Enbekshi QazaQ

Әлем

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні! 11.07.2026
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні! 23 маусым - Мемлекекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада өңіріміздің өркендеуіне үлес қосып, мемлекеттік саясатты іске асыруда қажырлы еңбек етуші қызметкерлер марапатталды.Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде орындап, кәсіби біліктілігімен және еңбексүйгіштігімен ерекшеленген басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне, атап айтқанда, Багитов Максот Урынбаевичке, Кусаинова Гульбакыт Бактыгереевнаға, Муратова Рухиля Узакбаевнаға, Аубекерова Назымгуль Кожбановнаға, Ризуанова Назгуль Бакыткалиевнаға Атырау облысы әкімінің алғыс хаты табысталды.Салтанатты жиында мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызды рөлі атап өтіліп, сала қызметкерлеріне алдағы жұмыстарына табыс және жаңа жетістіктерге ие болуға тілек білдірілді.Әріптестерімізді құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1246395?lang=ru
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада Департамент командасы жоғары нәтиже көрсетті 11.07.2026
🏆🏆🏆 2026 жылғы 19 маусымда Тараз қаласында «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада өтті;🔹 Облыстық спартакиада спорттың тоғыз түрінен (кіші футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстөл теннис, жүзу, шахмат, қазақ күресі, кибер спорт және баскетбол) өтті. Спорттық іс – шараларға жалпы 20 құрама командалар қатысып, солардың ішінде Кірістер  департаментінің командасы жалпы командалық – 3 ші орынды иеленді.🔹 Спартакиадаға департаменттен жалпы 42 спортшылар қатысып, департамент қызметкерлері командалық спорт түрлерінен кіші футбол және баскетбол (ерлер) жарысынан жүлделі 2-ші орындарды иеленді.Сонымен қатар, жекелей жарыс түрлерінен келесі қызметкерлеріміз жүлделі орындарға ие болды.-Шахматтан ерлер арасында Сейлхан Бәшен Рахманұлы – 1-ші орын.-Жүзуден ерлер арасында Умбетбаев Әбдікәрімсәти Ерланұлы – 1-ші орын.-Жүзуден қыздар арасында Дуйсебаева Айжан Амангельдыевна – 2-ші орын.-Қазақ күресінен 74 кг салмақта  Сайлау Алдияр Миятбекұлы – 2-ші орын.-Қазақ күресінен 100 кг салмақта  Кенжебеков Ержан Сарсенбекович – 2-ші орын.-Үстел теннисінен қыздар арасында Жанабаева Асель Бахытовна – 2-ші орын.Департаменттің қызметкерлері тек кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын, белсенді әрі, өз ұжымының абыройын биік ұстайтын тұлға екенін дәлелдеді; 🔹 Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту және командалық рухты нығайту.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1246396?lang=ru
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріне Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп жатыр 11.07.2026
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесін дамыту мақсатында ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы басқармасы Voenmart пилоттық жобасын іске асыруды бастады.Қазіргі уақытта бұл жоба Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде, Гвардейск гарнизонның оқу орталығында, Астанадағы 68665 әскери бөлімінде және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде енгізілді. Аталған әскери бөлімдерде тапсырыс рәсімдеу үшін жеткізуші тарапынан тегін негізде терминалдар мен планшеттер орнатылды. Алдағы уақытта планшеттер әскери бөлімдердің балансына беріледі.– Voenmart – әскери тұрмысты ұйымдастырудың жаңа деңгейі. Цифрлық форматтың арқасында әскери қызметшілер қажетті тауарларға ыңғайлы әрі жедел қол жеткізе алады. Бұл әскери қызмет жағдайларын жайлы етіп, заманауи талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмат Маханов.Voenmart жүйесі сарбаздарға қажетті тауарларға тапсырыс беріп, оларды әскери бөлім аумағына тегін жеткізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар жеткізілетін өнімдердің сапасын бақылаудың көп деңгейлі жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ тапсырыстарды есепке алу мен бақылаудың ашық жүйесі жұмыс істейді. Ол өз кезегінде әскери қызметшілер рәсімдеген тапсырыстарды бақылауға мүмкіндік береді.Әскери бөлімдердегі дәстүрлі сауда нүктелерінен айырмашылығы – Voenmart ассортименті айтарлықтай кеңейтілген. Мұнда жеке гигиена құралдары, тігін бұйымдары және басқа да қажетті заттармен қатар, әскери қызметшілерге жаңа піскен жемістер, шырындар, танымал тіскебасарлар, нан өнімдері және күнделікті сұранысқа ие басқа да тауарлар қолжетімді.Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – ыстық тағамдарды жеткізу қызметінің ұйымдастырылуы. Әскери қызметшілер бәліш, бургер, пицца және басқа да тағамдарға тапсырыс бере алады, әрі олар ыстық күйінде жеткізіледі.Бұл жерде маңызды артықшылықтардың бірі – жеткізудің тегін болуы. Әскери қызметшілер қосымша комиссиялар мен қызмет көрсету төлемдерінсіз тек тауардың өз бағасын ғана төлейді. Бұл қызметті сарбаздар үшін барынша қолжетімді етуге мүмкіндік береді.Пилоттық жоба нәтижесі бойынша оның тиімділігі бағаланып, кейіннен Voenmart жүйесін Қазақстан Қарулы күштерінің басқа да әскери бөлімдеріне кезең-кезеңмен енгізу мүмкіндігі қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1246379?lang=ru
Аудит басқармасының қызметкерлерге семинар 11.07.2026
Бүгін 23 маусымда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық тексерулерге қатысты қызметкерлерге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік теориясы бойынша оқыту семинар өткізілді. Шараға Ақмола облысы кәсіпкерлерді қолдау орталығының өкілдері Ризагүл Галадий мен Ризагүл Соғымбаева қатысты.Іс-шара барысында барлық сұрақтарға құзыретті жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1246365?lang=ru
Қазақстан мен Оңтүстік Корея парламентаралық диалогты нығайтуда 11.07.2026
Сеул, 2026 жылғы 22 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Ли Чжэ Канмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жоспарланған сапары мен оның алғашқы «Орталық Азия - Корея Республикасы» Саммитіне қатысуына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әңгімелесушілер алдағы жоғары деңгейдегі байланыстар екіжақты стратегиялық әріптестікті дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға қуатты серпін беретініне сенім білдірді.Тараптар алдағы көпжақты іс-шараның өңіраралық ынтымақтастықты нығайтудағы және экономика, инвестициялар, инновациялар мен орнықты даму салаларындағы ортақ күн тәртібін ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат кореялық парламентарийді Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар туралы айтты. Атап айтқанда, саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға, орнықты экономикалық өсім мен инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған өзгерістер жөнінде айтып, Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелерімен таныстырды.Тараптар Қазақстандағы корей диаспорасының екі ел халықтары арасындағы достықты, сенімді және өзара түсіністікті нығайтудағы бірегей рөлін ерекше атап өтті. Көптеген жылдар бойы корей этносы Қазақстан мен Корея арасындағы берік достық көпірі болып келеді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға, гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының мүдделеріне сай жаңа бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1246367?lang=ru
Қазақстан ЕО-ның өңіраралық өзара байланыстылықты нығайту платформасының іске қосылуына қатысты 11.07.2026
Брюссель, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Қара теңіз өңірі елдері мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара байланыстылық күн тәртібі платформасының (Connectivity Agenda Platform) іске қосылуына арналған жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты.Іс-шара барысында сөз сөйлеген А. Исетов Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өзара байланыстылықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ көлік, энергетика және цифрландыру салаларындағы практикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі экономика және Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды буын ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Қазақстанның көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды дәйекті түрде іске асырып, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып отырғаны атап өтілді.А. Исетов Платформаның іске қосылуын 2025 жылғы қазанда Люксембургте өткен Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Қара теңіз өңірі және Еуропалық одақ арасындағы өзара байланыстылықты нығайту мәселелері жөніндегі министрлік кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты нәтижесі ретінде құптады. Ол жаңа Платформа қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін толықтырып, Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі үйлестіру платформасымен өзара іс-қимыл негізінде жұмыс істейтіні атап өтілді.Қазақстан Платформаның қызметіне белсенді қатысуға және бірлескен инфрақұрылымдық әрі инвестициялық жобаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.Қатысушылар көлік, энергетика және цифрландыру салаларындағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді, өңіраралық өзара байланыстылықты одан әрі дамыту перспективаларын, инфрақұрылымды жаңғырту және бірлескен жобаларға инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.Іс-шараға Еуропалық комиссияның өкілдері, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Қара теңіз өңірі елдерінің министрлері, халықаралық қаржы институттарының басшылары, соның ішінде Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк өкілдері, сондай-ақ бизнес қауымдастық мүшелері қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1246371?lang=ru
Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды 11.07.2026
Үндістанның Нью-Дели қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты жалғасуда. Аталған жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы командалық сайыста қола медаль жеңіп алды.Ұлттық құраманың сәтті өнер көрсетуіне алматылық спортшылар Жанат Нәбиев пен Нұрмұхаммед Жайлыбай зор үлес қосты. Олар Қазақстан құрамасы сапында Артем Саркисян және Назарбай Саттарханмен бірге сынға түсті.Жарыс кезінде қазақстандықтар Иран құрамасын 45:33, Өзбекстан құрамасын 45:43 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің жартылай финалына шықты. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде олар турнир фавориттерінің бірі Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен жол берді.Үшінші орын үшін өткен тартысты бәсекеде қазақстандық спортшылар жоғары шеберлік пен табандылық танытып, Қытай құрамасын 45:44 есебімен ұтты. Осылайша олар Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.Семсерлесуден Азия чемпионаты 24 маусымда аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1246346?lang=ru
Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді 11.07.2026
Travel XP халықаралық телеарнасы Instagram желісінде Қазақстанға арналған жаңа шығарылымның тизерін жариялады. Бағдарламада Алматы саяхаттың басты бағыты ретінде таңдалған. Жаңа шығарылым 2026 жылдың маусым айының соңында әлемнің 110-нан астам елінде көрсетіледі.Түсірілім жұмыстары барысында Travel XP шығармашылық тобы Алматыға арнайы келіп, мегаполистің ең танымал туристік орындарын таспаға түсірді. Бағдарламада Көктөбе, Көк базар, Арбат, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы, Республика сарайы және шаһардың өзге де көрікті нысандары қамтылған. Түсірілімді ұйымдастыруға Almaty Tourism Bureau қолдау көрсетті.Алдағы шығарылым халықаралық аудиторияны Қазақстанның ең ірі қаласының табиғатымен, бай мәдениетімен, гастрономиялық ерекшеліктерімен және заманауи тыныс-тіршілігімен таныстырады.Әлемдегі жетекші туристік телеарналардың бірінде Алматы туралы бағдарламаның көрсетілуі қаланың туристік әлеуетін ілгерілетудің тиімді тетігіне айналмақ. Бұл жоба миллиондаған көрерменге Алматының көркем тау табиғаты, қарқынды қала мәдениетін және сан алуан демалыс мүмкіндіктері туралы кеңінен мағлұмат береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1246349?lang=ru
Департаментте мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті 11.07.2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай 23 маусым 2026 ж. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.Мерекелік жиынға мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлер және салық төлеушілер қатысты.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, одан жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті;Ары қарай, Департаменттің басшысы Төлеген Қапсалықұлы Сарсембаев құттықтау сөзін айтты. Содан марапаттау рәсімі басталды, марапаттау рәсімі үш кезеңге бөлініп, атап айтқанда:Бірінші - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бастамашылығымен 5 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейін жалғасатын Жамбыл облысында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясына белсенді ат салысып өз тараптарынан қомақты үлестерін қосқан төрт бухгалтерлерді Қазақстан Республикасы Қаржы Министірі Мади Такиевтың «Алғыс хаттарымен»: Токарева Оксана Иволевна; Амирова Жанна Амировна; Абакова Алия Копжасаровна және Сарыбаева Шолпан Жангазыевна марапатталды.Марапаттаудың екінші бөлігінде: кірістер органдарында мемлекеттік қызметтегі мінсіз еңбегі мен жоғары кәсібилігін көрсеткен жас мамандардың ата-аналары марапатталды. Жалпы 13 жас қызметкерлердің ата-аналары марапатталды.Марапаттаудың үшінші бөлігінде: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін, сондай-ақ Департаменттің қоғам өміріне белсенді қатысқан (оның ішінде спорттық іс-шараларына Департаменттің беделін көтерген) 22 қызметкер құрмет грамоталармен марапатталды.Одан кейін кірістер органдардың ардагері Қонысбай Қуандықұлына сөз беріліп, ол кісі құттықтауды жасады.Жиын сонында концерттік бағдарламамен салтанатты жиналыс жалғасын тапты.Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметке құрметті арттыру, мемлекеттік қызметті дәріптеу және мемлекеттік қызметінің беделін арттыру болып табылады.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1246352?lang=ru
Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендер лақтады 11.07.2026
Алматы хайуанаттар бағында Стелла мен Айна есімді ақбөкендер лақтады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.Ақбөкен (Saiga tatarica) – мұз дәуірінен бері жер бетінде сақталып келе жатқан жануарлар дүниесінің ең көне өкілдерінің бірі. Қазіргі таңда бұл сирек түр ерекше қорғауға алынып, табиғатты сақтау тұрғысынан маңызды мәртебеге ие.Мамандардың айтуынша, жаңа туған лақтардың жағдайы жақсы. Олар өсіп-жетіліп, аналарынан бір елі ажыраған емес. Әзірге төлдер ана сүтімен қоректенуде, ал уақыт өте келе табиғи өсімдік тектес азыққа біртіндеп бейімделеді.Алматы хайуанаттар бағы ақбөкендерді қолда өсіріп, тұрақты түрде төл алып отырған санаулы зоологиялық мекемелердің бірі. Мамандар мұны сирек кездесетін жануар түрін сақтауға және биологиялық алуандықты қорғауға бағытталған жұмыстың маңызды нәтижесі ретінде бағалайды.Қазір лақтардың жасы шамамен бір айға таяған. Олар ветеринар мамандардың тұрақты бақылауында болып, жасына сай дамып келеді.Бүгінде хайуанаттар бағына келушілер ақбөкеннің сүйкімді лақтарын көріп, қазақ даласының ең сирек жануарларының бірін тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1246343?lang=ru
Урбанистикадан жасанды интеллектке дейін: Алматыдағы «Талдау мектебі» жұмысын қорытындылады 11.07.2026
Алматыда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Талдау мектебі. Алматы» білім беру жобасы қорытындыланды.Жоба бес жылдан бері табысты жүзеге асырылып келе жатқан «Талдау мектебі» бастамасының өңірлік жалғасы ретінде қолға алынды. Оның мақсаты – сараптамалық ойлау мәдениетін дамыту, сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру және Алматы қаласының өзекті мәселелеріне қатысты тиімді шешімдер әзірлеу.Жобаға қызығушылықтың жоғары болғанын іріктеу нәтижелері көрсетті. Өтінім қабылдау кезеңінде 218 өтінім түсіп, олардың ішінен 65 қатысушы бағдарламаға қабылданды. Қатысушылар қатарында ғылыми қауымдастық, жоғары оқу орындары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, халықаралық ұйымдар, сараптамалық орталықтар, ІТ индустриясы, бизнес және азаматтық сектор өкілдері болды.Білім беру бағдарламасы Narxoz Business School базасында өтті. Алты апта бойы қатысушылар стратегиялық жоспарлау, деректерді талдау, мемлекеттік басқару, урбанистика, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, экология, туризм және креативті экономика бағыттары бойынша білімін жетілдірді.Бағдарлама аясында аналитикалық құралдарды тәжірибеде қолдануға және Алматының тұрақты дамуына бағытталған шешімдерді әзірлеуге басымдық берілді.Жобаның спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун, Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов, Freedom Telecom компаниясының бас директоры Қайрат Ахметов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов, халықаралық inDrive сервисінің негізін қалаушы Арсен Томский, сондай-ақ отандық және шетелдік жетекші сарапшылар болды.Оқу барысында қатысушылар жеті бағыт бойынша жұмыс істеді: «Мегаполисті ақылды басқару», «Креативті экономика және мәдени стратегия», «Туризм және халықаралық ілгерілету», «Урбанистика және кеңістіктік даму», «Экология және тұрақты қалалық орта», «Цифрлық экономика және инновациялық экожүйелер», сондай-ақ «Тұрақты даму және әріптестік».Бағдарлама қорытындысы бойынша командалар Алматыны дамытудың негізгі бағыттарына қатысты талдамалық жоба мен практикалық ұсыным әзірледі. Соңғы кезеңде қатысушылар «DATA-DRIVEN CITY іс жүзінде» тұжырымдамасы аясында деректі талдау мен заманауи қалалық басқару тәсілдеріне негізделген жоба қорғады.Жобаның жабылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов сөз сөйледі. Жобаларды қорғаудан кейін түлектерге сертификат табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Талдау мектебі. Алматы» қаланың тұрақты дамуына бағытталған практикалық шешімдер әзірлей алатын, заманауи аналитикалық тәсілдерді қолданатын және деректер мен сараптамалық білімге негізделген Алматының ұзақ мерзімді даму стратегиясын қалыптастыруға үлес қоса алатын жаңа буын мамандарын даярлайтын тиімді алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1246330?lang=ru
Алматыда спорттық резервті ғылыми қолдау бағдарламасы басталды 11.07.2026
Алматы қаласының Спорт басқармасы спорттық резерв спортшыларын функционалдық диагностикадан өткізу және ғылыми-медициналық қолдау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастады.Бүгінде спортшыны даярлау тек жаттығу мен жарысқа қатысумен шектелмейді. Спортшы ағзасының жүктемені қалай қабылдайтынын, қалпына келу деңгейін және шамадан тыс шаршау мен жарақат алу қаупінің бар-жоғын анықтау да аса маңызды. Сондықтан спорт ғылымының заманауи жетістіктері әлемдік тәжірибеде спортшыларды даярлаудың ажырамас бөлігіне айналып отыр.Бағдарлама аясында спортшылар спорттық медицина мен функционалдық диагностиканың озық әдістерін пайдалана отырып, кешенді тексеруден өтеді. Зерттеу барысында мамандар жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін, тыныс алу жүйесінің жай-күйін, төзімділік деңгейін және ағзаның физикалық жүктемеден кейінгі қалпына келу қабілетін бағалайды. Ол үшін InBody аппараты арқылы дене құрамын талдау, электроэнцефалография (ЭЭГ), сондай-ақ нақты уақыт режимінде сымсыз электрокардиографиялық бақылаумен жүргізілетін эргоспирометриялық тестілеу сияқты заманауи диагностикалық технологиялар қолданылады.Жоба Trinity Corp спорттық медицина және диагностика орталығының базасында жүзеге асырылуда. Қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде алматылық спортшылар кешенді медициналық тексеруден арнайы шарттар негізінде өту мүмкіндігіне ие болды. Диагностика спортшылардың функционалдық мүмкіндіктерін объективті бағалауға арналған арнайы жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.Бағдарламаның алғашқы қатысушылары спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері болды. Қазіргі уақытта 133 жас спортшы тереңдетілген диагностикалық тексеруден өтуде. Жыл соңына дейін жоба аясында республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын Алматының спорттық резервіндегі 200-ден астам спортшы тексеруден өтеді.Спорттық медицина дәрігерінің айтуынша, мұндай диагностиканың басты артықшылығы спортшының қазіргі физикалық дайындығын бағалаумен ғана шектелмейді.«Заманауи спорттық диагностика ағзаның шамадан тыс шаршаудың, қалпына келудің жеткіліксіздігін және спорттық нәтижелердің төмендеуіне не жарақатқа әкелуі мүмкін қауіп-қатерлерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер жаттықтырушылар мен мамандарға жаттығу үдерісін неғұрлым тиімді жоспарлап, жүктемені әр спортшының ерекшелігіне сай реттеуге және оның жағдайын даярлықтың барлық кезеңінде бақылауда ұстауға көмектеседі», – дейді маман.Жоба аяқталғаннан кейін оның нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіліп, Алматы қаласының спорттық резерв спортшыларын ғылыми қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттары қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1246335?lang=ru
Қазақстан мен Марокко минералды тыңайтқыштар саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуда 11.07.2026
2026 жылғы 19 маусымда Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Касабланкадағы OCP Group штаб-пәтерінде OCP Nutricorps компаниясының Бас директоры Фарис Дерриджмен кездесті.Ф.Дерридж соңғы 4-5 жыл ішінде Қазақстан мен Марокконың белсенді саяси және сауда-экономикалық диалог орнатып, Орталық Азия мен Солтүстік Африка арасындағы байланыстарды нығайтуға ұмтылып жатқанын атап өтті. Қазақстан OCP Group-тің шикізатпен қамтамасыз етілуінде маңызды рөл атқаратын компанияның негізгі күкірт жеткізушілерінің бірі болып табылатынына назар аударды.Елші С.Сайлауқызы, өз кзегінде, табиғи ресурстар, өнеркәсіп және аграрлық сектор салалары бойынша Қазақстанның экономикалық әлеуетімен таныстырды.Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Ф.Дерриджді осы жылдың шілде айында Корольдікке Қазақстанның өкілетті іскерлік делегациясының алдағы сапары туралы хабарлап, оның аясында Касабланкада бірқатар ірі қазақстандық компаниялар мен ведомстволардың қатысуымен Қазақстан-Марокко Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтетінін жеткізді.Сұхбаттастар минералды тыңайтқыштар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын да талқылап, өзара іс-қимылдың ықтимал форматтары туралы пікір алмасты және ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға екіжақты мүдделіліктерін растады.Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың оң серпіні де ерекше атап өтілді, оған сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 460 млн. долл. асып, екіжақты ынтымақтастықтың тарихында рекордтық деңгейге жетті. Тараптар мұндай әсерлі нәтиже екі мемлекет іскерлік ортасының өзара мүдделігінің тұрақты өсіп жатқандығын айқын дәлелдейтінін және Марокконың Қазақстанның Африка құрлығындағы ең ірі сауда серіктесі мәртебесін бекітетінін атап өтті.Анықтама: OCP Group – Марокко Корольдігінің ең ірі мемлекеттік компаниясы және фосфатты шикізатты өндіру, фосфор қышқылы мен минералды тыңайтқыштар өндіру саласындағы жетекші әлемдік ойыншылардың бірі. Компания дүниежүзілік фосфатты шикізат қорының шамамен 70% қол жеткізуді бақылайды және фосфорлы тыңайтқыштардың жаһандық нарығында үстем жағдайды иеленіп, 85 елге өнім жеткізеді. Компания Азия мен Африка нарықтарындағы позицияларды нығайту және төмен көміртекті өндірісті дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық бағдарлама іске асыруда. OCP Nutricorps – халықаралық нарықтарда тыңайтқыштарды жылжыту және өткізуге маманданған OCP Group-тің еншілес құрылымы.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1246318?lang=ru
Робототехника, интеллект және спорт: «Айбын-2026» жиынында байқау сынақтары басталды 11.07.2026
 ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» полигонында өтіп жатқан «Айбын-2026» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны аясындағы жарыстарға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген мыңға жуық ұл-қыз қатысып жатыр.Жиынға қатысушылар далалық лагерьге бейімделіп, жарыс шарттарымен танысып үлгерді. Барлығы әскери тәртіпке келтірілген. Жас патриоттар керней үнімен оянып, таңғы дене шынықтыру жаттығулары жасайды. Одан соң таңғы ас ішіп, байқауларға, қызықты кездесулер мен мәдени-демалыс іс-шараларына қатысады.Жарыстар шет мемлекеттердің командалары, өңірлердегі әскери-патриоттық клубтар, күштік құрылымдардың командалары және әскери оқу орындарының командалары секілді төрт санат бойынша ұйымдастырылған.Smart Sarbaz байқауы аясында жас бағдарламашылар робототехника, ақпараттық технологиялар және ұшқышсыз жүйелер салалары бойынша авторлық жобаларын ұсынды. Мысалы, «Жас теңізшілер» командасы төтенше жағдайлар кезінде адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға арналған роботтандырылған техниканы таныстырды. Робот-эвакуатор салмағы 100 келіге дейінгі зардап шеккен адамды көтеріп, тасымалдай алады. Сонымен бірге адам өміріне қауіпті аймақтарда барлау жүргізуге және миналарды іздеуге арналған автоматтандырылған кешендер де қазылар алқасының ерекше қызығушылығын тудырды. «Айбын дарыны» зияткерлік ойынына қатысушылар да тест тапсырмаларын, ребустар мен логикалық есептерді шешу барысында өздерінің білімділігі мен тапқырлығын көрсете білді.Ал ұлдар арасында белтемірге тартылуда, сондай-ақ қыздар арасында шалқалай жатып денені көтеру жаттығуларын орындау кезінде тартысты әрі қызықты бәсекелестік өрбіді.– «Айбын» жиынына үшінші рет қатысып отырмын. Жыл сайын алдыма сайыста ең жоғары нәтиже көрсету мақсатын қоямын. Өткен жылы бұл жаттығуды 67 рет орындаған едім, ал бүгін өз көрсеткішімді жаңартып отырмын. Шалқалай жатып, денені көтеруді 83 рет қайталап, жеке рекордымды орнаттым. Әрине, бұл жетістіктің артында айлар бойы жүргізілген тынымсыз жаттығулар, орасан зор еңбек пен темірдей тәртіп жатыр. Тәлімгерлерімнің үмітін ақтағаныма қуаныштымын, – деді «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Нұрдана Ерғазы. «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында еліміздің әр өңірінен келген әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері өздерінің таланттары мен қабілеттерін паш етті.Жарыстар жалғасуда. Алда жас патриоттарға төзімділігін, тапқырлығын және командамен жұмыс істеу қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа сынақтар күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1246312?lang=ru
Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық ойындарындағы спорттық жетістіктер 11.07.2026
    2026 жылғы 17–22 мамыр аралығында Семей қаласында Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық ойындары өтіп, өңірдің үздік спортшыларын бір арнаға тоғыстырды. Жарыс бағдарламасына әртүрлі спорт түрлері енгізіліп, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, қайсарлық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.Жарыста Курчатов қаласының спортшылары бірнеше спорт түрінен жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті.Армрестлингтен команда жаттықтырушысы Альмұхамбетова Галина Ивановна +65 кг салмақ дәрежесінде I орынды жеңіп алып, жоғары шеберлігі мен мықты физикалық дайындығын дәлелдеді.Гір спорты бойынша 78 кг салмақ дәрежесінде Колбасин Артём Владимирович II орынды иеленіп, жарыс барысында төзімділігі мен тұрақты нәтижесін көрсетті.Қазақ күресінен де Курчатов қаласының спортшылары жақсы нәтижелерге қол жеткізді: 82 кг салмақ дәрежесінде Құрманбай Бекзат Саянұлы III орынға ие болды; 100 кг салмақ дәрежесінде Нурекенов Ернар Айбекович III орын иеленді.Жарыс қорытындысы бойынша Курчатов қаласының әкімі Б. Әбдіралиев спортшылар мен жаттықтырушыларды табысты өнер көрсетулерімен құттықтап, олардың спортты дамытуға, ұлттық күрес түрлері мен күштік спорттарды насихаттауға қосқан үлесін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1246299?lang=ru
ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУДЫҢ ЖАҢА СЕРВИСІ ТУРАЛЫ 11.07.2026
Салық төлеуші кабинетінде «Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» атты жаңа сервис іске қосылды.Яғни, жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушілер сервис арқылы салық органына ұсынуды жоспарлап отырған салық есептілігі нысандарын көрсетуі қажет.Ақпараттық жүйенің бұл функциясы салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, декларацияның нөлдік нысанын автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.Егер кәсіпкердің салық салу объектілері және есептілікте көрсетуге жататын мәліметтері болса, онда жүйеде автоматты түрде қалыптастырылған «алғашқы немесе кезекті – нөлдік» есептілік болғандықтан, оған «қосымша» салық есептілігін ұсыну қажет.«Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» сервисіне деректер енгізу үшін Салық төлеуші кабинетінде авторизациядан өтіп, профиль мәзіріндегі «Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» бөліміне кіру қажет.- «Қосу» батырмасын басып, тізімнен қажетті нысанды таңдап;- Міндетті деректемелерді толтырып;- Мәліметтердің дұрыстығын растап, қол қою және деректерді жіберу қажет.Әртүрлі нысандар үшін толтыру талаптарының өзгеше болуына назар аударыңыз: таңдалған есептілікке байланысты жүйе жылды, тоқсанды, келісімшарт нөмірін немесе мемлекеттік кірістер органының кодын көрсетуді сұрайды.Сонымен қатар, қызмет түрі өзгерген жағдайда есептілікті ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін сервистегі нысандар тізімін жаңарту қажет.Мемлекеттік кірістер департаменті нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру сервисін пайдалануға кеңес береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1246287?lang=ru
«Заң мен тәртіп» идеологиясы тақырыбында дөңгелек үстел өтті 11.07.2026
Бүгін «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында басқармада дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға құрылыс басқармасының қызметкерлері қатысты.Дөңгелек үстел аясында пікір алмасу жүргізіліп, басқарма ұжымы өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір азаматтың рөлі ерекше екені атап өтілді.Іс-шара қорытындысында заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті дамыту және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды. «Заң мен тәртіп» идеологиясы - әділетті, қауіпсіз және дамыған қоғам құрудың басты негіздерінің бірі екені ерекше атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1246281?lang=ru
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс хаттары табыс етілді 11.07.2026
Ағымдағы жылдың 23 маусымында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Халық бухгалтері»  акциясына қатысушыларға Кәсіпкерлерді қолдау орталығының өкілдері Ризагүл Галадий мен Ризагүл Соғымбаева Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс хаттарын табыс етті.Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 5 қаңтардан 30 маусымға дейін «Халық бухгалтері» республикалық акциясын өткізді.«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілді.Шара барысында 840-тан астам кәсіпкер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, ақпараттық жүйелер бойынша нақты және практикалық түсіндірмелер алды.Акция халықтың қаржылық және сауаттылығын  арттыруда, азаматтармен ашық диалог мәдениетін нығайтуда және салық міндеттемелерін адал орындау қағадиттарын дамытуда аса маныхды рөл атқарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1246272?lang=ru
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді 11.07.2026
Көпшілік асыға күтетін «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі 27 маусым күні Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында өтеді. Аталмыш шара абыз баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен қатар ұйымдастырылмақ. Мерекеге елімізден, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы және өзге мемлекеттерден 35 мыңға жуық қонақ келеді деп жоспарланып отыр.Қымызмұрындық – қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл – қонақжайлылықты, жомарттықты, ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін мереке. Аталмыш шараның туризмді дамытуға да ықпалы мол болмақ.Қарқара жайлауында бұл мереке бұған дейін төрт рет ұйымдастырылған. Өткен жылы шараға 8 мыңнан астам адам қатысып, 40 киіз үй тігілген. Сондай-ақ 250-ге жуық шағын бизнес өкілдері тартылған болатын. Ал биыл 80-нен астам киіз үй тігіліп, келушілер саны бірнеше есеге артады деп күтілуде.«Қамызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық іс-шарасы аясында ұлттық дәстүрлер мен ойындар паш етіліп, қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Атап айтқанда, ат бәйгесі, қазақ күресі, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, қой көтеру сынды сайыстар өтеді. Сонымен бірге «Топжарған» этно-өнер орталығының шоу бағдарламасы, «Толағай» өнер орталығының қойылымдары, облыс өнерпаздары мен танымал эстрада жұлдыздарының концерті көпшілік назарына ұсынылады. Жастар үшін алтыбақан, арқан тартыс, қол күрес және ұлттық ойындар ұйымдастырылса, балаларға арналған арнайы аймақта аттракциондар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу, шахмат және тоғызқұмалақ жарыстары өткізіледі.Қазіргі таңда Қарқара жайлауында дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ұйымдастырушылар бәйге алаңын ретке келтіріп, көрермендерге арналған орындарды әзірлеген. Қонақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық ұйымдастыру шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1246247?lang=ru
Атырауда кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер түсіндірілді 11.07.2026
       23 маусым күні Қазақстанның мұнайлы астанасы - Атырау қаласында, шағын және орта бизнес субъектілері өңірдегі ірі кәсіпорындармен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын өңірде, «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК арасындағы ашық диалог» жобасы аясындағы кезекті семинар өтті.     Іс-шараға MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер, салық консультанттары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қатысты.    Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық заңнамасының негізгі мәселелері бойынша, оның ішінде Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтар, салық міндеттемелерін орындау тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің ерекшеліктері, арнаулы салық режимдерін қолдану және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері жан-жақты түсіндірілді.   Сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.     Электрондық сервистерді дамыту мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осы орайда, 2026 жылдың қаңтар - мамыр айлары аралығында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен барлығы 178 421 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде 177 944 қызмет немесе 99,7%-ы электрондық форматта ұсынылды.    Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, салық заңнамасын қолданудың практикалық аспектілерін талқылауға және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтуға мүмкіндік алды.    «Халық бухгалтері 2026» жобасы кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, бизнес пен мемлекет арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға, сондай-ақ салық міндеттемелерін ерікті әрі адал орындау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1246187?lang=ru