Әлем
Денисов ауданында жастар форумы өтті 25.07.2025
Жобаға барлығы 60 адам қатысты. Алыс ауылдардан жиналған кіл белсенді, оқуда озат, еңбекте табысты ұл-қыздар бір шаңырақ астына бірікті. Жастар төрт топқа бөлініп, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Әр топ он бес адамнан жасақталған. Олар қызыл, сары, көк, жасыл түстермен ерекшеленіп, өзара сайысқа түсті.Жастар жиынының алғашқы күні ресми ашылу салтанатымен басталды. Оған Денисов ауданы әкімінің орынбасары Айгүл Бектемісова қатысып, жастарға жалынды сөздер арнады.«Жуырда біздің ауданда Қостанай облысының жазғы спартакиадасы өтеді. Мұндай айтулы іс-шараға жастардың қатысқаны маңызды. Сондықтан сіздерді спорт додасыда бақ сынап, аудан намысын қорғауға шақырамын»,-деді Айгүл Бектемісова.Форум екі күнге ұласты. Алғашқы күні әлеуметтік желіде өзін-өзі ұстау және этика нормалары тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түстен кейін көпшіліктің назарына шығармашылық концерт ұсынылды. Көңілді басқосу тақырыптық би кешіне ұласты. Ал екінші күні флеш моб түріндегі жаттығу өтті. Әскери-патриоттық квест ойыны ұйымдастырылып, медицина мамандары оқыс оқиға кезінде өзіңді қалай ұстау керек екені жөнінде кеңес берді. Кенет аяқ-қолың жарақат алып қалса не істеу керек деген сауалға кәсіби тұрғыда жауап берді. Жарақатты таңудың жолдарын көрсетті. Одан кейін спорттық іс-шаралары ұйымдастырылып, форум соңында қабырғаға үлкен ағаш жабыстырып, жастар соған тілектерін жазды. Форумнан алған әсерлерімен бөлісті. Екі күн бойы аудандық жастар ресурстық орталығының төрт маманы жастардың қасына топтасып, кеңесші болды.«Адам өміріндегі ең қымбат сәт – жастық шақ. Әр адам жалындап, тынымсыз еңбек етіп, өмірінің негізін қалайтын уақыт бұл. Қазіргі жастар жалындаған жастық шақты құр босқа өткізбей, пайдалы мақсатқа икемдесе деген ниетпен жыл сайынғы жоспарға сәйкес форум өткіземіз. Бұл бастама биыл да жалғасын тауып отыр. Жастар форумы өзінің нәтижесін әлде қашан дәлелдеп қойған. Біз алыстағы ауылдар мен елді мекен ұл-қыздарын ешқашан назардан тыс қалдырған емеспіз. Оларды аудан көлеміндегі маңызды жобаларға жақын тартып, қоғамдық жұмыстарға жұмылдыруға тырысамыз. Біз жастың шақтың әр күнін тиімді өткізіп, пайдалы іске арнауға бағыттаймыз»,-деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Татьяна Алпысбаева.Қымбат ДОСЖАНОВАСуретті жолдаған Татьяна АЛПЫСБАЕВАМатериал подготовлен районной газетой "Наше время"Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/1040632?lang=kk
Қазақстан мен Әмірліктердің инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 25.07.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 25 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердің Энергетика және инфрақұрылым министрі, Қазақстан бойынша арнаулы өкіл Сухейл әл-Мазруимен кездесті.Кездесуде Қазақстан дипломаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың жан-жақты дамып келе жатқанына назар аударды.БАӘ министрі Қазақстанмен бірлесіп жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталып, Абу Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянның биыл мамыр айындағы Астанаға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы орындау маңыздылығын айтты.С.әл-Мазруи екі елдің қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделілігін растады, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға ерекше мән беретінін атап өтті.Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, биыл 24-25 қарашада Астанада жоспарланған Үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысына дайындық жұмыстарын пысықтауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1040634?lang=kk
Алаяқтар баланы қалай алдауы мүмкін: негізгі схемалар 25.07.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жазғы демалыс кезінде балалардың алаяқтардың құрбаны болу ықтималдылығы арта түседі деп ескертеді.Қаскүнемдер алдау мақсатында балалардың бос уақытын және цифрлық ортадағы белсенділігін оларға жалған мобильді ойындар, тауарлар мен қызметтерді ұсыну, жеңіл табыс көзі немесе сыйлықтар беру арқылы пайдаланады.Осы кезеңде балалар ата-аналарының қаржылық ақпараты мен қаражатына қол жеткізуді көздейтін алаяқтық әрекеттердің нысанына айналуы мүмкін. Білімнің жетіспеушілігі мен сенгіштік оларды цифрлық алаяқтық түрлеріне осал етеді.Карта деректемелерін енгізуді сұрайтын жалған ұтыстар, «достардан» немесе «туыстардан» жалған көмек сұраулар, зиянды қосымшалар және күдікті сілтемелер сияқты схемалар әсіресе қауіпті болып келеді. Көптеген жағдайларда бала алаяқтармен байланыста екенін түсінбейді.Балаларға қосымшаны немесе ойынды жеңілдікпен немесе жарнамасыз жүктеу ұсынылатын жағдайларға ерекше назар аудару керек – мұндай файлдарда зиянды код болуы мүмкін. Егер смартфон ата-анасының банктік шотына байланған болса, алаяқтар құпия ақпаратқа қол жеткізе алады және ол шоттан қаражатты шығарып алуы мүмкін.«Ақылды» қосымшалар арқылы геодеректерді жинау схемалары да кең таралған. Осылайша, қаскүнемдер отбасының қайда тұратынын, ата-анасының қайда жұмыс істейтінін, баланың қайда оқитынын және не қызықтыратынын біледі. Бұл қаржылық шығындарға ғана емес, бүкіл отбасының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.Агенттік ата-аналарға балалармен интернеттегі тәуекелдер туралы үнемі түсіндірме әңгімелер жүргізуге, баланың желіде болу уақытын шектеуге, антивирустық бағдарламалар орнатуға, ата-ана тарапынан жүргізілетін бақылау қосымшасын пайдалануға, сондай-ақ балаларға цифрлық және қаржылық сауаттылық негіздерін үйретуге кеңес береді. Баланың кез келген жағдайда ата-анасынан көмек сұрай алатындығын түсіндіру маңызды. Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1040637?lang=kk
Парижде Қазақстанның Халықаралық заңнамалық метрология ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады 25.07.2025
Париж, 2025 жылғы 23 шілде – Қазақстанның Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ) Бюросының директоры Энтони Доннеланмен кездесті.Бүгінде 131 мүше мен бақылаушы мемлекетті біріктіретін үкіметаралық ұйымның басшысы Қазақстан Республикасына метрологтардың жаһандық қауымдастығындағы белсенді рөлі мен Дүниежүзілік метрология күніне ЮНЕСКО жүйесінде жоғары мәртебе беруін қоса алғанда халықаралық деңгейде көрсетіп жүрген ұдайы қолдауы үшін алғыс білдірді.Отандық дипломат өз кезегінде ұлттық экономиканың дамуы үшін ерекше маңызды бұл салада түрлі елдердің мамандары арасындағы нақты ынтымақтастықты жалғастыруға Қазақстанның бейілділіген қайта қуаттады.Осыған байланысты тараптар 2025 ж. қазанда Парижде өтетін Ұйымның жоғарғы басқарушы органы болып табылатын ХЗМҰ Конференциясының 17-сессиясына Қазақстанның мазмұнды қатысуына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.Анықтама: Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ) 1955 жылы осы Ұйымды құру туралы Конвенцияға сәйкес құрылған. Қазіргі уақытта ұйым құрамына 65 мүше мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) және 66 бақылаушы мемлекет кіреді. Ұйымның негізгі мақсаты – елдер қолданатын заңнамалық метрология рәсімдерін үйлестіру. ХЗМҰ ұлттық және өңірлік талаптарды әзірлеу бойынша метрологиялық ұсынымдар береді. Бұл талаптар өлшеу құралдарын заңнамалық метрология қолданатын нақты салаларда, соның ішінде, сауда, денсаулық сақтау, экология, кедендік бақылау, пошта қызметі, өндіріс пен көлік қауіпсіздігі және басқа да салаларда – тиімді қолдану мәселелерін қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1040593?lang=kk
Елші қазақстандық ЖОО түлектері қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді 25.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 24 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин «Қазақстан - менің екінші Отаным» қазақстандық ЖОО түлектері қауымдастығының мүшелерін қабылдады.Қазақстан Елшісі кездесу барысында Елшіліктің Қазақстан мен Пәкістанның білім және ғылым саласындағы уәкілетті органдарымен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. Оқу орындарында студенттерді қабылдаудың қолайлы жағдайлары мен транспарентті ережелерін жасау мақсатында екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылғаны атап өтілді.Қауымдастық өкілдері аталған жоспарларға толық қолдау білдіріп, білім беру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1040481?lang=kk
Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс тобы Абай ауданына іс сапармен келіп, аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс тобы мүшелерімен кездесті. 25.07.2025
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің өкілі, жұмыс тобы мүшелері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы, «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы», «Дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1040494?lang=kk
Гүл өсіруші бағбан — сұлулық пен сабырдың иесі 25.07.2025
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы:Гүл өсіруші бағбан — сұлулық пен сабырдың иесіОл таңды құстар әнімен емес, гүл суарумен қарсы алады. Табиғаттың тынысын тыңдап, әр бүршіктің ашылуын жүрегімен сезінеді. Гүл өсіруші бағбан — жай ғана мамандық емес, ол — махаббатпен, төзіммен жасалатын өнер.Күннің аптабында да, жауынның астында да өз ісіне адал бағбан әр гүлді баптап, айналасын көркейтіп жүр. Оның қолынан шыққан гүлдер — қуаныштың, шаттықтың, тіпті үміттің символы.Гүл өсіруші бағбан — еңбекқорлықтың, әсемдікке деген құрметтің көрінісі.Жұмысшы мамандықтар жылы – дәл осындай қарапайым, бірақ қоғамға аса қажет жандардың еңбегін бағалайтын уақыт.Қолынан гүл өнетін бағбандарға алғысымыз шексіз!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#ГүлӨсірушіБағбан#ЕңбекМәртебесі
Шекарада темекі контрабандасы тоқтатылды: үш күнде екі жағдай! 25.07.2025
Шекарада темекі контрабандасы тоқтатылды: үш күнде екі жағдай!Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, темекі өнімдерін заңсыз тасымалдау әрекеттерінің жолын қатаң түрде кесіп келеді.📆 16 шілде — «Қасық» шекаралық бекетінде Oris маркалы темекілерді қоса алғанда 7 830 қаптама сигарет тәркіленді.📆 19 шілде — «Қарасай батыр» бекетінде тағы 5 000 қаптама темекі тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша акциз сомасы 1 590 000 теңгені құрайды.💼 Материалдар Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.👉 Контрабанданы анықтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде:📊 2025 жылдың 6 айында 11 дерек тіркеліп, 1,4 миллионнан астам қаптама темекі өнімдері тәркіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1040443?lang=kk
23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына қол қойды, ол онша ауыр емес, орташа қылмыстары үшін жазадан босатуды және ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың негізгі жазасының мерзімін қысқартуды көздейді. 25.07.2025
Бүгінгі күні №27 мекемесінде 95 сотталған, соның ішінде әлеуметтік осал санаттағы яғни, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар сотталушылар рақымшылық Заңын қолдануға жатады. Бүгін 23 шілдеде Орал қалалық соты ауырлығы онша ауыр емес және орташа қылмыс жасаған 2 сотталғанға қатысты босатылуға тиіс сот шешімін шығарды. Бұл сотталғандар ҚР Президентінің рақымшылық жасау туралы заңын жүзеге асыру аясында бірінші болып № 27 мекемесінен босатылып жатырған тұлғалар. Алдағы уақытта рақымшылыққа жататын басқа тұлғаларға қатысты сот шешімдері негізінде босату жалғасады. Жалпы, рақымшылық жазаны жеңілдетуге және одан босатуға бағытталған және әрбір сотталғанға түзелуге мүмкін береді. Бостандыққа шыққандарға жаңа өмірге бейімделуге көмек көрсетіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1040458?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер 25.07.2025
Мемлекет басшысымен 2025 жылдың 15 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті декларациялаудан алғашқы үш кезеңіне кірмеген азаматтар босатылады:зейнеткерлер;жеке құрылымдардың қызметкерлері;студенттер;үй шаруасындағы әйелдер;және басқалар (шетелде активтері, мүлкі және банктік шоттары болмаған кезде).Бұдан басқа, бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдардан декларацияны тапсыру міндеттемесі алынып тасталды. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 нысан) кім ұсынуға міндетті:1) сайланбалы және мемлекеттік қызметке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары);2) банктің, бағалы қағаздар мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары мәртебесіне болуға ниет білдірген тұлғалар және олардың жұбайлары (зайыптары);3) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);4) цифрлық активтері болған жағдайда ҚР азаматтары, ҚР резиденттері;5) ҚР тыс жерде келесі мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері:- мүлік, көлік құралдары, жер;- шетел компанияларда қатысу үлесі;- айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада шетелдік банктердегі банк шоттарында ақша (2024 жылы АЕК – 3692 теңге, 1000 х 3692 = 3 692 000тг.);- инвестициялық алтын;- тұрғын-үй құрылысына қатысу үлесі;- эмитенттері шетелде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;- шетелдегі брокерлік шоттардағы ақша;- авторлық құқық, зияткерлік меншік объектілері;- жеке тұлғалар алдында басқа тұлғалардың дебиторлық/кредиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдында берешегі (растау құжаттарын қоса бере отырып);- құны 1000 АЕК асатын (бағалау құны бар болған жағдайда, 2024 жылы бұл 3 692 000 теңге) басқа мүлік (еркі бойынша); Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) кім ұсынуға міндетті:1) мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, олардың жұбайлары (зайыптары);2) банктің, бағалы қағаздар мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, олардың жұбайлары (зайыптары);3) жарғылықты капиталдың (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамына иелік ететін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары);4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда жеке тұлғаның дербес салық салынуға жататын кірістер алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден алынған кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалған операциялардан алынған кірістер; төлем көзінен салық ұсталмайтын басқа кірістер);6) жиынтығында 1000 АЕК еселенген мөлшерінен асатын сомада шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар тұлғалар;7) шетелде активтері (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ПФИ, инвестициялық алтын, шетел компаниялардағы үлесі, тұрғын-үй құрылысындағы үлесі) бар тұлғалар;8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;9) ҚР және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 АЕК еселенген мөлшерінен (мысалы: 2025 жылы АЕК = 3932 теңге, 20 000 х 3932 = 78 640 000 теңге) асатын мүлік сатып алған тұлғалар;10) салық агентіне алдын-ала салықтық шегерім қолдану туралы өтініш білдірген тұлғалар. Декларацияны ұсыну тәсілдері:Электрондық түрде:- Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-порталы (cabinet.salyk.kz);- «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz);- Moldir.qoldau.kz, «eSalyq Аzamat», Halyk, bcc.kz Банк Центркредит, eGov mobile, Kaspi банк мобильді қосымшалары арқылы табыс етуге болады.Қағаз тасығышта:- мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен;- ХҚКО-ларға;- хатпен пошта арқылы ұсынуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1061493?lang=kk
Ресей Федерациясында қолданылатын арнайы экономикалық шаралар және тарифтік емес реттеудің біржақты шаралары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік 25.07.2025
Ресей Федерациясында сыртқы санкциялық қысым жағдайында уақытша сипаттағы арнайы экономикалық шаралары мен тарифтік емес реттеудің біржақты шаралары енгізілді, олар Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Экономикалық шаралар мен біржақты шаралар тауарлардың Ресей Федерациясына және Ресей Федерациясынан, оның ішінде тауарлардың Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өтуіне байланысты, сонымен бірге ЕАЭО пен ТМД елдерінен Ресей Федерациясының серіктестеріне әртүрлі тыйымдар мен (немесе) шектеулерді қарастырады. № 2 СлайдРесей Федерациясынан тауарларды әкетуге, оның ішінде Ресей Федерациясының аумағы бойынша тауарлардың транзитіне тыйым салуды және (немесе) шектеулерді қозғайтын экономикалық шаралар Бұл шаралар Ресей Федерациясының президенті 2018 жылғы 22 қазандағы № 592 және 2022 жылғы 8 наурыздағы № 100 жарлықтармен енгізілді.Ресей Федерациясы Президентінің тауарларды әкетуге тыйым салу бөлігінде осы жарлықтарын орындау үшін Ресей Федерациясының Үкіметі тауарларды әкетуге тыйым салуды орнатқан келесі қаулыларды қабылдады:- 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1716-83 (көмір, мұнай және мұнай өнімдері, пропан, бутан, бензол және т. б. шикізат тауарларын Украинаға әкетуге тыйым салу);- 2022 жылғы 9 наурыздағы № 311 (№1 қосымша ЕАЭО елдеріне және басқа елдерге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесін қамтиды (ерекшеліктер бар);- 2022 жылғы 9 наурыздағы № 313 (достас емес елдерге (АҚШ, ЕО елдері және басқа да бірқатар мемлекеттер мен аумақтарға) жоғары технологиялық тауарлардың жекелеген санаттарын әкетуге тыйым салу (ерекшеліктер бар));- 2023 жылғы 27 мамырдағы № 833 (әртүрлі калибрлі мылтық атыс қаруына патрондарға арналған гильзаларды әкетуге тыйым салу).ТМД елдерінің заңды тұлғалары жиі жасайтын құқық бұзушылықтардың нысанасы болып табылатын тауарлар санаттарына, сондай-ақ тауарларды әкетуге тыйым салуды сақтамауға байланысты қозғалған ӘҚБ туралы істердің санына назар аударамыз.Мұндай тауарлардың қатарына мыналар жатады:- электр аккумуляторлары (СЭҚ ТН коды 8507), ӘҚБ туралы 78 іс;- трансформаторлар (СЭҚ ТН коды 8504), ӘҚБ туралы 57 іс;- телефон аппараттары (СЭҚ ТН коды 8517), ӘҚБ туралы 39 іс;- қара металдардың қалдықтары мен сынықтары (СЭҚ ТН коды 7204), ӘҚБ туралы 28 іс;- сурьма қалдықтары мен сынықтары, сурьма бұйымдары (СЭҚ ТН коды 8110), ӘҚБ туралы 11 іс;- электр қозғалтқыштары мен генераторлары (СЭҚ ТН коды 8501), ӘҚБ туралы 9 іс;- радиолокациялық аппаратура (СЭҚ ТН коды 8526), ӘҚБ туралы 3 іс;- лазерлер, Геодезиялық аспаптар (СЭҚ ТН кодтары 9013, 9015), ӘҚБ туралы 3 іс.Экспорттауға тыйым салынған бірқатар тауарларға қатысты олардың Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитіне тыйым салынғанын атап өтеміз (бұл санатқа Үкіметтің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 313 (ерекшеліктер бар) және 2023 жылғы 27 мамырдағы № 833 қаулыларында көзделген тауарлар кіреді).Қақтығыс әлеуетін төмендету мақсатында ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардан транзит басталар алдында транзитке және тауарларды әкетуге тыйым салынған тізімдердің өзектілігін тексеруді сұраймыз. Ақпарат еркін қол жетімді, оның ішінде құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында: http://pravo.gov.ru, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің ресми сайттарында: http://www.kremlin.ru. Ресей Федерациясының Үкіметтері: http://government.ru, Ресей ФКҚ: https://www.customs.gov.ru. № 3 СлайдТауарларды әкетудің рұқсат беру тәртібін көздейтін экономикалық шаралар Ресей Федерациясы Президентінің 2022 жылғы 8 наурыздағы № 100 Жарлығын орындау үшін Ресей Федерациясының Үкіметі тауарларды әкетуге шектеулер бөлігінде келесі қаулыларды қабылдады:- 2022 жылғы 9 наурыздағы № 311 (№2 және 3 қосымшалар ЕАЭО елдеріне және басқа елдерге әкетуге шектелген тауарлардың тізбесін қамтиды (ерекшеліктер бар);- 2022 жылғы 9 наурыздағы № 312 (ЕАЭО елдеріне әкетуге шектелген тауарлардың тізбесін қамтиды (ерекшеліктер бар).Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысының № 2 және № 3 қосымшаларында қарастырылған тізім бойынша тауарларды Ресей Федерациясынан тыс жерлерге әкету Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының немесе оның орынбасарларының рұқсатымен мүмкін болады. Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 312 қаулысына (тауарларды ЕАЭО елдеріне әкету) қосымшаларда көрсетілген тауарларды әкету үшін Ресей Федерациясының бейінді министрлігінің немесе ведомствосының рұқсатын алу жеткілікті:Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі (тәртіп Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 13 наурыздағы № 142 бұйрығымен қарастырылған) (№312 қаулыға № 1 қосымша);Ресей Федерациясының Көлік министрлігі (тәртіп Ресей Көлік министрлігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 444 бұйрығымен қарастырылған) (№312 қаулыға № 2 қосымша);Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі (тәртіп Ресей Индустрия және сауда министрлігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 5117 бұйрығымен қарастырылған) (№312 қаулыға № 3 қосымша);Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі (тәртіп Ресей цифрлары министрлігінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 641 бұйрығымен қарастырылған) (№312 қаулыға № 4 қосымша);Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігі (тәртіп Ресей табиғат министрлігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 8 бұйрығымен қарастырылған) (№312 қаулыға № 5 қосымша);Денсаулық сақтауды қадағалау жөніндегі федералды қызмет (тәртіп Росздравнадзордың 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 39 бұйрығымен қарастырылған) (№312 қаулыға № 6 қосымша).Көбінесе ТМД елдерінен келген ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтардың нысандары тауарлар болып табылады:- тиегіштер, скреперлер, грейдерлер, тали, домкраттар, лебедкалар (СЭҚ ТН коды 8425 - 8431), ӘҚБ туралы 11 іс;- станоктар, пневматикалық құралдар (СЭҚ ТН коды 8462 - 8467), ӘҚБ туралы 7 іс;- қозғалтқыштар, электр генераторлары, қуат элементтері (СЭҚ ТН коды 8501), ӘҚБ туралы 7 іс;- тамақ өнімдерін және баспа нысандарын өндіруге арналған жабдық (СЭҚ ТН коды 8438), ӘҚБ туралы 6 іс;- Іштен жану қозғалтқыштары, олардың бөліктері (СЭҚ ТН коды 8407 - 8409), ӘҚБ туралы 6 іс;- машиналар мен механикалық құрылғылар (СЭҚ ТН коды 8479), ӘҚБ туралы 6 іс;- сұйық, ауа сорғылары, компрессорлар, желдеткіштер, пештер (СЭҚ ТН коды 8412-8413), ӘҚБ туралы 5 іс.Айта кету керек, Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 312 қаулысында көзделген тауарларды әкетуге рұқсат беру тәртібі тек шетелдік тауарларға қолданылады, ресейлік тауарларды әкетуге ешқандай шектеулер жоқ. Алайда ресейлік тауардың мәртебесін растау үшін кеден органына үш құжаттың бірін ұсыну қажет:- СТ-1 нысаны бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат;- осы сертификаттарды беруге уәкілетті ұйым ресімдеген тауардың ресейлік шыққанын растайтын басқа сертификат;- өнеркәсіптік өнім өндірісін растау туралы қорытынды Ресей Федерациясының аумағында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен береді. № 4 Слайд Ресей Федерациясына тауарларды әкелуге тыйым салуды немесе сандық шектеулерді көздейтін экономикалық шаралар Бұл шаралар Ресей Федерациясы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 560, 2018 жылғы 22 қазандағы № 592, 2022 жылғы 8 наурыздағы № 100 Жарлықтарымен енгізілді.Мұндай тауарлардың тізімдері Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 778, 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1716-83, 2023 жылғы 26 маусымдағы № 1034 қаулыларына қосымшаларда қамтылған.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 778 қаулысымен ауылшаруашылық өнімдерін, шикізат пен азық-түлікті әкелуге тыйым салынған тізім анықталды, оған жаңа және мұздатылған ет пен балық, шошқа майы, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер және т. б. кіреді. Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Украина және бірқатар Еуропа елдері. Аталған тізбеде ЕАЭО СЭҚ ТН немесе олардың атауларының кодтарынан кейін әкелуге шектеусіз рұқсат етілген жекелеген тауарларды қамтитын ескертпелер бар екеніне назар аударамыз. Аталған елдерден Ресей Федерациясының аумағына азық-түлік тауарларын әкелуді жоспарлау жағдайында олармен танысуды ұсынамыз.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1716-83 қаулысымен жөнелтілген елі Украина болып табылатын немесе Украина аумағы арқылы өтетін импорттауға тыйым салынған тауарлардың тізімі қарастырылған. Мұндай тауарларға дәнді дақылдар мен олардан жасалған бұйымдар, өсімдік майлары, шырындар, спирттер, медициналық бұйымдар, ағаш материалдары, киім, құбыр өнімдері, турбиналар, Құрылыс техникасы, жабдықтар, қозғалтқыштар мен генераторлар, кабельдер және т. б.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 1034 қаулысымен бірқатар дақылдарды (тұқымдар: картоп, бидай, арпа, қара бидай, жүгері және т.б.) әкелуге сандық шектеулер қарастырылған. Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1983 қаулысында осы сандық шектеулердің нақты көлемі, сондай-ақ оларды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу ережелері бар. Шектеулердің қолданылу мерзімі: 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.Бұл тыйымдар мен шектеулер ГЛОНАСС жаһандық навигациялық спутниктік жүйесінің технологиясы негізінде жұмыс істейтін сәйкестендіру құралдарын (пломбаларды) қолдануды көздейтін бақылау жүйесін пайдалана отырып, олардың қадағалануын қамтамасыз ету шартымен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Үшінші елдерге транзиттік халықаралық автомобиль тасымалдарын және транзиттік халықаралық теміржол тасымалдарын жүзеге асыру үшін аталған елдерден тауарларды Ресей Федерациясына әкелуге қолданылмайды, сондай-ақ жүргізушілерде көлік құралдары болған кезде, осындай автомобиль тасымалдарын, есепке алу талондарын жүзеге асырады.ТМД елдерінен компаниялар келесі тауарлар санаттарын әкелген кезде әкімшілік жауапкершілікке тартылды:- жеміс-жидек және жаңғақтар (СЭҚ ТН коды 0802-0813), 56 іс;- балғын, қатырылған ет (СЭҚ ТН коды 0201-0207), 8 іс;- ірімшік пен сырлар (СЭҚ ТН коды 0406), 7 іс;- балғын, қатырылған балық, құс еті (СЭҚ ТН коды 0302-0304), 5 іс;- тұз (СЭҚ ТН коды 2501), 3 іс;- консервілік балық (СЭҚ ТН коды 1604), 2 іс;- шұжықтар (СЭҚ ТН коды 1601), 1 іс;- шошқа майы (СЭҚ ТН коды 0209), 1 іс. № 5 СлайдҰлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ресей Федерациясы тарифтік емес реттеудің біржақты шараларын енгізген нормативтік актілер Ресей Федерациясы Үкіметінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 744 қаулысымен Ресей Федерациясынан бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарын немесе қымбат металдармен қапталған металдарды, құрамында бағалы металдар немесе қымбат металдардың қосылыстары бар басқа да қалдықтар мен сынықтарды, негізінен бағалы металдарды, сондай-ақ электротехникалық және электрондық бұйымдардың қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салу көзделген, негізінен қымбат металдарды алу үшін қолданылады. Тыйым 2025 жылдың 1 маусымы мен 30 қарашасы аралығында жарамды. Ресей Федерациясының аумағында транзит мүмкіндігіне мүмкіндік беретін ерекшеліктер нормативтік актіде қарастырылмағанына назар аударамыз.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 229 қаулысымен тауарлық бензинді Ресей Федерациясынан шығаруға тыйым салынды. Тыйым 2025 жылдың 1 наурызынан 31 тамызына дейін қолданылады.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 1870 қаулысымен күріш пен күріш жармасын Ресей Федерациясынан шығаруға тыйым салынды тыйым салу 2025 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін қолданылады.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2025 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен өңделмеген қорғасынды, қалдықтарды және қорғасын сынықтарын шығаруға рұқсат беру тәртібі енгізілді. Шектеулер 2025 жылдың 7 ақпанынан 20 маусымына дейін қолданылады.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 601 қаулысымен тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін шығаруға рұқсат беру тәртібі белгіленді. Шектеулер 2025 жылдың 1 маусымы мен 30 қарашасы аралығында қолданылады.ТМД елдерінен заңды тұлғаларға қатысты мынадай тауарларды заңсыз әкетуге байланысты ӘҚБ туралы төмендегі істер қозғалды:- бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтары (СЭҚ ТН коды 7112), ӘҚБ туралы 4 іс;- тыңайтқыштар (СЭҚ ТН коды 3102), ӘҚБ туралы 3 іс.Сондай-ақ, қақтығыс әлеуетін төмендету мақсатында ТМД елдерінің серіктестеріне мыналарды жеткізу қажет деп санаймыз.Ресей Федерациясы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 306 қаулысына сәйкес Ресей Федерациясында оның аумағында әскери мақсаттағы тауарларды тасымалдауға рұқсат беру тәртібі қарастырылған. Рұқсат беру тәртібі Ресей Федерациясының ФКҚ-ның 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 748 бұйрығымен реттеледі және оны Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен, Ресей Федерациясының Көлік министрлігімен, Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметімен, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігімен келіскеннен кейін Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметі береді. № 6 СлайдОсы шаралардың сақталмауы Ресей Федерациясының Әкімшілік Кодексінің 16.2 – бабының 3-бөлігі, 16.3-бабы, сондай-ақ тауарларды жасыруға немесе декларацияламауға байланысты ілеспе құрамдар бойынша сәйкесінше Ресей Федерациясының Әкімшілік Кодексінің 16.1-бабының 2-бөлігі және 16.2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғадыМұндай шаралардың сақталмауына байланысты 2023 жылғы, 2024 жылғы, 2025 жылғы 1 тоқсанында ТМД елдерінің ұйымдарына қатысты ӘҚБ туралы 366 іс қозғалды (Қазақстан Республикасы – 162, Беларусь Республикасы – 124, Өзбекстан Республикасы – 59, Қырғыз Республикасы – 11, Тәжікстан Республикасы – 3, Молдова Республикасы – 3, Әзірбайжан Республикасы Республика-3, Армения Республикасы-1).Жоғарыда көрсетілген тауарларды Ресей Федерациясына әкелуді, Ресей федерациясынан әкетуді немесе Россия Федерациясы бойынша транзитті жоспарлаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау мақсатында Ресей Федерациясының шектеулері мен тыйымдарын зерделеуді ұсынамыз.Көрсетілген тауарлардың санаттары жөңелтілетін көлік құралдары қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заттай дәлел болып табылатынына назар аударамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1049494?lang=kk
«Кеден» АЖ шеңберінде алдын ала ақпараттандыру функционалын енгізілуі 25.07.2025
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мақсатында «Кеден» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді жалғастыруда. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына барлық көлік түрімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру модулі жүйеде сәтті жұмыс істейтін негізгі модульдің бірі болып табылады.Кеден органдары алдын ала ақпаратты жеделдетілген ресімдеу және кедендік бақылау шараларын оңтайландыру үшін қолданады. Деректерді уақытылы беру тауарлар мен көлік құралдарының өткізу пункттеріне келуін электронды түрде тіркеуге және барлық рәсімдерден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.«Кеден» АЖ ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары негізінде автоматты түрде қандай да бір бақылаудан өту қажеттілігін анықтайды (ветеринарлық, фитосанитарлық, карантиндік және т.б.). Бұл Аралас қызметтердің жұмысын интеграциялауға және қосымша адамның қатысуынсыз цифрлық форматта бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, алдын ала берілген ақпарат электрондық транзиттік декларацияда көрсетуге болады, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тасымалдауды ресімдеу кезінде уақыты айтарлықтай үнемделеді. Тиісті модульді енгізу нәтижесінде транзиттік декларацияны рәсімдеу, тіркеу және шығару уақыты 30 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды.«Кеден» АЖ іске қосылған сәттен бастап 2024 жылғы 16 қарашадан 2025 жылғы 30 маусым аралығында 1,3 миллионнан астам алдын ала хабарлама тіркелді, оның ішінде 660 мың транзиттік декларацияға автоматты түрде көрсетілді, ал 280 мыңы қолмен ресімделді. Комитет сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды кедендік рәсімдерді жеделдету және сыртқы экономикалық қызметтерді цифрландыру үшін алдын ала ақпаратты белсенді пайдалануға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1040389?lang=kk
Армия балалар көзімен қарағанда: дағдарыс орталығының тәрбиеленушілері әскери бөлімге саяхаттады 25.07.2025
Жастарды патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметті танымал ету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің 68665 әскери бөлімі Астана қаласындағы қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне экскурсия жасады.Қонақтарға қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерімен танысуға, оқу сыныптарына, бөлімнің казармалары мен спорт залдарына баруға рұқсат берілді. Оқушылар әскери қызметшілермен әңгімелесіп, мерзімді және келісімшарттық қызметті өткеру тәртібі, сол секілді әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы білді.Экскурсия барысында балаларға әскери киім, құрал-жабдықтар мен арнайы құралдар көрсетіліп, жарақтарды киіп көруге және техниканы ішіне кіруге мүмкіндік берілді.– Бұрын мен әскер туралы көп білмедім, енді бәрін – казармаларды, техникаларды, қару-жарақты өз көзіммен көрдім. Офицерлерді тыңдау, қызметтің қалай өтіп жатқандығы туралы білу өте қызықты болды. Енді мен өз өмірімді армиямен байланыстыру үшін әскери оқу орнына түсу туралы байыппен ойланамын, – деді экскурсияға қатысушылардың бірі он үш жасар Нұрлан. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, әскери қызметке деген қызығушылық сезімін қалыптастыруға және Отанды қорғаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етері анық. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1040377?lang=kk
Корея Республикасының атом энергетикасы 25.07.2025
Пусан, 2025 жылғы 24 шілде – 🇰🇿🤝🇰🇷 Кёнджу қаласындағы Корея Республикасының Су және Атом Энергетикасы Корпорациясының (KHNP) бас кеңсесінде KHNP Вице-президенті Пак Ин Сик пен Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Аскардың жылы әрі мазмұнды кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.Пусан, 24 июля 2025 года – 🇰🇿🤝🇰🇷 В главном офисе Корейской корпорации водных и атомных источников энергии (KHNP) в городе Кёнджу состоялась тёплая и содержательная встреча Вице-президента KHNP господина Пак Ин Сика с Генеральным консулом Республики Казахстан в городе Пусан господином Асланом Аскаром.В ходе встречи стороны обсудили перспективы укрепления сотрудничества между Казахстаном и Кореей в сфере атомной энергетики.Busan, July 24, 2025 – 🇰🇿🤝🇰🇷 A warm and constructive meeting was held at the headquarters of Republic of Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) in Gyeongju between Vice President Park In-sik and the Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan, Aslan Askar.The sides discussed prospects for strengthening cooperation between Kazakhstan and Korea in the field of nuclear energy.2025년 7월 24일, 부산 – 🇰🇿🤝🇰🇷 경주에 위치한 한국수력원자력(KHNP) 본사에서 박인식 본부장님과 ASLAN ASKAR 주부산 카자흐스탄 총영사 간의 따뜻하고 의미 있는 만남이 있었습니다.양측은 원자력 에너지 분야에서 카자흐스탄과 한국 간 협력 강화 방안에 대해 논의했습니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1040347?lang=kk
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 25.07.2025
Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Акция қаланың барлық бес ауданында бір уақытта өтті.Іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, жаяу жүргінші жолдары, арықтар мен жол жиектері тазартылып, қураған шөптер орылды. Сонымен қатар, ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, ардагерлер, ерікті жастар және коммуналдық қызмет мекемелерінің қызметкерлері белсенді қатысты.Қала тұрғыны Нұржан Есенқұлов осындай шаралардың жас ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор екенін атап өтті.«Біз сонау қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерген ұрпақпыз. Табиғатты аялау – бұл ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың бір көрінісі. Осындай шараларға қатысу – жастарға үлгі көрсетудің тамаша жолы. Қаламыз таза болса – көңіліміз де таза болады», – дейді ол.Жастар өкілі Дана Ерханова да экологиялық акцияға белсенді қатысып, өз үлесін қосты.– «Біз тек қана аула тазалап жатқан жоқпыз, қалаға жайлы әрі таза орта жасап жатырмыз. Бұл – біздің ортақ үйіміз, сондықтан оған қамқорлық таныту – әр азаматтың борышы. Табиғатқа жанашырлық – рухани тәрбиенің бір бөлігі. Бүгінгі шарада экологиялық мәдениет туралы көп мағлұмат алдық», – дейді жас беленді.Акция аясында қатысушылар арасында тазалықтың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылар мен қала белсенділері қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау және табиғатты аялау туралы ақпарат берді. Бұл түсіндіру жұмыстары әсіресе жастар мен тұрғындары үшін пайдалы әрі тәрбиелік мәнге ие болды.«Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен ұқыптылықты қалыптастырып, отансүйгіштік сезімді арттырады. Тазалық – тек сыртқы көрініс емес, бұл – ішкі мәдениет пен жауапкершіліктің айнасы. Табиғатты қорғау – келешек ұрпаққа аманат екенін естен шығармаған жөн», - дейді ұйымдастырушылар.Іс-шараның басты мақсаты – қала экологиясын жақсарту, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және ұрпақ санасына қоршаған ортаға деген құрметті сіңіру. Қала әкімдігімен бұл игі бастама әрі қарай да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1040348?lang=kk
Алматы тау кластері – Орталық Азия туризмінің жаңа флагманы 25.07.2025
Алматы облысы Орталық Азиядағы туризмнің тартымды орталықтарының біріне айналуда. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірге 162 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артық. Сарапшылар бұл серпінді өсімді халықаралық деңгейдегі Алматы тау кластерінің қарқынды дамуымен байланыстырады. Бүгінде ол жыл он екі ай жұмыс істейтін, жан-жақты инфрақұрылымы бар жаңа туристік хабқа айналып келеді.Қазіргі таңда облыс аумағында 270 туристік орналастыру нысаны жұмыс істейді. Олар 161,5 мың төсек-орынмен қамтылған. Соның ішінде тек таулы аймақтың өзінде 140 туристік база бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық көрсеткіш. Алайда туризм саласындағы басты жаңалықтар алда.Тау кластерін дамыту аясында ірі халықаралық жобалар іске қосылуда. Соның бірі – вьетнамдық CrystalBay компаниясы мен «Кипрос» ЖШС арасындағы серіктестік. Қол қойылған меморандум аясында «Ақ-Бұлақ» курортын жаңғырту көзделіп отыр. Жоба аясында гольф-клуб салынып, қонақүй кешені кеңейтіледі. Инвестиция көлемі – 233 млрд теңге. Бұл жоба 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта курорттың мастер-жоспары әзірленіп, топографиялық түсірілім аяқталған.Тағы бір ауқымды бастама – Oi-Qaragai курортын кеңейту жобасы. Оның аумағы 105 гектардан 1000 гектарға дейін ұлғаймақ. 2028 жылға қарай мұнда 500 жаңа жұмыс орны ашылып, жеке инвестиция көлемі 83,2 млрд теңгеге жетеді. Бұл ретте облыс әкімдігі туризм нысандарына қажетті инфрақұрылымды – газ, электр қуаты, су және жол желілерін – қатар дамытуды қолға алып отыр.Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, Алматы тау кластеріндегі туристер саны жылына 300 мыңнан 850 мың адамға дейін ұлғайтылады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш өңірдің туристік әлеуетін толық ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті кәсіпкерлікті жандандыруға жол ашады.Сонымен қатар кешенді жоспар аясында Қаскелең және Түрген шатқалдарын дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл мақсатқа 70 миллион теңге бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1040307?lang=kk
Курсанттар теңіз ісін үйренуде: Ақтауда болашақ офицерлердің теңіздегі тәжірибесі аяқталды 25.07.2025
Ақтауда Әскери-теңіз күштері 29011 әскери бөлімінің базасында Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының әскери-теңіз кафедрасында оқитын екінші курс курсанттарының теңіздегі практикасы аяқталды.Бір айдың ішінде болашақ офицерлер теңіз қызметінің теориясы мен тәжірибесін үйренді. Бағдарламаға навигация, төтенше жағдайлар, қауіпсіздік және кеме экипажының өзара іс-қимылы кірді. Каспийдің қазақстандық секторына оқу-жаттығу жорықтары негізгі кезеңге айналды, іс жүзінде курсанттар білімдерін бекітіп, теңіз қызметінің жағдайына бейімделді.– Біз алғаш рет әскери корабль бортындағы төтенше жағдайларда іс-қимылдарды пысықтадық. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау маңызды болды. Осы айда мен қызметте пайдалы баға жетпес тәжірибе жинадым, – деді курсант Эльдар Қалабай.Практиканың қорытындысы бойынша курсанттар теңіз даярлығының негізгі пәндері бойынша сынақтан өтті. Қолбасшылық олардың жауапкершілігі мен кәсіби дағдыларын жоғары бағалап, мұндай іс-шаралар болашақ Әскери-теңіз күштерінің офицерлерін даярлауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Теңіз практикасы курсанттарға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерінде қызмет ету үшін қажет нәрсенің бәрін – тәртіпті, дербестікті және жүктемелерге төзімділікті дамытуға көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1040251?lang=kk
Қостанай облысында 31 шілде мен 1 тамыз аралығында өңірдегі ең ауқымды Дала күні өтеді. 25.07.2025
2025 жылғы 31 шілдеде Қостанай облысында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісі мен агробизнеске арналған ең ірі өңірлік көрмелердің бірі басталады. Бұл – дәстүрлі Дала күні форматында өтетін «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясы. Іс-шара екі күнге созылып, 1 тамызға дейін жалғасады.Көрме Қостанай облысы, Мендықара ауданы, Степановка ауылында орналасқан «Восток-1» ЖШС мен «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтеді (Қостанай қаласынан 65 км қашықтықта).«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» — бұл шетелдік және отандық агробизнес өкілдері заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен жоғары өнімді техниканың мүмкіндіктерін, мал шаруашылығы мен селекциядағы жетістіктерін, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік салаларындағы инновациялық әзірлемелерді көрсететін дәстүрлі мереке. Көрмеге алыс-жақын шетелдерден 100-ден астам компания мен 3 мыңнан астам келуші қатысады деп күтілуде.Көрме қатысушылары мен қонақтарының қатарында: машина жасау кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушілер, қазақстандық және шетелдік жеткізушілер, егіншілік пен өсімдік шаруашылығы салаларындағы аграрлық ғылым өкілдері, асыл тұқымды мал шаруашылығының мамандары болады.Іс-шара Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың, облыстық әкімдік құрылымдарының, қаржы институттарының және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өтеді.Фермерлер мен өңірдегі агроқұрылымдар үшін маңызды болатын негізгі іс-шаралар қатарында:Заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының көрсетілімі: жер өңдеу, егіс жұмыстары, мелиорация және суару техникасы;Мал шаруашылығына арналған техника мен жабдықтар;Алдыңғы қатарлы селекциялық станциялар ұсынған жоғары өнімді әрі сапалы ауыл шаруашылығы дақылдарының тәжірибелік алқаптарын аралау. Іс-шараға «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС селекционерлері қатысады;«Астық – 2025» халықаралық астық конференциясы. 2025/26 жаңа астық маусымы қарсаңында өтетін бұл ірі іс-шара 500-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен агротехнология, техника және жабдықтар жеткізушілерін бір алаңға жинайды. Конференция жұмысына Өзбекстаннан – «Узёгмойсаноат» май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысады. Қазақстанның солтүстік облыстары (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола) ветеринар мамандарының республикалық слеті өтеді. Іс-шара аясында «Ветеринариялық қауіпсіздік пен өңіраралық өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелері» тақырыбында далалық кеңес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Қазақстанның Ветеринария палатасы;Ауыл шаруашылығы техникасының жаңалықтарын таныстыру: 6-класс T500 астық жинау комбайны және ROSTSELMASH 2400 тракторы, Ресейлік «Алмаз» бірлестігінің КИП-14 ұсақтағыш катоктары және КЧД-5 чизель-дискілі культиваторлары, «АгроТехМенеджмент» компаниясының LiuGong LTH0735A телескопиялық тиегіштері, AGROMASH компаниясынан LOVOL тракторларының жаңа үлгілері, Weichai қозғалтқыштарымен жабдықталған Қостанай трактор зауытының жаңа «Кировец» тракторлары, AMAZONE мен AstanaAgroPartner ұсынған техника мен топырақ өңдеуге арналған жабдықтардың үздік нұсқалары, сондай-ақ отандық және шетелдік өндірушілердің өнімдері таныстырылады.«NAVISTAR ASIA» ЖШС және «AGRO DRONE KZ» ЖШС ұсынған ауыл шаруашылығы дрондарының жұмысы көрсетіледі;«Автодом Костанай» ЖШС ұйымдастыруымен жол талғамайтын көліктердің тест-драйвтары мен авто-мото шоу өткізіледі.«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» қатысушылары ауыл шаруашылығы өндірісі мен агробизнеске қатысты тәжірибесімен, ақпараттарымен және технологияларымен бөліседі.Айта кету керек, бүгінде «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» Дала күні тек кәсіби іс-шара шеңберінен шығып, бүкіл отбасы үшін арналған демалыс орнына айналды. Бұл — балалар мен ересектер үшін танымдық әрі пайдалы уақыт өткізуге арналған алаң.Іс-шараның іскерлік бағдарламасынан бөлек, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының мүмкіндіктерін таныстырумен қатар, кең көлемді мәдени-ойын-сауық бағдарламасы да ұсынылады.«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясының ұйымдастырушысы — АӨК саласындағы халықаралық көрмелерді ұйымдастыруда Қазақстандағы жетекші компаниялардың бірі — «EXPO TIME». Компания сондай-ақ сүтті мал шаруашылығы, ветеринария және мал азығын өндіру салаларындағы кәсіби семинарлар мен конференциялар өткізеді.Толығырақ ақпарат:🔗 https://expotime.kz📷 https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1040878?lang=kk
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру» қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі 25.07.2025
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТӘК) алушыларға eGov порталы арқылы тауарлық газға ваучерлер беру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.Жоба тауарлық газ бағасының өсуі жағдайында халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған. «Әлеуметтік әмиян» қызметі арқылы жәрдемақыларды есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу деректерді қолмен тексеру қажеттілігін жояды және қателер қаупін азайтады, қосымша құжаттарды жинамай-ақ көмек алуды қамтамасыз етеді және қолдау көрсету аясын айтарлықтай кеңейтеді.Тауарлық газға ваучер – цифрлық нысанда алынған Әлеуметтік әмиян қызметі арқылы мемлекеттік қолдаудың ақшалай емес шараларын көрсету құралы.Ваучерді тұрғын үй көмегін алушы (ТҚК) ай сайын ағымдағы айдың 7-нен 25-не дейін белсендіреді. Ағымдағы айдың 25-інен кейін ваучерді белсендіру мүмкін болмайды.Әр айдың 7-ші жұлдызында абоненттің ұялы телефонына тұрғын үй көмегін алушының (ТҮК) телефонына оның жолдаманы беруге келісімін алу туралы сұрау салуды бастау туралы SMS хабарлама жіберіледі.Тұрғын үй көмегін алушыдан (ТҮК) SMS хабарламаға жауап болмаған жағдайда, 7 күнтізбелік күннен кейін оған қайталама SMS хабарлама жіберіледі. Тұрғын үй көмегін (ТҮК) алушыдан ағымдағы айдың 25-іне дейін жауап болмаса немесе тұрғын үй көмегін (ТК) алушы жолдаманы беруден бас тартқан жағдайда, ағымдағы айда ваучерді белсендіру мүмкіндігі тоқтатылады.Жауап SMS-хабарламасы арқылы жолдаманы беруге келісімін берген тұрғын үй көмегін (ТҚ) алушы Көрсетілетін қызметті алушы болады.Келісім алғаннан кейін eGov порталы Қызмет алушылардың деректерін «Әлеуметтік әмиян» қызметіне жібереді, оның негізінде тауарлық газға ваучерлер ашылады. Көрсетілетін қызметті алушы SMS хабарламада көрсетілген сілтемені басу арқылы немесе App Store дүкені арқылы eGov Mobile қолданбасын жүктеп алу арқылы «Әлеуметтік әмиян» қызметіне кіру үшін eGov Mobile порталына өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1040235?lang=kk
Мектепке жаңа автобус сыйға тартты 25.07.2025
2025 жылдың 20 шілдесінде Құлынжон ауылдық округіне қарасты "Мектеп - бөбекжай - балабақша кешені" орта мектебіне жаңа мектеп автобусы берілді. Бұл автобус оқушыларды тасымалдауға арналған, қауіпсіздік талаптарына толық сай жабдықталған.Автобус демеушілік көмек ретінде белгілі кәсіпкер, меценат Айдын Рахимбаевтың қолдауымен алынған.Автобус 22 орындық, жылыту жүйесі, қауіпсіздік белдіктері, GPS қадағалау жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл – шалғай елді мекендерден келетін оқушылардың мектепке қатынауын жеңілдетіп, білім сапасына оң әсер етеді.Ауыл әкімдігі мен мектеп ұжымы атынан демеушімізге зор алғыс білдіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-kulynzhon/press/news/details/1040195?lang=kk