Әлем
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары жасөспірімге жедел көмек көрсетті 25.07.2025
Елордадағы “Астана Арена” спорт кешені маңында қызмет атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің қатардағы сарбаздары Иманжүсіп Түменбаев пен Александр Баширов өзін жайсыз сезінген жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті.Патрульдеу кезінде олар басы айналып, жерге құлаған баланы байқап, дереу көмекке ұмтылған.Сарбаздар баланы орнынан тұрғызып, алғашқы медициналық жәрдем жасады. Кейін анасына хабарласып, баланы көлікке дейін көтеріп апаруға көмектесті.Айта кетейік, бұл ұландықтардың алғашқы медициналық көмек көрсетуінің алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін де "Астана Арена" стадионының жанындағы мерекелік концерт кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері есінен танған бірнеше көрерменге көмек көрсеткен болатын.Бұл жағдай – әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіппен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына да бейжай қарамайтынын аңғартады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1040184?lang=kk
«Көрнекі ақпарат» жобасы 25.07.2025
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында «Саналы ұрпақ 2050» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасымен бірлесе отырып, «Көрнекі ақпарат”жобасын жүзеге асыруды бастады.Жобаның негізгі мақсаты – өңір кәсіпкерлеріне көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде және заңнама талаптарына сай рәсімдеуге әдістемелік көмек көрсету.Аталған бастама мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тілдік орта қалыптастыруға және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1040172?lang=kk
Қазақстан СІМ-де қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту жөніндегі қадамдар талқыланды 24.07.2025
Астана, 2025 жылғы 24 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Ронамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар қазақ-мажар ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көлік, білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ екіжақты сапарлар аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыдан жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударды.А.Исетов Қазақстанның Еуропалық одақтағы жақын әрі сенімді әріптесі Мажарстанмен стратегиялық серіктестікті шынайы бағалайтынын атап өтті. «Астана мен Будапешт арасындағы өзара сенімге негізделген саяси диалогтың жоғары деңгейі – екіжақты қатынастардың айрықша белгісі. Екі ел халқын ортақ тарихи және мәдени тамырлар байланыстырады» – деп мәлімдеді қазақ дипломаты.Кездесуде алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шараларға дайындық мәселелеріне басым көңіл бөлінді.Кездесу соңында Министрдің орынбасары Елшіге екіжақты байланыстарды дамыту жолындағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1040125?lang=kk
Сотталғандар «Ақ бидайға» қатысып, бірінші орынды иеленді 24.07.2025
Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында 400-ден астам спортшының басын қосқан дәстүрлі «Ақ бидай» аудандық жарысы өтті.Аталған іс-шарадан пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар да шет қалмады. Мамлют ауданының әртүрлі ауылдық округтерінің құрамында 5 есепте тұрған азамат ауыр атлетика, армрестлинг, гір спорты, еркін күрес, дойбы және шахмат сияқты спорт түрлерінен бақ сынады.Қатысушылар жоғары деңгейдегі физикалық дайындықтарын және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсете білді. Жарыстың ашылу салтанатында олимпиада алауын жағу құрметі грек-рим күресі бойынша спорт шеберіне кандидат, облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері болып табылатын есепте тұрған сотталғанға берілді.Жарыс қорытындысы бойынша құрамына пробациялық есепте тұрған адамдар да кіретін Новомихайловка ауылдық округінің командасы жалпы командалық бірінші орынды иеленіп, енді Мамлют ауданы атынан облыстық жарыстарда бақ сынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1040100?lang=kk
Қызылордада үш сотталған рақымшылықпен босатылды 24.07.2025
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінен Конституцияның отыз жылдығына байланысты рақымшылыққа іліккендер қатарында алғашқылардың бірі болып 3 адам бостандыққа шықты.Сотталғанның бірі – Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен 1 жылға бас бостандығынан айырылған тұрғын. Ол Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен мерзімінен 5 ай бұрын рақымшылыққа сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды.– Жасаған қылмысыма өкінемін. Бұл мен үшін үлкен өмірлік сабақ болды. Ендігі мақсатым – отбасыммен қауышып, заң талаптарын бұзбай, жұмысқа орналасу. Сонымен қатар балаларымды дұрыс тәрбиелеуге бар күшімді салғым келеді, - деді ол.№37 мекеме бастығының орынбасары Нұрлан Мұхтаровтың айтуынша, рақымшылық заңы мекемеде жазасын өтеп жатқан 79 адамға қолданылады. Оның 7-і толық еркіндікке шықса, қалғандарының жазасының мерзімі қысқарады.– Әзірге 3 адам бостандыққа шықты. Қалғандарының құжаттарын сот қарап жатыр. Рақымшылық заңы аясындағы жұмыстар заң талаптарына сай әрі жүйелі түрде жүргізіледі, - деді Нұрлан Мұхтаров.Заң аясында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінен 200-ден астам адамға қолданылады.Бұған дейін біз рақымшылық аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы №50 мекемеде жазасын өтеп жатқан алғашқы әйел бостандыққа шыққанын жазғанбыз. https://kaz.inform.kz/news/rakimshilik-kizilorda-turmelernen-200-adam-shigadi-e08918/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/1040061?lang=kk
Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен KT&G Global Kazakhstan өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 24.07.2025
2025 жылдың 24 шілдесінде Астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева мен KT&G Global Kazakhstan бас директоры Сео Джи Чуль өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжат зияткерлік меншік саласындағы, атап айтқанда, контрафактілік темекі өнімдерімен күрестегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған шеңберлік ынтымақтастықтан өзара іс-қимылдың тереңірек және практикалық үлгісіне көшуді көрсетеді.Меморандумға қол қою зияткерлік меншік саласындағы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтудағы маңызды қадам болды. Ол контрафактілік өнімдермен күресуге, зияткерлік меншікті қорғау мәдениетін арттыруға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге, инновациялық қызметті қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1040026?lang=kk
Нұра ауылындағы №12 мектеп жаңғырып жатыр: жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр 24.07.2025
Талғар ауданының Нұра ауылында орналасқан №12 орта мектепте 2023 жылдың маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұған дейінгі мердігердің жұмысынан туындаған қиындықтарға қарамастан, қазіргі таңда құрылыс 75% аяқталды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, яғни 30 тамызға дейін оқу корпусы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі болды. 2024–2025 оқу жылында 1–11 сыныптарда 1141 оқушы толыққанды білім алды. Уақытша оқыту үшін ауылдың Мәдениет үйі, округ әкімдігі және жеке ғимарат пайдаланылып, барлық сыныптарға қажетті жағдай жасалды. Сабақтар санитарлық нормаларға сай, екі ауысыммен 45 минуттан өткізілді.Жаңа шағынаудандардан қатынайтын 350 оқушы үшін мектепке тасымалдау ұйымдастырылды. Бұл мақсатта мектеп теңгеріміндегі екі автобус пен жеке кәсіпкермен келісілген қосымша автобус пайдаланылды.Бұрынғы мердігер «SHEBERBUILD» ЖШС-мен келісімшартты біржақты бұзғаннан кейін, 2025 жылғы 9 маусымда республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Еңбек-Өскеменмен» жаңа келісім жасалды. Қазіргі уақытта нысанда 26 жұмысшы еңбек етуде. Техникалық қадағалауды «Мегалиты Алматы» ЖШС жалғастыруда.Жергілікті атқарушы органдардың, білім бөлімі мен мердігер ұйымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде мектеп ғимараты жаңарып, заман талабына сай білім ордасына айналмақ. Жаңа оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектепке оралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1040009?lang=kk
Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен KT&G Kazakhstan өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 24.07.2025
2025 жылғы 24 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Ш.Т. Әбдіреева мен KT&G Қазақстан бас директоры Сео Джи Чуль өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжат зияткерлік меншік саласындағы, атап айтқанда, контрафактілік темекі өнімдерімен күрестегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған шеңберлік ынтымақтастықтан өзара іс-қимылдың тереңірек және практикалық үлгісіне көшуді көрсетеді.Меморандумға қол қою зияткерлік меншік саласындағы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтудағы маңызды қадам болды. Ол контрафактілік өнімдермен күресуге, зияткерлік меншікті қорғау мәдениетін арттыруға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге, инновациялық қызметті қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1039984?lang=kk
🔰ИС «Keden» жүйесінде алдын- ала шешімдерді қабылдау функционалының іске қосылуы 24.07.2025
💠«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдауын (бұдан әрі – шешім) енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.2025 жылғы 28 шілдеден бастап шешімді қабылдауға өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.💠Ағымдағы жылдың 25 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде шешімдерді қабылдау өтініштердін қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі мен жүйеде тіркелу жөніндегі нұсқаулықтар https://keden.kgd.gov.kz порталының басты бетінде, сондай-ақ арнайы құрылған Telegram-чатта – https://t.me/kedenkgdgovkz/63080 орналастырылған (өтініш берушіге арналған).💠Назар аударыңыз! Тіркелу кезінде жарамды ұялы телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажет. Бұл өтініш мәртебелері туралы хабарламаларды алу үшін маңызды.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін қолдау қызметіне жүгінуге болады: +7 7172 73 55 19 +7 705 956 53 89 e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz. Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1039989?lang=kk
Сотталғандардың ұсталу жағдайлары тексерілді 24.07.2025
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен облыс прокуроры Марат Әбішев Ақтөбе қаласында орналасқан №8 орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеге барды.Бару барысында мекеме әкімшілігі сотталғандардың тұрмыс және өмір сүру жағдайларын, тамақтану мен медициналық көмектер көрсету тәртібін көрсетті.Облыс әкімдігінің қолдауы және облыс прокуратурасының ықпалымен мекеме кезең-кезеңмен сотталғандарға білім беру үшін қажетті техникалық құралдармен және еңбекпен айналысуға арналған жабдықтармен жабдықталуда. Басқаша айтқанда, сотталғандар кәсіби дағдыларды меңгеріп, босатылғаннан кейін қоғамға қайта бейімделуге мүмкіндік алуда.Мекеме аумағында орта білім беретін мектеп жұмыс жасайды, сондай-ақ балық өнімдерін өңдеу, темірбетон бұйымдарын өндіру және басқа да бағыттар бойынша мамандандырылған 18 өндіріс орны бар, онда 215 сотталған еңбек етуде.Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотталғандармен кездесу өткізіп, қорытындысы бойынша мекеме әкімшілігіне сотталғандардың ұсталу жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар берді.Өз кезегінде облыс прокуроры сотталғандардың нақты қылмыстық істер бойынша берген өтініштері мен шағымдарын қарады.Марат Әбішев сотталғандардың құқықтарын қорғау мәселесі тұрақты бақылауда екенін, барлық мүдделі органдармен, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілімен тиімді өзара іс-қимыл және сындарлы ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1039955?lang=kk
Азаматтарды қабылдау және тұрғындармен кездесу 24.07.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 23 шілдесінде Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султанов Амангелді ауданында, Амангелді ауылында азаматтарды қабылдау және тұрғындармен кездесу өткізді.Кездесу барысында заңды тұлғаларды тіркеу, заңнамадағы өзгерістер және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша мәселелер қаралды. Аталған кездесу азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.Ауылдық округтердің тұрғындарымен өткізілетін көшпелі қабылдаулар халықпен кері байланысты нығайтуға және азаматтардың өтініш-тілектеріне дер кезінде әрекет етуге бағытталған. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1039872?lang=kk
«Ұлы ойшылдың ізімен»: Ақмола облысы кітапханаларында ұлы ойшылға арналған орталықтары ашылуда 24.07.2025
Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңіру – уақыт талабы. Осы мақсатта бүгінде Ақмола облысының 329 мемлекеттік кітапханасының 100-ге жуық арнайы «Абай орталықтары» ашылып, халыққа қызмет етуде. Бұл бастама ұлы ақынның өлмес сөзін насихаттауға, жастардың ұлттық сана-сезімін оятуға бағытталған.Әрбір орталық – тек кітап сөресі емес, бұл – Абайдың кемел ойына, терең танымына бастар даналық жол. Абай сөзімен рухтанған жастар рухани ізденіс әлеміне жол тартады. Бұл бастаманың аясында бүгінгі күнге дейін 150-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара өткізіліп, 3000-ға жуық астам адам қамтылды. Ақмола облысы кітапханаларында бүгінде 4 миллионнан астам кітап бар. Оның ішінде ұлттың ұлы тұлғасы, кемеңгер ойшыл — Абай Құнанбайұлының 10000-нан жуық еңбегі мен оған арналған зерттеулер рухани кеңістігіміздің алтын арқауына айналды.Аталған орталықтарда сонымен қатар, ақынның шығармалары, өмір жолы, философиялық ой-толғамдары мен зерттеушілер еңбектері қамтылған. Бұлар – тек оқырман назарына ұсынылған материалдар емес, олар — ойлы жүрекке жол тапқан тағылым.Тамыз айының 1-інен бастап облыстық Мағжан Жұмабаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында, сондай-ақ Бурабай мен Сандықтау аудандарының кітапханаларында жаңа «Абай орталықтарының» салтанатты ашылуы жоспарлануда. Бұл шаралар да ұлы ойшыл мұрасына тағзым етудің, халық жүрегіндегі Абайға деген махаббаттың айқын көрінісі болмақ.Сонымен қатар, өңірде 94 құрамдас бөлік, 2 елді мекен, 5 мектеп және 1 кітапхана философ, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының есімімен аталады.Абай орталықтары — ұрпаққа қалдырылған ұлы аманат! Ақмола кітапханалар жүйесі бұл рухани жобаны одан әрі кеңейтіп, ел ішіндегі мәдени серпілісті жалғастыра бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1039862?lang=kk
Алматы облысында МТФ бір жылда сүт өндіру көлемін арттырды 24.07.2025
Қазақстандағы сүт тапшылығы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруда.– Бағдарламаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүргізілуде: 2023 жылы 15 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы тағы 5 млрд теңге бағытталды. Биыл республикалық бюджеттен қосымша 8 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр, – деді «Қонаев» ӘКК басқарма төрағасы Мұрат Абдығұлов.2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қонаев» ӘКК қолдауымен қаржыландырылған 13 сүт-тауар фермасы 38 042 тонна сүт өндірді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 000 тоннаға артық (2023 жылы – 33 088 тонна). Аталған фермаларда 709 адам жұмыспен қамтылған. Барлық жобалар толық қуатына шыққан жағдайда жылдық өндіріс көлемі 68 000 тоннадан асады, ал жұмыс орындарының саны 838 адамға дейін артады деп күтілуде.Мұндай табысты жобалардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы «Әлімжанов» шаруа қожалығы. Бұл жоба «Қонаев» ӘКК арқылы қаржыландырылып, айтарлықтай серпінге ие болды. Кәсіпкер Тілек Әлімжанов кеңестік кезеңде салынған ескі ферманы қалпына келтіріп, өткен жылы жеңілдетілген несие арқылы Чехиядан симментал тұқымының 96 бас сиырын сатып алып, сауын табынын 850 басқа дейін ұлғайтты.– Шаруашылықта заманауи технологиялар қолданылады, селекциялық-асылдандыру жұмысы жолға қойылған, малға қолайлы жағдай жасалған. Бір сауынды сиырға шаққанда жылына 5,5 тонна сүт өндіріледі. Еуропадан әкелінген ірі қара жаңа ортаға тез бейімделіп, төл бере бастады, – дейді фермер.Қазіргі уақытта фермада 100-ден астам адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Олар үшін тегін тамақ, көлікпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұл ауыл тұрғындарына тұрақты және лайықты еңбек жағдайын жасап, АӨК-ке көрсетілетін қолдаудың нақты экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретінінің дәлелі.АӨК-ті несиелеу бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесі негізінде әзірленген. Ол сүт бағытындағы ірі қара мал сатып алуға, сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, жеміс-көкөніс қоймаларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарын салуға немесе жаңғыртуға арналған жабдықтар алуға несие беруді көздейді.Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%. Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік мерзімі – 24 айға дейін. Несие сомасының жоғарғы шегі – 5 млрд теңге.Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында Алматы облысына 1 498 бас сүт бағытындағы ірі қара мал жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039809?lang=kk
Токиода экономикалық дипломатияны жандандыру жолдары талқыланды 24.07.2025
Токио, 2025 жылғы 24 шілде – ҚР-дың Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Экономикалық дипломатия жөніндегі парламенттік лигасының Төрайымы, Парламент депутаты Йоко Камикавамен кездесу өткізіп, тараптар халықаралық сауда жүйесінің трансформациясы жағдайында екіжақты экономикалық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады.Елші Е.Баударбек-Қожатаев инвестициялық ынтымақтастықтың оң серпініне тоқталып, 2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасына жапон инвестицияларының жалпы ағыны 8,1 млрд. АҚШ долл. құрап отырғанын атап өтті.Тараптар Транскаспий халықаралық көлік маршрутының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы транзиттік-логистикалық кооперация, цифрландыру және жасанды интеллект, жасыл экономика және декарбонизация, су технологиялары сияқты салалардағы ынтымақтастықты дамыту ықтималдығын талқылады.Өз кезегінде Й.Камикава Жапонияның бұрынғы Әділет министрі ретінде экономикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін құқықтық шеңбер құру қажеттілігіне көңіл бөлді. Бұдан басқа, ол екі елдің, оның ішінде шағын және орта бизнестің жеке секторлары деңгейінде өңіраралық экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту маңыздылығын атап көрсетті.Й.Камикава Жапонияның Сыртқы істер министрі лауазымында 2023 ж. қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы алаңында ҚР Премьер – Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеумен өткен келіссөздердің мазмұндық сипатын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыру және Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық дипломатияны ілгерілету тетіктерін нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1039775?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша кеңес өткізілді 24.07.2025
2025 жылғы 23 шілдеде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдинның төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша жеке құраммен және аумақтық бөлімшелермен кеңес өткізілді.Кеңес қорытындысы бойынша басшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды қамтамасыз етуге, ішкі бақылауды күшейтуге, қызметтік тәртіпті нығайтуға және қызметтік міндеттерді орындау тиімділігін арттыруға, заңсыз әрекеттеріне жол бермеуге бағытталған тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1039761?lang=kk
Туризм объектілеріне салық салу бойынша түсініктемелер 24.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың туризмді дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары қазіргі уақытта Бұқтырма су қоймасының, Сібір және Дубағалин көлдерінің, жоғарғы және төменгі Таинты көлдердің, Зайсан көлдері, Ертіс өзенінің жағасындағы" Котлован " және басқа да туризм нысандарында салық салу және салық заңнамасын қолдану жөнінде жадынамалар мен буклеттер тапсыра отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1039747?lang=kk
Құрылысшы – болашақтың іргетасын қалаушы 24.07.2025
Қалалар аспанмен таласқан зәулім ғимараттарымен, сәулеті келіскен көпірлерімен, жайлы үйлерімен көркейіп жатса – ол құрылысшы еңбегінің жемісі. Құрылысшы – тек қабырға тұрғызушы емес, ол – арманды шындыққа айналдыратын, ел ертеңін бейнелейтін маман.Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, шынайы еңбекқорлық пен төзімділікті талап етеді. Әр кірпіш – маңдай термен өрілген сенімділік, әр сызба – ел болашағына салынған жол.Құрылысшы мамандығын таңдау – Отанды өркендетуге қосқан нақты үлес. Себебі құрылыс – дамудың тірегі, тұрақтылықтың кепілі.⠀2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы! Бұл – құрылысшыларға, шебер қол иелеріне деген зор алғыс пен құрмет жылы.Келешек ұрпаққа берік негіз қаласақ, оны дәл осы құрылысшы мамандығының қадірін арттырудан бастайық!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#Құрылысшы
Агенттік еншілес банктер мен шетел банктерінің филиалдарын ашуға қойылатын талаптарды жеңілдетті 24.07.2025
Қазақстанда еншілес банктер мен шетел банктерінің филиалдарын ашуға қойылатын талаптарды жеңілдетілді, аталған шара Мемлекет басшысының еліміздің қаржы нарығына сенімді шетел банктерін тарту жөніндегі тапсырмасын орындаудың шеңберінде іске асырылды.Тиісті түзетулер Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 30 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген. Заңда Қазақстанда филиал ашу үшін шетел банкінің жиынтық активтерінің ең төмен мөлшеріне қойылатын талап 20 млрд АҚШ долларынан 10 млрд АҚШ долларына дейін төмендетілді.Әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қаржы ұйымының кредиттік рейтингінің деңгейіне байланысты құжаттар тізбесі қысқартылды. Қаржы реттеушісі ақпараттық жүйелерден, интернет-ресурстардан және өтініш беруші елдің реттеушісінен дербес түрде ала алатын құжаттар алып тасталды.Жұмыстың басталуынан бір жыл бұрын меншігінде үй-жайлардың болуына және штаттың жинақталуына қатысты талаптар жеңілдетілді.Сондай-ақ, шетел банктерінің филиалдарына резерв ретінде қабылданатын активтерді тізбесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәуекел деңгейі төмен қаржы құралдарына орналастыру мүмкіндігі берілетін болады.Қазақстанның қаржы нарығында шетел банктері филиалдарының және екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеуі үшін тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында шетел банктерінің филиалдарына шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға, төлем карточкаларын шығаруға, синдикатталған қаржыландыруға қатысуға, агенттік қызметтерді жүзеге асыруға және т.б. рұқсат етілді.Көрсетілген түзетулер 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.Сондай-ақ, Заңда мінсіз іскерлік беделге қойылатын талаптар күшейтіледі.Заң 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді. Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1039740?lang=kk
Алматы облысының инженерлік инфрақұрылымы: орнықты даму мен жайлы өмірдің негізі 24.07.2025
Алматы облысында инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жылумен қамту, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен қамту және газдандыру жүйелерін жаңғырту мен салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл – тек техникалық міндеттер ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сапасын арттыруға, кәсіпкерлік, туризм мен әлеуметтік саланың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған стратегиялық қадамдар.Бүгінде Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп 127 жобаны жүзеге асыруға кірісті. Оның ішінде: 15 жоба – жылумен қамту, 25 – электрмен жабдықтау, 13 – газдандыру, 54 – сумен жабдықтау және 20 жоба – су бұру саласына тиесілі. Бұл бағыттардың әрқайсысы өңірдің орнықты дамуына үлес қосатын маңызды тетік саналады.Жылумен қамту мәселесі – басты назарда. Биыл Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында 15 модульдік қазандықтың құрылысы басталды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 3,08 млрд теңге бөлінді. Жоспарға сәйкес, алдағы жылыту маусымында 52 көпқабатты үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қыркүйегінде толық аяқталады деп күтілуде.Электрмен қамту бағытында да айтарлықтай ілгерілеу бар. Жалпы құны 8,1 млрд теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылуда. Оның 18-і – алдыңғы жылдан өтпелі жобалар болса, 7 жоба – жаңадан басталған. Көптеген нысандар биылғы күзде пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, халық пен кәсіпкерліктің өсіп келе жатқан сұранысын өтеу үшін жаңа қосалқы станциялар салу көзделуде.2025 жылы 13 елді мекенді газдандыру үшін 11 млрд теңге бөлінді. Бұған дейінгі кейбір жобаларда техникалық қиындықтар мен мердігерлер тарапынан жіберілген кемшіліктерге қарамастан, жұмыс қарқынды жүргізілуде. Кіші Байсерке, Еламан және Шілібастау ауылдарындағы жобалар жоспарға сай іске асуда. Сондай-ақ, Қонаев, Алатау қалаларында және Қарасай, Жамбыл, Балқаш аудандарында жаңа құрылыс жұмыстары басталды.Жобалардың бірқатары инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылуда. Матибұлақ, Достық және Тереңқара ауылдарындағы инфрақұрылым нысандары сәтті аяқталды. Бұл – ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында тиімді жұмыстың нақты нәтижесі.2024 жылы сумен жабдықтау бойынша 43, ал су бұру бағытында 20 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 1300 шақырымнан асатын желілердің құрылысына 28,9 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда 19 жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, тағы 66 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.Бұл жұмыстар аяқталған соң, өңірдегі су жүйелерінің тозу деңгейі едәуір төмендеп, халық сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етіледі.Айта кету керек, жылу тұтынушыларының 98%-ын халық құрайды. Олар үшін төмендетілген тарифтер қолданылатыны белгілі. Осыған байланысты жылу жеткізуші мекемелердің қаржылық тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекет тарапынан субсидиялар қарастырылған. 2025–2026 жылдары тұрақты жылыту маусымын қамтамасыз ету үшін 2,5 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 1,7 млрд теңгесі — облыстық бюджеттен.Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Айдын Бегімбетовтің айтуынша:«Біздің басты міндетіміз – облыс тұрғындарын сапалы және тұрақты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету. Біз инженерлік инфрақұрылым мәселелерін кешенді түрде шешіп жатырмыз: тозған желілерді жаңғыртамыз, заманауи технологияларды енгіземіз, жеке инвестицияларды тартамыз және жобалардың орындалу мерзімі мен сапасына бақылауды күшейтеміз. Бұл – өңірдің орнықты дамуына берік негіз».Инженерлік инфрақұрылымды дамыту – бұл тек тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен бірге өңірдің экономикалық өсуіне, әлеуметтік тұрақтылыққа және инвестициялық тартымдылыққа жол ашатын қуатты серпін. Әрбір іске асырылған жоба – халықтың жайлы әрі қауіпсіз өміріне қосылған үлес, болашақтың берік іргетасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039687?lang=kk
Алматы облысында қолжетімді тұрғын үй жобасы іске асты 24.07.2025
«Қонаев» ӘКК» АҚ серіктесі «DEL Construction» ЖШС-мен бірлесіп, Іле ауданына қарасты Боралдай кентінде жаңа «Galamat» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады. Бұл – Боралдайдағы алғашқы заманауи тұрғын үй кешені.Кешен төрт мансардалы бес қабатты тұрғын үйден тұрады. Жалпы ауданы 9 909 ш.м. болатын 220 пәтер пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны — 3,29 млрд теңге.– Жоба тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама мен жобаларды бірлесіп қаржыландыру тетігі аясында жүзеге асырылды. ӘКК-нің қаржылық үлесі 1,5 млрд теңгені (45,6%) құрады, қалғанын инвестор салды, – деді «Қонаев» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Абдыгулов.Барлық пәтерлер таза әрлеумен тапсырылды: сантехника орнатылып, линолеум төселген. Жаңа үйлердегі бір шаршы метрдің құны – 380 мың теңге.Жоба аясында инженерлік инфрақұрылым мен ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығына ерекше назар аударылды. Тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін тереңдігі 200 метрден асатын екі ұңғыма (негізгі және резервтік) бұрғыланды. Бұл көлем барлық тұрғындардың қажеттілігін толық жабуға жеткілікті. Сонымен қатар, кешенге автономды газ қазандығы орнатылып, ол орталық жүйеге тәуелсіз жылу мен ыстық су береді.Аула аумағы абаттандырылып, орындықтар мен қоқыс урналары орнатылып, асфальт төселді. Жақын арада балалар алаңы да орнатылады.Конкурстық рәсімдер негізінде жергілікті атқарушы орган кешеннің үш блогынан әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған пәтерлер сатып алды. Төртінші блок бойынша конкурстық рәсімдер әлі жүріп жатыр.«Қонаев» ӘКК өкілдерінің айтуынша, бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімді үлгісіне айналды. Ол тұрғын үй құрылысын жеделдетіп қана қоймай, сапасын да қамтамасыз етті.– Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы ӘКК қолдауды қажет ететін облыс тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастырды, – деп қорытындылады Мұрат Абдыгулов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039651?lang=kk