Enbekshi QazaQ

Саясат

Алматыдағы Наурызбай ауданының 30 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтудың жаңа желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды 10.04.2025
«Әр үйге таза суық су жаңа құбырлар арқылы берілуде. Үй иелері орталықтандырылған су желісін пайдалану үшін су бөлгішке қосылуы және«Алматы су» МКК- мен тиісті келісім жасаулары қажет»-, деді Алматы қаласының Энергетика жәнк коммуналды шаруашылық басқармасындағылар.Бұған дейін аталған елді мекендердің тұрғындары техникалық талаптар сақталмаған жеке су скважиналарын және қолдан жасалған су желілерін пайдаланып келген еді. Соның салдарынан апаттар жиі болатын, ал жаз айларында суды көп тұтынатындықтан қысым төмендеп кететін.Келеңсіз жайттардың алдын алу және суық сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде насосты станциялардың қуаты арттырылды.Орталық су желісіне қосылу «Қалқаман-3» ықшам ауданынан басталды, қазіргі кезде мұнда 560 жеке үй таза суық суды пайдалануда. Ендігі кезекте «Алты Алаш», «Қалқаман-2» ықшам аудандары.«Алматы су» МКК 4 мыңға жуық үй иелерінің орталықтанған су желісіне қосылу үшін құжаттар тапсырғанын айтты.Бір ай ішінде барлық тұтынушылардың құжаттары толтырылады және олар жаңа желіге қосылады.Мемлекеттік бюджет есебінен 209 км жаңа су желілерінің және кәріздің құбырлары жүргізілді, соның арқасында елді мекендерді орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүзеге асып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13875?lang=kk
Алматыда 2022 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы жасалды 10.04.2025
Инвестиция тарту саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарды қорытындылай келіп, қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев биылғы жылдың 9 айы ішінде инвестицияның 13%-ға өсіп, 400 млрд. теңгені құрағанын, сыртқы инвестицияның 23,5%-ға артқанын, жеке инвестициялар үлесінің 78%-ға жетіп, 17%-ға ұлғайғанын айтты.«Бизнесті дамытудың басты шарты - тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру. Осы орайда Алматыда Индустриалды аймақ жұмыс істейді, мұнда өңдеуші өндіріс орындары жеңілдетілген дайын инфрақұрылымдарды пайдалана алады. Жоғары технологиялы компаниялар үшін «Инновациялық технология паркінің арнайы экономикалық аймғаы бар, мұнда резиденттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер беріледі. Алматыда ШОБ-ке жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша мыңдаған жобалар қолдау табуда. Индустриаландыру Картасына 12 мың жұмыс орнын ашатын 100 жоба енген. Сонымен қатар қаланың инвестициялық тартымдылығын жақсартатын стратегия да жасалды», - деп атап өтті А.Мәдиев.Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша үш салаға инвестиция тарту тартымды екені анықталды, олар - туризм, сауда, тамақ өнеркәсібі. Инвестиция мәселесін шешуде нарық ауқымы, жұмыс күші, қауіпсіздік пен ашықтық басты факторлар болып табылады.Инвестиция тартудың Стратегиясы төрт бағытты қамтиды, олар: «Институционалды ортаның сапасын арттыру», «Бизнес- инфрақұрылымның сапасын арттыру», «Имидждік жылжу және ақпараттық қолдау» және «Активті жобалы таргеттеу жолымен негізгі салаларға инвестиция тарту».«Алматы қаласында жақсы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және инвесторлармен, бизнесмендермен ашық әрі жақсы қарым- қатынас орнату- барынша маңызды. Олардың әрқайсысы өздерінің штаб- пәтерлерінің елшісі ретінде әлемдегі серіктестері туралы жинақтаған тәжірибелерін ортаға салады. Біз кез- келген бастамаға қолдау көрсетеміз, ұтымды шешімдер қабылдау үшін түрлі кездесулерді, диалогты құптаймыз», - деді Қазақстанның Европалық Бизнес Ассоциациясының атқарушы директоры Юлия Кусиди.Жиын қорытыныдысы бойынша Кеңес мүшелері айтқан ұсыныстар мен, толықтырулар енгізілген Алматыға 2020 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы бекітілді.Еске салсақ, Кеңсетің құрамына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компаниялар ассоциацияларының, консалтингтік және заң компанияларының өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енген. Олардың қатарында Каспий өңірі бойынша «Deloitte» компаниясының басқарушы серкітесі Марк Смит, Қазақатандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, «Astana Group» холдингінің директоры Нұрлан Смағұлов және басқалары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13873?lang=kk
Алматы әкімі Қазақстандағы Франция Елшісімен кездесті 10.04.2025
Мегаполис әкімі биылғы жылдың 9 айы ішінде Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға артып, 191 млн. АҚШ долларын құрағанын айтты. Қалада француз капиталымен 60 кәсіпорын жұмыс істейді.Француз тарапына «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін инвесторларға қызмет көрсету Орталығы, Индустриалды аймақ және шетелдік компанияларға преференциялар мен жеңілдіктер ұсынатын «ИТП» АЭА аймағы көптеген оңтайлы мүмкіндіктер жасауда.Өз кезегінде Филипп Мартинэ француз компаниялары «Смарт сити» жобасы мен көліктік реформаларға қатыса алатынын айтты.Кездесу барысында Француз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Алматыдағы білім саласына және бірқатар мәдени шараларға қатысты жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13870?lang=kk
Алматы әкімі бөктерлі жерлердің ылдилы учаскелерін нығайту және қаланың арық желілерін қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді 10.04.2025
Алматы әкімі жұмыс сапары барысында ГЭС1-БАО автожолындағы қауіпті аймақтағы салынып жатқан қорғаныс нысанының құрылысымен және ылдилы учаскелерді нығайту жұмыстарының барысымен танысты.Учаскеде бірқатар жер үсті жұмыстары аяқталған, габионды конструкциялар мен тірек қабырғасы орнатылған.Бөктерлі жерлерді инженерлік қорғау барысында анкерлерге габионды торлар қойылған. Габионнан жасалған конструкциялар интенсивті су және жел эрозиясы кезінде өзінің бастапқы қалпын еш өзгертпейді. Габиондар ұзақ мерзімді, нысан топырақпан толтырылады, тапталады, содан кейін ландшафтың табиғи элементіне айналады. Бүгінгі күні құрылыс мердігері «Saffat Building Group» ЖШС жұмыстың 98%-ын атқарған, объектіні іске қосу 20 қарашаға жоспарланған. Келер жылдың көктемінен бастап учаскені жасылдандыру жұмыстары қолға алынады. Қарашаның соңына дейін Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолдың тау бөкетерлері нығайтылатын болады.Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек «Бағанашыл» ықшам ауданындағы жұмысты да тексерді. Жобалаушылар топырақтың құрамы мен сейсмикалық жағдайын ескере отырып, тірек қабырағсын жасаған. Қауіпті учаскенің жалпы ұзындығы 200 метр. Қазіргі кезде мұнда барлық жұмыстың 70%-ы орындалған, сайлы жерлерді кесу және топырақты сыртқа шығару жұмыстары жүруде.«Технологиялық күрделі жоба. Учаскеде 40 маман, 20-дан астам техника бірлігі жұмыс істеуде. Жұмыс екі кезеңде, яғни тәулік бойына жүруде. Негізгі жұмыстардың барлығы қарашаның соңында бітеді», - деді мердігерлік ұйымның директоры Валерий Соломкой.Алматы әкіміне «Кіші Алматы» өзені арнасының бойындағы Таиров көшесінің ұзындығы 470 метр болатын ылдилы жерінің габионды тормен нығайтылғаны айтылды.«Тұрғындардан қауіпті аймақ туралы 2013 жылдан бері шағым түсіп келген еді. Ылдилы учаскеде 150 үй бар. Қазір нығайту жұмыстары толық бітті, 2-3 күннің ішінде абаттандыру жұмыстарын да аяқтаймыз», -деді «Арыс ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымының бас директоры Қуат Тажмағамбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13867?lang=kk
Алматы мен Гонконг инновация саласы мен инвестиция тарту бойынша ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты 10.04.2025
Кездесу барысында Кэрри Лам Алматы экономикасы Гонконгтағыдай түрлі сервистен,саудадан, қаржы қызметі мен логистикадан құралатындығын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп, қала инвестиция тарту үшін тартымды болатындығын атап өтті.«Алматы – өңірдің қаржы және мәдени орталығы әрі біздің еліміздің маңызды серіктесі болып табылады. Сіздердің Президенттеріңіз Н.Ә.Назарбаевтың интеграциялық саясаты арқасында аймақта Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, оның нарығына 180 млн. адам енген, бұл инвесторларға зор мүмкіндіктер береді. Мен Алматыны инвестиция салуға әбден лайық қала деп санаймын. Кезінде біздің басты инвестициялық саясатымыз Гонконгке инвестиция тарту болатын, ал қазір біз инвестицияны басқа елдерге салатын өз компанияларымыз бен кәсіпорындарымызды ынталандырып келеміз. Біз жаңа нарықты іздеудеміз және инвестиция салу үшін есігімізді айқара ашамыз. Инвестициядан өзге екі жаққа да пайдалы туристік ағымдар бар. Экономикалық субъект болғандықтан біз Қазақстанмен, соның ішінде Алматымен мәдениет, білім, сауда және экономикалық салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ынталымыз. Мен өз тарапымнан екі жақты байланыстың дамуына ықпал етемін», - деді К.Лам.Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалада инвестиция мен гонконгтік компаниялардың тәжірибесін қажет ететін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың қолға алынғанын айтты.«Бүгінгі күні Қазақстанда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан 2050» Стратегиясы» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда. Біздің Президентіміз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізуді алдымызға міндет етіп қойды. Қазіргі кезде Алматыда «Смарт сити» жобасы іске асуда, оның басты бағыты қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім, ТҮКШ және көлік реформасы. Бізге Гонконгтың осы салаларда смарт-технологияны пайдалану тәжірибесі маңызды. Бұлардан өзге, Алматы инвестиция тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Егер «Doing Business» рейтингінде Гонконг 4 орында тұрса, әлемнің 190 елінің ішінен Алматы 36-ыншы орында. «Бір терезе» қағидасы бойынша біз Алматыға келген инвесторларға жобаларын жүзеге асыру үшін барлық көмекті көрсетеміз. Орталық Азияның 65 миллиондық, Еуразиялық экономикалық одақтың 180 миллион адамы бар нарығы қызықтыратыны сөзсіз. Егер кәсіпорын Алматыда орналасса бұлар қожетімді болады. Мысалы, өткен жылы Президентіміз телекөпір арқылы Алматыда Жапонияның «Tokyo Rope» зауытын ашты. Бір тапсырыстың өзі ғана зауытты салуға жұмсалатын шығыннан бес есе артты. Қазір бұл компания өз өнімдерін тек Орта Азияға ғана емес, сонымен қатар БАЭ, Ресейге жіберуде. Бүгінгі күні компания Алматыда үшінші зауытын салуда. Біз гонконгтік инвесторларға да барлық жағдайды жасаймыз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Гонконгітің инвестиция және технология бойынша хатшысы Николас Янгпен, Қытай өндірушілерінің «The Chinese Manufacturers Association» ассоциациясымен кездесті. Бұлардан өзге Алматы делегациясы ғылыми және технологиялық парк жөніндегі Гонконг корпорациясының жұмысымен де танысты. Тараптар стартаптарды дамыту және қолдау, қалалардың экономикалық әлеуетін арттыру мен жоғары технология салаларында жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.Алматы делегациясы Гонконгтың жсопарлау және инфрақұрылым жөніндегі көрме галереясында да болды, мұнда мегаполистер алдында тұрған міндеттер оларды шешу жолдары туралы айтылды.«Бүгінгі күні Гонконг тұрғындары өте тығыз орналасқан, бір шаршы метр 6 мыңға жуық адамды құрайды. Қаланың жаңа аудандарын жоспарлауда көлікпен қамтамасыз ету маңызды.Гонконгте 7,2 млн. адам тұрады, 730 мың автомобиль бар, жолдардың ұзындығы 2100 км. Яғни, бір километр жолда 350 машина жүреді. Сондықтан Гонконг тұрғындарының 90%-ы қоғамдық көлікті пайдаланады. Автомобиль – қымбат, оның үстіне бағасы сағатына 30-40 гонконгтік доолларды құрайтын көлік тұрағын табу қиын. Соңғы жылдары қала орталығында көлік тұрағы азайып, экологияны жақсарту шаралары жүзеге асуда», - деп түсіндірді Гонконгті дамыту жөніндегі хатшының орынбасары Лю Чунь Сан.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша келер жылы Алматыда Гонконгтің саудасын дамыту жөніндегі Кеңес өкілдігін ашу туралы келісімге қолжетті. Бұлардани өзге, Гонконг пен Алматыда сауда, инвестиция, инновация және ШОБ бойынша ынтымақтастықты нғыайту үшін «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен Гонконгтің сауданы дамыту Кеңесі арасында қажетті меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13851?lang=kk
Алматыда «Нұр Отан» партиясының мультимедиялық мұражайы ашылды 10.04.2025
Мұражайдан «Нұр Отан» партиясының құрылуы мен қалыптасу тарихын, партияның маңызды құжаттарын, сонымен қатар партия Төрағасына тиесілі профессор мантиясын, кітаптарды, партия билеттерін және басқа да заттарды көруге болады.Мұнда келушілер жобадағы партия тарихының, заманауи дизайн мен жаңа технологиялардың өзара үйлесім тапқан ерекше концепциясын бағалай алады. Интерактивті панелдер (multi-touch-screen) дәстүрлі мұражай сөрелерін алмастырған. LED-экраннан 10 гигабайтты ақпаратты цифрлы экспозиция түрінде көруге болады.Мұражайды ашудағы басты мақсат-тарихи әрі мәдени, қоғамдық-саяси ақпаратты жинақталған тарихи құжаттар негізінде зерттеу және насихаттау.«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен біз Тәуелсіздікті, еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктерін, Қазақстанның халыаралық аренадағы беделін байланыстырамыз. Біз дамыған мемлекеттер қатарына енуге ұмтылудамыз, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жаңару мен реформалар бәсекеге қабілетті елдер қатарына енудің басты шарты. Біз партия көшбасшысы Н. Назарбаевқа тірек болуға және Қазақстанның игілі жолында бірге жұмыс істеуге тиіспіз!», - деп үн тастады жаңа партия мүшелеріне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ол сонымен қатар Алматы қаласының тәуелсіздік жылдары қолжеткен жетістіктерінің бәрі Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты екенін қадап тұрып айтты.Салтанатты шара барысында партия билеттерін «Тамаша» театрының көркемдік жетекшісі Асылбек Боранбай, радиожүргізуші Диана Снегина, №140 мектеп–гимназияның педагогы, жыл мұғалімі Гүлбану Әбжанова, репродуктивті медицина Институты бас дәрігерінің орынбасары Лазат Айтқожина, «ABM GROUP» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Молдақасымов, GoSport негізін қалаушы, «Khan Consulting» ЖШС-тің бас директоры Әнуар Манабаев және «Традиции народа Семиречья» қоғамдық бірлестігінің президенті Семен Шихотов алды.Бүгінгі күні жалпы республика бойынша 1 миллиондай партия мүшелері бар. Тек Алматы қалалық филиалының өзінде ғана 90 мың адамды біріктіріп отырған 750 бастауыш партия ұйымдары ойдағыдай жұмыс істеуде. Партияның қалалық филиалы заңдылықты жетілдіру туралы 30 ұсыныс енгізген болатын, оның жартысынан астамы Парламен Мәжілісінде мақұлданды. Партия филиалында күн сайын он мыңдай өтінімдер қаралып, жүйелі шешімдер қабылдануда. 10 ай ішінде мемлекеттік органдарға 100-ден астам ұсыныс жіберілген, олардың 80%-ы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13207?lang=kk
Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады 10.04.2025
«Барлық кезеңдерде, әсіресе қиын сәттерде әр халықтың тығырықтан алып шығатын әрі түрлі ұлтты ұлы мақсат жолына біріктіретін, тарихи кедергілерді жоя білетін көшбасшысы болғаны ақиқат. Біздің еліміздің осындай кемеңгер жалпыұлттық Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы заманауи қазақстандық мемлекеттің іргетасын қалады және нығайтты, дағдарыс жылдары елді түрлі сынақтан алып шықты, нарықтық экономиканы, демократиялық институттарды құрды. Елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтасыз етті», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.Алматы әкімі Мемлекет басшысының аса зор халықаралық беделі арқасында ең маңызды мәселе, бүгінгі және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік шекараның бекітілгенін қадап тұрып айтты.«Жастар – Қазақстанның болашағы, олар біздің Тәуелсіздігімізді сақтауы және одан әрі дамытулары тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, празматизм, білім культі біздің басты қағидаларымыз болсын», - деді мегаполис әкімі.Өзінің құттықтау сөзінде Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында Алматының дамып, ірі жетістіктер биігінен көрінуін ерекше атап өтті. Қаланың басты көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті есімінің берілуі қалалықтардың Елбасыға деген құрметін, алғысы мен ізгі ниеттерін білдіреді.Бүгін «Халық Арена» сахнасында шығармашыл ұжымдар өнер көрсетті, отандқө эстрада жұлдыздары Камшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Айдана Меденова, Нұржана Керменбаев, Әли Оқапов, «Alau», «Aumi», «Assyl» және басқалары патриоттық әндерді орындады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13188?lang=kk
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді 10.04.2025
«Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады.Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, «Астана – Ардағым» сыйлығы 20 категория бойынша беріледі, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.«Бүгінгі күні Алматы қаржы және экономикалық магнит ретінде еліміздің саяси орталығы – Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді», - деп атап өтілді Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры – екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры» деген сөздері еске түсірілді.Номинанттарды іріктеу конкурстық комиссияның http://astana.ardaq.kz сайтында ашық дауыс берулері арқылы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 00:00 сағатта аяқталады.Еске салсақ, келер жыл Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13157?lang=kk
«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті» 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 27 тамызда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасының тұжырымдамасын (баяндамашы–Мәдениет және спорт министрлігінің Вице-министрі Кожағапанов Е.Т.);2. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамаларын (баяндамашы–Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Сүлейменов Ж.Қ.) қарастыру көзделген.  ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі  pressgov@mail.ruТел: 74-06-01,  74-06-02Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/12675?lang=kk
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жобалар бекітілді 10.04.2025
Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылының солтүстігіне, Б.Момышұлы көшесінің шығысына қарай салынатын 13 жеті қабатты үйдің жобасы бекітілді, мұнда аула кеңістігінде көлік тұрағы, коммерциялық бөлмелер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі болады. Су қорғау аймағы балалар және ойын алаңдары ретінде пайдаланылады. Құрылысты жүргізуші бала бақша мен мектеп салынатын жер учаскесін коммуналды меншікке өткізеді.Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойындағы бір қабатты өндірістік нысанды екі қабатты ғимарат етіп қайта жасау, оны халыққа қызмет көрсететін ғимаратқа айландыру жобасы да бекітілді. Оның 1-ші қабатына шоурум, тамақтану аймағы, қызмет көрсету бөлмелері бар автосалон, техникалық қызмет көрсету станциясы, шиномонтаж, көлік жуу, техникалық бөлмелер орналасады. 2-ші қабатында сауда алаңдары, кафетерий, әкімшілік бөлмелер болады. Абаттандырылатын аймаққа газондар,тротуарлар жасалып, ағаш пен бұтаұқтар отрығызылады, жарық көздері орнатылады.Айта кетерлігі, жобаларды бекіту барысында энерготиімділікке, сыртқы әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға, фасадттарды түнгі жарықтандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуына, алаңды жасылдандыруға, көлік легінің жүктемесіне, аулаларды абаттандыруға және басқаларына айрықша назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11725?lang=kk
Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісімен кездесті 10.04.2025
Мегаполис әкімі Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда «Smart city» жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн. АҚШ долларын құраған.Өз кезегінде Майкл Гиффорд өзара ынтымақтастықты нығайту барысында тараптар арасында үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтты.«Мен Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын өткен айда тапсырған едім, өзімнің алғашқы жұмыс сапарым бойынша өңірдің жедел дамып келе жатқан мегаполисі ретінде Алматыны таңдадым. Қолға алынған бастамалардың барлығы қаланы жоғары деңгейге көтеретіндігіне сенімдімін және өз тарапымнан екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, білім және мәдени бағдарламалардың қанат жаюына қажетті мүмкіндіктердің барлығын жұмсаймын», - деді Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі.Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың,Индустриалды аймақтың, АЭА «Инновациялық технологиялар паркінің» әлеуеті көрсетілді.Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11672?lang=kk
Алматы әкімі ҚІСО «Атакенттің» жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырды 10.04.2025
«Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін, бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақтты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ештеңе атқарылмаған», - деді Бауыржан Байбек.Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальтты жерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар мен урналар және басқаларын қоюды тапсырды. Бұлардан өзге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орталық кіреберістегі көлік тұрағы алынады және ҚІСО «Атакент» аумағына көліктің кіруіне тыйым салынады.Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Әуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11375?lang=kk
Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады 10.04.2025
Биылғы жылы жылу жүйелерін модернизациялау жұмыстары Бөгенбай батыр, (Мұқанов/Әйтиев), Жамбыл (Пушкин/Назарбаев), Қазыбек би (Уәлиханов/Абдуллиндер), Қарасай батыр (Наурызбай батыр/Чайковский), Төле би (Варламов/Өтеген батыр/Отар), Чайковский (Қарасай батыр/Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы/Орталық стадион) көшелерінде жүреді.Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев өзінің сөзінде қазіргі кезде әр участок бойынша нақтылы кесте жасалғанын, техника мен жұмысшыларының санының анықталғандығын айтты. Қайта жасалатын барлық объектілерде мердігерлік ұйым туралы ақпарат бар паспорт, тиісті жол беліглері болады және жүргіншілер үшін қоршаулар қойылады.Ол көптеген нысандарда реконструкциялауды шілде айының соңында аяқтаудың жоспарланғанын, ал кейбір күрделі және ұзын учаскелерде жұмыстың тамыз айында бітетінін айтты. Жұмыс барысында жақын орналасқан аймақ міндетті түрде абаттандырылады.Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы бұрын жөнделген учаскелердің жол жиектеріндегі топырақтың шөгуін зерттеуді бастады, олар кепілді міндеттеме ретінде мердігер арқылы қалпына келтіріледі.Айта кетерлігі, Алматыда 2018 жылы 157 көшені жөндеу жоспарланған.Алматы реконструкциясы аясында қаланың бірқатар маңызды даңғылдары жаңарады, соның ішінде Абай, Аблай хан, Назарбаев даңығлдары және басқалары бар. Бұрын жөнделген 455 аула алаңдарына қоса биыл қаланың барлық аудандарында тағы 585 аула жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11101?lang=kk
Алматының коммуналдық саласында кадрлық өзгерістер болды 10.04.2025
Бүгінгі тағайындауға дейін Ермек Үсенбаев Алматы қаласының Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болған еді. Ол түрлі жылдары Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Оңтүстік» және «Алматы» ӘКК-лар басқармасы төрағаларының орынбасары қызметтерін атқарды.«Алматы Су» біріккен кәсіпорны жаңа басшысының алдына технологиялық процесстерді автоматтандыру, шығынды оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру сынды бірқатар міндеттер қойылды. Бұлардан өзге, өндірісті модернизациялауды, инженерлік желілерді және жүйелерде апатты азайту үшін қондырғыларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет.Бұрындары «Алматы Су» кәсіпорнын басқарған Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды. Ол түрлі жылдары. Астананың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары және басқа да қызметтерді атқарған.Жаңа басшы алдына кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыру, жылудың нормативті және нормативтен жоғары шығындарын азайту, өндірістік процесстер мен қызмет көрсетудіі цифрландыру міндеттері қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11100?lang=kk
Халықаралық сарапшылар әділет органдарының жұмысын заңнамалық деңгейде қалай жақсартуға болатынын талқылады 10.04.2025
 Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Reed Smith заң фирмасымен бірлесіп «Әділет органдары туралы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Оған халықаралық сарапшылар, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.Британиялық халықаралық және салыстырмалы құқық институтының қызметкері, профессор Я. Кривой бастаған халықаралық және қазақстандық сарапшылар әділет органдарының қызметін реттейтін ұлттық заңнаманы зерттеп, оны жетілдіру мақсатында, Франция, Сингапур, Германия, Біріккен Корольдік және АҚШ сынды елдердің әділет органдарының қызметіне қатысты оң  тәжірибелерді қарастырып, бірқатар ұсыныстар берді.Атап айтқанда, біліктілік емтиханың қабылдау және аттестаттау, «нотариус», «адвокат», «бағалаушы», «сарапшы», «сот сарапшылары», «жеке сот орындаушысы», «заңды тұлға», «заң кеңесшілері», «медиатор», «аудармашы» біліктіліктерін беруді бір жерден орталықтандырылған тәртіпте жүзеге асыратын арнайы Орталық құру. Сонымен қатар, түрлі профильді сарапшы-мамандардан тұратын  деректер базасын жасау,  сондай-ақ Әділет министрлігінің кейбір құрылымдық бөлімшелерінің қосымша функцияларын қарастыру. Шара барысында берілген барлық ұсыныстар сараланып, Әділет органдары туралы заңнаманы жетілдіру барысында болашақта қарастырылатын болады.Айта кету керек, Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің қолдауымен жүзеге  асырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10993?lang=kk
Алматыда 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды 10.04.2025
Бүгін Алматы Алматы әкімі Бауыржан Байбекке «Универсиада 2017» кезінде студенттердің спорттық жарыстары өтетін нысандардың бірі 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды.Спорт нысанын салуға жоғары сыныпты мамандар тартылып, оны тұрғызуға, әрлеуге отандық өндіріс материалдарының 90% -ы пайдаланылды. Жалпы, 3000 орынды Мұз аренасын салумен 1,5 мың адам айналысты.«Қазіргі кезде негізгі мұздың төзімділігіне ерекше мән беру қажет, ол үшін кәсіби спортшыларды, мамандарды шақырып, мұздың сапасы жөнінде тиісті бағаны алған жөн. Универсиаданың барлық нысандары Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынды. Жалпы, балалар спортын, бұқаралық және кәсіби спортты дамыту қажет. Болашақта біздің спортшыларымыздың жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне ықпал ететін нысандар қала шетінде болуы тиіс», - деп атап өтті әкім.Бұл объект негізінен мәнерлеп сырғанау, шартрек, хоккей және басқа қысқы спорт түрлері бойынша пайдаланылады. Бүгінгі күні хоккей клубтары, әуесқой және балалар хоккейі, сырғанау сынды жаттығу сабақтарының жүйесі жасалған. Осылайша, қаланың мұндай спорт нысандарына қалың бұқараны кеңінен тартуға үлкен мән берілуде.«Біз нысанды тамыз айының соңында пайдалануға беруге үміттіміз. Ал қазан айынан бастап объект қала тұрғындары үшін қолжетімді болады. Барлық жобалар жоғары технологиялық талаптарға толық жауап береді. Негізгі критерйилердің бірі- өзіміз қосқан энергиялық тиімділік. Қазір жоғары рейтингілі шетелдік қондырғыларды орната салудың еш мәні жоқ. Маңыздысы- қымбат энергия шығынына жол бермей, Мұз аренасына көпшіліктің жиі келуін қамтамасыз ету», - деді Алматы қаласы спорт нысандары дирекциясының басшысы  Сергей Апенко.Атап өтерлік жайт, нысан іске қосылғанда мұнда 200-ге жуық жұмыс орны құрылады, олар жалға берілген кафе мен спорт залдарында қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10987?lang=kk
Борышкерлер тізіміне еш негізсіз түссеңіз не істеу керек? 10.04.2025
Құрметті оқырмандар, Әділет министрлігінің борышкерлер тізіміне екі жағдайда ғана негізсіз түсуге болады:1) борышкер атқарушылық іс жүргізу бойынша міндеттерін орындап, сот орындаушысына төлеу туралы квитанция сынды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда;2) қате мәліметтер енгізілген жағдайда (аты-жөні, тегі, туған жылы).Егер бірінші жағдай орын алса – қарыздың жабылғанын растайтын құжат қажет, ал екінші жағдайда жеке куәліктің көшірмесі керек.Сондай-ақ, үйден шықпай-ақ болған жайт туралы министрліктің ресми сайтына www.adilet.gov.kz хабарлау керек немесе аумақтық әділет органына жүгіну қажет. Қате мәліметтер міндетті түрде тез арада жойылатын болады.Егер сот орындаушысы жіберген қателіктің салдарынан Сіз қаржылық немесе моральдық шығындарға ұшырасаңыз, залалдың орнын толтыру үшін сотқа шағымдануыңызға болады.Адамдардың аты-жөнінде де тегінде де сәйкестіктер кездесетін жайттар көп емес. Соңғы 3 жылда шамамен 4 оқиға тіркелген. Яғни жүйеге қате мәліметтерді енгізу ықтималдылығы әлі де орын алып отыр. Бұндай олқылықтардың алдын алу үшін министрлік қазіргі таңда тиісті жұмыс атқаруда. Шараны автоматтардыру мақсатында сот орындаушысы тізімге борышкерге қатысты ақпаратты өзі енгізбес үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімінде 1,5 млн адам тіркелген. Ол тізімге олар өндіріп алушының алдында ерікті түрде өз міндеттерін орындамағаны үшін түседі.Борышкерлер тізіміне енбеу үшін азаматтарға, бірінші кезекте өздеріне тиісті міндеттерді ерікті түрде орындау қажет. Екіншіден, жиі болмаса да, арасында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтына (http://pravstat.prokuror.kz/rus)немесе ҚР ІІМ сайтына (http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD) кіріп, тексеріп тұру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10946?lang=kk
8 шілде. Алматы әкімдігі дағдарысқа қарсы қосымша шараларды қабылдауда 10.04.2025
Бүгін Алматыда Мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда қаланың 2016 жылғы бюджеті нақтыланды.«Алматы-2020» даму Бағдарламасының 7 тұжырымдарын жүзеге асыру және бұрыннан бар проблемалық мәселелерді шешу үшін қала бюджетінен 13 млрд. 122 млн. 414 мың теңге бөлу ұсынылды.Бюджетті нақтылау барысында қалада жұмыс орындарын көп ашуға ерекше көңіл бөлінді.«Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР-ның Үкіметі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік инвестицияларды арттыру шараларын қабылдауда. Маңызды екі міндет бар, олар - бұрынғы жұмыс орындарын сақтау, жаңаларын ашу және халықтың табысқа жетуіне ықпал ету», - деп атап өтті әкім.Бюджетке өзгеріс енгізу барысында қалалықтардың әлеуметтік сұраныстарына да үлкен мән берілді.«Өздеріңіз білесіздер, үздіксіз жауған нөсер жаңбар қаланың арық жүйесіндегі олқылықтарды ашып берді, олардың 50%-ы қанағаттанғысыз жағдайда. «Алматы-2020» даму Бағдарламасының «Қолайлы қала» атты алғашқы тұжырымындағы «Таза қоршаған орта» бағыты бойынша алдағы уақытта ұзындығы 18,2 км. арық жүйесі қайта жасалады, оған жұсалатын қаржы көлемі 495 млн.теңгеден астам, сонымен қатар, 194 км арық жүйесін жүргізудің ЖСҚ жасалып, 72 км арық желісі жаңарады, оның қаржылық құны - 95,4 млн. теңге. Жалпы, бұл жұмыстардың барлығы қалағақослыған аудандарда жүзеге асады, соның арқасында нөсер жауын кезінде су басып қаупі жойылып, қала тұрығдарына жақсы жағдайлар жасалады», - деп атап өтті өзінің баяндамасында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов.Әкім қалаға қосылған аудандардың арық жүйесін жаңарту басты назарда екендігін жеткізді.«Нөсерлі жауын бірқатар проблемаларды ашып берді. Бұрын бар арықтарды инвентаризациялау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, проблемалы учаскелер анықталды, алдағы уақытта олқылыктардың орнын толтыратын боламыз. Алатау және Наурызбай аудандарындағы арық желілерін жөндеу және қайта жасау үшін біз қажетті жобалық- сметалық құжаттарды дайындауға тиіспіз, өйткені бұларда арық желісіне қатысты инфрақұрылым болмаған. Демек, бұл мәселені біз жүйелі түрде шешуге тиіспіз», - деп атап өтті мегаполис басшысы Бауыржан Байбек.38 саябақ пен скверлерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 303,4 млн.теңге бөлу жоспарланған. «Думан» ықшам ауданынан жаңа зират үшін бөлінген 92 га жерді тиісті ретке келтіру үшін 37,4 млн.теңге, ал Шығыс айналма жолына 3 045 ағаш отырғызу үшін 29,8 млн.теңге қарастырылған.Бұлардан өзге, орындықтар, балалар алаңдары үшін урналар мен қондырғылар қою, қаланың алты ауданындағы 290 аула ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 030 млн.теңге бөлінеді. Көше жарығын жаңалау және қайта жасауға 1,2 млрд.теңге қарастырылған.«Әлеуметтік бағыттағы қала» тұжырымы негізінде әлеуметтік саланы дамытуға 3 млрд. 788 млн.теңге бөлінеді. Жекелеген азаматтар мен онконауқастарды қажетті дәрімен қамтамасыз ету үшін денсаулық саласына 1,6 млрд. теңге бөлінеді.Білім саласын дамыту, оқу сапасын арттыру, білікті кадрлармен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі - 721,2 млн.теңге.Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне, Ардагерлер үйінің вентиляция жүйесін жөндеуге, "Инватакси" қызметіне ақы төлеуге 139,6 млн.теңге бөлінеді.Газ жеткізетіндер ақы көлемін өсіріп отыр, соның салдарынан қала бойынша жылу тарифі 8,3%-ға өсті. Сондықтан жергілікті бюджет есебінен тұрмысы төмен отбасыларға жеке адрестік көмек көрсетілді.2 мектептің, №9 емхананың, Психологиялық орталықтың сейсмикалық қуатын арттыратын қосалқы нысандар салуға 977,8 млн.теңге бөлінді. «ТҮКШ-тың сенімді инфрақұрылымына» қосымша 2,4 млрд. теңге, сапалы су жүйесін қамтамасыз етуге 1,3 млрд. теңге қарастырылған, осының арқасында Қарғалы өзенінің жағалауына қатысты 2 обьектінің және 6 учаскені қайта жасаудың ЖСҚ жасалады. Б. Шолақ атындағы Спорт сарайының электр желілерін жаңартуға, Түрксіб ауданындағы 43 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге 220,7 млн.теңге, «ИТК» АЭА-ның инфрақұрылым құрылыстарын аяқтауға 242,2 млн.теңге бөлінеді. Елді мекендерді газдандыруға 542,5млн.теңге қарастырылған. Қазіргі кезде тұрғындардың 95%-ы газбен қамтамасыз етілген. Бөлінген қаржы есебінен 39 км жерге газ желісі тартылып, 794 абонент газ қосылған.«Біз бүгін қаржы бөлуді қолдау отырмыз.Жаңадан салынған «Ерменсай» қосалқы станциясы бар, ол небәрі 17 %-ға қамтылған, бірқатар желіні соған аударатын боламыз. Бұл - қаланың энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды әрі үлкен жоба», - деп атап өтті Б.Байбек.«Қауіпсіз қала» тұжырымының «Қоғамдық қауіпсіздік» бағыты бойынша әрі ҚР Президентінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту, террорлық қауіптің алдын алу және жедел іске кірісетін арнайы бөлімшенің 75 қызметкері тұратын жиналмалы-құрастырмалы казармалық типтегі нысан үшін 736,7 млн.теңге, ТЖ ескертулеріне және тұйық сулардың деңгейін төмендетуге қатысты 10 насос бірлігін алу үшін 63,8 млн.теңге қарастырылған.2017 жылғы Универсиаданы өткізу үшін қосымша 695,8 млн.теңге бөлінеді, оның ішінде 450 млн теңгеге 25 қаргенераторларын, қауіпсіздікті күшейту және портативті детекторлы жарылғыш заттарды алу үшін 222,5 млн.тенге, FISU-дің наивгациялық тақтайшаларын орнату үшін 55,2 млн.теңге қарастырылған.Осылайша, Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті 382 млрд. 304 млн. 308,2 мың теңгені құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10926?lang=kk
Алматы әкімдігі тротуарларды жаяу жүргіншілерге қайтаруда 10.04.2025
Мегаполис басшысы Қалдаяқов көшесінің шығысына қарай Гоголь мен Әйтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды, мұнда нысанның меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған.Тиісті басқармаға қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көшелері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға қатысты шара қолдану тапсырылды. Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзінің жеке қаржысы есебінен атқаратын болады.Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде Гоголь көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз қрлысытардың барлығы алынады. Айта кетерлігі, бұрын Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаске жөнделген еді.Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады. Жер асты өтпелі жолдардың барлығы күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салу жоспарланған. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10922?lang=kk
5 шілде. Астана күніне орай Алматыда бірқатар нысандар ашылды 10.04.2025
Бала бақшасы мен әлемдік брендтегі қонақүйдің ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысты.Мегаполистің Әуезов ауданында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған бала бақшаның көлемі 1,6 мың кв.м. Әкім бұл шараның әлеуметтік маңызын атап өтті. Ауданның халық тығыз орналасқан аумағындағы бұл бала бақша алғашында 180 балдырғанды қабылдайды, қабылдаулар кейін де жалғасады. Осы мекменің ашылуы арқасында 45 жаңа жұмыс орны ашылды, мұнда 25 ұстаз сәбилерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс береді.Атап өтерлік жайт, тәрбиеленушілердің тең жартысының ақысы арзанға түседі, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында бүлдіршіндер ақысының бір бөлігін мемлекет төлейді.Дәл осы күні қала басшысы Медеу ауданында орналасқан 4 жұлдызды әлемдік брендтегі «Shera Park Inn» қонақ үйінің ашылуына да қатысты, оның көлемі 15 мың кв.м, нөмір саны – 190. Алматы әкімі алдағы Унивесриада 2017-нің қарсаңында мұндай мейманаханалардың ашылуы өте тиімді екендігін айтты. Жаңа қонақүйдің арқасында 80 жұмыс орны ашылды.Атап өтерлік жайт, мұндай мейрамханалар қонақ үйлер бизнесінде бәсекелестікті қалыптастырып, қызмет көрсету сервисін жақсартады.Аталған бұл нысандарды салуда отандық кәсіпорындардың құрылыс материалдары пайдаланылды.Ақпараттық хабарлама: Қалада кіші және орта бизнестің үлес салмағы артып келеді. Алматы да КОБ-тің 185 000 -нан астам субъект ісі тіркелген. Бұларда 580 000 адам жұмыс істейді. Өткен жылы КОБ шығарған өнім көлемі 4,2 трлн. теңгеге жетіп, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,1% -ды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10915?lang=kk