Enbekshi QazaQ

Әлем

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті 29.10.2025
Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты.Президент алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді. Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі.Мемлекет басшысы еліміздің АҚШ Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Қазақстан Президенті жаһандық үдерістердегі Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанына тоқталды. Аймақ елдері бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін, тату көршілік пен ортақ прогреске деген ұмытылысын көрсетіп отыр.Өз кезегінде Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді. Ол АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады. Оның пікірінше, Вашингтонда өтетін алдағы кездесу екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.Әңгімелесу барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті қарастырылды.Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1095440?lang=kk
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының Қазақстанға сапары басталды 29.10.2025
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді.Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені мен «Медеу» мұз айдынына барды.Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1095438?lang=kk
Балқаш ауданында күріш жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр 29.10.2025
Балқаш ауданында «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында күріш жинау науқаны қарқынды түрде жалғасуда. Жұмысқа барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы толық жұмылдырылған: комбайндар піскен егіс алқаптарымен жүйелі түрде жүріп өтіп, орақ науқанының уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуде. Шаруашылық басшысы Талғат Сұлтанов науқан барысын тұрақты бақылауда ұстап, мамандардың жұмысын үйлестіру және өндірістік процестің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуде.Шаруашылықтың суармалы жерлерінің жалпы көлемі 730 гектарды құрайды, оның 247 гектары – күріш, 205 гектары – бидай, 278 гектары – көпжылдық шөптер. Егін жинауға екі комбайн, бір КамАЗ жүк көлігі, сондай-ақ МТЗ-80 және МТЗ-1221 тракторлары тартылған. Бүгінгі күні 110 гектар күріш орылып, орташа өнімділік гектарына шамамен 40 центнерді құрап отыр.Биылғы жылы аудандағы суармалы егістік жерлердің жалпы көлемі 27 мың гектардан асты. Оның ішінде 7 мың гектардан астам жерге күріш егілген, 5 мың гектардан астамы – бидай мен арпа егістері. Қалған алқаптар көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдарға бөлінген.Жазғы шөп дайындау науқаны аясында 160 мың тоннадан астам пішен, 40 мың тоннадан аса сүрлем-шөп (сенаж), шамамен 33 мың тонна сабан және 85 мың тонна сүрлем дайындалған. Дәнді дақылдардан жиналған өнім көлемі 9 мың тоннадан асып, орташа өнімділік гектарына 18 центнерді құрады. Қазіргі уақытта 6 мың гектардан астам күріш алқабы орылып, орташа өнімділік гектарына 42 центнерге жуық.Күз мезгілі дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысын шығаратын уақыт болып табылады. Балқаш ауданының береке мен молшылықтың символына айналған күріш өнімі диқандардың тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Егіншілердің еңбегі өңірдің аграрлық саласын тұрақты дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1095427?lang=kk
Біздің елімізде бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалуда 29.10.2025
  Тимур Эуесханұлы біздің елімізде бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қандай өзгерістер енгізілді?Иә, электр энергетикасына қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 25.02.2015 жылғы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларында электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды, құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталғаны туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу жеткілікті.Бұдан басқа, мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосылуға рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шартын жасасудың бір апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылды. Желіге қосар алдында энергетикалық сараптама жүргізу қажеттілігі алынып тасталды.Электр желілеріне қосылу процесі қалай жүргізіледі және Қостанай облысы өңіріне қатысты осы жұмыстың ерекшеліктері бар ма?Тұтынушы энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуға өтінім береді.Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.Тұтынушы жобалық құжаттаманы әзірлеуді және электр қондырғыларын орнатуды (тиісті лицензиясы бар ұйымдармен) қоса алғанда, берілген техникалық шарттар талаптарын орындайды.Монтаждау ұйымы энергия беруші ұйымға берілген техникалық шарттардың орындалуы және кернеуді беруге дайындығы туралы хабарлама жібереді. Сонымен қатар электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш (шарт жасасуға арналған белгілі бір құжаттар тізбесін қоса бере отырып) жіберіледі.Энергия беруші ұйым хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.Энергия беруші ұйым хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде кернеу беруді жүргізеді, коммерциялық есепке алу жүйесін (электр есептегішті) пломбалайды және есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді.Орындалған жұмыстарда кемшіліктер анықталған жағдайда энергия беруші ұйым 2 жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді.Электр желілеріне қосылу процесі бойынша сұрақтар туындаған кезде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік  энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне, 8 (7142) 50-02-60 байланыс телефонына немесе «E - Otinish»  АЖ арқылы жүгінуге болады. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1095402?lang=kk
Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды 29.10.2025
Мерократия қағидаты бойынша Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Құдайбергенов Ринат Мәжитұлы тағайындалды.Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл. Білімі - жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.Қызылорда облысының қаржы жүйесінде: Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, қаржы басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек тәжірибесі бар.Соңғы 2,5 жылда Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1095379?lang=kk
Панфилов ауданында Ашық есік күні өтті 29.10.2025
29.10.2025 жылы Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің өзекті мәселелері бойынша және жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша ашық есік күні өтті.Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1095325?lang=kk
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бала өмірін құтқарған Ақмола облысы ҚАЖ қызметкері марапатталды 29.10.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бала өмірін құтқарған Ақмола облысы ҚАЖ қызметкері марапатталдыАқмола облысында №6 мекеменің қызметкері, режим бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы Рахат Байлин ерлік пен жанқиярлық танытып, өртке оранған пәтерден кішкентай баланың өмірін аман алып қалды. Өзінің батыл әрекеті үшін ол 2025 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жоғары мемлекеттік марапат – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Облыс орталығында болған оқиға кезінде бес қабатты үйдің терезесінен қою түтін шығып жатқан. Сол сәтте оқиға орнында болған біздің жерлесіміз – қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері еш ойланбастан, өз өміріне қауіп төндіре отырып, өрт ошағына ұмтылды. Оның мақсаты – от тұзағында қалған адамдарға дереу көмек көрсету болды.Өз өмірін қатерге тігіп, қызметкер өрт каптаған пәтерге кіріп, қою түтін арасынан демі үзілуге шақ қалған баланы тауып алды. Рахат Байлиннің батыл әрі жедел әрекеттерінің арқасында бала өрт ошағынан аман-есен шығарылып, оқиға орнына жеткен төтенше қызмет өкілдеріне табысталды. Оның дер кезінде жасаған ерлігі мен шешімталдығы орны толмас қасіреттің алдын алды.Қызметкердің ерлігі жоғары бағаланды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметкердің ерекше батылдығы мен кәсібилігін мойындай отырып, оған Мемлекет басшысының марапатын жеке өзі табыстады.– Бұл оқиға біздің арамызда нағыз батырлар бар екенін және азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау – құқық қорғау органдары, соның ішінде ҚАЖ қызметкерлері үшін ең жоғары парыз екенін тағы бір дәлелдеді, – деп атап өтті Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Мерген Аргумбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1095329?lang=kk
Көшелерді жарықтандыру бағандарын орнату 29.10.2025
Мариногорка ауылдық округіне қарасты Мариногорка ауылында Талды және Молодежная көшелеріне 46 көше жарықтандыру бағаналары орнатылды. Жұмыс ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1095282?lang=kk
Тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелері 29.10.2025
        Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, сондай-ақ оларға арналған тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу — міндетті рәсім болып табылады. Бұл талап техниканың қауіпсіз және заңды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, тіркеуге жатады:барлық типтегі тракторлар;тракторлар негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер;тіркемелер мен жартылай тіркемелер, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелер;өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары;жоғары өтімді арнайы машиналар.Мемлекеттік тіркеуді техникалық қадағалау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Тіркеу үшін меншік иесі төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:1.белгіленген нысандағы өтініш;2.жеке басын куәландыратын құжат (немесе заңды тұлға болса, тіркеу құжаттары);3.меншік құқығын растайтын құжат (сату-сатып алу шарты, қабылдау-тапсыру актісі, шот-фактура және т.б.);4.машина паспорты (техникалық сертификат);5.мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртек.Техниканың техникалық талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін оған мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі және тіркеу туралы куәлік пен нөмірлік белгі тапсырылады.Белгіленген тәртіппен тіркелмеген техниканы пайдалануға тыйым салынады. Тіркеу ережелерін бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа тартылады.Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)өтініштерін қабылдау:1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1271489?lang=ru
Ү.ж. 29 қазанда Dubai Sports Council Бас хатшысы Саид Мұхаммед Харебпен кездесу өтті. 29.10.2025
Ү.ж. 29 қазанда Dubai Sports Council Бас хатшысы Саид Мұхаммед Харебпен кездесу өтті.Кездесу барысында спорт саласындағы ынтымақтастық, бірлескен іс-шаралар өткізу және екі ел арасындағы спорттық бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1095223?lang=kk
Ғылым мен білім – Қазақстан мен БАӘ арасындағы көпір 29.10.2025
Әл-Айн, 2025 жылғы 27 қазан – Біріккен Араб Әмірліктерінің Университетінде (UAE University) Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Президентінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі, Университет ректоры профессор Заки Ануар Нуссейбамен кездесті.Тараптар жоғары білім, ғылыми зерттеулер, инновациялар және Қазақстан мен БАӘ университеттері арасындағы академиялық алмасу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Елші Р.Жұмабек болу елінің жетекші университетінің өңірлік ғылыми әлеуетті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті:«Зерттеу мен инновация саласындағы Сіздің көшбасшылығыңыз БАӘ Университетін елдің жетекші жоғары оқу орнына айналдырып, тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуде маңызды рөл атқаруда. Жоғары стандарттардың нәтижесінде Университет – елдегі №1 жоғары оқу орны, сондай-ақ Quacquarelli Symonds пен Times Higher Education рейтингтері бойынша көшбасшылар қатарына кіреді», – деді.Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларға, академиялық ұтқырлыққа және Азия білім беру қауымдастығы бағдарламасы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.«Біздің университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Назарбаев Университетімен серіктестік орнатты. Біз ғылыми жобалар мен инновациялық бастамалар арқылы бұл ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», – деп Ректор З.А. Нуссейба өз ниетін білдірді.Елші Р.Жұмабек Қазақстан халықаралық серіктестікті дамыту мен әлемдік білім кеңістігінің мүшесі болу арқылы адами капиталды дамыту мен жоғары білім жүйесін жаңғыртуға басымдық беретінін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар зерттеу орталықтарын құру, қос дипломды бағдарламаларды іске асыру және жыл сайынғы ғылыми іс-шараларды өткізуді көздейтін Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен БАӘ-нің №1 университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою мүмкіндігін қарастыру жөнінде уағдаласты.Анықтама: Біріккен Араб Әмірліктерінің Университеті (1976 жылы құрылған, Әл-Айн қаласы) – елдің ең көне, жетекші және №1 жоғары оқу орны. QS World University Rankings рейтингінде 229-орында және Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемнің үздік 250 университетінің қатарына кіреді.Профессор З.А. Нуссейба – БАӘ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 20 жылдан астам уақыт бойы Президент шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның жеке аудармашысы болған. Ол елдің мәдениеті мен білім беру саласының дамуына зор үлес қосып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының алғашқы жергілікті редакцияларын ашуда маңызды рөл атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1095195?lang=kk
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі 29.10.2025
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілікжан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі Бейжің, 2025 жылғы 28 қазан Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.Сапар барысында ол Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен конструктивті кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қытай тарапын ҚХР құрылуының 76 жылдығымен және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 20-шы шақырылымдағы IV пленумының сәтті өтуімен құттықтады.Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын жан-жақты талқылады. Сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың практикалық іске асырылуына ерекше назар аударылды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары тату көршілік, өзара сенім және тиімділік қағидаттарына негізделген Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың тұрақты дамуын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайтуға дайындықтарын растады.«Қазақстан мен Қытай басшыларының жеке достық байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамытуға берік негіз болуда. Биыл көшбасшыларымыздың мағыналы өзара сапарлары мен олардың аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз», – деді Е.Көшербаев.«Қазақстан – өңірдегі сенімді стратегиялық серіктесіміз, біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, дамытуға дайынбыз», – деп мәлімдеді Ван И.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары динамикасы мен ауқымын қанағаттанушылықпен атап өтіп, алдағы сапарлар мен іс-шаралар кестесіне сәйкес ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі қадамдарды айқындады.Кездесу соңында қатысушылар сыртқы саяси ведомстволардың іс-қимылын үйлестіруді жалғастыруға және БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия – Қытай» форматы және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға дайындықтарын растады.Сапар аясында Е.Көшербаев Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында болып, мекеменің қазақ мәдениеті мен тілін, сондай-ақ екі халық арасындағы гуманитарлық байланыстарды ілгерілету жөніндегі қызметімен танысты. Министр білім, туризм және мәдени алмасу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі мұндай бастамалардың өзара түсіністік пен достықты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1095154?lang=kk
Қазақстан Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігімен (WADA) ынтымақтастықты кеңейтуде 29.10.2025
Варшава, 2025 жылғы 28 қазан – Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің (WADA) Президенті Витольд Банькамен кездесу өткізді.Тараптар допингке қарсы халықаралық стандарттарды нығайту саласындағы Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ әділ спорт қағидаттарын ілгерілету жөніндегі одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Кездесу барысында WADA президенті 2025 жылдың қазан айында Қазақстанға ресми сапармен барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу құрметіне ие болғанын ерекше атап өтті. Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін «Достық» орденін табыстауына байланысты, Витольд Банька өзіне көрсетілген жоғары құрмет үшін шексіз алғысын білдірді.Ол Қазақстан Президентімен және Туризм және спорт министрімен келіссөздер барысында одан әрі ынтымақтастық перспективалары туралы, оның ішінде WADA Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын 2027 жылы Қазақстанда өткізу туралы ұсыныстардың талқыланғанын атап өтті.Қазақстан дипломаты WADA мен Қазақстанның құзырлы органдары арасындағы диалогты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдіріп, еліміздің спорттағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайту және допингке қарсы саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында сындарлы өзара іс-қимылды, оның ішінде Қазақстанның Варшавадағы елшілігімен тығыз ынтымақтастық арқылы жалғастыру ниетін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1095156?lang=kk
ҚР Ұлттық кітапханасында Лаура Палманның «Бұрым-Жыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті 29.10.2025
ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Лаура Палманның «Бұрым-Жыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.Іс-шара аясында қаламгерге Қазақстан Жазушылар одағының мүшелік куәлігі табыс етілді.«Бұрым-Жыр» жинағына нәзік жанды әйел болмысы, ұлттық таным мен тағдыр, махаббат пен сағыныш тақырыбы арқау болған өлеңдер енген. Ақын әйелдің бұрымы мен ғұмырын символикалық бірлікке айналдырып, сезім шындығын көркем тілмен жеткізеді.Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, журналистер мен оқырмандар қатысты.Айта кесек, бұған дейін қаламгердің «Сағыныш сияқты өз атым» атты жыр жинағы жарық көрген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1095161?lang=kk
Қазақстан Республикасының күні Ливанда аталып өтті 29.10.2025
24 қазанда Қазақстанның Ливандағы Елшілігі Қазақстан Республикасының күніне арналған қабылдау ұйымдастырды. Іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың басшылары, парламент депутаттары, дін өкілдері, бизнес, ғылым және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ шет мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Басты қонақтар қатарында Ливан Республикасының Президенті Жозеф Аунның өкілі ретінде Әкімшілік реформалар жөніндегі министр Фади Макки және Бейрут қаласының губернаторы Маруан Абуд болды.Қабылдау барысында Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық жетістіктерін атап өтті. Қонақтар қазақ мәдениетінің ерекшеліктерімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Кештің жылы рухы достық қатынастарды нығайтуға ықпал етті. Іс-шара ливан қоғамының Қазақстанға, оның тарихына, мәдениетіне және қазіргі бастамаларына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Бейрут қаласында өткен дипломатиялық қабылдау Қазақстанның жағымды бейнесін ілгерілетуге және екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1095164?lang=kk
Құрылысқа қойылатын басты талап - сапа мен мерзім 29.10.2025
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Сұлтанбек Тәуіпбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының және «Қызылорда-Жалағаш» трассасының Тереңөзек кенті тұсындағы көпір құрылысымен танысты.Вокзал құрылысына тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қызылорда магистральдік желі бөлімшесі» филиалы, бас мердігер – «Р и А-Сервис ЛТД» серіктестігі, жалпы жобалық құны 695 млн теңге.Бүгінде перрондағы брусчаткалар демонтаждалып, төменгі іргетасы құйылған. Плита жабындылары орнатылып, ғимараттың ішкі бөліктеріне кірпіш қаланды. Қабырғаларын әрлеу, қатты травертинмен қаптау және перронды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс біткеннен кейін Тереңөзек тұрғындарына, жолаушыларға қолайлы,жаңа теміржол вокзалы қызмет көрсетеді.«Қызылорда-Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 шақырымындағы көпірді күрделі жөндеу арқылы көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту көзделген.1985 жылы салынған көпір толық жаңғыртылады, конструкцияларын күшейту, кірме жолдарды ретке келтіру және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау жоспарланған. Көпір ұзындығы 30,43 метр, ал кірме жолдар 710 метр, құрылыс кезінде көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін 788 метр айналма жол салынған.Қазір қада қағылып біткен, бетон құю, құм-қиыршықтас қоспасын төсеу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Айналма жол бойына белгілер орнатылған.Аймақ басшысы мердігер мекемелерге көпірді сапалы етіп салып, белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын ескертті.Аталған жобалар өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, қауіпсіз әрі қолайлы жол қатынасына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235059?lang=ru
"STEM Олимпиада-Білім берудегі инновациялар" халықаралық олимпиадасының өңірлік онлайн турына қатысу туралы 29.10.2025
2025 жылғы 18 қазан күні «STEM Олимпиада – Білім берудегі инновациялар» Халықаралық олимпиадасының аймақтық онлайн туры өтті, онда 8-11 сынып оқушылары өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті. Біздің ауданымызды 4 команда таныстырды:•«BitRobtics» – ҚММ «№9 гимназия базасындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» құрамы: Құрманов Р.Е., Сафин М., Бугаев Б. (жетекшісі – Федоров Ю.В.);•«NullSguad» – ҚММ «№12 тірек мектеп (ресурстық орталық)» құрамы: Назаркина Н.С., Смирнова П.М. (жетекшісі – Пак А.В.);•«EchoNova» – ҚММ «№12 тірек мектеп (ресурстық орталық)» құрамы: Лейнганг Д.Н., Райкова Я.С. (жетекшісі – Пак А.В.);•«DRAGON» – ҚММ «№8 жалпы білім беретін мектеп» құрамы: Кенжебаева Д.А., Сағындық С.С. (жетекшісі – Темірбай С.). Тәлімгерлер өз тәрбиеленушілерін дайындауға көп күш пен білім жұмсады. Олимпиадаға қатысушылар жақсы нәтижелер көрсетіп, STEM пәндерін терең меңгергендерін және тапсырмаларды шешуде шығармашылық көзқарас танытты. Қызу додаға қарамастан, біздің командаларымызға жүлдегерлер қатарына кіру үшін сәл ғана жетпей қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1095105?lang=kk
Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумының қорытындысы бойынша $303 млн келісім жасалды 29.10.2025
Шымкент қаласында өткен бизнес-форумда жалпы құны 303 миллион доллар болатын 15 құжатқа қол қойылды. Форумға екі елдің бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдары қатысты. Іс-шара Қазақстан Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылды.Форумға қатысқан Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ауғанстанмен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи мен Қазақстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Евгений Тукумов құттықтау сөз сөйледі.Сондай-ақ форумда Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы мен «Shymkent Invest – Front Office» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды . Бұл келісім екі ел арасындағы инвестиция мен сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.«Ешқандай кедергілерге қарамастан, біз екіжақты сауданың дами беретініне сенеміз. Мақсатымыз қазіргі сауда көлемін сақтап қана қоймай, экспортталатын тауар түрлерін көбейту»,- деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров. Соңғы деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы $545,2 млн құрады. Болат прокаты, жүк көліктері және қант сияқты тауарлар бойынша өсім байқалды.Форум нәтижесінде QazTrade пен Gazanfar корпорациясы Мазари-Шариф қаласында серіктестік кеңсе ашу жөнінде уағдаласты. Бұл кеңсе екі ел арасындағы сауданы дамытуда үлкен рөл ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1095075?lang=kk
ЭНЕРГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАСТАР ЖОЛ 29.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өтілгендей, әлемдік деңгейде транзит және энергия нарығында бәсеке күшейіп келеді. Мемлекет басшысы еліміздің бұл үдерістерде алдыңғы қатарда болуын қамтамасыз ету үшін алдын ала және жүйелі әрекет ету қажеттігін баса айтты.Энергетика саласында қуат көздерін жаңғырту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып, жаңа қуат көздері іске қосылуда. Алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын "жасыл" энергия нысандарын пайдалануға беру жоспарланған.Мемлекетіміздің басты мақсаты – экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты даму қағидаттарына негізделген энергетикалық жүйе қалыптастыру. Бұл бағытта қолға алынған шаралар ел экономикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады.#ПрезидентЖолдауы2025 #ЭнергияЖаңғыруы #ЖасылЭнергия #ТұрақтыДаму #Инвестиция #Экология #ҚуатКөздері #ТоқаевБастамасы #ЖаңаҚуат #KazakhstanGreenFuture
«Alatau City Invest» АҚ лицензия берілгені туралы 29.10.2025
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және дамыту Агенттігі Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 29 қазандағы №Б-257 бұйрығына сәйкес «Alatau City Invest» АҚ-на шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге  2025 жылғы 29 қазандағы № 3.4.7 лицензиясы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1095040?lang=kk