Саясат
Алматы облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуда 14.10.2025
Алматы облысында 2022 жылдан бастап жерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында жоспарлы жұмыс жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында жалпы аумағы 483,6 мың гектарды құрайтын 1 488 жер телімі мемлекетке қайтарылды.Қайтарылған жерлердің игерілуі:•165,6 мың гектар конкурс арқылы ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді;•142,3 мың гектар ауылдық округтерге бекітіліп, тұрғындарды жайылыммен қамтамасыз етуге бағытталды;•18,6 мың гектар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берілді.2022–2025 жылдары аудан және қала әкімдіктері ҚР Жер кодексінің 92, 94 және 147-баптарына сәйкес жалпы аумағы 195,6 мың гектарды құрайтын 930 пайдаланылмай жатқан жер учаскесіне қатысты материалдарды Жер ресурстарын басқару департаментіне (ЖРБД) жолдады.2025 жылдың басынан бері Қонаев қаласының әкімдігі де бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, ЖРБД-ға 55 жер учаскесі бойынша (42-сі – коммерциялық, 13-і – ауыл шаруашылығы мақсатындағы) құжаттарды жолдады. Аталған жерлер Капшагай су қоймасы мен Іле өзенінің маңында орналасқан. Сонымен қатар, жер пайдаланушыларға 61 ескерту-хат жіберілді.🔹 Бұрынғы лауазымды тұлғаларға тиесілі болған кейбір жерлерге қатысты деректер де қарастырылуда:•2006 жылы Іле ауданы әкімдігінің қаулысымен «Монтажник» шаруашылығына 13 883,9 га жер бөлінген;•2005–2007 жылдары «DALA INVEST GROUP» ЖШС-не 2 952,07 га жер берілген;•2022 жылы «AL-AGRO GROUP» ЖШС-не 44,93 га жер нотариалдық келісім негізінде өткен;•Алатау қаласында 28,7 га жер телімі тіркелген;•2013–2025 жылдары «Billboards Empire» ЖШС Іле ауданында, Қонаев және Алатау қалаларында жарнамалық билбордтарға арналған 38 жер учаскесін рәсімдеген.Барлық шешімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдануда. ҚР Жер кодексінің 147-бабына сәйкес, жерді бөлу және пайдалану заңдылығын тексеру құзыреті Жер ресурстарын басқару департаментіне тиесілі. Қажетті шаралар қабылданғаннан кейін қосымша ақпарат ресми түрде жарияланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076366?lang=kk
Алматы облысында Еңбек күніне арналған іс-шаралар 14.10.2025
Алматы облысында Еңбек күнін атап өту дәстүрге айналды. Бұл күн тек өңірдің емес, тұтас елдің дамуына үлес қосқан еңбек адамдарын ұлықтау мерекесі.Биыл аймақтағы белсенді бағдарлама 19 қыркүйекте Талғар аудандық Мәдениет үйінде басталды. Мұнда «Еңбек жолы», «Парыз» конкурстарының жеңімпаздары және облыстың барлық аудандарынан келген жұмысшы мамандық иелері марапатталды. Көптеген азаматтарға облыс әкімі атынан дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сертификаттар табысталды.Кейін еңбек ардагерлеріне, жұмысшы мамандық иелеріне, әлеуметтік сала қызметкерлеріне және басқа да мамандарға арналған концерттік бағдарлама өтті. Ал Мәдениет үйінің алдындағы алаңда «Керуен» жобасы мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды.Айта кету керек, «Керуен» – жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, еңбек беделін арттыруға, халықты мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіптік оқыту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған жоба. Бағдарлама облыстың барлық аудан-қалаларында өткізіліп, жастармен, ауыл тұрғындарымен, колледж студенттерімен және жұмыссыз азаматтармен кездесулер түрінде ұйымдастырылады. «Керуеннің» жұмысына аудан әкімдіктері, жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік, жастар саясаты, мәдениет басқармаларының өкілдері, мансап орталықтары, колледждер, кәсіпкерлер секторы және кәсіби бағдар беру мамандары қатысады.Негізгі назар жастарды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тартуға, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын таныстыруға, білім беру бағдарламаларын, «Бастау Бизнес», «Enbek Skills» жобаларын, микрокредиттерді, әлеуметтік гранттарды және басқа да бастамаларды түсіндіруге аударылады.Алайда мереке мұнымен аяқталған жоқ. Еңбек күнін апталық форматта атап өту Есік қаласында жалғасты. Мұнда белсенді ұзақ өмір сүру орталығында TED форматындағы облыстық конференция басталды. Оған еңбек ардагерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар Талғар ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мансап орталығында ашық есік күні өтті. Облыс орталығы – Қонаев қаласы да тыс қалмады. Мұнда да мансап орталығында ашық есік күні ұйымдастырылып, жұмыс берушілермен кездесу өтті. Акцияға Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандары қосылды. Бұл аудандарда бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтті, ал кейін мансап орталығында әлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін қызметкерлер марапатталды.Сонымен қатар жастарға кәсіби бағдар беруге бағытталған «Менің мамандығым – менің болашағым» флешмобы өтті. Бұдан бөлек, студенттер қолөнер, тағам өндірісі, электротехника, дәнекерлеу ісі, ІТ-технологиялар және тігін өндірісі бойынша көрмелер мен шеберлік сыныптарын өткізді.Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы облысында жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту және оларды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, 33 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және 37 ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға 508 жұмыс беруші, 3008 жұмыс іздеуші, сондай-ақ 761 оқушы мен 727 студент қатысты.«Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстары Алматы облысында өттіСоңғы жылдары аймақта тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан конкурстар жаңа есімдерді ашып, аудан ғана емес, бүкіл облыс үшін мақтаныш символына айналды. Олар адал еңбек пен өзара көмек, мамандықтарды насихаттау Алматы облысының дамуына зор үлес қосатынын дәлелдеді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай конкурстардың басты мақсаты – еңбектің қоғамдық маңызын арттыру және түрлі сала қызметкерлерін дәріптеу. Сондай-ақ адал еңбек, еңбек әулеттері мен жас мамандардың құндылықтарын насихаттау ерекше маңызды. Ал өңірлік кезең жеңімпаздарын марапаттау – жергілікті тұрғындар үшін үлкен демеу.Акция аясында өңірдің үздік мамандары атап өтіліп, марапатталды. Құрметті қонақтар – еңбек ардагерлері мен кәсіподақ өкілдері олардың еңбегін ғана емес, облыстың, ауданның және ауылдардың дамуына қосқан үлесін де атап өтті. Шарада облыстық мәслихат төрағасы ерекше сөз сөйледі.– Бүгін біз осы маңызды мерекені атап өту үшін жиналдық. Еңбек күні – барлық буын мен мамандықтарды біріктіретін мереке. Бұл – қарапайым адамның адал еңбегіне, шыдамдылығы мен табандылығына құрмет көрсету күні. Қадірлі еңбек адамдары, сіздер біздің отбасыларымыздың, аудандарымыздың және тұтас Алматы облысының игілігінің негізін қалайсыздар. Біз үшін үлкен мақтаныш – «Еңбек жолы» мен «Парыз» конкурстарының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын, сондай-ақ аудандардан келген жұмысшы мамандық иелерін марапаттау. Бұл азаматтар өз еңбексүйгіштігімен, жауапкершілігімен және ісіне адалдығымен үлгі көрсетіп, өңіріміздің дамуына зор үлес қосуда, – деді ол.Сонымен қатар аудандарда да Еңбек күніне арналған іс-шаралар өтті. Қатысушылар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, жұмысшы мамандықтарына маманданған оқу орындарының таныстырылымы, мемлекеттік гранттар мен микрокредит иелерінің өнімдері қойылған көрмелер ұйымдастырылды.Алматы облысында бірқатар еңбек адамдары марапатталдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін көтеруге және қарапайым еңбекті дәріптеуге бағытталған маңызды шешім болды.Осыған орай, 2025 жылғы 19 қыркүйекте Алматы облысында Еңбек күніне арналған салтанатты шара өтті. Талғар ауданында «Еңбек жолы», «Парыз – 2025» конкурстарының жеңімпаздары және облыстың үздік жұмысшы мамандары марапатталды. Оларға облыс әкімі атынан алғыс хаттар, дипломдар және ақшалай сертификаттар табысталды.«Еңбек жолы» конкурсы үш номинация бойынша өтті: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы». Бұған қоса, «Парыз – 2025» облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Еңбек ардагерлері мен өндіріс озаттарының еңбегі ерекше атап өтіліп, 11 адамға құрметті марапат берілді.Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев салтанатты рәсімде сөз сөйлеп, еңбеккерлерге жылы лебізін білдірді.– Бүгін марапатқа ие болғандар – өз еңбегімен өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан жандар. Сіздердің еңбектеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі, ал жетістіктеріңіз – қоғамның өркендеуіне жол ашатын құндылық, – деді ол.Шарада үздік еңбек әулеттері – Абдрахмановтар, Сайбировтар, Бакеновтар марапатталды. Жастарға тәлімгерлік еткендер қатарынан Райымбек ауданынан Жанат Керімбаев, Кеген ауданынан Ернат Инсебаев және Қарасай ауданынан Айман Байсеитова үздік деп танылды. «Өндірістің үздік жас маманы» атағына Іле ауданынан Дильфуза Бақытжанова, Кеген ауданынан Ермахан Бекмұрат және Алатау қаласынан Дархан Жақаев ие болды. «Парыз – 2025» байқауында Ұйғыр ауданынан Юлдаш Семятов, Еңбекшіқазақ ауданынан Уларым Тұрсын және Қонаев қаласынан Ләззат Салықова жеңімпаз атанды.Сонымен бірге кабельшілер, бас инженерлер, ораушылар, желі операторлары, инженерлер, тракторшылар, электромонтерлер, су арнасы шеберлері, жүргізушілер, етікшілер және басқа да жұмысшылар түрлі марапаттарға ие болды.Айта кетейік, жыл басынан бері облыста жастарды жұмысшы мамандықтарына тартуға және оларды жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 33 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және 37 ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға 508 жұмыс беруші, 3008 жұмыс іздеуші (оның ішінде 1333 жас маман), 761 оқушы және 727 студент қатысты.Адал еңбек – ұрпаққа өнегеМерекеде үздік еңбек әулеттері марапатталды. Солардың бірі – Іле ауданындағы «Алель Агро» АҚ-да еңбек ететін Абдрахмановтар отбасы.– Еңбек – біздің отбасымыздың басты құндылығы. Әкелеріміз бен аталарымыз еңбекқорлықты өмірлік қағида етіп, бізге үлгі көрсетті. Біз сол жолды жалғастырып келеміз. Мұндай марапатты тек өз отбасымыздың емес, барша еңбек адамдарының құрметі деп білемін, – деді Абдрахмановтар әулетінің үлкені.Бұл сөздер еңбек әулеттерінің ұрпақ сабақтастығын сақтап, адал еңбекті дәріптеп келе жатқанын дәлелдейді.Қоғам үшін ортақ құндылықМереке аясында «Керуен» жобасы, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, студенттік флешмоб және кәсіби шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Мемлекеттік грант иелері өздерінің бизнес-жобаларын ұсынып, еңбек нарығының дамуына жаңа серпін берді. Барлығы 400-ден астам адам қатысқан шарада 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.Бұл бастамалар еңбек адамдарын қоғамдағы мәртебесін арттырып қана қоймай, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашты, кәсіби бағдар берді және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты үйлестіруге нақты үлес қосты.Еңбек күні – ең алдымен еңбек адамының мерекесі. Бұл күн әрбір тынбай еңбек еткен жанның қоғам дамуына қосқан үлесін бағалайды. Өз еңбегімен елге үлгі болып жүрген азаматтар – мемлекеттің нағыз тірегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076383?lang=kk
Алматы облысында экологиялық таза өнім өндіретін заманауи жылыжай кешені жұмыс істейді 14.10.2025
Алматы облысының Талғар ауданы Панфилово ауылында табиғи әрі экологиялық таза өнім өндіруге маманданған еліміздегі бірегей кәсіпорындардың бірі – «GREEN ECO» жылыжай кешені табысты жұмыс істеп келеді.Кешен 2016 жылы іске қосылып, 5-ші буынның заманауи жылыжай технологиясымен жабдықталған. Бұл өңірдің аграрлық саласын жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Өндіріс үдерісі толық автоматтандырылған гидропоника жүйесі бойынша жүргізіледі, бұл жыл бойы өнім алуға жағдай жасайды.Кәсіпорынның басты ерекшелігі – химиялық тыңайтқыштар, пестицидтер мен генетикалық түрлендірілген өнімдерді (ГМО) мүлде қолданбауында. Өндірісте халықаралық стандарттарға сәйкес келетін органикалық қоректік заттар мен табиғи шымтезек пайдаланылады.Кешеннің өнім түрлері 30-дан аса атауды қамтиды, олардың ішінде:құмырадағы жасыл салаттар,микрожасылдар,салат қоспалары,жеуге жарамды гүлдер.Жылыжай ай сайын 60 тоннадан астам өнім өндіреді, бұл жылына шамамен 5 миллион құмыра жасыл дақылдарға тең. Өндірістік процесс толық автоматтандырылған, ал сапа бақылауы Дания, Германия және Италиядан жеткізілген құрал-жабдықтардың көмегімен жүзеге асырылады.Жылыжай кешенінің директоры Роман Шнайдерманның айтуынша, кәсіпорынның басты мақсаты – тұтынушыларды халықаралық стандарттарға сай экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету.Кешенде қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға айрықша көңіл бөлінеді. Мұнда энергия үнемдеу технологиялары енгізілген, ал өсімдіктерді суару үшін тереңдігі 250 метрден алынатын артезиан суы қолданылады.Жылыжайда тұрақты түрде шамамен 150 адам еңбек етеді, олардың көпшілігі – Панфилово ауылының тұрғындары. Бұл ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етіп отыр.Талғар ауданы әкімдігі өкілінің айтуынша, «GREEN ECO» сияқты кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырумен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда.Қазіргі уақытта кәсіпорын жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға дайындық жүргізуде – қосымша жылыжай алаңы іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 2,1 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 1,5 млрд теңге қосымша қаржыландыруға сұратылған. Жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан мақұлданып, қаржыландыруды күту кезеңінде тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076169?lang=kk
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңа су құбыры іске қосылды 14.10.2025
Бүгін Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылған маңызды инфрақұрылымдық жоба – туристік бағытқа су құбыры тарту жұмыстарының ашылу салтанаты өтті.Салтанатты шараға аудан әкімі Бота Елеусізова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол су құбырының тартылуы табиғатты қорғау ісінде, туризмді дамытуда және демалушыларға қолайлы жағдай жасауда ерекше мәнге ие екенін атап өтті.- «Тіршілік нәрі – су. Бүгінгі жоба тек туристерге ғана емес, жалпы өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл – табиғатты аялау мен экологиялық туризмді өркендетуге қосылған зор үлес», – деді аудан әкімі.Жаңа су құбырының іске қосылуы Шарын шатқалына келушілерге қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұлттық парктің экологиялық тұрақтылығын сақтауға да ықпал етеді. Жоба мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестіктің нақты нәтижесі болып отыр.Ашылу рәсімінде қатысушылар табиғатты қорғау және туризмді дамытуға бағытталған осындай бірлескен бастамалардың өңір үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.Бұл игі іс-шара Жетісу өңіріндегі экологиялық туризмнің дамуына жаңа серпін беріп, ұлттық парк қонақтарына жайлы жағдай жасаудың жарқын үлгісіне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076236?lang=kk
Алматы облысында жаңа индустриялық аймақ ашылды 14.10.2025
Жамбыл ауданындағы Теміржол ауылдық округінде «Қазыбек бек» индустриялық аймағының ашылуы өтті.Салтанатты іс-шараға іскерлік орта өкілдері, инвесторлар, жергілікті атқарушы органдар мен өңір тұрғындары қатысты. Индустриялық аймақтың жалпы аумағы 900 гектарды құрайды. Негізгі бағыттары – металлургия және металл өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, машина жасау және өнеркәсіптік жабдық өндірісі, сондай-ақ жүк сақтау қызметтері. Жобаны іске асыру мерзімі 2027–2029 жылдарға жоспарланған.Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев индустриялық аймақтың құрылуы өңір мен тұтас ел экономикасын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Өңдеуші өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді», – деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысы Алматы, Қостанай, Қарағанды және Атырау облыстарында іске қосылған ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындарын мысалға келтірді. Сонымен бірге, бұл жұмыстар жеткіліксіз екенін айтып, экономиканы әртараптандыруды жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда негізгі басымдық – ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім өндіру. Бүгін ашылған «Қазыбек бек» индустриялық аймағы – осы міндеттердің нақты жүзеге асуының көрінісі және өңір экономикасының жаңа серпініне айналарына сенімдімін», – деді облыс әкімі.Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ, аталған бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдаған инвесторлар мен серіктестерге алғыс білдіріп, алдағы уақытта облыс әкімдігі кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, инфрақұрылымды дамытып, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Оның айтуынша, заманауи индустриялық аймақ жаңа инвестициялар тартуға, өндірістік секторды кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инновациялық жобаларды енгізуге, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады.Бүгінгі таңда «Қазыбек бек» индустриялық аймағына жалпы құны 454 млрд теңгені құрайтын 11 қатысушы тартылған. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2495 жаңа жұмыс орны ашылады.Инвесторлардың бірі – «KAZAKZSTANYULIN IRRIGATION EQUIPMENT» ЖШС жобасының жетекшісі әрі бас директордың орынбасары Серікжан Болатұлы Нұрсейітов өндіріс орнын ашуға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғысын білдіріп, жобаның болашағына сенімді екенін жеткізді.«Бізге жер телімін бөліп бергені үшін Алматы облысының әкімдігіне алғыс айтамыз. Біздің жобамыз – ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін шығаратын заманауи зауыт құру. Мұнда өсімдік шаруашылығына арналған машиналар, жаңбырлатып суару қондырғылары, мал шаруашылығы техникасы, сұйық және қатты тыңайтқыш енгізуге арналған жабдықтар, сондай-ақ жоңышқаны ұнтақтайтын арнайы машиналар және басқа да техника өндіріледі. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталады, жылдық қуаттылығы – 500 дана ауыл шаруашылығы техникасы. Өнімдерді енгізу шаруалардың импортқа тәуелділігін азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба өңір индустриясының дамуына серпін беріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады деп сенеміз», – деді Серікжан Болатұлы.Қазіргі таңда Алматы облысының инвестициялық портфелінде жалпы құны 6,3 трлн теңгені құрайтын 229 жоба бар. 2025 жылы 302,7 млрд теңге көлеміндегі 35 жобаны іске қосу жоспарланған. Олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және инфрақұрылым салаларын қамтиды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда.Айта кетейік, Алматы облысы – Қазақстандағы ең серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Қытай және Қырғызстанмен шектесетін қолайлы географиялық орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы мен инвестициялық ахуалы тұрақты өсімге мүмкіндік беріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075899?lang=kk
Алматы облысында сүтті терең өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды 14.10.2025
Алматы облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетекші аймақтардың бірі саналады. Мемлекеттік қолдау мен жеке инвестициялардың арқасында соңғы жылдары өңірде ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі айтарлықтай дамыды. Соның айқын дәлелі – Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылында ашылған «Neo Milk» заманауи зауыты. Кәсіпорын ешкі мен бие сүтін терең өңдеуге маманданған.Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Абдығұлов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар мен серіктестер қатысты.Өз сөзінде облыс әкімі жаңа зауыттың іске қосылуын тек Алматы облысы үшін ғана емес, жалпы еліміздің сүт өнеркәсібі үшін маңызды қадам екенін атап өтті.- «Бүгін біз агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа белесіне қадам бастық. Сүт өнімдерін терең өңдеу – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі. Бұл зауыттың жұмысы ішкі нарықты сапалы өніммен қамтып қана қоймай, экспорттық әлеуетімізді арттыруға жол ашады. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары құрылып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсарады», – деді Марат Сұлтанғазиев.Ал ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мұндай жобалардың стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, сүтті терең өңдеу отандық өнімнің үлесін көбейтіп, импортқа тәуелділікті азайтып, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.Жаңа зауыт ең озық еуропалық жабдықтармен және технологиялармен жабдықталған. Қазіргі қуаты тәулігіне 50 тонна сүтті терең өңдеуге мүмкіндік береді. Алдағы жылдары өндіріс көлемін 150 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Өнім ассортиментіне балалар тағамына арналған қоспалар, диеталық өнімдер, құрғақ сүт, ірімшік және халықаралық стандарттарға сай басқа да өнімдер кіреді.Жобаға жалпы 4,5 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл қаражат заманауи еуропалық жабдық сатып алуға, инновациялық желілерді іске қосуға, сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және зертханалық бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталды.Зауыттың әлеуметтік маңыздылығы да жоғары. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ жергілікті шаруалар өндірген сүтін тұрақты өткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл өңірдегі мал шаруашылығының дамуына серпін бермек.«Neo Milk» зауытының өнімдері тек ішкі нарыққа ғана емес, шетелге де жөнелтіледі. Қазіргі таңда Қытай, Ресей және басқа да елдермен экспорт бойынша келіссөздер жүргізілуде.Бұл жобаның жүзеге асуы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар ол Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075949?lang=kk
Алматы облысында автокомпоненттер өндіретін жаңа зауыт жұмысын бастады 14.10.2025
Автомобиль өнеркәсібі – Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. Бүгінде елімізде автокөлік құрастыру көлемі артып келе жатқанымен, қосалқы бөлшектердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Осыған байланысты, мемлекет тарапынан автоқұрастыру зауыттарын отандық өнімдермен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Осы бағытта қолға алынған «QazElastoPlast» зауытының ашылуы – өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған нақты қадам. Зауыт Қазақстанның автоөндірушілері үшін қажетті автокомпоненттер өндірісін жолға қоюды көздейді.Жобаның жалпы инвестиция көлемі 600 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражат заманауи еуропалық құрал-жабдықтарды сатып алуға, өндіріс технологиясын жетілдіруге және жоғары сапалы өнім шығаратын өндіріс желісін іске қосуға бағытталды.Кәсіпорын жылына 150 мың жиынтық автополиктер шығаруға қауқарлы. Бұл көрсеткіш ішкі нарықтағы сұранысты толықтай қанағаттандырып, шетелден әкелінетін өнімдерге тәуелділікті айтарлықтай төмендетеді.Бүгінгі таңда зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, бұл – жергілікті тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік қолдау. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 250 мың теңгені құрайды. Болашақта өндіріс көлемі артқан сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, қызметкерлер саны да көбеймек.Зауытта шығарылатын өнім түрлері автомобиль өнеркәсібінің негізгі қажеттіліктерін қамтиды. Олар:үйінді кілемдер;түрлі үлгідегі автомобиль төсеніштері;шашыратқыштар;тығыздағыш резеңке таспалар.Бұл өнімдер Қазақстандағы автокөлік құрастыратын зауыттар үшін аса қажет. Бұған дейін мұндай бөлшектер негізінен Ресей, Қытай және басқа да елдерден импортталатын. Енді «QazElastoPlast» зауытының жұмысы арқасында отандық автоөнеркәсіп толыққанды жергілікті өнімге сүйеніп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.Зауыттың ашылуы тек өндірістік салаға ғана емес, әлеуметтік бағытқа да оң әсерін тигізеді. Жаңа жұмыс орындарының пайда болуы – жергілікті тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі. Сонымен қатар, кәсіпорыннан түсетін салық түсімдері аудандық және облыстық бюджеттердің кірісін арттырып, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.Жамбыл ауданының әкімі өз сөзінде зауыттың ашылуы өңірдің экономикасы үшін үлкен жетістік екенін атап өтті: «Бұл жоба біздің ауданның өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, Қазақстандағы автоөнеркәсіптің дамуына жаңа серпін береді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау нәтижесінде осындай заманауи кәсіпорындар іске қосылып жатыр. Бұл – импортты алмастыру саясатының нақты көрінісі», – деді ол.«QazElastoPlast» зауыты өнім сапасына ерекше мән береді. Өндіріс процесінде экологиялық талаптарға сай және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін материалдар қолданылады. Зауытта орнатылған заманауи технологиялар өнімнің ұзақ мерзімділігін, беріктігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Кәсіпорынның мамандары үздіксіз оқытудан өтіп, өндіріс технологияларын жетілдірумен айналысады. Болашақта зауыттың ғылыми-зерттеу бөлімі құрылып, жаңа үлгідегі автокомпоненттерді әзірлеу жоспарлануда.Сарапшылардың айтуынша, «QazElastoPlast» зауыты Қазақстандағы автокомпоненттер өндірісін жаңа деңгейге көтереді. Бұл отандық автоөнеркәсіп үшін аса маңызды, себебі қосалқы бөлшектердің жергілікті өндірісі автомобиль бағасын төмендетіп, нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады.Сонымен қатар, бұл жоба еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына толық сәйкес келеді және өңірлік экономиканы әртараптандыруға үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076011?lang=kk
Астанада “Төреліктегі қамтамасыз ету шараларын қолдану’ тақырыбында семинар өткізілді 14.10.2025
2025 жылғы 22 қыркүйекте GRATA International Астана қаласындағы кеңсесі ENYO Law жетекші халықаралық заң фирмасымен бірлесіп «Төреліктегі қамтамасыз ету шараларын қолдану» тақырыбында семинар өткізді.Төрелік талқылауда жақында жетістікке қол жеткізгеннен кейін GRATA International Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.Семинарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері қатысып, төрелік талқылау саласындағы жергілікті сараптаманы дамытуға баса назар аударылды.Семинар барысында ENYO Law заң фирмасының серіктесі Борис Телятников және ENYO Law аға заңгері Каролина Крофт халықаралық дауларды шешу тәжірибесімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1075795?lang=kk
Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирге шықты 14.10.2025
25 қыркүйекте жаңа Qonaev Media телеарнасы өз жұмысын бастады. Арна еліміздің барлық өңіріндегі көрермендерге Alma TV және Otau TV платформалары арқылы қолжетімді. Телеарна күн сайын 08:00-ден 00:00-ге дейін хабар таратады.Qonaev Media өзін Алматы облысы мен жалпы Қазақстанның өміріне бағытталған заманауи медиаресурс ретінде таныстырады. Эфирде жаңалықтар, талдамалық бағдарламалар, ток-шоулар, сұхбаттар, деректі және ойын-сауық жобалар көрсетіледі. Әсіресе әлеуметтік бастамаларға, білім мен денсаулық сақтау саласының дамуына, бизнеске, мәдениетке, спорт пен экологияға ерекше назар аударылады.Телеарна басшысы Қымбат Хангелдинаның айтуынша, Qonaev Media-ның іске қосылуы отандық телевизия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: «Біздің мақсатымыз – халыққа жақын болып, өңір мен елдің келбетін қалыптастыратын шынайы оқиғаларды көрсету. Көрермен эфирден тек ақпарат қана емес, шабыт алып, айналасында болып жатқан оқиғаларға өзін тікелей қатысушы ретінде сезінуін қалаймыз», – деді ол.Qonaev Media өкілдерінің айтуынша, арна кең аудиторияға арналған контент әзірлеп, ақпараттылықты, қарқынды ырғақты және жеңіл жеткізу стилін үйлестіріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075213?lang=kk
Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді 14.10.2025
Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып ала алады. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен болады.Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, өңірлер жыл сайын жәрмеңкеге қатысып, елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады.«Биыл біз негізгі басымдықты алма мен ет өнімдеріне бердік, сонымен қатар сүт өнімдерін де алып келдік. Бұл – біздің облыстың ерекшелігі», – деді ол.Барлық жүк көліктері міндетті техникалық тексерістен өтті, тасымалдау кезінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық сақталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075223?lang=kk
Атырауда білім саласының 300 маманы сыбайластыққа қарсы форумға қатысты 14.10.2025
«Сыбайластыққа қарсы мәдениет: білім ұяларынан бастау алатын игі қадам» атты форумға мектеп басшылары, есепші және материалдық базаға жауапты мамандардан құралған 300-ге жуық адам қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.- Бұл іс-шара сыбайластықтың алдын алу, бұрынғы қателіктерді қайталамау және заңға енген жаңа өзгерістерді мамандарға түсіндіру мақсатында өтуде. Парақорлыққа қарсы күрес — барлығымыздың ортақ міндетіміз. Адалдыққа тәрбие балабақша мен мектептерден басталады, - деді Атырау қалалық Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.Форумда бірқатар спикер баяндама жасады. Олардың қатарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОБ департамент басшысы Нұрлан Еркебаев, “АзияСервис” ЖШС маманы Әли Жапар, Тексеру комиссиясының мүшесі Жанат Дауылбаев, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Салтанат Төлепова, сондай-ақ “Білім-Инновация” қорының өкілі Самат Смақов бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1074933?lang=kk
Әділет министрі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті 14.10.2025
24 қыркүйекте, Қазақстанның 12-ші Азаматтық форумы қарсаңында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.Министр азаматтық қоғамның маңызды рөлін атап өтті, әсіресе Әмбебап кезеңдік шолу және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт аясында ұлттық баяндамаларды дайындау мен қорғау шеңберінде. Бұл күш-жігер Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, елдің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге адалдығын растады.Әділет министрлігімен Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Жолдауында қойылған міндеттер аясында, әділет жүйесіндегі цифрлық трансформацияның барысын, оның әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудағы рөлін, сондай-ақ халық үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуін таныстырылды.«Мемлекет басшысы жақында жасаған Жолдауында, сондай-ақ кеше БҰҰ-ның кезекті сессиясында Бас мінберден сөйлеген сөзінде ел дамуының негізгі бағдарларын айқындады. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы – әділетті де қуатты мемлекеттің негізі. Тұжырымдаманың ережелері әрбір азаматқа қатысты, оны ең алдымен әркім өзінен бастап жүзеге асыруы қажет», – деп атап өтті Әділет министрі.Кездесу қорытындысы бойынша Министр азаматтық қоғам өкілдеріне сындарлы ынтымақтастық пен нәтижелі серіктестігі үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмысты жалғастыруға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1074298?lang=kk
Алматы облысында тұқымдарды бақылаудың пилоттық цифрлық жүйесі іске қосылды 14.10.2025
24 қыркүйекте Алматы облысында Ұлттық ғылым академиясы ғалымдары аграрлық университеттермен бірлесіп әзірлеген тұқымдардың қадағалауына арналған цифрлық жүйе таныстырылып, пилоттық режимде іске қосылды.ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев тұқым сапасының өнімділікке тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті:«Қазақстанда әлі де болса ауыл шаруашылығы өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы 10 жылдағы талдау нәтижесі көрсеткендей, табиғи-климаттық жағдайы бізге ұқсас Канадада астық дақылдарының орташа өнімділігі 28 пайызға өсіп, гектарына 38 центнерге жеткен. Ал Қазақстанда өсім небәрі 6 пайызды құрап, гектарына 12 центнер деңгейінде қалды. Мұндай жағдайдың басты себептерінің бірі — сапасыз тұқымдарды пайдалану. Сондықтан цифрлық бақылау жүйесін енгізу салада тәртіп орнатып, оны жаңа деңгейге көтереді», — деді ол.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір жоғары нәтижелер көрсетіп отырғанымен, сапалы тұқымға деген сұраныс толық қамтамасыз етілмегенін айтты:«Биыл облыста күріштің өнімділігі гектарына 52 центнерге жетті. Бұл орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары. Дегенмен шаруаларға 62 мың тонна тұқым қажет, ал жергілікті өндіріс небәрі 2 мың тонна көлемінде ғана қамтамасыз етіп отыр. Сол себепті отандық селекцияны дамыту мен цифрлық бақылауды енгізу біз үшін стратегиялық басымдық болып қала береді», — деп атап өтті ол.Семинарға қатысушылардың айтуынша, жаңа жүйе барлық үдерістердің — сортты әзірлеуден бастап шаруашылықта пайдалануға дейінгі кезеңнің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ол жалған есеп беруді болдырмай, заңсыз субсидия алуға жол бермей, сорт авторларына әділ роялти төлемдерін кепілдейді.Семинар жұмысына Академия президенті, Алматы облысының әкімі, ғалымдар, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ФАО, агробизнес пен шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1074414?lang=kk
Алатау – смарт қалаға айналуда 14.10.2025
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Алатау қаласының смарт қалаға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Бұл тапсырма аясында жүйелі шаралар қабылданып, өңірде ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.Алатау қаласында IT саласы бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. «Smart City» тұжырымдамасы шеңберінде жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған 300 бейнебақылау камерасы мен 6 ақпараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Мұндай қадамдар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалалық инфрақұрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұжырымдамадағы базалық бастамалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.Жалпы, IT және жасанды интеллект саласы – өңірдің болашақ дамуының негізгі драйвері. Сондықтан облыс басшылығы бұл бағыттағы жобаларды толық қолдап, жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасауда. Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймақ жоғары технологияларды дамытуға арналған ең қолайлы алаң болып табылады.Қазіргі басты міндет – инфрақұрылымды жедел аяқтау, білім беру жүйесін жаңа технологияларға бейімдеу және жас таланттарға мүмкіндік беру. Жасанды интеллект – болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің шындығы.Бүгінгі таңда облыс деңгейінде «Цифрландыру және инновациялық даму» бағыты бойынша нақты жоспарлар әзірленген. Жаңа технопарктер, инкубаторлар және стартап-платформалар құру қолға алынуда. Жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждер IT және AI мамандарын дайындауға белсене атсалысуда. Сондай-ақ, шетелдік және отандық ірі IT-компанияларды Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймаққа тарту бағытында келіссөздер жүргізілуде.Президент атап өткендей, жасанды интеллектті қолдану – енді жай сөз емес, экономиканың нақты драйвері. Ол өндіріс үдерістерін автоматтандырады, қызмет сапасын арттырады және құн тізбегін тиімді етеді.Бұл тұрғыда басты ұстаным – болашақты бүгіннен бастау. Егер өңір жасанды интеллектке, үлкен деректерге және автоматтандыруға дер кезінде бет бұрмаса, жаһандық бәсекеде артта қалу қаупі бар. Сондықтан мұндай бастамаларға тек дайын болу емес, алғашқылардың бірі болып қадам жасау қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1073832?lang=kk
Алматы облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды 14.10.2025
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Ельнар Тулегенович Калназаров 2025 жылғы 27 тамызынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.Ельнар Тулегенович 1987 жылы туылған, білімі жоғары, 2012 жылы Қытай Халық Республикасы Бейжің тілдер және мәдениет университетін «Тілдер және әдебиет» мамандығы, 2020 жылы М.В. Ломоносов атыңдағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Іскерлік басқару шебері» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2015 жылы "МАКИРА" ЖШС-нің бас директорының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары болып бастаған.Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Адам ресурстары департаментінің сарапшысы, талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің талдау және статистика басқармасының сарапшысы, Шет елдердегі мекемедегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің өкілі лауазымдарын атқарған.2025 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті талдау және статистика басқармасының сарапшысы лауазымында қызмет етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1072969?lang=kk
Алматы облысында өртті сөндіруге қатысқан мамандар марапатталды 14.10.2025
Алматы облысында Алатау қаласының маңындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге қатысқан мамандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан Алатау қаласы маңындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге атсалысқан мамандарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Құрметке өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, әскери қызметшілер, волонтерлер және коммуналдық қызмет мамандары ие болды. Олар бірнеше тәулік бойы күрделі әрі қауіпті жағдайда жұмыс атқарды.Өрт 34 гектар аумақты шарпыды. Оның ерекшелігі — жалынның ашық беткі қабатта ғана емес, тереңдігі он метрге дейін жеткен түнектегі тұтануларда болуы. Қоқыс массасында жиналған метан жалынды күшейтіп отырды. Сонымен қатар бос әрі тұрақсыз топырақ, опырылып кету қаупі және желдің бағытының өзгеруі жағдайды қиындатты.Алғашқы сағаттардан бастап облыстық және Алматы қаласының ТЖД күштері, МЧС-тің арнайы бөлімшелері, полиция, әскери бөлімдер, әкімдіктер мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Кейбір күндері апат аумағында 1,5 мыңға жуық адам мен 500-ден астам техника жұмыс істеді. Жәрдемге Абай, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстары, Жетісу өңірі мен Шымкент қаласының бөлімшелері қосылды. Ортақ күшпен өрт полигон аумағынан тысқары кетпеуі қамтамасыз етілді.Тлінняның таралуына жол бермеу үшін аумақ бірнеше учаскеге бөлініп, жыртылды, үстіне топырақ пен қиыршық тас төселді. Тереңқара өзенінен су айдау станциялары орнатылып, ондаған өрт сөндіру құбырлары арқылы магистральді желі жүргізілді. Бұл қажетті су көлемін және қысымды қамтамасыз етті. Жұмыс тәулік бойы, ауысыммен үздіксіз атқарылды.Барлық қатысушылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Жергілікті кәсіпорындар су, азық-түлік және арнайы киім жеткізді. Құтқарушылар үшін тамақтану және тынығу шатырлары құрылып, тәулігіне төрт мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды.Алматы облысы ТЖД бастығы Даурен Оразбеков мамандардың аса қауіпті жағдайда еңбек еткенін атап өтті:– Ерлік дегеніміз – апат жағдайында тапсырманы мүлтіксіз орындау. Жылу, түтін мен тұрақсыз топыраққа қарамастан, біздің қызметкерлер тактиканы үнемі өзгертіп, ошақтарды қабат-қабатпен сөндіріп отырды. Әрқайсысына алғыс айтамын, – деді ол.Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Асқар Тойчубеков те мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігін жоғары бағалады.Алатау қаласының әкімі Аркен Утенов көрші облыстар мен аудандардың айрықша қолдау көрсеткенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1073085?lang=kk
«Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбындағы каскадтық оқыту 14.10.2025
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ғимаратында үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде Астана қаласында 2025 жылдың 11-12 қыркүйек күндері өткізілген «Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысқан Жылыой, Индер, Исатай, Мақат аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары З.Калмуханова, Б.Сапаров, Қ.Губашев Р.Мақсотов Атырау облысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мүшелерін каскадтық оқыту бағытында семинар өткізілді. Семинарды Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясыныңның төрағасы Әсия Баянқызы Қыстаубаева ашып, одан әрі Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен новеллалар, Сайлау процесі кезінде ақпараттандыру, үгіттеу, байқаудың кейбір мәселелері, Ұлттық жасанды интеллект платформасымен жұмыс істеу негіздері, Сайлау науқанын қаржыландыруды ұйымдастыру, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сайлау процесіндегі сот дауларына шолу және тағы басқа тақырыптарында спикерлер дәріс беріп, семинарға қатысушылар арасында кеңінен талқылады.Кәсіби дағдыларды арттыру мақсатында дайындалған тәжірибелік кейстер қаралып, семинар қорытындысымен қатысушылар тестілеуден өтті. Тестілеудің нәтижесімен қатысушылардың 39% қойылған сұрақтардың барлығына дұрыс жауап берсе, 56% «жақсы» деп бағаланды, ал тек бір тыңдаушы «қанағаттанарлық» көрсеткішке қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1072822?lang=kk
Қонаев қаласында «WORLD CLEAN UP DAY» халықаралық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті 14.10.2025
Қонаев қаласында «World Clean Up Day» халықаралық акциясы және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.Шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар және ардагерлер белсене қатысты. Қатысушылардың бірлескен еңбегімен ағаштар отырғызылып, аулалар мен қоғамдық аумақтар абаттандырылды, бордюрлер сырланып, көшелер мен саябақтар тазартылды.Акцияның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру.Мұндай игі бастамалар қала тұрғындарын біріктіріп, туған жердің тазалығы мен жайлылығын сақтауға ортақ үлес қосуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1072954?lang=kk
Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесті 14.10.2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Тайсойған ауылында Қызылқоға ауданының тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 21,5%-ға өскенін, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінде өсім барын және әлеуметтік инфрақұрылымның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әлеуметтік инфрақұрылым•Соңғы екі жылда 7 мектеп жаңғыртылды: жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздар мен кабинеттер сатып алынды.•Сағызда Жастар үйі мен Өнер орталығына ғимараттар алынды.•Жамансорда 80 орындық мектеп пен 30 орындық интернат салынуда.•Қарабауда 120 орындық бастауыш мектеп салу жоспарланған, мердігер анықталуда.•Жасқайратта 100 орындық, Тайсойғанда 50 орындық балабақша құрылысының жобасы дайындалуда.•Биыл Мұқырда (400 орын) және Қарабауда (300 орын) салынып жатқан мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталады. 2026 жылы Миялыда 500 орындық мәдениет үйі мен Тайсойғанда шығармашылық орталықтың құрылысы басталады.•Спорт саласында Мұқыр, Қарабау, Қоныстану және Қаракөл ауылдарында спорт кешендері салынуда, Жангелдин және Тайсойғандағы кешендер 2026 жылы пайдалануға беріледі. Әлеуметтік инфрақұрылым•Соңғы екі жылда 7 мектеп жаңғыртылды: жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздар мен кабинеттер сатып алынды.•Сағызда Жастар үйі мен Өнер орталығына ғимараттар алынды.•Жамансорда 80 орындық мектеп пен 30 орындық интернат салынуда.•Қарабауда 150 орындық бастауыш мектеп салу жоспарланған, мердігер анықталуда.•Жасқайратта 100 орындық, Тайсойғанда 50 орындық балабақшаның құрылысы басталады. •Биыл Мұқырда (400 орын) және Қарабауда (300 орын) салынып жатқан мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталады. 2026 жылы Миялыда 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталса, Тайсойғандағы шығармашылық орталықтың мердігер мекеме анықталып, құрылысы биыл басталады. •Спорт саласында Мұқыр, Қарабау, Қоныстану және Қаракөл ауылдарында спорт кешендері салынуда, Жангелдин және Тайсойғандағы кешендер биыл пайдалануға берілді. Биыл ауданда 8 спорт кешенінің құрылысы жүріп, оның екеуі биыл пайдалануға берілсе, үшеуі жыл соңына дейін, тағы үшеуі келесі жылы халық игілігіне беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1071868?lang=kk
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Рекорд Гиннесса жобасы аясында Алматы облысында өткізілді 14.10.2025
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округіндегі Ақши ауылында ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты.Бұл бастама Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және өңірдің ірі шаруашылықтарының бірі – «Даулет-Бекет» компаниясының жетекшілігімен жүзеге асты. Керуен құрамына 1000 түйе енгізіліп, олар арнайы дайындалған 1 шақырымдық жолды жүріп өтті. Бұған дейінгі әлемдік рекорд 2022 жылы Қытайда тіркелген болатын. Ол кезде тек 365 түйе қатысқан еді. Осылайша, Қазақстан бұл жетістікті үш еседен астам арттырып, әлем назарын өзіне аударды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында: «Ұлттық мәдениетімізді сақтау мен дамыту – әрбір азаматтың парызы. Біз өз дәстүрімізді құрметтеп, жастарға жеткізуіміз керек»,– деген болатын.Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр бұл шараның ел үшін маңызын ерекше атап өтті: «Бұл – тек мәдени іс-шара ғана емес. Бүгінгі мың түйеден құралған керуен халқымыздың көшпелі өмір салтының айшықты мұрасын әлемге паш етіп, жаңа заманға үн қатқан тарихи оқиға. Бұл арқылы біз жастарға ата-бабамыздың ұлы мұрасын танытып, туризмді дамытамыз, аймақ экономикасына серпін береміз», – деді ол.Шара барысында ұлттық нақыштағы бес киіз үй тігіліп, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Арнайы фудкорт аймағы жұмыс істеп, шұбаттың дәмін тату мүмкіндігі жасалды. Сонымен қатар белгілі эстрада жұлдыздары мен өңір өнерпаздары қатысқан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Керуеннің қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өтуіне ерекше мән берілді. Патрульдік полиция қызметкерлері, өрт сөндіру техникасы, медициналық қызмет және ветеринарлық бақылау толық қамтамасыз етілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін турникеттер орнатылып, көрермендердің керуенге жақындауына шектеу қойылды.Ауқымды шараны республикалық БАҚ пен телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетті. Туристік агенттіктермен бірлесе отырып, отандық және шетелдік туристердің қатысуы қамтамасыз етілді. Мыңдаған көрермен тарихи сәттің куәсі болды.Бұл рекордқа бастамашы болған «Даулет-Бекет» шаруа қожалығы түйе шаруашылығы саласында аймақтық қана емес, халықаралық деңгейде де көш бастап келеді. Кәсіпорын 2011 жылы «Асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығы» мәртебесін иеленген.2012 жылы Қарөткел жәрмеңкесінде «Алтын белгіге»,2013 жылы «Лидер отрасли» атағына ие болып, «Слава Казахстана» орденімен марапатталған.2015 жылы Сочиде өткен аймақаралық форумда «Даулет-Бекет» шұбаты үздік өнім деп танылған.2021 жылы кәсіпорын жеке инвестиция есебінен 1 миллиард теңге көлемінде жаңа сүт өңдеу зауытын іске қосып, Қытай мен Ресейге кептірілген түйе сүтін экспорттауды бастады. Бүгінде бұл шаруашылық ТМД елдері арасында шұбат өндіру бойынша көшбасшы болып саналады.Шаруашылық басшысы Сыдық Даулетов өз сөзінде:«Біздің мақсатымыз – түйе шаруашылығын дамыту арқылы ұлттық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару. Бұл шара – Қазақстанның тек рекорд жаңартып қана қоймай, өз бренді мен мәдениетін танытудың үлкен қадамы», – деді.Іс-шараға Англиядан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг қатысып, керуеннің әр қимылын қатаң бақылап отырды. Тарихи сәттен кейін ол былай деп пікір білдірді:«Мен мұндай көлемдегі түйе керуенін бірінші рет көріп отырмын. Қазақстанның бұл жетістігі тек ұлттық мәдени мұра ғана емес, бүкіл әлемдік қазына ретінде бағалануы тиіс», – деді ол.Осылайша, Қазақстан ресми түрде «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені» атағын иеленуге ат салысты деуге болады. Бұл – ел тарихында ғана емес, бүкіл түркі әлемінде тұңғыш рет тіркелген жетістік болады.Бұл шара Алматы облысының туризм саласына жаңа дем бермек. Аймақтың табиғи байлығы мен мәдени мұрасын насихаттау арқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін арттыру көзделіп отыр.Әкім орынбасары Бақытұлы Бақытнұр бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті: «Іле Алатауы мен Балқаш көлінің аралығында орналасқан біздің өңірде туризмді дамыту үшін зор мүмкіндік бар. Біз мәдени шараларды жиі өткізу арқылы туристерді тартуды көздейміз», – деді ол.«Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» іс-шарасы Қазақстанның ұлттық құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, еліміздің мәдени және туристік брендіне айналуға жол ашты.Бұл шара көшпелі өркениеттің ұлы мұрасын жаңғыртып, ел тарихындағы жаңа парақты ашты. Алматы облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатқан бұл рекорд келешек ұрпаққа мақтаныш ретінде қалатыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1071948?lang=kk