Әлем
Алматы әкімі мердігерлерге бақылауды күшейтуді тапсырып, тұрғындардың өтініштері бойынша нақты нұсқаулар берді 21.06.2025
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралап шықты. «Нұршашқан» шағын ауданында қала әкімі ауызсу, кәріз және электр желілері бойынша инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылып жатқан «Нығмет» скверіндегі жұмыстармен танысты. Тұрғындар жарықтың жиі сөніп қалуы мен судың тұрақсыз берілуі мәселесін көтерді. «Подстанцияны шеңберлі жүйеге қоспайынша, қуат көзі тұрақты болмайды, бұл туралы маған енді ғана баяндалып отыр. Мұнда станция салынды, енді желіні қосу қажет. Халық тұратын аумақ арқылы өткізуге тұрғындар қарсы болған, бірақ қазір келісімге келген», - деп түсіндірді Дархан Сатыбалды. Сумен жабдықтау бойынша жобадағы кемшіліктерге байланысты қала әкімі қазіргі мердігермен жұмысты аяқтауды және мерзім бұзылған жағдайда басқа ұйымды тартуды тапсырды. «Бұл жобаны жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау қажет», - деп атап өтті қала басшысы. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілі «Тұздыбастау» шағын ауданында осы айдың соңына дейін шеңберлі жүйе толық аяқталатынын хабарлады. Тұрғындар шағынаудандағы өзекті мәселелерге мән беріп, толыққанды ақпарат бергені үшін әкімге алғыс білдірді. Сапар барысында Огарев көшесінде салынып жатқан балабақша мен Шығармашылықты дамыту орталығының жобалары қаралды. Санитарлық-қорғау аймағы шегерімдерін ескере отырып, нысандардың жобалық параметрлерін қалалық құрылыс талаптары мен қадағалаушы органдардың қорытындыларына сәйкес қайта қарау тапсырылды. «Әлмерек» және «Маяк» шағын аудандарында әкім су, кәріз желілерін тарту және электр желілерін жаңарту жобаларымен танысты. Сонымен қатар, отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен балабақшаның құрылыс учаскелері де тексерілді. Ауданның көлік байланысын жақсартуға маңызды әсер беретін Кіші Алматы өзені арқылы өтетін көпір өткелінің аяқталуына ерекше назар аударылды. Қала басшысы аудан әкімдігі өкілдеріне: «Өзендегі жағдай қандай? Көктемгі тасқын кезінде жағдай қалай болады?» - деген нақты сұрақтарды қойды.Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров өзен арнасы ирек болғанымен, тасқын суға қатысты еш қиындық жоқ екенін мәлімдеді.Осы ретте қала әкімі жағалау аумағын абаттандырудың маңыздылығын атап өтті. Талқылау кезінде өзен арнасын бекіту жұмыстары туралы да айтылды. Бұл жөнінде әкім:«Мен өз басым жасыл желек пен қоғамдық кеңістіктердің көбірек болғанын қолдаймын. Бұл халықтың мәдениетін өзгертеді деп сенемін», - деді Дархан Сатыбалды.Майлин көшесіндегі «Авиатор» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында әкім болашақ спорт кешенінің жобасымен танысты. Онда бассейн мен әмбебап спорт залы қарастырылған. Жоба бойынша бұл кешен тәулігіне 1300-ге дейін келушіні қабылдай алады.Қонаев атындағы жоспарлы кварталда әкім «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 260 орындық балабақша мен тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Инженерлік желілерге қосылу және абаттандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.«Нысандар сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тиіс. Жұмыс кестесін бұзатын мердігерлер жауапкершілікке тартылады.», - деді қала басшысы.Сондай-ақ Хмельницкий көшесін Талғар тас жолына дейін жалғастыру жобасы да қаралды. Бұл жоба қаланың шығыс бөлігіндегі көлік жүктемесін азайтып, қолжетімділікті арттыруға бағытталған.«Бұл - қозғалыстың маңызды күретамыры. Жобаның жүзеге асырылуы созбалаңға салынбауы керек. Мерзім мен сапа – менің жеке бақылауымда», - деп атап өтті әкім.Кездесу барысында Қонаев ПК аумағындағы бес үйдің тұрғындары әлі күнге дейін кәрізден шыққан жағымсыз иістің барын айтып, үйлерінде газдың жоқтығын да көтерді. Бұл мәселелер бойынша қала әкімі тиісті орындарға себебін анықтап, мәселені шешуді тапсырды.Автобус бағыттарының жетіспеушілігі туралы сұраққа Алматы әкімі қоғамдық көлік жүйесі туралы толық мәлімет беріп, тұрғындар ұсынысы жаңа маршруттық сызбаны әзірлеу кезінде ескерілетінін айтты.Жеке тұрғын үй секторының бір тұрғыны жолдардың тоғанын алға тартты. Дархан Сатыбалды бұл мәселе жауапсыз мердігерлердің әрекетімен байланысты екенін жеткізді.«Мен өзім ауламен жүріп өттім, тұрғындардың неге тап болатынын көзіммен көрдім. Мұндай мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс», - деді әкім.Кездесу соңында қала басшысы мердігер ұйымдарға бақылаудың күшейтілетінін және тұрғындар көтерген әрбір мәселе белгіленген мерзімде шешілуі тиіс екенін атап өтті.Сапар қорытындысында Дархан Сатыбалды бірқатар нақты тапсырмалар беріп, кешігулерді болдырмау, мердігерлерге бақылауды күшейту және барлық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді. Сонымен қатар, қалада жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру әр жобаның жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асуынан басталатынын еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1017580?lang=kk
Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайы салынады 21.06.2025
Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайы салынады2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Жобаны Ұлытау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Архдизстрой» ЖШС әзірлеген. Құрылыстың барлық шығынын Болат Өтемұратов қоры өз мойнына алып, жобаны бастан аяқ жүргізбек. Жаңа Оқушылар сарайы заманауи сәулеттік және білім беру стандарттарына сай болады және өсіп келе жатқан ұрпақтың қабілеті мен талантын дамытуға арналған маңызды алаңға айналады. Жоба – өңір жастарының білімді, белсенді және шығармашыл болып қалыптасуына қолдау көрсетуді мақсат етеді.Құрылысты 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1017582?lang=kk
Құрметті медицина қызметкерлері! 21.06.2025
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Біз дәрігерлеріміз бен мейіргерлеріміздің жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз, олар жыл сайын жүздеген мың науқасты қабылдап, миллиондаған жедел жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетіп, мыңдаған күрделі операцияларды сәтті жасап, сәбилердің аман-есен дүниеге келуіне көмектесіп келеді.Ұлт денсаулығын нығайту - мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі.Қазақстанда медицинаның бірнеше бағыты халықаралық деңгейде табысты бәсекеге қабілетті. Бүгінде еліміздің әрбір тұрғынына медициналық-санитариялық алғашқы көмек те, жоғары технологиялық медициналық қызметтер де қолжетімді.Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол оптимизм, құрмет пен амандық тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1017584?lang=kk
Астанада «Күй» спектаклінің премьерасы өтті 21.06.2025
2025 жылдың 14 маусымында күндері Қалибек Қуанышбаев Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесі негізінде сахналанған драмалық қойылымның премьерасын ұсынды.Көрнекті қаламгердің терең философиялық туындысы театр сахнасында ерекше интерпретациямен көрерменге жол тартты.Қойылым театрдың халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтті.Туындыда басты кейіпкер Жөнейіт ыза-кекпен арпалысып, жан азабын тартады. Билік пен ар арасындағы тартыс та сахнада шебер суреттеледі.Қойылым көрерменге терең ой салып, ұлттық өнердің құдіретін сезіндіріп, ерекше әсер сыйлады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1017590?lang=kk
Медицина қызметкері күні құтты болсын! 21.06.2025
Медицина қызметкері күніне орай "AMANAT" партиясының алаңында өткен Қарағанды облысының мамандарын салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің атынан акушерлік-гинекологиялық бейіндегі тәуелсіз сарапшыларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.Департамент басшысы Ольга Смирнова сарапшыларға алғыс сөздерімен жүгінді. Ол олардың маңызды және жауапты жұмысын, жоғары кәсібилігін, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру кезіндегі бей-жай еместігі мен принциптілігін, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық шешімдерді әзірлеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.Департамент барлық тәуелсіз сарапшыларға жанқиярлық еңбегі, іске берілгендігі және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-karagandy/press/news/details/1017591?lang=kk
Департамент қызметкерлерін "Медицина қызметкерлері күніне" құттықтау 21.06.2025
2025 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне Медицина қызметкері күнін мерекелеу шеңберінде Денсаулық сақтау министрінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша МФБКД ведомстволық наградалары мен грамоталары табыс етілді."Денсаулық сақтау үздігі" Құрмет белгісімен Департамент басшысының орынбасары Сабина Нагметуллина марапатталды.Наградтау орындалған жұмысы үшін, сондай-ақ жүктелген міндеттер шеңберінде көрсетілген бастамасы мен қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтылысы үшін МФБКД ұжымын көтермелеу мақсатында өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-karagandy/press/news/details/1017592?lang=kk
Қарағанды облысында жылдың үздік медицина қызметкерлері марапатталды 21.06.2025
42 отметок "Нравится"dkmfk_krg.oblКәсіби мереке — Медицина қызметкері күні қарсаңында Қарағанды облысы әкімінің Денсаулық сақтау саласындағы сыйлығы салтанатты түрде тапсырылды."Фармацевтикалық қызметтің үздік маманы" номинациясында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Дарья Евгеньевна Росовская марапатталды.20 жылдық қызмет барысында алғаш рет біздің жұмысымыз облыс деңгейінде осындай жоғары бағаға ие болды!Бұл марапат - Дарья Евгеньевнаның жеке марапаты ғана емес, сонымен қатар аймақтың бүкіл медициналық және фармацевтикалық бақылау қызметінің жұмысына құрмет белгісі.Мереке құтты болсын, әріптестер! Әркімнің еңбегі байқалып, бағалансын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-karagandy/press/news/details/1017593?lang=kk
Түркістан облысында 280 мың құсты қамтитын құс фабрикасы іске қосылады 21.06.2025
2025 жылы Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ет бағытындағы заманауи құс фабрикасы – “Eco-Chiken” ЖШС жұмысын бастайды. Құны 2,5 млрд теңге болатын жаңа инвестициялық жоба 280 мың құсты ұстауға есептелген және өңірдегі агроөнеркәсіптік кешендегі ірі нысандардың біріне айналмақ.Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін облыс ішіндегі сұранысты қамтып қана қоймай, еліміздің нарығына да шығып, сапалы құс етін бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу жоспарлап отыр.Жоба Сауран ауданын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Жалпы, 2024 жылы ауданда жалпы құны 16,4 млрд теңге болатын 13 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.Маңызды жобалардың бірі ретінде биылғы жылдың соңына дейін аяқталатын, “Ақ Сауран” ЖШС жүзеге асырып жатқан жаңбырлатып суару әдісіне негізделген суару жүйесінің құрылысын атап өтуге болады. Аталған жобаға салынған инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге. Жоба су ресурстарын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған.Бұдан бөлек, ауданда бордақылау алаңдары мен жылыжай кешендері де белсенді дамып келеді. Бұл өз кезегінде өңірдегі ауыл шаруашылығының тұрақты өсуіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1017594?lang=kk
Ақтөбеде медициналық ұйымдарға көліктер, ал дәрігерлерге қызметтік пәтер кілттері табысталды 21.06.2025
Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы ғимаратының алдында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.Салтанатты рәсім аясында 15 медициналық ұйымға жаңа жедел жәрдем көліктері беріліп, 4 дәрігерге қызметтік пәтер кілттері табысталды. Саладағы үздік мамандар республикалық және өңірлік деңгейдегі марапаттарға, «Ерен еңбегі» медаліне, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдік және кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев, «QAMQOR» кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр, саланың ардагерлері мен өңірдің медициналық қауымдастығының өкілдері қатысты.Бұл күн тек мереке ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығы мен өмірін қорғап жүрген барлық мамандардың еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017550?lang=kk
“ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР”: ОРАЛДА ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ 21.06.2025
Орал қаласында Әкелер күніне орай балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің әкімшілік қызметкерлері мен олардың 10–12 жас аралығындағы ұлдарының қатысуымен “Әке көрген оқ жонар” атты отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды.📌 Сайысқа 30-ға жуық қатысушы қатысты.Жеңімпаз командалар төмендегідей анықталды:🥇 І орын — Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі (Баймагамбетов Лесбек, Жақсылық Айқын)🥈 ІІ орын — Облыстық қысқы спорт түрлері БЖСМ (Зайнуллин Габбас, Жазылбеков Арман)🥉 ІІІ орын — Облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв БЖСМ (Кенжегалиев Азамат, Кенжегалиев Нурасыл)🏆 Арнайы номинациялар бойынша:🔹 «Жеңіске деген жігерлік» — Гарапша Алиби мен Ануарбек Самғат🔹 «Ардагер қатысушы» — Құрмашев Қазболат🔹 «Ең жас қатысушы» — Бақытжан ӘлирахманБарша жеңімпаздарды құттықтаймыз!✊⸻#bqo_sport #ОтбасылықҚұндылық #СпортЖәнеТәрбие #Орал2025Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1017606?lang=kk
ОРАЛДА ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ! 🎯 21.06.2025
Орал қаласында ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.⠀📌 Айтулы чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен келген 270-ке жуық үздік мерген қатысып, өз бақтарын сынға салуда.⠀⚜️Салтанатты шараға:🔹 «Sadaq aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов;🔹 Жарыстың бас төрешісі, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Абаған Мұхтархан;🔹 БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Ищанов Асхат;🔹 Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Байбатыров Ерболатқатысып, додаға қатысушы мергендерге сәттілік тіледі. 🤝🏹⠀📅 Айта кетсек, дәстүрлі садақ атудан ел чемпионаты маусым айының 16 күні өз мәресіне жетеді._____#bqo_sport #дәстүрлісдақ #ересектерарасында #қрчемпионаты #орал2025 #ұлттықрух #қазақмергені 🏹🇰🇿💪Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1017607?lang=kk
Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті 21.06.2025
15 маусым – Әкелер күніне орай Мойынқұм ауданында рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйіндегі Коворкинг орталығында өткен кездесудің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттап, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, жастарды тәрбиелік бағытта қолдау болды.Іс-шараға ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкінбаев, ауыл жастары мен тұрғындар қатысты. Сонымен бірге аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жамбылов жастармен кездесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.Кездесу барысында жастар мен әкелер ашық сұхбат құрып, отбасыдағы әкенің рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі жөнінде өзара пікір алмасты. Ардагерлер мен қоғам белсенділері жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды ойларын ортаға салды.Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, мұндай рухани бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1017608?lang=kk
Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні 21.06.2025
Құрметті медицина қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Адам өмірі мен денсаулығы – баға жетпес байлық. Ал сол байлықты сақтауға, адамға үміт пен өмір сыйлауға бар күш-жігерін арнап жүрген сіздерге алғыс пен құрмет шексіз.Медицина саласы – терең білім мен шыдамдылықты, мейірім мен жанашырлықты қажет ететін жауапты әрі қастерлі мамандық. Әсіресе соңғы жылдарда қоғам дәрігердің қадірін терең түсінді. Сіздер күндіз-түні тыным таппай, әр науқастың жанына шипа, жүрегіне сенім сыйлап келесіздер.Мойынқұм ауданы бойынша талай жанға араша болып, денсаулық саласының дамуына үлес қосып жүрген барлық дәрігерлерге, медбикелер мен сала ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.Сіздердің адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен биік адамгершілік қасиеттеріңіз әрдайым құрметке лайық.Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық, қажымас қайрат пен табыс тілеймін! Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!Ізгі тілекпен, Мойынқұм ауданының әкіміЕрмек Амангелдіұлы КарентаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1017609?lang=kk
Фельдшерлер – күнделікті батырлар 21.06.2025
Медицина қызметкері күніне арналған жарияланымдар сериясын жалғастыра отырып, біз шұғыл көмек көрсетіп, адам өмірін құтқарумен айналысатын мамандар туралы әңгімелейміз. Бұл фельдшерлер, олар үшін шақырту – бұл жай ғана жұмыс емес, адамдарға қиын жағдайда көмек көрсетуге бағытталған күнделікті миссия. Қуаныш Екараев – Апаттар медицинасы орталығының Алматы қ. бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері. Медицина саласында 26 жылдан астам еңбек етіп келеді, оның 19 жылы – апаттар медицинасы орталығында. Республикалық ірі оқу-жаттығуларға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысып, 100-ден астам шақыртуда көмек көрсетті. 2021 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстың салдарын жоюға қатысты. 2023 жылдың қыркүйегінде ол Фурманов шыңына барып, таулы, қиын жер бедерінде жарақат алған әйелге шұғыл көмек көрсетті. Мұндай жағдайда жұмыс істеу тек кәсіби шеберлікті емес, жоғары физикалық дайындықты да талап етеді. Ол мол тәжірибесі бар білікті маман, әріптестері арасында үлкен құрметке ие. ТЖМ басшылығынан бірнеше рет алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталған. Жайылхан Өтеналиев – Алматы облысындағы «Құрты» трассалық медициналық-құтқару пунктінің аға фельдшері. 2015 жылдан бастап төтенше жағдайлар медицинасы жүйесінде қызмет атқарып келеді. Ол – жол бойындағы жедел көмек көрсету шебері, көмек дәл қазір, осы жерде қажет болған сәтте қызмет етеді. Жайылхан – мықты мінезді, мейірімді жан. Әріптестері оны кәсібилігі мен сенімділігі үшін бағалайды, ал пациенттер – қиын сәттерде көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс білдіреді. Ақниет Сайпырханов – Алматы облысындағы «Жаңа-Арна» трассалық медициналық-құтқару пунктінің аға фельдшері. Жас болса да, жүрегі кең маман. 2020 жылдан бері Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істеп келеді. Жол-көлік оқиғалары мен басқа да төтенше жағдайлар болған жерге бірінші болып жетеді. Әскердегі қызметі оның мінезін шыңдады. Бүгінде Ақниет – кәсібилік, ерлік пен адамгершіліктің үйлесімі, кез келген сәтте алғы шепте тұратын, өз ісіне адал маман. Дана Досқалиева – Апаттар медицинасы орталығының Атырау облысы бойынша филиалының фельдшер-диспетчері. Мамандықта 25 жылдан астам, оның 2010 жылдан бері Апаттар медицинасы орталығында еңбек етіп келеді. Диспетчерлік қызметіне қарамастан, Дана төтенше жағдайлар кезінде де шақыртуларға шығып, өрт, су тасқыны сияқты апаттарда зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Ол – білімі мен тәжірибесі мол кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ мейірімді, сабырлы, жанашыр жан. Әріптестері оны жауапкершілігі мен іскерлігі үшін құрметтейді, ал зардап шеккендер – сенім мен жылулық үшін алғыс білдіреді. Дархан Жақыпов – Апаттар медицинасы орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының фельдшері. 6 жыл ішінде өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Ондаған құтқару операциясына қатысты. Оның кәсіби біліктілігі, шешім қабылдауы және сыни жағдайларда салқынқандылығы адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Дархан – сын сағатта салқынқандылық танытып, секундтар санаулы болғанда шешім қабылдай білетін фельдшер. Әріптестері оны сенімділігі мен жанкештілігі үшін бағалайды, ал науқастар – оның сабырлы мінезінен дем алады. Ол – кез келген сәтте арқа сүйеуге болатын адам. Тары Манат – Апаттар медицинасы орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының фельдшері. Күнделікті медициналық жұмыстан бөлек, халықты алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретумен белсенді айналысады. Оның сабақтары түсінікті әрі қызықты, ол күрделі ақпаратты қарапайым тілмен жеткізе біледі. Манат – тек көмек көрсетіп қана қоймай, өзгелерге де өмірді қалай құтқаруға болатынын үйрететін маман. Оның білімі, мейірімділігі мен тәжірибе бөлісуге деген ынтасы оны нағыз ұстаз, беделді маман етеді. Адамдарға көмек көрсету – оның шынайы өмірлік миссиясы. Фельдшерлер – бұл жай медицина қызметкері ғана емес. Бұл – әрбір адам өмірі үшін күрес жолындағы батылдық пен жанкештіліктің көрінісі. Біз олардың әрқайсысын мақтан тұтамыз және кәсібіне деген адалдығы, ерлігі мен жан жылуы үшін алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1017610?lang=kk
Қазақстанда Әкелер күні аталып өтіп жатыр 21.06.2025
2023 жылдан бастап маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда ресми түрде Әкелер күні атап өтіледі. Әкелер – күнделікті өмірдің шынайы қаһармандары. Олар – балалары мен отбасысы үшін күш-қуаттың, даналық пен жауапкершіліктің қайнар көзі. Әке – тек асыраушы ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін рухани тірек.Қазақ халқы әкені әрдайым отбасының тірегі, кеңесшісі әрі қамқор тәрбиеші ретінде бағалаған. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов: «Әке – асқар тау» деп тамаша айтып кеткен. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин де бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін ерекше атап көрсеткен: «Балалардың тәрбиесіне бірінші кезекте олардың ата-аналары, әсіресе – әкелері жауапты».Әкелердің қолдауы мен қамқорлығы – әрбір баланың және тұтас қоғамның болашағы үшін берік негіз қалыптастырады.Айта кету керек, Қазақстанда заңнамалық тұрғыда әкелердің бала күтіміне байланысты демалыс алу құқығы бекітілген. Бұл – отбасындағы теңдік пен өзара қолдаудың айқын көрінісі.Елімізде әке институтын дамыту – отбасылық және гендерлік саясаттың маңызды бағыты. Бұл міндет 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында көрініс тапқан және осы бағытта нақты шаралар қабылдануда.Әке институтын қолдау мақсатында жыл сайын 7 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 600 мыңнан астам адамды қамтиды. Биыл да әкелер мен балалардың бірлескен демалысын ұйымдастыруға бағытталған ауқымды шаралар – спорттық турнирлер, тақырыптық концерттер, театр қойылымдары өтуде.2012 жылдан бері елімізде республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі табысты жұмыс істеп келеді. Бұл – еліміздің барлық өңірлерінен жиналған белсенді әкелерді біріктіретін алаң. Мектептер жанынан 500-ден астам әкелер кеңесі, балабақшаларда әкелер клубтары құрылып, олар отбасы мен бала тәрбиесіне белсенді қатысып келеді.«Әкелер одағы» бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда, олардың қатарында: «Аламан» әкелер футбол лигасы, «Әкелер апталығы», «Саналы әке» тренингтері, зорлық-зомбылықпен күреске арналған Орталық Азия семинары, «Ерекше балалардың ерекше әкелері» бағдарламасы, жалғызбасты әкелерге қолдау көрсету, «Бала Толағай» атты әкелер мен балалар арасындағы спорттық жарыстар бар.«Әкелер одағының» бастамасымен және Ұлттық комиссияның қолдауымен Республикалық әкелер форумы өткізіледі – бұл отбасы құндылықтарын нығайту мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.Айта кетерлігі, VII Республикалық форум қатысушыларының бастамасымен бүгінгі мереке – Әкелер күні – елімізде ресми түрде бекітілді.Биыл 10-шы мерейтойлық Республикалық форум өтті. Бұл – елдің түкпір-түкпірінен белсенді азаматтар мен әкелерді біріктіретін жыл сайынғы маңызды шара. Форум аясында бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер, қазіргі заманғы отбасындағы әкенің рөлі, жауапты әке болудың үздік тәжірибелері талқыланды. Соңғы 10 жылда бұл форумға 3 мыңнан астам белсенді әке қатысты.Әке институтының дамуы өз жемісін беруде. Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 75%-дан астамы бүгінгі таңда әке мен бала арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан әлдеқайда сенімді бола түскенін атап өтуде. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1017611?lang=kk
Аудан әкімі Құрық ауылында жүрмелі кеңес өткізді 21.06.2025
⚜Аудан әкімі Сымбат Төретаев Құрық ауылында жүрмелі кеңес өткізді. Бірқатар нысандарды аралап, өзекті мәселелерге назар аударды. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары және жауапты мекеме өкілдері қатысты.⚜Іс-сапар «Жолболдин» саябағынан басталды. Аудан басшысы саябақты абаттандыру жұмыстарын жеделдетуді, тазалыққа ерекше көңіл бөліп, суару жүйесін ретке келтіруді тапсырды.⚜Келесі нысан 1-шағын ауданда салынып жатқан ашық спорт алаңы болды. Мұнда аудан әкімі құрылыс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына баға берді.⚜Жүрмелі кеңес барысында «КМНГР» саябағы да назардан тыс қалмады. Аталған саябақ тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып үлгерген. Қазіргі уақытта саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы жұмыс қарқынын арттырып, қосымша еңбек тобын жұмылдыру арқылы саябақты толық көгалдандыруды тапсырды.⚜Сапар аясында су резервуарларының құрылыс барысына мониторинг жүргізілді. Қазіргі таңда шалғай орналасқан екі көшені сумен қамту жұмыстары аяқталуға жақын.⚜Шомылу маусымының басталуына байланысты аудан әкімі төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, теңіз жағалауындағы «Жағажай» демалыс орнында болып, шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, жағажай аумағының тазалығы мен жарықтандыру мәселесі бойынша ауыл әкіміне нақты міндеттер жүктелді.Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1017612?lang=kk
Дәстүрлі садақ атудан IV республикалық чемпионат – ұлттық ойындардың дамуына қосқан үлес 21.06.2025
Ұлт рухын ұлықтаған мергендер сайысы 18 өңірден 270 спортшыны біріктірді 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласы тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болды. Мұнда ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.Ұлттың өткенін ұлықтап, рухани тұғырын биіктететін бұл бірегей додаға еліміздің 18 өңірінен 270-ке жуық таңдаулы мерген жиналды. Бұл көрсеткіш – ұлттық спортқа деген қызығушылықтың, әрі оны дамытуға бағытталған нақты қадамдардың нәтижесі.Садақ ату – тек спорт емес. Бұл — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан төл мұра, жауынгерлік өнер мен рухани тектіліктің символы. Бүгінде бұл өнер жаңа серпін алып, спорт түрі ретінде қарқынды дамып келеді.Чемпионат — осы үрдістің айғағы. Жарыс аясында қатысушылар ежелгі садақ түрлері мен оқ ату әдістерін меңгеріп, шеберліктерін ортаға салуда. Әрбір оқ — дәлдік қана емес, тарихпен тілдесу, ата-баба рухымен үндесу.Турнирдің бағдарламасына бірнеше күрделі және дәстүрлі нысаналар енгізілген. Әр нысана — ежелгі жекпе-жек немесе аңшылық дәстүрдің көрінісі:Пута нысанасы — 9 оқ, 7 мүмкіндікҚалқан нысанасы — 9 оқ, 7 мүмкіндікОрта Азия нысанасы — 6 оқ, 6 мүмкіндікЖамбы нысанасы — 5 оқ, 5 мүмкіндікЖарыс барысында мергендер тек спорттық дағдысын ғана емес, шыдамдылық, зейін, сабыр мен үйлесімді қимыл секілді қасиеттерді де паш етеді.Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне ел көлемінде ұлттық спортты дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар белгілі тұлғалар қатысты. Олар қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық өнердің өрістеуіне атсалысып жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді.Салтанатты рәсімде сөз алған «Sadaq Aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов ұлттық спорттың мән-маңызы туралы былай деді:«Дәстүрлі садақ ату — біздің тарихи болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұл — тек дене жаттығуы емес, рух тәрбиесі. Біз тек мергендер жарысын өткізіп жатқан жоқпыз, біз ұлттың рухын оятатын, тамырымызға қайта жан бітіретін шара ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі чемпионат — жастарға ұлттық құндылықтарды сіңірудің нақты жолы»Чемпионаттың жоғары деңгейде өтуіне Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясы және «Sadaq Aty» республикалық федерациясы ұйытқы болды.Жарыс 16 маусым күні өз мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1017527?lang=kk
Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Мұнайшы және Жетібай ауылдарында жүрмелі кеңес өткізді 21.06.2025
⚜ 14 маусым күні аудан әкімі Сымбат Төретаев Мұнайшы және Жетібай ауылдарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жүрмелі кеңес өткізді.⚜️Ең алдымен Мұнайшы ауылындағы салынып жатқан қоғамдық кеңістік пен стелланың құрылысымен танысты. Ол аталған нысандардың сапалы әрі ұзақ мерзімге жарамды болуы керектігін баса айтып, жұмыс барысына бірнеше ұсыныс енгізді. Сонымен қатар, сапалы әрі тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.⚜️Аудан басшысы одан кейін ангар типті спорт зал нысанына барып, көгалдандыру мен жарықтандыру жұмыстарын толық аяқтауды жүктеді. Ауыл тазалығына ерекше назар аударылып, жарықтандыру жүйесіне қатысты мониторинг жүргізілді.- Әрбір басталған жұмыс – халықтың игілігі үшін. Сондықтан әр нысан сапалы әрі уақытылы аяқталуы тиіс. Біз ауылдарымыздың дамуын тек сыртқы келбетпен емес, шынайы өмір сапасының жақсаруымен өлшеуіміз керек,- деді аудан әкімі Сымбат Төретаев.⚜️Жүрмелі кеңес Жетібай ауылындағы ангар типті спорт залда жалғасын тапты. Нысан құрылысы толық аяқталып, тек көгалдандыру жұмыстары ғана қалған. Аудан әкімі бұл жұмыстарды мерзімінде аяқтауды міндеттеді.⚜️Сонымен қатар, Жетібай ауылындағы арбат жобасының жүзеге асу барысымен танысып, оң бағасын берді. Аталған учаскеде жұмыс күшін көбейтіп, жұмыстардың қарқынын арттыру қажеттігі айтылды.⚜️Ауыл ішіндегі санитарлық тазалық бойынша мекеме басшыларымен бірге рейд жүргізіліп, бірнеше сын-ескертпелер айтылды. Тиісті басшыларға нақты тапсырмалар беріліп, атқарылатын жұмыстардың сапасы мен мерзімі әкім бақылауында болатыны ескертілді.⚜️Бұл сапар — Қарақия ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы жүйелі жұмыстың жалғасы.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1017614?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілер citizensec.kz платформасында киберсауаттылық бойынша оқудан өтеді 21.06.2025
Маусым айының соңына дейін ҚР орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері citizensec.kz порталында арнайы онлайн-оқудан өтіп, цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттырады.Бұл білім беру бастамасы кибергигиена мәдениетін нығайтуға және ірі деректермен жұмыс істеу барысында адами факторға байланысты қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған.Бағдарлама шамамен 7 сағаттық бейнесабақтарды қамтиды. Онда жеке деректерді қорғау, фишингтік шабуылдарды тану, цифрлық этика, сенімді құпиясөздермен жұмыс істеу және басқа да маңызды тақырыптар қарастырылған. Курстар жеке өтуге ыңғайлы форматта ұсынылған, ал материалдар сала мамандарымен қатар мемлекеттік органдардың басшыларына да бейімделген. Оларға ұйымдарда ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құру бойынша арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірленген.«Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығы — бұл тек қауіпсіздік негіздерін білу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік IT-инфрақұрылымның сенімділігінің іргетасы. Біз цифрлық ортада саналы әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға ұмтыламыз», — деді ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілі.Оқу мыңдаған қызметкерлерді қамтиды, олардың қатарында аса маңызды мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және азаматтардың жеке деректерімен жұмыс істейтін мамандар да бар. Бұл бастама киберқауіптерге қарсы тұрақты алдын алу жұмыстары аясында іске асырылуда. Оның аясында онлайн-курстармен қатар офлайн-семинарлар, тренингтер және ақпараттық-түсіндіру шаралары өтеді.Халықаралық зерттеулер деректеріне сәйкес, киберкеңістіктегі оқиғалардың 80%-ға жуығы адами қателіктерден туындайтыны анықталған. Пайдаланушылардың хабардар болу деңгейін арттыру — цифрлық жүйелерді қорғаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.Citizensec.kz платформасы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген және ақпараттық қауіпсіздік мамандарын даярлау бойынша заманауи әдістемелерге сай келеді.Киберсауаттылықты арттыру — қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі. Пайдаланушылардың саналы әрекет деңгейі неғұрлым жоғары болса, мемлекеттік цифрлық сервистер соғұрлым сенімді және тұрақты жұмыс істейді. Ал бұл сервистерге күн сайын миллиондаған қазақстандық тәуелді екенін атап өткен жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1017615?lang=kk
Медицина қызметкерлерінің күні 21.06.2025
Құрметті медицина қызметкерлері, қадірлі денсаулық сақтау ардагерлері!Облыстық мәслихат атынан және өз атымнан сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Сіздің мамандығыңыз тек жұмыс емес, бұл үлкен берілгендікті, терең білімді және шексіз мейірімділікті қажет ететін нағыз кәсіп. Күн сайын сіз жоғары кәсіпқойлық, төзімділік пен жанашырлықпен біздің денсаулығымызды қорғайсыз. Әсіресе қазіргі уақытта, сіз жаңа қиындықтарға тап болған кезде, сіздің жұмысыңыз баға жетпес.Сізге зор денсаулық, амандық және сіздің ісіңізде табыс тілеймін.Құрметпен,Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек ЕщановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1017618?lang=kk