Enbekshi QazaQ

Қоғам

Үздіктер марапатталды 10.04.2025
Павлодарда педагогикалық қызметкерлердің облыстық конференциясы өтті. Аймақ басшысы Болат Бақауов үздік білім беру ұйымдарына 50 миллион теңге көлеміндегі арнайы грант табыстады.  Конференцияға білім беру ұйымдарының ұстаздары мен директорлары, педагогика саласының ардагерлері, облыстық басқармалардың басшылары, ЖОО-ың ректорлары, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.Отырыстың пленарлық бөлімінде баяндама жасаған білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова өткен оқу жылының қорытындысымен таныстырып, білім беру жүйесінің қазіргі жағдайдағы даму жолдары туралы айтып берді.21 мұғалім облыс әкімінің құттықтау хаттарына ие болса, 8 ұстаз ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» атындағы жоғары ведомстволық наградаларға ие болды.  ҰБТ бойынша жоғары нәтиже көрсеткен «Жас Дарын» облыстық мамандандырылған мектебі марапатталды. Қалалар бойынша үздік нәтиже Павлодар қаласының білім беру бөлімі көрсетсе, аудандар бойынша Шарбақты ауданының білім беру бөлімі көш бастады.– Білім беру саласындағы ұлттық рейтингте республика бойынша бірінші орынға шығу оңай шаруа болған жоқ. Павлодарлық ұстаздар мен білім беру жүйесі басшылығының қажырлы еңбегінің арқасында бұл орын бізге бұйырды, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Осы жылы біз үздік ұстаздарға автомобиль кілттерін сыйлайтын дәстүрімізден ауытқып, бірнеше жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқан төрт үздік білім беру мекемелеріне 50 миллион теңге көлеміндегі облыс әкімінің грантын беруді ұйғардық.  Менің ойымша, бұл сыйлық аймақтың әрбір ұстаздар ұжымына білім белестерін бағындырып, оқушыларға сапалы білім беруге ынталандырады.Аймақ басшысының алғаш рет тағайындалып отырған грантына Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназиясы, «Жас дарын» облыстық мамандандырылған мектебі, Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылдық округінің Үштерек жалпы орта білім беру мектебі және Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11005?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Каталония автономдық қоғамдастығындағы ахуалға байланысты мәлімдемесі 10.04.2025
Қазақстан Каталония автономды қоғамдастығындағы ахуалды Испанияның айрықша ішкі жағдайы ретінде қарастырады және мәселе қатаң түрде Испанияның қолданыстағы заңнамасы шеңберінде өрбуі тиіс деп санайды.Испания Корольдігімен қарым-қатынастарда Қазақстан бұл елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидатын ұстанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30864?lang=kk
Қостанайда қала күні атап өтілді 10.04.2025
Қостанай қаласына – 139 жыл. Қала күніне арналған салтанатты шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, шаһар тұрғындары мен қонақтарын мерекесімен құттықтады.«Қостанайлықтар үшін ең тамаша сыйлық ол әрине аймақ экономикасының жақсы көрсеткіштері. Соның бірі өңірге инвестиция тарту. Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша машинақұрастыру, тамақ өнеркәсібі, астық өңдеу салаларында 10 ірі инвестжоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы сомасы 40 млрд. теңгені құрайды. 500-ден астам тұрақты жаңа жұмыс орындары пайда болмақ» - деп атап өтті облыс басшысы.А.Мұхамбетов сондай-ақ қостанайлықтардың жыл санап тұрғын үй жағдайының жақсарып келе жатқанын жеткізді. «Бүгінде «Әуежай», «Юбелейный» және «Алтын Арман» сияқты жаңа ықшам аудандар жылдам қарқынмен бой көтеріп үлгерді. Құрылыстың одан сайын қарқын алуына «7-20-25» бағдарламасының қосар үлесі мол деп білеміз. Биылғы жылы 7 тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 14 үйдің құрылысын аяқтайтын боламыз», - деді әкім. Бұдан басқа облыс орталығында әлеуметтік-спорттық нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілу үстінде. Биыл 1000 орындық Спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілсе, тағы 1000 орындық Ұлттық мәдени орталықтың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ 3 мың адамға шақталған жабық футбол манежі салынып жатыр. Алда 2 мың орындық жаңа мұз айдынының құрылысын бастау жоспарлануда. «Осының бәрі де тұрғындар үшін жасалып жатыр. Және бұл сіз бен біздің біріге атқарған өнімді еңбегіміздің нәтижесі. Облысымыз бен оның орталығы үшін аянбай тер төккен алдыңғы буын ардагерлеріміздің ерен еңбегінің арқасы. Сондықтан қадірлі қостанайлықтар, баршаңызды сүйікті қаламыздың 139 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, береке мен табыс тілеймін» - деп атап өтті облыс басшысы. Бұдан соң А.Мұхамбетов өңірдің дамуына еңбегі сіңген адамдарға облыстың және қаланың құрметті азаматы төсбелгілерін табсытады. Концерттік кеш Ерке Есмахан, Әміре және Алена Апина сияқты Қазақстан мен Ресей эстрада жұлдыздарының өнеріне ұласты. Мереке әдемі отшашумен аяқталды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10994?lang=kk
Халықаралық сарапшылар әділет органдарының жұмысын заңнамалық деңгейде қалай жақсартуға болатынын талқылады 10.04.2025
 Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Reed Smith заң фирмасымен бірлесіп «Әділет органдары туралы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Оған халықаралық сарапшылар, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.Британиялық халықаралық және салыстырмалы құқық институтының қызметкері, профессор Я. Кривой бастаған халықаралық және қазақстандық сарапшылар әділет органдарының қызметін реттейтін ұлттық заңнаманы зерттеп, оны жетілдіру мақсатында, Франция, Сингапур, Германия, Біріккен Корольдік және АҚШ сынды елдердің әділет органдарының қызметіне қатысты оң  тәжірибелерді қарастырып, бірқатар ұсыныстар берді.Атап айтқанда, біліктілік емтиханың қабылдау және аттестаттау, «нотариус», «адвокат», «бағалаушы», «сарапшы», «сот сарапшылары», «жеке сот орындаушысы», «заңды тұлға», «заң кеңесшілері», «медиатор», «аудармашы» біліктіліктерін беруді бір жерден орталықтандырылған тәртіпте жүзеге асыратын арнайы Орталық құру. Сонымен қатар, түрлі профильді сарапшы-мамандардан тұратын  деректер базасын жасау,  сондай-ақ Әділет министрлігінің кейбір құрылымдық бөлімшелерінің қосымша функцияларын қарастыру. Шара барысында берілген барлық ұсыныстар сараланып, Әділет органдары туралы заңнаманы жетілдіру барысында болашақта қарастырылатын болады.Айта кету керек, Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің қолдауымен жүзеге  асырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10993?lang=kk
Алматыда 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды 10.04.2025
Бүгін Алматы Алматы әкімі Бауыржан Байбекке «Универсиада 2017» кезінде студенттердің спорттық жарыстары өтетін нысандардың бірі 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды.Спорт нысанын салуға жоғары сыныпты мамандар тартылып, оны тұрғызуға, әрлеуге отандық өндіріс материалдарының 90% -ы пайдаланылды. Жалпы, 3000 орынды Мұз аренасын салумен 1,5 мың адам айналысты.«Қазіргі кезде негізгі мұздың төзімділігіне ерекше мән беру қажет, ол үшін кәсіби спортшыларды, мамандарды шақырып, мұздың сапасы жөнінде тиісті бағаны алған жөн. Универсиаданың барлық нысандары Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынды. Жалпы, балалар спортын, бұқаралық және кәсіби спортты дамыту қажет. Болашақта біздің спортшыларымыздың жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне ықпал ететін нысандар қала шетінде болуы тиіс», - деп атап өтті әкім.Бұл объект негізінен мәнерлеп сырғанау, шартрек, хоккей және басқа қысқы спорт түрлері бойынша пайдаланылады. Бүгінгі күні хоккей клубтары, әуесқой және балалар хоккейі, сырғанау сынды жаттығу сабақтарының жүйесі жасалған. Осылайша, қаланың мұндай спорт нысандарына қалың бұқараны кеңінен тартуға үлкен мән берілуде.«Біз нысанды тамыз айының соңында пайдалануға беруге үміттіміз. Ал қазан айынан бастап объект қала тұрғындары үшін қолжетімді болады. Барлық жобалар жоғары технологиялық талаптарға толық жауап береді. Негізгі критерйилердің бірі- өзіміз қосқан энергиялық тиімділік. Қазір жоғары рейтингілі шетелдік қондырғыларды орната салудың еш мәні жоқ. Маңыздысы- қымбат энергия шығынына жол бермей, Мұз аренасына көпшіліктің жиі келуін қамтамасыз ету», - деді Алматы қаласы спорт нысандары дирекциясының басшысы  Сергей Апенко.Атап өтерлік жайт, нысан іске қосылғанда мұнда 200-ге жуық жұмыс орны құрылады, олар жалға берілген кафе мен спорт залдарында қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10987?lang=kk
«EXPO-2017» КӨРМЕСІ КЕЗІНДЕ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 1,4 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ 10.04.2025
«ЕХРО-2017» көрмесі кезінде теміржол көлігімен Астана қаласына жолаушыларды тасымалдау өсімі облысаралық бағыттар бойынша 23%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 10%-ға ұлғайды.Атап айтқанда, Астана қаласына теміржол көлігімен 1,46 млн. жолаушы келді. Еліміздің аймақтарынан 1,43 млн. жолаушы, ТМД мемлекеттерінен    31,3 мың жолаушы келді.Жолаушылар көп келген аймақтар да анықталды. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 245 мың жолаушы, оңтүстік аймақтардан 207 мың, Павлодар облысынан 176 мың, Ақмола облысынан 173 мың, Қостанай облысынан 160 мың, Қарағанды облысынан 125 мың және Шығыс Қазақстан облысынан 105 мың жолаушы сапарлаған.Сонымен қатар, Ақтөбе мен Атырау облыстарынан қатынайтын пойыздармен сапарлаған жолаушылар саны артқан. Бұл кезеңде Астанаға Ақтөбеден 57 мың, Атыраудан 47 мың жолаушы келген.Айта кету керек, көрме ұйымдастырылған кезеңде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін Астана қаласына жүретін бағыттардың саны 44-тен 57-ге дейін көбейтіліп, 13 жолаушылар және қала маңы пойыздары іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10981?lang=kk
БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ 10.04.2025
2017 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (626 стационарлық, 312 ұтқыр) 571 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 1 638 640 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 1 515 912 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған, ақаулықтарының болуына байланысты 122 728 АКҚ бірінші реттен техникалық байқаудан өтпеген, бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 7,5 % құрайды.Анықтама үшін: 2016 жылдың сәйкес мезгілінде 1 749 716 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 1 575 634 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,       174 082 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,9 % құрайды.Техникалық байқаудан өтпеген деп танылған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулықтардың негізінде тыйым салынған :- тежеуіш жүйесінің – 30 617 КҚ;- рулмен басқарудың – 9 823 КҚ;- сыртқы жарық беру аспаптарының – 48 761 КҚ;- көрініс – 15 592 КҚ;- шиналар, доңғалақтар және аспалар – 8 134 КҚ;- конструкцияның басқа элементтері – 39 429 КҚ;- Қозғалтқыш және оның жүйелері – 8 306;- рама, шанақ жай-күйі – 558.Өз кезегінде, 2017 жылғы 8 айында аумақтық көліктік бақылау органдарымен 101 техникалық байқау операторларына қатысты 163 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 2 млн. 995 мың теңгені құрайтын 106 әкімшілік хаттамасы толтырылып, 10 техникалық байқау операторы тізілімнен шығарылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10973?lang=kk
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ТЕҢІЗДЕР ҚОРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 13 қыркүйегінде Санкт-Петербург (Ресей) қаласында 13-і RAO/CISO ffshore 2017 халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында «Геологиялық құрылым және арктикалық, Қиыр шығыс пен ішкі Еуразия теңіздер қорының әлеуетін зерттеу жөніндегі халықаралық жобалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев қатысты. Жиын барысында «Каспий өңірінің геологиялық құрамы ГИС – Атлас картасы» жобасының техникалық сипаты, ғылыми методикалық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10965?lang=kk
ҚР ИДМ-ДЕ АЭА БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Арнайы экономикалық және индустриялды аймақтар туралы», сонымен қатар, «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты ілгерілету мен дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына енгізілген жаңалықтарға арналған баспасөз мәслихаты өтті.Журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Инвестиция комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов жауап берді.Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, негізгі Заң жобасының аясында АЭА құру мәселелері  мен олардың қызметінің басым түрлері; АЭА басқарма органының қызметін қаржыландыру;  АЭА-ты басқару өкілеттілігін анықтау; ИА-тың құрылуы, қызмет түрлері мен жұмыс істеуі (республикалық, өңірлік, жеке және шағын индустриалды аймақтар) реттеледі.Ілеспе заң жобалары Салық, Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізуді қарастырады. Салық кодексіне енгізілетін түзетулер келесі мәселелерді қамтиды:- Белгіленген әр АЭА-дағы басым бағыттарды талдап тексеруді жою;- АЭА-на қатысушылардың жалпы кірісінің құрылымына қойылатын талаптарды өзгерту;- «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық бойынша жұмыс істемейтін жеңілдіктерді жою;-  АЭА-ның нысандары аяқталмаған жер учаскелері бойынша салық жеңілдіктерін қолданбау;- АЭА территориясында іске асырылатын тауарларға салынатын артық ҚҚС-н қайтарудың мүмкін еместігі туралы шешім;- Инфрақұрылымды құру кезеңінде жаңадан қатысушылардың АЭА-на қол жетімділігін шектеу;- АЭА басқару компаниялары үшін салық жеңілдіктерін кеңейту;-АЭА территориясынан тауарларды экспорттау үшін кедендік жеңілдіктерді кеңейту;Жер кодексінде АЭА және ИА үшін жер учаскелерін алудың жеңілдетілген тәртібін регламенттеу, яғни, мүмкіндігінше қысқа мерзімде әрі аз процедуралар қарастырылған. АЭА және ИА аумағындағы жер учаскелерін игерудің мерзімі мен талаптарын анықтау процедураларын регламенттеу арқылы мақсатты түрде пайдаланылмаған жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу процедуралары енгізілетін болады. Сондай-ақ, АЭА және ИА қатысушылары үшін жер учаскелері «бір терезе» қағидаты бойынша беріледі.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет  арасындағы іс-қимылдың жалпы мәселелерін реттейтін Кәсіпкерлік кодексінің нормалары қайта қарастырылады. Оның ішінде, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау мәселелері, салалық заңнамаға сүйене отырып, уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылаудың болуы туралы норманың мақсатсыз болуына сәйкес оны алып тастау көзделеді.Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді.Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы 6 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлік әкімдіктермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Министрлік әзірлеген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа бағыттары қолдау тапты.2017 жылғы 3 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия отырысында «ҚР арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» және «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ынталандыру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары мақұлданды.Анықтама.Бүгінгі таңда АЭА территорияларында жалпы сомасы 650 млрд. теңгеден асатын 160 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның 20%-ы шетелдік инвестиция есебіне іске асты.АЭА алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді. АЭА территориясындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңге. Мұнда 30-дан астам жаңа өнім түрлері шығарылады. Қосымша 15 мың тұрақты жұмыс орыны құрылып, 150 жоба іске қосылатыны ұсынылды. Бөлінген 275 млрд. теңгенің 110 млрд. теңгеден астамы  салық түсімі ретінде бюджетке қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10959?lang=kk
Борышкерлер тізіміне еш негізсіз түссеңіз не істеу керек? 10.04.2025
Құрметті оқырмандар, Әділет министрлігінің борышкерлер тізіміне екі жағдайда ғана негізсіз түсуге болады:1) борышкер атқарушылық іс жүргізу бойынша міндеттерін орындап, сот орындаушысына төлеу туралы квитанция сынды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда;2) қате мәліметтер енгізілген жағдайда (аты-жөні, тегі, туған жылы).Егер бірінші жағдай орын алса – қарыздың жабылғанын растайтын құжат қажет, ал екінші жағдайда жеке куәліктің көшірмесі керек.Сондай-ақ, үйден шықпай-ақ болған жайт туралы министрліктің ресми сайтына www.adilet.gov.kz хабарлау керек немесе аумақтық әділет органына жүгіну қажет. Қате мәліметтер міндетті түрде тез арада жойылатын болады.Егер сот орындаушысы жіберген қателіктің салдарынан Сіз қаржылық немесе моральдық шығындарға ұшырасаңыз, залалдың орнын толтыру үшін сотқа шағымдануыңызға болады.Адамдардың аты-жөнінде де тегінде де сәйкестіктер кездесетін жайттар көп емес. Соңғы 3 жылда шамамен 4 оқиға тіркелген. Яғни жүйеге қате мәліметтерді енгізу ықтималдылығы әлі де орын алып отыр. Бұндай олқылықтардың алдын алу үшін министрлік қазіргі таңда тиісті жұмыс атқаруда. Шараны автоматтардыру мақсатында сот орындаушысы тізімге борышкерге қатысты ақпаратты өзі енгізбес үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімінде 1,5 млн адам тіркелген. Ол тізімге олар өндіріп алушының алдында ерікті түрде өз міндеттерін орындамағаны үшін түседі.Борышкерлер тізіміне енбеу үшін азаматтарға, бірінші кезекте өздеріне тиісті міндеттерді ерікті түрде орындау қажет. Екіншіден, жиі болмаса да, арасында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтына (http://pravstat.prokuror.kz/rus)немесе ҚР ІІМ сайтына (http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD) кіріп, тексеріп тұру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10946?lang=kk
Жаңа тағайындаулар 10.04.2025
Аппараттық кеңесте облыс әкімі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының уақытша басшысы лауазымына бұрын Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Ардақ Райымбековті, сондай-ақ ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Ернұр Дәуеновті тағайындады. Жаңа ведомствоға білім беру басқармасынан келді, біраз уақыт аталған басқарма басшысының міндетін атқарған.Бұдан басқа, аймақ басшысы құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын екі тәуелсіз органға бөлінетіндігі туралы атап өтті. Тек құрылыс мәселелері бойынша жетекшілік ететін басқармаға Рүстем Раисов тағайындалды. Бұған дейін ол жойылған мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарған. Ал екінші жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Қанат Кашкиров тағайындалды, осы уақытқа дейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар Болат Бақауов облыс қаржы басқармасының басшысы Ильдар Хасеновтың Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметіне ауысатындығын мәлімдеді. Аймақ басшысы Ильдар Хасеновке атқарған жұмысы мен облысты дамытудағы үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10936?lang=kk
Дін қайраткерлері қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады 10.04.2025
Астана – халықаралық диалог орталығы. Бас қала бейбітшілік пен келісімнің қаласы деген атауға лайықты. Мұндай мәлімдеме бүгін Астанада өткен Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің кезектен тыс жиналасында айтылды.  «Астана – бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» тақырыбындағы дін өкілдерінің жиналысы Қазақстан Республикасының бас қаласы Астананың 20 жылдығына орай өткізілді.  Шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаевтың төрағалығымен өтті. Шараға діни бірлестіктердің жетекшілері, теологтар мен сарапшылар қатысты.Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев Астананың жеткен жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.«Жаңа Астананың дамуы тұтастай алғанда барша Қазақстанның өзгеруіне әкелді, еліміз экономикалық қуатты, саяси тұрғыдан алғанда тұрақты,  жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналды», - деді комитет төрағасы.2003 жылдан бері Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіліп келеді, бұл әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға септігін тигізеді.Еліміздегі діни бірлестік өкілдері Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу бүкіл әлемдік қауымдастық алдында қоғамды біріктіру және жалпыұлттық консенсустың үлгісін көрсететінін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның діни бірлестік өкілдері елорданың 20 жылдығына орай Қазақстан халқына құттықтауларын жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/10927?lang=kk
8 шілде. Алматы әкімдігі дағдарысқа қарсы қосымша шараларды қабылдауда 10.04.2025
Бүгін Алматыда Мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда қаланың 2016 жылғы бюджеті нақтыланды.«Алматы-2020» даму Бағдарламасының 7 тұжырымдарын жүзеге асыру және бұрыннан бар проблемалық мәселелерді шешу үшін қала бюджетінен 13 млрд. 122 млн. 414 мың теңге бөлу ұсынылды.Бюджетті нақтылау барысында қалада жұмыс орындарын көп ашуға ерекше көңіл бөлінді.«Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР-ның Үкіметі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік инвестицияларды арттыру шараларын қабылдауда. Маңызды екі міндет бар, олар - бұрынғы жұмыс орындарын сақтау, жаңаларын ашу және халықтың табысқа жетуіне ықпал ету», - деп атап өтті әкім.Бюджетке өзгеріс енгізу барысында қалалықтардың әлеуметтік сұраныстарына да үлкен мән берілді.«Өздеріңіз білесіздер, үздіксіз жауған нөсер жаңбар қаланың арық жүйесіндегі олқылықтарды ашып берді, олардың 50%-ы қанағаттанғысыз жағдайда. «Алматы-2020» даму Бағдарламасының «Қолайлы қала» атты алғашқы тұжырымындағы «Таза қоршаған орта» бағыты бойынша алдағы уақытта ұзындығы 18,2 км. арық жүйесі қайта жасалады, оған жұсалатын қаржы көлемі 495 млн.теңгеден астам, сонымен қатар, 194 км арық жүйесін жүргізудің ЖСҚ жасалып, 72 км арық желісі жаңарады, оның қаржылық құны - 95,4 млн. теңге. Жалпы, бұл жұмыстардың барлығы қалағақослыған аудандарда жүзеге асады, соның арқасында нөсер жауын кезінде су басып қаупі жойылып, қала тұрығдарына жақсы жағдайлар жасалады», - деп атап өтті өзінің баяндамасында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов.Әкім қалаға қосылған аудандардың арық жүйесін жаңарту басты назарда екендігін жеткізді.«Нөсерлі жауын бірқатар проблемаларды ашып берді. Бұрын бар арықтарды инвентаризациялау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, проблемалы учаскелер анықталды, алдағы уақытта олқылыктардың орнын толтыратын боламыз. Алатау және Наурызбай аудандарындағы арық желілерін жөндеу және қайта жасау үшін біз қажетті жобалық- сметалық құжаттарды дайындауға тиіспіз, өйткені бұларда арық желісіне қатысты инфрақұрылым болмаған. Демек, бұл мәселені біз жүйелі түрде шешуге тиіспіз», - деп атап өтті мегаполис басшысы Бауыржан Байбек.38 саябақ пен скверлерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 303,4 млн.теңге бөлу жоспарланған. «Думан» ықшам ауданынан жаңа зират үшін бөлінген 92 га жерді тиісті ретке келтіру үшін 37,4 млн.теңге, ал Шығыс айналма жолына 3 045 ағаш отырғызу үшін 29,8 млн.теңге қарастырылған.Бұлардан өзге, орындықтар, балалар алаңдары үшін урналар мен қондырғылар қою, қаланың алты ауданындағы 290 аула ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 030 млн.теңге бөлінеді. Көше жарығын жаңалау және қайта жасауға 1,2 млрд.теңге қарастырылған.«Әлеуметтік бағыттағы қала» тұжырымы негізінде әлеуметтік саланы дамытуға 3 млрд. 788 млн.теңге бөлінеді. Жекелеген азаматтар мен онконауқастарды қажетті дәрімен қамтамасыз ету үшін денсаулық саласына 1,6 млрд. теңге бөлінеді.Білім саласын дамыту, оқу сапасын арттыру, білікті кадрлармен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі - 721,2 млн.теңге.Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне, Ардагерлер үйінің вентиляция жүйесін жөндеуге, "Инватакси" қызметіне ақы төлеуге 139,6 млн.теңге бөлінеді.Газ жеткізетіндер ақы көлемін өсіріп отыр, соның салдарынан қала бойынша жылу тарифі 8,3%-ға өсті. Сондықтан жергілікті бюджет есебінен тұрмысы төмен отбасыларға жеке адрестік көмек көрсетілді.2 мектептің, №9 емхананың, Психологиялық орталықтың сейсмикалық қуатын арттыратын қосалқы нысандар салуға 977,8 млн.теңге бөлінді. «ТҮКШ-тың сенімді инфрақұрылымына» қосымша 2,4 млрд. теңге, сапалы су жүйесін қамтамасыз етуге 1,3 млрд. теңге қарастырылған, осының арқасында Қарғалы өзенінің жағалауына қатысты 2 обьектінің және 6 учаскені қайта жасаудың ЖСҚ жасалады. Б. Шолақ атындағы Спорт сарайының электр желілерін жаңартуға, Түрксіб ауданындағы 43 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге 220,7 млн.теңге, «ИТК» АЭА-ның инфрақұрылым құрылыстарын аяқтауға 242,2 млн.теңге бөлінеді. Елді мекендерді газдандыруға 542,5млн.теңге қарастырылған. Қазіргі кезде тұрғындардың 95%-ы газбен қамтамасыз етілген. Бөлінген қаржы есебінен 39 км жерге газ желісі тартылып, 794 абонент газ қосылған.«Біз бүгін қаржы бөлуді қолдау отырмыз.Жаңадан салынған «Ерменсай» қосалқы станциясы бар, ол небәрі 17 %-ға қамтылған, бірқатар желіні соған аударатын боламыз. Бұл - қаланың энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды әрі үлкен жоба», - деп атап өтті Б.Байбек.«Қауіпсіз қала» тұжырымының «Қоғамдық қауіпсіздік» бағыты бойынша әрі ҚР Президентінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту, террорлық қауіптің алдын алу және жедел іске кірісетін арнайы бөлімшенің 75 қызметкері тұратын жиналмалы-құрастырмалы казармалық типтегі нысан үшін 736,7 млн.теңге, ТЖ ескертулеріне және тұйық сулардың деңгейін төмендетуге қатысты 10 насос бірлігін алу үшін 63,8 млн.теңге қарастырылған.2017 жылғы Универсиаданы өткізу үшін қосымша 695,8 млн.теңге бөлінеді, оның ішінде 450 млн теңгеге 25 қаргенераторларын, қауіпсіздікті күшейту және портативті детекторлы жарылғыш заттарды алу үшін 222,5 млн.тенге, FISU-дің наивгациялық тақтайшаларын орнату үшін 55,2 млн.теңге қарастырылған.Осылайша, Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті 382 млрд. 304 млн. 308,2 мың теңгені құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10926?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы Бастауыш партия ұйымының сайланбалы партия жиналысы өткізілді 10.04.2025
Жиналыс барысында Бастауыш партия ұйымының Бюросын, төраға мен төрағаның орынбасарын, сонымен қатар «Бірлік» филиалының конференциясына делегаттарын сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша бірауыздан шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Жұмабеков Арман Дайырұлы Бастауыш партия ұйымының төрағасы болып сайланып төрағасының орынбасары Өразғұлов Ақылбек Сарбайұлы болып сайланды.Бастауыш партия ұйымының Бюро құрамына Жұмабеков Арман Дайырұлы, Оразғұлов Ақылбек Сарбайұлы, Айдапкелов Нұрболат Серғаліұлы, Майтиев Азамат Бақдәулетұлы, Әмрин Азамат Кеменгерұлы, Қазанбаев Ержан Қалдыбайұлы, Керімрай Данабек Алтынбекұлы, Жамбайбек Дәурен Каленұлы, Шәйкәмал Ақбота Өмірсерікқызы сайланған.Сонымен қатар, сайланбалы партия жиналысына «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Қожахметов Шынғыс Шопанұлы қатысты.Жиналыс қорытындысы бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы жұмысты, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Көшбасшысының қойылған міндеттерін жандандыру мен күшейту туралы тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10925?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННАН НОРВЕГИЯҒА АСТЫҚ ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ 10.04.2025
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Келісім жобасымен автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық норма орнатылады. Осы құжатқа сәйкес, екіжақты транзиттік тасымалдар, сонымен қоса үшінші елдерден немесе үшінші елдерге тасымалды рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады. Аталған шарттар отандық тасымалдаушылар үшін тиімді. Өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің өкілдері, яғни Беларусь және Ресей көлік компаниялары іске асыруда»,-деді министр «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында.Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автомобильмен жүк тасымал көлемі 53 пайызға ұлғайды.Бұдан бөлек, заң жобасын талқылау барысында министр аталған елмен жүк тасымалы деңгейін арттырудың  болашағы зор екенін атап өтті.«Бүгінде тауар айналымында артықшылық бар, яғни негізінен бұл балық өнімдеріне байланысты. Осыған дейін бізде астық тасымалдауда жақсы көрсеткіш болды, бұл өнім темір жол көлігімен жеткізіліп жүр. Алайда өткен жылы астық көлемі біршама төмендеді. Бүгінде біз Норвегияға қазақстандық астықты жеткізу көлемін жандандыруды бағытында жұмыстарды жүргізіп жатырмыз»,-деді Ж. Қасымбек.Оның айтуынша, жүк Санкт-Петербордың портына дейін жеткізіліп, ары қарай пароммен Норвегияға өтеді. «Жылдың қорытындысы бойынша сауда теңгерімі қайта қалпына келеді деп үміттенеміз»,-деді ол.Ақпарат көзі: http://www.kazinform.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10924?lang=kk
Алматы әкімдігі тротуарларды жаяу жүргіншілерге қайтаруда 10.04.2025
Мегаполис басшысы Қалдаяқов көшесінің шығысына қарай Гоголь мен Әйтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды, мұнда нысанның меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған.Тиісті басқармаға қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көшелері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға қатысты шара қолдану тапсырылды. Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзінің жеке қаржысы есебінен атқаратын болады.Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде Гоголь көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз қрлысытардың барлығы алынады. Айта кетерлігі, бұрын Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаске жөнделген еді.Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады. Жер асты өтпелі жолдардың барлығы күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салу жоспарланған. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10922?lang=kk
5 шілде. Астана күніне орай Алматыда бірқатар нысандар ашылды 10.04.2025
Бала бақшасы мен әлемдік брендтегі қонақүйдің ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысты.Мегаполистің Әуезов ауданында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған бала бақшаның көлемі 1,6 мың кв.м. Әкім бұл шараның әлеуметтік маңызын атап өтті. Ауданның халық тығыз орналасқан аумағындағы бұл бала бақша алғашында 180 балдырғанды қабылдайды, қабылдаулар кейін де жалғасады. Осы мекменің ашылуы арқасында 45 жаңа жұмыс орны ашылды, мұнда 25 ұстаз сәбилерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс береді.Атап өтерлік жайт, тәрбиеленушілердің тең жартысының ақысы арзанға түседі, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында бүлдіршіндер ақысының бір бөлігін мемлекет төлейді.Дәл осы күні қала басшысы Медеу ауданында орналасқан 4 жұлдызды әлемдік брендтегі «Shera Park Inn» қонақ үйінің ашылуына да қатысты, оның көлемі 15 мың кв.м, нөмір саны – 190. Алматы әкімі алдағы Унивесриада 2017-нің қарсаңында мұндай мейманаханалардың ашылуы өте тиімді екендігін айтты. Жаңа қонақүйдің арқасында 80 жұмыс орны ашылды.Атап өтерлік жайт, мұндай мейрамханалар қонақ үйлер бизнесінде бәсекелестікті қалыптастырып, қызмет көрсету сервисін жақсартады.Аталған бұл нысандарды салуда отандық кәсіпорындардың құрылыс материалдары пайдаланылды.Ақпараттық хабарлама: Қалада кіші және орта бизнестің үлес салмағы артып келеді. Алматы да КОБ-тің 185 000 -нан астам субъект ісі тіркелген. Бұларда 580 000 адам жұмыс істейді. Өткен жылы КОБ шығарған өнім көлемі 4,2 трлн. теңгеге жетіп, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,1% -ды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10915?lang=kk
ДСҰ Бас директорының орынбасары Алан Вулф Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды 10.04.2025
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас директорының орынбасары Алан Вулф ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласына келу барысында Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды. Лекцияның негізгі тақырыбы ДСҰ-ның қарқынды дамып келе жатқан заманауи әлемде  алатын рөлі туралы болды. ДСҰ  бүгінгі таңда өзекті болып табылатын, сауданы шектейтін протекционистік шаралардың өсуі,  қаржы дағдарысы,  электронды сауда, қоршаған ортаны қорғау сияқты  мәселелерді талқылайтын маңызды алаңы болып табылады. ДСҰ-на мүше-елдер, қазіргі заманғы шындықтар  Ұйымнан иілімді де заманауи шешімдер  қабылдауды талап ететінін, түсінуде.  Осыған байланысты ДСҰ мүше-едердің көпшілігі жоғарыда аталған мәселелерге қатысты  институциональдық өзгерістерге, саяси еркіндіктерін білдіруде.Өз сөзінде Алан Вулф Қазақстанның ДСҰ жұмысына белсене  қатысып отырғанын ерекше атап өтті. Еліміздің ДСҰ-ның жас мүшесі болып табылатынына қарамастан,  Қазақстан ДСҰ жұмысына, атап айтқанда  техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру жұмысына  қомақты үлес қосуда.Биыл Қазақстан  ДСҰ-ның қызметтерді саудалау  ережелерін әрі қарай реформалау жөніндегі келіссөздер тобына жетекшілік жасауда. Қызметтер нарығының сауданың өсуі үшін әлеуеті орасан зор,  тиісініше  осы салада сауданы ырықтандыру ДСҰ-ға мүше барлық елдің  экономикалық өсуіне  серпін бере алады.Бас директордың орынбасары, ДСҰ атынан Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріне арналған ДСҰ-ның Аймақтық сауда саясатын жүзеге асырудағы жемісті серіктестігі үшін, UIB-ге алғысын білдірді. Аймақтық курстарға 70-тен астам мемлекеттік қызметші қатысты және осы саладағы білімін арттырды. Қорытындылай келе, ол  ДСҰ-ның 12-ші Министрлер Конференциясын өткізуші ел  ретінде сайлануына байланысты халықаралық сауда жүйесінде Қазақстанның ерекше  рөл атқаратынын атап өтті.  Министрлер конференциясы маңызды шешімдер қабылдайтын,  әлемнің барлық елдерінің  сауда саясатына әсер ететін  ДСҰ-ның жоғары басшы органы болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10911?lang=kk
ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ШЕКТІ ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІН БЕКІТТІ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өтінімін қарау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енетін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде реттелетін қызмет көрсетулер туралы 2017-2021 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейлерін бекітті.Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызмет көрсетулер тарифтерінің көтерілуі келесіні құрады: кәсіпорынның өтімге шыққан 145,7% и 131,8%-нан ішкі әуе желілері (тұрақты) үшін – 36,7%, ішкі әуе желілері (тұрақты емес) үшін – 21,9%.  «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тарифтері 2010 жылдан бері қайта қаралмаған.Заманауи тексеру құралдарымен қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын іске асыру, қызметкерлер санының көбеюі және орташа жалақының индексациялануы, сонымен қатар өндірістік шығындардың көбеюі (шикізат, материалдар, отын, электрэнергиясы) тарифтердің өзгеруіне себеп болып отыр.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірігіп бекітілген «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестициялық бағдарламасында екі проекциялық рентген телевизиялық құрылғысы, жарылғыш және есірткі заттардың портативті және үстел үсті талдауышы, химиялық, жауынгерлік уландырғыш заттардың және уытты өнеркәсіптік заттардың портативті (қол) талдауышы, стационарлық арқалық металл детектор, қол металл детекторы, автоқорғауыштар және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль сатып алуды қарастырады.Аталған шаралар маңызды мекемелерді, халық көп шоғырланатын нысандарды қорғауды күшейту қажеттілігі бойынша Елбасының тапсырмасына және ICAO стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Рейс құнының құрылымында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары шамамен 0,1-0,3% құрайды.Бекітілген тарифтер авиабилет құнына айтарлықтай әсер етпейді.Утвержденные тарифы окажут незначительное влияние на стоимость авиабилетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10882?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУҒА ҮЙРЕТТІ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жалпы құқықтық окыту бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.Лекция барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің критерилері мен әдістері және талдау анықтамаларын жасау, оған қоса анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, талдау жүргізу көрсеткіштерінің критерилері (бақылау-қадағалау функцияларының, қаржы қорының айналымының болуы, мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару) түсіндірілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді сапалы орындау әдістеріне баса назар аударылды.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10880?lang=kk