Enbekshi QazaQ

Әлем

2025 жылғы 10 маусымда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің және Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында «Қостанай облысының 2024 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы» есеп тыңдалды. 21.06.2025
2025 жылғы 10 маусымда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің және Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында «Қостанай облысының 2024 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы» есеп тыңдалды. Отырыс жұмысына Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қаралған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары –                                          Г. Г. Мусагазина, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы – Д. А. Костюков сөз сөйледі.Қоғамдық кеңес мүшелері мен депутаттар есепті талқылап, Қостанай облысы әкімдігі басқармаларының басшыларына нақтылайтын сұрақтар қойды.Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсынымдар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1017619?lang=kk
Бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысының жобасын талқылау өтті. 21.06.2025
Бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысының жобасын талқылау өтті.Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Ш. Бектұрғанов жұмысшы кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру қағидаттары, оның еңбек нарығының сұраныстарына сәйкестігі, облыс колледждерінде заманауи және жаңа кәсіптер бойынша мамандар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларының болуы бойынша сұрақтар қойды.Қоғамдық кеңестің мүшесі Н. А. Лапшина бірқатар кәсіптер бойынша, соның ішінде ауылдық жерлерде мамандар тапшылығының маңызды тақырыптарына назар аударды. Сондай-ақ, жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты қаржыгерлер мен бухгалтерлерге сұраныстың артуын болжау қажет екенін атап өтті.Талқылау барысында қаулы жобасын әзірлеуші – «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ өкілдері білім басқармасы басшысының орынбасары - А.К. Бегатаров және білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы - Ж. С. Жумина түсініктеме берді.Талқылау барысында колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, өңірдің ауылдық аудандарындағы еңбек ресурстарының тапшылығы және техникалық және кәсіптік білім берудің басқа да мәселелерін шешу жолдары мәселелері қозғалды.Кездесу қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тиісті ұсынымдарды дайындап, мемлекеттік органдарға жібереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1017620?lang=kk
Целиноград ауданы әкімінің медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы 21.06.2025
Құрметті ақ халатты абзал жандар!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін бақыт та, байлық та– ол денсаулық.Осы тұста, медицина қызметкерлерінің кезкелген қоғамда алар орны ерекше, солай болып қала береді де. Әрбір азаматтың денінің сау болуы Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.Тек, Сіздер әр науқастың жанына демеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, жігерін жандырып, ғажайып туғыза білген мейірімді жүректеріңізбен, епті қолдарыңызбен адамзаттың көкейіне сенімділік ұялата білген жандарсыздар.Бүгінде, ауданымызда денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып, жаңарып келеді. Емдеу мекемелерінің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде, бұл да ақ халатты абзалдардың еңбегі.А.Байтұрсынұлы «Тәні саудың – жаны сау» екенін айта отырып, «Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры – тазалықта, жан саулығының тамыры – саулықта» –, деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын осы нақылымен меңзеген болатын. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазылығында жатыр. Ал денсаулық сақшысы – ол Сіздер.Аса қадірлі медицина қызметкерлері!Аса жауапты және шексіз берілген қызметтеріңізде Сіздер ауданымызда денсаулық сақтау саласының мерейін үстем етіп, жерлестеріміздің саулығын нығайтып, оны сақтауға зор үлес қосып келесіздер.Сіздердің отбасыларыңызға әрдайым амандық, бақ-береке, зор денсаулық, жұмыстарыңызға кәсіби жетістіктер тілеймін!  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1017623?lang=kk
Құрметті жерлестер! Қадірлі әкелер! 21.06.2025
Құрметті жерлестер! Қадірлі әкелер!Сіздерді маңызды да мәнді мереке - Әкелер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Жақсы әке болу - ер азаматтың өміріндегі ең жауапты әрі маңызды міндеттердің бірі. Ұлға - өнеге, қызға - қорған, сүйікті ертегі кейіпкері болу. Үйрету, қорғау, түсіндіру, бағыт беру - мұның бәрін махаббатпен, шыдамдылықпен атқару тек әкенің қолынан келеді.Мейірімді, қамқор, сүйіспеншілікке толы әкелер көп болса - қоғамымыз да, мемлекетіміз де берік, отбасымыз да бақытты болары сөзсіз.Біздің ауданымызда да бала тәрбиесіне белсене араласып, отбасы құндылықтарын нығайтып жүрген әкелердің көп екені қуантады. Сіздер - балаларыңыз үшін тірек, өмірлік бағдар бола білдіңіздер. Отбасыңызға сенім мен жылу сыйлап, ұрпаққа өнеге көрсетіп келесіздер.Балаларыңызды тәрбиелеудегі еңбектеріңізге, сарқылмас қуат пен күш-жігерлеріңізге, сенімділік пен адалдықтарыңызға алғыс айтамыз!Барша әкелерді мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасы амандығы, бала тәрбиесінде табыс, ұрпақтарыңыз үшін қуаныш пен мақтаныш тілеймін!Ізгі тілекпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын СабырғалиұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1017624?lang=kk
Қоянды ауылы мен Қызыл суат ауылдық округі тұрғындарының назарына! 21.06.2025
2024 жылғы 17 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Қызыл суат ауылдық округі мен Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді.Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесу Қоянды ауылының мектеп-лицейінде сағат 10:00-де өтеді.Қызыл суат ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Қызыл суат ауылының жалпы білім беретін мектебінде сағат 12:00-де өтеді.Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Тұрғындардан ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін әкімдік ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған. Анықтама телефоны: 8-71651-30-292.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1017625?lang=kk
16–22 маусым аралығында өтетін жарыстар кестесі 21.06.2025
16–23 маусым – Семсерлесуден Азия чемпионатыЕл құрамасынан 23 спортшы қатысады.Өтетін орны: Нуса Дуа қаласы, Индонезия16–23 маусым – Көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионатыЖарыста отандық 7 спортшы бақ сынайды.Өтетін орны: София қаласы, Болгария16–24 маусым – Жағажай волейболынан Азия чемпионатыТурнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.Өтетін орны: Рой-Эт қаласы, Таиланд18–19 маусым – Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатыЕл намысын 30 палуан қорғайды.Өтетін орны: Вунгтау қаласы, Вьетнам18–21 маусым – Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңіЖарысқа отандық 6 гимнаст қатысады.Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан18–26 маусым – Пара пауэрлифтингтен Әлем кубогіҚазақстан құрамасынан 10 спортшы сынға түседі.Өтетін орны: Бейжің қаласы, Қытай20–21 маусым – Велотректен халықаралық жарысТурнирде 4 велошабандозымыз өнер көрсетеді.Өтетін орны: Котбус қаласы, Германия21–22 маусым – Жеңіл атлетикадан халықаралық турнирҚазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады.Өтетін орны: Ташкент қаласы, ӨзбекстанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1017626?lang=kk
Ақмола облысында аумақтық қорғаныс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 21.06.2025
Көкшетау қаласындағы әскери бөлімде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Аумақтық қорғаныс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов әскери бөлімнің жеке құрамын кәсіби мерекемен құттықтап, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің ел тұрақтылығы мен төтенше жағдайларға ден қою ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.«Аумақтық қорғаныс – бейбіт кезеңдегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін сенімді қалқан. Сіздердің ұйымшыл әрекеттеріңіз, батылдықтарыңыз бен тәртіпке беріктіктеріңіз жоғары бағалауға лайық. Қиын жағдайларда алғашқы болып көмекке келіп, антыңызға адалдық пен үлкен жауапкершілік танытып келесіздер», – деді облыс әкімі.Іс-шара аясында арнайы техниканың кілттері салтанатты түрде табысталды. Облыс әкімі бөлімше командирлеріне «КамАЗ» маркалы төрт автокөлік пен бір санитарлық көліктің кілтін табыстады.Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Қорғаныс министрлігі Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы Асқар Жоламанов сөз сөйлеп, Қорғаныс министрінің атынан облыс әкіміне аумақтық қорғаныс күштерін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1017627?lang=kk
📢 Құрметті Іле ауданының тұрғындары! 2025 жылғы 16 маусымнан бастап Іле ауданы әкімдігінің Регламенті жаңа редакцияда күшіне енеді. 21.06.2025
Мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақытының өзгергенін хабарлаймыз.Жаңа жұмыс уақыты: сағат 08.00 - 17.30Түскі үзіліс: сағат 12.30 - 14.00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-ile/press/news/details/1017628?lang=kk
Ақтөбе облысында бес кәсіпорынның суды заңсыз пайдаланғаны анықталды 21.06.2025
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесінің мамандары су қорын қорғау және пайдалану талаптарына қатысты облыстың бес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына тексеру жүргізді.Нәтижесінде өңірдің Қобда және Қарғалы аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласының Ақжар-1, Қызылжар, Қарғалы, Жоғарғы Қарғалы, Өрлеу және Сазды тұрғын аудандарында жерасты суларын заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Екі кәсіпорынның су бұруға рұқсаты болмағаны анықталды.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, 5 коммуналдық шаруашылыққа су пайдалануға арнайы рұқсаттың жоқтығы үшін айыппұл салынды. Барлығы 3,7 млн теңге өндірілді», – деді Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ерғали Үмбетбаев.Бұған дейін Қызылорда облысында 6 шаруа қожалығы 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдаланғаны анықталған болатын. Ал Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Шардара аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1017631?lang=kk
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу 21.06.2025
09.06АстанаПрезиденттің тапсырмасы бойынша Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр. Бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін жалғасып, жыл сайын 13 жыл бойы жүргізіледі.10.06АстанаҚазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі күшіне енді. Бұл құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді.10.06Қызылорда облысыҚызылорда облысында 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдалану фактілері анықталды.10.06ШҚОШығыс Қазақстанда 55 шақырым суару каналы тазартылды. Алдағы уақытта тағы 30 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр.11.06Жамбыл облысыЖамбыл облысында магистральдық каналдағы суды есептеу жүйесі автоматтандырылды.11.06АстанаСу ресурстары және ирригация министрлігі мен «Атамекен» ҰКП отандық бизнес өкілдерінің су нысандарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге қатысуын талқылады.12.06АстанаЖұмысшы мамандықтар жылы су саласында өндірістік тәжірибеден өткен студенттер саны 4 есе өсті.12.06Қызылорда облысыСуару кезеңі басталғалы Қызылорда облысының диқандарына 1,28 млрд текше метр су берілді. Облыстағы «Қазсушар» филиалы 982 шаруа қожалығымен су беру туралы келісімшарт жасасты.13.06АстанаСу саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі. Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды.13.06АстанаСуармалы судың тарифін енді Су ресурстары және ирригация министрлігі реттейді. Судың тарифін реттеу құзыреті Ұлттық экономика министрлігінен Су ресурстары және ирригация министрлігіне берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1017632?lang=kk
Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді 21.06.2025
Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып, биыл сәуірдің соңына дейін жүргізілді.Су Созақ ауданына ақпан айында жетті. Қажетті көлемді қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қырғыз Республикасындағы әріптестерімен бірнеше келіссөз жүргізді.Су ресурстары және ирригациясы министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушардың» Жамбыл филиалы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары Шу өзені аңғарында мониторинг жүргізіп, табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Жұмыс тобы Созақ ауданымен қатар, Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм және Сарысу аудандарына да барды.Мұндай көлемдегі су Созақ ауданына соңғы бес жылда алғаш рет жетіп отыр, сол себепті жергілікті тұрғындар министрлікке алғыс білдіріп жатыр.«Аудан халқы атынан судың жеткізіліп жатқанына қуанышты екенімізді айтқым келеді. Аптап ыстыққа қарамастан, суды жеткізу бағытындағы жұмысты жалғастырып, өздеріңіз жергілікті жерлерге шығып, жағдайды бақылап отырғандарыңызға алғыс айтамыз», – деді Созақ ауданының тұрғыны Ришат Таңатов.Биыл сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен Шу өзенінен су Созақ ауданына жіберілетін Фурманов айналма каналын тазарту жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1017634?lang=kk
Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда 21.06.2025
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - басты міндеттерінің бірі. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жобаларды жеке бақылауында ұстап отыр. Бұқар жырау ауданында тұрғындармен кездесуден кейін, Доскей ауылының тұрғындары жаңа су құбырымен байланысты проблемаларға шағымданды, өңір басшысы жағдайды анықтау үшін ауылға келді. Облыс әкімімен бірге прокуратура, МСҚБ басқармасының өкілдері де болды.Доскейдегі су құбырын қайта жаңарту жұмыстары өткен жылы аяқталды. Нысан қазір Доскей ауылдық округі әкімі аппаратының балансында тұр. Жаңа желілерге абоненттердің бір бөлігі қосылған, қайта қосуды тамызға дейін аяқтау жоспарланған.Ұңғымалардың бірінде мердігер кепілді міндеттемелер бойынша ақаулы сорғыны ауыстырды. Сонымен қатар, қуаттылығы жоғары жаңа терең сорғылар орнатылды.Облыс әкімі мердігерлер мен авторлық қадағалауды тыңдады. Кездесуде ауыл тұрғындары тек су құбырына ғана қатысты емес сұрақтарын да ортаға салды.Ермағанбет Бөлекпаев туған ауылының проблемаларын көтеріп, сындарлы әрекет етуге тырысатын бастамашыл топқа алғысын білдірді.- Сіздердің ауыл тынысына немқұрайлы қарамайтындарыңыз өте маңызды! - деп атап өтті облыс әкімі. - МСҚБ өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құруды тапсырамын.Доскейде кәріз желілерін қайта жаңарту жобасы да бақылауда. Жұмыстар өткен жылы басталған, биыл аяқталуы тиіс. Бүгінгі таңда алты көшеге жаңа құбырлар салынып, құдықтар орнатылды.Облыс әкіміне жол жұмыстары туралы да баяндалды. «Қарағанды - Тоғызқұдық - Ботақара» жолы, соның ішінде Доскей арқылы өтетін учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл ауылда 7 шақырым жол ретке келтіріледі.Кейін Ермағанбет Бөлекпаев тағы да Доскейге келіп, тұрғындармен кездесіп, нәтижесін жеке өзі тексеретінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017636?lang=kk
Әділет департаменті қызметкерлеріне ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің «№20 мекеме» РММ-не профилактикалық экскурсия өткізілді 21.06.2025
Әділет министрлігінің 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарының 17 тармағына сәйкес, Департамент қызметкерлерінің түзеу мекемелеріне баруын, сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша сот процестеріне қатысуын қамтамасыз ету көзделген. Осыған орай Абай облысы Әділет департаменті қызметкерлері үшін ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің «№20 мекеме» РММ-не профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында департамент қызметкерлері түзеу колониясының ішкі тәртіп ережелерімен және сотталғандарды ұстау шарттарымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1017638?lang=kk
Топкаин ауылында Beeline операторының базалық станциясы іске қосылды 21.06.2025
ШҚО-Катонқарағай ауданының Топкаин ауылында "Картел" ЖШС (Beeline бренді) операторының ұялы байланыс базалық станциясы іске қосылды. Жаңа байланыс нысаны ауыл тұрғындарын тұрақты мобильді байланыспен және Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етеді.Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып жүзеге асырылды. Мақсат — цифрлық теңсіздікті жою және шалғай елді мекен тұрғындарын заманауи телекоммуникациялық қызметтермен қамту."Базалық станцияны іске қосу-ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудың маңызды қадамы. Байланыс - бұл жай ғана жайлылық емес, бұл білімге, медицинаға, мемлекеттік қызметтерге және жедел қызметтерге қолжетімділік", — деп атап өтті аудан әкімдігі.Енді Топкайн тұрғындары тұрақты ұялы байланыс пен мобильді интернетті пайдалана алады деп күтілуде, бұл әсіресе жастар, кәсіпкерлер және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-uca/press/news/details/1017639?lang=kk
Мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақытының өзгергенін хабарламыз 21.06.2025
Мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақытының өзгергенін хабарламызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1017646?lang=kk
«Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру аясында азаматтарға арналған тегін құқықытық көмек көрсету акциясы өтті 21.06.2025
«Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру аясында, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында 2025 жылдың 12 маусымында «Avenue» сауда орталығында азаматтарға арналған тегін құқықытық көмек көрсету акциясы өтті.Аталған іс-шараға Абай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің мамандары.Сонымен қатар, нотариус , заң консультантты , жеке сот орындаушысы белсене ат салысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1017647?lang=kk
Семей қаласында маусым айының соңына дейін 44 жаңа автобус сатып алынады 21.06.2025
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қаладағы автобус парктерінің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда Семей қаласында маршруттық желіге сәйкес 42 бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысы ұйымдастырылған. Бұл бағыттарды 5 автобус паркі қамтамасыз етеді. Күнделікті бағыттардағы қозғалыс тұрақтылығы орта есеппен 80-82% шамасында. Қалада жолаушыларды тасымалдайтын барлық автобустар GPS трекерлермен жабдықталған. Бұл жүйе арқылы көлік қозғалысын «Bus Report» стационарлық бағдарламасы мен «InfoBus» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, автобустар электрондық төлем жасауға арналған валидаторлармен толық қамтылған. Жыл соңына дейін көлік паркін жаңарту мақсатында 70 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде маусым айының соңына дейін 44 автобус қалаға жеткізіледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде қоғамдық көлік сапасын арттырып, тұрғындардың қатынауын жақсартуға септігін тигізбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017648?lang=kk
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 31 СЕССИЯСЫ ӨТТІ 21.06.2025
13 маусым күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы төрағалық етті.Сессия жұмысына аудан әкімі А. Жандарбеков, аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппараты, аудандық бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:1. «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу;2. Шиелі ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісу;3. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 31 қазандағы №22/3 «Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.Аталған мәселелер сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған болатын. Соған сәйкес, сессия барысында ұсынылған барлық мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, ұсыныс-пікірлер ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shieli/press/news/details/1017649?lang=kk
Жалпықалалық сенбілік жалғасуда 21.06.2025
Семей қаласында тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік жалғасуда. Сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысып, 550 текше метрден астам қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері мен тұрғындар қатысты. Мұндай сенбіліктер қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және ортақ жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қосады. Тазалық – өзімізден басталады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017651?lang=kk
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың (бұдан әрі-ДЗ мен МБ) айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру. 21.06.2025
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың (бұдан әрі-ДЗ мен МБ) айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру.11.06.2025 ж. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) медициналық ұйымдардың басшыларымен және өкілдерімен ДЗ мен МБ айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, онын ішінде                    GPP тиісті дәріханадық практикасы стандартын (бұдан әрі- GPP Стандарт)  енгізу, ДЗ мен МБ жанама әсерлеріне фармакологиялық қадағалау және мониторинг жүргізу, дәрілік заттарға рецепт жазу, бөлшек саудада сату ережелерінің  қағидаларын сақтау мәселелеріне қатысты семинар-кеңесте түсіндірме  берілді.Сондай-ақ, семинар барысында ДЗ мен МБ  саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамаған кезде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы хабарланды.GPP стандартын енгізген медициналық ұйымдардың өкілдері GPP стандартын енгізу тәжірибесімен бөлісті.          Семинар барысында департамент басшысы медициналық ұйымдардың басшыларын осы бағыттағы жұмысты жандандыруға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1017652?lang=kk