Әлем
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 15.01.2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 1) 2026 жылы БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай өзгерді? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғаяды.Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі — 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге. Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар. Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады. 2) 2026 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қандай? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ына дейін ұлғайтылды (ЖМЗЖ мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп келеді: 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%).Еске саламыз, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдас бөлік – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкер табысынан ұсталатын міндетті 10% зейнетақы жарналарынан бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарналар аударуға міндетті. ЖМЗЖ есептелетін табыс сомасы ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖМ) кем болмауы және тиісті жылға белгіленген 50 еселенген ЕТЖМ-нан аспауы тиіс.Жұмыс беруші зейнет жасындағы адамдар, I және II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар, әскери қызметшілер, сондай-ақ 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған азаматтар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады. 3) «Арнаулы салық режимі» (АСР) дегеніміз не?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексінің күшіне еніп, ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған АСР. Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың тек салықтарды ғана емес, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібін де реттейді. 4) Жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) қандай мақсатпен енгізілді? Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және ШФҚ-ға арналған АСР енгізу келесі мақсаттарға бағытталған:өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту арқылы зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды кеңейту;Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнесті жүргізуді жеңілдету;мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.Бұл жаңашылдықтар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, еңбек ететін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және «көлеңкелі экономиканың» азаюына ықпал етеді. 5) Қандай арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді? Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР (интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететіндерді қоса алғанда)2026 жылдан бастап енгізілген бұл АСР жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары мен қандастарға) арналған. Режим Үкімет бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.Айлық табыс мөлшері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 300 еселенген АЕК-тен, ал жылдық табыс 3 600 АЕК-тен аспауы тиіс.Осы режимді қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар алынған табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) өз бетінше төлейді.Мөлшерлемесі:МЗЖ – табыстың 1%;ЖМЗЖ – табыстың 1%.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар АСР-ны арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, оның чектері және өзге көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде қолданатын болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы кірістерді есепке алу өздері әзірлеген қарапайым нысанда, операциялардың күнін, атауын, әрбір операция нәтижесінде алынған сомаларды, әрбір күн үшін, бір айдағы қорытынды соманы көрсете отырып жүргізіледі. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы ұстап, аударады. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСРҚР Салық кодексінің 723 бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны ЖК мен Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары қолдануға құқылы.Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны төмендегі шарттарға сәйкес келетін тұлғалар қолдануға құқылы:- күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;- ҚР Үкіметі айқындаған, оған қатысты жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдануға тыйым салынған тізбеге енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар. Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері стандартты: МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСРҚазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарына ие (қосалқы жер пайдаланушы құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ-ларға арналған АСР қолдануға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған АСР бір күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмейді. Оны шаруа қожалығының қызметі қолдану шарттарына сәйкестігін жоғалтқан жағдайларда ғана өзгертуге болады. ШФҚ арналған АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі.Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-boskol/press/news/details/1151280?lang=kk
Жергілікті өндірістен сатуға: сауда желілеріндегі БАБӨ өнімдері 15.01.2026
"Бір ауыл – бір өнім" жобасы (БАБӨ) жергілікті өнім өндірушілерді қолдау бағыты бойынша іске асырылады. Ол кеңес беру, көрме ұйымдастыру, перспективалық өнімдерді іріктеу, бренд әзірлеу, оқыту мен маркетинг секілді қаржысыз қолдауды көздейді.2025 жылы БАБӨ шеңберінде 1058 кеңес беріліп, 20 өңірлік көрме өткізілген. Оған 821 өндіруші қатысты. 20 өңірлік бренд-комитет отырысы қорытындысы бойынша 200 өнім түрі іріктеліп, жобаның 60 жеңімпазы анықталды.2025 жылғы басты оқиғаның бірі 21-23 наурызда Астанада өткізілген "Наурыз базары" халықаралық жәрмеңкесі. Оған 14 өңірден 2023-2024 жылдардағы БАБӨ 24 финалисі қатысты. Өндірушілер бал, сүт өнімін, гастрономиялық ет, тәттілер мен сусын сияқты шамамен 2 тонна өнім ұсынды. Бұл халықтың жергілікті өнімге деген зор қызығушылығын көрсетеді.2025 жылғы наурызда Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен жергілікті өнім өндірушілердің өнімі Токиодағы FOODEX JAPAN 2025 халықаралық көрмесінде ұсынылды. Көрмеге Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының өндірушілері қатысты. Көрмеде Қызылорда облысынан келген жантақ балы "Жапонияның үздік балы" беделді байқауына қатысуға шақыру алса, Алтай шөп шайы шетелдіктердің көзайымына айналды. Көрмеге әлемнің 75 елінен өндіруші келген. Жаһандық аренада қазақстандық өнім жоғары деңгей көрсетті.Жобаның финалистері 2025 жылғы қыркүйекте Франциядағы Mondial du Fromage - 2025 байқауында ешкі және түйе сүтінен жасалған ірімшік пен сүт өнімі, сондай-ақ ұлттық өнімдер үшін алтын және қола медальға ие болды.Маңызды инфрақұрылымдық қадам 2025 жылғы 8 қазанда Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш тұрақты халықаралық сауда нүктесі - NOMAD Bazaar-дың ашылуы болды. Көк базарда орналасқан алаң сату, логистик, маркетинг пен бухгалтерлік есепті орталықтан сүйемелдей отырып, Қазақстан мен аймақтағы елдердің БАБӨ өнімін сатудың тұрақты арнасына айналды.БАБӨ ұлттық жобасының қатысушылары мен жеңімпаздарының өнімі нарықты сенімді түрде жаулап алуда. Бұл өнімдерді елдегі барлық тұрғын сатып ала алады. Қазақстандық қолөнер иелері мен түрлі өңірдің өндірушілері жасаған тауарлар Қазақстанның басты сауда желілерінде ұсынылған. Мәселен, Marwin желісінде Атырау облысы жеңімпазының қазақ өнерінің үздік үлгісінің бірі домбыра, сондай-ақ Қызылорда облысының өндірушісі жасаған түйе сүтінен жасалған косметикалық өнім бар. Алматыдан келген қатысушының кәдесыйы да осы желінің дүкен сөрелерінен табылады. Солтүстік Қазақстан облысының өндірушілері Galmart желісінде табиғи, ешкі ірімшігін ұсынса, Астаналық өнім – табиғи пастила – "ВкусМаркет"желісінде сатылады.Жылдың соңғы шымылдығын 2025 жылғы 12-13 қарашада Астанада 18 өңірден 48 финалисттің қатысуымен өткізілген республикалық БАБӨ көрмесі жапты. Көрмедегі жиынтық түсім — 8 226 168 теңге.Жалпы, 2025 жылы жоба шеңберінде 53 жаңа бизнес субъектісі құрылып, 131 кәсіпкер қызметін кеңейткен. 410 сату нүктесі, 236 жұмыс орны құрылды. Кредит пен грант түріндегі қаржылық қолдауды жалпы сомасы 593 935 600 теңгеге 93 қатысушы алды.2025 жылғы БАБӨ 60 финалистінің 44 қатысушысы 5 млн теңгеге грант алуға өтінім берсе, оның ішінде 39 финалист 191 312 000 теңге сомасына қолдау алды. Бұл финалистердің жалпы санының 65%-ы.Жыл бойы жобаның қатысушылары мен финалистері үшін маркетинг, SMM, қаржылық сауаттылық, салық салу, инвестиция тарту, ЖИ-құралдарын пайдалану, сондай-ақ қолөнер, сүт, ет және т. б. өндіріс технологиялары бойынша оқыту семинарлары мен курстары өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1141628?lang=kk
Солоновка ауылында азаматтарды қабылдау өтті 15.01.2026
№5 сайлау учаскесінің депутаты Веригин Дмитрий Николаевич бекітілген кестеге сәйкес Солоновка ауылында сайлаушыларды жеке қабылдады.Қабылдау барысында ауыл тұрғындары бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, бос жүрген иттердің көбеюі, сондай-ақ елді мекен аумағында түлкілердің пайда болуы тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық тудырды. Осыған байланысты тұрғындар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданатыны жөнінде сұрақтар қойды.Сонымен қатар, ауыз су сапасының төмендеуіне байланысты су сүзгілерін ауыстыру мәселесі де көтерілді.Барлық көтерілген мәселелер бойынша депутат тарапынан тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1141672?lang=kk
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ 15.01.2026
Қазақстанда жүзеге асып жатқан саяси жаңғырудың түпкі мәні – билікті халыққа жақындату, шешім қабылдау үдерісін ашық әрі теңгерімді ету. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформалар шамадан тыс орталықтандырылған басқару моделінен бас тартып, қоғамның сұранысы мен пікірі ескерілетін жаңа саяси жүйе қалыптастыруды көздейді. Осы тұрғыда бір палаталы, ықпалды Парламент құру туралы бастама – уақыт талабынан туған стратегиялық шешім.Қазақстан Парламентінің 30 жылдық тарихы – мемлекеттіліктің қалыптасуымен, дағдарыстан шығумен және тұрақты дамумен тығыз байланысты. Қос палаталы жүйе, әсіресе Сенат, өтпелі кезеңде саяси тұрақтылықты сақтауға, өңірлердің мүддесін қорғауға және заң шығару сапасын қамтамасыз етуге қызмет етті. Бұл тарихи миссия толық орындалды. Ендігі міндет – қоғамы кемелденген, саяси мәдениеті өскен Қазақстанға сай жаңа модельге көшу.Бір палаталы Парламентке өту – өткенге оралу емес, керісінше, саяси жүйенің эволюциялық дамуы. Бұл қадам «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген жаңа билік теңгерімін қалыптастырады. Мұндай Парламент атқарушы билікке нақты қарсы салмақ бола отырып, заң шығарушы биліктің өкілдік және бақылау функцияларын күшейтеді.Жаңа Парламент пропорционалды, партиялық негізде құрылуы тиіс. Бұл көп партиялылықты дамытып, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін барынша кең қамтуға мүмкіндік береді. Пропорционалды жүйе саяси бәсекені арттырып қана қоймай, партияларды сайлауаралық кезеңде де белсенді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Нәтижесінде, Парламент қоғамдағы нақты сұраныстар мен көзқарастар тоғысатын басты саяси алаңға айналады.Парламенттік реформаның маңызды құрамдас бөлігі – цифрлық трансформация. Электрондық Парламент, деректерге негізделген талдау және жасанды интеллект элементтері заң шығару үдерісін ашық, жедел әрі сапалы етеді. Цифрлық демократия дәстүрлі өкілдік моделін «тұрақты диалог» форматына айналдырып, депутат пен сайлаушы арасындағы байланысты үздіксіз етеді. Бұл Парламенттің қоғаммен байланысын жаңа деңгейге шығарады.Бір палаталы жүйеге көшу өңірлердің мүддесін ескеретін тиімді тетіктерді қажет етеді. Осы мақсатта Парламент жанынан Өңірлер кеңесін құру, мәслихаттармен институционалдық байланысты күшейту ұсынылады. Бұл «халық – мәслихат – ұлттық Парламент» тізбегін қалыптастырып, жергілікті мәселелердің ұлттық деңгейде шешілуіне жол ашады.Жалпы алғанда, ықпалды Парламент – Әділетті Қазақстанның институционалдық тірегі. Ол саяси бәсекені күшейтеді, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, ашықтық пен жауапкершілікті арттырады. Мұндай жүйе сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың сенімді кепіліне айналады.Біртұтас, көп партиялы және технологиялық тұрғыдан дамыған Парламент – Қазақстанның егемендігі мен орнықты дамуына бастайтын нақты қадам. Бұл – қоғам сеніміне негізделген жаңа саяси дәуірдің бастауы.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ ТУРАЛЫ: ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢА БИЛІК АРХИТЕКТУРАСЫ НЕ ҮШІН КЕРЕК 15.01.2026
Қазақстанда жүзеге асып жатқан саяси реформалардың түпкі мақсаты – шамадан тыс орталықтандырылған басқару үлгісінен арылып, билік пен қоғам арасындағы теңгерімді, ашық әрі бәсекелі жүйе қалыптастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылған бір палаталы Парламент құру идеясы – осы жаңғырудың логикалық жалғасы әрі «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының өзегі.Қазақстан Парламентіне биыл 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде заң шығарушы билік елдің нарықтық экономикаға көшуіне, мемлекеттіліктің нығаюына және саяси тұрақтылықтың сақталуына шешуші үлес қосты. Қос палаталы Парламент, әсіресе Сенат, өтпелі кезеңде тұрақтандырушы институт рөлін атқарып, өңірлер мүддесін қорғау, заңнаманың сапасын қамтамасыз ету және саяси жүйенің эволюциялық дамуына жағдай жасау миссиясын абыроймен орындады.Алайда уақыт өзгерді. Қоғамның саяси мәдениеті өсті, азаматтар өздерін биліктің объектісі емес, толыққанды саяси субъект ретінде сезіне бастады. Осы жаңа қоғамдық сұраныс билік архитектурасын қайта қарауды талап етеді. Бір палаталы, ықпалды Парламентке көшу – өткенге оралу емес, керісінше, жетілген қоғамға сай келетін жаңа саяси кезеңге қадам.Жаңа Парламент партиялық, пропорционалды негізде қалыптасуы тиіс. Бұл көп партиялылықты нығайтып, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін барынша кең қамтуға мүмкіндік береді. Пропорционалды жүйе саяси бәсекелестікті арттырып, партияларды сайлауаралық кезеңде де белсенді жұмыс істеуге ынталандырады. Күшті партияларсыз және пәрменді парламенттік дебаттарсыз Әділетті Қазақстан құру мүмкін емес.Парламенттік реформаның тағы бір маңызды қыры – цифрлық трансформация. Электрондық Парламент, жасанды интеллект пен деректерге негізделген талдау құралдары заң шығару сапасын арттырып, ашықтықты қамтамасыз етеді. Цифрлық демократия қоғам мен билік арасындағы кері байланысты жеделдетіп, Парламентті «тұрақты диалог» алаңына айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде депутаттың рөлі тек заң қабылдаумен шектелмей, қоғаммен үздіксіз коммуникация орнататын саяси көшбасшы ретінде айқындалады.Бір палаталы Парламентке көшу өңірлердің мүддесін ескеретін жаңа тетіктерді де талап етеді. Осы мақсатта Парламент жанынан Өңірлер кеңесін құру, мәслихаттармен институционалдық байланысты күшейту ұсынылып отыр. Бұл «халық – мәслихат – ұлттық Парламент» тізбегін қалыптастырып, жергілікті мәселелердің ұлттық деңгейде естілуіне жол ашады.Жалпы алғанда, парламенттік реформа – тек құрылымдық өзгеріс емес. Бұл – билік жүйесінің философиясын жаңарту, қоғамның үнін шешім қабылдаудың орталығына шығару. Ықпалды, көп партиялы, технологиялық тұрғыдан дамыған Парламент Қазақстанның егемендігі мен тұрақты дамуының берік тірегіне айналуы тиіс.Билік тармақтары арасындағы жаңа теңгерім, ашық саяси бәсекелестік және цифрлық мүмкіндіктерге сүйенген демократия – елдің жарқын болашағына бастар жол. Біртұтас әрі ықпалды Парламент – сол болашаққа қарай жасалған нық әрі жауапты қадам.
Парыгино ауылдық округінің әкімі Төлеков Ғани Әлібекұлының есептік кездесуі 15.01.2026
2026 жылғы 14 қаңтарда Алтай ауданының әкімі Ренат Тілеуханұлы Құрмамбаев және Парыгино ауылдық округінің әкімі Ғани Әлібекұлы Төлековтың Парыгино ауылы мен Бояновск ауылында есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында аудан әкімі ауданның, Парыгино ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуы жөнінде ақпарат берді. Кездесу достық атмосферада өтті. Тұрғындар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Сұрақтарға жауаптар берілді немесе одан әрі жұмыс үшін назарға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1141596?lang=kk
Өзгерту әдісі арқылы салықтық өтінішті кері қайтарып алу бойынша қадамдық нұсқаулық 15.01.2026
Өзгерту әдісі арқылы салықтық өтінішті кері қайтарып алу бойынша қадамдық нұсқаулық«Менің құжаттарым» парақшасында қайтарып алғыңыз келетін салықтық есептіліктің тіркеу нөмірін көшіріңіз.Іздеуде салықтық өтініштің атауын енгізіңіз.Тіркеу нөмірін қойғаннан кейін, салықтық есептіліктің деректері автоматты түрде толтырылады.Қайтарып алу тәсілі ретінде «өзгерту арқылы қайтарып алу себебін көрсетіңіз.Жаңа мазмұнды таңдаңыз«Қалыптастыру» батырмасын басыңыз«Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз.Өндеу аяқталғаннан кейін салықтық өтініштің статусы «өнделді» болып өзгереді.Салықтық есептіліктің статусы да өзгеріп, өзгертілген статусы бар жаңа есептілік қалыптастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1141569?lang=kk
Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде 15.01.2026
Бангкок, 2026 жылғы 14 қаңтар – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиландтың Сауда министрі Супаджи Сутхумпунмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік бар екенін растады. Қазақстан мен Таиланд арасындағы 33 жылдық дипломатиялық қатынастарға негізделген екіжақты байланыстардың жоғары деңгейі атап өтілді.Қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылды Цифрландыру жылы деп жариялағанын хабарлады. Елде цифрлық экономика жүйелі түрде дамып келеді, халықаралық Astana Hub IT-орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ цифрлық секторды дамыту үшін заманауи және ашық нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыратын Цифрлық кодекс қабылданды. Жуырда қол қойылған Қазақстан–Таиланд арасындағы цифрлық саладағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандум цифрлық сауда, финтех, киберқауіпсіздік және «ақылды» логистика бағыттарында практикалық өзара іс-қимылға негіз болатыны атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстанның БҰҰ ЭСКАТО шеңберінде Цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасы таныстырылды.Елші Таиландтың Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтіп, Таиландтың Орталық Азия елдерімен саудасының шамамен 70 пайызы Қазақстанға тиесілі екенін жеткізді. Сондай-ақ 2026 жылғы 8 ақпанда өтетін Таиландтағы парламенттік сайлау сындарлы жағдайда өтіп, елдің одан әрі тұрақты дамуына ықпал етеді деген үміт білдірілді.Әңгіме барысында 2024–2025 жылдары саяси байланыстардың жандана түскені және өзара сауда көлемінің оң динамикасы атап өтілді. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша тауар айналымы 7,5 пайызға өсіп, 235,5 млн АҚШ долларын құрады. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті бұдан да жоғары екенін атап өтті.Сондай-ақ Бірлескен сауда комитеті мен Ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобын іске қосу, Таиландтың Астанада немесе Алматыда Сауда өкілдігін ашу мүмкіндігі, инвестицияларды өзара қорғау және қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдерге қатысты перспективалар талқыланды.Қазақстан агроөнеркәсіптік саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдіріп, Алматы облысындағы «Sea Value» компаниясының жобасын инвестициялық серіктестіктің табысты үлгісі ретінде атап өтті. Сонымен қатар, Орта дәлізді пайдалану арқылы транзиттік-логистикалық өзара іс-қимыл және Алматы, Шымкент – Бангкок бағыттары бойынша тікелей әуе рейстерінің іске қосылуы аясында туризмді дамыту мәселелері қаралды.Өз кезегінде Таиландтың Сауда министрі Супаджи Сутхумпун Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Министр Қазақстанға сапармен келу туралы шақыруды қарастыруға дайын екенін білдіріп, оның аясында Бірлескен сауда комитетінің отырыстарын өткізу, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының қатысуымен бизнес-миссиялар ұйымдастыру мүмкіндігін атап өтті.Таиланд тарапы цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, соның ішінде цифрландыруды өндірістік және агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігін, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қосылған құны жоғары заманауи тізбектерді дамыту және шағын және орта бизнесті қолдау үшін пайдалануға қызығушылық танытты.Сонымен қатар, қаралу үстіндегі екіжақты келісімдер жобаларын ілгерілетуге жәрдемдесуге және өзара қызығушылық тудыратын маңызды материалдар мен сирек жер ресурстары мәселелері бойынша мазмұнды диалогты жалғастыруға дайын екендігі расталды.Қазақстанның Орталық Азия мен ТМД елдерінің нарықтарына шығу үшін сенімді транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі рөлі және қолданыстағы инфрақұрылым мен халықаралық көлік дәліздерін пайдалану мүмкіндіктері ерекше атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға ниетті екенін растады және ынтымақтастықтың жүйелі дамуы Қазақстан-Таиланд қатынастарын жаңа сапалы деңгейге көтеруге ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1141542?lang=kk
Қармақшыда аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті конференциясы өтті 15.01.2026
Бүгін «Руханият» орталығында Қармақшы аудандық ардагерлер ұйымының кезекті есеп беру, сайлау конференциясы өтті.Конференцияға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, 80-нен аса аудан ардагерлері, кент және ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.Конференцияда алғашқы болып сөз сөйлеген аудан әкімі Жандос Еркінбек ардагерлер ұйымының аудан өміріндегі орнын ерекше атап өтті. Сондай-ақ аудан дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, ардагерлерге өз алғысын білдірді.Күн тәртібіне екі мәселе шығарылды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков 2021–2025 жылдары атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамада ардагерлер ұйымының қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы, жастарға өнеге көрсету, бірлік пен тұрақтылықты нығайту бағытында атқарылған жұмыстар кеңінен айтылды.Есептік баяндаманы талқылау барысында ауданның Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық білім саласы ардагерлер ұйымының төрайымы Талмаш Жұмабаева, Қармақшы ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Мұхтар Таңбаев сөз сөйлеп, ұйымның жұмысына оң баға беріп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ұйымның Пленум және Алқа құрамдары сайланды. Алқа мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Мереков Асқар Ермағанбетұлы, ал орынбасары болып Таңбаев Кенжебек Ерманұлы бірауыздан сайланды.Конференцияны қорытындылаған Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы аудан ардагерлерінің белсенділігіне жоғары баға беріп өтті.Сондай-ақ қоғамдық-саяси өмірде белсенділік танытып жүрген бірқатар ардагерлерге аудан әкімі атынан және облыстық ардагерлер кеңесі тарапынан Алғыс хаттар, Құрмет грамотасы мен «Қызылорда облысының Құрметті ардагері» төсбелгісі тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1141553?lang=kk
Ағымдағы жылы Қазақстан-бразилиялық ынтымақтастығын дамыту жоспарлары талқыланды 15.01.2026
Бразилиа қ., 2026 жылғы 14 қаңтар – Бразилия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің БФР Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанкпен кездесуі өтті. Кездесуге БФР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсело Биату да қатысты.Тараптар, кездесу барысында 2025 жылғы 8 желтоқсанда Астанада өткен 7-ші Қазақстан-Бразилиялық саяси консультациялардың қорытындысы бойынша қол жеткізілген және екіжақты саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және салалық ықпалдастықты кеңейтуге, сондай-ақ өңірлік және көпжақты құрылымдар аясындағы бастамаларды үйлестіруге бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.Алдағы халықаралық іс-шараларға, соның ішінде 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит пен 2026 жылғы наурызда Кампу-Гранде қаласында өтетін көшпелі жабайы жануарлардың түрлері туралы Конвенцияға арналған Халықаралық конференцияға екі ел өкілдерінің қатысуының ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ тараптар, жоғары және жоғарғы деңгейлерде екіжақты сапарларды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстан-бразилиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1141521?lang=kk
Гонконгте жасанды интеллект саласындағы технологиялық бастамалардың өзара әрекеттестігі мен болашағы талқыланды 15.01.2026
Гонконг, 2026 жылғы 9 қаңтар – Қазақстан Республикасының аймақтары мен Гонконг арасындағы жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы (АӘА) Бас консулдығында Павлодар қаласындағы «Huazhi Future», «ChinoLite» және «Omis Inc.» компанияларының өкілдерінің кездесуі өтті.Кездесуге қатысқан компаниялардың Гонконг құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Гонконг компанияларына қазақстандық тараптың аймақтарда қауіпсіздік жүйелеріне, тұлғаны тануға, киберқылмыспен және есірткі саудасына қарсы іс-қимылға жасанды интеллект шешімдерін енгізуге мүдделі екенін хабарлады.Өз кезегінде «Huazhi Future» компаниясының өкілдері Қытайдың құрлық бөлігінде орналасқан Чунцин, Ханчжоу және Шэньчжэнь қалаларындағы іске қосылған деректер орталықтарын таныстырды. Дүниежүзілік есептеу қуатына сұраныстың артуын ескере отырып, «Huazhi Future» компаниясының Басшысы Қазақстанда деректер орталықтарын салуға мүдделі екенін білдірді.Кездесу қатысушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау бастамасының маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Бас консул бірлескен іс-шараларды, хакатондар мен жаңа кәсіптік презентацияларын өткізуге қызығушылық білдірді.«OMIS Inc.» IT-компаниясы мемлекеттік және іскерлік салаларға арналған цифрлық шешімдерді жүзеге асырады және бірнеше жыл бойы Павлодар облысы прокуратурасы және өңірдің құқық қорғау органдарымен бірлесіп құқық тәртібі саласында тығыз жұмыс жүргізіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1141525?lang=kk
Алмалы ауданында тұрғын үй қатынастары, абаттандыру және қауіпсіздік мәселелері талқыланды 15.01.2026
Алмалы ауданы әкімдігінде тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй қорын басқару, абаттандыру және қауіпсіздік мәселелері бойынша ПИК мен МИБ төрағаларымен кездесу өтті.Кездесуге ҚР Мәжілісінің депутаты Ерлан Дәулетұлы Стамбеков, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Маратұлы Қайырханов, Алмалы ауданы полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Саадулла Сиязханов, сондай-ақ ПИК, МИБ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1141499?lang=kk
Чехия Президенті Қазақстан Елшісінен сенім грамоталарын қабылдады 15.01.2026
Прага, 2025 жылғы 14 қаңтар – Прага Қамалында Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чех Республикасының Президенті Петр Павелге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім аясында қазақстандық дипломат пен чех мемлекет басшысы әңгімелесіп, екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін растап, оларды одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықтарын білдірді.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу барысында жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мүддесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны қанағаттанушылықпен тілге тиек етілді.Елші чех тарапының назарын Қазақстандағы жаңғырудың жаңа кезеңіне аударып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген жаңа жылдық сұхбатында айқындалған орнықты экономикасы, тұрақты саяси жүйесі және қоғамдық игіліктерді әділ бөлу қағидаты бар құқықтық мемлекет құру басымдықтарын атап өтті. Чех кәсіпкерлері Қазақстандағы экономикалық өзгерістерге, әсіресе энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларына ерекше қызығушылық танытып отыр. Себебі, чех компаниялары дәл осы салаларға қажетті, ресурсты үнемдейтін және экологиялық таза озық технологиялармен жабдықталған.Осы және өзге де өзара тиімді қазақстан-чех ынтымақтастығының бағыттары бойынша жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулерді әзірлеу мақсатында екі елдің үкіметтері, іскер және қоғамдық топтары желісі арқылы үйлестірілген жұмыс жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1141504?lang=kk
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр 15.01.2026
Биылғы жылдың 4 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының уақытша кеңейтілген тізбесі енгізілді. Бұған дейін тізбе 19 атаудан тұрса, қазіргі уақытта ол 31 атауға дейін кеңейтілді. Аталған тауарлардың қатарына қияр, қызанақ, алма, шай, қаймақ, балық, сиыр еті (сүйекті және сүйексіз), тауық еті, тауық, жылқы еті және қатты ірімшік кірді.Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, биылғы жылдың бірінші аптасының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 0,2 пайызды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде де бұл көрсеткіш 0,2 пайыз деңгейінде тіркелген. Сонымен қатар, биыл аталған көрсеткіш кеңейтілген тауарлар тізбесін ескере отырып қалыптасқанын атап өткен жөн, бұл бірінші кезектегі азық-түлік өнімдері бағасының тұрақты екенін көрсетеді.Кеңейтілген тізбеге енгізілген бірқатар жаңа тауар позициялары бойынша бағаның 0,1–0,5 пайыз аралығында төмендегені байқалуда. Бұл төмендеу көлемі жағынан шамалы болғанымен, бағаны тұрақтандыру үдерісінің басталғанын және қысқа мерзім ішінде алғашқы нәтижелерге қол жеткізілгенін көрсетеді. Атап айтқанда, жеміс-көкөніс өнімдері бойынша алма бағасы 0,5 пайызға, қияр мен қызанақ бағасы 0,4 пайызға арзандады. Бакалея өнімдері сегментінде қатты және жартылай қатты ірімшіктердің бағасы 0,3 пайызға, қара шай бағасы 0,2 пайызға төмендеді. Сондай-ақ ет және балық өнімдері тобы бойынша баға 0,1 пайызға төмендеді, ал сүт өнімдері ішінде қаймақ бағасының 0,1 пайызға арзандауы тіркелді.Бағаны тежеу мақсатында жыл басынан бері сауда нысандарында бағаға тұрақты мониторинг жасалып, бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда 13 қаңтарда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары Даулен Кабдушев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп елордадағы базарларда баға мониторингін өткізіп, сатушыларға түсіндіру жұмыстарын өткізді.«Осындай жұмыстарды өңірлердегі әріптестеріміз де тұрақты жүргізіп жатыр. Қазір сатушыларға бұрын ӘМАТ тізбесінде болмаған тауарлардың енді тізімге қосылғанын түсіндіріп жатырмыз. Бұл дегеніңіз Сауда комитеті тарапынан жаңадан тізімге қосылған тауарлардың сауда үстемесіне мемлекеттік бақылау жүргізіледі деген сөз. Айта кету керек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік тауарларға қойылатын максимал сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы керек», - деді Даулен Кабдушев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1141505?lang=kk
"Бала және заң" 14.01.2026
"Бала және заң"Бастауыш сыныптарда «Бала және заң» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға заң дегеніміз – адамдардың қоғамда дұрыс өмір сүруі үшін қойылған ережелер екені түсіндірілді. Әрбір баланың білім алуға, демалуға, ойын ойнауға, қауіпсіз ортада өмір сүруге құқығы бар екені айтылды.Сонымен қатар оқушыларға өз құқықтарымен қатар міндеттері де бар екені түсіндірілді. Атап айтқанда, мектеп ережесін сақтау, үлкендерді сыйлау, мұғалімнің сөзін тыңдау, достарымен тату болу – әр баланың міндеті екені айтылды. Сабақ барысында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылар өз құқықтары туралы білгендерін суреттер салу арқылы түсіндірді.Тәрбие сағаты оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, тәртіпті, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-shaken/press/news/details/1141463?lang=kk
Жаңаөзен қаласында көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды 14.01.2026
Жаңаөзен қаласында көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталдыҚазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығы негізінде Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарды қоса алғанда 61 көпбалалы ана мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде 18 анаға «Алтын алқа», 43 анаға «Күміс алқа» табысталды.Қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов аналарды құттықтап, олардың отбасы мен қоғамдағы орны айрықша екенін атап өтті. Марапат иелері мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, балаларды тәрбиелеу – ең абыройлы міндет екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1141473?lang=kk
«Халық бухгалтері» акциясы аясындағы Ашық есік күні 14.01.2026
2026 жылғы 14 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында республикалық «Халық бухгалтері» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін Ашық есік күні өтті.Іс-шара барысында мемлекеттік кірістер органдарының мамандары кәсіби бухгалтер «Есеп.kz» КББ өкілімен бірлесіп жаңа Салық кодексі, салық есептілігін тапсыру, ҚҚС, арнайы салық режимдері және өзін-өзі жұмыспен қамтуға көшу мәселелері бойынша консультациялар өткізді.«Халық бухгалтері» акциясы 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Консультациялар Өскемен қ., Н. Назарбаев даңғ., 86, 3-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі:қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.Басқа қалалар мен аудандардың тұрғындары үшін бейнебайланыс форматында кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1158185?lang=kk
Азаматтарды қабылдады 14.01.2026
№ 5 сайлау учаскесінің депутаты Веригин Дмитрий Николаевич сайлаушыларды қабылдау кестесіне сәйкес Новополяковка ауылында азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында ауыл тұрғындарынан бірқатар әлеуметтік және өзекті мәселелер көтерілді.Атап айтқанда, ауыл тұрғыны егістік жерлердің елді мекенге тікелей жақындығына, сондай-ақ "Таулы" ЖШС шаруашылық тарапынан ауыл шаруашылығы дақылдарын химиялық құралдармен өңдеу нәтижесінде аралардың жаппай жойылу фактілеріне алаңдаушылық білдірді.Сонымен қатар, Новополяковка ауылында фельдшердің болмауы туралы мәселе көтерілді. Қазіргі уақытта Бесуй ауылының фельдшері ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді, бұл тұрғындарға қолайсыздықтар туғызады.Сонымен қатар, ауылдың қарт тұрғындары дәріхананың жоқтығына шағымданып, дәрі-дәрмек алу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болғанын хабарлады.Барлық көтерілген мәселелер бойынша депутат тиісті түсініктемелер берді, заңнама шеңберінде шешу жолдары мен ұсынымдар айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1141363?lang=kk
Әлеуметтік салық: 2026 жылдан бастап есептеу тәртібіндегі өзгерістер 14.01.2026
Әлеуметтік салық: 2026 жылдан бастап есептеу тәртібіндегі өзгерістер2026 жылдан бастап әлеуметтік салықтың (ӘС) мөлшерлемесі 6 % болып белгіленді, бұл ретте әлеуметтік салық сомасын әлеуметтік аударымдар сомасына азайту қажеттілігі алынып тасталды.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 1,8 % болып белгіленеді (бұрын қолданылған 70 %-ға төмендету орнына) және ол келесі қызмет түрлері бойынша қолданылады:өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу;өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерін өткізу.Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар әлеуметтік салықты:өздері үшін — 2 АЕК;әрбір жұмыскер үшін — 1 АЕК мөлшерінде есептейді.Шаруа немесе фермер қожалықтары өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, сондай-ақ оны қайта өңдеу қызметін жүзеге асырған кезде әлеуметтік салықты:өздері үшін — 0,6 АЕК;әрбір жұмыскер үшін — 0,3 АЕК мөлшерінде есептейді.Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер әлеуметтік салықты төлеуден босатылады, оның ішінде:өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтіндер;шаруа немесе фермер қожалықтары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1141317?lang=kk
Алакөл ауданының салық басқармасында ашық есік күні өтті 14.01.2026
Алакөл ауданының салық басқармасында ашық есік күні өттіАлакөл ауданының салық басқармасында өткен ашық есік күні салық төлеушілер үшін маңызды шара болды. Бұл іс-шара жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістерін түсіндіру мен халық есепшісі республикалық акциясын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Ашық есік күні барысында салық төлеушілер салық саласындағы жаңашылдықтар, төлемдер тәртібі, жеңілдіктер мен салық жеңілдіктерін алу шарттары бойынша толығымен ақпарат алды.Сондай-ақ, салық төлеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар толық әрі түсінікті түрде берілді. Шарада салық басқармасының қызметкерлері мен мамандары жеке және заңды тұлғаларға салық саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жеткізді. Сонымен қатар, ашық есік күні салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық декларацияларын толтыру және салықтық есептілік бойынша көмек көрсету мақсатында арнайы консультациялар ұйымдастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1141325?lang=kk