Enbekshi QazaQ

Әлем

Ортақ естелік парызы: Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыста Нидерланд жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алады 12.05.2025
Лёсден (Нидерланд), 2025 жылғы 9 мамыр – 9 мамыр – Жеңіс күні Лёсден қаласындағы «Кеңес Даңқ Аланы» зиратында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуына арналған салтанатты мемориалдық рәсім өтті. Бұл айтулы іс-шара туған жерінен жырақта қаза тапқан Қызыл Армия жауынгерлерінің тарихи жадысын сақтау мақсатындағы халықаралық гуманитарлық бастамалар тізбегіндегі басты оқиғаға айналды.5 мамыр күні, яғни осы оқиғалардан бірнеше күн бұрын, Нидерланд аумағында 1945 жылы фашистік оккупацияның аяқталуын еске алатын Азаттық күні (Liberation Day) аталып өтті. Бұл күн елдің ұлттық күнтізбесінде маңызды дата болып саналады және ол еркіндік, бейбітшілік пен фашизмге қарсы күрескендерге алғыс білдіру құндылықтарын білдіреді. Аталған құндылықтар Нидерланд жерінде қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған еске алу шараларында да өз көрінісін табуда.«Біз фашизмге қарсы жеңісті атап өтеміз және осы соғыстың сансыз құрбандарын еске аламыз. Сіздің еліңіз бұл жеңіске елеулі үлес қосып, соғыстан көп зардап шекті. Қазақстан үшін бұл еске алу рәсімінің маңыздылығын біз жақсы түсінеміз», – делінген Нидерландтағы Қазақстан дипломаттарына арналған шақыруда, оны Лёсден қаласының әкімі Геролф Бауместер мен «Кеңес Даңқ Аланы» қорының директоры Ремко Рейдинг жолдаған. ҚР-дың делегациясы Елші Қ.Абдрахмановтың басшылығымен қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоғын қойып, бостандық жолында ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің батырлығы мен жанқиярлығына құрмет көрсетті.Лёсден қаласындағы Кеңес әскери зираты — Батыс Еуропадағы кеңес жауынгерлері жерленген ең ірі жерлердің бірі. Мұнда Қазақстаннан, Өзбекстаннан және бұрынғы КСРО-ның басқа республикаларынан шыққан 865 қызыләскер сарбазы мен офицері мәңгілік тыныш тапқан. Олардың есімдері ұзақ жылдар бойы беймәлім болып келді, тек нидерландтық зерттеушілердің, мұрағатшылар мен еріктілердің табанды еңбегінің арқасында тарихи әділдік орнап, қаза тапқандарға лайықты құрмет қайта оралды.Биылғы рәсімге Лёсден мен Амерсфорт қалаларының мэрлері, дипломатиялық корпус өкілдері, қоғам қайраткерлері, студенттер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке өз елдері мен халықтарының атынан гүл дестелерін қойды. Рәсімнің маңызды сәттерінің бірі – нидерландтық жанашырлардың еңбегі арқасында алғаш рет жақындарының тағдырын білген қаза тапқан сарбаздардың ұрпақтарының естеліктерімен бөлісуі болды.Аталған шара биыл Лёсден қаласында өткен бірқатар еске алу іс-шараларының кульминациялық сәті болды. Мәселен, 9 сәуір күні осы қалада 1942 жылы дәл сол күні нацистер атып өлтірген 77 кеңестік әскери тұтқынның құрметіне арналған жеке рәсім өткізілген болатын. Куәгерлердің мәліметі бойынша, олардың көпшілігі Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия республикаларынан шыққан.2025 жылғы наурыз айында Лёсден қаласында Sovjet Ereveld Experience атты музей ашылды — бұл заманауи мультимедиялық құралдарды қолдана отырып, қаза тапқан кеңестік сарбаздардың тағдырын баяндайтын қайталанбас музейлік кеңістік. Экспозицияда соңғы жылдары өмірбаяны қалпына келтірілген қазақстандық жауынгерлердің тарихына ерекше назар аударылған. Музей Жеңістің бағасын және халықтар арасындағы гуманитарлық диалогтың маңыздылығын еске салып тұратын тарихи жадыны жаңғыртатын маңызды мәдени нысанға айналды.Осы бастамаларды жүзеге асырып отырған «Кеңес Даңқ Аланы» қорының (Stichting Sovjet Ereveld) қызметі айрықша жоғары бағаға лайық. Мұндай жобалар тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтады. Аты-жөні белгісіз сарбаздардың үнін жаңғыртып, оларға естелік, ризашылық пен бейбітшіліктің үнін қайтарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/992746?lang=kk
Хельсинкиде Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай кеңес жауынгерлеріне құрмет көрсетілді 12.05.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимов 1960 жылы Ханко қаласында орнатылған Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.Қазақстандық дипломат өз сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске жетудегі қазақ халқының елеулі үлесін атап өтіп, майдан даласында шайқасқан жүздеген мың қазақстандықтардың ерлігі мен қаһармандығын, сондай-ақ жалпы жеңіске елеулі үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз еңбегін ерекше көрсетті.Ханкодағы жаппай қабірде 1939-1940 жылдардағы кеңес-фин соғысы мен Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 453 офицердің, сарбаздардың және әскери тұтқындардың сүйектері жатыр. 1969 жылы Ханкодағы қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіш Кеңес Одағынан тыс жерде ең әдемі ретінде халықаралық сыйлыққа ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/992711?lang=kk
Әскери қызметшілер қарт майдангер Рзағұл Байкешевті құттықтады 12.05.2025
Астанада Тыл бастығы басқармасының әскери қызметшілері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері және Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық оркестрінің музыканттары Рзағұл Байкешевті Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.Тыл бастығы басқармасының өкілі ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізіп, бағалы сыйлық табыс етті.Майдангер әскери қызметшілерге табысты қызмет, отбасылық амандық және ашық аспан тіледі.Ардагерге сыйлық ретінде әскери оркестрдің музыканттары соғыс жылдарындағы шығармаларды орындады.Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Ол 1933 жылы мектепке барып, 1939 жылы бітірді. Соғысқа дейін совхозда жұмыс істеген.Майданға 1943 жылы шақырылды. Кеңес әскерлерінің құрамында Ржев қаласы маңындағы шайқастарға, Великте Луки шабуыл операциясына қатысты. Польша, Румыния және Венгрия нв жаудан азат етті. Отанына ефрейтор шенімен оралды.Ырзағұл Байкешев I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.Рзағұл Байкешев екі ұл тәрбиелеп, олардан бірнеше немере-шөбере сүйді. Қазір немересі Талғатпен тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992713?lang=kk
Астанадағы әскери музейде Жеңіс күніне арналған көрме өтті 12.05.2025
9 мамырда ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайы елорда тұрғындары мен қала қонақтарына есігін айқара ашты.Мұражай қызметкерлері келушілер үшін "Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі" бағдарламасын дайындады. Көрме залдарының экспозицияларында соғыс қаһармандарының жеке заттары, құжаттар, фотосуреттер, бейнематериалдар, көркем шығармалар және Ұлы Отан соғысы кезіндегі басқа да жәдігерлер ұсынылды.  Әскери-тарихи мұражайдың гидтері келушілерге театрландырылған экскурсиялар, шебер-класстар, сондай-ақ заманауи әскери техника мен қару-жарақ көрмесін дайындады.- Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту үшін біз әскери-патриоттық бағыттағы танымдық әртараптандырылған іс-шаралардың тұтас кешенін дайындадық. Мұражайға келушілерге жеңіс жолының қаншалықты ауыр болғанын және соғыс майдандарында қазақстандық жауынгерлердің қалай жанқиярлықпен күрескенін жеткізуге тырыстық,- деп атап өтті Әскери-тарихи мұражайдың бастығы майор Дәулет Қадыров.Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі құрмет қарауылы ротасы әскери қызметшілерінің үйлесімді қозғалыстары көпшілікті таң қалдырды.Жас қатысушылар үшін мұражай қызметкерлері "Бейбіт аспан астында" атты сурет сабағы мен зияткерлік викторинаны өткізді. Ал шытырман оқиғалы әуесқойлар танымдық квестке қатысты.Іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен "Жастар"театрының концерттік бағдарламасымен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992717?lang=kk
9 мамыр күні Әйет ауылының тұрғындары жеңімпаздардың ерліктеріне құрмет білдірді. 12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Ұлы Жеңіс ұмытылмайды" атты салтанатты іс-шарасы аудан орталығында өтті. Мерекелік рәсім театрландырылған қойылымнан басталды. Еске алу қабырғасының аясында прологқа қатысушылар соғыс жылдарында болған атмосфераны қалпына келтірді. Сахналар бірінен - бірі көрсетіле бастады:-1941 жылғы түлектердің вальсі және қазақстандық Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев және жерлесіміз Сейтхан Темірбаев сынды Қаһармандармыздың бейнелері ұсынылды. Театрландырылған прологтың әсерлі сәттерінің бірі қыздардың пенжек киген биі және сарбаздың кездесуі, бір минут үнсіздік және дүркін болды. Көптеген көрермендер, және де қатысушылардың өздері көз жасын тыймады. Аудан әкімінің құттықтауымен іс-шара жалғасты. Қайсар Мыржақыпов өз сөзінде 9 мамыр біздің жүрегімізді ең әсерлі сезімдер – қуаныш пен қайғыға, жанашырлық пен тектілікке толтыра білген қасиетті де, мәңгі күн. Сондықтан біз мұра боп қалған халықтың татулығын, келісімі мен бірлігін бағалаймыз және сақтаймыз деп атап өтті Қ.Мыржақыпов.Жиналғандарды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Овчарова құттықтады. Олар біздің республикамызға бейбітшілік, өркендеу, әр отбасына береке мен келісім тіледі. Еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойғаннан кейін іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/992722?lang=kk
Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне марапаттар табысталды 12.05.2025
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін марапаттау бойынша салтанатты іс-шаралар өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде және Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында ұйымдастырылды.Мемлекеттік маңызы бар жоғары наградаларды әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов табыс етті. Құттықтау сөзінде ол қазіргі ұрпақ ата-бабалар жолын абыроймен жалғастырып келе жатқанын атап өтті:– Ерлік пен батырлықтың символына айналған қос мереке – Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күндер – халқымыздың қаһармандығы мен бірлігінің, тарих алдындағы жауапкершілігінің айқын көрінісі. Мемлекет басшысы: «Тәуелсіз елдің қорғаны мықты болуға тиіс. Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы», – деген болатын. Бүгінде полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері бұл міндетті абыроймен атқарып келеді, – деді ведомство басшысы.Марапатталғандардың қатарында күнделікті қызметте де, төтенше жағдайларда да ерекше көзге түскен әскери қызметшілер бар.Қызметтік борышын мінсіз атқарғаны, антқа адалдығы мен кәсіби шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жауынгерлік дайындық Бас басқармасының бастығы полковник Нұрлан Мұхамедов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салихбаев және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5546 әскери бөлімінің штаб бастығы – командирдің орынбасары подполковник Самед Кулахмедов марапатталды.Ерекше ерлік көрсеткендердің бірі – «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Абдиров. 2024 жылғы сәуір айында ол Қостанай облысындағы құтқару операциясына басшылық етіп, бір жарым сағат ішінде 500 шақырымнан астам марш ұйымдастырып, Тәуіш ауылын су басудан қорғау және тұрғындарды эвакуациялау іс-шараларын сәтті басқарды. Көрсеткен табандылығы мен жанқиярлығы үшін ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Дәл осы медальмен Ұлттық ұлан Академиясының 1-оқу батальонының командирі, кәсіби шеберлік байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2024 жылы республикалық деңгейде үздік әдіскер-командир деп танылған полковник Рауан Усбанов та марапатталды.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 7552 әскери бөлімінде құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, аға сержант Өркен Мәжит азаматтық жауапкершілік пен шынайы батырлық танытты. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қаласында ол бейбіт тұрғынға жасалған қатыгез шабуылды дер кезінде тоқтатып, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, шұғыл қызметтерді шақырды. Оның батыл әрекетінің арқасында қылмыскерлер дереу ұсталып, сот үкімімен жазаланды. Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Сондай-ақ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің 2-бақылаушылар взводының маманы, сержант Жаннат Халилова да жоғары қырағылық танытып, ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттардың жеткізілу әрекетінің алдын алды. Ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Айта кетейік, Ұлттық ұланның 50 әскери қызметшісі мен ішкі істер органдарының қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды. Шамамен 1200 әскери қызметші қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны, көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін министр бұйрығымен марапатталды. Сондай-ақ Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бірқатар әскери қызметшіге кезекті әскери шендер мен грамоталар табыстады.Салтанатты рәсімдер– еліміздің қауіпсіздігі, құқықтық тәртіп пен азаматтардың тыныштығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің еңбегіне берілген жоғары баға болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/992703?lang=kk
Актерлер мен әскери қызметшілер қайтадан бірікті: «Әлия» спектаклі салтанатты түрде сахналанды 12.05.2025
8 мамыр күні М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Әлия» спектаклі қайта сахналанды. Бұл қойылым — мәдени бірлік пен азаматтық жадының символына айналған ерекше туынды. Алғаш рет 6 наурызда көрерменге ұсынылған бұл спектакль көрермен жүрегіне жол тауып келеді. Қойылымның ерекшелігі — театр әртістері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің шығармашылық тандемінде. Олар бірлесіп, адам жанын тебірентерлік көркем бейне жасады.Жоба 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Қойылым тек аңызға айналған батыр қыздың өмірін баяндап қана қоймай, қазақстандық әйелдердің ерлігіне, табандылығы мен жанқиярлығына арналған тірі ескерткішке айналды.Басты рөлді Айжұлдыз Бақланова сомдады. Оның шынайылығы мен драмалық шеберлігі залда отырған ешкімді бейжай қалдырмады. Айжұлдыз сомдаған нәзік, бірақ қайсар Әлия бейнесі көрерменге үлкен әсер сыйлады.Қойылымда музыкалық сүйемелдеудің де орны ерекше. Әннің жазылғанына 50 жыл толуына орай Ұлттық ұланның үлгілі оркестрі мен ерлер хоры орындаған «Әлия» әні залды ерекше көңіл-күйге бөлеп, мақтаныш, сағыныш және алғыс сезімдерін оятты.Көрермен толы зал, тік тұрып соғылған шапалақ, көрермендердің шынайы көз жасы — мұның бәрі «Әлия» спектаклінің маңызды миссиясын жалғастырып жатқанын білдіреді. Яғни, ол батырларды еске салу, шабыттандыру және біріктіруді мақсат еткен.Айта кетейік, бұл қойылым елорданың мәдени өмірінде ерекше орын алады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/992705?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығы: әскери қызметшілер жүздеген алматылыққа сарбаз ботқасынан дәм татқызды 12.05.2025
9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Алматының Орталық саябақтарының бірінде патриоттық шара ұйымдастырды.Дәстүр бойынша, мереке қонақтарына нағыз сарбаз ботқасы дайындалды — бұл майдандағы бауырластық пен ерліктің символы. Ыстық тағам 80 жыл бұрын майдандағы сияқты далалық ас үйден тікелей таратылды. Ботқаның дәмін татып көргендердің бәрі бір сәтке соғыс жылдарын, майдан өмірінің рухын сезіне алды.— Бұл сарбаз ботқасы – батырларымыздың ерлігі мен төзімділігіне ықпал еткен дәм, – деді институт бастығының тыл жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Жамбаев. – Біз мұндай акцияны жыл сайын жеңіске жеткендерге құрмет ретінде өткіземіз. Біздің мақсатымыз – Ұлы Жеңістің маңызын жастарға жеткізу, майдангерлерді есте сақтау және тарихқа деген құрметті нығайту.Бұдан бөлек, курсанттар әр қонақтың кеудесіне естелік белгісін — Жеңіс символын құрметпен тағып берді. Бұл кәдесыйдың мағыналы терең, көптеген адамдар үшін жай сыйлық емес, есте сақтаудың, патриотизмнің және ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын еске түсірді.Шара әр түрлі жастағы еңбек ардагерлерінен бастап балалары бар жас отбасыларына дейінгі жүздеген азаматтың басын қосты. Көбі естелік фотосуретке түсіріп, бостандық үшін күрескен ата-бабалары туралы әңгімелерін айтты. Балалар үшін мұндай кездесулер өткен тарих пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу сабағына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992681?lang=kk
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығын салтанатты түрде атап өтті 12.05.2025
Ақтаудағы ауқымды іс-шаралар аясында гарнизонның әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, Ауған соғысына қатысушылар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Мәңгілік алау мемориалында қаза тапқан батырларды еске алды.Гүл шоқтарын қою рәсімі күннің басты оқиғасы болды.Мерейтойлық датаға орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Салазкин мен Ольга Зарявнякты құттықтады. Ол майдангерлерге ризашылығын білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қорғаныс министрінің құттықтауларын жеткізді.- Сізде Отан қорғауда жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Біз мұны әрқашан есте сақтаймыз. Маңғыстаудың барлық тұрғындары атынан еліміздің бейбітшілігі мен жарқын болашағы жолындағы ерліктеріңіз үшін алғыс айтқым келеді, — деп атап өтті ол.Сондай-ақ, әкім ардагерлерге "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" естелік медальдарын табыс етті.Ардагерлердің әңгімелері әсерлі. Василий Салазкин 14 жасында майданға кетіп, I Қиыр Шығыс майданында шайқасты. Ольга Зарявняк 13 жасынан бастап Белоруссиядағы партизандық қозғалысқа қатысып, Брест облысының Клещели қаласында байланысшы болды.Ардагерлерге құрмет белгісі ретінде олардың үйлерінің алдында әскери оркестр өнер көрсетіп, патриоттық әндерді орындады.Сол күні "Жеңіс саябағында" мерекелік концерт өтіп, облыс әкімінің ардагерлермен және әскери қызметшілермен кездесуі өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментке барып, әскери мұражай экспонаттарымен танысып, сарбаз ботқасынан дәм татты.Ақтаудағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу ардагерлерге  ризашылықтың символына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992684?lang=kk
Жеңістің сексенінші көктемі жарқын да жаңа істермен есте қалды 12.05.2025
Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті.Алматы облысы аумағында тұратын соғыс ардагерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтаулар келіп түсті. Жеңісті жақындатқан ардагерлерге атаулы күнге орай ыстық лебізге толы хаттар, естелік сыйлықтар және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар берілді. Бұл күнгі басты қуанышты жаңалықтың бірі - бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен құрмет ретінде Қонаев қаласында салынған тұрғын үйлерден демеушілердің атынан баспана кілтінің табыс етілуі болды. Сонымен бірге, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасымен аймақта тұратын көзі тірі бес соғыс ардагеріне бес миллион теңгеден әлеуметтік көмек берілді. Жеңіс күніндегі салтанатты шара облыс орталығындағы "Даңқ" мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Шараға облыс басшылығы мен әр деңгейдегі мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымы мен түрлі мекеме өкілдері қатысты.Салтанатты рәсімге соғыс ардагерлері арнайы көлікпен жеткізілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің оркестрі шараны музыкамен әрлеп, мереке көркін қыздырды. Шараға қатысқандардың арасында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері Солтанбай Жарықбасов пен Алым Кибиров та болды.Солтанбай ата шарада: "Жеңіс - біздің баршамызға ортақ тағылымды тарихымыз, біздің өміріміздің өзегі әрі даңқымыз, абырой-беделіміздің көрінісі!" - десе, ал А. Кибиров Жеңістің қадір-қасиетін кейінгі жас ұрпақ жадына тұтып, сезініп өссе деген тілегін жеткізді."Жеңістің 80 жылдық мерекесі тек ардагерлерге құрмет көрсетумен шектелмейді. Бұл күннің болашақ ұрпақ үшін де маңызы зор", - деді облыс әкімі.Мереке күні аймақ басшысы ардагер Оксана Бетебаеваға ҚР Президентінің атынан Құттықтау хат, естелікке сыйлық ұсынып, жаңа пәтер кілтін табыстады.Мерекелік іс-шаралар бүкіл облыстың бүкіл аймағын қамтыды. Облыс мұражайларында, кітапханаларда және Мәдениет үйлерінде көрмелер, еске алу кештері мен әдеби-танымдық кездесулер ұйымдастырылды.Мәселен, облыстық кітапханада қайсарлық пен батырлық тақырыбында игі шара өтсе, ал Қарасай ауданындағы "Атамекен" орталығында жиналған қауым Халық қаһарманы, генерал-полковник Сапарғали Тоқпақбаевтың тағылымды әңгімесін тыңдады.Жеңіс күнін мерекелеу 9 мамырмен шектелмесі анық. Облыс жастарының бастамасымен "80 жылға – 80 игі іс" акциясы қолға алынды. Бұл акция аясында 200-ден астам ардагерге көмек көрсетіледі. Еріктілер тыл еңбеккерлері мен жалғыз басты қариялардың шаңырақтарына бас сұғып, үй жинауға және ауласын абаттандыруға қол ұшын созуда. Мектеп оқушылары мен студенттер үшін де әскери бөлімдер мен шекара заставалары отаншылдық рухты көтеретін экскурсиялар өткізеді.Ал 10 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай "Ұлы дала жорығы" атты V халықаралық марафон өтеді. Ауқымды жарысқа 500-ден астам спортшы қатысып, 5 мың көрерменді қамтиды деп күтілуде. Сондай-ақ, Талғар ауданындағы Нұра ауылында бәйге өтіп, жарыста 100-ге жуық шабандоз өнер көрсетті. Жеңіс күніндегі игі шара Райымбек ауданы Талас ауылындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштің ашылуымен түйінделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/992664?lang=kk
Астанада Мәскеуді қорғауда қаза тапқан панфиловшы жауынгерлерге тағзым етті 12.05.2025
Іс-шара 316 атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткіші мен 28 гвардиялық-панфиловшылар мемориалы орналасқан «Жерұйық» саябағында өтті.Гүл шоқтарын қою рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, Қарулы күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.1941 жылы 16 қарашада Панфилов дивизиясының жауынгерлері жиырмаға жуық неміс танкін жойып, фашистердің Мәскеуге жасаған шабуылын тоқтатты. Бұл Ұлы Отан соғысының алғашқы жылындағы шешуші шайқастардың бірі болды.Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам майданға аттанды. Оның тең жартысы соғыстан оралған жоқ. Бес жүз қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Гүл қою рәсімінде іс-шараға қатысушылар қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992671?lang=kk
Қамқорлық – Жеңімпаздарға алғыс: Жеңіс мерейтойына орай ардагерлерге қолдау көрсетілді 12.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қостанай облысында ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр.Өңірде Ұлы Отан соғысының 10 қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ ардагерлерге теңестірілген 1949 адам тұрады. Олардың барлығы мерейтойлық жыл бойы әлеуметтік және медициналық қолдауға ие болуда.Жеңіс күніне орай соғысқа қатысушыларға 5 миллион теңгеден, фашистік концлагерь тұтқындарына – 100 мың теңгеден, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 50 мың теңгеден, қаза тапқан ардагерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.Бұл төлемдерге бюджеттен жалпы 164,7 миллион теңге бөлінді.Мамыр айының басынан бастап барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды – барлығы 1959 адам.Ардагерлерге ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі: соғысқа қатысушыларға – 39 320 теңге, теңестірілген санаттарға – 11 796 теңге.Санаторийлік-курорттық емдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 356 адамды сауықтыруға 108,7 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, санаторийді өз бетінше таңдаған азаматтардың шығындарын өтеуге 54,4 миллион теңге бағытталды.7 мамырда Қостанай облысынан делегация Астанада өткен Әскери парадқа қатысты. Делегация құрамына ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және еріп жүргендер кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/992623?lang=kk
Жылдар жаңғырығы: Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын Нью-Делиде атап өтті 12.05.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Есқараев пен Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Үндістан астанасындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Іс-шара Үндістандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің аумағындағы мемориалда өтіп, ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдерін бір арнаға тоғыстырды.Елші Азамат Есқараев Жеңіс күнінің тарихи маңызын атап өтіп, фашизмді жеңуде Кеңес Одағы халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да қосқан ерен үлесіне ерекше тоқталды. Соғыс жылдарында 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанып, олардың жартысынан астамы елге оралмағаны, 500 қазақстандықтың Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғаны атап өтілді.Рәсім қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/992629?lang=kk
Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдық округ әкімдерінің халықпен есептік кездесулерінің кестесі 12.05.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдық елді-мекен әкімдері тұрғындармен есептік кездесулер өткізеді.Кездесу барысында ауыл әкімдері атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдайды.Есептік кездесулердің өткізілу кестесі төмендегідей:Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/992588?lang=kk
9 Мамыр – Жеңіс күні 12.05.2025
Құрметті Рудный қаласының тұрғындары!Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!Әрқайсымыз үшін бұл қасиетті күн - Отанымыздың бостандығы мен тәуелсізідігі үшін күрескендердің батырлығын, рухтың беріктігін және қажырлы ерік-жігерін білдіреді. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, соғыс балаларының ерлігі және Жеңісті жанқиярлықпен жақындатқан барша азаматтардың алдында шынайы құрметіміз бен ризашылығымды білдіре отырып, тағзым етеміз.Сіздердің ерліктеріңіз туралы естелік - қасиетті. Ол біздің жүрегімізде өмір сүреді, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жетеді және жастар үшін өнегелі бағдарға айналады. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, балаларды өсіріп, жарқын болашақты құрудамыз.Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарының қамқорлығы мен ықыласын тілейміз, ал барша қала тұрғындарына – бейбіт өмір, амандық және біздің даңқты өткеніміз үшін мақтаныш тілейміз! Құрметпен,Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат ИскаковРудный қалалық мәслихатының депутаттарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/992592?lang=kk
Еске аламыз. Құрметтейміз. Мақтан тұтамыз. 12.05.2025
       Ізгілікті жалғастыра отырып, облыс прокуратурасы органдарында Ұлы Отан соғысы, майдан даласында өмірін қиған және тылда еңбек еткен ерлердің ерліктері туралы естеліктерді қастерлеп сақтау жалғасуда.        Жеңістің 80 жылдығына орай облыс прокуроры А. Байшолақов, ардагерлер мен прокуратура қызметкерлері «Жеңіс» Мемориалдық кешені мен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы ғимаратында орнатылған, Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейін прокуратура саласында ұзақ жылдар қызмет еткен Фазыл Әділбаевтың құрметіне арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.       Майдангерлердің ерлігіне деген терең құрметтің белгісі ретінде рәсімге қатысушылар олардың рухына тағзым етіп, жүректерінде мұң мен алғыс сезімімен бір минут үнсіздік жариялады.        Отанды қорғау ісіне прокурорлық-тергеу кадрлары да баға жетпес үлес қосты.        Соғыс жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы органдарынан Қызыл Армия қатарына 23 қызметкер шақырылды. Олардың қатарында 1 аудан прокуроры, 3 облыстық аппарат қызметкері, 17 тергеуші, 2 аудан прокурорының көмекшісі болды.        Салтанатты жиында облыс прокуроры А. Байшолақов Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні мерекелерінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұл күндер отанға адал қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың ерлік шежіресін бейнелейтінін айтты.         Мінсіз қызметі мен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Бас Прокурордың бұйрықтарымен ведомстволық марапаттарға ие болды, сондай-ақ жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін жекелеген қызметкерлерге облыс прокурорының Құрмет грамоталары табысталды.        Іс-шара прокуратура қызметкерлерінің өз күшімен ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды.      Шара соңында ардагерлерге арналған дәстүрлі дала асханасы ұйымдастырылып, прокуратура ғимаратының аумағында орнатылған әскери шатырда солдат ботқасы ұсынылды.      Ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы ұжымына бейбіт өмір, жақсылық және заңдылықты нығайту жолындағы істеріне толағай табыс тіледі. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/992573?lang=kk
Шымкентте соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді 12.05.2025
 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді, 101 жастағы Нина Мосунова мен 99 жастағы Мұраталы Төлепбергенұлын Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.  Майдангерлердің құрметіне шерулер ұйымдастырылды. Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысы мен Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаттарын оқып, ардагерлерге "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдарын табыс етті. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен сол жан түршігерлік сұрапыл соғыстың соңғы куәгерлеріне гүлдер мен сыйлықтар табыс етілді.  Көптеген сыйлықтармен қатар, ризашылық сезімі пен құрмет белгісі ретінде кәсіпкерлердің бірі ардагерлерге жаңа көліктер сыйлады. Мұраталы ақсақал рөлге отырды да жиналғандарға қарап былай деді.– Сендер ешқашан соғыс көрмесін деп тілеймін. Біздің көргенімізді сендерге көрсетпесін. Ел шетіне жау келмесін. Аспанымыз әрқашан ашық, еліміз көркейіп гүлденіп, халқымыздың ынтымағы арта берсін, – деді Мұраталы Төлепбергенұлы.Іс-шара соңында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж курсанттары ардагерлер алдында салтанатты маршпен жүріп өтті.Нина Егоровна Мосунова 1924 жылы 9 наурызда Татарстан Республикасының Урустамак ауылында дүниеге келген. 1942 жылы ол өз еркімен майданға аттанды. Қазан қаласында дайындықтан өткен соң Горькийде телеграфшы, содан кейін зениттік бригадада радио операторлары бөлімінің командирі болып қызмет етті. Можайск маңындағы шайқастарға қатысып, "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған. Соғыстан кейін кассир, кітапханашы, хатшы-машинист болып жұмыс істеді. Бүгінде ол екі немересі және бес шөбересі бар әже.Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы 20 мамырда Жаскешу ауылында дүниеге келген. 1943 жылы әскерге шақырылды, Брест, Варшава, Данциг, Висмарк, Биттенберг және Перлебергті азат етуге қатысты.  II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған. Жеңісті Биттенбергте қарсы алып, 1950 жылы елге оралды. Соғыстан кейін ол бригадир, есепші, ферма менеджері болып жұмыс істеді. Сегіз бала тәрбиелеп өсіріп, олардан 19 немере және 10 шөбере сүйіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992575?lang=kk
Астанада қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алды 12.05.2025
"Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер" монументіне гүл себеттері қойылды.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Қарулы күштер жоғары қолбасшылығының және қаланың атқарушы билігінің өкілдері, әскери қызметшілер мен ардагерлер Екінші дүниежүзілік соғыстың ұрыс даласында қаза тапқан отандастарын еске алуға жиналды. Жиналғандар жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов атап өткендей, 1941 жылдың жазында Ақмолада 310-шы және 387-ші атқыштар дивизиялары құрылды, тағы екі жылдан кейін, 1943 жылдың наурызында мұнда 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы жасақталды. Соғыс майдандарында ерлік көрсеткен бұл құрамаларға Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әскерге шақырылушылары қосылды.  Естеріңізге сала кетейік, қола мен гранитте соғылған "Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге" монументі 1995 жылы қанды шайқастардың батырларына құрмет  ретінде орнатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992553?lang=kk
Құрметті Жаңаөзендіктер! Ардақты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! 12.05.2025
Бүгін – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы! 9 мамыр – бейбіт күн мен қасіретті ұмытпас пен бастар шыңдалған батырлықтың мерекесі. Отан үшін майдан даласына аттанған, жүрегінде ерлік пен сенім оты маздап, жеңіске өз өмірлерін арнаған жауынгерлеріміздің ерліктері ешқашан өшпейді.Ескерусіз қалған бір ауыз да тарих жоқ: Рахымжан Қошқарбаевтар мен Сағадат Нұрмағамбетовтер көрсеткен асқан айбын мен адамгершілік, тылдағы қажырлы еңбек пен отбасы благополучиеі жолында жан аямай еңбек еткен әрбір ардагер мен тыл еңбеккерлеріне алғысымыз шексіз.Бүгінде қаламызда 20 тыл ардагері бар. Олардың өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі, тағзым етуге лайық шежіре.Бүгінгі бейбіт аспанымыз – сол батырлардың, тылдағы аналардың, еңбек майданының арқасы. Олардың ерлік пен табандылығын есте сақтай отырып, еліміздің келешегін бірліктің, татулық пен мейірімнің негізінде құрайық.Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы бақыты мен тыныштық тілеймін! Егемен елімізде бейбіт үміттеріміз бен абыройлы істеріміз жүре берсін!Ізгі тілекпен,Жаңаөзен қаласының әкіміЖансейіт Исаханұлы ҚайнарбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/992556?lang=kk
Ұлы Жеңістің құрметіне арналған Ұлы күн 12.05.2025
Баршаңызды осы шулы, мақтаншақ, батыл, естелік мерекемен құттықтаймын. Біздің батыл және жанқияр кейіпкерлеріміз үшін атақ пен ұлылықтың дауысы әрқайсыңыздың жүрегіңізде шырылдасын: біздің әлем үшін өмір сыйлағандар да, қазір мақтанышпен ардагерлер деп аталатындар да. Соғыс болмасын, қарт пен жас сол қорқынышты оқиғаларды, сол батыл батырларды еске алсын. Баршаңызға достық пен сүйіспеншілік, өзара түсіністік пен жақындарыңыздың қолдауын тілеймін. Отбасыларда, достарымен және әріптестерімен қарым-қатынаста, әр үйде, әр жүректе бейбітшілік тілеймін! Жеңіс Күні Құтты Болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/992515?lang=kk