Қоғам
Алматыда Балаларды қорғау күні қалай аталып өтеді 10.04.2025
Мерекелік шеру сағат 10.00-де Жібек жолы мен Абылайхан көшелерінің қилысында басталады, мұнда ерте келгенедердің барлығы балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұдан кейін шеру жаяу жүргіншілердің қайта жаңарған Панфилов көшесімен жүріп өтіп, Астана алаңында ерекше флэшмобпен аяқталады.Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетеді. Ең кішкентай қоанқтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.«Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама меркелік көңіл күйді көтереді, қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің оркестрлік бірлестігін көретін болады», - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.Балалардың мерекелік шараларын өткізуге қатысты 31 мамыр мен 1 маусымда таңғы сағат 8.00-ден сағат 13.00-ге дейін мына көшелердің бірқатар учаскелері уақытша жабылатын болады:- Панфилов көшесі (Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінің қиылыстары);- Төле би көшесі (Панфилов пен Абылай хан көшелерінің арасы);Бұлардан өзге, 1 маусымда сағат 11.00-де С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Әдебиет пен театр клубының» мүшелері өлең оқиды, балалар мен үлкендердің шахмат турнирі өтеді, ересектер үшін «Флешдэнс» би балы, қышпен жұмыс істеушілер үшін «Жас қышшы» шеберлік сыныбы, ғылыми эксперимент әуесқойлары үшін квестер, «крио-шоу» ұйымдасттырылады.2 маусымда «Шымбұлақ» ТШК-да Family day болады. Сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін тау шаңғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл мен понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады. Кішкентай келушілер түрлі ойындарға, сурет салу мен түрлі заттар жасау бойынша шеберлік сыныптарына және «KidsLab» балалар клубының конкурсына қатысып, үйдегідей аквагрим, мехенди сынды түрі тәттілерді жасап-үйренеді, оларды тегін жейді және басқа да қызықтарды тамашалайды. Бұл күні барлық ата-аналар фитнес түрлерімен, йогамен, бимен, шеберлік сыныптарымен айналысып, Hand-Made жәрмеңкесіне қатысып, танымал диджей мен лайв-бэнді көре алады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін арнайы тәттілер, сыйлықтар мен балмұздақтар дайындалады.2 маусымда сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен (Абылай хан – Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке көшелерінің маңы) «Тәтті Алматы» тағаим жасаудың отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистің танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады. Биылғы маусымда фестиваль «Visit Almaty» жарнама компаниясының «Өз қалаңды жақсы біл!» бастамасы аясында өтеді. Жазғы фестивалға 30-дан астам тамынал қалалық гастрономиялық жобалар қатысады, күні бойы паркте балалар мен үлкендер үшін түрі қойылымдар көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10711?lang=kk
Алматының адамдар тығыз орналасқан аудандарын жүрдек автобус дәлізі қамтитын болады 10.04.2025
Тимирязев көшесін аралаған Бауыржан Байбек Манас көшесінің бұрышындағы май құю бекеті алдындағы көлік қозғалысының сызбасын жаяу жүргіншілерге басымдық беріп қайта қарауды, тротуарды қауіпсіз аймақпен қоса аббаттандыруды ұсынды. Жақын арада «Атакенттің» кіре беріс аркаларының алаңдарын жасылдандыру жұмыстары басталады. Мегаполис басшысы мердігерлердің назарын Жандосов пен Розыбакиев көшлерінің бойындағы сапасын салынған тротуарларға аударды, дәл сол күні олқылықты жоюды тапсырды.Көлік реформасы аясында BRT желілерін қайта жасау жұмыстары Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерінде жүруде. Жандосов және Тимирязев көшелерінің бойында BRT желілерінің қозғалыс бөлігін кеңейту үшін тротуарлар мен веложолдар салу, сонымен қатар инженерлік жүйелерді қайта орналастыру жұмыстары атқарылуда. Мегаполис басшысы көшелерді реконструкциялаудың кешенді жүргізілуі, заңсыз құрылыстардың, қоршаулардың алынуы, нысандардың сыртқы келбетінің бірыңғай архитектуралық стильде болуы, асфальтты алаңдардың азайып, жасылдандырудың артуы тиіс екенін атап өтті.Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов BRT дәлізінің адамдар тығыз орналасқан аудандарды қамтитынын, оларға қызмет көрсету үшін қоғамдық көлікке басымдық беру қажеттігін айтты. Жоспарланған 9 шақырымның ұзындығы 2,7 км болатын жерінің қайта жасалуы арқасында қоғамдық көліктегі жолаушылар легі 20%-ға артып, жолға кететін уақыт 30%-ға қысқарған.«Қазіргі кезде кіші айналма жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолайрықтар салынуда, көпір нысандары артуда, трамвай жолдары алынып, қозғалыс аумағы кеңеюде. Қаланың барлық аудандарында 157 көше жөнделуде. Яғни біз BRT дәлізінен кететін автомобильдер үшін де жағдай жасаудамыз», - деді Т.Хосчанов.Бірініші фаза бағытының ұзындығы 8,7 шақырым, ол Мұстафин – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев көшелерін Желтоқсан көшесіне дейін қамтиды.Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 13,2 км болатын бағыттың екінші фазасының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ол Желтоқсан – Төле би – ВОАД – Құлжа трактін қамтиды. BRT желілері үшін 18 метрлі автобустар жүргізу жоспарланған.Кейін BRT желілеріне қызмет көрсету үшін жүйе интеграциясына қатысты сыйымдылығы үлкен автобустар жүргізу жоспарлануда, бұрылыстарда жолаушылар көлігіне басымдық беріледі.Еске салсақі, Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10660?lang=kk
Дархан Кәлетаев қажылықты ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өткізді 10.04.2025
2018 жылғы 8 тамызда ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен қажылыққа баратын қазақстандықтардың жолға шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өтті.Отырысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ «Scat» және «Fly Nas» әуекомпаниясының өкілдері қатысты.Кездесу барысында қажылық маусымында қазақстандық азаматтардың қажылыққа бару және келу тәртібі пысықталды, қажыларды тасымалдайтын әуекомпаниялардың даярлығы, соның ішінде ұшақтардың уақытылы ұшуын қамтамасыз ету, сондай-ақ міндетті екпе егу (вакцинация) рәсімі мен виза алу мәселелері талқыланды.Дархан Кәлетаев Қазақстан азаматтарының заңды мүдделері мен қауіпсіздігін ұйымдастыру және қажылық кезінде қажылыққа барғандар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттілігіне баса назар аударды.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық істері жөніндегі министрлігімен жыл сайын келісім жасасып, соның негізінде биылғы жылы 3 мың адамға квота бөлінді.Министрдің айтуынша, қажылықты қадағалау мен ұйымдастыру үшін Министрлік тарапынан ҚМДБ-мен бірге 14 адамнан тұратын қажылық миссия құрылды: ҚМДБ – 7 өкіл, БАҚ – 3 өкіл, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 2 медицина қызметкері және ҚР Қоғамдық даму министрлігінің – 2 өкіл. ҚМДБ-ның мәліметі бойынша барлық қажылыққа аттанушылар қажылықты ұйымдастыруға қатысқан 18 қазақстандық туристік компанияға бекітілді.Қазақстан мен Сауд Арабиясының әуекомпаниялары 50/50 үлес арқылы ұшуды ұйымдастырады. Сауд Арабиясы тарапынан қазақстандықтардың қажылыққа ұшып баруын ұйымдастыру үшін «Fly Nas» әуекомпаниясы белгіленді. Қазақстан тарапынан өткен жылдан бері ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қажылыққа аттанғандарды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді «SCAT» әуекомпаниясы жүзеге асырады.Қажылық парызын өтейтін қазақстандықтар Сауд Арабиясына 9-15 тамыз аралығында барып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады.Аталған отырыста қажылыққа аттанатын қазақстандықтарға екпе егу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы жылы Қазақстанның 5 қаласының 8 медициналық орталығында бір уақытта екпе егу рәсімі (вакциналау) жүргізітелітін болады. Қажылыққа аттанатындар үшін екпе бағасы 28 мың теңгені құрайды.Қоғамдық даму министрлігі 2017 жылы Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекіткенін айта кеткен жөн.Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы азаматтарының қажылыққа баруын ұйымдастыру процесстерін реттеуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге аталмыш құқықтық актіні енгізу қажылық парызын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарының деструктивті діни идеологияның ықпалына түспеуіне мүмкіндік береді.Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға қажылыққа бару бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жөнінде ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/10641?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында семинар-кеңес өткізді 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын сақтауға қатысты Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері мен әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.Кездесу бейнеконференцбайланыс режимінде өтіп, оның барысында Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдері сұрақтарды қойып және оларға жауап ала алды.Сонымен қатар, семинар-кеңесте Ұлттық экономика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Оразғулов Ақылбек Сарбайұлы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы Бақылау департаменті директорының орынбасары Наурызбек Мадина Дулатқызы қатысты.Ағымдағы жылғы 8 айдың ішінде Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдауына сәйкес мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша 106 мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға консультациялар берілді, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша 110 іс-шаралар өткізілді.Бұдан басқа, Статистика комитетінің деректері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдері 2346 мемлекеттік қызметшін анонимді сауалнамамен қамтап, нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің тұтастай алғанда ұжымдағы моральды-психологиялық жағдайға қанағаттанатыны анықталған.Семинар-кеңес қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіру мен ақпараттық-түсіндіру сипаттағы іс-шараларды өткізуге бағытталған шараларды қабылдау бойынша ұсынымдарды берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10600?lang=kk
Алматы ипподромы мен «Сайран» автовокзалы тарихи-мәдени мұралардың алдын-ала жасалған тізіміне енгізілді 10.04.2025
Қазақстан Республикасының «Тарихи- мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын- ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі.Обьектінің мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.Еске салсақ, бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңнамаға сәйкес «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын. Кейін меншік иесі аймақты дамытудың алдын-ала жасалған концепциясын ұсынды. Автовокзалдың көлік логистикасын толық қайта жасау және оның айналасын фонтандармен, кафелермен, жасыл желектермен және балалар алңдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.Бұлардан өзге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша ҚІЫО «Атакент» АҚ арасындағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру жөніндегі келісім күшін жойды. Кейін «Атакенттің» басқарушы компаниясы жеке меншіктегі 8 гектар жерді де тегін қайтару жөнінде міндеттеме алған еді. Көрме кешенінің басшылығы «Қала жаяу жүргінші үшін» концепциясына сай оның айналасын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10594?lang=kk
2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29 146 теңгені құрады 10.04.2025
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 7,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 13,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%, жемістер мен көкөністерді – 14,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 13,9%, нан және жарма өнімдерін – 6,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,9%-ды құрады.теңге Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда0-13 жастағы балалар14-17 жастағы жасөспірімдер18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халықЗейнет-керлер мен қарт адамдаржас жігіттерқыздарерлерәйелдерЕң төмен күнкөріс деңгейінің шамасы29 14626 37636 15227 70134 09727 04826 858 Азық-түлік тауарлары16 03014 50719 88315 23518 75314 87714 772 Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер13 11611 86916 26912 46615 34412 17112 086Әдіснамалық түсініктемелерЕң төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10591?lang=kk
Авторлық құқықтарды тіркеу жөніндегі қызмет автоматтырылды 10.04.2025
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңында енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚР Әділет министрлігінің авторлық құқықпен қорғалатын туындыға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметін көрсету жөнінде өкілеттігі алып тасталды. Бұл қызмет автоматтандырылды. «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімінде мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу» болып өзгерген және «ҰЗМИ» РМК ақылы негізде көрсетіледі.Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мына телефондарға хабарласа алады: call-center 8(7172) 62-15-15, 8(7172) 62-15-16. 8 (7172)62-15-08.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10582?lang=kk
Нөлдік төзімділік 10.04.2025
Облыстық прокуратураның бастамасымен биылғы жылғы мамырдан Павлодар қаласында «Zero Tolerance» интернет-қосымшасы пилоттық режимде іске қосылды. Аталмыш қосымша арқылы кез келген адам уәкілетті органдарға құқық бұзушылық туралы хабарлай алады.Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мобильдік қосымшаны пайдаланудың қазіргі ахуалы және оны облыс қалалары мен аудандарында енгізу мәселесі талқыланды.Облыс әкімдігі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Олег Костенко 7 тамыз күні прокуратура, облыс әкімдігі және мүдделі ұйымдар арасында меморандумға қол қойылғанын айтты. Оған сәйкес тараптар мобильдік қосымшаны іске асыру және пайдалану бойынша ынтымақтасатын болады.– Бұл меморандум тараптар қызметін ұйымдастыру тәртібін, олардың өзара әрекеттестігін, құқықтары мен міндеттерін, жауапты тұлғалардың функцияларын анықтайды, – деп атап өтті Олег Костенко. – Мобильдік қосымшаны облыстың бүкіл аумағында енгізу үшін жауапты адамдарды бекітіп, құқық иесімен қосымшаны пайдалану және қызмет көрсету туралы келісім жасасу керек, сондай-ақ жобаны ұйымдастыру техникасымен және интернетке автономды шығумен қамтамасыз ету қажет. Мобильдік қосымшаны әзірлеген және оған техникалық қызмет көрсететін «TKRgroup» ЖШС. Мобильдік қосымшаға келіп түскен хабарламалардың қаралу тәртібін жалпы бақылауды Павлодар облысының прокуратурасы жүзеге асырады. Облыстық прокуратураның 4-бөлімінің басшысы Ринат Рахматолла бүгінгі таңда мобильдік қосымша арқылы екі мыңға жуық хабарлама түскенін, олардың басым бөлігі ТКШ, тұрғын үй инспекциясы және облыстық ІІБ-ға қатысты екенін мәлімдеді.– Қазіргі уақытта 90-ға жуық адам жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардан облыс бюджетіне екі миллион теңге сомасына ақшалай айыппұл өндірілді, – деді Ринат Рахматолла. – Бүгінгі таңда аталмыш мобильдік қосымшаға 25 мемлекеттік орган қосылған. «Павлодар жылу желілері» ЖШС мобильдік қосымшаға қосылуға ниет білдірген жиырма алтыншы орган.Мобильдік қосымшаны әзірлеген «TKRgroup» ЖШС-нің басшысы Вячеслав Демченко берген ақпарат бойынша үшінші кезең аяқталды, атап айтқанда, адамдар хабарламаларын салып, оларды талқылайтын таспа іске қосылды.Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Дүйсенбай Тұрғанов мобильдік қосымшаны облыс деңгейінде іске асыру жөніндегі үйлестіруші облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімі болатынын айтты және «Zero Tolerance» мобильдік қосымшасын енгізу жөніндегі жұмысты облыстық басқармалар мен аумақтық органдарды қамтумен жалғастыруды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10574?lang=kk
Архимед Мұхамбетов: Арқалықтың өнеркәсібіне «екінші дем» беру қажет 10.04.2025
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жиын өткізді.Индустриялық-аграрлық бағыт - Арқалық қаласы экономикасының басты көрсеткіші. Өнеркәсіп орындары қала өндірісі үлесінің 50%-дан астамын құрайды. Өткен 8 айда қала 5 млрд 726 млн теңгенің өнімін шығарды. «Қаланың экономикасына 1 млрд 469 млн теңге инвестиция салынды.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге артық. Былтыр инвесторлар өндіріс орындарына 999 млн теңге қаржы құйды. Мемлекеттік бюджет кірістері 101%-ға орындалды. Қызметкерлердің орташа жалақысы 5%-ға көбейді», - деді Елдар Күзембаев өз баяндамасында. Биыл тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру аясында қала бюджетінен 45 миллион теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі төленді. Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысының 1 мың 724 шаршы метрі пайдалануға берілді. Жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік қорғау шараларымен 1 мыңнан астам адам қамтылды. Ресми тiркелген жұмыссыздықтың деңгейі 1,8%-ға жетіп отыр. 2018-2022 жылдарға арналған қоныстандыру Картасына сәйкес, оңтүстік өңірлерден Арқалық қаласына тұрақты тұру үшін 12 отбасы көшіп келді. Барлық отбасы мүшелері жұмысқа орналастырылды. Көшіп келуге, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтері үшін шығындарын өтеуге 5 млн теңге субсидия бөлінді. Өткен жылдармен салыстырғанда Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай өсім байқалады.Қыркүйек айына дейінгі мәлімет бойынша Арқалықтың ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі - 4 млрд 971 млн теңге. Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының индустриялық-аграрлық бағытына жақсы бағасын берді. Дегенмен, өңір басшысы жекелей көрсеткіштер бойынша басшылардың жұмысын сынға алды. «Мен бүгін қаладағы ет комбинатының жұмысын көрдім. Енді Арқалыққа осындай тағы да 3-4 әлеуетті өндіріс орнын салу қажет. Сондықтан шағын және орта бизнесті дамыту маңызды. Тағы бір мәселе, санаулы жылдан соң қала құраушы өндіріс орны ТБРУ-дың жұмысы тоқтайды, ал ғимараты бос қалмас үшін облыстағы қарқыны нашар зауыттарды Арқалыққа көшіру керек. Бір сөзбен айтқанда, өнеркәсіп орнына «екінші дем» беру қажет. Сондықтан тынымсыз еңбек етіңіздер. Қажет болса, инвесторларды тартамыз. Мекеме басшылары, xалықпен етене байланыса жұмыс істесін. Біздегі басшылар жұмысқа отырысымен, шіреніп, xалыққа қарамай кетеді.Өздеріңізді көрсетіп абырой жинағанша, жұмыстың нәтижесімен мақтаныңыздар! Бұл медицина саласына да қатысты. Өңірде 37 дәрігер жетіспейді. Мұны бас дәрігер шеше алмаса, жұмысынан босатамыз»,-деді Архимед Мұхамбетов жиын барысында. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Аманкелді, Жанкелдин, Науырзым аудандарының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысады. Жиында сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев оңтүстік аудандардағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндама жасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10549?lang=kk
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР 10.04.2025
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылдың 10 маусымында № 635 қаулысымен бекітілген техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспар және 2016 жылғы техникалық регламенттерді, стандарттарды, соның ішінде Алматы облысындағы кәсіпорындарға және ұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне таратылатын стандарттарды ендіру және олардың жүзеге асырылуы жөніндегі өңірлік жоспарын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 3 наурызында Ақсу ауданында ҚР Мемлекеттік рәміздері – Елтаңба және Туды қолдану бойынша семинар өткізілді. Семинардың күн тәртібінде келесідей сұрақтар қойылған:1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық шарты» ҚР СТ 989-2014 түсіндіру.2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық шарты» ҚР СТ 989-2014 қолданысқа енуімен байланысты күрделі сұрақтар.3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Жалпы техникалық шарттар» ҚР СТ 988-2007 түсіндіру.2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Мемлекет Елтаңбасының» Ұлттық стандартының жаңа нұсқасы күшіне енді .Мемлекеттің Елтаңбасын сапалы жасауға арналған ұлттық стандартқа да өзгерістер енгізілді.1. Елтаңбаны жасаудағы кемшіліктерді ескере отырып, оның өлшеміне, түсіне ауытқу шегі енгізілді.2. Мемлекеттік Елтаңбаны жасап шығаратын кәсіпорындардың ұсынысы бойынша, Елтаңба авторы онда көрінбеген элементтерді анықтап, атауларын атады.3. Стандартталған бақылау (зерттеу) тәсілдері енгізілді. Бұл Елтаңба жасаушылардың өндірісін, стандарттарда көрсетілген талаптарын, параметрлерін бақылауға және даулы сұрақтар туындағанда стандартқа сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.4. Мемлекеттік Елтаңба өндірушілердің сапалы өнім өндіруі үшін Елтаңбаны қолдануға кепілдік мерзімі 3 жыл болып көрсетілді. Аталмыш шараға Ақсу аудандық басқармаларының, Ақсу ауданының кәсіпкерлік палатасы, «Нұр Отан» партиясының Ақсу аудандық филиалының өкілдері шақырылды.Семинарды ұйымдастырушылар: Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облыстық департаменті, «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы және Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы, Ақсу аудандық Ішкі саясат бөлімі.Шараның мақсаты – Мемлекеттік рәміздерді қолдану және дайындау кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында өндірушілер мен тұтынушыларды жаңа стандарттардың мазмұнымен таныстыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10528?lang=kk
2016 ЖЫЛДЫҢ 1 НАУРЫЗЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ, СОНДАЙ-АҚ, ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК Қ 10.04.2025
2016 жылдың 1 наурызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент, сондай-ақ, Қазақстан метрология, стандарттау және сертификаттау институттарының қызметкерлеріне Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы - әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасыи Т. Жұмағұловпен «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметті реформалау кезінде мансаптық модельге ауысу және мемлекеттік аппаратта кадрларды іріктеу мен олардың өсу механизмдерінің өзгеруі. Осы процесстер меритократия және жариялылық принциптерінде негізделу болып табылады.Семинар барысында мемлекеттік қызмет өткеру жұмысы туралы және мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құрудағы қадамдар, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бағытындағы шаралар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, мемлекеттік бақылау қағидалары туралы мәселелер талқыланды.Семинардың қорытындысында Т. Жұмағұлов жаңадан қабылданған «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мемлекеттік қызметте жаңа көзқарас белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін және осы бағытта шаралар жүйелі және кешенді болып, кадр саясаты, әдептілік, қызметкерлерді үәждеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағыттарынан құралу керек екенін атап өтті.Семинарға қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10521?lang=kk
АЙМАҚТЫҚ ШТАБ 10.04.2025
2016 жылдың 1 наурызда Қарағандыда облыс әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжановтың төрағалық етуімен аймақтық штаб мәжілісі өткізілді, бұл мәжілісте «Азық-түлік өнімдерімен байланысты материалдар қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті жобасын қарастырды.«ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалының маманы Шара Әжімова Еуразиялық экономикалық одақ формасын аумағында құру мақсатында Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің әзірлеген техникалық регламент жобасының айналымға шығарылатын азық-түлік өнімдерімен байланысқа арналған материалдар қауіпсіздігі туралы жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, Шара Әжімова азық-түлік өндірушілермен штабтың қатысушыларына техникалық регламенттердің талаптары туралы айтты:1) Техникалық реттеу объектілері;2) Техникалық реттеу объектілеріне қауіпсіздік талаптары;3) Техникалық реттеу нысандарын анықтау ережесі;4) осы Шарттың техникалық реттеу талаптарының объектілерін сәйкестігін бағалау нысандары мен тәртібі.Сәйкестікті растау бойынша «ҰСжСО» АҚ Қарағанды филиалының тауардың шығарылған және өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі маманы Ирина Тюрина таныстырып өтті.Сәйкестікті бағалау бойынша материалдармен немесе бұйымдармен тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін арналған сипаттағы осы техникалық регламенттің талаптары және нысандарында жүзеге асырылады;1) материалдардың жаңа түрін мемлекеттік тіркеу;2) декларация турінде сәйкестікті бағалау;29.02.2016 жылдан аумақтық департаменттердің қатысуымен ҚР ИДМ ТРМК хаттамасындағы 2.10.4 тармақшасы туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы 2016 жыдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін таныстырып өтті.Қанат Кенжин штаб қатысушыларын мемлекеттік бақылау және қадағалау тұрғысынан Кодекстің нормаларымен таныстырды.Мәжілістің қорытындысы бойынша аймақтық штаб өкілдеріне облыс әкімінің орынбасары Ә.Ахметжанов сәйкес тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10520?lang=kk
ПРЕДСТАВИТЕЛИ КОМИТЕТА ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ И МЕТРОЛОГИИ ПОСЕТИЛИ ТОО «СПЕЦЭЛЕКТРА» 10.04.2025
29 февраля текущего года представители Комитета технического регулирования и метрологии МИР РК, ТОО «НЦА», РГП «КазИнСт», РГП «КазИнМетр» посетили предприятие ТОО «Спецэлектра», находящееся в Специальной экономической зона «Астана – Новый город».ТОО «Спецэлектра» работает на казахстанском рынке энергетики более 10 лет.На сегодняшний день осуществляет выпуск следующей продукции:трансформаторные подстанции различного типа: БКРТП, 2БКРТП, КТПН, 2КТПН. При этом конструкции, по желанию покупателя, могут быть помещены в бетонную, металлическую или сэндвич обшивку с трансформаторами мощности от 25 до 2500 кВА;комплектные распределительные устройства 10/20/24кВ типа КСО 2-10, КСО 2-10К, КСО 366, КМ-1 КФ, КСО-292, КРУ К-123, RM6, TPS, TPR-6, К-59 с номинальным током сборных шин 3100 А;шкафы низкого напряжения типа ШНН-СЭ, ЩО-70 с номинальным током до 5000А;главные распределительные щиты типа ГРЩ-СЭ током до 6300 А.ТОО «Спецэлектра» сотрудничает с такими масштабными компаниями, как АО «АРЭК», АО «Астана РЭК», «Альянсстройинвест», «BI GROUP», «Базис», «Шар-Курылыс», СК Кулагер, Концерн Найза Курылыс и многими другими. Ранее выполнялись работы в поселке Мичурино в Астане, в центре реабилитации, а также на заводе, который выпускает пассажирские вагоны TALGO и железнодорожные линии Жетыген – Хоргос.В ходе посещения были проведены презентация производства и совещание, на котором стороны обсудили проблемные вопросы предприятия в сфере технического регулирования и метрологии и основные направления совместной деятельности. На сегодняшний день для контроля при производстве используются средства измерений утвержденного типа и прошедшие поверку, испытания своей продукции ТОО «Спецэлектра» проводит в аккредитованных испытательных лабораториях города Астаны и Восточно-Казахстанской области, а также на испытательной базе Усть-Каменогорского конденсаторного завода. В перспективе компания планирует создание собственной испытательной лаборатории и ее последующую аккредитацию.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10518?lang=kk
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ШТАБТЫҢ 24-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 10.04.2025
Павлодар облысының әкімдігінде Павлодар облысының техникалық реттеу реттеу мәселелері бойынша Аймақтық штабының 24-ші отырысы өтті.Іс-шараны «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетенің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ және «Қазақстан Стандарттау Институты» РМК Павлодар филалымен бірлесіп ұйымдастырды.2018 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының Премьер-Министірінің бірінші орынбасары Жергілікті қамтуды одан әрі дамыту үшін Жол картасын бекіткен болатын. Жол картасының бір тармағында преференциялар мен ұлттық стандарттар алу бойынша отандық тауар өндірушінің түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген.Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ұлттық стандарттарды әзірлеу арқылы қолдау көрсетуі тауарлардың сапасын жақсартуға әкеледі.Стандарттар өнімдерге қойылатын талаптарды белгілейді, оның құрамдас элементтері, процестерге, көрсетілетін қызметтерге, бақылау әдістері, өнімді, оның ішінде нәтижелерімен іргелі немесе қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің үшін әзірленеді, отандық өндірушілерді қолдау және енгізу, инновациялық өнім болып табылатын.«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңына талаптарын жүзеге асыру бойынша Мемлекеттік стандарттау Жоспарын белгісіз уақытқа қалыптастыру, жылына екі рет берілген ұсыныс – өтінімдер бойынша мониторинг жасалынады.Ұсыныс – өтінімдер және техникалық – экономикалық негіздемесін келесі жылға дайындалуда, 2018 жылдың ұсыныстары 2019жылдың Жоспарына кіреді.Жасалған жұмыс нәтижесі бойынша, 2019жылға мемлекеттік стандарттау Жоспарына 15 ұсыныс берілді. (ТК-10, Екібастұз ГРЕС-1 және «КазИнСт» РМК- 4 ұсыныс).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10502?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ 10.04.2025
Токио қаласында «Қазақстанның өңірлері: Жапондық Инвестициялар үшін жаңа белестер» Қазақстан-Жапон бизнес-форумы өтті. Форум ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі мен Жапониядағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өтуде. ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Ерлан Хаиров бастаған қазақстандық делегация құрамына ҚР үкіметінің, инвестициялар және даму министрлігінің, облыстық әкімдіктер өкілдері, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер кірді.Форум қатысушылары Қазақстан-Жапон іскерлік қатынастары саласындағы жетістіктердің нақты мысалдарын, қазақстандық өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін, Қазақстанның инвестициялық саясатының мәселелерін және Жапониямен экономикалық қатынастардың даму перспективаларын талқылады.ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Хаиров өз сөзінде Жапония Шығыс Азияда Қазақстанның басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Елдеріміздің арасындағы қатынастар стратегиялық, достық және сенімге негізделген.«Бізде Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс атқарады. 2015 жылдан бастап Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді. Одан басқа, жапондық азаматтар үшін Қазақстанда визасыз режим енгізілді. Қазақстан мен Токио, Осака қалаларының арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша нормативтік-құқықтық база құрылды. Осы шаралардың барлығы іскерлік байланыстардың артып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді. Жапония Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы 10 жылда Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың түсімі 5,5 млрд.АҚШ долларын құрады», - деп мәлімдеді Е. Хаиров.Оның айтуынша, соңғы 10 жылда инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі жұмыстың арқасында, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының түсімі 250 млрд. АҚШ долларынан асты.Сонымен бірге, вице-министр биыл Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартумен айналысатын Kazakh Invest ұлттық компаниясының құрылғандығын атап өтті. Аталмыш компания «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобалардың ойлап табылғаннан бастап жүзеге асырылғанға дейін оларға ілесу бойынша қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының жұмысын бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет ететін болады. «Жапония технология жағынан неғұрлым дамыған ұлт болып табылатыны сөзсіз. Біздің еліміз Жапон компанияларымен ынтымақтастықты нығайтып, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға жоғары қызығушылық танытады. Бүгінгі бизнес-форум тікелей инвестицияларды Қазақстан өңірлеріне тартуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз», - дейді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Нұрланов.Форум жұмысына Жапонияның саяси және қоғамдық қайраткерлері, дипломаттары, сарапшылары, Marubeni Corp, METI, NEC, JOGMEC, Tokyo Rope, NYK Group, JETRO және т.б. сияқты 150 астам ірі жапондық компаниялардың басшылары қатысты. Форумға қатысқан жапондық компаниялар автомобиль жасау, авиация, космонавтика, электроника, химия өнеркәсібі, қаржы, жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдаулары, тағам өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б. салаларды қамтиды.Одан басқа, Форум барысында қазақстандық тараптың өкілдері көпқабаттық көлік тұрақтары құрылысымен айналысатын NH Parking компаниясы, SMBC ірі банкі, Sojitz, Panasonic, Fujifilm сауда корпорациялары сияқты компаниялармен және ұйымдармен, сондай-ақ бірқатар басқа бизнес құрылымдардың өкілдерімен бірқатар В2В кездесулерін өткізуде.Қазақстандық делегациясы сапарының бағдарламасында сондай-ақ Haneda Pipe Works Co. болат құбырларын өндіру зауытына, «Mitsubishi Materials» корпорациясына, NEC әлемдегі ірі телекоммуникациялық корпорациясына және Sumitomo, Itochu, Mitsui сияқты белгілі компанияларға бару жоспарланған.Сондай-ақ, сапар барысында тау-металлургиялық кешенді дамыту саласында елдердің ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа JOGMEC мұнай, газ және металдар бойынша жапондық ұлттық корпорациясында жеке шағын форум және семинар өткізу жоспарланған.Форумның қорытындылары бойынша облыстық әкімдіктердің Tokio Rope компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум және екі елдің ынтымақтастығы жөніндегі басқа да бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.Анықтама үшін:2005 жылдан бастап 2016 жылдың 1 жартыжылдығына дейінгі кезең ішінде Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 5,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша Қазақстанда жапондық қатысумен 53 өкілдік әрекет етеді. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,4 мрд. АҚШ долларын құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10479?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛДАРЫНДАҒЫ АУЫР САЛМАҚТЫ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ МАУСЫМ АЙЫНДА 50 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ 10.04.2025
ҚР ИИДМ Көлік комитеті арқылы 2019 жылғы 21 мамырдан 31 тамызға дейін «Назар аударыңыздар, ауыр салмақты көлік!» акциясы өткізілуде. Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады.Көліктік бақылау органдары арқылы акция аясында 2019 жылғы21 мамыр мен 30 маусым аралығында 19 605 автокөлік құралы тексеріліп, Қазақстан Республикасының Көліктік заңнамаларын бұзғандығы үшін 390 құқық бұзушылық (оның ішінде ҚР ӘҚБ К 348 бабы 6 тармағы және 571 бабы 42 тармағымен – 8 бөлігімен) анықталды. Оның ішінде 344 бұзушылық Қазақстандық және 46 шетелдік тасымалдаушыларға қатысты.54,7 миллионнан астам теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, жүргені үшін алым сомасы 24,6 миллионнан астам теңгені құрады.Акцияның мақсаты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың алдын алу мен ескеруді, сондай-ақ ауыр салмақты көлік құралдарымен жолдарға залал келтіруден сақтау болып табылатындығын атап кету қажет.Сонымен қатар автомобиль жолдарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Көлік комитетімен 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында инертті жүк тасымалдайтын өзі аударғыш ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өту фактілері бойынша ахуалдық орталықтың +77080880800 нөмірлі «Whats app» мессенджеріне халықтың белсенді бөлігі тарапынан бейне өтініштер қабылдау акциясы басталды. Келіп түскен барлық бейне өтініштер бойынша Комитеттің аймақтық органдарымен әкімшілік сипаттағы шара қолданылуда. Акция басталғаннан бері «Whats app» мессенджерге 1 366 автокөлік құралдары тасымалдаушыларына қатысты бейне, фото өтініштер келіп түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10478?lang=kk
Ертіс-Баян өңірінің жетістіктері 10.04.2025
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті.Шараға Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы қатысты. Журналистермен кездесу барысында аймақ басшысы Павлодар облысының 2017 жылдың 8 айындағы даму қорытындылары туралы баяндама жасап, журналистердің сауалдарына жауап берді. Павлодар облысының индустриялық-инновациялық дамуында оң нәтижеге қол жеткізілді. Жалпы өңірлік өнім 5,6 %-ға өсті. Облыстың жалпыреспубликалық ІЖӨ көлеміндегі үлесі 4,7%-ға өсті (бұған дейін 4,4% еді). Ағымдағы жылы өнеркәсіптің барлық секторында оң динамика байқалады. Мыс концентратын өндіретін Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының толық қуаттылық деңгейін шығуына байланысты көлем 12%-ға дейін өсті. Металлургия, химия, мұнай химиясы және машниа жасау кәсіпорындары тұрақты жұмыс істейді. Электр энергиясын өндіру көлемі 23,2%-ға ұлғайып, 26,3 млрд. кВтсағатты құрады. Екібастұз №1 ҚАЭС-ың шиналарынан өндірілген 3,3 млрд. Квтсағат электр энергриясы РФ-ың көршілес өңірлеріне экспортқа шығарылды. Жылдың соңына дейін электр энергиясы экспортының көлемі 6 млрд. Квтсағатты құрайды.Өңірде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Мұнда 980 жаңа жұмыс орны құрылды. Аумақтың инфрақұрылымын дамытып, инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасалуда. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы шеңберінде өңірде инвестициялар көлемі 1,1 трлн. теңгені құрайтын 8412 жұмыс орны құрылатын 35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ағымдағы жылы инвестициялар көлемі 271,0 млрд. теңге 1323 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 8 жобаны іске қосу көзделіп отыр.Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпкерлердің белсенділігі артып келеді. Қазіргі кезде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,5%-ға артты, олар шығаратын өнім көлемі 1,3 есеге артты. Жалпы, Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға 4,2 млрд. теңге бөлінді.Облыста салынып жатқан тұрғын үйлердің негізгі бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатыр. Алдағы уақытта 21 үй қолданысқа беріліп, 2 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанады, жеке тұрғын үй секторын дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыста жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтар белгіленіп, ол жерге инженерлік инфрақұрылымдарды тартылып жатыр. Ағымдағы жылы ауылдарды көріктендіруге 11 млрд. теңге бағытталды. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде облыс кәсіпкерлерінің 95 жобасы қолдауға ие болды. Ауыл шаруашылығы саласында 380 ауыл шаруашылық құрылымдары мен 3688 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Оларға 15 мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау көрсетіледі. «Еттің экспорттық потенциалын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 740,5 тонна ет өнімдері эскпортқа шығарылды. Бұл жоспардың 57 пайызын құрайды. Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу және нарықты жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған 204 әзірлеу пункті мен 299 қайта өңдеу нысаны жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыста 114 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды. Ертіс-Баян өңірінің маңызды жетістіктерінің бірі – жас ұрпақтың жоғары зияткерлік әлеуеті болып табылады. Ағымдағы жылы тұңғыш рет мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд. теңге бөлінді. Жаңа оқу жылына қарай 118 білім беру нысанында 1,9 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы облыстың барлық мектептерінде шахмат үйірмелері ашылды. Павлодарлық оқушылар республикалық пән олимпиадаларында 55 жүлделі орындарға ие болып, облыстар арасында жүлделі екінші орынға тұрақтады. Павлодар облысы ҰБТ бойынша да орташа 91,77 ұпаймен екінші орынды иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10405?lang=kk
Жаңа футбол алаңы ашылды 10.04.2025
Футбол алаңының өлшемі 90Х60, тартан жабындысы бар жол төселген, сонымен қатар трибуналар орнатылған. Кешкі уақытта алаң жарықтандырылады. Павлодар облысының әкімі жұмыс сапасын бағалап, облыс орталығында осындай спорт алаңдарын орнату жұмыстары жалғасын табатынын атап өтті. Қазіргі уақытта жергілікті атқару органдары аталған алаңдардың құрылысы үшін жер телімдерін таңдау жұмыстарымен айналысуда, ал мердігер ұйымның айтуынша, жыл сайын бес алаңнан орнатуға дайын.– Бұл алаң барлығына қолжетімді болуы тиіс, – деді Болат Бақауов. – Мәселен, таңертең спортпен шұғылданатын адам алаңға келіп жаттығу жасап, жүгіре алады. Асфальпен жүгірудің тізе буындары үшін пайдасы аз, ол үшін тартан жабындысы болуы қажет. Сондықтан осындай нысандар барлығына қолжетімді болуы тиіс.Бірінші күннен бастап алаңда Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің құрама командасы мен олардың дублерлары ойындарын тамашалатты.– Біздің балалар аталған футбол алаңында дене шынықтырумен сапалы түрде айналысатынына сенімдімін, себебі үздік инфрақұрылым оларға осындай мүмкіндік береді, – деді ПКжКК дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы Алексей Садовник. – Менің ойымша, біздің команда одан әрі тамаша жетістіктерге жетіп, облыстық спартакиадада жоғары көрсеткіштер көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10370?lang=kk
Саябақтар мен аулалар 10.04.2025
Ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмцыстары жүргізілмеген Ленин саябағында тас жолдар төселіп, ойын және спорт алаңдары құрылды және архитектуралық формалар орнатылды. Бұл жұмыстардың құны 52 миллион теңге құрайды. Саябақты аралап жүрген қала тұрғындары саябақтың күн санап көркейіп келе жатқанын атап өтті. Ак. Шөкин жне Роза Люксембург көшелерінің арасында орналасқан Студенттер тынымбағы да жаңарып, көркейе түскен. Көп уақыт бойы жөндеу көрмеген саябақта ағаштардың қураған бұтақтары кесіліп, жаңа көшеттер отырғызылды. Сонымен бірге, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, спорт тренажерлері орнатылды. Аккадемик Шөкин көшесіндегі 98 үйдің ауласында облыс әкімі ауладағы өтпе жолға жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Болат Бақауовтың айтуынша бұл жұмыстар да бірінші қарашаға дейін аяқталуы тиіс.– Синоптиктердің болжамына сәйкес қазанның соңына дейін ауа райы қолайлы болады, – деді облыс әкімі. – Қарашаның басында күн суи бастайды. Сондықтан да, жөндеу жұмыстарын қарашаның суығына қалдырмай аяқтау керек.Қазіргі кезде облыс орталығында 131 аулада жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 100 ауланың ішіндегі асфальт жолдардағы шұңқырлар тегістелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10350?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДА АТЫРАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ДАЯРЛАУДАН ӨТТІ 10.04.2025
2018 жылдың 26-28 қыркүйек аралығында Атырау қаласында ТРМК Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері үшін техникалық реттеу және метрология саласында мамандарды даярлау жөніндегі өңірлік семинар өтті. 3-күндік семинар барысында тыңдаушыларға техникалық реттеу саласы бойынша ЕАЭО-ң шеңберінде жаңа заңнамалар, жаңа шешімдері және техникалық реттеу саласындағы ЕЭК өкімдері, мемлекеттік метрологиялық бақылау және нарықты қадағалау тақырыптары түсіндірілді. Сондай-ақ, тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жаңалықтарымен таныстырылды және ҚР «Бағалы металдар мен асыл тастар» Заңының ережелері түсіндірілді. Семинар барысында Атыраудың мемлекеттік инспекторлары қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды.Семинар қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификат берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10325?lang=kk