Enbekshi QazaQ

Әлем

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты 07.11.2025
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты 2025 жылғы 07 қарашаВашингтон қаласы, АҚШҚасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйде тарихи кездесу ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды.Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы рөліне айрықша тоқталып, оны көрнекті мемлекет қайраткері деп бағалады.– Сіз жүргізіп отырған парасатты және батыл саясатты бүкіл әлем қолдауға лайық деп санаймын. Мен де Сіздің ұстанымдарыңызды қуаттаймын. Сіздің жетекшілігіңізбен Америка алтын дәуірге қадам басты. Біз «Американы қайтадан ұлы елге айналдыру» (Making America Great Again) деп аталатын көреген тұжырымдамаңызды жоғары бағалаймыз. Бұл мақсат «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті, Қуатты Қазақстан құруды көздейтін ауқымды стратегиямызбен үндеседі. Бітімгер Президент ретінде сегіз айдың ішінде сегіз соғыстың тоқтауына ықпал еттіңіз. Осылайша, Американың халықаралық тұрақтылыққа тірек болған рөлін айтарлықтай күшейте түстіңіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады– Қазақстан мен АҚШ арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды ұдайы қолдап келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын. Ақ үйде Президент лауазымын атқарған алғашқы кезеңде біздің қарым-қатынасымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заңнамалық тұрғыдан бекіді. АҚШ – Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса қаржы салған ең ірі инвесторымыз, экономикамыздың қозғаушы күші саналады. Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, 5 миллиард доллар межесіне жуықтады. Америкадағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания бизнес жүргізеді, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында екі ел компаниялары жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасасқанын айтты.Жалпы, Қазақстан мен АҚШ-тың энергетика, аса маңызды минералдар, өнеркәсіп, көлік, қаржы, жасанды интеллект, білім секілді негізгі салаларды қамтитын экономикалық әлеуеті жарты триллион доллардан асады.Президент америкалық компанияларды елімізде инвесторлар үшін жасалған оңтайлы жағдайды пайдалануға шақырды. Тіпті, оларға өзі қолдау көрсетінін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1103259?lang=kk
Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті 07.11.2025
Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлестіҚазақстан Республикасының Ибраһим келісімдеріне қосылуы әңгімелесудің арқауы болды.Мемлекет басшысы Президент Трамптың Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатуға нақты алғышарттар жасап, көпшілік күмәнмен қараса да, елеулі нәтижелерге қол жеткізгеніне назар аударды.Ибраһим келісімдеріне қосылу арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысы негізіндегі халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады.Қазақстанның бұл шешімі ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздеген көпжақты дипломатияның заңды жалғасы әрі нақты көрінісі.АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадам өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін атап өтті.– Бұл – бүкіл әлемде ынтымақтастық орнатуда айтарлықтай алға ілгерілеу. Бүгінде көптеген ел Ибраһим келісімдері арқылы бейбітшілік пен өркендеу жолын таңдап отыр, – деді Дональд Трамп.
Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері 07.11.2025
Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелеріАқ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді.Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды.Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды.Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Физика, математика және информатика мұғалімдерінің ашық республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындылары 07.11.2025
30 қазан күні физика, математика және информатика пәні мұғалімдерінің ашық республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.Осакаров ауданының атынан байқауға келесі педагогтер қатысты:Алябьева Вера Ивановна – «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәні мұғалімі;Сушкова Ольга Викторовна – «№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ физика пәні мұғалімі;Федоров Юрий Владимирович – «№9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ информатика пәні мұғалімі.Байқау қорытындысы бойынша:🏆 Гран-при – Федоров Юрий Владимирович🥉 III орын – Сушкова Ольга ВикторовнаЖеңімпаздарымызды құттықтаймыз!Шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1100905?lang=kk
Кеденді цифрлық түрлендіру: ҚР ҚМ МКК мен Халықаралық сауда орталығы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады 07.11.2025
      2025 жылғы 5 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) мен Халықаралық сауда орталығы (ХСО) арасында Ready4Trade Central Asia жобасы аясында сараптамалық кездесу өтті.      Негізгі тақырып – ХСО мен МКК бірлесіп әзірлеген кедендік әкімшілендіруді жаңғыртуды қолдау тұжырымдамасын іске асырудың нақты қадамдарын айқындау болды.      МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов Тұжырымдама Қазақстандағы кедендік әкімшілендіруді жүйелі дамытуға арналған практикалық құралға айналатынын және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен ХСО өкілдерінің келісілген іс-қимылдарының негізі болатынын атап өтті. Оның айтуынша, жоспардың іске асырылуы «тосқауылсыз» транзиттік дәліздерді дамытуға, жасанды интеллект енгізуге және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.      Ready4Trade Central Asia жобасының сауда рәсімдерін оңайлату компонентінің жетекшісі Аделина Харунжен Қазақстанның тұрақты ілгерілеуін атап өтіп, елдің кедендік цифрландыру саласында өңір үшін үлгі бола алатынын жеткізді.     Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады:«Жіксіз» транзиттік дәліздерді дамыту және цифрлық үйлесімділікті арттыру;Жасанды интеллектті жүк ағындарын талдау мен бақылауға енгізу;Тәуекелдерді басқару және деректер аналитикасын жетілдіру;Өкілетті экономикалық операторлар (ӨЭО) бағдарламасын дамыту және өзара мойындау.     Тараптар Тұжырымдаманы іске асырудың бірыңғай жоспарын әзірлеу туралы уағдаласты. Бұл жоспар кедендік реформалардың жол картасына айналып, ашық, жедел және интеллектуалды әкімшілендіру моделіне көшуге мүмкіндік береді.      Бұл қадам Қазақстанның инновациялар мен логистикалық интеграцияның өңірлік орталығы ретіндегі позициясын нығайтып, ашық және қауіпсіз сауданың цифрлық негізін қалайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1100874?lang=kk
Қателіктің бағасы — әкімшілік айыппұл: департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғады 07.11.2025
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етіп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат А.алтыннан жасалған зергерлік бұйымды интернет-дүкен арқылы сатып алу кезінде құқықтарының бұзылғаны жөнінде өтінішпен жүгінген. Тауарды алғаннан кейін тұтынушы бұйымнан ақау анықтап, оны ауыстыруды немесе ақшасын қайтаруды талап еткен. Алайда сатушы заңды талапты орындаудан бас тартқан. Тұтынушы Департаментке жазбаша өтініш жолдап, оған фото және бейнематериалдарды, бақылау-касса машинасының чегін және талап хаттың көшірмесін қоса тіркеген. Аталған өтініш негізінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында сатушының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды және шағымды қарау мерзімдерін бұзғаны анықталды. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеру қорытындысы бойынша сатушы өз кінәсін мойындап, тұтынушыға 95 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарды. Осындай ұқсас жағдай Шымкент қаласындағы ірі сауда желісінің бір филиалында да тіркелген. Сатып алушы витринада көрсетілген баға мен кассалық чекте көрсетілген сома арасында айырмашылық бар екенін анықтаған — 1990 теңге орнына 2990 теңге. Азаматтың өтініші негізінде Департамент тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде кәсіпкерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамажасалды. Мұндай мысалдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекет тарапынан жүйелі бақылау мен нақты қолдау көрсетіліп отырғанының айқын дәлелі болып табылады. Азаматтар өз құқықтарының бұзылған жағдайында тиімді қолдау мен объективті қарауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз мүдделерінің қорғалуына сене алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1100863?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді 07.11.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен Ақ үйде кездесті.Көшбасшылар Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылап, сапар аясында қол қойылған 17 миллиард АҚШ долларынан асатын коммерциялық келісімдерді құптады.Президент Тоқаев сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен өркендеуді ілгерілетуге бағытталған «Trump Route for International Peace and Prosperity (TRIPP)» бастамасына қолдау білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1100852?lang=kk
2025 жылғы 21 қарашада Меңдіқара ауданының әкімі Ғ.М. Бекбаев және халық қатысты. 07.11.2025
Краснопресненск ауылдық округі, орналасқан жері: Красная Пресня ауылы, мектеп ғимараты сағат 10:30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1100835?lang=kk
Павлодарлық Хатико: адалдық пен үміт туралы әсерлі оқиға 07.11.2025
Павлодарлық Хатико: адалдық пен үміт туралы әсерлі оқиға Павлодарда жүректі елжіреткен ерекше оқиға орын алды. Ұрлық үшін сотталған Иван жазасын өтеп, рақымшылыққа ілігіп бостандыққа шықты. Ал №45 мекеме қақпасының алдында оны ең адал досы — Тайсон есімді ит күтіп тұр екен. Қақпа ашылған сәтте Иван көз алдындағы таныс бейнені көрді. Тайсон, иесін сезгендей, қуанышпен жүгіріп келіп, құйрығын бұлғаңдатып қарсы алды. Ер адам өз сезімін жасыра алмады — қуаныш пен сағыныштың жасын сығып, досын құшағына қысты. Бұл сәт шынайы сүйіспеншілік пен адалдықтың символына айналды. Иванның айтуынша, дәл осы төрт аяқты досы туралы ойлар оған үміт сыйлап, өмірін қайта ой елегінен өткізуге көмектескен. «Тайсон — менің нағыз досым. Ол мені бәрібір күтті. Сол үшін мен өмірімде бәрін өзгертуді ұйғардым», — дейді Иван. Жазасын өтеу кезінде ол еңбек пен тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысып, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Мекеме әкімшілігі Иванның оң өзгерістерін және қоғамға қайта бейімделуге дайындығын атап өтті. Енді Иван мен Тайсон жаңа өмірдің бетін ашты. Алда — үмітке толы, бірақ сынақсыз болмайтын жол. Дегенмен олар бұл жолды бірге еңсереді. Иван мен Тайсонның хикаясы — жай ғана ит пен адамның кездесуі емес. Бұл — адалдықтың, кешірім мен екінші мүмкіндік алудың көрінісі. Өйткені сенім мен сүйіспеншілік бар жерде әр адам өзгеруге қабілетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1100840?lang=kk
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Үлкен Нарын халқымен кездесті 07.11.2025
 ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Үлкен Нарын тұрғындарымен кездесті.Кездесуде ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.Мәлік Отарбаев цифрландыру мен инновацияларды енгізу – экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттырудың басты тетігі екенін атап өтті.Кездесуде ауданның даму көрсеткіштері, жаңа жобалар мен «Жер аманаты» бастамасының нәтижелері сөз болды.Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, жастарды жұмыспен қамту, инфрақұрылымды жаңарту, цифрлық сервистерді дамыту бағытында пікір алмасты.«Жасанды интеллект дәуіріне бейімделу – уақыт талабы. Бірлесе әрекет етсек, Үлкен Нарын заманауи даму үлгісіне айналады», – деді Мәлік Отарбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1100841?lang=kk
Қазақстан мен АҚШ цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді 07.11.2025
Қазақстандық Alatau City Bank иесі Вячеслав Ким мен DDH (North America) Inc. компаниясы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен құны 300 миллион доллар болатын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Мақсаты - цифрлық майнинг саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, энергетикалық және есептеу инфрақұрылымын жаңғырту, елде заманауи деректерді өңдеу орталықтарын құру, майнинг саласындағы  ашықтық пен тиімділікті арттыру үшін инвестиция тарту.«Еліміз цифрлық актив саласындағы ынтымақтастықты ашық түрде жүргізеді. Қазақстандық инвестор мен америкалық майнинг компаниясы арасындағы меморандумға қол қою - халықаралық әріптестікке, технология алмасу және орнықты инвестициялық байланыстарды дамытуға деген ұстанымды көрсетеді. Бұл озық тәжірибені пайдалану, құзыреттерді күшейту және цифрлық майнинг пен жасанды интеллект салаларында бірлескен инновацияны дамыту үшін берілген мүмкіндік. Мұндай жобалар Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы сенімді және жауапты серіктес ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.«Деректерді өңдеу нарығындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірімен меморандумға қол қою – қазақстандық бизнестің ақпараттық технология, цифрлық активті дамыту, жасанды интеллект және Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттағы басқа да салалардағы халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған. Біз бұл серіктестікті тек инвестициялық жоба ретінде ғана емес, инновацияларды жеткізу, энергетикалық және есептеу инфрақұрылы саласындағы сараптаманы арттырудың, бұлтты технологияларды және болашақтың цифрлық экономикасының басқа да ажырамас элементтеріне қатысты бірегей мүмкіндік ретінде қарастырамыз», – деп атап өтті Alatau City Bank иесі Вячеслав Ким.DDH (North America) Inc. туралыDDH (North America) Inc. АҚШ-та цифрлық майнинг саласында жұмыс істейді. Компания деректер орталықтарын басқарады және жоғары жүктемелі жүйелер саласындағы озық технологияларды енгізеді, сол арқылы цифрлық активтер майнингіне арналған тұрақты және тиімді инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1100801?lang=kk
Үлкен Нарын ауданында Президент Жолдауының негізгі бағыттары мен міндеттері кеңінен талқыланды 07.11.2025
Бүгін Үлкен Нарын ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының мазмұнын талқылауға арналған кеңес өтті. Жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, Жолдауда белгіленген басым бағыттар мен қойылған міндеттерге кеңінен тоқталды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы Президент Жолдауы қазіргі тарихи кезеңдегі ел дамуының стратегиялық бағдарын айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті. Кеңес барысында ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын стратегиялық басымдықтар, соның ішінде цифрландыру, экономиканы әртараптандыру, адами капиталды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіру мәселелері бойынша нақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.Сондай-ақ, Үлкен Нарын ауданының әкімі Байрахметов Елдос Жанболатұлы Жолдауда көтерілген басым бағыттарға тоқталып, Мемлекет басшысы айқындап берген әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне өту жолындағы нақты іс-шаралар мен жоспарлар туралы баяндап берді.          Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы филиалының  төрағасы Айтказин Елдос Базарбекұлы, Үлкен Нарын ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі, зейнеткер Бопуров Қайрат Сейтказинович өз ойларын ортаға салып, Жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты пікірлерін білдірді.Жиын соңында Мәлік Отарбаев өңір активін Мемлекет басшысының «Адал азамат», «Адал еңбек», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру жолында бірлік пен ынтымақты нығайтуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1100817?lang=kk
Назар аударыңыз! Кедендік тізілімдерінде тұратын компаниялардың 374 бұйрығы бойынша есептілікті жіберуге арналған пошта мекенжайлары 07.11.2025
 «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығы сақтау мақсатында, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін пайдалану және есептілікті жіберу үшін e-Otinish платформасын пайдалануды болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер департаменттерінде «Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына сәйкес есептілікті қабылдау үшін пошта жәшіктері құрылды.Уақытша сақтау қоймаларының, кедендік, еркін қоймалардың, өз тауарларын сақтау қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерінің иелері, кеден тасымалдаушылары, кеден өкілдері, уәкілетті экономикалық операторлар кезекті есептілікті төмендегі ұсынымдарды ескере отырып, Мемлекеттік кірістер департаменттерінің электрондық мекенжайларына жіберуі қажет. Электрондық пошта арқылы мемлекеттік кіріс органына жіберілетін есептілікті ресімдеу жөніндегі ұсынымдар:Орындаушының тіркеу нөмірі, күні, аты-жөні және байланыс деректері көрсетілген ілеспе хат (жұмыс, ұялы телефон, электрондық пошта мекенжайы);Хабарлама тақырыбын көрсету. Мысалы, «2025 жылғы 3 тоқсандағы «Алатау» ЖШС УСҚ есебі», хабарламаның тақырыбына ұқсас есебі файл атауы. Есептерді жолдадауға үшін электрондық мекенжайларМКД атауыЭлектрондық пошта мекенжайыАкмола облысы бойынша МКДakmol@kgd.gov.kzАқтөбе облысы бойынша МКД50400uta@kgd.gov.kzАлматы облысы бойынша МКД55400_otchet_keden@kgd.gov.kzАстана қаласы бойынша МКДutk.astana@kgd.gov.kzАлматы қаласы бойынша МКДOtchety.Keden_Almaty@kgd.gov.kzАтырау облысы бойынша МКДatyrau.keden@kgd.gov.kzШҚО облысы бойынша МКД51400uta@kgd.gov.kzЖамбыл облысы бойынша МКД51500utk@kgd.gov.kzБҚО облысы бойынша МКДzko_51700@kgd.gov.kzҚарағанды облысы бойынша МКДdgd_karaganda@kgd.gov.kzКостанай облысы бойынша МКДdgduta@mail.ruҚызылорда облысы бойынша МКДdgd_kzo@kgd.gov.kzМаңғыстау облысы бойынша МКД50700uta@kgd.gov.kzПавлодар облысы бойынша МКДuta_pvl_otchet@kgd.gov.kzСҚО облысы бойынша МКДmail.sko@kgd.gov.kzТүркістан облысы бойынша МКД55500uta@kgd.gov.kzШымкент қаласы бойынша МКД57200uta@kgd.gov.kzЖетісу облысы бойынша МКДdgd.zhetisu.uta@kgd.gov.kzҰлытау облысы бойынша МКДulytau_57400@kgd.gov.kzАбай облысы бойынша МКД7101uta@kgd.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1171663?lang=kk
«KazAID» және Ұлттық статистика бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 07.11.2025
«KazAID» және Ұлттық статистика бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды«KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі мен ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы дамуға ресми көмек көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжатқа «KazAID» Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов пен ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев қол қойды.Меморандум аясында тараптар ЭЫДҰ, БҰҰ және Дүниежүзілік банк жіктеуішіне сәйкес дамуы ең аз деген ел өкілдерінің қатысуымен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бағытында ынтымақтасады.Ынтымақтастық шеңберінде экономика, статистика, деректерді басқару және ресми даму көмегінің мақсаттарын іске асыруға қатысты өзге де бағыттар бойынша конференциялар, семинарлар, форумдар, байқаулар, сондай-ақ оқу және ғылыми іс-шаралар өткізу қарастырылған.Бұдан бөлек, тараптар ресми даму көмегі мен статистика салаларында бірлескен халықаралық бастамаларды әзірлеу және іске асыру, ашық деректермен алмасу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталған салалық конференциялар, семинарлар, форумдар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру мәселелерінде өзара әрекеттесуді дамытуға ниетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1100712?lang=kk
Вашингтонда Орталық Азия елдері мен АҚШ компанияларының қатысуымен «C5+1» іскерлік конференциясы өтті 07.11.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 6 қараша – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына сапары аясында Орталық Азия мен АҚШ арасындағы серіктестіктің он жылдығына арналған «C5+1» форматындағы мерейтойлық іскерлік конференция өтті.«Kennedy Center for the Performing Arts» орталығында өткен іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ үкіметтері мен іскер топтарының өкілдері қатысты. Конференцияның негізгі тақырыбы Орталық Азия мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту болды.Конференция жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «KAZ Minerals», «Qarmet», «Freedom Holding Corp.», «Bilim Media Group», АХҚО, «Тау-Кен Самұрық» және «Port Kuryk» (Semurg Invest) сияқты мемлекеттік және жеке құрылымдардың басшылары қатысты.Іс-шара барысында АҚШ инвестицияларын Қазақстан мен Орталық Азияның инфрақұрылымдық, энергетикалық және инновациялық жобаларына тарту, сирек кездесетін металдар мен металл өнімдерін және агроөнімдерді АҚШ нарығына экспорттау, сондай-ақ цифрлық және қаржылық технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.Форум бес тақырыптық сессиядан тұрды, олар жеткізу тізбектерін дамыту, жасанды интеллектті пайдалану, цифрлық экономика және АҚШ пен Орталық Азияға инвестициялар салу мәселелеріне арналды.Қазақстан цифрлық экономиканы дамыту бойынша сессияның тең төрағасы болды. Онда цифрландырудың келешегі, жасанды интеллектті енгізу, киберқауіпсіздік және трансшекаралық онлайн-қызметтерді дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапынан сессия жұмысына «Kaspi.kz», «ERG», «BTS Digital», «Air Astana» және басқа да компаниялар қатысты.Сессия қатысушылары Қазақстанның Еуразия IT-хабы ретіндегі беделі артып келе жатқанын атап өтті. Елде қазірдің өзінде «Microsoft», «Amazon», «Nvidia» және «Starlink» сияқты жетекші технологиялық компаниялар жұмыс істейді, ал «Meta» және «Amazon» компанияларымен бірлескен бастамалар спутниктік интернетті дамыту мен қазақ тіліндегі жасанды интеллект моделін құруға бағытталған.Панельдік талқылаулар барысында Астана Вашингтонның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі екені аталып өтті: ел өңірдің жалпы ішкі өнімінің 60%-нан астамын және АҚШ-пен тауар айналымының 75%-ын қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 100 млрд доллардан астам америкалық инвестициялар тартылды, бұл өңірге салынған жалпы инвестиция көлемінің 80%-дан астамын құрайды.Сонымен қатар конференцияда қазақстандық бизнестің АҚШ-тағы инвестициялық бастамалары да талқыланды. «1Thirty Holding» компаниясы құны 130 млн доллар құрайтын ұнтақ жабындар шығаратын химиялық кешеннің құрылысын ұсынды – бұл АҚШ-тағы Қазақстанның алғашқы өнеркәсіптік инвестициялық жобасы болмақ. Сондай-ақ «abr+» компаниясы АҚШ-та «AUYL» мейрамханалар желісін ашу жоспары туралы хабарлады.Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары қорытындысы бойынша екі ел арасында жалпы сомасы шамамен 17 млрд доллар құрайтын 29 екіжақты құжатқа қол қойылды. Олар өнеркәсіп, энергетика, білім беру, цифрландыру және инновациялар салаларын қамтиды. Бұл келісімдер стратегиялық серіктестікті нығайту мен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды қадамы болды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1101405?lang=kk
«Қалқан»: тарих, ерлік және Отанға адал қызметтің 3500-ден астам нөмірі 07.11.2025
7 қараша Қазақстанда Әскери журналистер күні ретінде атап өтіледі. Бұл - өз қаламы, камерасы және сөзі арқылы ақпараттық майдан шебінде тұрып, ел қорғандарының күнделікті қызметін және ерлік дәстүрін насихаттайтын жандардың кәсіби мерекесі.Биыл бұл атаулы күн әскери бұқаралық ақпарат құралдарының тарихындағы маңызды оқиғамен тұспа-тұс келді. Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының ресми басылымы – «Қалқан» газетінің 3500-нөмірі жарық көрді.Еліміздегі әскери журналистиканың қалыптасуы мен дамуы Ұлттық ұлан басылымының тарихымен тығыз байланысты. 1961 жылы шыққан «На боевом посту» газетінің алғашқы нөмірі қазіргі «Қалқан» газетінің негізін қалады. Содан бері алпыс жылдан астам уақыт бойы әскери тілшілер ұландықтардың қызметі туралы шынайы ақпарат беріп,  бауырластық рух пен әскери дәстүрді сақтап келеді.Осы жылдар ішінде басылым «Дзержинец», «Қалқан»-«Щит», «Қалқан» деп бірнеше рет атауын өзгертсе де, ұландықтардың күнделікті өмірін, әскери міндетін атқарудағы табандылығын, спорттық жетістіктерін және Отанға адал қызметін кеңінен жариялау сынды газеттің мақсаты мен міндеттері өзгерген жоқ.Қазіргі уақытта «Қалқан» заманауи мультимедиялық ақпараттық орталыққа айналды. Басылымның жаңа көркемдік стилі, QR-кодтар арқылы толықтырылған материалдар, визуалды репортаждар және интерактивті форматтар контентті көпшілік үшін қолжетімді әрі тартымды етеді.Редакция Instagram, Aitu, Facebook, TikTok және YouTube секілді әлеуметтік желілерде де белсенді жұмыс жүргізуде. Күн сайын ақпарат айдынында жарияланымдар, сұхбаттар мен деректі бейнематериалдар мыңдаған көрерменге жол тартады. Бұл жас буын арасында әскери қызметке деген құрмет пен қызығушылықтың артуына ықпал етеді.Газетпен қатар, Ұлттық ұланда тағы бірқатар медиа-жобалар жүзеге асуда. Атап айтсақ «Бүркіт» журналы, «Ұлттық ұлан жаршысы» оқу-әдістемелік жинағы, бейнестудияның деректі фильмдері, сондай-ақ Ұлттық ұлан тарихы мен батырлық шежіресіне арналған кітаптар жарық көреді. Бұл өнімдер әскери борыш пен патриотизмнің жылнамасына айналып үлгерді.Ұлттық ұланның бейнестудиясы түсіретін деректі және қысқаметражды фильмдер әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалар арқылы көрерменге жол тартып, қоғамның оң көзқарасына ие болуда.Редакция жүзеге асыратын медиа жобалар жас журналистерге, офицерлерге және сарбаздарға шабыт беріп, ақпараттық дәлдік пен азаматтық жауапкершілік дәстүрін жалғастыруға жол ашады.Ұлттық ұланның әскери журналистері ақпараттық майданда абыройлы қызмет атқаруда. Олардың қаламы, камерасы және микрофоны – шындықты жеткізетін құрал ғана емес, жауынгерлік рухты және Отан қорғаушысына деген сенімді нығайтатын маңызды күш. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1100686?lang=kk
Қоғамдық-саяси ахуал бойынша жиын өтті 07.11.2025
Аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлының төрағалығымен аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуал бойынша жиын өтті.Кездесуде аудан аумағындағы қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ өзекті мәселелерді дер кезінде шешу бағыттары жан-жақты талқыланды.Жиын барысында кент және ауылдық округ әкімдеріне, сондай-ақ дербес бөлім басшыларына облыс әкімдігімен бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыс жүргізу қажеттігі ескертіліп, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.Жиын қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы сала бойынша атқарылатын жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуына ерекше назар аударуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1100663?lang=kk
Бүгін әскери журналистер кәсіби мерекелерін атап өтуде 07.11.2025
Бұл мерекелік күн 1929 жылғы 7 қарашада республикалық «Қызыл әскер» газетінің бірінші нөмірі жарыққа шыққан күнімен байланысты. Тәуелсіз Қазақстанның Қорғаныс министрлігі құрылған соң Орталық Азия әскери округінің «Боевое знамя» газеті базасында «Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана» басылымын шығару ұйымдастырылды. Газеттің алғашқы 1992 жылдың 16 желтоқсанында нөмірі қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.Қазіргі таңда қорғаныс ведомствосының жанынан «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы шығып тұрады. Бұл мерзімді басылымдардың бетінде республикалық және халықаралық деңгейдегі оқиғалар, әскери оқу-жаттығулар, әскери қызметшілердің спорттық жетістіктері, мәдени іс-шаралар және министрліктің әлеуметтік жобалары туралы материалдар жарияланады.Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын Ақпарат және коммуникациялар департаменті жүзеге асырады. Оның құрамында БАҚ-пен және қоғаммен байланыс жасайтын баспасөз қызметі жұмыс істейді.Медиа саласының мамандары БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасайды, ресми хабарламалар дайындайды, брифингтер, баспасөз конференцияларын, әскери дискурстар, журналистер мен блогерлерге арналған баспасөз турларын өткізеді. Биылғы жылы өңірлерге оннан астам журналистік сапар ұйымдастырылды. Қазақстандық «қалам мен микрофон шеберлері» Бейнеу, Ақтау, Аягөз, Гвардейск, Қарағанды және басқа да гарнизондарда болды. Астанада журналистер әскери парадқа, ал Ақтөбеде «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындық шараларымен танысуға мүмкіндік алды.Әскери журналистер, фотографтар, операторлар, мобилографтар, видеоинженерлер мен дизайнерлерден тұратын топ әртүрлі медиаөнімдерді шығарады. Олардың жұмыстары Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында, ведомстволық басылымдарда жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдарында және Telegram, Instagram, YouTube, TikTok әлеуметтік желілерінде таратылады. Жаңалықтар мен имидждік контент аудиторияға маңызды оқиғалардан хабардар болуға көмектеседі. Сонымен бірге әскери өмірдің ерекшелігін көрсетіп, үздік әскери мамандар туралы баяндайды.Әскери тілшінің еңбегі адалдықты, шығармашылық ойлау қабілетін, батылдықты және экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге дайын болуды талап етеді. Тапсырманы сәтті орындау үшін ол әрдайым оқиғаның ортасында, бір қадам алда және бір саты жоғары болуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1100665?lang=kk
Қазақстан Алатауда әуе такси қызметін іске қосу үшін электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алады 07.11.2025
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Оған сәйкес Алатау қаласында әуе такси жүйесін құру мақсатында шамамен 300 млн АҚШ долларына электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу көзделіп отыр.Бұл тігінен ұшып-қонатын инновациялық ұшу аппараттары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильділігі (Urban Air Mobility) жобасының негізі болмақ. Жоба аясында сертификаттау және демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңын құру, сондай-ақ Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісіне әуе таксиді интеграциялау жоспарлануда.«Қазақстан инновациялық көліктің болашағына қадам басуда. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу - смарт қалалар мен заманауи технологияларды енгізу бағытындағы маңызды кезең. Бұл шара Алатау қаласын болашақтың жоғары технологиялы, бірегей қала ретінде дамытуға серпін береді», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.Joby Aero, Inc. (АҚШ) - eVTOL авиация саласындағы әлемдік көшбасшы, сертификатталған электрлі әуе таксилерінің әзірлеушісі.Вячеслав Ким - Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, «Алатау қаласы» жобасының инвесторы.Alatau Advance Air Group Ltd. - Қазақстандағы әуе мобильділігі технологияларының операторы және интеграторы. ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1100634?lang=kk
ИКАО штаб-пәтерінде TRIP-2025 симпозиумы өтті 07.11.2025
Монреаль, 2025 жылғы 4-6 қараша. – Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза «Шекарасыз тұлғалық дерек. Келесі ұрпақ жолаушыларын үздіксіз рәсімдеу жүйесін құру» тақырыбындағы TRIP-2025 (Жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы) 20-жылдық мерейтойлық симпозиумына қатысты.Іс-шара ИКАО штаб-пәтерінде өтіп, жолаушыларды сәйкестендіру және азаматтық авиациядағы цифрлық шешімдер саласындағы жетекші сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, әуежайлардың, әуе компаниялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Атап айтқанда, АҚШ, Германия, Жапония, Канада, Нидерланд, Корея Республикасы, Қытай, Сауд Арабиясы, Финляндия, Франция, сондай-ақ ИАТА, Әуежайлар халықаралық кеңесі және Интерпол сарапшылары қатысты.ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза өз сөзінде:"Әр адам өзін сенімді растауға және еркін саяхаттауға құқылы. Сондықтан миллиардтаған адамдар TRIP симпозиумында жүргізіліп жатқан жұмысқа сенім артады", – деп атап өтті.ИКАО-ның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза әлемдік жолаушылар ағынының қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтіп, былай деді:"Егер 2025 жылы әуе көлігімен 4,6 млрд. адам сапар шексе, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 12,4 млрд. адамға жетеді деп болжануда. Осы тұрғыда барлық жолаушылардың қауіпсіз және инклюзивті сәйкестендірілуін қамтамасыз ету – ИКАО-ның 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының негізгі элементі болып табылады. Бұл жоспардың мақсаты – баршаға арналған қауіпсіз ұшулар, нөлдік құрбандар және көміртексіз бейтараптыққа қол жеткізу", – деді.Бүгінгі таңда ИКАО-ға мүше 165 мемлекет 1 млрд-тан астам электрондық машиналық оқылатын жол жүру құжатын (MRTD) шығарып, оларды ICAO PKD (Public Key Directory) арқылы әлем бойынша жедел тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етті. Жаңа цифрлық жол жүру куәліктері (Digital Travel Credentials – DTC) инфрақұрылымы шектеулі елдерде де жанаспайтын саяхат мүмкіндігін кеңейтуде.2025 жылғы 4-6 қараша аралығында симпозиум қатысушылары мынадай іс-шараларға қатысты:- TRIP бағдарламасының соңғы жиырма жылдағы негізгі жетістіктерін, нормативтік базасын жаңарту мен TRIP стратегиясын, Doc 9303 спецификацияларын және PKD кеңеюін талқылау;- DTC және Еуропалық саяхат ақпараты мен авторизация жүйесі (ETIAS) сияқты инновациялық цифрлық сәйкестендіру құралдарының тұсаукесері;- Финляндия, Нидерланд, Канада, Сербия, Германия және Жапония тәжірибелерін қамтитын ұлттық практикалар мен кейстер;- Жасанды интеллект, кванттық тұрақты сәйкестендіру және шекаралық бақылауды цифрландыруды қамтитын Sky Talks және демонстрациялық сессиялар;- Жол жүру құжаттарының қорғаныс құралдары мен сәйкестендіру процесін басқаруға арналған шешімдерді қамтыған көрме.Мерейтойлық TRIP Symposium аясында TRIP Award of Excellence марапаты табыс етілді. Лауреат атанған доктор Уве Зайдль – Германия Федералдық криминалдық полиция басқармасының ғылыми директоры және ICAO TAG/TRIP Жаңа технологиялар жөніндегі жұмыс тобының төрағасы. Бұл марапат TRIP бағдарламасын дамытуға, ілгерілетуге және енгізуге қосқан ерекше үлесі үшін табысталды.Іс-шара ИКАО-ның қауіпсіз, тиімді және инклюзивті жаһандық әуе қозғалысын дамытуға және заманауи цифрлық технологияларды пайдаланып, шекарадан өтуді жеңілдетуге деген берік ұстанымын айқындады. TRIP Symposium аясындағы пікірталастар мен таныстырылымдар жолаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдердің жедел енгізілуіне ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1100623?lang=kk