Enbekshi QazaQ

Әлем

Салықты төлеу мен қайтару туралы топ сұрақ-жауаптар 26.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және қайтару бойынша ең маңызды 12 сұрақ-жауап ұсынады. 1.Сұрақ: Салықтың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы дегеніміз не?Жауап: Есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күніне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің аталған түрі, өсімпұл  бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (азайтылғанды шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы болып табылады. 2.Сұрақ: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде есепке жатқызу мен қайтарудың мерзімі қандай?Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде есепке жатқызу мен қайтаруды осындай өтінішті тіркеген күннен бастап есептелетін 5 жұмыс күні ішінде жүргізеді. 3.Сұрақ: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу қай мемлекеттік кірістер органымен жүргізіледі?Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша және (немесе) жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша жүргізіледі. 4.Сұрақ: Есепке жатқызудың және қайтарудың тәртібі қандай?Жауап: Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемақыларды қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді. 5.Сұрақ: Салықтың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтару қалай жүргізіледі?Жауап: Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды бюджетке салықтық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.Салық органы салықтық берешегі болған кезде есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті өтеу есебіне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды жүргізеді.Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады. 6.Сұрақ: Қандай салықтар және төлемдер есепке жатқызу мен қайтаруға жатпайды?Жауап: Мыналар:1) есепке жатқызуға жатпайды:заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа,  салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне;мемлекеттік баждың төленген сомасы;2) есепке жатқызуға және қайтаруға:Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда, есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды. 7.Сұрақ: Қандай сомалар салықтың қате төленген сомасы болып табылады?Жауап: Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:1) төлем құжатында төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;2) екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;3) ақша жөнелтуші – салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;4) ақша жөнелтуші – салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын кездегі сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің,  өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады. 8.Сұрақ: Салықтың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару қалай жүргізіледі?Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:1) салық төлеушінің салықтық өтініші;2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші;3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама  бойынша жүргізіледі. 9.Сұрақ: Салықтың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару мерзімі қандай?Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған;салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 10.Сұрақ: Кедендік алымдар сомасы қайтарылады ма, егер қайтарылса қандай жағдайда?Жауап: Кедендік алымдар сомасы артық төленген (артық өндіріп алынған) немесе қате төленген жағдайда есепке жатқызу (қайтару) жүргізіледі. 11.Сұрақ: Мемлекеттiк баждың сомаларын қайтару қалай жүргізіледі?Жауап: Салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді. 12.Сұрақ: Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар қандай мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс?Жауап: Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1024991?lang=kk
Аудан әкімі жылыжай жұмысымен танысты 26.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қалжан ахун ауылында орналасқан жылыжай жұмысымен танысты.Жылыжаймен танысу барысында аудан басшысы кәсіпкермен пікірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдалануды атап көрсетті. – Мемлекет басшысы елімізде кәсіпкерлік саласын дамытуға үлкен қолдау көрсетуде. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Президент тапсырмасының Сыр елінде орындалуына ауқымды міндеттер жүктеді. Сондықтан кәсіп ашып, оны кеңейтетін адамдарға әркез қолдау көрсетеміз, – деді Берік Әбдіғаппарлы.Нысанның жұмыс барысы туралы «Береке» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшісі Серік Әбжалиев ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кәсіпкер 2023 жылы "Ауыл аманаты" жобасымен 8,6 млн. теңге, 2024 жылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы тамақ өнеркәсібін дамыту жобасы бойынша 35 млн. теңге төмендетілген несие алып, жылыжай жұмысын жандандырған. Мұнда қияр және қызанақ өсірілуде. Қазіргі таңда сұраныс мол екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1024983?lang=kk
Дзюдодан CISM әлем чемпионатында армия спортшылары екі қола медаль жеңіп алды 26.06.2025
Германияның Варендорф қаласында әскери қызметшілер арасында дзюдодан CISM әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні армия спортшылары ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Шерзод Давлатов пен қатардағы жауынгер Нұрқанат Серікбаев екі қола медаль жеңіп алды.60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов Бахрейн спортшысы Руслан Полторацкийден жеңіліп қалды. Жұбаныш жекпе-жегінде Алжир мен Франциядан келген спортшылардан басым түсіп, үшінші орын үшін болған кездесуде Кувейт өкілін жеңді.Қатардағы жауынгер Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тунис спортшысын жеңгенімен, алжирлік спортшыға есе жіберді. Алайда швейцариялық және неміс дзюдошыларын жеңіп, қол медаль үшін болған жекпе-жекте итальяндық спортшыдан басым түсті.Дзюдодан CISM әлем чемпионатына 35 елден 200 спортшы қатысып жатқанын айта кету керек. Жарыс 30 маусымға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1024928?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты 26.06.2025
Қытайдың Циндао қаласында қабылдаушы тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.Отырыста қорғаныс ведомстволарының басшылары жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.Сонымен бірге Қазақстан Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ШЫҰ Бас хатшысымен екіжақты кездесулері өтті.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1024944?lang=kk
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру бойынша «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: мүдделі тұлғалар үшін өзгерістер 26.06.2025
«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен берлесіп өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан-әрі – ӨМТК) беру жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:2025 жылғы 23 маусымнан бастап ӨМТК өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 20 маусымда сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде ӨМТК алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/57621 – зияткерлік меншік объектілері үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:- +7 7172 73 55 19- +7 705 956 53 89- e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.- Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1024899?lang=kk
Астанада еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша семинар ұйымдастырылды 26.06.2025
Астана, 2025 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының алаңында «Ашық есік күні» семинарын ұйымдастырды. Іс-шараға өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, облыс прокурорларының орынбасарлары, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері, сондай-ақ онлайн форматта қосылған 1000-нан астам бизнес өкілі қатысты.Кездесудің мақсаты инвестициялық ахуалды жақсарту, ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің тиімділігін арттыру, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасының (ҰЦИП) мүмкіндіктерін көрсету және инвесторлар тап болатын жүйелі мәселелерді талқылау болды.Семинарды ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанкулов ашты. «Инвесторларды сүйемелдеудің заманауи цифрлық инфрақұрылымын құру – жобаларды жедел іске асырудың кілті. ҰЦИП бюрократиялық рәсімдерді қысқартып, ашықтықты арттырады және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдетеді. Бұл – инвесторлар үшін қолайлы және болжамды орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам», – деді ол.ҚР Бас прокуратурасы атынан Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Мәди Айхимбеков сөз сөйледі. Ол прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы қызметі туралы айтып, соңғы жылдары қадағалау органдарының қатысуымен 1000-нан астам проблемалық мәселе шешілгенін атап өтті. Ерекше назар тізімге енгізілген инвесторларға қатысты бақылау іс-шараларын келісу механизміне аударылды.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті: «СІМ, «Kazakh Invest» және Бас прокуратураның бірлескен күш-жігері бизнесті жүргізуге қолайлы және қауіпсіз құқықтық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Процестерді цифрландыру мен институционалдық қолдаудың артуы мемлекеттің инвесторлармен конструктивті диалогқа дайын екенін көрсетеді».Семинар барысында қатысушыларға ҰЦИП платформасының жұмысы көрсетіліп, Бірыңғай реестрдегі нақты кейстер мен қабылданған нормативтік өзгерістер таныстырылды.«Сұрақ-жауап» сессиясында инвесторлар практикалық сипаттағы көптеген сұрақтар қойып, мемлекеттік органдар тарапынан нақты жауаптар алды. Жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған жүйелі қиындықтарға байланысты бірқатар мәселелер Бас прокуратура қызметкерлерінің бақылауына алынды.Бизнес өкілдері іс-шараның практикалық құндылығын атап өтіп, мемлекеттік органдармен тікелей диалогтың маңызын және жобаларды іске асыру бойынша өзекті мәселелерге жедел түсініктеме алуға мүмкіндік бар екенін айтты. Олардың айтуынша, мұндай форматтар қолданыстағы кедергілерді ғана анықтап қоймай, сонымен қатар іскерлік ортаны жақсартуға және инвесторлар мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін бірлескен шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1024909?lang=kk
Бас қолбасшы тактикалық іс-қимылдарды модельдеуге арналған аудиторияны таныстырды 26.06.2025
Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдерін ІІМ басқару Академиясындағы Ұлттық ұлан аудиториясының мүмкіндіктерімен таныстырды.Бұған дейін “Заң мен тәртіп” апталығы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының салтанатты ашылуы өткен болатын.Аудитория заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда нақты жағдайларға ұқсас тактикалық сценарийлерді қайта құруға мүмкіндік беретін жүйелер орнатылған. Күнделікті қызметте қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі де енгізілген.– Мұндай аудиторияның ашылуы – болашақ офицерлерді даярлаудағы маңызды қадам. Бұл – тәжірибеге негізделген оқыту тәсілін жүзеге асырып, командирлік қабілетті жетілдіруге бағытталған алаң. Әрбір автоматтандырылған жұмыс орны тактикалық іс-қимылдарды модельдеуге арналған және әскери бөлімдерді басқаруға қажетті ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жаттығу кезінде тактикалық тапсырмаларды тиімді пысықтауға жол ашады, – деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.Аудиторияға енгізілген цифрлық шешімдерге бірыңғай ақпараттық орта кіреді. Ол өңірлердегі жедел ахуал туралы мәліметтерді орталықтандырылған түрде қабылдап, өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шешім қабылдауды қолдау жүйесі мен геоақпараттық жүйе енгізілген. Бұл платформаларда нормативтік құжаттар мен жеке құрамның іс-әрекеттерінің алгоритмдері қамтылған.Сондай-ақ патрульдік бағыттар бойынша әскери жасақтардың қозғалысын нақты уақыт режимінде көрсететін жауынгерлік кезекшілікті бақылау және мониторинг жүйесі де жұмыс істейді.Қазіргі таңда Ұлттық ұлан еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Қоғамдық қауіпсіздік пен маңызды нысандарды күзету ісіне 7 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылған. Сонымен қатар  ІІМ-ге қарасты 39 қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету де олардың міндетіне кіреді.Ұлттық ұланның қызметі  құқық қорғау органдарымен, атап айтқанда ІІМ, ҰҚК, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қаржылық мониторинг агенттіктерімен бірлескен арнайы операцияларға қатысуды да  қамтиды.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1024862?lang=kk
Екатеринбург қаласындағы «Бір шаңырақ астында» ШҚО музей-қорығының көрмесі 26.06.2025
2025 жылғы 25 маусымда Екатеринбург қаласында (Ресей Федерациясы) «Бір шаңырақ астында» көрмесі ашылды. Бұл оқиға екі мәдениеттің кездесуі, ортақ аспан мен оның мұрасын сақтауға деген ұмтылысты біріктірген қос оқиға. Халықаралық жоба – Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы мен Орта Оралдың дәстүрлі халық мәдениеті орталығының жемісті ынтымақтастығының нәтижесі. Көрменің вернисажына қонақтар арасында Свердлов облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрі В.Ю. Ярин, Свердлов облысы мәдениет министрінің орынбасары Р.В. Дорохин, Екатеринбург қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулының Бірінші хатшысы Б.Е. Төлегенов қатысты. Көрмені Орталық директорының міндетін атқарушы К.О. Савин ашты.Екатеринбург қаласының тұрғындары мен қонақтарына әртүрлі дәуірлерде Шығыс Қазақстанның кең аумағындағы жерлер нағыз үйге айналған халықтардың салт-дәстүрлері әлеміне енуге керемет мүмкіндік берілді! Сіз ұлттық костюмдердің сұлулығы мен ерекшелігін өз көзіңізбен көре аласыз, олардың әр элементі мен ою-өрнегі ғасырлық даналық пен шеберлікті сақтайды.Экспозицияның ерекше безендірілуі ішкі безендірілген киіз үйдің фрагменті болды. Бірнеше мыңжылдықтар бойы киіз үй өзінің дизайны мен дәстүрлі келбетін сақтап келді, өйткені бұл көшпелі құрылымның маңызды элементі, рәсімдер, отбасылық рәсімдер, сондай-ақ қымбат қонақтармен кездесу орны.«Бір шаңырақ астында» көрмесі жарқын әрі есте қаларлық оқиға болмақ! Бұл бір шаңырақ астында дәстүрлер, тарих және өнер мен өмір сүретін әлемді ашуға тамаша мүмкіндік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1024817?lang=kk
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 26.06.2025
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара барысында отандық журналистиканы дамытуға қосқан зор үлесі мен ақпарат саласындағы жемісті еңбегі үшін мемлекеттік марапаттармен және салалық наградалармен марапатталды.Отандық журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен;Ақпараттық кеңістіктегі белсенді қызметі үшін «Құрмет» орденімен;БАҚ саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, кәсіби шеберлігі мен адал еңбегімен танылған тұлғалар «Еңбек ардагері» медалімен;Еліміздегі бейбітшілік пен рухани келісімді нығайтуға, мәдени мұраны дәріптеуге қосқан үлесі үшін «Халықтар достығы» арнайы орденімен;Кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.Сонымен қатар, ақпараттық саясатты жүзеге асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін:Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы;Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты;Ақмола облысының дамуына қосқан үлесі үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды.Марапаттау рәсімін халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиын шынайы өнердің мерекесіне айналды. Сахна төрінде – Ақмола өңірінің мақтанышына айналған ұжым – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының Камералық музыка ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Жанат Рашит, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Валерия Болиева, республикалық байқаулардың лауреаты Бекұлан Ерболатұлы өнер көрсетті.Сондай-ақ, шараның тізгінін ұстаған танымал тележүргізуші Көкше елінің тумасы Ардақ Қасымханов пен өңіріміздің жас талантты жүргізушісі Амина Қайратова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1024820?lang=kk
«Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде 26.06.2025
🔰Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде. 2025 жылғы 26-маусымнан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00 СЕН);Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00 СЕН);Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.00 СЕН);Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.01 СЕН);Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (710.00 СЕН);Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 СЕН);Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаШет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтер. СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады. СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылғанСұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз. Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1024824?lang=kk
Қазақстан мен Мәлдивтер екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады 26.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Ескараев Мальдив Республикасының Нью-Делидегі Елшісі, қоса атқарушы ретінде Қазақстан Республикасында аккредитивтелген Айшат Азимамен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты әріптестіктің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Мальдив арасындағы туризм, сауда және білім беру салаларын қамтитын өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік білдірді.Тараптар елшіліктер арасындағы тиімді дипломатиялық байланыс пен пікір алмасудың өзара түсіністікті нығайтуда және бірлескен бастамаларды іске асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық күн тәртібін ілгерілету мақсатында тығыз байланыста болуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1024803?lang=kk
Қостанай облысында құрылыс қарқыны артып келеді 26.06.2025
2025 жылдың алғашқы бес айында Қостанай облысының құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімі Кумар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында мәлім етілгендей, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 70 пайызға артып, 75,5 млрд теңгені құрады.Аймақ үшін басым бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы. Жыл басынан бері 179,5 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл – 1 810 пәтер. Қостанай қаласы, Рудный және Қостанай аудандарында орналасқан жаңа «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандары белсенді түрде дамып келеді. Жалпы алғанда, бұл аудандарда 150-ден астам тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымы бар нысандар салу жоспарланған.Отырыста облыс әкімі өмір сүру ортасының сапасына ерекше назар аударды:«Үй салған кезде аумақты абаттандыруға ерекше мән беру керек. Балалар және спорт алаңдары тек сапалы материалдардан жасалып, барлық құрылымдар берік орнатылуы тиіс. Мен құрылыс алаңдарын жеке өзім аралап жүрмін, аудан әкімдеріне бұл жұмысты қатаң бақылауға алуды тапсырдым. Қоғамдық бақылау – ең тиімді тәсіл», – деді Кумар Ақсақалов.Сондай-ақ өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Қазірдің өзінде жаңа мектептер, емханалар, балабақшалар мен спорт нысандары іске қосылған. Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 15 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі.Инженерлік инфрақұрылымға 8,7 млрд теңге бөлініп, Құнай, Береке, Астана және Бәйтерек шағын аудандарында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар құрылыс материалдарын шығару ісі жанданып келеді: бес ай ішінде өндіріс көлемі 18,5 млрд теңгеге жеткен.Кеңесте ТОО «My Eco House» директоры Нұржан Батталов жеке бастама ретінде энергия үнемдейтін СИП-панельдерден үй салу жобасын таныстырды.«180 шаршы метрлік бір үйді небәрі 10 күнде құрастырып шығуға болады. Арнайы техника қолданбаймыз, іргетасы жеңіл, ал материалдар жылу сақтайды. Сарыкөл мен Әулиекөл аудандарында біз тек үйлерді салып қойған жоқпыз – жергілікті шаруашылықтардың қызметкерлері өздері біздің жинақтарымыздан үйлерін тұрғызды», – деді ол.Бұдан бөлек, облыста «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй алу үшін электронды кезек жүйесі енгізіліп жатыр. Мамыр айының соңындағы мәліметке сәйкес, бұл базаға ел бойынша 149 мыңнан астам өтінім тіркелген. Жүйе арқылы баспанаға мұқтаж жандарға жалдамалы тұрғын үйден бастап, жеңілдетілген ипотекаға дейін түрлі мемлекеттік қолдау ұсынылады.Кумар Ақсақаловтың айтуынша, өңірдегі барлық бастама мен жұмыс азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған: баспана – бұл жай ғана қабырға емес, адамның лайықты өмір сүруінің негізі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1024796?lang=kk
Алтай аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауына субсидияланған әлеуметтік маңызы бар маршруттар мәселесіне алаңдаған қала тұрғындары жазылды 26.06.2025
Алтай ауданы мәслихатының төрағасына жеке қабылдауға әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын маршруттар мәселесіне алаңдаған қала тұрғындары жазылды. Осыған байланысты билік өкілдері мен тұрғындар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырған. Дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына депутаттық сауал жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1024748?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері «Қазақ күресі» бойынша жарыста жүлделі орын иеленді 26.06.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы ұйымдастырған XII Спартакиада аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрі — «Қазақ күресі» бойынша жарыстар өтті.Спорттық шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және басқа да ведомстволардың құрама командалары қатысты.Жарыстың негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы дене дайындығы деңгейін арттыру болды.Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Ақыл Қырықбаев жүлделі үшінші орынды иеленді.Аталған жарыстар күштік құрылымдар қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, тәжірибе алмасуға және командалық рухты нығайтуға айырықша мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1024752?lang=kk
«XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті 26.06.2025
Көкшетауда «Болашақ сарайы» оқушылар сарайының алаңында қаржылық пирамидаларға, интернет-алаяқтыққа қарсы тұру және интернет-гигиенаны сақтау мәселелеріне арналған «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті.Форумның негізгі мақсаты – халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қаржылық қауіпсіздік саласындағы заманауи үрдістер туралы түсінікті дамыту, оның ішінде оларды заманауи қаржылық тәуекелдерді, схемалар мен қауіптерді тануға және алдын алуға үйрету.Шараға мемлекеттік және  құқық қорғау органдарының өкілдері, танымал спортшылар, еңбек ұжымдары, жастар бірлестіктері мен азаматтық қоғам белсенділері қатысты.Форумда цифрлық дәуірдің ең өзекті қауіптері: қаржылық пирамидалар, қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру және басқа да алаяқтық схемалар талқыланды.Ұйымдастырушылар алаяқтардың қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын және олардың айлаларына түсіп қалмау жолдарын түсіндірді.Шара барысында Ақмола облыстық драма театрының әртістері реалистік қойылым қойып, халықты қаржы пирамидалары мен түрлі жобаларға тартудың шынайы үлгілерін жаңғыртты.Форум халықты оқытудың маңызды алаңына айналды және қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігінен басталатынын еске салды.Шара музыкалық концертпен аяқталды.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1024679?lang=kk
Азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі: цифрлық дәуір сын-қатерлері және оған қарсы іс-қимыл шаралары 26.06.2025
Соңғы уақытта Қазақстанда қаржы пирамидаларына, заңсыз онлайн-казиноларға және «оңай әрі жылдам табыс» түрінде ұсынылатын күмәнді қаржылық құрылымдарға тартылған азаматтардың саны артып келеді. Бұл жағдайдың басты себептері – халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығының төмендігі мен экономикалық қысымның күшеюі. Мұндай қаржылық қақпанға түсу тек материалдық шығындарға ғана емес, кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке де алып келуі мүмкін.Қазіргі алаяқтық схемалар көбіне инвестициялық платформалар, экологиялық цифрлық жобалар немесе жоғары технологиялы стартаптар түрінде бүркемеленіп ұсынылады. Бұл құрылымдардың өміршеңдігі жаңа қатысушылардың үнемі тартылуына тәуелді, ал қаржы ағыны азайған сәтте жүйе бірден құлдырайды.Осы өзекті мәселелер «AFM online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форумда талқыланды. Іс-шара Қонаев қаласының Мәдениет үйінде өтті. Форумды мемлекеттік органдардың, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық белсенділер мен құқық қорғау органдарының, сондай-ақ медиа саласының өкілдері ұйымдастырды. Форумға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау, білім, экономика салалары мен Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері қатысты.Өз сөзінде облыс әкімі азаматтардың күмәнді схемаларға тартылуына олардың жылдам байып кетуге деген ұмтылысы себеп екенін атап өтті. Бұл үрдіске микрокредит беру көлемінің өсуі мен халықтың қарыздық жүктемесінің артуы да әсер етуде.—" Адамдар бұрынғы несиесін жабу үшін жаңасын алады, онлайн-казиноларға қатысады немесе қаржы пирамидаларына енеді. Алайда мұндай әрекеттердің арты ауыр құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін", — деді Марат Сұлтанғазиев.Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру және шетелдік, отандық инвесторларды тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Алайда жастар мен әлеуметтік осал топтар арасында қаржылық сауаттылықты арттырмайынша, бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес.Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжанов цифрлық трансформация жағдайында алаяқтар заманауи технологияларды заңсыз схемаларды жүзеге асыру құралына айналдырып отырғанын жеткізді.— "Біз қаржылық сауатсыздықтың салдарымен күн сайын бетпе-бет келеміз: заңсыз инвестициялық жобалардан бастап несие беру саласындағы заңбұзушылықтарға дейін. Бүгінде басты ресурс – білім. Мемлекет басшысы атап өткендей, экономика мен қаржы негіздерін меңгеру, цифрлық дағдыларға ие болу – өмірлік қажеттілікке айналды", — деді ол.Форумда қатысушылар ерекше назарды «дроппер» деп аталатын тұлғаларға — яғни өздерінің жеке деректерін немесе банк карталарын қылмыскерлерге пайдалануға берген азаматтарға аударды. Көп жағдайда олар өз рөлін толық түсінбей, оңай табысқа қызығып келісім береді. Алайда бұл әрекеттер қылмыстық іске қатысы бар деп бағаланып, Қазақстанда ондап саналатын жастар нақты сот үкімдерімен бас бостандығынан айырылды.Форумға 200-ге жуық қатысушы жиналды. Шара барысында криптовалюталық пирамидалар, әлеуметтік желілердегі фейк ұсыныстар, жасанды интеллект арқылы жасалған жалған сайттар мен бейне-аудио материалдар сияқты цифрлық алаяқтықтың өзекті түрлері қарастырылды.Қазақстанда мұндай заңсыз схемалармен күрес бірнеше деңгейде жүргізілуде. 2024 жылдың өзінде қаржы пирамидаларын құру деректері бойынша 82 қылмыстық іс қозғалып, келтірілген залал көлемі 5,4 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар, халық арасында ақпараттық-түсіндіру және оқыту шаралары да жүзеге асырылуда. Қаржы министрлігінің дерегі бойынша өткен жылдың күзінде еліміздің қалалары мен ауылдарында 5 мыңнан астам азамат арнайы оқудан өтті.Fingramota Online секілді онлайн платформалар азаматтарға пирамидаларды тану тәсілдері мен әрекет ету алгоритмдері туралы сенімді ақпарат ұсынады.Форумға қатысушылар қоғамда қаржылық қауіпсіздік дағдыларын, сыни ойлауды және ақпараттық гигиенаны қалыптастырудың маңызын атап өтті. Қаржылық қауіпсіздік – бұл тек пайыздық мөлшерлемелер мен экономикалық терминдерді білу ғана емес. Бұл – ақпаратты тексере білу, тәуекелдерді бағамдау және қажет кезде көмекке жүгіну қабілеті. Осы тәсіл ғана ниеті жаман адамдардың арбауына түсіп қалудан қорғай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1024716?lang=kk
Ақтөбеде Қорғаныс министрі «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті 26.06.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны ашылған күні қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жасарбаздықтармен кездесті. Қорғаныс министрі ел тарихы мен оның рухани мұрасына ұқыпты қарау қажеттігін, сондай-ақ қазақ батырларының ерлік дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов балаларға белсенді өмірлік ұстанымы, әскери-қолданбалы пәндерді табысты меңгергені және жеңімпаз болуға ұмтылғаны үшін алғыс білдірді. – Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. Оны көздің қарашығындай сақтау – әр азаматтың міндеті. Сендер нағыз патриотсыңдар. Бүгінгі жиынға қатысу үшін мұқият іріктеуден өттіңдер. Дүбірлі додада жоғары нәтиже мен жеңіс тілеймін, – деді ол.Жылы шырайлы жүздесуде Қорғаныс министрі «Жас сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілерінің сұрақтарына жауап беріп, оларға сәттілік тіледі.Ақтөбеде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командаларының жарыстары өтіп жатқанын естеріңізге саламыз. Қытайлық делегация жиынға бақылаушы ретінде қатысуда.Жиынның ашылу күні қонақтар мен қатысушыларға тартымды мәдени-танымдық бағдарлама дайындалды. Шара аясында қазақстандық «Жас сарбаз» балалар үрмелі аспаптар оркестрінің тұсаукесері өтті.Мерекелік концерттен соң әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған көрмеге қатысты. Қатысушы мемлекеттердің атынан «Айбын – достық мекені» атты мобильді интерактивті көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен елімізде тұратын этностардың түрлі мәдениеттерімен және салт-дәстүрлерімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1024678?lang=kk
СӘИЖ СТК кезең-кезеңімен іске қосу 26.06.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті хабарлайды: 2025 жылғы 26 маусымнан бастап ИСНА жаңа Салық төлеуші кабинетінде қолжетімді: Декларациялар: ККС (110.00), көлік/мүлік/жер салығы (700.00), ойын бизнесі салығы (710.00), тіркелген шегерімі бар СНР (912.00);Ағымдағы төлемдер есептері (701.00, 701.01);Шетелден қаражат/мүлік алу туралы хабарламалар мен мәліметтер.⠀Кіру: https://knp.kgd.gov.kzНұсқаулықтар – Қолдау → Анықтамалық ақпарат бөлімінде.Сұрақтар бойынша: knpsd@ecc.kz, 8(7172)73-55-11, +7(705)956-53-71.⠀ИСНА іске қосылуына байланысты бұл формаларды ескі КНП және СОНО арқылы тапсыру мүмкін болмайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1024645?lang=kk
«Keden» АЖ жүйесінде мемлекеттік өнім туралы куәлікті беру функциясының іске қосылуы: мүдделі тұлғалар үшін енгізілген өзгерістер 26.06.2025
«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен берлесіп өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан-әрі – ӨМТК) беру жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:2025 жылғы 23 маусымнан бастап ӨМТК өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 20 маусымда сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде ӨМТК алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/57621 – зияткерлік меншік объектілері үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1024741?lang=kk
РФ кіру шарттарының өзгеруі 26.06.2025
РФ кіру шарттарының өзгеруіРесей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей Федерациясына кіру және шығу шарттарын апробациялау бойынша эксперимент басталды.Эксперименттің мақсаты — шетел азаматының цифрлық профилін жасау, оны екі кезеңде іске асыру көзделуде.Бірінші кезең 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 маусымға дейін келесі халықаралық әуежайларда өткізіледі: Шереметьево, Домодедово, Внуково, Жуковский (Мәскеу облысы), сондай-ақ Самара облысындағы «Алексеевка» автомобиль өткізу пунктінде. Аталған орындарда биометриялық деректер (бет бейнесі мен саусақ іздері) жиналады.Екінші кезең 2025 жылғы 30 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды.Сонымен қатар, Ресей Федерациясына визасыз тәртіппен (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары, Беларусь Республикасынан басқа) кіретін шетел азаматтары кіру күнінен кемінде 72 сағат бұрын немесе кіргеннен кейін 4 сағат ішінде «цифрлық профиль» арқылы тіркеуден өтуге міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1024664?lang=kk