Әлем
Қазақстан Елшісі Тичино кантонымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады 15.10.2025
Беллинцона, 9 қазан – Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Тичино кантонына ресми сапармен барып, оның шеңберінде Тичино Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Норман Гоббимен және кантондық үкіметтің басқа да мүшелерімен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту үшін өңіраралық байланысты дамытудың маңыздылығын атап өтті, және бұл салаларда нақты жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Осы тұрғыда Алматы және Лугано қалалары, Алматы облысы мен Тичино кантоны арасында өңірлік және муниципалдық деңгейде өзара іс-қимылдың институционалдық негізін құрайтын ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылғаны атап өтілді.Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстарына тоқталып, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар технология, көлік-логистика, энергетика және басқа да салаларда Швейцариямен өзара тиімді серіктестік үшін кең перспективалар ашатынын атап өтті. Аймақтық технологиялық және өндірістік хабты құруға бағытталған стратегиялық «Alatau City» жобасы ортақ негіздің үлгісі ретінде атап өтілді.Швейцария кантонының басшылығы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ Тичино тәжірибесі мен жасанды интеллект, криптовалюта енгізу және басқа да озық технологиялар салаларындағы ғылыми әлеуетін пайдалану мүмкіндіктерін талқылау үшін Қазақстанға сапармен баруға дайын екендігін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1083890?lang=kk
Қазақстан мен Чехия өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуде 15.10.2025
Брно, 2025 жылғы 9 қазан – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев бастаған қазақстандық делегация Орталық Азияның әлеуетіне арналған бизнес-форумға қатысты. Форум 2025 жылғы 7-9 қазан аралығында Орталық Еуропадағы ең ірі алаңдардың бірі болып табылатын Брно қаласындағы 66-шы Халықаралық өнеркәсіп көрмесінің аясында өтті.Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Чехия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, бизнес қауымдастықтары мен кәсіпкерлері қатысты. Қазақстандық делегация құрамында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, Қазақстан машина жасаушылар одағы, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік басқармасы және бірқатар жеке өндірістік компаниялар болды.Форумның ашылуында сөз сөйлеген А.Панбаев Қазақстанның өнеркәсіптік даму саласындағы жетістіктері мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында қолға алынған шаралар туралы баяндады. Ол Қазақстанның технология трансфері, инновацияларды дамыту және өңірдің инвестициялар үшін тартымды орталық ретіндегі рөлін нығайту бағытында жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ниетті екенін атап өтті.Форумның екінші бөлігінде Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері арасында B2B форматындағы кездесулер өтіп, ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Қатысушылар машина жасау, цифрландыру және өндірісті автоматтандыру салаларындағы бірлескен бастамаларға ерекше қызығушылық білдірді.Сапар аясында Қазақстан делегациясы Чех Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, сондай-ақ салалық бірлестіктердің басшылығымен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында өндірісті жергіліктендіру, технологиялар трансфері және бірлескен индустриялық жобаларды іске асыруды қамтитын өзара іс-қимылды тереңдетудің нақты қадамдары талқыланды.Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы өнеркәсіптік саладағы іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту және әріптестіктің жаңа формаларын іздестіру жөніндегі өзара қызығушылықтарын растады.Бұдан бөлек, қазақстандық делегация Omnipol a.s. компаниялар тобына кіретін Aircraft Industries қысқа қашықтықтағы ұшақтар өндіретін кәсіпорнында болды. Кездесу барысында делегация мүшелері өндіріс үдерісімен танысып, Қазақстанда шағын авиацияны дамыту саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1083892?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 200 келіден астам жиде тұқымы жиналды 15.10.2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Шараның негізгі мақсаты – орман қорын толықтыру, табиғи тұқым қорын қалыптастыру және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.7 қазанда Бақанас орман шаруашылығында өткен іс-шараға орманшылармен қатар колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Нәтижесінде бір күн ішінде 200 келіден астам жиде тұқымы жиналды.Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, биыл өңірде шамамен 1,5 тонна жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау жоспарланған. «Әрбір жиналған тұқым – ертеңгі жасыл орманның бастауы. Бұл – өңірдің экологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті басқарма басшысы Қанат Нүсіпбаев.Жиналған тұқымдар көктемде облыстық орман тұқымбақтарына жеткізіліп, көшеттерге айналдырылмақ. Кейін олар орман қоры жерлеріне отырғызылып, өңірдің жасыл аймағын кеңейтуге қызмет етеді.2021 жылдан бері Алматы облысында 17,4 мың гектар аумаққа 38,3 миллион ағаш отырғызылды. Бұл – Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындаудағы өңірдің нақты үлесі саналадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083915?lang=kk
2025 жылдың 09 қазанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдауға қатысты. 15.10.2025
Қабылдау барысында кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегін көрсету мәселелері түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1083917?lang=kk
AUYL SPORT – 2025: ауыл спортшыларының жарқын жеңісі! 15.10.2025
Өскемен қаласында ауыл балалары мен жасөспірімдер арасында өткен «AUYL SPORT – 2025» өңірлік турнирі салауатты өмір салтын насихаттау мен ауыл спортының дамуына серпін берді.Самар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол командасы тамаша ойын көрсетіп, чемпион атанды.Жаттықтырушысы — Поляков Геннадий Анатольевич.Амангельды орта мектебінің оқушылары үстел теннисінен жоғары нәтиже көрсетті:1 орын — Қабдрахманов Мансұр, чемпион;2 орын — Бөлекбай Дина;3 орын — Бейсен Салауат;3 орын — Марат Мөлдір.Жаттықтырушысы — Барбосынов Қайрат Түркестанович.Қыздар баскетбол командасы 2 орын иеленді.Қатысушылар — Абай атындағы орта мектептің оқушылары.Жаттықтырушысы — Раздыкова Гаухар Жұмановна, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің оқушылары күрес бойынша жақсы нәтиже көрсетті:2 орын — Бекенов Алан (2011 ж.);3 орын — Есбол Нартай (2011 ж.).Жаттықтырушысы — Мухамадиев Еркебулан Жалелханұлы.Бұл жеңістер – еңбекқорлықтың, табандылықтың және ауыл спортының дамуының айқын дәлелі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1083921?lang=kk
«Жас сарбаз»: Аспанға қол созу 15.10.2025
Ұлттық ұланның авиациялық базасы бір күнге жас патриоттардың армандары бұлттан биік көтерілген орынға айналды. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елу қатысушысы 3656 әскери бөліміне келіп, көк жүзін бағындыратын алып күштің қалай туатынын өз көздерімен көрді. Бұл экскурсия балалар үшін авиация әлеміне нағыз саяхат болды. Олар елді биіктен қорғайтын әскери қызметшілердің өмірімен танысып, аңызға айналған ұшақтар мен тікұшақтарды көрді. Сондай-ақ қызметтері жайлы шынайы әрі мақтанышпен баяндаған ұшқыштармен тілдесті.— Біз балаларымызға Отанға деген сүйіспеншілік — жай сөз емес екенін көрсеткіміз келді. Бұл — таңдау, жол және қызмет ету. Ұлттық ұланның авиаторлары – ерлік пен тәртіптің, іске адалдықтың жарқын үлгісі, — деді қозғалыстың астаналық филиалының төрағасы Айдархан Маханбет.Оқушылардың ерекше қызығушылығын қуатты Y8 әскери-көлік ұшағы тудырды. Олар ұшқыш кабинасын көріп, құрал-жабдықтарға қол тигізіп, ұшқыштардың әр сөзін ынтамен тыңдады.— Мен алғаш рет әскери ұшақтарды осыншалық жақыннан көріп тұрмын! Бұл керемет әсер. Осындай кездесулерден кейін армияның бір бөлігіне айналғың келеді, — деп өз әсерімен бөлісті М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Диляра Тлеукенова.Айта кету керек, мұндай кездесулер жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, Отан қорғаушылар қызметіне деген құрметті қалыптастырады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1083928?lang=kk
Балқаш ауданында газ қолжетімді бола түсті 15.10.2025
Балқаш ауданындағы елдімекендер жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді. Жыл соңына дейін Бақанас ауылындағы жаңа шағынаудан мен Ақжар ауылында газ құбырын орнату жұмыстары толық аяқталмақ.– 2019 жылдан бері Балқаш ауданында газбен қамту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2023 жылы Миялы, Бақбақты, Бірлік, Бақанас, Ақдала және Бояулы ауылдарындағы 1500 тұрғын үйге газ берілді. Қазіргі таңда тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде. Биыл «ТурГаз» ЖШС-мен Ақжар ауылына газ тарту үшін 809 миллион теңгеге келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, Бақанас ауылындағы жаңа ықшамауданды газбен қамтамасыз етуге 414 миллион теңге бөлінген. Жыл соңына дейін осы екі жоба толығымен аяқталады. Сонымен қатар, Береке ауылына газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 1 миллиард 199 миллион теңгеге мердігермен келісімшарт жасалды. Бұл жоба келесі жылға жоспарланған. Бұған қоса, Бура, Үшжарма және Ақкөл ауылдарын газбен қамту 2026–2027 жылдарға арналған бюджет жоспарына енгізілді. Осылайша, 2027 жылға дейін аудандағы 20 елдімекеннің 11-і, яғни 55 пайызы газ желісіне қосылады. Қалған ауылдар 2030 жылға дейінгі бас жоспарға енгізілген, – деді Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов.Бақанас ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Үміт Байдабекова газ желісіне былтыр қосылғанын айтты.– Бұған дейін жыл сайын 4–5 тонна көмір жағып, қатты отын дайындау үлкен шығын мен күшті талап ететін. Қазір үйіміз жылы, балалар да қауіпсіз. Газ қосылған соң тұрмысымыз жеңілдеді, – деді ол.Ал Ақжар ауылының тұрғыны Гүлмария Шопанбаева: – Қазір үйлерімізді пеш жағу арқылы жылытып отырмыз. Бір тонна көмірдің бағасы 35–40 мың теңге тұрады. Бұл – едәуір шығын. Газ құбыры орнату жұмыстары аяқталып, көгілдір отынға тезірек қол жеткізсек деген үміттеміз, – дейді ауыл тұрғыны.Бүгінгі таңда Ақжар ауылында жоғары қысымды 5397 метр, орташа қысымды 1127 метр және төмен қысымды 6715 метр газ құбыры тартылып, 46 үйге газ есептеуіш орнатылған. Құрылыс жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083949?lang=kk
Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленуде 15.10.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Торғай өңірін дамытуға және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу үшін перспективалық жобаларды қарауға арналған жиын өткізді. Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Батталов, мемлекеттік органдардың вице-министрлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері және тағы да басқалар қатысты.Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Жолдауда Торғай өңірін дамытуға басымдық беру қажеттігін ерекше атап өткенін еске салды.Вице-премьер айтқандай, бұл мәселе орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты болғандықтан, үнемі Үкіметтің назарында. Өңірдің тарихи, стратегиялық және әлеуметтік-демографиялық маңыздылығын ескере отырып, даму жоспарын дайындау жұмысы басталды.Талқылау барысында Торғай өңірінің келешегіне арналған ұсыныстар мен жобалар айтылды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қолайлы географиялық жағдай облысты Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік буынға айналдыратынын атап өтті. «Орталық-Батыс» автожолын салу және Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру сияқты инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыру инвестиция мен бизнеске жаңа мүмкіндік береді. Оның айтуынша, экономикалық жоспарда 400-ге жуық жұмыс орны ашылатын 62 млрд теңгеден аса соманың 11 инвестициялық жобасы қарастырылған. АӨК дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге, қайта өңдейтін 15 сою пунктін салуға басты назар аударылады. Осы мақсаттарға арнап, жылдық 2,5%-бен (СҚО тәжірибесі бойынша) 5,6 млрд теңге қарастырылған, көмірсутек өндіру мен қатты пайдалы қазбаны барлау жобасы жасалды.Бизнес өкілдері де өз бастамаларын ұсынды. «Arkalyq Qus» ЖШС басшысы Максим Божко 2008 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде 140 млн-ға жуық жұмыртқа өндіретінін хабарлады. Компания зауыт қуатын екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Құрылыс 2026 жылғы көктемде басталады. Сондай-ақ құрама жем зауыты мен органикалық тыңайтқыш өндіру зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда. «Ұрпақ Агро» ЖШС құрылтайшысы компанияның етті мал шаруашылығы мен қайта өңдеуді одан әрі дамыту үшін 10 мың басқа дейін ұсақ мал сатып алу ниеті туралы хабарлады. «Zengi Group» ЖШС бас директоры Жәнібек Кенжебаев «Консорциум 20+1» жобасын ұсынды. Оған 12 инвестор тартылған. Бұл – 20 шағын фермасы мен басқарушы компаниясы бар, етті мал шаруашылығын орнықты дамытудың пилоттық моделі. Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша, компания жобаны жүзеге асыруға шамамен 1,1 млрд теңге инвестиция салуға дайын. Бұл ретте қосымша қаржыландыру көзі пысықталуда. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша, жобаны қолдау мәселесін Ұлттық экономика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қарайды.Сондай-ақ жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де талқыланды. Атап айтқанда, Астана – Ырғыз тас жолында жанармай құю стансаларын салу туралы. Қазіргі уақытта бұл учаскеде екі станса жұмыс істегенмен, жолдың ұзақтығын ескерсек, Егіндікөл мен Торғай аудандарында қосымша кешен салу қажет.Осы бағытта жұмыс істеп жатқан «PetroRetail» компаниясы желіні дамыту және көбейту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Жанармай құю стансалары желісін көбейтумен қатар, компания Keruen Inn брендімен жол бойындағы қызмет көрсетуді де дамытуда. Мұндай алғашқы қонақ үй Жамбыл облысының Мерке ауданында ашылғаны белгілі. Осындай нысанды Торғай өңірінде де салу ұсынылып отыр.Жиынды қорытындылай келе, Серік Жұманғарин барлық айтылған ұсынысты ескере отырып, жоспар жобасын пысықтауды және мәдениет, туризм, халықты жұмыспен қамту салаларын дамыту шараларын қарауды тапсырды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкімдікпен бірлесіп, Арқалық, Амангелді және Жангелді ауданында жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізуі тиіс. Бұл инвестиция тарту және бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндік. «Негізгі жобаларды анықтау, қаржыландыру үшін арнайы шарт жасау маңызды. Ұлттық экономика министрлігі өңірдің орнықты және кешенді дамуының драйвері болатын “Өрлеу-Торғай” жеке бағдарламасын бекітеді», — деп атап өтті вице-премьер.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1083852?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1083971?lang=kk
Самаp ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті 14.10.2025
01.10.2025 жылы Самаp ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – халықтың салықтық сауаттылығын арттыру және салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара байланысты нығайту.Іс-шара барысында басқарма мамандары ағымдағы жылы күшіне енген жаңа Салық кодексі бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ, қатысушыларға салық жүйесінің негізгі қызмет бағыттары, оның ішінде салық әкімшілендіру, салық жеңілдіктерін қолдану және электрондық сервистер туралы ақпарат ұсынылды.Келген азаматтар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды, оның ішінде салық есептілігін тапсыру, салық мөлшерлемелерін қолдану және салық заңнамасындағы өзгерістер бар.Мұндай іс-шараларды өткізу салық органдары қызметінің ашықтығын арттырып, азаматтар мен кәсіпкерлердің салық тәртібін жақсартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1082625?lang=kk
Мұндай нәтиже алғаш рет! 14.10.2025
Бүгін біз Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарын қорытындылайтын боламыз. Төрт жылда бір рет өтетін біріншілік сәуір айында Түркістанда басталды. Барлық облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана құрамалары олимпиадалық 34 спорт түрінен жеңіске жету үшін күресті. Жарысқа 2000-нан астам спортшы қатысты. Жастар ойындары Қарағандыда өз мәресіне жетті! Бұл ауқымды әрі маңызды оқиға, еліміздің ең перспективалы жас спортшылары қатысуға ұмтылатын жарыс. Олардың ішіндегі ең үздіктері Қазақстанның намысын әлемдік ареналарда қорғайтын болады.Қарағанды облысы құрамасының қоржынында әр түрлі дәрежедегі 159 (56 - алтын, 42 - күміс, 61- қола) медаль бола тұра, Қазақстанның барлық қалалары мен облыстары арасында төртінші орынға ие болып, Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан жеңіліп қалды. Біздің спортшыларымыз командалық есепте дзюдо, батут гимнастикасы, үстел теннисі және жеңіл атлетика сияқты түрлерде үздік атанды. Гандболдан ерлер командасы, аймақтың өкілдері ескек есуден, е байдарка және каноеден екінші орынға ие болды. Гандболдан әйелдер командасы үшінші орынды иеленді. Қазақстанның жастар ойындарында Қарағанды облысы алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізді.Жастар ойындарының жабылу және марапаттау рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев және облыстық мәслихат депутаты Ерден Халилин қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1082639?lang=kk
Әлем чемпионын «жасады»! 14.10.2025
Біздің Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Бейжіңдегі «China Youth Smash» халықаралық турнирінде үздік өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Қарағандылық спортшы Сингапур, Корея және Қытайдан келген мықты, титулды қарсыластарын жеңді. Сарапшылар мен жанкүйерлердің айтуынша, Алан ширек финалда 4-3 есебімен жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы Ли Хеченді (Қытай) - жеке және жұптық разраядтарда жеңіп, керемет матч өткізді. Бізді өзінің жетістіктерімен таң қалдыруды тоқтатпайтын Аланды, оның тұрақты тәлімгері Эльмира Әлиеваны және үстел теннисінен Қарағанды ОРОМБЖМ басшысы, жаттықтырушы Тоқтамыс Хасеновті құттықтаймыз!Алда Үндістанның Бхубанешвар қаласында 11-15 қазан аралығында өтетін 28-ші Азия чемпионаты тұр. Оған құрлықтың Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Корея, ҚХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония елдерінен мықты теннисшілері қатысады. Біздің құрамада төрт қарағандылық - Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Жанерке Қошкумбаева және Альбина Жақсылықова өнер көрсететін болады. Балаларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!Фото https://ttfrk.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1082641?lang=kk
Медальдар тағы да біздің батутистерде! 14.10.2025
Әзірбайжанның ежелгі де сонымен бірге қазіргі қаласы-Гянджа – посткеңестік кеңістіктегі ең беделді спорттық іс-шаралардың бірі-ТМД елдерінің III ойындарының (29 қыркүйек-4 қазан) өтетін орнына айналды. Турнирге Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстаннан 1840 спортшы қатысты. Ашылу салтанаты өте әдемі де жарқын болды, халықаралық біріншілікті Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева ашты.Жарыс тек Гянджада ғана емес, елдің басқа аймақтарында да өтті. Шекиде жеті елден 43 батутист медаль үшін күресті. Әлбетте, құрама құрамында қарағандылықтар өнер көрсетіп, медаль жеңіп алды!- Жарыс өте қиын болды, себебі оларға ең мықты спортшылар қатысты, мысалы, Беларусьтік Олимпиада чемпионы Иван Литвинович қатысты, - деді Қазақстан құрамасының бас тәлімгері және батут гимнастикасынан Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Сергей Вертянкин. – Дегенмен де біздің командадағы ең жасымыз Никита Тумаков керемет нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды, бұған қоса алдын ала кезеңде ол үздік болды.Бұл Никитаның жеке секіруден халықаралық деңгейдегі алғашқы марапаты. Осының алдында қарағандылық дуэт Мұсабаев-Тумаков әлем кубогының «күмісін» алғанын хабарлаған болатынбыз.Жарыста Қарағанды гимнастика мектебінің тағы бір тәрбиеленушісі, ал қазір жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі – Ерлан Тасмағамбетов ерекше көзге түсті. Келешегінен үміт күттіретін бұл талантты жігіт синхронды секіруден үшінші орынға ие болды. Жарайсыңдар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1082650?lang=kk
Қазақстан Республикасына электромобильдерді әкелуге тарифтік жеңілдік 14.10.2025
Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 Шешімінің (бұдан әрі – №130 Шешім) 7-тармағының 7.1.38-тармақшасына сәйкес электр қозғалтқышымен жабдықталған көлік құралдарын (СЭҚ ТН коды 8703 80 000 2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тарифтік жеңілдік көзделген.Сонымен қатар, аталған Шешіммен тарифтік жеңілдік бойынша енгізуге болатын 15 000 бірлік электромобиль мөлшерінде квота белгіленген.2025 жылғы 25 қыркүйектегі (сағат 15:00-дегі) жағдай бойынша елге 13 081 электромобиль әкелінді, бұл белгіленген квотаның 87,2%-ын құрайды.Осылайша, қазіргі уақытта жеңілдік шарттары бойынша 1 919 электромобильдерді әкелу мүмкіндігі қалуда.Маңызды: электромобиль сатып алып, елге әкелуді жоспарлап отырған азаматтарға әрекет ететін жеңілдетілген тарифті пайдалану үшін квотаның қалған көлемін ескеру ұсынылады. Павлодар облысы бойынша МКД«Павлодар кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1082653?lang=kk
Салық және кеден мәселелері бойынша кері байланыс 14.10.2025
Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ашықтықты және жедел өзара әрекет етуді жоғарылату мақсатында "Instagram" әлеуметтік желісінде "Салық және кеден мәселелері бойынша Кері байланыс" айдарының ашылғандығын еске салады. Аталған айдардың шеңберінде сіздер салық және кеден заңнамасы бойынша сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.Егер ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кезінде қандай да бір мәселелер туындаса немесе жедел шешілуі қажет басқа да мәселелер болса, онда сіздер осы айдарға жүгіне аласыздар. Кері байланысу үшін деректеріңізді: БСН/ЖСН, заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның орналасқан орнын (немесе тұрғылықты жерін), сонымен қатар электрондық поштаның мекен-жайын көрсетулеріңізді сұраймыз.Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! Сіздер өз сұрақтарыңызды Instagramда сәйкес жарияланымдардың астындағы пікір қалдыру жолында қалдыра аласыздар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1254510?lang=ru
Кеден мәселелері бойынша кері байланыс. Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз 14.10.2025
Сұрақ: Қол жүктерін тасымалдаудың қандай нормалары бар? Жауап: Қол жүктерінде жолда жүргенде қажет болатын жеке заттарды, сондай ақ Duty Free-ден сатып алған заттарды тасымалдауға болады. Ұшу алдында белгілі бір авиакомпанияның қол жүгін тасымалдау ережелерімен танысу қажет, өйткені қол жүгін тасымалдау нормалары авиакомпания мен қызмет көрсету классына байланысты өзгешеленуі мүмкін. Келесілер бойынша шектеулердің барына назар аударыңыздар:- қол жүгінің салмағы мен мөлшері;- рұқсат етілетін тауарлардың түрлері;- сұйықтық және басқа да арнайы тауарларды өткізу. Қызықтыратын сұрақтарыңызға жауаптарды жедел алу үшін Сіз біздің Telegram-арнамыздың Salyg Bot қойындысында «Кедендік сұрақтар» айдарын қолдана аласыз. Павлодар облысы бойынша МКДкедендік әкімшілендіру басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1082670?lang=kk
Қазақстан Елшісі Ирак Сыртқы істер министрімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады 14.10.2025
Бағдад, 2025 жылғы 6 қазан – Ирак Республикасының Сыртқы істер министрлігінде резиденциясы Амман қаласында (Иордания Хашимит Корольдігі) орналасқан Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Шалданбайдың Ирак Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыру рәсімі өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Ирак арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі нақты қадамдар талқыланды. Тараптар саяси диалогты дамытудың, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Елші Т.Шалданбай Қазақстанның екіжақты байланыстарды әрі қарай тереңдету жолында белсенді жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.Министр Ф.Хусейн Елшінің қызметіне табыс тіледі және оның жұмысы екіжақты қатынастарды ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1082688?lang=kk
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысы жүргізілді 14.10.2025
2025 жылғы 8 қазанда Күршім ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен жұмыс бөлімі басшысы Бекбосынова А. Қ. жеке кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізді.Кездесу барысында қатысушыларға Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге негізгі өзгерістер мен оларды тәжірибеде қолдану бойынша ұсынымдар жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.Мұндай іс-шаралар салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және бизнес пен салық органдары арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1082707?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Габалада ТМҰ Саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді 14.10.2025
Қазақстан Сыртқы істер министрі Габалада ТМҰ Саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткіздіГабала, 2025 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммиті аясында Әзербайжан Республикасы мен Мажарстанның сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов және Петер Сийяртомен екіжақты кездесулер өткізді.Әзербайжан СІМ басшысымен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен оның одан әрі даму перспективалары, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстан Республикасына алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Е.Көшербаев аталған сапар аясында цифрландыру саласындағы Астана мен Баку байланыстарына қосымша серпін беру үшін IT мамандарының форумын өткізуді ұсынды.Мажарстан сыртқы саяси ведомствосының басшысымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашадағы Мажарстанға мемлекеттік сапарының, сондай-ақ Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок пен Парламент Спикері Ласло Кевердің 2025 жылғы қыркүйек-қазанда Қазақстанға жасаған сапарларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.Сұхбаттастар ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды кеңейту мәселелеріне тоқталды. Жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог екі ел арасындағы сенімді нығайтуға және стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ықпал ететіні аталып өтті.Қазақстанның IT және цифрландыру саласындағы жетістіктерін ескере отырып, Е.Көшербаев елдер арасындағы серіктестікті осы перспективалық бағытта, оның ішінде «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында кеңейтуді ұсынды.Сонымен қатар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар көпжақты құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз ынтымақтастыққа бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1082723?lang=kk
🔰Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! 14.10.2025
🔹Жақын арада «Keden» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - жүйе) тауарларға арналған декларация Модулінің іске қосылатыны туралы хабарлаймыз, ол туралы қосымша хабарланатын болады. Бұл ретте, "АСТАНА-1" АЖ тауарларға декларация беру функциясы қолжетімсіз болады. 🔹Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін жүйеде декларациялар бойынша деректерді форматта импорттау мүмкіндігі қолжетімді болады:- жаңа «Спецификация» модулі арқылы xls-декларацияларды дайындау және беру құралы;- пайдаланушылардың жүйеде жұмыс істеуге бейімделу кезеңіне арналған xml бұдан бұрын «АСТАНА-1» АЖ-да декларацияларды форматта импорттағанына назар аударамыз .xml ескірген форматта жүзеге асырылды. 🔹Жаңа формат .жүйедегі xml «тауарларға арналған декларацияның құрылымы мен форматы және тауарларға арналған декларацияны түзету және Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» ЕЭК Алқасының 30.05.2023 № 75 шешіміне сәйкес келеді - https://www.alta.ru/tamdoc/23kr0075 🔹Жоғарыда айтылғандарға сәйкес сізден жүргізіліп жатқан оқытуға, жүйені тестілеуге белсенді қатысуыңызды, сондай-ақ жүктелетін файлдарды дайындауыңызды сұраймыз .жоғарыда көрсетілген шешімге сәйкес xml (формат сипаттамасы - https://rseds.eaeunion.org/ru/#/registry/version/689).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1082768?lang=kk
Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін игеруде! Сақ болыңыздар! 14.10.2025
Цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен күнге кеңейе түсуде.Алайда, мұнымен қатар интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың түрлі әдіс-тәсілдері де қарқынды даму үстінде. Сіздерді аса сақ болуға шақырамыз – алаяқтар жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, бейнелер, аудиожазбалар және адамдардың бет-әлпеті мен дауысын дәл беретін кескіндер жасайды. Азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін пайдалана отырып, алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп, жеке және қаржылық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында өздерін көбінесе мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының, байланыс операторларының және басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) төмендегілерді ескертеді:Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, комиссиялық төлем алынбайды; БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін өтемақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады; Жинақтардың бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалану тек уәкілетті оператор (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады; Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ-ның қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпараттыешқашан талап етпейді;Егер қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, олоның ресми тұлға екендігін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын түрлі тәсілдермен алуға болады.Күмәнді қоңырау, хабарлама немесе хат түскен кездегі сіздің әрекеттеріңіз: Байланысты дереу тоқтатыңыз.Байланысқа шыққан тұлға туралы ақпаратты (хат-хабарлардың скриншоттарын, телефон нөмірлерін, электрондық мекенжайларды, сайттарға сілтемелерді және өзге де деректерді қоса) белгілеп алыңыз.Ақпаратты нақтылап, одан әрі қажетті шараларды қабылдау үшін құқық қорғау органдарына немесе тиісті ұйымның (банктің, байланыс операторының және т. б.) қолдау қызметіне хабарласыңыз.БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер. Барлық сауалдарыңызға жауап алып, зейнетақы жинақтарыңыздан төлем алу және аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,байланыс орталығының 1418 көп арналы тегін байланыс нөміріне қоңырау шалу жолымен немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы, БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексере аласыз. Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1085519?lang=kk