Enbekshi QazaQ

Әлем

Орталық Азия мен Қытайдың кеден қызметтері басшыларының екінші кездесуі Алматыда өтті 29.05.2025
       2025 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның кеден қызметтері басшыларының «Орталық Азия – Қытай» форматындағы екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембаев төрағалық етті.      Қатысушылар кеден рәсімдерін цифрландыру, өткізу пункттерін басқару, кадрлар даярлау және тәжірибе алмасу сияқты негізгі ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Ерекше назар шекара маңындағы саудада «Ақылды» кеден және «Бірыңғай терезе» механизмін енгізу сияқты бірлескен жобаларды іске асыруға аударылды.      Кездесу аясында инвазивті емес тексеру, интеллектуалды бейне тану және кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Тараптар сондай-ақ үшінші кездесуді 2027 жылы Қырғыз Республикасында өткізуге келісті.      Кездесу соңында қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты, қауіпсіз әрі инновациялық кедендік орта құруға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1003886?lang=kk
Қазақстан мен Польша СІМ басшылары екіжақты серіктестікті тереңдету бағытын растады 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 23 мамыр – Польша астанасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскиймен келіссөздер жүргізді.Варшавадағы іс-шара 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында екі елдің сыртқы істер министрлерінің кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде өтті.Сұхбаттастар саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыруға деген өзара көзқарасты тағы да растады.ҚР СІМ басшысы Польша Қазақстанның Орталық Шығыс Еуропа мен Еуропалық одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. «Дипломатиялық қатынастардың 33 жылы ішінде Астана мен Варшава саяси диалогты, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуда, халықаралық ұйымдардың алаңдарында сындарлы өзара іс-қимылды жолға қоюда, сондай-ақ өзара тиімді негізде сауда-инвестициялық жобаларды іске асыруда», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Өз кезегінде поляк министрі екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға ниетін білдірді. «Польша Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар Астанамен саяси диалогты нығайтуға да мүдделі», – деді Р.Сикорский.Польша тарапы Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында визалық режимді жеңілдету бастамасына берік қолдау білдіріп, Астана мен Брюссель арасындағы тиісті келіссөздердің тезірек басталуына жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.Министрлер Қазақстан мен Польшаның көлік, энергетика, фармацевтика, білім беру, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру сияқты салалардағы ынтымақтастығын тереңдету үшін қолда бар кең әлеуетке назар аударды. Осы тұрғыда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-поляк үкіметаралық комиссиясының үйлестіруші рөлі аталып өтті, оның 10-шы отырысы ағымдағы жылдың күзінде жоспарланып отыр.Азия мен Еуропа арасындағы экономикалық өзара байланыста Транскаспий халықаралық көлік бағдарының өсіп келе жатқан рөлін ескере отырып, қазақ тарапы поляк іскерлік қауымдастығын жаңа сауда және инвестициялық мүмкіндіктерді ашу мақсатында бірлескен логистикалық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестіріп», көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейілділіктерін растады.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Польша сыртқы істер министрліктері арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1004772?lang=kk
Гаагада Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық аспектілері талқыланды 29.05.2025
2025 жылғы 22 мамыр – Нидерланд Корольдігінің Гаага қаласында Legal & Business Insights: Dutch-Kazakh Business Relations атты бизнес іс-шарасы өтті. Оны халықаралық BUREN заң фирмасы Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – екі ел арасындағы құқықтық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау болды. Іс-шара аясында Нидерландта шығатын Tulip іскерлік журналының кезекті шығарылымы таныстырылды.Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде екіжақты серіктестікті әртараптандырудың маңыздылығын атап өтіп, кәсіби диалогқа жаңа алаң ұсынғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Ол Қазақстанның жаһандық ресурстар мен нарықтар үшін бәсекелестік жағдайында шетелдік инвесторлар, оның ішінде нидерландтық компаниялар үшін қолайлы бизнес ортасын құруға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып отырғанын жеткізді. Кәсіпкерлер Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі геоэкономикалық маңызын және стратегиялық ресурстар жеткізушісі ретіндегі рөлін ескере отырып, жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақырылды.Қазақстан мен Нидерландтың заң, инвестиция және бизнес өкілдері еліміздің құқықтық реттеу жүйесі мен инвесторлардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін жан-жақты талқылады. Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық аспектілері, инвестицияларды қорғау, салық салу, трансшекаралық мәмілелерді құқықтық сүйемелдеу және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері көтерілді.Талқылау барысында ауыл шаруашылығы, су ресурстары мен экология, фармацевтика және медицина технологиялары, логистика, сондай-ақ сирек кездесетін және сирек жер металдарын өндіру мен өңдеу сияқты өзара мүдделі негізгі салалар қозғалды. Өз кезегінде сарапшылар Нидерландтағы бизнес жүргізудің түрлі қырларын талқылап, бұл нарықтың қазақстандық кәсіпкерлер үшін де тартымдылығын атап өтті.Қатысушылар осындай кәсіби алаңдардың жаһандық экономика қарқынды өзгеріп жатқан жағдайда тәжірибе алмасу, сенімді нығайту және нақты шешімдер қабылдау үшін маңызды екенін атап өтті.Бұл іс-шара Қазақстан мен Нидерланд арасындағы тұрақты, құқықтық және ұзақ мерзімді экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадамға айналды. Қазақстан Республикасының Елшілігі кәсіби деңгейде ұйымдастырылған іс-шара үшін BUREN заң фирмасына және мазмұнды әрі сындарлы диалог жүргізген барлық қатысушыларға алғыс білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1003653?lang=kk
Қазақстанның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ комиссиясының отырысына қатысуы туралы 29.05.2025
Вена, 2025 жылғы 19-23 мамыр – Қазақстан делегациясы Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 34-ші сессиясының жұмысына белсенді қатысты.Сессияның жалпы пікірталастарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстанның қылмыспен және терроризммен күрес жөніндегі халықаралық келісімдерге, оның ішінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясына және оларға қатысты хаттамаларға, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық 19 халықаралық-құқықтық құжатқа берік ұстанымын ерекше атап өтті.Сөз барысында «Жусан» және «Руссафа» операциялары аясында қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды – әйелдер мен балаларды қосқанда, жалпы саны 754 адамды – репатриациялау және реинтеграциялау бойынша Қазақстанның табысты тәжірибесіне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ Станислав Василенко ұлттық пенитенциарлық жүйені реформалау туралы айта келе, Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) белсенді қолдауымен Қазақстанның түрме жүйесі соңғы он жылда халықаралық стандарттарға сай дәйекті түрде жетілдіріле түскенін атап өтті.Сонымен қатар Комиссия жұмысы аясында қазақстандық делегация БҰҰ ЕҚБ Терроризмге қарсы күрес департаментінің басшысы Роберто Арбитриомен кездесіп, онда түрлі бағдарламалар, соның ішінде қылмыстық сот төрелігі жүйесін оңалту және жетілдіру және киберқылмыс жобалары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1004303?lang=kk
Қазақстан діни бостандық саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуды күшейтуде 29.05.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 22 мамыр – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Ержан Ашықбаев Ержан Ашықбаев бірқатар америкалық үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде «LYN Community» ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған «International Religious Freedom Builders Forum» форумына қатысты. Іс-шараға АҚШ Әкімшілігі, діни конфессиялар, азаматтық қоғам және сарапшылар қауымдастық өкілдері кеңінен қатысты.Өз сөзінде Елші Қазақстанның адам құқықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын қорғауға деген берік ұстанымын атап өтті. Ол «әртүрліліктегі бірлік» қағидаты Қазақстан ұлттық бірегейлігінің ажырамас бөлігі болып саналатынын айтып, конфессияаралық және этносаралық келісімді қалыптастыру мен нығайтудағы елдің бірегей тәжірибесіне ерекше назар аударды.Атап айтқанда, Елші Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мен Қазақстан халқы ассамблеясының мәдениеттерді жақындастыру мен диалогты ілгерілетуге бағытталған танылған алаңдар ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол осы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін VIII Съезге дайындық барысымен бөлісті.Форум барысында сөз сөйлеген «LYN Community» ұйымының Президенті Уэйд Кьюсак Қазақстан оның ұйымымен ресми әріптестік орнатқан алғашқы ел болғанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан діни бостандықты дамытуда тұрақты ілгерілеу көрсетіп, бұл салада нақты қадамдарға бағытталғандығымен ерекшеленеді.Іс-шара аясында ҚР Елшілігінде қатысушылармен кездесу кездесу өтіп, конфессияаралық келісімді нығайту мен өзара тәжірибе алмасу бағытындағы ықтимал ынтымақтастық тетіктері талқыланды.Қатысушылардың ерекше назарын «Діни бостандық және бизнес қорының» Президенті Брайан Гримнің сөзі аударды. Ол Қазақстанмен көпжылдық байланыстары туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, елде өмір сүрген кәсіби әрі жеке тәжірибесін айтып өтті. Ол көптеген жылдар бойы Қазақстанда сезінген өзара құрмет пен мейірімділік ахуалын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1003693?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ИНДОНЕЗИЯ ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУДІ ЖОСПАРЛАУДА 29.05.2025
Джакарта, 2025 жылғы 22-23 мамыр – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Индонезия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге қол қою жөніндегі төртінші келіссөздер раунды өтті. Келіссөздерге екі елдің сыртқы істер, инвестиция, әділет және қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты.Екі күндік келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Келісім жобасының барлық негізгі тармақтары бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізді.Тараптар Келісімнің жүзеге асырылуы екіжақты инвестицияларды жандандыруға, инвесторларға қосымша кепілдіктер беруге әрі Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға берік құқықтық негіз қалыптастырады деген сенімдерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1003718?lang=kk
Астанада сарбаз аналарының ІІ республикалық форумы өтті 29.05.2025
Форумға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, басқа да күш құрылымдарының өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.Іс-шара барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, медициналық қамтамасыз ету, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ армия мен әскери қызметшілердің және әскерге шақырылушылардың отбасылары арасындағы өзара қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.— Біз әскери мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, біршама оң нәтижелерге жеткіздік. Аналар кез-келген уақытта әскери бөлімге келіп, ұлдарын тексере алады, демалыс күндері сарбаздармен сөйлесе алады. Ұзақ уақыт бойы аз-аздан, үздіксіз жақсы көрсеткіштерге ие болдық. Бірлескен әрекет өз жемісі мен нәтижесін берді деп санаймын, - дейді "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің төрайымы Лилия Хайруллина.Форум қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар дайындалып, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1003719?lang=kk
БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті 29.05.2025
Қазақстандық бітімгерлік контингентінің орналасқан жеріне «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» БҰҰ миссиясының қолбасшысы генерал-майор Анита Асма танысу сапарымен келді. Бұл қолбасшының рота ротацияға кеткеннен кейінгі бітімгерлік базаға алғашқы сапары. Генерал-майор Анита Асма қазақстандық бөлімше қолбасшылықтың резерві екенін және оқиға болған жағдайда БҰҰ персоналын эвакуациялау, құтқару және қорғау жөніндегі міндеттерді орындайтынын атап өтті.UNDOF миссиясының қолбасшысы қазақстандық бітімгерлердің кәсіби шеберлігі оларға жүктелген барлық міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1003720?lang=kk
Тарихи жад мәселелері Қазақстан мен Жапонияның гуманитарлық күн тәртібінде 29.05.2025
Токио, 2025 жылғы 23 мамыр – ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев КСРО-ға күштеп жер аударылған жапондықтарды қолдау орталығының басшысы Аримицу Кэнмен кездесті.А.Кен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақстанға мәжбүрлі жұмыстарға жіберілген жапон сарбаздарының сүйектерін репатриациялауды жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті. 58 900 жапон сарбазы Қазақстан аумағына жер аударылып, олардың 50 000-ға жуығы кейіннен Жапонияға оралды.Ол осы уақытқа дейін 188 жапон әскеридің сүйегі отанына қайтарылғанын айтып, қайтыс болу мән-жайын зерттеуге, жерлеу орындарын іздеуге және сот-медициналық сараптамалар жүргізуге көмектескені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді. А.Кен Қазақстан аумағындағы еңбек лагерлерінде қаза тапқандардың төмен пайызын (2,5%) атап өтті.Елші Е.Баударбек-Қожатаев Қазақстанның жерлеу орындарына және жапондық жер аударылғандар туралы тарихи жадты сақтау мәселесіне ұқыпты қарайтынына сұхбаттасушының назарын аударып, Қазақстан сарапшылар мен жер аударылғандардың туыстарынан тұратын 30-дан астам делегацияны, сондай-ақ 4 ірі үкіметтік миссияны қабылдағанын атап өтті. Қаза тапқан жапондық жер аударылғандарға арналған Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған және Кентау қалаларында мемориалдық ескерткіштер орнатылғаны атап өтілді.Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына орай тараптар ағымдағы жылғы шілдеде Қазақстандағы жапон әскери тұтқындарының тағдырына арналған іс-шаралар топтамасын: тарихи-деректі көрме мен дәрісті, сондай-ақ кездесуге қатысқан режиссер Шиндзю Саноның қазақстандық-жапондық «Кішкентай самурай» мен «Ақтастағы Ахико» атты фильмдерінің көрсетілімін өткізу мәселесін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1003723?lang=kk
Астанада «Айбын» жастар сайысына іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аталды 29.05.2025
68665 әскери бөлімінде жарыстар өтіп, нәтижесінде Ақтөбе қаласында өтетін XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатындар анықталды.Жас патриоттар белтемірге (ұлдарда) тартылу, ішті қатайту (қыздар), әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын ішінара құрастырып-бөлшектеу, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию және Smart Sarbaz зияткерлік ойындары сияқты пәндерде бағын сынады.– Үш күндік далалық жиын барысында «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Астананың намысын қорғайтын үздік үш команданы анықтадық. Биыл бұл сайыс Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орайластырылып отыр, – деді «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.Жарыс қорытындысына келсек, бірінші орынды «Сарайшық» ауданының «Ақсұңқар» командасы, екінші орынды – «Сарыарқа-2» ауданының командасы, үшінші орынды – «Үміт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жеңіп алды.Бұдан өзге іріктеу турына 7 команда құрамында 150 ұл-қыз қатысқанын айта кетелік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1003732?lang=kk
Сарбаздар аналарына тосын сый жасалды 29.05.2025
Астана қаласында Екінші республикалық сарбаз аналар форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, өзге де күштік құрылымдардың өкілдері, Парламент депутаттары және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.Форум аясында Отан алдындағы азаматтық борышын үздік атқарып жүрген сарбаздардың аналарына құрмет көрсетілді. Құқықтық тәртіп әскерінде қызмет атқаратын сарбаздардың аналарына марапатты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов табыстады.Сахнада аналарды тағы бір жағымды тосын сый күтіп тұрды. Олар елдің әртүрлі аймақтарында қызмет ететін ұлдарымен кездесті. Әскери қызметшілер іс-шараға алдын-ала келіп, күтпеген жерден аналарымен қауышу үшін сахнаға көтерілді. Айта кетейік, сарбаздар ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы құқығымен грамоталармен марапатталып,  10 күндік демалыс алды. Кейбір аналар қуаныштың көз жасын жасыра алмады.– Мен Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде қызмет атқарамын. Бүгінгі шараны ұйымдастырушылар мен әскер басшылығына шексіз ризашылығымды білдіремін, – деді қатардағы жауынгер Владимир Анисимов.Тағы бір үлгілі сарбаз – қатардағы Әділ Байпақов та өз алғысын жеткізді:– Анамды көргеніме қуаныштымын. Бұл – мен үшін ең бақытты сәттердің бірі. Қызметімді жоғары бағалаған басшылыққа алғысымды айтамын, – деп атап өтті ол.Мерекелік шара Ұлттық ұланның ән-би ансамблі және басқа да күштік құрылымдардың әскери өнерпаздарының ұйымдастыруымен өткен концертпен жалғасты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1003766?lang=kk
Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі ДЗМҰ Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды 29.05.2025
Женева, 2025 жылғы 22 мамыр – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дарен Тангқа өзінің сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында Қ. Төребаев Қазақстанның ДЗМҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілігін білдіріп, елдің зияткерлік меншік саласындағы белсенді қатысуын, соның ішінде білім беру бастамалары мен әлеуетті арттыру бағдарламаларын ерекше атап өтті.Сондай-ақ Тараптар ДЗМҰ Бас директорының Астана қаласына жоспарланған ресми сапарын талқылады. Сұхбаттастар бұл сапар стратегиялық серіктестікті, әсіресе кадр даярлау және зияткерлік меншік саласындағы арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңіне айналады деп сенім білдірді.Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және инновацияны, білім беруді және орнықты дамуды қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуға өзара ниетті екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1003768?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан кедендік ынтымақтастықты нығайтады: алдын ала ақпарат алмасу туралы Хаттамаға қол қойылды 29.05.2025
       2025 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Қытай кеден қызметтері басшыларының Екінші кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кеден қызметінің төрағасы Хуршед  Каримзода арасында екіжақты келіссөздер өтті.       Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударды.       Келіссөздердің басты нәтижесі — алдын ала кедендік ақпарат алмасу туралы Хаттамаға және ақпарат алмасудың Техникалық шарттарына қол қойылды. Бұл құжаттар деректер форматын, байланыс арналарын және ақпараттық қауіпсіздік шараларын айқындайды.        Аталған құжатты іске асыру сыртқы экономикалық қызметтің ашықтығын арттырып, тәуекелдерді алдын ала талдауға және тауарлар қозғалысын кідіріссіз бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.       Қазақстан тарапы Тәжікстан Республикасы Кеден қызметімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде тұрақты жұмыс кеңестері мен көшпелі жиындар өткізуге дайын екенін білдірді. Мұндай тәсіл туындайтын мәселелерге жедел әрекет етуге, өзара түсіністікті нығайтуға және тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.       Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға бейілді екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1003791?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан кедендік ынтымақтастықты нығайтады: маңызды келісімдерге қол қойылды 29.05.2025
       Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Қытай кеден қызметтері басшыларының кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембаев пен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлонов арасында екіжақты кездесу өтті.       Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Әсіресе Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және көлік жүктемесін азайту мақсатында электронды кезек жүйелерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.       Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үш негізгі құжатқа қол қойылды:       Қазақстан–Өзбекстан шекарасы арқылы құбыр көлігімен және электр беру желілері арқылы тасымалданатын энергия ресурстарын есепке алу аспаптарына қол жеткізу тәртібі;       2017 жылғы 23 ақпанда екі елдің қаржы және кеден органдары арасында қол қойылған ақпараттық өзара іс-қимылдың Техникалық шарттарына қосымша;       2025–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Кеден комитеті арасындағы ынтымақтастық жоспары.        Қол қойылған құжаттар шекарадағы рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, техникалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және кедендік процестерді цифрландыруға бағытталған.       Қазақстан тарапы Өзбекстан Республикасы Кеден комитетімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде тұрақты жұмыс кеңестері мен көшпелі кездесулер өткізу арқылы дайын екенін білдірді.       Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1003800?lang=kk
Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады 29.05.2025
Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат қағуға бір табан жақын тұр. Үкілеген үмітті арқалағандардың 1433-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үмітті. Ал, 1513 оқушы «Үздік аттестат» иегері атануға құлық танытуда. 11 жылдық тәлім мен тәрбие, білім мен білік , бағы мен бабы қатар сыналар тұста алыс емес. Түлектер жылдағыдай ҰБТ тапсырады. Биыл 14 123 бала тестілеуден өтеді. Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы биылғы 2024-2025 оқу жылы жемісті болғанын алға тартуда. Оның айтуынша, оқушылар 17 халықаралық, 150-ге жуық республикалық білім бәйгелерінің тұғырынан көрінген. Сонымен қатар, Республика бойынша 25 оқушы 1 орын, 30 оқушы 2 орын, 75 оқушы 3 орыннан көрінген. Бірер күнде барлық білім ұяларында соңғы қоңырау соғылады. Алайда, білім саласындағы жұмыстар аяқталмақ емес. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру да білім саласының бір бағыты. Спикер, жазғы демалыс кезеңінде 30 лагерь жұмыс жасайтынын айтты. Облыс оқушыларының 92%-ы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда. «Жекелеген санаттағы 2017 оқушысы мен тәрбиеленушілердің жазғы демалысын ұйымдастыруға 282,3 млн. теңге бөлінді»,-деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаева. Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қорынан 165,6 млн. теңгеге, барлығы 1400 жолдама беріледі. Балалар «Тау-Жанашар» «Альтаир» «Облыстық балалар сауықтыру лагері» сынды орындарда жазғы демалыстарын тиімді өткізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003467?lang=kk
Бірлік жолындағы 30 жыл: Қарағанды облысында ҚХА жетістіктері туралы айтылды 29.05.2025
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Мерейтойлық жылы 50 мыңға жуық адамның қатысуымен бір жарым мыңға тарта іс-шара өтті. Олардың ішінде патриоттық, экологиялық және қайырымдылық акциялары бар. Достық үйінде өткен «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» облыстық ҚХА XXVIII сессиясында бірегей қоғамдық институттың жетістіктері мен маңызды жобалары туралы айтылды.– Біздің сессия Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтуде – бұл еліміз үшін тарихи кезең. Бүгінде ассамблея жалпыұлттық келісім мен бірлікті нығайтудың мызғымас өзегіне айналды. Және де Қарағанды облысының ҚХА бұған өз үлесін қосуда, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. – Бүгінгі таңда Достық үйінде 24 облыстық этномәдени бірлестік пен өңірдегі ҚХА барлық құрылымдары орналасқан. Жалпы, Қарағанды облысының ҚХА басшылығымен 220-дан астам құрылым жұмыс істейді, олардың жұмысы маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған.Аймақ басшысы аналар мен ақсақалдар кеңесінің жұмысының тиімділігін және олардың отбасы институтын нығайтуға және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Мысалы, қарағандылық қоғам қайраткерлерінің бастамасымен қолға алынған «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы қазір бүкіл ел бойынша енгізілуде.ҚХА жобаларына жастар да белсенді тартылады. Жас ғалымдар клубы құрылды.ҚХА өкілдері қиын жағдайларда ғана емес, дарынды жастарды қолдап, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ этномедиация кеңесі де пайда әкеледі. ҚХА мемлекеттік тілді дәріптеуге, еңбексүйгіштік пен кәсібилік құндылықтарын ілгерілетуге үлес қосады.ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер «Таза Қазақстан» республикалық акциясын белсенді қолдады. Олар экологиялық сенбіліктер өткізіп, туған өлкелерін көгалдандыруға қатысады.ҚХА есебінде басқа да игі істер мен маңызды бастамалар көп.Бұл сессияда да жаңа идеялар болды. ҚХА мүшесі Вадим Басин Qarmet компаниясының Достық үйін ашуды ұсынды. Ермағанбет Бөлекпаев бұл идеяны қолдап, ел Президентінің қоғамдық келісім инфрақұрылымын кеңейтуді тапсырғанын еске салды. Облыс әкімі өзге қалалар мен аудандарда Достық үйлерін ашу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.Облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобының қызметі туралы Иван Георгиади айтып берді.– Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» бірегей қоғамдық жоба бастау алды. Бұл жай ғана бастама емес, бұл уақыт талабына жүйелі жауап. Бұл тұрақты болашаққа бірге жету үшін өкілетті билікті, мемлекеттік органдар мен ҚХА-ны біріктіретін көпір, – деп атап өтті ол. – «Бірлік» депутаттық тобы 15 адамды біріктірді, олардың 7-і ҚХА мүшелері. Біз адамдардың немен өмір сүретінін білеміз. Ассамблея – тек диалог алаңы ғана емес. Онда түрлі этностардың тағдыры өрілген. Мен өзім грек тұрғысынан рух жағынан қазақстандық ретінде мәдениетте өскенмін, онда ана тілін, дәстүрді құрметтеу – абстракция емес, тәрбиенің негізі. Біздің күшіміз алуан түрлілікте, біз Қазақстанды бірге құрып жатырмыз, біз – біртұтаспыз!Қыркүйек айында Қарағанды облысы республикалық аналар кеңесін қабылдайды. Дайындық жақын арада басталады.Облыста ҚХА-ның өңірдің қоғамдық ұйымдарымен және институттарымен өзара іс-қимыл жасау картасы әзірленеді.ҚХА белсенділері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды. «Парасат» орденімен ҚХА мүшесі, «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық қоғамының құрметті мүшесі Виктор Кист марапатталды.Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары мен алғыс хаттарды табыс етті.Суретті түсірген: Жангелді Әбдіғалым Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1003474?lang=kk
Алматы облысында аграрлық секторды дамыту мәселелері талқыланды 29.05.2025
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Алматы облысындағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысып, өңірдің диқандарымен кездесті. Сапар аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.Министрдің сапары Жамбыл ауданындағы «Олжас» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан басталды. 2013 жылы құрылған шаруашылықтың жалпы жер көлемі – 2600 гектар, оның 1500 гектары суармалы алқаптар. Алайда су тапшылығына байланысты қазір тек 600 гектар жер өңделуде. Мұнда бидай, арпа, жүгері және 60 гектар жерге егілген жоңышқа өсіріледі. Қожалық барлық қажетті техникамен жабдықталған, 20 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 1 миллиард теңгені құрайды.— Бізде су жетіспейді. Су болмаса, егіс көлемін ұлғайту мен өнімділікті арттыру мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Су ресурстары министрлігі бұл мәселені бірлесіп шешеді деп үміттенеміз, — деді шаруашылық басшысы Хамза Бабалықов.Министр көктемгі дала жұмыстарының елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен болашақ өнім көлеміне тікелей әсер ететінін атап өтті. 2025 жылы Қазақстанда егіс алқаптарының жалпы көлемі 23,7 млн гектарға жетпек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық. Алматы облысында 436,8 мың гектар жерге егін егу жоспарланып отыр.Егісті әртараптандыру жалғасуда: майлы дақылдарға 3,3 млн гектар, мал азығы дақылдарына тағы 3,3 млн гектар бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 127 мың гектарға көп.Мемлекеттік қолдау көлемі де артып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді жеңілдікпен несиелеу көлемі 2025 жылы рекордтық 700 млрд теңгеге жетеді. Бүгінгі таңда 491,5 млрд теңгеге 7 мыңнан астам өтінім қабылданып, 440 млрд теңгеге өтінімдер қаржыландырылған. Алматы облысынан 12,6 млрд теңге көлемінде 302 өтінім түскен, оның 174-і мақұлданған. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу бойынша тек 2,9 млрд теңгеге 142 өтінім берілген, бұл салада ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.Облыстағы ауыл шаруашылығы техникасының 60%-дан астамы тозған. Өткен жылы жаңа техника сатып алуға 120 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 200 млрд теңгеге дейін өседі. «ҚазАгроҚаржы» арқылы шаруалар жылдық 6% мөлшерлемемен 10 жылға техника алу мүмкіндігіне ие.Жаңа өзгерістердің бірі – көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған тікелей жеңілдетілген несиелеу тетігінің енді мал шаруашылығына да қолданылуы. Алғашқы кезеңде ірі және ұсақ мал бордақылау алаңдары мен құс фабрикаларын қолдауға 50 млрд теңге бөлінеді.Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандары мен Қонаев және Алатау қалаларынан келген аграршылармен өткен кездесуде қаржыландыру, ресурспен қамтамасыз ету, «Кең дала 2» бағдарламасының жүзеге асуы сияқты мәселелер талқыланды. Шаруалар бұл бағдарламаның оңтүстік өңір ерекшеліктерін ескермейтінін айтты. Мысалы, бір гектар картопқа 495 мың теңге бөлінсе, тұқымының өзі 750 мың теңгеге дейін жетеді.«Атамекен» ҰКП АӨК департаментінің директоры Нұрлан Нұрбеков бағдарламаның ескіргенін және өңір жағдайына бейімдеу қажет екенін атап өтті. Министр Айдарбек Сапаров жауапты құрылымдарға бір ай ішінде бағдарламаның параметрлерін қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды.Қаржы құралдары және микронесиелеу департаменті директорының орынбасары Олжас Тлебалдин гектарға берілетін орташа несие көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2024 жылы өңірдегі өңделетін жер көлемі 424 мың гектарға жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артқан. Көктемгі егіс жұмыстары барлық аудандарда аяқталған, тек Кеген мен Райымбек аудандарында ауа райының әсерінен шамамен екі апта кеш басталған.Министрдің жұмыс сапары ауыл шаруашылығын тиімді дамыту тек мемлекет пен шаруалардың тығыз ынтымақтастығы негізінде мүмкін екенін көрсетті. Осындай кездесулер жергілікті жерлердегі нақты мәселелерді тыңдап, аграршылардың қажеттіліктеріне сай шешімдер қабылдауға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003482?lang=kk
Орман өрттері бойынша ірі ауқымды оқу-жаттығу: Жетісу облысындағы дайындық 29.05.2025
Бүгін Жетісу облысында табиғи өрттерге ден қою бойынша азаматтық қорғау күштерінің дайындығын арттыру мақсатында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының кезеңі өтті.Оқу-жаттығу барысында орман алқабындағы шартты өртті* оқшаулау және сөндіру іс-қимылдары пысықталды. Әуе және жерүсті техникасы, жедел қызметтердің жеке құрамы жұмылдырылды. Негізгі назар ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, медицина қызметі және ерікті құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылға аударылды.Іс-шара ТЖМ бақылауымен өтіп, 2025 жылғы өрт қауіпті маусымға кешенді дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.*Ескерту: оқу-жаттығу барысында ашық от пайдаланылған жоқ – түтін эффектісі үшін қоршаған ортаға зиянсыз арнайы кәсіби түтін шашкалары қолданылды. Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1003486?lang=kk
10 простых шагов при землетрясении: памятка для населения 29.05.2025
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам: халыққа арналған жадынама Жер сілкінісі — кенеттен болатын табиғи құбылыс. Осындай жағдайларда дұрыс әрекет ету — өміріңізді сақтап қалудың басты кепілі. ✅ Жер сілкінісі кезінде не істеу керек:1.Сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз.2.Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты қолданбаңыз.3.Терезе, жиһаз, люстрадан алыста болыңыз.4.Қауіпсіз жерге тығылыңыз: жоғарғы қабаттарда — негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына, берік үстел астына.5.Төменгі қабаттарда — ғимараттан дереу шығыңыз, көпқабатты үйлерде — дүмпу тоқтаған соң шығыңыз.6.Қажет болса, су, газ, электр қуатын өшіріңіз.7.Алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін алыңыз.8.Электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан аулақ болыңыз.9.Қайталама дүмпуге дайын болыңыз.10.Қарттарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз. Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1003506?lang=kk
Астанада сарбаздар аналарының II республикалық форумы өтті: диалог, сенім, іс-әрекет 29.05.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Аналар күніне орай сарбаздар аналарының II республикалық форумы өтті. «Әскердегі азаматтың қызметіндегі ана даналығы» ұранымен өткен бұл шара армия, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды.Форумға Парламент Мәжілісінің депутаттары, атқарушы биліктің, бейінді министрліктер мен ведомстволардың, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің және оның өңірлік филиалдарының мүшелері қатысты.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов өз сөзінде әскери қызметшілердің отбасыларын армияның қоғамдық өміріне белсенді тарту және әскерге шақырылушылардың моральдық және патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы ананың рөлі арқылы халықтың әскери қызметке деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Дөңгелек үстел барысында Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери прокуратура, Денсаулық сақтау министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Мерзімді қызмет өткеру шарттары, әскери қызметшілерді заттай мүлікпен және тамақпен қамтамасыз ету, әскерге шақырудың ашықтығы, отбасылармен өзара қарым-қатынас, моральдық-психологиялық қолдау, сарбаздарды құқықтық қорғау және мерзімді қызметтегілер үшін білім беру мүмкіндіктері мәселелері талқыланды.«Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің төрайымы Лилия Хайруллина әскери бөлімдердің басшылығымен диалог құрудың және әскердегі қызметтің қауіпсіз, әлеуметтік тұрғыда қорғалған және беделді болуға жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтіп, сонда жастар армияға өз еркімен барады, ал олардың туыстары командирлерге сенім артады деді.Форумда ұйымдастырылған жауынгерлік дайындықта үздік нәтижелерге қол жеткізген ұлдардың аналарымен кездесулері тосынсый болды. Жас жауынгерлерге 10 күндік демалыс беріліп, ынталандырылды. Осындай лайықты ұлдар тәрбиелеген аналарға ведомстволар мен сарбаздар аналары комитеті басшыларының атынан грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.Форум қорытындысы бойынша ұсыныстардың ресми хаттамасы орындаушыларды, мерзімдерін және күтілетін нәтижелерді нақты белгілей отырып, толтырылды, бұл барлық тартылған тараптардың одан әрі бірлескен іс-әрекетінің жол картасы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1003569?lang=kk