Әлем
Білім саласының дайындығы мен қауіпсіздігі басты назарда 12.08.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.Жиын барысында Үкімет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Аудан басшысы оқу жылының сәтті басталуы – мекемелер мен әкімдіктердің үйлесімді еңбегіне байланысты екенін атап өтті. Оқушыларды оқулықпен қамту, оқу ордаларының материалдық-техникалық базасын жетілдіру, әсіресе “Мектепке жол” акциясын белсенді ұйымдастыру – басты міндет екенін ескертті.– Жаңа оқу жылын барлық балабақша мен мектептер 100 пайыз кедергісіз бастауы тиіс. Бұл – ортақ жауапкершілік. Әр басшы өз ісіне тиянақты болуы керек, – деді Жандос Еркінбек.Сондай-ақ мектептер мен балабақшалардағы санитарлық-гигиеналық тазалық пен білім беру ұйымдарының жылыту жүйелері- тағы бір өзекті тақырып. Аудан басшысы бұл бағыттағы толық дайындықты 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс екенін қатаң тапсырды.Күн тәртібінде №1 санаториялық бөбекжай-бақшасы мен №275 мектептің шатырын жөндеу, 5 мектептің спорт алаңдарын жаңарту мәселелері де қаралды. Жөндеу сапасы мен уақытылы орындалуы – басты бақылауда.Мәжілісті қорытындылай келе, аудан басшысы барлық бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне, білім мекемелерінің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1049875?lang=kk
Самар ауданында салықтар мен төлемдер бойынша ашық есік күні өтті 12.08.2025
2025 жылғы 12 тамызда Самар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы бойынша өзгерістер, әлеуметтік салық, шегерімдер, тарифтер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі» тақырыбы бойынша ашық есік күнін өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1049856?lang=kk
Құрметті жылу энергиясын тұтынушылар! 12.08.2025
Магистральдық және аулаішілік жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізу нәтижесінде 5 жарылу орны анықталды, олардың екеуі жедел түрде жойылды (Бородин және Дощанов көшелері).Қазіргі уақытта қалған үш жарылу орнында жөндеу жұмыстары жүргізілуде: - Тәуелсіздік көшесі – Баймағамбетова көшесі; - Тәуелсіздік көшесі – Бородин көшесі; - Мауленов көшесі.Кәсіпорын барлық жарылыстар мен ақауларды қысқа мерзімде жою үшін бар күшін салуда.Сонымен қатар, «QAZAQGAZ AIMAK» АҚ тарапынан «КТЭК» ШЖҚ МКК-ның жылу көздеріне газ беру тоқтатылуына байланысты, ыстық су беру 2025 жылғы 15 тамыздан кейін жүзеге асырылады (жарылу орындары әлі жойылмаған аудандардан басқа).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1049871?lang=kk
ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ 12.08.2025
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ел көлемінде кеңінен қолдау тауып, қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды іс-шаралардың біріне айналды. Осы игі бастаманы жалғастыру мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.Сенбілік жұмыстары Қаратау ауданына қарасты Тассай тұрғын алабы мен Мирас шағынауданында, сондай-ақ орталық көшелерде қарқынды түрде жүргізілді. Іс-шараға барлығы 60-тан астам адам қатысып, 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары барысында аумақтардағы тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, қураған ағаш бұтақтары мен жиналмай қалған қоқыстар толықтай шығарылды. Нәтижесінде 47 тонна көлеміндегі қоқыс арнайы полигонға жеткізілді.Мұндай сенбіліктердің негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту.Құрметті тұрғындар!Аула мен қоршаған ортаның тазалығы — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Таза әрі жайлы өмір сүру үшін баршаңызды тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырамыз. Қаламыздың көркеюі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық қызмет мамандарының еңбегін құрметтеп, олардың жұмысына түсіністікпен қарап, өз аулаларымыз бен көшелерімізді таза ұстауға барынша атсалысайық.Ұмытпайық, тазалық – өзімізден басталады!
Жаңа Салық кодексін түсіндіру 12.08.2025
🔰 Жаңа Салық кодексін түсіндіруАбай ауданы бойынша МКБ-да азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді. 📝 Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды. ✅ Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық кодексінің нормалары түсіндірілді, ҚҚС, КТС, ЖТС сияқты маңызды салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды. ✅ Қатысушылар шағын және орта бизнес үшін салық салу ерекшелігін қоса алғанда, маңызды өзгерістер мен инновациялар, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1049827?lang=kk
📚 Абай – 180 жыл 12.08.2025
Биыл ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр.Абай – қазақ халқының рухани қазынасын байытқан, әділдік пен білімнің, бірлік пен ізгіліктің жолын көрсеткен ұлы тұлға.Ұлт ұстазының асыл мұрасы – мәңгілік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1049839?lang=kk
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025 12.08.2025
Троллейбус жүргізушісі – қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші маманЭлектр көлігінің қауіпсіз әрі үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ететін троллейбус жүргізушісі – урбанистикалық инфрақұрылымның маңызды бөлігі. Бұл мамандық жоғары жауапкершілікті, зейінділікті және кәсіби шеберлікті талап етеді.Троллейбус жүргізушісінің күнделікті еңбегі – қала тұрғындарының жайлы әрі уақытылы жетуін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Олар тек көлік құралын басқарумен шектелмей, жолаушылармен мәдени қарым-қатынас орнатып, жолда қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындайды.Қазіргі таңда бұл мамандыққа деген сұраныс артып келеді. Экологиялық таза көліктерді дамытудың маңыздылығы арта түскен шақта, троллейбус жүргізушілерінің еңбегі ерекше құнға ие болуда.Жұмысшы мамандықтар жылы аясында троллейбус жүргізушілерінің кәсіби беделін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту және жаңа буын мамандарды даярлау басты назарда.
Қазақстан және Армения сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті 12.08.2025
Астана, 2025 жылғы 12 тамыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті.М.Нұртілеу Армения СІМ басшысын Вашингтонда өткен үшжақты кездесудің қорытындысы бойынша Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтады.ҚР Сыртқы істер министрі бұл қадамның Оңтүстік Кавказ өңірінде тұрақты бейбітшілік орнату, орнықты даму мен өркендеуді қамтамасыз ету жолындағы маңыздылығын атап өтті.Тараптар өңірлік коммуникацияларды ашу бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында сауда, логистика және көлік салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Сұхбат барысында алдағы уақытта Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға ресми сапары аясында екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерге ерекше назар аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растай отырып, саяси диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1049795?lang=kk
Қонаев қаласында бес шағынауданды газдандыру жобасы жүзеге асуда 12.08.2025
Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының газдандыру және сумен жабдықтау бөлімінің басшысы Г. Мұратов мердігер ұйымдар, ТКШ, сәулет бөлімі және Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерімен бірге «Қонаев қаласының бес шағынауданына жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы» жобасының орындалу барысын бақылау мақсатында бірлескен жұмыс сапарын өткізді.Жоба аясында 19 және 20-шағынаудандар, сондай-ақ Арна, Спутник және Рауан аудандары қамтылған. Газдандыруды іске қосу 2026 жылға жоспарланған.Ауқымды инфрақұрылымдық жоба Қонаев тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және оларды заманауи әрі экологиялық таза энергия көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1049700?lang=kk
Қазақ күресінен әлем чемпионаты: Астана 25 елдің жауынгер-әскери қызметшілерін қарсы алады 12.08.2025
Елордада әскери қызметшілер арасында Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport Militaire) қолдауымен қазақ күресінен I-ші әлем чемпионаты өтеді. Біріншіліктің ашылуы 14 тамызда Qazaqstan жеңілатлетикалық спорт кешенінің базасында өтеді. CISM турнирінің ұйымдастырушылары – ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Qazaq Kuresi қауымдастығы.Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін I-ші әлем чемпионатында әлемнің 25 армиясының балуандары бағын сынайды. Қазақстанның намысын Қарулы күштер мен Мемлекеттік күзет қызметі құрамының мықты спортшылары қорғайды. Жекпе-жек ерлер арасында (55 келі, 60 келі, 66 келі, 74 келі, 82 келі, 90 келі, 100 келіге дейін және одан жоғары) және әйелдер арасында (48 келі, 52 келі, 56 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 77 келіге дейін және одан жоғары) 16 салмақ дәрежесі бойынша өтеді.Қазақстан өткен жылдың мамыр айында Танзаниядағы Сonseil International du Sport Militaire 79-шы Бас ассамблеясында және конгресінде жекпе-жектің ең көне түрінің тұсаукесерінен кейін әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I-ші әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.Әлем чемпионаты Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған. Іс-шара аясында отандасымыздың өмірі мен ерлігіне байланысты бірегей құжаттар, фотосуреттер және артефактілер қойылатын тақырыптық көрме өтеді. Бұдан басқа, спорт форумының қонақтары қазақ мәдениетінің атмосферасымен таныса алады, яғни аренаның жанында киіз үйлер, ұлттық жәдігерлер мен дәстүрлі өнер үлгілері орнатылады.Естеріңізге сала кетсек, Conseil International du Sport Militaire – Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі екінші маңызды спорттық ұйым. Ол 140-қа жуық ел қарулы күштері өкілдерінің басын қосады.Чемпионатты сәтті өткізу отандық күрес тарихында бетбұрыс жасауға ықпал етеді деп күтілуде, өйткені CISM қазақ күресін әлемдік армия турнирлерінің жыл сайынғы бағдарламасына, одан бөлек 2027 жылы АҚШ-та өтетін дүниежүзілік әскери ойындарға қосу мүмкіндігін қарастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1049738?lang=kk
Қостанай облысында жастар күніне арналған онкүндік аяқталды 12.08.2025
Бүгін, 12 тамызда Қостанай облысы бүкіл елмен бірге Халықаралық жастар күнін атап өтуде. 3-12 тамыз аралығында өңірде өткізілген ауқымды іс-шаралар онкүндігі осы маңызды күнге орайластырылып, жастардың спорттық, мәдени және әлеуметтік бастамаларын біріктірді.Мереке басталғаннан қостанайлықтар белсенділік танытып, ерекше атмосфераға бөленді: орталық алаңда көңілді жарыстар, байқаулар мен спорттық-сауықтыру кештері өтті. Алаңда орналасқан караоке сахнасында жастардың сүйікті хит-әндері шырқалды. 5 тамызда I-Qostanay кеңістігінде жұмысшы жастар форумы өткізіліп, өз саласының үздік мамандарына «Үздік шебер» сыйлығы табысталды. Жеті жеңімпаздың әрқайсысына 100 000 теңге сомасында ақшалай сертификат берілді.6 тамызда қала орталығы - қостанайлық Арбатта қолөнер көрмесі, көше музыкасының шеруі, ашық аспан астында мерекелік қойылымдар мен шығармашылық интерактивті іс-шаралар өтті. Атмосфера еуропалық рухтағы ең жақсы мерекелерді еске түсірді. 7 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағындағы жазғы кинотеатрда көрермендер ашық аспан астында көркемфильм тамашалады. Ал 8 тамызда жастар тек көңіл көтеріп қана қоймай, Тобыл жағалауында «Таза ойындар» экологиялық квестін өткізді, онда қатысушылар аумақты тазалаудан жарысып, туған қалаға деген қамқорлықты дәріптеді.Бұл күндері жастар бастамаларын қолдауға ерекше көңіл бөлінді. 11 тамызда «Жастар сарайында» шағын гранттар байқауы өтіп, бастамашыл топтар мен еріктілер бірлестіктеріне өз жобаларын жүзеге асыру үшін 100 000 теңгеден 7 грант берілді.Онкүндіктің маңызды сәттерінің бірі 9-10 тамыз аралығында өткен баскетбол, шағын футбол және киберспорт бойынша жасөспірімдер арасындағы турнирлер болды. Бұл жарыстар тек ойыншыларды ғана емес, сонымен қатар спорт пен ойын ежелден өмір салты болған жастар командаларын, клубтарды біріктірді. Баскетбол турниріне қала мен облыс бойынша әрқайсысы оқу орындары, спорт клубтары немесе бейресми жастар бірлестіктерінің атынан шыққан мықты 7 команда қатысты. Турнирге деген қызығушылықтың жоғары болғаны сонша, спорт кешендерінің трибуналары жанкүйерлерге лық толды. Тобыл кентінегі «Затоболец» стадионында өткен футбол турнирінде 32 команда бақ сынады. Қатысушылар арасында мектеп оқушылары, студенттер, жас мамандар мен футбол жанкүйерлері болды. Турнир топтық және плей-офф сияқты екі кезеңнен құралды.Киберспорттық жарыстар да қызықты өтті, онда 30-дан астам геймер-қауымдастықтар мен клуб өкілдерінің командалары бақ сынасты.FIFA 2025-те 30 қатысушы өз шеберліктерін айқын көрсетті, виртуалды стадиондар эмоцияларға толы болды, UFC 4 ойынындағы тағы 20 ойыншы финалы болжанбайтын нағыз кибержекпе-жекті көрсетті. Киберспорт бойынша жалпы жүлде қоры 525 000 теңгені құрады, бұл қатысушылар үшін күшті ынталандыру болды. Онкүндік 12 тамызда Ұлы Дала саябағының сахнасында Open Air концерттік бағдарламасымен аяқталды. Шығармашылық топтар өз өнерімен көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Соңында турнир жеңімпаздары мен облыстың белсенді жастарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жас көшбасшылар, волонтерлар, спортшылар мен шығармашылық дарындарға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1049689?lang=kk
Еңбек қауіпсіздігі – бұл формалдылық емес, өмір мәселесі. Бүгін Саран қаласының №24 ӨСБ және ТЖБ қызметкерлері Еңбек департаментінің өкілімен кездесу барысында маңызды мәселелерге жауап алды. 12.08.2025
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіру мақсатында Сарань қаласының №24 ӨСБ және ТЖБ ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Іс-шараға Еңбек департаментінің еңбек қатынастары бөлімі бастығының орынбасары, бас мемлекеттік еңбек инспекторы — Қасымова Әсем қатысты. Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жауапкершілігі мәселелері талқыланды.Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, бұл жұмыс орындарында қауіпсіз жағдай жасау жолындағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1049646?lang=kk
Жартыжылдық қорытындысы: Қонаев қаласында 86 жаңа тұрғын үй салынып жатыр 12.08.2025
Қонаев қаласында заманауи қала ортасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Бүгінде қаланың әртүрлі шағынаудандарында абаттандырылған аулалары, сауда нысандары және демалыс орындары бар 86 жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.Д. Қонаев даңғылында «MDI Construction» ЖШС «Маяк» тұрғын үй кешенін салып жатыр. Жоба жеті төрт қабатты секциядан тұрады және 216 пәтерді қамтиды. Сондай-ақ, кешен аумағында жеке кафе, дүкен және спорт залы қарастырылған.19-шағынауданда «Хаммер Бау Девелопмент» ЖШС «Атамекен» тұрғын үй кешенін салуда. Жоба үш тоғыз қабатты кең пәтерлі үйден тұрады. Құрылысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.Ірі жобалардың бірі – «Али-Нұр транс» ЖШС-нің «NNS City» тұрғын үй кешені. Мұнда 21 бес қабатты үй салынып, шамамен 600 пәтер пайдалануға беріледі. Бірінші кезектің құрылысы 2026 жылдың қараша айында аяқталады.Қаланың орталығында, Д.А. Қонаев даңғылында Retail Construction компаниясы 50 пәтерден тұратын ықшам бес қабатты үй салып жатыр. Нысанды 2025 жылдың желтоқсан айында тапсыру көзделген.«R&M Construction» ЖШС жүзеге асырып жатқан «Аристократ» тұрғын үй кешені 25 үйден тұрады. Қазіргі таңда кейбір үйлер пайдалануға берілген, ал жоба толықтай 2027 жылы аяқталады.«GS QURYLYS» ЖШС «Comfort» тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуде. Жоба төрт тұрғын блоктан, дүкендерден және автотұрақтан тұрады. Құрылысты 2026 жылдың басында аяқтау жоспарланған.10-шағынауданда Chinese Foreign Construction Company компаниясы «Феникс» тұрғын үй кешенінің құрылысын бастайды. Бірінші кезек 2026 жылы тапсырылады.Осы жылдың басынан бері қалада 14,213 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 65,2%-ын құрайды. Орындаған құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд теңгені құрады.Аталған жобаларды іске асыру қала тұрғындарын заманауи әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етіп, абаттандыру деңгейін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылым нысандарын көбейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1049612?lang=kk
Ұлттық ұлан Академиясында офицер-тәрбиешілердің жиыны басталды 12.08.2025
Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясы базасында офицер-тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиыны өз жұмысын бастады. Іс-шара Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетовтың басшылығымен өтуде.Жиынға еліміздің барлық өңірлерінен келген 40-қа жуық офицер қатысуда. Олардың қатарында әскери бөлім командирлерінің орынбасарлары, Академия қолбасшылығы және «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері бар. Бағдарлама тәжірибе алмасу, тәрбие жұмысындағы жаңа тәсілдерді енгізу және жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мәселелерін талқылауды қамтиды.Алғашқы күні қатысушылар елімізге белгілі психологтармен және қоғам қайраткерлерімен кездесті. Олардың арасында – Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Назипа Шанаи; «Рух» психология және тұлғалық даму орталығының директоры, клиникалық психолог Резида Баймұханова; жаттықтырушы-медиатор, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тажин; ҚХА Республикалық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай; Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнар Мукушева бар.Кеңейтілген отырыста генерал-майор Қайрат Үмбетов қатысушыларға Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың тәртіп пен тәрбие жұмысына қатысты тапсырмалары мен талаптарын жеткізді.Сондай-ақ психологиялық дәрістен кейін генерал-майор Қайрат Үмбетов биыл жазда Академияға қабылданған бірінші курс курсанттарымен кездесті. Ол курсанттарға жаңа оқу жылы қарсаңында ақ тілегін білдіріп, әскери қызметтің мәртебелі міндеттері туралы айтып, пайдалы кеңестер берді.Күн соңында әскери бөлімдер командалары арасында волейболдан спорттық жарыс өтті: 1-орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, 2-орынды – «Орталық», 3-орынды – «Оңтүстік» командасы иеленді. Айта кетейік, оқу-әдістемелік жиын 13 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде халықаралық деңгейде мойындалған тәрбие және психологиялық жұмыстың озық әдістемелері қарастырылатын болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1049620?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Сербиямен инвестициялық серіктестікті дамыту талқыланды 12.08.2025
Астана, 2025 жылғы 11 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айбол Арғынғазинов Сербия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дамьян Йовичпен кездесу өткізді.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және агробизнес салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективаларын талқылады. Сұхбат барысында сербиялық инвесторларды Қазақстан экономикасының басым секторларына тарту және қазақстандық компаниялардың серб нарығындағы қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл өзара сауданы өсіру мен әртараптандыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ғ.Оспанқұлов Сербияның Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды серіктес екенін атап өтті: «Біз өнеркәсіптік кооперация, аграрлық сектор, логистика және құрылыс салаларында ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуетті көріп отырмыз. Қазақстан сербиялық серіктестерге арнайы экономикалық аймақтарымыздың мүмкіндіктерін және еліміздің қолайлы географиялық орналасуын пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар ұсына алады. Сонымен қатар біз қазақстандық компаниялардың серб нарығына сапалы өнімдер мен шешімдер ұсынып, өзара экономикалық дамуды күшейте алатынына сенімдіміз».Кездесу соңында тараптар өзара сауда айналымын нығайту және инвестициялық серіктестікті дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1051815?lang=kk
Алматы облысында Жастар күні: марапаттар мен үлкен Open Air мерекесі 12.08.2025
Алматы облысында 35 жасқа дейінгі шамамен 430 мың жас тұрады, олардың 80%-дан астамы – ауылдық жерде, 136 ауылдық округте. Ауылдарда жастармен жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар жұмыс істейді – олар мемлекеттік саясатты ауыл деңгейінде жүзеге асыратын негізгі буын.Өңірде алғаш рет осы саладағы үздік мамандарды анықтап, ынталандыруға бағытталған «Umtylys» байқауы өтті. Іріктеу кезеңінен кейін 44 қатысушы финалға жолдама алды, олардың арасынан комиссия 8 жеңімпазды анықтады. Меценаттардың қолдауына ие болған олардың жобалары жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Бүгін жеңімпаздарға салтанатты жағдайда қаржылай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев белсенді жастардың өңірдегі жастар ортасын дамытуға және әлеуметтік капиталды нығайтуға қосып жатқан үлесін атап өтті.Қуат Байғоджаев айтуынша, облыста бірқатар маңызды бағдарламалар сәтті іске асырылып жатыр: жас мамандарға арналған «Алатау жастары» жеңілдетілген ипотекасы, ғылым, мәдениет және инновация саласындағы жобаларға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Заңғар» гранттары, сондай-ақ ауыл жастарына төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы.Жастар инфрақұрылымы да дамып келеді: Қонаев қаласында, Кеген, Райымбек және Балқаш аудандарында жаңа жастар ресурстық орталықтары ашылды, жыл соңына дейін мұндай орталық Қарасай ауданында да іске қосылады. Бұл алаңдар белсенді жастар үшін оқуға, дамуға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орталыққа айналды.Өңірде Жастар күні 10 тамызда – Абай күні басталды. Ұлы ақынның 180 жылдығына орай шығармашылық кештер, зияткерлік ойындар мен челлендждер, сондай-ақ «Ізгі істер марафоны» және «Таза Қазақстан» аясында қайырымдылық және экологиялық акциялар өтті. Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында белсенділерді марапаттау рәсімімен өтетін фестивальдар ұйымдастырылады.Мерекенің шарықтау шегі – танымал қазақстандық орындаушылар қатысатын «Aspan Fest» ашық аспан астындағы концерті болмақ. Жастар күні аясында өңірде 50-ден астам іс-шара – спорттық турнирлерден бастап, тренингтер мен қайырымдылық акцияларына дейін өтеді. Оларға 50 мыңнан астам қатысушы жиналады. Мақсат – талантты әрі бастамашыл жастарды қолдау, көшбасшылық пен волонтерлікті дамыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1049571?lang=kk
Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойлануда 12.08.2025
Абайдың мұрасы – халқымыздың сарқылмас рухани байлығы, адамгершілікке, білімге, әділдік пен парасаттылыққа үндейтін мәңгілік құндылық. Оның ой-толғамдары бүгін де өзектілігін жоймай, ұрпақтарды бірлікке шақырып, игі істерге жетелейді.Қазақстандық дипломаттар Абай шығармашылығын бүкіл адамзатқа ортақ мұра ретінде кеңінен насихаттап, оның өнегелі жолын халықаралық аренада танытуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1049472?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ! 12.08.2025
Тарих толқынында халқымыз талай зобалаңды, талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ қандай қиындық болса да, ғасырлар көшінде жасампаздықпен алға қадам басып, гүлдену жолынан айныған емес. Сол күрес пен төзімнің, елдік пен парасаттың арқасында қазақ халқы тәуелсіздігін алып, бейбіт өмірдің тәтті дәмін татты. Ал осы жетістіктің түп-тамыры – ел ішіндегі бірлік, татулық және тұтастықта жатыр.Бүгінде қазақ жерінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Олардың жүрегін бір арман, бір мақсат, бір сенім байланыстырады – ол сенімнің аты Қазақстан. Егер бір арманы мен ортақ мақсаты бар, келешекке бір көзқараспен қарайтын, ынтымағы жарасқан халық болмаса, еліміз бүгінгі деңгейге жете алмас еді. Бүгінгі таңда әлем көз тіккен Қазақстан көк аспан астында бейбіт өмірдің тұғырын биік ұстап келеді. Өйткені, бұл елде – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын жігерлі ұлдар, ибалы қыздар және ақылман қарттар бар.Жыл сайын дүркіретіп атап өтетін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні осының айқын дәлелі. Бұл – түрлі ұлт өкілдерінің достық мерекесі ғана емес, халқымыздың берік бірлігінің символы.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Мемлекеттік сатып алу порталы - ашықтық пен тиімділіктің кепілі 12.08.2025
Биыл қаңтардан бастап елімізде мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, сатыпалым рәсімдерін жеңілдету мен одан әрі автоматтандыруға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң күшіне енген болатын.Аталған заңның ережелерін іске асырудағы маңызды құралдардың бірі сатыпалым процесінің барлық қатысушысына арналған (мемлекеттік сатып алудың электронды қызметтеріне бірыңғай қол жеткізуге септесетін) мемлекеттік сатып алу веб-порталы болып саналады.Рәсімдерді толық цифрландыру арқылы (жоспарлаудан бастап келісішарттағы міндеттемелерді орындауға дейін рәсімдер автоматтандырылған) веб-портал барлық мүдделі тарап үшін ашықтықтың, есептіліктің және ақпарат қолжетімділігінің кепіліне айналды.Айталық, 2025 жылы осы реформаға сәйкес веб-порталда:- конкурс өткізу мерзімі (конкурс құжаттарын талқылау 5 2 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қабылдау 15 5 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қарау 10 3 жұмыс күніне дейін) азайтылды;- сатып алу қорытындыларына шағымданудың жаңа тәртібі жолға қойылды. Сатыпалымды жедел жүргізу мен тиісті рәсімнің ұзаққа созылуын болдырмау мақсатында шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушылардың өздері қарайды;- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында осы субъектілерден құны 50 000 АЕК аспайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға басымдық берілді;-ішкі нарықты қолдау үшін ұлттық режімнен алып қоюды белгілеу жолымен веб-порталда отандық өндірушілерден тауарларды сатып алуға басымдық беру жалғасып келеді;- бәсекелестікті дамыту және бизнесті қорғау мақсатында мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері болып саналатын өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері болып саналатын өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған кезде веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.Бұдан басқа, бірыңғай оператордың базасында мемлекеттік, ұлттық компаниялардың және «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына қатысуға бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ететін (қолданыстағы goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork.kz сатып алу алаңдарымен интеграциялау арқылы) бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды.Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы порталда:- тіркелген пайдаланушылар саны - 18 мыңнан астам тапсырыс беруші, 102 мың қызмет көрсетуші;- жасалған келісімшарттардың сомасы екі есе өсті 3,4 трлн теңгеден (2024 ж.) 7,2 трлн теңгеге дейін (2025 ж.);- жасалған келісімшарттар саны 23%, яғни 870 мыңнан (2024 ж.) 1 072 мыңға (2025 ж.) дейін ұлғайды;- берілген шағымдар саны 25%, атап айтқанда 22 мыңнан (2024 ж.) 16 мыңға (2025 ж.) дейін азайды;- отандық тауар өндірушілермен жасалатын келісімшарттардың сомасы 137%, яғни 150,8 млрд теңгеден (2024 ж.) 357,0 млрд теңгеге (2025 ж.) дейін ұлғайды.Толық цифрландырудың арқылы сатып алу процесіндегі әрбір қадам электронды жүйеде тіркеледі және порталда автоматты түрде сақталады. Аталған жүйе бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Мұнда барлық қызмет ұсынушыға тең мүмкін берілген. Бұл нарықтың жаңа қатысушыларына жол ашып, мемлекеттік сатыпалымның сапасы мен өсімін арттырады.Сонымен қатар кез келген адам сатыпалым туралы хабарландыруларды, сауда-саттық нәтижелерін, жасалған келісімшарттар мен тапсырыс берушілердің әрекеттерін бақылай алады. Бұл қоғамдық бақылауды күшейтіп, барлық процестің ашықтығын нығайта түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1049405?lang=kk
БАЯНДЫ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА❗️ 12.08.2025
Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты Табынбаев Сәндібек Таңғалиұлы ауыл тұрғындарын қабылдайды.📍Өтетін орыны: Баянды ауылы әкімі аппаратының ғимараты.🗓️Күні: 10.07.2025ж⏱️Сағат: 10:00-12:00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1049378?lang=kk