Әлем
Қазақстан мен Германия сауда-инвестициялық әріптестікті тереңдету бағытын растады 28.01.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Германия Сыртқы істер министрлігінің Саяси директоры Доминик Муттермен кездесті.Келіссөз барысында Қазақстан екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Германиямен әріптестікті одан әрі нығайтуды дәйекті түрде көздейтіні және оны Еуропалық одақтағы негізгі стратегиялық әріптестің бірі ретінде қарастыратыны атап өтілді. Сауда-инвестициялық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан-Германия қатынасының негізі және қозғаушы күші екені айқын.«Қазақстан Германиямен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Сауданы әртараптандыруға, экономиканың негізгі салаларына жаңа технология енгізуге баса назар аудара отырып, бұл процесті жүйелі және ұзақмерзімді жүргізуге ниетті», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Германия Қазақстан Республикасының сауда әріптестерінің арасында жетінші орында. 2025 жылғы қаңтар-қараша қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $3,9 млрд болса, оның ішінде экспорт — $1,2 млрд (+7,9%), импорт — $2,7 млрд (+6,1%).Өзара сауда құрылымын әртараптандыру, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларындағы жаңа технологиялар трансферін кеңейту басым міндет ретінде белгіленген.Екі ел арасында тұрақты экономикалық диалог қалыптасқаны атап өтілді. Онда Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес шешуші рөл атқарады. Бұл тетіктер өлшемелі нәтиже берді: германиялық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда €49,7 млрд сомасына 36 инвестициялық жоба іске асырылып, оның ішінде 23 жоба пайдалануға берілді. Қалыптасқан негіз ынтымақтастықтың неғұрлым технологиялық күрделі форматына көшуге мүмкіндік беретіні атап көрсетілді.Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуды және неміс банктері мен сақтандыру құралдарының қатысуымен «жасыл» энергетиканы дамытуды қосқанда, стратегиялық маңызы бар жобаларды бірлесіп қаржыландыруды күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірлескен қаржыландырудың қазақстандық-германдық тетігін белсенді іске қосу ұсынылып отыр. Қазақстандық тарап Германияның қаржы институттары мен компанияларының қатысуымен, оның ішінде «жасыл» болат бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасымен сутегі және «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға әзірлігін растады.Германия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі әріптесінің бірі болып қала беретіні де атап өтілді. Бұған дейін тараптар арасында Орталық Азиядағы Орнықты егіншілік өңірлік орталығының тұжырымдамасы келісілген болатын. Қазіргі уақытта Орталық құру және одан әрі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыты мен форматын айқындайтын Үйлестіру кеңесін қалыптастырудың практикалық жұмысы басталды.Өз кезегінде Доминик Муттер Қазақстанмен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.«Германия үшін Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен стратегиялық аймақтық әріптестіктің маңызы зор. Біз елдің аймақтағы рөлін жоғары бағалаймыз және оның көпвекторлы саясатына оң баға береміз. Біздің елдеріміз арасында ынтымақтастықты кеңейтуге деген өзара мүдде бар. Маңызды жаһандық өзгеріс жағдайында өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруды анықтау маңызды», — деп атап өтті ол.Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және екіжақты өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1149406?lang=kk
Норвегияда Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері таныстырылды 28.01.2026
Осло қаласында «Doing business in Kazakhstan» атты бизнес-семинар өтті. Іс-шара Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі тарапынан Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы (EAST Chamber of Commerce and Industry of Norway) мен Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының (Confederation of Norwegian Enterprise – Næringslivets Hovedorganisasjon, NHO) қолдауымен ұйымдастырылды.Анықтама: (1) Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы (EAST Chamber of Commerce and Industry of Norway «Østhandelskammeret») – Норвегия мен Қара теңіз және Каспий өңірі елдері арасындағы халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған коммерциялық емес ұйым.(2) Норвегия кәсіпорындары конфедерациясы (Confederation of Norwegian Enterprise – Næringslivets Hovedorganisasjon, NHO) – Норвегиядағы жұмыс берушілер мен бизнес өкілдерінің ең ірі ұйымы.Іс-шарада қазақ тарапынан Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, ал норвег тарапынан Норвегияның Қазақстандағы (Осло қ. резиденциясымен) Елшісі Хелен Санд Андресен, «EAST CCI of Norway» директорлар кеңесінің төрағасы Ронни Солберг және Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының халықаралық департаментінің аға кеңесшісі Катарина Сетерсдаль сөз сөйледі.Онлайн форматта ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Ержан Несібқұлов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Сервистік қолдау департаментінің директор Алида Туебекова, «Астана» халықаралық қаржы орталығының іскерлік байланыстар жөніндегі менеджері Темір Сембинов, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Сәкен Олжабаев және «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Инвестиция және маркетинг департаментінің директоры Әсел Қыдырбекова өз презентацияларын ұсынды.Семинарға Норвегия Сыртқы істер министрлігінің, Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының, Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасының, Норвегияның экспорттық қаржыландыру агенттігінің (EKSFIN), түрлі саладағы норвегиялық компаниялардың, сондай-ақ Норвегияда аккредиттелген шет мемлекеттердің Елшіліктерінің өкілдері қатысты.Іс-шара барысында конференцияға қатысушылар соңғы екі жылда Қазақстан мен Норвегия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жандануын оң бағалады.Анықтама: (1) 2024 ж. желтоқсанда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы («EAST CCI of Norway») арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды.(2) 2025 ж. сәуірде Осло қаласында Қазақстан-Норвегия қатынастары тарихында алғаш рет екіжақты Іскерлік кеңестің отырысы өтті.(3) 2025 ж. мамырда соңғы жылдарда алғаш рет құрамында 11 адамнан тұратын норвегиялық ірі делегация Қазақстанға сапармен барды, сондай-ақ «Astana International Forum 2025» форумына қатысты.(4) Қазақстан мен Норвегия арасындағы тауар айналымы 2025 ж. қаңтар-қарашада 156,7 млн. долл. құрды (экспорт 7,1 млн. долл., импорт 149,6 млн. долл.), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға жоғары (118,5 млн. долл.).(5) 2025 ж. желтоқсанда норвегиялық «Optimar» компаниясы аквамәдениет саласында ірі келісімшартқа қол қойып, Қазақстандағы жаңа балық өсіру жобасына арналған жабдықтарды жеткізді (https://optimarglobal.com/en/updates/news/optimar-with-major-aquaculture-contract-in-new-market).Норвегиялық семинар қатысушылары Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетінің таныстырылымын жоғары бағалады және «нетворкинг» аясында бірқатар бірлескен әлеуетті жобаларды іске асыруға бастама көтерді.Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі келесі қадамдар туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, оның ішінде 2026 ж. мамыр айында Астана қаласында Іскерлік кеңесінің II отырысын өткізу көзделіп отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-oslo/press/news/details/1149381?lang=kk
Қазақстанның ИКАО-ның Трансформациялық мақсатын қолдауға және теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер үшін авиациялық қажеттіліктерді талдауға қосқан үлесіне арналған ресми салтанатты рәсім өтті 28.01.2026
2026 жылғы 22 қаңтар, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырзаның шақыруымен ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО-ның Трансформациялық мақсатын қолдауға және теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер үшін авиациялық қажеттіліктерді талдауды (Aviation Needs Analysis for LLDC) дайындауға Қазақстанның авиациялық билік органдарының қосқан үлесіне арналған ресми салтанатты рәсімге қатысты. Аталған екі бастама жаһандық авиациялық жүйелердің орнықтылығын, инклюзивтілігін және ұзақ мерзімді тұрақты дамуын арттыруға бағытталған ИКАО-ның флагмандық жобалары болып табылады.Іс-шараға ИКАО-ның Әлеуетті дамыту және іске асыру бюросының уақытша директоры Мигель Марин мырза, сондай-ақ ИКАО жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің және ИКАО Хатшылығының қызметкерлері қатысты.Өз сөзінде Тимур Тлегенов мырза Қазақстанның Ұйыммен белсенді әрі жүйелі өзара іс-қимылға бейілділігін атап өтіп, азаматтық авиация саласындағы елдің қол жеткізген жетістіктері мен жоғары көрсеткіштеріне тоқталды.ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза Қазақстан тарапына және ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігіне көрсетілген қолдау мен ИКАО-ның басым мақсаттарын іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. Ол қазақстандық Тұрақты өкілдіктің ИКАО алаңындағы белсенді әрі конструктивті қызметін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның басшылығына ризашылығын білдіріп, ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдіктің ашылуының стратегиялық маңызын атап көрсетті және Хатшылық оның қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Қазақстан Республикасы халықаралық азаматтық авиацияның болашағын айқындайтын ИКАО-ның негізгі стратегиялық бастамаларын қолдауды одан әрі нығайтып, Ұйымның «Ешбір ел назардан тыс қалмайды» стратегиялық мақсатына адалдығын тағы да растады.Салтанатты рәсім конструктивті және сенімге негізделген жағдайда өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1149382?lang=kk
Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады 28.01.2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды.Кездесуде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ықпалдастықты жандандыруға, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, сондай-ақ басқа салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілді.Президент Гидеон Саардың Астанаға сапары аясында Қазақстан-Израиль бизнес форумын өткізуді қолдап, оның қорытындысы екі елдің инвестициялық серіктестігін кеңейтуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.Сыртқы істер министрі Израильдің Қазақстанмен мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға және өзара байланыстарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.Гидеон Саар Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген шешімі ретінде бағалады. Бұл тұрақтылықты, бейбітшілікті және халықаралық диалогты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Израиль сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, аталған бастамаларды табысты жүзеге асыруға тілектестік білдірді.Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1149363?lang=kk
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ 27.01.2026
Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламалары жүйелі жүзеге асырылуда. Баспана кезегінде тұрған 23 отбасы бүгін Асар-2 шағынауданында жалға берілетін пәтерлердің кілтін алды.Бұл жаңа үйлер қаланың коммуналды тұрғын үй қорынан беріліп отыр. Қоныстанушылардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар.Пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жалға берілетін үйлер қорын кеңейту және азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету қалада атқарылып жатқан басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.Баспанамен қамтамасыз ету белгіленген рәсімдер мен заңнама талаптарын сақтай отырып, жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қолдауға тең қол жеткізуге мүмкіндік береді.Қала әкімдігі алдағы уақытта да қолжетімді баспана көлемін арттыру және жайлы қалалық ортаны дамыту бағытындағы іс-шараларды кезең-кезеңімен іске асыра бермек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Шымкент қаласының стратегиялық даму міндеттеріне сәйкес келеді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Өңірдегі көлік-логистикалық инфрақұрылым 27.01.2026
Өңірде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты жүк тасымалы, соның ішінде контейнерлік тасымалдар көлемі жыл сайын артып келеді. Облыста контейнер тапшылығы байқалып, Қостанай қаласындағы жүк станциясының өткізу қабілеті жеткіліксіз болып отыр.Әсіресе, астық пен ұн тасымалы өзекті мәселе болып қала береді. 2025 жылдың қыркүйек-қараша айларында 1,1 млн. тонна астық экспортталып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 306 мың тоннаға артты. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстанға бағытталған.Қостанайда «Тобыл» халықаралық көлік-логистикалық кешені салынуда. Жылына 400 мың контейнерге дейін өңдеуге қабілетті «құрғақ порт» 63,8 млрд. теңге инвестиция тартып, 500 жаңа жұмыс орнын ашады. Жоба іске қосылғаннан кейін өңірдегі жүк тасымалы 20 пайызға артып, экспортқа тың серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1149181?lang=kk
Сообщение о проблемах на улице 27.01.2026
Сіз iKomek қызметіне көшедегі кез келген қауіпті жағдай немесе ақау туралы хабарлай аласыз. Бұл қызмет тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала инфрақұрылымын уақытылы жөндеуге көмектеседі.Қалай хабарласуға болады:109 бірыңғай тегін нөміріне қоңырау шалу (тәулік бойы).WhatsApp, Telegram чат-бот немесе Instagram директ арқылы жазу.Мобильді қосымша арқылы жүгіну (мысалы, SmartQostanai).Операторларға хабарлағанда көрсететін ақпарат:Нақты мекенжайы: көшенің атауы, жақын маңдағы үйдің нөмірі немесе бағдар болатын нысан (дүкен, аялдама және т.б.).Мәселенің сипаттамасы: қысқаша және нақты, мысалы:Ашық немесе сынған құдық қақпағы.Сынған немесе зақымдалған ойын алаңы, спорттық құралдар.Асфальт немесе жердің шөгіп қалуы.Басқа қауіпті жағдайлар.Құдық немесе нысан түрі (егер анық болса): кәріз, су құбыры, байланыс желісі, балалар алаңы және т.б.Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта немесе мессенджер.Фото/видео айғақ: мүмкін болса, сурет немесе видео жіберіңіз. Бұл мамандарға жағдайды бағалауға және орынды тез табуға көмектеседі.Неге бұл маңызды:Қауіптің алдын алу.Жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын жедел бастау.Қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1149157?lang=kk
«ЦОЙ КИНО» – BIG BAND КОНЦЕРТІ 27.01.2026
Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары Сіздерді 29 қаңтар күні сағат 18:30-да өтетін Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында өтетін BIG BAND үрлемелі аспаптар оркестрінің «Цой кино» атты ерекше концертін тамашалауға шақырамыз.Концерт барысында аңызға айналған Виктор Цойдың әндері жаңа форматта —оркестр сүйемелдеуімен, жанды дауыста орындалады.Жанды музыка, тың аранжировкалар мен ерекше атмосфера көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайды.Өтетін орны:Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы(Абылай хан көшесі,153)Билет бағасы:2000 теңгеБайланыс телефондары:+7 747 787 88 81+7 701 567 48 07Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1149071?lang=kk
Тоғызбұлақ ауылында Қапес Байғабылұлының 130 жылдығына орай жаңа кітапхана ашылды 27.01.2026
Кеген ауданына қарасты Тоғызбұлақ ауылында Қапес Байғабылұлының туғанына 130 жыл толуына орай жаңа ауылдық кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдени нысанның жұмысын бастау дәстүрлі түрде қызыл лентаны қию рәсімімен айшықталды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, қоғам өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.Ашылу салтанатына Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұғман Алмасбек, Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Галина Тоқабаева қатысты. Сонымен қатар белгілі жазушы, педагог Сағатбек Мәдібекұлы, облыстық филармония директоры Нұрлан Сағынбай және шығармашылық зиялы қауым өкілдері де арнайы келді. Қонақтар оқырмандарға жасалған жағдай, кітап қоры және техникалық жабдықталуымен танысып, ауыл үшін жаңа мәдени нысанның ашылуының маңыздылығын атап өтті. Жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда кітап қорын есепке алуға және оқырмандарға қажетті әдебиеттерді жылдам табуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ИРБИС кітапханалық жүйесі енгізілген. Кітапхана екі бөлімнен – кітап қоры мен оқу залынан тұрады. Қазіргі таңда кітап қоры шамамен 3 мың данаға жетеді. Барлық бөлмелер компьютерлермен, принтерлермен, кітап сөрелерімен, үстел және орындықтармен толық жабдықталған. Бұл оқуға және білім алуға қолайлы жағдай жасайды. 2026 жылға қарай кітапхананың қызметін 689 ауыл тұрғыны пайдалануы жоспарланып отыр.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев: «Бүгінде ауданымызда 13 кітапхана жұмыс істейді, ал бұл – он төртіншісі. Қазіргі таңда кітапханалар тек кітап сақтайтын орын ғана емес, білім мен мәдениеттің, шығармашылық пен қарым-қатынастың орталығына айналып отыр. Олар барлық жастағы тұрғындарды біріктіріп, ауылдың мәдени өмірін нығайтып, рухани дамуына үлес қосады», – деді.Сондай-ақ ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірген Сағатбек Мәдібекұлы:«Бұл – елімізде оқитын, білімді ұлт қалыптастыру жолындағы аса игі әрі маңызды бастама. Кітапханаға жастар көптеп келіп, білімге ұмтылсын. Өскелең ұрпақ саналы, тәрбиелі, парасатты болып қалыптассын. Бұл білім ордасы елді біріктіріп, шабыт беретін рухани орталыққа айналсын, кітап қоры жыл сайын толыға берсін», – деп атап өтті.Тоғызбұлақ ауылында жаңа кітапхананың ашылуы мәдениет пен білім саласындағы жалпыұлттық басымдықтарға толық сәйкес келеді. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи кітапханаларды дамыту мен кітаптың қолжетімділігін арттырудың маңызын ерекше атап өткен болатын. Жаңа мәдени нысан ауыл тұрғындары мен жас ұрпақ үшін білім мен рухани дамудың орталығына айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1149065?lang=kk
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2026 жылғы 27 қаңтарда «Сайлаушының құқықтары мен міндеттері» атты сынып сағаты өткізілді. Риддер қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е. В. Агешкина жоғары сынып оқушыларына сайлаушының құқықтары мен міндеттері, саналы таңдаудың маңыздылығы және демократиялық қоғамдағы әрбір азаматтың рөлі туралы айтып берді. Балалар сайлау комиссиясының мүшелері дайындаған викторина сұрақтарына қызығушылықпен және ынтамен жауап беріп, жақсы білімдерін, логикалық ойлауын және белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. 27.01.2026
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2026 жылғы 27 қаңтарда «Сайлаушының құқықтары мен міндеттері» атты сынып сағаты өткізілді. Риддер қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е. В. Агешкина жоғары сынып оқушыларына сайлаушының құқықтары мен міндеттері, саналы таңдаудың маңыздылығы және демократиялық қоғамдағы әрбір азаматтың рөлі туралы айтып берді. Балалар сайлау комиссиясының мүшелері дайындаған викторина сұрақтарына қызығушылықпен және ынтамен жауап беріп, жақсы білімдерін, логикалық ойлауын және белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1148945?lang=kk
Қазақстан өркендеу жолында 27.01.2026
2026 жылғы 20 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеп, Қазақстанның саяси дамуының жаңа кезеңін, сондай-ақ сыртқы саясат, экономиканы басқару және цифрлық трансформация бағытындағы басымдықтарды айқындады.Мемлекет басшысы басқару жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік архитектураны нақтылауға және ұзақ мерзімді саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған конституциялық және институционалдық реформалар пакетін ұсынды. Негізгі бастамалар қатарында президенттік биліктің сабақтастығын рәсімдеу, Вице-президент лауазымын енгізу және ұлттық референдум арқылы жаңа конституциялық модельге көшу бар.Сондай-ақ Президент жаһандық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымына тоқталып, теңгерімді, прагматикалық және ұлттық мүддеге негізделген дипломатияны растады, экономикалық ықпалдастық, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллекттің елдің бәсекеге қабілеттілігі үшін стратегиялық маңызын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1148989?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының Уәкілетті экономикалық операторлар бағдарламаларын өзара тану мәселесі бойынша сарапшылар кездесуі 27.01.2026
2026 жылғы 19–20 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының Уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) бағдарламаларын өзара тану мәселесі бойынша кезекті сарапшылар кездесуі өтті.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі арасында Уәкілетті экономикалық операторлар бағдарламаларын өзара тану мәселелері бойынша екі елдің кеден қызметтері басшылары қол қойған Іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Уәкілетті экономикалық операторлар бағдарламаларын өзара тану туралы келісім жасасу жұмыстары жүргізілуде.Іс-шаралар жоспарына сәйкес бірінші және екінші кезеңдерде көзделген іс-шаралар толық орындалды. Қазіргі уақытта маңызды әрі шешуші болып табылатын үшінші кезең іске асырылуда. Іс-шаралар жоспарының соңғы, төртінші кезеңі екіжақты келісімге қол қою болып табылады.Сапар аясында Уәкілетті экономикалық операторлардың объектілеріне шығу ұйымдастырылды: Астана қаласында – «COCA-COLA BOTTLERS» ЖШС, Қарағанды қаласында – «EURASIAN FOODS» АҚ. Объектілерге барудың мақсаты компаниялардың тауарларға кедендік бақылауды ұйымдастыру, кедендік бақылауға жататын тауарларды есепке алу және құжаттаманы жүргізу, сондай-ақ қауіпсіздік пен қорғауды қамтамасыз ету саласындағы қызметін зерделеу болды.Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін өзара тану рәсімдерді оңайлатуға, тауарлардың шекара арқылы өтуін жеделдетуге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін әкімшілік шығындарды төмендетуге ықпал ететін болады.Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1149000?lang=kk
«Заң үстемдігі - заман талабы» тақырыбында семинар-сабақ өтті 27.01.2026
«Заң үстемдігі - заман талабы» тақырыбында семинар-сабақ өттіДүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында бүгін «№10 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде жоғары сынып оқушыларымен семинар-сабақ ұйымдастырылды.Іс-шара барысында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Мұхаммедов және комиссия төрағасының орынбасары С. Қалаубаев оқушылармен ашық форматта пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, болашақ жас сайлаушыларға еліміздің сайлау жүйесі, әрбір азаматтың сайлау және сайлану құқығы, сондай-ақ демократиялық құндылықтардың маңызы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1149008?lang=kk
Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық портфельдерді қалыптастыру критерийлерін таңдауы туралы 27.01.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №67[1] қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының №10[2] қаулысымен бекітілген қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілуде. Аталған өзгерістер инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жаңа тәсіл негізінде жүзеге асыруын көздейді. Жаңа тәсілге сәйкес, ИПБ тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауы тиіс. Осыған байланысты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) инвестициялық портфельді басқарушылардан инвестициялық портфельдерді қалыптастырудың төмендегі критерийлерін таңдағаны туралы хабарламалар алынғанын мәлімдейді:«Halyk Global Markets» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;«Alatau City Invest» АҚ – зейнетке шығуына 3 жылдан астам уақыт қалған салымшылардың зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 36 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;«Сентрас Секьюритиз» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;«BCC Invest» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;«Halyk Finance» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі. Егер Сіздің жасыңыз «Alatau City Invest» АҚ таңдаған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийінде белгіленген шекті жас талаптарына сәйкес келмесе, келесіні хабарлаймыз:Сіз зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруына немесе инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі жасыңызға сәйкес келетін басқа ИПБ-ға беруге құқылысыз;егер Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз ИПБ-ның сенімгерлік басқаруында бір жылдан аз уақыт болса, басқарушы компания зейнетақы жинақтарын толық басқару кезеңі аяқталғанға дейін немесе зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға берілген күннен бастап бір жыл өткен соң, оларды ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына немесе жасыңызға сәйкес келетін басқа ИПБ-ға бергенге дейін басқаруды жалғастырады;зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудың толық кезеңінің қорытындысы бойынша ИПБ, егер бар болса, өзі алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтерін басқарудың толық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы ең төменгі кірістілік мәні арасындағы теріс айырманы өтеуді жүзеге асырады. БЖЗҚ инвестициялық портфельді басқарушылар қабылдайтын шешімдер мен зейнетақы активтерін басқару жүйесіндегі өзекті өзгерістер туралы салымшыларды қосымша хабардар етіп отырады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 16 қазандағы № 67 қаулысы [2] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1148932?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды 27.01.2026
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 30 желтоқсанда инвестициялық портфельді басқарушы – «Halyk Global Markets» АҚ-дан (Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы) (бұдан әрі – ИПБ) 2021 жылғы 18 ақпанда жасалған № 17/6/18-02-21/П зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) ИПБ-ның бастамасы бойынша бұзу жоспарланғаны туралы мәлімдеме алынғанын хабарлайды. Аталған хабарлама заңнама талаптарына сәйкес жолданған. Заңнамаға сәйкес, ИПБ Шартты оны жасасқан күннен бастап кемінде бір толық күнтізбелік жыл өткеннен кейін өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Бұл ретте толық күнтізбелік жыл деп 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең[1] түсініледі. ИПБ Шартты өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда, оның жоспарланған бұзылу күнінен кемінде бір күнтізбелік жыл бұрын уәкілетті органды, БЖЗҚ-ны және зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтауды жүзеге асыратын кастодианды хабардар етуге, сондай-ақ өзінің корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды орналастыруға міндетті. Осындай хабарлама болған жағдайда БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру туралы жаңа өтініштер қабылдамайды[2]. ИПБ өз сенімгерлік басқаруындағы ақша түріндегі зейнетақы активтерін толық көлемде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруға қайтарады. Сонымен қатар, егер ИПБ алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен ИПБ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы, яғни бұл жағдайда 2027 жылғы 1 қаңтардағы ең төменгі мән арасындағы теріс айырма туындаған болса, ИПБ оны толық көлемде өтеуге міндетті[3]. Теріс айырма өтелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (егер мұндай айырма болған жағдайда) инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде ҚРҰБ-тағы БЖЗҚ-ның кастодиандық шотына қайтарады[4]. Осылайша, қолданыстағы тәртіп салымшылардың зейнетақы жинақтарының сақталуына, олардың ҚРҰБ басқаруына қайтарылуына кепілдік береді және зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін кез келген қаржылық тәуекелдерді болдырмайды. Бұл ретте, бұған дейін ИПБ басқаруына берілген барлық зейнетақы жинақтары олар ҚРҰБ басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттар бойынша «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді. ИПБ Шарт тоқтатылғанға дейін өзінің барлық міндеттемелерін, оның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны сақтау, активтердің сақталуын қамтамасыз ету және есептілік талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерін толық көлемде орындауға міндетті. Сонымен қатар, салымшылар зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына немесе инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшарты салымшының жасына сәйкес келетін басқа инвестициялық портфельді басқарушыға беруге құқылы екенін хабарлаймыз. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1]Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 7-3-тармағы2Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру Қағидаларының 58-тармағы3Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 59-тармағы 4Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 60-тармағы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1148920?lang=kk
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 27.01.2026
1) 2026 жылы БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай өзгерді? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғаяды.Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі — 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге. Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар. Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады. 2) 2026 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қандай? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ына дейін ұлғайтылды (ЖМЗЖ мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп келеді: 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%).Еске саламыз, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдас бөлік – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкер табысынан ұсталатын міндетті 10% зейнетақы жарналарынан бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарналар аударуға міндетті. ЖМЗЖ есептелетін табыс сомасы ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖМ) кем болмауы және тиісті жылға белгіленген 50 еселенген ЕТЖМ-нан аспауы тиіс.Жұмыс беруші зейнет жасындағы адамдар, I және II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар, әскери қызметшілер, сондай-ақ 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған азаматтар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады. 3) «Арнаулы салық режимі» (АСР) дегеніміз не?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексінің күшіне еніп, ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған АСР. Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың тек салықтарды ғана емес, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібін де реттейді. 4) Жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) қандай мақсатпен енгізілді? Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және ШФҚ-ға арналған АСР енгізу келесі мақсаттарға бағытталған:өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту арқылы зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды кеңейту;Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнесті жүргізуді жеңілдету;мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.Бұл жаңашылдықтар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, еңбек ететін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және «көлеңкелі экономиканың» азаюына ықпал етеді. 5) Қандай арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді? Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР (интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететіндерді қоса алғанда)2026 жылдан бастап енгізілген бұл АСР жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары мен қандастарға) арналған. Режим Үкімет бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.Айлық табыс мөлшері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 300 еселенген АЕК-тен, ал жылдық табыс 3 600 АЕК-тен аспауы тиіс.Осы режимді қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар алынған табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) өз бетінше төлейді.Мөлшерлемесі:МЗЖ – табыстың 1%;ЖМЗЖ – табыстың 1%.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар АСР-ны арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, оның чектері және өзге көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде қолданатын болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы кірістерді есепке алу өздері әзірлеген қарапайым нысанда, операциялардың күнін, атауын, әрбір операция нәтижесінде алынған сомаларды, әрбір күн үшін, бір айдағы қорытынды соманы көрсете отырып жүргізіледі. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы ұстап, аударады. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСРҚР Салық кодексінің 723 бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны ЖК мен Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары қолдануға құқылы.Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны төмендегі шарттарға сәйкес келетін тұлғалар қолдануға құқылы:- күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;- ҚР Үкіметі айқындаған, оған қатысты жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдануға тыйым салынған тізбеге енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар. Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері стандартты: МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСРҚазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарына ие (қосалқы жер пайдаланушы құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ-ларға арналған АСР қолдануға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған АСР бір күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмейді. Оны шаруа қожалығының қызметі қолдану шарттарына сәйкестігін жоғалтқан жағдайларда ғана өзгертуге болады. ШФҚ арналған АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі.Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1148924?lang=kk
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 27.01.2026
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫШымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат кеңесі өтті. Кеңесте жылыту маусымының барысы, күнделікті мәселелер, қаланы басқару жүйесіне цифрлық деректер мен жасанды интеллектіні енгізу жоспарлары, сондай-ақ туризм күнтізбесін қалыптастыру мәселелері қаралды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерасыл Серік жылыту маусымы басталғалы бері 91 апатты жағдай тіркелгенін баяндады. Барлық ақау жедел қалпына келтіріліп, тұрғындардан шағым түспеген. Қаңтар айындағы газ жеткізуге уақытша шектеулерге қарамастан, 3-Энергоорталық пен коммуналдық қызметтердің жұмысы тұрақты режимде жалғасып келеді. Тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуде шектеулер жоқ. Сонымен қатар, биыл қалада 75 шақырымнан астам жылу желісін жөндеу, қазандықтар мен сорғы станцияларын, жылумен жабдықтау нысандарын қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, «Қуатжылуорталық-3» МКК-ін цифрландыру жұмысы, оның ішінде электронды құжат айналымын енгізу және өндірістік процестерді автоматтандыру жалғасуда. Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов Шымкентте цифрлық экожүйе белсенді дамып, түрлі цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Қалада «Shymkent Hub» аясында ірі білім беру бастамалары іске асырылуда, сонымен қатар Freedom Telecom компаниясымен бірлесіп «AI LAB» жасанды интеллект зертханасын іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «QAZTECH» бірыңғай платформасына көшу аясында қаланың ақпараттық жүйелері есепке алынып, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған. «Smart Shymkent» жобаларына да мониторинг жүргізілді. Сәтті жүзеге асырылған бастамалардың қатарында дрон инфрақұрылымы бойынша пилоттық жоба, инсультті диагностикалауға арналған «CEREBRA AI» жүйесі және жасанды интеллект негізіндегі пациенттерге автоматты қоңырау шалу жүйесі бар. Тиімділігі төмен деп танылған бірқатар жоба уақытша тоқтатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1148894?lang=kk
Қазақстан мен Израиль екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі 27.01.2026
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми сапармен Астанаға келген Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар саяси диалогтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды, туризм саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы тәжірибе алмасуды талқылады. Технологиялар трансфері мәселелеріне және екі елдің салалық ведомстволары мен іскер топтары арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Сапар аясында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың 12-ші раунды өтті. Оның барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыста бейбіт реттеуге жәрдемдесу және сенімді нығайтуға бағытталған бастамалар қаралды. Осы тұрғыда Қазақстанның Газадағы Бейбітшілік кеңесінің қызметіне қатысуы, сондай-ақ Ибраһим келісімдері аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу орын алды.«1992 жылғы сәуірде дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап біз өзара құрмет пен сенімге негізделген жан-жақты ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, саяси, экономикалық және мәдени салада елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. Сіздің бүгінгі Астанаға сапарыңыз – серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ мүддеміздің айқын дәлелі», – деп атап өтті Е.Көшербаев израильдік әріптесімен кездесу барысында. Қазақстан СІМ басшысы қазіргі кезеңдегі екіжақты ынтымақтастыққа тән диалогтың жандануына тоқтала келе, бұл үдерісте екі мемлекеттің басшылары маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Құқықтық негіздің берік екеніне тоқталған Е.Көшербаев сауда, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту үшін жоғары әлеует бар екенін, сондай-ақ агротехнологиялар мен тамақ өнеркәсібі; денсаулық сақтау, фармацевтика және медициналық технологиялар; инфрақұрылым және логистика; энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларда жоғары қосылған құны бар бірлескен жобаларды іске асыруға Қазақстанның мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Қазақстанның БҰҰ-ның онлайн-қызметтер индексі мен Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексі бойынша цифрлық технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың қатарында екенін атап өтіп, израильдік компанияларды белсенді ынтымақтастыққа шақырды.Өз кезегінде Израиль СІМ басшысы өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растап, екіжақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Саяси консультациялардың 12-ші раундының қорытындысы бойынша Дипломатиялық кадрларды даярлау және Қоғамдық дипломатия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар, сондай-ақ туристік алмасуларды дамыту мақсатында ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль Мемлекеті Үкіметі арасындағы келісімге ниеттілігі туралы меморандумға қол қойылды.Сапар аясында екі елдің іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылып, B2B және B2G форматтарында кездесулер өтті. Жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және цифрлық технологиялар сияқты басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 10 сәуірде орнатылды. 1992 жылғы тамызда Қазақстанда Израиль Елшілігі ашылды. 1996 жылғы мамырда Израильде Қазақстанның Елшілігі ашылды.2025 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 162,4 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 92,1 млн доллар, импорт – 70,3 млн доллар).Бұл – Г.Саардың Астанаға жасаған алғашқы сапары, сондай-ақ соңғы 16 жылдағы Израиль Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1149364?lang=kk
Қазақстанның ұлттық павильоны Лондонда өткен Bett UK 2026 халықаралық көрмесінде таныстырылды 27.01.2026
21-24 қаңтар, Лондон – Қазақстан екінші жыл қатарынан білім беру технологиялары саласындағы ең ірі халықаралық алаңдардың бірі — British Education Training and Technology Show (Bett Show) көрмесіне қатысып, цифрлық және инновациялық білім беруді дамытуға бағытталған стратегиялық ұстанымын тағы бір мәрте айқындады.Ұлттық павильон жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің өкілдері қатысты.Егер 2025 жылы Қазақстанның Bett Show көрмесіне қатысуының негізгі мақсаты халықаралық тәжірибені зерделеу және серіктестік байланыстар орнату болса, 2026 жылы ұлттық павильонда университеттердің цифрлық трансформациясы мен елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің технологиялық дамуының нақты нәтижелері ұсынылды. Бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамды шын мәнінде ілгері және дамыған мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық көзқарасын айқын көрсетеді.Көрме аясында жоғары білім беру саласындағы 9 қазақстандық ұйым өздерінің академиялық бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыру әлеуетін таныстырды.Жыл сайын Bett Show көрмесі 130 елден 30 мыңнан астам білім беру ұйымдарының басшыларын, мұғалімдерді, инноваторлар мен инвесторларды біріктіріп, тәжірибе алмасуға, озық технологияларды таныстыруға және білім берудің болашағын айқындауға арналған жетекші жаһандық платформа саналады.Қазақстандық делегацияның Bett UK 2026 көрмесіне қатысуы еліміздің цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған стратегиялық бағытын және Қазақстанның академиялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға деген ұмтылысын айқын көрсетті. Соңғы үш жарым жылда 40-қа жуық халықаралық серіктестік келісімге қол қойылып, ел аумағында 33 шетелдік университеттің филиалы өз жұмысын бастады. 2026 жылы тағы 7 филиалдың ашылуы жоспарлануда. Қазақстандағы шетелдік студенттер саны тұрақты түрде өсіп, бүгінде 35 мың адамға жетті.Аталған бастамалар Қазақстанның аймақтық академиялық хаб ретінде кезең-кезеңімен қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді және Орталық Азия елдері мен одан тыс өңірлер үшін берік білім және ғылым платформасын қалыптастыруға жол ашады. Бұл, әсіресе, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, жоғары технологиялы өндіріс және стратегиялық маңызы бар минералдық ресурстар сияқты басым бағыттарда айқын көрініс табуда.Көрме аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Lenovo, Intel, Microsoft және Google сынды әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың басшылығы мен өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, білім беру жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу перспективаларын талқылады.Сонымен қатар Bett Show 2026 аясында қазақстандық делегация Pie News, University World News және Times Higher Education сияқты беделді британдық және халықаралық салалық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.Көрме шеңберінде өткен іскерлік кездесулер әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың Қазақстанмен ынтымақтастыққа жоғары қызығушылығын және еліміздің жаһандық білім беру мен технологиялық кеңістікке белсенді түрде ықпалдасуға ұмтылысын растады.Сапар аясында Саясат Нұрбек Оксфорд қаласына барып, жоғары оқу орнының өкілдерімен Қазақстанда «Oxford Hub» ашу жобасын жан-жақты талқылады. Ковентри қаласында Министр Coventry университетінің Қазақстандағы қатысу аясын кеңейту, атап айтқанда Алматы қаласында екінші филиалын ашу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.Сонымен қатар министр Кембридж қаласында орналасқан AstraZeneca компаниясының бас кеңсесіне барып, оның ғылыми-зерттеу зертханаларының қызметімен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі мен AstraZeneca арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бұл құжат қазақстандық стипендиаттарға AstraZeneca компаниясында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік ашты.Сапар аясында 24 қаңтар күні University College London (UCL) алаңында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесуі өтті. Ашық пікірталас барысында студенттер жастарды қолдау бағдарламалары, түлектерді жұмыспен қамту және «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасын одан әрі дамыту мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Министр шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттер елдің интеллектуалдық әлеуетінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі алдағы уақытта да халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, цифрлық технологиялар саласындағы ұлттық басымдықтарды ілгерілетуге және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы орнықты әріптестікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1148902?lang=kk
Сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді енді онлайн түрде рәсімдеуге болады 27.01.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» қызметін онлайн режимінде көрсетуге арналған пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды. Жоба «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беру тәртібін жаңарту шеңберінде жүзеге асырылуда.Жоба «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ порталы арқылы сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйге онлайн өтінім беруді және электрондық келісімшарт жасауды қарастырады. Құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеуге қажетті барлық құжаттар «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіне жолданады.Жоба аясында тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: құжаттарды тапсыру және жалға алу шартын тіркеуден бастап, сатып алу сомасы толық төленгеннен кейінгі ауыртпалықты шешіп, тұрғын үйге меншік құқығын жеке тұлғаның атына рәсімдеуге дейін кезеңдерді қамтиды.Пилоттық жоба жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға және барынша жеңілдетуге бағытталған. Жоба мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға, оның ішінде әлеуметтік осал топ өкілдеріне, бюджеттік сала қызметкерлеріне және қала құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларына арналған.Сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үй жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жасалған келісімдер негізінде беріледі.Тіркеуші орган мен мәміле тараптарының өзара іс-қимылы нақты уақыт режимінде бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылады.Пилоттық жоба заманауи цифрлық технологияларды, оның ішінде blockchain-ді қолдана отырып, сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйді рәсімдеу тәртібін жеңілдетуге, қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға, азаматтардың шығындарын азайтуға және процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1148837?lang=kk