Әлем
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпионат жеңімпаздары анықталды 03.07.2026
Алматыда Армияның орталық спорт клубында армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша Қарулы күштердің чемпионаты өтті.Жарысқа Қарулы күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен жоғары әскери оқу орындарының намысын қорғаған 17 команданың құрамындағы 115 спортшы қатысты.Чемпионаттың ашылу салтанатында ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары полковник Еркебұлан Түсіпханов армиялық қоян-қолтық ұрыстың әскери қызметшілерді даярлауда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.– Армиялық қоян-қолтық ұрыс жауынгердің күш-қуатын арттырып, төзімділігін шыңдайды, өзіне деген сенімділігін нығайтады және кез келген тапсырманы орындауға әзір болуға тәрбиелейді. Қорғаныс пен шабуылдың осы әмбебап тәсілін әрбір әскери қызметші жетік меңгеруі тиіс, – деді ол.Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте 32039 әскери бөлімінің құрамасы топ жарды. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің спортшылары күміс жүлдеге ие болса, үшінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы командасы еншіледі.Жекелей сын нәтижесінде 32039 әскери бөлімінің өкілдері лейтенант Ержан Олжас (70 келіге дейін), майор Вадим Федосеев (75 келіге дейін), сержант Азамат Асылбекұлы (90 келіге дейін) және сержант Еламан Қуатов (90 келіден жоғары) чемпион атанды.Сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері лейтенант Айдын Нұридинов (55 келіге дейін), қатардағы жауынгер Қасымбай Мұхит (65 келіге дейін), ефрейтор Дархан Дабылбек (80 келіге дейін) және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық құрамасының спортшысы ефрейтор Досқали Аширов (85 келіге дейін) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.«Үздік техника үшін» номинациясы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты Арлан Мейірбекке табысталса, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өкілі кіші сержант Мадхат Олжабаев иеленді.Биылғы чемпионат Армиялық қоян-қолтық ұрыс халықаралық федерациясының жаңа ережелеріне сәйкес жаңартылған форматта өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, берік командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысын паш етті.Айта кетейік, Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті барлық командаларды қажетті спорттық жабдықтармен толық қамтамасыз етіп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1241408?lang=ru
Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді 03.07.2026
21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтпек.Биыл еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиенің ең ауқымды ордасы 53 команда құрамында 14-17 жас аралығындағы 900-ден астам қатысушыны қабылдайды. Олардың қатарында Қазақстан әр өңірінен іріктелген құрамалар, Қарулы күштердің және өзге де күштік құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары, әскери колледждер мен мамандандырылған лицейлер бар. Бұған қоса Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысатынын растады.Халықаралық деңгейде ел намысын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің кадеттері қорғайды. Әзербайжан атынан Гейдар Әлиев пен Жәмшид Нахчыванский атындағы әскери лицейлердің курсанттары келеді. Беларусь елдегі ең көне әскери оқу орындарының бірі – Минскідегі Суворов әскери училищесінің командасын жібереді. Қырғыз елінен Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Дайыр Асанов атындағы Ұлттық әскери лицейдің тәрбиеленушілері қатысады. Ресейден 1,7 миллионнан астам бала мен жасөспірімді біріктіретін «ЮНАРМИЯ» бүкілресейлік әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері келеді. Өзбекстан намысын «Ватан таянчи» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қорғайды.«Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық сайыстар енгізілген. Қатысушылар әскери кросс пен эстафета, «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны, ату сайыстары, АК-74 автоматын толық емес шашып жинау, белтемірге тартылу, робототехника жарыстары мен «Айбын дарыны» зияткерлік ойынында сынға түседі.Бұдан басқа Action Air спорттық ату бойынша көрсетілімдер, «Біртұтас ел – біртұтас жер» кәсіби бағдар беру кездесуі және заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылады.– Биыл біз бағдарламаны жаңа білім беру және спорт бағыттарымен толықтырдық. Алғаш рет жүзуден жарыстар өтеді. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жас өнертапқыштар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін таныстырады. Сонымен қатар Smart Sarbaz үйірмесінің тәрбиеленушілері FPV-дрондарды басқару бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетеді. Робототехника, ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік салаларындағы инновациялық жобалардың таныстырылымы да өтеді, – деді «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев.Іс-шаралармен қатар қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама дайындалған. Оның аясында танымал спортшылармен, қоғам қайраткерлерімен және әскери қызметшілермен кездесулер, ашық аспан астындағы Aibyn Cinema кино көрсетілімдері, дәстүрлі «Айбын жалыны» алау кеші, әсерлі дрондар шоуы, Бурабай курортының көрікті жерлеріне экскурсиялар және этноауылдағы ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар да өткізілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1241373?lang=ru
Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттырады 03.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Тлеумбетовтың Жаңақорған ауданына жұмыс сапары Сунақата ауылындағы «Әмір» шаруа қожалығының егіс алқаптарын аралаумен жалғасты. Сондай-ақ аймақ басшысы осы сапарда «Сығанақ» қалашығын зерттеу жұмыстарының барысын да бағамдады.Шаруашылық орта есеппен жылына 200 тонна күріш және 400 тонна көкөніс-бақша өнімдерін өндіреді. Өнімдері Қызылорда және Түркістан облыстарының ішкі нарығына жеткізіледі. Заманауи агротехнологиялармен және техникамен жабдықталған. Атап айтқанда, «Беларус 1221» тракторы, «Class» комбайны, ХТЗ техникасы, жүк тиегіштер, лазерлі тегістегіштер, КамАЗ көліктері және агродрондар қолданылады. Бұл егін шаруашылығын цифрландыру мен өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.Биыл аймақта 89,7 мың гектарға дәнді дақылдар, 6,1 мың гектарға майлы дақылдар, 73,2 мың гектарға малазықтық дақылдар, 16,8 мың гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылып, 70 мың гектар болды. Бұл қадам су ресурстарын тиімді пайдалану және егіс құрылымын әртараптандыруға бағытталған.Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қолда бар 3975 техниканы толық жөндеуден өткізді. Қажетті минералдық тыңайтқыштардың жалпы көлемі 65,6 мың тонна, оның 11 мың тоннасы отандық өнімдер есебінен қамтамасыз етілуде.Аймақ басшысы барған келесі нысан ортағасырлық Сығанақ қалашығы еліміздегі ең маңызды археологиялық ескерткіштердің бірі саналады. Қыпшақ хандығының, кейін Ақ Орданың және Қазақ хандығының астанасы болған тарихи қала орны. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған маңызды тарихи ескерткіштер қатарына кіреді.Қазір мұнда ежелгі қамал дуалдарының іздері, төбешікке айналған құрылыс қалдықтары және археологиялық қазба жұмыстары барысында анықталған нысандар сақталған. Қалашық толық қалпына келтірілмегенімен, оның тарихи келбетін зерттеу, сақтау және қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1241317?lang=ru
Жаңақорғанда медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды 03.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары барысында көпбейінді орталық ауруханаға жапсарлас салынған жаңа қосымша ғимаратты аралап көрді.Медициналық қызмет сапасын арттыру және тұрғындардың заманауи диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту мақсатындағы құрылысты «Дәнекер құрылыс компаниясы» жүргізген. Оған 792 млн теңге қаржы бөлінген.Жалпы ауданы 1212,06 шаршы метр, екі қабатты, цокольдік қабаты да бар, 9 төсек-орынға арналған. Заманауи магниттік-резонанстық томография аппараты орнатылатын болады.Жаңа ғимарат аудан тұрғындарының жоғары технологиялық-диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, ауруды ерте анықтау мен сапалы медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді.Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасы 245 төсек-орынға есептелген, ғимараттың жалпы көлемі 5852,4 шаршы метр, үш қабатты, бес блоктан тұрады.Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қабылдау бөлімшесі, хирургия, терапия, перзентхана және гинекология бөлімшелері, зертхана, нейрореабилитация, жұқпалы аурулар, реанимация бөлімшелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, күндізгі емдеу бөлімі, сәулемен емдеу, рентген, трансфузиология, ультрадыбыстық зерттеу, жүкті әйелдерге арналған УДЗ аппараты және компьютерлік томография қызметтері көрсетіледі.Бүгінде ауруханада 1520 қызметкер аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Медициналық мекеме жеке қазандық арқылы сұйытылған газбен жылытылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1241323?lang=ru
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КАРТАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 03.07.2026
Ақтөбе облысында биылғы жылы 33 436 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған Өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Жоспардың орындалу барысы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның мәліметінше, жыл басынан бері жұмыспен қамтудың түрлі шараларына 12 194 адам тартылды. Оның ішінде 5 208 тұрғын тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 2 455 адам жұмыспен қамтылды.Ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларды іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл өңірде 116 жоба бойынша 3 343 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде 982-сі тұрақты, ал 2 361-і уақытша жұмыс орындары. Қазіргі таңда облыста 55 жоба іске асырылып, олардың аясында 1 615 адам жұмысқа орналастырылды.Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілуде. Мүгедектігі бар азаматтар үшін мемлекеттік және жеке ұйымдарда арнайы жұмыс орындары белгіленіп, олардың еңбек нарығына бейімделуі мен жұмыспен қамтылуына қолдау көрсетілуде.Облыс әкімі Асхат Шахаров халықты жұмыспен қамту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.«Жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, нақты нәтижеге бағытталуы тиіс. Жұмыс іздеп жүрген әрбір азамат мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізіп, еңбек ету мүмкіндігіне ие болуы қажет. Жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстарын жандандырып, барлық жоспарлы көрсеткіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету керек», – деді облыс әкімі.Отырыстың қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен аудан әкімдеріне Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясындағы іс-шараларды күшейтіп, жоспарланған көрсеткіштердің толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1241314?lang=ru
Ұландықтар Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына есімі жазылуымен ерекше құттықтады 03.07.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері отандық спорт аңызы Геннадий Головкиннің тарихи жетістігіне орай патриоттық акция ұйымдастырды. Атақты боксшының спорттағы ерен еңбегі мен ел абыройын асқақтатқан жетістіктеріне құрмет ретінде ұландықтар саптық алаңда чемпионның әлемге танымал спорттық брендіне айналған «GGG» жазуын бейнеледі.Акция Геннадий Головкиннің АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында орналасқан Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылдануына орай ұйымдастырылды. Ол осындай жоғары мәртебеге ие болған еліміздің тұңғыш өкілі атанды.Іс-шараның ерекше рухын Үлгілі-көрсетімді оркестрдің өнері айшықтай түсті. Әскери музыканттар Геннадий Головкин жекпе-жектер алдында дәстүрлі түрде рингке шығатын әйгілі Seven Nation Army композициясын орындады.Құрмет қарауылы ротасының әскери қызметшілері жоғары саптық даярлығы мен үйлесімді іс-қимылдарын көрсетіп, әсерлі патриоттық акцияның басты қатысушыларына айналды.- Геннадий Головкин өзінің қажырлы еңбегі, шеберлігі мен жарқын жеңістері арқылы Қазақстанның атын әлемге танытты. Оның спорттық жетістіктері ұлттық мақтаныш айналған. Ол жас ұрпаққа табандылық пен өз ісіне адалдықтың арқасында әлемдік деңгейдегі жетістікке жетуге болатынын дәлелдеген жарқын тұлға, - деді акцияға қатысушы қатардағы Марлен Сұрамаев.Геннадий Головкин кәсіби бокстағы ең жоғары құрметтердің бірі саналатын Халықаралық бокс даңқы залына алғашқы мүмкіндіктен-ақ қабылданды. Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді аңыз спортшылармен бір қатарда тұр.Геннадий Головкин спорттық мансабында әуесқой және кәсіби рингте де жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әуесқой бокста ол 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетіп, ұзақ жылдар бойы ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі болды. Сондай-ақ еліміздің намысын ең беделді халықаралық жарыстарда абыроймен қорғады.Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бұл патриоттық акциясы отандық спорт саңлақтарының жетістіктеріне деген құрмет пен Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаудың айқын көрінісі болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1241305?lang=ru
Тарбағатай - табиғаттың аманаты, болашақтың байлығы! 03.07.2026
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - ғасырлар бойы табиғат пен тарихтың үнсіз сырын сақтап келе жатқан ерекше мекен.Қазақстан Республикасы Президентінің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғауға бағытталған маңызды экологиялық шаралар жүзеге асырылды.Туристік маршруттар бойына қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды;Табиғат аясында демалушыларға қоршаған ортаға зиянсыз арнайы биопакеттер таратылуда;Табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға және экожауапкершілікті арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.Тарбағатайдың қайталанбас табиғаты – еліміздің баға жетпес байлығы. Оны сақтау - әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.Табиғатты таза ұстайық! Болашаққа бірге қамқор болайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1241306?lang=ru
Жергіліктендіру, жаңа жұмыс орындары және жалақының өсуі – мемлекеттің жеңіл өнеркәсіпті қолдауының міндетті шарты 03.07.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген кеңесте Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасына енгізілген кәсіпорындарды жергіліктендіруді арттыру туралы келісімдердің тетігі мен қарсы міндеттемелері қаралды.7 бөлім мен 30 іс-шарадан тұратын Кешенді жоспар жобасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорынын қолдаудың орта және ұзақ мерзімді шараларын қамтиды.Негізгі орта мерзімді шара қатарына кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету, өткізу нарығын кеңейту, мемлекеттік сатып алу тетігін жетілдіру және отандық өндірушілерге тең бәсекелестік жағдай жасау жатады.Сатып алу рәсімін жеңіл өнеркәсіп кәсіпорынының өндірістік циклі ерекшелігіне бейімдеуге ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудағы өнімді жеткізу мерзімін ұлғайтудың мүмкіндігі пысықталуда.Ұзақ мерзімді шаралар шеңберінде шикізат пен дайын өнімді толық қадағалау жүйесін, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіруді арттыру келісімі тетігін енгізу мәселесі қаралды.Ұсынылып отырған тетік мемлекет пен саладағы кәсіпорындар арасында келісім жасауды қарастырып, бұл ретте компаниялар қарсы міндеттемелерді өзі қабылдаған кезде қосымша қолдау шарасын ала алады.Атап айтқанда, келісімде өндіріс көлемін ұлғайту, жергіліктендіру деңгейін арттыру, қызметкерлердің жалақысын арттыру, персоналдың біліктілігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру және мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру міндеттемелерін бекіту жоспарлануда.Осындай келісім жасасқан кәсіпорындар үшін арнайы инвестициялық келісімшартты, жеңілдікпен қаржыландыруды және өзге де ынталандыру тетігі секілді мемлекеттік қолдау шараларын алу мүмкіндігі көзделеді.Талқылауды қорытындылай келе, Серік Жұманғарин мүдделі мемлекеттік органдарға, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдеріне маусымның соңына дейін ұсынылған тетіктерді пысықтап, келісілген ұсыныстар беріп, оларды Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары шеңберінде одан әрі іске асыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1241291?lang=ru
ЭСФ-ны уақытылы жазып үлгермедіңіз бе? 2026 жылы бизнесіңіз қандай тәуекелдерге тап болады 03.07.2026
Электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) уақытылы жазып беру — бұл жай ғана ресмилік емес, бұл өте маңызды процесс. 2026 жылғы Салық кодексі оларды бұзғаны үшін нақты мерзімдер мен қатаң салдарларды белгілейді.Бұғаттаулар мен айыппұлдарды болдырмауға көмектесетін негізгі ережелер:📅 ЭСФ жазып берудің негізгі мерзімдеріЖалпы мерзім: өткізу айналымы жасалған күннен ерте емес және осы күннен кейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей.Ай қорытындысы бойынша мерзім (келесі айдың 20-сына дейін): коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, экспедиторлық қызметтер, банктік операциялар, сондай-ақ электр энергиясын, суды және газды өткізу кезінде қолданылады.Тауарлар экспорты: айналым жасалған күннен кейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей.Сатып алушының талабы бойынша: егер жазып беру міндетті болмаса, бірақ сатып алушы шот-фактураны талап етсе, сізде айналым күнінен кейін 30 күнтізбелік күн бар.🚫 Кешіктірілген жағдайда не болады?Салық органдары сіздің ЭСФ деректеріңізді салық есептілігімен және жеткізушілеріңіздің деректерімен салыстыра отырып, салыстырмалы бақылау жүргізеді.Негізгі тәуекелдер:ЭСФ жазып беруді тоқтата тұру: Егер сіз алшақтықтарды жою туралы хабарламаны орындамасаңыз немесе орналасқан жеріңізді растамасаңыз, салық органы бір жұмыс күні ішінде ИС ЭСФ жүйесіне кіруіңізді бұғаттай алады.Тәуекелді салық төлеушілер тізілімі: ЭСФ жазып беруі тоқтатылғандар туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық жарияланады. Бұл репутацияға соққы — контрагенттер сізбен жұмыс істеуден қорқады, себебі олар ҚҚС-ты есепке жатқыза алмайды.Сатып алушының есепке алуын болдырмау: Егер сіз ЭСФ-ны талаптарды бұза отырып жазсаңыз (мысалы, ЖСН/БСН қате көрсетілсе немесе ЭЦП-мен расталмаса), сатып алушыңыз ҚҚС-ты есепке жатқыза алмайды.💡 Пайдалы кеңестер:✅ Хабарламаларды тексеріңіз: Егер салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар туралы хабарлама жіберсе, жауап беруге 30 жұмыс күніңіз бар, әйтпесе ЭСФ жазып беру тоқтатылады.✅ ЭЦП-ны қадағалаңыз: Электрондық нысандағы шот-фактура тек ЭЦП болған жағдайда ғана жарамды деп танылады.✅ Қағаз чектер ЭСФ-ны алмастырмайды: Көп жағдайда БКМ чегін беру сатып алушының талабы бойынша 15 күн ішінде ЭСФ жазып беру міндетінен босатпайды.Шоттарды жазуды соңғы күнге қалдырмаңыз! ИС ЭСФ-ны бұғаттау бүкіл компанияның жұмысын тоқтатып тастауы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1241295?lang=ru
Мемлекет басшысы АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады 03.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат танытып, бұл сапар Вашингтонда қол жеткізілген келісімдердің жалғасы, сондай-ақ АҚШ-пен сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам саналатынын атап өтті.Мемлекет басшысының айтуынша, Ақ үй әкімшілігіне Дональд Трамп келгеннен бастап Вашингтон Астанамен және Орталық Азия аймағымен ықпалдастықты айтарлықтай жандандыра түскен.– Біз АҚШ Президентінің дипломатияға деген батыл көзқарасын және прагматикалық ұстанымын толық қолдаймыз. Қазақстан Американың Ибраһим келісімдері, Бейбітшілік кеңесі, TRIPP бастамасы және басқа да негізгі жобаларын ілгерілетуге белсенді атсалысуда. Бірлескен күш-жігеріміз бүгінде бұрынғыдан да беки түскен кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізге тың серпін берді. Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы ауқымды саяси және экономикалық өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл реформалар елімізді ресурстарға тәуелді модельден білімге бағдарланған әртарапты экономикаға көшіруге бағытталған. Корпорацияңыздың инвестициялық басымдықтары Қазақстанның даму күн тәртібіне сай келеді. Біз нақты әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз, – деді Президент.Бен Блэк қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Алматыда Қазақстанның іскерлік қауымдастығымен өте нәтижелі әрі мазмұнды кездесу өткеніне тоқталды.Қасым-Жомарт Тоқаев аталған кездесулер екіжақты байланыстарды кеңейту тұрғысынан өзекті екеніне және қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру қажеттігіне айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы бірлескен инвестициялық жобаларды қолға алуға дайын екенін растады.Кездесуде аса маңызды минералдар, өзара көлік байланысы, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Сонымен бірге Қазақстанда АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі тұрақты өкілдігін ашу мәселесі қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1241245?lang=ru
Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелері Белградта талқыланды 03.07.2026
Белград, 2026 жылғы 15 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Қорғаныс министрі Братислав Гашичпен кездесті.Тараптар қорғаныс саласындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық пен әскери-техникалық әріптестікті талқылап, Сербия Президенті А.Вучичтің 2026 жылғы 26-27 ақпанда Астанаға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударды.Елші М.Атамқұлов Қазақстанның тәжірибе алмасуға және қорғаныс құрылымдарын жаңғыртуға мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде министр Б.Гашич серб қорғаныс ведомствосының осы саладағы Қазақстан-Сербия диалогвн одан әрі дамытуға берік бейілділігін растады.Кездесу соңында Елші М.Атамқұлов пен Министр Б.Гашич қауіпсіздік саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін сындарлы диалог пен өзара іс-қимылды жалғастыру ниеттерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1241242?lang=ru
Америкалық делегация Astana Mining & Metallurgy Congress 2026 көрмесіне қатысты 03.07.2026
Астана, 2026 жылғы 11 маусым – Америкалық делегацияның Қазақстанға сапары аясында АҚШ Үкіметі мен америкалық бизнес өкілдері Astana Mining & Metallurgy Congress (AMM 2026) 16-шы халықаралық тау-кен металлургия конгресі мен көрмесіне қатысты.Конгресті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов ашып, тау-кен металлургия кешеніне инвестициялар тартудың, технологиялық серіктестікті дамытудың және терең өңдеу өндірісін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Көрмедегі америкалық делегацияны АҚШ Сауда министрінің көмекшісі және АҚШ пен шетелдердегі Коммерциялық қызметтің бас директоры Дэвид Фогель басқарды. Сонымен бірге, AMM 2026 жұмысына тау-кен өнеркәсібі мен оған іргелес салаларда жұмыс істейтін АҚШ-тың 20-дан астам компаниясының өкілдері қатысты.Көрме аясында аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған Қазақстан-АҚШ дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, инвесторлар және бизнес қауымдастығы қатысты. Талқылаулардың негізгі бағыты өндірістік ынтымақтастықты дамытуға, өңдеу қуаттарын кеңейтуге және орнықты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған нақты инвестициялық жобалар мен жаңа келісімдерді пысықтауға арналды.Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның өңірдегі маңызды рөлін атап өтіп, елдің «C5+1» форматының практикалық құрамдас бөлігін нығайтуға қосып отырған дәйекті үлесін жоғары бағалады.Сонымен қатар, AMM 2026 алаңында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың Дэвид Фогельмен кездесуі өтті. Тараптар тау-кен металлургия кешені, машина жасау және басқа да перспективалы салалардағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1241243?lang=ru
Дұрыс жолды таңда! 03.07.2026
Біз жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «екі тағдыр» әлеуметтік бейнеролигін әзірледік. Бұл бейне екі жолды анық көрсетеді: тез ақша және кепілгердің рөлі, бұл сөзсіз қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыруға әкеледі немесе саналы таңдау -- салауатты өмір салты, даму және лайықты болашақ. Таңдау әрқашан бар. Оны дұрыс жасау маңызды. https://www.instagram.com/p/DZhtxS7Abfx/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1241235?lang=ru
Иорданияның сыртқы саяси мекемесінде халықаралық ұйымдар желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды 03.07.2026
Амман, 2026 жылғы 14 маусым – Иордан Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінде Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбайдың ИХК СІМ Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Али Әл-Басулмен кездесуі өтті.Сұхбат барысында тараптар халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстан мен Иорданияның өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, оның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіруді, екі елдің бастамалары мен кандидатураларын ілгерілетуді, сондай-ақ халықаралық институттар желісі бойынша ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту перспективаларын талқылады.Үстіміздегі жылғы желтоқсан айында Иорданияда өтетін Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастама аясындағы Жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар іс-шараға дайындық барысы бойынша пікір алмасты, Конференцияның қорытынды құжаттарын келісу үдерісіне тоқталды және аталған бастама шеңберінде алдағы уақытта тығыз өзара іс-қимыл жасауға мүдделіліктерін растады.Сонымен қатар, сұхбаттасушылар су қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырып, осы саладағы көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларды ілгерілету мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық ұйымдар мен көпжақты форматтар шеңберінде Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын келешекте нығайту, үйлестіру және дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыруға ниетті екендіктерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1241204?lang=ru
Салықтық шегерімдерді қолданған азаматтар үшін маңызды 03.07.2026
2025 жылы салықтық шегерімдерді қолдану үшін жұмыс берушіге жүгінген азаматтар 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруы қажет екенін еске саламыз.Бұл көпбалалы отбасыларға, оқу шығыстарына, медициналық қызметтерге және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларға арналған салықтық шегерімдерге қатысты.Егер сіз мұндай шегерімдерді жұмыс беруші арқылы қолданған болсаңыз, онда сізге 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін 270.00 нысаны бойынша декларацияны тапсырып, шегерімдерді қолдану құқығын тиісті құжаттармен растауыңыз қажет.Бұл ретте, егер сіз салықтық шегерімдерді қолдану үшін жұмыс берушіге жүгінбеген болсаңыз, бірақ растайтын құжаттарыңыз бар болса, талап қою мерзімі шегінде шегерімдерді қолдануға құқылысыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1241207?lang=ru
Бизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады 03.07.2026
Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерге қолдау көрсету шаралары «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесі отырысының негізгі тақырыптарына айналды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиында бизнестің, салалық қауымдастықтардың және мемлекеттік органдардың өкілдері қазақстандық өндірісті дамытуға қажет жүйелі өзгерістерді талқылады.Отырысты ашқан Айбек Дәдебай жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен мемлекет дамуының жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңда бекітілген қағидаттар жаңа өндірістерді іске қосу, жұмыс орындарын ашу және отандық бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы экономикада нақты көрініс табуы тиіс.Кейінгі он жылда өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі шамамен 50 пайызға өсіп, ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,2 пайыздан 13 пайызға дейін артты. Келесі кезеңнің міндеті – үстінен қосылатын құны жоғары өнім өндіретін өндірістерді дамыту.«Қосылған құн – XXI ғасырдың жаңа мұнайы. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіп туралы әңгіме – Қазақстанның экономикалық дербестігі туралы әңгіме деген сөз. Интеллектіні, технологияны және дайын өнімді экспорттайтын мемлекет әрдайым өз болашағын өзі айқындау ісінде әлдеқайда көп мүмкіндікке ие», - деді Айбек Дәдебай.Күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі – мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру. Іскерлік кеңеске қатысушылардың пікірінше, бұл жүйе отандық өндірісті дамыту ісін ынталандыруы тиіс. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті өнім өндірісін жолға қою деген сөз.Мәселен, Саяси кеңес бюросының мүшесі, «Универсал» компаниясының басшысы Замира Кузиева жеткізушілерді тек тауардың шығу тегіне қарай емес, олардың Қазақстан экономикасына қосқан үлесіне қарай бағалауды ұсынды.«Мемлекеттік сатып алу жүйесі тек тауарлар мен қызметтерді сатып алу тетігіне емес, сонымен бірге отандық өнеркәсіпті дамыту құралына айналуға тиіс», - деді ол.Ал «Каустик» АҚ-ның бас директоры Ермек Тоқмағамбетов қолдау шараларын толықтыруды ұсынды. Оның айтуынша, кәсіпорын отандық шикізатты өңдейді, өнімдегі локализация деңгейі 95 пайыздан асады, ал өндірісті дамытуға салынған инвестиция көлемі 100 миллион АҚШ долларынан асып отыр.«Елішілік құндылықтар деңгейін ескере отырып, өндірушілерді санаттарға бөлу жүйесін енгізу, сондай-ақ локализация деңгейі жоғары кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларын басымдықпен ұсыну қадамдарын қарастыру қажет», - деді Ермек Тоқмағамбетов.Қатысушылар ішкі нарықты тиімді қорғап алмайынша, локализацияға қолдау көрсету мүмкін емес екенін жеткізді. Қазақстандағы цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының басшысы Ғылымхан Қали ұлттық стандарттарды жаңарту қадамы сапасыз цемент импортының көлемін қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Ал «Адал Тауар» қауымдастығының төрағасы Гүлмира Уахитова былтыр Қазақстанда 205 мыңнан астам контрафактілік өнім бірлігі анықталып, заңсыз айналымдағы 8,6 миллион қорап темекі өнімі тәркіленгенін мәлімдеді.«Адал еңбек ететін бизнес заңды қасақана бұзатындармен бәсекелесуге мәжбүр болып отыр Ең негізгі мәселе – осы», - деді Гүлмира Уахитова.Іскерлік кеңес барысында айтылған барлық ұсыныс іс жүзінде жалғасын табуы тиіс. Айбек Дәдебайдың айтуынша, әрбір өнеркәсіптік жобаның артында кәсіпкерлер, инженерлер, жұмысшылар және олардың отбасылары тұр. Сондықтан отандық өндірісті дамыту қадамы еліміздің әрбір өңірінде нақты нәтиже беруі қажет.«Конституция нормаларын кәсіпкерлер, инженерлер, жұмысшылар, инвесторлар және әрбір қазақстандық отбасы нақты сезінетін шешімдерге айналдыру маңызды», - деді партия Төрағасы.Ол QR-код арқылы онлайн форматта қазақстандықтар өз бастамаларын ұсынып, мәселелері туралы хабарлай алатынын еске салды.«Әділет» партиясы Іскерлік кеңесі мүшелерінің барлық ұсынысы алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының Ақ кітабына (White Paper) біріктіріледі. Құжатқа бизнес өкілдерінің бастамалары, сарапшылардың ұсынымдары және оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспары енгізіледі.
Қазақстан мен Швеция экономикалық ынтымақтастықты жаңа практикалық деңгейге көтеруде 03.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «Astana Mining & Metallurgy» 16-шы Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысу үшін Астанаға келген Швеция Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диана Янсемен кездесті.Тараптар Қазақстан-Швеция ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады. Олар екіжақты қарым-қатынастағы ілгерілеушілік серпінді, саяси диалогтың, парламентаралық байланыстардың күшеюімен және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюімен қатар жүретінін атап өтті.Бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тараптар «Väderstad» пен «AgromashHolding KZ» АҚ арасындағы Қазақстанда жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жергіліктендіру бойынша ынтымақтастық перспективаларын, «Astana Motors» АҚ-мен бірлесіп жүк көліктерін жинау жобасы бойынша «Volvo Trucks» компаниясымен ынтымақтастықты және SKF-пен серіктестікті одан әрі дамытуды талқылады.Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп келе жатқан швед компанияларының, соның ішінде «Ericsson», «Epiroc», «Sandvik», «Scania» және «AstraZeneca» компанияларының үлесі ерекше атап өтілді.Тараптар бірлескен бастамаларды ілгерілету, инвестициялық жобаларды қолдау және іскерлік байланыстарды кеңейту үшін тұрақты платформа ретінде қызмет ететін сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Швеция екіжақты комиссиясын құрудың маңыздылығын атап өтті.Одан әрі ынтымақтастықтың перспективалы салаларына жаңартылатын энергия көздері, таза технологиялар, сумен жабдықтау шешімдері, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық мемлекеттік басқару және жасанды интеллект жатады. Кездесуден кейін көп қырлы серіктестікті одан әрі нығайтуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылық расталды.2005 жылдан 2025 жылға дейін Швециядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 705,6 млн АҚШ долларын құрады. Республикада денсаулық сақтау, технология, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және білім беру салаларында жұмыс істейтін шамамен 60 швед капиталы бар компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1241168?lang=ru
Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары 03.07.2026
Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары (бұдан әрі – мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары) – салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаған салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындауын қамтамасыз етуге бағытталған салық органының әрекеттері.Салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылатын мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мыналар болып табылады:- оның банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу;- дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу;- оның билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу;- жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару;- Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу;- жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1241118?lang=ru
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 03.07.2026
“Баянды ауылы әкімінің аппараты” MM-ci, “№8 Айналайын балабақшасы”, “№3 жалпы білім беретін мектебі” және “Баянды” Медициналық санитарлық алғашқы көмектің шағын үздік тәжірибе орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға болатынын хабарлаймыз.🔹Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан жер кезекке тұру, ЭЦҚ қашықтыктан алу, АӘК-ке құжат тапсыру, денсаулық сақтау, сот жұмысы, зейнетақымен қамтамасыз етуанықтамаларын қашықтықтан алу, отбасы туралы, жұмысқа орналасу, білім және кеден, салықтар, құқықтық көмектерге қатысты және әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлерін алаалады.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1241101?lang=ru
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару себептері: 03.07.2026
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару себептері:- жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен кезде;- салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады;- банкроттық себебінен қызметін тоқтату немесе тарату жағдайында;- заңды күшіне енген сот актісімен дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану;- заңды тұлғалар бірігу, қосылу немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1241108?lang=ru