Әлем
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша негізгі өзгерістер 16.02.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өзгерістер күшіне енеді.КТС мөлшерлемелері:Негізгі мөлшерлеме — 20% (өзгеріссіз).Төмендетілген мөлшерлемелер:ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және аквакультура — 3% (бұрын 10%);ауыл шаруашылығы кооперативтері — 6% (бұрын 10%);әлеуметтік сала ұйымдары (КЕҰ-дан басқа) — 2026 ж. 5%, 2027 ж. 10%.Жоғарылатылған мөлшерлемелер:банктік қызмет (кәсіпкерлікті кредиттеуден басқа) — 25%;ойын бизнесі — 25%.Аванстық төлемдер:I тоқсан бойынша аванстарды салық органдары есептейді.Төлеу — өткен кезең сомасының ай сайын 1/12 бөлігі мөлшерінде.Аванстан босату үшін жылдық табыс шегі 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (бұрын 325 000 АЕК).Жекелеген санаттар босатылады (құрлықтағы газ жобалары, КЕҰ, мүгедектігі бар адамдар ұйымдары — шарттарды сақтаған жағдайда).Цифрлық активтер саласындағы салық төлеушілер аванс төлеушілер болып табылады.Қосымша:Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын тұлғалардан алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстар шегерімге жатқызылмайды.Мүгедектігі бар адамдар ұйымдары үшін КТС-ты 50% немесе 100%азайту қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1162268?lang=kk
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат 16.02.2026
Егер кедендік тексеруді кеден органдары кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, ол жарамсыз деп танылады.Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:- кедендік тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу;- тексерілетін тұлғаға кедендік тексерудің алдын ала актісін жібермеу немесе табыс етпеу;- нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің болмауына және (немесе) тексерілетін тұлғаның оларды ұсынбауына байланысты бұзу фактілері анықталған камералдық кедендік тексеруді осындай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткенге дейін аяқтау.- тексерілетін тұлғаның объектісіне және (немесе) объектілеріне іс жүзінде бармай басталған көшпелі кедендік тексеруді жүргізу.Кедендік тексеруді жарамсыз деп тану уәкілетті органның және (немесе) соттың кедендік тексеру актісі мен тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюы үшін негіз болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1162217?lang=kk
Микро және шағын бизнес үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тәртібі бекітілді 16.02.2026
ҚР ҚМ микро және шағын бизнес субъектілеріне салық берешегінің негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға мүмкіндік беретін Қағидаларды бекітті. Құжат 2026 жылғы 13 ақпанда Әділет министрлігінде тіркелді (№37975). Бұл шара кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін азайту және қарыздарын қосымша санкцияларсыз реттеуге мүмкіндік беру мақсатында қабылданды. Егер кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салық берешегінің (негізгі қарыздың) толық сомасын 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында өтесе, онда: - толық өтеген күнге дейін есептелген өсімпұлды қоса алғанда, барлық өсімпұл есептен шығарылады; - берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады; - сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмау кезеңінде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған жағдайда) есептен шығарылуы мүмкін. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін негізгі қарыз сомасын 2026 жылғы 31 наурызға дейін толық төлеу қажет. Одан кейін есептен шығару мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялардың дербес шоттарды тексеруі нәтижесінде жүзеге асырылады. Қабылданған Қағидалар кәсіпкерлерге бұрынғы берешектерін қосымша қаржылық шығындарсыз жабуға, қарыз жүктемесін азайтуға және алдағы уақытта санкциялар есептелу қаупінсіз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл бизнеске берешекті реттеп, жиналған өсімпұлдар мен айыппұлдарсыз қызметін жалғастыруға берілген мүмкіндік. Толық мәліметпен сілтеме арқылы танысуға болады zan.gov.kz/client/#!/doc/222079/kaz #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1165834?lang=kk
«Keden» ақпараттық жүйесіндегі тауарларға арналған декларация 16.02.2026
Бүгінгі күні «Keden» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуден өткізілуде. Кедендік ресімдеуді оңтайландыру мен автоматтандыру, құжаттарды сандық форматқа көшіруді қарастырылды. Сонымен қатар, декларантқа өтінім жіберу, талап қою, ТД-ға өзгеріс енгізу шешімін жолдау, түзету енгізу нысаны автоматтандырылды. «Тауарларға арналған декларация» модулі 2026 жылдың 21 ақпанынан бастап іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар модульдің іске қосылуы ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып іске асады. Бұл ретте, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларация беру функциясы қолжетімсіз болады.Құрметті сыртқы экономикалық қатысушылар, Сіздерді, тестілеуге белсене қатысуға шақырамыз. Өтінім беру мен тестілеуден өткізу кестесі «Keden» ақпараттық жүйесінің порталында жарияланды.https://test-keden.kgd.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1162204?lang=kk
Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлер еске алынды 16.02.2026
Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай ауданымызда Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.Тағзым алаңында ұйымдастырылған жиында ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың рухына тағзым жасалып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Іс-шараға ардагерлер, қоғам өкілдері, жастар және мекеме қызметкерлері қатысты.Аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп, ауған жерінде жауынгерлік борышын адал атқарған азаматтардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Сонымен қатар, елге аман оралып, бейбіт өмірде еңбек етіп жүрген интернационалист ардагерлердің қайсарлығы кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.Шара аясында бірқатар ардагерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына естелік сыйлықтар берілді.Аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы А. Ерманов аудан басшылығына көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1162146?lang=kk
БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕЗЕК ТАЛОНДАРЫН БРОНДАУ АЛГОРИТМІ 16.02.2026
Талондарды әртүрлі арналар арқылы брондау тәртібі 1.ХҚКО мобильдік қосымшасы, eGov mobile арқылы:Көрсетілетін қызметті алушы мобильдік қосымшаға тіркеліп, баруды жоспарлап отырған филиалды, филиалдың бөлімшесін таңдайды. Қолжетімді уақыт интервалына сәйкес келетін қалаған күні мен уақытты көрсетеді. Брондау талоны туралы растаманы (күнімен және уақытпен) 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы алады.2.Egov.kz порталы арқылы:Көрсетілетін қызметті алушы Egov.kz порталы сайтына кіруді ЭЦҚ немесе басқа да сәйкестендіру деректерін пайдалана отырып, жүзеге асырады. Баруды жоспарлап отырған филиалды, филиалдың бөлімшесін таңдайды. Баратын күні мен уақытын көрсетеді. Брондау талоны туралы растаманы (күнімен және уақытпен) 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1162164?lang=kk
Куала-Лумпурда Түркі тілдерінің дүниежүзілік күні аталып өтті 16.02.2026
Куала-Лумпур қаласындағы Түркия Елшілігінің алаңында 15 желтоқсанды ЮНЕСКО шешімімен Түркі тілдерінің дүниежүзілік күні ретінде белгілеуге арналған мәдени іс-шара өтті.Аталған шешім 2025 жылғы қараша айында Самарқанд қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясында қабылданды. 15 желтоқсан күні тарихи оқиғамен — түркі халықтарының көне жазба дәстүрін әлемге танытқан Орхон жазбаларының оқылуымен байланысты.Іс-шараға Малайзиядағы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елшілері, дипломаттар, академиялық орта өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.Өз сөзінде Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Булат Сүгірбаев аталған қарардың қабылдануы ортақ тарих пен мәдени мұраны ескере отырып, түркі халықтары арасындағы мәдени диалог пен ынтымақтастықты нығайтудың заңды әрі маңызды қадамы екенін атап өтті. Қазақстан түркі тілдер отбасының ажырамас бөлігі болып табылатын қазақ тілін дамытуға және оның халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі рөлін арттыруға дәйекті түрде қолдау көрсетіп келеді.Түркияның Малайзиядағы Елшісі Эмир Салим Юксель Түркі тілдерінің дүниежүзілік күнінің бекітілуі түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатынын атап өтті.Іс-шараның мәдени бағдарламасын қазақстандық студенттердің домбырадағы орындауы көркемдей түсті.Кездесу қорытындысы бойынша түркітілдес мемлекеттердің елшілері мұндай іс-шараларды Малайзияда тұрақты түрде өткізуге және Түркі тілдерінің дүниежүзілік күнінің алғашқы жылдығын ү.ж 15 желтоқсанда Куала-Лумпурда бірлесіп атап өтуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1162174?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға». 16.02.2026
«Ұлттық қор - балаларға»Баламның «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы екенін қалай тексеруге болады? БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөлімінде баланың ЖСН-ін енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз.Нәтижесінде баланың қай есепті жылдан бастап бағдарламаға қатысушы екені және жинақталған мақсатты талаптардың жалпы сомасы көрсетіледі. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде? Нысаналы талаптар – Үкіметтің Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтары алдындағы міндеттемелері. Олар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен жыл сайын қалыптастырылады. Нысаналы талаптардың есебі БЖЗҚ-да жүргізіледі, бірақ активтер Ұлттық қор активтерінің құрамында қалып, инвестициялануын одан әрі жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі. Нысаналы жинақтар – Қазақстан Республикасының нысаналы жинақ алуға құқығы бар 18 жасқа толған алушы-азаматының нысаналы жинақтау шотында жинақталған нақты ақша. Бала 18 жасқа толғанда оның нысаналы талаптары нысаналы жинаққа айналады. Олар бағдарламаның әрбір қатысушысының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен есептеледі және сақталады. Нысаналы жинақтар Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға түскеннен кейін инвестициялана ма? БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына есептелген нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды. Олар АҚШ долларында сақталады және нысаналы жинақ алушылар немесе олардың мұрагерлері пайдалана алады. Бір отбасының балалары нысаналы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері сияқты бір-біріне бере ала ма? Қолданыстағы заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу мақсатындағы нысаналы жинақ төлемдерін жақын туыстарының пайдасына беру көзделмеген. Менің балама БЖЗҚ-да шот ашылды және оның нысаналы жинақтары да аударылды. Бұл қаражатты кім пайдалана алады?Сіздің балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарын екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге өз бетінше пайдалану құқығына ие болады. Ол үшін балаңызға Уәкілетті операторларға өтініш беру қажет. Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:"Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),"Халық банкі" АҚ (білім алу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген. Ата-аналар жинақтарды тексере ала ма? Кәмелетке толмаған баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері өз баласына Бағдарлама аясында жасалған есептеулерді kids.enpf.kz сайтында, EGOV mobile мобильді қосымшасында, сондай-ақ кейбір банктердің қосымшаларында көре алады.Бала он сегіз жасқа толғанда "БЖЗҚ" АҚ-да оған нысаналы жинақтау шоты ашылады, оған тек нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алады.Балаға БЖЗҚ-да шот ашылып, оның нысаналы жинақтары есептеліп қойды. Алайда, 18 жасқа толғанға дейін бір ай бұрын бала азаматтығын өзгертті. Оның нысаналы жинақтарымен не болады? Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады. Бұл ретте оның нысаналы талаптары мен нысаналы жинақтары белгіленген тәртіп бойыншапен басқа қатысушылар арасында бөлінетін болады, ал оның нысаналы жинақтау шоты жабылады. Нысаналы талаптарға қатысушы-нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда мұраға қалған нысаналы жинақтарды алу үшін мұрагерге қандай құжаттар талап етіледі және оларды қайда ұсыну қажет? "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушы қайтыс болған жағдайда оның нысаналы талаптары немесе нысаналы жинақтары азаматтық заңнамаға сәйкес мұраға беріледі. Оларды алу үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет. Қаражат қайтыс болған адамдардың нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шотына есептегеннен кейін ғана қолжетімді болады. Төлемдерді алу үшін мұрагерлер уәкілетті оператор-банкте АҚШ долларымен банктік шот ашады. Мұрагерлер қаражатты кез-келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды мақсатты пайдалану туралы міндетті талап жойылады. Нысаналы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты төлемдерді ресімдеуге қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ сайтында орналастырылған. Нысаналы жинақтарды бөліп-бөліп пайдалануға бола ма? Нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақты қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалануға болады. Егер бала ҚР азаматы емес деген ақпарат шықса, не істеу керек? Егер ЖСН-ы көрсетілген бала "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (ЖТМДҚ) алынған мәліметтерге сәйкес ҚР азаматы болмаса, сәйкесінше, ол «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатыса аламайды және нысаналы талаптары да болмайды. ЖТМДҚ-дағы мәліметтерді өзектендіру қажет болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береміз. ЖТМДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін, БЖЗҚ осы жеке тұлғаны өткізіп алған кезеңді ескере отырып, нысаналы талаптарға қатысушы балалардың және (немесе) нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне енгізеді. Жинақтау қандай валютада жүргізіледі және кейіннен нысаналы жинақтарды алушыға аудару қай валютада жүзеге асырылады? ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу БЖЗҚ-да АҚШ долларымен жүргізіледі. Төлеген кезде нысаналы жинақтар нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті оператор - банктерде АҚШ долларымен ашатын банктік шоттарына есептеліп, аударылады. Ұлттық қордан төлемдер алу үшін қандай банктерде банктік шот ашуға болады? "Ұлттық қор – балаларға" жобасына қатысатын банктерге қойылатын қандай да бір алғышарттар, талаптар бар ма? Заңнамада екінші деңгейдегі банктер бойынша ешқандай шектеулер белгіленбеген, яғни БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген Банкі Бағдарламаға қатыса алады. Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:"Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),"Халық банкі" АҚ (білім алу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген. Тарихи отанымыз – Қазақстанға көшіп келдік, "қандас" мәртебесіне ие болдық. Біздің баламыз "Ұлттық қор-балаларға"жобасына қатыса ала ма? Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған барлық азаматы жобаға қатысады. Сіздің балаңыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасына қатыса алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1162039?lang=kk
Алғаш рет преамбулада білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілді - Асхат Аймағамбетов 15.02.2026
Мәжіліс депутаты жаңа Конституция жобасындағы кіріспеде алғаш рет білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілгенін айтты. Ата Заңда аталған саланы қаржыландыру саясаты нақты әрі айқын көрсетілген.
Адам мемлекеттік саясаттың өзегінде: депутаттар, заңгерлер және саясаттанушылардың жаңа Конституцияның негізгі бағыты туралы пікірлері 15.02.2026
Адам мемлекеттік саясаттың өзегінде: депутаттар, заңгерлер және саясаттанушылардың жаңа Конституцияның негізгі бағыты туралы пікірлері«Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Аубакирова, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов өз пікірлерімен бөлісті.«Біздің мемлекетте жасалып жатқан кез келген іс «адам мүддесіне сай келе ме, жоқ па?» деген өлшем арқылы бағалануы тиіс. Бұл – билік болсын, азаматтық қоғам институттары болсын, әрдайым шешім адамның өміріне зиян келтіре ме, жоқ па деген тұрғыдан саралануы қажет деген сөз. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары Қазақстандағы бүкіл өміріміздің өзегінде тұруы керек», – деді Индира Аубакирова.Өз кезегінде Азат Перуашев жаңа Конституциядағы бірқатар маңызды жаңашылдыққа назар аударды. Атап айтқанда, сот шешімінсіз тұрғын үйден шығаруға тыйым салу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың әрекеттерінен келтірілген залал үшін азаматтың өтемақы талап ету құқығы.«Конституцияда алғаш рет адвокатура ұғымы енгізілді. Шын мәнінде, бұл құжат адамға бағытталған. Ол азаматтардың мемлекеттік органдармен, соның ішінде адал емес шенеуніктермен қарым-қатынасындағы құқықтарын күшейтеді», – деді Азат Перуашев.Сонымен қатар мәжілісмен көп нәрсе азаматтардың өздеріне байланысты екенін, олардың конституциялық құқықтарын қорғауға қаншалықты дайын болатыны маңызды екенін атап өтті.Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов те азаматтар мен саяси партиялар Конституцияда берілген құқықтар мен бостандықтарды өз мүдделерін қорғау, ілгерілету және елді дамыту үшін барынша тиімді пайдаланады деген сенім білдірді.
«Жедел даму қаласы»: өңірлер үшін не өзгереді 15.02.2026
Қазақстанның жаңа Конституциясында жекелеген өңірлерді жедел дамытуға арналған жаңа құрал пайда болады. Бұл механизм өңір экономикасын қалай жеделдететінін Мәжіліс депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында түсіндірді.Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов бұл механизмнің ең алдымен өңірлерге қосымша шетелдік инвестиция тартуға бағытталғанын айтты. Оның сөзінше, бұл әрбір өңірдің әлеуетін оның ерекшеліктерін ескере отырып тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл мультипликативті әсер береді: дамуға тек жеке қала ғана емес, сонымен қатар оның маңайдағы аумақтары және қосымша экономикалық салалар да ие болады. «Қауіпсіздік мәселесіне келер болсақ, оларды бөлек қарастыру көзделмегенін атап өткен жөн. Конституция елдің аумақтық тұтастығы мен бөлінбейтіндігін нақты бекітеді. Мемлекеттік билік құрылымы өзгеріссіз қалады. Сонымен бірге, жедел даму қалалары үшін сәйкес конституциялық заңдарды қабылдау қарастырылған. Барлық шешімдер қолданыстағы құқықтық аясында және мемлекеттік органдар бақылауында қабылданады. Арнайы құқықтық режим олардың дамуы үшін қосымша жағдайлар жасауға бағытталған», – деп түйіндеді Асхат Рахымжанов.
eGov Mobile қосымшасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі қолжетімді болды 15.02.2026
Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар енді әлеуметтік көмек алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болатын. Енді өтінішті тікелей смартфоннан рәсімдеуге болады.Әлеуметтік көмек – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін ақшалай төлем немесе материалдық қолдау. Қызметтің мобильді форматқа көшуі мұндай көмекті алу процесін анағұрлым жеңіл әрі ыңғайлы етеді. Өтінішті кез келген уақытта және кез келген жерден беруге болады, ал рәсімдеу уақыты едәуір қысқарады.Мәслихаттардың шешімдері бойынша әлеуметтік көмек қосымша қолдауға мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға, сондай-ақ табысы төмен отбасыларға көрсетіледі.Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, «eGov мемлекеттік қызметтер» – «Арнайы қызметтер» бөліміне өту;«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру;қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен өтінімді растау;«Қызметтер тарихы» бөлімінде өтініштің өңделу мәртебесі туралы хабарламамен танысу қажет.Қызмет көрсету нәтижесі ретінде әлеуметтік көмектің тағайындалғаны туралы хабарлама немесе өтініштің қанағаттандырылмағаны жөнінде негізделген жауап беріледі.Өтініш берілгеннен кейін ол уәкілетті орган тарапынан қаралады. Шешім отбасының табыс деңгейін және белгіленген өзге де өлшемдерді ескере отырып қабылданады. Өтінішті қарау мерзімі – 8 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1220891?lang=kk
Еріктілік стратегиялық бағытқа айналады: Конституция жобасына түзетулер енгізілді 15.02.2026
Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында алғаш рет мемлекет тарапынан еріктілікті қолдау нормасын бекіту ұсынылды. Тиісті түзетулерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында талқылады.Мәжіліс депутаты Вера Кимнің айтуынша, еріктілікті конституциялық деңгейде бекіту – оның маңызын мойындау ғана емес, сонымен қатар еріктілер қозғалысын ұзақ мерзімді перспективада дамытуға мемлекеттік қолдау кепілдігін білдіреді. «Осылайша, еріктілер қозғалысын Конституция деңгейіне көтеру арқылы біз әрбір азаматтың мемлекетті дамыту ісіне қатыстылығын сезінуіне жағдай жасаймыз. Бұл қоғамның неғұрлым тұрақты дамуын қалыптастыруға ықпал етеді», – деп қосты депутат Ислам Сұңкар.Өз кезегінде депутат Ажар Сағандықова еріктілік тек жастармен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде «күміс еріктілер» қозғалысы белсенді дамып келеді – бұл аға буын өкілдері әлеуметтік осал топтарды қолдауға, тәлімгерлікке және отбасылық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып отыр.
2026 жылы халықаралық Digital Almaty платформасы Digital Qazaqstan болып өзгереді 14.02.2026
2026 жылы халықаралық Digital Almaty платформасы экономиканың практикалық цифрлық және жасанды интеллект трансформациясына және ел аймақтарының стратегиялық дамуына арналған ұлттық технологиялық форум - Digital Qazaqstan болып өзгереді. Digital Qazaqstan Қазақстанның әртүрлі қалаларын үнемі аралап, аймақтарды бірыңғай цифрлық күн тәртібіне біріктіріп, нақты секторда, мемлекеттік басқаруда және әлеуметтік салада озық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу үшін тамаша ортаны қалыптастырады. 📍 Бірінші аялдама: Шымкент — аймақтың индустриалды орталығы. 📅 2026 жылдың 27 наурызы Технология нақты сектормен кездесетін жер осы. Ақылды басқарудан бастап өнеркәсіптік жасанды интеллектке дейін біз болашақты Қазақстанның әрбір бұрышына әкеліп жатырмыз. Дүкенде не бар: — Жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс — Сарапшылар панельдік талқылаулары және дөңгелек үстелдер — Стартаптар және IT көрмесі — Қызықты хакатондар — Digital Qazaqstan Awards — ұлттың цифрлық көшбасшыларын марапаттау Digital Qazaqstan-ға қосылыңыз және ұлттың цифрлық болашағын қалыптастыруда өз орныңызды табыңыз!
2026 жылы Digital Almaty халықаралық алаңы Digital Qazaqstan болып өзгеріп 14.02.2026
2026 жылы Digital Almaty халықаралық алаңы Digital Qazaqstan болып өзгеріп, ел экономикасы мен өңірлерді дамытуға, сондай-ақ практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форумға айналады.Digital Qazaqstan өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне тартып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасай отырып, Қазақстанның әртүрлі қалаларында жүйелі түрде өткізіледі.📍 Digital Qazaqstan форумы өтетін алғашқы қала — индустриялық және экономикалық әлеуеті зор маңызды өңірлік орталық Шымкент қаласы.📅 2026 жылғы 27 наурызФорум өнеркәсіпте, мемлекеттік басқаруда және өңірлік экономиканы дамытуда қолданылатын цифрлық және AI-шешімдерге басымдық береді.Форум бағдарламасында:— пленарлық отырыс— панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер— IT-компаниялар мен стартаптар көрмесі— технологиялық байқаулар мен хакатондар— Digital Qazaqstan Awards — цифрлық трансформация саласындағы ұлттық жүлде.Digital Qazaqstan қатарына қосылып, еліміздің цифрлық болашағын құруға өз үлесіңізді қосыңыз!
2026 жылы Digital Almaty халықаралық платформасы Digital Qazaqstan болып өзгереді 14.02.2026
2026 жылы Digital Almaty халықаралық платформасы Digital Qazaqstan — экономика мен аймақтық дамудың цифрлық және жасанды интеллект негізіндегі практикалық трансформациясына бағытталған ұлттық технологиялық форумға айналады. «Digital Qazaqstan» көрмесі Қазақстанның әртүрлі қалаларында бірінен соң бірі өткізіліп, аймақтарды бірыңғай цифрлық күн тәртібіне тартады және нақты секторда, мемлекеттік басқаруда және әлеуметтік салада технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу үшін жағдайлар жасайды. 📍 Digital Qazaqstan көрмесін өткізетін алғашқы қала - дамыған өнеркәсіптік және экономикалық әлеуеті бар маңызды аймақтық орталық Шымкент болады. 📅 2026 жылдың 27 наурызы Форум өнеркәсіпке, мемлекеттік басқаруға және аймақтық экономикалық дамуға қолданылатын цифрлық және жасанды интеллект шешімдеріне бағытталған. Форум бағдарламасына мыналар кіреді: — пленарлық отырыс — панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер — IT компаниялары мен стартаптарының көрмесі — технологиялық жарыстар мен хакатондар — Digital Qazaqstan Awards — цифрлық трансформация саласындағы ұлттық марапат Digital Qazaqstan-ға қосылыңыз және елдің цифрлық болашағын қалыптастыруға үлес қосыңыз!
ШЫМКЕНТТЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 14.02.2026
Шымкент қаласындағы «Көктем» базарының аумағында «Ауыл» партиясының Шымкент қалалық филиалы аппарат төрағасының орынбасары Әл-Фараби Мыңбаев қала тұрғындарымен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты — алдағы конституциялық өзгерістердің мән-жайын және жаңа жобаның мазмұнын халыққа тікелей түсіндіру.Кездесу барысында Әл-Фараби Мыңбаев Ата Заңға енгізілетін түзетулердің мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырудағы рөліне тоқталды. Атап айтқанда, Парламенттің өкілеттігін күшейту, заң шығару процесін жеделдету және суперпрезиденттік басқару үлгісінен түпкілікті арылу мәселелері талқыланды. Спикердің айтуынша, жаңа заңнамалық өзгерістер Мәжіліс пен Сенат арасындағы жұмысты үйлестіріп, мемлекеттік шешімдердің ашық әрі жедел қабылдануына жол ашады.Сонымен қатар, жиында қоғамдық келісімді нығайту, Ұлттық құрылтайдың рөлі және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы өзекті мәселелер көтерілді. Ә. Мыңбаев қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі өзгеріссіз қалатынын және халық арасында жалған ақпарат таратушылардың сөзіне ермей, тек ресми дереккөздерге сену қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, азаматтардың «Е-өтініш» платформасы арқылы Конституциялық комиссияға тікелей сұрақ жолдау мүмкіндігі бар екені ескертілді.Партия өкілі өз сөзінде реформаның әлеуметтік сипатына ерекше мән беріп, жаңартылған Конституция әрбір қазақстандықтың құқықтық қорғалуын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Атап айтқанда, заң алдындағы теңдік, меншік құқығын қорғау және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарының нығаюы кәсіпкерлік ортаның дамуына оң ықпал етпек. Бұл өзгерістер тек саяси жүйені жаңғыртып қана қоймай, әрбір отбасының әл-ауқаты мен мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығына тікелей қызмет ететін болады.Кездесу соңында спикер жиналғандарды ақпараттық сауаттылық танытуға және заң жобасының мәтінін мұқият оқып шығуға бағыттады. Ә. Мыңбаев «Егемен Қазақстан» газеті мен ресми мемлекеттік сайттарда жарияланған әрбір тармақтың азаматтардың күнделікті өміріне, құқықтық қауіпсіздігіне және мемлекеттің тұтастығына тікелей қатысы бар екенін түсіндірді. Ол халықты іштен ірткі салатын арандатушылық әрекеттерден сақ болып, мемлекеттік маңызы бар құжатқа құқықтық тұрғыдан сауатты қараудың маңыздылығын жеткізді.Жиынды қорытындылай келе, Әл-Фараби Мыңбаев конституциялық реформаның Қазақстанның алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық қадам екенін атап өтті. Бұл саяси процесс әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті мен мемлекеттік істерге деген жауапкершілігін көрсететін мүмкіндік екенін айтып, Шымкент жұртшылығын маңызды саяси науқан барысында өздерінің азаматтық позицияларын заң аясында айқындауға үндеді.“Шымкент келбеті”
Алматыда Қазақстан Сыртқы істер министрінің БҰҰ агенттіктерінің басшыларымен кездесуі өтті 14.02.2026
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Ұлттар Ұйымының елімізде өкілдік ететін агенттіктері басшыларымен кездесу өткізді.Сыртқы саяси ведомство басшысы өз сөзінде Қазақстанның Ұйым Жарғысы мен оның халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты дамуды қолдаудағы негізгі рөліне деген бұлжымас бейілділігін растады.Ол сондай-ақ жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған басты ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.«Реформа жүйелі де ұзақ мерзімді сипатқа ие, сондай-ақ құқық үстемдігін нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталады», - деп атап өтті Е.Көшербаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1162288?lang=kk
Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы 14.02.2026
Жаңа Конституциядағы үлкен өзгерістердің бірі Құрылтайдың құрылуы. Ата заң жобасында Парламенттің атауы ғана емес, оның негізгі құрылымы да өзгерді. Енді депутаттар саны – 145, бір ғана палата болады. «Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында сенатор Нұрлан Бекназаров бұрынғы Парламенттің айрымашылығы туралы айтып берді. «Енді елде бір палаталы Парламент жұмыс істейтін болады. Оның атауы Құрылтай болып өзгертілді. Депутаттар саны нақты белгіленіп, олардың барлығы партиялық тізім бойынша, яғни пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақталады. Жалпы саны 145 депутат жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланады. Бұл жүйе Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Құрылтайға өткен партиялар сайлауалды бағдарламаларын, халыққа берген уәделері мен бағыт-бағдарын бір алаңда талқылап, елдің әл-ауқатын арттыруға, экономиканы дамытуға, ішкі және сыртқы саясатты айқындайтын маңызды заңдарды қабылдауға белсенді қатысады. Осылайша, партиялар арасында әділ саяси бәсеке қалыптасады. Мұндай ортада популизмге жол берілмейді», - деді сенатор.
Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов 14.02.2026
ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциялық жобаның маңызын түсіндірді.«Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы, кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл ереже біздің тарихымыздың тереңде жатқанын көрсетеді, мыңдаған жылдық. Сондықтан біз мұнымен мақтануымыз керек», - деді Б.Нұрмұханов «Референдум–2026» онлайн-марафонында.Сонымен қатар ол Әділетті Қазақстан идеясы Конституцияға енгізілгенін атап өтті. «Былтыр ғана жылдың соңында Мемлекет басшысының Жарлығымен ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, принциптері бекітілді. Онда Әділетті Қазақстан идеясы біздің еліміз кең мүмкіндіктер елі деп белгіленді. Ол жас па, оның ұлтына, жағдайына қарамастан біздің елімізде тең мүмкіндіктер жасалған. Адамдар заң алдында, сот алдында тең. Ары қарай қарасақ, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтары еліміздің ары қарай дамуының басты бағыт-бағдары болып қала бермек», - деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.