Әлем
«Alatau City Invest» АҚ лицензия берілгені туралы 29.10.2025
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және дамыту Агенттігі Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 29 қазандағы №Б-257 бұйрығына сәйкес «Alatau City Invest» АҚ-на шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге 2025 жылғы 29 қазандағы № 3.4.7 лицензиясы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1095040?lang=kk
Астанада Қазақстан-Финляндия бизнес форумы өтті 29.10.2025
Астана, 2025 жылғы 28 қазан – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Финляндия Республикасының Президенті Александр Стуббтың қатысуымен Қазақстан-Финляндия бизнес форумы өтті. Форум екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және өнеркәсіптік әрі инвестициялық кооперацияның жаңа бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.Форум спикерлерінің қатарында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов, Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов, «EastCham Finland» бас директоры Янне Реколайнен, «Nurminen Logistics» президенті Олли Похьянвирта, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен іскерлік қауымдастықтардың өкілдері болды.Өз сөзінде Ғабидолла Оспанқұлов Қазақстан мен Финляндия арасындағы жоғары сенім деңгейін атап өтіп, экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар екенін айтты: «Біздің елдерді өзара құрмет, сенім және серіктестікті дамытуға деген ұмтылыс біріктіреді. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 171,9 млн АҚШ долларын, ал 2025 жылдың сегіз айында 89,5 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштер сауда-инвестициялық қатынастарды одан әрі нығайту үшін зор әлеует бар екенін көрсетеді. Финляндия Қазақстан үшін маңызды серіктес және инвестор: тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 486 млн АҚШ долларынан асты, бүгінде елде 70 фин компаниясы табысты жұмыс істеуде», – деді ол.Форумға екі елдің жетекші компаниялары қатысты, олардың қатарында: «Wärtsilä», «Normet», «EPSE», «Telko», «GTK», «Peikko Group», «Honkarakenne», «Konecranes», «Sweco», «Lamor», «Finnish Water Forum», «Ponsse», «Valtra», «Valio», «Nurminen Logistics», «Eduten» және «Lojer Group» бар. Қазақстан тарапынан «Самрук-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз», Өнеркәсіпті дамыту қоры, «BI Group», «ERG», «QazTrade», «Smartlog» және басқа да компаниялар қатысты.Форум барысында өнеркәсіптік кооперацияны, экологиялық технологияларды және тұрақты өндірісті дамытуға бағытталған алты екіжақты құжатқа қол қойылды, олардың ішінде:«Бурабай Даму» АҚ мен «Honkarakenne Plc» арасындағы туризмді және экологиялық құрылысты дамыту туралы ынтымақтастық меморандумы;«BI Construction» & «Engineering» және «Peikko Group» арасындағы «DELTABEAM» құрылыс жүйелерін бірлесіп өндіру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;«TOR’RE Ltd» және «Honkarakenne Plc» арасындағы ағаш тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы меморандум;«Теңіз жасағы» АҚ және «Lamor Corporation Plc» арасындағы мұнайдың төгілуіне қарсы іс-қимыл және теңіз операцияларын қолдау жөніндегі ынтымақтастық меморандумы;«Самрук-Қазына Өңдеу» ЖШС және «Wärtsilä Finland Oy» арасындағы энергия тиімділігін арттыру және энергетикалық технологияларды дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;«Самрук-Қазына Өңдеу» ЖШС және «EPSE Oy» арасындағы өндірістік және сарқынды суларды тазарту бойынша фин технологияларын енгізу жөніндегі меморандум.Форум компаниялар арасында тікелей байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға және жасыл технологияларды дамытуға, өнеркәсіптік кооперация мен фин технологияларын Қазақстанда жергіліктендіруге бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды талқылауға арналған тиімді алаң болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1095032?lang=kk
Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібі 29.10.2025
Жеке пайдалануға арналған тауарларға жеке, отбасылық немесе тұрмыстық қажеттіліктер үшін арналған және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес заттар жатады. Тауарлардың мақсатын айқындау кезінде кеден органдары олардың сипатына, санына, шекара арқылы өткізу жиілігіне және азаматтың өзі көрсеткен мәліметтерге назар аударады.Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарлар оларды жатқызу өлшем шарттары мен әкелу тәсіліне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығымен реттеледі.Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалар әуе көлігімен құны 10 000 еуродан және салмағы 50 кг-нан аспайтын тауарларды бажсыз әкеле алады. Көліктің өзге түрлерімен немесе жаяу өткен кезде құны 500 еуродан және салмағы 25 кг-нан аспайтын тауарларды бажсыз әкелуге рұқсат етіледі. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда тауар құнының 30%-ы мөлшерінде, бірақ артық салмақтың әр килограмына кемінде 4 еуро есебімен кедендік төлемдер төленеді.Халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны 200 еуродан және салмағы 31 кг-нан аспауы тиіс. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда артық бөлігінен құнының 15%-ы мөлшерінде, бірақ әр килограмына кемінде 2 еуро мөлшерінде жиынтық кедендік төлем төленеді.Басқаша айтқанда, Қазақстанға тауарларды әкелу кезінде олардың құнына, салмағына және санына қатысты белгіленген шектеулерді сақтау, сондай-ақ олардың жеке пайдалануға арналғанын растауға дайын болу қажет. Әйтпесе, мұндай тауарлар кәсіпкерлік қызметке арналған тауарлар ретінде танылып, жалпы кедендік тәртіппен ресімделуі мүмкін.Жеке пайдалануға арналған тауарларды ресімдеу үшін жолаушылар кедендік декларациясы пайдаланылады. Оны тіркеу және қабылдау кеден органдарымен тегін жүзеге асырылады.ШҚО бойынша МКД Кедендік әкімшілендіру басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1246746?lang=ru
«Курчатов қаласының құрметті азаматы» 29.10.2025
Қазақстан Республикасының күніне арналған мереке Курчатов қаласында «Курчатов қаласының құрметті азаматы» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстау рәсімімен атап өтілді. Бұл жоғары марапат қала дамуына елеулі үлес қосқан, еңбегі мен ісіне адалдығы арқылы жерлестерінің құрметі мен алғысына ие болған тұрғындарға берілді. Құрметті атақ иегерлері – Айдын Мукатайович Нурланов пен Кульбаршын Қаратаевна Михальченко. Олар– өз еңбегімен көпке үлгі болған жандар. Айдын Мукатайович «ККЭК» ШЖҚ КМК құрылуының бастауында тұрған және осы салаға отыз жылдан астам өмірін арнаған. Ол қала тұрғындарының зор құрметі мен ризашылығына ие. Ал Кульбаршын Каратаевнаны Курчатов қаласының әр тұрғыны біледі – дәл оның еңбегі мен командасының қажырлы жұмысының арқасында қаламыз кез келген ауа райында таза әрі көрікті. Оның басшылығымен «Жасыл ел» жауынгерлері алғашқы еңбек тәжірибесін алып, өз қаласына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті бойларына сіңіреді.Біз өз жерлестерімізді мақтан тұтамыз, олардың қаламыздың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және оларға зор табыс, мықты денсаулық пен амандық тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1094957?lang=kk
БЖЗҚ салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді естеріңізге салады Өзекті сауалдар 29.10.2025
БЖЗҚ салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді естеріңізге саладыӨзекті сауалдарҚолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалардың біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) түріндегі табысына салық шегерімдерін қолдану мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу салымшының таңдауына қалдырылады: БЗТ алған кезде бірден немесе кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне дейін кейінге қалдыру тәсілі. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал топқа жататын тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды. Кірістерді қайта есептеп, ЖТС қайтаруға кімнің құқығы бар екенін түсіндіріңізші? Қайда жүгіну керек?Салық салынатын кірісті қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі ҚР Салық кодексінің 346-бабы 2) және 3) тармақтарында көрсетілген.БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, шұғыл түрде – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) – БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен («Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ААЖ-да алушының мүгедектігін растайтын мәліметтер болған жағдайда, тиісті растаушы құжаттар ұсыну талап етілмейді) шұғыл түрде жүгінуі қажет. Уақытылы жүгінген кезде ЖТС қалай қайтарылады? Қабылданған өзгерістер қай кезеңде жарамды болады?Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін ЖТС алушының жеке зейнетақы шотына, егер ол ұсталған болса, қайтарылады. Егер кейінге қалдырылған ЖТС таңдалса, онда 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеу жөніндегі міндеттемелер жойылады.ЖТС қайтару бойынша белгілі бір санаттағы жеке тұлғалардың өтініштері үшін талап қою мерзімін ұзарту 2025 жылғы 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін қолданыста болады. Өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді және талап қою ескіру мерзімі қайтадан 3 жылды құрайды. Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ пайдаланған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық азаматтарға осы құқықты кейінге қалдырмауға және уақытында пайдалануға кеңес береміз!Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына хабарласуға болады: 1418 (Қазақстан бойынша тегін), 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар).Мен 2 топтағы мүгедектігі бар адаммын, салықты қайтару үшін БЖЗҚ-ға құжаттар тапсырдым, ЖТС төлеудің кейінге қалдырылған түрімен 5 000 000,00 теңге БЗТ-дан салықтың толық мөлшері неге қайтарылмағанын түсіндіруді сұраймын?Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) салымшының таңдауы бойынша төлеуге болады: БЗТ алған кезде немесе кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне дейін кейінге қалдырумен. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалар БЗТ түріндегі табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Бұл ретте БЖЗҚ-дан БЗТ түріндегі салық салынатын табыс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:БЗТ түріндегі табыс сомасынан Салық кодексінің тиісті баптарында көрсетілген салық шегерімдерінің сомасы алынады. Қорытынды қалдық салық салынатын табыс болып есептеледі. Мысалы, егер салымшының 2021 жылы алған БЗТ түріндегі табысы 5 000 000,00 теңгені құраса, салық міндеттемелері 500 000,00 теңгені құрайды (5 000 000,00* 10%), содан кейін 2021 жылы 882 АЕК мөлшерінде 2 572 794,00 теңге (882*2 917,00[2] теңге) сомасында стандартты салық шегерімдерін қолданған кезде міндеттемелерді азайту бағытында салық түзетулері жүргізіледі. Осылайша, салық міндеттемелерінің қалдығы (кейінге қалдырылған ЖТС) 242 720,60 теңгені құрайды, ол былайша есептелген:((5 000 000,00 - 2 572 794,00)*10%).Егер Сіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушы болсаңыз және кейінге қалдырылған ЖТС сомасы толығымен немесе ішінара ұсталып, бюджетке аударылған болса, салықты қайтару үшін БЖЗҚ-ға берілген құжаттар негізінде 882 АЕК шегінде берешек қалдығын түзете отырып, ЖТС өтеледі және төленеді.Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардағы қалған салық міндеттемелері 2026 жылғы қаңтарда жойылады. Менің жұбайым 2 топтағы мүгедектікке ие және стандартты салық шегерімдерін қолданғаннан кейін салық міндеттемелері қалды. Салық міндеттемелерінің қалдығымен не болатынын түсіндіруді сұраймын? 01.01.2026ж. бастап Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Ол БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларының біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан ЖТС ұстап қалуды тоқтатуды көздейді.01.01.2026ж. жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларында (алушыларында) бар БЗТ-дан кейінге қалдырылған ЖТС бойынша барлық салық міндеттемелері жойылады. 2026 жылдан бастап қай санаттағы тұлғалар үшін және зейнетақы төлемдерінің қандай түрлерінен ЖТС жойылды? Егер мен жеңілдікке ие азаматтар санатына жатпайтын болсам, БЗТ-дан бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтаруға бола ма? 01.01.2026ж. бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің ережелерінде ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайтындығы көзделген. Бұл өзгерістің алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ БЗТ-дан да ұсталмайды. Яғни, Қазақстан Республикасының резиденттері болып есептелетін жеке тұлғаларға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне, біржолғы зейнетақы төлемдеріне ЖТС салынбайтын болады.Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген, осыған байланысты салымшы ЖТС-ты біржолғы төлеммен бірақ төлеген жағдайда - ол қайтарылмайды. Мен 2 топтағы мүгедек адаммын, мүгедектік 2024 жылдың қарашасында берілді. Неліктен мен 2022 және 2023 жылдары жүзеге асырған БЗТ-дан кірісті қайта есептеп, ЖТС қайтарудан бас тартылғанын түсіндіруді сұраймын? Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес стандартты шегерімдер осы салық шегерімдерін қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылы қолданылады.БЖЗҚ-ның 2022 және 2023 жылдары жүзеге асырылған БЗТ-ға стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы жоқ, себебі БЗТ түріндегі табысты алған кезіңізде Сіз мүгедектігі бар адам санатында болған жоқсыз. [1] Айлық есептік көрсеткіш[2] 2021 жылғы айлық есептік көрсеткіш 2917 теңгеге тең болды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1099565?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға электркөліктерді әкелу қағидалары туралы хабарлайды (ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 коды) 29.10.2025
Кейінгі жылдары қазақстандықтар электркөліктерді жиі таңдай бастады — өздігінен сатып алу арқылы, әрі «кілтке дайын» қызметін ұсынатын компаниялар көмегімен.Осы ретте мұндай көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде қолданыстағы қағидаларды ескеру маңызды. Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.38-тармақшасына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 коды бойынша жіктелетін электркөліктерді әкелген кезде импорттық кеден бажын төлеуден босату көзделген. 2025 жылы осы шешіммен электркөліктерді жеңілдікпен әкелуге 15 000 бірлік көлемінде квота белгіленген.2025 жылғы 14 қазанға қарай бұл квота толық пайдаланылды.Осылайша, Қазақстанға электркөліктерді жеңілдікпен әкелу көлемі толығымен таусылды.Бұл импорттық кеден бажын төлеуден босату енді қолданылмайды дегенді білдіреді.Енді электркөліктерді әкелу жалпы тәртіппен — барлық белгіленген кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып жүзеге асырылады. Жеке тұлғалар электркөлікті әкелу кезінде кедендік ресімдеудің үш тәсілінің бірін таңдай алады:Тауарларға арналған декларация (ТД). 1-нұсқа — Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндеттемелері шеңберінде қолданылатын мөлшерлемелер бойынша:* кедендік алым — 6 АЕК;* қосылған құн салығы (ҚҚС) — 12%. Төмендетілген мөлшерлемелер электркөлік ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен (2020 жылғы 30 қазандағы № 95 редакциясында) бекітілген алып тастаулар тізбесіне енгізілген жағдайда қолданылады.Мұндай көлік құралдары тек Қазақстан аумағында сатылуға тиіс және ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріне шығаруға жатпайды.2-нұсқа — Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифі (БКТ) бойынша:* кедендік алым — 6 АЕК;* импорттық кеден бажы — кедендік құнының 15%;* ҚҚС — 12%. Жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД). 3-нұсқа — ЖКД бойынша рәсімдеу кезінде көлік құралының кедендік құнынан 27% мөлшерінде жиынтық кедендік төлем қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1094800?lang=kk
Консультация өткізілді 29.10.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 28 қазанында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова ақын Сарсенбай Ниязбаевқа өлеңдер мен прозалық шығармаларға авторлық құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша консультация өткізді.Кездесу барысында авторлық құқықты тіркеу тәртібі, автордың құқықтары мен міндеттері, шығармалардың заңсыз пайдаланылуынан қорғау жолдары түсіндірілді.Шығармашылық еңбекті қорғау - мәдениетті құрметтеу мен дамыту жолындағы маңызды қадам. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1094714?lang=kk
CASA, ТМК, бидай және медициналық миссия: Шымкентте Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен ауған тауарларының көрмесі басталды 29.10.2025
Шымкент қаласында ауған тауарларының жыл сайынғы үшінші көрмесі өз жұмысын бастады. Дәстүр бойынша Ауғанстан шеберлері көрмеде былғары және кілем бұйымдарын, құрылыс материалдарын, тәттілер мен құрғақ жемістерді, алкогольсіз сусындарды, көкөніс пен жеміс-жидектерді, асыл тастар мен зергерлік және қолдан жасалған бұйымдарын ұсынды.Көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин көрменің ауқымы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Биыл Шымкентке Ауғанстанның 180-нен астам кәсіпкері келді.Сол күні Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы да өтті. Форумға екі елдің мемлекеттік органдары, салалық компаниялары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.«Ауғанстан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Екі елдің де екіжақты және өңірлік деңгейде ынтымақтастықты дамытуға зор әлеуеті бар», — деді Серік Жұманғарин форумда сөйлеген сөзінде.Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $545,2 млн құраса, биылғы жылдың 8 айында $335,9 млн болды. Кейбір тауарлар бойынша жеткізілімнің азаюына қарамастан, биыл қазақстандық бидай экспорты 2,9 есеге, күнбағыс майы – 3,1 есеге өсті, ал мұнай өнімдері мен жүк көліктерінің экспорты екі есеге артты.«Болжам бойынша, биыл тек бидай экспортының әлеуеті 9,6 млн тоннаны құрайды. Қазақстан Ауғанстанға жоғары сапалы бидай, ұн, күріш және қант жеткізуді ұлғайтуға мүдделі. Бұл өнімдердің өндірісі заманауи агротехнологияларды қолданудың арқасында жыл сайын өсіп келеді», — деді вице-премьер.Өз кезегінде Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи өткізілген бизнес-форумдар мен көрмелер екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға зор серпін беретінін айтып, қазақстандық инвесторларды ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, тау-кен өнеркәсібі және құрылыс салаларындағы жобаларды іске асыруға шақырды.Бірлескен жобалар: ТМК-дан машина жасауға дейінФорумда тау-кен металлургия, автомобиль жасау, химия және құрылыс салаларында бірлескен өндірістерді дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Қазақстан тарапы Ауғанстанға отандық өндірістегі локомотивтер мен жүк көліктерін жеткізуді арттыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.Ауғанстан аумағында тау-кен металлургия кешенін бірлесіп дамыту жөнінде келіссөздер жалғасуда. Биыл сәуір айында вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Кабулға сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» және «Қазақмыс» компаниялары бериллий мен қорғасын кен орындарын зерттеу бойынша екі геологиялық миссия жүргізді. Соның нәтижесінде «Қазақмыс Барлау» компаниясы Лагман провинциясындағы пайдалы қазбалар кен орнында барлау жұмыстарын бастады.Қазіргі уақытта ERG Exploration компаниясы ауған тарапымен қосымша геологиялық ақпарат алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Қажетті зерттеулер аяқталған соң, ERG Ауғанстандағы барлау жобаларына қатысуды жоспарлап отыр.Қазақстанның гуманитарлық миссиясыҚазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Форум барысында жақын уақытта жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлерден құралған медициналық миссия жіберілетіні хабарланды. Бұған дейін, қыркүйек айында, Ауғанстанға азық-түлік, дәрі-дәрмек, жылы киім және өзге де алғашқы қажетті заттар тиелген 26 вагоннан жасақталған гуманитарлық жүк жөнелтілген болатын.CASA – жаңа сауда дәлізіСерік Жұманғарин мен Нуриддин Азизи арасындағы екіжақты кездесу барысында тараптар Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағытындағы транзиттік дәлізді құру және Герат – Тургунди теміржол бағытын салу перспективаларын талқылады.Айта кетсек, Пәкістанның Карачи портына шығатын Трансауған дәлізі «Солтүстік – Оңтүстік» жобасымен ұштасып, Парсы шығанағы мен Үндістан порттарына жол ашады. Бұл бағыттар бірігіп, Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын жаңа сауда желісін – CASA жобасын қалыптастырады.Сондай-ақ ауған делегациясы Түркістан облысындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығының құрылыс алаңында болып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен танысты. Қазір орталық аумағында жолдар салынып, инженерлік инфрақұрылым тартылып, өндірістік нысандар бой көтеріп жатыр. Алғашқы жеті жоба МӨЫО-ның алғашқы резиденттері болады деп жоспарлануда.Бұдан бөлек, делегация «Эко-мәдениет» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарының аяқталу барысымен танысты. https://primeminister.kz/news/casa-tmk-bidai-zane-medicinalyk-missiia-symkentte-kazakstan-auganstan-biznes-forumy-men-augan-tauarlarynyn-kormesi-bastaldy-30661 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1094680?lang=kk
2 мыңнан астам жоба 300 млрд теңгеден астам сомаға қолдау тапты: Қазақстанда кәсіпкерлер күні атап өтіледі 29.10.2025
29 қазан — Қазақстан кәсіпкерлер күні атап өтіледі. Бұл - жұмыс орындарын ашатын, экономиканы дамытатын және елдің әл-ауқатын нығайтатын барлық адамдардың кәсіби мерекесі.Дәл осы 2015 жылы 29 қазанда кәсіпкерлік, инвестициялық және бәсекелестік саясаттың заңнамалық негіздерін біріктірген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі қабылданды, бұл бизнесті қолдаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің негізін қалады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған 2,4 млн-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Шағын және орта бизнестің ел экономикасына қосқан үлесі айтарлықтай өсім көрсетіп, 38,9%-ды құрады, бұл жеке сектордың экономиканы дамытудағы орнықты рөлін растайды.Елімізде кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ретімен жүзеге асырылуда.Жыл басынан бері 312 млрд теңге несие сомасына 2 300-ден астам жоба субсидияланды, онда субсидиялар көлемі 125,8 млрд теңгені құрады.Кәсіпкерлік негіздеріне 11 мыңнан астам адам оқытылды, бизнес жүргізу мәселелері бойынша 109 мыңға жуық кеңес берілді.Кепілдік қоры шеңберінде ШОБ үшін 311,9 млрд теңге сомасына 1 794 бизнес жобаға қолдау көрсетілді, оның 170,1 млрд теңгесі берілген кепілдіктерді құрайды.Жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайтын 12,6% мөлшерлемемен «Өрлеу» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы іске қосылды, оның ішінде 300 млрд — «Даму» Қорының қаражаты, 450 млрд — банк ресурстары. Қазірдің өзінде 407,7 млрд теңгеге 1 200-ге жуық жоба қаржыландырылды.«BGOV» ақпараттық жүйесін «eGov Business» қосымшасымен интеграциялау аяқталды, оны 76 мың пайдаланушы пайдаланды, 3,6 млн өтініш жолдады.Шағын және орта бизнесті дамыту-ұлттық экономиканың тұрақтылығын айқындайтын, орта тапты қалыптастыратын және бәсекеге қабілетті және инновациялық Қазақстан үшін негіз құратын стратегиялық бағыт.Кәсіпкерлікті дамыту саясаты Мемлекет басшысының бизнестің бастамасы, жауапкершілігі мен инновацияларына негізделген жаңа экономикалық модель қалыптастыруға бағытталған тапсырмалары аясында іске асырылуда.Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, бірыңғай цифрлық платформаларды енгізу және инновацияларды ынталандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.Осы міндеттерді іске асыру экономикалық өсудің негізгі драйвері ретінде жеке сектордың рөлін нығайтуға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1094676?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1094692?lang=kk
KazAID Қырғызстанмен ынтымақтастықты нығайтуда: жаңа әріптестіктер мен аймақтық бастамалар 29.10.2025
KazAID Қырғызстанмен ынтымақтастықты нығайтуда: жаңа әріптестіктер мен аймақтық бастамаларҚырғыз Республикасының Бішкек және Ош қалаларында 2025 жылғы 12–17 қазан аралығында “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің делегациясы Департамент директоры Б. Жақұповтың, сондай-ақ К. Ахметова, К. Сұлтан және А. Ғабдуллина қатысуымен бірқатар мемлекеттік құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен және даму серіктестерімен кездесулер өткізді.Сапар барысында тараптар білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және экология салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Перспективалы бағыттар қатарында — тәжірибе алмасуды кеңейту мен инновациялық тәсілдерді енгізу, медициналық білім беру мен телемедицина саласында бірлескен бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ органикалық ауылшаруашылық өнімдерін ілгерілетуге және «ақылды» егіншілік технологияларын енгізуге арналған бірыңғай цифрлық платформа құру бар.KazAID делегациясы Роза Отунбаева атындағы халықаралық қоғамдық қорымен, KOICA, SDC, JICA, GIZ, TİKA, IOM және Ага Хан қорымен нәтижелі келіссөздер жүргізіп, олар KazAID аймақтық бастамаларына қатысуға дайын екенін білдірді. Сапар конструктивті жағдайда өтіп, тараптардың ынтымақтастықты нығайтуға және Орталық Азиядағы бірлескен жобаларды дамытуға өзара қызығушылығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1094620?lang=kk
Елшілікте жастар арасында футбол турнирі өткізілді 29.10.2025
Анкара, 2025 жылғы 18 қазан – Елшілікте Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы және Республика күніне орай қазақстандық студенттер арасында футбол турнирі өткізілді.Турнирге Kara Harp, ODTÜ, Kırşehir, Jandarma, Ankara командалары қатысты.Турнир Қазақстанның мемлекеттік әнұранымен басталып, 5 команданың арасында өткізілген жалпы тартысты 10 ойын өткізілді.Ойындардың нәтижесінде қарашада өтетін Түркияда оқитын қазақстандық студенттер арасындағы турнирдің финалдық кезеңіне Kara Harp және ODTÜ командалары жолдама алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1094639?lang=kk
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысы туралы 29.10.2025
Бүгін елордада Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылған қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіру жөніндегі Жобалық кеңсенің бірінші отырысы өтті.Бас Прокурор аталған Жобалық кеңсе құрды, оның құрамына орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының орынбасарлары, азаматтық және ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ жобаларды басқару саласындағы сарапшылар кірді.Кеңсеге басшылықты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрлыбай Сәбит жүзеге асырады.Кеңсенің негізгі міндеті – қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде оларды енгізуді бақылау және үйлестіру болып табылады.Осындай жобалық кеңселер жергілікті жерлерде жедел жұмыс істеу үшін облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралар жанында құрылатыны айтылды. Тұжырымдаманы жүзеге асыруға әкімдіктерді тарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды, өйткені олар өңірлердегі идеологияның жеткізушілері болып табылады.Жобалық кеңсенің басшысы Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа нысандарын енгізудің, оның ішінде мектептер мен жоғары оқу орындарында құқық негіздері курсын енгізудің, қоғам жетекшілерін, шығармашылық сала өкілдерін және медиа тұлғаларды тартудың маңыздылығын атап өтті.Отырысқа қатысушылар өңірлік жобалық кеңселердің тиімділігін бағалау үшін KPI әзірлеу, есептілік нысандарын жетілдіру және социологиялық зерттеулерді жүргізу мәселелерін де талқылады.Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасы, Талдау және ақпарат орталығының директоры, сондай-ақ жобаларды басқару жөніндегі ұлттық сарапшы баяндама жасады, ол идеологияны ілгерілетудегі жобалық тәсілді енгізу туралы өз көзқарасымен бөлісті. Талқылауға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.Отырыс соңында Жобалық кеңсенің басшысы «Заң мен Тәртіп» идеологиясының стратегиялық маңызы бар екенін және барлық мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттары мен ғылыми қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті.Қазақстан РеспубликасыБас прокуратурасының Құқықтық статистика жәнеарнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1094642?lang=kk
Ұлыбритания Парламентінде АХҚО Соты мен Халықаралық арбитраж орталығының қызметі таныстырылды 29.10.2025
2025 жылғы 27 қазан, Лондон. Ұлыбритания Парламентінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік көппартиялық топтың отырысы аясында алғаш рет «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Соты мен Халықаралық арбитраж орталығының қызметі таныстырылды.Іс-шараға Ұлыбритания Парламентінің депутаттары, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен іскер топтардың мүшелері қатысты.Отырысты бастай келе, АХҚО Сотының төрағасы Лорд Бернетт сөз сөйлеп, Соттың қызметі, ерекше юрисдикциясы және Англия мен Уэльс құқығы қағидаттарына негізделген процессуалдық ережелері туралы жан-жақты баяндады. Ол АХҚО Соты азаматтық және коммерциялық сипаттағы дауларды, соның ішінде инвестициялар, келісімшарттық міндеттемелер мен қаржы операцияларына қатысты істерді қарайтынын атап өтті. АХҚО Соты құрылған сәттен бастап 34 елдің инвесторларының қатысуымен 17 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартты.АХҚО Соты – Еуразия кеңістігіндегі ағылшын жалпы құқығы қағидаттарына сүйенген алғашқы тәуелсіз коммерциялық сот болып табылады. Қызметі басталғаннан бері Сот пен Арбитраж орталығы 4 000-нан астам істі қарап, сәтті шешім шығарған, бұл халықаралық іскер қауымның жоғары сенімін дәлелдейді.Іс-шара барысында судьялардың тәуелсіздігі мен ашықтығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда АХҚО Сотының құрамында ағылшын-саксон құқық жүйесінде зор беделге ие, халықаралық тәжірибесі мол он судья қызмет атқарады.Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің өкілдері АХҚО Сотының қызметіне көрсетілген қызығушылық үшін алғыс білдіріп, Сот пен Арбитраж орталығының құрылуы инвесторлар дауларын әділ және тиімді шешуге, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға, сондай-ақ ағылшын жалпы құқығының элементтерін Қазақстанның құқық жүйесіне енгізу арқылы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаһандық нарықтарға ықпалдасуға бағытталғанын атап өтті. Елшілік өкілдері бұл мақсаттардың бүгінде табысты жүзеге асып жатқанын айтты.Қатысушылар АХҚО аясында қалыптасқан тұрақты, ашық және болжамды құқықтық ортаның инвестициялық сенімді нығайтудағы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын жоғары бағалады.Анықтама үшін: Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік көппартиялық топ 2025 жылғы 14 шілдеде құрылған. Топтың төрағасы – лейбористік партия депутаты Пэм Кокс, құрамында 20 парламент мүшесі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1094651?lang=kk
Өңірлік ынтымақтастық кеңеюде 29.10.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 28 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов «Amazon Visto» компаниясының атқарушы директоры Жозе Кардозо Нето мырзамен кездесті.Тараптар, сауда және инвестиция салаларындағы Қазақстанның Амазония штатымен өңірлік ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі бірлескен жоспарларын, сондай-ақ Манаус қаласында ҚР Құрметті консулдығын ашу мәселесін талқылады. Сұхбаттасушы Елшіге штат губернаторы мен оның қаласы әкімінің ресми шақыруын табыстап, климаттың өзгеруі жөніндегі COP30 конференциясы аясында Амазонияға сапармен келуге шақырды.Бразилия тарапы Елшіні штатта іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық және экономикалық жобалармен таныстырып, оны қараша айында Амазония штатының астанасы Манаус қаласына жұмыс сапарымен келуге, халықаралық еркін экономикалық аймақты аралауға, іскер топтар және штат басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында кездесулер өткізуге шақырды.Бразилияның федеративтік құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қатынастарды нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасындағы серіктестік байланыстар Қарағанды облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы мен Риу-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Санта-Катарина штаты (2025 ж.) арасында орнаған.Анықтама үшін: Амазония – Бразилиядағы аумағы бойынша ең үлкен штат, ол ел аумағының 18%-дан астамын қамтитын, Амазонка өзенінің ең аз игерілген бассейн бөлігінде орналасқан. Штаттың астанасы – Манаус қаласы еркін экономикалық аймақ мәртебесіне ие және мұнда штат өнеркәсіп өндірісінің шамамен 98%-ы шоғырланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1094660?lang=kk
Мединадағы қазақстандықтар өз елін лайықты танытып келеді 29.10.2025
Медина, 2025 жылғы 27 қазан – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Медина қаласында қазақстандық бизнес өкілдері және студенттерімен кездесу өткізді.Кездесуге қазақстандық инжиниринг компаниясы «Sueco», Мединадағы алғашқы қазақстандық мейрамхана «Yurt», «Jump in Goat» кофеханасының өкілдері, сондай-ақ белсенділер мен блогерлер қатысты.Бейресми форматта өткен кездесуде Бас консул қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.Жиын барысында қазақстандық диаспораның мәдени өміріне қатысты пікір алмасу өтіп, түрлі іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен бастамалар айтылды.Сонымен қатар, Медина Ислам университетінде білім алып жүрген студенттермен деструктивті идеологиялар мен ағымдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізілді.Іс-шараның қорытындысы ретінде Медина қаласында ашылған алғашқы қазақстандық ұлттық тағамдар мейрамханасы «Yurt»-тың ресми ашылуына орай салтанатты түрде қызыл лента қиылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1094661?lang=kk
Алматыда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада «Ашық есік күні» өтті 28.10.2025
Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада дәстүрлі «Ашық есік күні» өтті.Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, студенттер, әлеуметтік және медициналық мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және оқырмандары қатысты.Ашық есік күні аясында «Ерекше жандарға ерекше кітаптар» және «ҚР тарихи және мәдени ескерткіштері» тақырыптарында тактильді кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушыларға Брайль баспаханасының жұмысы таныстырылып, жайпақ баспадан брайль қарпіне аудару, аудиокітаптарды редакциялау және басып шығару жұмыстары көрсетілді.Библиография және тифлология бөлімдерінің қызметкерлері оңалту кабинетін таныстырып, ерекше форматтағы «Саусақ ұшындағы әлем» атты іскерлік ойындарын өткізді.Сонымен қатар, «Шу өңірінің қос ақыны» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зағип жандардың күнделікті өмірі мен рухани әлемін бейнелейтін мотивациялық бейнематериалдар көрсетілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1094609?lang=kk
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі 28.10.2025
Бейжің, 2025 жылғы 28 қазан – Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.Сапар барысында ол Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен конструктивті кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қытай тарапын ҚХР құрылуының 76 жылдығымен және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 20-шы шақырылымдағы IV пленумының сәтті өтуімен құттықтады.Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын жан-жақты талқылады. Сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың практикалық іске асырылуына ерекше назар аударылды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары тату көршілік, өзара сенім және тиімділік қағидаттарына негізделген Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың тұрақты дамуын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайтуға дайындықтарын растады.«Қазақстан мен Қытай басшыларының жеке достық байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамытуға берік негіз болуда. Биыл көшбасшыларымыздың мағыналы өзара сапарлары мен олардың аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз», – деді Е.Көшербаев.«Қазақстан – өңірдегі сенімді стратегиялық серіктесіміз, біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, дамытуға дайынбыз», – деп мәлімдеді Ван И.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары динамикасы мен ауқымын қанағаттанушылықпен атап өтіп, алдағы сапарлар мен іс-шаралар кестесіне сәйкес ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі қадамдарды айқындады.Кездесу соңында қатысушылар сыртқы саяси ведомстволардың іс-қимылын үйлестіруді жалғастыруға және БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия – Қытай» форматы және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға дайындықтарын растады.Сапар аясында Е.Көшербаев Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында болып, мекеменің қазақ мәдениеті мен тілін, сондай-ақ екі халық арасындағы гуманитарлық байланыстарды ілгерілету жөніндегі қызметімен танысты. Министр білім, туризм және мәдени алмасу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі мұндай бастамалардың өзара түсіністік пен достықты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1094604?lang=kk
«Қазақфильм» Канндағы MIPCOM 2025 халықаралық телевизиялық нарығына қатысты 28.10.2025
Ш. Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық киностудиясы биыл Францияның Канн қаласында өткен MIPCOM 2025 халықаралық телевизиялық нарығына қатысты. Іс-шара Фестивальдер мен конгрестеи сарайында (Palais des Festivals et des Congrès) және іргелес аумақтарда өтті.Киностудия павильонында «Қазахфильмнің» барлық фильмдері мен «Алтын қорындағы» үздік туындылар, сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» тарапынан қаржыландырылған заманауи фильмдер ұсынылды. Көрермендер мен халықаралық серіктестер назарына көркем, деректі және анимациялық фильмдердің кең топтамасы таныстырылды.Киностудия өкілдері қазақстандық кино және тележобаларды шетелдік дистрибьюторлар мен серіктестерге таныстырып, халықаралық ынтымақтастық орнату бағытында бірқатар келіссөздер жүргізді. Бұл қадам - отандық контенттің әлемдік нарықтағы көрінісін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды бастама болды.MIPCOM – теледидар, стриминг және цифрлық контент индустриясына арналған әлемдегі ең ірі кәсіби алаңдардың бірі. Биылғы іс-шараға 107 елден 10 600-ден астам қатысушы келді. Нарық көшбасшылары қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Канада, Испания және Италия бар.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биыл Каннға 3 мыңға жуық контент сатып алушы келіп, жаңа серіктестермен кездесіп, бірқатар бірлескен жобаларды талқылады. Нарық аясында 350-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1094605?lang=kk
Аудандық турнир 28.10.2025
🏐 Қазақстан Республикасының күніне орай Боровское ауылында 11 әйелдер және 7 ерлер командасының арасында аудандық волейбол турнирі өтті 🇰🇿Нәтижесінде:Қыздар арасында 🥇 Karasuna (Қостанай) 🥈 Будённовка 🥉 Жаса-1Ерлер арасында 🥇 Михайловка 🥈 Жаса-1 🥉 ҚараталАл “Үздік ойыншы” номинациясында Балёнь Валерия, Захарова Дарья, Щербак Юлия, Влезько Илья және басқалары марапатталды.🎉 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 👏Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1094576?lang=kk
Депутаттар Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қаланың ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесі мен мөлшеріне өзгерістер бекітті. 28.10.2025
Депутаттар Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қаланың ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесі мен мөлшеріне өзгерістер бекітті.Бұл шешімді қабылдау ауылдық аумақтардың мамандарын қолдауға, олардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094526?lang=kk