Әлем
Шымкентте құқықтық тәртіп әскері бөлімдерін тылдық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды 06.11.2025
Шымкент қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде өңірлік қолбасшылықтар командирлерінің тыл жөніндегі орынбасарлары, қаржы басқармаларының бастықтары және Ұлттық ұлан Академиясының өкілдері қатысқан үш күндік оқу-тәжірибелік жиын өтті.Іс-шара Бас қолбасшылықтың бюджет және қаржы басқармасының бастығы полковник Дәулет Ахметов пен тыл басқармасы бастығы полковник Тахир Исламовтың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты – офицерлердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ тылдық және қаржылық қамтамасыз ету жүйесіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізу.Жиында цифрландыру мәселесіне басымдық берілді. Атап айтқанда, электронды құжат айналымын жолға қою, есептің автоматтандырылған жүйелерін енгізу, материалдық ресурстарды басқару мен шығындарды бақылауда ақпараттық технологияларды қолдану. Полковник Тахир Исламовтың айтуынша, цифрлық құралдарға көшу жабдықтау мен есептілік процестерін анағұрлым ашық әрі тиімді етеді.Сонымен қатар офицерлер бюджетті қалыптастыру, қызметтік-жауынгерлік дайындықты қаржыландыру, нысандар құрылысына бақылау жасау және әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын электронды форматқа көшіру тетіктері де қарастырылып, бұл бағыт жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Жиын қорытындысын Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Ербол Құмарбекұлы шығарып, ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін және ресурстарды басқарудың тиімділігін күшейту мен әскери даярлықты арттыруда цифрлық трансформацияның маңызы зор екенін атап өтті.Мұндай іс-шаралар тылдық және қаржылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, кадрлық құрамның кәсіби шеберлігін арттыруға және әскердің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1099767?lang=kk
Шетелдік интернет-платформалар Қазақстан бюджетіне 118,4 млрд теңге төледі 06.11.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды: цифрлық қызметтер салығы енгізілгелі бері шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан бюджетіне жалпы 118,4 млрд теңге аударды. «Google салығы» деген не? 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қазақстандық пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсететін немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компанияларды салық салу тетігі қолданылуда. Бұл тетік тұтынушымен тікелей жұмыс істейтін жаһандық онлайн-платформаларға (B2C форматы) қатысты. Мұндай компаниялар Қазақстанда тіркелуге және қосылған құн салығын (ҚҚС) 12% мөлшерлемемен төлеуге міндетті. Бұл шара отандық және шетелдік цифрлық қызметтер жеткізушілері үшін әділ бәсекелестік ортасын қалыптастыруға бағытталған. Тіркелген компаниялар Бүгінгі күні Қазақстанда 118 шетелдік резидент емес компания есепке қойылған, олардың қатарында әлемнің ірі платформалары бар. 2025 жылы тағы 20 компания қосылды, олардың ішінде:Chess.com – шахмат әуесқойларына арналған халықаралық платформа;OpenAI, L.L.C. – ChatGPT сервисінің әзірлеушісі;Canva Pty Ltd. – онлайн-дизайн платформасы;Microsoft Ireland Operations Limited – Microsoft компаниясының бөлімшесі;Canyon Bicycles GmbH – кәсіби велосипед өндірушісі. Экономикаға үлесі Салық қолданылғаннан бері шетелдік цифрлық компаниялар жалпы 118,4 млрд теңге төледі, соның 48,6 млрд теңгесі — 2025 жылы түсті. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көп. 2025 жылғы ең ірі ҚҚС төлеушілер:Valve Corporation – 8,6 млрд ₸;Apple – 8 млрд ₸;Temu – 6,2 млрд ₸. Халықаралық тәжірибе Ұқсас цифрлық қызметтер салықтары көптеген дамыған елдерде қолданылады:ЕО — бірыңғай e-VAT жүйесі;Ұлыбритания, Үндістан, Канада — арнайы цифрлық салықтар;Австралия, Жапония, Сингапур — шетелдік компанияларға арналған жеңілдетілген онлайн-тіркеу. Қазақстанның моделі ЭЫДҰ ұсынымдарына және жаһандық үздік тәжірибеге толық сәйкес келеді. Көршілердің тәжірибесі Өзбекстан – 2020 жылдан бері шетелдік цифрлық қызмет жеткізушілерден 12% ҚҚС алады;Қырғызстан – 2022 жылдан бастап ұқсас режимді енгізд;Ресей – 2024 жылдан резидент емес компаниялардың цифрлық сервистеріне 18% ҚҚС белгіледі. Осылайша, өңір елдері цифрлық экономиканың шынайылығына бейімделіп, салық әділдігін қамтамасыз ету және ұлттық мүдделерді қорғау бағытында белсенді шаралар қабылдауда. Қазақстан үшін маңызы «Цифрлық ҚҚС» енгізу Қазақстанға цифрлық саланы тиімді реттейтін елдер қатарына қосылуға мүмкіндік берді. Бұл шешім бюджет түсімдерін ұлғайтты, шетелдік компаниялардың қызметін ашық етті және қазақстандық ІТ-кәсіпорындар үшін бәсекелестік жағдайларын теңестірді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан экономикасының мүддесінде цифрлық ортадағы салықтық әкімшілендіру құралдарын одан әрі жаңғыртуды жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1100159?lang=kk
Іскерлік және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту 06.11.2025
2025 жылғы 31 қазанда Елші Қанат Тумыш VinGroup SNG басшылығымен кездесіп, іскерлік ынтымақтастықтың әлеуетті салаларын және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту жолдарын талқылады.Кездесу барысында екі тарап сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, әсіресе инфрақұрылым, туризм, технология және жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларда пікір алмасты. Елші Қанат Тумыш Қазақстанның қолайлы іскерлік ортасын, оның Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі стратегиялық орналасуын және вьетнамдық кәсіпорындармен өзара тиімді әріптестікті дамытуға бейілділігін атап өтті.Кездесу екі тараптың жеке сектормен өзара іс-қимылды кеңейтуге және бірлескен жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға жалпы мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1099752?lang=kk
Қазақстанның инвестициялық әлеуеті Kazakhstan Capital Markets Day 2025 конференциясында ұсынылды 06.11.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев 2025 жылғы 5 қарашада Лондонда өткен Kazakhstan Capital Markets Day 2025 халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шара Қазақстанның экономикалық өсуі мен қаржы секторын дамыту перспективасын талқылаудың маңызды алаңына айналды.Конференция шеңберінде Асан Дарбаев "Орнықты экономикалық өсу және қаржы секторын дамыту" тақырыбында панельдік сессияда сөз сөйледі.Асан Дарбаев өз сөзінде ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, орнықты даму және оның қағидаттарын ұлттық және өңірлік капитал нарығы стратегиясына интеграциялау мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Ол пікірталас тәжірибе алмасудың және Қазақстан мен өңірдің қаржы секторын дамытудың бірлескен тәсілін әзірлеу үшін тиімді алаң болатынына сенім білдірді.Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсуі 6,3%. Бұл соңғы жылдардағы ең үздік көрсеткіштің бірі. Орта мерзімді мақсат — 2029 жылға қарай ЖІӨ-нің 450 миллиард АҚШ долларына жету.Қазақстан инвестициялық белсенділікті ынталандыру және ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру шараларын іске асыруды жалғастыруда. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және елдің Еуразияның жетекші транзиттік және инвестициялық хабы ретіндегі рөлін нығайтуға басымдық беріледі. Бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар Орта дәлізді қоса алғанда, 5 халықаралық теміржол және 8 автомобиль дәлізі іске қосылған.Қазақстан сенімді және кредитке қабілетті әріптес мәртебесін растауда. Еліміз басты халықаралық S&P, Fitch және Moody’s секілді жетекші халықаралық агенттіктердің инвестициялық деңгейі рейтингіне ие. Бұл ретте S&P агенттігі жақында рейтинг бойынша болжамды "Позитивті" деңгейге көтерді, ал Moody's өткен жылы рейтингті Baa1-ге көтерді.Қазақстанда инвестициялық ахуалды қалыптастыру ашықтық пен тұрақтылық қағидаттарына негізделген. Инвесторлар үшін қолдаудың түрлі нысандары көзделген-инвестициялық келісімшарттар, салықтық және кедендік преференциялар, сондай-ақ 25 жылға дейінгі мерзімге заңнаманың тұрақтылығына кепілдік. Инвесторлармен өзара іс-қимыл "бірыңғай терезе"қағидаты бойынша әрекет ететін цифрлық инвестициялық платформа арқылы қамтамасыз етіледі.Әкімшілік рәсімдерді жеңілдететін және жобаларды іске асыруды жеделдететін Инвестиция тарту жөніндегі кеңес (Инвестициялық штаб) маңызды рөл атқарады. Инвестициялық экожүйенің маңызды элементі ағылшын құқығының юрисдикциясы негізінде жұмыс істейтін және қатысушылардың ашықтығы мен құқығын қорғаудың жоғары стандартын ұсынатын "Астана" халықаралық қаржы орталығы болып қала береді. Қазіргі уақытта АХҚО-да 80-нен астам елден 3500-ден астам компания тіркелген. Олардың жалпы инвестиция көлемі 14 млрд АҚШ долларынан асады.Қазақстан халықаралық бизнес үшін тартымды алаң болып қала береді. Еліміздің негізгі әріптестерінің қатарына Chevron, ExxonMobil, Shell, GE Transportation, Hyundai, KIA, Coca-Cola, Danone, Carlsberg, Lactalis және т. б. қоса алғанда, мұнай-газ, машина жасау, көлік және тамақ саласындағы компаниялар кіреді.Конференция барысында вице-министр жапондық Mitsubishi UFJ Financial Group (MUFG) банк және қаржы холдингінің өкілдерімен, сондай-ақ Morgan Stanley Investment Management (MSIM) өкілімен кездесулер өткізді.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1099732?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1100166?lang=kk
Қазақстанның туристік әлеуеті WTM London 2025 халықаралық көрмесінде таныстырылды 06.11.2025
Лондон, 2025 жылғы 4-6 қараша – Қазақстан өзінің туристік әлеуетін әлемдегі ең беделді және ірі туристік көрмелердің бірі – World Travel Market (WTM) London 2025 көрмесінде паш етті. Биылғы іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 3 900-ден астам экспонент және 38 000-нан астам туризм саласының кәсіби мамандары қатысты.Елімізді көрмеде Алматы қаласының делегациясы таныстырды. Алматы – Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасы мен заманауи қалалық өмірдің үйлесімін тапқан мекені, әлемдік деңгейдегі тау курорттары мен инновациялық туристік өнімдері арқылы қонақжай, заманауи және серпінді дамып келе жатқан бағыт ретінде ерекше көзге түсті.WTM London 2025 көрмесіндегі Алматының стенді нағыз назар орталығына айналды. Иммерсивті дизайны, мәдени шынайылығы және Ұлы Дала аңыздарынан шабыт алған айшықты визуалды тұжырымдамасы арқылы халықаралық байерлердің, БАҚ өкілдері мен саланың жетекші сарапшыларының назарын аударды.Көрме қонақтары ерекше қызығушылық танытқан тұстардың бірі – қазақ батырларының бейнесі болды. Тарихи дәстүрлерге сай қайта жасалған батырлардың айбынды кейпі, ұлттық сауыт-сайманы және тарихи қойылымы павильонның ең көп суретке түсірілген символдарының біріне айналып, қазақ рухының қуатын, қонақжайлығын және мәңгілік рухын айшықтады.Алматы павильонының мәдени бағдарламасы Қазақстанның бай өнер мен музыка дәстүрін паш етті. Аңызға айналған «Сазген Сазы» ансамблі домбыра мен қобыздың әуенімен көрмені дала сазына бөлеп, көшпелі мәдениеттің рухын көрсетті.Шеберлер қонақтардың көз алдында зергерлік және былғары бұйымдарын жасап, сақ және түркі өрнектерінен шабыт алған дәстүрлі ою-өрнектерді көрсетті. Ал гастрономиялық аймақ келушілерді ұлттық тағамдардың дәмімен таныстырды – бауырсақ, қазы, құрма, чак-чак және тәттілер қазақ қонақжайлығының жарқын белгісіне айналды.Көрмедегі қызығушылық танытқан ерекшеліктердің бірі – «Kazakhstan: Born Bold» имидждік кампаниясы туралы баннерлер болды. Бұл бренд елдің заманауи, жігерлі және батыл бейнесін көрсетіп, Қазақстанды тек ерекше саяхат бағыты ретінде ғана емес, сонымен қатар инвестициялар мен халықаралық серіктестік үшін тартымды ел ретінде таныстырды.Көрме аясында қазақстандық делегация 350-ден астам іскерлік кездесу өткізіп, Ұлыбритания мен Еуропаның жетекші туроператорларымен, әуе компанияларымен, туристік қауымдастықтарымен және халықаралық БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық орнатты.Көрмедегі жарқын имиджі, бай мәдени мазмұны және стратегиялық ілгерілету тәсілі арқылы Қазақстан Еуразиядағы ең әлеуетті туристік бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. WTM London 2025 көрмесіне қатысу еліміздің халықаралық байланыстарын нығайтып, ұлттық туризмді дамытудағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1099713?lang=kk
Soudal Group компаниясымен инновациялық құрылыс технологиялары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқылануда 06.11.2025
Тюрнхаут, Бельгия, 2025 жылғы 5 қараша – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко құрылыс материалдарын, герметиктерді, монтаж көбіктері мен өнеркәсіптік желімдерді өндіру бойынша Еуропадағы ең ірі компаниялардың бірі – Soudal Group компаниясының штаб-пәтеріне барды.Кездесуде Елші Р.Василенко мен операциялық директор Юрген Вандервельден Қазақстан мен Soudal Group арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Әңгіме барысында құрылыс индустриясының ел экономикасындағы рөлі мен оның тұрақты дамуы атап өтілді.Елші Қазақстанда тұрғын үй құрылысының серпінді дамып келе жатқанын және құрылыс материалдары өндірісінде жаңа технологиялардың қолданылып жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда Soudal Group тәжірибе алмасу, инновацияларды енгізу және тұрақты құрылыс шешімдерін дамыту саласында әлеуетті серіктес ретінде қарастырылуда.«Soudal Group – жоғары сапа стандарттарын ұстанатын және тұрақты өндіріс қағидаттарын басшылыққа алатын еуропалық инновациялық бизнестің жарқын үлгісі. Біз компаниямен өзара іс-қимылды дамытуды және Қазақстанның құрылыс саласының жаңғыруына ықпал ететін бастамаларды қолдауды көздейміз», – деді Р.Василенко.Өз кезегінде Ю.Вандервельден Қазақстан тарапынан көрсетілген қызығушылық үшін алғыс білдіріп, компанияның технологиялармен алмасу мен дистрибуциялық әріптестік бағыттарында ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.Анықтама: Soudal Group – 1966 жылы Вик Свертс негізін қалаған, Бельгияның Тюрнхаут қаласында орналасқан халықаралық өнеркәсіптік топ. Компания Еуропадағы герметиктер, монтаж көбіктері мен желімдердің ең ірі тәуелсіз өндірушісі болып табылады. 2024 жылы компанияның жылдық айналымы 1,46 млрд еуроны құрады. Өнімдері әлемнің 140-тан астам елінде жұмыс жасайды. Soudal компаниясының өндірістік желісі Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы 32 зауытты қамтиды, онда 4 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1099714?lang=kk
Словения Президентінің Сарайында Қазақстан Елшісінің Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті 06.11.2025
Любляна, 2025 жылғы 5 қараша – Словен Президентінің Сарайында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаевтың Словен Президенті Наташа Пирц Мусар ханымға Сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.Елші Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Словен Президентінің Қазақстанға жасаған ресми сапарында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Қазақстанның Словениямен саяси өзара сұхбаттастықты кеңейту және жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі стратегиялық бағытын растады.Словения Президенті Наташа Пирц Мусар Елшіні дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен шын жүректен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы сенім мен достық әрі өзара тиімді серіктестік рухына негізделген қатынастарды жүйелі әрі кешенді жолда дамытуға ықпал ететініне кәміл сенім білдірді. Президент ханым Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа ерекше ілтипаты мен алғысын білдіре отырып, 2025 жылғы наурызда Астанаға жасаған ресми сапарының өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сондай-ақ қазақ халқының қонақжайлығы мен шынайы ықыласын ұмытылмас ерекше жылы лебізбен қабылдағанын атап өтті. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың барынша терең маңыздылығы ерекше аталынды.Словен Президентінің ресми қабылдауы барысында Қазақстан мен Словения арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары, көлік және логистика салалары, атап айтқанда, Словенияның Копер теңіз портының Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – Орта дәліздің логистикалық архитектурасына интеграциялануы, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрландыру, фармацевтика, білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Астананың Қазақстан-Словения Үкіметаралық комиссиясы тең төрағаларының саяси мәртебесін екі ел үкіметтерінің вице-премьерлері деңгейіне көтеру туралы шешімі мен мүдделі бизнес топтардың қатысуымен іскерлік кеңес құру процесі ерекше ризашылықпен қабыл алынды.Кездесу соңында Словения Президенті Наташа Пирц Мусар Елшіге Қазақстан мен Словения арасындағы қарым-қатынастарды нығайту жолындағы қызметіне табыс тілеп, шығармашылыққа жанашыр жан ретінде, жақын болашақта Димаш Құдайбергеннің Люблянада концертін бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде жеке тілегі мен қызығушылығын танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1099715?lang=kk
Қазақстан делегациясы Pre-COP іс-шарасына қатысты 06.11.2025
Сан-Пауло, 2025 жылғы 5 қараша – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев СОР30 көшбасшыларының самитіне қатысу үшін Бразилияға жұмыс сапары аясында және Бразилия тарапының шақырумен құрметті қонақ ретінде «Summit Agenda SP+Verde» конгресіне қатысты.Іс-шара барысында Ерлан Нысанбаев Экология мәселелері жөніндегі хатшы Наталия Резенде Андраде Авила ханыммен кездесіп, жаңартылмалы энергетика мен экологиялық дизайн саласындағы инновациялық жобалар, қатысушыларға тұрақты даму тұжырымдамасымен танысуға мүмкіндік беретін интерактивті экспозициялар мен танымдық инсталяциялар ұсынылған тақырыптық павильондармен танысты.Сан-Паулодағы бұл форум, Амазониядағы Белем қаласында өтетін COP30 конференциясы қарсаңында Сан-Пауло қаласының әкімдігі және Сан-Паулу университеті (USP) қатысуымен Сан-Пауло штатының үкіметі ұйымдастырған негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады. Конгрестің мақсаты болып, билік, ғылыми орта, жеке сектор мен азаматтық қоғам өкілдерін біріктіре отырып, экологиялық өтпелі кезең мен тұрақты даму жолдарын жеделдетуді талқылау табылады.Конгресте төрт негізгі бағытқа: «жасыл» қаржы, қалалар орнықтылығы, климаттық әділеттілік пен таза энергетикаға көшуге ерекше назар аударылды. Жалпылама тақырып ретінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қалдықтарды азайтудың тетігі саналатын айналымды экономика тақырыбы белгіленді.Сан-Пауло штаты Бразилияның халқы ең көп шоғырланған және ең өнеркәсіптік дамыған өңірі. Аталған штат ІЖӨ-нің шамамен үштен бірін, яғни шамамен 260 миллиард АҚШ долларын өндіреді. Экономиканың негізгі салаларына машина жасау, автокөлік пен әуе көлігін жасау, қаржы, сауда, тоқыма және азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы егіншілік пен мал шаруашылығы жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1099717?lang=kk
Үлкен Нарын ауданында ипподром мен антенна-мачта құрылғылары бой көтермек 06.11.2025
Үлкен Нарын ауданында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл туралы аудан әкімі Елдос Байрахметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.Жергілікті бюджет есебінен Үлкен Нарын ауылында ипподром салу, сондай-ақ Үлкен Нарын мен Жұлдыз ауылдарында ұялы байланыс желісінің сапасын арттыру мақсатында антенна-мачта құрылғыларын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, Үлкен Нарын ауылындағы Абылайхан көшесіне күрделі жөндеу жүргізу де жоспарға енгізілген.Аймақтың туристік әлеуеті жылдан жылға артып келеді. 2025 жылы ауданға 15 050 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 165% өскен. Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірлесе заманауи жол бойы сервис павильоны пайдалануға берілді.Болашақта Свинчатка ауылында демалыс базасы салынбақ. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сондай-ақ ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыруға сеп болады. Мұндай жобалар өңірдің жол бойы туризмін жандандырып, шағын бизнестің дамуына серпін береді.Ауданның басты басым бағыттарының бірі — халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. «Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры нысандарын және желілерін қайта жаңарту» жобасы аясында ұзындығы 77,4 шақырым болатын су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстар Алтынбел, Үштөбе және Солдатово ауылдарында да атқарылып жатыр.Су жүйелерін жаңғырту — тұрғындардың өмір сапасын жақсартып қана қоймай, ауданның тұрақты дамуына да жол ашады. 2025 жылы Үлкен Нарын ауылында 10 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, жолдар, көпірлер мен су өткізу құрылыстары ретке келтірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1099724?lang=kk
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы. 06.11.2025
2025 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.Комиссия жұмысына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы комиссия төрағалары қатысты.Отырыс барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және қолдау, оларға атаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру көмегін көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді дамыту, білім беру ұйымдарын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету және педагогтарды даярлау маңыздылығы атап өтілді.«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында кәмелетке толмағандар арасында заңға бағынатын мінез-құлық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік, ақпараттық-түсіндіру және мәдени-сауық жұмыстарын жандандыру қажеттілігі атап өтілді.Отырыстың қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық шараларды жетілдіру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту жөнінде тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1099725?lang=kk
Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті 06.11.2025
Мехико, 2025 жылғы 4 қараша – Мексикаға жұмыс сапары аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігіне келіп, Қазақстанның Мексикадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен екіжақты кездесу өткізді.Тараптар ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен Мексика арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасып, Орталық Азия мен Латын Америкасы арасындағы байланыстарды дамытудағы Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті.Бұған қоса, Қазақстан Елшілігінің ғимаратында К.Омуралиев Мексика мен әлемдегі экономика, қаржы және іскерлік саладағы жаңалықтарды талдауға маманданған жетекші мексикалық басылым – «El Economista» атты газетіне сұхбат берді.Сапар шеңберінде ТМҰ Бас хатшысы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне де барып, Әзербайжанның Уақытша сенімді өкілі Э.Рзаевамен, Түркияның Елшісі М.Эсенлымен және Қазақстанның Елшісі А.Тұрғанбековпен бірлескен кездесуге қатысты.Кездесу барысында Мексикадағы ТМҰ сапары аясында өткізілетін алдағы іс-шаралар жоспары жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, Эль-Батан қаласында (Мехико штаты) орналасқан Жүгері мен бидайды жақсарту жөніндегі халықаралық орталықта (CIMMYT) өтетін кездесулерге дайындық, сондай-ақ Мексиканың Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрліктері, сондай-ақ Мексика халықаралық даму кооперациясы агенттігінің (AMEXCID) өкілдерімен жоспарланған келіссөздер талқыланды.Сонымен қатар, ТМҰ Бас хатшысы К.Омуралиев Мексика Бас конгресінің төменгі палатасының депутаттарымен, сондай-ақ «Қазақстан – Мексика» парламенттік достық тобымен екіжақты кездесулер өткізді.К.Омуралиев Қазақстан Елшілігіне мексикалық парламент мүшелілерімен кездесуді ұйымдастыруға қолғабыс еткені үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1099726?lang=kk
Мажарстандық талдау орталықтармен және сарапшыларымен байланыстар нығая түсуде 06.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 30 қазан - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «Людовика» атындағы Ұлттық мемлекеттік басқару университетінде болып, 22 қыркүйекте осы білім ордасының қабырғасында ашылған «Centre for Turkic Studies» орталығының жұмысымен танысты.Орталықтың басты миссиясы - түркі әлемінің тек Мажарстан үшін ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда Еуропаның болашағы үшін өсіп келе жатқан стратегиялық рөлін тереңірек түсіну және Мажарстанның осы аймақтарды байланыстыруда және өзара диалогты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсету болмақ.Сонымен қатар, Елші осы күні «Корвинус» университеті Орталық Азия зерттеу орталығының Атқарушы директоры, профессор Др. Мартон Краснаимен кездесіп, Орталықпен өзара тиімді ынтымақтасу перспективаларын талқылады.Айта кетері, М.Краснаи 16 қазанда Астанада өткен «Astana Think Tank Forum»-на қатысып, су дипломатиясы жөнінде ауқымды баяндама жасаған болатын (https://astanatimes.com/2025/10/hungarian-expert-calls-for-evidence-driven-water-diplomacy-at-astana-think-tank-forum/).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1099699?lang=kk
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың Астанада қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесуі өтті 06.11.2025
Кездесу барысында Министр Әділет министрлігі мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты, соның ішінде Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары аясында өткізілген іс-шаралардың табысты іске асырылуын атап өтті. Сондай-ақ ағымдағы жылы БҰҰ алаңында өткен Әмбебап кезендік шолу мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт шеңберіндегі Ұлттық баяндамаларды ұсыну нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі жоспарлар таныстырылды.Тараптар Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсартуға және берілген ұсынымдарды іске асыруға бағытталған бірқатар маңызды іс-шараларды бірлесіп өткізуге уағдаласты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогтың нәтижелі өткенін атап өтіп, алдағы уақытта адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту мен нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1099702?lang=kk
Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі сайланды 05.11.2025
Ауылдың жаңа әкімі сайланды 2025 жылғы 2 қарашада өткен сайлаудың қорытындысымен және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің лауазымына Мергенов Наурызбек Оразғұлұлы тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Сейлов Маралбек Мұғайұлы қызметке кіріскен ауыл әкімін ауыл халқына арнайы таныстырып, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды қолға алуды тапсырды. Әкімге Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Лазым Жонасов қызметтік куәлігін табыстады. Ауылда тұрғындар сайлаған әкімнен жаңашыл жұмыс күтетінін айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Айта кетейік, Наурызбек Мергенов 1998 жылы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 2019 жылы – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2022 жылы – Батыс Қазақстан инновациалық-технологиялық университетін тарих мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2019-2020 жылдары Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппаратында, 2020-2021 жылдары Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімінде, 2021-2022 жылдары Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив-ісі басқармасында бас маман, 2022-2024 жылдары С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектепте тарих пәнінің мұғалімі және 2024 жылдың қазан айынан бері Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарып келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tyshyqudyq-district/press/news/details/1099653?lang=kk
Қызметкерлерге арналған семинар 05.11.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және аумақтық басқармалар қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шайкеновтың төрағалығымен, аға жедел уәкілі Ақмола облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Разия Курсанова, аға Мемлекеттік көлік инспекторы Ақмола облысы полиция департаментінің капитаны Тимур Шайхинов, «Сенімен Болашақ» АҚҰ Ақмола филиалының басшысы Айгүл Нұрмағанбетова және Көкшетау қаласының «Жастар ресурстық орталығының» психологы Гүлшәт Қошаеваның қатысуларымен семинар өтті. Аталған іс-шарада "Химиялық тәуелділік түрлері. Құқықтық аспектілері», «Алаяқтардың іс-әрекеттерін ескеру мен болдырмауын алдын алу», «Құмар ойындарға тәуелділік», «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсіту мен жыныстық қудалауды алдын алу» мәселелері», сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері қаралды. қаралды.Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1113342?lang=kk
СУ БЕРУДІҢ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА 05.11.2025
Құрылысы жүріп жатқан «Көпқабатты тұрғын үй кешенін салу» нысанын су жүйесіне қосуға байланысты, 2025 жылғы 7 қараша күні сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша су беру уақытша тоқтатылады:Юбилейный шағынауданы 1, 4, 5, 7, 14, 15, 16 үйлері.«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1099650?lang=kk
Крестовка және Чапаево ауылдарының дәрігерлеріне демеушілік көмек 05.11.2025
Алтай ауданының мәслихаты мен ауылдық округ тұрғындары депутаттар Кайрды Айткешевич Байкубинов пен Жанатбек Какенович Бугубаевқа Крестовка және Чапаево ауылдарының медицина қызметкерлеріне демеушілік көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.Бөлінген қаражатқа құрылыс материалдары, линолеум, бояулар сатып алынды және фельдшерлік-акушерлік пункттерге (ФАП) жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сіздің қолдауыңыздың арқасында медицина қызметкерлерінің жұмысы мен ауыл тұрғындарын қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасалған.Ауыл инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі, қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1099613?lang=kk
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Огнев Сергей Владимировичке алғысымызды білдіреміз 05.11.2025
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Огнев Сергей Владимирович КММ «Зубов орта мектебі» аумағын абаттандыруға демеушілік көмек көрсетті.Сергей Владимировичтің бастамасы мен қолдауының арқасында мектеп ауласына асфальт төселіп, оқу үдерісін ұйымдастыруға, демалыс пен мектеп іс-шараларын өткізуге жағдай едәуір жақсарды. Жаңартылған аумақ тек ыңғайлы және қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар көрікті және ұқыпты келбетке ие болды.Мектеп әкімшілігі мен «Алтай ауданының білім бөлімі» ММ Сергей Владимировичке ілтипаттылығы, білім саласына деген назар аударуы және балалардың білім алып, тәрбиеленуіне қолайлы жағдай жасауға белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді.Өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлық танытқаны үшін Сергей Владимировичке алғыс айтып, қоғамдық және кәсіби қызметінде табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1099617?lang=kk
«Үздік авторлық бағдарлама»* 05.11.2025
2025 жылғы 31 қазан күні *«Үздік авторлық бағдарлама»* байқауының аудандық кезеңі өткізілді.⚡Аудандық байқаудың қорытындысы:*«Білім беру менеджменті»* номинациясы бойынша✨1 орын- Турлыбаева Гульнар Кошкынбаева «Сосновка орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; *«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш сынып»* номинациясы бойынша✨1 орын- Кешубаева Гульназ Сальвековна «Н.Баймұратов атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;✨2 орын – Баймухаметова Оксана Федоровна «Сосновка орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;✨3 орын – Жасуланова Айдана Сериковна «Қ. Рысқұлбеков атындағы ортамектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі;*«Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер»* номинациясы бойынша✨1 орын- Ажикова Ляйля Сарсеновна «Канонерка орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі;✨2 орын-Калиаскарова Зульфия Дюсенбаевна «Сосновка орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі;✨3 орын – Даулетбаева Айгерим Жастлековна «№ 1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;*«Қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пәндер»* номинациясы бойынша✨1 орын- Сатемирова Алия Бакпеновна «Сосновка орта мектебі» КММорыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;✨2 орын-Губайдуллина Галия Акпаровна «Сосновка орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;✨3 орын- Утовлинова Айша Берикболовна «Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі»КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;Жүлдегерлерді құттықтаймыз !!!👏👏👏Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1099536?lang=kk
«Тең мүмкіндіктер» фестиваліндегі біздің чемпиондар! 05.11.2025
№1 орта мектептің оқушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған инклюзивті спорттық фестиваль — «Тең мүмкіндіктер» іс-шарасына қатысты.Жарыстар 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында өтті. Біздің оқушылар табандылықтың, еңбексүйгіштіктің және командалық рухтың арқасында тамаша нәтижелер көрсетті! 💪✨ 4 «А» сынып қыздар командасы —Зәкен Аружан, Ертаева Аяла, Дармен Меруерт (команда «Алау») —мынадай жетістіктерге жетті:🥇 «Біз жеңімпаз боламыз» эстафетасында — 1 орын🥇 жеңіл атлетикалық жарыста (50 м, 100 м, 200 м) — 1 орын.🔥 4 «Ә» сынып ұлдар командасы —Әсетұлы Нұрдәулет, Бақытбек Жангир, Болатбек Айсұлтан (команда «Сұңқар») —сондай-ақ келесі жетістіктерге жетті:🥇 «Біз жеңімпаз боламыз» эстафетасында — 1 орын🥇 жеңіл атлетикалық жарыста (50 м, 100 м, 200 м) — 1 орын.Біздің жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉Жаңа табыстар мен жеңістерге жете беріңіздер!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1099519?lang=kk