Enbekshi QazaQ

Әлем

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін оның дебиторларының шоттарындағы ақша қаражаты есебінен өндіріп алу 04.09.2026
Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың заңнамада көзделген тетіктерінің бірі – салық төлеушінің (салық агентінің) берешегін оның дебиторларының банктік шоттарындағы ақша қаражаты есебінен өндіріп алу.Салық төлеуші салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына өзінің дебиторларының тізімін, сондай-ақ дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып ұсынуға міндетті.Бұл ретте мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйелердің деректерін пайдалана отырып, дебиторларды өз бетінше анықтауға, сондай-ақ тексеру барысында салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды белгілеуге құқылы. Қажет болған жағдайда дебиторға қарсы тексеру жүргізілуі мүмкін.Маңызды жайт – сот тәртібімен дауланып жатқан дебиторлық берешек сомалары мемлекеттік кірістер органымен расталмайды.Дебиторлық берешек туралы мәліметтер анықталғаннан кейін дебиторға оны растау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алған күннен кейінгі күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде дебитор өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін және (немесе) берешекті растайтын құжаттарды ұсынады.Дебитор салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне берешек сомасын өзінің банктік шотынан есептен шығаруға келісім берген жағдайда, ол мемлекеттік кірістер органына тиісті банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынады. Бұл жағдайда салыстыру актісін ұсыну талап етілмейді. Мемлекеттік кірістер органы көрсетілген банктік шотқа инкассалық өкім шығарады.Егер бір күн ішінде көрсетілген шоттағы ақша қаражаты жеткіліксіз болса немесе мүлдем болмаса, инкассалық өкім осы дебитордың барлық банктік шоттарына қойылады.Дебитор берешекті растамаған немесе белгіленген мерзімде қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы 1 жұмыс күні ішінде оның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдайды. Одан әрі дебиторға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі.Дебиторлық берешек сомасы расталғаннан кейін мемлекеттік кірістер органы дебитордың банктік шотына салықтық берешек сомасы шегінде инкассолық өкім қояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1285959?lang=ru
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды 04.09.2026
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасына сәйкес, Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысты.Жиында Роман Скляр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының әкімі лауазымына екі кандидат – бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевты ұсынған хатын депутаттарға таныстырды.Отырысқа барлығы 178 депутат қатысты. Ашық дауыс беру нәтижесінде Шыңғыс Әріновтің кандидатурасын депутаттардың 83%-ы қолдады. Осыдан кейін Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1285967?lang=ru
Өңірлік форумдардың басталуы: Көкшетауда кибермәдениет пен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды 04.09.2026
  2026 жылғы 4 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университетте республикалық Киберқауіпсіздік айлығы аясында кибермәдениет, ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелеріне арналған ауқымды форум-семинар өтті. Көкшетау республикалық іс-шаралар сериясын алғаш болып ашты.       Ауқымды іс-шараны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысының әкімдігі және облыстық цифрландыру басқармасымен бірлесіп, Aqmola Hub-тың белсенді қолдауымен ұйымдастырды.       Іс-шараға қатысушыларға Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Ержан Жұмабеков пен Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Талғат Мұстағұлов құттықтау сөз сөйледі. Олар цифрландыру үдерісінің қарқынды дамуы жағдайында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау технологиялық шешімдерден бастап әр азаматтың цифрлық сауаттылығын арттыруға дейінгі кешенді тәсілді талап ететінін атап өтті.       Іскерлік бағдарлама сарапшылардың баяндамаларымен жалғасты. Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің жетекші сарапшылары Айдынхан Қайратов пен Дана Мұқанбедиева, Smart Aqmola басшысының орынбасары Олжас Кәми және ЦАРКА өкілі Айдар Жұбандықов ұлттық киберқауіпсіздік, цифрлық гигиена ережелері және жеке деректерді қорғау мәселелерін қамтыды.       Форум жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың бейінді мамандарына арналған практикалық воркшоппен қорытындыланды. Оның барысында сарапшылар киберинциденттерге ден қою бойынша нақты кейстерді талдады.Көкшетауда өткен іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде цифрлық мәдениет пен қауіпсіздікті жүйелі түрде нығайтуға бағытталған өңірлік Киберқауіпсіздік айлығына қуатты бастау берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1285949?lang=ru
Балалар үшін заманауи әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр 04.09.2026
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өткен жылы екі ірі көпфункционалды балалар ойын кешені орнатылды. Олар Триатлон саябағы мен «Ұлы Дала» саябағында орналасқан. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, жаңа кешендер «Қонай» және «Керуен» саябақтарында орнатылды. Тағы бір кешен Жастар бульварында салынып жатыр. Жұмысты 15 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.Бүгін Аэропорт шағын ауданындағы балалар ойын алаңына барып, нысанның жағдайымен және аумақтың ұйымдастырылуымен таныстым.Биыл облыс орталығында екі бағдарлама бойынша 39 балалар және спорт алаңын орнату жоспарланған. Оның 10-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыты бойынша, ал 29-ы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылуда.Барлық жоба аяқталғаннан кейін балалар және спорт алаңдары бар аулалардың саны 362-ге жетеді. Бұл барлық аулалардың 66 пайызын құрайды.Балаларға арналған нысандармен қатар, шағын аудан тұрғындары да пайдалана алатын аумақтарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.Мәселен, №29 мектеп аумағында пилоттық жоба аясында шамамен 500 ағаш отырғызылып, жарықтандыру жүйесі орнатылды. Сонымен қатар балалар және спорт алаңдары жасалды. Бұл кеңістік Аэропорт шағын ауданының барлық тұрғындарына арналған.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Біздің міндетіміз – қаланың барлық ауданындағы балалардың ойнауына, демалуына және спортпен айналысуына арналған заманауи, қауіпсіз әрі жайлы орындарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1285921?lang=ru
Мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік қолдау алады? 04.09.2026
Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан. Ол мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда берілетін сақтандыру төлемдерін қамтиды.Бүгінде мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 544 мыңнан астам адам алады. Ақшалай қолдаудың негізгі түрі – мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы. Оның мөлшері белгіленген мүгедектік тобы мен мүгедектіктің себебіне қарай айқындалады.2026 жылы жалпы ауру салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда I топтағы мүгедектігі бар азаматтарға – 111 873 теңге, II топқа – 89 498 теңге, III топқа 61 022 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.Егер азамат үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген болса, оған еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем де қосымша тағайындалуы мүмкін. Оның мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс көлеміне, жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай жеке есептеледі.Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектікке ұшыраған жұмысшылар үшін сақтандыру төлемдері көзделген. Осылайша, азаматтың өмірлік жағдайына қарай мемлекеттік және сақтандыру жүйесі арқылы көрсетілетін қолдау шаралары бірін-бірі толықтыруы мүмкін.I топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасайтын адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына, әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына немесе қорғаншысына да жеке қолдау шаралары қарастырылған. 2026 жылы тиісті ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 81 871 теңгені құрайды.Мүгедектік бойынша төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, eGov.kz порталында немесе проактивті форматта рәсімдеуге болады. Мүгедектік белгіленгеннен кейін азаматқа жәрдемақыны рәсімдеу туралы ұсыныс көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Төлемді тағайындау үшін жауап ретінде келісімін растау жеткілікті.Қажетті мәліметтердің басым бөлігін жүйе мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Бұл сұратылатын құжаттар санын азайтып, бірқатар жағдайда азаматтың өзі жүгінбей-ақ төлемді тағайындауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1285893?lang=ru
Тіл – ұлттың жаны, бабалардың аманаты: Осакаров ауданында «Жаппай диктант» өтті 04.09.2026
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл». — Ахмет БайтұрсынұлыАдам баласының рухани әлемін байытып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болар ана тіліміздің қадірін асқақтату мақсатында бүгін, 2026 жылдың 4 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Осакаров ауданының білім бөлімінде маңызды тағылымды шара – «Жаппай диктант» ұйымдастырылды. Руханият мерекесінің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, сауаттылықты арттыру және ұлы ағартушының өнегелі мұрасын дәріптеу.«Тілге деген құрмет – елге деген құрмет» демекші, бұл игі бастамаға Осакаров ауданы білім бөлімінің мамандары мен қызметкерлері үлкен ықыласпен атсалысты. Ұлт пен ұлысты бөлмей, ұжымдағы қазақ, орыс тілді барлығы 17 маман бірауыздан үн қосып, диктант жазуға қатысты. Бұл татулық пен бірліктің көрінісі тілдің адамдарды біріктіретін құдіретті күшке ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, мемлекеттік тілдің мерейін асқақтата түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1285735?lang=ru
Аңдатпа, Құрметті салық төлеушілер! 04.09.2026
Аңдатпа, Құрметті салық төлеушілер!9 қыркүйек күні сағат 15:00-де Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Достық үйінде» (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 2/5 мекенжайы бойынша) салық төлеушілермен кездесу өткізеді. Кездесу барысында мүліктік табыс, 270-нысан, «Таза парақ»  акциясы, ҚҚС бойынша тіркелу, ауыл шаруашылығы саласындағы ҚҚС есепке жатқызу, арнайы салық режиміне көшу, салықтық шегерімдер, камералдық бақылау және басқа да маңызды мәселелер қарастырылады. Сіздерді шараға қатысуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1285736?lang=ru
«Ерлік сабақтары»: жас буынға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызды алаңы 04.09.2026
Жаңа оқу жылы басталысымен еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарында Қорғаныс министрлігінің бастамасымен «Ерлік сабақтары» өтеді. Әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің ардагерлері оқушыларды әскери қызметтің ерекшеліктерімен таныстырып, ерлігі, табандылығы мен әскери борышына адалдығы бірнеше буынға үлгі болған батырлар жайында әңгімелеп береді. Әскердегі тәжірибелерін де айтып, мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап береді.Астанадағы №107 жалпы білім беретін мектепте 9, 10 және 11-сынып оқушыларымен қорғаныс істері департаментінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының басшысы кездесті.Іс-шара барысында «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ ұйымы төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов оқушыларға ел тарихын құрметтеудің, әскери борышты абыроймен атқарудың және Отанға адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.Оқушыларға ел тарихындағы ерлікке толы оқиғалар, жауынгерлік дәстүрлер және Қарулы күштердің еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудегі рөлі туралы бейнематериалдар көрсетілді. Мектеп оқушылары әскери қызметке, әскери оқу орындарына түсу талаптары мен шарттарына қатысты сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жауап алды.– Оқушылардың бойына мектеп қабырғасынан бастап Отанға деген сүйіспеншілік, елге қызмет етуге ұмтылыс, жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Бүгінгі «Ерлік сабағы» оқушыларға осы құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Ел қорғаушылардың ерлік үлгілерін білу және олардың өмір жолынан тағылым алу жастардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді, – деп мұндай кездесулердің оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын атап өтті мектеп директоры Айгүл Бисенбина.Шара соңында XII Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына белсенді қатысқан мектеп оқушылары Бейбарыс Ерғазыұлы мен Аяжан Тоқтарова Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1285719?lang=ru
Олжас Бектенов Алматы облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды 04.09.2026
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов және Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысты.Роман Скляр депутаттарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының әкімі лауазымына екі кандидатты:  бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевты ұсыну туралы хатын оқыды. Жиынға 178 депутат қатысты. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Шыңғыс Әріновтің кандидатурасын депутаттардың 83%-ы қолдады.Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.Өңір активімен өткен жиында Премьер-министр Олжас Бектенов Марат Сұлтанғазиевке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Үкімет жетекшісі Алматы облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Шыңғыс Әріновті таныстырды. Жиында жаңа Конституцияның күшіне енуі елімізді одан әрі жаңғыртудағы маңызды жаңа тарихи кезеңнің бастауы болғаны атап өтілді. Үкімет алдында Мемлекет басшысы айқындаған мақсат экономиканың сапалы әрі орнықты өсуін қамтамасыз етуге қол жеткізу міндеті тұр.Олжас Бектенов Құрылтайдың бірінші сессиясында азаматтарымыз бен ел экономикасы үшін маңызды нысандардың құрылысын озық қарқынмен жүргізу туралы Президент тапсырмаларын орындауға баса назар аударды. Атап айтқанда, олар – халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға аса қажетті әлеуметтік, инженерлік, энергетикалық және су инфрақұрылымы. Бүгінгі таңда Алматы облысының әкімдігіне денсаулық сақтау саласының бірқатар жаңа жобаларына қосымша қаражат бөлінді. Олардың ішінде Қарасай ауданында перинаталдық орталық пен емхана салу, Қаскелең қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын, Іле ауданында перзентхана бөлімшесін жаңғырту жұмыстары бар. Нысандарды уақтылы пайдалануға беру қажет. Премьер-министр бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды тапсырды. Әрбір теңге өңір тұрғындары үшін нақты нәтиже әкелуі тиіс. Қадағалауды күшейту үшін «цифрлық теңге» тетігі қолданылатын болады. Сонымен қатар ауқымды құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілерге басымдық берілуі тиіс. Бұл жергілікті құрылыс ұйымдарын жұмысқа тартуға, сондай-ақ қазақстандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануға қатысты. Осы ретте Олжас Бектенов сатып алынатын қызметтер мен тауарларға бағаның алыпсатарлықпен өсуіне жол бермеуді тапсырды. Кәсіпкерлер үшін бұл – өндіріс көлемін ұлғайтуға берілген өте жақсы мүмкіндік, сол себепті отандық өндірушілер бағаны жасанды жолмен көтеруге емес, жұмыс көлемін ұлғайтуға баса мән беруі қажет. Аталған қадамдар кепілдендірілген пайда табуға, жаңа жұмыс орындарынашуға, жалақыны көтеруге мүмкіндік бередіі. Мұндай тәсіл ішкі өндіріс пен азаматтарды жұмыспен қамтудың барлық тізбегін ынталандыруды қамтамасыз етеді.Премьер-министр Алматы облысы әкімдігінің жұмысының негізгі басымдықтарын атап өтті. Ауылдық жерлерде әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты қысқарту бойынша міндеттер айқындалды. Елді мекендерді сапалы коммуналдық қызметтермен қамтуды арттырып, инфрақұрылымның авариялық жағдапйларын азайту қажет. Су, жылу, электрмен жабдықтау және су бұру жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа электр қуатын өндіру көздерін салуға баса назар аударылды.АӨК саласында суармалы егіншілікті дамыту, су шығынын азайту, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу және өңір экономикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің үлесін ұлғайту қажеттігі атап өтілді. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірдің автомобиль жолдарын жөндеу мен реконструкциялауды жандандыру тапсырылды. Өңірге инвестиция тартуды күшейту, өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді, туризмді және шағын және орта бизнесті дамытып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру, сонымен қатар Алатау қаласының әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.Олжас Бектенов Мемлекет басшысы қойған міндеттер барлық бағыттар мен салалар бойынша жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1285701?lang=ru
Жеке кәсіпкерлер бақылау-касса аппаратын қолдануға міндетті 04.09.2026
Жеке кәсіпкерлер бақылау-касса аппаратын қолдануға міндеттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1285702?lang=ru
15 қыркүйекке дейін декларация тапсыру қажет 04.09.2026
15 қыркүйекке дейін декларация тапсыру қажетАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1285667?lang=ru
Алматы қаласында жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды 04.09.2026
    2026 жылғы 3 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер және мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері өкілдерімен кездесуі өтті.     Кездесу барысында кредиторлардың банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен өзара іс-қимылы, қаржы ұйымдарының қарыз алушылардың төлемдері туралы ақпаратты уақтылы әрі дұрыс ұсынуы, азаматтар банкрот деп танылғаннан кейін олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу, сондай-ақ кредиторлар талаптарын жолдаудың белгіленген мерзімдерін сақтау мәселелері талқыланды.     Сонымен қатар сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін цифрландыру мәселелері қаралды.     Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық мәселелерді шешу және банкроттық рәсімдеріне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарымен алмасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1285660?lang=ru
қазақша тест 04.09.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында химия өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевпен бірге ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен салынып жатқан өндірістік алаңдарды аралады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық модельге көшу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру үшін энергетикалық, инженерлік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды кешенді дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұл бағыт Үкімет жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Жұмыс сапары «Қазфосфат» ЖШС-не барудан басталды. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында кәсіпорын 64,2 млрд теңге сомасына 246,1 мың тонна өнім өндірді. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың айтуынша, кәсіпорын отандық агроөнеркәсіптік кешенді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді Ресей, Беларусь, Түрікменстан, Литва, Латвия, Польша және басқа да елдердің нарықтарына экспорттайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test-test/press/news/details/1285654?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары бірқатар гарнизондағы әскери инфрақұрылымның жай-күйін тексерді 04.09.2026
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев жұмыс сапарымен Жетісу, Үштөбе, Сарыөзек, Қонаев және Гвардейск гарнизондарына барып, әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен және әскери бөлімдердегі күнделікті қызметтің ұйымдастырылуымен танысты.Қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасары салынып және қайта жаңғыртылып жатқан нысандарды, оның ішінде казарма, асханалар мен бірқатар кешендерді аралап көрді. Сондай-ақ әскери қалашықтардың абаттандырылу деңгейін тексерді.Тексеру барысында генерал-майор Алмаз Жұмакеев құрылыс нормалары мен белгіленген талаптардың сақталуына, пайдаланылатын материалдардың сапасына, сондай-ақ жұмыстың уақтылы орындалуына баса назар аударды.– Әскери инфрақұрылым – әскери қызметті ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Ол бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігіне тікелей әсер етеді. Әрбір нысан сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай болуы және белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тиіс, – деді Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары.Гарнизондарда генерал-майор А. Жұмакеев алдағы халықаралық оқу-жаттығуларға әскери полигондардың дайындығын тексерді. Ол полигондардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін, қажетті инфрақұрылымның болуын және оқу орындарының жай-күйін зерделеді.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары анықталған кемшіліктерді жоюды, жөндеу және құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді, сондай-ақ заманауи талаптарды ескере отырып, казармалар мен асханаларды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.Генерал-майор А. Жұмакеев әскери инфрақұрылым нысандарын қайта жаңғырту және жөндеу кезінде әскери қызметшілердің қауіпсіздігі, атқарылатын жұмыстардың сапасы және күнделікті қызметке қолайлы жағдай жасау басты назарда болуы керектігін атап өтті.Сондай-ақ ол әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсартуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1285641?lang=ru
6,8 триллион және ірі инвестициялық жобалар: М.Сұлтанғазиевтің Алматы облысын басқарған кезеңі немен есте қалды 04.09.2026
Бүгін Марат Сұлтанғазиев 2022 жылғы маусымнан бері басқарып келген Алматы облысының әкімі қызметінен кетті. Оның төрт жылдық басқару кезеңі әкімшілік бөліністен кейін өңірдің қалыптасуы және облыс орталығының Қонаев қаласына көшірілуімен тұспа-тұс келді. Осы уақыт ішінде облыс жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елдегі оныншы орыннан көшбасшы бестіктің қатарына көтеріліп, экономикасын екі есеге жуық ұлғайтты және инвестиция көлемін екі еседен астам арттырды, -  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.2022 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі шамамен 3,4 триллион теңгені құраса, бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 6,8 триллион теңгеге жетті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 триллионнан 2,6 триллион теңгеге дейін өсті. Оның шамамен 90 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.Осы кезеңде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 614 миллиард теңгеден 1,35 триллионға артты. Өңірде жалпы құны 724 миллиард теңгені құрайтын 98 жоба іске асырылып, шамамен 11 мың жұмыс орны құрылды.Облыстың қаржылық базасы да өзгерді. Бюджеттің меншікті кірістері 2,4 есе өсті, ал республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің үлесі 33 пайыздан 13 пайызға дейін төмендеді. Бұған дейін донор-аумақтар қатарында Қарасай және Іле аудандары болса, бүгінде олардың қатарына Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандары мен Қонаев қаласы қосылды.Негізгі әлеуметтік мәселелердің бірі халық санының жылдам өсуіне байланысты мектеп тапшылығы болды. 2022 жылы облыста үш ауысымды 52 мектеп болса, қазір олардың саны 23-ке қысқарды. Төрт жыл ішінде 75 мектеп ашылды. Оның ішінде биыл жаңа оқу жылының басталуына дейін жалпы 4200 орынды бес мектеп пайдалануға берілді.Сонымен қатар жаңа облыс орталығының инфрақұрылымы қалыптасты. Қонаевта инженерлік желілер мен әкімшілік нысандардың құрылысы басталды. Алдағы уақытта мұнда театр, «Қонаев Арена», Оқушылар сарайы және басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарлануда.Төрт жыл ішінде облыста 3,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 6,6 мың азамат баспанамен қамтылды. Олардың қатарында әлеуметтік осал топ өкілдері де бар.Алматы облысы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша Қазақстанда екінші орынды сақтап, республикадағы жалпы көлемнің 11,6 пайызын қамтамасыз етіп отыр. 2022-2025 жылдары мемлекетке пайдаланылмай жатқан 528 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Төрт жыл ішінде суару желілерін жаңғыртуға 16,3 миллиард теңге бағытталды, ал су үнемдеу технологиялары суармалы жердің 41,2 пайызына енгізілді.Туризм саласы да айтарлықтай дамыды. Биылғы жаздың өзінде Қапшағай су қоймасына екі миллионнан астам адам келді. Сонымен қатар Көлсай көлдері мен Қайыңдының, Көшпенділер қалашығының инфрақұрылымы дамып, танымал туристік нысандарға апаратын жолдар жөнделді. Алматы облысы ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу алаңына да айналды.Сонымен бірге халық саны қарқынды өсіп келе жатқан облыс алдында жүйелі міндеттер сақталуда. Олардың қатарында агломерациядағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым тапшылығы, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және ірі инвестициялық жобаларды толық аяқтау қажеттігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1285546?lang=ru
Шетелде оқып жүрсіз бе? Қазақстанның салық өрісінде қалыңыз 04.09.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан Қазақстан азаматтары — студенттерге және олардың отбасыларына үндеу жасайды. Жалпыға бірдей декларациялау — «оқуға салынатын салық» емес, активтер мен кірістердің ашықтығы. Студенттердің басым көпшілігіне декларация тапсырудың қажеті жоқ. Бірақ міндеттеме туындайтын нақты жағдайлар бар және оларды 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін білу маңызды. 2025 жылғы есеп бойынша декларация тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей. Есептелген ЖТС төлеу мерзімі — 2026 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей.  Салық мақсатында «шетелде оқитын студент» кім? Бұл — шетелдік жоғары оқу орнында күндізгі (немесе оған теңестірілген) нысанда бакалавриат, магистратура, докторантура, академиялық ұтқырлық немесе үкіметаралық гранттар («Болашақ», қабылдаушы мемлекет гранттары) бойынша білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары.Резиденттік туралы маңызды ескерту. Оқу мақсатымен шетелде жүрген Қазақстан азаматы Салық кодексі бойынша оқу кезеңінде, әдетте, ҚР салық резиденті мәртебесін сақтайды. Демек, студент басқа елде тұрса да, оның кірістері мен активтері қазақстандық салық өрісіне түсуі мүмкін.  2025–2026 жылдардағы басты қағида 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі тоқтатылды. Зейнеткерлер, жекеменшік ұйым қызметкерлері, үй шаруасындағы адамдар және студенттер арнайы негіздер болмаса, міндетті декларациядан босатылған.Міндеттеме төмендегі нақты фактілер болғанда ғана пайда болады.  Шетелде оқитын студент декларацияны ҚАШАН тапсыруға міндетті А негізі. Шетелдік банк шоттарындағы ақша 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шетелдік банктердегі шоттардағы ақшаның жиынтық қалдығы 1 000 АЕК-тен асса, декларация міндетті.2025 жылғы 31.12 күні 1 000 АЕК = 3 932 000 теңге (2025 жылғы АЕК — 3 932 теңге).Сома әр шот бойынша емес, барлық шетелдік шоттардың жиынтығымен есептеледі. Оқу еліндегі шәкіртақы шоты, кампустағы өмірге арналған шетелдік банк картасы, жинақ шоты — бәрі есепке кіреді. Студенттер үшін ең жиі «іске қосылатын» шек — дәл осы: шәкіртақы мен грант әдетте шетелдік шотқа түседі. Жыл соңында шоттарда шамамен 3,93 млн теңгеден көп жиналса — 270.00 нысаны қажет. Ә негізі. Шетелде тіркелетін мүлік Студенттің (немесе оның атына) шетелде құқықтары шетелдік органдарда тіркелетін активтері болса: пәтер, үй, жер үлесі, автомобиль, мотоцикл, қайық, шетелдік компаниядағы үлес, шетелдік эмитент бағалы қағаздары, брокерлік шот, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері, цифрлық активтер. Б негізі. Ірі мәмілелер 2025 жылы құны 20 000 АЕК-тен (2025 жылғы АЕК бойынша 78 640 000 теңге) асатын мүлік сатып алынса, қаражат көзі декларацияда көрсетіледі. В негізі. Өзге арнайы санаттар Сонымен қатар сайланбалы лауазымға үміткерлер мен олардың жұбайлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын адамдар, банк / сақтандыру / бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, жеке практикамен айналысатындар, цифрлық актив иелері декларация тапсырады.  Шетелдік ЖОО шәкіртақысы мен гранты: не өзгерді 2026 жылға дейін шетелдік шәкіртақылар мен гранттар жеке тұлғаның жылдық кірісіне еніп, қазақстандық ЖОО төлемдері мен «Болашақ» бағдарламасының жеңілдікті тізіміне кірмеген. 270.00 нысанында көрсетуді, 10% ЖТС төлеуді және қосарланған салықты болдырмау туралы халықаралық келісімдер бойынша шетелде төленген салықты есепке алу.2026 жылғы 1 қаңтардан Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII) күшіне енді. Онда Қазақстаннан тыс білім беру ұйымдарында оқитын адамдарға төленетін шәкіртақылар мен гранттар түріндегі кірісті азайту (іс жүзінде босату) тікелей көзделген.Тәжірибелік қорытынды. 2026 жылғы және одан кейінгі шәкіртақылар — жеңілдікті режимде. 2026 жылғы қыркүйектегі декларация 2025 есепті жылға қатысты. Егер жалғыз «шетелдік» факт — шәкіртақы болса, шоттар шегінен аспаса және шетелде тіркелген мүлік жоқ болса, қарапайым студентке нысан тапсыру міндеті, әдетте, туындамайды. Шоттар шегі асып кетсе немесе мүлік болса — шәкіртақы жеңілдігіне қарамастан декларация қажет.  Қандай нысандар тапсырылады - 250.00 нысаны — активтер мен міндеттемелер туралы («кіріс») декларация. Жиналған шетелдік активтерді көрсету міндеті пайда болғанда бір рет тапсырылады.- 270.00 нысаны — кірістер мен мүлік туралы («жыл сайынғы») декларация. Күнтізбелік жылдағы кірістер, шекті сомадан жоғары шетелдік шоттар, сатып алулар, цифрлық активтер көрсетіледі.Бір жылы шетелдік мүлікке байланысты екі нысан бойынша да міндеттеме туындаса, тәжірибеде 250.00 нысаны тапсырылады. Кез келген нысанды ерікті түрде тапсыруға тыйым салынбайды.  Шетелде жүріп декларацияны қалай тапсыруға болады Қазақстанға жеке келудің қажеті жоқ. Студент есептілікті тәулік бойы онлайн тапсыра алады:- Салық төлеуші кабинеті — cabinet.salyk.kz- Электрондық үкімет порталы — egov.kz- Мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk, bcc.kz, Kaspi.kzКейбір сервистерде ЭЦҚ міндетті емес — SMS / биометрия / банк қосымшалары арқылы кіруге болады. Оқу кезінде кілт мерзімі бітпес үшін ЭЦҚ-ны ХҚКО-да немесе eGov арқылы алдын ала жаңарту ұсынылады.  Уақытында тапсырмаса не болады Декларацияны белгіленген мерзімде тапсырмау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жауапкершілікке әкеледі. Алғашқы бұзушылық — ескерту немесе айыппұл, бір жыл ішінде қайталанса — ұлғайтылған айыппұл (бағдар: 15 және 30 АЕК). Шетелдік шоттар мен мүлікті жасыру салықты қосымша есептеуге, өсімпұлға және халықаралық салық ақпаратын алмасу (CRS) аясында анықталған жағдайда неғұрлым қатаң салдарға әкелуі мүмкін.Қазақстан резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары туралы мәлімет алады. «Көрінбейтін» шетелдік шот — жаңсақ түсінік.  Шетелде оқитын студенттің чек-парағы - Барлық шетелдік шоттардағы 31.12.2025 қалдықты тексеріңіз. 3 932 000 теңгеден көп пе? 270.00 нысанын дайындаңыз.- Шетелде сіздің атыңызда пәтер, көлік, компания үлесі бар ма? Декларация міндетті.- Тек шәкіртақы алдыңыз, шоттар «шектен төмен», мүлік жоқ — көп жағдайда тапсырудың қажеті жоқ.- Банк көшірмелері мен ЖОО анықтамасын сақтаңыз — олар декларацияға да, МӘМС-ке де керек.- eGov-те «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» қызметінен өтіңіз — бұл салық емес, бірақ МӘМС мәртебесі мен бірқатар мемлекеттік қызметтер үшін қажет.- Декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсырыңыз, соңғы күнге қалдырмаңыз. Департамент студенттерді шақырады: шетелде оқу – Елдің мақтанышы. Қажет болған декларацияны уақтылы тапсыру — бюрократия емес, есіміңіз бен болашақ мансабыңызды қорғау. e-Salyq қосымшасындағы бір кеш «ұмытылған» шоттан туындайтын жылдарға созылған даудан әлдеқайда жеңіл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1285509?lang=ru
Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы әйелдер көшбасшылығының маңызды рөлін атап өтті 03.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 2 қыркүйек - ҚР-дың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Умаров «Бейбітшілік мәдениеті саласындағы іс-қимыл бағдарламасы» аясындағы «Бейбітшілік мәдениетін ілгерілететін әйелдер көшбасшылығы» атты Жоғары деңгейдегі форумға қатысты.Іс-шара барысында әйелдердің бейбіт үдерістерге толыққанды қатысуы олардың тиімділігі мен тұрақтылығының шешуші факторы болып табылатынына және халықаралық міндеттемелерді іс жүзінде іске асыру жаһандық қауіпсіздікті нығайту үшін қажет екендігіне басты назар аударылды.Өз сөзінде Тұрақты өкіл гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің көшбасшылығын жан-жақты қолдау мәселесі Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін атап өтті. Ол қатысушыларға дәйекті мемлекеттік реформалардың нәтижесінде бірінші шақырылымдағы Құрылтай құрамындағы әйелдердің өкілдік үлесі 34%-ға жеткенін хабарлады. Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» қарарын жүзеге асыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған жаңа Ұлттық іс-қимыл жоспарының бекітілгенін жеткізді.Бұдан бөлек, Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосқан маңызды үлесі ерекше аталып өтіліп, бұл бағытта 2018 жылдан бері 20 қазақстандық әскери қызметші әйел халықаралық миссиялардағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді.Сонымен қатар баяндамада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бірегей платформасы арқылы жаһандық аренада бейбітшілік мәдениетін ілгерілетуге айрықша мән берілді, сондай-ақ 2025 жылғы форумның қорытындысы бойынша қабылданған Астана бейбітшілік декларациясы БҰҰ күн тәртібіндегі өркениетаралық диалог пен қоғамдық келсімді нығайтудың маңызды құралы болып табылатыны атап көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1285482?lang=ru
Белградта қазақ-серб экономикалық ынтымақтастығының мәселелері талқыланды 03.09.2026
Белград, 2026 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастық министрі Ненад Поповичпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының Сербияға 2024 жылғы 18-19 қарашадағы ресми сапары және Сербия Президенті А.Вучичтің 2026 жылғы 26-27 ақпанда Астанаға жасаған сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.Министр Н.Попович Қазақстан басшылығын Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, сондай-ақ, Сербия басшылығының жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыруға берік бейілділігін атап өтті. Сонымен қатар, ол көлік, құрылыс, жасанды интеллект, цифрландыру және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше тоқталды.Елші Қазақстан тарапының ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм және денсаулық сақтау салаларындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлармен алмасты. Бұл жоспарлар қазақ-серб қатынастарының одан әрі дамуына жаңа серпін беруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1285449?lang=ru
Венада Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай іс-шара өтті 03.09.2026
2026 жылғы 2 қыркүйекте Вена халықаралық орталығында Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және 2026 жылғы үш айтулы мерейтойға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) ашылуына 30 жыл және Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуына арналған іс-шара өтті.Іс-шараны Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Дайындық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының (БҰҰ ҚМБ) Венадағы кеңсесі бірлесіп өткізді.Қатысушылар Қазақстанның 1991 жылғы 29 тамызда Семей полигонын жабу туралы қабылдаған тарихи шешімінің маңызын атап өтті. Қырық жылдан астам уақыт ішінде мұнда 456 ядролық сынақ жүргізіліп, оның зардаптары бірнеше ұрпақ бойы халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсер етті. Полигонның жабылуы халықаралық қоғамдастыққа маңызды саяси сигнал беріп, ядролық сынақтарға қарсы жаһандық норманың қалыптасуына ықпал еткен маңызды оқиғалардың біріне айналды.ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы доктор Роберт Флойд Қазақстанның ядролық сынақтарға қарсы жаһандық норманы қалыптастыруға және ЯСЖТШ-ның сақталуын бақылаудың халықаралық жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның Шарттың верификациялық тетіктерін нығайту бағытында жүзеге асырып отырған практикалық қадамдарына тоқталды.Қазақстан атынан сөз сөйлеген Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің орынбасары Ержан Қуатбеков Семей полигонының тәжірибесі ядролық сынақтардың алдын алуға бағытталған халықаралық күш-жігерлердегі Қазақстанның айрықша рөлін айқындап бергенін атап өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай жасаған үндеуіне сілтеме жасай отырып, ол полигонның жабылғанына 35 жыл толуы бүкіл адамзатқа ядролық сынақтардың қайғылы зардаптарын еске салып қана қоймай, олардың қайталануына жол бермеуге үндейтін маңызды белгі болуға тиіс екенін атап өтті.Әлемдегі көлемі жөнінен төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, Қазақстан бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму жолын саналы түрде таңдады. Бүгінде бұл таңдау Қазақстанның ядролық мемлекеттер арасындағы диалогты, ЯСЖТШ-ның мүмкіндігінше тезірек күшіне енуін, ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуды және ядролық қатерлерді жою жөніндегі батыл көпжақты күш-жігерді қолдайтын ұстанымын айқындап әрі нығайтып келеді.БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының Венадағы кеңсесінің басшысы Ребекка Джовин Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы халықаралық күн тәртібін белсенді ілгерілетудегі дәйекті ұстанымына жоғары баға беріп, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Іс-шара аясында ЯСЖТШҰ Халықаралық мониторинг жүйесі станцияларының ұлттық операторлары да сөз сөйледі. Олар станциялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, осылайша жаһандық верификациялық тетіктің сенімділігіне тікелей үлес қосуда. Солардың қатарында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының аға ғылыми қызметкері Абылай Өзбеков сөз сөйледі. Ол Қазақстан аумағында орналасқан бес станцияның жұмысын қамтамасыз етудегі еліміздің практикалық рөлі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1285443?lang=ru