Қоғам
2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын 10 сұрақ 11.04.2025
Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Төменде біз жиі қойылатын 10 сұрақ пен олардың жауаптарын келтірдік.1) Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады? Қай жерге жүгіну қажет?Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 1 сәуірден басталады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.Егер отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.2) Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет?Өтініш беру және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Басқа құжаттар қажет емес.3) Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз. 4) АӘК алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша прописка болу қажет пе?Ия, қажет. АӘК тағайындау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша прописка болу қажет.5) Жәрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың барлық табыстары есепке алынатыны рас па? Бұл норма қайта қаралады ма?Атаулы әлеуметтік көмекті 2019 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынады.Алайда, Министрлік «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына отбасы құрамын нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізуде.Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамында тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар,ата,әже, немерелер есепке алынады.6) Жәрдемақы алу үшін отбасының бір мүшесінде қандай табыс болуға тиіс? Және жәрдемақының мөлшері қандай?Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы20 789 теңгеден аспаса, отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте кәмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АӘК критерийлерінің мөлшері арасындағы айырма төленеді.Мысал ретінде екі ересек ата-ана мен алты кәмелет жасқа толмаған баладан тұратын отбасын алайық.Ай сайынғы табысы:1) Әкесінің жалақысы – 150 000 тг. құрайды;2) Көп балалы отбасыға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 10 504 тг;3) «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы анаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы – 16 160 тг.Отбасының ай сайынғы табысы – 176 664 теңге.Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен «Күміс алқа» жәрдемақысы алып тасталды. Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа табысы келесідей есептеледі: 150 000 теңге 8 адамға бөлінеді = 18 750 тг. Тиісінше, отбасы АӘК көрсету критерийлеріне сәйкес келеді.Балаларға АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 теңге*6 бала = 124 734 тг.Ата-аналар үшін АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 тг. – 18 750 тг. =2 039 тг; 2 039*2 = 4 078 тг.АӘК жиынтық мөлшері 124 734 тг. + 4 078 тг = 128 812 тг.Егер бұрын отбасы АӘК көрсету критерийіне сәйкес келмесе, онда 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасы 128 812 тг. мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы.Осылайша, жаңа атаулы әлеуметтік көмекті ескере отырып, отбасының жалпы табысы: 176 664 тг. + 128 812 тг. = 305 476 тг. болады.7) Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есепке алынады ма?Иә, отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі. Қағидаларда ел өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу нормалары айқындалған.Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылықты табыс көзіне жатпайды деп айқындай алады. Яғни, әкімдіктер өз қалауы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты ескермеуге құқылы.8) 1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс алынып тасталады?АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мыналар есепке алынбайды:1. 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;2. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы;3. баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы;4. студенттердің стипендиясы;5. жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер.9) Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар? Олар бойынша толық және дұрыс ақпаратты қайдан ала алады? «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бүгінде 235 мың ана осындай құрметті атаққа ие.Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар:- көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын;- тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариаттық және заң тұрғысынан маңызды әрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын және т.б. төлеуден босатылады.Сонымен қатар, 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы.Бұдан басқа, Министрлік азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы органдар есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар.Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа да жеңілдіктер мен жәрдемақылар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық әкімдіктерден, сондай-ақ 111 call-орталығы арқылы алуға болады.10) Қандай жастағы балалар АӘК ала алады?Жаңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19441?lang=kk
Еңбекминінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйге қолжетімділік мәселелерін талқылады 11.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және табыстарды арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі салалық жұмыс тобының отырысында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мәселелері, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын салу мәселелері талқыланды.Жұмыс тобының отырысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов, мүдделі мемлекеттік органдардың және ҮЕҰ басшылары, сарапшылар мен қоғам белсенділерінен құралған бастамашыл топтардың өкілдері қатысты.Отырысқа қатысушылар тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан шараларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін аз қамтылған санаттағы азаматтар арасында тұрғын үйді бөлу тәртібіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ "Алтын алқа" иегерлері үшін тұрғын үйге жеке кезек құру қажеттігін талқылады.Ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев бастамашыл топ айтқан барлық ұсыныстарды мемлекеттік органдар заңда белгіленген тәртіппен қарастыратынын атап өтті.«Сіздердің барлық ұсыныстарыңызды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұқият зерттейтін болады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша біз сіздерді міндетті түрде хабардар етеміз», - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Үкіметі жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі республикалық жұмыс тобының, соның ішінде көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс органы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19422?lang=kk
«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады 11.04.2025
18 наурызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім министрлері, денсаулық сақтау вице-министрі, сондай-ақ Астана қаласының әкімі көпбалалы отбасылармен кездесті.Еңбекминінің басшысы Бердібек Сапарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30% -ға дейін ұлғайтылатынын хабарлады.«Бұл тікелей денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 1 миллионнан астам мемлекеттік қызметшілерге тікелей әсер етеді. Олар – бірден сегізге дейінгі разрядтағы қосалқы қызметкерлер (техникалық), әкімшілік және негізгі кадрлардағы жұмысшылар», - деді Бердібек Сапарбаев.Сонымен қатар, министр Мемлекет басшысының аз қамтылған отбасыларға, табысы төмен көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді кеңейту туралы тапсырмасының орындалуы туралы әңгімеледі. «Біз атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін жетілдіріп жатырмыз. Атап айтқанда, жәрдемақыны беру критерийі адам басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 50% -дан 70% -ға дейін, яғни ағымдағы жылы 14 849-дан 20 789 теңгеге дейін артады. Бұдан басқа, табысы төмен отбасының әр баласы үшін ай сайын күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 70% (20 789 теңге) мөлшерінде кепілді көмек төленеді. Отбасының ересек мүшелері үшін АӘК мөлшері бұрынғыдай есептеледі», - деп қорытындылады министр Бердібек Сапарбаев.Ведомство басшысы ана мен төрт баланы қамтитын, жұмысынан табыс таппаған нақты отбасының үлгісіндегі өзгерістерді түсіндіріп, көп балалы отбасыларға 10 504 теңге (1.01.2018 дейін тағайындалса) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатынын айтты. «Бұл отбасы үшін жаңа критерийлерді ескере отырып, тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек 103 945 теңгені құрайды немесе 63% -ға артып, қазіргі жүйе бойынша салыстырғанда - 63 741 теңге», - деп түсіндірді министр.Кездесуге келген көпбалалы аналар тұрғын үй алу, сондай-ақ АӘК-ті алуға тіркеуге тұру мәселелері бойынша қызығушылық танытты.Еңбекминінің басшысы Бердібек Сапарбаев бүгін «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналарға арналған мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекке қою мәселесін әзірлеу қажеттігін атап өтті. Екінші сұраққа қатысты, ҚР Ішкі істер министрлігі оны шешу үшін қажетті шараларды қабылдайтыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19415?lang=kk
Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 63-сессиясына қатысты 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 11-22 наурыз аралығында Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссияның 63-сессиясы өтіп жатыр, оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваның жетекшілігіндегі қазақстандық делегациясы қатысты.БҰҰ-ның Бас хатшысы, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысқан 63-сессия «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін әлеуметтік қорғау жүйесі, мемлекет көрсететін қызметтерге қолжетімділік және тұрақты инфрақұрылым» тақырыбына арналған. Cессия алаңында спикерлер мен қатысушылар гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің өзекті мәселелері бойынша пікірталастар мен интерактивті диалогтар өткізуге мүмкіндігіне ие.Ағымдағы жылғы 15 наурызда 63-сессиясы шеңберінде бірінші рет Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтері Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өңірлік офисімен бірлесіп «Ешкім ұмытылмауға тиіс: Орталық Азияда елдеріндегі әлеуметтік қорғау» тақырыбында сайд-ивент (қосымша іс-шара) ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Орталық Азия өңіріндегі елдерде гендерлік теңдікті дамытуда және әйелдер мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуде өзекті және маңызды болып табылады. Сайд-ивенттің модераторы, Қазақстан өкілі Еңбек министрлігінің Жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиева болды.А.Д. Құрманғалиева сөз сөйлеуінде қатысушылар мен қонақтарды Қазақстанның гендерлік теңдікке жету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, мемлекет көрсететін қызметтерге қолжетімділік саласында жетістіктерімен таныстырды. Қазақстанның негізгі халықаралық құжаттарды: БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына (CEDAW), Бейжің декларациясын және іс-әрекеттер платформасын ратификациялағаны және Тұрақты даму мақсаттарына қосылғаны, сондай-ақ елімізде берік институционалдық негіз қаланғаны және қазақстандық әйелдердің саяси, экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейіп келетіні атап өтілді. Қазақстан 2017 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік рейтингінде әлемнің 144 елінің арасында 52 орынға ие, «Әйелдердің жұмыс күшіне қатысуы» индикаторы бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 30 көшбасшы елдің қатарына кіреді.Өз кезегінде Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Омурбекова, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Т.К.Нарбаева, БҰҰ жанындағы Тәжікстанның және Түрікменстанның Тұрақты өкілдіктерінің өкілдері өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.Сайд-ивент барысында қатысушылар қазіргі әлемдегі әйелдердің рөлі мен маңызы туралы конструктивті диалог жүргізді, сондай-ақ өңірдегі әйелдер мен қыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін басым мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде концептуалды көзқарастар мен ұсынымдар берді.63-сессияның қорытындысы бойынша Келісілген қорытындылар қабылданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19405?lang=kk
Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтық сектор өкілдерімен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасын талқылау үшін кездесті 11.04.2025
Кездесуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсiпкерлiк субъектiлер қауымдастығы, Республикалық нотариаттық палата, Республикалық адвокаттар алқасы, заңгерлерінің одағы, Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық, салық төлеушілер қауымдастығы және де басқа үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар аталған заң жобасын одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізді. Заң жобасын қазіргі уақытта Әділет министрлігі Жоғары Сотпен бірлесіп әзірлеуде.Аталған заң жобасы әкімшілік орган мен азамат арасында туындайтын мемлекеттік басқару саласындағы жариялы-құқықтық қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19334?lang=kk
Мүгедектігі бар адамдар да болашақ мамандыққа оқыта алады 11.04.2025
19 жасар Әмір Сүлейменов – ISIT ақпараттық технологиялар халықаралық мектебінің негізін қалаушы. Жоба авторы жол-көлік апатынан соң, төсекке таңылып жатпай, өз ісін ашып, тағдыр тәлкегіне түскен жандарға көмектесуге бел буды. Ол бағдарламалау мамандығын таңдады. Себебі бұл жұмыс әлемнің кез-келген жерінде отырып қашықтықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Мен мүгедектігі бар адамдардың күйзеліске түсетініне куә болдым. Өзім де осы кезеңнен өттім. Себебі, кезінде жоғары білім алып, жұмыс тәжірибесі болған адам, кейін тағдырдың тәлкегіне түсіп, жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды. Емделу, ота жасату, қайта аяқтан тұру көп уақытты алады», - деді ол, қаңтардың 26 күні ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымовамен өткен кездесуде. 2018 жылы XXI ғасырдың цифрлы біліктілігіне оқыту жобасы бастау алып, өз тиімділігін көрсетті. Басты мақсат мүгедектігі бар адамдарды, көпбалалы аналарды, жұмыссыздарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарды қамту болды. Оқыту 15 сабақтан тұратын SMM арқылы жүргізілді. Осы орайда білім алған мектеп түлектері ендігі өздерін табысы бар жұмыспен қамтып отыр. «Ағымдағы жылдағы басты міндет - мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту. Науқасына, біліміне қарай мақсатты санаттағы қолдаулар шарасын тіркеу қажет. Біреулер интеллектуалды мамандықта, енді біреуі hand made өнімдері яғни қолдан өнім жасаумен айналыса алады »-деп, атап өтті министр.Ақпараттық технологиялар мектебінде SMM-менеджерлері, SEO-мамандығы, контексті жарнама, JAVA-әзірлеушілер, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу мамандықтарына оқыту жүріп жатыр. Бұл мамандықтарға әлемнің кез-келген жерінде қашықтықта отырып-ақ оқуға болады. Статистика бойынша, SMM- маркетингі мамандығы Америкада 10 жылдан бері, Еуропада 7 жылдан бері бар. АҚШ-та мұндай мамандар орташа алғанда 3 мың доллар көлемінде, Еуропада 1500 еуро, Ресейде 150 мың рубль айлық алады. «Біз интернет-дүкендер құра аламыз, әлеуметтік желілерде клиент табу, google-ң бірінші парақшаларында болуға оқытамыз. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске көмектесе аламыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға клиент табуға, цифрландыруға көмектесеміз. Бізде бизнес ашуға қолдау жасайтын «Бастау» бағдарламасы бар, мүгедектігі бар адамдар бизнес ашқысы келмейді, олар біреуге көмектескісі келеді. Себебі, олар өзіне әлі сенімді емес »-деді, Әмір Сүлейменов.2018 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Әмір Сүлейменовтің ISIT мектебі арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына гранттар беру қарастырылған. Келісім шартта пилотты жобаны аймақтар деңгейінде енгізу қадамы жазылған. Бүгінгі күні 25 адам грантқа оқуға қол жеткізді. Биылғы жылы 1000 адамды оқыту жоспары бар. Статистика бойынша, оқытылған 10 адамның 8-і өз бетінше ақша табуды бастады немесе жұмысқа тұрды.Жобаға қатысушылардың оқу оқуы және одан әрі жұмысқа тұруы үшін бар болғаны смартфондары болуы керек.«Бізде Жамбыл облысының ауылынан бір әйел оқып жатыр. Оның ауылында бар-жоғы үш үй ғана қалған. Ол нысаналы жарнаманы оқыды. Қазір сондай бақытты, фейсбукті, инстаграммды өзіне бағындырып алды, қазір Мәскеуде бірге оқығандарды іздеп жатыр. Тоқымамен айналысатын зейнеткер бәскелестерге қалай зерттеу жүргізуді, инстаграмм немесе фейсбуктегі жазбаларында жарнама бергенде негізгі сөзді таңдауды, клиент базасын құруды және өз өнімін сатуды үйреніп алды. Қазір ол өзіне көмекші жалдап алған. Тағы бір зейнеткер кәмпиттерден гүл шоқтарын жасайды», -деп жалғастырды сөзін Әмір Сүлейменов. Кездесу соңында министр ISIT интернет технологиялар мектебінің негізін қалаушы Әмір Сүлейменовке атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, бұл жобаның еліміздің барлық аймағында жүзеге асуы маңызды екенін айтты. ISIT Интернет технологиялардың инновациялық мектебі – ТМД елдері ішінде ашылып отырған алғашқы әлеуметтік мектеп болып табылады. Ол халықтың осал топтарын қамтитын мектеп. Бүгінгі күні мектепте Қазақстанның әр аймағынан 50 адам оқып жатыр. Оның ішінде ауылдар мен шағын қалалардың да тұрғындары бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19255?lang=kk
2019 жылы балалы отбасыларын қолдауға 365 млрд теңге қарастырылған 11.04.2025
Қазақстанда балалы отбасыларын қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар. Бүгінгі күні әлеуметтік көмек отбасылардың 5 санаты бойынша беріледі:1. 1 жасқа дейінгі баласы бар аналар мен отбасыларға; 2. көпбалалы отбасыларға;3.мүгедек баласы бар отбасыларға;4.аз қамтылған отбасыларға;5.асыраушысынан айырылған және бала асырап алған немесе қамқорына алған отбасыларға.Қазақстандық жүйе азаматтың өмірінің барлық кезеңінде қолдау көрсетуді қарастырған. Жүйе әртүрлі әлеуметтік дәрежені және өмірлік жағдайда нақты қамтыған. Барлық әлеуметтік төлемдер жыл сайын инфляция деңгейінде белгіленеді. Бала туған кезде бір реттік жәрдемақы қарастырылған. Оның көлемі бала туу санына қарай бекітілген. 2019 жылы бірінші, екінші, үшінші баланы туғанда берілетін жәрдемақы көлемі – 95 мың 950 теңгені құрайды, ал төртінші және одан көп бала туғанда – 159 мың 75 теңге беріледі. Соңғы үш жылда жәрдемақының көлемі 38 пайызға өсті. 2018 жылдың қортындысы бойынша, осы санаттағы отбасыларын қолдауға берілетін жәрдемақыға 40,7 млрд теңге бөлінді. Осы жәрдемақыны барлығы 395 мың адам алды.Онымен қоса, біздің елде 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік қолдау қарастырылған. Мұндай қолдауға жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де аналар ие.Егер баланың анасы жұмыс істемейтін болса, бала туғаннан кейін оған 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы беріледі. Ол бір жыл бойы ай сайын беріледі. Ай сайын алатын жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгеге дейін жетеді.2018 жылы бұл жәрдемақыны 125 мыңға жуық адам алды. Жалпы сомасы 30 млрд теңге. Соңғы 3 жылда аталған жәрдемақының көлемі 19 пайызға артты. Егер баланың анасы жұмыс істеген болса, оған да әлеуметтік төлемдер беріліп тұрады. Оған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік жәрдемақы беріледі.Біріншіден, жүктілік және бала туу кезінде берілетін төлем. Оның көлемі әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына қарай белгіленеді. Өткен жылдың қортындысы бойынша осындай төлемнің орташа көлемі 391 170 теңгені құрады;Екіншіден, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды. 2018 жылы аталған жәрдемақының орташа көлемі 32 мың 361 теңгені құрады.2018 жылы барлығы 400 мың ата-ана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 165 млрд. Теңге болатын жәрдемақы алды. Одан бөлек, мемлекет жүкті әйелдердің декреттік демалысында орташа айлық табысынан 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялайды. Бұл бала күтімімен демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жинағы тоқтап қалмау үшін жасалып отыр. Жұмыс істейтін әйелдердің құқығы мен кепілі еңбек заңнамасымен қорғалған. Мысалы, экономикалық себептермен штатты қысқарту негізінде, жұмыс көлемін төмендетуде еңбек келісім-шарты бұзылмайды:- жүктілігі туралы анықтамасы бар жүкті әйелдермен;- 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен;- 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған (18 жас дейінгі мүгедек-баласы бар) жалғыз басты аналармен.Өз кәсібін ашықысы келетін әйелдер үшін, біздің елде әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын әртүрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 3033 әйел микрокредит және 1243 әйел жаңа бизнес идеяларын дамытуға 100 АЕК көлемінде грант алды.Мемлекет көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөледі,онда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.Әрбір көпбалалы анаға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алғандарға немесе бұрын «Батыр Ана», 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталғандарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бұл жәрдемақы өмірбақи беріледі және ана зейнеткерлікке шыққан күнде де тоқтатылмайды, сондай-ақ ол оның табысынан тыс беріледі.Жәрдемақының көлемі 16 160 теңгені (6,4 АЕК) құрайды және жыл сайын инфляция деңгейінде белгіленеді. Бұл жәрдемақы құрметті атаққа ие болған аналарға беріледі. Сондықтан ол төменгі күн көріс деңгейіне байланыстырылмайды. Бүгінде Қазақстанда мұндай құрметті атақ 237 мың анаға берілді. Жыл сайын осы төлемге бюджеттен 45 млрд теңге бөлінеді. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» атағын алған көпбалалы аналар жекелеген салық түрлерінен және мемлекеттік баждан босатылған:-көлік құрадары салығынан және жер салығынан;-тұрғылықты жерін тіркеу барысында, төлқұжат және жеке куәлік алуда нотариалдық және заңгерлік маңызы бар қызмет түрлері үшін мемлекеттік баждан;4 және одан көп кәмелет жасқа толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Өткен жылы 271 мың отбасы осындай жәрдемақы алды. Жалпы сомасы 32,8 млрд теңгені құрайды. Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесінде 5 және одан да көп бала туған аналар 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы.Табысы төмен отбасыларын мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары қарастырылған. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізілді. Оны тағайындау үшін кедейлік шегінің мөлшері күн көріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылды. Осылайша 2017 жылмен салыстырғанда Атаулы әлеуметтік көмектің орташа көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік туды. АӘК жаңа форматта беріліп жатыр және тек ақшалай төлеммен ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылуда. Соның ішінде жұмысқа тұруға қолдау көрсету, оқыту, микрокредит беру және т.б.Сондай-ақ, біздің елде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларын, асыраушысынан айырылған отбасыларын және тағы басқаларды қолдау үшін жекелеген әлеуметтік шаралар қарастырылған.16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаға берілетін ай сайынғы әлеуметтік көмектің көлемі 41 578 теңгені құрайды. 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге мүгедектік тобына қарай беріледі: бірінші топтағы мүгедек балаға – 57 021 теңге, екінші топтағыға- 47 220 теңге, үшінші топтағы балаға – 35 638 теңге.Осы төлемге қоса, кәмелет жасқа толғанға дейінгі мүгедек-бала тәрбиелеп отырған тұлғаларға жәрдемақы беріледі. 2018 жылдың қортындысы бойынша 80,6 мың адам осындай жәрдемақы алды. 2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрап отыр.2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 18 жастан асқан бала күнінен бірінші топтағы мүгедек жанға күтімі бойынша жәрдемақы беру енгізілді. Өткен жылы оны 11,5 мың адам алды. 2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрады. Сондай-ақ, техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді қажет ететін балалар (жасанды–ортопедиялық көмек, сурдо, тифло-құрал), жүріп-тұруы үшін қажетті құралмен (арба), шипажайда емделу және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.Асыраушысынан айырылған отбасыларына, бюджеттен 25 541 теңге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған,бұл асырауындағы бір бала үшін, ал асырауында алты және одан да көп бала болса 62 663 теңге беріледі.Халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамту мақсатында, өткен жылдан бері қызметтің 4 түрі бойынша проактивті режим енгізілді. Бұл дегеніміз – азаматтар мемлекеттік органдарға барып жатпай-ақ, қызмет түрін ала алады. Жаңа туған баланы тіркеу, балабақшаға кезекке қою, бала туғанда берілетін жәрдемақыны және 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін төлемді рәсімдеу бір проактивті режимде беріледі. ***Жалпы ана мен баланы қорғау аясында қабылданған шаралар оң нәтижесін көрсетіп, демографиялық ахуалды жақсартты. Соңғы 10 жылда бала туу 10 пайызға артты (2008 жылы 356,6 бала туса, 2018 жылы – 391 мың бала өмірге келді).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19222?lang=kk
КОМИССИЯ ЯК-12М ҰШАҒЫНЫҢ АПАТЫ ЖӨНІНДЕ АЛДЫН-АЛА БОЛЖАМДЫ АЙТТЫ 11.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік оқиғалары және оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің дерегі бойынша Комиссия Алматы облысындағы Як-12М ұшағының авиациялық апатына байланысты алдын-ала болжамды айтты.Жүгері алаңын улы химикатпен дәрілеп болғаннан кейін әуе кемесі Шолақай елді мекенінің үстімен ұшып өткен. Солға қарай бұрылу кезінде ұшақты басқару қиындап, бірден ұшу жоғарылығы мен жылдамдығын жоғалта бастаған. Соның салдарынан ұшақ жерге құлаған. Оң жақ жанармай багы жарылып, ұшақтың қызып тұрған қозғалтқышына тигендіктен от тұтанып, ұшақтың алдыңғы бөлігі өртенген. Өрттен ұшақтың алдыңғы бөлігі мен ұшқыш кабинасы толық жанып кетті. Тек фюзеляждың кил мен стабилизаторы бар артқы бөлігі ғана қалды.Ұшқыш пен қызметтік жолушы қайтыс болды.Еске сала кетейік, 2017 жылдың 27 шілдесі күні жергілікті уақытпен 09 сағат 05 минутта Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Шолақай елді мекенінде авиациялық-химиялық жұмыс жүргізіп болғаннан кейін солға қарай бұруды орындау кезінде тіркеу нөмірі UP-LA127 Як-12М ұшағы апатқа ұшыраған болатын.«Ұсақ көбелектерге қарсы авиациялық-химиялық дәрі себу қызметі» шаруа қожалығымен жасалған келісімге сәйкес атқарылған.Ұшу тапсырыс бойынша орындалған және жергілікті ішкі істер органымен келісілген.Ұшақты басқарушы ұшқыштың аталмыш әуе кемесін басқаруғы және авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге құқығы бар.Бұл ауданда қауіпті желдің соғуы байқалмаған және болжанбаған. Әуе кемесінде параметрлік және дыбыстық жазғыштар жоқ.2017 жылдың 21 тамызынан бері Халықаралық авиация Комитетінің сарапшыларымен және «Шахтинск авиациялық – жөндеу зауыты» (Ростов облысы) ЖАҚ өкілдерімен Як-12М ұшағының қозғалтқышына зерттеу жүргізіп, апаттың себебін анықтау жөнінде кездесулер өткізілуде.Анықтам үшін: ұшақтың қозғалтқышы 2012 жылы жоғарыда көрсетілген зауытта жөндеуден өткен. Соңғы жөндеуден өткеннен кейін ұшақ 397 сағат 55 минут ұшқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19195?lang=kk
«БИОЭТАНОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» 11.04.2025
2011 жылдың 24 ақпандағы «Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» туралы ҚР ТР Техникалық регламенті күшіне енді. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ БТН) сәйкес «80 (көл.) % немесе одан көп болатын денатуратталмаған этил спирті; денатуратталмаған кез келген концентрациядағы этил спирті және өзге де спирттер» 22-тобының 2207-кіші тобына кіретін өндірілетін (әзірленетін) және әкелінетін (импортталатын) биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Биоэтанол өндірісі және айналымы кезінде: 1) химиялық препараттарды және реактивтерді абайсыз қолдану; 2) биоэтанолды өндіру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезінде отты абайсыз қолдану; 3) орамның герметикалық еместігі және төгілуі; 4) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстіңгі бетінің жоғары немесе төмен температурасы; 5) жылудың артық мөлшері бөлінетін, қауіпті пайдалану процестері; 6) отынды басқа сұйықтықтармен араластыру; 7) биоэтанолдың ауыз суға түсуі; 8) көзге, ішек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терісіне түсуі қауіпті факторлар болып табылады. Егер кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен ұштасқан қалдықтардың пайда болуына немесе экономикалық жөнсіздікке әкелетін болса, биоэтанолды әкелуге шектеу қойылады немесе толық тыйым салынады. Дайындаушы беретін биоэтанол паспортына кәсіпорынның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады. Биоэтанолдың пайдалану сапасын жақсарту үшін зиянды жанама әсерін тигізбейтін бүлінуге қарсы, жуғыш және көп функционалды телімдерді қолдануға рұқсат етіледі. Сақтау үшін осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін және тауар тізбегінің қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттары бар биоэтанол қабылданады. Биоэтанолды сақтауға арналған үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 796 қаулысына сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, сондай-ақ автоматты өрт дабылдарымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қамтамасыз ету қажет. Биоэтанолды тасымалдау арнайы жабдықталған және тиісті көлік түрін қолданылатын қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес тасымалдауға рұқсат етілген көлік арқылы жүзеге асырылады. Отыны бар көліктік ыдыс пломбаланған болуы тиіс. Биоэтанол міндетті сертификаттау объектісі болып табылады. Биоэтанол сәйкестігін растау тәртібі және схемасы «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген. Техникалық регламентпен толық Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында https://www.memst.kz/ танысуға болады. Техникалық регламентке сұрақтар туындаған жағдайда Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық Департаменттеріне сәйкес хат жолдауға болады. Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11. Телефон: 75-05-44. Е-mail: gosnadzor_astana@mail.ru. Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы – Амантайқызы Айнұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19190?lang=kk
"Электрондық Үкімет" порталы арқылы АӘК алушыларға анықтама беру рәсімі жеңілдетілді 11.04.2025
Азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек ұсыну үрдісін тездету мақсатында Министрліктің ат салысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрліктері бір реттік құпия сөздер және «Электрондық Үкімет» веб-порталында үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі арқылы өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама алу бөлігінде мемлекеттік қызметтің оңтайландырылған бизнес-үрдісін жіберу іске асырылды. Бұрын атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтарға ХҚКО-на, жергілікті атқарушы органдарға немесе оқу мекемелеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқық беретін мәртебесін растайтын анықтама ұсынуы қажет еді. Қызметтерді оңтайландыру қызмет көрсететін мекемелерге Министрліктің деректер базасына автоматты сұраныс жіберу арқылы жоғарыда аталған мәртебені растауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19188?lang=kk
2027 жылға қарай әйелдер 63 жастан зейнеткерлікке шығады 11.04.2025
Ер азаматтарға қарағанда, әйелдердің зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі әлдеқайда төмен. Олардың еңбек қызметінің ерекшелігін ескерген жөн. Бұл жұмысының жалғаспай қалған кезеңіне, жалақы көлемінің төмендеу болуына қатысты. Зейнеткерлік жасты бірегейлендіру – әйелдерді зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейін көтеруге бағытталған шаралардың бірі. Қазақстанда 2015 жылы зейнетақы заңнамасы өзгертілгеннен кейін, 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен әр 6 ай сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы көтеріліп жатыр. 2027 қарай олардың зейнтекерлікке шығу жасы ерлердің зейнеткерлік жасымен теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.2018 жылы бірінші кезеңде әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 2017 жылмен салыстырғанда 6 айға ұзартылып, 58,5 жсты құрады. Ерлер үшін зейнеткерлікке шығу жасы бұрынғысынша 63 жас болып қалды. Сәйкесінше, 1960 жылдың бірінші жартысында туған әйелдер, 2018 жылдың екінші жартысында зейнеткерлікке шықты.2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйел азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасы тағы 6 айға ұзарып, 59 жасты құрады. Ағымдағы жылы 1960 жылдың екінші жартысында туған әйелдер зейнеткерлікке шығады.Мұнымен қатар 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы белгілеудің жаңа әдістемесі енгізіліп отыр. Базалық зейнетақыны есептеу жүйесі өзгеріп, оған сәйкес базалық зейнетақы көлемі артты. Жаңа жүйе бойынша оның мөлшері еңбек өтіліне қарай өзгеретін болады. Жұмыс тәжірибесі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін және одан кейін де жинақталған өтілі есепке алынады.Сондай-ақ, зейнетақы жүйесіндегі өтілі, базалық зейнетақыны есептеуде есепке алынады. Оған 3 жасқа дейін бала күтімімен отырған кезең, (жалпы алғанда 12 жылға дейін), мүгедек-баланы бағып-қағу, әскери қызметтегі жұбайлардың бірге тұруы (мерзімді әскери қызметтегілерден басқа), олардың жұмысқа тұру мүмкіндігі болмаған, жергілікті жердегі арнайы мемлекеттік қызметкерлердің (жалпы алғанда 10 жылдан аспауы керек) және т.б.Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап жұмыс істеп жүрген 1 жасқа дейін бала күтімімен демалыста отырған әйелдерге республикалық бюджеттен 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау енігізілді. 2020 жылдан бастап шартты-жинақтаушы компонент енгізіледі. Ол зейнетақы жинағының көлемін 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасы есебінен өсіруге бағытталған. Оны жұмыс беруші жұмысшыларының пайдасына өз қаражатынан төлейді. Мұның бәрі әйел азаматтарға зейнетақы жинағының көлемін және еңбек өтілімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл базалық зейнетақыны белгілеуде есепке алынады.Осылайша әйелдердің ерте зейнеткерлікке шығуы барысында барлық қолданыстағы жеңілдіктер сақталады:Біріншіден, бес бала туған және 20 жыл еңбек өтілі бар әйелдер 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы;Екіншіден, төтенше және радиациялық тәуекелі бар аймақтарда және Семей ядролық сынақ полигонында 5 жылдан аз емес уақыт тұрғандар 45 жасында зейнеткерлікке (20 жыл еңбек өтілі болуы керек)шығады; Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін зейнетақы ануитетін иеленуі жағдайында зейнетақы жинақтары жеткіліктілер 2019 жылы 51 жастан зейнеркерлікке ерте шыға алады; Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының кестесі201858 жас 6 ай 01.01.1960 -30.06.1960 ж.201959 жас 01.07.1960 - 31.12.1960 ж.202059 жас 6 ай 01.01.1961 -30.06.1961 ж.202160 жас 01.07.1961 -31.12.1961 ж.202260 жас 6ай 01.01.1962 - 30.06.1962 ж.202361 жас 01.07.1962 - 31.12.1962 ж.202461 жас 6 ай 01.01.1963 - 30.06.1963 ж.202562 лет 01.07.1963 - 31.12.1963ж.202662 жас 6 ай 01.01.1964 - 30.06.1964ж.202763 жас 01.07.1964 - 31.12.1964 ж.2018 жылдың 11 айының қортындысы бойынша бюджеттен бөлінген жиынтық зейнетақының орташа көлемі 81 159 теңге, 2017 жылдың оыс кезеңімен салыстырғанда зейнетақының орташа көлемінен 23 пайызға артық. (2017 жылдың 1 желтоқсанында бюджеттен жиынтық зейнетақының орташа көлемі– 65 935 теңге).2018 жылдың 1 желтоқсанында жасы бойынша зейнетақы алатындардың жалпы саны – 2 172,9 мың адамды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19152?lang=kk
ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландырады 11.04.2025
Для оптимизации процесса оказания государственных услуг, Министерством труда и социальной защиты населения РК (далее – Министерство) в 2018 году реализуется Дорожная карта по проактивному оказанию государственных услуг, связанных с установлением инвалидности. Дорожная карта предусматривает оказание в проактивном формате 8 государственных услуг:Назначение государственного социального пособия по инвалидности;Назначение социальной выплаты на случай утраты трудоспособности;Назначение пособия матери или отцу, усыновителю (удочерителю), опекуну (попечителю), воспитывающему ребенка-инвалида;Оформление документов на инвалидов для предоставления им протезно-ортопедической помощи;Обеспечение инвалидов сурдо-тифлотехническими средствами и обязательными гигиеническими средствами;Оформление документов на инвалидов для предоставления им услуги индивидуального помощника для инвалидов первой группы, имеющих затруднение в передвижении и специалиста жестового языка для инвалидов по слуху;Предоставление инвалидам кресел-колясок;Обеспечение инвалидов санаторно-курортным лечением.По результатам проведения медико-социальной экспертизы, услугополучателю проактивно, то есть без заявления, будут оформлены документы на назначение государственного пособия по инвалидности, социальной выплаты по утрате трудоспособности, пособия воспитывающему ребенка-инвалида, а также предоставление средств и услуг реабилитации в соответствии с индивидуальной программой реабилитации, что позволит значительно сократить маршрут инвалида, исключить необходимость посещения им услугодателей для получения соответствующих услуг, снизить бумажный документооборот.В рамках реализации Дорожной карты проведено обучение сотрудников территориальных департаментов Комитета труда, социальной защиты и миграции Министерства, Управлений координации занятости и социальных программ областей, городских/районных отделов занятости и социальных программ работе в информационных системах с функционалом процесса оказания проактивных государственных услуг, связанных с установлением инвалидности.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19125?lang=kk
2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені құрады 11.04.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында атаулы жалақының индексі өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда 109,3%, нақты – 103,1% құрады.Жалақының индексі тауарлар мен қызмет түрлеріне тұтынушының бағасының индексіне қарай атаулы жалақының индексімен анықталады. Екі индекс те бір уақыттың кезеңіне байланысты.2018 жылдың үшінші тоқсанында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылар тізім саны (кәсіпкерлікпен айналысып жүрген шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 3755,5 мың адамды құрады, нақтырақ айтқанда -3543 мың адам.Жұмысшылардың тізім саны –қол қойылған мерзіміне қарамастан, еңбек келісім-шарты бойынша қабылданған тұлғалардың, сондай-ақ қоғамдық бастамаларда жұмыс істеп жүргенде саны.Жұмысшылардың нақтырақ саны (орташа жалақыны есептеуді қабылдағанда) – жұмысқа формалды тіркелген жұмысшылардың жекелеген санатын шегеріп тастағанда тізім құрамындағы жұмысшылар саны (жүктілік және бала туу, бала күтімі және тағы басқа бойынша демалыстағы тұлғалар).2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені (өткен тоқсандыққа 99,4%, өткен жылдың тоқсанына сәйкес 109,3 ) құрады.Аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, көбірек жалақы алатын облыстар қатарында Атырау – 310 568 теңге, Маңғыстау - 273 160 теңге, Астана қаласы – 240 683 теңге. Алматыда орташа жалақы көлемі 197 736 теңгені, БҚО -155 796 тг, Қарағанды облысы-146 324, Павлодар -139 015, Ақтөбе облысы - 137 526, ШҚО -135 841, Қызылорда облысы -132 829, Қостанай өңірінде - 125 522, Ақмола облысы- 121 358, Шымкент қаласында - 113 716, Алматы облысы -113 660, Жамбыл облысы -110 988, СҚО - 110 853, Түркістан облысы - 98 834 теңгені құрайды.Бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы жұмысшылардың нақты санына және есеп беру кезеңіндегі айлардың санына жалақы қоры есептеген соманы бөлу арқылы анықталады. Ең жоғарғы жалақы алатын саланың бірінші ондығына кіретіндер: теңіз және жағалау жүк көлігі 683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда, 99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында), еңбекпен қамту 563 449 (109,4%-113,1%), су көлігі 560 818 (101,4% – 97,2%), басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру 505 020 (108,2%-95,2%), міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет 499 228 (112,4%-116,2%), құбыр желісі бойынша тасымалдау 472 658 (121,7% – 115,8%), әуе жолаушылар көлігі 417 865 (96,8% – 114,8%), әуе көлігі 414 931 (97,1% – 114,5%), сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда - 378 930 (128,9%-160%), сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 188 (86,9-136%).Әлдеқайда төмен жалақы алатын саланың ондығына кіретіндер: жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату 51 438 тенге (79,3% өткен тоқсандықта) және аквамәдениет 58 378 (өткен тоқсанда 104,6%, өткен жылдың сәйкес тоқсанында – 150%), мектептке дейінгі білім беру 62 373 (92,1%-101,1%), бірге тұрып әлеуметтік қызмет көрсету 78 314 (97,6%-103,9%), бастауыш білім (бірінші сатысы) 80 381 (85,7%-113,2%), бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету 80 899 (99,7%-101,3%), тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету 87 734 (105,2% -107,8%), білім беру 97 482 (84,6%-107,9%), жоғары білім 149 784 (90,6%-117,7%), ветеринарлық қызмет 98 236 (108,8%-101,4%).2018 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы өсті: туроператорлар қызметінде, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет ететін ұйымдарда– 162 838 теңге (99,2%-138,3%), сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 188 (86,9%-136%), жеке қолданудағы компьютерлерді, тұрмыстық тауарларды жөндеу 237 840 (105,8% - 128%), жүкті сақтау және қаттау 130 530 (102,4%-125,2%), әкімшілік салада және қосымша қызмет көрсету 193 234 (107,8%-123,2%), өзен жүк көлігі 149 737 (115,3% – 122,8%), жоғары білім 149 784 (90,6%-117,7%), қаржылық және сақтандыру қызметі 317 413 (94,7%-116,4%), міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметі 499 228 (112,4%-116,2%), қоғамға жалпы мемлекеттік қызмет көрсету 135 898 (99,8%-115,9%).Үшінші тоқсанда өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы төмендеді: қосымша білім беру қызметі 143 576 тенге (114,9%-78,6%), жарнамалық қызмет және нарық жағдаятын зерттеу 156 364 (95,6%-83%), әкімшілік –басқару, шаруашылық және өзге де қосымша қызмет көрсету салаларында 172 149 (116,9%-87,7%), кино өндірісі, бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар 149 444 (90,6% – 87,8%), автокөлікпен жүк тасымалдау және тасымалдау бойынша қызмет 226 959 (97,9% – 90,1%), басты компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша кеңес беру 505 020(108,2%-95,2%), компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да тиісті қызмет түрлері 304 281 (102,2%-96%), су көлігі 560 818 (101,4% – 97,2%), жылжымайтын мүлікке қатысты жүргізілген жұмыстарға келісім негізінде сыйақы беру 144 229 (116,3%-98%), теңіз және жағалау жүк көлігі 683 234 (100,8%– 99%).Аймақтар бойынша есептегенде жұмысшылардың нақты саны Алматы қаласында (467,2 мың адам), Қарағанды облысында (321 мың), ШҚО (283,5 мың), Астана қаласында (265,7 мың), Алматы облысы (225,1 мың), Түркістан облысы (207 мың), Атырау облысы (201,8 мың), Шымкент қаласында (183,8 мың адам).Әлдеқайда аз – СҚО (114,9 мың), БҚО (133,4 мың), Қызылорда облысы (145,7 тыс), Ақмола облысы (149,9 мың), Маңғыстау (150 мың), Жамбыл облысы (158,9 мың), Қостанай облысы (178,2 мың), Актөбе облысы (181,7 мың), Павлодар облысында (190 мың адам).Экономикалық қызмет түрі бойынша жұмысшылардың басым бөлігі білім саласында (952,7 мың адам, оның 710,4 мыңы әйелдер), 620,1 мыңы – өнеркәсіпте (оның ішінде 161,2 мыңы әйелдер), 408,5 мың адам мемлекеттік басқару, қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету (139,2 мың әйел), 407,2 мыңы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (319,2 мың әйел ), 220,9 мыңы көлік және қаттау саласында (57,2 мыңы әйел), 165,9 мыңы – құрылыста (18,8 мың әйел), 135 мыңы әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласында (26,3 мың әйел) еңбек етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19086?lang=kk
ҚР ИДМ: ЕЛДІҢ ЖІӨ-НІҢ ЭНЕРГИЯ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 2008 ЖЫЛҒЫ ДЕҢГЕЙДЕН 28,2%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ 11.04.2025
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің энергия сыйымдылығын 2020 жылға қарай кемінде 25%-ға төмендету және 2050 жылға қарай кемінде екі есе төмендету бойынша міндет қойылды.2015 жылдың қорытындысы бойынша, еліміздегі ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейінен 28,2%-ға төмендеді»,- деп мәлім етті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек энергия үнемдеу мен энергия тиімділік мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысындағы баяндамасында.Қазіргі уақытта Мемлекеттік энергетикалық реестрге 5 мыңнан астам ұйым енгізілген. Анықтама:оның ішінде 2737 мемлекеттік мекеме, ол МЭТ жалпытұтынуының жалпы 2% құрайды;Квазимемлекеттік сектордың 1617 субъектілері - 37% және тұтынудың 61% үлесімен 779 бизнес кәсіпорындары.2015 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде осы МЭТ субъектілері энергияны үнемдеуге 178 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. 2020 жылдың соңына дейін шамамен 200 млрд. теңге инвестиция салу жоспарлануда.«Министрлік жыл сайын өңірлерге, олардың энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметіне бағалау жүргізеді.Өкінішке орай, өңірлерде энергия үнемдеу жұмысы төмен деңгейде жүргізілуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тек 8 өңір орташа, қалған өңірлер «төмен» нәтиже көрсетті»,-деді министр.Министрлік жергілікті атқарушы органдардың Энергия үнемдеу саясатын іске асырудағы жауапкершілігін арттыру мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне энергия үнемдеу саясатын іске асыру тиімділігі бойынша өлшем шарттар енгізуді ұсынады.Сондай-ақ, министрлік бизнес субъектілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсеткенде тиісті критерилерінің бірі ретінде энергия аудиті мен энергияны үнемдеу жөніндегі шараларды айқындауды ұсынады.«Егер, кәсіпорын электр энергиясының құны үшін уақытша төмендету коэффициентін ұсыну туралы өтінішпен жүгінсе, онда олар энергия тұтынуды төмендету жөнінде қандай шаралар қабылданғанынкөрсетулері тиіс. Егер бұл қолдау тапса, онда біз мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібіне тиісті өзгерістер әзірлейміз»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Ведомство басшысы айтқандай, энергия үнемдеуге ынталандырудың жалғыз шарасы ҚР ИДМ-нің, әкімдік пен МЭТ субъектілері арасындағы ерікті келісім ғана.Анықтама: Бүгінгі күні Министрлік пен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және «Шымкентцемент» АҚ арасында энергия үнемдеу саласындағы үш жақты келісім жасалды. Энергия үнемдеу әлеуеті 15 %-дан асатын, тағы бес кәсіпорын бар. Алдын ала болжам бойынша, тек осы кәсіпорындардың міндеттемелерді қабылдауы және үш жақты келісім жасасуы 2020 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын 2%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз ете алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19084?lang=kk
«ЕР САЙ КАСПИАНКОНТРАКТОР» ЖШС-НЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 11.04.2025
2017 жылы 5 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс көрсеткіштерін жақсарту шараларының жоспары бойынша, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу және «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикатор дәрежесін кеңейту мақсатында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының өкілдерімен «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС кәсіпорнына барып қайтты.«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС кәсіпорынның негізгі бағыттары өндірістік және азаматтық құрылыстар, соның ішінде теңіз опрецияларына арналған үлкен өлшемді құрылымы металдық құрылыстар болып табылады.«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС теңіз жобаларын инжинирингтен бастап салынған объектілерді пайдалануға беруге дейінгі басқаруды жүзеге асыратын Қазақстандағы санаулы компаниялардың бірі. Сонымен қатар, «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС соның ішінде теңізден мұнай, газ өндіру және бағдарлау кезінде, құрылыс кезінде пайда болатын мұнай шламдарын, қатты және сұйық қалдықтарды жою, сұрыптау, қайта өңдеуді жүзеге асырады.Кәсіпорынға бару барысында келесі бөлімдер бойынша материалдар ұсынылды:- ЕАЭО, техникалық реттеу шеңберінде өткізілетін жұмыстар;- стандарттау облысындағы заңжобалық жұмыстар;- техникалық реттеу және метрология сұрақтары.«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалымен стандарттау бойынша нормативті техникалық құжаттарды өзектендіру сұрақтары бойынша тұрақты негізде жұмыс жасайды.Кәсіпорынға бару нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне бекітілген «Ішкі нарықта жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша жүргізілетін сауалнамаға қатысуға белсенді ат салысу ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19039?lang=kk
«ТЕМІР ЖОЛ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІНІҢ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ 11.04.2025
Теміржол көлігі - Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып саналады, оның ішкі және сыртқы көліктік-экономикалық байланыстарын және халықты тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бірыңғай көлік жүйесінің құрамында теміржол көлігінің қызметі әлеуметтік өндірістің барлық салаларының қалыпты жұмысына, әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығына ықпал етеді. 2017 жылдың қыркүйек айының 7 жұлдызында,«Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаменті» ШҚО бойынша Семей бөлімінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Семей қаласы бойынша өкілдігінің мамандарымен бірігіп, Семей қаласының кәсіпорындарымен темiр жол саласы үшiн өнiм өндiру мәселелерi бойынша мәжіліс өткiзiлдi. «Казэлектромаш» ЖШС, ПК «Ибраев», «КА Адмет» ЖШС өкілдері қатысты. Мәжілісте теміржол саласындағы Кеден одағының техникалық регламенттерінің негізгі талаптары талқыланды: «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 001/2011), «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» (КО TР 002/2011), «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» (КО TР 003/2011). Олардың ішінен біріншінің таралуы (КО ТР 001/2011)- құрастырылған (жаңартылған), дайындалған темір жол жылжымалы құрамы және оның құрамдас бөлшектері, жалпы және жалпы емес темір жолдарда кедендік одақ аумағында айналымға шығарылған 200 км / сағ жылдамдықпен 1520 мм жолдың ені. Оларға локомотивтер, автокөліктер және вагондар, локомотивтердің жүк вагондары, жүк вагондары, арнайы темір жол жылжымалы құрамдары жатады.Теміржол саласына арналған өнімдер бойынша «Казэлектромаш» ЖШС-нің стандарттау және сертификаттау жөніндегі маманы Рогальская Анастасия сөз сөйледі. Темір жол өнеркәсібі үшін 0,66, 1,3 және 4 кВ кернеулеріне термопластикалық эластомерлермен оқшауланған сымдар мен кабельдер шығарылады. Кәсіпорын кабель және сым өнімдерін шығаруға және сымдарды эмальдауды жүзеге асыруға жаңа итальяндық технологиялық желіні сатып алып, құрастырды. Жабдық «Даму» қоры арқылы «Өндіріс» бағдарламасы бойынша сатып алынды. Кәсіпорында аттестацияланған электрлік өлшеу зертханасы бар. А.Рогальская кәсіпорынның сынақ базасын кеңейту бойынша жоспарымен бөлісті, ал болашақта зертхананы аккредитациялау ойлары бар екенін айтты.Өнімді сынау және сәйкестікті растау мәселелері талқыланды.«Техникалық реттеу және метрологияКомитеті Департаменті» ШҚО бойыншаСемей бөлімінің басшысы Шумаев Р.Р.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19002?lang=kk
В КТРМ ПРИБЫЛА ДЕЛЕГАЦИЯ ТУРЕЦКОЙ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ ПОДПИСАНИЯ МЕМОРАНДУМА В СФЕРЕ СТАНДАРТИЗАЦИИ 11.04.2025
АСТАНА, 9 сентября 2017 год – ЭТАЛОННЫЙ ЦЕНТР. Сегодня в рамках визита в Казахстан делегации Турецкой Республики во главе с Президентом Турецкой Республики Р. Эрдонганом Комитет технического регулирования и метрологии МИР РК (КТРМ) во главе с Председателем Галымжаном Дугаловым подписал с Турецким Институтом Стандартов (TSE) Меморандум о сотрудничестве.В рамках данного визита уполномоченные органы обоих сторон Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (КАЗМЕМСТ) и Турецкий Институт Стандартов (TSE) подписали Меморандум о взаимосотрудничестве.Целью заключения данного Меморандума явилось укрепление взаимовыгодного сотрудничества между Сторонами, оказание содействия развитию совместных перспективных проектов, обмену опытом и прохождению стажировок, а также привлечению лекторов обоих Сторон для обучения в приоритетных областях стандартизации и оценки соответсвия.Вместе с тем, на сегодня сотрудничество в области метрологии осуществляется с Национальным институтом метрологии Турецкой Республики (TÜBITAK UME) в рамках Меморандума о взаимопонимании от 08 октября 2009 года, в области аккредитации в рамках Меморандума о взаимопонимании между Национальным центром аккредитации Республики Казахстан (НЦА) и Национальным агентством по аккредитации Республики Турция (TURKAK).Также одной из площадок для сотрудничества является Межрегиональная Ассоциация по стандартизации (далее – МАС), созданная в сентябре 1991 года в результате решения международной Конференции, состоявшейся в Анкаре.В свою очередь, заключение данного Меморандума укрепит взаимовыгодное сотрудничество на более тесном уровне в перспективных направлениях стандартизации и оценки соответсвия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18989?lang=kk
ІШКІ НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ӨТКІЗУ ҮШІН ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫННЫҢ БІР БӨЛІГІН ҚАЙТАРУ ҮШІН 55 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯҒА 120 МЛН. ТЕНГЕ БӨЛІНДІ 11.04.2025
Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №617 бұйрығына сәйкес 55 индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жумыстарды, керсетілетін кызметтерді ішкі нарықта ілгерілету шығындары 120 млн. теңге сомасында өтелгенін хабарлайды: "RG Brands Kazakhstan" ЖШС, "РауанНалко" ЖШС, "Казэлектромаш" ЖШС, "Саранская швейно-трикотажная фабрика "Galex Plus" ЖШС, "SONIK" Компаниясы" ЖШС, "Astana Solar" ЖШС, "Лидер 2010" ЖШС, "Казахойл Актобе" ЖШС, "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС, "Уральскагрореммаш" АҚ, "Қазақстан электролиз зауыты " АҚ, "Ақтобе мұнай жабдығы зауыты " АҚ, "ERG Service" АҚ филиалы Павлодар машинажасау зауыты, "KSP Steel" ЖШС, "Евразиан Фудс Корпорэйшн" АҚ, "АтырауНефтемаш" ЖШС, "Азия Авто" АҚ, "Казтехресурс" ЖШС, "Шығыс Қазақстан Ұн-құрама жем комбинаты" АҚ, "Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы" ЖШС, "Петропавл ауыр машинақұрастыру зауыты " АҚ, "НПО Дефектоскопия" ЖШС, "Фирма Родник" ЖШС, "Жаңа-Есил Феникс" ЖШС, "Format Mach Company" ЖШС, "ТНК "Казхром" АҚ, "КазСПО-New" ЖШС, "Алюминий Казахстана" АҚ, "Проммашкомплект" ЖШС, "Алматы ашытқы зауыты" АҚ, "Карагулина Л.А." ЖМ, "Концерн "Цесна-Астык" ЖШС, "Цесна-Мак" ЖШС, "Акнар ПФ" ЖШС, "Өскемен арматуралық зауыты " АҚ, "Almix" ЖШС, "AlPaint" ЖШС, "Қазақтың мамандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны" ЖШС, "Өскемен конденсаторлық зауыты " ЖШС, "Kazcentrelectroprovod" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "ADM Investment" ЖШС, "Топан" ЖШС, "Hyundai Trans Auto" ЖШС, "ИСИ Гипс Индер" ЖШС, "Аксайгазпроект" ЖШС, "Алтын Омир" ЖШС, "Инжиниринг компаниясы "Казгипронефтетранс" ЖШС, "Казэнергокабель" АҚ, "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты " АҚ, "Алматы ауыр машинақұрастыру зауыты" АҚ, "Аксель и А" ЖШС, "ТЭБ" ЖШС, "Кублей" ЖШС, "R.W.S. Binding" ЖШС. ҚР ИДМ Жергілікті қамтуды дамытудыңұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18983?lang=kk
«СКУТЕР» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА БІРҚАТАР ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ 11.04.2025
Жаз маусымы кезеңінде су көлігінде жүргізілген тексерулер барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында Қазақстанда «Скутер» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалануды, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.Тексеру барысында шамамен 5,6 мың шағын көлемді кеме тексерілді (гидроциклдар, катерлер, моторлы кемелер т.б.), сондай-ақ 744әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Бұл ретте, әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау және Қостанай облыстарында тіркелген.Анықталған заң бұзушылықтардың негізгі түрлері:- кемелерді жеке құтқару жабдықтарынсыз пайдалану – 471 оқиға;- кемені құжатсыз пайдалану – 117 оқиға;- кеме басқару құқығын беретін құжатсыз пайдалану – 86 оқиға;- белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық тексеруден өтпеген және борт нөмiрлерi жоқ кемелерді басқару – 35 оқиға.Сонымен қатар, Көлік комитетінің аумақтық органдары шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша шағын көлемді кемелердің иелерімен, база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар өткізген.Анықтама ретінде: Көлік комитеті іске асыратын «Скутер» республикалық акциясы су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18967?lang=kk
Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмысбастылықты дамыту мәселелері Астанадағы «Еңбек нарығының келешегі: жаңа мүмкіндіктер» атты форумда талқыланды 11.04.2025
Форумды Қазақстан Республикасындағы «Шетелдік кеңесшілердің қазақстандық кеңесі» қауымдастығымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды.Форум жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдар мен консалтингтік компаниялардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық сарапшылар, ірі қазақстандық жұмыс берушілер және шетелдік инвесторлар қатысты.Форум делегаттары әлемдік еңбек нарығындағы сын-тегеуріндердің ұлттық нарықтарға, жаңа жұмысбастылық түрлеріне және әлеуметтік қорғау жүйесін бейімдеуге ықпал ету сценариін бағалады. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында еңбек нарығының инфрақұрылымын цифрге көшіру және кадрларды даярлау жүйесінің түбегейлі өзгерістен өту мәселелері де кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, еңбек қорларының мобильділігі және шетелдік таланттардың келіп қосылуы, инклюзивтілікке бағытталған белсенді жұмысбастылық саясатын дамыту, нысаналы топтарды қолдауға арналған жаңа құралдар әңгімеге арқау болды.Форум барысында халықаралық ұйымдардың өкілдері еңбек нарығына өзгерістер әкеліп жатқан жаһандық беталыстар жайлы ақпарат берді. Әлемдік тәжірибесі мол сарапшылар әлемдік трендтердің дамыған және дамушы экономикаларға ықпал етуіндегі айырмашылық жайлы әңгімеледі. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі негізінде жұмысбастылық, білім беру және дұрыс әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзгерістерді басқару бойынша жоспарлар мен тәжірибелер таныстырылды.Форум аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылай қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Секцияға қатысуышлар заманауи технологиялардың халықаралық және жергілікті контекстіде әртүрлі еңбек дағдыларына деген сұранысқа әсерін, 21 ғасырда қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырудағы білім берудің рөлін талқылап, Қазақстан еңбек нарығында тепе-теңдікті қалыптастырып жетілдіру үшін Ұлттық біліктіліктер жүйесін дамыту қаншалықты маңызды екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18958?lang=kk