Enbekshi QazaQ

Бизнес

Еліміздің төрт өңірін байланыстыратын «Жезқазған – Петропавл» тасжолы толық жаңартылады 04.03.2025
Облысаралық және ауданаралық жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мамандар республикалық маңызға ие 10 мың шақырым жолды орташа жөндеумен қамтиды. Мәселен, еліміздің төрт өңірін жалғайтын «Жезқазған – Петропавл» автожолы толық жөндеуден өтпек.Бұл жолда орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 590 шақырым жол қамтылды. Биыл тағы 113 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысының Арқалық қаласына іс-сапары барысында сөз етілген жолдың жағдайын тексеріп, өткен жылғы жол-құрылыс маусымының нәтижелерімен танысты.Аталған автожолдың жалпы ұзындығы 940 шақырымды құрайды. Оның 125 шақырымы Қостанай облысының аумағымен өтеді.Автожолды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту өңірдің дамуы, көлік қолжетімділігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін маңызды. «Жезқазған – Петропавл» тасжолы Арқалықты облыс орталығы Қостанаймен, сондай-ақ Астана және Жезқазған қалаларымен байланыстыратын негізгі көлік артериясы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/947151
Марат Карабаев Ақмола облысы Державинск қаласындағы жол пайдалану пунктінің жұмысын тексерді. 04.03.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында көктайғаққа қарсы материалдарды сақтау және арнайы техниканы орналастыруға арналған жол пайдалану пункттерін толық жаңғырту мәселесі қарастырылуда. Аталған бастама жолшылардың еңбек жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/947169
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 04.03.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуі2025 жылғы 12 наурызда сағат 11.00-де Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет үйінде (Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29), жеке қабылдауы сағат 12.00-де «Оқушылар сарайы» ғимаратында (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 160-квартал №18А) өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 10 наурызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет._____________Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/947330
ТҮРКІСТАН: ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ САЙРАМДА БИОГАЗ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ТЫҢАЙТҚЫШТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШПАҚ 04.03.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде өндіріс орындарын ашу бағытында инвесторлармен келіссөздер жүргізу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Түркия елінен келген инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асу жайын жан-жақты талқылады.Нұрбол Тұрашбеков Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілгенін тілге тиек етіп, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Агроөнеркәсіп саласын дамытуда іскерлік байланыс орнатуға дайын екенін айтты.Кездесуде түркиялық инвесторлар агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған жобаларын таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Олар мал қалдықтарын қайта өңдеу арқылы электр және жылу энергиясын өндіруді көздеп отыр. Нақтырақ айтқанда, биыл Түркістан облысы, Сайрам ауданынан жасыл технология негізінде биогаз өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жоба құны – 40 млн АҚШ доллары. Кәсіпорын жылына 75 тонна органоминералды тыңайтқыштар мен 40 млн кВт электр энергиясын өндіру жоспарлануда. Кәсіпорын іске қосылғанда 100-ден аса тұрақты жұмыс орны құрылады.Айта кетейік, биыл Сайрам ауданында жалпы құны 74,3 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/947366
Қаңғыбас иттерден қауіп келмесін десеңіз 04.03.2025
Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлытау облысында қаңғыбас иттерді аулау қызметтері жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы бойынша қаңғыбас иттерді аулау және жансыздандыруды ұйымдастыру жұмыстарын - жеке кәсіпкер «Гентвилас» мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде жүзеге асыруда. Аталған жұмыстар тұрғындардың өтініштері, қаңғыбас жануарлардың жаппай жиналуы жағдайында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аулау жұмыстарын жүргізілуде. Аулау қызметінің телефон нөмірі - 87765020306 Константин. Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласы бойынша қаңғыбас иттерді аулау және жансыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылдың қаңтар айында конкурс өтіп, мердігерлер техниқалық ерекшеліктерге сай жұмыс істемеу салдарынан келісімшарт бұзылды. Жаңа конкурс рәсімдері жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/947238
Бурабай курорты туристерге жаңа Burabay Travel қосымшасы арқылы жақындайды 04.03.2025
Қазақстанның туристік саласын дамыту жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Бурабай даму» компаниясы «Burabay Travel» мобильді қосымшасын іске қосады. Жаңа цифрлық қызмет Бурабайға сапарларды жоспарлауды оңайлататын болады: ол саяхатшыларға қонақ үйлер, мейрамханалар мен ойын-сауық орындарын табуға көмектеседі, сонымен қатар демалысты ыңғайлы әрі толыққанды етеді.25 ақпанда Бурабай курортының туристік бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Ашық диалог барысында қатысушылар «Burabay Travel» қосымшасының жергілікті туризмді дамытуға мүмкіндіктерін талқылады. Бизнес өкілдері саланың цифрландыруының маңыздылығын атап өтіп, қосымшаны өз қызметтерін насихаттау үшін пайдалануға қызығушылық білдірді.«Burabay Travel» қосымшасы туризм нарығын ашық әрі қолжетімді ететін болады. Туристер қонақ үйлерді брондап, гидтерді табып, экскурсиялар мен іс-шаралардың кестесін нақты уақыт режимінде біле алады, сонымен қатар көрікті жерлер белгіленген картаны пайдалана алады. Жергілікті бизнес үшін бұл өз қызметтерін насихаттап, тұтынушыларды тартудың ыңғайлы құралы болмақ, соның ішінде маусымаралық кезеңде.Қосымшаның мақсатты аудиториясы – жеке саяхатшылар, балаларымен отбасылар, корпоративтік клиенттер және Бурабай курортында демалуды жоспарлап жүрген барлық адам. «Burabay Travel» арқылы олар алдын ала орналасу, ойын-сауық және қызмет түрлерін таңдап, сапарды мүмкіндігінше ыңғайлы етеді.«Burabay Travel арқылы Бурабайда демалысты жоспарлау әлдеқайда оңай болады. Туристер үшін қолайлылық және жергілікті бизнеске қолдау көрсету – курортты дамытуға бағытталған қадам. Жаңартуларды қадағалап, Бурабайды жаңаша ашыңыз!» - дейді «Бурабай даму» ЖШС Цифрландыру бөлімі басшысы Тайжанов Гизат Валиханович.Burabay Travel қосымшасы 2025 жылдың 15 наурызынан бастап барлық танымал мобильді платформаларда (iOS және Android) тегін жүктеп алуға қолжетімді болады. Қазірдің өзінде қызметтің тестілік нұсқасын сынап көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/946542
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҰҚЫМБАҚТАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨШЕТПЕН ҚАМТЫП ЖАТЫР 04.03.2025
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, көктемнің алғашқы күндерінен бастап көгалдандыру жұмыстары басталады. Осы мақсатта Түркістан облысы Табиғи ресустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылықтарында өсірілген көшеттер өңірді көшетпен қамтуда. Облыстағы елді мекендерге арнайы тұқымбақтар бекітілген.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Темірлан абаттандыру» мекемесі Ордабасы ауданына бекітілген «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» тұқымбақтарында өсірілген көшеттерді алып жатыр.Қазіргі таңда «Бадам» орман шаруашылығынан қызыл ағаш – 300, лягустра –4000, боз шырша – 100, форзиция – 500, раушан гүлі – 50, декоративті сәмбі –300 ағаш көшеттері алынып, аудан орталығына отырғызылу және олардың дұрыс өсіп-жетілуі үшін қажетті күтім жасау жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа тұрғындар, еріктілер мен аудан жастары, мекеме қызметкерлері белсенді түрде атсалысуда.Орман шаруашылығында өсірілген көшеттердің ерекшелігі – олардың жергілікті топырақ пен климаттық жағдайларға толық бейімделген. Соның арқасында бұл жасыл желектердің тіршілікке бейімділігі жоғары, әрі жылдам өсіп, ұзақ жылдар бойы аудан орталығын көгалдандыруға үлес қосады.«Бадам» орман шаруашылығында көшеттерді егу және себу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Биыл Сайрам, Ордабасы аудандарына 50 мың көшет босату жоспарлануда. Қазіргі таңда Ордабасы ауданына 12 мың, Сайрам ауданына 10 мың көшет босатылды.Айта кетейік, Ордабасы ауданында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946323
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ» АТТЫ КЕЛЕЛІ БАСҚОСУ ӨТТІ 04.03.2025
Бүгін Қазығұрт ауданында «Дін және қазіргі қоғам» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Шараға ардагерлер кеңесінен бастап, ауыл билері, әжелер, ауыл имамдары, жастармен қоғамдық ұйымдардың мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.Кездесудің мақсаты — діннің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның әлеуметтік үйлесімділікке, тұрақтылыққа және жеке тұлғаның рухани дамуына тигізетін әсері туралы пікір алмасу. Жиын барысында дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, діни толеранттылықты арттыру және жастар арасында дұрыс рухани бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.Басқосуда Түркістан облысы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов «Жастар арасындағы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда дін мен дәстүрдің ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасап, жастардың ұлттық бірегейлігін сақтау, отбасындағы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданының бас имамы Сертай Әділхан «Құдайы ас мәзіріндегі ысырапшылдық» жайында баяндамасын жасады. Ол діни тұрғыдан ысырапшылдықтың алдын алу және оны болдырмаудың маңыздылығын атап өтіп, ас беру рәсімдерінде қарапайымдылықты ұстануды алға тартты.Кездесу соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов маңызды тақырып аясында пікір білдірді.«Дін мен дәстүр — халқымыздың рухани байлығы, ұлттық бірегейліктің негізі. Бүгінгі кездесу дін мен қоғам арасындағы үйлесімділікті нығайту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, ысырапшылдықты болдырмау сынды маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде қоғамымыздың тұрақтылығына, рухани дамуымызға оң әсерін тигізеді», — деді ол.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946652
ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОР САУРАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ФИЛИАЛЫН АШУҒА НИЕТТІ 04.03.2025
Сауран ауданының әкімі мен Қытайдың «Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd.» компаниясы өкілдерінің арасында маңызды кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін компания Сауранда өз филиалын ашуға дайын екенін білдірді.Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd. — 1998 жылдың мамыр айында негізі қаланған жоғары технологиялық кәсіпорын. Компания ауыл шаруашылығы техникасын зерттеу, жасау, өндіру және сату саласында жетекші орындардың бірін иеленеді. Бүгінде компанияның өнімдері Қытайда ғана емес, халықаралық нарықта да жоғары сұранысқа ие.Компания құрылған күннен бастап ауыл шаруашылығы саласына қажетті заманауи техникалардың кең спектрін шығарып келеді.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылап, компанияның өндірісін орналастыру үшін аудандағы өндірістік аймақтар көрсетілді. Сондай-ақ кәсіпорынға қажетті инфрақұрылым мен жер телімдері бойынша түсініктеме берілді.Сауран ауданы үшін бұл жобаның маңызы зор. Аталған компанияның филиалы ашылған жағдайда, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, заманауи техникалардың қолжетімділігі артады. Сонымен қатар бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Келіссөздер сәтті аяқталып, тараптар алдағы уақытта серіктестік орнату бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946691
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 04.03.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қытайлық инвесторлармен кездесіп, бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асу барысын талқылады. Облыс орталығында салынатын бес жұлдызды қонақүй кешені мен аквапарк құрылысы басталу үстінде. Аталған жобалар Түркістан қаласы үшін маңызды. Туризмі өркендеп жыл сайын келушілер саны артып жатқан шаһарға аталған жоба тың серпіліс бермек.Түркістан облысы – ҚХР-мен тиімді және тұрақты ынтымақтастықты дамыту бойынша маңызды жетістіктерге қол жеткізген өңір. Бүгінде екіжақты қатынастар экономика, сауда, білім беру, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларында жүйелі түрде өркендеп, қытайлық инвестициялар мен бірлескен жобалардың жүзеге асуы өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда оң нәтижелер көрсетуде.Атап айтқанда, Вэйнань қаласының инвесторлары Түркістанға инвестиция салуға қызығушылық танытуда. Осыған орай Қытайда «Вэйнань қаласының Қазақстандағы Инвестициялық Сауда Ассоциациясы» құрылды. Кездесуде пилоттық жоба ретінде бірқатар ұсыныстар айтылды. Облыс әкімі шетелдік инвесторлармен жаңа жобаларды талқылап, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.«Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында өткен Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесінде қытайлық бизнесмендермен жалпы құны 1 млрд 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Атап айтқанда, Түркістан қаласында бес жұлдызды 18 қабатты қонақ үй мен вилла кешені, аквапарк және бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынады. Қуат көзі тапшы Түркістан облысы үшін маңызды баламалы энергия көздерін өндіру бойынша бірқатар ірі жобалар қолға алынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946702
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді 04.03.2025
Қызғылт қоқиқаздар мекендейтін Қорғалжын табиғи қорығына  апаратын «Астана – Қорғалжын» жолы жөндеуден өтеді. Бұл Көлік министрі Марат Карабаевтың Ақмола және Қостанай өңірлеріне жұмыс сапары аясында мәлім болды.Бұл жолдың орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Ақмол ауылынан Оразақ ауылына дейінгі 39 шақырымдық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі биыл аяқталмақ.Сонымен қатар биыл Оразақ ауылынан Қорғалжын қорығына дейінгі 110 шақырымдық жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Қорғалжын ауылынан қорыққа дейінгі жол учаскесі ерекше назарда. Бұл жол өткен ғасырдың 60-жылдары салынған және қазіргі таңда асфальтобетон жамылғысы жоқ топырақ төсемінен ғана тұрады. Енді жаңа жол салынып, қауіпсіз көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі. Бұл туристік ағынның артуына және өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.«Астана – Қорғалжын» автожолын жаңғырту облысаралық және ауданаралық күре жолдарды ауқымды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту аясында қолға алынды. Президент тапсырмасына сәйкес жөнделетін жолдардың жалпы көрсеткіші 10 мың шақырым жолға дейін артты.Дәл осы тапсырма аясында 2025 жылы 8 мың шақырымға жуық республикалық маңызы бар жол жөнделсе, келесі 2026 жылы 2 мыңнан астам жол жөнделмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/946183
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 04.03.2025
Түркістан облысының ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына орай әкімдік тарапынан 5 млн теңге көлемінде біржолғы материал­дық көмек беріледі. Өңірде Екінші дүниежүзілік соғысының 9 ардагері тұрады. Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға санаттары бойынша 50 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін біржолғы қаржылай көмек көрсету жоспарланып отыр. Сондай-ақ еліміздің «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде Жеңістің 80 жылдығын атап өту бойынша іс-шара жоспары кеңінен талқыланып, атқарылатын жұмыстар пысықталды.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаеваның баяндауынша, іс-шаралар жоспары тек мерекелік күндерді ғана емес, жыл бойы орындалуы қамтылған. Бүгінгі таңда Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер саны 3 305 адам. Оның ішінде, ҰОС ардагерлері – 9. Олар Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарам, Сарыағаш, Созақ, Қазығұрт аудандары мен Кентау, Түркістан қалаларында тұрады. ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер саны 227 болса, тыл еңбеккерлері – 3 069. Түркістан облысында ҰОС Жеңістің 80 жылдығына орай 3 305 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан, қала бюджеттері есебінен 242,0 млн.теңге қаржы қаралды.Одан бөлек, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталатын адамдардың тізімі жасалуда. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтардың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында аудан, қала әкімдіктері арқылы әлеуметтік картасы жасақталды. Олардың денсаулығы мен тұрмыстық жағдайы сараланды. Сауықтыру шараларын жүргізу мақсатында соғыс ардагерлеріне жасақталған әлеуметтік картаның нәтижесінде денсаулық сақтау саласы тарапынан жыл басынан 500-ге жуық ардагерге медициналық қызмет көрсетілді. Бұл қызмет жыл бойы көрсетілетін болады. Сонымен қатар «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйі» арқылы айына 400-ге жуық, жылына 7 800 егде жастағы адамдарға сауықтыру қызметтері көрсетіліп келеді.Жиында Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев іс-шара жоспары туралы баяндады. Жеңістің 80 жылдығы аясында облыста ауқымды іс-шаралар өткізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, батырлардың есімдерін насихаттау мақсатында түрлі конкурстар, экскурсиялар, ғылыми-практикалық конференциялар, «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары, бұқаралық спорттық шаралар, әскерлердің шеруі өткізіліп, мерекелік концерттер, тақырыптық кино кештері, архив құжаттары топтамасынан көрме, кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызын іске қосу аясында ҰОС қатысушылары, тыл еңбеккерлері және шалғайдағы стансалардың тұрғындарына негізгі медициналық білікті мамандар тарапынан тегін емдеу шаралары ұйымдастыралуда.Жиын барысында 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысы сараланды. Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға халық ұсынысына құлақ аса отырып, инфрақұрылым жүйелерін жетілдіруді, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков байланыс орталығында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларды баяндады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардан түсетін қоңыраулардықабылдайды.Байланыс орталығына жыл басынан бері 11358 қоңырау түсіп, қаңтар айы бойынша көрсеткіш 15%-ға артты. Олардың 71,4%-ы кеңес беру, 28,5%-ы оқиға ретінде тіркелген. Сонымен қатар көтерілетін мәселелердің басым бөлігі электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, ветеринарлық қызмет, көшені жарықтандыру, тұрмыстық қалдықтарға қатысты. Ал, өткен жылы 130 224 қоңырау тіркеліп, халықпен кері байланыс орнатылған. Сонымен қатар 109 желісінің жұмысына жасанды интеллект мүмкіндіктерін (AI) қолдану жоспары таныстырылды. Бұл өз кезегінде өтініштердің сапалы орындалуын арттырадыжәне мәселелердің тез әрі тиімді шешілуіне ықпал етпек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/944815
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ СПОРТШЫ РУМЫНИЯ ЕЛІНДЕ ӨТКЕН БОКС ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ 04.03.2025
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тумасы, Мірсәбит Арман Румыния мемлекетінің Брэила қаласында өткен «DRACULLA OPEN» жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде Греция, Молдова, Румыния мемлекеттерінің боксшыларымен жұдырықтасып, жүлделі 1 орынды иеленді.Бокстан Қазақстан Республикасының 6 дүркін чемпионы Мірсәбит Арман Қазығұрт ауданындағы «№11 колледж» МКҚК-ның «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығының І-курс студенті. Ол тек Қазығұрт ауданының ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғап жүрген талантты спортшылардың бірі. Румыниядағы «DRACULLA OPEN» турнирінде жеңіске жетуі оның үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Жас спортшыға болашақта үлкен жетістіктер мен жеңістер тілейміз!Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/944993
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ОҚУШЫЛАР ГРЕКИЯДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ 04.03.2025
«Central Asia FIRST Championship/Almaty Tech Cup 2025» конкурсының Орталық Азия кезеңінің Алматы қаласында өткен чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғаған Қазығұрт ауданының First Lego League Challenge (10-16) және First Lego League Explore (6-10) санаттары бойынша «QAZYGURT», «ROB», «QARSYBAEV» құрамалары қатысты.Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, БАӘ, Гонконг және тағы басқа елдерден 3500 оқушы қатысты. Нәтижесінде, «QAZYGURT» құрамасы инновациялық жобадан І орын, жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орынды иеленіп, Грекия мемлекетінде өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алды.«QAZYGURT» құрамасы алда өтетін әлемдік чемпионатта ел намысын қорғайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/945013
ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 04.03.2025
Түркістанда кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс, ерте жүктілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу және білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары мен онлайн байланыс арқылы аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Мәжіліске төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.– Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында білім саласын дамыту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Білім сапасын жақсарту, саладағы кемшіліктерді жою бағытындағыжұмыстарды жалғастырамыз. Аудан, қала әкімдігінің жауапты өкілдері өңірдегі ерте жүктілік, жасөспірімдер арасындағы суицид пен қылмыс дерегін азайту бағытында жұмыстарды жүйелеп, нақты жоспармен іс атқаруы керек. Сондай-ақ балалар лагерін жаңғырту, балаларға психологиялық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыс істелуі тиіс. Осы бағытта балалар жасанды интелект арқылы психологиялық кеңеc ала алады. Жобамен барлықтарыңыз танысып, нақты ұсыныстар беріліп, жұмыстар атқарылсын. Осы саладағы жұмыстар қатаң бақылауда болады, – деген облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы тиісті жұмысты уақтылы атқару керектігін жеткізді.Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Ол кәмелетке толмағандардың арасында өзіне қол жұмсау фактілері статистикалық деректерге сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін айтты.Осы жағдайларды алдын алу мақсатында Облыс әкімінің Қаулысымен Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мекемесі құрылды. Алдын алу жұмыстарын әрі қарай жандандыру үшін өткен жылы үкіметтік емес ұйымдарды тартуға қаржы қаралып, 2000-ға жуық тәрбие саласына жауапты маман біліктілігін арттырды. Бүгінгі таңда, Облыстық психологиялық қолдау орталығын қолдау және білім беру ұйымдарына антибуллингтік бағдарламаны енгізу мақсатында Жобалық кеңсе құрылды.Білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов мектептерді жаңғырту жобасы аясында атқарылатын жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Сонымен қатар жекеменшік орта білім беру ұйымдарына қаралған қаржыға тоқталды. Оның мәлімдеуінше, мектептерді жаңғырту жобасына облыстан 115 мектеп енгізілген. 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және асхана, кітапхана, спорт зал, сынып бөлмелерін жабдықтау, қауіпсіздік жүйесімен, пән кабинеттерімен, жиһаздармен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2025 жылға жоспарланған 41 мектептің ішінде ағымдағы жөндеумен 15 мектеп қамтылса, 26 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.Одан бөлек жиналыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру талқыланып, аудан, қалалардағы мектептер мен денсаулық сақтау ғимарттарының ауласына тазалық жүргізу, ағаш көшеттерін отырғызу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттілігі айтылды. Сонымен қоса, мектептердегі ескі көрнекіліктерді 1 ай мерзімде жаңғыртуды және «Жайлы мектеп» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыруды тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/945217
ТҮРКІСТАНДА «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ 04.03.2025
Түркістан қаласында биыл Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Осыған орай, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақ-Корей халықаралық білім ордасының таныстырылымы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Woosong» университетінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен болашақ түлектер қатысты.Басқосуда алғысөз алған облыс әкімінің орынбасары жастарға сапалы халықаралық білім алуға үлкен мүмкіндік туып отырғанын тілге тиек етіп, түлектерді берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.– Құрметті жиынға қатысушылар! Бүгін Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – «Вусонг» университеті филиалының Түркістан қаласында ашылуына орай, толық ақпарат беру үшін университет өкілдері алдарыңызға келіп отыр. Бұл бастама – Түркістанды білім мен ғылымның орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам, жастарымызға сапалы халықаралық білім алуға берілген тамаша мүмкіндік. Бұл унивеститеттің ашылуы – біздің өңірдегі білім беру саласының жаңа деңгейге көтерілуінің айқын дәлелі. Мұнда тек жоғары деңгейлі академиялық білім ғана емес, Оңтүстік Кореяның заманауи технологиялары мен тәжірибелік оқыту әдістері де ұсынылмақ. Сіздердің алдарыңызда үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр. Аталған университетке министрлік және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан гранттар бөлу мәселесі қазірден жоспарланып, қажетті шаралар қабылдануда. Біз, облыс басшылығы, жастарымыздың сапалы білім алып, өздерін жан-жақты дамытуына барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Тек үздік білім ғана табысты болашақтың кепілі. Сіздерді осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамын! – деді Бейсенбай Тәжібаев.Жиында Оңтүстік Кореяның Халықаралық істер департаментінің деканы Шим Хэк Чже бастаған «Woosong» университетінің өкілдері Корея елінің әлемдік деңгейдегі орнына тоқталып, университеттің тыныс-тіршілігін таныстырды. Қатысушылардың сұрағына жауап беріп, білім ордасы беретін мүмкіндіктер туралы ақпараттандырды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласы «облыс орталығы» атанғаннан бері Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылды.Ақпараттық технологиялар саласының кадрларын даярлау мақсатында Түркістан қаласында IT университетін ашу бойынша Оңтүстік Кореяның «Вусонг» білім беру қорының өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп, бүгінде Әкімшілік-іскерлік орталығында ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұл университет – білім мен ғылымның, мәдениет пен тәжірибенің тоғысатын жаңа орталығы болмақ. Студенттер әлемдік деңгейде білім алып қана қоймай, халықаралық тәжірибеден өтуге, еңбек нарығында сұранысқа ие маман атануға мүмкіндік алады. Одан бөлек, «қос диплом» бағдарламасымен білімін Корея елінде жалғастыру, сол елде жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.Бұл бастама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей атсалысуымен жүзеге асырылуда. Жақында халықаралық университет өкілдері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясатпен кездесіп, дайындықтарды пысықтамақ.Халықаралық университетте 4 факультет ашылады. Онда «Жасанды интеллект және үлкен ақпараттар талдауы», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Әлемдік төртінші IT өнеркәсіптік революция», «Мультимедия және Web дизайн» мамандықтары бойынша 2340 студент білім алады деп жоспарлануда. Университеттің ашылуы 2025 жылдың күзіне жоспарлануда.Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 1088 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл өңірде мектеп бітіруші түлектердің саны 33 мыңнан асады. Олардың 23 мыңға жуығы жоғары оқу орындарына түсуге ниетті. Өткен жылы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, Түркістан облысы әкімдігі тарапынан грант бөлінді. Нәтижесінде, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 12 мамандық бойынша 107 студент грант негізінде білім алуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/945691
Қосшы қаласының 2038 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді 04.03.2025
Үкімет қаулысымен Қосшы қаласының 2038 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. Бұл маңызды құжат қаланың кешенді дамуын қамтамасыз етіп, оның әлеуметтік, экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.Бас жоспар елді мекеннің тұрғын үй құрылысын кеңейту, көлік жүйесін дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық тұрақтылықты сақтау сияқты стратегиялық мақсаттарды айқындайды.Қосшы қаласын дамыту бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды дамыту, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту, экологиялық тұрақтылық пен көгалдандыру, қала аумағын оңтайландыра отырып, халық санының өсуін есепке алу.Қосшы қаласының жалпы аумағы 60,2 шаршы шақырымды құрайды. Бас жоспарда қала аумағын тиімді пайдалану қарастырылып, қоғамдық және тұрғын аумақтардың функционалдық аймақтарын анықтайды. Халық санының өсуі болжам бойынша 2023 жылы – 51,7 мың адам, 2030 жылы – 107 мың адам, 2038 жылы – 150 мың адамды құрауы мүмкін.Қала тұрғындарының көбеюіне байланысты жұмыссыздық деңгейін 3%-ға дейін төмендетіп, орташа жалақыны арттыру, экономикалық белсенділікті ынталандыру мақсаты қойылған.Тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік инфрақұрылымға да ерекше назар аударылған. Қалада аз қабатты, орташа және көп қабатты тұрғын үйлер салу арқылы халықтың баспанаға деген қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 900 гектар жерге жеке тұрғын үй құрылысы салынса, 360 гектар жерге көпқабатты тұрғын үйлер салу көзделген. Қазіргі тұрғын үй қоры – 1,28 миллион шаршы метр.2038 жылға қарай – 4,5 миллион шаршы жаңа тұрғын үй салу жоспарланған. Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бас жоспар аясында мынадай әлеуметтік нысандар, яғни 31 балабақша (13,5 мың орын), 16 мектеп (23,8 мың орын), облыстық ауруханалар (900 орындық) және 7 емхана, сонымен бірге көпфункционалды мәдени орталықтар, кітапханалар мен театрлар салу көзделген. Қоғамдық демалыс орындары да назардан тыс қалған жоқ. Саябақтар мен гүлзарлар, жағалау аймақтары бас жоспарға еңгізілген.Қосшы қаласының көлік жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа жолмен бірге, жол өткелдерін салу, қоғамдық көлікті дамыту мәселесі де қарастырылған. Жаңа көлік дәліздері және айналма жолдар салынады. Қоғамдық көлік бағыттарының жалпы ұзындығы 81,04 шақырымға жетеді. Сондай-ақ жаңа автобус паркі мен қоғамдық көліктерге арналған тұрақтар салу жоспарлануда.Инженерлік инфрақұрылым бойынша айтсақ, ауыз сумен қамту және кәріз желілерін кеңейту, сондай-ақ қаланы толық газбен жабдықтап, жаңбыр суын ағызу жүйесін дамыту жоспарлануда.Өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту да жіті назарда. Қалада 264 гектар аумақты құрайтын индустриялық аймақ құру, көлік - логистикалық кешендер мен қоймалар салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын, сауда және қызмет көрсету орталықтарын дамыту жобалары жоспарлануда.Қосшы қаласының экологиялық ахуалы және көгалдандыру басты міндеттердің бірі. Бас жоспарда экологиялық тұрақтылықты сақтау ерекше назарға алынған. Осыүан орай, экологиялық шаралар да қамтылды. Мысалы, 132,5 гектар аумақты жасыл аймаққа айналдыру, Сарқырама өзенінің жағалауын абаттандыру, қоқысты қайта өңдеу орталықтарын ашу, кәріздік тазарту жүйесін жетілдіру, қала аумағында атмосфералық ауаның сапасын бақылау бекеттерін орнату, көгалдандыру аясында жаңа саябақтар мен субұрқақтар, жасыл қорғаныс белдеулерін салу.Қосшы қаласының 2038 жылға дейінгі бас жоспары – өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдетуге, халықтың өмір сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған стратегиялық жоба.Жобаның сәтті жүзеге асуы Қосшыны Астанаға серіктес заманауи қалаға айналдыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/943776
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «КOKSHE» ӘКК тұрақтандыру қорына күнбағыс майын жеткізу туралы уағдаласты 04.03.2025
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «КОКЅНЕ» ӘКК" АҚ-мен 41,6 мың литр көлемінде тазартылған күнбағыс майын әлеуметтік баға бойынша сату туралы шарт жасасты. Өнім күнбағыс пен күнбағыс майын үшжақты форвардтық сатып алудың пилоттық бағдарламасы аясында алынды.2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында «OskemenAgroProdukt» май зауыты Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 83,2 мың литр күнбағыс майын жеткізеді.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы күнбағыс өсіруге маманданған агроөндірушілерді форвардтық қаржыландырудың басталғаны туралы хабарлады. Өтінімдерді іріктеу нәтижесінде бағдарламаға қатысушылар «Майлы дақылар тәжірибе шаруашылығы қосу» ЖШС және «OskemenAgroProdukt» ЖШС болды. Егін жинағаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші күнбағысты май зауытына өңдеуге жіберуге, ал май зауыты - айын өнімді Азық-түлік келісімшарт корпорациясына жеткізуге міндеттенді. Күнбағыс пен күнбағыс майын сатып алу бағасы АӨК субъектілерін қаржыландыру сәтінде тіркелді, нәтижесінде ұлттық оператор күнбағыс майын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алды.Үшжақты форвардтық сатып алу бағдарламасы ҚР Президентінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесу туралы тапсырмасын орындау үшін іске қосылды. Күнбағыс майы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізіміне енгендіктен және оның құны мезгіл-мезгіл өсетін күнбағыс бағасына тікелей байланысты болғандықтан, пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін дәл осы майлы дақыл таңдалды.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының негізгі азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың ауытқуын төмендету және ұлттық оператордың ӘКК тұрақтандыру қорларымен жұмысын күшейту үшін әлеуетін пайдалану қажеттігін атап өтті.Азық-түлік келісімшарт корпорациясы функцияларының бірі - азық-түлік нарығын тұрақтандыру. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы көтерілген жағдайда ұлттық оператордың ӘКК тұрақтандыру қорларына күнбағыс майын, қарақұмықты және қажет болған жағдайда басқа да егін шаруашылығы өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге мүмкіндігі бар. Бұл ӘКК-ке халықты қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/944672
Кезекті халықаралық әуе бағыты ашылады 04.03.2025
Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық «SCAT» әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) «Boeing 737-800» және «Boeing MAX 8» типті әуе кемелерінде орындалады.Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/944519
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА БИЫЛ 14 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛАДЫ 04.03.2025
Оның 10-ына қиыршық тас мастикалық жабыны бар асфальт-бетон материалы қолданылады. Көшелердің жалпы ұзындығы 18 шақырым. Сонымен қатар, Бөгенбай батыр, Бекболатсай, Қостангелді ықшам аудандарындағы бірқатар көшеде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Асфальттау жұмыстары жүргізілетін көшелер төмендегідей:- Алашахан даңғылы (Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін),- Бейбітшілік даңғылы (Ғарышкерлер бақ жолынан Деев көшесіне дейін),- Момышұлы көшесі (Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін),- Сәтбаев көшесі (Абай көшесінен айналма жолға дейін),- Сарыарқа көшесі (Ұлытау көшесінен А-16-ға дейін),- Ұлытау көшесі (Сәтбаев көшесінен Абай көшесіне дейін),- Абай көшесі (Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін),- Шевченко көшесі (Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақ жолына дейін),- Жанасов көшесі (Ұлытау көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін),- Қарағанды көшесі (Байқоңыров көшесінен Ұлытау көшесіне дейін),- Желтоқсан көшесі (Абай көшесінен ЖЖЭО бағдаршамына дейін),- Садовое кольцо көшесі (Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін),- Қабанбай батыр шағын ауданының орталық көшесі,- Строителей тұйық көшесі (ҰТ АБ).Бөгенбай батыр ы.а. (Шинтуринов, Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутов көшелері), Қаражар және Есенберлин көшелерінде, Бекболатсай және Қостангелді ы.а. (5 көше) орташа жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланып отыр.Қазіргі күні конкурстар жарияланды, жұмыстар сәуірдің ортасында басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/944780