» ДКҚ веб-порталы, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар және инноваторлармен кездесулер өткізу арқылы жүзеге асырды. Сонымен бірге, тапсырыстарға орындаушыларды іріктеу процесін тиімдірек жүргізу мақсатымен ағымдағы жылдың ішінде 4 рет Startup Day инновациялық байқауы өткізілді. Аталмыш байқаулардың барысында инновациялық компаниялар мен стартаптар өз шешімдерін жер қойнауын пайдаланушыларға ұсынуға мүмкіндік алды.Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында жер қойнауын пайдаланушылардан 874 526 106 теңге мөлшерінде қаражат жиналды. 13 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар ғылыми-зерттеу жұмыстарын, өндірістік мониторингті жүргізуге, қоршаған ортаға келтіретін әсерді бағалауға, жұмыс үдерісін оңтайландыруға бағытталған:1.    Карьердегі машиналардың орналасуы мен километражын бақылау;2.    Жыныстар үйіндісінің қауіпсіздік жағдайларының негізінде оңтайлы параметрлерді анықтауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары;3.    Ғылыми зерттеу жұмыстары - көмір разрезіндегі эндогендік өртті сөндіру және алдын алу жөніндегі басшылық;4.    Қауіпсіздік жағдайларын ескере отырып, карьердің жұмыстық беткейлерінің максималды параметрлерін далелдеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары;5.    Кен орнындағы техногенді минералды түзілімдерді тиімді жолмен рекультивациялау тәсілдері бойынша талдау әзірлеу;6.    Көмір кен орнын игерудегі экологиялық-гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайларды бағалау;7.    Жаңа технологиялық жабдықтарды орнату нәтижесінде энергиялық тиімділікті арттыру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;8.    Өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау;9.    Қоршаған орта өндірістік мониторингі;10. Кен орнының өнеркәсіптік игеру жобасын әзірлеу;11. Метал теңгерімі мен материалдық ағындардың қозғалыс моделін оңтайландыру жұмыстарын жүргізу бойынша Техникалық тапсырма;12. Жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін лабораторияда анықтай отырып, кен ошағындағы табиғи кернеулі күйі мен басты кернеу бағыттарын  анықтауға бағытталған ғылыми зерттеу жұмысы.Атқарылған жобалар тапсырыс берушілердің жоғары бағасына ие болды. Қазіргі кезде жер қойнауын пайдаланушылардың кезекті технологиялық тапсырыстарын шешуге бағытталаған жаңа шарттар құрастырылуда. «ИТП» ДКҚ технологиялық тапсырыстарды қабылдау процесін одан әрі тиімдірек жүргізу мақсатымен қазіргі уақытта жер қойнауын қолданушылармен келіссөздер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осының нәтижесінде келесі жылы қаржыландырылған жобалардың санын 30-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27913?lang=kk
АҚТАУ МЕН БАУТИНО ТЕҢІЗ ПОРТТАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ 2807 КЕМЕНІ ТЕКСЕРДІ 14.04.2025
2015 жылы Ақтау теңіз портында Көлік комитетінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі  өз қызметін бастады.2016 жылдан бастап Теңіз порты әкімшілігі өз қызметін Баутино портында бастады. Бұл мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан теңіз порттарына кіретін теңіз кемелерін тексеру арқылы олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып табылады.Халықаралық конвенциялардың және ұлттық заңнамалардың талаптарына сәйкес, Теңіз порты әкімшілігінің инспекторы кемені тексеру барысында кеме экипажы мүшелерінің және командалық құрамның тиісті біліктілігін, кеме құжаттарын, кеменің техникалық жағдайын, құтқару және сигналдық құралдарының болуын, сонымен бірге, өрт сөндіру құралдарының жұмыс істеуін тексереді.     2016 жылдың қорытындысы бойынша, Теңіз әкімшілігімен Ақтау теңіз портына кірген 1451 кеме және Баутино теңіз портына кірген 1356 кеме тексерілді. Соның ішінде:Қазақстан Республикасының – 1623 кемесі;Ресей Федерациясының – 225 кемесі;Әзiрбайжан Республикасының – 523 кемесі;Иран Ислам Республикасының  - 417 кемесі;Түрікменстан Республикасының – 10  кемесі.Жыл басынан бері Теңіз порты әкімшілігі инспекторларымен тексеріс барысында табылған  заң бұзушылықтарды жойып, қалпына келтіргенге дейін 10 кеме тоқтатылды. Соның ішінде: Иран Ислам Республикасының  - 6 кемесі, Қазақстан Республикасының – 1 кемесі, Әзiрбайжан Республикасының - 1 кемесі, Ресей Федерациясының – 1 кемесі және Түрікменстан Республикасының 1 – кемесі. Соның нәтижесінде заң бұзушылықтарды жою жөнінде 6 ұйғарым берілді.Кемелерді тоқтатудың негізгі себептері навигациялық жабдықтардың істен шығуы, кеме экипажы мүшелерінің және командалық құрамның толық болмауы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27909?lang=kk
АҚКӨЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҮШІН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 14.04.2025
Жаңа жыл қарсаңында ҚР ИДМ «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту Ұлттық Агенттігі» АҚ «Нұр Отан» партиясының «Дүние» бастауыш партия ұйымымен бірлесіп, «Ақкөл қаласы №1 Балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіндегі 97 балаға арнап, жаңа жылдық мереке ұйымдастырды.Балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтау барысында олардың керемет қуанышқа бөленгенін аңғармау мүмкін емес. Балалар ертегі кейіпкерлерін қуанышпен қарсы алды.  Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтып беріп, ұйымдастырылған түрлі байқаулар мен ойындарға белсене атсалысты. Мереке соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.Жыл сайын  «NADLoC» АҚ қызметкерлерінің бастамасымен жаңа жылдық мерекені ұйымдастыру дәстүрі қалыптасқан.«Бұл күн біз үшін ерекше. Өйткені, жаңа жылды атап өту үшін тағы бас қосып отырмыз. Бұл балалар үйімен тығыз қарым-қатынаста болып, араласып келе жатқанымызға біраз жыл болды. Әрқашан сағынысып қауышамыз.  Біз осы жерде отырған әр бала келесі жаңа жылды өз отбасыларымен қарсы алғанын тілейміз»,-деп атап өтті «NADLoC» АҚ төрағасының орынбасары Айгүл Закирьянова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27903?lang=kk
ҚР ИДМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТЕРДІ ЕЛГЕ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕСІН ПЫСЫҚТАУДА 14.04.2025
2016 жылы 30 желтоқсанда Шардж қаласының (БАӘ) әуежайы әуе рейстерін қабылдап, ұшыруды бастады. «Эйр Арабияның» мәліметтері бойынша, бүгінгі рейстер Астана уақытымен сағат 10:10-да Шардж қаласынан Астанаға және 11:30-да Алматыға кестеге сәйкес ұшуда.Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қазақстандық туристерді елге жеткізу мәселесін шешудің түрлі нұсқаларын пысықтауда. «Эйр Арабия» әуекомпаниясының қосымша рейсін ұйымдастыру, сонымен бірге қазақстандық туристерді СКАТ әуекомпаниясының бортымен әкелу мәселелері талқыланып жатыр. Сондай-ақ, отандық туристерді бос орындар болған жағдайда жол-жөнекей әуе рейстерімен жеткізу немесе бортты сыйымдылығы үлкендеу ұшақтарға ауыстыру мүмкіндіктері пысықталуда.Министрлік ресми арналар арқылы БАӘ авиация билігіне қазақстандық туристерді тасымалдауға баратын Қазақстанның қосымша борттарын қабылдап, қызмет көрсетуге қатысты хат жолдады. Сонымен бірге, шекаралас мемлекеттердің жоғарғы әуе кеңістіктері арқылы ұшып өтіп жөнінде рұқсат сұрап хат жіберді. Қазір аталған жағдайды шешу жөніндегі жұмыс штабы жұмыс істеп жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігімен, әуекомпанияларымен және қазақстандық туроператорлармен бірге тұрақты талқылаулар өтуде. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 29 желтоқсаны күні ауа райына байланысты (қалың тұман) Шардж қаласының әуежайында (БАӘ) барлық әуе рейстерін қабылдау және ұшыру тоқтаған болатын. «Эйр Арабия» әуекомпаниясының мәліметтері бойынша 2016 жылы 29 желтоқсанда Шардж қаласынан Алматыға (180 адам) рейс ұшу керек болған. Бұл рейс уақытша шегерілді. Туроператорлардың ақпаратына сәйкес, барлық қазақстандық жолаушылар тамақтандырылып,  қонақүйлерге орналастырылды.«Эйр Арабия» компаниясы осы күні Астана мен Алматыдан Шардж қаласына ұшатын екі рейсті тоқтатты. Бұл рейстер арқылы БАƏ-ге Қазақстаннан 300 жолаушы аттанбақ болған, олардың 50-і Коломбоға (Шри-Ланка) Шарджа қаласы арқылы ұшатын транзиттік жолаушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27899?lang=kk
Астана, 2018 жылғы 1 ақпан - Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде өз жұмысын аяқтады. 14.04.2025
Астана, 2018 жылғы 1 ақпан - Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде өз жұмысын аяқтады.Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық делегация Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси үндеуін, сондай-ақ прагматикалық принциптерге негізделген өз ұлттық мүдделерін басшылыққа алып, БҰҰ-ның негізгі органының жұмысына төрағалық етті.Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде БҰҰ Хатшылығының көмегімен Қауіпсіздік Кеңесінің үздіксіз күнделікті жұмысын қамтамасыз етті және мандатқа сәйкес жүктелген функцияларды орындады.Қазақстанның төрағалығы барысында консультациялар, брифингтер және пікірталастар форматында 30-ға жуық отырыс өткізілді және олардың қорытындылары бойынша Кеңес Төрағасының бұқаралық ақпарат құралдары үшін қарарлар мен мәлімдемелер қабылданды.18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуінің басты іс-шарасы болды. Отырыс сенімді нығайту шаралары, сондай-ақ превентивті дипломатия құралдарын нығайту әлемдік державалар арасындағы саяси конъюнктура нәтижесінде уақытылы шешілмейтін көптеген маңызды мәселелер бойынша прогреске қол жеткізудің негізі бола алатындығын көрсетті.Отырыс қорытындысы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының № S/PRST/2018/1 мәлімдемесі (Presidential statement) жанжалдардың алдын алу кешенді стратегиясына арналған. Аталған құжатта превентивті өрістету, алдын-алу, татуластырушылық, бітімгершілік, жанжалдан кейінгі бейбітшілікті және есеп беру міндеттілігі шараларын нығайтумен қатар алғаш рет жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесі қамтылды. Бұл қабылданған құжаттың бірегейлігі болып табылады.Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет ретінде төрағалығы барысында аймақтағы барлық мемлекеттерінің мүдделерін ілгерілету бойынша белсенді жұмысын жалғастырды.БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен 19 қаңтарда өткен «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы аймақтық серіктестікті құру» тақырыбында өткен министрлер деңгейіндегі тақырыптық пікірталастары негізгі іс-шаралардың бірі болды.Отырысқа Кувейт, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның Сыртқы істер министрлері, Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Экваторлық Гвинея және Ауғанстанның сыртқы саяси ведомство басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттерінің делегациялары қатысты. Баяндамашы ретінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйледі.Отырыс қорытындысы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының № S/PRST/2018/2 мәлімдемесі (Presidential statement) қабылданды. Құжатта Ауғанстан мен Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді бейбітшілікті, тұрақтылықты және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өңірлік, аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап көрсетілген және өңір елдерінің бейбітшілік, өркендеу және ынтымақтастық аймағын кеңейтуге бағытталған бірлескен күштеріне қолдау білдірілген.12-15 қаңтарда ұйымдастырылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі делегациясының Кабулға сапары Қазақстан төрағалығының маңызды іс-шарасы болды. Іс-шара барысында ел басшылығы, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер өткізілді. Сапар аясында Ауғанстан Үкіметінің кең ауқымды өзара байланысты мәселелерді шешу жөніндегі күштері қарастырылды сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің жергілікті күштерге қосымша жәрдемдесу жолдары анықталды.Кабулдағы далалық миссия 2010 жылдан бері Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанға алғашқы сапары болды және ол елдегі ағымдағы жағдайды қарастыруға, сондай-ақ мемлекет және оның азаматтарының мүдделері мен басымдықтарын объективті түсінуге мүмкіндік берді.18 қаңтарда Қазақстан БҰҰ аясында Терроризмсіз әлемге қол жеткізу жөніндегі әрекет ету кодексінің жобасын жүзеге асыру үшін жоғары деңгейдегі арнайы іс-шара өткізді. Аталған құжаттың негізгі мақсаты - 2045 жылға дейін терроризмсіз әлем және серіктес елдердің халықаралық коалициясын құру. БҰҰ басшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы бөлімшелері, мүше-мемлекеттердің жүзден астам делегацияларының өкілдері Кодекстің өзектілігі мен маңыздылығын қолдады.Төрағалық аясында Таяу Шығыс пен Кипр, Конго Демократиялық Республикасы, Колумбия, Дарфур (Судан), Батыс Африка және Сахель, Ливия, Мали, Сомали және Оңтүстік Судандағы жағдай және БҰҰ Орталық Азиядағы Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының қызметі бойынша жоспарланған іс-шаралары (брифингтер мен консультациялар) сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің АҚШ басшылығымен кездесу үшін Вашингтонға сапары өткізілді. 2 қаңтарда өткізілген салтанатты түрде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залының алдында өздерінің ұлттық туларын орнатқан алты мүше мемлекеттер – Кот-д'Ивуар, Кувейт, Нидерланд, Перу, Польша, Экваторлық Гвинея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми қосылу рәсімі Қазақстанның төрағалығының ерекшілігі болды.Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде практикалық нәтижелерге қол жеткізуге және күн тәртібінде қарастырылған барлық мәселелер бойынша Кеңестің жұмысына конструктивті үлес қосуға ұмтыла отырып, бейтарап, ашық және транспарентті төрағалық етті.Көптеген жаһандық және өңірлік процестерге қатысуын, медиация мен сенімділікті нығайтудағы белсенді ұстанымын ескере отырып, Қазақстан көпжақты дипломатия аясында барлық халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерге бейтараптылығы мен тиімді теңдестірілген тәсілімен белгілі адал келістіруші ретінде әрекет етуді жалғастырады.Қазақстан Республикасы мен Президентіміздің беделінің жоғары болуына байланысты қазақстандық делегация бастамашылық еткен іс-шаралардың табысты өткізілуі және олардың нәтижелері бойынша қорытынды құжаттардың қабылдануы еліміздің келісімшарттық әлеуеті мен бітімгерлік әлеуетінің өзектілігін, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемнің ең өзекті мәселелерін шешуге қатысты тиімді тәсілдерін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27886?lang=kk
«ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ» АКЦИЯСЫ 14.04.2025
Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында елордада Астана мейірімділер клубы (Клуб Добряков Астаны) мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Тілектер шыршасы» акциясының ашылуы болды. Іс-шараның мақсаты – психикалық-неврологиялық ауытқуы бар және қимыл-тірек аппараты ауруларына шалдыққан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындау және оларға әлеуметтік қолдау көрсету. Акцияның ашылуы ерекше балалардың тілектері жазылған жаңа жылдық шырша қойылған «Сарыарқа» ОСО-да өтті. Қайырымдылық шарасын ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев және Астана мейімділер клубының (Клуб Добряков Астаны) негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева ашып, балаларға жаңа жылға Аяз Атадан алғысы келген сыйлықтарын табыс етті. Астана қаласында Жаңа жылдық шыршаларға қатыса алмайтын аталған ауру түрлеріне шалдыққан балалар саны өте көп. Осыған байланысты 10 күн ішінде Астана мейімділер клубының (Клуб Добряков Астаны) еріктілері мен ІІМ қызметтері, өңірлік ішкі істер, төтенше жағдайлар, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері балалардың тілектерін орындап, үйлеріне сыйлықтарын апарады. Тілектер шыршасы 19-29 желтоқсан аралығында «Сарыарқа» сауда-ойын сауық орталығының 3-қабатында тұратын болады. Барлық қала тұрғындары мен қонақтары балалардың жаңа жылдық тілектерін орындауға атсалыса алады. Шыршаға бекітілген арнайы конверттерде балалардың тілектері жазылған.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27855?lang=kk
Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып сотталғандар білім алатын болады 14.04.2025
Алматыда жоғары оқу орындарында сотталғандарды қашықтықтан оқытуға қатысты мәселе талқыланды. Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша мемлекет ҮЕҰ-мен 55 млн.теңгеге шарт жасады Елбасының Ұлт Жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында бір жыл бұрын Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы (2016ж.8 желтоқсанда) бекітілді.Стратегия шеңберінде «Қақпа алдында кездесу» жобасы іске асырылды, сотталғандардың отбасыларымен бейнекездесулер, азаматтарды қайта әлеуметке қосу процесіне волонтерлер белсенді тартылды. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу саласындағы ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктермен 292 меморандум жасалды, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы сомасы 55 млн.теңгеге 15 шарт жасалған.Алматы және Павлодар облыстарында  оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып,  сотталғандардың  білім алуы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруы жоспарланып отыр. Осы оқыту білім берудің тек дәстүрлі жүйесінің жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Бір сөзбен айтқанда, сотталғандарға жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқуға мүмкіндік берілетіні жоспарланып отыр.  Сотталғандарды оңтайлы оқыту нысаны интернет және кейс-технологиялар арқылы қашықтықтан оқыту болып табылады.Осы және басқа да мәселелер, сондай-ақ оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып,  сотталғандардың  білім алуы жөніндегі жоба мәселесін қарастыру үшін бүгін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері және осы университет комиссияның көшпелі отырысы өтті. Отырыста әлеуметке қосудың негізгі факторі болып білім және мамандық алу, жұмысқа орналасу екендігі атап өтілді. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу – бұл көкейкесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл жағдайда Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орны. Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан осы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін ойлап шығарды. Бұнда басты элемент болып ҚАЖ мекемелерінде оқыту жүйесі, яғни барлық азаматтары үшін еңбек нарығындағы талаптарды, бәсекеге қабілеттілік, құзыреттілік, қойылған міндеттері шеше білу қабілеттілік ескеріледі.Жобаны әзірлеуге мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық және Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдік атынан шетелдік сарапшылар, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тартылған. Пилот ретінде Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА-155/8 және Павлодар қаласында орналасқан  АП-162/3 мекемелері белгіленген.Жоба өз жұмысын 2018 жылдың 1-ші тоқсанда бастайды.Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27854?lang=kk
ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП 13,8 МЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ 14.04.2025
ІІМ табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша әртүрлі жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізіп тұрады. Таяуда республика аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, аң аулау, сондай-ақ аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру ережелерін сақтауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.Іс-шаралар нәтижелері бойынша 2,3 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталды. Осы бұзушылық фактілері бойынша 165 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. 2119 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 43,4 млн.теңгеге айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 160 текше метрден астам заңсыз дайындалған домалақ ағаш, 11,3 тонна балық, оның ішінде 2 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық, 248 құқық бұзу құралы, 3 мың метрге жуық ау, 67 бірлік аңшылық атыс қаруы алынды.  Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген зиян сомасы 5,3 млн.теңгеден асады.Мысалы, Қызылорда облысының ІІД-сі Қызыл кітапқа енгізілген 5 қарақұйрықты атқаны үшін үш жергілікті тұрғындарды ұстады, олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-бөлігімен (Заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғалды.Жамбыл облысының ІІД БАӘ-нің төрт азаматтарын, олар Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынымен бірге Қызыл кітапқа енгізілген 2 дуадақ және 2 бұлдырық құстарын атқандары үшін ұстады.Анықтама ретінде: Жыл басынан бері полиция 13,8 мыңға жуық (2016 жылы - 14 мың) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтады, 1800  жуық (1950) қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді, 12 мыңдай (12,1 мың) құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, 87,5 млн.теңге (81,2 млн. теңге) айыппұл салынды.   Құқық бұзушылардан 200 тоннаға жуық (301,1 тонна) заңсыз ауланған балық, оның ішінде 7 тонна бекіре тұқымдас балық, 1100 текше метрден астам заңсыз дайындалған ағаш, 2679 құқық бұзу құралы (307 бірлік аңшылық атыс қару және 166 жүзу құралы) алынды.Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27852?lang=kk