Ғылым
Ербол Қарашөкеев Түркияда өткен инвестициялық форумға қатысты 24.02.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Түркия Республикасының Мерсин провинциясына жұмыс сапары барысында Қазақстан-Түркия инвестициялық форумына қатысып, әлеуетті түрік компанияларымен B2G форматында кездесулер өткізді.Жамбыл облысы мен Мерсин провинциясының мемлекеттік органдары, бизнес өкілдеріне форум іскерлік байланыстарды нығайту, сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерді жан-жақты талқылау үшін аса маңызды алаң болды.Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мұндай іс-шаралар түрік компанияларының Жамбыл облысындағы өндіріс ауқымын кеңейтуге деген қызығушылықтарын арттыра түсетінін атап өтті.Сондай-ақ, аймақ басшысы Жамбыл облысының жоғары инвестициялық әлеуеті мен артықшылықтарына тоқталып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында маңызды инвестициялық жобаларды қолдау шаралары туралы баяндады. Сондай-ақ, өңірдің қолайлы климаттық жағдайын, логистикалық тұрғыдан тиімді географиялық орналасуын, табиғи ресурстардың, оның ішінде металлургия, химия және құрылыс салаларын дамыту үшін мол қорының бар екенін жеткізді.Өңірде қолайлы инвестициялық саясат жүзеге асуда десек, үш жылға жоспарланған 7 млрд. долларды құрайтын ірі жобалар оған дәлел бола алады.Ербол Қарашөкеев түрік компанияларын облысқа инвестиция құюға шақырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, туризм, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, кабельдік өнімдердің, желдету және электр жабдықтарының, сорғылардың, сондай-ақ оқшаулағыш материалдардың өндірісін құру бағыттарындағы орасан зор әлеуетке назар аудартты.– Біз мүдделі инвесторларды қолдауға, кең ауқымды преференциялар беруге, дайын инфрақұрылымы бар өндірістік үй-жайлармен қамтамасыз етуге дайынбыз. Аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын үй-жайлардың құрылысы аяқталуға жақын. Биыл тағы 100 мың шаршы метр құрылыс жоспарланған. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеумен айналысатын «Zhambyl Invest» дирекциясында Түркиямен жұмыс істеу үшін жеке бөлім құрылған, — деді облыс әкімі.Форум барысында тараптар қосымша салалардың дамуына әсер етіп, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырған Мерсин провинциясы аумағындағы атом электр станциясын салу жобасын талқылады.Жамбыл делегациясы түрік серіктестерінің озық тәжірибесін қарастыруға қызығушылық білдірді.Мерсин Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Мұстафа Оздамар провинцияның инвестиция тарту бойынша көшбасшы екенін атап өтіп, Қазақстанмен, оның ішінде Жамбыл облысымен ынтымақтастықты нығайтудың зор мүмкіншілігіне тоқталды.Мерсин провинциясы губернаторының орынбасары Ирфан Демироз Қазақстан мен Түркия ұзақ жылдар бойы тығыз ынтымақтастықты сақтап келе жатқанын, ортақ тарихи және мәдени байланыстар екіжақты қарым-қатынастардың негізі екенін жеткізді. Ол Жамбыл облысымен өзара іс-қимылды кеңейтуге ниет білдірді.Сондай-ақ Түркиядағы KAZAKHINVEST өкілі Ерсұлтан Жаңабаев орамды ойларын ортаға салды.Жамбыл облысының делегациясы Мерсин кәсіпкерлерімен B2G форматында кездесулер өткізді, бұл тікелей байланыс арналарын құруға, Жамбыл облысы мен Мерсин провинциясы аудандарының сауда белсенділігін ынталандыруға ықпал етпек.Мерсиндік іскер топ өкілдері Жамбыл облысымен бірлесіп цемент, дизель майы, күн батареяларын өндіру, жеміс-жидек, көкөністерді өңдеу және басқа да бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады. Кездесулер барысында әрбір жоба егжей-тегжейлі талқыланып, өңір басшысы кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына толық жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/943880
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда 24.02.2025
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда.Осы ретте, 22 ақпан күні Жамбыл облысында жастардың қатысуымен бірқатар тазалық шаралары өткізілді.Атап айтқанда, Тараз қаласында Қ. Рысқұлбеков саябағында жастар акциясы ұйымдастырылды. Шара аясында қатысушылар қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.- Бүгінде экологиялық мәдениет өте маңызды тақырып болып табылады. Осы бағыттағы шаралар арқылы жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдері арта түседі. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезінуіміз қажет. Баршаңызды алдағы уақытта да тұрақты түрде өтетін тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырамын», - деді сенбілікке қатысушы белсенді жас Дархан Байпақ.Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды.Жастар «Таза Қазақстан – таза табиғат» ұранымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында А. Суханбаев атындағы саябақта, Меркі және Жамбыл ауданында орталық саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді.Айта кетейік, ағымдағы жылы да облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек, 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/943815
Ірі компаниялармен тәжірибе алмасу және ынтымақтастық: Жамбыл облысының делегациясы Түркияның Мерсин провинциясында болды 24.02.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Түркия Республикасының Мерсин провинциясына жұмыс сапарымен барды.Іссапар барысында делегация инвестициялық форумға қатысып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен бірге Мерсиннің іскер топтарымен тәжірибе алмасу, өндірістік кооперация және инвестициялық ынтымақтастық, жетекші өнеркәсіптік компаниялармен серіктестік орнату мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.Іссапардың қауырт бағдарламасында ірі кәсіпорындарға, Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына бару қамтылды.Жұмыс тобымен бірге нысандарды Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Бас консул Қуат Қанафеев, Мерсин қаласындағы Құрметті консул Ахмет Будан аралады.Жамбыл облысының делегациясы салынып жатқан Аккую атом электр станциясына іргелес орналасқан Мерсин провинциясы аудандарының экономикалық даму динамикасын егжей-тегжейлі зерттеді. Мерсин басшылығының айтуынша, бұл саладағы жобалар Гюльнар және Силифке аудандары экономикасының 40 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.Станция құрылысының мультипликативті әсері туралы да сөз қозғалды. Мерсин провинциясында шағын және орта бизнестің даму қарқыны артқан.Делегация АЭС құрылысы алаңының жанындағы жұмысшыларға арналған тұрғын үй кешеніне барды. Барлығы 24 жатақхана салынған (3 200 адам).Ербол Қарашөкеев Medcem Cement Group басшылығымен құрылысты дамытуды ынталандыру және құрылыс индустриясына әлемдік стандарттарды енгізу бойынша белсенді шараларды талқылады. Medcem Cement зауыты – жылдық қуаты 6,6 млн тонна өнім шығаратын әлемдегі ең ірі цемент зауыттарының бірі.Жамбыл облысының кәсіпкерлері түркиялық әріптестеріне өңірдің бай минералдық-шикізат ресурстары туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ұсынды.Делегация атом электр станциясының болашақ жұмысшылары үшін салынып жатқан үлкен тұрғын үй кешенінің құрылысын мысалға ала отырып, Мерсиндегі құрылыс индустриясының әлеуеті туралы тереңірек білді. Әр түрлі көлемдегі пәтерлерден бөлек, нысан аумағында балабақшалар, мектептер, бизнес, денсаулық сақтау, спорт нысандары, ойын алаңдары, қонақ үй, мәдениет орталығы салынады, көліктерге арналған электр зарядтау станциялары, шатырларда электр қуатын өндіретін күн батареялары болады.Облыс әкімі тұрғын үй құрылысы бойынша түрік тарапының тәжірибесін зерделеп, жаңа технологияларды енгізуді тапсырды.Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына сапар барысында делегация өндіріс орындарымен танысып, бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, делегация Yılbor Boru пластик құбырлар зауытын, Gökmak болат конструкциясы мен желдету жүйесі зауытын, сондай-ақ Berdan Çevata бекіткіш өндіру зауытын аралады.Arbel Group дәнді және бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.Ulusu Pompa сорғы жабдықтарының кең ауқымын өндіруге маманданған компания. Бұл бағыт жер асты суларын тиімді пайдалану және ұңғымаларды бұрғылау бойынша ауқымды жұмыстарды ескере отырып, Жамбыл облысы үшін өзекті болып отыр.Asya sera компаниясы жылыжай құрылысына арналған берік конструкциялар шығару жобаларын ұсынды.Өңір басшысы компанияларды Жамбыл облысында жоғары технологиялық өндіріс орындарын ашуға шақырып, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, оның ішінде жаңа кәсіпорындар үшін дайын өндірістік алаңдар беру туралы айтты.Екі жақты кездесу барысында Ербол Қарашөкеев пен Мерсин провинциясының губернаторы Атилла Торос түрлі салалардағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту және кеңейту әлеуеттерін талқылады. Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу аудандары мен Мерсин провинциясының Гюльнар және Силифке аудандары арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту туралы келісімдерге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/943833
ЖОСПАР 2025: ҚАРАТАУДА 350 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ 24.02.2025
Жоба аясында 15 елді мекендегі 350 көше жарықпен қамтамасыз етіледі. Мақсат — тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, ауданның эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру.Өтеміс тұрғын алабында - 4, Шапырашты тұрғын алабында - 3, Алтын Орда шағынауданында (бұрынғы «Бозарық» саяжайы) - 22, Мирас шағынауданында -13, Достық тұрғын алабында - 5, Нұртас шағынауданында - 18 көше жарықтандырылады. Сонымен қатар, Қайтпас шағынауданында - 5, Тассай тұрғын алабында - 35, Таскен тұрғын алабында - 16, Тараз, Мирас-2, Шапағат шағынаудандарында - 36 көшеге жарық жүйесі жүргізіледі. Бұдан бөлек, «84 орам» аумағында - 1, Тұран шағынауданында - 1, Сайрам тұрғын алабында - 166, Қызылсу тұрғын алабында - 4 көше жарықпен қамтылады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/943852
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ КЕЗЕКТІ РЕТ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 24.02.2025
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдау өткізді. Іс-шарада тұрғындардың мәселелері тыңдалып, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.Қуаныш Жұмабекұлының қабылдауына жалпы 40 адам жазылып, тұрғындар жер телімдерін заңдастыру, тұрғын үй, денсаулық сақтау, жол құрылысы, әлеуметтік көмек бойынша мұқтаждықтарын айтты.Сәрсен Абайұлының кезекті қабылдауына оннан астам адам жазылған. Іс-шарада негізінен, әлеуметтік мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, азаматтар білім беру ұйымына жұмысқа орналасу, жалақыны тұрақтандыру, мектептердегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік және тағы басқа мәселелер бойынша өз өтініштерін жеткізді.Сондай-ақ, кезекті қабылдауға тиісті басқарма өкілдері қатысып, тұрғындардың мәселелеріне толыққанды жауап берді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/943853
Өңір басшысы Асхат Шахаров Шалқарда азаматтарды қабылдады 24.02.2025
Қабылдауға жазылған азаматтардың қатарында Шалқар қаласы мен Қотыртас, Қауылжыр, Бегімбет ауылдарының тұрғындары бар.Тұрғындардың кейбірі жұмыс мәселесін, енді бірі қоқыс полигонын кеңейту және темір жол жүк қоймасы бөлімшесін ашу, Қотыртас ауылында әкімшілік ғимаратын салу және Қауылжыр ауылында спорт кешенін салу бойынша өтініш айтты.Өз кезегінде облыс әкімі Асхат Шахаров барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943822
Ақтөбе облысының әкімі шұғыл жиын өткізді 24.02.2025
Облыс әкімі ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдерімен шұғыл жиын өткізді.Отырыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыз ауа райы жағдайында жұмысты ұйымдастыру шаралары талқыланды. Барлық құрылымның іс-әрекеттерін үйлестіруге ерекше мән берілді. Өңір басшысы аудан әкімдеріне дизель отынын қоса алғанда, барлық резервтерді бөлу жөнінде нұсқаулар берді. Сондай-ақ, автокөлікті, әсіресе автобустарды полицияның сүйемелдеуімен алып жүруін қамтамасыз етудің маңыздылығына баса назар аударылды.Қазіргі уақытта облыс орталығынан Болгарка, Шұбарқұдық, Покровка, Темір, Бұлақ және Мәртөк елді мекендеріне апаратын жол учаскелері жабылды. Облыс әкімі талаптарды елемей, аудандарға қатынауын жалғастырып жатқан көліктерге қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.“Аудандардың әкімдері мен барлық қызметтер теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы эфирге шығып, жедел желілер мен жылыту пункттерінің нөмірлері туралы ақпарат беруі қажет. Жылыту пункттері жолдарда қалған адамдарды қабылдауға дайын болуы керек. Бағаның, атап айтқанда нанның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті тауарлар жағдайын бақылау қажет. Полиция ықтимал қақтығыстар мен тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін жергілікті жағдайды бақылау арқылы тәртіпті қамтамасыз етеді. Кешке қарай ауа райы нашарлауы мүмкін, сондықтан барлық қызмет дайын болуы шарт. Жедел штабтарда кезекшіліктеркідіріссіз ұйымдастырылуы тиіс. Қазгидрометтің хабарлауынша, ауарайының нашарлауы күтілуде, сондықтан тұрғындарға қатты суық және боран жағдайында алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Аудандық ауруханалар есепте тұрған пациенттердің хал-ахуалы бақылауболуы тиіс, қатты қажеттілік болған жағдайда науқастарды емдеуорындарына жатқызу және облыстық орталыққа жіберу үшін техника жіберіледі. Қазір босаңситын уақыт емес. Ықтимал қатерлерге дайын болуы керек”, - деп ескертті әкім.Жиын соңында өңір басшысы қауіп-қатерлердің алдын алу және ауарайының нашарлауы кезінде өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күштер мен құралдарды барынша үйлестіруді тағы да міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943823
Шалқарда жаңа әскери комиссариатсалынып, өрт сөндіру депосы жөнделді 24.02.2025
Әскери комиссариат ғимараты былтырғыжылдың соңында пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 648 шаршы метрді құрайтын екі қабатты нысанның құрылысын “Қолғанат Құрылыс” ЖШС жүзеге асырды. Жаңа ғимаратта тек әскерге шақырылушыларды тіркеу ғана емес, сонымен қатар жастармен ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрдежүргізу жоспарланып отыр.Облыс әкімі әскери қызметке шақыру - әрбір азаматтың міндеті ғана емес, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін айтты.Әскери комиссариат ғимаратын аралап шыққаннан кейін, облыс әкімі өрт сөндіру депосына барды. Депо құрамында екі өрт сөндіру бөлімі бар, олардың бірі 1986 жылы, екіншісі 1980 жылы салынған. 2008 жылы депода алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл ғимаратта аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жеке құрамында 33 қызметкер, оның ішінде 11 офицер және 22 сержант бар өрт сөндіру бөлімі орналасқан.Өрт сөндіру депосында 8 техника бар, оның ішінде 3 қызметтік жеңіл автокөлік және 4 арнайы өрт сөндіру машинасы.Облыс әкімі өрт сөндіру депосы қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, олардың халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, әсіресе табиғи және техногендік апаттар кезінде атқаратын рөлінің маңыздылығын атап өтті.Екі мекеменің ұжымдарымен кездескен облыс әкімі ж тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында жергілікті билік осындай нысандарды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943836
Шалқарда мектеп пен балабақша жөнделді 24.02.2025
Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі күрделі жөндеуден өткен мектеп пен балабақшаға барды.Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектепте 700 оқушы оқиды, 141 мұғалім жұмыс істейді.Оқу мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын “Construсtion Group SAMRUK” ЖШС жасады. Бюджеттен 478 млн теңге жұмсалды. Сондай-ақ асхана, спортзал және компьютерлік классқа жаңа жабдықтар, жаңа үстелдер, жиһаз, интерактивті тақталар, сабаққа арналған музыкалық аспаптар сатып алынды. Мектеп ауласында шағын футбол алаңы бар. Қыста оның орнына мұз айдыны құйылды. Асхат Шахаров мектептің тыныш-тіршілігімен танысып, оқушыларды әңгімеге тартты. 10 сынып оқушысы Жангүл Жарылқасова мектепте оқу үшін тамаша жағдай жасалғанын атап өтіп, олимпиадалардағы жетістіктері туралы айтып берді.“Қазір мектебімізде жаңа пәндік кабинеттер мен цифрлық техникалар пайда болды, бұл оқуды әлдеқайда қызықты ететіні сөзсіз. Бізде робототехника сабақтары бар және бұл өте қызықты. Мен әртүрлі олимпиадаларға жиі қатысамын, жаңа цифрлық пәндердің арқасында көп нәрсені үйреніп келемін. Бұл маған конкурстарға дайындалуға және бірінші орындарды иеленуге көмектеседі”, - деп мойындады Жангүл Жарылқасова.Мектептен кейін әкім №12 “Бөбекжай” балабақшасында болды.Мектепке дейінгі мекеме 1963 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Бой көтерген уақыттан бері балабақшада күрделі жөндеу жүргізілмеген. 140 бала мұнда тәрбиеленіп жатыр.“2024 жылы балабақшаны жөндеуге облыстық бюджеттен 210 млн.теңге бөлінді. Ғимараттың төбесі мен қасбеті толығымен жөнделді, терезелер, электр сымдары, кәріз құбырлары, жылу жүйесі ауыстырылды. Жаңа жылыту батареялары орнатылды. Сондай-ақ, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Бірінші қабатта балалар ойын бөлмелерінде едендер оқшауланып, Сантехника толығымен ауыстырылды, - деді Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі Динара Ажимадинова."Ауылдардағы мектептер мен балабақшаларда балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Сапалы білім-болашағымыздың табысының кепілі. Біз балаларымызға оқу және даму үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуды жалғастырамыз. Мұндай жаңартулар оқу сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін жайлы етуге көмектеседі", - деді әкім. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943847
ШЫМКЕНТТЕ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ 24.02.2025
Бүгін Шымкент қаласында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Бұл шара қаланы көгалдандыру, тазарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш экологиялық шараға аудан әкімдіктері жетекшілік жасады. Сенбіліктерге қаланың белсенді азаматтары, ардагерлер, түрлі ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, студенттер, жастар ұйымдары және қарапайым тұрғындар қатысты.Мәселен, Әл-Фараби ауданының тұрғындары Қошқар ата өзені бойын Ордабасы алаңынан бастап, Республика даңғылына дейін тазартты. Әл-Фараби ауданындағы бұл сенбілікке 300-ге жуық адам мен 21 арнайы техника қатысып, 9300 метрден астам аяқ жолдар мен ойын алаңшалары таза әрі ыңғайлы күйге келтірілді.Жалпы алғанда, аудандағы сенбілік кезінде 40 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.Ал, Қаратау ауданы бойынша сенбілікке 2000-ға жуық адам мен 28 арнайы техника жұмылдырылды.Сенбілік барысында 2600 метр ирригациялық лотоктар, бордюрлар, 5800 метр аяқ жолдар, көп қабатты үйлердің ауласы, кәсіпкерлік нысандардың, мектептер мен балабақшалардың аумақтары тазаланды.Жалпы сенбілік барысында 120 текше метр қоқыс қалдықтары шығарылды.Сондай-ақ, Еңбекші ауданында өткен сенбілікке әкімшілік қызметкерлері, "Мұрагер" ардагерлер қоғамдық бірлестігінің ардагерлері, мердігер компаниялар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлер, барлығы 536 адам қатысты. Олар 20 арнайы текниканың көмегімен 75 текше метр қоқыс шығарды. Атап айтқанда, Н.Төреқұлов көшесінің бойын және "Шымкент" каналының жағалауын тазалап, ағаштарды қырқып, қоқыс пен ағаш бұталарын жинады.Мұнан бөлек Тұран ауданында өткен сенбілікке 500 адам қатысып, 240 тонна қоқыс шығарса, Абай ауданындағы тазалық іс-шараларына 300-ден астам адам қатысып, 35 тоннадай қоқыс пен қалдықтарды тазалаған.Айта кетейік, Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбіліктер тұрақты түрде жалғасады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/943838
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ КӨПҰРЫҚТЫҚ ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ЕКІ ЖАТЫРІШІЛІК ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ 24.02.2025
Бүгін University Medical Center базасында Астанада алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігінің және AYALA қайырымдылық қорының бастамасымен бір жыл бұрын іске қосылған «Феталдық медицина» жобасының шеңберінде екі сирек жатырішілік операция жүргізілді.Шақырылған ресейлік сарапшылар-медицина ғылымдарының докторы, ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі Кирилл Костюков пен медицина ғылымдарының кандидаты, акушер-гинеколог, академик В. И. Кулаков атындағы Акушерлік, гинекология және перинатология Ұлттық медициналық зерттеу орталығының жүктілік патологиясы бойынша маманы Виктория Сакало (Мәскеу қ., Ресей) UMC командасымен бірге зергерлік дәлдікпен монохориондық көпұрықтық жүктіліктің асқынуларын түзетуді орындады: фето-ұрықтың трансфузиялық синдромы және кері артериялық перфузия синдромы.Мамандардың айтуынша, монохориондық егіздер бір жұмыртқадан түзіледі. Бұл балалар генетикалық жағынан бірдей, олар өте ұқсас, бірақ мұндай жүктіліктің асқынуы бихориалдық егіздерге қарағанда екі есе жиі кездеседі.Мұндай жүктіліктегі патологиялар көбінесе ұрықтың дамуындағы тамырлы ауытқулармен байланысты, біріккен тамырлар, біркелкі емес қанмен қамтамасыз ету байқалады, бұл қолайсыз нәтиже қаупін едәуір арттырады.Қазақстанда акушерлік практикада пренаталдық диагностиканы енгізудің есебінен бүгінгі таңда осындай жатырішілік патологияларды ерте клиникаға дейінгі анықтауда жеткілікті тәжірибе бар.Феталдық медицина бойынша мастер-кластың бірінші күні еліміздің барлық өңірлерінен пренаталдық ультрадыбыстық диагностика бойынша штаттан тыс бас мамандар, сондай-ақ өңірлік ұрықты сақтау орталықтарының басшылары қатысты.Жалпы, Қазақстанда ұрық хирургиясы бойынша бағдарлама жұмыс істеген жылы 35 жатырішілік операция сәтті жүргізілді, бұл болашақ 32 нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.Алдағы жылдары бағдарламаны кеңейту жоспарлануда, оның ішінде жыл сайын еліміздің жетекші медициналық орталықтарында 150-ге жуық феталдық операция жасалады. Қазір мұны тек Алматы балалар кардиохирургиясы орталығының және елордалық Ана мен бала орталығының мамандары ғана жасайды.Сонымен қатар, 15 перинаталдық орталықта туа біткен кемістікті диагностикалаудың қолжетімділігін арттыру үшін «Бір күндік клиникалар» ашылды. Онда 30 мыңнан астам жүкті әйел кешенді зерттеп-қараулардан өтті, бұл патологияны ерте анықтауға және өмірге сәйкес келмейтін кемістіктері бар балалардың туылуын болдырмауға көмектесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/943821
Шалқарда бассейні бар спорт кешені және В.Цеханович атындағы спорт мектебіне арналған жаңа ғимарат салынуда 24.02.2025
Шалқар ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді.Спорт нысаны 2023 жылы салына бастады. Бірақ кейін мердігер жобаға түзету енгізу үшін өтініш береді. Осы жылдың қаңтар айында қайта жарияланған конкурста «Tunay Stroy Project» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мердігер дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.Болашақ спорт кешенінде ені 1,5 метрді құрайтын 6 қатарлы, ұзындығы 25 метрлік жабық бассейн, сондай-ақ әртүрлі спорт түрлеріне арналған секциялар болады. Жаңа спорт нысанының арқасында жергілікті тұрғындарға спортпен шұғылдануға және денсаулықты нығайтуға заманауи жағдай жасалады.Асхат Шахаров мердігерге жобаның шығыс сметасын бұдан әрі түзетпейтінін ескертті. Кешен белгіленген мерзімде тапсырылуы керек.Шалқарда сондай-ақ В. Цеханович атындағы спорт мектебіне арналған жаңа ғимарат салынады. Облыс әкімі нысан бой көтеретін орынға барды.Владимир Цеханович атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – кадрлардың ұстаханасы. Ол бокс, дзюдо және грек-рим күресінде танымал спортшылардың бірнеше буынын тәрбиеледі.Қазіргі уақытта №1 БЖСМ-де 750 шалқарлық бала спортпен шұғылданады. 58 жылдық тарихы бар мектептің ғимараты ескірген. Осыған байланысты ескі бейімделген ғимараттың орнына спорт мектебіне арналған екі қабатты жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданған.«Ескі мектеп ғимаратында тек екі күрес кілемі болды. Жаңасында бірден үш кілемді қарастырдық. Сонымен қатар, қыздарға арналған бөлек залдар қарастырылады. Республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін трибуналары бар алаң болады. Жобаға футбол мен волейболға арналған ойын алаңдарын да енгіздік. Жаңа ғимарат заманауи жаттығузалымен жабдықталады, жаттықтырушылар мен мектеп қызметкерлеріне арналған әкімшілік корпус қарастырылған», - деді БЖСМ директоры Дәулет Дәрібаев.«Халықаралық аренада аудан атын танытқан атақты спортшыларды мектеп тәрбиеледі. Цеханович атындағы спорт мектебі өз жұмысын бұрынғыдай әрі қарай жалғастырып, көрнекті спортшылардың жаңа буындарын дайындайтынына сенімдімін. Біз өңірімізде спорттың дамуына қолдау көрсетіп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін жағдай жасаймыз», - деді облыс әкімі.Нысан салынатын жер учаскесін көріп,жобамен танысып шыққаннан кейін әкім мердігерге жұмыстарды сапалы орындауды және нысанды мерзімінде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943800
Жаңаөзен қаласында «Бозжыра» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды 24.02.2025
21 ақпан күні, Жаңаөзен қаласында Бозжырада туристік нысандар салу бойынша алдын ала қоғамдық тыңдау өтті. Ұйымдастырылған шараға ардагерлер, азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, табиғат жанашырлары және сарапшылар қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҮкіметтің кеңейтілген отырысында жеке инвесторларды тарта отырып, Бозжыра сынды еліміздің көрікті жерлерін туризмнің орталығына айналдыруды тапсырды. Осы орайда отандық инвесторлар жеке қаражатына Бозжырада жылына 30-40 мың туристі қабылдай алатын визит орталығын және туристік нысандар салуды көздеп отыр. Жаңа жобаны Шарын, Көлсай, Аюсай сынды туристік аймақтарындағы визит орталықтарының құрылысын жүргізген әлемдік деңгейде тәжірибесі бар отандық компания жасақтаған. Жоба авторларының айтуы бойынша, орталық барлық экологиялық талаптарды әрі тұрақты туризм принциптерін ескере отырып салынатын болады. Орталық құрылысы 2026 жылдың соңғы шенінде аяқталады деп жоспарланған. Орталық жиналмалы жеңіл конструкциялардан тұрғызылады, олар терең іргетасты қажет етпейді. Ғимарат мекеннің жер бедеріне қарай 400-ден 1000 мм биікте тұратын болады. Сумен, электрмен жабдықтау және қалдықтарды өңдеу мәселелері қоршаған ортаға мейлінше зиян тигізбейтіндей етіп шешілген. Қалдық суды тазартатын биотазарту жүйелері, қоқысты сұрыптап жинау, күн сәулесімен қоректендіру қарастырылған. Жоба бойынша шатқалдың жоғарғы бөлігінде қазақи нақышта безендірілген глэмпингтер, мұражай, қарау алаңдары мен шайхана бой көтереді. Заман талабына сай визит орталық туристер баруға ынталы нүктеге айналып, экологиялық туризмді дамытуға септігін тигізедіжәне табиғи мұраны сақтауды қамтамасыз етеді. Жоба авторларының айтуынша, визит орталығының мақсаты – табиғи ландшафт пен мәдени мұраны сақтай отыра, саяхаттаушыларды көшпенді өркениет әлеміне жетелеп, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін насихаттау. Осындай туристік нысандар Бозжыраның төменгі жағынан да бой көтереді. Мұнда этноауыл стилінде туристік қалашық, эко-глэмпингтер мен басқа да туристік нысандар салынбақ. Туристік нысанға дейін жол салынып, тоқ тартылады. Бұл жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда тұрақты 70 жаңа жұмыс орны ашылады. Жақын маңдағы елдімекен тұрғындарының ауылшаруашылығы өнімдерін, қолөнер бұйымдарын сатуына мүмкіндік жасалады. Қоғамдық тыңдауға келген қатысушылар Президенттің туризмді дамытуға қатысты бастамасын қолдайтындарын жеткізді. - Мен мұнайшымын. Мұнай болашағының қаншалықты ұзақ болары белгісіз. Сондықтан экономиканың өзге де саласын, туризмді барынша дамытуымыз керек. Оған Маңғыстауда мүмкіндік зор. Ол туралы Президент те көп айтып жүр. Біз әрине Мемлекет басшысының бағыт-бағдарын толықтай қолдаймыз,- деді Д.Ізімов. Ал Жаңаөзен қаласының тұрғыны Оразғали Қаспаев жаңа жобалар жергілікті тұрғындардың кәсіппен айналысып, табыс табуына мүмкіндік боларына сенімді. - Бүгінгі Бозжыра мәселесі ақыры орнынанқозғалды. Бірақ тек Бозжыра емес, менің ойымша Айрақты, Жығылған, Тұзбайыр, Торышта да қонақ үйлер салынуы керек. Грузия, Түркия, Әзірбайжаннан қай жеріміз кем? Біз әрине қолдаймыз, - деді қала тұрғыны. Мұнайшылар кәсіподағының мүшесі Сәбит Токенов бірнеше жыл бұрын бастау алып, аяқсыз қалған Бозжыра жобасының қайта қолға алынғанына қуанышты екенін айтты. - Енді тоқтамау керек. Түбінде Маңғыстаудың экономикасының негізгі бөлігі туризм болатыны сөзсіз. Біз болашақ жастарымызды туризм, биотехнология, атом энергетикасы, жасанды интеллект, цифрландыру сияқты мамандықтарға оқытуымыз керек,- деді кәсіподақ мүшесі. Жиын қорытындысы бойынша жоба қолдау тапты. Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/943657
Облыс әкімі Шалқар ауданындағы бөгеттің жағдайын тексерді 24.02.2025
Облыс әкімі Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында Шалқар қаласынан төрт шақырым жерде орналасқан бөгеттің жағдайымен танысты. Биыл мұнда гидротехникалық құрылғылардың су жіберу қақпасы – шандорлар ауыстырылды.Асхат Шахаров бөгеттің көктемгі су тасқынына дайындығын қарап, су басу қаупін болдырмау үшін қабылданып жатқан шараларды бағамдады.Бөгет 1959 жылы салынған, су сақтау көлемі – 27 млн текше метр. Гидротехникалық құрылғы «Ұлы Борсық» КМК теңгерімінде, ол Шалқар ауданында су және жылу жүйесін қамтамасыз етеді. Бөгеттің жағдайы – қанағаттанарлық.2024 жылы бөгетке техникалық қызмет көрсету үшін 2 млн теңгеге келісімшарт жасалып, шлюз қақпалары жөнделді. Арналарды бекіту, су жинайтын, булану және сүзу алаңдарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Акт жасалғаннан кейін 17 шандор ауыстырылды.Бөгеттің жай-күйін көрген облыс әкімі көктемгі су тасқынына дайындықтың маңызына тоқталып, бөгет маңында су деңгейі мен гидротехникалық нысанның жағдайын тәулік бойы бақылайтын екі гидробекет салуды тапсырды. Сондай-ақ, бөгеттің ағаш жабындысын бетонға ауыстыру жобасын әзірлеуді жүктеді.«Басты міндетіміз – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, су тасқынының алдын алу. Шалқар бөгеті су ағынын реттеуде маңызды рөл атқарады, сондықтан біз оны тасқын маусымына дайындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Шандорларды ауыстыру және бөгетті нығайту секілді жөндеу жұмыстары уақытында аяқталды. Енді жағдайды қадағалап, кез келген өзгеріске жедел әрекет ету қажет», – деді облыс басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943779
Қарағанды индустриалды университетінде студенттер үшін экоклуб ашылды 24.02.2025
Қарағанды индустриалды университетінде Alive экоклубы ашылды. Оның қатарында ғаламшарды тазартуға ұмтылған 50-ге жуық студент бар.Клубтың ашылуында эколог және «Отражение» ҚБ жетекшісі Елена Варганова тұрақты даму туралы дәріс оқып, тұрақты жоспарлауға арналған шеберлік дәрісін өткізді.– Әрине, клубқа кірген студенттердің идеялары мен жобалары көп. Мысалы, біздің ЖОО-да қоқысты бөлек жинау бұрыннан жұмыс істейді, ал химия және экология кафедрасында студенттер экологиялық таза сабын, кәмпиттер, жөтелге қарсы шәрбаттарды өздері дайындайды. Экоклуб осындай бастамаларды дамытуға және жаңаларын құруға көмектеседі, – деп есептейді ҚарИУ баспасөз хатшысы Лидия Пороховая.Alive экоклубының мүшелері ЖОО аумағын көгалдандыру бойынша бірнеше іс-шараларды жоспарлаған. Сондай-ақ, студенттерге автобустар мен автокөліктермен жүруден бас тарту ұсынылатын веложолдар салу да жоспарланған.КарИУ экоклубының мүшелері де бір реттік пластикті пайдаланудан бас тарту бағдарламасын белсенді түрде ілгерілетуде.– Университетте кофе-автоматтар бар, бірақ олардың жанында бір рет қолданылатын стакандар жоқ. Студенттер өз кеселерін, термостарын алып келеді. Буфетте пластикалық түтіктер, аспаптар, бір рет қолданылатын ыдыстар мен контейнерлер жоқ, – деді Лидия Пороховая.Ынта білдірушілер Экоклубқа кіріп, экоакциялар мен жобалар бойынша өз идеяларын ұсына алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/942371
Қарағанды облысында мүгедектігі бар тұрғындар үшін инклюзивті жұмыс орындары ашылуда 24.02.2025
Қарағанды облысында мемлекеттік қолдау мүгедектігі бар тұрғындарды жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасалуда. Есту қабілеті нашар тігінші Лидия Гонкина мамандығы бойынша жұмыс істейді. Ол егер ниетің болса, жұмысқа кедергі болмайды деп сенеді.Бір жыл бұрын Лидия «Дедал» тігін цехына мүгедектер үшін арнайы жұмыс орнына орналасқан.– Бұған дейін мен ательенің бірінде тігінші болып жұмыс істедім. Тапсырыстар біткенде, маған басқа орын іздеуге тура келді. Мансап орталығына бардым. Маған қалада немесе Майқұдықта жұмыс ұсынылды. Мен осы ауданда тұрғандықтан Пришахтинсктен орын тауып берулерін сұрадым. Маған жұмыс ұсынды, – дейді Лидия. – Біздің ұжымымыз керемет. Бәрі бір-біріне көмектеседі. Тіпті қыздар маған сәлем беріп, шай ішуге шақыру үшін ымдап сөйлесуді де үйренді.«Дедал» тігін цехы арнайы киім тігумен айналысады. Бұл кәсіпорындағы алғашқы арнайы жұмыс орны емес. Мүгедектігі бар қызметкерлердің қолайлылығы мен қауіпсіздігі үшін сыртқы және ішкі құлақтандыру жабдығы, соның ішінде сандық табло мен «ақылды» қол сағаттар орнатылған. Кәсіпорын – түрлі мемлекеттік бағдарламалардың тұрақты қатысушысы. «Дедал» мүгедектігі бар адамдар үшін тағы бір жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.Табысты еңбек интеграциясының тағы бір мысалы - Ардақ Ысқақова. ІІІ топ мүгедектігін алғаннан кейін оған жұмыстан кетуге тура келген. Сол кезде ол Еңбек ұтқырлығы орталығына жүгініп, оған мемлекеттік бағдарлама бойынша Rakhat-Med клиникасына әкімші болып жұмысқа орналасуға көмектескен. Медициналық ұйымның басшылығы арнайы пернетақтасы және қажетті бағдарламалық жасақтамасы бар компьютер сатып алды.– Жұмыс істей алатын мүмкіндігі шектеулі адамдарға Мансап орталығына жүгінуге кеңес беремін. Жұмыс бар, ол біздер үшін мүлдем қиын емес, – дейді Ардақ.Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұрлан Сыздықовтың айтуынша, кәсіпорындар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алуға ниетті. Бұған мемлекет жұмыс берушілерге субсидия төлей отырып ықпал етеді.– Өткен жылы Еңбек ұтқырлығы орталығы екі бағыт бойынша 13 арнайы жұмыс орнын құрды. Биыл мүгедектігі бар адамдарды үш санат бойынша жұмысқа орналастыру жоспарланған: есту, көру қабілеті бұзылған және тірек-қимыл аппаратында проблемалары бар адамдар, – деп түсіндірді Нұрлан Сыздықов. – Жұмыс берушінің басты міндеті – ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау. Ал мемлекет өз тарапынан олардың ниеттерін қолдайды.Жұмыс берушіге арнайы жұмыс орындарын жабдықтау үшін құрылғылар сатып алу және орнату шығындары өтеледі. Сондай-ақ, мемлекет мүгедектігі бар адамдар жалақысының бір бөлігін өзіне алады. Субсидиялар ай сайын үш жыл бойы төленеді: бірінші жылы – жалақының 70%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), екінші жылы – жалақының 65%-ы, үшінші жылы – 60%-ы.11 жұмыс орнын ұйымдастыруға бес өтінім келіп түсті, олардың бір бөлігі мақұлданды. Бұл Қарағандыда пластикалық терезе жинаушылар үшін алты бос орын, Саранда бір түптеуші орны және Абай ауданында есту қабілеті нашар адамдар үшін буып-түю орны ашылды. Сондай-ақ Қарағандыда тірек-қимыл аппараты проблемалары бар адамдарға арналған маркетинг жөніндегі менеджердің бос орны мақұлданды.Облыста қазір 55 мың мүгедек адам тұрады, олардың 32 мыңнан астамы еңбекке жарамды жастағы адамдар. Бүгінгі таңда олардың үштен бірі өз бетінше немесе мансаптық орталықтардың көмегімен жұмыс тапты. Оларға барлығы 1200 мүмкіндігі шектеулі жан жүгінді. 700-не түрлі бағдарламалар мен бағыттар бойынша жұмыс орындары таңдалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/942852
Студенттік круассандар: Қарағандыда колледж жанынан шағын наубайхана ашылды 24.02.2025
Қарағандыда енді тек студенттік батон ғана емес, студенттік нан, бәліш, тіпті круассан да пісіріледі. Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің базасында «Нан time» студенттік шағын наубайханасы ашылды.Шағын наубайхана Жұмысшы мамандықтар жылы және «Баршаға қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасын іске асыру шеңберінде құрылған оқу-өндірістік цех болып табылады.Шағын наубайхананың ашылуында ұстаздар нан, круассан және десерт дайындау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.Қазір онда «аспаз» және «кондитер-безендіруші» біліктіліктері бойынша студенттер қамырмен жұмыс жөніндегі модульдерді зерделеу кезінде айналысады. Алдағы уақытта «наубайшы» мамандығын ашу жоспарлануда. Енді бұл үшін білікті оқытушылар ғана емес, толық жабдықталған тәжірибелік кеңістік те бар.Наубайхананы құру үшін кәсіби жабдықтар сатып алынды: қамыр кесетін және қамыр жаятын машиналар, бу конвекторлық, ротациялық және табандық пештер, тоңазытқыш шкаф, стеллаждар және т. б.Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Диляра Апсалямова шағын наубайхана студенттерге кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, кәсіпкерлік негіздерін меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.– Біз студенттерді қамырмен жұмыс істеуді үйретіп қана қоймай, өз өнімдерімізді колледждің әлеуметтік серіктестері арқылы сатуды жоспарлап отырмыз, – деді Диляра Апсалямова. – «Нан time» сауда маркасымен Қарағанды дүкендеріне 58 нан-тоқаш өнімдері жеткізіледі. Олардың арасында түрлі қамыр, ашытқы және ашытқысыз нан, тәтті нан, круассан және көптеген дәмділер бар.Наубайхананың ашылуы колледждің мерейтойына орайластырылған. Оның құрылғанына 85 жыл болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/942853
Ермағанбет Бөлекпаев «Қарағанды Нан» жұмыскерлерімен кездесті 24.02.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастыруда. Аймақ басшысы Қарағанды қаласының әкімімен, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшыларымен бірге «Қарағанды Нан» зауытына келді. Қызметкерлер қаланы дамыту мен абаттандыруға қатысты өз сұрақтарын қойды.– Біз осындай кездесулерді жұмыс орындарында болашаққа жоспарларыңызбен бөлісу, сіздердің ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді тыңдау үшін арнайы өткіземіз. Сіздердің кәсіпорындарыңыз маңызды: сіздер тұрғындарды әлеуметтік нанмен қамтамасыз етесіздер. Зауытта мыңға жуық адам жұмыс істейді. Елімізде сұранысқа ие өнім экспортқа шығарылады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Жалпы, қала дамып келеді, өздеріңіз көріп отырсыздар. Проблемалық мәселелер бар, бірақ қала экономикасы тұрақты. Біз өткен жылы үлкен жобаларды іске қостық, әсіресе бұл тұрғын үйлер, мектептер. Газдандыру белсенді жүргізілуде. Бірқатар ірі өнеркәсіптік жобаларды іске асырудамыз. Қаланы абаттандырумен айналысудамыз, биыл Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты дамытуға баса назар аударамыз.Кездесуге қатысушылар газдандырудың алдағы жоспарларына қызығушылық танытты: кәсіпорындар болашақта көгілдір отынға ауыса ала ма? Бұл экологияны жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір жеке сектор басымдыққа ие, бірақ келешекте табиғи газ кәсіпорындардың қажеттіліктеріне де бөлінетін болады.Бұдан басқа, үшінші жылу құбырын іске қосу жылу қуаттарының тапшылығын шешеді.Қызметкерлер Оңтүстік-Шығыстың дамуын ескере отырып, кәсіпорын ауданына автобус бағытын жіберуді сұрады. Мәселені шешу мүмкіндіктері қарастырылады.Тұрғын үй мәселесі өзекті болып қалуда. Кездесуде «Отбасы банк» филиалының директоры Бауыржан Жуасбаев жұмысшы мамандықтарға арналған арнайы ипотекалық бағдарламалар туралы айтып берді.Кәсіпорын басшылығын өз қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жеңілдікті ипотека бағдарламасына қатысуға шақырды.Медициналық қызмет көрсету мәселелері көтерілді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова скринингтер, кәсіби тексерулер өткізу үшін мамандардың кәсіпорынға шығуын ұйымдастыруды ұсынды.– Ұжымның негізінен әйелдер екенін ескерсек, бұл өте өзекті. Скринингтік зерттеулерден өту үшін үш күндік әлеуметтік демалыс болуы мүмкін. Бәлкім, оны пайдаланатындар аз шығар. Бізге өзіміз келу оңай – сіздер үшін алға қадам жасау, – деп мәлімдеді Бибігүл Төлегенова.Жұмысшы мамандықтарын қолдау және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Төлеу Мұхтар айтып берді. Облыс бойынша үш мыңға жуық бос жұмыс орны бар. Сондай-ақ, Мансап орталықтарында мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары бар. Қарағандыда еңбекке қабілетті халықтың жартысына жуығы жұмысшы мамандықтарымен айналысады. Шағын және орта бизнесте 146 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/942856
Қарағандыда Стамбулға тікелей рейс ашылады 24.02.2025
Қазақстандық FlyArystan лоукостері биылғы жылдың 4 маусымынан бастап Қарағанды әуежайынан Стамбулға тұрақты тікелей рейсті іске қосады. Ұшулар аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері дейін орындалады.– Қарағанды агломерациясының 870 мың тұрғыны бар. Бұл облыс орталығына жақын орналасқан 30-дан астам қалалар мен кенттер. Біздің тұрғындарымызда шетелге бару қажеттілігі бар, ал басқа әуежайлар арқылы жету өте ыңғайсыз. Қарағанды әуежайы – халықаралық әуежай, яғни ол авиакомпаниялармен серіктестік жасай отырып, бізді Стамбул, Дубай, Пекин, Шанхай сияқты негізгі хабтармен байланыстыра алады. Мен бұл біздің алдымызда тұрған үлкен жұмыстың басы ғана екеніне сенімдімін, – деді Қарағанды әуежайы директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Оспанов.Авиабилеттер flyarystan, ресми сайтында, мобильді қосымшада және басқа да ресурстарда қолжетімді.FlyArystan – Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana-ның еншілес компаниясы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/942992
Шет ауданында ТЖ режимі енгізілді 24.02.2025
Шет ауданында энергиямен жабдықтау жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі енгізілді. «Шет-Энерго» «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамайды. Осыған байланысты ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды, бұл туралы Шет ауданының әкімі өз әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.«Шет-Энерго» көп жылдар бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат салған жоқ. Бұл энергиямен жабдықтаудың жүйелі іркілістеріне әкелді. Тұрғындар жиі өшірілуден зардап шегеді, тек жарықсыз ғана емес, жылусыз да қалады. Тұрақты ескертулерге қарамастан, «Шет-Энерго» қызметтерінің сапасы жақсармай тұр.Аудан әкімдігі электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін жергілікті ауқымдағы ТЖ режимін жариялады.Бұл қадам энергиямен жабдықтау саласында тәртіп орнатуға, сапалы қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/943062