Enbekshi QazaQ

Саясат

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тау бөктеріндегі селден қорғау іс-шараларының барысымен танысты 10.04.2025
Қала әкімі тау өзендері мен көлдердегі жағдайларға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Ақсай және Аюсай шатқалдарында селден қорғау бөгеттерінің құрылыс жоспарымен және қолданыстағы бөгеттерді жөндеу жобаларымен танысты.Мегаполис басшысы Б.Сағынтаев Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Алматы қалалық ТЖД бастығы С.Әубәкіров және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары М.Қасеновпен бірге мұздақ көлдерді аралап шықты. Жұмыс сапары кезінде селден қорғау шаралары мен мұздақ көлдерді босату бойынша бірқатар жұмыстар тексерілді.Алматы қалалық ТЖД мамандары Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі сел қаупінің автоматтандырылған мониторингтік бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында баяндап берді. Биыл сел ошақтарын, өзен арналары мен мореналық көлдерді, бөгеттер мен су қоймаларын бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ететін 10 станса бой көтереді. Келесі жылы 21 станса салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/17331?lang=kk
Алматыда Универсиада -2017 салтанатты түрде ашылды 10.04.2025
– Бұл стадионда жер шарындағы жетекші жоғары оқу орындарының жүздеген өкілдері жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда болашақ олимпиадашылар мен әлемдік сайыстардың жеңімпаздары бар. Сондай-ақ, өзінің мансабын келешекте экономикамен, саясатпен, бизнеспен байланыстыратындар да жоқ емес, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің ұстанымы бірлік пен ынтымақтастық орнату, қауіпсіз болашаққа ұмтылыс болғанын атап өтті.– Спорт, ғылым және мәдениет арқылы біз барлық құрлыққа тыныштық пен толерантты дамудың қазақстандық формуласын жеткізгіміз келеді. Сол үшін ұйымдастыру жұмыстары күн сайын қарқын алып, осы Мұз сарайы мен бұл ойындардың басқа да нысандары зор ықыласпен салынды, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Универсиада қаланың спорт инфрақұрылымын дамытудың өзіндік локомотивіне айналғанын атап өтті.– Алматы қазірдің өзінде даусыз рекордтар көрсетіп отыр. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет мұнда Атлеттер қалашығы салынды. Бұл жобаға жұмсалған инвестиция қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады. Ареналар көпшілікті бұқаралық спортқа тартатын орталыққа айналады. Атлеттер қалашығы 1700-ден астам отбасыға арналған қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйі бар жаңа шағын ауданды құрайды. Универсиада әлемнің 80 мемлекетінде 43 телеарна арқылы көрсетіледі. Оның аудиториясы бір миллиардтан астам адамды қамтиды. Универсиаданың қанатын кеңге жайғанын, өзінің басталуының тарихи сәтіне дайын екенін көріп отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Универсиада өтіп жатқан орынның бірегейлігіне назар аударды.– Алматы – 1000 жылдық тарихы бар қала, Қазақстанның жаңа дәуірі бастау алған алтын бесік. Бұл – қарқынды дамып келе жатқан, заманауи қала, іскерлік орталығы және ел экономикасының қозғаушы күші. Жастар қаласы. Студенттер қаласы. Қазақстанның жоғары оқу орындарының үштен бірі осында орналасқан, оларда 137 мың студент білім алуда. Аты аңызға айналған және бәріміз жақсы көретін «Медеу» мұз айдыны бұрынғы даңқын қайта жаңғыртып, қайтадан ауқымды жарыстардың атмосферасын сезіндіретін болады. Іле Алатауы бөктерінде «Шымбұлақ» алмастай жарқырап тұрады. Универсиада саламатты өмір салтының рәмізіне айналады. Оның нәтижесін ұлтымыздың денсаулығын нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен салыстыруға болады, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін осы жаһандық мерекені әзірлеуге атсалысқандардың бәріне, соның ішінде үш мың волонтерге, Халықаралық студенттік спорт федерациясына және оның президенті О.Матыцинге алғыс білдірді.akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/16869?lang=kk
Пәтер кезегінде тұрғандар Атлеттер ауылынан кілттерді алды 10.04.2025
Пәтер алу кезегінде тұрған 2 мыңнан астам алматылық отбасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған болашағы зор жаңа ықшам аудан тұрғындарына айналды, олардың арасында 1 және 2 топ мүгедектері, жетімдер, ата – ана қарауынсыз қалған балалар, соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы және толық емес отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер, және басқалары бар. Сатып алынатын арендалық пәтердің бір шаршы метрінің құны 1036 дан 1126 теңгені құрайды, жалға беру мерзімі 20 жыл.«Өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтер алды. 2017 жылы 3200 – ден астам алматылық жаңа қонысқа ие болады, солардың 1700 – ден астамы бүгін пәтер кілттерін алды. Бүкіл дүниежүзілік Универсиада чемпиондарына есік ашқан жерге жаңа қоныстанушылар келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Универсиада мұрасы» аясында 140 мыңнан астам оргтехника, атлеттер ауылындағы арнайы қондырғылар 500 әлеуметтік мекемелерге таратылды. 700 мыңнан астам арнайы спорттық және кәсіби қондырғылар қаланың спорт мектептері мен әлеуметтік нысандарына берілді», - деді Б.Байбек.Атлеттер ауылының аумағы 23 гектардан астам, мұнда 14 үй салынған. Видео бақылау, өрт қауіпсіздігі қарастырылған. Бұл кешенде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк, пошта бөлімшелері мен полицияның тірек пункті жумыс істейді. Құрылыс кезінде тек отандық материалдар пайдаланылды.Атап өтерлік жайт, соңғы 8 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға жергілікті бюджеттен 300 млрд. теңге бөлінді, толық инфрақұрылым, әкімшілік орталық пайда болды. Бала бақшалар, емханалар салынды. «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиалық орталығы, «Алматы арена» мұз сарайы, қолөнершілер орталығы ашылып, тұрғындардың мәдени және рухани танымы артты. Жаңадан қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды мектеп, күніне 500 және 200 адам қатынайтын емхана құрылыстары аяқталып қалды, 32 көшенің жол жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/16598?lang=kk
Алматыда 43,2 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді 10.04.2025
Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады.Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн. теңге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаңа арық желілер мен жаңбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15976?lang=kk
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады 10.04.2025
Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады.«Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жаңа аула алаңдары салынады. Бұл жөндеу емес, жаңадан салу деген сөз. Кіші архитектуралық формалалар – алтыбақандар, турниктер, орындықтар, урналар болады, баллар және спорт алаңдары ашылады. Бұлардан өзге, аулаларға жарық көздері орнатылып, асфальт төселеді», - деді Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов.Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да атқарылады. Мысалы, Алатау ауданында 15 аула, Алмалы ауданында – 80, Әуезов ауданында- 50, Бостандық ауданында – 60, Жетісу ауданында – 50, Медеу ауданында – 120, Наурызбай ауданында 17 аула жасалады.Атап өтерлік жайт, 2016 жылы қалада 290 аула көріктендірілген болатын. Осы жұмыс аясында балалар алаңдары үшін жаңа қоныдырғылар, урналар, орындықтар алынып, аула іштерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15921?lang=kk
Қазақ күресі бойынша өткен «Алматы Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды 10.04.2025
Чемпионның алтын белбеуі мен көлік кілтін Наурызбай ауданының палуаны Руслан Әбдіразақов жеңіп алды. Екінші орынды Бостандық ауданының өкілі Дәурен Нуралинов иеленді. Екі спортшы да Астанада шілде айында өтетін «Қазақстан барысы - 2017» республикалық турнирінде Алматы қаласының атынан бәсекеге түсетін болады. 2016 жылы «Алматы барысының» жеңімпазы атанған Наурызбай ауданының спортшысы Виктор Демьяненко үшінші орынға көтерілді.Атап өтерлік жайт, Алматыда ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде көкпардан, аударыспақ пен теңге ілуден, асық және жамбы атудан, қазақ күресінен жарыстар жиі өтіп келеді. Мысалы, мамырда орталық ипподромда Қазақстанның әр аймағынан спортшылар қатысқан «Ұлы дала ойындары» республикалыцқ фестивалі өтті. Соңғы екі жыл ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы және қолөнершілердің жаңа орталығы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15911?lang=kk
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды 10.04.2025
Алматы әкімі монументтің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапрысмасымен ашылып отырғанынын айтты. 1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 млн. 700 мың адам қырылып кеткен. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.«Бүгін Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті Алматыда да ашқалы отырмыз. Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткен жылы біз осы ескерткішті жасауға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба түсіп, көпшіліктің, арнайы мамандардың талқылауына ұсынылды. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғарымымен жобалардың ішінен баласын кеудесіне қысқан Ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана – барша тіршіліктің қайнар көзі, ұлттың ұйтқысы, келешектің кепілі. Ана қасіреті – ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын – өз сәбиін құшақтаған Ананың қайғылы халі сол кезеңде өмір мен өлімнің арасындағы қазақ халқының басынан кешкен талайлы тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың жазықсыз шейіт болған ата-бабалар мен аналардың рухына бас иіп, Тәуелсіздіктің тәттілігін, азаттық пен бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін ұғына білетін киелі орын болсын деп тілейміз! Бұл ескерткіштің мәні – өткендер рухына тағзым, ал болашақ үшін - тағылым», - деді Б.Байбек.1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші «Қарағайлы» саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.«Аштықтан бұратылған сәбиіне қорған бола алмаған Ана жүрегі қан жылайды. Баланың көзі жұмулы, анасын құшақтауға тіпті әлі де жоқ. Ана табанының астында бос төңкерілген қазан жатыр», - деп түсіндірді скульптура авторлары.Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр репрессия құрбандарын Еске алу күні болып жарияланды. Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мен «АЛЖИР» мұражай кешені, ашылған, ал Алматы облысында ашаршылық құрбандары мен репрессияға ұшырағандарға монумент қойылған, еліміздің барлық өңірлерінде мұражайлар, ескерткіштер,мемориалды кешендер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15908?lang=kk
Қарғалы өзенінің арнасына бетон конструцияларды салу аяқталды және оған жақын ораналасқан аймақтар абаттандырылуда 10.04.2025
Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 7,7 км болатын Қарғалы өзенінің арнасына бетон конструкцияларын төсеу жұмыстары аяқталды. Жағалауларға қайта топырақ төгу жүріп жатыр, үш өтпелі көпір салынған.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан тұрығндарының демалуы үшін өзен жағалауы түгелдей абаттандырылуда.Жасл желектер отырғызылып, гүл клумбалары, альпі таулары жасалған, жасыл аймақтың жалпы көлемі – 1 гектар. Шағын архитектуралық формалар, балалардың ойын алаңдары, декоративті тректер бой көтеріп, жүргінші тротуарлары салынуда.Қала әкіміне Наурызбай ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты шілденің басында ашылатындығы айтылды. Қазіргі кезде мұнда ішкі әрлеу, технологиялық қондырғыларды орнату, нысан айналасын көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бес қабатты ғимарат алдына көлемі 1 гектар болатын сквер жасалады.АІІД-нің жаңа нысанының, 1200 орынды мектептің құрылысы аяқталып қалды. 500 адам қатынайтын емхана да іске қосылады. Бұлардың барлығы келесі айдың басында пайдалануға беріледі.ХҚКО, пошта,сот, прокуратура, әділет басқармасы орналасатын кешенді әкімшілік нысан ішінде де әрлеу жұмыстары жүруде. Бұл кешен биылғы жылдың тамыз айында беріледі деп жоспарланған.Жалпы, ауданда тұрғын үй салу, магистарльды жолдарды тесу, Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 км болатын жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 км болатын жол күрделі жөндеуден өтуде, жолдың көлік қозғалысы бөлігі 4 жолақты болып кеңейтілуде, «Қарғалы» өзені бойындағы көпір қайта жасалып, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салынуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15425?lang=kk
10 мың алматылық отбасы 2017-2024 жылдары ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартатын болады 10.04.2025
Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мың алматылық отбасының тұрғын үйін жақсартатыны айтылды. Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып, 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.«Біздің басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.Ол жаңа үйлердің жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаң ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардың назарын жаңа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15278?lang=kk
Жамбыл облысы Әділет пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды 10.04.2025
2018 жылдың 10 шілдесінде Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ (бұдан әрі ХҚКО) бірлесе азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір қызметтерін жедел түрде алу жөнінде пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды.Тек, туу, қайтыс болу, сот шешімі негізінде некені бұзу мемлекеттік тіркеу түрлері ХҚКО-ның ғимаратында жүргізіледі. АХАТ және ХҚКО қызметкерлері бірлесе өтінімдерді өңдейді.Енді, куәліктерді 3 сағат ішінде алуға болады. Бұрын тууды тіркеу және сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу 2 жұмыс күн ішінде, ал қайтыс болуды тіркеу 1 жұмыс күн ішінде көрсетілетін.Пилоттық жоба енгізілгенен бері 1008 куәлік берілген, оның ішінде 217 қайтыс болу туралы, 146 некені бұзу туралы, 645 туу туралы куәліктер берілген  оның ішінде 6 егіз тіркелген.  Жамбыл облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/14938?lang=kk
Алматыда Қазақстанда энергетика ғылымының негізін қалаушы Шапық Шөкинге ескерткіш қойылды 10.04.2025
Шапық Шөкин - Қазақстан энергетикасын дамутыға арналған «Қазақстан энергетикасы», «Ауылшаруашылығын энергиямен қамтамасыз етудің ғылыми негіздері», «Қазақстан энергетикасын дамытудың негіздері», «Энергетика және Қазақстанның су шаруашылығы», «Қазақстанның жылу-энергетикалық балансы» және басқа 500 –ден аса ғылыми еңбектің авторы.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1996 жылы академик Шапық Шөкинге ең жоғарғы белгі - «Халық Қаһарманы» атағын берді.Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шапық Шөкиннің жаңашыл ғылыми еңбектері арқылы өз кезеңінің қоғамдық сананы жаңғыртушысы болғандығын атап өтті.«Ол Қазақ энергетика ғылыми- зерттеу институтының алғашқы директоры болды. Академик Шөкин басқарған кезде институт еліміздегі құнды эксперименталды базасы бар, тіпті кейбір зерттеулері бойынша әлемде баламасы жоқ ірі әрі жаңашыл ғылыми мекемеге айналды. Қазақстанның энергетика саласындағы ғылыми жаңалықтардың барлығы осы институтпен байланысты.Шапық Шөкиннің тікелей араласуымен Қазақстан энергетикасы ғылыми- техникалық болжамының кешенді жүйесі, Ертіс - Қарағанды каналының, Қапшағай гидроэлектростанциясының жобалары жасалды», - деп атап өтті Алматы әкімі.Бұрын Алматы әкімдігі Ш. Шөкин ескерткішінің үздік эскизіне ашық конкурс жариялаған болатын. Қазақстанда қойылатын ескерткіштен мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімімен К. Жарылғапов пен М. Азмағамбетов жасаған эскиз үлгілері үздік деп танылды.Салтанатты шараға академиктің ұлы Қанат Шөкин, Қазақ Ұлттық академиясының президенті Мұрат Жұрынов, энергетика ғылыми- зерттеу институтының президенті Калық Абдуллаев, Алматының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, ғалым-археолог Карл Байпақов, Алматы мәслихатының депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов, Қазақстанның халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеев, ғылыми- зерттеу институтының қызметкерлері және көптеген басқалары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14925?lang=kk
Алматыда қаланың білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті 10.04.2025
Мемлекет басшысы білім саласы сананы жаңғыртудың басты бағыттарының бірі екенін айта келіп,«экономикалық өсімнің жаңа моделі ретінде білім беруді орталық буын ретінде қабылдау қажет. Оқу бағдарламалары сыни ойлау мен ақпаратты өз бетінше іздеуді дамытуға ықпал етулері тиіс» деген болатын. Қазірдің өзінде оқу бағдарламалары IT- білімді қалыптастыруға, сыни ойлауды, үш тілділікті дамытуға орайластырылған. Латын әрпіне көшу басталды, бұл Қазақстанға әлемдік білім мен ақпараттық кеңістікке тез қалыптасуға,озық тәжірибені енгізуге ықпал етумен қатар қазақ тілінің төл табиғатын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алматыда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер толық жүзеге асуда. Қала басшысы өзінің сөзінде басты мақсат - мегаполистің еліміздің білім мен ғылым орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту, оқушыларды даярлау мен педагогтар құрамының сапасын арттыруда жетекші позициясын сақтау екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту қажет екенін жариялады. Уақыт үрдісіне сай сананы өзгерту – бұл бірыңғай Ұлт пен жауапкершілігі жоғары адамдарды қалыптастыру, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Біздің ортақ мақсатымыз – білімді,денсаулығы мықты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленген жас адамды қалыптастыру. Жастар сананы өзгертудің, ашықтық пен прагматизмнің қозғаушы күшіне айналулары тиіс. Олар туған тілдеріне, туған әдебиетке, мәдени мұраға адал болып, өз елінің шынайы патриоты бола алады. Балаларымыздың, қаламыздың, еліміздің болашағы сіздерге байланысты, құрметті ұстаздар. Алматыда білікті және дарынды мүғалімдер жұмыс істейді. Мен Сіздердің барлықтарыңызға барынша қиын әрі өте жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Нағыз мұғалім – балдырғанның бойына білім шырағын, өзіне деген сенім мен үміт отын жағатын қасиетті жан.Тек мұғалім ғана адамның бойына жақсылық нышандарын сеуіп, болашағына жол ашады», - деп атап өтті Б.Байбек.Қалада соңғы 5 жылда 15 мың орынды 280-нен астам бала бақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылдың өзінде ғана жергілікті бюджет қаржысы есебінен 500 орынды 4 бала бақша іске қосылды. «Шаңырақ» және «Қалқаман» ықшам аудандарында мектеп жанынан 1800 орынды қосалқы нысандар пайдалануға берілді.Биылғы жылы 6 бала бақшаның құрылысы басталды. «Өжет» елді мекеніндегі №156 мектептің жанынан 600 оқушыға арналған қосалқы нысан салынуда. Алатау және Наурызбай аудандарында 2600 орынды мектеп пен қосалқы нысан салуға қаржы бөлінді.Мемлекеттік -жеке әріптестік аясында өткен жылы жеке қаржы есебінен 175 бала бақша мен 5,7 мың орынды мини-орталықтар ашылды. Биылғы жылы 2000 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан болған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.Қаланың Қалақұрылысы кеңесінде тұрғын үй салу мәселесі қаралған кезде мектептер мен бала бақшаларға ерекше мән беріледі. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша, 3 мың орынды 24 бала бақша салуға шешім қабылданған. Кейін бұлар коммуналды меншікке беріледі. Осының арқасында 24 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.Биыл алғаш рет бірден 28 нысанды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. Бұл мақсатқа 23 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылына дейін жоспар бойынша 10 объектідегі жұмыс аяқталады, бұлар 4 мектеп пен 6 бала бақша. Ал қазан айында 9 мектептегі, желтоқсанда 8 мектеп Үміт үйіндегі жұмыстар бітеді..Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап Жаппай тегін кәсіптік- техникалық білім» бағдарламасы қолға алынды. Қала бюджетінен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Ал бұл жұмысшы мамандығын қажет ететін еңбек нарығына 11 мың адамды тегін оқытуға мүмкіндік береді.Кәсіптік білім беретін қысқа мерзімді курстар 14 есе ұлғайған, яғни 7 мыңнан астам адам кәсіби білім алды.«Бүгін ата- аналар баласын ЖОО-да оқыту үшін соңғы ақшаларын береді. Олар кейін жұмыссыз қалмай ма деп ойланбайды. Мысалы, Алматыда ЖОО түлектерінің 70% -ы қалып қояды. Бірақ олар алған мамандықтары бойынша қызметке тұра алмайды. Өйткені, еңбек нарығына олар қажет емес. Ал бүгінгі күні жұмысшы мамандығы өте тапшы. Қазіргі жұмысшылар бұрынғыдай май сіңген арнайы киім кигендер емес. Қазіргі жұмысшылар IT-технологияны, күрделі қондырғыны меңгерген, ойлау қабілеті жоғары жандар. Мұғалімдер жастарға осы мәселені жете түсіндірулері, олардың өз болашақтарына прагматикалық тұрғыдан келуді бойларына сіңірулері тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай барынша жақсы өмір сүруге,білім мен салауатты өмір салтына, кәсіби жетістікке ұмтылу – тәрбиедегі прагматизм болып табылады», - деді Б.Байбек.Алматы әкімі өзінің сөзінде ортаның адам санасын өзгертуге ықпал ететінін айтты. Осыны басшылыққа ала отырып, қаланы қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.«Қала адам үшін Философиясының» негізі қала кеңістігін жақсартып, тұрғындардың қоғамдық өмірін барынша жайлы етумен анықталады. Мұның басты принциптері – қаланы көлік жүктемесінен азайту, нарықтық негізде жұмыс жасайтын тиімді, тұрақты қоғамдық көлікті қалыптастыру. Қалалықтардың жаяу немесе велосипедпен жүруін қамтамасыз ету. Сапалы инфрақұрылымның арқасында жүргіншілерге жағдай жасау, бұрынғы визуалды қоқыс – ескі билбордтар мен дүкендерден, ретсіз жарнамадан арылу. Қоғамдық кеңістік адами ауқымға сай жасалады. Жүргінші кеңістігі адамдарды пәтерлерінен шығарып, ауамен тыныстауға шақырады. Ата- аналар мен олардың балаларына салауатты өмірді ұсынады. Бұл салауатты құндылықтар – отбасын, экологияны, дұрыс өмір салтын тек жақсы жақтарға бұрады», - деп атап өтті әкім.подчеркнул аким города.Алматы әкімі қаланың тарихи орталығының 30%-ға жаңарғанын, Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Кабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңының, Байсеитов, Төлебаев көшелері мен Есентай өзені жағалауының осы мақсатқа сай жаңғырғанын айтты. Бұл көшелерде жүргіншіге басымдық берілген, қоғамдық кеңістік кеңейіп, веложолдар салынып, жасыл желек отырғызылған. Жыл аяғына дейін 500-ден аса балалар алаңдары ашылады.Бүгінгі күні қала тұрғындарының бойына ашық ойды, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптасыру ісі қолға алынған.Бұл үшін «Оңай» жол картасы енгізілді қолмақол ақшасыз көлік тұрақтары пайда болуда, заңсыз нысандар сүрілуде. «Осы шаралар көлеңкелі экономиканы едәуір төмендетті, салық түсімін арттырды, ал бұл бюджеттік қызметкерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, жаңа бала бақшалар мен мектептер», - деді ол.Б. Байбек өзінің сөзінде 2017 жыл Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыда «Жастар жылы» болып жарияланғанын, осыған орай тиісті Жол картасы жасалғанын айтты .2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланған.1200 орынды жатақхананың құжаттары дайындалуда. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірігіп құнды бағдарлама жасалуда, соның арқасында жас отбасылар жаңа пәтер алу үшін жеңілдетілген заёмға қол жеткізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14906?lang=kk
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Президиумы Төраға болып қайта сайланды 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Президиумының төрағасы Амангелді Абдоловтың қатысуымен кездесуі өтті.Президиум жұмысына облыстардан және уәкілетті органнан оның мүшелерінің көпшілігі қатысты,олар Қүлахмет Бекетовты Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Басқарма төрағасы етіп сайлады.Сондай-ақ,Басқарманың жаңа төрт мушелерін сайлау өтті.Бұрын,осы жылдың 11 шілдесінде өткізілген Президиумының отырысы оның барысында жасалған бұзушылықтарды ескере отырып жарамсыз деп танылды.Кеңестің жаңа төрағасына кезектен тыс сьезді шақыру ұсынылды, онда ЖСО институтында пайда болған проблемалық мәселелер талқыланды.Естеріңізге сала кетейік,осы жылдың 11 шілдесінде кейбір БАҚ Президиумының кейбір мүшелерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Басқармасының төрағасы ретінде Ирак Келекеевті сайлау туралы ақпарат жариялады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/14904?lang=kk
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды 10.04.2025
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ерлан Әукеновтың энергетикалық кешен мен коммуналды шаруашылық салаларын, кәсіпкерлікті дамытудағы, инвестиция тартудағы және басқа да атқарған жұмыстарын жоғары бағалады.Соңғы 2 жыл ішінде Алматының индустрия Картасына 190 млрд. теңгенің 100 жобасы енгізілді, оның құны 35,6 млрд. теңге болатын 33 жобасы іске асты, соның арқасында қалада 2,7 мың жаңа жұмыс орны пайда болды.Бизнестің Жол картасы және қалалық «Жібек жолы» бағдарламалары аясында 2015 жылдан бастап 755 бизнес-жоба мемлекеттен қолдау тапты, нәтижесінде 3,4 жаңа жұмыс орны ашылып, бұрыннан бар 10 мыңнан астамы сақталып қалды. «Жібек жолының» игі істерін саралай келіп, биылғы жылы үш жаңа өңірлік бағдарламалар: «Алматы өнім», «Алматы инновация» және «Алматы туризм» жұмыс істей бастады, бұлардың жалпы құны 1,3 миллиард теңге.Алматыда Ерлан Әукеновтың бастамасы бойынша елімізде баламасы жоқ кәсіпкерлікті ынталандырудың жаңа нысандарды ашу Картасы іске асты. 2016 жылы құны 156,6 млрд. теңге болатын 131 объект ашылды және 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2017 Картаға 155 млрд. теңгенің 93 жобасы енді. Атап өтерлік жайт, Алматы бойынша бағаланатын Қазақстан «Doing Business» халыаралық рейтингінде 2015 жылдан 77-ден 35 орынға көтерілді. Бүкіләлемдік банктің бағасы бойынша субұлттық рейтингте Алматы 8 қалалардың ішінен1-ші орынды иеленді.Жылуэнергетика кешені менТҮКШ-та соңғы 3 жыл ішінде жүргізілген қайта жасау барысында апатты жағдайлар 10%-ға төмендеді. Жылу маусымы басталар алдында бірнеше инженерлік желілер іске қосылатын болады, бұл өткен 2 жылмен салыстырғанда едәуір көп.Ерлан Әукеновтың оқу демалысы кезінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Алмас Мәдиев тағайындалды, ол бұған дейін Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқарманың басшысы қызметін бір жарым жыл бойы атқарып келді және индустриалды инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырды, шғаны және орта бизнес мәселелерімен айналысты.Алмас Мәдиев мамандығы бойынша инженер-экономист, заңгер, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, К.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университетін бітірген.Түрлі жылдары Жамбыл технологиялық институтында оқытушы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармаларының басшысы, «ҰК «ӘКК «Оңтүстік» АҚ-ның қаржы директоры, басқарушы директоры,басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның қаржы департаментінің директоры, «ҰК «ӘКК» Павлодар» АҚ-ның басқарма төрағасы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы1 қызметтерін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14874?lang=kk
Алматы әкімі Италияның экономикалық даму вице-министрімен кездесті 10.04.2025
Италияның экономикалық даму вице-министрі ТҚҚ қайта өңдеу, ТҮКШ жаңарту, құрылыс және «Смарт- сити» жобасы аясында атқарылатын түрлі бағдарламаларға итальяндық компаниялардың қызығушылық танытқандығын атап өтті.Алматы әкімі өз кезегінде итальяндық компаниялардың машина жасау, энергия көздерін пайдалану, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажет қондырғылар шығару салаларында мол тәжірибелері бар екендігін, Алматыда жеке өндіріс орындарын ашу үшін шетелдік компанияларға «бір терезе» принципі бойынша қолдау көрсетілетінін айтты.Кездесу барысында Бауыржан Байбек итальяндық компанияларды биылғы жылдың қазан айында өтетін «Almaty Invest» халықаралық форумына қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14670?lang=kk
Алматыда қалалықтар үшін «Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау ашылды 10.04.2025
Жаңа қалалық сервис арқылы қаланың әрбір тұрғыны немесе қонағы түрлі қызметке қатысты өз ұсынысы мен шағымын қаланың қоғамдық қабылдауына www.open-almaty.kz интернет- порталы немесе 1308 нөмірі бойынша жібере алады. «Open Almaty» порталы бойынша түрлі өмірлік жағдайларды шешу алгоритмімен қоса қаланың коммуналды қызмет көрсету орындарының (жол, арық, жылу жүйесін, аула және басқаларын жөндеу) жұмыстарымен танысып, байланыса алады.Қоғамдық қабылдаудың фронт-офисінде қаланың барлық аудандарының, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар мен архитектура басқармаларының, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кіріс департаментінің, ТЖД-нің, ХҚКО-ның, кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының өкілдері, медиаторлар қызмет көрсетеді.Басқармалар басшылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қалалық түрлі бастамаларды таныстыра алады.Айта кетерлігі, 2015 жылдың өзінде Алматы әкімдігі қалалықтарға қолайлы болу үшін Инстаграмда өз аккаунтын ашқан еді, 3 лүпілден соң өтінім тіркеліп, әкімдікке жіберілетін. 2 жыл ішінде Инстаграмдағы тұрақты аудитория 150 мың жазылушыға жетті, қалалықтардың 20 мың өтінімі орындалды.Жаңа сервистің жұмыс кестесі қала тұрғындарының жұмыс уақытын ескере отырып жасалған, қызмет көрсету уақыттары жай күндері сағат 8.00 ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00 нан 17.00-ге дейін.Қоғамдық көліктің жақын бекеттері: «Әуезов атындағы театр» (Абай даң) баратын автобустар 3, 33, 34, 62, 65, 66, 92, 118, 120, 123, 128 мен троллейбустар 5,19,25; «Қастеев мұражайы» (Сәтпаев көш.) – автобустар 18,35,121; «Орталық аурухана» (Жандосов көш.) - автобустар 18, 44, 62, 66, 95, 121, 123; метро бекеті – Әуезов атындағы театр.Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280 (Сәтпаев көшесінің бұрышы) «Алматы Тауэрс» орталығы.Анықтама үшін:Қазіргі кезде әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардың өкілдері қабылдау жүргізуде, арыз- шағымдар әлеуметтік желілер арқылы түседі – аудандар әкімдіктері (55 %), тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресусртар және табиғатты пайдалануды реттеу, архитектура және қала құрылысы басқармалары (45% өтінім) бойынша.2018 жылдан бастап қала басқармалары және коммнуалдық қызмет көрсету кәсіпорындары жөнінде жобаның 2-ші кезегі жүзеге асыру жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14614?lang=kk
«Смарт Алматы» жобасы Словениядағы форумда Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасында жүлдеге ие болды 10.04.2025
Биылғы жылы форум 200-ден астам қатысушыларды жинады, олар қаланың тұрақты дамуын талқылады. «Любляна форумы» төрағасы Блаз Голоб қала тұрғындарын осы жетістіктерімен құттықтап, жобаны табысты жүзеге асыруды тіледі.«Форумға қатысушылар арасында әдемі қалалардың бірі Алматы қаласынан өкілдер болғанына қуаныштымыз. Мен шын жүректен Сізді және Алматы қаласын таныстырған команданы құттықтаймын. «Smart City» саласындағы ең көрнекті жобаларға жыл сайын марапаттар беріледі. Алматы қаласы финалистердің бірі болғанын және қазылар алқасының шешімі бойынша «Smart Almaty» жобасы екінші орынды иеленгені туралы біз жариялауға қуаныштымыз. «wCycle» жобасымен Мариборский (Словения) үздік деп танылды, ал үшінші орынды Загребтан (Хорватия) жоба алды», – деді Блаз Голоб.«Ақылды қала» бағыты бойынша Алматы қаласының дамуы «Алматы-2020» қаланың даму бағдарламасына сәйкес және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарласының жобасына сәйкес жүргізіледі. Жоба мегаполистің тіршілік әрекетінің әрбір салаларында заманауи теxнологияларды еңгізуді жобалайды. Еңгізу қала тұрғындардың өмір деңгейін жоғарылатуға, жаңа қызметтерді еңгізуге және ТКШ инфрақұрылысының ресурстарын жоғалтуына шығындарды төмендеуге мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда алғашқы «Open Almaty» жүйелік жобасы басталды. Бизнесті жүргізу үшін қажетті деректерге қол жетімділік ашылды. Алматы қаласының ГенПлан порталында қызыл желілер мен инженерлік желілердің схемалары жарияланған. Жолдарды, жылу желілерін, аула алаңдарын, қоғамдық орындарын жөндеу бойынша әкімдіктің жоспарлары жарияланды. Бұдан былай жобаларды пысықтау үшін бизнеске қала әкімшілігіне баруға тиіс емес. «Almaty Towers» бизнес орталығының жайлы жағдайларында бір терезесінің қағидаты бойынша сол жерде кеңес ала аласыз, немесе веб-сайтқа және телефонға өтініш қалдыра аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14263?lang=kk
Алматы әкімі қаланың биылғы жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы айтты 10.04.2025
Биылғы жылы барлық әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер бойынша қалада оң динамика қалыптасты, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4%-ға жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары. Негізі капитал инвестициясы 12,8%-ға өсіп, 400,5 млрд. теңгені құрады. Мұнда жеке инвестиция көлемі 80%. Сыртқы инвестициялар 23,5%-ға артты.«Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығы арқасында еліміз орасан табыстарға қол жеткізді. Алайда, біз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан көрінгіміз келсе, ОЭСР стандарттарына сай реформаларды жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл ең алдымен, өмір сүрудің жоғары деңгейі, жаңа әрі тиімді экономика, ал әкімдер үшін маңызды міндет- өмір сүру стандарттарының сапасын жақсарту. Осы мақсатты іске асыру барысында мемлекеттің ашықтығы, жариялылығы және есеп беруі қағидалары негізінде халықаралық «McKinsey» сарапшыларының қатысуымен «Алматы-2020» бағдарламалық реформасы қабылданды және көпшіліктің кеңінен талқылауынан өтті, қазіргі кезде ойдағыдай жүзеге асырылуда», - деді Бауыржан Байбек.Мегаполис әкімі быилғы жылы барлық әлеуметтік- экномикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқанын, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4%-ға жеткенін бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары екенін айтты. Негізі капитал инвестициясы 12,8%-ға өсіп, 400,5 млрд. теңгені құрады. Мұнда жеке инвестиция көлемі 80%. Сыртқы инвестициялар 23,5%-ға артты.Елбасының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар экономиканың өсуіне зор ықпал етті. Соның арқасында тұрғын үй құрылысы төрт есе өсті. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1,8 мың пәтер салынды, осы бағдарлама бойынша биыл 4,5 мың пәтер пайдалануға беріледі және қолжетімді баспана көлемі 1,5 есеге артады. Жеке құрылыс та қарқын алуда, екі жыл ішінде Қалақұрылысы кеңесі жалпы құны 1 трлн. теңге болатын 82 жобаны бекітті.Өткен жылмен салыстырғанда қаланы абаттандыруға 2,3 есе, жол салуға 1,3 есе,инженерлік желілерге 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Нақтылы шаралардың арқасында қосымша 43 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.Бүгінгі күні қалада кәсіпкерліктің 173 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Индустриализация картасы бойынша жалпы құны 36,8млрд. теңге болатын 38 жоба жүзеге асуда, осының арқасында 3 мың жұмыс орны құрылды. Индустриалды аймақта құны 191,3 млрд. теңге болатын 40 жоба қолға алынған және 5 мың жұмыс орны пайда болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бизнес пен тұрғындардың талабы бойынша қалада Алматының Басжоспар Институты құрылды.«Біздің бағдарламаның басты міндеті - қалада жайлы орта қалыптастыру.Биыл жүйелі жаңғырту жұмыстарын қолға алдық, бүгінгі күні батыстық стандарт бойынша қаланың тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалды. Қалалықтардың орасан қолдауы арқасында бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Райымбек, Достық, Абай даңғылдары мен Есентай өзенінің бойы, яғни тарихи орталықтың тағы да 178 га жері модернизацияланады. Бұл шара қалаға бірыңғай архитектуралық келбет беру үшін жүргізілуде. Біз жаяу жүргіншілер үшін сапалы инфрақұрылым жасаудамыз әрі заңсыз конструкциялар, визуалды көріністер алынып тасталуда. Шындыққа жүгінсек, «келеңсіз экономикамен» күрес жүруде», -деді мегаполис басшысы.Жалпы,1,3 мың заңсыз киоскілер, ескі үлгідегі билбордтар сүрілді.Бүгінгі күні ірі сауда орындары мен базарларда 40 мыңнан астам адам ашық жұмыс жасауда. Екі жыл ішінде ғана модернизацияға 200 млрд. жеке қаржы салынды. Халықаралық стандарттарға сай 16 ірі сауда кешендері ашылды, бекеттер стихиялы базарлардан арылуда. 1810 көлік бекетінің 40%-ы жаңарды, жыл аяғына дейін олардың қатары 70%-ға жететін болады.«Қоршаусыз қала» бағдарламасы бойынша 100 км қоршау алынды. Олардың орнына жасыл желектер отырғызылуда. Мысалы, ғимарат иелері 3 мың ағаш отырғызды, бау-бақ орталығы 100 мыңға жуық бұтақтар сатты. Биыл 28 км арық жөнделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп, келер жылы 30 км арық жөндеу жоспарланған. Қалада соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды, яғни әрбір бесінші аула. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. «Менің ауламдағы спорт» әлеуметтік бағдарламасы аясында 6 мың бала 75 аулалық спорт алаңдарында шынығуда, оларды кәсіби нұсқаушылар жаттықтыруда.Егер бұрынғы жылдары 180 лифт пен 229 көппәтерлі тұрғын үйлер ғана жөнделсе, ал биыл 199 лифт, 151 үй жаңарды. Жаз айларында энергиялық тиімді матерлдардан 774 км желі қайта жасалды. Нәтижесінде апат пен үзіліс 22%-ға, жылу жоғалту 7,4%-ға азайды.«Smart City»-дің жеті базалық жобасы белгіленді, олар: мемлекеттік қызмет, қауіпсіздік, көлік, білім, денсаулық сақтау, электронды ПИК, Big Data.«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдаудың жаңа форматы ашылды мұнда қала тұрғындарына бір жерден қызмет көрсетіледі.Қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау мәселелеріне айрықша назар аударылуда. Алматыда жолдарға, аулаларға, мектептерге, сауда орталықтарына 100 мыңнан астам камера қойылған. Соңғы 2 жылда ІІД-нің техникалық жарақтануы 23%-ға артып, 87%-ды құрады. Жергілікті бюджеттен ІІД-не 19 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,6%-ға көп. Жергілікті полиция қызметкерлерін видеорегистраторлармен, байланыс құралдарымен,планшеттермен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Жалпы,қалада тәртіп бұзушылық 8,6%-ға азайды, ауыр қылмыстарды ашу 9%-ға артты. ТЖ-дың алдын алу үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінді, яғни 2,6 есе көп. 9 ең қауіпті маренді көлдер бұғақталды, Медеу-Шымбұлақ жолдарының шатқалдары, ГЭС-1 Үлкен Алматы өзенінің жағалаулары нығайтылды. Жалпы ұзынды 11,6 км болатын үш өзеннің жағалаулары қайта жасалды. 2015 жылғы Қарғалы өзені селінің зардаптары жойылып, өзен арнасы заманауи тұрғыда қайта жасалды.Денсаулық сақтау саласында оң динамика қалыптасты. Өмір сүру ұзақтығы 75,9 жас, бұл - еліміздегі ең үздік көрсеткіш. Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 9,2%-ға артты. Балалар өлімі 2,5 есе азайды.Туберкулёз сырқатына шалдыққандарды амбулаториялық емдеу 2 есе өсті, осы сырқаттан қайтыс болғандар қатары 36%-ға төмендеді. 9 жаңа объектінің құрылысы жүруде, оның бесеуі пайдалануға беріледі, сегіз нысанда сейсмикалық күшейту жұмыстары атқарылуда.2,5 млрд. теңгенің медициналық жабдықтары алынды, жедел жәрдем паркі 25%-ға жаңарды, 40 жаңа замануи көлік алынды. Екі көппрофильді стационарлар базасы негізінде тікұшақ қонатын алаңдар жасалды.Жеке медицина ұйымдарының тұрғындарға қызмет көрсету үлесі артты.Жеке инвестиция есебінен репродуктивті медицина Институты ашылды. Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақ қағидасы бойынша қалада үздік клиникалардың халықаралық кластерін құру мәселесі қарастырылуда.Қала мектептерінің физика, химия, биология, лингофон кабинеттері заманауи құралдармен 100% жабдықталған. Мектептердің барлығы кеңжолақты интернетпен толық қамтылған. Алматыда алғаш рет «Maker Space» – бағдарламалардың шеберлік идеясы, роботтехника, 3D принтинг жобасы қолға алынды. Екі жыл ішінде мектептерде 5,1 мың жаңа орындар ашылды. Қазіргі кезде 2 мектептің,2 қосалқы нысанның құрылысы жүруде.Жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалар саны 12 мыңға артуда, яғни 42 бала бақша қажет деген сөз. Жеке бизнесті ынталандыру арқасында 2 жылда коттедждерде 10,4 мың орынды 262 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ашылды. Мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар мекемелерін оңтайландыру барысында тағы да қосымша 1200 орын пайда болды. Соның арқасында бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі тәрбиемен балалардың 81,2%-ы қамтылған,бұл ОЭСР елдері (84%) деңгейімен бірдей. Соңғы екі жылда Қалақұрылысы кеңесінде жеке инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу мәселесі қаралды, соның арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді. Биыл тұңғыш рет бір мезетте 21 мектеп пен 7 мектеп жасына дейінгі мекеме нысандары сейсмикалық жағынан күшейтілді, бұл рекордтық көрсеткіш.Жайлы қаланың басты көрсеткіші - жақсы экология. Бүгінгі күні жеке скетордың 96 пайызы газға көшірілген, 2019 жылдың яағына дейін қала толық газдандырылады. Президенттің тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшіріледі, ТЭЦ-1-ді жаңғыртудың ЖСҚ жасалуда. Келер жылы жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы кешенді іске қосу жоспарланған. Екі жыл ішінде 59 мың жаңа ағаш отырғызылды, жыл аяғына дейін тағы да 15,6 мыңы отырғызылады. «Алматы апортын» қайта жаңғырту үшін 32 га жерге 5,9 мың алма ағаштары отырғызылды. Энергияны жаңарту жобалары - кәріз жүйелеріне биогаз қондырғыларын, Кіші Алматы өзені арнасындағы кіші гидроэлектростанциясына тиімді жабдық орнату қолға алынды.Көлік проблемасын шешу экологияны жақсартатыны белгілі.Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам автомобиль жүреді. Көлік залалы 80%, сондықтан болашақта қоғамдық көлікті реформалау ісі жалғасатын болады. Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, келер жылы МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК қрылысын қолға алу жоспарланған. Қазір қаланың қоғамдық көлік паркі 1,4 мың бірлікті құрайды, олардың 60%-ы газбен жүретін автобустар мен троллейбустар. Биыл қала автопаркі 530 жаңа автобуспен толығады, олардың 211-і бағыттар бойынша жолға шықты. Екі жыл ішінде «ОҢАЙ!» жүйесі бойынша 20 млрд. теңгеге 350 млн. транзакцияланды. Тасымалдаушылардың негізі табысы екі есе өсті. FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынады.Қалада ұзындығы 21 км болатын «Орбитадан Көкбазарға дейін» велодәлізі және 68 км веложолдар жасалды. «Almaty Bike» велостанциясы 200-ден 1730-ға артты.Кіші көлік айналымы, БАКАД бағыты бойынша үш радиалды жолдар салынды. Үкіметтің қолдауы арқасында Абай даңғылы қала шекарасына дейін үңгіленуде. 30 км жаңа жолдар, жол айрықтары, магистральді көшелер жасалуда,180 км жол орташа жөндеуден өтті, бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда 2 есе көп. 7 көпір жаңарды, 5 өтпелі жол салынды. Ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында бюджет түсімі 5 есе көбейді.«Алматы - сервисті экономика қаласы, мұндағы басты драйвер туризм. Қазірдің өзінде Алматыда табыстың төрттен бірі шетелдік туристерден түсуде. Нақтылы шаралардың арқасында жартыжылдың ішінде қалаға келген шетелдік турситер саны 22%-ға өсті. Бизнес пен туристер үшін маңызды мәселе – әуежай. VIP терминал,транзитті аймақ, ұшу залы кеңейеді, ұшу алаңын жаңарту жұмыстары аяқталып қалды. Оқиғалы туризм дамуда, жыл сайын қалада халықаралық классикалық, джаздық, этнофестивальдер өтуде. Алматының басты артықшылығы– таулар, сондықтан біз тау шаңғысы туризмін дамытуды мықтап қолға аламыз», - деп атап өтті Алматы әкімі.Сарапшылардың пікірі, бұқараның ескертпелері барысында «Көкжайлау» жобасына түзетулер енгізілді. Құрылыс алаңын 9 есе, шаңғы трассасын 2 есе, курорттың өткізу қабілетін 3 есе қысқарту арқылы ағаштар мен бұтақтарды кесу түбірінен өзгерді. Флора мен фауна шатқалдарына да еш зиян келмейді. «Шымбұлақтың» өз қуатынан асқанын ескерсек, «Көкжайлау тұрғындар үшін жыл бойына қолжетімді болады.Қалада «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға айрықша назар аударылған. Бүгінгі күні құны 87 млрд. теңгеден астам 125 жоба қолға алынған. «Туған жер» жобасына бизнес белсенді түрде араласып, әлеуметтік нысандар салуда. Жеке қаржы есебінен Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхана, 1,2 мың орынды мектеп салынды. Алатау ауданында жеңілатлетті стадион іске қосылды. Болашақта халықаралық деңгейдегі баққа айналатын Алматының Ботаникалық бағын модернизациялау жобасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша киелі жерлер тізімі жасалды, олар 22 объект, оның ішінен 5 объект Қазақстанның киелі жерлер картасына енді.Бүгінгі күні қала тұрғындарының басым бөлігі - 35 жасқа дейінгі жастар, еліміздің әрбір 3-ші студенті Алматыда оқиды, сондықтан 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасы жасалды. Сырттан келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Қазірдің өзінде 7,8 мың адам жұмысқа тұрды.2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілуде. Қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала алады. «Алматы» ҰК ӘКК» АҚ жастар үшін жатақхана салатын болады. Биыл біз «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана саламыз. Келер жылы 2,4 мың орынды тағы да 2 жатақхана құрылысы басталады.Қалаға қосылған елді мекендерді дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Екі жыл ішінде Алатау және Наурызбай аудандарында әкімшілік- іскерлік орталықтар қалыптасты. Универсиада арқасында 1,7 мың кезекте тұрғандар Атлеттер ауылынан жайлы пәтерлер алды. Жалпы, 9 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 300 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды, оның 42%-ы салық ретінде қайтарылды. Наурызбай ауданы құрылғалы бері 53 млрд. теңге жұмсалды. Қазірдің өзінде бұл қаржының төрттен бірі қайтарылды, ауданында салық түсімі 11 есе өсті. Ауданда әкімдік, АІІД, салық, әділет, сот, прокуратура,ХҚКО,Қазпошта, зейнетақы төлеу ғимараттары пайдалануға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13892?lang=kk
Алматыда №77 автобустар бағыты қайта жаңғырды 10.04.2025
Жеке тасымалдаушы бұл бағытты рентабельсіз деп жауып тастаған еді. Алайда, қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Жетісу ауданы тұрғындары үшін бұл бағытты қайта жаңғыртты, енді көлік «Алматы-1» теміржолвоказлынан Осипенко – Жансүгіров көшелерін,Рысқұлов дағылын, Кудерин – Розыбакиев көшелері мен Әл – Фараби даңғылын қамтитын болады, соңғы аялдама «Арман» автобекеті.Бұл бағытқа қызмет көрсету үшін «Алматыэлектротранс» ЖШС «Евро-5» экологиялық сыныптағы төмен еденді 16 жаңа автобустарды бөлген, бұлардың барлығы кондиционерлермен,пандустармен, видеобақылау камераларымен жабдықталған.Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов айтып өткендей, бұл бағыттағы жолаушы легі тәулігіне 10 мың адам.«Жалпы, «ОҢАЙ» картасы бойынша күніне миллионға жуық транзакцияға қол жетуде, өсім 50 мың, транзакция бағыттарды көбейту және жылжымалы составты жаңарту жұмыстарының және басқа да көлік реформасы элементтерін атқару барысында қоғамдық көлікті пайдаланушылар қатарының өскенін көрсетті», - деді М.Исахов.Естеріңізге салсақ, қазан айының соңында Алатау ауданының тұрғындарын тасымалдайтын 20 жаңа автобус №103 бағыты бойынша жолға шыққан еді.Бұлардың соңын ала «Green bus company» ЖШС 50 автобус алған болатын, жеке тасымалдаушы «Авто Алма Транс»ЖШС №65 бағыты бойынша жаңа автобустарды шығарды.Биылғы жылы Алматыда 388 автобус алуға қаржы бөлінген болатын, олардың 132 – і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, қалған 256 –ы жыл аяғына дейін жолға шығады.Жеке тасымалдаушылар 254 автобус алуда, олардың 79-ы бағыттар бойынша жүр, жыл аяғына дейін тағы 63 автобус жолға шығады, қалған 112 көлік 2018 жылдың наурыз айныда қызмет көрсетуді бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13886?lang=kk
Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көрме ашылды 10.04.2025
«Алматыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында аса маңызды мұндай шараны өткізу қала тұрғындары үшін үлкен құрмет. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, оның орасан жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлының атымен тығыз байланысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - біздің заманауи мемлекетіміздің іргесінтасын қалаушы. Елбасының басшылығымен жүріп жатқан ауқымды экономикалық, саяси, және рухани жаңғыру Қазақстаннның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етеді. Елбасының тұрақты қолдауы арқасында Алматы ел экономикасының бестен бір бөлігін беретін Орта Азиядағы ірі мегаполис ретінде даму үстінде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлға ретінде құбылысы, яғни феномені зор тарихи шешімдерді қабылдауынан көрінеді, олар: Тәуелсіздікті жариялау, Конституцияны қабылдау, астананы көшіру және көптеген басқалары», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.Орталық мемлекеттік мұражайда Мемлекет басшысының жеке архивінің, жеке кітапханасының және музейінің материалдары мен түрлі жәдігерлері қойылған. Көрме барысында экскурсиялар,конференциялар, шеберлік сыныптары, семинарлар мен концерттер өтеді.«Бұл көрмеге барынша құнды экспонаттар мен өнер туындылары, Тәуелсідік жылдары Президентіміз қол қойған маңызды құжаттардың түпнұсқасы, Тәуелсіздіктің тарихи кезеңдерін қамтыған фотоматериалдар қойылған. Сонымен қатар, Президентімізді ұлықтаған 50 шетелдік мемлекеттің жоғары марапттарын көруге болады. Қолтаңба қойылған бағалы әрі сирек кездесетін кітаптар да осында. Біз көрмені 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартуды қарастырудамыз, оған кемдегенде 50 мың алматылық келеді деген үміттеміз»,- деп атап өтті Президенттің жеке кітапханасы директорының міндетін атқарушы, Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков.Көрме 4 бөлімнен тұрады:«Көшбасшы жолы» бөлімі ҚР Президентінің өмірбаянын,«Көшбасшы феномені» бөлімі мемлекеттің құрылыстың қалыптасу және даму концепциясын, «Президент наградалары – халық құрметі» бөлімі жоғары мемлекеттік наградаларды, «Әлем таныған көшбасшы» - ҚР сыртқы саясатын қамтиды.Айта кетерлігі, көрме 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13877?lang=kk