Әлем
Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті 29.03.2026
Астана, 2026 ж. 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Сұхбат барысында Е.Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады.Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1188047?lang=kk
Мадридте Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындылары талқыланды 29.03.2026
Мадрид, 2026 жылғы 26 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Конгресі депутаттарының мүшесі Мария Лус Мартинеспен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар қазақ-испан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бағытта және көпжақты алаңдар аясында парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын талқылады.Елші жақында қабылданған Конституцияның негізгі қағидаттарын таныстырып, жаңартылған Негізгі заң елдің Тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.Испандық депутат өз кезегінде жүзеге асырылған өзгерістерге оң баға беріп, олардың институционалдық негіздерді дамыту мен елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызын айқындады.Сондай-ақ ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты еліміздің білім және ғылым саласындағы өңірлік орталық ретіндегі әлеуетіне тоқталды. Тараптар академиялық алмасуларды кеңейтуге және жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты диалогты қолдау және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы шеңберінде өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1188048?lang=kk
Аустрия Орталық Азия елдерімен парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті 29.03.2026
Вена, 2026 жылғы 26 наурыз – Аустрияның Орталық Азия өңірімен өзара іс-қимылды жандандыруы, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық форматын дамыту аясында Орталық Азия елдері мен Моңғолия елшілерінің Аустрия парламентінің достық тобы мүшелерімен кездесуі өтті.Кездесу барысында аустриялық достық тобының басшысы, Ұлттық кеңес депутаты Мартин Хофер Орта Азияның жаһандық саясаттағы маңызының артып келе жатқанын атап өтіп. Еуропалық одақ үшін өңірдің стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Аустрия Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестікті кеңейтуге айрықша мән береді және түрлі салаларда сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады. Парламентаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Аустрия мен Орта Азия елдерінің ортақ ұстанымдары, соның ішінде демократияны нығайтуға деген ұмтылысы бар екені айтылды.Қазақстан Республикасының Елшісі Мұхтар Тілеуберді өз кезегінде Қазақстан-Аустрия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы атап өтті. Сонымен қатар, аустриялық депутаттары, достық тобының мүшелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалар, елдің ішкі және сыртқы саяси басымдықтары жөнінде айтардықтай ақпаратты жеткізді.Қазақ Елшісі кездесу барысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі ісшаралар және референдумның нәтижесіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы ұсынған негізгі заңдағы басты жаңашылдықтар, жаңа Құрылтадыйң құрылуы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселелері кеңінен таныстырды.Сонымкен қатар М.Тілеуберді парламентаралық ынтымақтастықтың кең форматтағы өзара іс-қимылдағы маңыздылығын атап өтті. Елші екі ел парламентаралық байланыстардың белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.Орта Азия елдері мен Моңғолия елшілері де өз мемлекеттеріндегі реформалардың жүзеге асырылу барысы мен аустриямен екіжақты байланыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, олар альп республикамен, яғни Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және Парламентаралық одақ сияқты көпжақты құрылымдар аясында парламентаралық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді.Аустриялық депутаттар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру үдерісін құптап, биылғы қыркүйек айында Қазақстанға сапармен бару жоспарымен бөлісті, Бұл қадам парламентаралық диалогқа қосымша серпін беретінін сенім білдірді.Кездесу соңында М.Хофер әріптестері атынан Орталық Азия елдері мен Моңғолиямен байланыстарды нығайтуға дайын екенін білдіріп, өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуге ықпал ету ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1188049?lang=kk
Қазақстан Римде су қауіпсіздігі мен аграрлық ынтымақтастық бойынша жаһандық бастамаларды ілгерілетуде 29.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған Қазақстан делегациясы Римдегі Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының (IFAD) бас кеңсесінде өткен «БҰҰ-су ресурстары» тетігінің 43-ші кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында қазақстандық делегация Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммиттің және Мемлекет басшысының БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын іске асыру бойынша жоспарланған халықаралық консультациялардың таныстырылымын өткізді.Римге жұмыс сапары кезінде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосы басшысының бірінші орынбасары Е.Ашықбаев сондай-ақ Италия Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) және Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының (IFAD) басшылығымен бірқатар кездесу өткізді.Атап айтқанда, Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллимен өткен кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Қазақстан мен Италия арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары, соның ішінде C5 + 1 платформасы, сондай-ақ Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Италия үкіметаралық жұмыс тобы (ҮЖТ) аясындағы мәселелер талқыланды.Кездесу барысында қазақ дипломаты Италия СІМ басшысының орынбасарын Мемлекет басшысының реформалар бағдарламасы аясында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі референдумның нәтижелері, сондай-ақ елдің саяси жүйесін одан әрі трансформациялау жөнінде хабардар етті.Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосы басшысының бірінші орынбасары өзінің итальяндық әріптесін еліміздің бірқатар өзекті халықаралық мәселелер жөніндегі ұстанымымен таныстырды.Өз кезегінде Э.Чириелли екіжақты қатынастардың дамуындағы жоғары серпінді атап өтіп, Қазақстанның ішкі реформаларды жүзеге асыру және сыртқы саясат саласындағы бастамаларын оң бағалады.БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Бас директорының бірінші орынбасары Годфри Магвензимен кездесуде Қазақстанның ФАО-мен ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, тараптар ауыл шаруашылығын жаңғырту, азық-түлік қауіпсіздігі және су ресурстарын рационалды пайдалану сияқты салалардағы бірлескен іс-қимылды бағалады.Е.Ашықбаев Қазақстанның Орталық Азияның астық қоры ретінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын және бидай мен майлы дақылдар өндіру мен экспорттау бойынша жетекші орынға ие екенін атап өтті. Осы саланы дамытуға бағытталған күш-жігер өз нәтижесін беруде: өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13,6%-ға өсті.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосы басшысы бірінші орынбасарының айтуынша, алдағы жылдары Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын айтарлықтай нығайтып, жоғары қосылған құны бар өнімдердің үлесін 70%-ға дейін арттыруды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін ел жаңа өңдеу зауыттарын салуды және қолда бар өндіріс орындарын жаңғыртуды жоспарлауда.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Е.Ашықбаев Қазақстанның ФАО-мен серіктестік қатынастарды нығайтуға, соның ішінде агроөнеркәсіп саласында 700-ден астам инвестициялық жобаны іске қосуға бағытталған үш жылдық жоспарды жүзеге асыруға дайын екендігін атап өтті.IFAD президенті және UN-Water төрағасы Альваро Лариомен өткен кездесуде тараптар су қауіпсіздігі саласындағы өңірлік және халықаралық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған бірлескен күш-жігерді талқылады. Е.Ашықбаевтың айтуынша, «KazAID» агенттігі арқылы еліміз серіктес мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетіп, дағдарыс, табиғи апаттар және басқа да төтенше жағдайлардан зардап шеккен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына үлес қосуда.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары сондай-ақ қазіргі әлемде маңызы барған сайын артып келе жатқан су ресурстары мәселелеріне назар аударды. Осы тұрғыда ол Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамында Халықаралық су ұйымын құру бастамасының маңыздылығына назар аударып, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық пен тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін атап өтті.Өткізілген кездесулер барысында Е.Ашықбаев Қазақстанда ФАО-ның Орталық Азияға арналған субаймақтық кеңсесін ашуға деген қызығушылықты атап өтті. Бұл Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аймақтық орталығын нығайтып, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігі күн тәртібіне оң әсер етер еді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1188052?lang=kk
Канада Сенатында Қазақстандағы конституциялық реформаларға арналған дөңгелек үстел өтті 29.03.2026
Оттава, 2026 жылғы 26 наурыз – Канада Парламенті Сенатының ғимаратында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау және қазақстан-канадалық қарым-қатынастарды дамыту перспективаларына арналған сараптамалық-талдамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Канаданың саяси, парламенттік және сараптамалық ортасының өкілдері қатысты.Дөңгелек үстелдің ашылуында сенатор Клемент Жиньяк Қазақстан мен Канада арасындағы парламентаралық диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, канадалық тараптың Астанамен саяси және экономикалық салаларда жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Д.Құсайынов екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндама жасады.Кездесу барысында конституциялық реформаға және ү.ж. 15 наурызда өткен конституциялық референдумның қорытындыларына ерекше назар аударылды. Елшілік арнайы шақырған сарапшы – Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры, Гарвард университетінің шақырылған зерттеушісі М.Хасенов жаңа Конституцияның маңызы мен оның Қазақстан Республикасының одан әрі саяси дамуына әсері туралы жан-жақты баяндады.Қатысушылар Конституция бойынша өткен дауыс беру қоғам белсенділігінің жоғары деңгейін және азаматтардың маңызды саяси үдерістерге қатысуын тағы бір мәрте растағанын атап өтті.Жалпы, іс-шара мен оның аясындағы пікірталастар Қазақстандағы ішкі саяси реформаларға жоғары қызығушылық бар екенін көрсетті. Канадалық тарап өкілдері жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелілігін атап өтіп, еліміздегі трансформациялық үдерістерді одан әрі зерделеуге қызығушылық білдірді.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар осындай сараптамалық кездесулерді жалғастыруға және қазақстан-канадалық диалогты одан әрі дамытуға ниетті екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1188053?lang=kk
Newsletter Kazakhstan - 26.03.2026 29.03.2026
Newsletter Kazakhstan - 26.03.2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1188055?lang=kk
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «ЕАЭО елдерінен тауарларды өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу ережесі» тақырыбына тікелей эфирі 29.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 27 наурызында сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «ЕАЭО елдерінен тауарларды өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу ережесі» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: кеден одағы шеңберіндегі әкімшілендіру бөлімінің басшысы Николай Николаевич Ермошин сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1188072?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде қазіргі заманғы әскерге шақырылушының психологиялық портрет талқыланды 29.03.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері үшін қазіргі жас ұрпақпен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне арналған оқу-әдістемелік сабақ ұйымдастырылды.Maqsut Narikbayev University жоғары гуманитарлық мектебінің «Психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы психоаналитик Анна Поздеева «Қазіргі жас жігіт кім?» тақырыбында дәріс өткізді.Дәріс барысында қазіргі таңда Қарулы күштерге дүниетанымы сандық орта мен жедел әлеуметтік өзгерістер жағдайында қалыптасқан Z ұрпағы мен алғашқы Alpha ұрпағының өкілдері келетіндігі айтылды. Бұл командирлерден жеке құраммен жұмыс істегенде икемдірек тәсілдер қолдануды талап етеді.– Біз «Қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген сөзді жиі естиміз. Алайда командирдің міндеті – жаңа ұрпақты сынау емес, оны түсіне білу. Егер отыз жыл бұрынғы басқару әдістерін қолданатын болсақ, жасырын қақтығыс пен қызмет тиімділігінің төмендеуіне тап болуымыз мүмкін. Әр ұрпақ өз ортасының ықпалымен қалыптасады, ал қазіргі жастар – сандық дәуірдің өнімі, – деп атап өтті Анна Поздеева.Дәріскер қазіргі заманғы әскерге шақырылушының психологиялық портретін таныстырып, жаңа ұрпақ өкілдері ақпаратты тез қабылдауға үйренгенін, әділеттілік пен жеке қадір-қасиет мәселелеріне сезімтал екенін, сондай-ақ берілген тапсырмалардың логикалық негізін күтетініне ерекше назар аударды.– Бүгінгі сарбаз тапсырманы оның мәнін түсінсе ғана әлдеқайда тиімді орындайды. «Менің айтқанымды жаса» формуласы енді жұмыс істемейді. Әскери қызметші бұйрықтың қандай мақсатқа бағытталғанын және оның бөлімшенің және елдің қауіпсіздігімен қалай байланысты екенін түсінгенде, оның уәжі айтарлықтай артады, – деп атап өтті ол.Бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуалға да ерекше назар аударылды. Қазіргі жастардың физикалық агрессияға сирек баратыны, алайда әділетсіздіктен, қадір-қасиетке тіл тигізу мен психологиялық қысымнан зардап шегетіні атап өтілді.Осыған байланысты командирлерге әскери ұжымдардағы ахуалға ерекше көңіл бөлу, психологиялық қысым белгілерін уақытылы анықтау және бөлімшелерде құрметке негізделген кәсіби қарым-қатынас орнату ұсынылды.Сабақ барысында жеке құраммен жұмысты ұйымдастыруға арналған тәжірибелік ұсыныстар берілді. Олардың қатарында – көрнекі оқу әдістерін қолдану, нақты әрі түсінікті тапсырмалар қою, сондай-ақ әскери қызметшілерді қазіргі заманғы техника мен сандық технологиялармен жұмысқа тарту айтылды.– Бұл – технологияларды тез меңгеретін, дәстүрлі ойлаудан тыс ойлана білетін және күрделі тапсырмаларды тиімді шешуге қабілетті жастар. Біздің міндетіміз – оларға жаңа типтегі білікті, әділ және кәсіби көшбасшы болу, – деп атап өтті Анна Поздеева.Сабақ соңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті психологиялық және әскери-әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы подполковник Арман Қалышев Анна Поздееваның барлық ұсыныстары ескерілетінін атап өтті.Алдағы уақытта дәріс материалы негізінде әдістемелік нұсқаулар дайындалып, олар әскери бөлімшелерге күнделікті тәжірибеде қолдану үшін жіберілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1188074?lang=kk
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің салық заңнамасын түсіндіру жұмысының қорытындысы облыс Әкімдігінде өткен отырыста талқыланды 29.03.2026
2026 жылғы 20 наурызда облыс Әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Комиссия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов, сондай-ақ Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысты.Отырыс барысында Департамент өкілдері шағын және орта бизнес субъектілері арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық - түсіндіру жұмыстары туралы мәлімет ұсынды. Салық заңнамасын сақтау, оны бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ салық міндеттемелерін ерікті түрде орындауды қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударылды.Гүлмира Сабралимованың айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері туралы салық төлеушілерді ақпараттандыру басым бағыт болып қала береді. Соның ішінде арнайы салық режимдері, ҚҚС және КТС мәселелері, салықтық шегерімдер мен жеңілдіктер, жалпыға бірдей декларациялау, мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ цифрлық шешімдер мен салық есептілігін қолдану мәселелері өзекті.Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтар - ақпан айларында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 6 мыңнан астам түсіндіру іс-шарасын өткізді.Отырыс қорытындысы бойынша облыс Әкімі Нұрымбет Сақтағанов құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған нақты міндеттер мен тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1188076?lang=kk
МКК Бизнестің салықтық есебін жеңілдету үшін жаңа IT-шешімдерді талқылады 29.03.2026
20 наурызда Астанада Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ғимаратында салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және бизнеспен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу үшін цифрлық шешімдерді енгізуге арналған жетекші IT-әзірлеушілердің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтың басшылығымен өтті. Оған тауарлық-есептік жүйелерді және үш компонентті интеграцияланған жүйелерді әзірлеушілер, сондай-ақ бизнеске арналған автоматтандыру шешімдерін жеткізушілер қатысты. Негізгі міндет заманауи IT-шешімдерді енгізу және процестерді автоматтандыру есебінен салық есебін жүргізуді барынша оңайлату болып табылады. Жаңа тұжырымдама тауарлардың түсуі мен өткізілуін есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйелеріне бизнес-операциялардың толық циклін интеграциялауды, салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыруды, салықтарды уақтылы төлеуді көздейді. Болашақта мұндай жүйелер салық агентінің функцияларын ішінара орындай алады деп күтілуде. Бұл кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, есепке алу кезінде қателерді азайту, күнделікті операцияларды автоматтандыру. Кездесу барысында әзірлеушілер өз шешімдерінің ағымдағы мүмкіндіктерін және оларды дамыту бойынша ұсыныстарын ұсынды. Талқылауға «Тринити», «Учет.KZ», «Prosklad», «1С:Бухгалтерия», «Wipon», «UMAG», «Paloma365», «R-Keeper» және нарықтың басқа да қатысушылары. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен IT-сектор өкілдерінің қатысуымен бірлескен жұмыс тобы құрылды. Оның міндеті техникалық және заңнамалық аспектілерді пысықтау және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жеңілдетуге бағытталған шешімдерді енгізу. Жаңа тәсілдерді іске асыру салық процестерінің көпшілігі автоматты түрде жүргізілетін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының ыңғайлы және ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1188146?lang=kk
Түркістан облысының «Арыс» полигонында роталық тактикалық оқу-жаттығу өтті 29.03.2026
Оқу-жаттығу барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мотоатқыштар батальонының әскери қызметшілері дабыл бойынша көтеріліп, шоғырлану ауданына шықты.«Арыс» полигонында мотоатқыштар ротасының әскери қызметшілері маңызды нысандарды күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін пысықтады.– Роталық тактикалық оқу-жаттығу негізгі жауынгерлік дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, жеке құрамның тактикалық ойлау қабілетін дамытады. Одан бөлек, командирлерді кенеттен болған жағдайларда жедел шешім қабылдауға үйретеді, – деді батальон командирі майор Арман Айтбаев.Оқу-жаттығу бөлімшенің жауынгерлік дайындығын, жеделдігін және іс-қимылдарының үйлесімділігін тексеруге бағытталды. Сабақтар ұрыс жағдайына барынша жақын сценарийлер бойынша өтті. Бұл ротаның жедел дайындығын арттырып, қойылған міндеттерді тиімді орындауға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1188157?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуда 29.03.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 20 наурыз - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі доктор Субраманьям Джайшанкармен кездесу өткізді.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.Кездесудің басында Елші А. Есқараев Үнді тарапына Чайтра Навратри мерекесі мен индуизмнің Жаңа жылы қарсаңында жылы лебіздерін білдіріп, бұл жаңару кезеңінің Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға символдық мәні бар екенін атап өтті.Қазақ дипломаты Қазақстан мен Үндістанның дипломатиялық қатынастар орнағанына отыз жылдан астам уақыт өткенін атап өтіп, екі ел халықтарының арасындағы байланыстар формалды дипломатиядан әлдеқайда терең, тарихи, мәдени және өркениеттік негізге ие екенін айтты. Сонымен бірге ол Үндістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы уақыт сынақтан өткен негізгі стратегиялық серіктесі және жаһандық деңгейде аса ықпалды мемлекеттердің бірі екенін атап өтті.Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Үндістанға алғаш рет сапарының ұйымдастырылуына алғыс білдіріп, 2026 жылғы 19-20 ақпанда өткен «India AI Impact Summit 2026» саммиті аясындағы іс-шаралардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.Қазақстан тарапы Үндістан үкіметін 2026 жылғы БРИКС төрағалығымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС саммиті аясында 2026 жылғы қыркүйекте Нью-Делиге мемлекеттік сапарын ұйымдастырудың мүмкіндіктерін талқылады.Өз кезегінде Үндістанның сыртқы істер министрі С.Джайшанкар Қазақстан тарапын Айт және Наурыз мерекелерімен құттықтап, уран саласындағы келісімге алғыс білдіріп, Таяу Шығыс жағдайына байланысты мұнай және газ саласында ұзақ мерзімді және сенімді келісімдер жасасуға қызығушылық танытты және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін растады. Сондай-ақ, ол Үндістанның Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарын БРИКС саммитіне дейін немесе одан кейін ұйымдастыру мәселесін қарастыруға дайын екенін атап өтті.Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері, соның ішінде Tata Group және Reliance Industries сияқты ірі үнді конгломераттарымен байланыс орнату талқыланды.Кездесудің соңында тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ортақ ұмтылысын атап өтті.Негізгі бағыттар бойынша, оның ішінде экономика, инвестициялар және жаңа технологиялық жобалар бойынша тұрақты ақпарат алмасуды жалғастыруға келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1188166?lang=kk
«Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосу туралы 29.03.2026
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы) «Экспорттаушылар витринасы» (https://export.bgov.kz ) платформасын іске қосты.Жаңа ресурс отандық өнімдер мен қызметтерді жаһандық нарыққа жаппай шығару мақсатында әзірленіп, шетелдік сатып алушылар назарын аудару үшін әзірленді. Платформа «Made in Kazakhstan» өнімдерінің кеңейтілген каталогын ұсынады. Мұнда негізгі назар нақты тауарларға, олардың сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттеріне аударылған.Экспорттаушылар витринасының басты ерекшелігі — оның айқын экспорттық бағыттылығы. Платформадағы тауарлар бес негізгі сала бойынша жіктелген: жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік және химия өнеркәсібі, АӨК өнімдері, металлургия, машина жасау және құрылыс саласы.Іздеу жүйесі әлеуетті сатып алушыларға қажетті өнімдерді кілт сөздер арқылы оңай табуға мүмкіндік береді. Мәселен, белгілі бір сұраныс енгізілген жағдайда жүйе осы санат бойынша қазақстандық өндірушілер ұсынатын барлық қолжетімді ұсыныстарды көрсетеді. Әрбір тауар карточкасында өнімнің толық сипаттамасы мен негізгі техникалық параметрлері берілген. Сонымен қатар пайдаланушы нақты өнім бетінен сол өнімді өндіруші компанияның профиліне бірден өту мүмкіндігіне ие.«Аталған платформада тек агенттік тарапынан тексеруден өткен, верификацияланған өндірушілер ғана ұсынылған. «ЭКА тексерген» мәртебесі сенімділіктің кепілі ретінде қызмет атқарып, тәуекелдерді азайтады және қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимыл барысында сенімді нығайтады», – деп атап өтті Мадина Ержанова, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары.«Экспорттаушылар витринасы» жобасы қазақстандық бизнес пен халықаралық нарықтар арасындағы цифрлық көпірге айналуды көздейді. Платформа жеткізушілерді іздеу үдерісін жеңілдетіп, отандық брендтердің шетелдегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Бастама «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі жүзеге асырып отырған шикізаттық емес экспортты қолдау және сыртқы экономикалық қызметті цифрландыру стратегиясы аясында іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1188176?lang=kk
Ұландық сарбаздар асхана тағамын электронды жүйе арқылы бағалай алады 29.03.2026
Ұлттық ұланда сарбаздарды сапалы тамақтандыру жүйесін жетілдіру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында құқықтық тәртіп әскерінде қолға алынған жаңа пилоттық жоба таныстырылды. Бұл жоба сарбаздардың күнделікті тамақтану сапасын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге, асхана жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге және адам факторынан туындайтын тәуекелдерді азайтуға бағытталған.Дөңгелек үстелге арнайы қатысқан ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков әскери қызметшілерді сапалы тамақтандыру Ұлттық ұлан қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол жиын барысында әскердегі азық-түлікпен қамту жағдайы, асханаларды тексеру нәтижелері және өзекті мәселелер талқыланатынын айтты.Аппараттық-бағдарламалық кешен қазіргі уақытта пилоттық режимде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде іске қосылған. Жобаның басты ерекшелігі – сарбаздарға асханадағы тағам сапасын электронды жүйе арқылы жедел бағалауға мүмкіндік беруі. Арнайы панель арқылы берілген бағалар бірден азық-түлік жеткізуші мен басшылыққа ұсынылады.Биылғы тамыз айына дейін жүйенің тиімділігі сараланып, оның нәтижесіне қарай өзге бөлімдерге енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.«Бұл жүйе бізге өз пікірімізді еркін айтуға мүмкіндік береді. Қандай тағам ұнады, қайсысы ұнамады – бәрін бірден бағалай аламыз. Соның арқасында асханадағы тамақ сапасы да жақсарып келеді», – деді 5573 әскери бөлімінің сарбазы кіші сержант Нұралы Жазит.Жиында сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, санитарлық талаптарды күшейту, азық-түлік жеткізушілер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері қаралды.Айта кетейік, бүгінде 7 мыңнан астам ұландық еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Сондай-ақ 2 мыңнан аса сарбаз мемлекеттік маңызы бар нысандар мен ҚАЖ мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1188216?lang=kk
Қазақстан мен Вьетнам су ресурстары және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 29.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның Метеорология, гидрология, қоршаған орта және теңіз ғылымдары институтының (Institute of Meteorology, Hydrology, Environment and Marine Sciences, IMHEMS) директоры Фам Тхи Тхань Нга ханыммен (Pham Thi Thanh Nga) кездесті.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі бағыттары мен ғылыми және экологиялық салалардағы бірлескен жұмыс перспективалары талқыланды.Тараптар 2025 жылы дипломатиялық қатынастардың 33 жылдығын атап өту аясында Қазақстан мен Вьетнам стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін, бұл гидрология, су қауіпсіздігі, климатқа бейімделу және экологиялық даму салаларында ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Қазақстан Елшісі вьетнамдық тарапты су саласындағы еліміздің басымдықтары, соның ішінде халықаралық су ұйымын құру бойынша Қазақстан Президентінің бастамасы туралы хабарлады. Бұл бастама жаһандық су мандатын біріктіруге және халықаралық су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын тілге тиек етті. Вьетнам тарапы 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға мүдделілік білдіріп, тәжірибе алмасуға және ғылыми ынтымақтастыққа дайындығын танытты.Кездесу барысында жаһандық су мәселелеріне, оның ішінде халықаралық сын-қатерлерге, оның ішінде трансшекаралық ресурстар мен климат өзгерісі салдарына тиімді жауап беру тұрғысынан БҰҰ басқару құрылымын реформалау қажеттілігіне, саясат үйлесімділігін жақсартуға және су мандатын біріктіруге қатысты мәселелер қаралды.Институт директоры Фам Тхи Тхань Нга ханым IMHEMS қызметі таныстырылып, Вьетнамның ЮНЕСКО бағдарламаларына, соның ішінде Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасына белсенді қатысатынын айтты. Бағдарлама ғылыми ынтымақтастық, су ресурстарын бақылау, сел мен құрғақшылық тәуекелін басқару және кадрлық әлеуетті арттыруға бағытталғанын жеткізді.2025 жылғы қазан айында Вьетнам төрағалығымен өткен Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша ЮНЕСКО Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасының 32-сессиясына және 2026 жылғы қыркүйекте Қытайда өтетін 33-сессияға назар аударылды. Институт директоры Қазақстан тарапын Вьетнам төрағалығымен өтетін халықаралық іс-шараларға, соның ішінде 2026 жылғы 15 мамырда өтетін Метеорология, гидрология, қоршаған орта және теңіз ғылымдарында жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдану: үкімет-академиялық-өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту бойынша халықаралық семинарға қатысуды қарастыруға шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға, ғылыми алмасуды кеңейтуге және су қауіпсіздігі, гидрология және тұрақты даму бойынша бірлескен жобаларды әзірлеуге қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1188223?lang=kk
«ҚР АШМ АӨК МИК Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» ММ мемлекеттік қызметтерді ұсынады! 29.03.2026
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ Заңына (1-бап 30-тармақ) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34637 болып тіркелді - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін болдырмайтын өзгерістер күшіне енеді.Түзетілгендей, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың себілетін және отырғызылатын материалына, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшелер, баданалар, түйнектер, жемістер), сондай-ақ карантиндік объектілерді тасымалдаушы болуы мүмкін басқа да өсімдіктен алынатын кез келген өнімге; карантиндiк объектiлердi тасымалдағыштар болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы машиналарына және топырақ өңдеуге арналған құралдарға, көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түріне, буып-түю материалдарына, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдарына, топырақ құймалары мен үлгiлерiне; почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдік салымдарына; өсімдіктен алынатын өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін, залалсыздандыратын және өткізетін ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының аумағына және үй-жайларына; ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа мақсатқа арналған жерлерге; ішкі сауда объектілеріне, теміржол вокзалдарына, автовокзалдарға, өзен порттарына, айлақтарға, почта операторларының өндірістік объектілеріне; жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауына және тағы басқасына қолданылады.Сонымен қатар, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өзгерістер енгізілді: - фитосанитариялық сертификат өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді; - өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді; Қызмет алушылар «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590бұйрықтағы басқа өзгерістерімен http://adilet.zan.kz сайтта көре алады.Туындаған сұрақтар бойынша 2-40-68 телефон нөмірі немесе mendykara _p_rtu@minagri.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 9 үй 2 қабат, мекенжайы бойынша орналасқан біздің мекемеге келіп кеңес алуға болады. ҚР АШМ АӨК МИК Мендіқара ААИ. Бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ғ.МустафинАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1188231?lang=kk
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовтың төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті. 29.03.2026
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовтың төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті.Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, делдалдық тізбектерді қысқарту және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.Сондай-ақ жауапты мекемелерге баға мониторингін күшейту және тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1188301?lang=kk
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. 29.03.2026
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы.Әр оюы мен әр өрнегінде ата-бабамыздың рухы, салт-дәстүрі мен терең мағынасы жатыр.Ұлттық киім кию – тек сән үшін емес, ол өз тамырымызды ұмытпай, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің белгісі. Бүгін біз ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеп, ұлттық киімнің әсемдігін көрсетуді мақсат еттік.Ұлттық киім – ұлттың мақтанышы, рухтың белгісі. 🇰🇿Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1188314?lang=kk
Шымкент қаласында “DIGITAL QAZAQSTAN” халықаралық форумы өз жұмысын бастайды. 29.03.2026
Шымкент қаласында “DIGITAL QAZAQSTAN” халықаралық форумы өз жұмысын бастайды.Ауқымды іс-шара цифрлық технологиялар, инновациялар және IT саласындағы соңғы жетістіктерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналмақ. Форумға отандық және шетелдік сарапшылар, инвесторлар мен сала көшбасшылары қатысып, тәжірибе алмасады.Күн тәртібінде — цифрландырудың жаңа бағыттары, жасанды интеллект, стартап жобалар және цифрлық экономиканы дамыту мәселелері.“DIGITAL QAZAQSTAN” форумы — жаңа идеялар мен серіктестіктерге жол ашатын маңызды мүмкіндік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1188318?lang=kk
Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті 29.03.2026
Астана, 2026 ж. 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Сұхбат барысында Е.Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады.Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1188401?lang=kk