Enbekshi QazaQ

Әлем

Мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту бейнекурсы 19.01.2026
2026 жылғы 13 ақпан күні сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне өзге де қатысушыларды каскадты оқыту жоспарына сәйкес, Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту бейнекурсын ұйымдастырды және өткізді. Іс-шараға № 3 және № 4 окруктік сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ № 152 және № 153 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Оқыту барысында қатысушылар сайлау учаскелерінің қолжетімділігін ұйымдастыру мәселелері бойынша бейнематериалдармен, сондай-ақ сайлау процесінде мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарымен танысты. Бейнекурс аясында презентациялық материалдар мен бейнематериалдар қолданылды. Іс-шара қорытындысы бойынша талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1162143?lang=kk
2026 жылы не өзгерді? 19.01.2026
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»1) 2026 жылы БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай өзгерді?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғаяды.Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі — 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге.  Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар. Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.2) 2026 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қандай?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ына дейін ұлғайтылды (ЖМЗЖ мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп келеді: 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%,    2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%).Еске саламыз, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдас бөлік – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкер табысынан ұсталатын міндетті 10% зейнетақы жарналарынан бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарналар аударуға міндетті. ЖМЗЖ есептелетін табыс сомасы ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖМ) кем болмауы және тиісті жылға белгіленген 50 еселенген ЕТЖМ-нан аспауы тиіс.Жұмыс беруші зейнет жасындағы адамдар, I және II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар, әскери қызметшілер, сондай-ақ 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған азаматтар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады.3) «Арнаулы салық режимі» (АСР) дегеніміз не?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексінің күшіне еніп, ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған АСР. Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың тек салықтарды ғана емес, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібін де реттейді.4) Жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) қандай мақсатпен енгізілді?Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және ШФҚ-ға арналған АСР енгізу келесі мақсаттарға бағытталған:өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту арқылы зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды кеңейту;Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнесті жүргізуді жеңілдету;мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.Бұл жаңашылдықтар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, еңбек ететін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және «көлеңкелі экономиканың» азаюына ықпал етеді.5) Қандай арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді? Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР (интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететіндерді қоса алғанда)2026 жылдан бастап енгізілген бұл АСР жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары мен қандастарға) арналған. Режим Үкімет бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.Айлық табыс мөлшері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 300 еселенген АЕК-тен, ал жылдық табыс 3 600 АЕК-тен аспауы тиіс.Осы режимді қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар алынған табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) өз бетінше төлейді.Мөлшерлемесі:МЗЖ – табыстың 1%;ЖМЗЖ – табыстың 1%.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар АСР-ны арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, оның чектері және өзге көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде қолданатын болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы кірістерді есепке алу өздері әзірлеген қарапайым нысанда, операциялардың күнін, атауын, әрбір операция нәтижесінде алынған сомаларды, әрбір күн үшін, бір айдағы қорытынды соманы көрсете отырып жүргізіледі.      Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы ұстап, аударады. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСРҚР Салық кодексінің 723 бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны ЖК мен Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары қолдануға құқылы.Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны төмендегі шарттарға сәйкес келетін тұлғалар қолдануға құқылы:- күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;- ҚР Үкіметі айқындаған, оған қатысты жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдануға тыйым салынған тізбеге енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар. Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері стандартты:  МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСРҚазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарына ие (қосалқы жер пайдаланушы құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ-ларға арналған АСР қолдануға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған АСР бір күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмейді. Оны шаруа қожалығының қызметі қолдану шарттарына сәйкестігін жоғалтқан жағдайларда ғана өзгертуге болады.   ШФҚ арналған АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі.Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1143751?lang=kk
Шықпалы сервистік қызмет көрсету топтары 19.01.2026
Мемлекеттік кірістер органының қызмет көрсету тобы туралы  ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің No 645 бұйрығымен бекітілген.Осыған сәйкес қызмет көрсету тобы – мемлекеттік қызмет көрсетуді және салық төлеушілерге ақпараттық-түсіндіру қолдауын, оның ішінде жеке салық есептілігін толтыруға және тапсыруға жәрдемдесетін мемлекеттік кірістер органдарының екі қызметкерінен кем емес мобильді топ.Салық төлеушілердің жеке санатына мыналар жатады:бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер;2 (екі) айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;сыртқы күтім мен көмекті қажет ететін сексен жастан асқан қарт адамдар;жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар.Топ апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін шығады.Сервистік топтың шығуына өтінім беру үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.Мамандар салық төлеушілердің құқықтарын түсіндіреді, декларацияларды дұрыс толтыруға көмектеседі және құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде қабылдайды.Құжаттарды қабылдау салық төлеушінің қатысуымен жүзеге асырылады.Бұл ретте сервистік топ:• жеке басын куәландыратын құжат бойынша деректерді тексереді;• құжаттардың дұрыс толтырылуын қарайды;•  қабылданғаны туралы белгі қояды.Азаматтардың барлық дербес деректері заңмен қорғалады және жария етілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1143739?lang=kk
Қазақстанның этникалық топтамасы International Kids Fashion Week аясында жоғары марапатқа ие болды 19.01.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 18 қаңтар – Абу Дабиде шейха Фахра бинт Дияб Әл Наһаянның қамқорлығымен балалар сәні саласындағы халықаралық шара – International Kids Fashion Week ұйымдастырылды.Сән апталығының ұйымдастырушысы – Біріккен Араб Әмірліктерінің тұңғыш дизайнері әрі балалар сәні мен мәдениеті саласындағы халықаралық жобаларды дамытудағы жетекші тұлғалардың бірі Мона Әл Мансури.Іс-шара Қазақстан, БАӘ, Ресей, Үндістан, Марокко, Австралия, Замбия, Таиланд, Филиппин және Оман елдерінен келген дизайнерлер мен қатысушыларды біріктіріп, International Kids Fashion Week-тің жаһандық мәдени және сән алаңы ретіндегі мәртебесін растады.Ұлттық дәстүрлерге, ою-өрнектерге және мәдени мұраға негізделген қазақ этникалық топтамасы халықаралық аудитория тарапынан зор қызығушылыққа ие болды.Көрсетілім қорытындысы бойынша отандық дизайнер Гаухар Канатбай «Үздік балалар дизайнері» номинациясы бойынша марапатты иеленді. Бұл оның шығармашылық көзқарасы мен этникалық нақыштарды заманауи балалар сәнімен сәтті үйлестіре алғанының айқын дәлелі болды.Сонымен қатар,аталған іс-шараға қазақ тарапының қатысуын қамтамасыз еткені үшін ұйымдастырушылар Қазақстанның Абу Дабидегі Елшілігіне арнайы марапат табыстады. Бұл мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы дипломатиялық қолдаудың маңыздылығын айқындай түсті.International Kids Fashion Week мәдениет, сән және балалар шығармашылығы халықтар арасындағы халықаралық диалогты, өзара түсіністік пен достықты нығайтатын маңызды көпір екенін айғақтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1143710?lang=kk
Орал қаласында 550 төсек-орынға арналған жаңа облыстық көпсалалы аурухананың жобасы әзірленуде 19.01.2026
Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен Орал қаласында 550 төсек-орынға арналған жаңа облыстық көпсалалы аурухананың жобасы әзірленуде.Болашақ медициналық орталық Ақжайық шағынауданында орналасып, заманауи палаталар мен бірнеше мамандандырылған бөлімшелерді біріктіреді. Ғимарат үш негізгі блоктан тұрады:- хирургиялық блок, оның ішінде 50 орынға кардиология және қан тамыр хирургия бөлімі қарастырылған- терапиялық блок,- оңалту бөлімшелері.Қосымша ретінде 118 орындық күндізгі стационар бөлек қарастырылады.Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, пациенттер ағынын бөлуге арналған TRIAGE жүйесі енгізіледі - шұғыл көмек және жоспарлы госпитализация. Бұл медициналық көмекті жедел көрсетіп, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Аумақта шұғыл медициналық эвакуацияға арналған тікұшақ алаңы да салынады - бұл пациенттерді жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартып, өмірді сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1143627?lang=kk
Қазақстандық өнерпаздар Нью-Делиде өнер көрсетті 19.01.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 16 қаңтар - 11-ші Халықаралық ән және би фестивалі (11th Music and Dance Festival) аясында қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті, іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды болды.Фестиваль аясында Қазақстан атынан шамамен 68 өнерпаз қатысты. Атап айтқанда, маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі Астана қ. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, «Гәкку» балет би ансамблі, сондай-ақ Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры өнер көрсетті.Іс-шара бағдарламасының ерекше бөлігі ретінде қазақстандық ұжымдардың үндістандық көрнекті музыканттар - Доктор Л.Субраманиам және Кавита Кришнамуртимен бірлескен концерттік қойылымдары ұсынылып, екі елдің музыкалық дәстүрлері арасындағы шығармашылық үндестікті айқын көрсетті.Концертке Үндістанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ Үндістанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысуы іс-шараға бірлік пен ұлттық мақтаныштың ерекше атмосферасын қалыптастырды.Аталған мәдени жоба қазақ-үнді мәдени дипломатияның жарқын үлгісі болып табылады және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық мәдени беделін арттыруға ықпал етті.Фестиваль аясындағы өнер көрсетулермен қатар, қазақстандық өнерпаздардың гастрольдік сапары жалғасып, алдағы күндері Үндістанның Калькутта, Ченнай және Бангалор қалаларында концерттік бағдарламалар ұсыну жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1143592?lang=kk
Ново-Хайрузовка ауылында азаматтарды қабылдау өткізді 19.01.2026
№1 Ново-Хайрузовка сайлау округінің депутаты Р. Жомартов Ново-Хайрузовка ауылының ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады.Қабылдау барысында ауыл тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, С. Сейфуллин көшесінде көше жарығының болмауы мәселесі айтылды. Сондай-ақ, дүкен маңында және ауылдың басқа да көшелерінде ашық күйде тұрған құдықтардың бар екені көрсетілді. Бұл жағдай, әсіресе балалар үшін, сондай-ақ ересек тұрғындар үшін де елеулі қауіп төндіреді.Бұдан бөлек, ауылда балаларға арналған ойын алаңының жоқтығына байланысты алаңдаушылық білдіріліп, балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру мақсатында оны салу қажеттігі атап өтілді.Сонымен қатар, Ново-Хайрузовка ауылына бокс жаттықтырушысын тарту мәселесі көтерілді. Себебі балалар мен жасөспірімдер арасында аталған спорт түрімен айналысуға ниет білдірушілер көп, алайда маманның болмауына байланысты олар аудан орталығына қатынауға мәжбүр.Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті органдарға жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1143560?lang=kk
2026 жылы Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді 19.01.2026
2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммит 2026 (Саммит) өтеді.Саммит Орталық Азия елдерін климат пен экология саласындағы негізгі мәселелер бойынша келісілген диалог қалыптастыру мақсатында біріктіреді. Саммиттің тақырыптық бағдарламасы климаттық өтуді қолдауды, экологиялық және табиғи қатерлерге бейімделу мен экономикалық тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігі мен өңір экожүйелерін, табиғи ресурстарды орнықты басқаруды, атмосфералық ауаның ластануына қарсы күресті және қалдықтарды басқаруды, әділетті әрі инклюзивті өңірлік өтуді, экологиялық мақсаттарға қол жеткізу тетіктерін, сондай-ақ орнықты болашақ үшін экологиялық және цифрлық құзыреттерді қамтиды.Іс-шараға өңір елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, даму институттары, ғылыми қауымдастық, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысады. Шамамен 1500 делегаттың қатысуы күтілуде.Саммит аясында орнықты даму саласындағы практикалық технологиялық және инвестициялық шешімдерді көрсетуге бағытталған «RES 2026 EXPO» халықаралық экологиялық және жасыл технологиялар көрмесін өткізу көзделген.Өңірлік экологиялық саммит 2026 бойынша байланыс деректері: E-mail: office@caclimate.fund«RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері бойынша байланыс деректері: E-mail: partnership@res2026expo.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1143496?lang=kk
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды 19.01.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болуға ресми шақырту алды. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылысын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1143504?lang=kk
Цифровая платформа для иностранных граждан «QazETA» 19.01.2026
Цифровая платформа для иностранных граждан «QazETA»скачать Руководство пользователя мобильного приложения SuperApp QazETA QazETA - государственная цифровая платформа, созданная для обеспечения удобного, прозрачного и безопасного доступа иностранцев к ключевым миграционным и сопутствующим услугам по принципу «одного окна» (единое цифровое окно для иностранцев).Проект направлен на формирование современного и комфортного взаимодействия иностранцев с государственными органами Казахстана, а также на повышение эффективности и качества предоставляемых услуг.Платформа QazETA ориентирована на:- упрощение процедур въезда, пребывания иностранцев в Республике Казахстан;- создание единой цифровой точки входа, обеспечивающей последовательное взаимодействие иностранца с государственными сервисами - от въезда в страну до повседневных услуг;- повышение прозрачности процессов, сокращение сроков рассмотрения заявок и улучшение качества обслуживания;- перевод базовых миграционных процедур в цифровой и мобильный формат;В настоящее время QazETA функционирует в пилотном режиме, ее внедрение будет осуществляться поэтапно. На данном этапе доступны следующие услуги:- выдача электронных виз (e-Visa);- оформление электронного разрешения на въезд (ETA);- получение статуса электронного резидента Республики Казахстан (e-Residency);- получение иностранцами справки о пересечении государственной границы Республики Казахстан (в том числе для целей верификации IMEI мобильных устройств). Основные сервисы платформы:  Электронная виза (e-Visa)Электронная виза — это цифровая форма государственной услуги по выдаче виз иностранцам и лицам без гражданства.Граждане 104 стран (список прилагается) могут оформить однократную электронную визу для следующих категорий: "А3" (служебная), "А5" (инвесторская), "В1","В2","В3", (деловые), "В9-1" (Digital Nomad Visa), "В10" (частная), "В12" (турист), "С12"(для лечения).Электронная виза выдается на основании электронного оформленного приглашения (приглашение оформляется в территориальных органах полиции МВД РК) и действует только для получателя визы и не распространяется на сопровождающих лиц. При замене паспорта электронную визу необходимо получить повторно.Иностранцы и лица без гражданства могут прибывать на территорию и убывать с территории Республики Казахстан с использованием действительной электронной визы только через пункты пропуска международных аэропортов Республики Казахстан. Электронное разрешение на въезд (Electronic Travel Authorization, ETA) ETA предназначена для граждан стран, освобожденных от визовых требований Республики Казахстан. Разрешение оформляется в электронном виде.Иностранцы, планирующие поездку в Казахстан, подают заявку на получение ETA через мобильное приложение не позднее чем за 72 часа до поездки.Срок действия ETA составляет 180 дней.Фактический срок пребывания иностранцев в Казахстане регулируется в соответствии с действующим миграционным законодательством.При этом, выданное разрешение ETA не гарантирует въезд на территорию РК. Окончательное решение о допуске в страну принимается уполномоченным госорганом РК при прохождении пограничного контроля.От необходимости получения ETA освобождаются:- владельцы дипломатических и служебных паспортов;- члены официальных делегаций;- представители дипломатического корпуса, аккредитованные в РК.В пилотный период получение ETA для граждан стран, освобождённых от визовых требований Республики Казахстан, носит рекомендательный характер. По его завершении планируется поэтапное введение обязательного получения ETA для указанных категорий граждан.  Электронное резидентство (e-Residency)e-Residency — инновационный инструмент, предоставляющий иностранцам и лицам без гражданства, находящимся за пределами РК, доступ к цифровым государственным и коммерческим сервисам в рамках юрисдикции Международного финансового центра «Астана» (МФЦА).Электронное резидентство реализуется в рамках юрисдикции МФЦА и предусматривает:- удалённое получение индивидуального идентификационного номера (ИИН);- открытие банковских счетов и платежных карт;- оформление eSIM;- дистанционную регистрацию компаний и ведение бизнеса. Получение иностранцами справки о пересечении государственной границы Республики Казахстан (в том числе для целей верификации IMEI мобильных устройств).В дальнейшем планируется расширение функционала, включая: оформление медицинского страхования, возможность ускоренного прохождения пограничного контроля для владельцев ETA, оплату сервисного сбора, другие цифровые сервисы.Мобильное приложение QazETA доступно для скачивания в PlayMarket и Appstore.В рамках проекта функционирует служба технической поддержки. Обращения и предложения принимаются по электронной почте support@qazeta.kz.  Список стран, гражданам которых оформляются однократные электронные визы Алжирская Народная Демократическая РеспубликаРеспублика АнголаКняжество АндорраАнтигуа и БарбудаАрубаСодружество Багамских острововБарбадосРеспублика БелизРеспублика БенинОбъединенная Республика ТанзанияМногонациональное Государство БоливияБосния и ГерцеговинаРеспублика БотсванаГосударство Бруней-ДаруссаламБуркина-ФасоРеспублика БурундиКоролевство БутанРеспублика ВануатуБоливарианская Республика ВенесуэлаГабонская РеспубликаКооперативная Республика ГайанаРеспублика ГаитиРеспублика ГамбияРеспублика ГватемалаГвинейская РеспубликаРеспублика Гвинея-БисауРеспублика ГондурасГренадаРеспублика ДжибутиСодружество ДоминикаДоминиканская РеспубликаАрабская Республика ЕгипетРеспублика ЗамбияРеспублика ЗимбабвеИсламская Республика ИранКоролевство КамбоджаРеспублика КамерунРеспублика КенияРеспублика КирибатиКорейская Народно-Демократическая РеспубликаКитайская Народная Республика (САР Гонконг, САР Макао, Тайвань)Коморские островаРеспублика КонгоРеспублика Коста-РикаРеспублика Кот-д’ИвуарРеспублика КубаЛаосская Народно-Демократическая РеспубликаКоролевство ЛесотоРеспублика ЛиберияЛиванская РеспубликаРеспублика МаврикийИсламская Республика МавританияРеспублика МадагаскарРеспублика МалавиРеспублика МалиМальдивская РеспубликаКоролевство МароккоРеспублика Маршалловы островаМикронезияРеспублика МозамбикРеспублика Союз МьянмаРеспублика НамибияРеспублика НауруФедеративная Демократическая Республика НепалРеспублика НигерРеспублика НикарагуаЮжно-Африканская РеспубликаЦентральноафриканская РеспубликаРеспублика ПалауРеспублика ПанамаНезависимое Государство Папуа-Новая ГвинеяРеспублика ПарагвайРеспублика ПеруРеспублика РуандаНезависимое государство СамоаРеспублика Сан-МариноДемократическая Республика Сан-Томе и ПринсипиРеспублика Сейшельские островаРеспублика СенегалСент-Винсент и ГренадиныФедерация Сент-Китс и НевисСент-ЛюсияРеспублика Северная МакедонияРеспублика СуринамРеспублика Сьерра-ЛеонеРеспублика ТогоКоролевство ТонгаРеспублика Тринидад и ТобагоТувалуТунисская РеспубликаТуркменистанРеспублика УгандаРеспублика ИндияФарерские островаРеспублика ФиджиРеспублика ЧадЧерногорияДемократическая Социалистическая Республика Шри-ЛанкаВосточная Республика УругвайРеспублика Эль-СальвадорГосударство ЭритреяКоролевство ЭсватиниФедеративная Демократическая Республика ЭфиопияЯмайкаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1145922?lang=kk
Күштік құрылымдар жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы 3500 метрлік шыңды бағындырды 19.01.2026
Алматыда күштік құрылымдарға қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы 3500 метр биіктіктегі тау шыңына көтерілді. Іс-шара тәрбие құрылымдары офицерлері институтының құрылған күніне орай ұйымдастырылғанын айта кету керек.Акцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Тау дайындығы орталығының нұсқаушылары мен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери жоғары оқу орнының медицина қызметкерлері тартылды.Құрлық әскерлері әскери институты бастығының орынбасары полковник Данияр Құдайбергеновтің айтуынша, жорыққа «тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар қатысқан.19 қаңтарда әскерлердің моральдық-психологиялық қамтамасыз етілуіне, әскери ұжымдарда қолайлы ахуал қалыптастыруға және әскери қызметшілердің патриоттық санасын дамытуға жауапты мамандар кәсіби мерекесін атап өтеді. Болашақ тәрбиеші офицерлерге олардың мамандығы тек білімді ғана емес, сонымен қатар күш-қуат төзімділікті, командамен бірлесе жұмыс істей білуді және жеке жауапкершілікті талап ететінін көрсету біз үшін өте маңызды болды, – деп атап өтті ол.Шыңды бағындыруға Құрлық әскерлері әскери институтынан, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтынан, ІІМ академиясынан, ҰҚК академиясынан және Шекара академиясынан он курсанттан қатысты.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Дархан Дүйсенбек шыңға көтерілу қатысушыларға өз мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге және жолдастарының қолдауын сезінуге мүмкіндік бергенін айтты. – Шыңға көтерілу арқылы командалық бірлікті сезіндік. Сонымен бірге табиғат аясында ерекше сезімдерді бастан кешірдік. Көрсеткен көмектері мен нақты нұсқаулары үшін тәжірибелі нұсқаушыларға алғысымыз шексіз. Міндетімізді орындағанымызға мақтанамыз, – дейді ол.Іс-шара әскери-патриоттық құндылықтарды насихаттауға, жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және саламатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың болашақ офицерлердің кәсіби, моральдық және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1143477?lang=kk
Ұландық сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне тосынсый жасады 19.01.2026
Астанадағы 5573 әскери бөлімінде өткен ант қабылдау рәсімі бұл жолы көптің жадында ерекше бір сәтімен сақталды. 700-ден астам сарбаз сап түзеп, әскери ант беріп жатқанда, олардың арасында қатардағы жауынгер Алмас Абдрахов та тұрды. Ол Отанға адал қызмет етуге серт беріп қана қоймай, дәл сол салтанатты жиында сүйіктісіне жүрек елжіреткен тосынсый жасады.Алмас саптан шығып, сүйіктісі Томириске үйленуге ұсыныс айтты. Бір сәтте әскери тәртіптің салмақты көрінісі қуаныш пен толқынысқа ұласып, екі жас көптің назарына бөленді. Болашақ жарының келісімін алған Алмас Балтабайұлы әскерден оралған соң үйлену тойын жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл оқиғаға әскери бөлімнің жеке құрамы, 3000-ға жуық ата-ана мен сарбаздардың туыстары куә болды.Іс-шара барысында әскери бөлім командирі Жандар Әшірбеков сөз сөйлеп, әскери анттың әр сарбаз үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.– Әскери ант – жай ғана сөз емес, ол Отанға, халыққа, ата-анаға деген адалдықтың айқын көрінісі. Сіздер артылған сенімді ақтап, Ұлттық ұлан жауынгеріне лайықты қызмет атқарады деген үміттемін, – деді Жандар Әшірбеков.Енді қатардағы Алмас Абдрахов бастаған жауынгерлер қала көшелерінде және маңызды іс-шаралар кезінде жауынгерлік қызмет атқаруға кіріседі.Айта кетейік, рәсім соңында жеке құрам сап түзеп, әскери техникалардың қатысуымен шеру өтті. Бірақ бұл күннің ең есте қалар көрінісі – жас сарбаздың ғашығына жасаған ұсынысы болды. Осылайша, жауынгерлер ант берген алаңда жас отбасының да іргетасы қаланды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1143460?lang=kk
АНОНС НҚА 19.01.2026
Шымкент қаласы бойынша 2026 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерiнің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидия нормаларын бекіту туралы интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға  қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15776885  Шымкент қаласының тұрғын секторында қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнату қағидаларын бекіту туралы интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға  қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15773034 Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 6109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Шымкент қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды өтеу туралы» интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға  қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15772123Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1178055?lang=kk
«Оңайлатылған» режимге өту: әрекет ету жолы және қателерді түзету 19.01.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті оңайлатылған декларация негізіндегі Арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет екенін хабарлайды.Аталған хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылмаған жағдайда, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне автоматты түрде көшіріледі.Хабарламаны келесі тәсілдермен ұсынуға болады:- Салық төлеуші кабинеті арқылы (ИСНА АЖ жүйесінде «Құжаттарды ұсыну» – «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі);- «e-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы арқылы («Сервис» – «Жеке кәсіпкердің салық режимін ауыстыру»);- орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде;- банктердің мобильді қосымшалары арқылы.Анықтама үшін: қазіргі уақытта аталған сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» – «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған.Салық төлеушілердің назарына! 2025 жылдың соңында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны «көшу» себебімен қате ұсынған салық төлеушілер үшін хабарлаймыз.2026 жылғы 12 қаңтардан бастап ақпараттық жүйеде «көшу» себебімен қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қайта ұсыну мүмкіндігі қолжетімді.Осыған байланысты, 2025 жылдың соңында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қате түрде ұсынған салық төлеушілерге жаңа хабарламаны қайта ұсыну қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1159712?lang=kk
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 19.01.2026
2026 жылғы 14 қантарда Бесқарағай ауданы білім бөлімінің бас маманы К.Е.Тусупова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің “2024 жылғы 30 шілдедегі №194 “Білім беру ұйымдарында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №281 бұйрығына мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларымен түсіндірме кеңес өткізді. Жиналыс барысында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына енгізілген өзгертулер жан-жақты талданып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.2026 жылғы 14 қантарда Бесқарағай ауданы білім бөлімінің бас маманы К.Е.Тусупова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің “2024 жылғы 30 шілдедегі №194 “Білім беру ұйымдарында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №281 бұйрығына мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларымен түсіндірме кеңес өткізді. Жиналыс барысында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына енгізілген өзгертулер жан-жақты талданып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1143362?lang=kk
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ағарту және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды 19.01.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ағарту және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды.2026 жылғы 13 қаңтарда Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.Кеңес отырысын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ашып, білім беру саласындағы бірқатар мәселелер мен жаңашылдықтарға тоқталды.Кеңес төрағасы болып білім беру мәселелерін белсенді көтеріп жүрген Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов бірауыздан сайланды.Кеңес мүшелігіне үміткерлер арасынан іріктеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша «Жыланды негізгі мектебі» КММ директоры Лейменова Алина Сейткановна Кеңес құрамына енді.Кеңес мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру, кәсіптік білім беру, тәрбие, бала құқықтары, инклюзия, цифрландыру және білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі комиссиялардан тұрады.Кеңес мүшелері өз жұмыстарына кірісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1143372?lang=kk
оқушылар арасында "Есірткіге қарсы" ақпараттық сағаты 19.01.2026
Клуб меңгерушісі Саида Галкина мен ауылдық кітапханашы Майра Тасылбаева мектеппен бірлесіп " Есірткіге жоқ!"онда оқушыларға есірткінің түрлері және осындай заттардың зиянды әсерінен қалай сақтану керектігі туралы айтылды. Сондай-ақ есірткі заттарын өткізу, сақтау және пайдаланғаны үшін құқықтық салдарлар мен жазалар туралы еске салды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1143313?lang=kk
Көк тайғақтың алдын алу жұмыстары 19.01.2026
Ауылішілік көшелерге тұз аралас құм себу жұмыстары жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1143234?lang=kk
2026 жылғы 11 ақпаннан бастап тасымалдарды бақылау үшін навигациялық пломбаларды енгізу жөніндегі ақпарат. 19.01.2026
2021 жылғы 19 сәуірде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды, аталған Келісім Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211-VII ЗРК Заңымен ратификацияланды.Жалпы алғанда, Келісім ЕАЭО-ға мүше екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды тасымалдау кезінде оларды навигациялық пломбаларды қолдану арқылы қадағалау тәртібін регламенттейді.Келісім нормаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізілді, бақылаушы органдардың ақпараттық жүйелері жаңғыртылды, сондай-ақ автомобиль және теміржол көлігінде жүргізілген пилоттық жобалар аясында навигациялық пломбаларды қолдану бойынша өзара іс-қимыл пысықталды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 731 «Ұлттық операторды айқындау туралы» қаулысына сәйкес тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Ұлттық оператор) айқындалды, ол Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарымен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті операторларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті.Ұлттық оператор бірқатар пилоттық жобалар шеңберінде сынақтан өткізілген тасымалдарды электрондық түрде қадағалаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (тасымалдарды электрондық түрде қадағалаудың «Транзит» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) әзірледі.Қазақстан Республикасының Ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тасымалдарды қадағалау жөніндегі қызметтерді тұтынушыға (тапсырыс берушіге) арналған «жеке кабинет» қарастырылған, ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тасымалдарды қадағалауға бүкіл қозғалыс маршруты бойында тартылған ұлттық операторларының қызметтеріне ақы төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді (бұдан әрі – Одақ).Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті ұлттық операторларының ақпараттық жүйелері арасындағы интеграциялық іс-шаралар аяқталды.Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 84 «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі Келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы» шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізіледі.Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау кезең-кезеңімен автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдері шеңберінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясында енгізілетін болады.Навигациялық пломбаларды қолдану кезеңдері.1-кезең (2026 жылғы 11 ақпаннан бастап):транзиттік тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі;автомобиль көлігімен – киім, аяқ киім, электроника;экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.2-кезең (180 күн өткеннен кейін):транзиттік тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі, киім, аяқ киім, электроника;автомобиль көлігімен тасымалданатын – кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын өзге тауарлар (алып қоюға жататын тауарларды қоспағанда);экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.3-кезең (480 күн өткеннен кейін):транзиттік тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі, киім, аяқ киім, электроника, сондай-ақ кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын өзге тауарлар (алып қоюға жататын тауарларды қоспағанда);экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.Навигациялық пломбаларды енгізуге байланысты нарық қатысушылары үшін артықшылықтар:навигациялық пломбаларды қолдану кедендік және өзге де бақылаушы қызметтер тарапынан жүргізілетін артық тексерулер мен қосымша бақылау шараларын барынша азайтуға мүмкіндік береді;жүктің бүкіл қозғалыс бағыты бойында рұқсатсыз ашылуынан қорғалуына кепілдік береді;Ұлттық оператордың ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинет» арқылы процесті басқаруды қамтамасыз етеді, соның ішінде Одаққа мүше барлық елдердің операторлары көрсететін қызметтер үшін бірыңғай төлем жүргізу мүмкіндігін қамтиды.Мемлекет үшін навигациялық пломбаларды енгізу «көлеңкелі» экономикамен күрестің тиімді құралы болып табылады, «жалған транзит» және «жалған экспорт» схемаларын болдырмауға, адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел бюджетіне салық түсімдерінің тұрақты түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бизнес өкілдерінің, оның ішінде тасымалдаушылардың, экспедиторлардың және тасымалдау процестеріне қатысатын өзге де тұлғалардың назарын логистикалық процестердің үздіксіздігін және тасымалдау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау қажеттілігіне аударамыз. 1 Ұлттық оператор-байланыс деректері::Call-центр:тел: +7 708 297 6132; +7 777 110 5985;тел: +7(727)3903488 (вн 331); (727)2217795 (вн 331).Пошта:Info@istt.kz; mail.istt.kz/SOGo; transit@istt.kz;Тел для связи:+7-708-945-67-32 Ещанов Ғарышбек;+7-775-285-54-77 Кальтиева Диляра.  2 Санкциялық тауарлар-бұл одаққа мүше мемлекеттердің бірі арнайы экономикалық шараларды енгізген тауарлар.Анықтама: бүгінгі күні арнайы экономикалық шаралар тек Ресей Федерациясында енгізілді, тауарлардың тізімі Ресей Федерациясы Үкіметінің 7.08.2014 ж. №778 қаулысымен белгіленді - Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1143212?lang=kk
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Берлиндегі Grüne Woche көрмесінде Қазақстанның Ұлттық павильонын ашты 19.01.2026
  Берлинде өткен халықаралық Grüne Woche көрмесінің жүз жылдық мерейтойы мен Global Forum for Food and Agriculture халықаралық конференциясы аясында Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен мен сауда саласындағы серпінді әрі сенімді әріптес ретінде өз ұстанымын айқын көрсетті. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация «Жасыл апта» аясындағы аграрлық саясат, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерін тоғыстырған негізгі іс-шараларға қатысты. Көрмедегі басты оқиғаның бірі– Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылуы болды. Павильон іскерлік диалог алаңы ретінде қызмет атқарып, экспорттық әлеуетті таныстыруға және өнеркәсіптік кооперацияның келешегін талқылауға мүмкіндік берді. Экспозицияда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен терең өңдеу, заманауи агротехнологияларды енгізу және орнықты агрожүйелерді дамыту бағытындағы мүмкіндіктері кеңінен көрсетілді. Павильон неміс және халықаралық серіктестер тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, қазақстандық өнімдер мен бірлескен жобаларға деген сұраныстың артып келе жатқанын дәлелдеді. GFFA аясында Арман Шаққалиев бірқатар халықаралық әріптестермен екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Германияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және өңірлік сәйкестік жөніндегі федералдық министрі Алоис Райнермен, Германияның Экономика және энергетика федералдық министрлігінің статс-хатшысы Томас Штефенмен, Неміс экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармспен, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас директорының орынбасары Жан-Мари Паугаммен келіссөздер жүргізілді. Тараптар сауданы кеңейту, кедергілерді азайту, азық-түлік жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы және өзара нарықтардағы қатысуды күшейту мәселелерін талқылады. Келіссөздердің жеке блогы аграрлық ынтымақтастық пен технологиялық әріптестікті дамытуға арналды. Қазақстан делегациясы Пәкістанның Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және зерттеулер жөніндегі федералдық министрі Рана Танвир Хуссейнмен, Германияның Ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің мемлекеттік хатшысы Маркус Шикпен, Неміс агробизнес альянсының директоры Пер Бродерзенмен, CLAAS компаниясының Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Михаэль Байермен, сондай-ақ APD жобасының жетекшісі Йон Клаус және ADT жобасының жетекшісі Уве Веддигемен мазмұнды кездесулер өткізді. Кездесулерде өндірісті жергіліктендіру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту, неміс сапа стандарттарын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту және су үнемдеу шешімдері негізгі назарда болды. Қазақстан тарапы Неміс агробизнес альянсы ұйымдастырған салалық пікірталастарға да белсенді қатысты. Оның ішінде орнықты су пайдалану мен инновациялық агротехнологияларға арналған панельдік сессия және «Kazakhstan–Germany Agro & Water Nexus» дөңгелек үстелі өтті. Бұл алаңдар тараптарға нақты кооперация үлгілерін, бірлескен пилоттық жобаларды және технология трансферін талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шаралар барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқаны атап өтілді. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3,91 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Германияға экспорты 7,9 пайызға өсіп, 1,17 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл неміс нарығының қазақстандық жеткізушілер мен жоғары қосылған құны бар өнімдерге деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді.Сапардың маңызды практикалық нәтижелерінің бірі – Арман Шаққалиев пен Неміс экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс арасында наурыз айында бизнес пен салалық ведомстволардың қатысуымен бейнеконференция өткізу жөніндегі уағдаластық болды. БКС аясында агроөнеркәсіптік кешен мен экспортқа бағдарланған салалардағы нақты кооперациялық жобалар егжей-тегжейлі талқыланбақ. Сонымен қатар тараптар сәуір айында Германия делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жоспарын растады. Бұл сапар барысында бірлескен инвестициялық және өндірістік бастамаларды іске қосуға басымдық беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1143220?lang=kk