Әлем
Алматы облысы инвестициялық әлеуетін арттыруда: жарты жылда 420 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды 23.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен өңірлік әкімдік отырысында инвестиция тарту бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындылары қаралып, екінші жартыжылдыққа арналған басым бағыттар белгіленді.Облыс тұрақты өсім қарқынын көрсетуде: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 айда 421,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7%-ға артты. Оның ішінде жекеменшік инвестициялар көлемі 288,6 млрд теңгені құрады, ал облыстың республикадағы инвестициялар үлесі 5,2%-ға жетті.Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі де айтарлықтай өсті – I тоқсанның қорытындысы бойынша өңірге 210,7 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,5 есе көп.Марат Сұлтанғазиев инвестициялардың тұрақты экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, облыста проактивті тәсіл қолданылады: цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған, өңірлік штаб жұмыс істейді, нақты жобалар портфелі қалыптастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039195?lang=kk
«Күн мен жел қуатынан күш алған байланыс: болашақ Ақмола облысында басталды» 23.07.2025
Ақмола облысында Астана – Көкшетау тас жолында алғашқы энергияға тәуелсіз базалық станция іске қосылдыРеспубликалық А-1 [Астана – Көкшетау] автожолында өңірдегі алғаш рет толықтай жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтін базалық станция іске қосылды. Бұл қадам Қазақстан жолдарындағы цифрлық инфрақұрылымды дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Трассалардағы цифрландыру – болашаққа жасалған қадамЖоба автожол бойындағы байланысты дамытуға арналған пилоттық бастама аясында жүзеге асырылды. Оған Ақмола облысы Цифрландыру басқармасы, Шортанды ауданы әкімдігі, сондай-ақ “КаР-Тел” ЖШС (Beeline сауда белгісі) мен ZTE Corporation компаниялары қолдау көрсетті.Басты мақсат – орталықтандырылған электрмен жабдықтау қолжетімсіз болатын учаскелерде тұрақты ұялы байланысты қамтамасыз ету.Бұл қалай жұмыс істейді?Базалық станция күн панельдері мен жел генераторы арқылы автономды түрде энергиямен қамтылады. Мұндай тәсіл шалғай орналасқан, электр желісіне қосылу мүмкін емес немесе тиімсіз жерлерде де тұрақты сигналды сақтауға мүмкіндік береді.Жаңа шешімнің басты артықшылықтары:• Автономдылық – орталықтандырылған электр желісіне тәуелсіз жұмыс.• Экологиялық таза – “жасыл” энергия көміртегі ізіне теріс әсер етпейді.• Экономикалық тиімділік – электр қуатына кететін шығындар аз.• Сенімділік – энергия үзілістері кезінде де үздіксіз жұмыс істейді.Алда не күтіп тұр?Егер бұл пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетсе, мұндай станциялар тек Ақмола облысында ғана емес, бүкіл республика бойынша автожолдар бойында орнатылады. Әсіресе қазіргі таңда мобильді байланыс мәселесі өзекті болып тұрған алыс елді мекендерге баса назар аудару жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1039151?lang=kk
ТЕМІР ЖҮРЕКТІ ТІРІЛТЕТІН ШЕБЕР 23.07.2025
Автомеханик — бұл жай ғана көлік жөндеуші емес. Бұл — темірдің тілін ұғып, мотордың даусынан ақауды аңғаратын нағыз маман. Ол күнделікті тынымсыз еңбегімен мыңдаған адамның жол үстіндегі қауіпсіздігіне кепіл болады.Көлік — тек жүріп-тұру құралы емес, бұл — адамның серігі, уақыты мен еңбегінің үнемдеушісі. Ал оны сенімді ету — автомеханиктің қолында. Жаңашылдықты меңгеріп, әр бөлшекті жетік білетін шебер ғана бұл мамандықтың ауыртпалығын арқалай алады.Биыл – жұмысшы мамандықтарының мәртебесі артып, бағаланатын жыл. Осындай сәтте автомеханик сынды нағыз еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу — біздің ортақ парызымыз.Кез келген жетістік — елеусіз қалған еңбекпен басталады. Сол еңбектің иесі – автомеханик.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы#ГодРабочихПрофессий
"Мектепке жол" республикалық акциясы 23.07.2025
1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін "Мектепке жол"республикалық акциясы басталады. Мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Акцияға еріктілерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдарды және басқаларды қоса алғанда, барлық бей-жай қарамайтын азаматтар қатыса алады. Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер білім бөліміне немесе тікелей мектепке жүгіне алады: 8/72149/41373Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1039084?lang=kk
«Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджі басталды 23.07.2025
Экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д. Тұрғамбаев республикалық «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджін бастады.Аталмыш экочеллендж табиғатты сақтауда әр адамның үлесінің маңызды екенін еске салуға бағытталған. Ағаш отырғызу, бір реттік пластиктен бас тарту, қоқыс жинау, су айдындарының тазалығын сақтап, балалардың бойына экологиялық мәдениетті сіңдіру сынды күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі экологиялық жағдайды жақсарту мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру жолында маңызды рөл атқарады.Барлық азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды, волонтерлерді және эко-активистерді челленджді қолдауға шақырамыз. Қатысу үшін экологияға пайдалы іс-әрекетті жасап жатқан сәтіңізде (мәселен қоқысты сұрыптау, велосипедпен жүру, сенбілікке қатысу, ағаш отырғызу немесе күнделікті өмірде экологиялық саналы әрекеттер жасау) суретке түсіп, онымен әлеуметтік желілерде бөлісу қажет. Ең бастысы - фотосурет сіздің жеке белсенділігіңіз бен табиғатқа деген қамқорлығыңызды көрсетуі керек.Хэштегтерді ұмытпаңыз:👉 #табиғаттысақтауғақосқанүлесім👉#экологияғақосқанүлесімЧелленджді қолдап, табиғатқа жасаған игі істеріңізбен бөлісіп, айналаңызға үлгі болыңыз! Табиғи байлығымызды өскелең ұрпаққа бірге сақтап қалайық. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1039086?lang=kk
«Таным» орталығы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 4000-нан астам қызметкерін оқытты 23.07.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының «Таным» корпоративтік оқу орталығы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады. Қаңтар айынан маусымға дейін орталықта 30 мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарынаң 4000-нан астам қызметкер оқытылды. Сабақтар Qosyl meet платформасында онлайн форматта өтті.Оқыту бағдарламасы азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу барысындағы қызметкерлердің жауапкершілігі туралы нақты түсінік қалыптастыруға бағытталды. Қазақстандықтардың әрбір сұранысы жан-жақты қаралып, өтініш берушілер сапалы, толық жауап алуы үшін процестердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.Осы мақсатта «Таным» орталығы Бас прокуратураның, ЦДИАӨМ мемлекеттік қызметтер комитетінің, Әділет министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның сарапшыларын шақырды.Сабақ барысында спикерлер әкімшілік рәсімдердің қағидаттарын қоса алғанда, өтініштерді тіркеу және есепке алу жөніндегі заңнаманың талаптарын, сондай-ақ өтініштермен жұмыс істеудің құқықтық негіздерін түсіндірді. Бұл білім мамандарға азаматтармен қарым-қатынасты сауатты құруға және бюрократиялық кедергілерді азайтуға көмектеседі.Азаматтар мен бизнес өкілдерін жеке қабылдау бойынша арнайы оқу блогы да қарастырылды. Тыңдаушылар мұндай кездесулерді өткізудің үздік тәжірибелерімен, тиімді диалог құру және қиын жағдайларды реттеу тәсілдерімен танысты. Бұл өте маңызды тақырыптар, себебі қатысушылар үшін «e-Өтініш» жүйесінде жұмыс істеуден басқа, ерекше дағдыларды талап ететін халықпен тікелей қарым-қатынас форматы да сұранысқа ие болып қала береді.Сонымен қатар, қатысушылар жасырын Мемлекеттік қызметтерді анықтау әдістемелерін және олардың қолжетімділігін арттыру үшін цифрлық құралдарды пайдалануды зерттеді. Мемлекеттік корпорация арқылы әртүрлі мемлекеттік органдардың 50-ден астам ақпараттық жүйелердің қатысуымен мемлекеттік қызметтердің кең спектрі ұсынылатындықтан бұл тақырып та маңызды. Мемлекеттік қызметтер азаматтарға жылдам әрі сапалы көрсетілу үшін ведомстволар арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылды талап етеді.Тәжірибелік сабақтар мен жасалатын қателіктерді талдау тыңдаушыларға бірлесіп жұмыс жасаудың, бюрократиялық кедергілерді азайтудың және барлық кезеңдерде жүйелі қызмет көрсету үшін жағдай жасаудың маңызын түсінуге көмектесті.«Таным» корпоративтік оқу орталығы кадрлық әлеуетті дамытуға және оқытуға, заманауи тәсілдерді енгізуге баса назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1042772?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысының тұрғындары тазалық пен экологияны қолдайды 23.07.2025
Алматы облысында қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы белсенді жүзеге асырылуда.Жыл басынан бері бұл акция аясындағы шараларға 220,8 мың адам мен 8 836 кәсіпорын және ұйым қатысты. Нәтижесінде 6,6 мың тонна қоқыс жиналып, 76 702 түп ағаш пен 14 мың келі түрлі ағаш тұқымдары егілді. Әсіресе, мектеп оқушылары белсенділік танытты: облыстың 429 мектебінде 11,2 мың ағаш отырғызылды.Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың айналасын абаттандыру мен тазалау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілді. Атап айтқанда, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 781 тарихи-мәдени нысан және 1 055 әлеуметтік нысан тазаланды. Бұл жұмыстарға 2 395 арнайы техника тартылды.Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы медиажоспар бекітіліп, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 21 мыңнан астам материал жарияланды.Сондай-ақ, экологиялық заңбұзушылықтарды анықтауға арналған телеграм-бот туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ресми интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, жергілікті тұрғындардың ПИК чаттарында, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмыс чаттарында, «Жетісу» телеарнасында, облыстық сайттар мен баспа басылымдарда 200-ден астам мақала жарық көрді.Бұған қоса, облыс бойынша 43 тақырыптық баннер орнатылып, тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеді.«Таза Қазақстан» акциясы — бұл табиғатты қорғауға немқұрайлы қарамайтын мыңдаған адамның ортақ мақсаты мен күш-жігерін біріктірген кең ауқымды бастама. Бұл жұмыс келешек ұрпақ үшін таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039081?lang=kk
«Каменскуральский саумал» 23.07.2025
Қостанай облысы Меңдіқара ауданында ұзақ өмір мен сергектіктің шынайы эликсирі - «Каменскуралький саумалы» өндірілуде.Меңдіқара ауданының әкімі Ғабит Бекбаевтың қолдауымен «Каменскуралький саумалы» географиялық көрсеткіші тіркелді.2025 жылдың 20 шілдесінде Астана қаласында өткен «BaiQymyz» гастрономиялық фестивалінде ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Какен «Каменскуральский саумалы» географиялық көрсеткішін тіркеу туралы куәлікті табыстады.Сублимациялық әдіспен өңделген бие сүті өзінің тағамдық және емдік қасиеттерін, құрылымын, түсін, тез қалпына келу қабілетін дерлік жоғалтпайды. Инертті газ ортасындағы герметикалық қаптама саумалдың айрықша сапасын ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік береді. Қостанай облысыӘділет департаментінің Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1039068?lang=kk
Грузияның Экономика және тұрақты даму министрінің Қазақстанға сапары өтті 23.07.2025
2025 жылғы 21-22 шілдеде Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилидің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.Сапар барысында ҚР Премьер-министрі О.Бектенов, Көлік министрі Н.Сауранбаев, Энергетика министрі Е. Ақкенженовпен келіссөздер өтті. Сонымен қатар, сапар аясында екі елдің теміржол басшыларының жеке кездесулері өтті.https://primeminister.kz/news/olzhas-bektenov-gruziyanyn-ekonomika-ministri-mariam-kvrivishvilimen-sauda-ekonomikalyk-yntymaktastykty-nygaytu-zhane-transkaspiy-bagytyn-damytu-maselelerin-talkylady-30307Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды дамытуды, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды, көлік-логистикалық байланыстарды кеңейтуді, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) шеңберінде, сондай-ақ АӨК-дегі тауар айналымын арттыруды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.Премьер-министр Қазақстан Грузияны тұрақты және өзара тиімді диалог құратын сенімді экономикалық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $75,2 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға артық.Кездесу барысында көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды нығайтуға көңіл бөлінді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елдер арасындағы теміржол жүк тасымалының көлемі 159,5 мың тоннадан асты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67%-ға артық.ТХКБ-ны дамытудағы маңызды қадам PTC Holding компаниясы салған жобалық қуаты жылына 120 мың ЖФЭ құрайтын Грузияның Поти портында жаңа қазақстандық контейнер терминалының іске қосылуы болды. Бұл Грузияның негізгі теңіз хабтарының бірінің аумағында жүзеге асырылған алғашқы қазақстандық инфрақұрылымдық жоба.«Бұл орта дәліз бойынша жүк ағынының көлемін арттыруда маңызды рөл атқаратын бірлескен табысты жұмыстың жарқын мысалы. Аталмыш жоба Қытайдың Ляньюньган және Сиань қалаларындағы логистикалық терминалдарды қоса алғанда, ТХКБ шеңберінде Қазақстанның қолданыстағы инфрақұрылымын үйлесімді түрде толықтырып отырғанын атап өту маңызды. Осылайша, Шығыс Азияны Еуропамен байланыстыратын біртұтас, дәйекті логистикалық тізбек құрылуда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Маршрутты одан әрі дамыту дәліздің тиімділігін арттыруға, қосымша транзиттік жүктер мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ Қазақстан мен Грузияның өңірдің негізгі логистикалық орталықтары ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Батуми мұнай терминалы мен портының қуатын кеңейту, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін - астық, ұн, ет-сүт және кондитерлік өнімдерді грузин нарығына жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды.Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвили Қазақстанмен сауда, туризм және логистикалық инфрақұрылым салаларында әріптестікті кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар туристік байланыстарды нығайтудың, экономикалық өсімді ынталандыру мен көлік желісін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға және Үкіметаралық комиссия шеңберінде жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1039058?lang=kk
Интернеттегі жалған уағызшылардың ықпалына түсуден қалай аулақ болуға болады 23.07.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1039049?lang=kk
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек бақ өкілдеріне брифинг берді 23.07.2025
Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек ауданның 6 айында атқарылған жұмыстардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Онда аудан әкімі ағымдағы жылы ауданымыздың экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.Аудан басшысының баяндамасында келесі негізгі бағыттар қамтылды:Ауыл шаруашылығы: Биылғы егін егу жұмыстары мен мал шаруашылығындағы жетістіктерге тоқталып, жаңа агроинновациялық жобалар туралы айтты.Білім беру және денсаулық сақтау: Ауданда жаңа мектеп пен медициналық нысандардың салынуы, материалдық-техникалық базаның жаңартылуы сөз болды.Жол-көлік инфрақұрылымы: Аудан жолдарын жөндеу, елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету және жарықтандыру жұмыстарының жүргізіліп жатқаны айтылды.Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік: «Ауыл – ел бесігі» және басқа мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылғаны, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары баяндалды.Мәдениет пен спорт: Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени іс-шаралар мен спорттық жарыстардың жиі өткізіліп жатқаны жөнінде ақпарат берілді.Сонымен қатар, әкім халықтың ұсыныс-пікірлері үнемі ескерілетінін жеткізді. Жиын соңында журналистер аудан басшысына түрлі салаға қатысты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1039052?lang=kk
Спорт жеңісі – ел мерейі: Ерасыл Сәулебековке құрмет көрсетілді 23.07.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, жерлесіміз Ерасыл Сәулебековті арнайы қабылдады.Өз сөзінде аудан басшысы:“Ерасыл – Қармақшының мақтанышы. Бұл жеңіс – тек спорттық табыс емес, жастарымыздың биікке ұмтылуына үлгі болатын тарихи сәт. Аудан атынан сіздерге алғыс айтып, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін,” – деп атап өтті.Аудан әкімі халықаралық аренада ел абыройын асқақтатқан Ерасылға Алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады. Сондай-ақ, қажырлы еңбегі мен табандылығы үшін жеке бапкері Айдар Ералиевке де құрмет көрсетілді.Шара барысында Қармақшы ауданының мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков құттықтау сөз сөйлеп, Ерасылдың жеңісі – аудан ғана емес, күллі Сыр өңірінің мерейін үстем еткен үлкен жетістік екенін жеткізіп, жас спортшымызға баталарын берді.Айта кету керек, қазіргі таңда Қармақшы ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде ауыр атлетика бөлімі 2014 жылдан бастап құрылып, әлем және ел біріншіліктерінің жеңімпаздары тәрбиеленіп шығуда. Бүгінде онда 50-ге жуық жас спортшы кәсіби деңгейге жету жолында еңбек етіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1039054?lang=kk
Ықылас, қамқорлық және патриотизм: әскери қызметшілердің балалары «Балдәуренде» демалыста 23.07.2025
Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспарын іске асыру шеңберінде әскери қызметшілердің балаларына жыл сайын жазғы демалыс ұйымдастырылады.Биыл ата-анасы Алматы гарнизонында қызмет өткеріп жатқан Қонаев қаласының мектептерінен 9-10 сынып оқушыларының үлкен тобы Қапшағай су қоймасындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барды. Үш апта ішінде көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан 28 бала, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалар өсіріп отырған отбасылар денсаулығын нығайтып, күш-қуат ала алады.Таза ауада демалудан басқа, балаларға арналған тамаша бағдарламалар да бар: түрлі үйірмелердегі сабақтар (музыка, театр, сурет салу), оған қоса әскери-патриоттық іс-шаралар. Балаларға әскери бөлімдерде ашық есік күндері үнемі өткізіліп тұрады, онда оқушылар әскери техникамен, қару-жарақпен танысады, тіпті қолдарында шынайы автоматты ұстап көреді. Парашютпен секіруге арналған тренажерді сынап көруге болатын әуе-десанттық кешенге бару және қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсету де балалардың ерекше қызығушылығын тудырады.Алматы гарнизоны әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы Адалят Насырованың айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың патриоттық тәрбиесіне де ықпал етеді.- Жыл сайын балаларымыздың үйге біраз нәрсе үйреніп оралғанын көреміз. Олар жаңа достар тауып, уақытты тиімді өткізеді, ең бастысы – ата-аналарының қызметі туралы мақтанышпен айтады. Бұл біздің әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау және болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеу жөніндегі жұмысымыздың маңызды бөлігі, – деп атап өтті ол.Жыл сайын «Балдәурен» орталығында және оның филиалдарында мыңнан аса әскери қызметшінің балалары демалады, бұл Қорғаныс министрлігінің өз қызметкерлерінің отбасыларын қолдауға жүйелі көзқарасын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1039055?lang=kk
2025 жылғы 24 және 25 шілдеде салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады. 23.07.2025
2025 жылғы 24 және 25 шілдеде салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады.Төлеу қажет: 25 шілдеге дейін:Шетелдік персоналдың табыстарынан ұсталатын ЖТС (Жеке табыс салығы);2025 жылғы маусымда есептен шығарылған жағдайда ұсынылатын жою декларациясы бойынша ҚҚС (Қосылған құн салығы). 25 шілдеден кешіктірмей: 2025 жылғы шілде үшін:КТС (Корпоративтік табыс салығы) бойынша аванстық төлемдер;Сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін төлем.2025 жылғы маусым үшін:Төлем көзіне салық салынатын КТС және ЖТС;ШОБ қолданатын СНР бойынша дара кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;Әлеуметтік салық, біріңғай төлем, МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары),МЗЖР (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары), ҚМЗЖ (қосымша міндетті зейнетақы жарналары),әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарналары (жұмыс берушінің және қызметкердің). Сондай-ақ төлеу қажет:Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем — егер жер пайдалану шарты 2025 жылғы маусымда жасалса;Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем — егер рұқсат маусым айында алынған болса.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1039039?lang=kk
ЖК: Міндетті тіркеу талаптары 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап өзгереді 23.07.2025
ЖК тіркеуі: не өзгереді?Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес,2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап келесі талаптардың кемінде біріне сәйкес келетін жеке тұлғалар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс:тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатындар;ҚР салық заңнамасына сәйкес есептелетін жылдық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 360 еселенген мөлшерінен асып кететін тұлғалар.Осылайша, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін табыс шегі бұрынғыдай ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерімен емес, айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептелетін болады.2025 жылы бұл сома:ЕТЖ бойынша — 1 020 000 теңгеАЕК бойынша — 1 415 520 теңге (360 АЕК)Өзгерістер 2025 жылғы 15 шілдеде қабылданған № 207-VIII ҚР Заңымен енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1039041?lang=kk
Қайрат Чакпантаев Самар ауданының құрметті азаматы атанды 23.07.2025
Қайрат Чакпантаев Самар ауданының құрметті азаматы атандыАудан әкімдігінің отырысында Қайрат Мұратұлы Чакпантаевқа «Самар ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Медаль мен куәлікті аудан әкімі Серік Жеңісов табыс етті.Қайрат Чакпантаев — Абай облыстық сотының төрағасы, Самар ауылының тумасы. 40 жылдан астам еңбек еткен ол өзін жоғары білікті заңгер, білікті басшы және қазақстандық сот жүйесінің лайықты өкілі ретінде көрсете білді. Ол бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталған, бүгінде туған жерінде ерекше құрметке ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1038998?lang=kk
Жаңа жол белгілер орнатылды. 23.07.2025
Ауылішлік автомобиль жолдарын күтіп ұстаушы мердігер мекеме тарапынан, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергілерімен жол белгілері орнатылуда.Бұл жұмыстар одан әрі өз жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1039002?lang=kk
Ауыл мектебі — жаңа келбет, жаңа мүмкіндіктер 23.07.2025
Талғар ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Кайнар ауылдық округіне қарасты Жалғамыс ауылында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы оқушыларын қабылдады. Ал «Айғаным» шағын ауданындағы Көктал ауылында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылысы да мәреге таяп қалды – білім ордасының есігі жаңа оқу жылының басында ашылады деп жоспарланып отыр.Аудандық білім бөлімі таратқан мәліметке сәйкес, осыған дейін мыңнан астам бала көрші ауылдар мен Іле ауданына қатынап оқуға мәжбүр болған. Атап айтқанда, олар Қызыл-Ту ауылындағы №24 мектепке және Іле ауданындағы №7, 13, 24, 38 мектептерге барып жүрген. Бұл ата-аналар мен балалар үшін үлкен қиындық туғызды. Тұрғындар бірнеше рет Білім министрлігіне өз ауылдарында мектеп салу туралы өтініш жолдаған.Мәселе «Жайлы мектеп» жобасына енгізілуінің арқасында шешімін тапты. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бір жылға жуық уақытты алды. Құрылыс республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. Тапсырыс беруші – «Самұрық-Қазына» қоры, мердігер ұйым – «KazSMU» ЖШС. Нысанды биылғы қазан айында тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90% орындалды: қаңқасы толық аяқталған, ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.Жаңа мектепте кітапхана, спорт залы және кең асхана қарастырылған. Ғимарат қазіргі заманның барлық талаптарына толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039014?lang=kk
"Жасыл ел" еңбек жасағы өз жұмысын бастады. 23.07.2025
“Жасыл ел” жастар еңбек жасағы жаңа еңбек маусымын ресми түрде бастады. Ауылдың тазалығы мен көркеюіне үлес қосатын жастар тобы биыл да белсенді жұмыс атқаруға дайын екенін білдірді.Ауыл әкімі орынбасары Салымжан Мәлікұлы жас сарбаздарға сәттілік тілеп, еңбектерінің ел игілігі үшін маңызды екенін атап өтті.Жасақ мүшелері алдағы уақытта көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарына атсалысып, ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1038981?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан АТ саласындағы ынтымақтастықты дамытуда 23.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 22 шілде – Қазақстан мен Пәкістанның АТ-индустриясын өкілдік ететін қауымдастықтары мен компаниялары арасында онлайн форматта келіссөздер өтті.Қазақстан тарапынан кездесуге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Qaztech технологиялық компаниялар альянсының, халықаралық Astana Hub технопаркінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, сондай-ақ Блокчейн және жасанды интеллект технологиялары орталығының өкілдері қатысты.Қазақстандық қатысушылар өз қызметінің негізгі бағыттары, енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер, электрондық үкіметтің даму тәжірибесі және онлайн-форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуде қол жеткізілген прогресс туралы презентациялар ұсынды.Өз кезегінде, Пәкістан тарапынан кездесуге Пәкістанның бағдарламалық жасақтамасын әзірлеушілер қауымдастығының (P@SHA) басшылығы қатысты. Олар АТ- индустриясындағы, ел ішінде және одан тыс жерлерде мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы тәжірибесімен бөлісті.Тараптар әріптестік байланыстарды орнатуға, екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға және ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе алмасуға өзара мүдделілік білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша АТ-индустриясында бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында тұрақты диалогты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1038984?lang=kk