Enbekshi QazaQ

Әлем

Елші Бейбут Атамқұлов Өзбекстан Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі Азиз Абдухакимовпен кездесті 13.03.2026
Өзбекстандағы Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасы Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі – Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Азиз Абдухакимовпен кездесуі өтті.Тараптар Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Мемлекет басшыларының экология мәселелеріне және Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық ынтымақтастықты нығайту бойынша бірлескен шешімдер әзірлеуге жоғары назары атап өтілді.Қатысушылар ауаның сапасын арттыру, аумақтарды көгалдандыру және табиғи экожүйелерді қалпына келтіру бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.«Таза Қазақстан» және «Яшил макон» ұлттық көгалдандыру бағдарламаларын іске асыру барысы қарастырылды. Тараптар аталған бастамалардың қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыратынына назар аударды.Елші жаңа Қазақстан Конституциясының жобасында қоршаған ортаны және табиғи байлықтарды қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінгенін хабарлады.А.Абдухакимов ірі мегаполистер мен қалалық агломерациялардағы ауа ластануы мәселесіне тоқталып, Орталық Азия өңірінде «Таза ауа» консорциумын құру жөніндегі Өзбекстан Республикасының бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтті.Су ресурстары саласындағы ынтымақтастық кездесудің жеке тақырыбы болды. Елші өзбек тарапын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы хабардар етті.Қатысушылар су ресурстары тапшылығы артып отырған жағдайда бұл бастаманың өзектілігін жоғары бағалап, Халықаралық су ұйымының маңызы Орталық Азия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды екенін атап өтті.Кездесу жалғасында Елші Б.Атамқұлов экологиялық жағдайды бақылауға арналған Ситуациялық орталықтың қызметімен танысты. Орталық нақты уақыт режимінде экологиялық ахуалды талдап, ауа сапасын бақылауды, ластану көздерін анықтауды және өзге де міндеттерді жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1179960?lang=kk
Салық берешегіне қатысты қолданылатын шаралар 13.03.2026
2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер салықтық берешектің алдын алуға және оны уақтылы өндіріп алуға бағытталған.Енгізілген өзгерістерге сәйкес, салық берешегі белгіленген шекті мөлшерден асқан жағдайда салық төлеушілерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары кезең-кезеңімен қолданылады.Шекті мөлшерлерЕгер салық берешегі 20 АЕК-тен (86 500 теңге) асса:- Салық кодексінің 86-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.- 185-бапқа сәйкес берешек банктік шоттардағы ақша қаражаты есебінен өндіріп алынады.Егер салық берешегі 45 АЕК-тен (194 625 теңге) асса:- Салық кодексінің 87-бабына сәйкес салық төлеушінің мүлкіне шектеу қойылады.- 186-бапқа сәйкес берешек дебиторлық берешек есебінен өндіріп алынады.- 187-бапқа сәйкес берешек билік етуі шектелген мүлікті өткізу арқылы өндіріп алынады.Бұл шаралар:- салық берешегінің алдын алуға- бюджетке түсімдерді уақытылы қамтамасыз етуге- салық тәртібін нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1179974?lang=kk
Қазақстанның есірткі қылмысына қарсы күресте цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесі БҰҰ алаңында таныстырылды 13.03.2026
 Вена, 2026 жылғы 11 наурыз - БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 69-сессиясы аясында Қазақстан делегациясы «Цифрлық қалқан: заңсыз есірткі айналымы мен қылмыстық табыстарды жылыстатуды анықтауда инновациялық технологиялардың рөлі» тақырыбында сайд-ивент ұйымдастырды. Іс-шараның бірлескен ұйымдастырушылары БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Орталық Азиядағы есірткінің таралуының алдын алу бағдарламасы (CADAP) және Мемлекеттік әкімшіліктерді интернационалдандыру қоры (FIAP) болды.Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді сайд-ивенттің ашылуында есірткі қатеріне қарсы күресте халықаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа технологиялар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға заңсыз ағындарды тиімді анықтап, қылмыстық желілердің қызметін тоқтатуға мүмкіндік беретін «Цифрлық қалқанға» айнала алады.Іс-шараның негізгі спикерлері ретінде БҰҰ ЕҚБ өңірлік өкілі Оливер Штольпе, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Рогов және FIAP Бас хатшысы Тобиас Юнг Альтрогге сөз сөйледі.Сайд-ивент барысында ҚР Бас прокуратурасының, Ішкі істер министрлігінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері есірткіге бақылау жүйесін цифрлық трансформациялау үдерісі, құқық қорғау органдарының қызметіне заманауи технологиялық шешімдерді енгізу туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, елде наркоқылмыспен күрес бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар кешені, виртуалды активтерді пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды анықтау тәсілдері, оның ішінде күмәнді транзакцияларды бақылау және заманауи аналитикалық жүйелерді қолдану туралы айтылды.Іс-шарада азаматтық қоғамның наркоқылмыстың алдын алуға қосатын маңызды үлесі де атап өтілді. Атап айтқанда, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының есірткіге қарсы күрестегі кешенді тәсілді қалыптастырудағы рөлі туралы «Hak Nazar» және «Esbol Qory» қоғамдық қорларының өкілдері баяндап өтті.Іс-шараға мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық сектор өкілдерінен екі жүзден астам тыңдаушы қатысты. Пікірталас қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, тақырыптың өзектілігін және осы саладағы ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігін тағы да растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1179975?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті 13.03.2026
2026 жылғы 12 наурызда Өзбекстандағы Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар алдағы Өңірлік экологиялық саммит пен Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының отырысы аясында су ресурстары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.Тараптар трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы Келісімге қол қоюдың маңызын атап өтіп, оны қазақстан-өзбек ынтымақтастығын нығайтудың кезекті маңызды қадамы ретінде бағалады.2025 жылғы қарашада өткен Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысының қорытындысы бойынша құрылған трансшекаралық өзендердің су ағынын болжау жөніндегі Жұмыс тобының қызметін жедел бастау қажеттігі атап өтілді.Қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударды. Бұл ұйым БҰҰ жүйесіндегі су ресурстары мәселелерімен айналысатын халықаралық құрылымдардың қызметін біріктіруге бағытталған.Қазақстан Елшісі өзбек тарапын ұйымды құрудың перспективалары және оның өңір елдері үшін трансшекаралық су пайдалануды реттеудегі тиімділігі туралы жан-жақты ақпараттандырды.Өз кезегінде Ш.Хамраев Өңірлік экологиялық саммит пен Аралды құтқару халықаралық қорының жоспарланған отырыстарына жеке қатысатынын растады. Сондай-ақ қазақстандық тараптың бастамаларын сындарлы түрде қарастыруға және қолдауға дайын екенін білдірді.Министр Қазақстанда енгізіліп жатқан су үнемдеу технологиялары бойынша қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалап, Қазақстан мен Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволары арасындағы сенім мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.Тараптар сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі су ресурстары тапшылығының артуы жағдайында өңірлік өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, Өзбекстан Республикасының алдағы Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалығы туралы пікір алмасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1179980?lang=kk
Салықтық қатынастардағы салық төлеушінің өкілдігі 13.03.2026
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, салықтық құқықтық қатынастарда салық төлеушінің мүдделерін заңды өкілдер және уәкілетті өкілдер білдіре алады.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 39-бабына сәйкес, жеке тұлғаның заңды өкілі – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғаның атынан әрекет етуге уәкілетті тұлға.Жеке тұлғаның атынан заңды өкіл жасаған әрекеттер (немесе әрекетсіздік) сол жеке тұлғаның өз әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) ретінде танылады.Ал, Салық кодексінің 40-бабына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі – салық органдарымен және осы Кодекспен реттелетін қатынастардың басқа қатысушыларымен өзара қатынастарда салық төлеушінің мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлға.Жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін уәкілетті өкіл нотариалды куәландырылған немесе соған теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді.Заңды тұлғалар немесе олардың құрылымдық бөлімшелері үшін өкіл құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі.Сонымен қатар, салық төлеуші уәкілетті өкілді салық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы электрондық құжат рәсімдеу жолымен тағайындай алады.Салық төлеушінің (салық агентінің) атынан уәкілетті өкіл жасаған әрекеттер немесе әрекетсіздік салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттері немесе әрекетсіздігі ретінде танылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1179981?lang=kk
Қазақстан мен Түркия дінаралық диалогты дамыту мәселелерін талқылады 13.03.2026
Анкара, 2026 жылғы 4 тамыз – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Дін істері басқармасының басшысы Сафи Арпагушпен кездесті.Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, «Астана 2025 – Бейбітшілік декларациясына» ерекше назар аударылды.Е.Сәпиев 2026 жылғы 7 қазанда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің маңыздылығына тоқталып, С.Арпагуштың атаулы жиынға қатысатынына сенім білдірді.С.Арпагуш Съезд Хатшылығының жұмысын жоғары бағалап, екі елдің діни ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1269194?lang=ru
Қазақстан халықаралық су ұйымын құру бойынша бастамасын ұсынды 13.03.2026
Найроби, 2026 жылғы 12 наурыз – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі және Найробидегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов БҰҰ-80 бастамасы бойынша БҰҰ Қоршаған орта хатшылығының брифингіне қатысты.Іс-шара барысында Б.Садықов қатысушыларды БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы туралы хабардар етіп, су қоршаған ортаның тұрақтылығы, әлеуметтік тұрақтылық және экономикалық даму үшін аса қажетті болғандықтан сумен жабдықтау мәселелері елдердің күн тәртібінде барған сайын маңызды болып келе жатқанын атап өтті.Сондай-ақ, БҰҰ жүйесін реформалаудың қазіргі үдерісі аясында Ұйымның су ресурстары саласындағы мандатының болашақта нығайтылуы туралы талқылауларды бастау маңыздылығы ескеріліп, бұл қолданыстағы әртүрлі құрылымдар мен үйлестіру платформаларын БҰҰ жүйесіндегі су ресурстары бойынша мамандандырылған ұйымға айналдыру мақсатында жүзеге асырылуда екеніне назар аударылды.Сонымен қатар, қатысушыларға осы бастама бойынша халықаралық консультациялар 2026 ж. 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясында өтетіні хабарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1180009?lang=kk
Қазақстан БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясында гендерлік теңдікке бейілділігін растады 13.03.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 9-11 наурыз - ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясының жұмысына қатысты.Комиссияның жалпы талқылауы барысында Эльвира Азимова гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін құқықтық және институционалдық тетіктерді нығайту, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша Қазақстанның тәжірибесін ұсынды. Конституциялық Соттың Төрағасы өз сөзінде орнықты дамудың маңыздылығын, сот төрелігінің рөлін және мемлекеттік саясаттың барлық деңгейлерінде әйелдер құқығын қорғауға кешенді көзқарасты атап өтті.«Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық егде жастағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында өткен министрлік дөңгелек үстелге қатысу шеңберінде егде жастағы әйелдерді қолдауға, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, сондай-ақ құқықтық қорғау мен әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның практикалық бастамаларына назар аударылды.Комиссияның сессиясы барысында қазақстандық делегацияның сөз сөйлеуі елдің гендерлік теңдік саласындағы халықаралық міндеттемелерді іске асыруға, тәжірибе алмасуға белсенді қатысуға және барлық жастағы әйелдердің, оның ішінде егде жастағы әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі жаһандық тәжірибелерді ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.Сонымен қатар сапар аясында Э.Азимова БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісі Александр Де Кроомен кездесу өткізді. Тараптар гендерлік теңдікті ілгерілету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының Орталық Азиядағы орнықты даму және әріптестік үйлестіруді кеңейту бағдарламаларын іске асырудың негізгі хабы ретіндегі рөлін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1180013?lang=kk
Өндіріс орны басшылығы жаңа өзгерістерге үн қосты 12.03.2026
Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «Green Cross ECO» ЖШС кәсіпорнының басшылығы мен қызметкерлері Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Кәсіпорын ұжымына негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндіріліп, маңызды құжаттың қоғам өміріндегі маңызы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Инсулинге арналған шприцтер мен медициналық инелер шығаратын өндіріс орнының атқарушы директоры Гүлия Жүзенованың айтуынша, Ата заңның жаңа редакциясында азаматтардың құқықтарын қорғауға, ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталған бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған.Қазіргі таңда кәсіпорында 50-ден астам қызметкер еңбек етеді. Өндіріс процесі тәулік бойы үш ауысым бойынша ұйымдастырылған. Жұмысшылар сағатына шамамен 15 мың инсулин инесін шығарады. Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта өндіріс көлемін кеңейтіп, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту бағытында бірқатар шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Кәсіпорынның атқарушы директоры Гүлия Жүзенова Жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталып өтті.«Жаңа Конституция жобасын қызметкерлерге түсіндіру бойынша тұрақты түрде ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеміз. Құжатта еңбекті қорғау мәселесі жаңа деңгейге көтерілген. Сонымен қатар жасанды интеллект пен ғылым жетістіктерін өндіріс саласына енгізу де маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Бұл біздің кәсіпорын үшін де басым міндеттердің бірі. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ұсынылып отырған өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, азаматтардың еңбекақысына, еңбек сапасына және қауіпсіз еңбек жағдайына ерекше назар аударуға бағытталған. Біз бұл бастамаларды толық қолдаймыз», – деді Гүлия Бексұлтанқызы.Жалпы, Ата заңға енгізілетін өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауға, еңбеккерлердің жағдайын жақсартуға және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған. Медициналық бұйымдар өндіретін кәсіпорын ұжымы алдағы уақытта өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа технологияларды енгізу арқылы сала дамуына өз үлесін қосуды мақсат етіп отыр.
Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады 12.03.2026
Шымкент қаласында ардагер шахматшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Аталған жарыс 50 жастан асқан және 65 жастан асқан спортшылар санатындағы елдің ең мықты шахматшыларын анықтап қана қоймай, халықаралық деңгейдегі беделді турнирлерге қатысатын ұлттық құрамалардың құрамын айқындайды.Чемпионат барысында қатысушылар шахматтың үш түрі бойынша сынға түседі: классикалық шахмат, рапид және блиц. 1962–1976 жылдары туған спортшылар 50 жастан асқан ойыншылар санатында, ал 1961 жылға дейін туған шахматшылар 65 жастан асқан ойыншылар санатында бақ сынайды. Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар Италияда өтетін командалық әлем чемпионатына, Сербияда өтетін жеке әлем чемпионатына және Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.Биылғы чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 97 спортшы қатысуда. Олардың қатарында 50 жастан асқан әйелдер санатында 13 қатысушы, 65 жастан асқан әйелдер санатында 9 қатысушы бар. Ал ерлер арасында 50 жастан асқан спортшылар санатында 34 шахматшы, 65 жастан асқан спортшылар санатында 41 қатысушы өнер көрсетуде.Жарыс форматына сәйкес, 50 жастан асқан әйелдер арасында турнир 7 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өтеді. 65 жастан асқан әйелдер арасында 8 турлық айналмалы жүйе қолданылса, ерлер арасындағы екі жас санатында да 9 турдан тұратын швейцариялық жүйе пайдаланылады.50 жастан асқан әйелдер арасында негізгі фавориттер қатарында Алматы қаласының өкілі Виктория Иржанова, Астана қаласынан Альфия Туребаева, Павлодар облысынан Елена Анкудинова және Алматы қаласынан Елена Гайченя бар. Дегенмен мамандар шахматта күтпеген нәтижелер жиі кездесетінін айтып, басқа да қатысушылардың жеңіске жету мүмкіндігін жоққа шығармайды.65 жастан асқан әйелдер арасында дебютант Ирина Буланова (Алматы) басты фавориттердің бірі саналады. Оған өткен жылғы чемпион Инна Матвеева-Попрукайло (Алматы), сондай-ақ Ақтөбе облысынан Зайтуна Туралиева мен Жамбыл облысынан Елена Деревянко лайықты бәсекелес болмақ.Ерлер арасындағы 50 жастан асқан спортшылар санатындағы бәсеке де тартысты өтеді деп күтілуде. Былтырғы көшбасшылардың қатыспауына байланысты басты үміткерлер қатарында рейтингтері 2000-нан асатын тәжірибелі шахматшылар бар. Олардың қатарында Ерлан Тикжанов (Алматы), Абай Ақшибеков (Жамбыл облысы), Нұрлан Досов (Астана), Олег Головчук (Шымкент), Ғалымжан Ибраев (Қызылорда облысы) және Нұрлан Тілеубай (Қостанай облысы) бар.Халықаралық арбитр, чемпионаттың бас төрешісі Сергей Кимнің айтуынша, 65 жастан асқан спортшылар санатында да қызықты өзгерістер орын алған.«Қонақжай Шымкент қаласы ардагер шахматшылар арасындағы Қазақстан чемпионатын қабылдап отыр. Қазіргі таңда шахмат федерациясында бұл санаттағы жарыстар “сеньорлар” чемпионаты ретінде өткізіледі. 65 жастан асқан спортшылар санатында бірқатар өзгерістер болды. 2025 жылғы Азия чемпионы Марат Примбетов бұл турнирден босатылды. Ал 50 жастан асқан ойыншылар санатынан гроссмейстер Серікбай Темірбаев (Ақмола облысы) осы топқа ауысты. Сонымен қатар жеңіске үміткерлер қатарында Владислав Насыбуллин (Астана), Александр Звягин (Шымкент) және Қуанышбек Жұмадуллаев (Түркістан облысы) бар», – деді бас төреші.Чемпионат келесі кесте бойынша өтеді:12–18 наурыз аралығында классикалық шахмат партиялары ойнатылады. Әр партияға 90 минут уақыт беріліп, әр жүріске қосымша 30 секунд қосылады.19 наурызда жылдам шахмат (рапид) турнирі өтеді. Мұнда әр ойыншыға 10 минут уақыт беріліп, әр жүріске 5 секунд қосымша уақыт қарастырылған.20 наурызда молниеносный шахмат (блиц) жарыстары ұйымдастырылады. Әр партияға 3 минут уақыт беріліп, әр жүріске 2 секунд қосымша уақыт қосылады.Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен қатар ақшалай сыйақыларға ие болады. Классикалық шахмат бойынша бірінші орынға – 250 мың теңге, екінші орынға – 150 мың теңге, үшінші орынға – 100 мың теңге көлемінде сыйақы қарастырылған.
Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі 12.03.2026
Шымкент қаласындағы В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің акт залында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Жаңа Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.Кездесуге қатысқан арнай сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары мен бөлімдері туралы баяндап, әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасының маңызына тоқталды. Атап айтқанда, бұл қағидат азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды, халықтың осал топтарын қолдауды және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар мемлекет азаматтарды жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға міндетті екені атап өтілді.Кездесу барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев сөз сөйлеп, Жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.«Жаңа Конституция халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. Құжатта азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік теңсіздікті азайту және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілген», – деді Батырбек Жалмұрзаев.Жиын барысында ішкі саясаттың басым бағыттары туралы да айтылып, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен нығайту әрбір азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді. Сондай-ақ 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға қатысу және өз таңдауын жасау қала тұрғындары үшін маңызды азаматтық міндеттердің бірі екені түсіндірілді.Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Ата заңды қолдайтындарын жеткізді.
Қаратау ауданы тұрғындарымен ашық диалог өтті 12.03.2026
Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан №80 IT мектеп-лицейінде сарапшылар мен аудан тұрғындарының қатысуымен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – Жаңа Конституция аясындағы конституциялық шешімдер мен құқықтық реформаларды жан-жақты талқылау.Іс-шара барысында қатысушылар ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – алдағы республикалық референдумның тарихи маңызына тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, жаңартылған Конституцияда адал еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалу құқығы нақты кепілдендірілген. Бұл қағидат қоғамдағы әділеттілік пен теңдік принциптерін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.Жиын барысында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Дархан Балажанов сөз сөйлеп, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық келісімді сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ол қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізудің себептері мен маңызын түсіндірді.«Жаңа Конституция – уақыт талабы. Қоғам үнемі дамып, жаңарып отырады. Сондықтан жаңа талаптар мен жаңа көзқарастардың қалыптасуы заңнамалық өзгерістерді қажет етеді. Бұрынғы Конституцияны 13 адам әзірлеген болса, қазіргі конституциялық реформалар жобасын еліміздің барлық өңірлерінен келген түрлі әлеуметтік топтар мен қоғам өкілдерінен құралған 130 мүшесі бар комиссия дайындады. Бұл – барлық саладағы мәселелер жан-жақты қарастырылып, халықтың ұсыныстары ескерілгенінің айқын дәлелі», – деді Дархан Балажанов.Сонымен қатар спикер Конституцияға енгізілген маңызды жаңашылдықтардың бірі – вице-президент лауазымының енгізілуі туралы да пікір білдірді.«Вице-президент институты әлемнің 70-тен астам мемлекетінде қолданылады. Енді біздің елімізде де осы басқару тетігін енгізу арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру көзделіп отыр. Мұның барлығы Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті ол.Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сарапшылардан жан-жақты жауап алды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа құжатқа қолдау білдіретіндіерін жеткізді.
Жаңа Конституция: цифрлық дәуірдегі құқықтарды қорғау және Қазақстанның болашағына негіз 12.03.2026
«Белсенді ұзақ өмір» орталығында Жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында «Ізгілік елшілері» волонтерлік қозғалысының жетекшісі, қоғам белсендісі Жасмин Әшімова баяндама жасап, конституциялық өзгерістердің маңызы туралы кеңінен айтып өтті.Кездесу барысында қатысушылар Жаңа Конституцияда қарастырылған негізгі жаңашылдықтарды, олардың саяси жүйеге, ғылым мен білімнің дамуына, сондай-ақ цифрлық ортаның қалыптасуына ықпалын талқылады. Жасмин Әшімова жаңа құжат азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетінін атап өтті. Бұл ретте қоғамдық диалогтың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасып, оның құрамына Халық кеңесі, қоғамдық кеңестер және жергілікті жиналыстар кіреді.Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейтілгені айтылды.Жаңа Конституциядағы маңызды өзгерістердің бірі – II бөлімнің, атап айтқанда жеке өмірдің қолсұғылмаушылық құқығына арналған 21-баптың жаңаша қарастырылуы. Бұл бапта алғаш рет адам құқықтарына төнетін негізгі қауіптердің бірі цифрлық кеңістікпен байланысты екені конституциялық деңгейде атап өтілді. Бұған дейін Конституция жеке өмірді қорғауды қарастырғанымен, цифрлық шындықтың ерекшеліктері толық ескерілмеген болатын. Ал бүгінде жеке хат-хабар, дербес деректер, қаржылық ақпарат және цифрлық әрекеттер тарихы ерекше назар аударылатын маңызды ақпараттық ресурстарға айналды.Жасмин Әшімованың айтуынша, жаңа редакцияда азаматтардың жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қолсұғылмаушылық құқығы, сондай-ақ дербес деректердің заңсыз жиналуынан, өңделуінен, сақталуынан және пайдаланылуынан, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы жасалатын әрекеттерден қорғалуы заңмен кепілдендірілген.Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері біртұтас жүйе ретінде қарастырылып, классикалық конституциялық құқықтар мен қазіргі цифрлық қоғам шындығы арасындағы бұрынғы айырмашылықтар жойылған. Бұл цифрлық технологиялардың адамдардың қарым-қатынасына, ақпаратты сақтау мен тарату тәсілдеріне, сондай-ақ бақылау механизмдеріне түбегейлі өзгеріс әкелгенін ескере отырып қабылданған маңызды қадам болып табылады.Сонымен қатар құжатта жеке және отбасылық құпияның, банк операцияларының, салымдар мен жинақтардың құпиялылығының, сондай-ақ хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу, пошта және басқа да хабарламалардың, оның ішінде электрондық байланыс түрлерінің құпиясын сақтау кепілдіктері нақтыланып, күшейтілген.Кездесу соңында Жаңа Конституцияда елдің болашақ дамуына негіз болатын идеологиялық және құндылықтық ұстанымдарға ерекше мән берілгені атап өтілді. Бұл құжат Қазақстанның даму бағытын айқындайтын өзіндік «жол картасы» ретінде бағаланып отыр. Атап айтқанда, ел дамуының негізгі төрт тірегі ретінде білім, ғылым, мәдениет және инновация салалары белгіленген.Кездесу барысында «Белсенді ұзақ өмір» орталығының келушілері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Жиын қорытындысы бойынша қатысуышлар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.
Кәсіпкерлік пен еңбек құқығы – Жаңа Конституцияның маңызды тірегі 12.03.2026
 Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру – жүргізіліп жатқан саяси реформалардың негізгі бағыттарының бірі. Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында айқын көрініс тапқан. Ата заңдағы өзгерістер мемлекет пен қоғамның дамуына жаңа серпін беріп, еңбек адамының құқықтарын қорғау мен кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде бекітті.Жаңартылған Конституцияда еңбек құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, әділ бәсекелестік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл нормалар өндіріс орындарының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азаматтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына оң ықпал етуде.Бұл бағыттағы нақты мысалдардың бірі – «Бал Текстиль» ЖШС кәсіпорны. Кілем және кілем өнімдерін өндіретін бұл фабрика Қазақстандағы алғашқы әрі Орталық Азиядағы ірі кілем өндіруші кәсіпорындардың бірі саналады. Шымкент қаласында 2012 жылы ашылған кәсіпорын сол уақыттан бері еліміздің жеңіл өнеркәсібін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға елеулі үлес қосып келеді.Кәсіпорынның өндірістік қызметімен Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы танысқан болатын. Бүгінде «Бал Текстиль» фабрикасы сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдерімен ерекшеленеді. Кәсіпорында өндірілген кілемдер ТМД елдерімен қатар Еуропа нарығында да сұранысқа ие.Сонымен қатар кәсіпорын әлемдегі үйге арналған тауарларды сататын ең ірі бөлшек сауда желілерінің бірі – IKEA компаниясына өнім жеткізушілер қатарында. Қазақстандық кәсіпорындар арасында бұл компанияға өнім ұсынған алғашқы фабрикалардың бірі болып табылады. Кәсіпорын шығаратын барлық өнімдер CT-KZ ұлттық стандартына және ISO 9001–2009 халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді. Бұл өндірістің әлемдік талаптарға сай ұйымдастырылғанын көрсетеді.Қазіргі таңда кәсіпорын өнімдері еліміздің барлық өңіріне таралған. Республика бойынша төрт жүзден астам дистрибьютор компания өнімдерін тұтынушыларға ұсынуда.Фабрика тек өндіріс көлемімен ғана емес, дизайн және сапа жағынан да ерекшеленеді. Бүгінгі күнге дейін 500-ден астам түрлі дизайн әзірленген. Кәсіпорын мамандары тұтынушыларға үй интерьеріне сәйкес кілемнің материалы, түсі мен өлшемін таңдауға кәсіби кеңес береді.Мұндай өндіріс орындарының табысты жұмыс істеуі – Қазақстанда кәсіпкерлікке беріліп отырған мүмкіндіктердің нақты дәлелі. Жаңа Конституцияда бекітілген кәсіпкерлік еркіндігі мен еңбек құқықтарын қорғау қағидаттары өндірістің тұрақты дамуына негіз болып отыр.Бүгінде «Бал Текстиль» сияқты кәсіпорындар ел экономикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, мыңдаған азаматты тұрақты жұмыспен қамтып, еңбек адамының әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етуде. Бұл – әділетті қоғам құру, еңбек құқықтарын қорғау және кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған реформалардың нақты нәтижесі.Алдағы 15 наурыз күні өтетін республикалық референдум – елдің болашағына қатысты маңызды саяси оқиға. Мұндай маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде кәсіпкерлер мен азаматтардың белсенді азаматтық ұстаным танытуы қоғамдағы тұрақтылық пен экономикалық дамудың маңызды кепілі болып табылады.Бағдат Талғатұлы,«Бал Текстиль» ЖШС атқарушы директоры.
«Ұлт болашағы – еңбек»: Шымкенттегі «Отырар» колледжінде жастар акциясы өтті 12.03.2026
Шымкент қаласындағы «Отырар» колледжінде студенттерге арналған «Ұлт болашағы – еңбек» атты тақырыптық кездесу квиз форматында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Жас қайрат» және «Еңбек жастары» командалары өзара сайысқа түсіп, Қазақстан тарихы, логикалық ойлау және заманауи технологиялық үрдістер бойынша білімдерін сынады.Сайыс бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жылдамдыққа арналған логикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, цифрлық сауаттылық мәселесіне ерекше назар аударылды: студенттер ақпараттық жүйелерді хакерлік шабуылдардан қорғау тәсілдерін, қашықтан жұмыс істеу ерекшеліктерін және стартап-компаниялардың жұмыс істеу қағидаттарын талқылады.Кездесу қорытындысын қорытындылай келе, «Отырар» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхан Әширов жастардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.«Біз мұндай іс-шараларды жастарға адал еңбектің қадірін түсіндіру үшін өткіземіз. Қазіргі уақытта колледжде 10 мамандық бойынша 2000-нан астам студент білім алуда. Біздің басты мақсатымыз – олардың бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасау. Дуалды оқыту жүйесі және екінші курстан бастап мектептер мен балабақшаларда өтетін тәжірибе арқылы түлектердің жұмыспен қамтылуын арттыруға күш салып келеміз. Бүгінде бұл көрсеткіш 70–80 пайызға жетіп отыр. Мемлекет басшысы жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мұндай кездесулер жастардың таңдаған мамандығының маңызын тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді», – деді ол.Іс-шара барысында жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі мәселесі де талқыланды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға қатысудың маңызы сөз болды.Колледждің 3-курс студенті Асылбек Жолдыбай еңбек белсенділігі мен азаматтық жауапкершілік өзара тығыз байланысты екенін атап өтті.«Адам тұлғасы ең алдымен жасампаз еңбек арқылы қалыптасады. Біздің студенттік парламент сенбіліктер ұйымдастырып, қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізіп келеді. Бұл – еңбек арқылы тәрбиенің нақты көрінісі. Біз қатарластарымызды ел өміріндегі маңызды оқиғаларға белсенді қатысып, алдағы референдумда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырамыз. Бұл – ортақ болашағымыз алдындағы жауапкершілік», – деді ол.
Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды 12.03.2026
Алатау қаласының тұрғындары үшін №1 және №2 жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды. Жаңа бағыттардың ашылуына орай қала әкімі мен қала ақсақалдарының қатысуымен салтанатты рәсім өтті.Жаңа маршруттар Құйған – Еңбек – Жаңа Арна – Әли – Жаңалық саяжайлары – Байсерке – Жаңа Талап – Жаңа Дәуір – Қоянқұс – Gate City – Өтеген батыр – Еркін ауыл бағыттарын қамтиды. Бұл бағыттар қала мен оған іргелес елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасайды.Қала әкімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрғындардың сұранысын ескере отырып жалғасатынын атап өтті.Жаңа маршруттардың іске қосылуы - қала инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.Алатау қаласында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1179950?lang=kk
Қазақстан Елшілігі студенттерге дипломатиялық жұмыстың практикалық қырларын таныстырды 12.03.2026
2026 жылғы 11 наурыз. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі А. Айдарбеков Молдова мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Аталған студенттер Молдова Жас дипломаттар қауымдастығының мүшелері болып табылады.Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттары, халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы дипломатияның рөлі, сондай-ақ Қазақстан мен Молдова арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары туралы айтып өтті.Елшілік қызметкерлері студенттер үшін Қазақстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі дамуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум туралы презентациялар өткізді. Іс-шараның практикалық бөлігі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Оның аясында студенттерді дипломатиялық қызметтің элементтерімен және келіссөздер жүргізу ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған интерактивті ойын тапсырмалары ұйымдастырылды.Кездесу соңында студенттер дипломаттармен бейресми түрде пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар бұл кездесу дипломатиялық қызметтің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтіп, халықаралық қатынастар мен дипломатия саласында кәсіби тұрғыда дамуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1179939?lang=kk
Негізгі қарызды өтеңіз — өсімпұл есептен шығарылады 12.03.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы №13 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің жеке шоттарында есепте тұрған өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығаруға жатады.Негізгі шарт — 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында негізгі салық берешегін толық өтеу.Есептен шығару салық төлеушілердің жеке шоттарын түгендеу қорытындысы бойынша жүргізіледі.Негізгі қарызды өтеңіз — өсімпұл есептен шығарылады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1179916?lang=kk
Абу Дабиде қоршаған ортаны қорғау және су дипломатиясы мәселелері талқыланды 12.03.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Абу Дабидің Қоршаған ортаны қорғау агенттігі Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары әрі Агенттіктің Атқарушы комитетінің төрағасы Мұхаммед бен Ахмед әл-Бауардимен кездесті.Кездесу барысында қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың атынан биыл 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке шақыруды табыстады.Елші Р.Жұмабек сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы ақпарат беріп, жаһандық су дипломатиясын дамыту үшін мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Осы тұрғыда тараптар Қазақстан мен БАӘ-нің экологиялық және су жөніндегі мәселелерді ілгерілету бағытындағы күш-жігері өзара толықтыруды қажет ететінімен, оның ішінде Әмірліктер тарапының 2026 жылғы желтоқсанда Абу Дабиде өтетін БҰҰ-ның III Су конференциясына дайындық аясында ерекше мәні бар екенімен келісті. Сонымен қатар, екі елдің бұл бағыттағы іс-қимылдары үйлестіруге әрі табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғаны айтылды.Өз кезегінде Мұхаммед бен Ахмед әл-Бауарди Әмірліктер тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.Сондай-ақ, ол елімізде жүзеге асырылып жатқан Сұңқарларды табиғатқа жіберу жөніндегі шейх Заид бағдарламасының экологиялық маңызын атап өтіп, бұл бастама жыртқыш құстардың популяциясын қалпына келтіруге және табиғи тепе-теңдікті сақтауды көздейтінін айтты.Кездесу соңында тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Абу Даби Қоршаған ортаны қорғау агенттігі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен жобаларды әзірлеуге маңызды алаң бола алатынын атап өтті.Анықтама: Мұхаммед бен Ахмед әл-Бауарди – БАӘ-нің тәжірибелі мемлекеттік қайраткері. Ол елдің қорғаныс саясатын қалыптастыруға, ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметке белсенді қатысады.- 2016–2024 жж. – БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі;- 2024 жылдан бастап – Абу Даби Қоршаған ортаны қорғау агенттігі Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары және Агенттіктің Атқарушы комитетінің төрағасы.Абу Даби Қоршаған ортаны қорғау агенттігі – 1996 жылы құрылған мемлекеттік орган, сондай-ақ агенттік экологиялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды қорғау мәселелеріне жауап береді. Ол биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеу және БАӘ-де табиғатты тұрақты пайдалануды дамыту бағытында жұмыс жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1179919?lang=kk
Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! Референдум. 12.03.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1179906?lang=kk