Enbekshi QazaQ

Әлем

«Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелердің медиа моделі» халықаралық конференциясы 15.04.2025
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Ақпарат және медиакоммуникация» орталығының ұйымдастыруымен онлайн және оффлайн форматта «Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелердің медиа моделі» атты халықаралық конференцияға қатысты.Конференция мақсаты – әлеуметтік-психология, лудомания және буллинг мәселелерде БАҚ-тың рөлі, қоғамды ақпараттандыруға қосқан үлесі және ғылыми зерттеулері жайлы кең көлемде талқылау. Сонымен қатар, қоғамға және студент жастарға тигізер пайдасы мен күтілетін нәтижелерін бағдарлауға бағыттау.Қоғамдық мәселелер қозғалған басқосуға Жамбыл облысы әкімдігі полиция Департаментінің баспасөз хатшысы Г.Мұхтарқұлова, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ош мемлекеттік университетінің психология кафедрасының меңгерушісі А.Олмасовна, Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілі Д.Бағжанов, Халықаралық коуч, педагог Ғ.Бермаганбетов, Моңғолия Ғылым және технология университетінің іскерлік әкімшілік және гуманитарлық жоғары ғылымдар мектебінің директоры Э.Авирмед, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» директоры А.Сәдуақас, психолог Г.Бейсембек, «Jambyl-Taraz»  газетінің бас редактор орынбасары М.Әлімхан, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор А.Тұрлыбек, Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы А.Ұлтанбаев, БАҚ өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.Конференция барысында мамандар тақырып аясында түрлі баяндама жасап, тұшымды ойларымен бөлісті.Өкіл өз кезегінде қатысушыларға ҚР БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, буллингтің түрлері мен оның кері әсері, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын-алуда және студенттер арасында дау-дамайларды, жанжалдарды шешуде білім беру ұйымдағы медиация қызметі рөлінің маңыздылығы жайлы баяндама жасады.Кездесу соңында мамандар толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/973745?lang=kk
Қазақстандық су мамандарының алғашқы тобы Қытайда оқуын бастады 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қазақстандық су мамандарының алғашқы тобы Қытайда біліктілік арттыру курсын бастады. Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі қытайлық әріптестерімен тиісті келісімге қол жеткізген болатын.Алғашқы топта 30 маман. Одан әрі 25 адамнан жасақталатын тағы 3 топ Қытайда оқиды. Көрші елдегі екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан жалпы саны 105 су маманы өтеді.Айта кету керек, оқу курсын Қытай тарабы өз есебінен ұйымдастырды және іс-шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.«Министрліктің бастамасымен жүзден астам қазақстандық маман өздерінің білімдері мен кәсіби дағдыларын шыңдау мүмкіндігіне ие болды. Қытай су шаруашылығы саласында озық технологияларға ие, сондықтан осы елдің тәжірибесін зерделеу еліміздің су саласын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, біздің министрлік басқа мемлекеттермен де осындай курстарды ұйымдастыру бойынша белсенді келіссөз жүргізуде. Осыған дейін бірнеше су маманы Франция мен Жапонияда білім алып келді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Еске салсақ, биыл наурыз айында алғаш рет Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат су ресурстарын ұтымды және орнықты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/973389?lang=kk
БҚДА ЖӘНЕ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ӘСЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Назарбаев Университетімен бірлесіп, компаниялардың нарықтық қуатының макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерін зерттеуге арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.Агенттік бастамашы болған және Назарбаев Университетінің зерттеу тобы жүзеге асырып жатқан бұл зерттеу жекелеген компаниялардың нарықтық қуаты экономиканың инфляциялық қысымын қалай күшейтуі мүмкін екенін талдауға бағытталған. Семинар барысында шығындардың құрылымын, соның ішінде тұрақты шығындарды ескере отырып, нарықтық қуатты дәлірек өлшеуге мүмкіндік беретін үстеме бағаны бағалаудың заманауи әдістері ұсынылды.Семинар БҚДА өкілдері, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі, сондай-ақ PhD және Master in Finance бағдарламаларының студенттері үшін ашық пікірталас алаңына айналды. Қатысушылар зерттеудің алдын ала нәтижелерімен қатар, Қазақстандағы нарықтық қуатты талдаудың болашақ бағыттарын да талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/973363?lang=kk
2025 жылдың 9 сәуірінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында әкімдік қызметкерлері Жеңіс саябағының аумағын тазартып, акцияға 10 адам қатысты, бұталар кесілді, 2 тонна қоқыс шығарылды. 15.04.2025
2025 жылдың 9 сәуірінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында әкімдік қызметкерлері Жеңіс саябағының аумағын тазартып, акцияға 10 адам қатысты, бұталар кесілді, 2 тонна қоқыс шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-glebov/press/news/details/973258?lang=kk
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ 15.04.2025
Халық банкі Ақтөбе облыстық филиалы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, палатаның Мұғалжар аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облыстық филиалы Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Нұрлан Қосаев, Халық банкі Ақтөбе облыстық филиалы Шағын бизнесті несилендіру орталығының бас менеджері Аяжан Оспанова, банктің Мұғалжар аудандық басқармасының басшысы Бекзат Қайырмағамбет қатысып, мемлекеттік қолдаулар, кәсіпкерлер палатасы мен банктің кәсіпкерлік саласын несиелендіру бағыты бойынша бірігіп атқарып отырған жұмыстарына мәліметтер берді.Кездесуде қатысушылар шағын бизнесті несиелендіру, жылдық мөлшерлемелер, әйелдер бизнесі, цифрлық кредит, бизнес-жобаларға қолдаулар туралы толыққанды мәліметтер алды.   Кездесу барысында кәсіпкерлер ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сауалдарына жауаптарын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/973191?lang=kk
Бүгін Достық үйінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Кәрімова Ақмола Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері төрағаларымен кездесу өткізді. 15.04.2025
Шара барысында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі - этносаралық қатынас пен қоғамдық келісімді сақтау саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі айтылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтуге арналған жобалар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/973112?lang=kk
Қонаевта 28 отбасы қоныс тойын тойлады 15.04.2025
Қонаев қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды.Тұрғындарды қоныс тойымен қала әкімі Асхат Бердіханов құттықтады.«Қонаев қаласында тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүруде. Онымен қоса, халықты баспанамен қамту мәселесіне де аса ден қойылуда. Былтырдан бері 165 отбасыға пәтер кілттері табысталса, бүгін 28 отбасы қуанышқа кенелейін деп отыр. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, біртуар азаматтарымыздың 90-100 жылдығы тойланып, Жұмысшы мамандықтар жылына орай бірқатар іс-шаралар жүзеге аспақ. Осы атаулы күндермен қатар сіздер де көптен күткен пәтерге ие болдыңыздар. Шаңырақтарыңыздың іргетасы мықты, керегесі кең болсын! Ішінде тек қана татулық пен береке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын!» - деді шаһар басшысы.Қуаныш иелерінің атынан Ғалия Момбекова сөз алып, жиналған жұртқа ақжарма тілегін арнады.«Біз секілді жанұяларға қолдау көрсеткен Президентімізге, облыс әкімі мен қала әкіміне алғысым шексіз! Бұл күнді өте ұзақ күттік! Іштей толқып, кеудемді керемет сезімдер билеуде! Әр жанұяға биылдан қалмай, үйлі болуын тілеймін! Той тойға ұлассын!» – деді ол.Айта кетейік, бұл пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз жалға беріледі. Жалға алу құны барша азаматқа қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/972895?lang=kk
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігі басты назарға алынды 15.04.2025
Құтқарушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.Төтенше жағдайлар департаментінің және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі жандарға және мекеме қызметкерлеріне сабақтар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында жеке құрамға өрт, жану белгілері анықталған кезде алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану және мүгедектігі бар адамдарға алғашқы көмек көрсету бойынша шұғыл іс-әрекеттер түсіндірілді.Түркістан облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/972536?lang=kk
Қолөнер туындылары тамашаланды 15.04.2025
Қолөнер туындылары тамашаландыЕлімізде 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі өтуде.16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, насихаттау бағытында аталмыш мерекелік күнге орай Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің фоесіндегі Қаратөбе балалар шығармашылық үйі ұйымдастырған көрмені өнер сүйер жұртшылық үлкен ықыласпен тамашалады.Аталмыш көрмегеҚаратөбе балалар шығармашылық үйінің, «Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының" тәлімгерлері мен үйірмелерге қатысушы мектеп оқушыларының туындалары қойылды.Мерекелік көрмеге қойылған туындылармен аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы танысты.Көрмедегі көз тартатын түрлі жанрдағы суреттер мен қолөнер шеберлерінің қолынан жасалып шыққан бұйымдардың мән- маңызымен балалар шығармашылық ұйымының тәлімгерлері Гүл Боранбаева мен Гүлдана Имашева таныстырды.Көрмеде, тұрмыс- салт жанры бойынша «Әже мен немеренің» әңгімесі тақырыбындағы Нұртас Бисенғожиннің, Гүл Боранбаеваның "Қаратөбе - ән мен жырдың ордасы" тақырыбындағы, Айнагүл Ахметованың «Ата толғауы» - атты, ұлттық нақыштағы интерьер жанры бойынша «Ұлттық киіз үй» тақырыбындағы Иса Ермектің, «Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясынан «Ер қанаты - ат» тақырыбындағы Серік Әсеттің, саз балшықтан жасалған Қасымхан Оңғаровтың құмыра және басқа да түрлі ыдыстары, сонымен қатар көрмеде тағы да басқа көптеген қолөнер шеберлерінің керемет туындылары көрініс тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/971608?lang=kk
Армысың Әз Наурыз! 15.04.2025
Наурыз мерекесі құтты болсын.Жаңатұрмыс ауылында әр жылы Наурыз мерекесі Ұлан асыр той мерекесі ретінде тойланады.Жаңатұрмыс ауылы халқының ауызбіршілігі,еңбекқорлығы, бірлігі осы Наурыз мерекесінде айқын көрінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-zhanaturmys/press/news/details/969034?lang=kk
2025 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындық және алдын алу жұмыстары 15.04.2025
Қарағанды облысы ТЖД Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының аумағындағы жер телімінде өртті ерте анықтау жүйесіне тексеру жүргізілді.Оқу-жаттығу аясында интеллектуалды камералардың көмегімен ормандардағы түтінді анықтау және ескерту жүйесінің жұмысы тексерілді. Нақты уақыт режимінде бақылау жүргізіліп, өрттің координаттарын анықтау шаралары қабылданды. Жаттығу нәтижесінде камералар қалыпты жұмыс істеді.Сондай-ақ, облыс аумағындағы қамыс пен құрғақ өсімдіктерді шабумен қатар, орман екпелері бойында минералданған жолақтарды жасау жұмыстары жүргізілді.Қарағанды облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/968735?lang=kk
«Атамекен Агро — Тимирязево» ЖШС директорымен меморандумға қол қою 15.04.2025
Әлеуметтік әріптестік және табысты өзара іс-қимылды жалғастыру аясында аудан әкімі Е.Қ. Жаров «Атамекен Агро —Тимирязево» ЖШС директорымен меморандумға қол қойды.Бірлескен күш  жігермен біз маңызды жобаны — Докучаево ауылында көпфункционалды спорт алаңын орнатуды жүзеге асырудамыз. Бұл тұрғындардың белсенді және салауатты өмір салты үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын спорттық инфрақұрылымды дамытудағы елеулі үлес. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/968516?lang=kk
27 наурызда Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінде Қарағанды облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Мамандық сабақтарында оқушылардың техникалық дағдыларын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 15.04.2025
Қарағанды облысының қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының жұмысы аясында 27 наурызда Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінде Қарағанды облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Мамандық сабақтарында оқушылардың техникалық дағдыларын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.Іс-шараны Қарағанды облысының қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының төрағасы А.В. Морева және Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдіскері С.С. Сагадиева ашты.Шеберлік сабақтарын Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінің, Қарағанды қаласының мамандандырылған музыка мектеп-интернатының, Саран қаласының балалар өнер мектебінің педагогтары өткізді.Семинарда қатысушылар тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын үйренді. Іс-шара нәтижелі, тиімді және тәрбиелік мәні зор болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/968183?lang=kk
ТЖМ құтқарушылары мен әскери қызметшілері Қостанай облысында су тасқынына қарсы күресті жалғастыруда 15.04.2025
Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Амангелді ауданында ТЖД құтқарушылары мен М. Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері тобы жұмыс істейді. Жұмыстар штаттық режимде өтуде, жағдай бақылауда қалады. Құтқарушылардың іс-қимылын үйлестіруді азаматтық қорғау майоры Нұрсұлтан Бекетов және Амангелді ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Серік Төлебай жүзеге асырады.Нұрсұлтан Бекетов-азаматтық қорғау жүйесінде 11 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі маман. Өткен жылы ол Қарасу ауданындағы су тасқынының салдарын жоюға қатысты, онда оның сауатты шешімдері элементтердің зақымдануын азайтуға көмектесті. Қазір Амангелді ауданындағы топты басқара отырып, ол барлық қажетті жұмыстарды ұйымдастырады: жағалау сызықтарын нығайту, өзен арналарын тазарту, су айдау және жергілікті тұрғындарға көмек көрсету.Онымен бірге аймақтың қауіпсіздігін азаматтық қорғау подполковнигі қамтамасыз етедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/962326?lang=kk
Акция "Таза Қазақстан" 15.04.2025
Экологиялық"Таза Қазақстан" бағдарламасы өттіакция"Әрқашан болсынтаза болады", Фрунзенское ауылының жаппай демалыс орындарын, аула алаңдарын (балалар, спорт)абаттандыру және жинау жалғасуда. Су тасқыны кезеңіне дайындық басталды, су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Барлығын шақырамызауылдық округ тұрғындарына қосылубұл акция жақсартуға бағытталғанэкологиялық ахуал және деңгейін арттырутуған ауылындағы тазалық. Тек бірлескенкүш салу арқылы біз округімізді таза және таза етемізәдемі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-krasnoarmeisk/press/news/details/959851?lang=kk
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АЙТЫП ӨТТІ 15.04.2025
Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдарда 5,2 триллион теңгені құрайтын 1060 жоба іске қосылды. Соның арқасында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама іске асырылғаннан бері жүзеге асқан жобалар 8 триллион теңгенің өнімін берді. Бұл – еліміз үшін аса маңызды жетістік. Біз бұған дейін өндірілмеген өнімнің 500 түрін шығарамыз, – деді Елбасы.Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелеріне назар аударды.2010 жылдан бері республикалық маңызы бар 5 мың шақырым жолдың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін тағы 4500 шақырым жол іске қосылады. Қазір республикалық автомобиль жолдарының 85 пайызы жақсы күйде. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасы және Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавл бағыттары бойынша жолдар пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ертіс өзені арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көпір салынды. Осы жобаларды іске асыруға 75 мың адам тартылды. Бұл ретте, барлық құрылыс материалдарының 90 пайызы Қазақстанда жасалған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сонымен бірге, Қазақстан Президенті «Құрық» теңіз порты мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының экономикалық маңыздылығын атап өтті.Бұдан бөлек, Елбасы «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне тоқталып, оның аясында 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынғанын айтты.9 облыста тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық бағдарламалар халықтың тұрмысын жақсартуға арналған. Жинақтағанымыздың бәрін қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағыттадық, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Президенті министрліктің басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.Индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әлі де экономикамыздың әртараптығын қамтамасыз ете алмай отыр. Өңдеу өнеркәсібінің ішкі жалпы өнімдегі үлесі айтарлықтай өзгерген жоқ. Жалпы, қойылған міндеттерді орындауға қажетті барлық жағдай бар. Сіз экономикалық және әлеуметтік басымдықтарды іске асыруға толық жауаптысыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы елімізді одан әрі дамытып, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.Ақпарат көзі: Akorda.kz  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27144?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ФОРУМЫНДА «ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ» ҰСЫНДЫ 15.04.2025
Форум халықаралық қауымдастыққа Қазақстандағы инвестициялық климатты реформалау бойынша қабылданған табысты шаралар туралы және «Ұлттық инвестициялық стратегия» аясында жоспарланған алдағы реформаларды мәлімдеуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Форум алаңында вице-министр Ерлан Хаировтың шет елдердің және халықаралық ұйым өкілдерімен екі жақты кездесуі өтті.ЮНИДО-ның саясат және қолдау бағдарламалары дирекциясының басқарушы директоры Фату Хайдармен кездесті. Кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ЮНИДО-ның қазақстандық бағдарламаларын сараптау, болашақта атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.Австрияның Австрия Федералды экономикалық палатасымен кездесуде пікір алмасты. Қазақстандық вице-министр инвесторларды, қабылданған инвестициялық стратегияны, жекешелендіру жоспарларын, МЖӘ пен АХҚО-ң ашылуы туралы хабардар етті.Австрия тарапы австриялық компаниялардың технологияларымен таныстырды. Көлік инфрақұрылымын дамыту, ақылды қалаларды дамыту, сондай-ақ, жаңа технологиялар саласындағы өз қызметтерін ұсынды.Сонымен қатар, Мьянма, Кения, Тунис, Гана, Грузия және Моңғолия өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді. Оның барысында ЭЫДҰ тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, шетелдік делегаттарға Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27114?lang=kk
KAZAKH INVEST ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ 15.04.2025
Форумға АЭА-ның барлық өкілдері қатысты. Онда Алматы, Қарағанды, Шымкент және Павлодардың арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) таныстырылды. АЭА басқарушы компанияларының басшылары іс-шара қонақтарын АЭА-ның ерекшеліктерімен, табысты іске асырылған жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, даму тәжірибелерімен және болашақтағы жоспарларымен бөлісті.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев аталмыш іс-шараның мақсаты мен негізгі міндеттері туралы айтты.«Бүгінгі іс-шара ҚР АЭА-ның басқарушы компанияларының, АЭА-ның резиденттерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуетті отандық және шетелдік инвесторлардың тікелей келіссөздер жүргізу алаңы болып отыр. Бұл өз кезегінде елдегі арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіруді жалғастыруға мүмкіндік береді»,-деді Біржан Канешев.Управляющий директор Департамента развития СЭЗ АО «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Даму департаментінің басқарушы директоры Еркежан Амирханова «Қарағандының «Сарыарқа» АЭА базасындағы ҚР АЭА электронды интерактивті картасының тесттік нұсқасын таныстырды.  Ол АЭА көрсеткіштерін, жер учаскелерін, фирма байланыстарын нығайтуға мақсатында әзірленген. Интерактивті база инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәртебесін және инфрақұрылым құрылысының кезеңдерін көруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Форум аясында «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағындағы табысты іске асырылған жобалардың бірі - ескі автокөліктерді қайта өңдеу арқылы болат, алюминий және түсті металдарды өндіру жөніндегі зауыт - «Recycling Company» компаниясы таныстырылды.Іс-шараға қызығушылық танытқан Жапониядан келген қонақтар мен Қазақстандағы ірі халықаралық компаниялардың өкілдері отандық компаниялармен іскерлік байланыстар орнатып, одан әрі ынтымақтасу ниетін білдірді.Сондай-ақ, форум аясында АЭА-н басқаратын компаниялармен заң жобасын және АЭА дамытудың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.Айта кетейік, өңірлердің қарқынды дамуы, инвестиция тарту, технологияларды тарту, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті өндірістер құру мақсатында Мемплекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында 11 арнайы экономикалық аймақ құрылған болатын. Өңірлердің кластерлік дамуын қамтамасыз ету мақсатында АЭА түрлі салалық бағытта жұмыс істейді.Мысалы, «Оңтүстік» АЭА тоқыма өнеркәсібі, химия, мұнай химиясы, «ИТП» АЭА ақпараттық технологиялар бойынша, Павлодар АЭА химия және мұнай химиясы бойынша, «Сарыарқа» АЭА металлургия және ауыр машина жасау салалары бойынша маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26915?lang=kk
Қала қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар туралы 15.04.2025
Қала бюджетін толықтыру құрылымы ерекше. Қалада 185 мың ШОБ субъектісі бар. Халықтың үштен бірі кәсіпкерлік салада жұмыс істейді. ШОБ кірістері қаланың ЖӨӨ-нің 40%-ын құрайды, бюджеттің 60%-ы ШОБ-тен түсетін түсімдер есебінен қалыптасады. Яғни, қаланың әлеуметтік қолдауының экономикалық базасын ШОБ құрайды.Мемлекет басшысы К.-Ж.Тоқаевтың шешіміне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШОБ-тан түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджеттерге беріледі. Бұл дегеніміз ШОБ көп болған сайын қала бюджетіне түсетін түсімдер соғұрлым көп болады.Демек бұл шешім "Шетсіз қала" қағидасы бойынша аудандардың тең дамуы үшін ресурстық базасын құрайды. Әкімдіктің негізгі ұстанымы барлық аудан тұрғындары үшін тең жағдайда өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған орай қала әкімдігі ШОБ-ты барынша ауқымды дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Ол үшін қосымша резервтер мен өсу нүктелері анықталды.«АЛМАТЫ – 2020» бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі болып «Бизнес пен жеке капиталға арналған қала» саналады.Бағдарлама аясында мына бір шаралар топтамасы іске асырылмақ:• «Алматы» ӘКК жұмыс істейді; • «Almaty Invest» инвестициялар тарту орталығы құрылды; • Қаланың 6 ауданында бөлімшелері бар «Qoldaý»кәсіпкерлік орталығы құрылды; • «Almaty Finance» қаржылық компаниясы және «Almaty» микронесие ұйымы құрылды. Бұлар пайыздық мөлшерлеменің сараланған саясатын жүргізеді. Қаланың орталық бөлігінде ШОБ үшін 7%, шеткі аймаққа 2%. Несиелеу аясында 2019 жылдың соңына дейін 2 млрд.теңге, ал 2020 жылы 10 млрд.теңге бөлінеді;• ШОБ-ты қаржылық қолдау көлемін 3 есеге ұлғайту (10,5 млрд.теңгеден 31 млрд.теңгеге дейін);• «Алматы Бизнес 2025» бағдарламасы аясында жыл сайын 20 мың кәсіпкерді оқыту.Бұл ретте кәсіпкерлер ШОБ-тің дамуына кедергі келтіретін бірқатар факторларды атап өтті. Олар:-                     Сұраныстың төмендеуі;-                     Бизнесті құру және дамыту үшін әкімшілік кедергілер; - Қызмет көрсету мен сауда жүргізу үшін қолжетімді инфрақұрылымның жоқтығы; - ШОК субъектілерінің, әсіресе ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің сауаттылығының төмендігі.Мысалы, кәсіпкерлердің мәліметінше, Қонаев пен Байтұрсынов көшелерінің екі жағына веложолдарды енгізу осы көшелерде орналасқан ШОБ кәсіпорындарының жағдайына кері әсерін тигізеді. Олардың қатарына сауда, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау және т.б. кәсіпорындар кіреді. Келетін клиенттердің саны төмендеп, түсім көрсеткіші қысқарған. Бұл өз кезегінде ШОБ кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, веложолдардың кесірінен клиенттердің көлігін қоюға жер жоқ. Сол себепті олардың келуі де азайған. Велосипедке арналған жолақ жолдың екі жақ шетінде орналасқан. Бұл – көлік тұрағына үлкен кедергі келтіреді.Қонаев көшесінде 392 нысан орналасқан. Шығыс жағында 115 нысан, батыс жағында – 277. Соның ішінде бүгінгі күні 11 нысан («ArtDFlowers» гүлдер дүкені, «Jewelmer» зергерлік бұйымдар салоны, «Визит» сұлулық салоны, «Милана» киім бутигі) және т.б. жабылды. «Дом Одежды Восход» сауда үйінде барлығы 99 бутик бар. Бүгінде 49 бутик жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап 50-ге жуық бутиктер (балалар және әйелдер киімі бутигі, ыдыс пен төсек-орын бутиктері) жабылды.Мысалы, сусындардың көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын «SAB TRADE COMPANY» ЖШС-нің кірісі (Қонаев көшесі, 153 Шевченко көш.қиылысында орналасқан «TOIMART» ЖШС) 3 есе төмендеген. Демек салық аударымдары да 3 есеге қысқарды (2016 жылы – 233 762 900 теңге. 2017 жылы – 164 851 700 теңге. 2018 жылы – 62 447 800 теңге). «Grand Hotel Tien Shan» қонақ үйінің табысы 2 есеге, 2017 жылы – 22 955 500 теңге, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4 572 200 теңгеге түсті. Сондай-ақ, «Dolcetto» мейрамханасының табысы («Хан» ЖК, Қонаев көшесі, 114) 3 есе төмендеді (айналым айына 15-18 млн.тг-ден 5-6 млн.тг-ге дейін), жұмыс орындары 33-тен 19 адамға қысқарды.Байтұрсынов көшесінде 255 нысан орналасқан:– қарама-қарсы бетте – 107 нысан, атап айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың мұражайы үйі, Никольский соборы, Никольский базары, гүл базары, Алматы технологиялық университеті, Depo Evolution.– батыс жағында – 118. Олар: Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы, Шет тілдер педагогикалық колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы. Бұл жерде 2 нысан (Мастер донер мен дәріхана) жабылды. Байтұрсынов к-сі, 16 мекен-жайындағы әкімшілік ғимаратта (шығыс жағы) веложол жолағы енгізілгенге дейін 20 жалдаушы болса, бүгінгі күні 9 жалдаушы қалды. 2018 жылдан бастап 11 жалға алушы жалдау шартын бұзды. (2 тіс емханасы, «Логистик центр» ЖШС, «Вольфрам» ЖШС, оқу орталығы және т.б.). Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «SprintR» ЖШС де келісім-шартты бұзады (жұмыс орны – 30).Мысалы «Manga sushi» мейрамханасының (Байтұрсынов, 78 шығыс жағы) салық аударымдары 27,9% төмендеген. (2017 жылдың 1 жартыжылдығында – 3,2 млн.тг, 2019 жылдың 1 жартыжылдығында – 2,3 млн.тг.) келушілердің саны 9 654 адамнан 8 429 адамға дейін қысқарып, 12 қызметкер жұмыстан босатылды (бұрын 34 адам болса, қазір 22).«ЖанЕр.Д» кафесінің (Байтұрсынов көшесі, 44, шығыс жағы) салық аударымдары 2017 жылы 26,6 млн.тг, 2018 жылы 17,4 млн.тг қысқарды. «Oriental» асханасының (Байтұрсынов, 89) салық аударымдары 2017 жылы – 1,7 млн.тг, 2018 жылы – 1,1 млн.тг.Осыған байланысты Алматының Қоғамдық кеңесі Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложолды Шевченко көшесіндегідей екі жаққа бағытталатындай етіп көшенің бір жағына орналастыруды ұсынуда. Ал көшенің екінші бетіне көлік тұрағын қарастыруды жөн деп отыр. Бұл шара кәсіпкерлер үшін де, велоәуесқойлар үшін де тиімді болмақ. Сондай-ақ, тұрақ орындары қалпына келтірілсе, Қонаев көшесі бойында 300-ге жуық, ал Байтұрсынов көшесі бойында 150-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуы мүмкін деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26719?lang=kk
Алматы әкімі мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты 15.04.2025
Форумда мұғалім мамандығының маңызы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеудегі педагогтың ерекше миссиясы туралы сөз қозғалды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруді жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды.«Мектеп – жеке тұлғаны және олардың бойында туған еліне деген шынайы сүйіспеншілікті қалыптастыратын киелі орын. Білім ошағында дәріс алатын оқушылардың болашағы зор әрі олар бақытты болулары тиіс», - деді Бақытжан Сағынтаев қаланың мұғалімдер қауымдастығы алдында сөйлеген сөзінде.Әкім өзінің сөзінде педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерді бітіріп, Алматының мемлекеттік мектептерінде еңбек жолдарын енді бастайтын барлық жас мамандарға бірреттік материалдық көмек беру жөнінде шешім қабылданғанын айтты. Биылғы жылы 700 жас мұғалім бюджеттік қаржының есебінен 20 айлық есептегі көрсеткіш көлемінде грант алатын болады.«Бұл шағын көмек, дегенмен осынау алғашқы қадамның қаланың педагогикалық қауымдастығына қолдау көрсетудің маңызды символы болатындығына мен сенімдімін», - деп атап өтті Алматы әкімі.Сонымен қатар, үздік білім ұйымдарын 800 айлық есептік көрсеткіш бойынша жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау жалғасады. Ал, бүгін жеңімпаз 24 миллион теңге көлемінде жүлде алатын болады.Айта кетерлігі, қаланың үздік педагогикалық ұжымдарына жыл сайын ақшалай сыйлықтар беріледі.2020 жылдан бастап қала әкімінің шешімі бойынша мегаполистің ерен еңбек етіп, сапалы білім берген үздік педагогтарына Алматы әкімінің арнайы гранты тапсырылады. Оның Ережесін, номинациясын, критерийлерін әзірлеу және кімге берілуі тиіс екенін анықтау оқытушылардың өздері жүктеледі.Мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру үшін қалада ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылады, оның барысында БАҚ шаһардың үздік педагогтары, үздік оқу практикалары мен кейстері туралы жазатын болады. Бұл шара қоғам үшін білім жүйесін дамытудың дұрыс векторын қалыптастыруға ықпал етеді.Алматы әкімі жаңадан қолға алынатын әрі жыл сайын өтетін «Úzdіk ustaz» («Лучший педагог») байқауы және оның қорытындысы 2020 жылдан бастап Мұғалім күні қарсаңында шығатыны туралы хабардар етті. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы ретінде пәтер, автомобиль және басқа да бағалы сыйлықтар беріледі.«Мұғалім – білім саласындағы басты тұлға, сондықтан қоғам үшін аса маңызды мамандықтың мәртебесін көтеруге тиіспіз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.Қазіргі кезде Алматыда 32 мыңға жуық мұғалім бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26709?lang=kk