Әлем
Баспасөз-релизі 15.10.2025
Қазақстан Республикасында әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізу және одан шығару тәртібі Әрекетсіз салық төлеушілер тізілімі салықтық әкімшілендірудің маңызды құралдарының бірі болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерінің салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттерін іс жүзінде орындау деңгейін бақылауға бағытталған. Мұндай тізілімді жүргізу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 108-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жатады.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 108-бабына сәйкес, соңғы салық есептілігін тапсырғаннан кейін он екі ай бойы салық есептілігін ұсынбаған заңды тұлғалар-резиденттер, тұрақты мекеме немесе құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар-бейрезиденттер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер әрекетсіз салық төлеушілер ретінде танылады.Салық органы жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей тиісті тұлғаларды әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында шешім қабылданған күннен кешіктірілмей орналастырылады.Әрекетсіз салық төлеушілер тізілімінде болу бизнес үшін белгілі бір теріс салдарға әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, контрагенттердің сенімінің төмендеуіне, банктермен жұмыс істеу барысында қиындықтардың туындауына және кейіннен қызметті мәжбүрлеп тоқтату рәсімінің қолданылу қаупіне себеп болуы ықтимал. Сондықтан салық төлеушілердің тізілімге енгізу және одан шығару тәртібін білуі маңызды.Салық кодексі әрекетсіз салық төлеушілер тізілімінен шығару мүмкіндігін қарастырады. Ол үшін тізілімге енгізуге негіз болған себептер жойылуы тиіс.Салық есептілігі тапсырылғаннан кейін салық органы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімнен шығару туралы шешім қабылдайды. Жаңартылған тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.Іс жүзінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге: ұсынылмаған барлық салық есептілігін тапсыруды; бар болған жағдайда салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті өтеуді; мемлекеттік кірістер органдарының электрондық сервистері арқылы тізілімнен шығарылғанын тексеруді ұсынады.Әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілудің алдын алу үшін: салық есептілігін уақытылы тапсыру; қызмет уақытша тоқтатылған жағдайда есептілікті ұсынуды тоқтата тұру рәсімін пайдалану; Салық төлеушінің кабинеті мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі хабарламаларды тұрақты түрде бақылау; тіркеу деректерінің өзектілігін және салық міндеттемелерінің орындалуын қадағалау ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1265509?lang=ru
Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы 15.10.2025
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы №45 «Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін танысу үшін орналастырады.Аталған өзгерістер Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 018/2011 техникалық регламентінде бірліктегі көлік құралының анықтамасын толықтыруға қатысты.2025 жылғы 23 мамырдағы №45 шешім 2025 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді.Хабарлаймыз, жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдары мен тіркемелер тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №74 шешімімен айқындалған.Қосымша: 4 беттен тұрады.Кедендік бақылау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1087046?lang=kk
Ашық есік күні: 15.10.2025 жылы Жаңа Салық кодексін түсіндіру 15.10.2025
Ақсу ауданы бойынша МКБ-да азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды.Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық кодексінің нормалары түсіндірілді, ҚҚС, КТС, ЖТС сияқты маңызды салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.Қатысушылар шағын және орта бизнес үшін салық салу ерекшелігін қоса алғанда, маңызды өзгерістер мен инновациялар, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1087037?lang=kk
Парламент Мәжілісінде әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды 15.10.2025
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Айгүл Құспанның төрағалығымен өткен отырысына Қорғаныс министрінің орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев, сондай-ақ отставкадағы генерал-лейтенанттар Бақытжан Ертаев пен Абай Тасболатов қатысты.Кездесу барысында елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған шараларға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуы, қорғаныс-өнеркәсіп кешені үшін мамандар даярлау және әскери қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесі сөз болды.Мәжілістің салалық комитетінің төрағасы Айгүл Құспан өткен сессия барысында Парламент қабылдаған маңызды заңнамалық шешімдерді еске салды. Олар аумақтық қорғаныс, резервтегі қызмет және азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін қамтыған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде әскери қызметшілердің азық-түлік үлесі артты. Сондай-ақ депутаттар Қорғаныс министрлігінің мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтарға білім беру және басқа да жеңілдіктер беру тетігін енгізу жөніндегі бастамасын қолдады.Отырыста V және VI шақырылымда Мәжіліс депутаты болған Бақытжан Ертаев пен Абай Тасболатов заң шығару саласындағы тәжірибелерін ортаға салды.Қарулы күштердің ардагерлері әскери қызметшілерді тұрғын үймен, азық-түлікпен қамтамасыз ету және өзін-өзі қамтамасыз ету моделіне көшу мәселелері бойынша ұсыныстарын айтты.Отырыста айтылған ұсыныстарға сараптамалық баға беріліп, заң жобалары бойынша одан арғы жұмыс барысында қаралатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1087040?lang=kk
Қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер 15.10.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында, оқушылардың қаржылық сауаттылық, салықтық мәдениет, адалдық пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру аясындаКөкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің мұғалімдеріне дәріс өткізді. Кездесудің тақырыбы — «Қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер». Байланыс орталыға және түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева келесі тақырыптар бойынша түсіндірмелер берді:▫️ салық мәдениеті және жауапкершілік;▫️ жалпыға бірдей декларациялау;▫️ жеке тұлғалардың банкроттығы. Дәріс бейнематериалдармен сүйемелденіп, оқушылар мен ата-аналарға қазіргі экономикалық үдерістерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1086996?lang=kk
2025 жылғы 15 қазанда Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті 15.10.2025
Отырыс барысында келесі өзекті мәселелер қаралды: Алтай ауданының электрмен жабдықтау және электр желілерінің жағдайы; аудан бюджетінің кіріс бөлігіне талдау жасалды; Соловьево, Чапаево және Малеевск ауылдық округтері әкімдерінің атқарылған жұмыстар мен ағымдағы міндеттер туралы есептері тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері иесіз электр беру желілеріне қатысты мәселені мемлекеттік мекеме басшыларын шақыра отырып, қайта қарау туралы шешім қабылдады. Қалған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1086997?lang=kk
Алматы облысында 7 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде 15.10.2025
2025 жылы Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында 7 ветеринариялық пункттің құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 147 миллион теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.Бүгінгі күнге дейін 3 объектінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 ветеринариялық пункттің құрылысы жалғасуда. Олар:• Еңбекшіқазақ ауданы – Малыбай ауылдық округі,• Қарасай ауданы – Әйтей ауылдық округі,• Жамбыл ауданы – Шолаққарғалы ауылдық округі.Ветеринариялық пункттер – жергілікті деңгейде жануарлар мен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін маңызды буын. Мұнда ветеринар мамандар аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу, вакцинация жүргізу, сондай-ақ эпизоотиялық жағдайды бақылау жұмыстарын атқарады.Жаңа пункттердің іске қосылуы өңірдің эпизоотиялық тұрақтылығын сақтауға және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1087000?lang=kk
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады 15.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасының Әмірліктердегі Елшісі Рауан Жұмабек Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі Абдалла бен Султан әл-Нуеймимен кездесті.Кездесу барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялаудың, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің бірқатар мәселелерін талқылады.Қазақстандық дипломат қылмыстық істер бойынша адамдарды ұстап беру және құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды орындау бойынша орталық орган ретінде БАӘ Әділет министрлігінің маңызды рөліне назар аударып, көмек көрсетіп жатқаны үшін А. әл-Нуеймиге алғыс білдірді.Әмірліктердің Әділет министрі Қазақстанмен қарым-қатынастардың даму динамикасына оң бағасын бере отырып, талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді.Тараптар екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту мен нығайту мақсатында барлық қажетті күш-жігерлерін жұмылдыратынына келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1086976?lang=kk
Әділет министрінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті 15.10.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 15 қазанында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске барлық өңірлік Әділет департаменттерінің басшылары онлайн байланыс арқылы қатысты. Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова ағымдағы жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.Талқылау қорытындысы бойынша Департамент жұмысының одан әрі жетілдірілуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының орындау өндірісі бойынша қызметі, географиялық көрсеткіштерді тіркеу және басқа да бағыттар бойынша ұсыныстар берілді. Әділет министрі «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында қойылған міндеттердің орындалуының маңыздылығын атап өтіп, аумақтық бөлімшелердің қызмет тиімділігіне бақылауды күшейту қажеттігін ерекше атап өтті. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1086985?lang=kk
Жекелеген қызмет түрлерін тіркеу 15.10.2025
Жекелеген қызмет түрлерін тіркеу — енді жылдам әрі ыңғайлыҚостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап elicense.kz порталымен ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүзеге асырылдыЕнді жекелеген қызмет түрлерін (ЖҚТ) жүзеге асыратын салық төлеушілердің тіркелуі автоматтандырылған түрде және үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі — артық құжатсыз және күтусіз.Бұл бизнес үшін нені білдіреді?Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 88-бабының 1-тармағына сәйкес, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар міндетті түрде салық органдарында тіркелуге тиісАл осы баптың 6-тармағына сәйкес, тіркеу есебі үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі:1. хабарлама берілген күннен бастап;2. немесе салық органы тиісті мәліметтерді elicense.kz порталынан алған күннен бастап.Енді салық төлеушілерге мекемелерге барудың қажеті жоқ — барлығы онлайн форматта жүзеге асырылады.Хабарламаны қалай жіберуге боладыЖекелеген қызмет түрлері бойынша қызметті бастауы немесе тоқтатуы туралы хабарламаны келесі тәсілдермен беруге болады:www.elicense.kz порталы арқылы;немесе электрондық не қағаз түрінде — ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес.Жаңа интеграция — цифрлық мемлекетке қадамБұрын elicense.kz пен ИНИС РК жүйелері арасындағы ақпарат алмасу қолмен жүзеге асырылатын.Енді ИСНА жүйесінде жаңа интеграция іске қосылды, соның арқасында мәліметтер автоматты түрде синхрондалады.Бұл жаңашылдықтың артықшылықтары:деректердегі қателіктердің азаюы;кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу;ашық әрі жылдам процесс.Мекенжай тіркеу коды (РКА) туралыХабарлама дұрыс өңделуі үшін объектінің мекенжай тіркеу коды (РКА) болуы қажет.Егер ол болмаса, кодты келесі жолдармен алуға болады:eGov порталы арқылы өтініш беру:https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/passP2203_mpsСондай-ақ келесі қызмет қолжетімді:https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mirАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1086909?lang=kk
“Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу ережелері” тақырыбында сұхбат 15.10.2025
Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абылай Дәрке “Алау” телеарнасы “Көкейтесті сұхбат” бағдарламасында “Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу ережелері” тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.Сілтеме: https://youtu.be/4lPXimOmz_0?si=t7MTHEpUW3dM9nfe Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1086864?lang=kk
Қазақстан Варшавадағы ЕҚЫҰ отырысында адам саудасымен күрес және босқындарды қолдау тәжірибесімен бөлісті 15.10.2025
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (БДИПЧ) адам өлшемі жөніндегі конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Отырыс адам саудасымен күрес пен босқындар және мәжбүрлі қоныс аударушылар мәселелеріне арналды.Омбудсмен атап өткендей, Қазақстан заманауи құлдықтың түрлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі халықаралық құжаттарды ратификациялаған. Өткен жылы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл санаттағы қылмыстар үшін ең қатаң жаза – 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.Адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі, сондай-ақ дағдарыс орталықтары мен баспаналар жұмыс істейді.Босқындар мәселесіне тоқтала келе, Артур Ластаев 2009 жылы тиісті заң қабылданып, онда қорғаныс іздеу құқығы мен елден шығармау қағидаты бекітілгенін айтты.Бұл санаттағы адамдарға медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етілген, ал балалардың азаматтығына немесе ата-аналарының құқықтық мәртебесіне қарамастан білім алуға құқығы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1088622?lang=kk
Алматы әлем назарында: қалада инклюзивті білім берудің WIC 2025 Дүниежүзілік конгресі өтіп жатыр 15.10.2025
Бүгін Алматыда 15-17 қазан аралығында өтетін Инклюзивті білім беру жөніндегі бірінші Дүниежүзілік конгресс — World Inclusion Congress (WIC 2025) басталды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «HOPE» қоры (Help Others Pursue Education, Қазақстан) және International Forums of Inclusion Practitioners (IFIP, Ұлыбритания) бірігіп ұйымдастырды.Конгресс аясында әлемнің 40 елінен келген 1200-ден астам қатысушы, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және ғылыми ұйымдар, педагогтер мен сарапшылар, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылар бас қосты.Қатысушылар арасында Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік Америка және Австралия елдерінің делегаттары бар. 100-ден астам шетелдік және отандық сарапшы пленарлық және панельдік сессияларда баяндама жасайды.Конгрестің құрметті қонақтары қатарында IFIP ұйымының негізін қалаушы, инклюзивті білім беру саласындағы сарапшы Даниэль Собель, Ноттингем университетінің проректоры, инклюзивті білім бойынша жетекші ғалым Умеш Шарма, сондай-ақ әйгілі Fuji Kindergarten балабақшасының авторы, жапон сәулетшісі Такакура Тезука бар.Конгрестің негізгі тақырыбы білім берудегі инновация, цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу. Әсіресе, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдауға арналған технологиялық шешімдерге, оқытудың сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы серіктестікті дамытуға баса мән берілді. Конгресс аясында Innovation Expo атты инновациялар көрмесі ашылды. Көрмеде цифрлық технология, білім беру және қолжетімді ортаға арналған шешімдер ұсынылған. Іс-шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Польша және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен 17 компания қатысып жатыр. Көрме үш күн бойы Grand Hall қонақүйінде және ашық павильондарда өтеді.Конгрестің алғашқы күні «Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел және балалардың психикалық әл-ауқаты, ерекше білім беру қажеттілігін бағалау сынды 15 тақырып бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды.16-17 қазан күндері де конгресс жалғасады. Осы күндері инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми ұйымдар мен серіктестер арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.Алматы декларациясының жобасын талқылауға баса назар аударылады. Оның қабылдануы инклюзия саласында цифрлық технология мен жасанды интеллектті қолдануда бірыңғай халықаралық тәсілдерді қалыптастыру мен ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болмақ.Конгресс 17 қазанда салтанатты түрде жабылады. WIC 2025 инклюзия мәдениетін дамытуға, білімге тең қолжетімділікті ілгерілетуге, жаңа технология мен үздік халықаралық тәжірибе енгізуге және халықаралық серіктестікті нығайтуға серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1086841?lang=kk
Шаруа қожалықтары үшін АСР: 2026 жылдан бастап не сақталады және не өзгереді 15.10.2025
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында жаңа Салық кодексі бойынша семинар өттіБүгін Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы "Атамекеннің" базасында салық заңнамасындағы маңызды өзгерістерге арналған кезекті семинар өтті Спикер ретінде камералдық бақылау бөлімінің басшысы Шарбану Бермағамбетова сөз сөйледі.Ол арнайы салық режимін (АСР) қолданатын шаруа (фермер) қожалықтарына қатысты Салық кодексіндегі өзгерістерді кеңінен түсіндірді.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Алайда арнайы салық режимін (АСР) қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары үшін қолданыстағы тәртіп кейбір түзетулермен сақталады. Ең маңыздысы ШҚ үшін АСР сақталадыНегізгі қызмет түрі — ауыл шаруашылығы өнімін өндіруАШ қызметінде қолданылатын НДС, әлеуметтік салық, мүлік және көлік салығы төленбейдіСалық жеке табыс салығы (ЖТС) түрінде төленедіБірыңғай жер салығы (БЖС) жойыладыОның орнына 0,5% айналымнан алынатын мөлшерлеме енгізіледіМіндетті түрде жер телімі болуы керекЕсептілік — салық есептілігі нысаны (СЕН) жылына 1 рет тапсырыладыБарлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Бизнеске қатысты маңызды жаңалықтарды сіздерге уақтылы жеткізуді жалғастырамыз!#Атамекен #Қостанай #БизнесСеминар #СалықКодексі #Фермер2026 #АуылШаруашылығы #ШаруаҚожалығы #ҚостанайӨКП #АтамекенҚостанайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1086831?lang=kk
Жергілікті өндірушілерді қолдау және бірыңғай көріктендіру стилі – Алматы әкімі Жетісу ауданындағы кәсіпорындар мен нысандарды аралады 15.10.2025
Бірінші нысан – Алматы жол-құрылыс компаниясы (АЖҚК). Мұнда асфальт, кеспе тас және жиектас өндіріледі. Бір ауысымда зауыт 8 640 метр жол және магистраль жиектастарын, 15 840 метр бақ жиектастарын, сондай-ақ 1 800 шаршы метрден астам кеспе тас шығарады. Асфальт өндіру қуаттылығы – сағатына 980 тонна.Компанияның өз автопаркі бар: асфальт төсегіштер, таптағыштар, экскаваторлар және басқа да арнайы техникамен толық қамтылған. Бұл жол құрылысының толық циклін орындауға мүмкіндік береді.Келесі нысан – Concrete Products зауыты. Мұнда темірбетон құрылымдары, қасбеттік панельдер және көріктендіру элементтері шығарылады. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 450 мың шаршы метр өнімге жетеді.Сондай-ақ, қала басшысы ARIBA жиһаз фабрикасына барды. Мұнда 140-тан астам қызметкер еңбек етеді, кәсіпорынның жұмсақ жиһаз өнімдері халықаралық көрмелерде бірнеше рет жеңімпаз атанған.Дархан Сатыбалды жергілікті өндірісті қолдаудың маңыздылығын атап өтті:«Өз өндірісімізді дамытып, өнім сапасына және “Алматыда жасалған” брендіне баса мән беру қажет. Қала ең алдымен өзіміздің кәсіпорындарды қолдап, алматылық өнімді сатып алуға басымдық беруі керек», – деді әкім.Жұмыс сапары Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында орналасқан жаңартылған аумақта аяқталды. Нысан қала күніне орай ашылған. Мұнда кең көлемде көгалдандыру жүргізіліп, сәулеттік жарықтандыру, бейнебақылау камералары және балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған инклюзивті элементтер орнатылған.Қала басшысы Алматыны көріктендіру кезінде бірыңғай сәулеттік стиль мен қалалық кодты сақтау қажеттігін атап өтті. Бұл әрбір жаңа нысанның мегаполис келбетіне үйлесімді енуіне мүмкіндік береді.Өнеркәсіпті дамыту мен қалалық ортаны жақсарту – Алматы әкімдігінің басым бағыттарының бірі. Бұл бастамалар экономиканың өсуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1086836?lang=kk
Масқатта Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды 15.10.2025
Масқат, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды илгерілету министрінің орынбасары Ібтисәм бінт Ахмед Әл-Фаруджимен кездесуі өтті.Кездесу барысында 2025 ж. 2 желтоқсанда Масқат қаласында жоспарланған Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысына дайындалу жұмыстарының аясында сауда-экономикалық саладағы келешегі зор бағыттар мен екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайту жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылады.Оман тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларына қызығушылық танытып, екі елдің қажеттіліктері мен экономикалық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында қазақстандық министрліктер мен мекемелер өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің делегацияларын Маскатта қабылдауға дайын екенін білдірді.Кездесудің қорытындысы бойынша алдағы болатын Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясында тереңдетіп талқылау мақсатында сыртқы сауда байланыстарды жандандыру жөніндегі тиісті ұсыныстардың кешенін даярлау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1086792?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 15.10.2025
Рияд, 2025 жылғы 14 қазан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Зекет, салық және кеден істері жөніндегі басқармасының басшысы Сухейл бен Мұхаммед Абанмимен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамыуының оң серпінін атап өтті. Атап айтқанда, 2025 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында екіжақты тауар айналымы 8 млн. АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсті.Осы тұрғыда, шекарадан өту және кедендік рәсімдерді жеңілдету арқылы сауда мен инвестицияларды ынталандыруға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің бизнес өкілдеріне нақты қолдау көрсетуге бағытталған консультацияларды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1086795?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу туралы 15.10.2025
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді.Ұлыбританияның өкіліне қазақстандық прокуратураның негізгі функциялары мен басым бағыттары туралы ақпарат берілді.Кездесу барысында заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ нақты қылмыстық істер бойынша іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.Бас Прокурор қылмыстық сот ісін жүргізу саласында келісімдер жасасу арқылы шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту қажеттілігіне ерекше атап өтті.Әңгімелесуші өзара қызығушылық тудыратын барлық құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін растады.Кездесу нәтижесінде тараптар трансұлттық қылмысқа, киберқауіптерге, қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл, сонымен бірге заңсыз шығарылғанактивтерді қайтару салаларында өзара ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1086729?lang=kk
Жас қазақстандықтар өз елінің беделін мақтан тұтады – зерттеу нәтижелері 15.10.2025
British Council жүргізген «Қазақстанның болашақ ұрпағы» зерттеуінің нәтижелері жарияланды. Зерттеудің бір бөлігі ретінде ұйым дүние жүзіндегі жастардың дауыстары үшін «Келесі ұрпақ» деп аталатын платформаны ұсынады, бұл олардың дауыстарын естуге және олардың ұмтылыстарын, қиындықтарын және қоғамды өзгерту мен қалыптастырудағы рөлін түсінуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы зерттеу LSE Consulting, Орталық Азия барометрімен (CAB) және жобаның Консультативтік кеңесімен серіктестікте жүргізілді. Зерттеуге 18 бен 35 жас аралығындағы 1270 жас қазақстандық қатысты: репрезентативті сауалнамаға 1202 және сұхбат пен фокус-топтарға 68 адам қатысты. Анықтама үшін: Әдістеме бес компонентті қамтиды: ● әдебиеттерге шолу – Қазақстанның жалпы әлеуметтік-саяси және демографиялық контексті туралы ақпарат жинау; ● көзқарастар, басымдықтар, білім беру, жұмыспен қамту, азаматтық қатысу және жаһандық перспективалар бойынша репрезентативті сауалнама – «Келесі ұрпақ» сауалнамасының сұрақтары басқа елдердегідей пайдаланылды (кейбір тармақтары Қазақстанның нақты контекстіне бейімделген); ● Жас көшбасшылармен сапалы сұхбат – Қазақстанның 20 жас көшбасшысы негізгі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелер бойынша көзқарастарын анықтау үшін сұхбат алды; ● Жас қазақстандықтармен фокус-топтар – алты фокус-топпен зерттеу Астана, Алматы және Атырау қалаларында жүргізілді. Әр қалада екі фокус-топ (18-24 және 29-34 жас аралығындағы респонденттер) болды, басты назар үш негізгі бағытқа аударылды: білім беру және жұмыспен қамту; жастардың дауысы, цифрлық БАҚ және жаңалықтар; ғаламдық көзқарас; ● Қазақстандық сарапшылар мен практиктерден тұратын жобаның Консультативтік кеңесі 10 қазақстандық сарапшылардың, белсенділердің және практиктердің қатысуымен «Тоқта және ойла» семинарлар сериясын ұйымдастырды. Барлығы екі «Тоқта және ойла» семинары өтті, біреуі жеке және екіншісі онлайн. Талдау саласының бірі – жастардың бойындағы құндылықтар, көзқарастар мен ықпалдардың қалыптасуына әсер ететін аспектілер болды. Біріншіден, зерттеуге сәйкес, жас қазақстандықтар әлеуметтік жағдайына қарамастан отбасылық өмірге бейім және өздерінің шыққан тегін мақтан тұтады. Олар отбасын олардың достары мен құрдастарының негізгі әсер ету көзі деп санайды. Бұл жас қазақстандықтардың соңғы зерттеулеріне сәйкес келеді. Түрлі сауалнамаларға сәйкес, отбасы құндылықтар тізімінде бірінші орында және жастардың 80% -дан астамы үшін маңызды. Жастар да өз табыстары мен өмірдегі бақыттарын анықтау үшін отбасына, достарына және жақын құрбыларына арқа сүйейді. Екіншіден, жас қазақстандықтар қоғамдағы қиындықтарды байсалды бағалайды және сонымен бірге жоғары оптимистік көзқараста. 80%-дан астамы тұрғын үйдің жоғары құнына және тұрақсыз макроэкономикалық жағдайға қарамастан елдің оң динамикасына және өзінің жеке болашағына сенімді. Жас әйелдер мен ерлер өздерінің өмірі мен мансабына оптимистік көзқараста: ерлердің шамамен 86% және әйелдердің 83% -ы өз өмірінің сапасына, жас жігіттердің 87% және жас әйелдердің 82% -ы болашақ мансабына оптимистік көзқараста. Зерттеу бұл ұрпақ қиындықтарды өсу мүмкіндігі ретінде қабылдай отырып, төзімділік пен бейімделуді көрсететінін көрсетеді. Ұжымдық және жеке құндылықтар арасындағы мәнді тепе-теңдік байқалады: отбасылық және мәдени мұрамен берік байланысты сақтай отырып, жастар жеке және кәсіби дамуға көбірек басымдық береді. Бұл ауысым кеңірек әлеуметтік тенденцияны көрсетеді: дәстүр мен жаңа мүмкіндіктер арасындағы тепе-теңдікті іздеу. Үшіншіден, сандық және сапалық деректер орта есеппен жас қазақстандықтардың жалпы білім сапасы мен оның болашағы туралы не бейтарап, не оң пікірде екенін көрсетеді. Жастардың жартысынан көбі (57%) Қазақстандағы білімнің жақсарып келе жатқанымен келіседі. Позитивті көзқарастар барлық жас топтарында басым, бірақ егде жастағы топтар ең оң. Мысалы, 30-35 жас аралығындағы адамдардың 78%-ы білім әлеуметтік өзгерістерге ықпал етеді деп есептейді. Төртіншіден, жас қазақстандықтар білімнің қоғамды жақсартатын өзгертуші күшіне нық сенеді: 70%-дан астамы білім жаһандық мәселелерді шешудің ең жақсы құралы деп санайды. Жас қазақстандықтардың көпшілігі білім жұмысқа орналасуға негізгі дайындықты қамтамасыз етеді, ал көшбасшылық, проблемаларды шешу және коммуникация жұмыс орнындағы табыстың негізгі дағдылары деп санайды. Тілдерді, әсіресе қазақ және ағылшын тілдерін білу бәсекелестік артықшылық ретінде қарастырылады. 80%-дан астамы шет тілін үйренуді маңызды деп санайды, соның ішінде жұмысқа орналасу және саяхаттау мүмкіндіктері (әрқайсысы 49%), жоғары білім (47%) және кеңейтілген әлеуметтік байланыстар (47%). Бесіншіден, кәсіпкерлік – жас қазақстандықтарды қызықтыратын сала. Барлық жас топтары бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің үштен екісінен астамы алдағы бес жыл ішінде өз ісін ашуға мүдделі. Алтыншыдан, жас қазақстандықтар олардың өміріне әсер ететін жаһандық жағдайды түсінеді. Олар өз елінің халықаралық позициясын жақсы түсінеді және әлемге шынайы қызығушылық танытады. Олар Қазақстанды үш өлшемдегі «көпір» ретінде қарастырады: географиялық, ірі державаларды байланыстыратын; дипломатиялық тұрғыдан сенімді аймақтық делдал ретінде; және мәдени жағынан Батыс пен Орталық Азияны байланыстыратын дәнекер ретінде. Елдің аймақтағы ең ірі экономика мәртебесі мен көршілеріне озық үлгі ретіндегі беделі бөлек мақтаныш. Жетіншіден, климаттық күн тәртібі де маңызды болып келеді: респонденттерді бірінші кезекте ауа сапасы, қалдықтарды басқару және су тапшылығы алаңдатады. Сонымен қатар, олар өзіне тән оптимизммен және болашаққа оң көзқараспен шешім табуға дайын екендіктерін көрсетеді. Сегізіншіден, азаматтық белсенділікте жаңа тенденциялар пайда болуда. Жастар нақты әлеуметтік мәселелерді (мысалы, қалалық инфрақұрылым, мүгедектерге көмек көрсету) шешу үшін белсенді топтарға бірігуде. Халықтық белсенділіктен басқа, цифрлық белсенділіктің жаңа түрі пайда болды, онда адамдар әлеуметтік және экономикалық мәселелерді талқылау үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады. Бұл көркем спектакльдер, блог жүргізу, мультфильмдер, комикстер, музыка және экобелсенділік сияқты әртүрлі нысандарда болады.
АЛАТАУ ҚАЛАСЫ – ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ 15.10.2025
2025 жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Алатау қаласының еліміздің жаңа іскерлік, экономикалық және технологиялық орталығы болуы керектігі атап өтілді. Мемлекет басшысы бұл қаланы Үкіметке тікелей бағынатын етіп, арнайы мәртебемен қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды. Аталған Жарлықты он күн ішінде әзірлеу міндеті қойылған.Сонымен қатар, Жолдауда цифрлық теңгені енгізу және оның мемлекеттік қаржыларда қолдану аясын кеңейту мәселесі қаралды. Президент цифрлық активтер экожүйесін жедел қалыптастыру, цифрлық теңгенің тиімділігін арттыру және оның ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджеттік жобаларда қолданылуын қамтамасыз етуді тапсырды.Цифрлық экономиканы дамыту арқылы елдің қаржылық тиімділігін арттыру – Алатау қаласының дамуы мен Қазақстан экономикасының инновациялық серпілісінің маңызды құрамдасы болып табылады.#Жолдау2025 #ПрезидентЖолдауы2025