Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДА 18 ІРІКТЕМЕ ТЕКСЕРІС ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
Қызылорда облыстық әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2018 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша ТРМК департамент директоры Ерқанат Кеулімжаев баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.2018 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша Департамент барлығы 18 іріктеме тексеріс жүргізді. Оның 11-і барысында заң бұзушылықтар анықталды (61,1%). Тексерістердің нәтижесі бойынша 11 әкімшілік құқық бұзушылық істері қаралып, барлығы 2922,1 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды. Тексерулер қорытындысы бойынша қолдануға жарамсыз 83 дана өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салу жөнінде 11 ұйғарым берілді.Департаменттің 2018 жылға бекітілген жоспарына сәйкес департамент мамандарымен жыл басынан аймақтағы тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарда, ірі сауда орталықтары мен базарларда, облыстың барлық аудандарында: кәсіпорындарда сапа менеджмент жүйесін енгізу, техникалық реттеу және метрология  жүйесі талаптары, өнімдерін катологтау, Кедендік одақ аясындағы техникалық реттеу саласындағы келісімдер, стандарттау саласындағы жаңадан енгізілген нормативтік құжаттар, Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары, ұлттық және мемлекеттік стандарттар және басқа да қабылданған нормативтік құжаттарды қалың көпшілікке таныстыру, талдау, түсіндіру мақсатында облыс кәсіпкерлерінің, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 13 оқу семинарлары, конференциялар және 12 «дөңгелек үстел» өткізілді.Департамент мамандарымен облыстың өнім өндіруші кәсіпорындары арасында шығарылған өнімдерді каталогтау жүйесіне енгізу жөнінде  жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға сай, облыс кәсіпорындары шығарған 107 түрлі өнім өнімдердің катологтау жүйесіне енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10874?lang=kk
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Гүльмира Әубәкірова Қарағанды ​​облысына жасаған жұмыс сапарында мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп ережелері туралы түсіндірді.Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды және мемлекеттік қызметтен өту мәселесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілігіне қойлатын негізгі талаптар және мінез-құлықтың негізгі стандарттары сөз болды.Гүльмира Әубәкірова мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, қызметтік қатынастардағы, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат беру кезіндегі мінез-құлықтарға байланысты айтып өтті.Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында, Қарағанды ​​облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп салалық қауымдастықтармен семинар ұйымдастырылды.Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды әзірлеу туралы әңгіме өрбіді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10848?lang=kk
Жобалау ісі 10.04.2025
Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған жобалық кеңсесінде аймақ басшысы Болат Бақауов  менеджерлердің жұмысын бағалап, жаңа мұражай салу туралы мәселе көтерді.44 жобаға жетекшілік ететін аймақтық жобалар кеңсесі екінші ай жұмыс жасауда. Аймақ басшысы алдында бірнеше жобаның тұсауы кесілді. Солардың бірі – мектеп түлектері өз білім ордаларына демеушілік көмек көрсеткен «Мектебіме тағзым» акциясы. Бірнеше ай ішінде 500 демеуші 93 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетті. Облыс әкімі аталған жобаның маңызды екенін,  сонымен қатар жобаны оқу жылы бойы жалғастыру керектігін атап өтті.– Егер мектеп өзінің ауқатты түлектеріне демеушілік көмек көрсету бойынша жүгінсе,  оның ешқандай ұяттығы жоқ, — деді Болат Бақауов. — Аталған акцияны кем дегенде бір оқу маусымы немесе бір жыл бойы жалғастыру керек.  Осылайша Тереңкөл ауылындағы № 1 мектептің қосымша құрылысын жүзеге асырмақпыз.Сонымен қатар аймақ басшысы Павлодар қаласында жаңа музейдің қажеттігін және оны салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Облыс орталығына Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жеткілікті ме, тағы бір мұражай салу мәселесін қарастыру қажет. Бәлкім ол қаланың тарихи нысандары көбірек орналасқан ескі бөлігіне салынады, – деді Болат Бақауов.Ұсынысты Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының директоры Роза Игібаева қолдады. – Шынымен де қаламызға үлкен мұражай керек, – деді директор. – Алайда оның концерт залы және компьютерлік, дәріс беру кабинеттерімен жабдықталған заманауи ғимарат болғаны дұрыс. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10822?lang=kk
23 маусым. Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды 10.04.2025
Бүгін Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты дау - жанжал мен шиеленісті сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын енгізу және дамыту туралы меморандумды бекітті.Меморандумға Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай өз қолдарын қойды.Шара барысында Алматы әкімі ынтымақтастық жөніндегі меморандумның басты мақсаты қоғамдық өзара келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.«Дауды соттан тыс реттеудің бір әдісі - медиация. Бұл тәсіл бізге ежелден таныс, өйткені сонау тарихи кезеңдерде өзара дау-жанжал мен шиеленісті билер мен ақсақалдар ақылдасып, шешіп отырған. Біздің азаматтарымыз арадағы шиеленісті ушықтырып, сотқа нмесе әкімдікке жүгінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы айтып өткендей, мемлекеттің үш тұғыры бар. Олар- билік, бизнес және азаматтық қоғам. Міне, бұлар өзара түсіністікпен жұмыс істеулері тиіс, сонда нәтиже де жоғары болады», - деді Б.Байбек.Жасалған келісім нгезінде қалалық әкімдік пен қалалық сот тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жандандырып, Алматының аудандық әкімдіктерінде медиация кабинеттерін ашатын болады. Бұл жұмысты одан әрі дамыту үшін үкіметтік емес сектор мен азаматтық қоғамдастық өкілдері кеңінен тартылады.Анықтама:Медиация – дау-жанажал мен кикілжің орын алған жағдайда екі жаққа да пайдалы шешім шығару. Егер елдің әлеуметтік- саяси құрылымы медиацияға негізделсе, онда азаматтық институттар жақсы дамыған деген пікір ежелден қалыптасқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10814?lang=kk
ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА 361 ҮЛГІДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОСПАЛАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНДІГІ АНЫҚТАЛДЫ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы қаласы бойынша ҚазСтИн» РМК Филиалымен бірлесе отырып азық-түлік қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдарының қауіпсіздігін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел жұмысына «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ,  «ҰАО» ЖШС өкілдігі, Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, сәйкестікті растау органдары, сондай-ақ өнім өндірушілер қатысты.Дөңгелек үстел азық-түлік қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдарының қауіпсіздігіне бағытталған технологиялық құралдардың негізгі талаптарын түсіндіруге бағытталған.Сонымен, азық-түлік қоспаларын пайдалану, тамақ өнімдерінің органолептикалық сипаттамаларының нашарлауына әкелмеуі тиіс, бұдан басқа «Тамақ өнімінің таңбалау бөлігі туралы» мәліметтерді таңбалау кезінде Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген ақпаратты қамтуы тиіс.ҚР ДСМ Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Светлана Каштан азық-түлік қоспаларын қолдану бойынша жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері туралы хабардар етті.Ағымдағы жылдың 6 айында 1143 тамақ өнімдерінің үлгілері сатып алынып, олардың 361 сынамасында қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.Жалпы, ашық диалог өтіп және жемісті пікір алмасу орын алды, өнім өндірушілер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар     мен  жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10811?lang=kk
18 маусым. Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия Кубогі басталды 10.04.2025
Бүгін Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия кубогі үшін әлемнің 30 елінің үздік 100 гроссмейстер лері өзара сайысқа түседі. Сонымен, мегаполиске Германия, Болгария, Украина мен Франция, Индия, Люксембург, Испания және басқа да елдердің өкілдері келді.Алқалы жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ФИДЕ-нің Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов, шахмат шылар мен қоғам өкілдері болды.Өзінің сөзінде Б.Байбек тұлға ретінде қалыптасуда шахматтың ролі зор екендігін айтты.«Шахмат – адамның мүмкіндіктерін ашатын маңызды ойын. Шахматпен айналысатын бала оқуда үздік, еңбекқор, жігерлі, ойлы, болашағы зор. Шын мәнісінде, шахмат тақтасы - көптеген мәселелерді ойланып шешудің таптырмас жолы. Шахматтан әлем чемпионының бірі формасы жағынан шахмат – ойын, мазмұны жағынан-өнер, күрделілігі жағынан –ғылым деген еді. Мен осынау қағиданы толық қолдаймын», - деді әкім.Халықаралық гроссмейстер Анатолий Карпов Алматыда, жалпы қазақ жерінде шахматтың кең қанат жайғандығын айтты.«Қазақстан Президентінің Кубогі үшін танымал шахматшылардың Алматыға келуінің өзі үлкен оқиға. Алматының шахматтық дәстүрі өте жоғары. Біз мұнда шахматты барлық бағыттар бойынша дамытудамыз, осы жақында білім орталығын аштық. Алматы расында да спорт орталығы, әлемге танымал «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» курортының өздері неге тұрады!. Алматыға келіп, жаңа рекордтарға жетіңіздер», - деді А.Карпов.Жарыс The Ritz-Carlton отелінде, маусымның 18—19 күндері өтеді. Қазақстанға Қытайдан әйелдер арасындағы әлем чемпионы Хоу Ифань алғаш рет келді. Алматыға Европа чемпионы Ян Непомнящий, блицтан үш дүркін әлем чемпионы Александр Грищук, әлем Кубогінің иегері Петр Свидлер, әлем чемпионы Пономарев Руслан (Украина), Касымджанов Рустам (Өзбекстан), Ван Хао (Қытай), Ле Куанг Льем ( Вьетнам), Борис Гельфанд (Израиль), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан) ат басын тіреді.Жарысқа Австралия, Армения, Қазақстаннан құралған халықаралық арбиторлар бригадасы — Ашот Вардапетян, Флюра Хасанова, Джими Кенмур төрелік жасайды. Кубокты ұйымдастырушылар — Қазақстанның шахмат федерациясы мен академик Шахмардан Есеновтың ғылым мен білім қоры.Шахмат бәсекесіне ардагерлермен бірге еліміз бен Азия чемпиондары болып үлгерген Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали, Әсел Лесбекова, Казбек Нөгербек, Рамазан Жалмаханов сынды жас шахматшылар да қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10804?lang=kk
17 маусым. «Кәмелеттік аттестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды 10.04.2025
Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалі өтті.Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алтын белгі мен» 254 түлекті марапаттады. Биыл орта білім жөніндегі кәмелеттік атестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды.Мегаполис басшысы жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен және ҰБТ қорытындыларымен құттықтады. Алматы жалпы білім беруде бесінші рет қатарынан Қазақстандағы ең үздік қала атанды. ҰБТ бойынша қалада орташа балл 96,2, болса, республикада 81,2 балл деңгейінде.«Биыл «Алтын белгі» алуға үміткер 297 алмат ылық түлектің 254 -і немесе 85,5% өздерінің жоғары білімдерін дәлелдеді. Оның үстіне, біздің 6 түлегіміз ең жоғары 125 балла жинап, рекорд жасады. Жалпы, республика бойынша 19 түлек осындай жоғары баллға қол жеткізді, олардың үштен бірі- алматылық оқушылар. ҰБТ қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бесінші жыл қатарынан республикада бірінші орында келеді. Төккен тердің өтеуі деген, міне, осы!», - деді Б.БайбекБиыл қала әкімінің сыйлығын 10 мектептің педагогикалық ұжымдары алады. Өткен жылы 1,5 мың жас мұғалім мен 500 үздік педагог марапатқа ие болған еді.Естеріңізге сала кетейік, «Алтын белгі» Алматыда 86%-ға дәлелденді, республикада - 51,6%. Әрбір екінші алматылық түлек 100 балл, әрбір оныншы 124 балл, ал 6 түлек абсолютті нәтиже – 125 балл жинады. 125 балл жинағандар - Маткалиева Динара Маратқызы -№ 12 арнайы гимназия, Мейрханова Аружан Ерланқызы, Оспанова Рамзия Рамазанқызы - №159 гимназия, Мазамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы - №169 мектеп- лицей, Мұхамедқали Еркежан Дүйсенқызы - № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы, Түгелбай Фариза Абайқызы - № 178 лицей.«Жас түлек» фестивалі қазақстандық өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10790?lang=kk
ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ СТИВЕН ХОКИНГПЕН КЕЗДЕСТІ 10.04.2025
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қазақстандағы British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауы жүлдегері Исаак Мустопуло атақты физик Стивен Хокингпен кездесті.Балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан 15 жастағы Исаак Мустопуло 2015 жылғы «ТДҰА» АҚ мен British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауының арнайы жүлдесімен марапатталған.Байқаудың мақсаты – халықтың инновациялық белсенділігін арттырып, инновациялық қызметті кеңінен насихаттау.Исаак атақты британиялық физик Стивен Хокингпен 2017 жылдың 4 қазанында Ұлыбританияға оқу-танысу сапары барысында кездесті.Бұл кездесуді «Эйр Астана» компаниясының атқарушы директоры Питер Фостер British Council-мен бірлесіп ұйымдастырды.«Стивен Хокингтің ғылыми ізденістері, ғылымға қосқан үлесі мені әрдайым жігерлендіреді. Адам баласы физикалық жағдайына қарамастан үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын Стивен Хокинг үлгі етіп көрсетті. Осылайша, мен «Үйлесім теориясы» бойынша көп еңбектендім. Инновация байқауы туралы естігенде, бұл мен үшін өз еңбегімді, қабілетімді көпке көрсететін, мүмкіндігім шектеулі болса да, оның арманыма жетуіме еш тұсау бола алмайтынын дәлелдегім келді», - дейді Исаак Мустопуло.Исаак Ұлыбританияға сапары барысында Стивен Хокингпен кездесуден бөлек Лондондағы атақты Ғылым музейімен, Кембридж университеті және British Council бас кеңсесімен танысты.Жас ғалымның байқауға ұсынған бейнеролигі «Үйлесім теориясы» деп аталады. Бұл бейнероликте Исаак ғарыш аппаратына арналған электр энергиясын өндіру барысы туралы баяндаған, сондай-ақ, Стивен Хокингпен кездесуді армандайтынын айтқан.Жас данышпан байқаудан кейін де ізденісін арттырып, астрофизика және астрономияны зерттей бастады. OYLA атты ғылыми журналымен бірлесіп жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген «Астрофизика мен астрономияның бүгінгі мәселелері» атты конференцияға қатысты.2015 жылы «ТДҰА» АҚ мен British Council «Ньютон – Әл-Фараби» және «Эксон Мобил Казахстан» серіктес бағдарламасының қолдауымен оқушылар арасында ең үздік инновациялық жоба байқауын ұйымдастырған еді. Бұл шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «ТДҰА» АҚ бастамасымен өткен Ұлттық инновациялар байқауының жалғасы болатын.Естеріңізге сала кетейік, биылғы Ұлттық инновациялар байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімін 2017 жылдың 15 қазанына дейін созды.Өтініміңізді «ТДҰА» АҚ ресми сайтындағы http://natd.gov.kz Байқау бөліміне қалдыра аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10784?lang=kk
Спорт және туризм дамытылуда 10.04.2025
Саябақтың жалпы ауданы 540 гектарды құрайды. Болашақта аталған жерде ескекпен есу арнасы, биатлон және триатлон аймағы,  олимпиада ауылы және гольф алаңы болмақ. Жоба жасаушылардың айтуынша, аталған жерде ең алдымен арнаның түбін тереңдету және өзен жағалау бекіністерін күшейту жұмыстары жүргізілетін болады. Болат Бақауов су жіберу кезінде су басып кетпеу қауіпсіздігі үшін жүгіруге және веложарысқа арналған жолдарды жөндеуге көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.– Қазіргі уақытта өзеннің арғы жағына өту үшін көпір құрылысын аяқтап, топырақ тасуды бастау керек, – деді аймақ басшысы. – Аталған жұмыстарды келесі жылға қалдырмас үшін қыс мерзіміне дейін аяқтаған дұрыс. Жоба жасаушылар қанша топырақ қажет екені көрсетілген есеп беру қажет.Өзеннің арғы жағында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілмейтінін атап өту керек. Сондықтан олимпиада ауылы жатын және ас ішетін бөлмелері бар ғимараттан тұрады.Аталған жерде ауданы 15 гектарды құрайтын этноауылдың тұсауы кесіледі. Мұнда әр түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу жоспарлануда.– Этноауыл үшін ең қолайлы жер таңдалды, атап айтқанда ашық, жан-жағы жасыл желеңге толы, – деп атап өтті облыс сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов. – Этноауылдың басты қағидасы қала сыртында болуы, шынымен де бұл жер қаладан жүз шықырым қашықтықта орналасқан секілді.Облыс әкімі этноауылды жайластыру барысында кеспе тастар мен асфальт секілді қаланы абаттандырудың элементтерін пайдаланбаған жөн екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10781?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГРУЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 39,1%-ҒА АРТТЫ 10.04.2025
Қазақстандық тарапты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, грузиялық тарапты Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария басқарды. Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтын және шешетін алаң болғанын атап өтті. Қол жеткізілген келісімдер үкіметаралық құжаттар мен бірлескен іс-шараларда айқын көрініс тауып отыр.Үкіметаралық кеңес отырысында сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, ақпараттық технология мен инновация, ғылым, туризм, денсаулық сақтау, электронды өнеркәсіп және тағы басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Тараптар 2017 жылы өзара сауда өсімінде оң динамика байқалғанын атап өтті. 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналым 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1%-ға артып, 32,4 млн. АҚШ долларынқұрады.Анықтама:2017 жылдың 7 айында сауда айналым 39,1%-ға өсіп, 32,4 млн. АҚШ долларын құрады.Экспорт – 19,3 млн. долл., өсім 90 % (10,6 млн.долл.).Импорт – 13,1 млн. долл., 1,5%-ға төмен (13,3 млн.долл.).2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда грузиндіктердің қатысуымен 221 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Олардың 114-і жұмыс істейді.2005 жыл мен 2017 жылдың 1 қыркүйегі аралығында Грузиядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 39 млн. АҚШ долларын құрады, ал, кері инвестиция 344,4 млн. АҚШ долларын құрады.Тараптар екіжақтың қазіргі сауда-экономикалық ынтымақтастығын қосымша жандандыруға мүмкіндіктер барын атап өтті.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек өзара экспортты ілгерілетуге және экспорттық-импорттық тізілімді кеңейтуге күш салу керектігін айтты. Мысалы, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары жаңа өндірістер пайда болды, жұмыс істеп тұрған зауыттар жаңғыртылды. Бізде халықаралық сапа стандартына сай келетін жаңа өнімдер шығарылып,  алыс және жақын шет елдерге сәтті экспортталуда.Қазақстандық тарап электровоздарды, автобустарды және басқа да коммуналдық техникаларды, сонымен қатар, өңделген агроөнеркәсіп кешен өнімдерін, металлургиялық өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын және басқа да өнімдерді жеткізу ісін ұйымдастыруға мүдделі.Бұдан бөлек, екі елдің іскерлік ортасының тікелей байланысын қалыптастыру, Грузиядан  «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдігін ашу, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының бағдарламасы бойынша ұзақмерзімді саудалық қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Екіжақты ынтымақтастықтың тағы бір маңызды саласы транзиттік-көлік әлеуетін күшейту мәселесі.Жалпы, экспорттық-импорттық бағытта жүк ағыны көлемінің өсімі байқалып отыр. Осыған орай, транзиттік тасымал көлемін арттыру шаралары қолданылуда.Халықаралық Транскаспийлік көлік бағыты (ХTКБ) аясында 2016-2017 жылдары «Номад Экспресс» пилоттық контейнерлік пойыздарды және Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия (Ляньюньган (ҚХР)-Достық-Ақтау-Баку порты (Алят) (Әзірбайжан)-Батуми/Поти (Грузия)-Ыстамбұл (Туркия) ХTКБ бойынша түрлі жүктерді тұрақты жіберу контейнерлік қызметі жолға қойылды.Контейнерлермен жүк тасымалдау үшін шығындар мен шарттарды оңтайландыруда, сондай-ақ, Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы мен Украина елдерінен ХTКБ бағыттарында көлік қызметтерінің тартымдылығы мен клиентке бағдарлануын арттыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылды.Тараптар келесі Үкіметаралық отырысты 2018 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.Үкіметаралық отырыстың қорытынды хаттамасына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27158?lang=kk
КӨЛІК КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
«Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында  ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың төрағалығымен бейнеконференц байланыс режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мобильді тобы мен көліктік бақылаудың аумақтық орган өкілдері қатысты. Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Тілеген Қаскин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы  Төлеген Байғулов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Абзал Божбанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет жүргізіп жатқан саясат туралы ақпараттандырды.         ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы көліктік бақылау органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесудің және жоюдың маңыздылығын атап өтіп, аумақтық органдарға қоғамдық бақылау механизмін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10775?lang=kk
Алматыда азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша Жол картасы қабылданды 10.04.2025
Бүгінгі күні Алматыда 4 мыңдай ҮЕҰ бар немесе олар барлық қазақстандық қоғамдық ұйымдардың 20%-дан астамын құрайды. Аталған құжатты қабылдау азаматтық қоғам, дін салалары мен жастар арасында үздік практиктерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың формаларын мен механизмдерін прайдалана отырып, ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.Жиын барысында Бауыржан Байбек Алматы әкімдігінің қаланың қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту жөнінде нақтылы ұсынысы бар екенін және оны әлеуметтік бастамаларды қолдау арқылы орындауға болатындығын атап өтті. Ол мұның диалог мәдениеті мен жауапкершілікті арттырудағы маңызы шарт екенін айтты.«Ашықтық, есептік және азаматтық қоғамды барынша кеңінен тарту - біздің жұмысымыздың басты қағидалары. Қазіргі кезде барлық әлеуметтік маңызы бар жобалар мен шешімдер қаланың Қоғамдық кеңесінен сараптамасынан өтуде. Мегаполисті дамытудың «Алматы-2020» стратегиялық бағдарламасы алғаш рет қала тұрғындары арасында кеңінен қоғамдық талқылаудан өткен соң ғана қабылданды», -деді мегаполис әкімі.Өз кезегінде Дархан Қалетаев Жол картасында бірқатар біріккен шаралар өткізу қарастырылғанын айтты. Мәселен, Алматыда Азаматтық орталықты ашу, ҮЕҰ өкілдерін үйрету үшін семинарлар өткізу және қала университеттерінің «U38» Альянсымен ынтымақтастық орнықтыру жоспарланған.Дін саласында қала имамдарының кәсіби біліктілігін артыру үшін курстар, республикалық семинарлар мен тренингтер өткізу, ақпараттық-түсіндіру материалдарын жасау жоспарланған. Жастар саясатын жүзеге асыру аясында ТМД мемлекеттері қатысушылары жастарының Форумын және еріктілердің республикалық слетін ұйымдастыру белгіленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10736?lang=kk
«КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылғы 11 қазаннан 31 желтоқсанға дейін «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылар мүддесін қорғауда» атты жыл сайынғы акцияның басталғанын жариялайды.Аталған акцияның негізгі мақсаты - шетел автокөлік құралдарының үкіметаралық келісім мен ҚР көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.Жыл сайын, шет мемлекеттерінің құзырлы органдарының жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүреді.Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота береді. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған. Бекітілген үлестер көлемінен тыс жүк тасымалдаумен айналысатын шетелдік компаниялар отандық тасымалдаушылар тапсырыстарын ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10732?lang=kk
Алматы қаласы Наурызбай ауданының жаңа әкімі тағайындалды 10.04.2025
Соңғы бір жарым жылда Санжар Тоғай Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана қаласының, Алматы және Павлодар облыстарының әділет органдарында, Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігің аппараттарында қызмет атқарды.Наурызбай ауданы жаңа әкімінің алдына бірқатар міндеттер қойылды, соның ішінде кәсіпкерліктің, мәдениет пен спорттың жаңа нысандарын, тұрғын үйлер, медицина және басқа да оқу орындарын салу қажет. Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысын одан әрі жалғастыру, Абай даңғылын үңгілеу жобасын уақтылы және сапалы жүзеге асыру тапсырылды. Бизнестің Жол картасы-2020 жобасы аясында кәсіпкерлікті қолдау ісін барынша күшейткен жөн.Соңғы үш жылда Наурызбай ауданында бюджетке құйылатын салық түсімі 11 есе артты, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 6 есе өсті, негізгі капитал инвестициясы 4 есе ұлғайды.Өткен жылы ауданның жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы ашылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірнеше мектеп пен емхана салынды. Қазіргі кезде 1200 орынды тағы бір мектептің, 320 орынды бала бақшаның, медициналық жедел жәрдем станциясы мен өрт сөндіру депосының құрылысы жүруде.Қарғалы өзенінің жағалауында аудан тұрғындары үшін жаңа демалыс орны пайда болды. Төрт саябақ пен скверлер ашылды, 43 аула жөнделіп, абаттандырылды, ауданның 190 км жолына асфальт төселді.Осының барлығы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырды, қызмет көрсету сапасы қала стандартына теңелді, ауданның 160 мыңнан астам тұрғыны жақсы әлеуметтік жағдайды сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10717?lang=kk
Алматыда Балаларды қорғау күні қалай аталып өтеді 10.04.2025
Мерекелік шеру сағат 10.00-де Жібек жолы мен Абылайхан көшелерінің қилысында басталады, мұнда ерте келгенедердің барлығы балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұдан кейін шеру жаяу жүргіншілердің қайта жаңарған Панфилов көшесімен жүріп өтіп, Астана алаңында ерекше флэшмобпен аяқталады.Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетеді. Ең кішкентай қоанқтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.«Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама меркелік көңіл күйді көтереді, қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің оркестрлік бірлестігін көретін болады», - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.Балалардың мерекелік шараларын өткізуге қатысты 31 мамыр мен 1 маусымда таңғы сағат 8.00-ден сағат 13.00-ге дейін мына көшелердің бірқатар учаскелері уақытша жабылатын болады:- Панфилов көшесі (Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінің қиылыстары);- Төле би көшесі (Панфилов пен Абылай хан көшелерінің арасы);Бұлардан өзге, 1 маусымда сағат 11.00-де С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Әдебиет пен театр клубының» мүшелері өлең оқиды, балалар мен үлкендердің шахмат турнирі өтеді, ересектер үшін «Флешдэнс» би балы, қышпен жұмыс істеушілер үшін «Жас қышшы» шеберлік сыныбы, ғылыми эксперимент әуесқойлары үшін квестер, «крио-шоу» ұйымдасттырылады.2 маусымда «Шымбұлақ» ТШК-да Family day болады. Сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін тау шаңғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл мен понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады. Кішкентай келушілер түрлі ойындарға, сурет салу мен түрлі заттар жасау бойынша шеберлік сыныптарына және «KidsLab» балалар клубының конкурсына қатысып, үйдегідей аквагрим, мехенди сынды түрі тәттілерді жасап-үйренеді, оларды тегін жейді және басқа да қызықтарды тамашалайды. Бұл күні барлық ата-аналар фитнес түрлерімен, йогамен, бимен, шеберлік сыныптарымен айналысып, Hand-Made жәрмеңкесіне қатысып, танымал диджей мен лайв-бэнді көре алады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін арнайы тәттілер, сыйлықтар мен балмұздақтар дайындалады.2 маусымда сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен (Абылай хан – Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке көшелерінің маңы) «Тәтті Алматы» тағаим жасаудың отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистің танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады. Биылғы маусымда фестиваль «Visit Almaty» жарнама компаниясының «Өз қалаңды жақсы біл!» бастамасы аясында өтеді. Жазғы фестивалға 30-дан астам тамынал қалалық гастрономиялық жобалар қатысады, күні бойы паркте балалар мен үлкендер үшін түрі қойылымдар көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10711?lang=kk
Алматының адамдар тығыз орналасқан аудандарын жүрдек автобус дәлізі қамтитын болады 10.04.2025
Тимирязев көшесін аралаған Бауыржан Байбек Манас көшесінің бұрышындағы май құю бекеті алдындағы көлік қозғалысының сызбасын жаяу жүргіншілерге басымдық беріп қайта қарауды, тротуарды қауіпсіз аймақпен қоса аббаттандыруды ұсынды. Жақын арада «Атакенттің» кіре беріс аркаларының алаңдарын жасылдандыру жұмыстары басталады. Мегаполис басшысы мердігерлердің назарын Жандосов пен Розыбакиев көшлерінің бойындағы сапасын салынған тротуарларға аударды, дәл сол күні олқылықты жоюды тапсырды.Көлік реформасы аясында BRT желілерін қайта жасау жұмыстары Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерінде жүруде. Жандосов және Тимирязев көшелерінің бойында BRT желілерінің қозғалыс бөлігін кеңейту үшін тротуарлар мен веложолдар салу, сонымен қатар инженерлік жүйелерді қайта орналастыру жұмыстары атқарылуда. Мегаполис басшысы көшелерді реконструкциялаудың кешенді жүргізілуі, заңсыз құрылыстардың, қоршаулардың алынуы, нысандардың сыртқы келбетінің бірыңғай архитектуралық стильде болуы, асфальтты алаңдардың азайып, жасылдандырудың артуы тиіс екенін атап өтті.Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов BRT дәлізінің адамдар тығыз орналасқан аудандарды қамтитынын, оларға қызмет көрсету үшін қоғамдық көлікке басымдық беру қажеттігін айтты. Жоспарланған 9 шақырымның ұзындығы 2,7 км болатын жерінің қайта жасалуы арқасында қоғамдық көліктегі жолаушылар легі 20%-ға артып, жолға кететін уақыт 30%-ға қысқарған.«Қазіргі кезде кіші айналма жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолайрықтар салынуда, көпір нысандары артуда, трамвай жолдары алынып, қозғалыс аумағы кеңеюде. Қаланың барлық аудандарында 157 көше жөнделуде. Яғни біз BRT дәлізінен кететін автомобильдер үшін де жағдай жасаудамыз», - деді Т.Хосчанов.Бірініші фаза бағытының ұзындығы 8,7 шақырым, ол Мұстафин – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев көшелерін Желтоқсан көшесіне дейін қамтиды.Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 13,2 км болатын бағыттың екінші фазасының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ол Желтоқсан – Төле би – ВОАД – Құлжа трактін қамтиды. BRT желілері үшін 18 метрлі автобустар жүргізу жоспарланған.Кейін BRT желілеріне қызмет көрсету үшін жүйе интеграциясына қатысты сыйымдылығы үлкен автобустар жүргізу жоспарлануда, бұрылыстарда жолаушылар көлігіне басымдық беріледі.Еске салсақі, Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10660?lang=kk
Дархан Кәлетаев қажылықты ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өткізді 10.04.2025
2018 жылғы 8 тамызда ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен қажылыққа баратын қазақстандықтардың жолға шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өтті.Отырысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ «Scat» және «Fly Nas» әуекомпаниясының өкілдері қатысты.Кездесу барысында қажылық маусымында қазақстандық азаматтардың қажылыққа бару және келу тәртібі пысықталды, қажыларды тасымалдайтын әуекомпаниялардың даярлығы, соның ішінде ұшақтардың уақытылы ұшуын қамтамасыз ету, сондай-ақ міндетті екпе егу (вакцинация) рәсімі мен виза алу мәселелері талқыланды.Дархан Кәлетаев Қазақстан азаматтарының заңды мүдделері мен қауіпсіздігін ұйымдастыру және қажылық кезінде қажылыққа барғандар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттілігіне баса назар аударды.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық істері жөніндегі министрлігімен жыл сайын келісім жасасып, соның негізінде биылғы жылы 3 мың адамға квота бөлінді.Министрдің айтуынша, қажылықты қадағалау мен ұйымдастыру үшін Министрлік тарапынан ҚМДБ-мен бірге 14 адамнан тұратын қажылық миссия құрылды: ҚМДБ – 7 өкіл, БАҚ – 3 өкіл, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 2 медицина қызметкері және  ҚР Қоғамдық даму министрлігінің – 2 өкіл.   ҚМДБ-ның мәліметі бойынша барлық қажылыққа аттанушылар қажылықты ұйымдастыруға қатысқан 18 қазақстандық туристік компанияға бекітілді.Қазақстан мен Сауд Арабиясының әуекомпаниялары 50/50 үлес арқылы ұшуды ұйымдастырады. Сауд Арабиясы тарапынан қазақстандықтардың қажылыққа ұшып баруын ұйымдастыру үшін «Fly Nas» әуекомпаниясы белгіленді. Қазақстан тарапынан өткен жылдан бері ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қажылыққа аттанғандарды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді «SCAT» әуекомпаниясы жүзеге асырады.Қажылық парызын өтейтін қазақстандықтар Сауд Арабиясына 9-15 тамыз аралығында барып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады.Аталған отырыста қажылыққа аттанатын қазақстандықтарға екпе егу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы жылы Қазақстанның 5 қаласының 8 медициналық орталығында бір уақытта екпе егу рәсімі (вакциналау) жүргізітелітін  болады. Қажылыққа аттанатындар үшін екпе бағасы 28 мың теңгені құрайды.Қоғамдық даму министрлігі 2017 жылы Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекіткенін айта кеткен жөн.Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы азаматтарының қажылыққа баруын ұйымдастыру процесстерін реттеуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге аталмыш құқықтық актіні енгізу қажылық парызын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарының деструктивті діни идеологияның ықпалына түспеуіне мүмкіндік береді.Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға қажылыққа бару бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жөнінде ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/10641?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында семинар-кеңес өткізді 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын сақтауға қатысты Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері мен әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.Кездесу бейнеконференцбайланыс режимінде өтіп, оның барысында Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдері сұрақтарды қойып және оларға жауап ала алды.Сонымен қатар, семинар-кеңесте Ұлттық экономика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Оразғулов Ақылбек Сарбайұлы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы Бақылау департаменті директорының орынбасары Наурызбек Мадина Дулатқызы қатысты.Ағымдағы жылғы 8 айдың ішінде Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдауына сәйкес мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша 106 мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға консультациялар берілді, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша 110 іс-шаралар өткізілді.Бұдан басқа, Статистика комитетінің деректері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдері 2346 мемлекеттік қызметшін анонимді сауалнамамен қамтап, нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің тұтастай алғанда ұжымдағы моральды-психологиялық жағдайға қанағаттанатыны анықталған.Семинар-кеңес қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіру мен ақпараттық-түсіндіру сипаттағы іс-шараларды өткізуге бағытталған шараларды қабылдау бойынша ұсынымдарды берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10600?lang=kk
Алматы ипподромы мен «Сайран» автовокзалы тарихи-мәдени мұралардың алдын-ала жасалған тізіміне енгізілді 10.04.2025
Қазақстан Республикасының «Тарихи- мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын- ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі.Обьектінің мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.Еске салсақ, бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңнамаға сәйкес «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын. Кейін меншік иесі аймақты дамытудың алдын-ала жасалған концепциясын ұсынды. Автовокзалдың көлік логистикасын толық қайта жасау және оның айналасын фонтандармен, кафелермен, жасыл желектермен және балалар алңдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.Бұлардан өзге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша ҚІЫО «Атакент» АҚ арасындағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру жөніндегі келісім күшін жойды. Кейін «Атакенттің» басқарушы компаниясы жеке меншіктегі 8 гектар жерді де тегін қайтару жөнінде міндеттеме алған еді. Көрме кешенінің басшылығы «Қала жаяу жүргінші үшін» концепциясына сай оның айналасын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10594?lang=kk
2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29 146 теңгені құрады 10.04.2025
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 7,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 13,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%, жемістер мен көкөністерді – 14,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 13,9%, нан және жарма өнімдерін – 6,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,9%-ды құрады.теңге Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда0-13 жастағы балалар14-17 жастағы жасөспірімдер18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халықЗейнет-керлер мен қарт адамдаржас жігіттерқыздарерлерәйелдерЕң төмен күнкөріс деңгейінің шамасы29 14626 37636 15227 70134 09727 04826 858 Азық-түлік тауарлары16 03014 50719 88315 23518 75314 87714 772 Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер13 11611 86916 26912 46615 34412 17112 086Әдіснамалық түсініктемелерЕң төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10591?lang=kk