Enbekshi QazaQ

Әлем

Халықаралық шарт ережелерін қолдану бейрезидентке табыс төлеу кезінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы 03.04.2026
        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бейрезидентке табыс төлеу кезінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі туралы хабарлайды.        Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 698-бабының 2-тармағына сәйкес халықаралық шарт ережелерін қолдану Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.       Бейрезидент табысының түріне байланысты бейрезидент табыстарына салық салудан босату не төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдану бөлігіндегі халықаралық шартты қолдану тәртібі Салық кодексінің 705, 706, 707, 712, 713 және 714-баптарымен айқындалған.      Аталған баптарда салық агентінің халықаралық шарт ережелерін дербес қолдану құқығы да көзделген.     Халықаралық шарт ережелерін қолданудың шарттарының бірі — бейрезиденттің салық агентіне Салық кодексінің 702-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты ұсынуы болып табылады.      Сонымен қатар, Салық кодексінің 705-бабының 3-тармағына сәйкес резиденттікті растайтын құжат бейрезидентпен салық агентіне төменде көрсетілген күндердің ертерек туындағанына дейін ұсынылады:       бейрезидентке табыс төленген немесе төленбеген бейрезидент табыстары шегерімдерге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей;       тиісті салық кезеңі үшін төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің орындалуына қатысты салықтық тексеру аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей.      Қосымша хабарлаймыз, егер серіктес мемлекет Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Конвенцияның(Гаага қ., 1961 жылғы 5 қазан) (бұдан әрі - Гаага конвенциясы) қатысушысы болып табылса, ресми құжаттарды заңдастыру апостиль қою рәсімімен алмастырылуы мүмкін.      Гаага конвенциясының 5-бабына сәйкес апостиль қолтаңбаның түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымдық мәртебесін, сондай-ақ қажет болған жағдайда құжаттағы мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады.      Осылайша, халықаралық шартты қолдану Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, бұл ретте шарттардың бірі — бейрезиденттің салық агентіне Салық кодексінің 702-бабы талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты Салық кодексінің 705-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде ұсынуы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1193656?lang=kk
Заманауи цифрлық өңірге айналу – маңызды міндет 03.04.2026
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен Қостанай облысының Цифрлық штабының отырысы өтті.Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады.Күн тәртібі аясында Қостанай облысында «ақылды қалалар» құру стратегиясын іске асыру мәселесі қаралды.Баяндамамен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев сөз сөйледі. Қосымша баяндамашылар ретінде Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев, Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Сабыржан, сондай-ақ «ЭКОСЕРВИС-2030» ЖШС директоры Виталий Сиухов баяндама жасады.Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «Smart City» эталондық стандарты аясында жүзеге асырылып жатқан Қостанай қаласы мен облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландырудың ағымдағы нәтижелері ұсынылды.2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында жалпы сомасы шамамен 242 млн теңгені құрайтын 6 негізгі цифрлық жоба іске асырылғаны атап өтілді. Басым бағыттардың қатарында – Ситуациялық орталық пен «AiKey» ақпараттық жүйесін дамыту, коммуналдық салада цифрлық бақылау сервистерін енгізу, сондай-ақ тұрғындарға арналған 78 қызметті біріктіретін «Smart Qostanai» қалалық цифрлық платформасын дамыту бар.Отырыс барысында қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көшелерді жарықтандыруды автоматтандыру, бағдаршам нысандарын жаңғырту, «ақылды» аялдамаларды енгізу, коммуналдық қызметтерді есепке алуды цифрландыру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары қаралды.Сонымен қатар 2026 жылға жоспарланған жобалар талқыланды. Олар жасанды интеллект технологияларын одан әрі енгізуді, бейнебақылау жүйелерін дамытуды, сондай-ақ «ақылды» көлік пен қалалық ортаны мониторингтеу саласындағы пилоттық шешімдерді іске асыруды қамтиды.Отырыс барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірді цифрландырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті:«Біз заманауи цифрлық өңірге айналу үшін жоспарлы түрде күш салуымыз керек. Осы жылдың аясында кәсіпорындарда озық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект саласындағы шешімдерді енгізу бойынша бірқатар жобаларды іске қосу көзделіп отыр. Бұл ретте олардың сапасы мен өңір экономикасына әкелетін нақты пайдасы да маңызды. Облыста 900-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, KIA және KamlitKZ зауыттарында 117 өнеркәсіптік «ақылды» робот жұмыс істейді (2023 жылы – небары 3). Тау-кен өндіру кәсіпорындарында да 28 робот енгізілген. Бүгінде егістік жерлердің 100%-і, жайылымдардың 90%-і және шабындықтардың 95%-і цифрландырылған. Мал шаруашылығында 7 заманауи «ақылды» сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді, ал өсімдік шаруашылығында дәлме-дәл егіншілік технологиялары енгізілген. Smart City бағыты бойынша да айтарлықтай ілгерілеу байқалады – соңғы үш жылда облыстың Жедел басқару орталығына қосылған камералар саны 2023 жылғы 102-ден 2025 жылы 285-ке дейін өсіп, 2,8 есеге артты».Отырыс қорытындысы бойынша халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қалалық басқару тиімділігін күшейтуге және заманауи, қауіпсіз әрі технологиялық қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған цифрландыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1193644?lang=kk
Мемлекеттік қызметке орналасу бойынша бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз 03.04.2026
Іс-шара аясында сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз: мемлекеттік органдардағы ағымдағы бос орындармен танысу;мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы кеңестер алуға;үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурстық іріктеу кезеңдері туралы білу;мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қою. 📅 Күні: 2026 жылғы 10 сәуір📍 Орналасқан жері: Пушкин көшесі, 98 (Ай-көмек ғимараты)🕒 Уақыты: 11:00 Қатысуға оқу орындарының түлектері, жас мамандар, жұмыссыз жастар, барлық ниет білдірген азаматтар шақырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1193620?lang=kk
СӘИЖ СТК бойынша хабарлама 03.04.2026
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салық әкімшілігінің интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда) «Ұсынылатын СЕН» қызметінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсету қажет.Кезекті/бастапқы салық есептілігі салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдарының ақпараттық жүйесі ұсыну мерзімі өткеннен кейін нөлдік көрсеткіштермен автоматты салық есептілігін қалыптастырады.Бұл ретте салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер болған кезде салық төлеуші салық кезеңі үшін автоматты салық есептілігіне қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026 жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222394?lang=kk
Женевада Қазақстан киносының апталығы өтті 03.04.2026
Женева, 2026 жылғы 31 наурыз – 2 сәуір – Қазақстан Республикасының Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі «Qazaqfilm» ұлттық киностудиясымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан киносының апталығын ұйымдастырды.Женева жұртшылығына «Ұлы дала таңы», «Композитор» және «Әміре» фильмдері ұсынылып, олар Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін, рухани құндылықтарын және бай мәдени мұрасын көрсетті.Кинокөрсетілім дипломатиялық корпус өкілдерін, халықаралық ұйымдарды және қазақстандық диаспораны біріктіріп, мәдени алмасуға және заманауи қазақстандық киномен танысуға мүмкіндік берді.Көрсетілімдер Ұлттар сарайындағы «Қазақстан» залында өтіп, халықаралық іс-шаралар мен мәдени бастамалар үшін маңызды алаң ретінде қызмет етуді жалғастыруда.Қазақстан киносының апталығы еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген жоғары қызығушылықты көрсетіп, мәдени дипломатияның өзара түсіністік пен мәдениетаралық диалогты нығайтудың тиімді құралы ретіндегі маңызын айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1193552?lang=kk
Ұлттық экономика министрлігі халықтың нақты табысы туралы: статистикалық деректерді талдау және Үкіметтің әл-ауқатты арттыру шаралары 03.04.2026
Бүгін Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы күні бұрынғы қорытынды бойынша халықтың нақты табысы индексін жариялады. Халықтың нақты табысының төмендеуінің себебін түрлі талқылаулар мен түсіндірулердің болуын ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі статистикалық көрсеткіштер мен оларды қалыптастыру әдістемесін, сондай-ақ халықтың табысын арттыру жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі талдап, ұсынып отыр.ҰСБ деректері бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты кіріс индексі өткен жылғы деңгейге 98,9%-ды көрсетті. Жан басына шаққандағы орташа табыс 238 070 теңге. Табыстың номиналды өсімі +10,2%, ал нақты өсім (инфляцияны ескергенде): -1,1%.Нақты кірістің төмендеуі, экономиканың өсуі әлі де халықтың әл-ауқатына толық әсер етпейтіндігін көрсетеді. Яғни пайданы қайта бөлу мәселесі туындайды. Мұндай жағдай жұмыспен қамтуды арттыру, тұрақты жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жаңартылған Халықтың табысын арттыру бағдарламасында қаралған жалақыны арттыру жөніндегі шаралардың өзектілігін көрсетеді.Жылдық динамика және нүктелік мәндерНақты кірістер жағдайы туралы объективті көріністі тек жылдық көрсеткіш беретінін бірден атап өтеміз. Ол маусымдық ауытқулар мен бір реттік инфляциялық ахуалды жұмсартады. Бұл нақты ұзақмерзімді трендті көрсетеді. Желтоқсанда қызу талқыланған халықтың нақты табысының -6% деңгейінде төмендеуі туралы тезис жедел деректерге және «Желтоқсан-желтоқсанға» қағидаты бойынша негізделген. Яғни бір жылдағы жиынтық динамика емес, бір ай шеңберіндегі көрсеткіштің өзгеруін көрсетеді. Бір айдағы деректі (атап айтқанда, желтоқсандағы жедел деректі) экономикалық тұрғыдан жыл бойына сипаттама ретінде пайдалану негізсіз және әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес.Неліктен нақты табыс ЖІӨ-мен бір уақытта өспейдіХалықтың нақты табыс индексінің төмендеу себебінің бірі, жалақы бизнестің пайдасына қарағанда баяу қарқынмен өсуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша, компаниялардың 50%-дайы жалақыны үнемдеп, 10%-дан асырмаған. Кейбіреулері бұрынғы деңгейде қалдырған. Бұл алшақтықты тудырады: ЖІӨ өнеркәсіп, қызмет көрсету және экспорт арқылы өссе де, бірақ нақты жұмысшының жалақысына бұл ақша кідіріспен келеді.Неліктен жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп отырЕңбекақы қоры компаниялардың тұрақты шығындарын білдіреді. Бюджетті қалыптастыру кезінде көбінесе ірі кәсіпорындар, шығынға ықтимал тәуекелдерді салады. Бұлар бүгінде негізінен сыртқы сипатқа тәуелді. Олардың ішінде логистикалық тізбектің үзілуі, тұрақсыз геосаяси жағдай, санкциялық шектеу, әлемдік бағалар мен валюта бағамының құбылмалылығы және басқалары бар. Бизнес әсер ете алмайтын осы факторлардың барлығы жалақыны белсенді түрде арттыру мүмкіндігін шектейді.Жүйелік проблема: Қазақстанда жалпы экономикадағы (ЖІӨ) жалақының үлесі шамамен 31%. (2024 жылғы қорытынды бойынша). Салыстыру үшін: дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40%-дан жоғары. Үкіметтің міндеті – кірістерді әділ бөлу, бизнес тек дивидендтерге ғана емес, кірісті еңбекақыға да көбірек жұмсауы тиіс.Сонымен қатар, халықтың табысы жалақы есебінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік трансферттер мен басқа да кірістер есебінен қалыптасады. Оның динамикасы экономиканың өсу қарқынынан өзгеше болуы мүмкін.2025 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша жалдамалы емес жұмыстан түскен табысқа халық табысының 8,3%, зейнетақыға 17,9%, жәрдемақыға 3,3% және т. б. сәйкес келді.Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі басымдықтары мен жоспарларыАзаматтарымыздың нақты табысының өсуін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚНРДА-ның 2028 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда. Оның мақсаты нақты кірістердің +2-3% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету. Бұған инфляция деңгейін 2026 жылы 9-11%-ға, 2027 жылы 5,5 - 7,5% - ға, 2028 жылы 5-7% - ға дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені арқылы қол жеткізу жоспарлануда. Бағалар баяу өскен кезде жалақы да көп болады.Бұл үшін бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылуда.1. Теңдестірілген тарифтік саясат.Үкімет өткен жылғы қазанда енгізген коммуналдық қызметтер мен ЖЖМ тарифін көтеру мораторийі өз міндетін орындады. Үкімет инфляцияны тұрақтандырды. Ол алтыншы ай қатарынан баяулап, өткен жылғы қыркүйектегі 12.9%-дан наурызда 11.0%-ға дейін төмендеді. Реттелетін қызметтерге қатысты бұл табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру есебінен жүзеге асырылды.Мораторий кезінде ҰЭМ ТМРК «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде қайта есептеу жүргізді.1 сәуірден бастап тарифтік саясат ұстамды түрде жүргізілетін болады. Азаматтарға қаржылық жүктеме мейлінше аз болмақ. ӘМАТ өндірушілері үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі бағасын ұстап тұру үшін, ал олардың кеңейтілген тізіміндегі 31 түріне (бұл азық-түлік себетінің 23.4%) электр энергиясы мен темір жол тасымалы тарифті 70%-ға дейін төмендететін болады. Әлеуметтік осал топ үшін коммуналдық қызметке жұмсалатын шығынды өтеу арқылы атаулы қолдау шаралары сақталады.Nota bene: Реттелетін қызмет тарифі мен ЖЖМ бағасының өсуінен инфляцияға салым ағымдағы жылы 0,35 пайыздық тармақтан аспайды.2. Бюджет шығыстарын қатаңдатуКонтрциклдік бюджет саясаты шеңберінде республикалық бюджет шығыстарының және Ұлттық қордан трансферттердің өсуін шектеу жөніндегі Бюджет кодексінде көзделген фискалдық қағидалардың қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі.Республикалық бюджет шығыстарының ұстамды өсуі және олардың тиімділігін арттыру есебінен олардың ЖІӨ-ге үлесі 2026 жылы 15,1%-ға дейін қысқарады.Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемін қысқартудың жүйелі саясаты жалғастырылады. 2026 жылы соңғы 5 жылда алғаш рет республикалық бюджет Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлінбей, орындалуда. Салыстыру үшін: 2025 жылы 3 трлн 250 млрд теңге нысаналы трансферт бөлінді. Осылайша, ағымдағы жылы бұл қаражат фискалдық арна арқылы экономикаға қосымша инфляциялық қысым көрсетпейді. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды.Республикалық бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5%-дан 2028 жылы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін төмендетіледі.Бюджет шығыстарын оңтайландырудың осы көрсеткіштерінің барлығы бюджет саясатының тиімділігін арттыруға және бюджеттің кіріс базасын кеңейтуге бағытталған шараларды іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, қолданыстағы және тиімсіз салық жеңілдіктерін тексеру, банк секторының қауіпсіздік қорын арттыру және үй шаруашылықтарының артық борыштық жүктемесіне жол бермеу, цифрлық технологияларды қолдана отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдау шараларын күшейту жөніндегі шаралар кешені есебінен.Халықтың табысын арттырудың кешенді бағдарламасыҚазір Үкімет жұмыспен қамтуды ынталандыру, жалақыны арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды қамтитын 2029 жылға дейін халықтың табысын арттырудың кешенді бағдарламасын қалыптастыруда. Бұл шаралар:- коммуналдық сала қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің және ауыл шаруашылығының жалақысын ұлғайту,- еңбекақы төлеу қорының үлесінің өсуі,- өңдеу өнеркәсібінде жаңа жұмыс орындарын құру,- экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау,- комиссиялар мен төлемдер арқылы халықтың қаржылық ауыртпалығын төмендету,- ірі кәсіпорындардың әлеуметтік жобаларын іске асыру және басқалар.2026 жыл біздің азаматтарымыздың табыстарының өсу трендін қалыптастыруға қатысты айқындаушы болады. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік деректердің ашықтығы мен дұрыс түсіндірілуін қамтамасыз ету үшін әдіснаманы үнемі түсіндіру тәжірибесін жалғастырады.           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1193554?lang=kk
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б. Асыловтың төрағалығымен 03.04.2026
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б. Асыловтың төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесинде (ҚАЖ) заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша алқа отырысы өткізілді.Отырысқа Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаты, ішки истер, еңбек және халықты әлеутметік қорғау, қаржы, денсаулық сақтау, ұлттық экономики, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің басшылары қатысты.2025 жылғы 23 маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлетет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды, ониң ішінде ҚАЖ-ды реформау, инфрақұрылымды жаңарту, сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен олардың қоғамға бейімделу мәселелері талқыланды.ҚАЖ-да заңдылықты қамтамасыз ету, пенитенциарлық мекемелерді жаңғырту, медицинские қамтамасыз ету, сотталғандарды еңбекпен қамту және оларды қайта әлеуметтендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Пенитенциарлық жүйеде азаптау фактілерінің тіркелуи айтарлықтай төмендегені атап өтілді (2023 жылы 26 фактіден 2025 жылы 3 фактіге дейін).Чартты түрде мерзіминен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлигін неғұрлым жеңил жаза түрине ауыстыру тәжірибеси жақсарды.Сотталғандарды еңбекпен қамту көрсеткіші артты (50%-дан 70%-ға дейін).Пробация есебінде тұрғандар арасында қайталама қылмыс деңгейі 20%-ға төмендеді.Алматы қаласында ҚАЖ комитеті жеке инвестордың қатысуймен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған мекеме салды.Өңірлердің әкімдіктерімен өзара іс-қимыл аясында түзеу мекемелериндегі бірқатар тұрғын үй-жайларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ олардың аумағында 12 өндірістік ангар салу жобасы иске асырылуда.Отырыс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.Халықаралық тәжірибені эскере отырып, жеке инвесторларды тарту арқылы ҚАЖ-дың жаңа мекемелерін салу жоспарлануда. Бұл ретте жобалар құнының 30%-дан аспайтын бөлігі мемлекет есебінен қаржыландырылып, қалған бөлігі жеке капитал есебінен жабылып, кейин олардың шығындары өтелетін болады.Құрылыс құнын төмендету мақсатында заманауи құрылыс материалы мен қауіпсиздікті қамтамасыз етудің жаңа технологии на рынке эскеріп, қолданыстағы нормативтерді қайта қарау жоспарлануда.Бұл бюджет жүктемесін азайтып, сотталғандарды ұстау жағдайларынок жақсартуға мүмкіндік береді.Бас Прокурор заң бұзған тұлғалар қоғамнан шеттетілмеуі тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттің миндети – оларды заңға бахынатын әрі қоғамға пайдалы азаматтар ретинде қайта қалыптастыру.Бүгінде 30 мың сотталғанның әрбір үшіншісі бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген. Өз кезегінде бір сотталғанды ​​ұстауға мемлекеттен жылына 3 миллиона теңгеге дейін қаржы бөлінеді.Халықаралық тәжірибені эскерсек,оларды еңбекпен қамту және табысты әлеуметтік бейімдеу неғұрлым тиімді болып табылады.Осыған байланысты Бас прокуратура заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды, оған сәйкес қайта әлеуметтендіру Функционалы әкімдіктерге берілип, ал бұл жұмысты үйлестіру Еңбек және халықты әлеуметтик қорғау министрлигіне жүктеледі. Аталған бастаманы министрлик қолдады.Ұсынылған тәсілдерді іске асыру әлеуметтік бейімдеудің бірыңғай тігін қалыптастырып, қоғамдық қауіпсиздік деңгейине оң әсер етеді.Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыты әрдайым азаматтардың конституциональныелық құқықтарын қорғауға, құқық қорғау органдарының күш-жігерін қылмыстылықтың жүйелі тәуекелдерін төмендету мақсатында үйлестіруге және құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған.
Акция "Таза Қазахстан" 03.04.2026
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері бүгін сенбілікке шықты. Округ аумағындағы скверлер, ауылға кіреберістер мен көшелер тазартылды. Приморск ауылында жағажай аумағы тазаланып, бөтелкелер мен басқа да қоқыстардан арылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1193489?lang=kk
Тельман ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу туралы 03.04.2026
        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-озі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 39-3 бабына сәйкес,Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу туралы Тельман ауылдық округі тұрғындарының назарына жеткізеді бойынша:        Алшан ауылы,       13  сәуір 2026  жылы сағат 17.00-де, мәдениет Үйінің ғимараты;        Антоновка ауылы,  13   сәуір 2026  жылы  сағат 18.30-де, Тельман ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында.          Күн  тәртібі:1.Тельман ауылдық округі елді мекендерін санитариялық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру туралы.Жекесекторда мал жаюдыұйымдастыру3.Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін сақтау туралы.4.Тельман  ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы.5.Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарту туралы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-telman/press/news/details/1193481?lang=kk
180 жылдыққа 180 көшет отырғызылды 03.04.2026
Алматы облысындағы Жамбыл ауылында жыр алыбының 180 жылдық мерейтойына орай игі шара өтті. Ақынның мұражай-үйі маңына 180 түп жеміс ағашы отырғызылды. Экологиялық акцияға 40-қа жуық тұрғын атсалысты,-деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ауыл әкімі Бақытжан Жайламысов бұл бастама Жамбыл Жабаевтың айтулы мерейтойына орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілгенін айтты.- «Шараға ақсақалдардан бастап, жастар, түрлі мекеме қызметкерлері қатысты. Бұл – тұрғындардың ауызбіршілігінің, ауылға деген сүйіспеншілігінің көрінісі. Алдағы уақытта жол жиегіне қайың ағашын отырғызу жоспарда бар. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады», – деді ауыл әкімі.Отты жырларымен халық жүрегіне жол тапқан Жамбыл Жабаев осы мұражай маңында жерленген. Ал, оның жанында өзінің өтініші бойынша әйгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиев те тыныштық тапқан. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мұнда алыс-жақын елдімекендер мен шетелдерден қонақтар көп келеді. Сондықтан да мұндай экологиялық шараларды жиі өткізу өте маңызды.Акцияға қатысқан Шолпан Ахмедиева бұл жай ғана ағаш отырғызу емес, Жамбыл Жабаевтың әруағына көрсетілген құрмет екенін айтты. Осындай мәнді шараға өз үлесін қосқанына қуанышты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193466?lang=kk
Қытайдың Ухань қаласында QazTrade өкілдігі ашылды 03.04.2026
Ухань – Қытайдағы негізгі көлік-логистикалық тораптардың бірі, «тоғыз провинцияның тоғысқан жері» ретінде белгілі. Қазіргі таңда QazTrade-тің серіктес кеңселері Хэфэй, Сиань, Чанша, Нанкин, Тяньцзинь, Чэнду және Циндао сияқты бірқатар маңызды қалаларда жұмыс істейді. Уханьдағы өкілдік Қытайдағы QazTrade жұмысының тағы бір тірек нүктесіне айналады деп күтілуде. «Қазір біз жұмысты бизнес тек келіссөзге келіп кетпей, Қытай нарығында тұрақты жұмыс істей алатындай етіп құрып жатырмыз. Ол үшін Қытай бойынша осындай кеңселер желісі қажет. Біз компанияларды тек сүйемелдеп қоймай, қытайлық серіктестермен тікелей, сол жерде жұмыс істеуге мүмкіндік береміз. Ухань осы тұрғыда маңызды нүкте. Бұл бірнеше өңірдің сұранысы тоғысатын ірі логистикалық хаб»,-деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров. Сондай-ақ Уханьға сапар аясында QazTrade пен Қытайдың GuanYu International Supply Chain компаниясы арасында келісімге қол қойылды. Компания ҚХР нарығында шетелдік өнімдерді логистика және ілгерілету бағытында жұмыс істейді. Құжат Орталық Қытайда қазақстандық өнімдерді ілгерілетуді, B2B кездесулер ұйымдастыруды, келіссөздерді сүйемелдеуді және жеткізілімдерді қолдауды көздейді.   Іс-шараға QazTrade басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова, Цзянся ауданы халық үкіметі басшысының орынбасары Не Кайтянь, ауданның сыртқы істер басқармасының директоры Фу Цзюнь, коммерция басқармасының басшысы Гэ Цзэнлай, сондай-ақ инвестициялық-технологиялық топтың басқарма төрағасы Хань Вэй және қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты. QazTrade деректеріне сәйкес, Ухань қаласы орналасқан Хубэй провинциясымен тауар айналымы 2025 жылы 163,6 млн АҚШ долларын құрап, 12,1%-ға өскен.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1193455?lang=kk
Егіс алқаптарына соқа түсті 03.04.2026
Жамбыл ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына қарқынды кірісіп кетті. Биыл ауа райының қолайлы болуынан егістік ертерек басталған, –деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайрат Тойшыбековтың айтуынша, биыл аудан бойынша 106,4 мың гектар жерге дән себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1702 гектарға көп.Оның ішінде 50 мың гектардан астам алқапқа дәнді дақыл, 46 мыңнан астамына мал азығы, 5500 гектар жерге майлы дақылдар және қалған аумаққа картоп, көкөністер мен бақша дақылдары егіледі. Көктемгі егіс науқанына 1065 техника жұмылдырылды. Оның 75 пайызы жаңартылған.«Топырақ құнарын арттыру үшін барлық егіс алқабына 13,6 мың тонна минералды тыңайтқыш керек. Қазіргі таңда оның 4200 тоннасы сатып алынды. Биыл аудан бойынша 13,3 мың тонна тұқым себіледі. Сондай-ақ қазіргі таңда тұқым өндіру бағыты бойынша жұмыстар қолға алынуда. Мысалы, Бозой ауылының шаруашылығы майлы дақыл мен жүгерінің тұқымын өндірумен айналысуды жоспарлап отыр. Құжаттарын толық рәсімдегеннен кейін іске қосылады», – деген агроном арзандатылған жанар-жағармай алу жайына да тоқталды. Айтуынша, биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстары үшін 46 шаруадан жалпы көлемі 751 тонна дизель отынына өтінім түскен. Шаруалар қажетті жанармайды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға сатып алады.Шаруашылық иелері тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын пайдалануға бет бұрып келеді. Ауданда барлығы 22 мың гектар суармалы жер бар болса, бүгінде оның тең жартысына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Биыл тағы 1500 гектар аумақ қосылады деп жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттен арнайы субсидия бөлінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193459?lang=kk
Миролюбовка ауылдық округінде "Таза Қазақстан" акциясы! 03.04.2026
 Миролюбов ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аумақты тазалау жұмыстары үнемі жүргізіліп жатыр. Біз өз ауылымыздағы тазалық пен тәртіпті белсенді қолдап, тұрмыс пен демалыс үшін ыңғайлы жағдай жасауға ұмтыламыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1193420?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрі ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты 03.04.2026
Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысты.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әріптестерімен әскери ынтымақтастықты дамытудағы негізгі бағыттарды талқылады.Тараптар қауіпсіздік пен аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасып, ТМД форматы бойынша көпжақты әскери ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Отырыс қорытындысы бойынша ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2027 жылға арналған жұмыс жоспары мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1193356?lang=kk
10 сәуір - 493.00 «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» нысанын тапсырудың алғашқы мерзімі 03.04.2026
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 493.00 «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» нысанын ұсыну талабы күшіне енді.Аталған нысанды сумен жабдықтау, су бұру, газбен, электр және жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету, сондай-ақ тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар ұсынады.493.00 нысаны электрондық форматта орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.Бұл нысан әкімшілік деректерді жинау нысаны болып табылады, нысан индексі — 493-0 «Қызметтер».Нысан туралы ақпарат www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады және үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді қамтиды.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті есептілікті белгіленген мерзімде уақытылы тапсыру қажеттігіне назар аударады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1193240?lang=kk
Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 03.04.2026
Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.Марапатты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы табыстады.Бұл жоғары марапат – жастар саясатын дамыту жолындағы жүйелі еңбектің, жауапкершілік пен кәсібиліктің айқын көрінісі. Азамат Пармановты марапатымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhastar-shymkent/press/news/details/1193297?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ тұрақты даму бағыты бойынша әріптестікті кеңейтуде 03.04.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Президенті Аппаратының халықаралық қатынастар кеңсесінің басшысы Мариям бинт Мұхаммед Саид Хареб Әл-Мхейримен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, биік әрі жоғары деңгейлерде белсенді де сенімді саяси диалогты қолдаудың, сондай-ақ ведомствоаралық байланыстарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар, сұхбаттасушылар Қазақстан мен БАӘ-нің негізгі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығын, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі үйлестірудің жоғары деңгейін растады.Мариям Әл-Мхейридің бұған дейін БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелері жөніндегі министрі қызметін атқарғанын назарға алып, қазақстандық дипломат оны су ресурстарын басқару және экологиялық саясат саласындағы сарапшы ретінде 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырып, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың тиісті шақыруын табыстады.Осы тұрғыда ҚР Президенті Касым-Жомарт Токаев бастамашы болған Халықаралық су ұйымын құру мәселесі, сондай-ақ 2026 жылғы 2-4 желтоқсанда Абу Дабиде өтетін БҰҰ ІІІ Су конференциясына Әмірліктер тарапының дайындығы бойынша конструктивті пікір алмасу болды.Тараптар жаһандық су дипломатиясын дамыту және табиғи ресурстарды орнықты басқару мақсатында көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.Сонымен қатар, Марьям Аль-Мхейри «2PointZero» инвестициялық платформасының вице-президенті ретінде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын мәлімдеді. Компанияның активтерді шоғырландыру және басым секторларға инвестициялар тарту құралы ретіндегі рөлі, оның ішінде орнықты энергетика, озық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ азық-түлік және су қауіпсіздігі бағыттарының ерекшелігі айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша белсенді іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1193127?lang=kk
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру 03.04.2026
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы жүргізіліп жатыр.24 наурыз бен 31 наурыз аралығында еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылауға бағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Республиканың әр өңірінде студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер қатысқан кездесулер, сараптамалық пікірталастар, дөңгелек үстелдер және басқа да диалог алаңдары өткізілді. Барлығы шамамен 250 іс-шара ұйымдастырылып, профессорлық-оқытушылық құрамның, докторанттар мен магистранттар, жас ғалымдардың 10 мыңнан астам өкілі қамтылды.Талқылаудың басты бағыты ретінде 19 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықпен кездесудегі сөзі қаралды.31 наурызда елдің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында тақырыптық талқылаулар өтті, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Қарағанды техникалық университеті.1 сәуірде ұқсас іс-шаралар Шәкәрім университетінде, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жалғасты.Кездесулер барысында қатысушылар Мемлекет басшысының белгілеген ғылым мен жоғары білімді дамытудағы негізгі бағыттарын талқылады, оның ішінде ғылыми әлеуетті нығайту, университеттердің рөлін арттыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылымды экономика саласымен интеграциялау, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелері қаралды.Аталған шаралар жастар арасында конституциялық құндылықтарды тұрақты түсінуді қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған.Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы: салыстырмалы талдау» атты әдістемелік нұсқаулық әзірледі, ол Ұлттық коалиция жұмысына пайдаланылды.Қазіргі уақытта жаңа Конституцияға арналған әдістемелік ұсыныстар мен ғылыми түсіндірмелер профильдік мамандар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен дайындалып жатыр.Сонымен бірге жаңа Конституцияның нормалары оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізіліп, жоғары білім жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қоғамдық кеңес 03.04.2026
         Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңестің мүшелері Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімі Ғ. М. Бекбаевтың «2025 жыл бойынша ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есебін тыңдады.  Ұсынылған ақпаратта аудан әкімі дамудағы қол жеткен нәтижелер туралы айтып берді, сондай        - ақ алдыңғы келешекке арналған жоспарларымен бөлісті. Қоғамдық кеңестің мүшелері әлеуметтік - экономикалық саласын динамикалық тұрғыдан дамуын белгілеп айтып берді, сонымен бірге 2025 жылдың қорытындысын жақсы жағынан бағалады.          2025 жыл бойынша жұмыс қорытындылары туралы отырыста аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Р. Рахметқалиев есеп берді. Өзінің есебінде ол аудандық мәслихатының аппаратымен, сондай - ақ депутаттық корпустың атқарылған жұмысы туралы айтып берді. Қоғамдық кеңестің мүшелері  әлеуметтік - экономикалық дамудағы депутаттық корпустың үлесін, сондай - ақ ауданның қоғамдық - саяси өміріндегі белсенді қатысуын жоғары бағалады.Қоғамдық кеңестің төрайымы В. Ф. Кожуховская 2025 жыл бойынша Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы есеп берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1193112?lang=kk
"Ашық есік күні" 03.04.2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №74 мекемесінде шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандардың туыстары үшін "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның мақсаты сотталғандардың жақындарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарын нығайту, мекеменің ашықтық деңгейін арттыру, сондай-ақ туыстарын ұстау шарттарымен және тұрмысты ұйымдастырумен таныстыру болды.Кездесу барысында туыстары сотталғандардың өмір сүру жағдайымен танысуға, шаруашылық қызмет көрсету жасағының объектілеріне баруға, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және мекеме мен қоғам арасындағы сенімді қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1193053?lang=kk