Әлем
Қазақстан мен Пәкістан цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 30.07.2026
Исламабад, 2026 жылғы 30 шілде - Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі федералдық министрі Шаза Фатима Хаваджамен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар соңғы уақытта қол жеткізілген нәтижелерді оң бағалап, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласындағы Қазақстан-Пәкістан өзара іс-қимылының дәйекті дамуын атап өтті.ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылғы 3–4 ақпанда Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен ПИР Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударылды.Екіжақты өзара іс-қимылдың практикалық нәтижелерінің бірі ретінде ағымдағы жылғы 6 шілдеде Гуджранвала қаласындағы GIFT университетінің базасында алғашқы Қазақстан-Пәкістан жасанды интеллект орталығының ашылуы атап өтілді. Сондай-ақ Astana Hub пен Ignite ұлттық технологиялық қоры арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, екі елдің IT-компаниялары мен стартаптары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту перспективалары қарастырылды.Федералдық министр Пәкістан тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге және екі елдің бейінді ведомстволары, даму институттары мен технологиялық компаниялары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға мүдделілігін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға және цифрлық технологиялар саласында өзара тиімді жобаларды іске қосуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1265989?lang=ru
«Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы 30.07.2026
2026 жылғы 30 шілдеде сағат 16:00-де жұмыс тобы Семей қаласы, Абай көшесі, 97-үй мекенжайы бойынша «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын жария талқылайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-goszakup/press/news/details/1265974?lang=ru
2026 жылға арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету жөніндегі кәсіпорынның қызметі туралы есеп 30.07.2026
«Курчатов Водоканал» МКК табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша енгізілген: Курчатов қаласында сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету.2026 жылға арналған тарифтік жоспарлар «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ-нің 25.12.2025 жылғы №86-НҚ «Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығы негізінде қалыптастырылды.«Курчатов Водоканал» МКК табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша енгізілген: сумен жабдықтау және су бұру қызметтері.2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпорынның қызмет көрсетуінде:98,8 км – сумен жабдықтау желілері, 42,7 км – кәріз желілері, 1 су алу нысаны, 3 қайта айдау су көтерілімдері, 4 кәріз сорғы станциясы және ағынды суларды тазарту құрылыстары кешені бар. Қаржы-экономикалық көрсеткіштер мен реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері Әрбір күнтізбелік жылға арналған тарифтік жоспарлар уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметалар негізінде қалыптастырылады.2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерден алынған табыс көлемі жоспардағы 248,54 млн теңгенің орнына 227,1 млн теңгені құрады, оның ішінде:сумен жабдықтау қызметінен – жоспардағы 170,27 млн теңгенің орнына 148,6 млн теңгесу бұру қызметінен – жоспардағы 78,2 млн теңгенің орнына 78,27 млн теңге.2026 жылдың қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтерден алынбай қалған табыс көлемі 21,44 млн теңгені құрады, оның ішінде сумен жабдықтау қызметі бойынша – 21,44 млн теңге. Шығынның негізгі себептері: сумен жабдықтау қызметі бойынша тұтыну көлемінің 26,7%-ға төмендеуі; су бұру қызметі бойынша халық тұтынушылары тобының тұтыну көлемінің 22,16%-ға төмендеуі. 2026 жылдың І жартыжылдығында тарифтік смета бойынша сумен жабдықтау қызметіне арналған нақты шығындар жоспарланған 170,27 млн теңгенің орнына 180,79 млн теңгені құрап, 10,55 млн теңгеге немесе 6,2%-ға артты. Бұл тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуіне байланысты болды.Тарифтік сметада көзделген жоспарлы шығындар деңгейінен ауытқулар келесі шығыс баптары бойынша қалыптасты:Коагулянтқа (алюминий сульфаты) жұмсалған шығыстар 2 есеге немесе 3,03 млн теңгеге ұлғайды, бұған реагентті сатып алу бағасының қымбаттауы себеп болды.Химиялық реактивтерге жұмсалған шығыстар 52,8%-ға немесе 0,19 млн теңгеге артты, бұл реактивтерді сатып алу бағасының өсуіне байланысты.Материалдарға жұмсалған шығыстар 56,6%-ға немесе 1,6 млн теңгеге көбейді, бұған материалдарды сатып алу бағасының қымбаттауы, сондай-ақ жоспардан тыс авариялық жағдайларды жою жұмыстары себеп болды.ЖЖМ бойынша шығыстар 66,3%-ға немесе 2,65 млн теңгеге ұлғайды.Бұл жанар-жағармай материалдары бағасының өсуіне, сондай-ақ инженерлік желілердегі апаттардың көбеюіне және оларды жою үшін арнайы техниканың шығу санының артуына байланысты болды.Электр энергиясына жұмсалған шығыстар энергияны аз тұтынатын жабдықтарды орнату нәтижесінде 28,9%-ға немесе 8,48 млн теңгеге төмендеді.Өндірістік персоналдың еңбекақысы 10%-ға немесе 8,18 млн теңгеге өсті.Әкімшілік персоналдың еңбекақысы 2%-ға немесе 0,25 млн теңгеге өсті.Көмекші персоналдың еңбекақысы бойынша шығыстар жоспарға сәйкес 100% көлемінде орындалды.Күзет қызметіне жұмсалған шығыстар 100%-ға немесе 3,74 млн теңгеге ұлғайды, бұл шығындар бабының бастапқыда төмен мөлшерде жоспарлануына және күзет қызметтері құнының өсуіне байланысты болды.Үшінші тарап ұйымдарының қызметтеріне жұмсалған шығыстар 91,9%-ға немесе 2,72 млн теңгеге артты. Бұл көрсеткіш арнайы техниканың кәсіпорында қатты тозуына байланысты көлік құралдарын жалға алу құнының өсуімен, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге және тарифтік сметада көзделмеген, бірақ аса қажетті қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасты.Сүтке жұмсалған шығыстар өнім бағасының өсуіне байланысты 37,7%-ға немесе 0,078 млн теңгеге ұлғайды. МӘМС аударымдар бойынша шығыстар % мөлшерлеменің ұлғаюына байланысты 30,3%-ға немесе 0,421 млн теңгеге артты.МЗЖЖА бойынша шығыстар % мөлшерлеменің ұлғаюына байланысты 1,53 млн теңгеге өсті.Шығындардың қалған баптары бойынша шығыстар рұқсат етілген асып кету пайызын құраған жоқ. Шығындардың негізгі себептері қызмет көрсету көлемінің төмендеуі, сондай-ақ шығын баптары бойынша шығындардың ұлғаюына байланысты болды, бұл баптар мен қызметтер бойынша тарифтер 2021 жылы бес жылдық кезеңге қалыптасқанына негізделген, сәйкесінше шығындар баптары қолданыстағы кезеңдегі бағалар мен қызметтер құнынан төмен бекітілген. Бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындау2026 жылдың І жартыжылдығында инвестициялық бағдарлама алынбай қалған табыс көлеміне және кредиторлық берешектің жоғары деңгейіне байланысты орындалған жоқ. Инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру 2026 жылдың ІІ жартыжылдығында жоспарланып отыр. Дебиторлық берешекХалық тобы бойынша абоненттер саны – 4 156. 30.06.2026 жылғы жағдай бойынша жеке есептеу аспаптары 4 021 дана көлемінде орнатылған, бұл 96%-ды құрайды.Басқа тұтынушылар тобы бойынша абоненттер саны – 194. Импульсті есептеу құралы 100% орнатылған.Бюджеттік ұйымдар тобы бойынша абоненттер саны – 23. Импульсті есептеу құралы 100% орнатылған.30.06.2026 жылғы жағдай бойынша «Курчатов Водоканал» МКК алдындағы абоненттердің мерзімі өткен дебиторлық берешегі: халық бойынша – 3,55 млн теңге; басқа тұтынушылар бойынша – 0,74 млн теңге. Коммуналдық қызметтерге төлемдер – бұл қарызды өндіріп алу шараларының нәтижесі. Кәсіпорында біз қызметтерді тұтынушыларға қатысты нақты, жоспарланған, реттелген іс-қимылдардың бірыңғай саясатын құрдық. Қарыздың алдын-алуға және оны ерте кезеңдерде жоюға баса назар аударылады, өйткені мерзімі өткен қарызды өндіріп алу әлдеқайда қиын.Мерзімі өткен берешегі бар абоненттерге, егер абонент қарызды бірден төлей алмаса, берешекті өтеу туралы келісім жасауды ұсынамыз. Келісім борышкердің берешекті өтеу кестесіне сәйкес берешекті төлейтінін, сонымен бірге ағымдағы коммуналдық төлемдерді уақтылы төлейтінін көздейді.Абоненттік бөлімнің бақылаушылары алдын ала жіберілген хабарламалар бойынша берешек адамдардың пәтерлеріне бару арқылы берешекті төлеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Негізгі міндеттер абоненттік бөлімге қойылады – төлемдерді 100% жинауды қамтамасыз ету, дебиторлық берешекті азайту, есепке алынбаған тұтынушыларды анықтау, судың нормативтен тыс ысыраптарын азайту және құрылыс аудандарында тұтынушыларды қызмет көрсетуге қабылдау болып табылады. Көрсетілетін қызметтердің сапасыАуыз судың, табиғи судың, ағынды сулардың және өндірістік сулардың сапасын тазарту үдерісінің барлық кезеңдерінде бақылауды тиісті жұмыстарды жүргізуге аттестатталған өндірістік зертхана жүзеге асырады. Сонымен қатар, зертхана су тарту орындарындағы (І су көтерілім) судың сапасын, сондай-ақ тарату желілеріндегі (нысандарда, пәтерлерде) су сапасын бақылайды. 2026 жылдың І жартыжылдығында ауыз судың физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша 38 136 зерттеу жүргізілді, сондай-ақ микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 651 талдау орындалды.«Курчатов Водоканал» МКК барлық тұтынушыларды уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде белгілеген реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етеді. Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған тарифтерҚолданыстағы бекітілген орташа босату тарифтері:сумен жабдықтау қызметі бойынша: 01.01.2026 жылдан бастап – 328,16 теңге/м³;су бұру қызметі бойынша: 01.01.2026 жылдан бастап – 340,24 теңге/м³. Кәсіпорын қызметінің даму перспективаларыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2026–2029 жылдарға арналған келесі жобаларды іске асыру көзделген:Абай облысы, Курчатов қаласындағы тазарту құрылыстарын қайта жаңарту;Сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту (1-кезең);Курчатов қаласындағы кәріз желілерін қайта жаңарту;Сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту (2-кезең);Курчатов қаласындағы сүзгілеу-сорғы станциясын (ССС) жаңғырту.«Курчатов Водоканал» МКК қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ ағынды суларды қабылдау және тазарту бойынша өзінің негізгі міндеттерін орындауды жалғастырудаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1265966?lang=ru
Қазақстан мен Грекия екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 30.07.2026
Афина, 2026 жылғы 29 шілде – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Сыртқы істер министрлігінің Саяси мәселелер жөніндегі Бас директоры Андреас Фриганаспен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан-Грекия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударды.Биік және жоғары деңгейлердегі өзара сапарларды ұйымдастыру, Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу, екіжақты шарттық-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу барысында халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік-энергетикалық байланыстардың тұрақтылығы мәселелері де қозғалды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және Қазақстан мен Грекия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде нығайтуға ортақ мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1265932?lang=ru
Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 30.07.2026
Исламабад, 2026 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Жоғары білім беру комиссиясының (HEC) төрағасы, профессор, доктор Нияз Ахмад Ахтармен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар соңғы жылдары қол жеткізілген нәтижелерді оң бағалап, жоғары білім саласындағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты даму қарқынын атап өтті.Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту перспективаларына, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер алмасуына ерекше назар аударылды.HEC басшысы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында Пәкістанның білім беру гранттары қорына (Pak-EEF) 1 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлгені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Ол сондай-ақ Пәкістанның федералдық білім беру және кәсіптік даярлау мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі В.Қамардың Қазақстанға сапарының қорытындыларын жоғары бағалады. Сапар аясында Қазақстанның ресми органдары мен жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен нәтижелі келіссөздер өткізілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нақты жобалармен және бастамалармен толықтыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1265892?lang=ru
31 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЕАЭО-ДА ТАУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕ НАВИГАЦИЯЛЫҚ ПЛОМБАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ КЕҢЕЮДЕ 30.07.2026
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарлардың тасымалын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды енгізудің екінші кезеңі басталатынын хабарлайды.Навигациялық пломба – бұл көлік құралына орнатылатын және нақты уақыт режимінде тасымалдау процесін бақылауға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы. Оны қолдану тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге, тасымалдардың ашықтығын арттыруға, жүктерді тасымалдау процесінде мемлекеттік бақылауды барынша азайтуға мүмкіндік береді.2026 жылғы 11 ақпанда басталған навигациялық пломбаларды енгізудің бірінші кезеңі ЕАЭО-ға мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумағы бойынша халықаралық тасымалдау кезінде осы тетіктің тиімділігін растады.Енді навигациялық пломбаларды пайдалану міндетті болып табылатын тасымалдар тізімі кеңейтілуде.31 шілдеден бастап навигациялық пломбалар:- транзит кедендік рәсімі шеңберінде өткізілетін тауарлардың барлық санаттарын автомобильдік тасымалдау кезінде (ЕЭК Кеңесінің 12.12.23 жылғы № 147 шешімінде көзделген жекелеген санаттарды қоспағанда);- алкоголь, темекі өнімдерін, санкциялық тауарларды, сондай-ақ үлбір бұйымдарын, аяқ киімді, киімді және электрониканы теміржол арқылы тасымалдау кезінде қолданылады.МКК тасымалдаушыларға, экспедиторларға, сондай-ақ экспорттаушыларға, импорттаушыларға және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да қатысушыларына жаңа талаптармен алдын ала танысуып, оларды тасымалдарды жоспарлау кезінде ескеруді ұсынады, бұл шекараны кесіп өту кезінде кідірістерді болдырмауға, үздіксіз логистиканы және жүктерді жеткізудің белгіленген мерзімдерін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Навигациялық пломбаларды енгізу 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге және Еуразиялық экономикалық комиссия органдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1269818?lang=ru
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау: жаңа Заң кімдерге қатысты болады? 30.07.2026
2026 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы күшіне енді.Заңға сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары салған жекелеген әкімшілік айыппұлдарды орындаудан босату көзделген.👥Рақымшылық мына тұлғаларға қолданылады:✅ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға;✅ жеке кәсіпкерлерге;✅ жеке нотариустарға;✅ жеке сот орындаушыларына;✅ адвокаттарға;✅ заң консультанттарына.📌 Айыппұлды есептен шығару үшін үш шарттың барлығы бір уақытта орындалуы қажет:✔️ қаулыны сот емес, мемлекеттік кірістер органы шығаруы тиіс;✔️ айыппұл 2026 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша толық немесе ішінара төленбеген болуы тиіс;✔️ жасалған құқық бұзушылық Заңда белгіленген ерекшеліктер тізіміне кірмеуі тиіс.📋 Рақымшылық, атап айтқанда, мынадай құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады:🔹 салық органдарында тіркелуге байланысты;🔹 арнайы салық режимдерін қолдануға байланысты;🔹 салық есептілігін уақытылы тапсырмауға байланысты;🔹 бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты;🔹 кеден заңнамасы саласындағы көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтарға.❌ Рақымшылық қолданылмайды:🚫 заңды тұлғаларға;🚫 лауазымды тұлғаларға;🚫 шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға;🚫 сот тағайындаған айыппұлдарға;🚫 салық салу объектілерін жасыруға, салықтарды төлеуден жалтаруға, салық міндеттемелерін төмендетуге, сондай-ақ мұнай өнімдері айналымы саласындағы бұзушылықтарға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға (ҚР ӘҚБтК-нің 275, 277, 278-баптары және 281-баптың 7-бөлігі).⚖️ Маңызды ақпарат* Рақымшылық әкімшілік айыппұлды орындаудан босатады, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық фактісін жоймайды.* Егер айыппұл 2026 жылғы 2 шілдеге дейін толық немесе ішінара төленген болса, төленген қаражат қайтарылмайды.* Егер айыппұл бойынша атқарушылық іс жүргізу қозғалған болса, рақымшылық қолданылған жағдайда ол да тоқтатылуға жатады.💡 Маңызды!Айыппұлдардан босату автоматты түрде жүзеге асырылады. Осындай істер бойынша атқарушылық іс жүргізулер де тоқтатылуға жатады.⏳ Мемлекеттік кірістер органдарына рақымшылық рәсімін аяқтау үшін 6 ай мерзім берілген. 📍 Айыппұлдарды есептен шығару үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет емес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1265878?lang=ru
Пәкістанның Теңіз істері жөніндегі Федералдық министрімен кездесуіне қатысты 30.07.2026
Исламабад, 2026 жылғы 28 шілде - ҚР ПИР Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Теңіз істері жөніндегі Федералдық министрі Мухаммад Джунаид Анвармен кездесті.Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Өңірлік өзара байланыстылықты тереңдету және халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жүк тасымалы көлемін ұлғайту және логистикалық бағыттарды әртараптандыру мақсатында күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.Федералдық министр көлік байланысын нығайтуға және екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мен сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделілігін растады.Сонымен қатар, Министр Елшіге Пәкістан тарапының Араб теңізі жағалауында орналасқан теңіз инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1265780?lang=ru
Алматыда Вьетнамның Ұлттық кәсіпкерлік қауымдастығының (VINEN) өкілдерімен кездесу өтті 30.07.2026
2026 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінде Қазақстан мен Вьетнамның Ұлттық кәсіпкерлік қауымдастығының (VINEN) іскер топтарының өкілдері арасында кездесу өтті. Вьетнам делегациясын «VINEN» вице-төрағасы, Ханой сауда және туризм колледжінің (HCCT) ректоры доктор Чин Тхи Тху Ха бастап келді. Делегация құрамында сондай-ақ HCCT Ғылыми сараптама және сапаны бақылау департаментінің басшысы До Тхи Ким Оань, «Flamingo Travels» компаниясының бас директоры Нгуен Тхи Ван Ан, Ханой телевидениесінің өкілі Чань Тхи Фун Лин және «VINEN» халықаралық байланыстар департаментінің менеджері Лиу Тан Хию болды.Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының АСЕАН елдеріндегі арнайы өкілі Серік Әміров екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Вьетнам Социалистік Республикасы АСЕАН-ға мүше мемлекеттер арасында жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны бойынша көшбасшы болып отыр. 2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 8,18%-ды құрады. Ел Үкіметі ағымдағы жылы экономикалық өсімді кемінде 10%-ға жеткізуді және осы қарқынды 2030 жылға дейін сақтауды мақсат етіп қойған.Анықтама үшін: ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сыртқы сауда айналымы шамамен 805,7 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 120,2 млн АҚШ доллары, импорт – 685,5 млн АҚШ доллары. Вьетнам мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы қолданыстағы еркін сауда туралы келісім сауда кедергілерін азайтуға және логистикалық байланыстарды дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырады. Қазіргі жағдайда Қазақстан бірлескен өндірістерді жолға қою және тауарларды дистрибуциялау үшін Орталық Азия өңіріндегі «B2B Bridge» ретінде орнығуға елеулі әлеуетке ие.Өз кезегінде, «VINEN» вице-төрағасы доктор Чин Тхи Тху Ха табысты тәжірибе алмасу мен нарықты зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, вьетнамдық тарап үшін Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тарту, индустриялық аймақтарды, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту хабтарын құру, сондай-ақ экономиканы цифрландыру саласындағы тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Сонымен қатар ол қазақстандық құрылыс компанияларын Вьетнамдағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға шақырды.«Flamingo Travels» компаниясының бас директоры Нгуен Тхи Ван Ан 2026 жылы Вьетнамның жалпы саны шамамен 25 миллион шетелдік турист қабылдауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық туристік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту аса перспективалы бағыт ретінде қарастырылатынын жеткізді.HCCT Ғылыми сараптама және сапаны бақылау департаментінің басшысы До Тхи Ким Оань Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерімен дуальды білім беру саласында тығыз ынтымақтастық орнатуды ұсынды.Кездесу барысында «Almaty Invest» басқарма төрағасының орынбасары Исатай Адресов қонақтарды Алматы қаласының негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, әлеуетті инвестициялық жобаларды ұсынып, Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын таныстырды. Сонымен қатар, Вьетнамның туристік инфрақұрылымды дамытудағы табысты тәжірибесін ескере отырып, еліміздегі ең ірі құрылыс компанияларының бірі – «Sun Group» өкілдерінің Алматыға сапарын ұйымдастырып, «оңтүстік астанада» «Ba Na Hills» үлгісіндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін бірлесіп талқылауды ұсынды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғарыда аталған бағыттар бойынша табысты тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі, ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, білім беру, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау салаларында және екі елдің іскер топтары арасында тұрақты B2B іс-шараларын өткізу бағытында одан әрі өзара іс-қимылды және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін пысықтауға келісті. Действующее Соглашение о свободной торговле между Вьетнамом и Евразийским экономическим союзом создает благоприятные условия для снижения торговых барьеров и развития логистических связей. В современных условиях Казахстан располагает значительным потенциалом и возможностью позиционировать себя в качестве «B2B Bridge» в Центрально-Азиатском регионе для налаживания совместных производств и дистрибуции товаров. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1265768?lang=ru
«Қауіпсіздік – басты назарда» 30.07.2026
Ағымдағы жылы 28 шілде күні Мемлекет Басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және туристік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және облыстық туризм басқармасы бірлесіп профилактикалық іс-шара өткізді.Іс-шара барысында Ақтау қаласының тұрғындарына, қала қонақтары мен туристерге қоғамдық тәртіпті сақтау, судағы қауіпсіздік талаптарын орындау, тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, туристер мен демалушылар көп шоғырланатын жағажайларда туристік қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ «Caspian Riviera» қонақ үйінің қабылдау бөліміне қала қонақтарына тарату үшін туристік қауіпсіздік бойынша ақпараттық буклеттер берілді.Аталған іс-шараның мақсаты – туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270127?lang=ru
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр 30.07.2026
Әскер – әр азаматтың мінезін шыңдайтын, жауапкершілігін арттыратын өмір мектебі. Ал осы жолды туған бауырыңмен бірге өткеру – екінің біріне бұйыра бермейтін мүмкіндік. Бүгінде Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде алты жұп егіз ағайынды әскери қызмет өткеріп жүр. Мұндай ерекше жағдай тек гарнизон көлемінде ғана емес, жалпы Қарулы күштер қатарында да сирек кездеседі.Туған бауырдың жанында болуы жас сарбаздарға жаңа ортаға тез бейімделуге, әскери өмірдің талаптарына үйренуге және күнделікті қызметтің қиындығын жеңіл еңсеруге көмектеседі. Егіздер бір-біріне тірек болып, кез келген тапсырманы бірлесіп орындауға тырысады. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, жауынгерлік рухын да нығайта түседі.Түркістан облысынан әскерге шақырылған Қонысбай мен Құттыбай Жұмабековтер 30212 әскери бөлімінде жаяу әскер жауынгерлік машинасының көздеуші-операторы мамандығы бойынша даярлықтан өтуде. Олар әскери істің қыр-сырын бірге меңгеріп, оқу-жаттығуларда бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Сарбаздардың айтуынша, туған бауырмен қатар қызмет ету жаңа мамандықты тез игеруге және әр тапсырманы сенімді орындауға ықпал етеді.Осы бөлімнің автомобиль ротасында алматылық Нұрбол мен Айбол Ұлдахандар да қызмет атқарады. Олар КамАЗ автокөлігінің механик-жүргізушісі мамандығын игеруде. Азаматтық өмірде ағайындылардың таңдаған жолы екі түрлі болған. Нұрбол сәулетшілік бағытында білім алса, Айбол педагог-журналист мамандығын меңгерген. Соған қарамастан, әскери қызметте мақсаттары ортақ.21450 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген Арсений мен Александр Зайцевтер Түркістан облысының Түлкібас ауданынан шақырылған. Арсений пулеметші, ал Александр гранатаатқыш мамандығын меңгеріп жатыр. Қазақ тілін еркін білетін егіздердің ұқсастығы сырт келбеттерінен ғана емес, мінездері мен іс-әрекеттерінен де байқалады. Олар кез келген тапсырманы ауызбіршілікпен орындауға дағдыланған.Солтүстік Қазақстан облысының Тоқыш ауылынан келген Владимир мен Геннадий Жирновтар 82796 әскери бөлімінің артиллериялық бөлімшесінде қызмет атқарады. Егіздер қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеріп, атыс жүргізу және есептоп құрамында үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіріп жүр. Олар үшін де әскери өмірдің басты тірегі – туған бауырдың жанында болуы.Алматы облысының Жамбыл ауданынан шақырылған Ердос пен Елдос Омаровтар бала кезінен ерекше ұқсастығымен көпшілікті таңғалдырған. Бүгінде олар 01098 әскери бөлімінде бірге қызмет етеді. Ердос байланыс взводының телефон бөлімшесінде желілік бақылаушы болса, Елдос сол бөлімшенің жүргізуші-маманы. Қызмет барысында олар бір-бірін сөзсіз түсініп, кез келген міндетті үйлесімді атқарады.Талдықорғандық Даниил мен Станислав Алехиндер 82796 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүр. Даниил радиотелефонист қызметін атқарса, Станислав КамАЗ автокөлігінің механик-жүргізушісі. Бос уақыттарында спортпен шұғылданып, кітап оқуды әдетке айналдырған егіздер өздерін жан-жақты дамытуға көңіл бөледі.Әскери ортада бауырлардың бір-біріне сүйеніш болуы олардың қызметіне де оң әсерін тигізеді. Ортақ мақсат, өзара сенім және түсіністік әр тапсырманы сапалы орындауға көмектеседі. Сондықтан бұл егіздер тек әскери міндеттерін атқарып қана қоймай, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.Әрқайсысының өмір жолы әртүрлі болғанымен, бәрін біріктірген ортақ міндет – ел тыныштығын күзету. Олар әскери қызметтің тәртіп пен төзімділікті ғана емес, бауырмалдықты, өзара сенімді және ортақ мақсатқа адалдықты нығайтатынын ісімен дәлелдеп келеді. Бір шаңырақтан түлеп ұшқан егіздердің бір сапта сап түзеуі – кейінгі жас сарбаздарға үлгі, ал қоғам үшін бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1265710?lang=ru
Салыстырмалы бақылау. 30.07.2026
Салыстырмалы бақылау – салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:-оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың;-салықтық есептіліктің;-салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің;-банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мәліметтерінің деректерімен салыстыру арқылы салық органы жүзеге асыратын іс-шара.Салыстырмалы бақылауды салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі айналымның іс жүзінде жасалғанын анықтау мақсатында жүргізеді.Салыстырмалы бақылау талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жазып берілген электрондық шот-фактуралар бойынша жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1265703?lang=ru
Халықаралық «Формула-1 H2O» жарысын Қонаев қаласында өткізу жоспарлануда 30.07.2026
Әлемге әйгілі судағы «F1H2O» сайысы алдағы 5 жыл бойы Қапшағай су қоймасында өтуі мүмкін. Бүгін халықаралық сайыстың ұйымдастырушылары арнайы Алматы облысына келіп, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Жиында әлемдік F1H2O ұйымы, iHolding компаниясы және Сауд Арабиясынан келген ресми делегация өкілдері мен Алматы облысының әкімі 2027 жылғы әлем чемпионатын Қонаев қаласында өткізу туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Қазақстан – бұл әлем чемпионатын қабылдайтын алтыншы мемлекет. Жарысқа шетелден кемінде 5 мың қонақ келеді деп күтілуде. Жергілікті тұрғындар мен туристерді қосқанда олардың саны тіптен артады. Сондай-ақ су бетіндегі шеберлік пен жылдамдықты жақсы көретін 1 миллиардқа жуық көрермен жарысты тікелей эфирден тамашалайды деп күтілуде.«Сауд Арабиясы спорт саласында әлемдегі ең үздік жобаларды іске асырып келеді. Бұл белсенді демалысты дамытып, салауатты өмір салтын сақтауға септігін тигізеді. Жыл сайын Қапшағай су қоймасында «Tengri ultra» марафоны мен «Oceanman» ашық суда жүзу жарысы өткізіледі. Одан бөлек республикалық деңгейдегі түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Мұндай халықаралық шаралар туризмді дамытып, өңірдің өркендеуіне жол ашады. Сондықтан біз бұл жобаны бірлесіп іске асыруға дайынбыз», – деді Марат Елеусізұлы.KSA ProMediaPortal және F1H2O ұйымдарының өкілі әрі басқарма төрағасы Яссер Әли Әл-Ями қазіргі таңда чемпионатқа 11 мемлекет қатысатынын айтты. Бұл талабы жоғары күрделі жарыс болғандықтан, мұнда арнайы дайындықтан өткен командалар ғана бақ сынай алады. Чемпионат барысында көрерменнің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. VIP-аймақтар, жарысты басқару орталығы, командалардың дайындығына арналған аумақ және медиа орталық қарастырылады. Сондай-ақ отбасылық демалысқа арналған орындар да құрылады. Онда еліміздің мәдениеті таныстырылып, ұлттық тағамдар мен кәдесыйлар ұсынылады. Спорт сайысынан бөлек түрлі мерекелік іс-шаралар жанкүйерлер көңілін көтереді. Жарыстың жабылу салтанатында ауқымды гала-концерт өткізіліп, онда әлемге танымал жұлдыздар өнер көрсетеді.«Бүгінде Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасында берік ынтымақтастық орнаған. Біз Алматы облысының даму көрсеткіштерін зерттеп, оның болашағы зор екенін көрдік. Алдағы уақытта бұл аймақ халықаралық бизнес орталығына айналады деп сенеміз», – деді басқарма төрағасы Яссер Әли Әл-Ями.Демек, алдағы 5 жылда Алматы облысына әлемнің түкпір-түкпірінен спортсүйер жанкүйер ағылып, Қонаев туристер толассыз келетін орталыққа айналады. Чемпионат елімізді дүниежүзіне танытып, оның көркем табиғаты мен мүмкіндіктерін әлемге әйгілейді. Өңірге инвестиция тартуға, инфрақұрылымын жақсартуға және экономиканы ілгерілетуге де зор ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1265681?lang=ru
«Қазақстан – Чили» достық қоғамының бесінші отырысы 30.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы және Чили Республикасындағы қоса атқарушы Елшілігі «Қазақстан – Чили» достық қоғамымен бірлесіп, Қоғамның бесінші отырысын онлайн форматта өткізді.Іс-шара көрнекті қазақ ақыны әрі жазушысы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай оның әдеби мұрасына арналды.Кездесу қатысушыларына Қазақстан Республикасының Бразилиядағы және Чилидегі қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов, «Қазақстан – Чили» достық қоғамының атқарушы директоры Марсия Кастро, сондай-ақ Қоғам мүшелері (Сантьяго Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің жетекші түркологы) Кармен Сандовал Осорио мен (Буэнос-Айрес Ұлттық университетінің Орталық Азия елдері бойынша жетекші сарапшысы) Ануар Теміров алғы сөз жасады.Олардың испан тілінде ұсынылған баяндамалары Мұқағали Мақатаевтың әдеби мұрасының философиялық қырларын талдауға арналып, конференция қатысушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Негізгі назар ақынның қазақ халқының болашақ ұрпақтарына қалдырған рухани мұрасына, сондай-ақ Чили халқына арналған бірегей поэмасына аударылды.Іс-шара соңында Марсия Кастро ханымға Қазақстан Республикасы Елшілігінің Қазақстан мен Чили арасындағы мәдениет пен білім беру салаларындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін Алғыс грамотасы виртуалды түрде табыс етілді.Биыл Қазақстан мен Чили дипломатиялық қатынастар орнатылуының 33 жылдығын атап өтуде. 2022 жылы құрылған «Қазақстан – Чили» достық қоғамы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық және академиялық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға ықпал етіп келеді. Ғылыми конференциялар, көрмелер мен концерттік іс-шараларды ұйымдастыру, оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1265675?lang=ru
Шетел азаматтары үшін ақпарат 30.07.2026
Құрметті азаматтар!Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі 30 шілдеден бастап ақпараттық жүйедегі техникалық ақауларға байланысты Қазақстан Республикасы визаларын беру процесі белгісіз мерзімге уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.Елшілік уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1265664?lang=ru
2026 жылғы тамыздағы негізгі тоқсандық және жартыжылдық салық есептіліктері, салықтар мен төлемдер 30.07.2026
2026 жылғы тамызда салық төлеушілер салық есептілігін тапсыру, сондай-ақ бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеу бойынша бірқатар міндеттемелерді орындауы тиіс.Салық төлеушілердің назарына!Есеп беру күні - 15 тамыз - демалыс күніне (сенбіге) тура келеді. Салық заңнамасына сәйкес, есептілікті тапсыру және салықтарды төлеудің соңғы мерзімі келесі жұмыс күніне - 2026 жылғы 17 тамызға ауыстырылады.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін уақтылы орындау қажеттігін еске салады.САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ:17 тамыз:101.03 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп;101.4 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп;200.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;300.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін ҚҚС бойынша декларация;400.00 нысаны – 2026 жылғы маусым айы үшін акциз бойынша декларация;500.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бойынша декларация;510.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін қол қою бонусы бойынша декларация;531.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп);590.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы және ілеспе төлемдер бойынша декларация;641.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін аударымдардың есебі;701.00 нысаны – мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі;710.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін ойын бизнесі салығы бойынша декларация;860.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;870.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация;880.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін цифрлық майнинг төлемақысы бойынша декларация;910.00 нысаны – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің 2026 жылғы I жартыжылдыққа арналған декларациясы.20 тамыз:328.00 нысаны – 2026 жылғы шілде айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.ТӨЛЕМДЕР:5 тамыз:2026 жылғы шілде айында жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС.17 тамыз:2026 жылғы шілде айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС.20 тамыз:2026 жылғы шілде айы үшін ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС;ЕАЭО елдерінен импортты қоса алғанда, акциз;қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.24 тамыз:2026 жылғы шілде айында бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстардан ЖТС.25 тамыз:КТС – 2026 жылғы тамыз айы үшін аванстық төлемдер;резиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;төлем көзінен ұсталған ЖТС;бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзіненұсталған КТС;2026 жылғы шілде айы үшін өзін-өзі жұмыспенқамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын салық төлеушілердің 2026 жылғы I жартыжылдыққа арналған декларациясыбойынша КТС (ЖТС);2026 жылғы II тоқсан үшін ҚҚС;2026 жылғы II тоқсан үшін экспортқа рента салығы;тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем;пайдалы қазбаларды өндіру салығы;салық міндеттемесін заттай нысанда орындаубойынша ағымдағы төлемдер;2026 жылғы шілде айы үшін әлеуметтік салық;мүлік салығы;2026 жылғы II тоқсан үшін ойын бизнесісалығы;жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшінтөлемақы;радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшінтөлемақы;2026 жылғы тамыз айы үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;2026 жылғы II тоқсан үшін цифрлық майнинг төлемақысы;2026 жылғы шілде айы үшін бірыңғай төлем;2026 жылғы шілде айы үшін әлеуметтіктөлемдер: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмысберушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, МӘМС аударымдарымен жарналары.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге техникалық кідірістер мен өсімпұл есептелуін болдырмау үшін есептілікті ұсынуды және төлемдерді төлеуді соңғы күндерге қалдырмауды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1265649?lang=ru
Қазақстан мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті 29.07.2026
Астана, 2026 жылғы 29 шілде - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесуі өтті.Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын талқылады.Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1265651?lang=ru
Үш ұландық семсерлесуден әлем чемпионы атанды 29.07.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері — ефрейторлар Руслан Құрбанов, Еңлік Сертай және Вадим Шарлаимов Қазақстан ерлер құрамасының құрамында отандық спорт тарихына өз есімдерін жазды. Қазақстандық шпажистер Гонконгта өткен командалық турнирде жеңіске жетіп, алғаш рет Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.Ақтық жекпе-жекте қазақстандық команда Украина құрамасын 45:40 есебімен сенімді түрде жеңіп, тарихта тұңғыш рет әлемдік біріншілік тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді.Тарихи алтынды Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ефрейторлар Руслан Құрбанов, Еңлік Сертай және Вадим Шарлаимов, сондай-ақ Кирилл Проходов жеңіп алды. Ұлттық команда үшін бұл чемпионат шын мәнінде маңызды болды: бірінші рет әлемдік біріншіліктің финалына шыққаннан кейін қазақстандық шпажистер бірден чемпиондық атаққа ие болды.Чемпиондыққа жету жолында Қазақстан құрамасы ең мықты қарсыластарын айқын басымдықпеү жеңді. 1/16 финалда қазақстандықтар Финляндияны — 45:39 есебімен жеңді, содан кейін шиеленісті жекпе-жекте Өзбекстаннан 28:27 есебімен басым түсті. Ширек финалда жерлестеріміз Дания құрамасын 45:36, жартылай финалда Египет командасын 41:32, ал финалда Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңді.Ұлттық ұлан ефрейторы Руслан Құрбанов — ұлттық команда көшбасшыларының бірі және ең атақты қазақстандық шпажистердің бірі ретінде тарихи табысқа айрықша үлес қосты. Әріптестері Еңлік Сертай және Вадим Шарлаимовпен бірге ол Қазақстан құрамасын ғана емес, Ұлттық ұланды да лайықты түрде таныстырып, қызмет пен кәсіби спортты табысты ұштастыратын әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін растады.Бүгінде Қазақстанның ерлер құрамасы әлемдік рейтингте бесінші орында тұр. Гонконгтағы бұл жеңіс қазақстандық семсерлесу тарихындағы маңызды кезең болды және отандық спортшылардың әлемдік аренада ең жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1265637?lang=ru
Өтінімдер қабылдау басталды 29.07.2026
2026 жылғы 24 маусымынан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар алуға 1 ағын бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Өңірлік комиссиялардың шешімдеріне сәйкес 123 бизнес- жобалар бекітілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1265618?lang=ru
Азаматтарды қабылдауды өткізу туралы 29.07.2026
Бүгін, ағымдағы жылғы 29 шілдеде Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Д.И. Қарымсақова мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселесі бойынша «Адалдық алаңы» қоғамдық қабылдау бөлмесінде кездесу өткізді. Қабылдау барысында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1265614?lang=ru