Enbekshi QazaQ

Әлем

Жаңаөзендік сарбаздың видеосы миллиондаған оқырманды елжіретті 03.08.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Әрбір әскери қызметші үшін бұл күн ең маңызды күндердің бірі болып саналады, себебі әскери ант берген сәттен бастап Отан қорғаушының жолы басталады.Жас сарбаздардың қуанышын бөлісуге олардың ата-ана, туыстары мен достары арнайы келген. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін құттықтаулар айтылды, келушілер ұлдарын құшақтап, естелік суретке түсіп, сарбаздарға сәтті қызмет тіледі.Алайда, осы айтулы күннің қуанышын туыстарымен және жақындарымен бөліскен жүздеген жас әскери қызметшілердің арасында жан-жағын үнсіз бақылап тұрған бір сарбаз болды. Сол күні оған ешкім келе алмаған екен.Бұл сәтті Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы бойынша "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева байқап қалған. Ол жауынгерге жақындап, онымен сөйлесіп, кейіннен сол қысқаша сұхбатын әлеуметтік желілерде жариялаған.Жас сарбаздың шынайы эмоциясы желі қолдаланушыларын бей-жай қалдырмады. Бір тәуліктен аз уақыт ішінде бейнеролик 1,5 миллионға жуық қаралым жинады, ал мыңдаған қазақстандықтар бұл оқиға жан-жағымызға зейінді болудың, қамқорлық пен адамгершіліктің қаншалықты маңызды екенін еске салатынын атап өтті. Сондай-ақ оқырмандар мыңдаған қолдау сөздерін қалдырған.Ролик кейіпкері — Орал қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған қатардағы жауынгер Владимир Усов. Белгілі себептермен оның ата-анасы әскери ант қабылдау рәсіміне келе алмапты.- Әрине, осындай маңызды күнде ата-анамның қасымда болғанын қаладым. Бірақ мен жағдайды түсінемін. Ең бастысы, олар менде бәрі жақсы екенін біледі. Мен борышымды лайықты өткеру үшін және олардың сенімін ақтау үшін бар күшімді саламын, - дейді ұландық сарбаз ойымен бөлісіп.Әскери ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін бөлім қолбасшылығы сарбаздардың әртүрлі себептермен салтанатты шараға келе алмаған ата-аналарымен бейне байланыс ұйымдастырды. Жас жауынгерлер өздерінің туыстарын көруге, әскери қызметтегі ең маңызды оқиғалардың бірі үшін жылы сөздер мен құттықтаулар естуге мүмкіндік алды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1267877?lang=ru
2025 жылы 9–11 сәуірде Маңғыстау облысы делегациясының Түркістан облысына тағылымдамалық іс-сапары 03.08.2026
2025 жылдың 9-11 сәуір аралығында Маңғыстау облысынан арнайы жасақталған делегация Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тағылымдамадан өтті.Бұл іс-сапардың негізгі мақсаты – Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, сондай-ақ туризм салаларындағы озық тәжірибелерімен тереңірек танысып, сол бағыттар бойынша тиімді идеялар мен жұмыс тәсілдерін меңгеру.Тағылымдама барысында делегация мүшелері Түркістан облысының түрлі ауылдық округтеріне барып, жергілікті әкімдермен және сала мамандарымен кездесіп, тәжірибе алмасты.Сонымен қатар, оларға аймақтың аграрлық жобалары, суармалы егіншілік, балық өсіру технологиялары және туристік әлеуетті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен таныстырылды.Бұл тағылымдама ауылдық деңгейдегі басқару сапасын арттырып, аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға өзіндік үлесін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1267878?lang=ru
2025 жылғы 6 сәуірде танымал қобызшы Олжас Құрманбек Бозжыра шатқалында жаңа бейнебаян түсірді 03.08.2026
Республикаға танымал өнерпаз Олжас Құрманбек Бозжыра шатқалында «Dune 2» шығармасына арнап бейнебаян түсірді. Әлеуметтік желі қолданушылары музыкалық туындымен қоса Маңғыстау өлкесінің туристік тұмарына баланған Бозжыра шатқалы мен теңдесіз табиғат көрінісіне тамсанды,- деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.Олжас Құрманбек – әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрген, шығармашылығымен тыңдарман жүрегін жаулаған кәсіби қобызшы. Қобызшы әйгілі фильмдерге саундтрек ретінде жазылған композицияларды еліміздің әсем табиғатында орындап, әлеуметтік желілерге жариялайды. Жуырда Олжас Құрманбек Instagram желісіндегі жеке парақшасына Маңғыстау өңірінде түсірілген бірнеше бейнежазбаны жариялады.Шетелдік және жергілікті желі қолданушылары өнерпазға жылы лебіздерін арнадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1267847?lang=ru
2025 жылы 6–17 сәуір аралығында Маңғыстауда алғаш рет француз туристерінің қатысуымен велотур өтті 03.08.2026
2025 жылы 6–17 сәуір аралығында Маңғыстау облысында Франциядан келген велотуристердің қатысуымен 11 күндік велошеру ұйымдастырылды. Бірегей жоба аясында қатысушылар Форт-Шевченкодан Қарынжарық ойпатына дейінгі 600 шақырымдық бағытты бағындырды.Бұл — өңір тарихында алғаш рет осындай ауқымда өткізілген велотур. Шараға Францияның әр түкпірінен жиналған 11 тәжірибелі велосипедші қатысты. Олардың қатарында әйгілі саяхатшы, режиссер әрі зерттеуші Седрик Тассан мен Франциядағы жетекші туроператорлық компаниялардың бірі — Terres d’Aventure ұйымының бас директоры Эрик Балиан да бар.Маршрут Маңғыстаудың ең көрікті аймақтарын қамтыды. Қатысушылар Шерқала тауы, Бозжыра шатқалы, Торыш және тағы басқа табиғи нысандарды аралап, аймақтың тарихи-мәдени құндылықтарымен танысты.Бұл тур — Маңғыстаудың туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныстыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Франциялық қонақтар аймақ табиғатының сұлулығына таңданып, вело және экотуризм тұрғысынан зор мүмкіндіктерге ие екендігін атап өтті.Сапар соңында Седрик Тассан мен Эрик Балиан Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашевпен кездесті. Тараптар болашақта Франциядан туроператорлар, блогерлер мен БАҚ өкілдеріне арнап ақпараттық тур ұйымдастыру жөнінде келісімге келді. Бұл бастама өңірдің туризмін жаңа деңгейге көтеруге серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1267831?lang=ru
2025 жылғы 29 наурызда «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Ақтау қаласының жағалау аумағында тазарту жұмыстары жүргізілді 03.08.2026
Маңғыстау облысының туризм басқармасының қызметкерлерімен 2025 жылдың 29 наурыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Ақтау қаласының жағалау аумағында көшелерді тазарту жұмыстары жүргізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1267816?lang=ru
Қазақстан Республикасында Түрікменстан азаматтарының жоғары білім алу мүмкіндіктері және академиялық ынтымақтастық туралы 03.08.2026
Қазақстан Республикасында Түрікменстан азаматтарының жоғары білім алу мүмкіндіктері және академиялық ынтымақтастық туралыҚазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде академиялық байланыстарды нығайтуға және жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді.Шетелде жоғары білім алуды жоспарлап отырған Түрікменстан азаматтары үшін Қазақстан Республикасы қолайлы жағдайлар, заманауи білім беру бағдарламалары мен жоғары мектептің дамыған инфрақұрылымын ұсынады. Шетелдік талапкерлермен жұмысты үйлестіру және түсу процесін ақпараттық сүйемелдеу ресми Study in Kazakhstan мемлекеттік платформасы арқылы жүзеге асырылады.Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқудың артықшылықтарыҚазақстанның жоғары білім беру жүйесі Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіне (Болонья процесіне) біріктірілген және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Түрікменстан азаматтары үшін ҚР жоғары оқу орындарында оқудың бірқатар стратегиялық артықшылықтары бар:Білім туралы құжаттарды тану: Жетекші қазақстандық жоғары оқу орындары беретін дипломдар Түрікменстанда ресми түрде танылады, сондай-ақ халықаралық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.Тілдік орта және бейімделу: Оқыту орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін бағдарламалардың кең спектрінің болуы, сондай-ақ екі мемлекеттің мәдени-тарихи жақындығы студенттердің бейімделуі үшін қолайлы жағдай туғызады.Ғылыми-техникалық база: Қазақстан университеттері заманауи зерттеу зертханаларымен, оқу корпустарымен және абаттандырылған студенттік жатақханалармен жабдықталған.Сұранысқа ие мамандықтар: Бағдарламалар каталогына басым дайындық бағыттары кіреді: инженерлік-техникалық мамандықтар, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект, экономика, халықаралық қатынастар және заманауи медицина.Study in Kazakhstan цифрлық платформасын пайдалануStudy in Kazakhstan бірыңғай ақпараттық ресурсы шетел азаматтарын қабылдау рәсімдерінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бейінді ведомстволармен әзірленді.Осы портал арқылы Түрікменстаннан келген талапкерлер келесі кезеңдерді жүзеге асыра алады:Оқу орнын таңдау: Қазақстанның ұлттық, мемлекеттік және халықаралық зерттеу университеттерінің тізімімен танысу.Академиялық бағдарламаны таңдау: Білім беру деңгейлері (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша дайындық бағыттарын іздеу.Құжаттарды тапсыру: Шетел азаматтарын қабылдау регламентіне сәйкес қажетті құжаттар топтамасын қашықтықтан ұсыну.Өзара іс-қимыл тәртібі және анықтамалық ақпаратҚазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі азаматтарға білім алу мәселелері және жастар мен академиялық алмасуларды дамыту бойынша жәрдем көрсетеді.Қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімдері, қажетті анықтамалар тізбесі және талапкерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат мына ресми ресурста қолжетімді:Ресми портал: studyinkz.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ashgabat/press/news/details/1267804?lang=ru
2025 жылғы 15 наурызда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазарту жұмыстары жүргізілді 03.08.2026
Маңғыстау облысының туризм басқармасының қызметкерлерімен 2025 жылдың 15 наурыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазарту жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1267797?lang=ru
Астана қаласында Жасанды интеллект бойынша 3-ші Халықаралық IOAI 2026 олимпиадасы басталды 03.08.2026
3 тамызда Астанада Жасанды интеллект бойынша 3-ші Халықаралық IOAI 2026 олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бір апта бойы Қазақстанның астанасы талантты оқушылардың, жетекші сарапшылардың және әлемдік технологиялық индустрия өкілдерінің бас қосатын алаңына айналды.Олимпиаданы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек, IOAI халықаралық кеңесінің негізін қалаушысы әрі төрайымы Елена Маринова және Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин қатысты.Рәсімге IOAI 2026 қатысушылары, команда жетекшілері, байқаушылар және халықаралық олимпиадалық қауымдастықтың өкілдері жиналды. Биылғы жарыс 106 ел мен аумақтан келген 500-ге жуық қатысушының басын біріктірді. Астана жаңа буын зерттеушілері, инженерлер және технология жасаушылардың кездесетін орнына айналды.«Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданы Астанада осындай бұрын-соңды болмаған деңгейде қабылдау - біз үшін үлкен мақтаныш, елордамыз рекордтық 106 елдің басын біріктірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жасанды интеллект саласын дамытуға көрсеткен жеке қолдауы мен назары бұл оқиғаға ерекше мәртебе береді. Осындай назардың арқасында Қазақстан өзін озық технологиялық держава ретінде сенімді түрде көрсетіп отыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің талантты жастарымыздың ең батыл амбицияларын жүзеге асыруға және серпінді шешімдер қабылдауына барлық мүмкіндік алуы үшін жүйелі түрде жұмыс істей береді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.Қатысушылармен өз тәжірибелерімен және жасанды интеллекттің болашағы туралы көзқарастарымен бөліскендер:Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz тең құрылтайшысы және бас директоры;Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және бас директоры;доктор Кай-Фу Ли, Sinovation Ventures төрағасы әрі бас директоры, Sinovation Ventures жасанды интеллект институтының президенті, Google China бұрынғы президенті.Шақырылған сарапшылардың сөз сөйлеуі рәсімнің негізгі бөліктерінің бірі болды. Спикерлер жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы, іргелі білімнің маңызы, эксперименттерге дайындық және әзірлеушілердің жаңа буынының жауапкершілігі туралы айтып берді.Еске салар болсақ, ЖИ бойынша 3-ші Халықаралық олимпиада - IOAI 2026 Астанада 2-8 тамыз аралығында өтуде. Қатысушылар машиналық оқыту, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және жасанды интеллекттің басқа да бағыттары бойынша есептерді шешеді.Олимпиада бағдарламасына екі жеке тур, командалық челлендж, білім беру кездесулері, халықаралық пікірталастар мен мәдени іс-шаралар кіреді.IOAI 2026 жарысының Қазақстанда өтуі еліміздің цифрлық білім беруді дамытуға, талантты жастарды қолдауға және жасанды интеллект саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға қатысуға ұмтылысын көрсетеді.Қазақстандағы олимпиаданы ұйымдастырушы - Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы (CPFED).Анықтамалық ақпаратIOAI - мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша халықаралық ғылыми олимпиада. Ол жас таланттарға жарысу, білім алмасу және жасанды интеллект технологияларын дамытудың озық бағыттарымен танысу алаңы. Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада 2024 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан жарыстардың біріне айналған. IOAI алғаш рет 2024 жылы Бургас қаласында (Болгария) өтіп, 32 ел мен аумақты жинады. ЖИ бойынша екінші халықаралық олимпиада Бейжіңде (ҚХР) өтті, онда 61 ел мен аумақ қатысты. Астана рекордты қатысушылар мен елдердің басы қосылған 3-ші IOAI қабылдауда.IOAI 2026 серіктестері:ЖИ бойынша 3-ші Халықаралық олимпиада ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Астана қ. әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.Жаһандық серіктестер: IMC, Jane Street, Google, Huawei, Galbot, HRT, Mohammed ben Zayed University of AI, DeepInfra.Жергілікті серіктестер: Kaspi.kz, Freedom Holding Corp., Documentolog, Higgsfield AI, Astana Hub.Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1267648?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/1267767?lang=ru
ЖҮГІРУ, ПІКІРТАЛАС ЖӘНЕ ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ ӘҢГІМЕ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ДОДА ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР? 03.08.2026
Қазақстандағы сайлауалды науқан түрлі форматта жалғасуда. Партиялар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесіп, қоғамдық тыңдаулар өткізіп, кәсіпкерлер мен әлеуметтік топтардың мәселелерін талқылауда.«Әділет»: ауыл, спорт және туризм мәселелері«Әділет» партиясы «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындармен кездесулер өткізді. Ауыл тұрғындарынан 100-ге жуық ұсыныс жиналды.Кездесулерде ауылды дамыту, спорт нысандарын салу, параспортты қолдау, ауыл жаттықтырушыларына грант бөлу, ArtSport және Damubala бағдарламаларын қаржыландыру мәселелері көтерілді. Кәсіпкерлермен кездесуде отандық өндіріс пен инвестиция тарту, орта бизнестің экономикадағы үлесін 7%-дан 20%-ға дейін арттыру ұсыныстары айтылды.Бурабайда туризм инфрақұрылымы, экотуризм, агротуризм және жергілікті өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.ОСДП: ТКШ, кибералаяқтық және экологияОСДП Қарағандыда азаматтық тыңдау өткізіп, коммуналдық сала, кибералаяқтық және экологиялық ахуал мәселелерін талқылады.Партия ТКШ және МИБ мәселелері бойынша жеке палата құруды, интернет-алаяқтықпен күресті күшейтуді және ауа мен су сапасы туралы ақпараттың ашықтығын арттыруды ұсынды. Сонымен қатар тұрғындармен кездесуде еңбек жағдайы, инфрақұрылым және қоғамдық кеңістіктерді дамыту мәселелері көтерілді.«Байтақ»: экологияға басымдық«Байтақ» жасылдар партиясы сайлауалды науқанын Аралдағы таңғы марафоннан бастады. Партия қоршаған ортаны қорғау, таза ауа мен суды сақтау және адам денсаулығына қолайлы орта қалыптастыру мәселелерін басты бағыт ретінде айқындады.Қазақстан Халық партиясы: ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауҚазақстан Халық партиясының кандидаттары «Spina Bifida» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесіп, балалар мен олардың отбасыларының мәселелерін талқылады.Негізгі мәселелер қатарында медициналық көмек пен оңалту қызметтеріне қолжетімділік, техникалық құралдармен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау бар.«Ауыл»: фермерлер мен ауыл тұрғындарының мәселелері«Ауыл» партиясы Ақмола облысындағы Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті. Партия агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, фермерлерді қолдауға, заманауи технологияларды енгізуге және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасауға басымдық берді.«Құс: ауладан дастарқанға дейін» жобасы арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту және ауыл отбасыларының табысын арттыру ұсынылды. Тұрғындар жол, әлеуметтік инфрақұрылым, жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау мәселелерін көтерді.«Ақ жол»: подкаст, велошеру және кездесулер«Ақ жол» партиясы сайлауалды науқанын подкасттар, велошерулер және сайлаушылармен кездесулер арқылы жалғастыруда. Подкастта қаржылық қауіпсіздік, микрокредиттеу және алаяқтық мәселелері талқыланды.Партия өкілдері мен жақтастары Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Көкшетау және Маңғыстау өңірлерінде түрлі акциялар мен кездесулер өткізуде. Негізгі тақырыптар – кәсіпкерлікті қолдау, әділетті экономика және сайлаушылардың ұсыныстарын жинау.Respublica: төрт күндік жұмыс аптасына қарсы пікірRespublica партиясы Алматыдағы кәсіпкерлермен кездесуде ОСДП ұсынған төрт күндік жұмыс аптасына қатысты сын айтты.Партия өкілі жұмыс уақыты қысқарған жағдайда жалақыны сақтау бизнестің шығынын арттыратынын атап өтті. Кездесуде кәсіпкерлікті дамыту және бизнеске кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдар да талқыланды.
Ақтөбе өңірлік университетінің 50-ден астам студенті Отанға адал болуға ант берді 03.08.2026
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ әскери кафедрасы студенттерінің Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.Іс-шараға әскери білім ордасының басшылығы, жоғары оқу орны әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, әскери қызметшілер, оған қоса студенттердің ата-аналары мен жақындары қатысты.Әскери ант берген студенттер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, әскери борышын адал атқаруға, халқына қалтқысыз қызмет етуге және кез келген уақытта елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға ант берді.Түлектерді құттықтау сөзінде институт басшылығы оқу барысында олар таңдаған мамандықты меңгеріп қана қоймай, сапалы әскери даярлықтан өткенін, мықты теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды игергенін атап өтті. Бұл олардың запастағы офицерлер мен сержанттар ретінде әскери-есептік мамандық бойынша жүктелген міндеттерді кәсіби деңгейде орындауына мүмкіндік береді.Биыл әскери даярлық бағдарламасын 52 студент сәтті аяқтағанын айта кеткен жөн. Оның ішінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының тарихында алғаш рет «ұшақтарды, тікұшақтарды және авиациялық қозғалтқыштарды пайдалану және жөндеу» мамандығы бойынша 12 запастағы офицер даярланып шықты. Бұдан бөлек авиациялық техниканы пайдалану және жөндеу бағытындағы мамандықтар бойынша 40 студент запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасын аяқтады. Әуе қорғанысы күштері әскери білім ордасы үшін бұл түлектер – запастағы сержанттардың үшінші легі.Білікті жұмылдыру резервін даярлау – институт қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыс еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтуға едәуір үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1267764?lang=ru
Қазақстан Елшісі Пәкістанның мемлекеттік Әділет министрімен кездесті 03.08.2026
Исламабад, 2026 жылғы 31 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Әділет жөніндегі мемлекеттік министрі А.Маликпен кездесті.Жүздесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібін, сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған сапарлар мен іс-шараларды талқылады.Сұхбаттасушылар мемлекеттік органдар деңгейінде ғана емес, сондай-ақ іскерлік, академиялық, мәдени, ғылыми-техникалық қауымдастықтар, спорт федерациялары және өзге де салалар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қанағаттанушылықпен атап өтті.Осы тұрғыда, ең алдымен, екі елдің уәкілетті органдары арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.Құқықтық ынтымақтастықтың өзара қызығушылық тудыратын нақты бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан мен Пәкістанның әділет министрліктері өкілдері арасында келіссөздер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1267695?lang=ru
Дубайда басқару саласы бойынша мемлекеттік қызметшілер даярлау мәселесі талқыланды 03.08.2026
Дубай, 2026 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Мұхаммед бен Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебінің (MBRSG) ректоры Али бен Сибаа әл-Марримен кездесті.Кездесу барысында тараптар мемлекеттік басқару, кадр даярлау және тәжірибе алмасу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Елші MBRSG-дің БАӘ-дегі мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жаңғыртып жатқанын, бұл ретте жаңа буын мамандарын даярлауға, ғылымды және жасанды интеллектіні дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.Р.Жұмабек қазақстандық студенттерге MBRSG магистратурасында білім алуға гранттар бөлу, мектептің профессорлық-оқытушылық құрамын дәрістер, тренингтер өткізуге және ғылыми кеңес беруге тарту, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне арналған қысқамерзімді біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Өз кезегінде Али бен Сибаа Әл Марри биыл MBRSG мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанына 10 жыл толатынын атап өтті. Ол осы уақыт ішінде екі мекеме арасындағы әріптестіктің табысты дамып келе жатқанына назар аударып, аталған датаға орай бірлескен іс-шаралар өткізуді ұсынды.Кездесу соңында тараптар мемлекеттік басқару саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен білім беру бастамалары мен іс-шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1267672?lang=ru
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕТІН ҮШ ІРІ ЖОЛ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ 03.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастады. Президент бұл жобалардың елдің көлік-логистика жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтетінін атап өтті.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның географиялық орналасуы елге Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі көлік дәліздерінің бірі болуға мүмкіндік береді. Сондықтан заманауи әрі тиімді көлік инфрақұрылымын қалыптастыру – стратегиялық міндет.Соңғы жылдары бұл бағытта бірқатар ірі жоба жүзеге асырылды. Былтыр «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылып, жүк тасымалдау көлемі бес есеге артты. Алматыны айналып өтетін теміржол желісінің іске қосылуы да жүк жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді.Автомобиль жолдары саласында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы бес жылда автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі екі есеге өскен. Былтыр бұл қызмет түрінен түскен табыс 1,5 триллион теңгеге жетті. Қазақстан аумағы арқылы сегіз халықаралық көлік дәлізі өтеді, олармен күн сайын шамамен 35 мың автокөлік қатынайды.Өткен жылы ел бойынша 13 мың шақырым автожолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның 6 мың шақырымы пайдалануға берілді. Алдағы жылы автокөлік өткізу бекеттерін толық жаңғырту жоспарланып отыр.Осы жүйелі жұмыстың жалғасы ретінде «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бойынша ұзындығы шамамен 800 шақырым болатын жаңа автожолдың құрылысы басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаның халықаралық маңызы бар екенін атап өтіп, оны «Арал-Каспий магистралі» деп атауды ұсынды.Жаңа жол Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейінгі жүк тасымалының бағыты шамамен 1 мың шақырымға қысқарып, жеткізу мерзімі үш тәулікке дейін азаяды деп күтілуде.Сонымен қатар жалпы ұзындығы 774 шақырым болатын «Қызылорда – Сексеуіл» және «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолдарын кеңейту және түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаларды отандық компаниялар жүзеге асырады. Құрылысқа 10 мыңнан астам жұмысшы тартылмақ.Жолдар толық пайдалануға берілгеннен кейін осы бағыттағы жүк тасымалы 2,5 есеге артып, жылына 13,2 миллион тоннаға дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде өңірлер арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, сауда, логистика және туризм салаларының дамуына жаңа мүмкіндік береді.Президент қазіргі таңда Қазақстанның көлік желісі негізінен солтүстіктен оңтүстікке бағытталған дәстүрлі бағыттармен шектелмей, шығыстан батысқа қарай да кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа магистральдар елдің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай, бұрын тұйық бағыт саналған аумақтарды Еуразияның ірі көлік дәліздерімен байланыстырады.Мемлекет басшысы жол құрылысы инфрақұрылымдық жобалармен ғана шектелмеуі керек екенін айтып, көлік саласында заманауи цифрлық экожүйе қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ отандық автоөндірісті тарта отырып, қазақстандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған ұлттық бағдарламаның қажеттігін атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жолдардың құрылысын белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын да ерекше атап өтті. Үш жоба бойынша негізгі жұмыстарды 2029 жылдан кешіктірмей аяқтау көзделіп отыр.«Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» бағыттарының іске қосылуы Қазақстанның ішкі көлік байланысын күшейтіп қана қоймай, елдің халықаралық транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды қадам болмақ. Бұл жобалар Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы жетекші логистикалық желілердің біріне айналдыру мақсатына қызмет етеді.
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі 03.08.2026
Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл науқан азаматтардың мемлекет тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауы арқылы елдің болашағын айқындауға қатысатын жауапты кезең.Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Сайлау учаскелері талапқа сай әзірленіп, халыққа жан-жақты ақпарат берілуде. Бұл – елімізде демократиялық қағидаттардың орнығып, әрбір азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыруына барлық жағдай жасалып жатқанын айғақтайды.Ардагерлер қауымы үшін елдің тұрақтылығы, қоғамдық келісім мен ұрпақтар сабақтастығы әрдайым басты құндылықтардың бірі болып келеді. Біз еліміздің бүгінгі жетістіктері бірлік пен татулықтың, өзара құрмет пен жауапкершіліктің нәтижесі екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – тек жеке таңдау ғана емес, мемлекет алдындағы азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.Құрылтайдың тиімді жұмысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық келісімді сақтауға және әділетті мемлекет қалыптастыруға өз үлесін қосатынына сенімдімін. Бұл – мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.Осы орайда, барлық қала тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырамын. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Біз татулық пен тұрақтылықты сақтай отырып, ортақ мақсатқа жұмыла білсек, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне бірге қызмет етеміз.Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бүгін «TANDEM» радиосының тікелей эфирінде Ақтөбе облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты кеңінен таныстырылды. 03.08.2026
Эфирге Ақтөбе облыстық басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлы Тұралиев қатысып, гранттық байқаудың мақсаты, қатысу талаптары, өтінім беру тәртібі және жастарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.Егер сіздің тың идеяңыз немесе қоғам игілігіне бағытталған жобаңыз болса, Ақтөбе облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты — оны жүзеге асыруға арналған тамаша мүмкіндік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1267590?lang=ru
2026 жылғы 29–31 шілдеде өткен халықаралық «Trophée Paris–Pékin par la Route de la Soie» ретро және классикалық автомобильдер раллиі 03.08.2026
2026 жылғы 29–31 шілде аралығында Қазақстан Республикасында халықаралық «Trophée Paris–Pékin par la Route de la Soie» ретро және классикалық автомобильдер раллиінің қазақстандық кезеңі өтті.Маңғыстау облысы аумағы арқылы өткен кезеңді ұйымдастыру барысында облыстық туризм басқармасы ҰҚК Шекара қызметімен және ұйымдастырушылармен бірлесіп үйлестіру жұмыстарын жүргізді.80 шетелдік қатысушыдан құралған 36 экипаж Маңғыстау ауданындағы «Qazaq Camp Yurts & Rooms» туристік кешеніне, сондай-ақ Бейнеу ауданындағы «Арай», «Бейнеу» және «Жібек жолы» қонақ үйлеріне орналастырылды.31 шілдеде барлық экипаж «Тәжен» кеден бекеті арқылы Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына кідіріссіз өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1267470?lang=ru
О проведении анализа коррупционных рисков 03.08.2026
«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2026 жылдың 1 тамызынан бастап 2026 жылдың 16 қыркүйегіне дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saulet-saran/press/news/details/1267460?lang=ru
Мүлікті есепке алу енді электронды болмақ: Ұлттық ұланда цифрлық трансформация жалғасуда 03.08.2026
Жаңа жүйе әрбір мүлікті есепке алу процесін толық көруге мүмкіндік береді: қоймаға түскен сәттен бастап нақты әскери қызметшіге берілгенге дейінгі жолды бақылай аласыз.Бұл жүйе ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін енгізіліп отыр.Бірлескен жоба киім-кешек мүлкін есепке алуды толығымен цифрлық және ашық етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.Әр элементтің өз сандық белгісі болады (RFID немесе штрих-код). Осының арқасында қолбасшылық нақты уақыт режимінде мүліктің қай жерде екенін, кімге берілгенін және оның қоймада қанша қалғанын біле алады.Алматыдағы 7552 әскери бөлімі жаңа жүйені бірінші болып қолдана бастайды. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының басқа да әскери бөлімдеріне табысты тәжірибені тарату жоспарлануда.Сандық есепке көшу бірден бірнеше маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Біріншіден, қағаз толтыру және түгендеу кезінде туындауы мүмкін қателіктерді жою. Екіншіден, мүлікті қабылдауды, беруді және тексеруді едәуір жеделдету. Бұрын бірнеше сағат немесе тіпті бірнеше күн жүргізілген процесті енді бірнеше минут ішінде аяқтауға болады.Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу барлық процестерді барынша ашық етуге, есепке алу дәлдігін арттыруға, ақпаратты өңдеу уақытын қысқартуға, адам факторының әсерін барынша азайтуға және әскери қызметшілерді заттай қамтамасыз етуді басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесін құруға мүмкіндік береді.Осылайша, тәртіп сақшылары қызметті тиімдірек ететін және мемлекеттік мүлікті басқаруды дәлірек, жылдам және ашық ететін заманауи технологияларды енгізу арқылы дәйекті цифрлық трансформацияны жалғастыруда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1267253?lang=ru
Алматы облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған басым жобалар қаралды 03.08.2026
Алматы облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы Іле ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар медициналық ұйымдардың қызметімен танысты. Іссапарға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов қатысты.Жұмыс сапары барысында Іле аудандық орталық ауруханасы, Боралдай ауылдық аудандық ауруханасы, Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасы және Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының қызметі зерделеніп, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобалар талқыланды.Іле аудандық орталық ауруханасында емдеу процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық база және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар 125 орындық жаңа перзентхана мен бір ауысымда 150 келушіге арналған әйелдер консультациясының құрылысын жүзеге асыру, аурухананы магниттік-резонанстық томография аппаратымен қамтамасыз ету және қабылдау бөлімін кеңейту жобалары пысықталды.Өтеген батыр кентіндегі емхананың жұмысымен танысу барысында халық санының артуына байланысты медициналық мекеменің жүктемесі айтарлықтай өскені айтылды. Осыған орай емхана ғимаратын кеңейту және қосымша корпус салу мәселесі қарастырылды.Боралдай ауылдық аудандық ауруханасында мекемені жаңғыртуға бағытталған бірқатар бастама талқыланды. Атап айтқанда, аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, 100–150 орындық жаңа стационар салу, Жайнақ ауылында дәрігерлік амбулатория ашу, медициналық жабдықтарды жаңарту, кадрлық әлеуетті нығайту және санитарлық автокөлік паркін жаңарту мәселелері көтерілді.Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында балаларға көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары таныстырылды. Жыл сайын мұнда 50 мыңға жуық пациентке медициналық көмек көрсетіліп, 10 мыңнан астам бала стационарлық ем алады, 5 мыңға жуық операция жасалады. Биыл аурухана ұлттық аккредиттеуден сәтті өтіп, реновация аясында телемедицина, симуляциялық және ситуациялық-талдау орталықтарын ашу жоспарланып отыр.Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында онкологиялық және гематологиялық бағыттағы мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ клиниканың материалдық-техникалық әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған жоспарлар талқыланды.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау нысандарын кезең-кезеңімен жаңғырту, жаңа медициналық инфрақұрылым қалыптастыру, материалдық-техникалық базаны күшейту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөнінде нақты міндеттер айқындалды. Бұл жобаларды іске асыру Алматы облысында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырып, өңір тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1267230?lang=ru
Алматы облысы әкімінің орынбасары Еңбекшіқазақ ауданындағы денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты 03.08.2026
Алматы облысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы жұмыс сапарымен Еңбекшіқазақ ауданына барып, өңірдегі бірқатар денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты. Іссапарға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов қатысты.Жұмыс сапары Шелек ауылындағы ШЖҚ «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы» КМК-дан басталды. Делегация медициналық ұйымның қызметімен, бөлімшелердің жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің ұйымдастырылуымен танысты. Сонымен қатар аурухана аумағында салу жоспарланып отырған күндізгі стационардың құрылыс жобасы қаралып, оны іске асырудың негізгі кезеңдері талқыланды.Одан кейін жұмыс тобы Алматы облыстық паллиативтік көмек ауруханасына барып, медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасымен, паллиативтік көмекті ұйымдастыру жүйесімен және пациенттерге жасалған жағдаймен танысты. Кездесу барысында ұжыммен аурухананы одан әрі дамыту және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Шелек ауылындағы облыстық мамандандырылған балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерге жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен, медициналық және оңалту қызметтерінің ұйымдастырылуымен танысты.Жұмыс сапары Есік қаласында жалғасты. Делегация Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасының жұмысымен танысып, қабылдау бөлімінің, мамандандырылған бөлімшелердің, диагностикалық қызметтің жұмысын және медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасын зерделеді. Кездесу барысында аурухананы одан әрі дамыту, заманауи диагностика және емдеу технологияларын енгізу, медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қаралды.Бұдан кейін №1 Перинаталдық орталықтың қызметі таныстырылды. Делегация акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық бөлімшелердің жұмысымен танысып, жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру барысын бағалады.Жұмыс сапарының қорытындысында Еңбекшіқазақ ауданындағы денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи медициналық технологияларды енгізу және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру жөніндегі басым міндеттер айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1267231?lang=ru