Enbekshi QazaQ

Ғылым

Жасанды интеллект, білім сапасы және болашақ дағдылары: Қостанайда білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өтті 14.08.2026
14 тамызда Қостанай облысының әкімі Құмар Иргибаевич Ақсақаловтың қатысуымен «Адами капитал – өңір дамуының стратегиялық негізі: білім сапасы және жаңа оқу жылының басымдықтары» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өтті.Пленарлық отырыс кәсіби диалог форматында ұйымдастырылып, білім сапасы, заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллект, ауыл мектептерін дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттері және болашақ ұрпаққа қажетті дағдылар талқыланды.Іс-шараның ең әсерлі жаңалықтарының бірі – Ұмай атты цифрлық виртуалды жүргізушінің алғаш рет сахнаға пленарлық отырыстың дәстүрлі модераторымен бірге шығуы болды. Жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген Ұмай кеңестің ең жарқын ерекшеліктерінің біріне айналды.Өзінің бейнеүндеуінде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарына тоқталып, білім сапасын арттыру, цифрландыру, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті.Қостанай облысының білім басқармасының басшысы Ардақ Бегатаров өңірлік білім беру жүйесінің басымдықтарын таныстырды. Оның ішінде білім сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау мәселелеріне ерекше мән берілді.ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен жаңа оқу жылына қойылған міндеттер туралы баяндады.Мұхаммад Әли Джавед, Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университетінің (Абу-Даби) жасанды интеллект және деректерді талдау жөніндегі сарапшысы, мектептерді жасанды интеллект дәуіріне дайындау, технологияларды жауапкершілікпен пайдалану және педагогтің негізгі рөлін сақтау мәселелерін қозғады.«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының бірінші вице-президенті Ержан Аубакиров «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында ауылдық және шағын жинақты мектептерді қолдаудың тиімді тәжірибелерімен бөлісті.Семей қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің мұғалімі Марат Айткалиев Альфа ұрпағы және болашақ құзыреттері тақырыбына тоқталып, педагогтің тәлімгер әрі көшбасшы ретіндегі рөліне назар аударды.Кеңес қорытындысын шығарған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім беру мен жас ұрпақ мәселелеріне ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Бұл бағыттардың жаңа Халық Конституциясында да көрініс тапқанын жеткізді.«Білім беру – біз үшін де басты басымдықтардың бірі. Өйткені бұл – әр отбасының өміріне тікелей қатысты сала», – деді өңір басшысы.Бүгінде облыстың білім беру жүйесі шамамен 150 мың баланы қамтиды, салада 36 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Биыл білім беру саласына 227,1 млрд теңге бөлінді. Бұл облыстық бюджеттің шамамен үштен бірін құрайды. 2023 жылы бұл көрсеткіш 176,8 млрд теңге болған.Соңғы үш жылда облыста 15 балабақша мен 10 мектеп салынды, 457 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 30 нысанға күрделі жөндеу жасалды. Осы кезеңде өңірдің 83 түлегі әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттарға ие болды.«Біздің міндетіміз – мұндай мысалдардың жекелеген жағдай болып қалмауын, тұрғылықты жеріне қарамастан әр балаға бірдей мүмкіндік берілуін қамтамасыз ету. Ал педагогтердің міндеті – баланың қабілетін дер кезінде байқап, қолдау көрсетіп, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау», – деді Құмар Ақсақалов.«Жастар сарайының» холында білім берудің заманауи шешімдері, цифрлық құралдар мен практикалық әзірлемелер ұсынылған тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар педагогтер жаңа тәсілдермен танысып қана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алған шеберлік сабақтары өтті.Кеңес білім беру қызметкерлерін марапаттау рәсімімен қорытындыланды. Облыс әкімі 25 педагогке ведомстволық және өңірлік марапаттарды табыстады.3 педагог «Еңбек ардагері» медалімен, 4 педагог Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен, 2 педагог «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен, 2 педагог «Орта білім беру ісінің үздігі» құрметті дипломымен, тағы 2 педагог «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрметті дипломымен марапатталды.Сонымен қатар 3 білім беру қызметкеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталары, 4 қызметкерге министрліктің Алғыс хаттары, тағы 5 педагогке Қостанай облысы әкімінің грамоталары табысталды.Сондай-ақ өңірлік байқаулардың жеңімпаздарына сертификаттар берілді. Арқалық қаласының білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы 2026 жылғы орта білім берудің үздік ұйымы деп танылса, Рудный тау-кен технологиялық колледжі техникалық және кәсіптік білім берудің 2026 жылғы үздік ұйымы атанды. Оларға 68 миллион теңге көлемінде сертификаттар табысталды.Рудный қаласының білім бөлімі облыс қалалары арасында рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі аудандар арасындағы рейтингтік бағалауда үздік деп танылды.Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясындағы «Үздік мектеп ауласы» байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталды.Облыстық тамыз кеңесі білім берудің стратегиялық міндеттерін нақты шешімдермен және педагогтердің озық тәжірибесімен ұштастырып, жаңа оқу жылында жүзеге асырылатын негізгі бағыттарды айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1274618?lang=ru
Қамыстыда 5 отбасы баспаналы болды 14.08.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қамысты ауданына барған жұмыс сапарында 5 отбасыға таза әрленген, әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды.Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік қорғауға, әсіресе аға буын өкілдеріне лайықты жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі.«Ауданда соңғы үш жылда 120 отбасы баспаналы болды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларға арналып тағы 36 пәтер салынуда», – деді аймақ басшысы салтанатты шарада.Айта кету керек, аудандағы бизнес субъектілері тұрғын үй құрылысын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. 2023 жылдан бастап жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 840 млн теңге болатын 34 тұрғын үй салынды.Жалпы, соңғы 3,5 жылда облысымызда шамамен 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 18 мыңнан астам отбасы өз жағдайын жақсартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1274567?lang=ru
Қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды 14.08.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады.Кездесуде өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтау және діни ахуалды одан әрі жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.«Сыр өңірі – тарихы терең, қазақы болмысы сақталған қасиетті өлке. Бүгінде елімізге адал қызмет етіп жүрген дін қызметкерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында аймақтағы діни ахуал тұрақты.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңірде небәрі 14 мешіт болса, бүгінде олардың саны 195-ке жетіп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Бұдан бөлек, облыста 6 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Олардың үшеуі бір мезетте 1000-ға жуық адамды қабылдай алады.Кәсіпкерлердің демеушілігімен бой көтеріп, бүгін ресми түрде ашылған Тасбөгет кентіндегі мешіт те осы қатарда. Сонымен бірге Арал мен Байқоңыр қалаларында салынып жатқан екі ғибадат үйі де жуық арада ел игілігіне берілмек.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді. Бүгінде өкілдік қызметкерлерінің басым бөлігі – жас әрі жоғары білімді мамандар. Бұл – аймақ жастарының сапалы әрі дұрыс діни ақпарат алуға деген сұранысының артып келе жатқанын көрсетеді.Бүгінде әкімдік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қала, аудан және шалғай елді мекендердегі тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Жат ағымдардың алдын алу және олармен күресуде тиісті шаралар ұйымдастырады. Бұл жұмыстарды одан әрі жандандыруда Сіздердің қолдауларыңыздың маңызы зор.Екі тараптың бірлескен оң бастамалары қоғамдық тұрақтылықты нығайтып, егемен еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға берік негіз болады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.Өз кезегінде Бас мүфти діни тұрақтылықты сақтаудағы жұмыстарға оң бағасын беріп, бірлескен бастамалар үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1274400?lang=ru
Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі 12.08.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті.Екі ел арасындағы достық қарым- қатынас пен стратегиялық серіктестік өңіраралық байланыстарды дамытуға оң әсерін тигізді. Әсіресе, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, озық технологияларды қолданысқа енгізу бағытында өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы Қызылорда облысы мен Корея Республикасы арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 1,2 млн АҚШ долларына жетіп, өсім көрсеткіші артқан. Мемлекет басшысы елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырма бергені белгілі. Осыған сәйкес, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Оңтүстік Кореяның SeoulTech университетінің Жасанды интеллект мектебі ашылды.Бүгінде еліміздегі алғашқы жасанды интеллект мектебінде 225 студент білім алуда. Алдағы оқу жылында тағы 128 студент қабылданады. Сонымен қатар, шикізат өндірісін ұлғайту мақсатында кореялық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.Атап айтқанда, витражды терезе өндірісін жолға қою және сауда-логистикалық орталық құру туралы бірқатар ұсыныс қарастырылып жатыр. Аталған жобаларды инвестициялық әлеуеті жоғары Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағында орналастыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1273077?lang=ru
39-шы жазғы облыстық Спартакиада мәресіне жетті 10.08.2026
Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында 39-шы жазғы облыстық Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорт додасының алауы 20 жылдан кейін қайтадан Арқалықта жағылды. Бүгінде Арқалықтың жаңа тынысы ашылып, қала қайта түлеп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Арқалық пен бүкіл Торғай өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Сондықтан облыста бұқаралық спортты дамытуға және спорт инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше мән берілуде.«Соңғы 3 жылда облыста 30-дан астам спорт нысаны салынды. Оның ішінде 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 2 стадион, 6 жабық хоккей корты, ат манежі мен бассейн бар. Қазір тағы 7 спорт нысанының жобасы іске асырылуда. Аулаларда 47 спорт алаңы салынды», деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Арқалықта өткен жылы күрес залы, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, «Қазақстан» спорт кешені пайдалануға беріліп, «Жігер» стадионы жаңғыртылды. Қазір қалада жабық хоккей корты мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр.Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектеп және студенттер лигалары тұрақты өткізіледі. Көптеген спортшыларымыздың үлкен жетістіктерге бастар жолы дәл осындай аудандық және облыстық жарыстардан басталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1271398?lang=ru
Арқалық қаласының теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылдысле реконструкции 10.08.2026
Арқалық қаласының 70 жылдығы жоғары деңгейде өтті. Мерейтой барысында өткен үлкен салтанатты шараның бірі – қайта жаңғыртудан кейін ашылған теміржол вокзалы.Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Облыста Қостанай қаласы, Арқалық, Тобыл, Железорудный, Аманқарағай, Кұсмұрын бекеттерінде 6 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылуда. Осыған дейін Аманқарағай, Құсмұрын, Рудный теміржол вокзалдары ашылған болатын.«Ал, бүгін біз Арқалық қаласы үшін өте маңызды да қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қаланың 70-жылдық мерейтойында жаңарған, заманауи теміржол вокзалы өз есігін айқара ашып отыр. Бұл тек инфрақұрылымдық жоба емес, бұл Арқалықтың өркендеуінің, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған өңірлерді дамыту саясатының жарқын көрінісі!», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзінде.Жаңарту жұмыстарына 1,3 млрд теңге жұмсалды. Ғимарат 1972 жылы салынған. Соңғы жөндеу 2015 жылы өткізілген. Биыл ғимараттың сәулеттік келбеті толық жаңарып, инженерлік желілері жөнделді. Күту залы, билет кассалары мен санитарлық тораптар заманауи талаптарға сәйкес жабдықталды. Вокзал маңындағы алаң абаттандырылды.Теміржол вокзалының ауданы 1 772-ден 2 400 шаршы метрге дейін ұлғайды.Станция арқылы 8 пойыз, оның ішінде Астана, Қостанай және Шұбаркөл бағытында 4 қала маңы пойызы қатынайды.«Қаламыздың 70 жылдық мерейтойына орай, күнара қатынайтын, жаңа вагондардан тұратын «Нұрлы жол – Арқалық» жолаушылар пойызы іске қосылды. Мұның маңызы өте зор. Жаңа бағыт өңірдің қатынас мүмкіндігін едәуір жақсартты. Бұл жоба –  ең алдымен халыққа сапалы, жайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсету үшін жүзеге асырылды», – деді Құмар Ақсақалов.Вокзал тәулігіне 428 адамды қабылдай алады. Мүгедектігі бар азаматтар, қарт адамдар және балалары бар жолаушылар үшін кедергісіз орта қалыптастырылды.Жаңартылған вокзал жолаушылар ағынын және іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді. Атап айтсақ, өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті артып келеді. Аймақ басшысы көлік қатынасын дамытпай, ел экономикасын көтеру мүмкін емес екенін жеткізді.Арқалық өңірінің экономикасына жаңа серпін беру мақсатында екі маңызды жол жаңаруда. Біріншісі – «Жезқазған-Арқалық» автожолы. Арқалықтан Жезқазғанға дейін 309 шақырым. Біздің облыс бойынша өтетін  71 шақырым жөнделді. Биыл 8 шақырымның жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ұлытау облысы бойынша өтетін жолдың жөндеуі де биыл аяқталады. Арқалықтан Есілге дейін облыс бойынша өтетін жолдың жөндеуі толық аяқталды. Оның арқасында бұл бағыт 500 шақырымға қысқарады.Екіншісі – Мемлекет Басшысының тапсырмасымен салынып жатқан, Арқалық және Торғай арқылы өтетін жаңа «Орталық-Батыс» жолы.«Жаңартылған әуежайды жақын арада ашамыз. Жоба өңір мен жергілікті тұрғындар үшін үлкен маңызға ие. Нәтижесінде, Арқалық еліміздің солтүстігін, орталығын, батысы мен оңтүстігін өзара жалғайтын маңызды көлік және логистикалық хабқа айналады. Көліктік логистиканың дамуы Арқалықтың экономикасына серпін береді, сондай-ақ кәсіпкерлік пен ішкі туризмді жандандырады», – деп атап өтті облыс әкімі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1271360?lang=ru
Оралда құрамында еті бар жартылай дайын өнімдерді «жалған» сертификаттау дерегі анықталды 10.08.2026
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы нәтижесінде тамақ өнімдерін «жалған» сертификаттау фактісі анықталды.Тиісті жұмысты жүргізуге мұздатылған ет құрамды жартылай фабрикаттарды бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша келіп түскен материалдар негіз болды. Өнім Беларусь Республикасының сертификаттау органында ресімделген ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясымен бірге өткізілген.Сәйкестікті бағалау материалдарын зерделеу барысында декларация Алматы қаласындағы аккредиттелген сынақ зертханасы берген деп көрсетілген сынақ хаттамасының негізінде қабылданғаны анықталды.Құжаттың түпнұсқалығын тексеру мақсатында Департамент аталған зертханаға ресми сұрау жолдады. Алынған жауапқа сәйкес, бұл өнімге сынақтар зертханада жүргізілмеген, ал тиісті сынақ хаттамасы ресімделмеген және берілмеген.Осылайша, сәйкестік туралы декларация өнімге сынақтардың нақты жүргізілгенін және оның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін растамайтын анық емес дәлелдемелік материал негізінде тіркелген.Материалдарды қарау нәтижелері бойынша сәйкестік туралы декларацияның Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданысын жою туралы шешім қабылданды. Ақпарат уәкілетті органға және техникалық реттеу саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолданды.Сәйкестікті растау және бағалау рәсімдерін жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін өнім өндіруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Аталған жағдай декларацияның тізілімде формальды түрде болуы заңнамада көзделген сынақтардың іс жүзінде өткізілгенін әрдайым білдірмейтінін көрсетеді. Сынақ хаттамаларының түпнұсқалығын және дәлелдемелік материалдардың қадағалануын тексеру «сұр» сертификаттауға қарсы іс-қимыл жасаудың және қауіпсіздігі расталмаған өнімнен нарықты қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.Департамент сәйкестікті бағалау жөніндегі анық емес құжаттарды анықтау және қажетті сынақтарды нақты өткізбей декларацияларды тіркеу практикасының жолын кесу бойынша ведомствоаралық жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1271202?lang=ru
Қазақстанда аккредиттеу цифровизациялануда 07.08.2026
Қазақстандағы зертханалар, сертификаттау және инспекциялық ұйымдар міндетті бағалаудың бір бөлігін қашықтан өте бастады. ҚР СИМ ТКРМ Ұлттық аккредиттеу орталығы 32 қашықтан бағалау жүргізіп, цифрлық формат процедуралардың жоғары деңгейдегі объективтілігін, тәуелсіздігін және сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Қашықтан бағалауға өту ұлттық аккредиттеу жүйесін цифровизациялаудың кезекті кезеңі болды. Жаңа механизм бизнес үшін уақыт пен ұйымдастырушылық шығындарды азайтады, әкімшілік жүктемені төмендетеді және мемлекеттік ресурстарды тиімдірек пайдалануға ықпал етеді. Бұл ретте аккредиттеудің тәуелсіздік, құзыреттілік және нәтижелердің шынайылығы сияқты негізгі қағидаттары өзгеріссіз қалады. Сарапшылар атап өткендей, 2026 жылы қашықтан бағалау екінші жоспарлы бағалау кезінде пилоттық режимде жүргізіледі. Ал 2027 жылы Ұлттық аккредиттеу орталығы бұл тәжірибені кеңейтіп, қашықтан бағалау форматын барлық жоспарлы бағалауларға таратуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бағалауды қашықтық форматында жүргізу міндетті болып табылмайды. Мұндай механизм белгіленген критерийлерге сәйкес келетін және қашықтан өзара әрекеттесу үшін қажетті техникалық мүмкіндіктері бар аккредиттеу субъектілеріне қатысты ғана қолданылады. Жаңа форматты енгізу үшін Орталық әдістемелік құжаттар топтамасын әзірледі, оның ішінде «Қашықтан бағалау» жұмыс нұсқаулығы, бағалаушыларға арналған ұсынымдар және аккредиттеу субъектілеріне арналған кері байланыс сауалнамасы бар. Бұл қашықтан бағалауды жүргізуге бірыңғай, ашық әрі түсінікті тәсілді қамтамасыз етуге, сондай-ақ іс-тәжірибе мен процесс қатысушыларының кері байланысын ескере отырып, механизмді жетілдіруге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1270748?lang=ru
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қағидатын нығайту басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. 07.08.2026
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қағидатын нығайту басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1270705?lang=ru
Сауда комитеті жартыжылдықты қорытындылады: Әлеуметтік тауарлар бағасының өсу қарқыны 4 есе баяулады 06.08.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланды. Жиын барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары мен өңірлік департаменттердің жұмыс тиімділігі талқыланды.Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының өсу қарқыны өткен кезеңмен салыстырғанда 4,6%-ға баяулаған.Бұл көрсеткішке мемлекеттік бақылауды күшейту, тауарлар тізбесін кеңейту және отандық өндірушілерді қолдау шаралары арқылы қол жеткізілді. Барлығы 3 907 әкімшілік іс тіркелді, оның ішінде 2 391-і рұқсат етілген сауда үстемесін асыруға қатысты болса, өңірлік комиссиялардың жұмысы арқылы 2 322 заңбұзушылық анықталып, жеткізу тізбегінен 164 тиімсіз делдал шеттетілді.Сонымен қатар, бақылау шаралары аясында заңсыз әкелінген 46,5 мыңнан астам жұмыртқа тәркіленіп, цифрлық азық-түлік ваучерлері мен 31 тауар позициясына баға мониторингі енгізілді. Сондай-ақ, апта сайын 132 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 25 сауда базарын жаңғырту жұмыстары мен ақпаратты уақытылы ұсыну бойынша атқарушылық тәртіпті нығайту шаралары ерекше бақылауға алынды.Алайда маусым айының қорытындысы бойынша кейбір өңірлерде бағаны бақылау жұмыстарының әлсірегені байқалады. Мемлекеттік бақылау бағытында Атырау және Солтүстік Казахстан облыстарының жұмысы сынға алынды,. Әсіресе, Атырау облысында жарты жыл ішінде 12 заң бұзушылық дерегі анықталған, бұл бақылау жұмысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен қатар Абай, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Астана қаласында жыл басынан бері бірде-бір тиімсіз делдал нарықтан шеттетілмеген.«Есеп үшін өткізілетін жиындардың бізге қажеті жоқ. Нақты нәтиже керек – заң бұзушылықтарды анықтау, тиімсіз делдалдарды нарықтан шығару және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу басты міндет болып қала береді» - деді сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жаутыкбаев бақылау жұмыстарының сапасына қатысты қатаң талап қойды.Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша 2026 жылдың соңына дейін сауда базарларын жаңғырту жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Екінші жартыжылдықтағы негізгі басымдықтар – баға тұрақтылығын сақтау, «үй жанындағы» шағын жәрмеңкелерді дамыту және цифрлық азық-түлік ваучерлері жобасын іске асыру болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1270158?lang=ru
Қазақстанның Ұлттық тауарлар каталогы: тіркелген тауарлар саны бойынша киім-кешек пен көлік құралдары көш бастап тұр 06.08.2026
2026 жылдың тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанның Ұлттық тауарлар каталогында (ҰТК) 29 миллионнан астам тауар тіркелген. Тіркелген тауарлардың ең үлкен үлесін киім-кешек пен күнделікті тұтыну тауарлары құрайды.Ұлттық тауарлар каталогындағы ОКТРУ санаттары бойынша жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, көш басында – киім-кешек пен күнделікті тұтыну тауарлары. Бұл санатта 8 миллионнан астам тауар тіркелген, бұл каталогтағы барлық тауарлардың елеулі бөлігін құрайды. Екінші орында – көлік құралдары мен көлік жабдықтары. Бұл санатта 2 миллионнан астам тауар есепке алынған. Үшінші орында инженерлік жүйелерге арналған жабдықтар мен материалдар орналасқан, онда 1 миллионнан астам тауар тіркелген.Алғашқы ондыққа сондай-ақ құрылыс бұйымдары, жиһаз және интерьер тауарлары, азық-түлік пен сусындар, құрылыс материалдары, зергерлік бұйымдар, машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ баспа өнімдері енді.Мұндай көрсеткіштер Қазақстанның тұтыну тауарлары нарығының құрылымын айқын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл Ұлттық тауарлар каталогының ең алдымен жаппай тұтынылатын тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар арасында кеңінен қолданылатынын дәлелдейді. Себебі дәл осы сегменттерде тауар айналымы жоғары әрі өнімнің қадағалануына қойылатын талап та жоғары.Ұлттық тауарлар каталогы (ҰТК) – Қазақстан Республикасында өндірілетін және елге импортталатын барлық тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе. ҰТК-ны бірыңғай мемлекеттік тауар анықтамалығы ретінде міндетті түрде пайдалану 2025 жылғы 18 шілдедегі №215-VIII Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.Каталогтағы әрбір тауарға бірегей NTIN сәйкестендіру коды беріледі. Бұл – 13 таңбадан тұратын нөмір. Ол тауардың бүкіл өмірлік циклі барысында: өндіріс кезінде, импорттау, сақтау, өткізу, электрондық шот-фактураларды рәсімдеу және бақылау-касса машиналарында пайдаланылады. NTIN коды тегін беріледі және мерзімсіз жарамды.2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық тауарлар каталогының талаптарын енгізуге арналған өтпелі кезең толық аяқталды. Соңғы кезеңде бұл талаптар шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде үй маңындағы дүкендерге де енгізілді. Қазіргі таңда сауда саласының барлық қатысушылары – ірі импорттаушылар мен өндірушілерден бастап шағын сауда орындарына дейін – Ұлттық тауарлар каталогын бірыңғай тауар анықтамалығы ретінде пайдалануға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1270147?lang=ru
Қостанай облысында ірі агрофестиваль өтті 05.08.2026
Аймағымызда үш күн бойы «Қостанай дала» агрофестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Енді бұл шара жыл сайын өткізіліп, еліміздің басты ауыл шаруашылығы көрмесіне айналатын болады. Айтулы шараға ҚР Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров арнайы келді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақ аграршыларының Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді табысты орындап келе жатқанын атап өтті. Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 275 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға көп. Соңғы бес жылда саланы қаржыландыру көлемі 3,6 есеге артты.Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында өткен жылы шаруашылықтар 1034 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Биылдың өзінде 799 бірлік жаңа техника алынды. Сатып алынған техниканың 90%-ы – отандық өндірістің өнімі.Өткен жылы соңғы он жылдағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіліп, әр гектардан 16,7 центнерден өнім алынып, жалпы 6,7 млн тонна астық жиналды. Биыл егіс жұмыстарына жеңілдетілген несие ретінде 140,4 млрд теңге берілді.«Облысымыз азық-түлік өндірісі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша елімізде көш бастап тұр. Өткен жылы Қазақстан бойынша 8,1 млн тонна өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталса, оның 27,2%-ы Қостанай облысының үлесіне тиесілі болды. Биыл облысымыз ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрі бойынша 525,3 млн АҚШ долларына экспорт жүзеге асырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға жоғары көрсеткіш», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуда қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларға басымдық берілуде. Соңғы жылдары бұршақ дақылдарын өңдеу, құрғақ бие сүтін өндіру жобалары іске қосылды. Ұн тарту кешені мен ірімшік өндіретін зауыт пайдалануға берілді. Тамыз айында «Кондитерлік астана» жобасы іске қосылады. Сонымен қатар макарон өнімдерін шығару жобасы басталып, май экстракциялау зауыты мен дәнді және майлы дақылдарды өңдеу кешенінің құрылысы жүргізілуде.Сондай-ақ астықты терең өңдеу және тұрақты авиациялық отын өндіру жобаларының жүзеге асырылуы өңір экономикасы үшін ерекше маңызға ие болады.«Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары облыстағы мал басының көбеюіне оң ықпал етуде. Жалпы құны 20 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іріктеліп, олардың аясында 14,2 мың бас асыл тұқымды импорттық мал сатып алу жоспарланған.Сүтті мал шаруашылығында соңғы екі жылда 7 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Қазіргі уақытта тағы 6 ферма салынып жатыр. Биыл қосымша 3 жаңа жобаны жүзеге асыру басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268938?lang=ru
Өңірде жылу желілеріндегі авариялар 6 есеге азайды 04.08.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жылыту маусымына дайындық жұмыстары барысы туралы облыс әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді және алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылауды күшейтуді тапсырды.Өткен жылыту маусымы күрделі апаттық жағдайларсыз өтті. 2022-2023 жылу маусымымен салыстырғанда жылу желілеріндегі авариялар 830-дан 134-ке дейін 6 есеге азайды. Соңғы жылдары инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға қомақты қаражат бөлініп келеді. Халықтан келіп түсетін шағымдар саны 96-дан 20-ға дейін 5 есеге азайды.«Бұл – жылыту маусымына жүргізілген дайындық жұмыстарының нақты нәтижесі. Біз инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға едәуір қаражат бөліп жатырмыз. Оның арқасында жылыту желілеріндегі апаттар саны өткен жылыту маусымына қарағанда 254-ден 134-ке дейін 2 есе төмендеді. Мұның барлығы жылыту маусымына барлық дайындық жұмыстарының нәтижесі», – деді Құмар Ақсақалов.Жиында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларының және Жітіқара ауданның әкімі баяндама жасады.Аймақ басшысы егер күзде қалалар мен аудандарда энергетикалық нысандардың дайындық паспортын алмау фактілері тіркелсе, онда әкімдер жеке жауапкершілікке тартылатынын ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268554?lang=ru
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың Қостанай облысының 90 жылдық мерейтойымен құттықтауы 04.08.2026
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Қымбатты жерлестер, мереке қонақтары!Баршаңызды облысымыздың 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қостанай облысының 90 жылдық мерейтойына орай өз құттықтауын жолдады. Оны Сіздердің назарларыңызға жеткізуге рұқсат етіңіздер.«Қадірлі қауым!Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды.Облыстың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.Қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатыр. Азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір өркендеу жолына түсіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Қостанай жұрты әрдайым ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Аймақ халқының наурыз айында өткен республикалық референдумға белсене қатысып, жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруі – соның айқын көрінісі.Осы орайда облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіп қағидатын ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін.Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Тобыл – Торғай өлкесі өркендей берсін!Құрметпен,Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев». Қымбатты жерлестер!Бүгін біз жай ғана мерейтойды атап өтіп отырған жоқпыз. Қостанай облысының 90 жылдығы – бұл даңқты тарихтың, ұрпақтар сабақтастығының, жанқиярлық еңбектің және биік жетістіктердің тоғыз онжылдығы.Бүгінде өлкеміздің мақтанышына айналған барлық жетістік – халқымыздың маңдай тері мен адал еңбегінің жемісі. Қостанай жері әрдайым Тәуелсіз Қазақстанның сенімді тірегі болып келді және болып қала береді.Бүгінде өңіріміз сенімді түрде алға қадам басып келеді. Біз облыстың өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетін нығайтып, инфрақұрылымды дамытып, тұрғын үйлер, жолдар, мектептер мен ауруханалар салып жатырмыз. Барлық жетістіктеріміз – өңірге деген зор сенімнің, ауқымды инвестициялардың және ең бастысы – қостанайлықтардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.Біздің болашаққа деген айқын көзқарасымыз, берік жігеріміз және орасан зор әлеуетіміз бар. Біз балаларымыз бен немерелеріміз мақтан тұтатын қуатты, жайлы әрі гүлденген өңірді бірге құра беретін боламыз!Қадірлі әлеумет!Қостанай жері – қашанда береке мен бірліктің, дарынды тұлғалар мен бай руханияттың ордасы. Бүгін сіздер дәстүрге айналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық фестивалінің куәсі болдыңыздар. Бұл – өнер мерекесі.Фестиваль Тобыл–Торғай өңірінің мәдени өмірін жандандырып, халқымыздың дәстүрлерін ұлықтайтын айтулы оқиғаға айналды.Сіздерді облысымыздың 90 жылдық мерейтойымен тағы да шын жүректен құттықтаймын!Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.Еліміз аман, жұртымыз тыныш, туған өлкеміз өркендей берсін!   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268506?lang=ru
Аймағымызда ірі инвестициялық форум өтті 04.08.2026
Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай Қостанай қаласында ірі инвестициялық форум өтті. Мемлекет басшысы өңір тұрғындарын мерейтоймен құттықтап, арнайы құттықтау хатын жолдады.Қостанай облысы құрылған кезде өңірге негізінен шикізаттық база ретінде ерекше рөл жүктелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа экономикалық жағдайлар облыс алдына мүлде жаңа міндеттер қойды. Өңір шикізат өндіруден терең өңдеуге, заманауи технологияларды енгізуге және жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бет бұрды.«Бүгінде Қостанай облысы аграрлық әрі шикізаттық өңірден Қазақстанның ең ірі индустриялық орталықтарының біріне айналды. Өңір өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі бойынша республикада төртінші орында тұр. Қостанай облысы бүгінде Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшысына айналды. Елімізде шығарылатын машина жасау өнімдерінің төрттен бірі осы өңірдің үлесіне тиесілі», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Облыста жалпы қуаты 270 МВт-тан асатын жеті заманауи электр станциясы жұмыс істейді. Алдағы жылдары жалпы қуаты 1,2 ГВт болатын 165 жел электр қондырғысын іске қосу жоспарланған. Соның нәтижесінде өңірдегі «жасыл» энергия өндіру көлемі 32 еседен астам ұлғаяды.Қостанай облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында да көш бастап келеді. Өңір қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша республикада бірінші, ал азық-түлік өндірісі бойынша екінші орында.Соңғы жылдары заманауи сүт-тауар фермалары, ірімшік, құрғақ бие сүті, макарон өнімдерін шығаратын зауыттар және бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар салынды. Қазіргі уақытта жаңа кондитерлік фабриканың құрылысы аяқталу сатысында.«Өңірдің келесі стратегиялық бағыты – астықты терең өңдеу жобаларын жүзеге асырып, биоэтанол өндіру және оның негізінде авиациялық отын шығару. Инфрақұрылымды дамыту бағытында облыстан шығатын барлық негізгі бағыттардағы мыңдаған шақырым автожол қайта жаңғыртылды. Қостанай халықаралық әуежайы жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арқалық қаласында жаңа әуежай салынуда. Қостанай қаласында әлемге танымал Marriott, Novotel және Holiday Inn брендтерімен үш заманауи қонақүй кешені бой көтереді», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Әлеуметтік салада да ауқымды жұмыстар атқарылды. Жаңа мектептер мен денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде шалғай ауылдарда да пайдалануға берілді. Іс жүзінде әрбір ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды.Облыс әкімі өңірдің ең басты байлығы – оның адамдары, олардың адал еңбегі мен туған жердің өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі екенін атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268441?lang=ru
Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы 04.08.2026
Сіздерді Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды.Облыстың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.Қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатыр. Азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір өркендеу жолына түсіп, көптеген жетістікке қол жеткізуде. Қостанай жұрты әрдайым ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Аймақ халқының наурыз айында өткен республикалық референдумға белсене қатысып, жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруі – соның айқын көрінісі.Осы орайда, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолында жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін.Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Тобыл-Торғай өлкесі өркендей берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268408?lang=ru
Рудный қаласында теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін қайта ашылды 29.07.2026
Қостанай облысында Железорудная станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылардың қауіпсіздігі, қолжетімділігі және жайлылығы бойынша заманауи талаптарды ескере отырып салынған.1959 жылы салынған вокзал ғимараты толықтай бұзылып, оның орнына жалпы ауданы 416,1 шаршы метр болатын жаңа бір қабатты жолаушылар кешені бой көтерді. Қайта жаңғырту жұмыстары аясында инженерлік коммуникациялар жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Заманауи эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, вокзалдың іші қажетті жиһаздармен және жабдықтармен қамтамасыз етілді.Жаңартудан кейін вокзал жолаушыларға қызмет көрсетудің заманауи стандарттарына сай келеді және пойыздарды күту мен оларға отыру үшін барынша қолайлы жағдай жасалған.Железорудная станциясының теміржол вокзалы III класқа жатады және тәулігіне орта есеппен 452 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы өңірді Алматы, Шу, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Орал, Астана, Көкшетау қалаларымен, сондай-ақ Бурабай курорттық аймағымен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.Вокзал кешенін қайта жаңғырту аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1265605?lang=ru
Мемлекеттік қызмет конституциялық реформалар призмасы арқылы 29.07.2026
Облыстық басқармалар ұжымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларының өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Қостанай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Динара Мақашева және әдеп жөніндегі уәкіл Қайрат Сүндіков сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға мемлекеттік қызметке орналасу үшін тең мүмкіндіктер береді (35-бап). Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі кәсіби және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін жағдай жасайтыны атап өтілді. Мемлекеттік қызметші патриотизм, адалдық, әділдік, жауапкершілік, кәсібилік және еңбекқорлық жоғары қасиеттерге ие болуы керек. Мемлекеттік мекемелерде құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мәселелері талқыланды. Қ. Сюндиков мемлекеттік мүліктің, оның ішінде қызметтік көліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметте шектеулер қабылдау және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша міндеттер жеткізілді. Лауазымды тұлғалардың қоғамдық мінез-құлқына, іскерлік әдептің сақталуына, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне, дене қимылдары мен сәлемдесудің дұрыстығына ерекше назар аударылады. Қызметшілер мемлекеттің зайырлы қағидатын қатаң ұстануға тиіс.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы қосымша қағидатты – цифрлық әдептілік, цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлық қағидатын енгізеді. Сондай-ақ, Кодекс мемлекеттік қызметшілердің онлайн ставкаларға, құмар ойындарға (бәс тігуге) қатысуын шектейді.Қ. Сюндиков - Қостанай облысы әкімі аппаратыныңәдеп жөніндегі уәкіліАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1265609?lang=ru
Cексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді 29.07.2026
Бүгін Арал ауданындағы Сексеуіл теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев, сала ардагерлері, ел ағалары және кент тұрғындары қатысты.Рәсімде облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысының еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту тапсырмасы өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын атап өтті.-Өткен жылы Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өткізіліп, іргелес аумағы абаттандырылды. Қалған жеті вокзал мен екі қызмет көрсету пунктін күрделі жөндеу және қайта жаңғыртуға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жақында ғана Жаңақорған, Шиелі және Қазалы теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы қайта жаңғыртылды.Бүгін Сексеуіл кентіндегі 1 млрд 360 млн теңгеден астам қаржыға салынған, аумағы 9 129 шаршы метр жаңа теміржол вокзалының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – аймақ үшін маңызы зор жобалардың бірі. Баршаңызды жаңа вокзалдың пайдалануға берілуімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Бахыт Дүйсенұлы.Шарада Батырхан Базарбаев құттықтау сөз сөйлеп, сала ардагері Орынбай Оразаев ақ батасын берді. Теміржол саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер мен вокзал құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен 2025 жылы құрылысы басталған Сексеуіл теміржол вокзалы бүгінде толық аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.Жаңа вокзал тәулігіне 281 жолаушыға қызмет көрсетеді. Барлық заманауи талаптарға сай жоғары сапалы жабдықтармен қамтылған. Ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы, күту залы және санитарлық-тұрмыстық орындар қарастырылған.Бүгінде облыс арқылы халықаралық және өңіраралық бағыттарда 15 жолаушылар пойызы өтеді. Оның ішінде облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына қатынайтын 6 жолаушылар пойызы қызмет көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1265507?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Wildberries қойма кешенін ықтимал көшіру мәселесіне қатысты мәлімдемесі 29.07.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі ірі халықаралық сауда платформаларының логистикалық инфрақұрылымының даму үрдістерін тұрақты түрде бақылап отырады.Қазіргі уақытта Wildberries компаниясынан Қазақстан Республикасының аумағында қосымша қойма қуаттарын орналастыру мәселесіне қатысты Министрлікке ресми өтініш келіп түскен жоқ. Тиісті ұсыныстар келіп түскен жағдайда, олар Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеріле отырып, заңнама талаптарына сәйкес  қаралады.Министрлік үшін халықаралық компаниялардың кез келген жобалары елдің ұлттық мүдделеріне сай, өзара тиімді негізде жүзеге асырылуы маңызды. Мұндай жобалар отандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуі тиіс.Қазақстанның транзиттік және логистикалық әлеуеті жоғары. Осыған байланысты Министрлік заманауи қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы ілгерілетуге бағытталған инвестициялық жобаларды қолдайды.Сонымен қатар тауарларды тасымалдау, сақтау және айналымға шығару процестері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық нормаларымен реттеледі. Осыған байланысты нарықтың жекелеген қатысушылары үшін қандай да бір ерекше жағдайлар немесе арнайы талаптар көзделмеген.Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1265423?lang=ru