Enbekshi QazaQ

Қоғам

Сот шешімі — жай ғана сөз емес! 11.04.2025
Маңғыстауда пробацияда тұрған екі сотталғанға қоғамдық жұмыстан жалтарғаны үшін әкімшілік іс қозғалдыМаңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі жазадан жалтаруға тырысқан екі сотталғанға қатысты заң аясында нақты шаралар қабылдады.Бірінші сотталған ҚР ҚК-нің 190-бабы — «Алаяқтық» бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Мемлекетке келтірілген залал көлемі — 7 миллион теңгеден асады. Сот үкімімен ол қоғамдық жұмысқа тартылғанымен, белгіленген міндеттерін орындамаған.Екінші сотталғанға да қоғамдық жұмыс ретінде 100 сағат жазалау шарасы белгіленген. Алайда ол да қоғамдық жұмыстардан жалтарған.Осыған байланысты пробация қызметі екі азаматтың да әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы — «Сот үкімін орындаудан жалтару» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ретінде тіркеп, іс материалдарын сотқа жолдады.Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметі сот шешімін орындамау — жаңа жауапкершілікке алып келетінін ескертеді. Пробация — мүмкіндік, бірақ ол міндеттемелерді орындау арқылы ғана мәнге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/972984?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 13 миллионнан аса қызмет көрсетті . 11.04.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде.  Биылғы 1-қаңтар мен ақпанның 28-і аралығында халыққа шамамен 13,7 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің 4,8 млн астамы электрондық форматта, 8,6 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 98,6% тең болды. Жүзбе-жүз көрсетілетін форматта шамамен 190,3 мың қызмет іске асырылып, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 184,7 мың қызмет жүзеге асырылған.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 529,2 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 5,4 млн үзінді көшірме берілді. Оның 4,4 млн астамы - электрондық, ал 865,0 мыңнан астамы автоматты түрде рәсімделді.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында деректемелерді өзгертуге 28,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 25,9 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 7,1 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 148,3 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 7,6 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 129,2 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/972935?lang=kk
Алимент төлемеудің жауапкершілігі бар 11.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде қазіргі таңда 970 адам есепте тұр. Олардың ішінде 19-ы – кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарып, сот үкімімен жазаланған тұлғалар.Алимент өндіру – бұл тек заңдық міндет қана емес, ата-аналық жауапкершілік. Алайда кейбір азаматтар бұл жауапкершілікті орындамай, салдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандардың алимент бойынша қарыздарын өтеуін тұрақты түрде бақылауда ұстап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы олардың ресоциализациясына ықпал ету шаралары қабылдануда.Мысалы, Жаңаөзен қалалық пробация қызметінде есепте тұрған М. есімді азамат кәмелетке толмаған қызына алиментті уақтылы төлемеген. Оның жалпы берешегі 3 миллион теңгеден асып кеткен. Жұмысынан шығып қалғанымен, жұмыссыз ретінде тіркелмеген. Сот үкімімен ол 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту түріндегі жазаға кесілді.Тағы бір есептегі азамат – С. есімді борышкердің де жағдайы осыған ұқсас. Оның алименттік берешегі 2 миллион теңгеден асады. Екі баласы бар, алайда өз міндетін орындамағаны үшін сот шешімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектеліп, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.Пробация қызметінің басты мақсаты – сотталған тұлғаларды қоғамнан оқшауламастан түзету, оларды қайта әлеуметтендіру және қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу. Бұл бағытта пробация қызметі түрлі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, есептегі тұлғалармен кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.Алимент төлеуден жалтару – тек заң бұзушылық емес, баланың тағдырына жасалған қиянат. Сондықтан әр ата-ана өз жауапкершілігін сезініп, заңмен белгіленген міндеттерін орындауы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/972922?lang=kk
Қостанай облысының әкімі АШИ ауданындағы жаңа саябақ құрылысының басталуын тексеріп, аумақты дамыту жоспарларымен бөлісті 11.04.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов АШИ ауданындағы бұрынғы бос аумақта салынып жатқан заманауи мәдени-спорттық саябақ құрылысымен танысты. Өңір басшысы дайындық жұмыстарының барысын бақылап, жобаның қала тұрғындарының өмір сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.— Қаланың дамуы дегеніміз – ең алдымен адамдарға қамқорлық. Әр бос жатқан аумақ демалыс пен шабыт сыйлайтын кеңістікке айналуы тиіс, – деді Құмар Ақсақалов.Жаңа саябақ аудан тұрғындары мен бүкіл қала халқы үшін тартымды орынға айналмақ. Жоба аясында амфитеатр, балалар мен спорт алаңдары, скейт-парк, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тораптар қарастырылған. Құрылыс 2025 жылғы 4 қарашада аяқталады деп жоспарлануда.Саябақ жобасы – өмір сүруге және дамуға құлшыныс тудыратын заманауи, жайлы әрі шабыт беретін қаланы қалыптастыру жолындағы қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/972901?lang=kk
Маңғыстау облысында бірінші тоқсанда 557 жеңіл автокөлік кедендік рәсімделген 11.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңірде 2025 жылдың бірінші тоқсан кезеңде «Ішкі тұтыну үшін тауарлар шығару» рәсімі бойынша 557 жеңіл автокөлік құралының кедендік ресімдеуден өткенін хабарлайды.Жалпы статистикалық автокөлік деректерінің құны бес млн. АҚШ долларын құрады.Негізінен автомобильдер 2 елден әкелінді: Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия.Кедендік рәсімдеу кезінде автомобильдің бағасы көрсетіледі. Автокөлік құралдарының бағасы туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған, ол қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.Ол ұсынымдық сипаттағы ақпарат ретінде ұсынылады.Кеден заңнамасында кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген. Мысалы, егер әкелінетін автокөліктің бағасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Баға ақпаратынан айтарлықтай өзгеше болса, тасымалдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:- өндірушінің немесе автодилердің бағалар тізімі, оның коммерциялық ұсыныстары;- импорттық, бірдей, біртекті тауарларды, сондай-ақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарларды сатушылардың оферталарымен коммерциялық ұсыныстар;- сатушының сатып алушыға жеңілдіктер беруінің негіздері мен шарттары бойынша түсініктемелер. Сатушыдан жеңілдік берілгені және бастапқы құнынан қандай мөлшерде екендігі туралы анықтама.Бұл ретте жоғарыда көрсетілген құжаттар тауарларға декларация берумен бірге ұсынылуы қажет. Бұл шара кедендік тазарту уақытын едәуір қысқартуға көмектеседі.Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеу электрондық түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен олардың цифрлік қолтанбасы арқылы тауарларға декларацияны өз бетінше кез келген жерден ұсыну және қол қою мүмкіндігі бар.Әкелінетін автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым. Импортаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құның көлік құралын сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындар ретінде анықтауға міндетті (көлік шығындары, сақтандыру төлемдері және т.б).Сондықтан көлік құралын кедендік құнды қабылдау үшін оның құны сенімді, сандық және құжатталған ақпаратқа негізделуі керек.Құжаттар ретінде: жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығындары, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, бантік аударым, аукциондық парақша және т.б. қолданыла алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/972887?lang=kk
«Ломбард Astana Gold» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырылды 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қостанай қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының №2 бұйрығына сәйкес «Ломбард Astana Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан (ломбардтық қызмет) айырылды.  Лицензиядан айыруға қатарынан күнтізбелік 6 ай ішінде қызметін жүзеге асырмау негіз болды.Микроқаржы қызметін (ломбард қызметін) жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін толық көлемде орындау міндетінен босатпайды.Қарыз алушылар микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес компания алдындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болады. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/972839?lang=kk
Оңтүстік Кореяда Азиядағы қазақтардың құрылтайы өтті 11.04.2025
Сеул, 2025 жылғы 5–6 сәуір – Оңтүстік Кореяда Азия елдеріндегі қазақтардың екінші құрылтайы өтіп, іс-шараға Корея, Малайзия, Жапония, Қытай және Моңғолиядан келген қазақ қауымдастығының өкілдерін қосқанда жалпы 200-ден астам қатысушы жиналды.​Іс-шараны Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі, «Отандастар Қоры» КеАҚ және Сеулдегі «Qazaq Nomad Korea» қазақ қауымдастығы ұйымдастырды. Құрылтай Хангук шет тілдері университетінің Жаһандық кампусында өтті.​Құрылтайдың негізгі мақсаты Қазақстан мен этникалық қазақтар тұратын Азия елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және экономикалық ынтымақтастықты дамыту болып табылды.​Ашылу рәсімінде Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың артып келе жатқанын атап өтті. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея Қазақстандағы шетелдік инвесторлар арасында үшінші орынға ие болып, 1,2 миллиард АҚШ доллары сомасында инвестиция салғанын айтты. Бүгінгі таңда Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 876 компания жұмыс істейді және инновациялар мен инфрақұрылым салаларында ірі бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.​Елші екі ел арасындағы көлік қатынасының дамып келе жатқанын да атап өтті – қазіргі уақытта аптасына 13 тікелей рейс орындалады. Ол екі ел азаматтары арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға ықпал ететін алмасулардың өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанға 40 180 корей туристі келді, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті. Сонымен бірге, 53 224 Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяға сапар жасап, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға артты.​Өз кезегінде, «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Данияр Қадыров екінші Азия қазақтарының құрылтайын өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл іс-шара Азияның әртүрлі елдерінде тұратын қазақтардың бірлігін нығайтудың символы ғана емес, сонымен қатар диалог, тәжірибе алмасу, ана тілді, дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды сақтау үшін маңызды платформа болды. Ол мұндай кездесулер этникалық қазақтар тарихи отанына тиесілі екенін сезініп, ұлтаралық және мемлекетаралық байланыстарды дамытуға белсенді қатыса алатын бірыңғай мәдени кеңістік қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.​Құрылтайдың бірінші күні пленарлық мәдени және экономикалық сессиялардан тұратын конференция өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Светлана Айтбаева көрермендерге қазақ зергерлік өнерінің бай дәстүрлерін таныстырды. Этнограф Айгерім Мұсағажинова дәстүрлі қазақ тағамдарының тағамдық құндылығы туралы презентация жасады. Мәдени бөлімде белгілі қазақ әртісі Жұбаныш Жексенұлы көрермендермен бірге танымал әндерді орындады.​Іс-шара барысындағы жарқын оқиғалардың бірі Сеулдегі Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған корей студенттері арасындағы қазақ тіліндегі шешендік өнер байқауының тарихта алғаш рет өткізілуі болды. Байқауға Хангук шет тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері кафедрасында қазақ тілін оқитын студенттер қатысты. Жеті финалист Қазақстанның халық әртісі Қанат Айтбаев төрағалық еткен қазылар алқасының алдында өнер көрсетті.​Екінші курс студенті Ли Со Ён қазақ тіліндегі еркін және мәнерлі сөзімен қазылар алқасын таң қалдырып, бірінші орынды иеленді. «Біздің мәдениеттерімізді жақындату үшін біз жиі кездесіп, сөйлесуіміз керек», «Мен қазақ тілін жетік меңгеріп, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа өз үлесімді қосуды қалаймын», – деді. Ол Сеулден Алматыға немесе Астанаға екі жаққа ұшақ билетін және Pana қонақ үйінде екі күндік тұруды сыйлық ретінде алды – бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.​Екінші орынды төртінші курс студенті Сон Вон Джин иеленіп, сыйлық ретінде алтын зергерлік құймасын алды. Үшінші орын үшінші курс студенті Чон Чжэ Хонға берілді, оған дәстүрлі қазақ музыкалық аспабы – домбыра сыйға тартылды.​Екінші күні қатысушылар Наурыз мейрамын атап өтті, оның барысында концерттік қойылымдар, дәстүрлі билер, халық музыкасы мен ойындары, сондай-ақ қазақтың ұлттық киімдері, қолөнері және тағамдары көрмелері өтті.​Құрылтай мәдени өзара түсіністікті тереңдету, қазақ қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайту және Қазақстан мен оның азиялық көршілері арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту үшін жарқын платформа болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/972812?lang=kk
Алматыда ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды 11.04.2025
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңес өткізілді.Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Арман Рахимов, Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров, «Ұлттық антикоррупциялық желі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алик Шпекбаев және жеке құрам қатысты.Кездесу барысында бұрын анықталған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес енгізілген ұсыныстар қаралды.Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қызметтік ортада адалдықты арттыруға бағытталған шаралар ұсынылды.Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен ішкі істер органдары тұрақты және сындарлы өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Мұның айқын дәлелі – осы жылы бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері арасындағы әріптестікті дамытуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған Бірлескен іс-қимыл жоспары.Жиын барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеруге арналған Integrity Check тетігі аясындағы ынтымақтастық мәселелері де қаралды. Бұл құрал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға және ашықтық, жариялылық пен сенім қағидаттарына негізделген кадрлық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді.Кеңес соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті:«Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу тек бірлескен күш-жігер арқылы мүмкін болады. Ішкі бақылау тетіктерін дамыту, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін нығайту қажет. Әрбір қызметкер қоғам алдындағы жеке жауапкершілігін сезінуі және кез келген құқықбұзушылықтың жазасыз қалмайтынын түсінуі маңызды». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/972800?lang=kk
Қазақстан Елшілігі Аустриядағы Наурыз мерекесін тойлауға қатысты 11.04.2025
Вена, 2026 жылғы 30 наурыз – Вена қаласында аккредиттелген 9 дипломатиялық миссия қатысқан Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі «Society» дипломатиялық журналының бастамасымен салтанатты түрде атап өтілді. Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетті.Іс-шара әртүрлі елдердің өкілдерін біріктірген және Наурыз мерекесін атап өтетін халықтардың бай дәстүрін паш еткен ерекше мәдени оқиғаға айналды. Қонақтар халықтық музыка тыңдап, ұлттық тағамдардан дәм татып, аймақтың ерекше рухы мен ұлттық бояуын көрсететін дәстүрлі киімдер мен қолданбалы өнер туындыларымен танысты.Мерекелік кештің көркін талантты домбырашылар Жасұлан Жұмазбай мен Әділжан Ерзатұлының орындауындағы дәстүрлі қазақ күйлері «Адай» мен «Балбырауын» аша түсті. Атақты опера әншісі Айгүл Шамшиденова ұсынған «Көзімнің қарасы» шығармасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.Қазақстан стенді келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Елшілік ұлттық тағамдарды ұсынды және Наурыздың жаңару, үйлесім мен ізгіліктің символы ретіндегі мәнін ашатын экспозиция дайындады. Қатысушылар қазақстандық тарап құрған жылы атмосфераны жоғары бағалап, елдің мәдени құндылықтарымен танысу мүмкіндігіне алғыс білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1191235?lang=kk
«Өрт қауіпті кезең. Балаларға сіріңке ойыншық емес» 11.04.2025
2025 жылдың 9 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан аймақтық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Скляр мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Валерьевнамен бірлесіп оқушылар үшін маңызды және танымдық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы – «Өрт қауіпті кезең. Балалар үшін сіріңке ойыншық емес» - кездейсоқ таңдалмады: көктем мен жаздың басталуымен тұрмыстық жағдайда да, табиғатта да өрт қаупі артады.Сабақ оқушылардың өрт қауіпсіздігі туралы білім деңгейін арттыру, сондай-ақ отпен жұмыс істеуге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Анастасия Валерьевна өртті бақылау саласында үлкен тәжірибесі бар оқушыларға сіріңкелермен және басқа да өрт көздерімен ойнау қаншалықты қауіпті екенін айтты. Ол балалардың еркелігі қандай қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсете отырып, тәжірибеден нақты мысалдар келтірді.Сабақта оқушылар өрт қауіпті кезеңдегі мінез-құлық ережелері, өрт болған жағдайда қалай дұрыс әрекет ету және өрттің алдын алу туралы білді. Сіріңкелер мен оттықтар ойыншықтар емес, мұқият өңдеуді қажет ететін заттар екеніне ерекше назар аударылды. Оқушыларға өртке байланысты кез келген күдікті жағдайлар туралы ересектерге хабарлау неліктен маңызды екенін түсіндірді.Оқушыларға ыңғайлы болу үшін сабақ ШҚО ББ YouTube-арнасында орналастырылды. Бұл мектеп оқушыларына, олардың ата-аналарына және тәрбиешілеріне білімді бекіту немесе оларды білім беру мақсатында пайдалану үшін кез келген уақытта материалға оралуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар балалардың өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне саналы көзқарасын тәрбиелеуге көмектеседі деп үміттенеді.Бұл сабақ білім беру мекемелері мен өрт сөндіру қызметі мамандарының күш-жігерін біріктіре отырып, өскелең ұрпақ арасында өрттің алдын алудағы маңызды қадам болды. Әр бала есте сақтасын: қауіпсіздік бізден басталады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/972754?lang=kk
КЕДЕН АЖ-да мемлекеттік қызметті іске қосу 11.04.2025
🔰 "Keden" АЖ зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу жөніндегі мемлекеттік қызметті іске қосу💠 ҚР ҚМ МКК "Keden" АЖ кеден ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсету, атап айтқанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін енгізу бойынша функционал пайдалануға енгізілетінін хабарлайды. Өтініштерді беру және өңдеу 2025 жылғы 14 сәуірден бастап "Keden" АЖ-де жүзеге асырылатын болады.💠 Маңызды: "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап сағат 18:30-да тоқтатылады.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/46130 – зияткерлік меншік объектілері үшін.💠 Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:📞 +7 7172 73 55 19📞 +7 705 956 53 89✉️e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.💠 Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/972745?lang=kk
ҚР ІІМ қазақстандықтарды ақша үшін қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті 11.04.2025
Әлеуметтік желілерде азаматтарға ақшалай сыйақылар үшін басқа мемлекеттердің Қарулы Күштерімен келісімшарт жасасуды ұсынатын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер таратылады."ҚР ҚК қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған. Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қасақана заңсыз қатысқаны үшін жалдамалылық белгілері болмаған кезде (ҚР ҚК 172-бабы) бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Жалдамалы болғаны үшін (ҚР ҚК 170 - бабы) іс-әрекеттің ауырлығына байланысты жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ҚР азаматтығынан айыру немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп жазалау көзделген", - деп ескертті ведомствода.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/972715?lang=kk
Халықаралық құстар күні 11.04.2025
Көктемнің келуі күнтізбеге немесе терезеден тыс ауа-райына қарағанда әлдеқайда тиімді, бізге құстар еске салады. Серуендеу кезінде біз олардың нәзік шырылдағанын естиміз және түсінеміз-әлем ұйықтағаннан кейін оянады. Көктемде бүкіл әлем Халықаралық құстар күнін атап өтеді.Бұл экологиялық мереке құстардың проблемаларына арналған: олардың заңсыз олжасы, біртіндеп жойылуы және жекелеген түрлердің жойылуы. Құстар-біз білетін барлық экожүйелердің маңызды қатысушылары, олардың жойылуы нағыз табиғи апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан құстар күніне арналған барлық мерекелік іс-шаралар құстардың адам өміріндегі маңыздылығын еске түсіруге арналған. Халықаралық құстар күніне орай орман шаруашылығы қызметкерлері мектеп оқушыларымен және ауылдық кітапхананың кітапханашысымен бірге құс үйлері мен жем салғыштар орнатылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/972704?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА АСЫЛ ТАСТАРДЫ ӘКЕЛУ ЖӘНЕ ӘКЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘРТІПТЕРІН ТҮСІНДІРД 11.04.2025
 2017 жылдың 26 мамырында VIII халықаралық тау-кен металлургиялық конгрессі және «AstanaMining&Metallurgy» – АММ-2017 көрмесі аясында Қазақстан Республикасында зергерлік саланы дамыту жөнінде ұсыныстар жасау мәселесі талқыланды.Талқылаудың негізгі тақырыбы: Қазақстанда зергерлік бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.Отырысқа республиканың мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҰлтСжС» АҚ сынама палатасының, Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау орталығының, «Қазақстанның зергерлер лигасы» ЗТБ және ЖК, «Қазақювелир» АҚ басшылары және зергерлік саланың басқа да өкілдері қатысты.«Асыл тастарды, бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу және әкетудің ерекшеліктері» тақырыбына шолу ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева баяндама жасады.Баяндамада 2016 жылдан бастап енгізілген асыл тастар және зергерлік бұйымдар туралы заңнаманың 5 тармақ бөлігіндегі және жоспарланатын өзгерістердің негізгі жаңа тәртіптер айтылды. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау жаңа форматта қолданылатын болады. Осылайша, бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру аясында тексеруден ескерту сипаты бар бақылау формасына көшіру жоспарланып отыр»,-деп хабарлады ТРМК төрағасының орынбасары.Сонымен бірге, ЕАЭО кірмейтін елдерден зергерлік бұйымдарды біздің елге әкелу және өзге елдерге әкету туралы біздің отандық өндірушілерді толғандыратын мәселелер мен мемлекеттік қолдау кезінде зергерлік саланы дамыту бойынша ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Ссөз соңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева еліміздегі зергерлік саланың табысты дамуына, отандық өндірістің алға басуы мен әлемдік нарыққа шығуына, ал өндірушілерге шығармашылықтың жемісі – теңдессіз бұйымдар шығаруларына тілектестігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22842?lang=kk
Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады 11.04.2025
Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Қорға Бағдарламаға қатысушылардың заңды өкілдерінен электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында (EGOV Mobile сайты мен ұялы қосымшасында) 2006-2007 жылдары туған балаларына есептелген НЖ туралы ақпараттың болмауы мәселесіне қатысты өтініштердің жиі түсуіне орай, БЖЗҚ кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты Қордың немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс екенін ескертеді. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес нысаналы жинақтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ алушыларға қатысты ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді.  НЖ төлемі мен оларды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтар төлемдерін пайдалану қағидаларында көзделген.НЖ пайдаланудың қадамдық алгоритмі мынадай сипатқа ие:18 жасқа толған НЖ алушы БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында, сондай-ақ БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы өзінің НЖ сомасын дербес тексере алады.Қосымша мәлімет ретінде, 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.НЖ алушы (не оның заңды өкілі) уәкілетті оператордың (УО) интернет-ресурсы арқылы УО-ға жүгінеді, НЖ алушының атына АҚШ долларымен банк шотын ашады, НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.УО төлемге өтініш қаралғаннан және мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде төлемге өтініштің тіркелгені туралы БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде УО-ға өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын НЖ алушының атына АҚШ долларында ашылған банк шотына одан әрі есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, аударудан бас тартатыны туралы хабарлайды.НЖ алушы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексеріп, НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде азамат өзіне тиесілі қаражатты пайдаланбаса, бұл сома БЖЗҚ-да алушының атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ҚР Ұлттық банкінің аударым күніндегі ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледі. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/972646?lang=kk
KazAID және JICA ынтымақтастықты нығайтады 11.04.2025
KazAID және JICA ынтымақтастықты нығайтады2026 жылғы 22 қаңтар, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы А.Арыстанов Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Тәжікстан Республикасындағы өкілі Х.Танабэ мырзамен және JICA-ның Қазақстан Республикасындағы Ынтымақтастық жөніндегі Кеңесшісі М.Уэхара мен басқа да өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Орталық Азия елдеріндегі жобаларды бақылау және бағалау бойынша өңірлік ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ бірлескен жобаларды ұйымдастырудағы жетістіктерді атап өтті.Жапон тарапы жобаларды басқару және PDCA (Plan-Do-Check-Act) циклі негізіндегі жобаларды бақылау және бағалау жүйелері бойынша тәжірибесі мен білімімен бөлісті. PDCA қағидаттарын JICA жобаларды бағалау үшін алдын ала талдау сатысында да, іске асыру және жобадан кейінгі шолу кезінде де пайдаланады. Бұл тәсіл ресурстардың ашықтығы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді және алынған сабақтарды болашақ жобаларға біріктіреді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің тұрақты дамуына бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растап, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделілігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1146102?lang=kk
«KENTAU SMART HUB»ЖИ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНДА БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ 11.04.2025
       Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен Кентау қаласында «Kentau Smart Hub» Жасанды Интеллект мектебі ашылған болатын.       Кентау ЖИ мектебінің оқушылары Шымкент қаласында өткен «RoboPark Liga x 2025» республикалық робототехника жарысында бас жүлдені иеленді.       Сайысқа Алматы, Түркістан, Тараз, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан ең үздік командалар қатысып, Robo Sumo, Биатлон, RoboKids категориялары бойынша бақ сынасты.       Бұл жеңіс — оқушылардың қажырлы еңбегінің, ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдарының және ата-аналардың қолдауының айқын нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/972568?lang=kk
Глава МИД Казахстана посетил пункт пропуска на казахстанско-кыргызской границе 11.04.2025
4 сентября 2018 года Министр иностранных дел Республики Казахстан Кайрат Абдрахманов посетил автомобильный пункт пропуска Кеген (РК) – Кыркара (КР) (КПП). Данная поездка связана с реализацией договоренностей, достигнутых Президентами Казахстана и Кыргызстана 25 декабря 2017 года в г. Астана, а также изучением возможности по переводу КПП с сезонного на круглогодичный режим работы.Пункт перехода оснащен современными техническими средствами контроля в соответствии с нормативными требованиями по оснащению КПП, что позволяет обеспечивать контроль и безопасность на границе. За три летних месяца пункт пропуска пересекли 27 тысяч человек.В соответствии с Соглашением между Правительствами Казахстана и Кыргызстана о пунктах пропуска через государственную границу от 25 декабря 2003 года на казахстанско-кыргызской государственной границе действуют 8 пунктов пропуска.Договоренность Глав государств об изменении статуса двух КПП Аухатты (РК) – Кен-Булун (КР) и Сартобе (РК) – Токмок (КР) с двустороннего на многосторонний была реализована 17 августа 2018 года подписанием соответствующего Протокола в ходе VII заседания Казахстанско-кыргызского межправительственного совета. Это позволит уменьшить нагрузку на другие пункты пропуска, а иностранным туристам более удобно посещать озеро Иссык-Куль. Развитие региональных туристических маршрутов является одной из приоритетных задач правительств двух стран. Ярким примером взаимовыгодного сотрудничества является туристический маршрут к Пику Хан-Тенгри, пролегающий по территории обоих государств.Эти и другие вопросы, направленные на активизацию двустороннего взаимодействия в различных областях, находятся в повестке дня казахстанско-кыргызского сотрудничества.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22716?lang=kk
Заң мен тәртіп: Шығыс Қазақстан облысының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы пікірталас 11.04.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Шығыс Қазақстан облысының ЖОО студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта пікірталас турнирі өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған турнирді Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және С.Аманжолов атындағы ШҚУ бірлесе ұйымдастырды.Іс-шара жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды. Пікірсайыс барысында өңірдегі үш оқу орынның студенттерінен құралған «Парасат» және «Әділет» командалары С.Аманжолов атындағы ШҚУден, «АнтиКоррупция» Д.Серікбаев атындағы колледжден және ҚАЕУтен «Ta-Too» командасы қатысып, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы теориялық білімдерін көрсетіп, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты дәлелді ой алмасты.ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, оқытушылар мен сарапшылар төрешілік етіп, модераторлар ретінде сөз сөйледі. Бұл қатысушыларға негізгі мәселелерді талқылап қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық тетіктері бойынша практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.Турнирдің маңызды сәттерінің бірі сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтау мен жолын кесуге байланысты нақты кейстерді талқылау болды. Студенттер белсенді пікірталас жүргізіп қана қоймай, мәселені шешудің мүмкін жолдарын ұсынды.Жарқын пікірталастың нәтижесі бойынша, турнир жеңімпазы С.Аманжолов атындағы ШҚУдің «Парасат» командасы атанды.Осылайша, аталған шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы болды.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/972559?lang=kk
Акцизделетін тауарларға салық салу 11.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін өнім айналымы саласындағы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын еске салады.Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын және басқа да тауарларды тиісті сертификаттарсыз, сәйкестік белгілерінсіз және техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін сату және сақтау фактілерін анықтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.Бұл ретте талаптарға сәйкес келмейтін өнім заңсыз болып саналады және сатуға жіберілмейді.Нарыққа қажетті құжаттарсыз келетін тауарлар экономика үшін ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігі үшін де зиян келтіретінін атап өткен жөн.Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін тауарлар айналымы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/975585?lang=kk