Enbekshi QazaQ

Әлем

Президент Смитсон институтының басшылығымен кездесті 23.09.2025
2025 ж. 21 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Президент Смитсон институтының басшылығымен кездесті.Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін АҚШ-та белсенді түрде дәріптеп жүргені үшін алғыс айтты.Орталық жанынан құрылған Қазақстанның мәдени мұра қоры ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттаумен, сондай-ақ қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі және рухани өмірін зерттеуге арналған бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастырумен айналысады.Мемлекет басшысы мәдени дипломатия Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.Смитсон институты – әлемнің ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешендерінің бірі. Оның құрамына 21 музей мен галерея, 14 ғылыми және білім беру орталығы, кітапханалар мен ұлттық зообақтар кіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074468?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады 23.09.2025
2025 ж. 21 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады.Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды.Президенттің айтуынша, Қазақстан компанияның білім беру жүйесіндегі тәжірибесін зерделеу мен пайдалануға қызығушылық танытады.Амит Севак Мемлекет басшысына компанияның халықаралық жұмыс жоспары туралы мәлімет берді.Ұйым жылына әлемнің 180 еліне 50 миллионнан аса тест әзірлейді әрі әкімшілендіреді, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074467?lang=kk
Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының президентімен Джаред Коэнмен кездесу өткізді 23.09.2025
Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президенті Джаред Коэнмен кездесу өткіздіҚасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.Мемлекет басшысының айтуынша, толық цифрлық мемлекетке айналуды көздейтін Қазақстан жасанды интеллект, қаржы экожүйесін цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытады.Ал Джаред Коэн Goldman Sachs Digital Asset Platform цифрлық қаржы тұғырнамасының тәжірибесіне тоқталды.
Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдады 23.09.2025
2025 жылғы 21 қыркүйекАҚШ, Нью-Йорк қаласыПрезиденттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды. Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев Cameco «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі екенін атап өтті. Елімізде қызмет ете бастағаннан бері аталған компания 500 миллион доллардан астам инвестиция құйған әрі технологиялар трансфертіне ықпал еткен.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан энергетиканы дамытудың жаңа кезеңіне өтіп, алдағы уақытта үш атом электр стансасын салуды көздеп отыр. Еліміз атом саласында қолданылатын инновациялық тәсілдерге қызығушылық танытады.Тим Гитцель Президентке «Инкай» бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметі мен жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бұл компания Түркістан облысында орналасқан кен орнын ширек ғасырдан бері игеріп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1072883?lang=kk
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН БІЛІКТІЛІК ИЕСІ 22.09.2025
Теміржол саласы ел экономикасының күре тамыры. Осы салада табандылықпен еңбек етіп жүрген білікті мамандардың бірі  Тұрар Қалдыбеков.Ол еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинистің көмекшісі болып бастаған. Теміржол саласындағы кәсіби қызметіне 12 жыл 5 айын арнаған Тұрар Қалдыбеков бүгінде өз ісінің нағыз маманы атанды.Қазіргі таңда ол техникалық бөлімнің бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді. Жауапкершілігі мол жұмыста тәжірибесі мен біліктілігін ұштастыра отырып, сала дамуына үлес қосып жүр.
ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІН 22.09.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында елдің қаржы саласындағы стратегиялық бағыттарын айқындап берді. Мемлекет басшысы цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.Президенттің айтуынша, цифрлық теңгенің енгізілуі осы бағыттағы жұмысты жеделдетіп отыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңге қолданылып келеді. Енді оның қолданыс аясын кеңейтіп, республикалық және жергілікті бюджетте, сондай-ақ мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануды жолға қою қажеттігі атап өтілді.Бұл мақсатта Үкімет Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, заң жобасын жан-жақты пысықтап, оны жыл соңына дейін қабылдау тапсырылды.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алатау қаласына арнайы мәртебе беріп, оны еліміздің жаңа іскерлік әрі инновациялық орталығы ретінде дамыту жөнінде нақты міндет қойды. Қаланы Үкіметке тікелей бағынатын етіп, он күн ішінде тиісті Жарлық әзірлеу жүктелді.Президент Ұлттық банк пен Үкіметке банктердің қаражатын экономикаға тиімді тарту жолдарын қарастыруды міндеттеп, бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайтынын айтты. Оның сөзінше, банктер туралы жаңа заң қабылдау – аталған бағыттағы маңызды қадам болмақ. Бұл құжатта экономиканың сұранысы мен технологиялық өзгерістер ескерілуі тиіс.#ПрезидентЖолдауы #ЦифрлықТеңге #Экономика #АлатауҚаласы #Инновация #ҚаржыСекторы #ҰлттықҚор #ҚРҮкіметі #ҰлттықБанк #ЖаңаЗаң #ҚасымЖомартТоқаев #Қазақстан
ӨЗБЕК ЭТНОСЫ КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ АТАЛЫП ӨТТІ 21.09.2025
🔹Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дўстлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» кеңінен аталып өтті.🔹Мерекелік шараның шымылдығы Шымкент қалалық өзбек драма театры әртістерінің Абай мен Әлішер Науаи бейнелерін сомдаған ерекше сахналық көрінісімен ашылып, қонақтар ұлттық құндылықтарды айшықтаған көрмелерді тамашалады.🔹Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов, «Дўстлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а. Заңғарбек Усупахметов, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім»КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев және қоғам белсенділері қатысты.🔹Концерттік бағдарлама Мемлекеттік Әнұранмен басталып, театр әртістерінің «Қош келдіңіз» композициясымен жалғасты. Мукими атындағы №13 мектептің «Бахор» би ансамблі өзбек халқының ұлттық «Шодлик» биін және қазақ биін тарту етті. Шымкент қалалық драма театры «Сары Жайлау» композициясын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, қалалық опера және балет театрының әншісі Нематилла Зикриллаев Төлеген Мұхамеджановтың «Отан» және А.Зацепиннің «Тыңда» әндерін орындап, мерекенің сәнін келтірді. Сондай-ақ театр әртісі Шахиста Усманова өзбек халқының әсем әуені – «Мустахзод» әнін шырқады.🔹Мерекелік жиын барысында бірқатар азаматтар этномәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
ШЫМКЕНТТЕ НЕМІС МӘДЕНИЕТІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 21.09.2025
🔹Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және «Возрождение» неміс мәдени орталығының 35 жылдығына арналған мерекелік фестиваль өтті.🔹Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерейлі мерекеге жиналған көпшілікке ұлттық және классикалық ән-билер ұсынылды. Қала қонақтары неміс жастары клубының өнерін тамашалап, түрлі жанрдағы шығармаларды тыңдап, этностық мәдениеттің байлығына куә болды.🔹Фестиваль барысында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы орынбасары Талғат Бисенбиев, қалалық ҚХА жанындағы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамазан Матаев, сондай-ақ Төле би ауданының Құрметті азаматы, Ленгер қаласындағы немістер қоғамының негізін қалаушы Лидия Мехлик құттықтау сөз сөйлеп, шараның татулық пен достықты дәріптеудегі маңызына тоқталды.🔹Мереке аясында қонақтарға неміс халқының тұрмыс-тіршілігі мен тарихи-мәдени мұрасын айшықтайтын қолөнер және кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен бірге, ұлттық тағамдар әзірленіп, қонақтар дәстүрлі дәмдерден ауыз тиді.🔹Фестивальде неміс мәдени орталығының қоғам өміріне белсене араласып, этносаралық татулық пен келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.🔹Бұл мерейлі мереке – Қазақстандағы этностардың достығы мен ынтымақтастығының, мәдениеттер тоғысуының айқын айғағы болды.
Шымкент Дүниежүзілік тазалық күніне қосылды: көшелер, аулалар мен саябақтар тазартылды 20.09.2025
Бүгін бүкіл ел бойынша Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл бастама қоршаған ортаны тазарту, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатты құрметтеуге шақырады. Бұл игі іске Шымкент қаласы да белсене қосылды. Жалпықалалық сенбілікке мыңдаған тұрғындар, жастар, еріктілер, мемлекеттік органдар, түрлі ұйымдар мен оқу орындары қатысты. Қаланың барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, таңертеңнен басталды. Нақтырақ айтсақ, Мангельдина көшесінде (№ 32-34 үйлер), Конституция (Конституция) өткелінде және № 2 ғимараттардың маңында тазалық жұмыстары басталды. Отырар шағын ауданындағы 58 және 58/1. Жұмысқа жергілікті тұрғындар да, ұйымдастырушылар да белсене атсалысты. Әл-Фараби ауданында сенбілікке 937 адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 22,2 тонна қалдық шығарылды. Ағаштар кесілді, шөп шабылды, көшелер мен контейнер алаңдары тазартылды. Еңбекші ауданында жұмыс негізгі әлеуметтік нысандар мен өндірістік аймақтарды қамтыды. Сенбілікке 11 792 адам мен 66 техника қатысты. Алынған қалдықтардың жалпы көлемі 58 тоннаны құрады. Қаратау ауданы бойынша 968 адам мен 18 техника жұмылдырылып, 32,9 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Тұран ауданында сенбілікке 13 957 адам мен 54 техника қатысты. 60 тонна қалдық шығарылды. Қатысушылар арасында 5230 тұрғын, 1000-нан астам студент, 115 әлеуметтік нысан және 212 кәсіпорын болды. Дүниежүзілік тазалық күні аясында қалалық жастар ресурстық орталығы «Шымкент – таза қала!» атты кең ауқымды акция ұйымдастырды. 200-ге жуық белсенді жас шымкенттік Маятас ауылының маңын қоқыстан тазартты. Жалпықалалық сенбілікте тек қоқыс шығару ғана емес, ағаштарды санитарлық кесу, шөп шабу, көгалдандыру, сырлау, аулалар мен көшелерді жуу, көгалдандыру, шағын жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Жалпы, қаланың барлық аудандарында өткен сенбілікке ондаған мың адам қатысып, жүздеген тонна қоқыс шығарылды. Шымкенттіктер өз қалаларын таза ұстауға деген ынталарын көрсетіп, тәртіпті сақтау баршаның міндеті екенін дәлелдеді. Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын хабарлады. Қала билігі барлық тұрғындарды, еріктілерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды таза және салауатты қала ортасын құруға белсенді қатысуға шақырады.
ТАЗАЛЫҚ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗДЕГЕН ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 20.09.2025
Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында кең ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл бастама қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты аялауға үндеуге бағытталған.Аталған игі іске Шымкент қаласы да белсенді түрде қатысты. Қала аумағында өткен жалпықалалық сенбілікке мыңдаған қала тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекемелер, түрлі ұйымдар мен білім беру орындары атсалысты.Тазалық жұмыстары қала аумағының барлық бөлігінде ұйымдастырылып, таңертең ерте басталды. Атап айтқанда, Мангелдин көшесі №32-34, Конституция өткелі және Отырар шағынауданындағы 58 және 58/1 үйлер аумағынан бастау алған сенбілікке аумақ тұрғындары мен мекеме ұжымдары белсенді қатысты.Әл-Фараби ауданында – 937 адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 22,2 тонна қоқыс шығарылды. Ағаш бұтақтары кесіліп, көгал шөптері шабылды, көшелер мен қоқыс алаңдары жуылды. Еңбекші ауданында – сенбілікке 11 792 адам мен 66 техника тартылып, 58 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Сенбілік әлеуметтік нысандар, өндірістік аймақтар мен барлық мекемелерді қамтыды. Ал, Қаратау ауданында – 968 адам мен 18 техника жұмыс істеп, 32,9 тонна қоқыс шығарылды. Тұран ауданында – 13 957 адам мен 54 техника жұмылдырылып, 60 тонна қоқыс тазартылды. Қатысушылар қатарында 5230 тұрғын, 1000-нан астам студент, 115 әлеуметтік нысан мен 212 кәсіпкерлік құрылым бар.Дүниежүзілік тазалық күніне орай Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шымкент – таза қала!» атты кең ауқымды акция өтті. Іс-шара аясында Маятас елді мекенінде 200-ге жуық белсенді жас тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыс жинауға атсалысты.Жалпықалалық сенбілік барысында тек қоқыс жинаумен ғана шектелмей, ағаштарды санитарлық кесу, шөп шабу, көгалдандыру, бояу, аула мен көшелерді жуу, абаттандыру және жөндеу жұмыстары да атқарылды.Жалпы, қаланың барлық аудандарында өткізілген сенбілікке он мыңдаған адам қатысып, жүздеген тонна қоқыс шығарылды. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін қала тұрғындары нақты іспен дәлелдеді.Шымкент қаласы әкімдігі экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра бермек. Сонымен қатар, қала билігі барлық тұрғындарды, еріктілерді, кәсіпкерлер мен ұйымдарды туған қаланың тазалығы үшін бірлесе әрекет етуге шақырады.
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту – экономикалық өсімнің негізгі бағыты 20.09.2025
Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру – ел экономикасының маңызды басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда көптеген аймақтарда өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар жұмыс істеп келеді. Оларды халық жақсы біледі және бұл кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін кеңінен енгізу арқылы өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруда.Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға, ал жұмыспен қамту ісіндегі үлесі 50 пайызға жуықтап отыр. Бұл көрсеткіштер жаман емес, дегенмен аталған саланы жүйелі түрде жетілдіру арқылы ғана экономиканы дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тың серпін беруге болады.Сонымен бірге, министрлік мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын қолға алуы қажет. Басты мақсат – ішкі нарықты сапалы ет өнімдерімен толық қамтамасыз ету және осы саланың экспорттық әлеуетін арттыру.📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауынан*#АуылШаруашылығы #Кәсіпкерлік #Цифрландыру #ЭкономикалықДаму #ПрезидентЖолдауы
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ 20.09.2025
🔹Бүгін Шымкент қаласында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.🔹Бұл басқосудың негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен татулықты нығайтудағы тәжірибесін талқылап, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау. Жиында ұлтаралық достықты сақтау ісінде қалыптасқан үлгілер сараланып, мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа бағыттары сөз болды.🔹Алқалы шараның шымылдығы «Дўстлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжановтың алғысөзінен басталды. Ол өз сөзінде: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулықтың темірқазығы, ол Орталық Азия елдері арасындағы достыққа да берік көпір болып келеді», – деп атап өтті.🔹Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов сөз сөйлеп: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ХХХІІ сессиясында бейбітшілік пен келісімді нығайту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Бүгінгі конференция – сол міндеттердің іс жүзіндегі көрінісі», – деді.🔹Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік интеграцияны дамытудағы рөлі, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы орны, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көршілес мемлекеттердің достық пен келісімді нығайту тәжірибелері ортаға салынды.🔹Баяндамашылар Орталық Азиядағы этнос өкілдерінің бірлігін нығайту – өңірлік тұрақтылықтың темірқазығы екенін атап өтті. Қатысушылар мәдени байланыстарды арттырудың жаңа қырларын, елдер арасындағы серіктестікті бекітудің тиімді жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеді.🔹Қорытынды бөлімде қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын барысында Өзбекстаннан келген сарапшы Фармон Тошев: «Ұлтаралық келісім – ел дамуының кепілі. Қазақстан тәжірибесі бүкіл Орталық Азияға үлгі бола алады», – деп атап өтті.🔹Осылайша, Шымкент төрінде өткен халықаралық конференция татулық пен достықтың алтын көпіріне айналып, мемлекеттер арасындағы ізгі қадамдардың жаңа белесін айқындады. Ұлы Даланың рухани кіндігінде бастау алған бұл басқосу – Орталық Азия елдерін бірлікке шақырған бейбітшілік үні, болашаққа бағытталған сенім мен ынтымақтың айқын айғағы болды.#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent #АНК #ANK
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ нығайтудағы рөлі. 20.09.2025
🔹Бүгін Шымкентте Жұмабек Тәшенов атындағы университетте «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы тәжірибесін талқылау, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау болды. Кездесуде ұлтаралық достықты сақтаудың қалыптасқан үлгілері зерделеніп, мемлекетаралық қатынастардың жаңа бағыттары белгіленді. Конференцияның ашылу салтанаты «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжановтың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – келісімнің өзегі, ол Орталық Азия елдері арасындағы достықтың берік көпірі болды», - деп атап өтті. 🔹Содан соң Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов сөз сөйледі. Ол: «Ассамблеяның ХХХІІ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілік пен келісімді нығайту бойынша нақты міндеттер қойды. Бүгінгі конференция осы мақсаттарды іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады», - деп атап өтті. 🔹Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік интеграцияны дамытудағы, өскелең ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудегі, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтағы рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көршілес мемлекеттердің достық пен келісімді нығайтудағы тәжірибелері таныстырылды. Баяндамашылар Орталық Азия этностарының бірлігін нығайту аймақтық тұрақтылықтың шешуші шарты екенін атап өтті. Қатысушылар мәдени байланыстарды дамытудың жаңа формаларына және елдер арасындағы әріптестікті нығайтудың тиімді жолдарына ғылыми талдау жасады. 🔹Конференция пікір алмасумен және ұсыныстармен аяқталды. Өзбек сарапшысы Фармонт Тошев: "Ұлтаралық келісім – ұлттық дамудың кепілі. Қазақстанның тәжірибесі бүкіл Орталық Азияға үлгі бола алады", - деп баса айтты. 🔹Осылайша, Шымкентте өткен халықаралық конференция тату көршілік бастамалардың жаңа кезеңін белгілеп, достық пен келісімнің алтын көпіріне айналды. Ұлы даланың рухани ошағында бұл шара Орталық Азия елдерін бірлікке шақырып, сенімнің, ынтымақтастықтың, болашаққа деген ұмтылыстың айқын көрінісіне айналды. #ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Шымкент #АНК #АНК
ШЫМКЕНТТІҢ АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА 17.09.2025
Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасадыШымкент қаласында агроөнеркәсіп кешені соңғы айларда айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 29,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға артты. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесі мал шаруашылығына тиесілі – 23,1 млрд теңге.Салада өнімділікті арттыру мақсатында шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар бойынша 16 тауар өндірушіге 479 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде сүт өндірісі 4,8%-ға өсіп, 13,2 мың тоннадан асса, құс жұмыртқасы 18,3%-ға көбейіп, 4,5 млн данаға жетті. Қаладағы мал басы да тұрақты артып келеді: жылқы саны 3,7%-ға өсіп, 20,8 мыңға жетсе, құс саны 14%-ға артып, 1,2 млн басқа тіркелді.Егін шаруашылығында да оң нәтижелер бар. Биыл 23 мың гектар алқапқа дақылдар егілді. Қолайсыз ауа райына қарамастан шаруалар 66 мың тоннаға жуық өнім жинап алды. Сондай-ақ қаладағы 100 гектар жылыжай кешендерінен жылына 15 мың тоннаға жуық көкөніс өндіріледі. Биыл жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығына 863 млн теңге, мал шаруашылығына 1,1 млрд теңге қаржы бөлінді.Инвестициялық жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Қалада қуаттылығы жылына 8,5 мың тонна болатын екі тауарлы сүт фермасы мен көкөніс сақтау қоймалары салынып жатыр. Сонымен қатар, жылына 50 мың тоннаға дейін шұжық өндіретін ет өңдеу зауыттары іске қосылмақ. Түркия мен Польша компаниялары жалпы аумағы 800 гектарды қамтитын заманауи жылыжай жобаларын қолға алды.Ветеринария саласында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Қызмет процестері электронды жүйелер арқылы цифрландырылып, малды бірдейлендіру мен ветеринариялық анықтамаларды беру автоматтандырылған. Ветеринар мамандар жаңа автокөліктермен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жалақылары кезең-кезеңімен өсірілуде. Сонымен қатар, 2026–2027 жылдары 6 ветеринариялық бекет салу жоспарланған. Жалпы алғанда, Шымкенттің агроөнеркәсіп кешені өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, жаңа жобаларды іске асырып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету бағытында тұрақты дамып келеді. 
Абай ауданы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында инфрақұрылымдық дамудағы ірі жетістіктерін жариялады 19.09.2025
ШЫМКЕНТ – Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы өткен баспасөз конференциясында ауданның 2025 жылдың алты айына арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен жүргізіліп жатқан жобалары туралы кеңейтілген баяндама жасады. Баяндамада тұрғындардың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартуға бағытталған бірқатар бағдарламалардың сәтті іске асырылып жатырғандығы баса айтылды.Аудан әкімінің атап өткендей, Абай ауданында 27 елді мекенде 55 159 тұрғын үй, 255 көпқабатты ғимарат және 257 000 астам тұрғыны бар. Аудан инфрақұрылымының негізгі көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өсу байқалды.Коммуникацияларды жан-жақты қамтамасыз етуБірінші кезекте, тұрғындарды коммуналдық қызметтермен қамту деңгейіне тоқталды. Ауыз суымен және электрмен қамту 100% деңгейіне жеткен. Табиғи газбен қамту бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізілді: ағымдағы жылдың ақпан айында Ынтымақ және Тәуелсіздікке 20 жыл шағын аудандары Алаба табиғи газ жүйесіне қосылып, осы арқылы аудан бойынша газбен қамту деңгейі де 100%-дық көрсеткішке жетті.Алайда, аудан әкімі жергілікті биліктің назарында қалған мәселелерді де атап өтті. Атап айтқанда, Жиел шағын ауданындағы ТЖС аумағында 15 үй, Ақжайықта 30 үй және Нұрсуақ шағын ауданында 200 үйдің газ жүйесі әлі жүргізілмеген. Бұл мәселені шешу мақсатында Энергетика басқармасы тарапынан қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Құжаттама дайын болғаннан кейін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржыны бюджеттен бөлу мәселесі қойылатын болады.Көше желілерін жаппай жаңартуКөшелердің жағдайына келетін болсақ, аудан аумағында жалпы ұзындығы 1080 км-ді құрайтын 1274 көше орналасқан. Олардың ішінде:Асфальтталған жолдар: 844 көшеТас жолдар: 430 көшеҚала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудандық барлық тарrys көшелерге толықтай асфальт төселген болуы керек. Осы мақсатта жыл басынан бері 148 көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Жыл соңына қарай жоспарланған барлық жұмыстар орындалған жағдайда, аудандағы асфальтталған көшелердің үлесі 66%-дан 100%-ға дейін көтерілетін болады. Бұл жол қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге үлкен ықпал етеді.Жылу маусымына дайындық толық орындалдыЖылу маусымына дайындық бойынша аудандағы 255 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы тексеріліп, жылу жүйелеріне қысым салынып, сынақтан өткізілген. Олардың ішінде:104 үй – пәтер ішінен алынатын автономды жылу жүйесімен;24 үй – жеке қазандықпен;127 үй – орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған.Сонымен қатар, аудандағы 32 мектеп, 9 балабақша және 13 медициналық ұйым да жылу маусымына толығымен дайын деп расталды.Көше жарықтандыру сапасы түбегейлі жақсарып жатырЖарықтандыру саласындағы жетістіктер ерекше атап өтінді. 2024 жылдың басына дейін Абай ауданында жарықтандырылған көшелер саны тек 93 болған, бұл жалпы санаттың 15% құраған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы барлық көшелерді жарықтандыру жүйесімен қамту жоспарланып, жұмыстар қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда жалпы 954 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіштің өткен тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін көрсетеді. Жыл соңына қарай жарықтандырылған көшелердің үлесі 100%-ға жеткізілетін болады.«Халық қатысатын бюджет»: Нәтижелер және жоспарлар«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Абай ауданына 1 миллиард 990 миллион теңге қаражат бөлінді. Осы қаражат есебінен келесі жұмыстар аяқталды:16 ойын алаңшасы салынды;3 спорт алаңы салынды;5 гүлзар ұйымдастырылды;34 000 шаршы метрге аяқ жол салынды.Ауданның жасыл кеңістігін одан әрі кеңейту мақсатында тағы да 5 жаңа әмбебап демалыс алаңшалары мен гүлзарлар салу жоспарлануда. Қазірдің өзінде бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары басталып, кейбір нысандар пайдалануға берілген. Нақты аудандар:Достық шағын ауданы, Ақбоса көшесі жағасы;Достық шағын ауданы, Ақсу аяулы көшесі жағасы;Қызылжар шағын ауданы, Тоқбай көшесі;Нұршуақ шағын ауданы, Миялы көшесі;Асар елді мекені, Нұр Жол көшесі.Сонымен қатар, жаяу жүргізушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында аудан бойынша жалпы көлемі 34 000 шаршы метрді құрайтын 50 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді.Экологиялық жағдайды жақсарту және «Таза Қазақстан»Экологиялық бағытта да жұмыстар тоқтаусыз жалғасуда. Асар шағын ауданында тозық жеткен 4 гүлзарды қайта құру жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 285 миллион теңге-ді құрайды.Сонымен қатар, қала көшелеріне әдемі көрініс беру үшін Темірлан, Тасжолы, Бақбаев, Түркістан және Терминал жолдарына түнгі жарық шамдары мен бағандарына қосымша әсемдік жарық шамдар орнатылатын болады. Бұл жобаға 82 миллион теңге бөлінген, мердігер мекеме анықталған және қазірдің өзінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.«Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 37 сенбілік жұмыс өткізілді. Оларға аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, ерікті жастар және БАҚ өкілдері қатысып, барлығы 30 000-нан астам адам болды. Бұл жұмыстар апта сайын әрбір шағын аудан мен тұрғын алапта жалғасуда.Балаларға арналған ойын алаңшаларын жаңартуАбай ауданындағы 117 аулада орналасқан тозық жеткен және кепілдік мерзімі өткен 63 ойын алаңшасының 45-і толықтай жаңартылып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстарды Абай Қауыпсыздық мемлекеттік мекемесі жүйелі түрде және жоғары сапада орындады.Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыстарТұрғындарға қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Ағниет, Самал-3, Самал-2, Қызылжар, Шымсети шағын аудандарында және Әл-Фараби көшесінің бойындағы арықтардың жиектерін қоршау жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері осы бағытта 50-ден астам жерде қоршау орнату, көпір салу және аяқ жолдарын реттеу жұмыстары табысты аяқталды.ҚорытындыСұлтанхан Шәкір Асылханұлы өз баяндамасын Абай ауданы әкімдігінің тұрғындардың өмір сүру сапасын жан-жақты жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға және қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағдарланғанын атап өтіп аяқтады. Жүргізіліп жатқан жобалардың көпшілігі жыл соңына қарай толығымен аяқталатын болады, бұл аудан тұрғындарының өмірінде айтарлықтай оң өзгерістер әкелетініне сенімділік білдірілді. 
Токарь мамандығы – жоғары дәлдік пен кәсіби шеберліктің үлгісі 19.09.2025
 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл бастама ел экономикасының негізін құрайтын техникалық және жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыруға бағытталған. Солардың бірі – токарь мамандығы.Токарь – бұл металл мен өзге де материалдарды өңдеудің күрделі тәсілдерін меңгерген білікті маман. Оның негізгі міндеті – жоғары дәлдікпен әртүрлі бөлшектерді дайындау, оларды қажетті өлшемге келтіру және сапалы өңдеу. Бұл мамандық өндірістің әр саласында – машина жасау, құрылыс, энергетика мен көлік салаларында кеңінен қолданылады.Бүгінде токарь мамандарының біліктілігі мен тәжірибесі жаңа технологиялармен үйлесіп, заманауи өндіріс талаптарына сай жетілдірілуде. Автоматтандырылған жүйелер мен сандық басқару құрылғыларымен жұмыс істеу – олардың кәсіби дағдыларының бір бөлігіне айналды.Токарь мамандығы – табандылықты, ұқыптылықты және техникалық ойлау қабілетін талап ететін жауапты қызмет. Бұл мамандық иелері ел индустриясының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.2025 жылы жұмысшы мамандықтарының қадірі арта түсіп, токарь сияқты кәсіптердің қоғамдағы беделі жаңа деңгейге көтеріледі деген сенімдеміз.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы
Күзгі маусымға дайындық: ағаштарды кесу, қауіпті бұтақтарды алу және жасыл алаңдарды күту. 16.09.2025
2025 жылдың 16 қыркүйегінде «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері күзгі-қысқы маусымға дайындық бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Ағаштарды санитарлық кесу, сынуға дайын қауіпті бұтақтарды алу, аудан көлемінде жасыл желектерді күтіп-баптауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл шаралардың барлығы қаланы көркейтуге ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Күздің келуімен өзге өңірлердегі сияқты Шымкентте де қатты жел күшейіп, боран соғады. Мұндай кезеңдерде сынған бұтақтар мен құлаған ағаштар халықтың денсаулығына, сондай-ақ көліктерге, электр желілеріне және қалалық инфрақұрылымға үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан алдын алу шаралары өте маңызды. Қаратаулық мамандар өздеріне бекітілген аумақтардағы әрбір ағашты мұқият тексеріп, өтіп бара жатқандар мен көлік иелеріне қауіп төндіретін қураған және зақымдалған бұтақтарды кесіп тастады. Бұл шаралар ықтимал апаттардың алдын алуға ғана емес, сонымен қатар ағаштардың сау өсуіне, көшелер мен аулалардың сыртқы келбетін жақсартуға ықпал етеді. Жасыл аумақтарды кесу және күтіп ұстау экологиялық тұрғыдан да маңызды. Ағаштар – қаланың «өкпесі», оттегі мен таза ауаның көзі. Дұрыс күтім табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Коммуналдық қызметкерлер бұтақтарды кесумен қатар аумақты тазартты. Жиналған бұтақтар мен басқа да өсімдік қалдықтары арнайы техниканың көмегімен шығарылды. Бұл заманауи экологиялық талаптарға сәйкес келетін қайта өңдеуді ескере отырып жасалды. Барлық іс-шаралардың басты мақсаты – Қаратау ауданының тұрғындары үшін тыныш және қауіпсіз орта құру. Соңғы жылдары күзде қатты желдің салдарынан ағаштардың құлап, мүлікке зақым келтіру және қауіпті жағдай туғызу жағдайлары орын алуда. Алдын алу шаралары мұндай оқиғалардың қаупін азайтады. Мекеме өкілдері: "Қауіпсіздік - біздің басты міндетіміз. Барлық қабылданатын шаралар қала тұрғындарын, олардың денсаулығын және мүлкін қорғауға бағытталған. Сонымен бірге, біз табиғатты құрметтеуге және жасыл аумақтарды сақтауға тырысамыз", - деп атап өтті. Жасыл алаңдар тек табиғат байлығы ғана емес, сонымен қатар қаланың көркі. Таза көшелер, күтімді ағаштар, ұқыпты саябақтар жайлы атмосфераны қалыптастырып, тұрғындардың жақсы көңіл-күйіне ықпал етеді. Қаратау қызметкерлерінің күнделікті жұмысы тәртіпті сақтауға және қала келбетін жақсартуға септігін тигізеді. Дегенмен, коммуналдық қызметкерлер бір ғана қызметтің күш-жігері жеткіліксіз екенін баса айтады. Әрбір тұрғын қаланы күтіп ұстауға міндетті: қоқыс тастамау, жас ағаштарды қорғау, жұмысшылардың еңбегін құрметтеу. Бірлескен күш арқылы ғана тазалық пен тәртіпті сақтай аламыз. Жергілікті тұрғындар коммуналдық қызметтің жұмысын жоғары бағалайды. Олар желді маусым қарсаңында мұндай шаралар әсіресе маңызды дейді. "Күзде қатты дауыл болатынын білеміз. Егер қураған бұтақтарды дер кезінде алып тастамасақ, бұл апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан ағаштарды кесу - дұрыс әрекет. Оның үстіне көшелер әлдеқайда жақсы көрінеді", - деп бөлісті тұрғындардың бірі. Басқалары мұндай жұмыстарды тек күзге дайындықпен шектелмей, жүйелі түрде жүргізу керектігін атап өтті. Ағаштарды үнемі күтіп ұстау қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсартады. 16 қыркүйекте өткен іс-шаралар Қаратау ҚМУ қауіпсіздікке мән беретінін көрсетті. Қауіпті бұтақтарды жою және санитарлық кесу күзгі дауыл кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды алдын алу шараларына айналды. Бірақ бұл жұмыстың мәні кеңірек. Табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жасыл аумақтарды күтудің маңыздылығын атап көрсетеді. Әрбір ағашқа қамқорлық жасау – қаланың және оның тұрғындарының болашағына қамқорлық жасау деген сөз. Жасыл аумақтарды сақтау және жақсарту мемлекеттік қызметтер мен тұрғындардың ортақ жауапкершілігі болуы керек. Тазалық күндеріне қатысу, саябақтарды күту немесе жай ғана көшелерді таза ұстау арқылы барлығы өз үлесін қоса алады. ҚМУ Қаратау жұмысы қауіпсіздік пен қоршаған ортаға жүйелі көзқарас өмір сүрудің жайлы және қауіпсіз жағдайларын жасауға көмектесетінінің жарқын мысалы болып табылады. Көптеген қиындықтар әлі де бар, бірақ қазірдің өзінде анық: Шымкент күзді тыныш және сенімді қарсы алуға дайын, өйткені оның тұрғындарының қауіпсіздігі мен әл-ауқаты бірінші орында.
Күзгі маусымға дайындық: ағаштарды қырқу, сынуға жақын қауіпті бұтақтарды алып тастау және жасыл желекті күтіп-баптау шаралары өткізілуде 16.09.2025
16 қыркүйек 2025 жылы «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері күзгі маусымға дайындық аясында ауқымды жұмыстар жүргізді. Әсіресе, қала аумағындағы ағаштарды қырқу, сынуға жақын қауіпті бұтақтарды алып тастау және жасыл желекті күтіп-баптау шаралары ерекше назарда болды. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғатты аялау мен қорғауға бағытталған.Күз айлары келген сайын қалада ауа райы құбылмалы болып, қатты жел мен дауыл жиі қайталанатыны белгілі. Мұндай жағдайда сынған ағаш бұтақтары мен құлаған ағаштар адамдардың денсаулығына, автокөліктерге, инфрақұрылым нысандарына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан алдын ала дайындық жүргізу – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі.«Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары осыны ескере отырып, әрбір ағашты мұқият тексеріп, қауіпті бұтақтарды кесіп, тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл тек қауіпсіздік үшін ғана емес, сонымен қатар ағаштың дұрыс өсуі мен жасыл желектің әдемі көрінісін сақтап қалу үшін де қажет.Ағаштарды қырқу мен күтіп-баптау жұмыстары экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында да жүргізіледі. Әрбір жасыл желек – қаланың өкпесі, таза ауаның кепілі. Сондықтан оны дұрыс күтіп-баптау – табиғатқа жасалған қамқорлықтың бір түрі.Мекеме қызметкерлері тек бұтақтарды кесіп қана қоймай, санитарлық тазалық шараларын да қатар жүргізді. Жиналған бұтақтар мен қалдықтар арнайы техника көмегімен шығарып әкетілді. Бұл ретте қайта өңдеу мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері де ескерілді.Қаратау ауданының тұрғындары үшін тыныш әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – мекеме жұмысының басты мақсаты. Соңғы жылдары ауа райының қолайсыздығынан туындаған төтенше жағдайлар жиілеп кеткені жасырын емес. Күзгі дауыл кезінде құлаған ағаштар электр сымдарын үзіп, көліктерді зақымдап, тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аса маңызды.Мекеме өкілдері: «Қауіпсіздік – басты назарда. Әрбір қадамымыз халықтың амандығы мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Біз табиғатты аялауды да, тұрғындардың мүддесін қорғауды да қатар алып жүреміз» – деп атап өтті.Жасыл желек – тек табиғи байлық қана емес, сонымен бірге қаланың ажары. Әдемі, реттелген көшелер, саябақтар мен аулалар тұрғындарға жайлылық сыйлайды. Бұл тұрғыда «Қаратау» КММ қызметкерлерінің еңбегі зор. Олар күн сайын қаланың әр бұрышында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге күш салады.Сонымен қатар мекеме тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады. Әрбір адам көшеде қоқыс тастамай, жас ағаштарды сындырмай, гүлзарларды қорғауға атсалысса, қаламыз әлдеқайда көрікті әрі жайлы болмақ.Жүргізілген жұмыстарға қала тұрғындары ризашылық білдіруде. «Биыл күзде қатты жел болады деген болжам бар. Ағаштарды алдын ала қырқып, қауіпті бұтақтарды алып тастағаны – дұрыс шешім. Бұл тек қауіпсіздік үшін емес, көшелердің сәнін келтіруге де септігін тигізеді» – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.Кейбір тұрғындар мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қалайды. Себебі қауіпсіздік пен тазалық тек маусымдық жұмыстарға емес, жүйелі әрекетке байланысты.16 қыркүйек күні атқарылған жұмыстар «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қала тұрғындарының қауіпсіздігіне қаншалықты мән беретінін көрсетті. Күзгі жел мен дауылға дайындық барысында атқарылған шаралар – тек техникалық міндет емес, бұл әрбір азаматтың өміріне, денсаулығына және жайлы тұрмысына тікелей әсер ететін маңызды қадам.Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ ісіміз. Әрбір ағашты күтіп-баптау, әрбір аумақты таза ұстау – келешек ұрпаққа аманат. «Қаратау» КММ осы ұстаныммен жұмыс істеп, қала тұрғындарына қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосуды жалғастыра береді.
Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары күн сайын жүйелі түрде жүргізілуде. 16.09.2025
Шымкенттің Еңбекші ауданында абаттандыру мен тазалық бойынша ауқымды жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Іс-шараларды қалалық табиғи ресурстар басқармасы Inteko Group компаниясымен бірлесіп ұйымдастырады. Басты мақсат – тұрғындар үшін қолайлы және қауіпсіз қала ортасын құру, экологиялық сауаттылықты арттыру және қаланың тартымды келбетін сақтау. Еңбекші ауданында мердігер ұйым қызметкерлері кең ауқымды жұмыстарды атқаруда: Көше жуу. Ірі жолдарға таңертең және кешке мамандандырылған көше тазалау машиналары жіберіледі. Бұл шаң деңгейін төмендетеді, ауа сапасын жақсартады және жол төсемінің қызмет ету мерзімін ұзартады. Автобус аялдамасын тазалау. Күн сайын мыңдаған қала тұрғындары аялдамаларға жиналатындықтан, олардың санитарлық жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Тұрақты тазалау тазалықты қамтамасыз етеді және тасымалдауды күтуді ыңғайлы етеді. Арық тазалау. Жауын-шашын күзде жиі болады, су тасқыны мен жолдың бұзылуын болдырмауға көмектеседі. Тротуарды тазалау. Жаяу жүргіншілердің еркін және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін тротуарлар күн сайын қоқыс пен шаңнан тазартылады. Тазалықты сақтауда тек коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындардың өздері де маңызды рөл атқарады. Табиғи ресурстар басқармасы өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың қатысуы айтарлықтай артқан: көпқабатты үйлердің тұрғындары сенбіліктерге қатысуда, ал мектеп оқушылары мен студенттер аулалар мен саябақтарды тазалауға қатысуда. Қала басшылығы тазалық тек коммуналдық қызметкерлердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екенін алға тартады. Әркім өз ауласына, көшелеріне, саябақтарына қамқорлық жасаса, бүкіл қала таза әрі жайлы болады. «Таза қала – жарқын болашақ!» ұраны. барлық оқиғалардың негізгі идеясын көрсетеді. Тазалықты сақтау бүгінгі күннің өзекті қажеттілігі ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Қоршаған ортаны қорғау ұсақ бөлшектерден көрінеді: қоқыстарды дұрыс тастау, жасыл алаңдарды күту және қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау. Мұның бәрі халықтың денсаулығына, өмір сүру жайлылығына және Шымкенттің оң имиджіне әсер етеді. Табиғи ресурстар басқармасы тазарту жұмыстарының тиімділігін күнделікті қадағалап отырады. Мердігерлер өз жұмыстары туралы есеп беріп, шығарылған қоқыс көлемін жазып, көшелер мен суағарларды тазалау жұмыстарын жүргізеді. Inteko Group жылдам және тиімді тазалауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар мен оқытылған қызметкерлерді пайдаланады. Тұрғындардан шағымдар немесе сауалдар түскен жағдайда учаскеге топтар жіберіліп, мәселені тез арада шешеді. Тазалық – қоғамның мәдениеті мен санасының көрсеткіші. Адамдар тек қоқыс жәшіктеріне қоқыс тастап, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтаса, тазалауға кететін шығындар айтарлықтай азаяды. Сондықтан мектептер, колледждер және университеттер экологиялық білім беруді белсенді түрде насихаттауда. Білім беру мекемелерінде балаларды қалдықтарды сұрыптау, су мен жасыл аумақтарды сақтау, қала тазалығын сақтау маңыздылығы үйретілетін тақырыптық сабақтар мен тренингтер ұйымдастырылады. Қаланың тазалығын сақтау оның тұрғындарының денсаулығына тікелей байланысты. Жиналған қоқыс зиянкестердің көбеюіне айналады, ал шаң тыныс алу жолдарының аурулары мен аллергияны қоздырады. Сондықтан үнемі көшелерді жуу, жаяу жүргіншілер жолын тазалау эстетикалық шара ғана емес, денсаулыққа да қамқорлық. Бұл әсіресе қоршаған ортаның ластануына сезімтал балалар мен қарт адамдар үшін өте маңызды. Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Күз айының соңына дейін барлық орталық көшелер толық тазартылып, арықтар тазартылып, қаланы қысқы маусымға дайындау жоспарлануда. Қар жауып, көктайғақ пайда болған кезде жол қауіпсіздігін жылдам қамтамасыз ету үшін коммуналдық көліктерді қысқа дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Болашақ жоспарларға тазалау жабдықтарының паркін кеңейту, қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа технологияларын енгізу және қалдықтарды бөлу жүйесін құру кіреді. Мұның барлығы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп, қаланың экологиялық жағдайын жақсартады. 16 қыркүйекте Еңбекші ауданында атқарылған жұмыстар қала тазалығын сақтау күнделікті еңбек пен ортақ жауапкершілікті қажет ететініне тағы бір дәлел болды. Табиғи ресурстар басқармасы мен «Интеко Групп» ЖШС күш-жігері шымкенттіктердің жайлы әрі салауатты ортада өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Тазалық – мәдениеттіліктің, саналылықтың және басқаларға деген құрметтің көрінісі. Тәртіпті сақтауға әркім өз үлесін қосса, қаламыз әдемі ғана емес, нағыз заманауи әрі өмір сүруге қолайлы болады.
Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары күн сайын жүйелі түрде жүргізілуде 16.09.2025
Шымкенттің Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары күн сайын жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы шараларға қалалық Табиғат басқармасы мен «Группа Интеко» ЖШС бірлесе атсалысуда. Негізгі мақсат – тұрғындарға таза әрі жайлы орта қалыптастыру, қала келбетін көркейту және экологиялық мәдениетті нығайту.Еңбекші ауданында тазалық шаралары бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде:Көшелерді жуу. Арнайы су тасығыш техникалар таңертең және кешке басты көшелерді жуып шығады. Бұл шаңның азаюына, жол жабынының ұзақ сақталуына және ауаның тазалығына ықпал етеді.Аялдамаларды жуу. Қоғамдық көлік аялдамалары адамдар көп жиналатын орын болғандықтан, мұнда тазалықтың маңызы зор. Жуу жұмыстарының нәтижесінде аялдамалардағы шаң мен қоқыс жойылып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалады.Суағар лотоктарын тазалау. Күз мезгілі жауын-шашынға бай болғандықтан, арықтар мен суағар арналарын қоқыстан дер кезінде тазалау аса қажет. Бұл тасқын судың алдын алып, көшелердің бүлінуін болдырмайды.Жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау. Тротуарлардағы қоқыс, жапырақ және шаң да күнделікті сыпырылып, тұрғындардың еркін әрі қауіпсіз қозғалуына жағдай жасалады.Тазалық жұмыстарына тек мердігер мекеме қызметкерлері ғана емес, жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысуда. Әсіресе аула тұрғындары, жастар ұйымдары мен еріктілердің үлесі ерекше. Олар сенбіліктерге шығып, өз аулаларын ретке келтіреді.Қала әкімдігі атап өткендей, тазалық сақтау – тек коммуналдық мекемелердің емес, әрбір азаматтың ортақ борышы. Егер әр тұрғын өз үйінің, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлсе, бүкіл қала көркейе түсері анық.«Таза қала – жарқын болашақ!» деген ұран Еңбекші ауданындағы тазалық жұмыстарының басты мақсаты мен идеясын айқындайды. Бұл тек қана бүгінгі күннің қажеттілігі емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, көшелерді қоқыстан арылту, жасыл желектерді қорғау – барлығы да денсаулыққа, тұрмыс сапасына және қала мәдениетіне тікелей әсер етеді. Әдемі әрі таза қалада өмір сүру әрбір тұрғынның өмір сапасын арттырады, ал балалар үшін үлгі болады.Табиғат басқармасы тазалық жұмыстарының тиімді атқарылуына тікелей бақылау жасап отыр. Әрбір мердігер мекеменің жұмыс жоспары бекітіліп, күн сайын есеп беріліп отырады. «Группа Интеко» ЖШС болса, арнайы техникалар мен тәжірибелі жұмысшыларды жұмылдырып, белгіленген учаскелерді үздіксіз тазалауда.Сонымен қатар, тұрғындардың өтініш-шағымдары да назардан тыс қалмайды. Егер белгілі бір аумақта қоқыс жиналып қалса немесе лотоктар бітеліп жатса, бұл мәселе шұғыл түрде шешімін табуда.Тазалық – тек коммуналдық шара емес, ол қоғам мәдениетінің көрсеткіші. Егер адамдар қоқысты арнайы жәшікке тастап, қоғамдық орындарда тәртіп сақтаса, тазалыққа жұмсалатын күш пен қаражат едәуір азаяды.Сондықтан басқарма өкілдері тұрғындарды әрқашан жауапкершілікке шақырады. Мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбиенің маңызы артып келеді. Балаларға табиғатты қорғау, қоқысты сұрыптау, қаланы таза ұстау жөнінде арнайы сабақтар мен тренингтер ұйымдастырылуда.Көшелердің таза болуы – тек әсемдік үшін емес, сонымен бірге денсаулық кепілі. Жиналған қоқыс зиянкестердің көбеюіне, жағымсыз иістердің шығуына себеп болады. Ал шаң-тозаңның көп болуы аллергиялық және тыныс алу жолдарының ауруларын тудырады.Сондықтан көшелерді жуу мен тротуарларды тазалау – тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін мұндай шаралардың маңызы зор.Еңбекші ауданындағы тазалық жұмыстары алдағы уақытта да үздіксіз жалғасады. Жоспар бойынша қазан айына дейін негізгі көшелер толық жуылып, арық-лотоктар ретке келтіріледі. Сонымен қатар, қыс мезгіліне дайындық аясында қар жинау техникасының дайындығы да тексерілуде.Қала әкімдігі алдағы уақытта заманауи тазалау техникасын көбейтіп, қоқыс сұрыптау жүйесін дамытуға ниетті. Бұл экологиялық мәдениетті жаңа деңгейге көтеріп, Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.16 қыркүйек күні Еңбекші ауданында өткен тазалық жұмыстары – қала өмірінің күнделікті, бірақ аса маңызды бөлігі. Табиғат басқармасы мен «Группа Интеко» ЖШС-нің еңбегі – тұрғындардың жайлы әрі таза ортада өмір сүруіне жасалған жағдай.Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігін көрсететін өлшем. Егер біз бәріміз бірге табиғатқа жанашырлықпен қарап, қаламыздың көркін сақтасақ, болашақ ұрпаққа таза да жайлы қала қалдырамыз.