Әлем
Швейцария Федералдық жиналысының делегациясы Қазақстанға сапармен барды 17.10.2025
Астана, Алматы, 11-15 қазан – ҚР Берндегі Елшілігінің қолғабысымен Швейцария Парламентінің екі палатасы мен түрлі кантондарын өкілдік ететін «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық достық тобы мүшелерінен құрылған Конфедерацияның Федералдық Жиналысы делегациясының сапары өтті.Сапардың мақсаты ҚР Парламентінің депутаттарымен тікелей байланыстарды нығайту, халықаралық парламенттік форумдар аясындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын экономика салаларындағы әріптестік мүмкіндіктерін зерттеу болды.Президент Қ.К.Тоқаев, ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, сондай-ақ бір қатар орталық және жергілікті органдарының басшылығымен кездесулер барысында парламенттік дипломатияның ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі талқыланды. Мемлекет басшысы Еуропадағы еліміздің сенімді серіктесі ретінде Швейцариямен қарым-қатынасының маңыздылығын атап өтті.Швейцария делегациясы Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан реформалар және цифрландыру бағдарламаларды жоғары бағалап, серіктестікті кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді.Келіссөздер еуропалық депутаттарға алдағы парламенттік реформаның тұжырымдамалық аспектілерімен танысуға, цифрлық технологиялар, көлік, қала құрылысы, энергетика және жасыл экономика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға, сондай-ақ екі елдің өңірлері арасындағы өзара іс-қимыл жоспарларын белгілеуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1088087?lang=kk
«Арнайы салық режимдері» тақырыбында брифинг өтті 16.10.2025
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Арнайы салық режимдері» тақырыбында брифинг өтті.Брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін еске салды.Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында арнаулы салық режимдерінің 3 түрі енгізілді:1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;2) оңайлатылған декларация негізінде;3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.Анықтама: - оңайлатылған декларация және бөлшек салық негізінде АСР біріктірілді;- мобильді қосымшаны пайдалану негізіндегі АСР және патент негізіндегі АСР біріктірілді;- тіркелген шегерімді пайдалану негізіндегі АСР жойылды;- АШТӨ үшін АСР жойылды (жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен).1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР:- ЖК болып табылмайтын жеке тұлға қолдануға құқылы;- жалдамалы жұмысшыларсыз;- шекті табыс - айына 300 АЕК (1,3 млн. тг, жылына 15 млн. тг);- қызмет түрлерінің рұқсат етілген тізімі(ҚР ҮҚ);- табыстың 4% мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер;- ЖТС төлеуден босатылды;- салық есептілігі жоқ, есеп айырысу ай сайын мобильді қосымшаның чектері негізінде.2) оңайлатылған декларация негізінде АСР:- бір жылдағы шекті табыс-600 000 АЕК (2,5 млрд. теңге);- жалдамалы жұмысшылар санына шектеу жоқ;- ЖТС/КТС ставкасы - 4% (мәслихаттар 50% төмендетуге/арттыруға құқылы);- тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (ҚР ҮҚ);- ҚҚС төлемейді;- салық есептілігі жарты жылда бір рет;- егер табыс 24 000 АЕК-тен (100 млн.тг) асатын болса, салық салынатын табыстан еңбекақы төлеу қорының сомасын азайтуға құқылы;- егер табыс 135 000 АЕК (550 млн.тг) кем болса, бухгалтерлік есепті жүргізуден босатылады;- жалпыға бірдей режимдегі салық төлеушілер үшін оңайлатылған декларация негізінде АСР-дегі СТ-мен өзара есеп айырысу сомаларын шегеруге тыйым салынады.3) Шаруа және фермер қожалықтары үшін АСР (қолданыстағы тәртіп сақталды, салық ЖТС түрінде төленетін болады, бірыңғай жер салығы жойылады).- ауыл шаруашылығы қызметі;- ҚҚС, әлеуметтік салықты төлемейді, ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын мүлік пен көлікке салынатын салықтардан босатылған;- ЖТС ставкасы - айналымнан 0,5%;- жер учаскесінің болуы міндетті;- салық есептілігі жылына бір рет.Брифинг барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1088006?lang=kk
Қазақстан мен Болгария: музыка, дипломатия және тәуелсіздік рухы 16.10.2025
София, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің бастамасымен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай және Республика күні қарсаңында София қаласында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің салтанатты концерті өтті.Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Декларацияның ел тәуелсіздігінің құқықтық және институционалдық негіздерін қалаудағы ерекше маңыздылығын атап өтті. Ол бұл тарихи құжаттың Қазақстанның қазіргі заманғы тарихында жаңа кезеңнің басталуын ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар қазақ халқының саяси кемелдігі мен бейбіт даму жолына ұмтылысының символына айналғанын атап өтті.«TURAN» ансамблінің музыканттары түркі және қазақ музыка мәдениетінің бай мұрасын бейнелейтін туындылардан құралған жарқын бағдарламаны ұсынды. Олардың өнер көрсетуі жоғары кәсібилігімен, эмоциялық тереңдігімен және көне дәстүрлер мен заманауи үннің ерекше үйлесімімен ерекшеленді.Көрермендер қатарында Болгария Президенті Әкімшілігінің басшылығы, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, Халық жиналысының (парламенттің) депутаттары, шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері болды. Олар қазақстандық әртістердің өнерін жылы ықыласпен қарсы алды.Бұл кеш елдер арасындағы мәдени диалог пен достықты нығайтудың жарқын үлгісіне айналды, сондай-ақ болгар қоғамының Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және заманауи жетістіктеріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі өз қызметі барысында әлемнің 70-тен астам елінде 600-ден аса концерт беріп, өнерін танытты. Ұжым Нью-Йорктегі Carnegie Hall, Вашингтондағы Kennedy Center, Лос-Анджелестегі Zellerbach Hall, Берлиндегі Konzerthaus, Канндағы Palais des Festivals et des Congrès, Париждегі Salle Cortot, Мәскеу консерваториясының Үлкен залы, Мариин театрының концерт залы сияқты беделді сахналарда өнер көрсеткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/1088007?lang=kk
Қорғаныс министрі майдангерді туған күнімен құттықтады 16.10.2025
Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Михаил Яковлевич Головатюкке арнайы барып құттықтады.Олар ардагерге Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың атынан құттықтау хатын және естелік сыйлықтар табыс етті.— Біз үшін сіздің өмір жолыңыз — табандылықтың, ерлік пен жанқиярлықтың жарқын үлгісі. Ол еңбекпен, ар-намыспен және Отанға деген сүйіспеншілікпен өрілген, — деді Өскемен қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының бастығы майор Сырым Ақтаев.Михаил Яковлевич 1927 жылғы 15 қазанда Иркутск облысындағы Кутулин ауылында дүниеге келген. 1943 жылы, 16 жасында еңбек армиясына шақырылып, Иркутск пен Байкал арасындағы теміржол құрылысында жұмыс істеген. Ал 1944 жылғы қарашада майданға аттанған.579-атқыштар полкінің құрамында Михаил Головатюк Жапонияға қарсы шайқастарға қатысып, автоматшы болған. Ерлігі мен еңбектегі батылдығы үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Ленин орденімен және «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.1951 жылғы наурызда әскерден босап, Омбы облысына ата-анасының жанына оралған. Онда жүргізуші болып жұмыс істеген. 1952 жылы Өскемен қаласына көшіп келіп, қорғасын-мырыш комбинатына жұмысқа орналасқан. Алдымен балқыту цехында балқытушы болып еңбек етіп, кейін рафинация цехына ауысқан. Комбинатта 35 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыққан.Ардагер әскери қызметшілермен емен-жарқын әңгімелесіп, естеліктерін бөлісті. Қонақтарға бейбіт аспан, табысты қызмет тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1088020?lang=kk
Болашақты бірге құрамыз: өңірде ауқымды тұрғын үй жобалары жүзеге асырылуда 16.10.2025
Мемлекет басшысы «Қолжетімді баспана – бұл арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» екенін атап өтті. Біз оны басшылыққа ала отырып, соңғы 2 жылда 1,0 млн шаршыметргежуық тұрғын үйді пайдалануға бердік.Жыл басынан бері 391,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артық.Биылғы жылы 500,0 мың шаршы метр немесе 6 500 пәтер салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр.Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Қостанай жастары» бағдарламасы іске асырылуда. Соңғы үш жылда осы бағдарлама аясында 340-тан астам жас өз баспанасына ие болды.Бұдан бөлек, облыс аумағында тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қайта жөндеу жұмыстары тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де іске асырылып жатыр.Мысалы, Меңдіқара ауданына қарасты Каменьскуральск ауылында жалпы ауданы 600 шаршы метр болатын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй қалпына келтірілді. Үй «Каменскоуральское» өндірістік кооперативінің өз қаражаты есебінен өз қызметкерлері үшін жөнделді.Аталған үйде 4 – бір бөлмелі, 4 – екі бөлмелі және 4 – үш бөлмелі пәтер бар. Жоба құны – 90 миллион теңге.Бұл үйде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ыңғайлы және қолайлы жағдайлар жасалған.Тұрғын үйлерді пайдалануға беру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1088023?lang=kk
Аустриялық компания Алматы қаласында оңалту орталығын салу жобасын жүзеге асыруды қарастыруда 16.10.2025
Астана, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Австрияның SANLAS Holding GmbH медициналық тобының негізін қалаушысы әрі бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гюнтер Небель бастаған делегациямен кездесті.Кездесу барысында тараптар Орталық Азиядағы алғашқы көпсалалы медициналық кешенді Lassnitzhöhe және Hollenburg үлгісіндегі австриялық тәжірибеге негізделген жобаны іске асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Жоба Алматы қаласында жылына 15 000 науқасқа дейін қабылдай алатын, 200–300 орындық заманауи оңалту орталығын салуды көздейді.Болашақ орталық физикалық және психологиялық оңалту бағыттарын біріктіріп, медициналық көмектің австриялық сапа стандарттарын енгізеді. SANLAS компаниясының интеграцияланған моделін енгізу науқастарды қалпына келтіру тиімділігін арттыруға, созылмалы ауруларды емдеуге жұмсалатын мемлекеттік шығындарды азайтуға және Қазақстанның медициналық оңалту бойынша өңірлік орталық ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, австриялық тарапқа Түркістан облысының Төле би ауданында осындай орталық салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі халыққа заманауи оңалту қызметтеріне қолжетімділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды.«Жеке медицинаны дамыту және денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту – Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызды бөлігі. Біз SANLAS жобасын технологиялар трансферін, мамандар даярлауды және халықаралық деңгейдегі оңалту орталығын құруды қамтамасыз ететін стратегиялық бастама ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті комитет төрағасы.SANLAS Holding GmbH компаниясының негізін қалаушысы және бас директоры профессор Гюнтер Небель ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екеніне тоқталды. «Біз Қазақстанның заманауи медицина мен оңалту саласын дамытудағы зор әлеуетін көреміз. Біздің Еуропа мен Азиядағы тәжірибеміз халықаралық стандарттар мен жергілікті шешімдердің интеграциясы тұрақты нәтижелерге әкелетінін көрсетеді. Біз үздік австриялық тәжірибелерді енгізіп, Алматыда инновациялық медициналық кластер құруға дайынбыз»,– деп атап өтті компания басшысы.SANLAS Holding GmbH – Австрияның жетекші жеке медициналық және әлеуметтік топтарының бірі. Компания 20-дан астам денсаулық сақтау мекемесін басқарады және 1 500-ден астам қызметкері бар. Негізгі қызмет бағыттары – неврологиялық, ортопедиялық және психиатриялық оңалту, пластикалық хирургия және қарт адамдарды күтіммен қамтамасыз ету. Компания жыл сайын 10 000-нан астам пациентке қызмет көрсетеді, ISO 9001 халықаралық стандарты бойынша сертификатталған және «Leitbetrieb Austria» мәртебесіне ие – бұл тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген жетекші кәсіпорын екенін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1087984?lang=kk
Назар аударыңыз!!! 16.10.2025
Соңғы кездері азаматтар мен кәсіпкерлердің алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензияларды қайта ресімдеуге/алуға/тоқтатуға байланысты алаяқтық схемаларына тап болған жағдайлардың саны өсуде.Ескерту!!!Лицензияны қайта ресімдеу, беру және тоқтатудың барлық рәсімдері тек мемлекеттік портал (www.egov.kz – elicense.kz) арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық басқармаларының қызметкерлері салық төлеушілерге телефон соғып, код сұрамайды. Сақ болыңыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1087956?lang=kk
Сақ болыңыз, алаяқтар! 16.10.2025
Назар аударыңыз! Алаяқтық фактілері көбейіп барады!Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: Алкоголь өнімдерін сатуға лицензияның қолданылу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы жалған ақпарат таралудаЕске саламыз:Алкогольді ішімдіктерді сату лицензиясы ұзартуды қажет етпейді!Егер оны пайдалану шарттары бұзылмаса, ол шексіз мерзімге жарамды.Алаяқтардың айлаларына түсіп қалмаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1087942?lang=kk
Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтау үшін сауалнама 16.10.2025
ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 2025 жылғы 16 қазаннан бастап 24 қазанға дейін «Ашық диалог» порталында «Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтау» тақырыбында сауалнама өткізіп жатыр.Қатысуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1087918?lang=kk
БҮГІНГІ КІТАПХАНАЛАР: бастаулардан жаңа форматтарға дейін 16.10.2025
Беимбет Майлин ауданының ауылдық кітапханашыларына арналған «КІТАПХАНАДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ» тақырыбындағы семинар 16 қазан күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында өтті.Семинарға «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.М. Байжанова қатысты. Ол «Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы» аясында жастармен жұмыс істеудің негізгі қағидаларымен таныстырды. Өз сөзінде Наталья Михайловна аудан кітапханаларымен бірлескен жұмыстың арқасында өткізілетін іс-шаралардың жоғары деңгейде, мазмұнды әрі жастар үшін қолжетімді болатынын атап өтті.Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Ищенко Н.Н. кітапханалардағы жастармен жұмыстың креативті түрлерін ұсынды.Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Корякина Н.О. жасанды интеллект дегеніміз не және оның кітапханаларға не үшін қажет екені туралы айтып берді. Өз мысалында генеративті жасанды интеллекті бар ChatGPT чат-ботының көмегімен мәтіндер мен мақалалар жазуға және редакциялауға, афишалар, презентациялар, іс-шара жарнамаларын, ұсыныс тізімдерін жасауға, сондай-ақ ақпаратты басқа тілдерге аударуға болатынын көрсетті.Семинардың екінші бөлімі мерейтойлық даталарға арналды: орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 45 жылдығы мен аудандық орталық кітапхананың 85 жылдығы.Кітапхана жүйесінің тарихына арналған «Мерейтойлық беттерді парақтай отырып...» атты тарихи шолуды библиограф Король С.Н. жүргізді. Кітапханашылар кітапхана ісінің ауданымызда қалай басталғаны және бүгінгі күнге дейін қалай дамып келетіні туралы ақпарат алды.Кітапхана басшысы Асанова Г.Ж. «Кітап пен оқырман жолында – 45 жыл» атты баяндама жасап, кітапхана жүйесінің жетістіктерін қорытындылады. Кітапханашылар күні кәсіби мерекесіне орай барлық кітапханашыларды марапаттау рәсімін өткізді.Іс-шара соңында кітапханашылар ұжымы үшін мерекелік тәтті шай ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1087926?lang=kk
Сенбілік: «Таза Қазақстан» 16.10.2025
2025 жылғы 17 қазанда сағат 15.00-де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Боровское ауылындағы орталық саябақта жалпы аудандық сенбілік өтеді.Қолғап пен тырма (жапырақтарды тырмалау үшін) әкеліңіз.Барлығын осы шараға қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1087929?lang=kk
16 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті 16.10.2025
2025 жылғы 16 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда мемлекеттік қызметшілердің декларация тапсыру тәртібін бұзу мәселелері, сондай-ақ Алтай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы қаралды. Соңғы мәселе бойынша баяндама ақпараттың толық еместігіне байланысты кері қайтарылды. Қаралған мәселелер бойынша алдағы жұмыстарға қатысты ұсыныстар айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1087904?lang=kk
Бүгін мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге магниттік-резонанстық томография (МРТ) ғимараты салынып жатқан құрылыс алаңына барды 16.10.2025
Сапар барысында қатысушылар құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңімен танысты. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым өкілдері құрылыс кестесі туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.МРТ орталығының салынуы — ауданымыздағы медицинаны дамытудың маңызды қадамы. Жобаның іске асырылуы тұрғындар үшін жоғары дәлдіктегі диагностикалық жабдықтарға қолжетімділікті едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1087910?lang=kk
Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру: Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасындағы Ашық есік күні 16.10.2025
Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ұйымдастырылған ақпараттық кездесу барысында мамандар 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа заңнаманың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.Іс-шара барысында қатысушыларға қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты негізгі өзгерістер туралы ақпарат берілді.Кәсіпкерлерге салықтық рәсімдерді оңайлату шаралары, шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған қадамдар туралы кеңінен мәлімет ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1108011?lang=kk
Америкалық инвесторларға Қазақстанның белсенді экономикалық өсу саясаты таныстырылды 16.10.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 14 қазан – Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы күзгі сессиясы аясында Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен АҚШ Сауда палатасы бірлесе ұйымдастырған екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің (USKZBC) мүшелері және америкалық компаниялардың өкілдері қатысты.Кездесу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында жергілікті бизнес өкілдерімен өткен келіссөздерінде басталған диалогтың жалғасы болды.Кездесуді аша отырып, АҚШ Сауда палатасының өкілдері Қазақстанмен орнаған ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды атап өтіп, елдің цифрландыру, қаржы технологиялары және өнеркәсіп салаларындағы жетістіктерін жоғары бағалады. Әсіресе, қаржы секторының жаңғыртылуы мен реттеу және бизнеске қызмет көрсету салаларында инновациялық шешімдерді енгізу табыстары ерекше аталып өтті.Өз сөзінде қазақстандық делегация еліміздің жаңа белсенді экономикалық өсу саясатын таныстырды. Бұл өсімді АӨК шикізаты мен өнімін терең және орташа өңдеуде өнімділігі жоғары экспорттық жобаларды кеңінен қаржыландыруға қабілетті қаржылық даму институттары арқылы қол жеткізу жоспарланып отыр.Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, мемлекеттік қаржының орнықтылығын арттырудағы, салық және банк жүйесін реформалаудағы және ЖІӨ өсімін қамтамасыз етудегі жетістіктеріне назар аударылды. Бұл көрсеткіштер Қазақстанды Орталық Азияның ең ірі экономикасы және аймақтық дамудың басты көшбасшылық күші ретінде айқындайды.Америкалық компаниялардың өкілдері Қазақстанды сенімді және болжамды серіктес, сондай-ақ инвестиция мен бизнес жүргізуге қолайлы мемлекет ретінде жоғары бағалады. Олар энергетика, маңызды минералдар, инфрақұрылым, қаржылық қызметтер мен технологиялар салаларында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.Сонымен қатар, іс-шара қатысушылары Қазақстанның аймақтық процестерді нығайтудағы және Орталық Азиядағы орнықты экономикалық өсуді ілгерілетудегі маңызды рөлін талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан мен америкалық компаниялар арасындағы қолданыстағы серіктестік бағыттар мен ынтымақтастықты кеңейту әлеуеті қарастырылды.Іс-шара соңында өткен сұрақ-жауап сессиясы барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ағымдағы және болашақ экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, екіжақты қызығушылықты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1087852?lang=kk
Қорғаныс министрі Қарулы күштердің ардагерлерімен кездесті 16.10.2025
Қорғаныс министрлігінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қарулы күштердің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кеңеске Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев бастаған ұйымның өкілдері, өңірлік филиалдардың жетекшілері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.Кездесу барысында тараптар Қарулы күштердің имиджін арттыру, әскери қызметтің абыройын көтеру және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерін талқылады. Астана қаласы бойынша РҚБ филиалының төрағасы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.Қорғаныс министрі армияны дамытудың негізгі бағыттары – заманауи қорғаныс архитектурасын қалыптастыру, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау жөнінде айтып өтті.– Басты басымдықтар – әскери авиацияны, әуе шабуылына қарсы қорғанысты, арнайы операциялар күштерін, радиотехникалық барлау, радиоэлектрондық күрес, ұшқышсыз ұшу жүйелері мен қосарлы мақсаттағы техниканы дамыту, – деп атап өтті Дәурен Қосанов.Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан армиясы әскерлерді басқаруды цифрландыру, заманауи қару-жарақпен жабдықтау және жауынгерлік даярлықтың жаңа әдістерін енгізу бағытын ұстануда.Министр бітімгерлік миссияларда қазақстандық әскери қызметшілердің өздерін кәсіби әрі тәжірибелі маман ретінде танытқанын айтты.Сондай-ақ, ведомство басшысы әскери қызметтің қауіпсіздігін арттыру және қоғаммен байланыс орнату бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да хабардар етті.– Жасанды интеллект технологиялары енгізілуде, әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету, халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған «Сарбаз+» пилоттық жобасы және басқа да сервистер іске асырылуда, – деді министр.Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыстың нәтижесінде азық-түлік үлесінің құны 2 250 теңгеден 3 150 теңгеге дейін артты, сондай-ақ жалақы да өсті. Қызметтен кейін әскери қызметшілердің жұмысшы мамандықтарын алуы мен білім беру жеңілдіктеріне қатысты бастамалар да қолдау тапты.Өңірлерде әскери бағыттағы мамандандырылған мектептерді, үйірмелер мен қосымша әскери білім беру секцияларын ашу жоспарлануда. Бұл істе министрдің айтуынша, аға буын өкілдерінің тәжірибесі өте маңызды.Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев өз сөзінде ел бірлігі мен армияның жауынгерлік қабілеттілігінің ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін маңыздылығын атап өтті.– Армиядағы қызмет – жай ғана жұмыс емес, бұл – Отанды қорғау жолындағы қасиетті борыш. Жасымызға және денсаулығымызға қарамастан, біз, ардагерлер, Қазақстанның бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін әрдайым сапқа тұруға дайынбыз, – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1087859?lang=kk
Азаматтардың жеке өтініштері аудан әкімінің назарында 16.10.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныстарын тыңдады.Қабылдауға жазылған 15-тен аса тұрғын үй және көше жөндеуге қатысты мәселелерін айтса, енді бірі тұрақты жұмысқа орналастыру жөнінде талаптарын жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.Тұрақты жұмыс сұрап келген тұрғындарға сұраныс бойынша мамандығына сәйкес бос жұмыс орындарына, сондай-ақ, қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй мәселесімен келген азаматтарға баспанамен қамту әр санат бойынша заңға сәйкес жүргізілетіндігі түсіндірілді.Жандос Еркінбек көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, айтылған өтініш мен ұсыныс бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1110621?lang=kk
ЕАЭО-дан импортқа МББҚ қолдану қағидаларына өзгерістер 16.10.2025
ЕАЭО-дан импортқа МББҚ қолдану қағидаларына өзгерістерЕАЭО аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген тауар түрлеріне сатып алу құнын анықтау мақсатында ең төмен бағалар деңгейін (МББҚ) қолдану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында өндірілетін және өндірілмейтін тауарларға ең төмен бағалар деңгейін есептеу үшін жеке формулаларды белгілеу қарастырылған.Осы ретте, МББҚ қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесі екі бөлімге бөлінеді:Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін тауарлар;Қазақстан Республикасы аумағында өндірілмейтін тауарлар.Сондай-ақ, МББҚ қолдану қағидалары 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін қолданыста болады деп белгіленді.Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы №288-НҚ бұйрығымен бекітіліп, 2025 жылғы 21 қазаннан бастап күшіне енеді.t.me/prg_buhАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1087763?lang=kk
Қазақстан ЕҚЫҰ отырысында негізгі бостандықтарды нығайту және құқық қорғау тетіктерін дамыту тәжірибесін таныстырды 16.10.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (БДИПЧ) ұйымдастырған Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі. Отырыс негізгі бостандықтарға кепілдіктерді нығайту және құқық қорғау тетіктерін дамыту тақырыбына арналды.Бейбіт жиналыстар мен бірлестіктер бостандығына тоқталған Омбудсмен Қазақстанда бейбіт жиналыстарды өткізудің хабарлама тәртібі қолданыста екенін атап өтті. Биылдан бастап өңірлік атқарушы органдар объективті шектеулер болған жағдайда жиналыс өткізу орны мен уақыты бойынша баламалы нұсқаларды ұсыну тәжірибесін енгізді. Негізсіз бас тарту жағдайларында соттар мұндай шешімдерді заңсыз деп тануда.«Бұл – қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырудың маңызды көрсеткіші», – деді Артур Ластаев.Сондай-ақ ҮЕҰ тіркеу рәсімі жеңілдетілді – енді ол үшін үш құрылтайшының болуы жеткілікті. Тіркелген ұйымдардың саны 23 мыңнан асты. Қазіргі уақытта олардың қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заң жобасы әзірленуде.Бұдан бөлек, Уәкіл Қазақстан Конституциясы әркімге ар-намыс және дін бостандығына кепілдік беретінін еске салды. Елде 18 конфессияны біріктіретін шамамен 4 мың діни бірлестік жұмыс істейді.«Қазақстан адам құқықтарының құқықтық негізі мен мәдениетін жүйелі түрде нығайтып, бостандықтарды әрбір азаматтың өмірінің нақты бөлігіне айналдыруда», — деп атап өтті Артур Ластаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1088652?lang=kk
Мұғалімдерді оқыта отырып — жастарды қорғаймыз: Алматы облысында АИТВ-ның алдын алу 16.10.2025
Жастар арасында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үш айлық акция аясында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары шалғай орналасқан Балқаш ауданына іссапар ұйымдастырды.2025 жылғы 15 қазанда Балқаш ауданының орталығы – Бақанас ауылында ауданның 87 педагогінің қатысуымен ақпараттық-ағартушылық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мұғалімдердің медициналық сауаттылығын арттыру ғана емес, сонымен қатар олардың алған білімдерін оқушыларға жеткізе отырып, жас ұрпақтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.Шара Балқаш аудандық орталық ауруханасының қолдауымен өтті. Кездесу барысында денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғану тақырыптары талқыланды.Дөңгелек үстел жұмысына акушер-гинеколог М. Ақпанова «Жатырдан тыс жүктіліктің салдары» атты баяндамамен, нарколог-дәрігер Г. Дүйсебаева «Есірткі мен синтетикалық заттарға – жоқ!» тақырыбымен, салауатты өмір салты кабинетінің валеологы А. Асхатұлы «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және олардың алдын алу шаралары» атты дәріспен қатысты.Сондай-ақ ЖИТС орталығының эпидемиолог мамандары Н. Қасымов пен А. Ибраимова «АИТВ инфекциясының алдын алу және стигма мен дискриминацияның қоғамға әсері» тақырыбында баяндама жасады.Кездесу барысында қатысушылар АИТВ-ның берілу жолдары, қорғану тәсілдері, тұрақты тестілеудің және уақытылы ем қабылдаудың маңызы туралы сенімді ақпарат алды. Мұғалімдер белсенділік танытып, мамандарға сұрақтар қойып, пікір алмасты.Осындай шаралар педагогтар мен жастардың ақпараттылығын арттырып, қоғамда қалыптасқан қате түсініктерді жоюға және өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені, алдын алу — хабардарлықтан басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1087753?lang=kk