Enbekshi QazaQ

Әлем

"Болашаққа жолдама" форумы 28.05.2025
24 апреля 2025 года  Учебно-методическим центром  развития образования Карагандинской области подведены итоги областного этапа форума «Болашаққа жолдама»Форум проведен с целью демонстрации передового опыта педагогов и повышения эффективности профориентационной работы в школах. В форуме приняли участие учащиеся, педагоги организаций образования Осакаровского района.По итогам областного этапа конкурсов определены победители :Конкурс «Лучший профориентатор»3-е место: Муханбетжанова Кулшат Рыспековна КГУ «Опорная школа (рц) №12 »Конкурс  «Лучший   бизнес стартап проект учащихся»1 место:  Ручкина Ульяна ученица КГУ «Общеобразовательная школа№13», руководитель  Прокопьева Наталия СергеевнаТворческий конкурс  «ACTIVCREATIVE» в области креативных индустрий «Креативное мышление»Номинация «Комиксы»2 место: Жантупова Меруерт Оразгалымовна КГУ «Общеобразовательная школа №11»,3 место: Ульрих Людмила Сергеевна, Дутбаева Жанар Кулмухамбетовна КГУ «Опорная школа им Ә Бөкейхана (рц)»Номинация «Цифровые  образовательные и развивающие платформы»3 место: Аксенова Олга Сергеевна  КГУ «Общеобразовательная школа №13»  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/999159?lang=kk
УСҚ иелері мен Департамент басшысының орынбасары Мустафин Д.К. қатысуымен дөңгелек үстел өтті 28.05.2025
2025 жылғы 16 мамырда Мемлекеттік кірістер департаментінің конференц-залында УСҚ (уақытша сақтау қоймалары) иелері мен Департамент басшысының орынбасары Мустафин Д.К. қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – УАҚ қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды, атап айтқанда:- Тауарларды сақтау бойынша сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсету;- УСҚ иелері тарапынан кеден заңнамасының сақталуы, оның ішінде заңсыз тауар айналымының алдын алу және сақтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;- Департамент басшысынын орынбасары мен УАҚ иелері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, соның ішінде цифрландыру, бақылау процестерін автоматтандыру және әкімшілік кедергілерді азайту ұсыныстары. Кездесу барысында қатысушылар практикалық мәселелерді талқылап, түйткілді жайттарды атап өтіп, оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдірді. Департамент басшысының орынбасары Мустафин Д.К. барлық логистикалық тізбек қатысушыларының ашық және адал жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ведомствоның адал кәсіпкерлермен ашық диалог орнатуға және қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/999162?lang=kk
"Қанған-туған жер" облыстық байқауы 28.05.2025
16 мая 2025 года  в городе  Караганде  в КГУ «Общеобразовательная школа имени Григория Потанина» с целью выявления одаренных учащихся, развития  научно-исследовательской, краеведческой,этнографической деятельности школьников, формирования патриотизма, чувства гордости за культурное наследие   и традиции казахского народа проведен областной этап историко-краеведческого конкурса «Қанатын жайған-туған жер»В номинации «Макет города,поселение и архитектурное сооружение созданное в разные исторические периоды» учащиеся 7 класса  КГУ «Опорная школа (рц) № 12»   Дмитриева Виктория и Попандопуло Семела заняли 3 место,руководитель учитель истории Естифеева Елена Викторовна.Поздравляем победителей!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/999166?lang=kk
"Kazakhmys Coal" ЖШС жастар бөліміне экскурсия 28.05.2025
   «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ   қолдауымен жұмысшы  мамандықтары жылын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында,кәсіптік бағдар беру мақсатында Молодежный кентінің жоғары сынып оқушалары 2025 жылдың 14 мамырында «Kazakhmys Coal» ЖШС-ның «Молодежный» разрезіне экскурсия ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/999184?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД жұмысының жаңа режимі 28.05.2025
Құрметті салық төлеушілер! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2025 жылғы 20 мамырдан бастап жаңа жұмыс режимі туралы хабарлайды.ҚР ҚМ 2025 жылғы 25 сәуірдегі №197 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес Комитеттің барлық аумақтық бөлімшелері (кезекші бекеттерді, кеден бекеттерін, бақылау өткізу пункттерін және тәулік бойы не ауысымдық жұмыс кестесін ұйымдастыру талап етілетін өзге де мамандандырылған бөлімшелерді қоспағанда) үшін мынадай жұмыс режимі белгіленеді:          - жұмыстың басталуы: 8 сағат 30 минутта;        - жұмыстың аяқталуы: сағат 18.00-де;        - түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30 минутқа дейін. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/999196?lang=kk
Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік конкур жарыстарында 23 медаль жеңіп алды 28.05.2025
Екатеринбург қаласында өткен «Весна Победы» атты Бүкілресейлік конкур жарыстары өз мәресіне жетті. «Арғымақ» ат спортық-сауықтыру кешенінің шабандоздары Астананың намысын абыроймен қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.Қатысушылар 70-тен 130 см-ге дейінгі биіктіктегі кедергілерді, соның ішінде классикалық маршруттар мен кедергіден секіру кезеңдерін сәтті еңсерді.Спортшылар жоғары дайындық деңгейін танытып, қызу бәсекеде барлығы 23 жүлде жеңіп алды: 12 алтын, 7 күміс, 4 қола.Хасенов Азамат «Мунфери» тұлпарымен 1 орын -2 медаль2 орын -1 медаль«Асуан» 1 орын-1 медаль,2 орын-2 медаль«Изи» 1орын – 1 медаль2 орын-1 медальСулейменқұлов Жалғасбек «Лебедь» тұлпарымен 1 орын- 3 медаль«Форвард» 2 орын -2 медаль3 орын-1 медальМанар Әлішер «Артист» тұлпарымен1 орын – 4 медаль,2 орын-1 медальБайгужина Сафина «Сармат» тұлпарымен 1 орын -1 медаль,3 орын-2 медальХасенова Анель «Русская звезда» тұлпарымен 3 орын-1 медаль.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/999205?lang=kk
ШҚО прокурорлары ҚАЖ мекемелерінде өндірісті дамытуға кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде 28.05.2025
         2024 жылдың маусым айында Бас прокуратураның бастамасымен заңнамалық актілерге толықтырулар енгізілді.         Өзгертулерге сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде  сотталғандарды еңбекке тартатын кәсіпкерлер «Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін алып, гранттар, субсидиялар, салықтық жеңілдіктер және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады.         Жаңашылдықтар облыс прокуратурасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлерге жан-жақты түсіндірілді.        Кейін прокурорлардың қолдауымен «Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін иеленген кәсіпкердің бірі 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды.        Аталған қаражатты ол мектепке дейінгі ұйымдарға арналған сотталғандардың қолымен дайындалатын балаларды дамытушы ойыншықтарын жасау  өндірісін дамытуға бағыттады.       ШҚО прокуратурасы ҚАЖ мекемелеріне бизнес-субъектілерді тарту жұмыстарын жалғастыруда және қадағалау органы құқықтық мәселелер бойынша қолдау көрсетуге ашық екенін хабарлайды.#АдалАзамат#Әділдік Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/999209?lang=kk
Хорватия мүфтиі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына қатысады 28.05.2025
Загреб, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватиядағы Ислам қоғамдастығының Рухани басқармасының басшысы, Мүфти Азиз Хасановичпен кездесті.Кездесу барысында Елші А.Хасановичке Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне қатысуға ресми шақыруды табыстап, конфессияаралық диалогты нығайтуға, діни төзімділік пен әртүрлі мәдениеттер мен діндер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған қазақстандық бастамаларды тұрақты түрде қолдап келе жатқан Хорватия Ислам қоғамдастығына алғыс білдірді.Өз кезегінде, Мүфти Хасанович Қазақстан басшылығының рухани және діни құндылықтарды дамытуға бағытталған ұстанымдарын қолдайтынын білдіріп, 2023–2033 жылдарға арналған Съезді дамыту тұжырымдамасының өзектілігі мен дер кезінде қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол толеранттылыққа, бейбітшілік пен көпконфессиялы қоғамдағы барлық азаматтардың құқықтарын құрметтеуге негізделген Қазақстанның зайырлы дәстүрлері елдің баға жетпес байлығы болып табылатынын ерекше атап өтті.А.Хасанович Хорватия Ислам қоғамдастығы делегациясының Съезд жұмысына қатысатынын растап, бұл халықаралық алаңның әртүрлі діндер мен мәдениеттер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/999212?lang=kk
Сербияда Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері талқыланды 28.05.2025
Белград, 2025 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстан делегациясы мен SCAT әуе компаниясының басшылығы Белградқа келіп, Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді.Сербияның Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Александра Софрониевичпен кездесу барысында қазақстандық әуе компаниясының рейстері жүзеге асырылатын мемлекетаралық нормативтік құқықтық актілер талқыланды. Бұл ретте азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Екі ел арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы барлық саладағы қарым-қатынастардың дамуына тың серпін беретіні баса айтылды.Сербияның Air Serbia ұлттық әуе компаниясының басшылығымен кездесу барысында қазақстандық SCAT Airlines әуе тасымалдаушысының өкілдері екі астана арасындағы тікелей рейсті пайдаланудың техникалық жай-күйін және оның келешегін талқылады.Жобаның коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мен Сербияның туризм департаменттері мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлінді. Сербия Республикасының Туризм және жастар вице-министрлері В.Ракичпен және А.Вукичевичпен, сондай-ақ, Сербияның Ұлттық туристік агенттіктер қауымдастығының басшылығымен кездесулер Орталық Азия мен Батыс Балқан арасындағы «әуе көпірін» құруға жоғары әлеует пен қызығушылықты растады.  Бұл өз кезегінде туризм, бизнес және мәдени саладағы қарым-қатынастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/999216?lang=kk
Алтай ауданының мәслихатының депутаттары тыл ардагерлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! 28.05.2025
Тылдағы сіздердің ерлік еңбектеріңіз — Отанға деген шексіз махаббаттың, табандылық пен қайсарлықтың символы. Соғыс жылдарының ауыр күндерінде сіздер күндіз-түні тынбай еңбек етіп, өмір, Жеңіс және болашақ үшін бар күш-жігерлеріңізді сарп еттіңіздер. Елдің Жеңіске жетуіне дәл сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз себеп болды.Сіздер — болашақ ұрпаққа үлгі болар нағыз батырларсыздар. Халқымыздың ұлы тарихына қосқан зор үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.Осы айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, жақындарыңыздың қамқорлығы мен жылулығын, бейбіт аспан мен ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздердің ерліктеріңіз мәңгі ел есінде сақталады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/998774?lang=kk
Спортшылар құрмет төрінде 28.05.2025
Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Сыдықов ауыр атлетикадан Перу мемлекетінің Лима қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Ерасыл Сәулебековті қабылдап, жеңісімен құттықтады.«Биыл аудан спортшылары үшін жемісті де жеңісті жыл болып тұр десек қателеспейміз. Себебі еліміздің көк байрағын желбіретіп шаршы алаңға шыққан спортшыларымыз намысты қолдан бермей, жеңіске жетуде.- Тау көтерген толағай Ерасыл өзінің жастығына қарамай көптеген белестерді бағындырып келеді. Атап айтар болсақ, ол жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы,20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері,Қазақстан Республикасының 9 мәрте рекордшысы.Бұл әрине бір күнде қол жеткізетін жетістік емес. Ерасыл әлемдік додада топ жару үшін жаттығуларда тынбай еңбек етіп, бапкердің айтқан ақыл-кеңестерін екі етпей орындады деп ойлаймын. Спорт бәсекелерінде жеңіске жеткен Ерасыл мен тілеулес ата-анасын аудан халқы атынан құттықтаймын, – деді Шыңғыс Әбділәмитұлы.Қабылдауға Ерасылдың бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айдар Ералиев қатысты.Құрлықтың бәсекеде жеңіске жеткен спортшыны Қазақстан Республикасының "Құрметті спорт қайраткері" Еркін Атабаев та құттықтап, ізгі лебізін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/998790?lang=kk
Қармақшыда бокстан республикалық турнир басталды 28.05.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының спортына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісінің иегері» Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, Қуаныш Қаражановтың спорт саласының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, спортқа баулу мақсатында салынған спорт кешендерінің пайдалануға берілгендігін айтып, турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.Шарада Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» Еркін Оразбекұлы ізгі тілектерін білдіріп, білікті жаттықтырушы Қуаныш Қаражанұлының өнегелі өміріндегі үлгі болар жетістіктеріне тоқталды.Айта кетейік, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған бұл жарысқа арнайы Қырғызстан мен Өзбекстан Республикаларынан және еліміздің Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан жалпы саны 180-ге жуық жас спортшылар қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/998792?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті 28.05.2025
🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік өтті🌿Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумағын тазарту және көгалдандыру арқылы экологиялық мәдениетті арттыру.Сенбілік барысында орталық саябақ аумағы тазаланып, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.Жалпы саны 400 түп ағаш егілді.Аталған игі іске демеушілік көрсеткен және белсене қатысқан «КМГ Инжиниринг» ЖШС ұжымына шын жүректен алғыс білдіреміз!Сіздердің қолдауларыңыз – туған жер табиғатын қорғауға және жасыл болашақ қалыптастыруға қосылған зор үлес! 💚 #Тазақазақстан @kmg_engineeringТабиғатты аялау мен туған жерге жанашырлық танытқан азаматтардың еңбегі – болашақ ұрпаққа таза және жасыл Қазақстан қалдырудың жарқын үлгісі.📍Батыр ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1111249?lang=kk
14 мамыр күні Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің және Алтай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды: 28.05.2025
«Алтай ауданында туризмді дамыту туралы»;«Алтай қаласында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысы туралы»;«2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқаруға және ортақ мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы».Отырыста «Туризмді дамыту туралы» мәселені даму жоспарын ұсыну арқылы қайта қарау туралы шешім қабылданды. Қалған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/998819?lang=kk
Мәслихат депутаттары Жангурчинов Р.С. және Рубцов С.Н. «Поперечка» шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. 28.05.2025
Тұрғындар үшін негізгі мәселелер – су құбыры желілерін қайта жаңғырту және ұялы байланыс қызметіндегі үзілістер болды.Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан орынға барып, жұмыс барысын тексеріп, Алтай ауданының ТКШ бөлімі басшысы Жуаңғанов К.А. атына депутаттық сауал жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/998826?lang=kk
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа жұмыс кестесі 28.05.2025
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Еңбек ережесінің қағидаларына» сәйкес бекітілгенҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі No 197 бұйрығымен барлық аумақтықКомитеттің бөлімшелері (кезекші посттарды, кеденпосттар, бақылау-өткізу пункттері және басқа мамандандырылғантәулік бойы немесе ауысымдық жұмысты ұйымдастыру қажет бөлімдержұмыс кестесін қоспағанда), келесі жұмыс режимі белгіленеді:Басталуы: 08:30Соңы: 18:00Түскі үзіліс: 13:00 – 14:30 (90 минут)Жұмыс аптасының ұзақтығы: 5 күн (40 сағат).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/998829?lang=kk
Алматы облысында 2025 жылы 76,7 мыңнан астам ағаш отырғызылды 28.05.2025
2025 жылы Алматы облысында көгалдандыру және экологияны жақсарту мақсатында 76 703 түп ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүргізілді.Ең көп ағаш отырғызылған аймақ – Қонаев қаласы. Мұнда 12 446 түп ағаш отырғызылып, жасыл аймақтардың аумағы едәуір кеңейтілді. Екінші орында — Еңбекшіқазақ ауданы (9 429 түп), ал үздік үштікті Ұйғыр ауданы (6 190 түп) түйіндейді.Сонымен қатар, көктемгі экологиялық акцияларға жалпы білім беретін мектеп оқушылары да белсенді атсалысты. Олар 11 237 түп ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.Ағаш егу жұмыстарының аудан бойынша көрсеткіші төмендегідей:• Жамбыл ауданы – 8 800 түп• Іле ауданы – 5 693 түп• Талғар ауданы – 5 660 түп• Қарасай ауданы – 5 477 түп• Балқаш ауданы – 4 670 түп• Райымбек ауданы – 3 311 түп• Кеген ауданы – 2 920 түп• Алатау қаласы – 870 түпБұл көрсеткіштер – өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл белдеулер қалыптастыруға және ауаның сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Көгалдандыру жұмыстары жалғасады және жыл соңына дейін 41 970 түп ағаш отырғызу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/998845?lang=kk
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы салықтық міндеттемелерді орындауды жеңілдетеді 28.05.2025
"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы - цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.Мобильді қосымшаның функционалы:- жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;- кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;- қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;- салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуг- жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;- оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);- кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндікбереді. #esalyqbusiness #дгдпообластижетісу #жетісуоблысыбойыншамкд #салық #налогАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/998846?lang=kk
Бесағаш ауылында цифрлық жаңғыру: Алматы облысында алғаш рет қос функциялы тірек орнатылды 28.05.2025
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында өңірдегі алғашқы қос функциялы тірек іске қосылды. Бұл – базалық станция мен көше шамының қызметін біріктіретін заманауи инженерлік шешім. Болашақта мұндай құрылымдар бейнебақылау жүйесімен де жабдықталуы мүмкін. Жоба Huawei компаниясының бастамасымен, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «КаР-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.Дәстүрлі антенналардан айырмашылығы — көлемді әрі көзге ұрмайтын бұл тірек ықшам әрі функционалды дизайнмен ерекшеленеді. Ол елді мекеннің келбетіне үйлесімді еніп, бірнеше функцияны қатар атқарады: байланыс операторларының жабдықтарын орналастыруға мүмкіндік беріп, көше жарығымен қамтамасыз етеді. Бұл – ауылдық және қалалық инфрақұрылым үшін тиімді шешім.Қос функциялы тіректің басты артықшылықтарының бірі – орнату мерзімінің қысқалығы. Егер стандартты байланыс мұнарасын салу алты айдан астам уақытты алса, бұл құрылым небәрі бір ай ішінде орнатылады. Бұл, әсіресе, мобильді байланысты жақсарту мен бейнебақылау жүйесін енгізу аса қажет өңірлер үшін маңызды.«КаР-Тел» ЖШС-нің техникалық директоры Олег Снимщиковтың айтуынша, бұл жобаның болашағы зор: «Мұндай тіректерді бүкіл Алматы облысына енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде байланыс сапасын арттырып, өңірдің цифрлық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады», — деді ол.Қос функциялы тірек тек байланыс үшін емес, қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыру арқылы түнгі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта мұндай құрылымдарға бейнебақылау камераларын орнату арқылы жергілікті билік көшелердегі жағдайды бақылап, қоғамдық қауіпсіздікті арттыра алады. Осылайша, тірек — ақылды әрі көпфункционалды қоғамдық кеңістіктің бір бөлігіне айналады.Ауылдық жерлерде жеке инфрақұрылым тартуға мүмкіндік бола бермейтін жағдайда мұндай шешімдер аса өзекті. Кешенді тәсіл ресурстарды үнемдеуге және заманауи технологияларды ең қажет жерлерге енгізуге септігін тигізеді.Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы атап өтті: «Біз әрқашан технологияларды адамдарға жақындатуға тырысамыз. Көшені жарықтандырып, байланыс сигналын күшейтетін тірек – бұл футуризм емес, жайлы әрі заманауи өмір сүру салтына жасалған нақты қадам. Ең бастысы – бұл қадам Бесағаш секілді ауылдардан басталуы біз үшін маңызды».Қазіргі таңда осындай тірек Алматы қаласында да орнатылып жатыр — іске қосу мамыр айына жоспарланған. Бұл жоба тек ауылдық емес, мегаполис жағдайында да қолдануға болатынын көрсетеді.Сонымен қатар, бұл пилоттық жоба мемлекет пен бизнес арасындағы жаңа форматтағы серіктестікке жол ашады. Мұндай бастамалар технологиялық дамуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және жергілікті қауымдастықтарды дамытуға ықпал етеді.Бесағаш ауылындағы жоба – заманауи технологиялық шешімдерді жылдам, сапалы және қоршаған ортаның эстетикасын ескере отырып іске асыруға болатындығын дәлелдейтін мемлекеттік және жеке сектордың бірлескен жұмысының жарқын мысалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/998864?lang=kk
Жеңіс күніне өткізілген іс-шаралар 28.05.2025
Ново-Хайрузовка ауылдық округінде Жеңіс күніне орай келесі іс-шаралар өткізілді:Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:Соғыс батырларын еске алуға арналған оқушылар, оқытушылар мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты жиын. Ауылдық округ әкімі Р. К. Нұрмолдин құттықтау сөз сөйледі.Қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою.Соғыс жылдарындағы әндер мен соғыс туралы өлеңдерді қамтитын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы.Округ тұрғындары қатысқан "шам жағу" акциясы."Біз есімізде, біз мақтанамыз"тақырыбындағы суреттер мен плакаттар көрмесі.Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы деректі фильмдерді көру және талқылау.Бұл іс-шаралар патриотизмге, өз елінің тарихын құрметтеуге және халқымыздың ұлы подігін еске алуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/998865?lang=kk