Бизнес
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. 01.03.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/948691
Қарағанды облысында бочча паралимпиадалық спорт түрі танымал болып келеді 28.02.2025
Қарағандыда үшінші рет бочча бойынша облыстық турнир өткізілді. С. Сәпиев атындағы бокс орталығында тірек-қимыл аппараты бұзылған 40 спортшы, сал ауруының ауыр түрлеріне шалдыққан балалар мен ересектер жиналды. Спорттың бұл түрі ептілікті, дәлдікті, төзімділікті, сондай-ақ тактикалық ойлауды дамытады.– Қарағандыда бочча 2020 жылдан бастап дами бастады. Қысқа мерзімге қарамастан, бұл спорт түрі танымал болып келеді және жетістіктер бар. Біздің спортшылар республикалық және халықаралық деңгейде өнер көрсетеді. Қарағандылықтар ұлттық құрамаға кіреді, – дейді жарыстың жаттықтырушысы және бас төрешісі Татьяна Ходзинская. – Облыстық жарыстарды үшінші рет өткізіп отырмыз. Белсенділік артып, география кеңейе түсуде. Егер алғашқы жарыста 10 қатысушы болса, қазір 40-қа жетті. Қарағандыдан басқа Саран, Абай аудандарынан да спортшылар келді.Жарыс түрлі санаттарда өткізілді, онда спортшылар өз бетінше және көмекшілерімен ойнайды. Әуесқойлар арасында алғаш рет ашық сынып ұйымдастырылды.Төрешілік BISFed халықаралық федерациясының ережелері мен нормалары бойынша жүргізілді.Ұлттық құраманың мүшесі, бес алтын медаль иегері Аружан Жеңіс ВС3 санатында шеберлік сабағын өткізді.– Екі жылдан бері боччамен айналысамын. Жетістіктер жақсы. Мен спорт шеберімін. Бәрі ұнайды: күшті, батыл болу керек. Халықаралық жарыстарда Польша мен Финляндияда болдым. Әрдайым анам жанымда: ол менің операторым, – деді Аружан.Ұлттық құрамаға Анастасия Кутурман да кіреді. Ол бочча спортымен осы спорт түрі Қарағандыда пайда болған сәттен бастап айналыса бастады. Екі жыл бұрын Грекиядағы халықаралық турнирге қатысқан.– Секцияның ашылғанын біліп, оны көруге келдік. Бізді алмайды деп ойладым. Настяның қолы мүлдем жұмыс істемеді. Бірақ бізді қабылдап, айналыса бастадық. Прогресс жақсы: қазір допты өзі лақтырып жатыр. Сенімдірек, талапкер бола түсті. Аптасына үш рет жаттығуға барамыз, үйде де айналысамыз. Даму үшін де, қарым-қатынас үшін де пайдасы зор: Қарағандыда ғана емес, басқа қалаларда да достар тапты, – деп бөлісті ерекше спортшының анасы Елена Кутурман.Қарағандылық құраманың алдында Астанада өтетін республикалық жарыс тұр.Сәуір айында Анастасия Кутурман мен Аружан Жеңіс Бахрейн астанасы Манамада өтетін World Boccia Challenger халықаралық турнирінде ұлттық құраманың құрамында өнер көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946696
Педагогикалық шеберлік байқауының облыстық кезеңінде үздік педагог анықталды 27.02.2025
Щучинск қаласының жоғары колледжі аланында «Білім беру» саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында облыстық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті.Іс-шара педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыруға, педагогикалық тәжірибемен бөлісуге және танымал етуге ықпал етеді.Конкурсқа 16 колледжден жалпы білім беретін және арнайы пәндердің 22 оқытушысы қатысты.Жарыс барысында педагогтар жоғары теориялық білім, кәсіби шеберлік және заманауи мультимедиялық технологияларды оқыту тәжірибесінде шебер қолдануды көрсетті.Байқау соңында келесі бағыттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: Педагогикалық мамандықтар бойынша:1 орын- Әлия Заманбекова, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі;2-орын- Наталья Короткова, Щучинск қаласының, жоғары педагогикалық колледжі;3-орын- Гүлзат Жұманбаева, Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі.Жалпы білім беретін пәндер бойынша:1 орын - Арайлым Басымова, Щучинск қаласының, жоғары педагогикалық колледжі;2 орын - Қарлығаш Қалиева, Көкшетау қаласының, Жоғары техникалық колледжі; Сарша Жанар, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі.;3 орын - Гүлнара Жексенбаева, Ш. Уәлиханов атындағы университетін жанындағы көпсалалы колледж.Сонымен қатар, «Кәсіпкерлік үшін» номинациясы бойынша білім басқармасының дипломдарымен Анастасия Семерная, Есіл қаласы. агротехникалық колледжі; Лилия Домбровская, Ветеринария және биотехнология жоғары колледжі; Светлана Злочная, Щучинск қаласының,Жоғары техникалық колледжі; Айжан Қабдешова, Ш. Уәлиханов атындағы университетін жанындағы көпсалалы колледж марапатталды.Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды. Облыстық турдың жеңімпаздары конкурстың республикалық кезеңінде Ақмола облысын таныстырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/946694
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ 27.02.2025
Биыл Ордабасы аудандық орталық ауруханасы заман талабына сай жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған-ды. Атап айтқанда, магниттік-резонанстық томография (МРТ), стационарлық ангиография құралдарымен толықты.Заманауи үлгідегі аппараттар диагностикалық зерттеу барысында дәрігерлерге нақты ақпарат беру арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп, диагнозды анықтауға көмектеседі.Магниттік-резонанстық томография (МРТ) және Компьютерлік томография (КТ) Ордабасы, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына жүйке жүйесі аурулары (бас және жұлын миы), тірек-қимыл аппараттары (омыртқа, бұлшық ет-буындық жүйе, буындар) тағы бірқатар ішкі құрылыс ауруларын диагностикалауда қолданылып жатыр.Бүгінде озық үлгідегі жабдықтардың көмегімен Ордабасы, Бәйдібек, Арыс аудандарында науқастарға шұғыл және жоспарлы түрде жасалып жатқан кардиологиялық, неврологиялық, хирургиялық оталар сәтті аяқталуда. Енді тұрғындар аудан деңгейінде тиісті медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946642
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2400 ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІСІ ОРНАТЫЛҒАН 27.02.2025
Түркістан қаласында жол қауіпсіздігін сақтау және автокөлік кептелісін болдырмау мақсатында, полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы тобы әкімдікке 440 ұйғарым мен 15 ұсыныс хат жолдаған. Сонымен қатар 2400 жол белгісі мен 480 метр жол кедергісі орнатылған. Бұл туралы Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев халыққа есеп беру жиынында баяндады.Шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, прокурор Кәукен Нәрікбаев және тұрғындар мен жеке құрам қатысты.Түркістандық тәртіп сақшыларының жүйелі жүргізген шаралары нәтижесінде өткен жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 88,9%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 92,3%-ға, пәтер ұрлығы 78,9%-ға, есірткі қылмысы 82,4%-ға жақсарған.Жиын барысында полиция подполковнигі Ж.Нысанбаев азаматтардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жұртшылықпен қылмыстарды болдырмау мәселесін талқылады. Кездесу соңында тұрғындар полицияның жұмысына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946646
www.gov.kz 27.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946649
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 27.02.2025
Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері жергілікті бюджетке 30,2 млрд. теңге көлемінде салық түсіп, өсу қарқыны 131%-ды құрады. Биыл қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында салық заңнамаларының негізінде әкімшілендіру, салықтық тексеру, өндіріп алу, жанама салықтарды әкімшілендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспарды болжаммен 10 млрд. теңге көлемінде орындау жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспарлары мен бюджет шығыстарын оңтайландыру мәселесі қаралды.Жиында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның мәлімдеуінше, қосымша кіріс көздерінен жалпы 1,6 млрд теңге есептелініп, өндірілді. Сондай-ақ өндірістік емес төлемдерден анықталған қосымша кіріс көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 148 млн. теңге өндірілген. Мәжілісте салықтан жалтару жайттары жайлы айтылды. Анықталғандай, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттен субсидияға 30 млрд теңгеден астам қаражаттан түсетін салық көлемі мардымсыз. Ауыл шаруашылығы бойынша субсидияланған кәсіпкерліктер туралы басқарманың мәліметтері Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес келмейді. Бұл бойынша терең зерделеу жұмыстары жүргізіледі.Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға бюджет түсімін ұлғайтуды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін арттырып, бюджет шығыстарын оңтайландыруды, «көлеңкелі» экономиканың көлемін төмендету бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.– Жергілікті бюджеттің әлеуеті жоғары. Жұмысты жүйелеп, жандандыра түсу керек. Кәсіпкерлермен, инвесторлармен салық заңнамаларын түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер. Мемлекеттен бөлінген субсидияларды назарға алып, жұмысшылар саны мен салық мәселелерін реттеп, жұмыс нәтижесін бақылаңыздар. «Көлеңкелі» экономиканы төмендету жұмыстарын күшейтіп, халықтың салықтық сауаттылығын арттыру керек. Қажетсіз жобалардан бас тартып, қаржыны өндіріс орындарын ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттау қажет. Инвесторлар тарту жұмыстарын күшейтіп, инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын атқарған жөн. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстарын күнделікті жүргізуді тапсырамын. Бірінші кезекте – қажеттіліктерді айқындап, шығындарды қысқарту. Облыс бюджетін қайта қарап, ұсыныс енгізіңіздер, – деген Нұралхан Оралбайұлы бюджетті нақтылау бойынша бірқатар міндет жүктеді.Жиын барысында бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндады. Оның айтуынша, қосымша кіріс көздерін анықтауға бағытталған іс-шара жоспары әзірленді. Қазіргі таңда іс-шара жоспарының әрбір тармақтарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нақтыланды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946692
Қанат Бозымбаев Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді 25.02.2025
Қарағанды облысында елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін 180-ге жуық іс-шара орындалды. 1 наурыздан бастап жағдайды бақылау үшін жоғары дайындық режимі енгізіледі.Жұмыс сапары аясында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен, ТЖ министрі Шыңғыс Арыновпен және өңірдің ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаевпен бірге өңірдің су тасқыны қауіпті учаскелерін аралап шықты. Бұқар жырау, Шет және Абай аудандарының елді мекендері, Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арналары, Самарқанд және Шерубай-Нұра су қоймалары тексерілді.Жұмыс сапарының мақсаты – Мемлекет басшысының су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жұмыстарын үйлестіру бойынша берген тапсырмаларының орындалуын бақылау.Облыста 150 елді мекен ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар, 140-қа жуық автомобиль және темір жол учаскелері назарда. Өңірде 217 су шаруашылығы құрылыстары бар. Өңір бойынша жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде, судың деңгейі төмен және судың аз болуы байқалады.Вице-премьерге өңірде су тасқынына дайындық жұмыстары алдын ала басталғаны хабарланды.ТЖД мәліметінше, облыстық инженерлік жұмыстар жоспары аясында 180-ге жуық іс-шара орындалды. 65 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері салынды және бекітілді, өзен арналарының 18 км-ден астам су тасқыны қауіпті учаскелеріне санация жүргізілді, 26 км дренаж және су бұру жүйелері тазартылды. Автомобиль жолдарының 75 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайды. ЖЖМ, инертті материал және қаптар қоры қамтамасыз етілген.Елді мекендерден миллион текше метрден астам қар шығарылды, жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, су бұру орларын жасау, каналдар мен арықтарды, су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.Вице-премьер өткен жылы 60 үйді су басқан Шет ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге назар аударды. Ұшу кезінде Ақсу ауылына қону болды. Бұл жерде ұзындығы 2,3 км болатын қорғаныс білігі тұрғызылды. Аудан әкімі Мұхит Мұхтаров жүргізілген жұмыстар туралы баяндады: қорғаныс біліктері бекітілген, қосымша су өткізу құбырлары салынып, су өткізу құрылыстары тазартылды.– Қазгидрометтің болжамынша, көктемле ауа-райының күрт жылынуы күтілуде. Біз ТЖ министрімен бірге су тасқыны қаупі бар аймақтарды айналып ұшып өтуді бастаймыз. Бүгін Қарағанды облысынан бастадық. Су тасқынына ұшыраған барлық аумақты айналып өтіп, бірқатар елді мекендерді араладық. Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында қар деңгейі нормадан жоғары. Шет ауданына келсек, қар нормадан төмен, ылғал қоры да қалыпты деңгейде. Топырақтың қатуы өткен жылмен салыстырғанда төмен. Біз үлкен жұмыс атқарылғанына көз жеткіздік. Бірақ дайын болу керек: болжам бойынша алда әлі қалың қар жауады және күн жылынады, – деді қорытындылады Қанат Бозымбаев.Вице-премьер барлық күштерді, техниканы әзірлікке келтіру керектігін атап өтті. Жағдайды күн сайын қадағалап отыру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/944661
Бұқар жырау ауданының қыздар командасы «Жайдарман» республикалық ойынына қатысады 25.02.2025
Астанада танымал «Жайдарман» әзіл ойынының маусымы ашылды. Қарағанды облысынан түрлі аудандардан жеті команда қатысты. Тек біреуі ғана Junior-лиганың ширек финалына өтті. Ол Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылының «Qyrmyzy» командасы.Junior лигасының негізгі құрамындағы ойынға 52 команда қатысты. Өте мықты және тәжірибелі қарсыластар Ақтау, Тараз және Алматы қалаларынан болды. Ойынның барлық қатысушылары жақсы дайындық деңгейін көрсетті. Азиада, мектеп өмірі және басқа да жас шектеулерінен шықпайтын өзекті тақырыптарға әзілдесті.«Qyrmyzy» командасы жақында ғана жинақталған, бұл олардың үшінші ойыны ғана. Алайда тәлімгері Құдайберген Өркеннің айтуынша, қыздардың болашағы зор. Қазірдің өзінде облыстық турда қол жеткізген жеңісі бар.– Ойынның форматы мынадай, бес минут ішінде жаһандық тақырыптар туралы әзілге үлгеріп, залды қызықтырып, қазылар алқасына ұнайтындай өнер көрсету керек. Қыздар осыны жақсы атқарды, – дейді Құдайберген Өркен. – Командада 10 адам бар, олардың барлығы 7-сынып оқушылары. Олар өте жақсы ойнайды.Бұдан басқа, Ақтөбеде өтетін Junior Премьер-лигасына қатысу құқығын Бұқар жырау ауданының тағы екі командасы жеңіп алды: Жаңақала ауылының «Жаңа city» және Үштөбе ауылынан «HOLLYWOOD» командалары.Жалпы, ауданның Жастар ресурстық орталығының мамандары атап өткендей, соңғы жыл Бұқар жырау ауданында «Жайдарман» қозғалысын насихаттау үшін серпінді жыл болды.– Қазір біздің ауданда «Жайдарман» ойынына 18 команда қатысуда. Бір жыл бұрын олардың саны небәрі 10 болған, – дейді ЖРО маманы Тілеужан Рауандин. – Мен бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Жастар белсенді бола түсуде, ал ойын оларға жаңа мүмкіндіктер ашады.«Жайдарман» – Қазақстанның көңілді және тапқыр жастарын біріктіретін танымал жоба. Үш негізгі лига бар: Kids, Junior және студенттік лига, онда қатысушылар жасына қарай бөлінеді. Бүгінде әзіл-сықақ қозғалысының 120 мыңға жуық ізбасарлары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/944887
Қарағандыда жастар үйі пайда болады 25.02.2025
Қарағанды жастар ресурстық орталығының жанында қала әкімдігінің қолдауымен өз ғимараты болады. Аумағы 410,5 шаршы метр болатын кең ғимарат белсенді және өршіл жастар үшін заманауи кеңістікке айналады, онда әркім өз идеяларын дамытып, жүзеге асыра алады.Жастар үйінде тренингтік студия, шеберлік сабақтарына арналған аймақ және мәдени-ойын-сауық іс-шараларына арналған алаңы бар коворкинг орталығы жабдықталады. Жастар мұнда заңгер мен психологтың тегін кеңесін, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпараттық қолдау ала алады.Қазір жобалау-сметалық құжаттама бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Қарағанды әкімдігі. Осы кезең аяқталғаннан кейін қала орталығындағы ғимарат күрделі жөндеуден өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/944942
AlmaU-да қала құрылысы және өнеркәсіптік саясат бойынша сараптамалық «Think Tank» өтті 24.02.2025
Бүгін Almaty Management University-де (AlmaU) қала құрылысы және өнеркәсіптік саясат мәселелеріне арналған «Think Tank» форматындағы сараптамалық кездесу өтті. Іс-шара ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың университетке сапары аясында ұйымдастырылды. Кездесуге Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова және AlmaU Президенті Асылбек Қожахметов модераторлық етті.Талқылауға қалаларды жоспарлау, аумақтық даму, инфрақұрылым және құқықтық реттеу саласындағы жетекші мамандар, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық пен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Пікірталас Қазақстандағы құрылыс саласын тұрақты дамыту үшін шешімдер іздеуге бағытталды.Сараптамалық кездесу алаңы ретінде AlmaU-ды таңдаудың себебі - Университет тұрақты дамудың негізгі мәселелері бойынша диалогқа бастамашы болып қана қоймай, білім беру, кәсіпкерлік және басқару салаларына озық тәсілдерді белсенді енгізіп келетін білім ордасы. AlmaU көп жыл бойы аумақтарды дамытуға, инфрақұрылымды жаңартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған стратегияларды әзірлеу мақсатында үздік мамандар мен практиктерді біріктіре отырып, білім мен инновацияның экожүйесін қалыптастырып келеді.Кездесу барысында физика-математика ғылымдарының кандидаты, МҚБ бағдарламасының ғылыми жетекшісі Марат Мырзахмет «Қазақстанның жеделдетілген технологиялық әртараптандыру стратегиясын және жаңа өнеркәсіптік саясатын әзірлеу» тақырыбында және қала құрылысында стратегия мен үздік әлемдік тәжірибені ұсынған «Алматыгенплан» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов баяндама жасады. ҒЗИ басшысы қазақстандық қалаларды дамытуға инновациялық және тұрақты тәсілдерді енгізудің маңыздылығына назар аударды. Өз сөзінде ол инфрақұрылымдық объектілер мен тұрғын аудандарды үйлесімді интеграциялауға жаңа шешімдерді ұсынды, сондай-ақ әлемдік үрдістерді қазақстандық мегаполистердің бірегей ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бейімдеу қажеттігін атап өтті.Пікірталас барысында қатысушылар Қазақстандағы құрылыс саласы мен қала құрылысының алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді қарастырды.Іс-шараға қатысушылар «Think tank» жұмысының нәтижелері бойынша өнеркәсіптік саясат пен қала құрылысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді үйлестіру бойынша ұсынымдар әзірледі, сарапшылар қауымдастығымен өзара іс-қимылды жақсарту үшін шаралар ұсынды, сондай-ақ құрылыс пен аумақтық жоспарлауда құқықтық және экономикалық механизмдердің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.«Think tank» сараптамалық кездесуі Қазақстанның инфрақұрылымын тұрақты дамытуды және жаңартуды ілгерілетудегі, сондай-ақ құрылыс саласының өзекті мәселелерін шешудегі маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/943832
Қанат Шарлапаев Алматыдағы кабель және сым өнімдерін шығаратын зауытта болды 24.02.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «HARMONY CABLE» ЖШС зауытында болды.Кәсіпорын «Алматы» индустриялық аймағында орналасқан. «HARMONY CABLE» ЖШС әртүрлі үлгідегі және өлшемдегі кабель және сым өнімдерін шығарады.Өндірістік қуаттылығы жылына 8,1 млрд теңгені құрайтын 21 600 млн метрге дейін электр сымдары мен әртүрлі үлгідегі кабельдерді құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/943834
Қанат Шарлапаев «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-де болды 24.02.2025
Қанат Шарлапаев Алматы қаласында орналасқан «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС өндірісімен танысты.Бұл жобалық қуаттылығы жылына 90 000 дана болатын мультибрендті автомобиль шығаратын зауыт. Аумақта дәнекерлеу және бояу цехтары, бөлшектер қоймасы және құрастыру цехтары бар.2025 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Зауыт Changan, Chery және Haval көліктерін шығаратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/943839
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМДА 1 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ 24.02.2025
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық іс-шарасы Сайрам ауданында қарқынды қолдау тауып келеді. Бүгінгі өткен шарада аймақтағы саябақтар, скверлер мен аллеялар аумақтарын абаттандыру, қоқыстардан тазарту жұмыстары белсенді жүргізілді. Елді мекендерде жүргізілген тазалық жұмыстарын аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы қадағалап, қажетті тапсырмалар мен ұсыныстарын берді.– Тазалық - әр адамның жеке басынан, үйінің ауласынан басталады. Тазалық мәдениет қалыптасқан жағдайда ғана айналамызға қоқыс тасталмайды. Сондықтан қоғамдық мәдениетті қалыптастырайық- деді аудан тұрғыны Сұлтан Раев.Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық іс-шарасына Сайрам ауданынан 1 мыңнан аса адам қатысып, көше бойларын, арық атыздарды, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің аумақтарын күл- қоқыстардан тазартты. Жұмыс барысында 15 техника жұмылдырылып, полигон аумағына 5,6 тонна қатты тұрмыстық қатты қалдықтар тасымалданды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943824
СОЗАҚ АУДАНЫНДА 5 МЫҢ АСТАМ АЗАМАТ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ 24.02.2025
Созақта «Таза Қазақстан» шарасы аясында жалпыаудандық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі іс-шараға барлық мекемелер мен аудан тұрғындары белсене қатысып, тазалық шарасына қолдау көрсетті.Шара барысында саябақтар, ішкі көшелер және ауыл маңындағы сай-сала тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды. Сонымен қатар, арнайы техникалармен көше бойлары мен аяқжолдар да тазаланып, көркейту жұмыстары жүргізілді.- Тазалық жұмыстары біздің ауданда жүйелі атқарылып келеді. Республикалық экошара басталғалы барлық елдімекендерде тазалық шаралары бірнеше рет өтті. Қазір саябақтар, көше бойлары, қоғамдық орындар таза кейіпке енді. Бұл - қоғамның тазалыққа деген ынтасы деп білемін, - деді аудан тұрғыны Ғалымжан Ерланов.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға 5 000-нан астам аудан тұрғыны мен 29 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 40 шақырым көше бойы және 22 шақырым аяқжол тазартылып, 140 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943826
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР 24.02.2025
Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық тазалық шарасы өтті. Шара - қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамыту және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.Қаладағы тазалық жұмыстары таңғы сағат 9:00-ден басталып, оған қала тұрғындары мен түрлі ұйымдардан 1100 адам және 28 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың көшелері мен қоғамдық орындар, шет аймақтар қоқыстан тазартылды. Дәл қазіргі сәтте Шауғар тұрғын алқабындағы 45 көше бойында сенбілік өтіп жатыр.- Ауламыз бен ауылымызды таза ұстау - әрбір тұрғынның міндеті. Әр аула таза болса, ауыл таза болады. Ал ауыл таза болса, ауданның тазалығы. Аудан тұрғындарын денсаулық кепілі болған тазалықты сақтауға шақырамын, - деді шауғарлық тұрғын Фатима Құдайбергенова.Бұл бастама тек қаланың айналасын ғана емес, тұрғындардың экологиялық санасын да қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта қалада тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943827
КЕНТАУДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНДА 20 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 24.02.2025
Кентау қаласында ұйымдастырылған тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен жастар белсене атсалысты.Шара барысында 300-ге жуық адам көше бойларын, арық-атыздарды қоқыстардан тазартты. Жиналған қоқыс пен кесілген ағаштарды тасымалдауға 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.-Қала тазалығын сақтау-әрбір тұрғын үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартудан басталады. Шара тек бір күндік тазалықпен шектелу емес, қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жерімізді таза әрі көрікті ұстауға шақырады,-деді қала тұрғыны Жанна Қазыбекова.Жалпы қала әкімі Жандос Тасов тазалық жұмыстарын ұдайы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бекітілген тапсырма барысында көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау шаралары тұрғындарға түсіндірілуде. Одан бөлек, қала тазалығын сақтауда белсенділікті арттыру қажеттілігі ескерілуде.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943828
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛУДЕ 24.02.2025
Түркістан өңірінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын аудан, қалаларда кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде.Жұмысшы топ құрамы Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-ның басшылық құрамы қызметкерлерінен құралды.Негізгі мақсат – аудандарда кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.Қазіргі таңда, түсіндіру жұмыстары Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт, Сауран, Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қаласында өтті. Онда аудан тұрғындары өздерін алаңдатқан сауалдарды жауапты мамандарға қойып ұтымды жауап алды, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылай қолдау тетіктері таныстырылды.Түсіндіру жұмыстары қалған аудан, қалаларда да өткізіледі.Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары:Мемлекеттік гранттар мен субсидиялар – жас және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қайтарымсыз қаржы алу мүмкіндігі.Жеңілдетілген несие беру – «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алу.Кепілдік беру және қаржылық қолдау – «Даму» қоры арқылы несие кепілдігін алу.Кәсіпкерлік негіздерін оқыту – «Bastau Business» жобасы арқылы бизнес-жоспар жасау және кәсіпті тиімді жүргізу бойынша білім алу.Инфрақұрылымдық қолдау – өндірістік аймақтар мен индустриалды парктерде жеңілдетілген шарттармен жұмыс істеу мүмкіндігі.Экспортты қолдау – сыртқы нарыққа шығуға көмек көрсету және логистика шығындарын субсидиялау.Жиын барысында кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету салаларындағы өзекті мәселелерін көтеріп, сала мамандарынан нақты жауап алды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, мемлекеттік тапсырыстарға қатысу және жер телімдерін рәсімдеу тақырыптары қызу талқыланды.Кәсіпкерлер мен шаруалар үшін мұндай кездесулер бизнесті дамытуда маңызға ие. Басқарма өкілдері өңірдегі кәсіпкерлікті өркендету бағытындағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943569
ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТАН «SENAT OPEN»АШЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ 24.02.2025
Түркістанда ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстанның шахмат федерациясының ұйымдастыруымен ірі шахмат турнирі – «Senat Open» ІІ Кубогы басталды.Осы шараны өткізу жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастама көтерген болатын. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов оның идеясына қолдау білдіріп, бұл сайыс жұртшылықты қызықтыра білді.Шахмат ойынын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысты ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Қадырбек, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков және онлайн бейнеролик арқылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.Мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасып жатыр.Жарыс үш кезеңнен тұрады. Алдымен іріктеу кезеңі өткізіледі. Екінші кезең жартылай финал болса, үшінші кезең, яғни, республикалық финалдық турнир өтеді.Кубок мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылық арасында шахмат ойынын кеңінен таратуға, сондай-ақ аймақтар мен жергілікті өкілді органдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943573
ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАС ҚЫСҚЫ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 24.02.2025
Түркістан қаласында орналасқан «Мұз сарайына» Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері Абзал Әжіғалиев келіп, Түркістан облысының қысқы спорт түрлерімен айналысатын жас спортшыларымен кездесіп, шеберлік сабағын өтті.Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, рухани шаһарға арнайы келіп, жас спортшылармен кездесіп жатқан Абзал Абайұлына алғыс білдірді.Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегерінің келуі аймақтың жас спортшылары үшін үлкен маңызға ие болды. Себебі, жас өрендер чемпионмен сұхбаттасып, жігерленеді. Абзал өңірде қысқы спорттың дамуына үлес қосып, жас спортшылармен шеберлік сабағын өткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943581